Адамның адамгершілік-рухани дамуы

Құрылған: 31.07.2012, 12:35   |   Жаңартылған: 10.10.2013, 18:31
Адамның адамгершілік-рухани дамуы

 

 

  «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысы туралы 
 
2013 жылдың 8 қазаны күні Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы  адамның рухани және адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысын өткізді.
Мақсаты: өзін-өзі тану пәнін оқытуда педагогтардың кәсіпқой шеберлігін  қалыптастыруды  арттыру. 
Аталған отырысқа Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мамандары және қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні бойынша   «Жүректер үндестігі» клубына мүшелікке қабылданған 50-ден аса  педагогтар қатысты (мектепке дейінгі мекемелер,  қала мектептері,  колледж, ЖОО).
Астана қаласы  Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Римма Асымқызы Иманғазинова өз сөзінде өскелең ұрпаққа  рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі өзін-өзі тану пәні оқушылардың жеке қабілетін дамытуға және жеке тұлға ретінде қалыптастыруына зор ықпал ететіндігіне тоқталды.
Басқарманың бас маманы Л.Ш. Темірлина «Жүректер үндестігі» клубының жұмысы туралы айтып, 2013-2014 оқу жылының жоспарымен таныстырды.
Отырыс барысында  «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері № 55  «Қарақат»  бала бақшасының психологі С. Сулейменова мен  № 37 ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Нұрқабыл  «Таныстыру» тақырыбына тренинг өткізді.    
 «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері өзін-өзі танушылар ән ұраны айтылды. Қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар мен үлестірмелі материалдар таратылды.      
Отырыстың соңында Римма Асымқызы өзін-өзі тану пәнінен  Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2013 жылғы 21 қазан мен  01 қараша аралығында  ақысыз оқыту курсы  өтетіндігін хабарлады.    
2013-2014 оқу жылының жоспары аясында 2013 жылдың 16 қазан айында №22 МГ өзін-өзі тану пәнінен  алғашқы ашық сабақ өтеді.         
Аталған іс шара өз жұмысын жалғастыруда.
 
   

««Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі».

Сара Алпысқызы Назарбаева

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.
Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы  жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұршылығының белсенді қолдауына ие болды.
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейтуге отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне  сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлттық ғылыми – практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығы өткізген ғылыми зерттеу қызметін ескеріп, жүйелілік және кешенді тұрғыдан «Өзін-өзі тану» өңірлік білім беру жүйелері туралы республикалық  электронды деректер банкін жасау үшін материал жинақтады.
            

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика