2018 жылғы қаңтарда республикада «Қазақстан – мейірімділік мекені» - «Казахстан – территория доброты» республикалық балалар бастамасы басталды.
Іс-шараны ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады.
Бастама мақсаты – қоғамға риясыз қызмет етуді насихаттауға және идеяны таратуға қоғамның назарын аудару, айналасындағы көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық істер және табиғатқа қамқорлық жасауға балаларды уәждейтін іс-шараларды ұйымдастыру.
Бастамаға оқушылар, педагогтар, ата-аналар, қоғам қайраткерлер қатысады. Бастамаға қатысушы балалардың жас ерекшелігі шектелмеген.
Кіші мектеп жасындағы оқушылар (1-4 сыныптар) әлеуметтік белсенділікті анықтау тәжірибесін жинақтауға, жеке және бірлескен істердің жасаудың негіздерін меңгеруге, өзіне және айналасындағыларға пайда әкелуді үйренуге, өзінің жеке әлсіз және мықты жақтары туралы алғашқы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі қызмет түрлерінде ересектермен және біршама үлкен оқушылармен бірге тартылады. Балақайлар егде және жалғыз басты адамдар туралы ойлаудан, ата-аналарына көмектесуден, автобуста үлкендерге орын беруден, үй жануарларына қамқор болудан және құсқа жем салатын астау жасаудан бастауларына болады.
Жоғары (9-11 сыныптар) және орта (5-8 сыныптар) буын оқушылары аналарына, әкелеріне, әжелеріне, аталарына арнап акциялар мен фестивальдерді, концерттерді өткізудің, өз замандастарына деген риясыз достығы мен жылы сөздермен көмектесудің бастамашысы бола алады. Іс-шараларда кішкентай оқушыларды қолдау және тарту. Әлеуметтік желілерде, мектеп газеттері мен журналдарда игі істерді насихаттау. Бұқаралық ақпарат құралдарын балалар бастамасына ақпараттық қолдау көрсетіп, балалар жасаған игі істер туралы кеңінен жариялауға шақырамыз.
Балалар бастауы - 2017

ТҰЖЫРЫМДАМА
«ХХІ ғасыр балалары: әлем мәдениеті жолында» атты
«Мен жастарға сенемін» атты қалалық мектепшілік көңілді тапқырлар клубы лигасының сайысы туралы


Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясы
Маңғыстау облысының «Балаларға көктем шуағын сыйла» қайырымдылық акциясының қорытынды мәліметі
Жамбыл облысында еріктілер қозғалысының дамуы туралы

«Менің идеяларым – менің еліме!» атты балалардың әлеуметтік бастамаларының қалалық қоғамдық тыңдауларының ІІ кезеңінің өткзілуі





Семей қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Ашық есік күні» өтті



Балаларға көктем сыйла!
Маңғыстау облысында балалардың әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдауын өткізу туралы
КҮН ТӘРТІБІНДЕ ФОРУМ
Балалардың әлеуметтік бастамаларының «Менің идеяларым – менің еліме!» атты ІІ облыстық қоғамдық тыңдаулары
Балалардың әлеуметтік бастамалары мен балалардың қоғамдық қозғалысы бала өмірі мен оны әлеуметтендіру үрдісінде маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша жалпы орта білім беру мектептерінің оқушы жастары арасында әлеуметтік бастаманы дамыту мақсатында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп 2013 жылғы 15 наурызда «Менің идеяларым - менің еліме!» тақырыбында облыс мектебі оқушыларының әлеуметтік бастамаларының ІІ облыстық қоғамдық тыңдауларын өткізді.
Екінші жыл қатарынан өткізіліп отырған Қоғамдық тыңдаулар балалардың шығармашылық қабілеттерін анықтауға, оқушылар арасында еріктілер қозғалысын белсендіруге, талқыланатын сұрақтар бойынша дәлелді пікірлерін айтып, өңірдегі әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуде өз көзқарасын, ескертулерін білдіруге мүмкіндік беруге бағытталды.


«Мейірімділікке толы әлем» балалар еріктілер бірлестігінің форумы өтті
2013 жылғы 28 ақпанда сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мейірімділікке толы әлем» балалар еріктілер бірлестігінің on-line тәртібінде (www.sabak.kz) форумы өтті.
Форумның мақсаты – республиканың білім беру ұйымдарында оқушылар арасында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен таныстыру.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері, жергілікті атқарушы органдары, Павлодар, Семей қалаларының аймақтық еріктілер желісінің, Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы балалар еріктілер клубының, ҮЕҰ өкілдері, Ұлттық еріктілер желісінің жетекшісі Вера Ким, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен педагогтары, балалар қоғамдық және еріктілер бірлестігінің мүшелері қатысты.
Форум оқушылар және жастар арасында еріктілер қозғалысын дамытуда қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және жас дарындылар үшін сұхбаттасу аланы болды.
Сонымен қатар, форум барысында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен өтетін даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» VIII Республикалық фестивалін өткізу туралы «Жұлдызай» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Алтынай Тәнібергенова сөз сөйледі.
Форумның қорытындысында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» VIII Республикалық фестивалін ұйымдастырушыларына ерікті көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізіліп, ұсынымдамалар қабылданды.
Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында «менің идеяларым, менің еліме» балалар әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдалымдары
20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданында «менің идеяларым, менің еліме» балалар әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдалымдарының аудандық кезеңі өткізілді. Қоғамдық тыңдалымдарды өткізудің бастамашысы – Білім және ғылым министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті болып отыр. Қоғамдқ тыңдалымдарды өткізудің мақсаты балалардың әлеуметтік маңызды проблемаларды шешуге қатысуы, патриотизмді тәрбиелеу болып табылады.
Балалардың 15 жобалары құрамына келесі тұлғалар енген қазылар алқасына ұсынылды: Құрманбекова К.Г.- аудандық мәслихаттың хатшысы, Миадова Т.Н. Смирнов ауылдық округінің әкімі, Черепанова О.В. балалар құқығын қорғау бойынша департаменттің бөлім бастығы, Қасымова С.О. – Астрахан ОМ Қамқоршылық Кеңесі төрағасының орынбасары. Қошемет сөзімен білім бөлімінің бастығы Е.Жакенов шығып өз сөзінде қоғамдық тыңдалымдардың өзектілігі айтылды.
Мектеп оқушылары ұсынылған жобаларында мына әлеуметтік проблемаларды көрсеткен: жастарды ауылға тарту, жастардың демалысын ұйымдастыру, экологиялық проблемалар мен салауатты өмір салтын ұстану және осы проблемаларды шешудің жолдарын айқындап көрсеткен.
Мектеп оқушыларының балалар әлеуметтік жобаларының қоғамдық тыңдалымдарына қатысуы- баланың құқығын іске асырудың, балаларға азаматтық қоғамның дамуына үлес қосуларына мүмкіндіктің тағы бір дәлелі.
«Мейірімділікке толы әлем» балалар еріктілер бірлестігінің форумы туралы баспасөз хабарламасы
2013 жылғы 28 ақпанда сағ. 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мейірімділікке толы әлем» балалар еріктілер бірлестігінің on-line тәртібінде (www.sabak.kz) форумын өткізеді.
Форумның мақсаты – республиканың білім беру ұйымдарында оқушылар арасында еріктілер қозғалысын ұйымдастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен таныстыру.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері, жергілікті атқарушы органдары, Павлодар, Семей қалаларының аймақтық еріктілер желісінің, Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы балалар еріктілер клубының, ҮЕҰ өкілдері, Ұлттық еріктілер желісінің жетекшісі Вера Ким, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары мен педагогтары, балалар қоғамдық және еріктілер бірлестігінің мүшелері қатысады.
Форум оқушылар және жастар арасында еріктілер қозғалысын дамытуда қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, ҮЕҰ және жас дарындылар үшін сұхбаттасу аланы болып табылады.
Сонымен қатар, форум барысында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен өтетін даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» VIII Республикалық фестивалін өткізу туралы «Жұлдызай» қайырымдылық қоры директорының орынбасары Алтынай Тәнібергенованың сөз сөйлеуі жоспарлануда.
Форумның қорытындысында даму мүмкіндіктері шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» VIII Республикалық фестивалін ұйымдастырушыларына ерікті көмек көрсету туралы келісімге қол жеткізіліп, ұсынымдамалар қабылданады.
«Тепе-теңдік» қағидасы бойынша еріктілерді оқыту туралы
2013 жылдың 15 ақпанында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына қарасты «Арман қала» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп ведомствоаралық жоспардың орындалу барысында «Тепе-теңдік» қағидасы бойынша еріктілерді оқыту курсын өткізді.
Аталмыш тренингті «Арман қала» жастар денсаулық орталығының гинеколог- дәрігері Ким Татьяна Николаевна өткізді. Тренинг барысында еріктілер қызметінің әрі қарай бірігіп жұмыс атқаруларына бағытталған
түрлі ойындар, жаттығулар жүргізілді.
Департамент «Арман қала» жастар денсаулық орталығымен бірлескен жоспар аясында еріктілерді оқыту жұмысын кестеге сәйкес жалғастыру жоспарланып отыр.
Астанада «Мектептегі оқушылардың құқықтық өзара қарым-қатынастары» атты мектеп омбудсмендеріне арналған семинар-тренингі өтті
2013 жылғы 30 қаңтары күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мектеп омбудсмендеріне арналған «Мектептегі оқушылардың құқықтық өзара қарым-қатынастары» атты құқықтық оқыту семинары-тренингін өткізді.
Семинар-тренингке Астана қаласының Білім басқармасының, Әділет департаментінің, Ішкі істер департаментінің, «Медиаторлар одағы» Қоғамдық бірлестігінің, «Демеу» жастар денсаулық орталығының өкілдері және білім беру мекемелерінде құқықбұзушылықтың алдын-алу мәселелерімен айналысатын мамандар және мектеп омбудсмендері, барлығы 138 адам қатысты.
Семинар-тренингтің мақсаты мектеп омбудсмендеріне жанжалды жағдайларды шешудің жолдарын түсіндіру, балалардың құқықтық білімдерін кеңейту болып табылды.
Құқықтық оқыту-семинардың модераторы ретінде Астана қаласының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Р. Жұмабекова балалардың құқықтық ақпараттануын арттыруға бағытталған іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылатын мектептің құқық қорғаушылары – мектеп омубдсмендеріне зор алғысын білдіре отырып, жаңа міндеттерін жүктеді.
Семинардың негізгі баяндамашылары Астана қаласы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заң көмегін көрсету бөлімінің бас маманы Сарсембаева Ж., «Медиаторлар одағы» Қоғамдық бірлестігінің педагог-психологі, медиаторы Тулеуханова А., Астана қаласының Білім басқармасының кәмелетке толмағандар құқығын қорғау бөлімінің бас маманы Жұбаев А., Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы- Әлібаева Г., тартымды әрі мазмұнды мәлімет берді.
Олар қаладағы мектеп оқушылары арасындағы жанжалды жағдайларды шешу жолдарының алдын алу, азаматтық жауапкершілікті арттыру шеңберінде мектеп белсенділерінің омбудсмендер ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әрі қарай ынтымақтастық жасайтындығына сенім артты. Мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеу және құқықтық білімдерін арттыру бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Департаменттің директоры Рысты Мағауияқызы мектеп омбудсмендеріне салтанатты түрде куәліктер табыс етті. Куәліктің қаншалықты маңыздылығын, елімізде заңгер болашағы мамандығын таңдайтын оқушыларға зор ықпалын тигізетінін айтып өтті.
№ 38 мектеп-лицейінің оқушысы Нұрқабыл Алмат мектеп омбудсмендері атынан сөз сөйлеп, өз лауазымына лайықты жұмыс атқаруға үлестерін қосатындықтарына сенім білдіріп, замандастарына үндеу тастады.
Семинардың практикалық бөлімінде «Демеу» отбасылық дәрігерлік оқу – тәжірибелік орталығының психологтары Тен Станислав Валерьевич пен Журавлева Ольга Викторовна «Жанжал және оны шешудің жолдары» атты тренинг өткізді. Тренинг барысында балалар бірлескен күштің арқасында
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мектеп омбудсмендеріне және олардың жетекшілеріне арнап әдістемелік көмек ретінде ақпараттық мазмұндағы материалдар дайындап таратты.
Мектеп омбудсмендерге арналған семинар-тренинг жоғары деңгейде өтті.
«Менің идеяларым - менің елімде» балалар әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдалымдарын өткізуге қатысу туралы
16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қ. мектеп-гимназиясында «Менің идеяларым – менің елімде» балалар әлеуметтік бастамаларын қоғамдық тыңдалымдарының аудандық кезеңі өтті. Қоғамдық тыңдалымдар өткізудің бастамашысы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті болып табылады. Қоғамдық тыңдалымдар өткізу мақсаты - балалардың әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге қатысуына мүмкіндік ұсыну.
Қоғамдық тыңдалымға қатысушылар Мамлют ауданының оқушылары болды. Балалардың жобаларын Мамлютка қ. әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшесінің басшысы В.В.Мищенко, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының орынбасары Кашанов А.М., Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы О.В.Черепанова, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Данилова Т.А., ауданның педагогикалық қауымдастығының өкілдері қатысты.
Мектеп оқушылары ұсынылған жобаларда келесі әлеуметтік мәселелерді сипаттады: ауылдың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті, жастардың жұмысқа орналасу мүмкіндігі, зиянды әдеттердің әсерін зерттеу және осы мәселеердің шешімі олдарын анықтады.
Мектеп оқушыларының балалар әлеуметтік жобаларының қоғамдық тыңдалымдарға қатысуы – өз қоғамдық белсенділіктерін дамытуға бала құқықтарын іске асырудың бірден-бір куәсі.
Мектеп омбудсмендеріне арналған облыстық құқықтық оқыту семинары
2013 жылғы 15 қаңтарда Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Павлодар қаласының жұмыспен қамту және балалар шығармашылық орталығы базасында мектеп омбудсмендері мен олардың жетекшілеріне арналған облыстық құқықтық оқыту семинарын өткізді.
Семинардың модераторы ретінде адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә.А. Әбелдинова сөз сөйледі, ол құттықтау сөзімен балалар тұрғындарының құқықтық ақпараттануын арттыруға бағытталған іс-шаралардың белсенді қатысушылары болып табылатын мектептің құқық қорғаушылары – мектеп омубдсмендеріне зор алғысын білдірді. Ә.А. Әбелдинова семинар қатысушыларына 2012 жылғы мектеп омбудсмендері қызметінің нәтижесі туралы ақпарат берді және келешектегі қызметтің 2013 жылғы арналған жоспарларымен таныстырды. 2012-2013 оқу жылдары Павлодар облысының мектеп омбудсмендерінің желісі, білім беру мекемелеріндегі балалардың құқықтары бойынша уәкілеттілер саны 434 оқушыны (2011- 374; 2010- 266; 2009- 62) құрайтынын атап өтті.
Мектеп омбудсмендері «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ», «Құқықтық мәдениет аптасы», «Сен және сенің құқықтарың», «Қамқорлық», «Мектепке жол» республикалық кампаниялар мен акцияларға қатысады, оның шеңберінде балалар-жасөспірімдер ұйымдарының көшбасшылары үшін мақсаты, міндеті, алдағы іс-шаралар жоспары баяндалатын ашық-линейка өткізу тәжірибеленеді.
Семинарға облыс ішкі істер департаментінің юванальді полицияның аға инспекторы Ж.К. Белялова «Мектеп инспекторлары мен мектеп омбдусмендерінің өзара іс-әрекеті» тақырыбында баяндама жасады, ол облыстағы оқушылар арасындағы құқық бұзушылықты алдын алу, азаматтық жауапкершілікті арттыру шеңберінде мектеп белсенділерінің, омбудсмендер ретінде құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен әрі қарай ынтымақтастық жасауына сенім артты.
Павлодар қаласының № 39 ЖОМ тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Ш.К. Жанғазина мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиелеу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Облыс мектеп оқушыларының жетекшісі, Павлодар қаласының № 24 ЖОМ оқушысы Рамиль Смаилов өз жұмысының нәтижесі туралы хабарлады. Ол мектеп омбудсмендері қызметінің табысты болуы көбінесе мектеп әкімшілігі тарапынан өзара іс-әрекет пен қолдауға байланысты екенін атап өтті.
М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері В.Г. Хуако семинар қатысушылармен бірге «Құқыққа құқығым бар!» атты құқықтық тренинг өткізді, тренинг барысында балалар бірлескен күштің арқасында кез-келген жағдайдан шығуға және оған мұқтаж адамға көмек көрсетуге болатын дәлелдеді.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мектеп омбудсмендеріне және олардың жетекшілеріне ақпараттық мазмұдағы үйлестіру материалдарын дайындады, сондай-ақ балалардың құқықтары туралы, облыс мектеп омбудсмендерінің қызметі туралы бейнеролик ұйымдастырды.
2013 жылға арналған жұмыс жоспары, Омбудсмендер күнінің желілік кестесі келісілді.
Іс-шараның қорытындысын шығара келе, адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә.А. Әбелдинова мектеп омбудсмендерінің белсенді қызметі мектепте оқушының өзін-өзі басқаруын дамытудың жоғары көрсеткіші болып табылатынын атап кетті.
Жамбыл облысының мектеп оқушыларынан құралған еріктілер қозғалысы кеңесінің ақыл ойының дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен Жаңа жылдық мереке қарсаңында өткізілген іс-шарасы туралы
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 26 желтоқсанында Жамбыл облысының мектеп оқушыларынан құралған еріктілер қозғалысы кеңесі ақыл ойының дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерімен «Балаларға күлкі қуанышын сыйла!» атты тақырыбында Жаңа жылдық кездесу өткізді.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – ақыл ойының дамуында кемістігі бар балаларға қайырымдылық көмек көрсету.
Мерекелік шара барысында концерттік бағдарламалар ұсынып, балалармен жеке ойындар өткізген Жамбыл облысының мектеп оқушыларынан құралған еріктілер қозғалысы кеңесі мүшелерінің өнері тәрбиеленушілерге жаймашуақ көңіл-күй сыйлады.
Нақты ойластырылған бағдарламаға барлық қатысушылардың белсенді атсалысуы аталмыш іс-шараның ажарын аша түсті. Іс-шара соңында ерікті-оқушылар ақыл ойының дамуында кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерінің тұрмыс тіршілігімен танысып, сондай-ақ балаларға естелікке жаңа жылдық сыйлықтар мен ойыншықтар тарту етті.
Армандар орындалады
18 желтоқсанда «Сұлтан» мейрамханалар кешенінде жыл сайын өткізілетін «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясы бастау алды. Іс-шараның ұйымдастырушылары Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Сұлтан» мейрамханасының әкімшілігі болды.
Мақсаты: аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленетін және қазақстан азаматтарының отбасыларында қамқорлықтағы балаларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету.
Акцияға Департаменттің патронатында тұрған жүзден аса бала және олардың заңды өкілдері қатысты.
Балалардың назарына шыршаның жанында жаңа жылдық мерекелік бағдарлама ұсынылды: әндер, шыршаны айналып өткізілетін ойындар, Аяз атамен және Ақшақармен, ертегі кейіпкерлері Қоян және Айдаһармен би биледі.
«Сұлтан» мейрамханасының әкімшілігі балаларға аранап мерекелік дастарқан жайды.
Мереке соңында әрбір бала тәтті сыйлық алды және Жаңа жылдық шырша жанында Ақшақармен, Аяз Атамен естелікке суретке түсті.
Мұндай мәдени шараларға қатысу балалардың ішкі дүниесін дамытуға, өзін еркін сезінуге әсерін тигізеді. Бұл балалардың біздің қоғамымыздың толық қанды белсенді өміріне араласуы үшін ерекше маңызды.
Жаңа жылдық «Армандар орындалады» қайырымдылық акциясы әрі қарай жалғасады. Академиялық музыкалық комедия театрында, «Буратино» балалар театрында, К. Станиславский атындағы орыс театрында жаңа жылдық ертеңгіліктер балаларды күтеді. Сонымен бірге студентер мен жастар бірлестіктері жаңа жылдық бағдарламалар мен қайырымдылық акцияларын өткізуге қолдау көрсетеді.
«Біздің - біліміміз, еңбегіміз – еліміздің игілігі үшін!» атты балалардың қоғамдық ұйымдарының қалалық форумы туралы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 7 желтоқсаны күні «Арман! Еңбек! Сенім! Өркендей бер, туған елім!» атты «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінде қабылданған «Жастар - Отанға!» атты 2020 жылға дейінгі стратегиясы аясында «Біздің - біліміміз, еңбегіміз – еліміздің игілігі үшін!» атты балалардың қоғамдық ұйымдарының қалалық форумын өткізді.
Шара мақсаты: XXI ғасырдағы рухы жоғары өркениетті елдің жастарын тәрбиелеу, балалардың қоғамдық ұйымдарының жұмысын белсендіру, мемлекет пен қоғам өміріне балаларды араластыру, рухани тұрғыда дамыған Қазақстан азаматын қалыптастыру.
Форумға Астана қаласының Жастар саясаты жөніндегі басқармасының, ХДП «Нұр Отан» «Жас Отан» жастар қанатының, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен бірыңғай жасөспірімдер ұйымының, үкіметтік емес ұйымдарының, жастар және балалар ұйымдарының, жастар бірлестіктерінің, Астана қалалық скауттық қозғалысының, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы одағының, қала колледждерінің жастар ісі жөніндегі комитетінің өкілдері, мектеп парламенттері, мектеп омбудсмендері және мектеп директорының тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары, еріктілер, Астана қаласының аула клубтарының жетекшілері қатысты.
Қалалық форумды Департамент директоры Жұмабекова Рысты Мағауияқызы және Жастар саясаты жөніндегі басқарманың бөлім бастығы Сарашаев Канат Айтуарұлы құттықтау сөзімен ашты.
Форум қатысушыларының назарына «Жас ұлан», «Жас қыран» қоғамдық бірлестігі, «Жұлдыз» қоғамдық ұйымы, Астана қаласы бойынша скауттық қозғалысы, мектеп парламенттері өздерінің атқарып жатқан қызметтерін таныстыру ерекше үлгіде өтті.
Форум делегаттары №3,22,56 мектеп-гимназия оқушыларының «Астана қаласы оқушыларына арналған жастар телеарнасы», «Көрнекі ақпарат - қала мәдениетінің белгісі», «Астана денсаулығы» атты тақырыптардағы балалардың әлеуметтік жобаларымен танысты.
«Астана денсаулығы» атты жоба аясында салауатты өмір салтын ұстануға, ағзаға тигізетін зиянды заттар мен әдеттерден аулақ болуға, спорт түрлерімен айналысуға, мемлекеттің басты байлығы - адам және оның денсаулығы екендігі атап өтілді.
«Астана қаласы оқушыларына арналған жастар телеарнасы» атты жобасын таныстыру барысында қалада жасөспірімдерге арналған телеарналардың жетіспеушілігіне назар аударылып, мәселенің өзектілігін дәлелдеді.
«Тілге құрмет, елге құрмет» әр халықтың басты байлығы баға жетпес қазынасы – ана тілі. Осы бағытта №56 мектеп-лицейінің оқушылары «Көрнекі ақпарат - қала мәдениетінің белгісі» атты жобасын таныстыру барысында қаладағы хабарландырулар мен жарнамалар мәтінінің сауатсыздығы, бейәдепсіздігі туралы өздерінің еңбектерін қорғады.
Аталған жобаларды қорғау барысында оқушылардың көпшілік алдында қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, талдап, шешілуіне қатысулары маңызды болып табылды.
Шара қатысушылары Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінің «Сымбаттылық, сұлулық, денсаулық!» атты гимнастикалық қойылымы мен Астана қаласының Политехникалық колледжінің «Жас ART» қозғалысының орындауында «The Joke» биін аса ықыласпен қабылдады.
Форум қорытындысы ретінде балалар ұйымдары мүшелері форум қатысушыларына жолдау оқыды.
Шара соңында Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Жүгүнісов Рүстем «Атамекен» әнін орындады.
Форумның өтілуі Астана қаласының жастары мен оқушыларына үлкен әсер қалдырды.
Өңірлік еріктілер слетінің өткізілуі туралы
5 желтоқсанда дүниежүзілік Халықаралық еріктілер күні аталып өтеді. Еріктілер немесе волонтерлар – бұлар өздерінің бос уақытын қоғам ісіне өтеусіз арнайтын жандар. Өмірдің қиын жағдайына тап болған, әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар мен балаларға олар белсенді түрде көмектеседі.
Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында 2008 жылы Еріктілер клубы жұмыс істейді, олар өз қабілеттерін, уақытын, күш-жігерін қоғамға арнайтындардың және өңіріміздің көркеюіне өтеусіз қызмет атқаратындардың барлығын біріктіреді.
Департаменттің бастамасы бойынша 5 желтоқсанда М. Жұмабаев ауданында дәстүрге айналған облыстың Еріктілер слеті өтті. Слетке қатысқандар М. Жұмабаев ауданының, Жамбыл ауданының және Петропавл қаласының еріктілер топтарының өкілдері. Еріктілер акцияларды ұйымдастыру жөніндегі өз тәжірибелерімен, түрлі ойын-сауық және ағарту іс-шараларымен, қайырымдылық концерттермен алмасты. Петропавл қ. № 21 және № 26 орта мектептің еріктілері еріктілер қозғалысын ұйымдастыруда шеберлік-кластарын көрсетті.
Клуб еріктілері өз қызметтерінің маңыздылығын және өзектілігін бұрыннан ақ дәлелдеген – бұл КТБО-да, балалар үйлерінде, ауруханаларда болып табылатын мүмкіндіктері шектеулі балаларға көмек көрсету.
Іс-шараның ұйымдастырушылары біздің өңірімізде еріктілер адамдық әлеуеттік ресурсты дамыту ретінде қабылданады деп атап көрсетті.
Бақыт субұрқағы
Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Шығыс Қазақстан облысында өзін және қоршаған ортаны өзгерту бойынша риясыз әрекетке, қоғамдық мәселелерді шешуді өз міндетіне алуға қабілетті, жауапкершілігі бар жастар мен белсенді азаматтарды, болашақ көшбасшыларын тәрбиелеуге ықпалын тигізетін «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы белсенді жүзеге асырылуда.
Аталған бағдарлама аясында 2012 жылғы 28 қарашада Өскемен қаласының Мамандандырылған Балалар үйінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті күніне арналған бақыт субұрқағын ашу рәсімі өткізілді. Бақыт субұрқағының жобасын Назарбаев зияткерлік мектебінің 9 сынып оқушысы ГауҺар Аймұхамедова жасаса, мектеп ұстаздары Қайрат Құранбаев пен Марат Қашқымбаев жүзеге асырды.
Одан басқа, аталған мектептің көркемдік жетекшісі О.И. Протопопованың ұйымдастыруымен дайындалған, оқушылары Еркежан Абикак, Жауқазын Есімжұмартова, Зере Зақымова, Ерхат Саутбаев қатысқан сахналық қойылым Балалар үйі сәбилеріне ерекше әсер етті. Олар тағдыр тауқыметіне ұшырап ата-анасыз қалған бүлдіршіндерге өздерінің жүректерінің жан жылуын сыйға тартып, қол ұстасып бірге би билеп, ән, тақпақ айтты. Қойылған сұрақтарға да балалар қуанышпен жауап беріп жатты. Жастарына қарамай, үш жасты сәбилер, президентіміздің есімі Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев екенін, Қазақстанның әсем қаласы Өскеменде тұратындарын айтып берді. Балалар үйінің сәбилері үшін қонақтармен кездесу үнемі ерекше мереке.
Балалар үйінің директоры Даниярова Гүлнар Боранғалиқызы қатысушыларды мерекесімен құттықтап, алғысын білдірді. Назарбаев зияткерлік мектебі Балалар үйімен жыл бойы тығыз байланыста болады. Оқушылар үнемі балалар тәрбиесіне, ұжымға мекеме аумағын абаттандыруға және тазалауға көмектесіп тұрады. Сондай-ақ қайырымдылық акциялар да өткізеді. Түскен ақшаларына бүлдіршіндерге ойыншықтар сатып алады. Балалар үйінің сәбилері Назарбаев зияткерлік мектебіне барып «Көңілді старттар» ойынына қатысады, сурет салып, ойын ойнайды.
Мұндай тығыз ынтымақтастық – мамандандырылған мекеменің тәжірибесінде алғаш рет болып отыр. Мекеме қызметкерлері тәрбиеленушілерінің бойында оң өзгерістер байқағанын айтады. Балалар үйінде ата-аналары бас тартқан 0 - 4 жас аралығындағы балалар тәрбиеленуде. Бас дәрігер Г.Б. Даниярованың айтуынша соңғы уақытта тастанды балалардың саны азаюда, бүгінгі күні мекемеде 150 шақты бала бар. Оң өзгерістер халықтың әл-ауқатының артуы мен рухани құндылықтардың жаңғыруымен байланыстырылады.
Біз, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері мұндай кездесулер бүлдіршіндерге болашақта дербес, белсенді, көпшіл, білімқұмар болуына ықпал ететінін айтқымыз келеді. Балалар осылай өздерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, өздерінің көркем туындыларын жасауға үйренеді. С.А.Назарбаеваның «Тек науқастар пен әлеуметтік күйзелістерден қорғалған, күнделікті қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленген балалар ғана біздің сенімді болашағымыз болады» деген сөзі өзекті болып қалады.
Біз Балалар үйі ұжымына, Назарбаев зияткерлік мектебіне балаларға деген сүйіспеншіліктері мен қамқорлықтары үшін ризашылығымызды білдіреміз. Олардың мақсаткерлігі мен тынымсыз еңбегі арқасында көмекке мұқтаж балаларға маңызды көмек көрсетілуде. Балалықты қорғаудағы биік мақсаттар мен бағдарламалар болашақта тек пайда көрсетуге бағытталсын.
Біз олардың, Президентіміз сияқты, балалардың бақытты жүзін көру – жарқын арманын орындау үшін бар күшін салатынына сенеміз. Ал бұл, біздің болашағымыз және біз алға қойған мақсатымыз – мықты Қазақстан үшін - бір командамыз!
КТБО-да әлемдегі балалар күні
20 қараша- әлемдегі балалар күні. Бұл мереке балалардың жағдайын жақсартуға, әлемдегі балалармен жұмыс істейтін мекемелерде жұмысты жақсартуға бағытталған.
2012 жылдың 20 қарашасы күні Петропавл қаласындағы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында департамент еріктілерімен «Қатыгездікке қарсы әлем» атты Әлемегі балалар күніне арналған іс-шара өтті.
Мереке қарсаңында тәрбиеленушілермен әңгімелер, «Қатыгездікке қарсы әлем» атты сурет сайысы, балалар өздерінің достарына құттықтау открыткаларын дайындады.
Еріктілер Орталықтың тәрбиеленушілеріне өздерінің қызметтері, үлкен кісілерге көрсетілген көмек және де өмірдің қиын жағдайында қалған балаларға көрсетілген көмек жайлы слайдтар көрсетіп, әңгімелер айтты.
Еріктілермен көрсетілген жағдайды көрген КТБО тәрбиеленушілері олар ешқашан қиын жағдайда қалмайтындарын, оларға көмек көрсететін адамдар бар екендерін түсінді. Бұл күні қуанышты әндер, тақпақтар айтылды, балалардың көңіл-күйлері көтерілді және өздеріне , қоршаған ортаға деген сенімділіктері артылды. Жас әртістер қойылымдарда балалардың құқықтары туралы , негізгі құжат – балалардың құқықтары туралы Конвенцияны еске түсірді.
Соңында қонақтар КТБО тәрбиеленушілеріне сыйлықтар сыйлады- жұмсақ ойыншықтар, альбомдар, карандаштар.
Еріктілер қозғалысының апталығы
12.11.2012 ж.
Батыс Қазақстан облысында Бүкіләлемдік балалар күніне арналған «Барлық әлем мен үшін» атты декадасы басталды. Декада «Бала құқығы – біздің құқығымыз!» тақырыбындағы еріктілер қозғалысының апталығымен басталды.
Іс-шара мақсаты – еріктілер қозғалысының практикасын кеңейту, өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениет деңгейін арттыру.
Еріктілер қозғалысы апталығының бағдарламасымен экономика және ақпараттық технологиялар колледжінде диалогты дәрістер, балалар арасында социалогиялық сауалнамалар, қала көшелерінде флэшмоб өткізу және қорытынды дөңгелек үстел ұйымдастыру қарастырылған.
«Еліміздің өскелең ұрпағының құқықтық мәдениетінің ерекшеліктері» тақырыбындағы диалогты дәріске заңгерлік және заңгер емес мамандықтарда оқитын оқушылар, педагогтар, психологтар, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жұмыс барысында балалардың қоғамның құқықтық өміріне белсенді араласуы кәмілетке толмағандардың құқықтық санасының қалыптасуына, құқықтық білімді практикада қолдануына септігін тигізетіндігі баса аталды.
«Баланың толыққанды отбасы тәрбиесіне құқығы» тақырыбында өткізілген әлеуметтік сауалнамаға 15-16 жастағы 200-ге жуық жасөспірім қатысты. Сауалнама қорытындысына талдау жасалынды.
Құқықтық ағартуды насихаттауға бағытталған флэшмобты жас еріктілер дәстүр бойынша М.Мәметова алаңында өткізді.
Еріктілер қозғалысы апталығының қорытындысы «Еріктілер қозғалысы балалық шақ құқығын қорғау жүйесінде!» атты «дөңгелек үстел» отырысында талқыланды. Отырысқа оқушылар, педагогтар, ғалымдар, «Жас отан» жастар қанатының, облыстық «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінің облыстық орталығының» өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер қатысты.
«Дөңгелек үстел» барысында қатысушылар келешек іс-әрекеттер жоспарын белгіледі. Олар осындай іс-шаралар құқықтық мәдениет негізінде жасөспірімдердің әлеуметтік қарым-қатынасының тұрақты мотивациясын өсіріп, облысымызда еріктілер қозғалысын дамытуға көмектеседі деген ойға тоқталды.
Еріктілердің қатары артуда
«Сен+Мен. Бәріміз бірге әлемді өзгертеміз» республикалық ақпараттық кампания шеңберінде 2012 жылғы 2 қарашада Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Волонтерлыққа кіріспе» атты семинар өтті.
Институт студенттеріне арналған семинарды Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Әлеуметтік волонтерлық орталығы»жастар қоғамдық қоры және Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасы ұйымдастырды.
Семинарда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бас маманы Нұргүл Құнанбаева «Павлодар облысындағы волонтерлық қозғалыстың тәжірибесінің дамуы» тақырыбына баяндама жасады.
- «Біз осымен екінші жыл «ПМПИ студенттері балаларға кітап оқиды» волонтерлық қозғалыстың қайырымдылық жобасы бойынша жұмыс атқарудамыз. Бүгінгі бағдарламаны Павлодар облысының 75 жылдығына және ПМПИ 50 жылдығына арнап отырмыз», - дейді ПМПИ ғылыми кітапханасының әдістемелік және техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Наталья Колодина. Волонтерлар арнайы дайындықтан өткеннен кейін осы оқу жылы бойы әртүрлі педагогикалық алаңшаларда ұжымдық оқу және кітаптардың мазмұнымен бөлісу бойынша жұмыс жасайды. Оның айтуынша, түрлі педагогикалық технологиялар мен әдістерді қолдану арқылы оқушылардың оқу мәдениетін, адамгершілік-рухани тәрбиесін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталмыш семинарда «Павлодар облысындағы саяси мәдениетті жетілдіру бойынша ресурс орталығының жастарға арналған әлеуметтік қызметі» жобасы аясында «Волонтерлық жобаларды жасау» және «Волонтерлықтың интернеттегі дамуы» атты тренингтер өткізілді.
«Әлеуметтік волонтерлық орталығы» ЖҚҚ мүшелері Жанар Омарова мен Әнуар Керімбаевтың айтуынша, волонтерлықты твиттер және әлеуметтік интернет жүйелері арқылы арттырудағы іс-тәжірибелерін жас волонтерлармен бөлісті. Қазіргі кезде жастардың басым көпшілігі интернетті қолданады. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді шешу үшін қоғамның ой-пікірлерін білу үшін осы интернет жүйесін қолдануға болады. Себебі, қол ұшын берем деген адамдардың саны күн сайын артуда. Сондықтан осы жүйе арқылы көптеген игі істерді жасауға болады.
Семинарға қатысушы Алтын Садуова волонтерлық қызметті одан әрі дамыту керек деп санайды. «Осы атқарылып жатқан игі шаралар шын ниетпен, пейілмен жасалуы қажет. Әр адам волонтерлыққа түсіністікпен қарап, өз еркімен келуі керек. Егер олардың саны артатын болса, елімізде көптеген жұмыстар атқарылады», - дейді Алтын.
Волонтерлар әрқашан қарт адамдарға көмектеседі, ардагерлерге арналған концерртер ұйымдастырады, ауқымды әлеуметтік іс-шараларға қатысады, мүгедектерді шығармашылық мастер-кластарға қатыстыру үшін жағдай жасайды, отбасы жағдайы нашар әлеуметтік топтардағы балаларға түрлі шаралар өткізеді.
Қала күні - «Жас толқын» еріктілерімен бірге!
Республикадағы үшінші қала мәртебесіне ие шырайлы Шымкент қаласы жыл сайын гүлденіп келеді. 2012 жылдың 3 қарашасында өткен «Қала күні» мерекесін шымкенттіктер ерекше қуанышпен қарсы алды. Қаламызда бой көтерген зәулім сарайлар мен Шымкенттің кіре берісіне орнатылған ұзындығы 10 метрден астам «Бәйдібек би» ескерткішінің салтанатты түрде ашылу рәсімі болды. Биыл қала күні мерекесі он күнге созылады. Бұл күні қаланың барлық саябақтары мен ипподромында мерекелік көрініс салтанат құрып, салауатты өмір салтын, ұлттық спорт түрлерін насихаттау, қала ауасын ластанудан сақтау, тағы басқа да мақсаттар төңірегінде велошеру, көкпар, ат жарыс, қыз қуу секілді ұлттық ойындар мереке көрігін қыздырды. Бұл мерекеге ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті де өз үлестерін қоспай қалмады. Департамент жанынан құрылған «Жас толқын» көшбасшылар клубының мүшелері шырайлы Шымқаламыздың көрікті әрі таза болуы үшін қала халқына ой салып, «Өз еліміздің патриоты болайық! Өз қаламыздың таза болуына үлес қосайық!» атты ұранымен «Өз қалаңды аялай біл!» тақырыбында брошюралар таратты.
Елбасымыздың: «Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз» деген сөзін алға тарта отырып, әрбір азамат өз қаласын өз үйіндей құрмет тұтса қаламыздың әрі қарай көркейе беруі сөзсіз! Өйткені, Шымкент барлық бүлдіршіндерге мейірімді қала!
«Менің қалам мен үшін!» он-лайн тәртібінде республикалық конференциясы өтті
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2012 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15.00-де «Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасын іске асыру мақсатында «Менің қалам мен үшін!» он-лайн тәртібінде республикалық конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар-жасөспірім ұйымының төрайымы Н.Б Бөлдірікова, әкімдіктер, білім басқармалары, балалардың құқықтарын қорғау департаменттері өкілдері, балалар-жасөспірімдер қоғамдық ұйымдарының көшбасшылары, балалар мәслихатының мүшелері, мектеп омбудсмендері қатысты.
Конференцияның өткізілуі «Балаға мейірімді қала» халықаралық бастамасын іске асыратын Қазақстан қалаларының дамуына балалар қатысуының тұсау кесері форматында өтті.
Астана қаласы мектептерінің оқушылары конференция қатысушыларына жасөспірімдер арасында шылым шегуге қарсы «Дені сау Астана» және «Көрнекті ақпарат – қала мәдениетінің белгісі» жобаларын ұсынды. Балалар мәслихатының жұмысы туралы Қызылорда және Балқаш қалалары мектептерінің оқушылары айтып берді. «Қаланың ігілігі үшін балалар бастамасы» жобасы шеңберінде қауіпсіздікті қамтамассыз ету бойынша идеяларымен және жетістіктерімен Қарағанды қаласының № 150 мектебінің оқушылары бөлісті. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда тұрған балалардың құқықтары бойынша уәкілетті мектеп омбудсмендері жүйесінің қызметі туралы Павлодар оқушылары таныстырды. Отбасы және қоғамның ігілігі үшін таланттарды дамытуға бағытталған әлеуметтік жобалар шеңберінде еріктілер қызметін Петропавл қаласының Әл-Фараби атындағы мектеп-лицейінің оқушылары ұсынды.
Он-лайн тәртібіндегі республикалық конференция жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысу мәселесі бойынша өз балалардың ойларын жеткізуге мүмкіндік берді.
Конференцияның қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданды.
Қазақстан Республикасының Конституция Күніне арналған іс-шаралар шеңберінде «Балдаурен»балалар аулалық клубымен кездесу туралы
Қазақстан Республикасының Конституция Күнін тойлау қарсанында 2012 жылдың 28 тамыз күні Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаменті Ақмола облысы әділет департаменті қолдауымен Көкшетау қ. № 17 ОМ базасында «Балдаурен» аулалық клубымен кездесу ұйымдастырылды.
Іс шара барысында балалар мемлекеттің, рәсімдері мен Қазақстан республикасы Конституциясы тұру тарихы туралы білді.
Кейін Қазақстан туралы фильм көрсетілді.
Алғыс ретінде «Балдаурен» аулалық клубы тәрбиенушілері тамаша концерт дайындады, оның барысында балалар Отан турла әндер мен өлеңдер айтты.
Осындай кездесулерді өткізу балалар мен жасөспірімдерде негізгі Заң – Қазақстан Республикасы Конституциясына құрмет тәрбиелейді. Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаментінен «Балдаурен» аулалық клубының жетекшісіне «Қазақстан балалары» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналы ұсынылды.
Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің еріктілерімен «Балалар - балаларға» акциясы
Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық акциясының концепциясын жүзеге асыру шеңберінде, Халықаралық балаларды қоғау күні қарсаңында «Балалар - балаларға» акциясы өткізілді. Акцияның мақсаты: ауыр өмірлік жағдайға тап болған балалардың мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару.
24 мамырда департаменттің мамандары мен еріктілері «Өмір үшін» қоғамдық қайырымдылық қорының өкілдерімен бірлесіп Мамлют санаторлық орта мектебі-интернатына сапарға шықты. Еріктілер интернаттың 340 тәрбиеленушісіне арнап концерттік ойын-сауық бағдарламасын дайындады. Өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнер әртістерінің қойылымдары көрермендердің көңілінен шықты: олар қонақтармен бірге ән салды, шапалақ ұрды және ұсынылған ойындарға қуана қатысты.
«Өмір үшін» қоғамдық қайырымдылық қорының өкілдері би нөмірлері және демеушілермен берілген сыйлықтар табыстады. Қуаныш пен мейірімділік мерекесі жақсы болып шықты, балалар келген қонақтарға алғыс сөздерін айтты және жиі келіп тұруын өтінді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік нышандарының 20 жылдығына арналған «Көшбасшылар аумағы» облыстық балалар ұйымдары слетінің қорытындысы
Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының 2012 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес және балалардың қазақстандық отансүйгіштік және азаматтық сезімдерін қалыптастыру, балалар ұйымдарының белсенділіктерін арттыру, балалардың әлеуметтік бастамалары мен жобаларын қолдау мақсатында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен 2012 жылдың 18 мамырында «Көшбасшылар аумағы» облыстық балалар ұйымдары слеті өткізілді.
Слетке облыстың 16 аймағы қатысты, олардың делагациялары құрамына аймақтардағы балалар ұйымдарының іс-әрекеттеріне белсене қатысатын 6-10 сыныптардан 5 оқушыдан енді.
Слет бағдарламасы бойынша «Біздің жетістіктеріміз» балалар ұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды. Әр ұйым өз қызметтерінің тұсаукесерлерін жасады және балалар ұйымдарының басты жобалары ретіндегі әлеуметтік жобаларын қорғады. Балалар «Көшбасшылар аумағы» тренингтік жаттығуларға сүйсіне қатысты.
Балалар ұйымдары слетінің қорытындысы бойынша балалар ұйымының үздік көшбасшылары Білім басқармасының мадақтамаларымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Үздік балалар ұйымы» номинациясы бойынша марапатталды:
1 орын – Арқалық қаласы;
2 орын – Лисаков қаласы, Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығы;
3 орын – Жітіқара ауданының № 3 орта мектебі.
«Үздік әлеуметтік жоба» сайысында марапатталды:
1 орын – Арқалық қаласы;
2 орын – Қарасу ауданы, Қарамырза орта мектебі;
3 орын – Рудный қаласы, № 10 орта мектебі.
«Балаларға көктем шуағын сыйла» атты республикалық марафон шеңберінде еріктілердің дәстүрлі «Көктемгі ізгілік аптасы» апталығы
2012 жылдың 9-15 сәуір аралығында Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті аудан, қалаларда Республикалық «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты марафон шеңберінде еріктілердің дәстүрлі «Көктемгі ізгілік аптасы» апталығын өткізді.
Шараның мақсаты — еріктілер тәжірибесін жария ету, әлеуметтік тәжірибеге жастарды тарту және әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында серіктестікті нығайту.
«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясына облыстың 16 ауданы мен 3 қаласынан 612 мектеп, 3 кәсіптік лицей және 4 колледждің еріктілер тобы қатысты.
9 сәуірде барлық мектеп оқушыларының қатысуымен мектепішілік линейкалар өткізіліп, «Ерікті жастар», «Қоғамға қызмет етемін», «Менің аулам», «Игі істер» тақырыптарында қабырға газеттері шығарылды, шараның мақсаты және ережесімен таныстырылды.
2012 жылдың 9 сәуірінде Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары мектептерінде «Ерікті: ол кім, қашан, неге?» тақырыбы бойынша ақпараттық сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатында оқушыларға жалпы еріктілер қызметі туралы толықтай мағұлматтар берілді.
«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясы шеңберінде еріктілердің қатысуымен Ақсу ауданында «Жақыныңа көмектес», Алакөл ауданында «Ізгілік жасауға асығыңыз», Қарасай ауданында «Таза аула – таза ауыл, қала», Жамбыл ауданында «Балаларға базарлық», облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру мекемелерінде Балалар – балаларға», Талдықорған қаласындағы орталық балалар кітапханасында «Менің сүйікті кітабым» акциялары ұйымдастырылды. Шараға барлығы 1230-ға жуық еріктілер тобы қатысты.
«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» эко-жобасы шеңберінде «Мүшелтой балалар мен жасөспірімдер» клубы еріктілерінің ұйымдастыруымен облыстық «Айналайын» және Үштөбе балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында «Менің үйім» атты тақырыпта сурет байқауы өткізіліп, облық М. Тынышпаев атындағы өлкетану мұражайына экскурсия (танымжорық) ұйымдастырылды.
Талдықорған қаласындағы политехникалық колледждің ерікті тобы 2012 жылдың 13-14 сәуірінде ардагерлер саябағы айналасын жинастырып, ардагерлерге ерекше құрмет көрсетті.
Өткізілген акцияның қорытындысы бойынша еріктілер топтары, ҮЕҰ және БАҚ өкілдерінің қатысуымен пресс-конференция өткізілді. Шараға жалпы саны 6320-ға астам еріктілер қатысты.
2012 жылдың 10 сәуірінде Алматы олысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Алматы қаласындағы "Источник любви" қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Ерікті: кім, не үшін, қашан?» атты тақырыпта облыстағы еріктілерге әдістемелік көмек көрсету және құқықтық мәдениет деңгейлерін көтеру мақсатында семинар-тренинг өткізілді.
Семинарды Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік рухани даму бөлімнің бастығы А.Үшкемпірова ашып, жүргізіп отырды. Семинарға мектеп, кәсіптік мектеп және колледж студенттерінің ерікті топтары, ата-аналар, қала тұрғындары арасындағы еріктілер қауымы қатысты.
Семинар жұмысына "Источник любви" қоғамдық қоры мен «Алматы облысының "Жетісу жастары, жастар орталығының» өкілдері арнайы шақырылып, еріктілер топтарымен тренинг жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында қатысушылар "Мүшелтой" балалар мен жасөспірімдер аула клубының еріктілер тобы дайындаған шағын концерттік бағдарламаны тамашалады.
2012 жылдың 17 сәуірінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының 20 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы МДМ «Күншуақ» туберкулезге қарсы балалар санаториінде «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты мерекелік шарасы өткізілді.
Шараға санаторийде ем қабылдап жатқан балалар мен олардың ата-аналары, тәрбиешілер, дәрігерлер және БАҚ өкілдері қатысты.
Мерекеге қатысушылар Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваға балаларға деген махаббатына, қамқорлығына, мейрімділігіне деген ыстық ықыластарына алғыстарын жеткізді.
«Балаларға көктем шуағын сыйла» атты еріктілер бастамасының республикалық марафоны
Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі-Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты еріктілер бастамасының республикалық марафонына орай, төмендегідей іс-шаралар жасалды:
2012 жылдың сәуір айының 9 күні облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін облыстық мұражайға апару ұйымдастырылды.
Мақсаты: балалардың ой-өрісін кеңейту, тарихымызды тануға, тылсымдарымызды білуге, ата-бабамыздың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарымен таныстыру, қазақы салт-дәстүрдің ерекшелігін насихаттау арқылы халқымыздың ерте замандағы қолданған дүние-мүліктерімен таныстыру, балалардың көңіл-күйін көтеру.
2012 жылдың сәуір айының 10 күні Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Балалар балаларға» атты кітап жинағын ұйымдастыру акциясы өткізілді.
Мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын дамыту, оны қастерлеп-құрметтеуге тәрбиелеу, білімдерін жетілдіру үшін кітапты көп оқу керек екендіктерін ұғындыру.
Аталған орталықтың кітап қорына біздің департаменттің атынан балаларға арналған кітаптар мен журналдар сыйға тартылды.
Қазіргі таңда, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының кітапхана қорында барлығы 21 жинақ, оның ішінде балаларға арналған 10 жинақ, яғни 80 ертегі кітаптары мен энциклопедиялар бар.
2012 жылдың 10 сәуірінде мектеп еріктілер тобының мүшесі Ақтау қаласының жол полиция қызметкерлерінің және жас жол полиция мүшелерінің жұмысымен танысты. Олардың жол ережелерін бұзған жүргіншілермен түсінік жұмыстарын қалай жүргізетіндігін қадағалап, үйреніп және өздеріде көмектесіп, қатысты. Сондай-ақ жол ережелерімен толығырақ танысты.
2012 жылдың сәуір айының 11 күні еріктілер тобы мүшелерімен бірлесе отырып, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиешілерін «Бәйтерек» кинотеатрына апаруды ұйымдастырды. Барлық 58 тәрбиеленуші кино қарады.
Мақсаты: көңіл-күйлерін көтеру, өмірге жақсы көзқарастарын қалыптастыру.
Сонымен қатар Маңғыстау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен Облыстық денсаулық басқармасы Ақтау қалалық қарттар үйінің сырттқы жағына сенбілік ұйымдастырды. Аталған сенбілікке департамент қызметкерлері, мектеп оқушылары, студенттер, денсаулық сақтау департаментінің қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.
2012 жылдың сәуір айының 11 күні Маңғыстау облысының төтенше істер жөніндегі Департаментімен, еріктілер тобы мүшелерімен қалалық «Жас өрт сөндірушілер» достастық слеті акциясы өткізілді.
Мақсаты: жасөспірім арасындағы өрттен сақтанудың үгіт-насихат-бұқаралық жұмысы.
2012 жылдың сәуір айының 12 күні Маңғыстау облыстық балалар психоневрологиялық интернат үйінің балаларына көмектесу акциясы ұйымдастырылып, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында оларға арналып ойындар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ Департамент 2012 жылдың 13 сәуір айында Ақтау қалалық № 1 орта мектеп еріктілер тобының мүшелерімен бірігіп, Облыстық қарттар үйіндегі ардагерлер мен жалғыз басты адамдардың көңіл-күйін көтеру және қамқорлық көрсету мақсатында концертік бағдарламалар көрсетті.
Сонымен қатар, 2012 жылдың сәуір айының 13 күні Президенттің көп ұзатпай барлық деңгейдегi атқарушы билiк өкiлдерiне өздерiне тиiстi аймақтарды барынша көгалдандыру тапсырмасына сай Департамент мектеп еріктілер тобы мүшелерімен Ақтау қалалық қарттар үйінің айналасына тал егу ұйымдастырылды. Бүгінде қаланың түкпір-түкпірінде тал егу жұмыстары іске асырыла бастады. Айналаға тал егіп, табиғат-ананы құлпырта білу - әр адамның міндеті десек артық айтқандық болмас. Сол тамаша табиғатты одан сайын көркейте түсу біздің борышымыз деп білсек, туған өлкені көгалдандыру жұмыстарын жүргізе білгеніміз.
Мақсаты: табиғатқа деген танымдық қызығушылық сезімін қалыптастыру, табиғат байлықтарын бағалауға, қадірлей білуге, аялауға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу, табиғат туралы ой-өрісін кеңейту, қаламыздың көркеюіне үлес қосу.
«Біз – сенің балаларыңбыз, Қазақстан! Біз жаңа әлемдер өмір сүреміз!» Бүкілқазақстандық мереке шеңберінде өткен балалардың әлеуметтік бастамалар жобалары туралы
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын және қаланың қоғамдық өміріне балалардың қатысуы, олардың отбасында, мектеп пен қоғам өміріне шешім қабылдауға қатысты саясатын іске асыру мақсатында ағымдағы жылдың сәуір айында Қостанай облысының барлық білім беру ұйымдарына балалардың әлеуметтік үздік жобаларының тыңдауы өтті.
Тыңдаудың облыстық сырттай бірінші кезеңіне аудандық, қалалық әкімшіліктің білім бөлімдерінің білім беру ұйымдарынан 15 жоба жолданды. Олардың ішінен 4 қазақ тілінде және 11 орыс тілдерінде болды. Осы кезеңде әділқазылар алқасы материалдардың тиімділігін, нәтижелілігін, мақсатты бағытын, толықтығын, маңыздылығын және тәжірибелі бағытын бағалады. 8 жоба (Рудный қаласының № 2 гимназиясы, Ұзынкөл ауданының № 1 ОМ, Лисаков қаласының № 2 ОМ, Жітіқара ауданының № 2 ОМ, Красноармейская ОМ, Алтынсарин ауданының Силантьев ОМ, Меңдіқара ауданының Ғ. Жұмабаев атындағы ОМ, Қарасу ауданының Қарамырза ОМ) облыстық қорытынды кезеңіне іріктеп алынды.
Қорытынды кезеңде әділқазылар алқасының шешімі бойынша: бірінші орын - Рудный қаласының № 2 гимназиясына (жетекшісі – Голубцева Л.Г.); екінші орын – Жітіқара ауданының Красноарейская ОМ (жетекшісі - Әлмұханбетова С.Е.); үшінші орын – Қарасу ауданының Қарамырза ОМ (жетекшісі – Төлегенова Г.Т.); «Әлеуметтік мәселелер» номинациясы – Ұзынкөл ауданының № 1 ОМ (жетекшісі – Редман Г.А.), «Аймақты гүлдендіру» номинациясы – Лисаков қаласының № 2 ОМ (жетекшісі – Горбунова Е.В.), «Белсенді азаматтық көзқарас» номинациясы – Алтынсарин ауданының Силантьев ОМ (жетекшісі – Жақанов С.К.), «Тәжірибелі маңыздылық» номинациясы – Меңдіқара ауданының Ғ. Жұмабаев атындағы ОМ (жетекшісі – Д. Қонысбайқызы) берілді.
Әлеуметтік жобаларға қатысу түйінді мәселелерді шешудің бірден-бір жолы болып табылатындығын айтып өткен жөн. Осындай іс-шараларға балалардың қатысуы, олардан үлкен дайындық, қажетті заңнамалар мен нормативтік құжаттарды білуді, сонымен қатар осы саясаттың қазіргі заманға сай тұжырымдамаларын түсінуді талап етеді.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Қоғамға қызмет ету» тақырыбына балалар жобаларының қалалық байқауы туралы
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жоспарына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарының, «Жас Отан» көшбасшылары мен өкілдерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен, сонымен қатар азаматтық бастамаларды проблемалар шешуге қатыстыру, әлеуметтік әріптестікті және әлеуметтік проблемалар шешу жолдарын дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектептер арасында «Қоғамға қызмет ету» тақырыбына еріктілер қозғалысы жобаларының қалалық байқауы ұйымдастырылып, өткізілді.
Үкіметтік емес ұйымдар мен балалар бастамалары мәселелеріне байланысты балалар жобаларының байқауы қаланың жалпы білім беретін мектеп көшбасшылары арасында біздің облысымызда бірінші рет өткізілді.
Байқау 2012 жылдың 15 мен 25 сәуірі аралығында өтіп, екі кезеңнен тұрды: бірінші – іріктеу кезеңі, екінші кезеңі – қорытынды.
Екінші кезеңге еріктілер қозғалысының 6 үздік балалар жобалары өтті. Олар Тараз қаласының № 1, 5, 45 мектеп-гимназияларының жобалары, № 36, 48, 53 жалпы білім беретін мектептерінің жобалары.
Қорытынды кезеңі 2012 жылдың 25 сәуірінде облыстық жасөспірімдер орталығында өткізілді. Байқау келесі өлшемдер бойынша өткізілді: өзектілігі, алынған тақырыптың сәйкестігі, сахналық мәдениеті, сөз сөйлеу мазмұны, әлеуметтік мәселелер шешу жолдары, БАҚ-та жариялымдары, балалардың еріктілер қозғалысына қатыстырылуы және жобалардың тәжірибе жүзінде жүзеге асырылуы.
Байқау қорытындылары бойынша 1-ші орынды № 45 мектеп-гимназиясы, 2-ші орынды №1 мектеп-гимназиясы, 3-ші орынды №36 орта мектебі иеленді.
Сонымен қатар № 48 орта мектебіне «Жас патриот», №53 орта мектебіне «Шығармашылық топ», №5 мектеп-гимназиясы «Мейірімділік тобы» номинациялары берілді. Іс-шара барысында мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Байқау соңында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.М.Сұлтанбаев құттықтау сөз сөйледі.Жеңімпаздар Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 1-ші, 2-ші, 3-ші деңгейлік дипломдарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешу бойынша балалар жобалары байқауының қазылар алқасының жұмысы туралы ақпараты
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын іске асыру тұрғысында және балаға мейірімді қаланың III республикалық форумына дайындық шеңберінде, сондай-ақ 2012 жылға арналған ҚР білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралыр жоспарына сай, ағымдағы жылдың 14 наурыз бен 26 сәуір арасында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша балалар бастамасының қоғамдық тыңдауларын өткізді.
Іс-шараның мақсаты — балаларды қаланың қоғамдық өміріне және отбасында, мектепте, қоғамда олардың өміріне қатысты шешімдер қабылдауға қатыстыру саясатын жүзеге асыру болып табылады. Жұмыс барысында еріктілермен аймақ балаларының жағдайын жақсартуға бағытталған жобалар таныстырылады
Байқау екі кезеңде өтті, біріншісі — аудандық кезең. Оған барлығы 20 жұмыс қатысты.
Екіншісі — облыстық. 2012 жылдың 26 сәуірде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянс»-тың өкілдері, «Әнші Балапан» балалар шығармашылық даму қоры және «Art-East» Медиа Продюсерлік орталығымен бірігіп «Балалар мен жастар жетістіктері және проблемасы, оны шешу жолдары» тақырыбында қоғамдық тыңдаулар байқауын Жаңаөзен қаласының № 1 орта мектебінде өткізді. Қорытынды кезеңге ұсынылған үздік жобаларды тыңдау құрамына «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының, қалалық маслихаттың, «Ұрпақ Next» үкіметтік емес ұйымының өкілдерінің және Бақ қызметкерлерінің, аудан әкімшілігінің жетекшілері, мектеп директорлары мен педагогтарының қатысуымен өткізілді.
Жалпы оқушылардың таңдаған проблемаларының бірнешеуін атап кететін болсақ:
- Каспий теңізінің экологиялық проблемалары
- Діни ағымдар, дінің балалармен жастарға беретін пайдасы және зияны, оны шешу жолдары.
- Жағдайы төмен отбасынан шыққан студенттердің жоғары білім орындарына түсуіне жағдай жасау және білім ордаларында оқу ақысын төмендету, сондай-ақ жетім және жартылай жетім жастарға ақысыз оқу жағдайын жасау,
- Балалар мен жастар арасындағы қылмыс, экстремизм, нашақорлық және т.б.
- Маңғыстау облысы бойынша балалар мен жасөспірімдерге ақысыз немесе қолжетімді спорттық үйірмелерді ашу және көбейту.
Облыстық кезеңге өткен барлық жобаларды қарап шығып, қазылар екі адамнан тұратын бір топты жеңімпаз деп анықтады және жақсы сыйлықпен марапаттады. Олар Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Экономикалық лицейдің 10 сынып оқушылары: Сайлау Шынарай және Балуанияз Меруерт. Тақырыптары: «Каспий теңізінің экологиялық проблемалары».
Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша балалар бастамасының қоғамдық тыңдауы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын іске асыру тұрғысында және Балаға мейірімді қалалардың ІІІ республикалық форумы қарсаңында, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылғы 19 сәуірде облыстың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Біз – Қазақстанның балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүргіміз келеді!» жалпықазақстандық акциясы шеңберінде балалардың әлеуметтік бастамаларының қоғамдық тыңдауын өткізді.
Жобаның мақсаты еліміздің позитивті ойлайтын жауапкершілігі жоғары, мемлекеттің, қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсенді қатысуға қабілетті азаматтарын қалыптастыру, жастардың қоғам өміріне қатысын және азаматтық жауапкершілігін дамытуға ықпал ететін, қоғамдық, азаматтық әрекетке қатысуына жағдай жасау болды.
Қоғамдық тыңдаудың негізгі міндеттері балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, оқушылар арасында еріктілер қозғалысын белсендіру, талқыланатын сұрақтар, өз өңіріндегі әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша ой-пікірлерін айту мүмкіндігін тудыруға бағытталды.
Салтанатты шараны Департамент директорының орынбасары А.Тоқтарбекова ашып, қатысушыларға табыс тіледі және облыстық мәслихат депутаты, Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Н. Түсіпова құттықтау сөз сөйледі.
Қоғамдық тыңдауда Өскемен, Семей, Риддер қалалары, Аягөз, Бородулиха, Глубокое, Зайсан, Зырян, Катонқарағай, Үржар, Шемонаиха аудандарынан 33 жоба қорғалды. Жобалар әлеуметтік, ақпараттық, білімдік, экологиялық бағыттарды қамтыды.
Қоғамдық тыңдау жүлдегерлері Департаменттің грамоталарымен, сыйлықтарымен марапатталды.
«Жел энергиясын пайдалану» жобасын қорғаған Мәди Шаяхметов, (Үржар ауданы, жетекшісі Рашидов Р.) бас жүлдеге ие болды.
1 орынды - Қабылова Мунира, Глубокое ауданы, жетекшісі Амержанова С.Т., (Очистка сточных вод «ТОО «Восток-молоко бентонитовыми сорбентами Таганского месторождения»), 2 орынды – Дарья Смирнова мен Мария Шатаева, Риддер қаласы, жетекшісі Литвинова Т.В. («Пресс-центр» - социальный проект по информированию населения), 3 орынды - Ирина Шульгина, Риддер қаласы, жетекшісі Чудиновская М.А. («Мы выбираем профессию – профессия выбирает нас») иеленді.
Қоғамдық тыңдаулар Шығыс Қазақстан облысының оқушыларын жаңа бастамаларға ынталандырып, шығармашылық және көшбасшылық әлеуеттерінің дамуына ықпал етті. Мұндай шараға қатысу балалардың пайдалы тәжірибе жинақтап, өзін ұсынуына мүмкіндік берді.
Қоғамдық тыңдауға Білім басқармасы, «Парасатты жастар лигасы» ҚБ, «Бірге» бос уақыт өткізу клубтарының бірлестігі», «Нұр Отан» ХДП өкілдері, облыстық мәслихат депутаты, облыстық кәсіподақ кеңесінің төрайымы Н. Түсіпова, «Жас Отан» ЖҚ, «Азаматтық Альянс» ЗТБ, БАҚ, «Шығыс дарындары» балалар баспасөз орталығы өкілдері белсенді қатысты. Департаменттің тұрақты достары «Vita» кәсіпорындар тобы» ЖШС, «Парасатты жастар лигасы» демеушілік көмек көрсетті.
Белсенді балалық шақ.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бастамасымен 2008 жылдан бастап аймақ балаларының өмір сапасын жақсартуға бағытталған «Фемида» клубы жұмыс істеуде. Ағымдағы жылдың 29 наурызында өскелең ұрпақтың әлеуметтік-құқықтық мәдениетін қалыптастыру, соның ішінде еріктілер қызметі арқылы жүзеге асыру сұрақтары көтерілген клубтың кезекті отырысы өтті.
Аталған мәселелер талқысына Бөрлі, Теректі аудандарының, Орал қаласының білім беру бөлімдерінің қызметкерлері, мектеп директорларының орынбасарлары, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері және журналистер қатысты.
Отырыс бағдарламасымен білім берудің сабақтастығы негізінде бала тұлғасының құқықтық қалыптасу тиімділігін арттыру, қазіргі Қазақстанда еріктілер бірлестіктері қызметтерін дамыту, жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу бойынша мектеп оқушыларының жобалық қызметін ұйымдастыру сияқты сұрақтар қарастырылды.
Отырыс Батыс Қазақстан облысында Дүниежүзілік жастар қызмет ету күніне орайластырылған «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафонын өткізу Жоспарын жүзеге асыру бойынша ұсыныстар қабылдаумен ерекшеленді. Қатысушылар «балалардың еріктілер қозғалысына қатысуы олардың дүниетанымдарын өзгертуге мүмкіндік береді, мемлекетке де, еріктілерге де пайдасы зор, балалардың іскерлік қабілеттері мен дағдыларын дамытады, басқа адамдармен қарым-қатынас орнату, өзін-өзі құрметтеу қасиеттерімен қанағаттанады, өздерінің қоршаған ортаға пайдасының барын, қажеттілігін сезінеді» деген бір ойдан шықты.
Іс-шара жұмысы ашық түрде жүргізілді, қатысушылардың сөз сөйлеуі мектеп практикасында еріктілер қызметі идеясын жүзеге асыру мүмкіндіктерін көрсететін тақырыпты бейне роликтермен сүйемелденді.
Отырыс әлеуметтік жобалау саласында мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар ұжымдары жасаған жұмыстар көрсетілген «Балалық шақ әлемінде» атты жылжымалы көрмені аралаумен аяқталды.
Балалар бастамаларының қоғамдық тыңдалуы бойынша оқыту семинары
2012 жылдың 16 наурызында ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру тұрғысында және 2012 жылға арналған білім беру ұйымдарында еріктілер қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында облыстағы аудандық, қалалық білім беру мекемелерінің мұғалімдерінің қатысуымен оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: оқушылардың білімі мен біліктілігін және дағдыларын дамыту арқылы өмірге белсене араласатын, демократиялы қоғамның азаматтық құндылығы мен принциптерін іске асыруға көмектесе білетін қайраткер азамат етіп тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу бойынша балалар бастамаларының қоғамдық тыңдалуына жетекшілік ететін топ жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету.
Семинар барысында дайындалатын балалар бастамаларымен әрі қарай жұмыс істеу үшін V – кезең бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді:
І – кезең: Қоғамдық саясат жүргізуді талап ететін проблемаларды анықтау.
ІІ – кезең: Сынып оқушыларынан тұратын шағын зерттеу тобын құру.
ІІІ – кезең: Таңдалған проблема бойынша ақпарат жинау.
IV – кезең: Топ жинаған ақпаратты ұйымдастыру, жинақтау.
V – кезең: Топтың таңдап алған проблемасының портфолиосын дайындау (демонстрациялық стенд және құжаттамалық папка).
Жұмыс барысында пайдалану үшін топ жетекшілеріне әдістемелік нұсқаулық ретінде жоғарыда аталған кезеңдер толықтырылып енгізілген кітапша таратылды.
2011 жылдың 16 қарашасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің базасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Нық қадаммен болашаққа» тақырыбында қайырымдылық кеші өткізілді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Көмек» еріктілер қозғалысы, «Бота» ҚҚ, «Сұңқар» жастар ұйымы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің студенттер сенаты.
Іс-шараға Департаменттің бас маманы Н.Төлегенов, «Бота» ҚҚ өкілі, сонымен қатар Департамент жанындағы Көшбасшылар кеңесінің мүшелері, қаладағы әлеуметтік мекемелердің мүмкіндігі шектеулі тәрбиеленушілері, аталмыш ЖОО-ның студенттері мен ұстаздары жалпы саны 300 адам қатысты.
Концерттік бағдарламаның басында іс-шара қонақтары мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Көмек» еріктілері ұйымдастырған іс-шараға өз алғыстарын білдірді.
Көрермендер концерттік бағдарламада ән, би өнерлерін тамашалап, еріктілер ұйымдастырған ойындарға қатысып, одан әрі көңілді тапқыштар клубы «Элит.kz» командасының әзілдерімен жалғасын тапты.
Қазақстандағы волонтерлік қызметтің құқықтық аспектілері
2011 жылғы 8 шілдеде «Қазақстандағы волонтерлік қызметтің құқықтық аспектілері» атты халықаралық конференция өтті, оның ұйымдастырушылары: ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасымен бірлесіп Ұлттық волонтерлік желі.
Конференцияның мақсаты - Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар шығару, ол 2011 жылғы қазанда ҮЕҰ V Азаматтық Форумының пікір-талас алаңының бірінде ұсынылатын болады.
Конференцияның қатысушылары: ҚР Мәдениет министрлігі, ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Ұлттық волонтерлік желі, Қазақстандағы БҰҰ Еріктілер Бағдарламасымен Қазақстандағы АҚШ Корпус Әлемі, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің өкілдері, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаменті, БАҚ және ҮЕҰ.
Волонтерлік – бұл әлеуметтік міндеттерді шешудің тиімді құралы. Дегенмен де, реттеушілікті қажет ететін кейбір аспектілер бар, мысалы волонтерлік ұғымы әлі күнге дейін заңнамалық бекітілген жоқ, волонтерлік қызметті ұйымдастыру үшін кадрларды дайындайтын құрылым жоқ. Тәуелсіздігіміздің 20-жылдығы ішінде еліміз көпке қол жеткіздік, соның ішінде еліміздің имиджін қалыптастыруда волонтерлердің үлесі зор және де қазақстандықтардың арасында анағұрлым тығыз және мейірімді қарым-қатынас байқалмай қалған жоқ. Елімізде волонтерлік институтты одан әрі дамыту үшін волонтерлерге түрткі керек және мемлекеттің қолдауы қажет. Халықаралық конференция тәжірибе алмасуға, құрылымды ұсынымдарды ойластыруға ықпал етті және Қазақстанда волонтерлікті дамытуда басты этапы болды.
Дөңгелек үстел үстінде волонтерлікті дамыту стратегиясы, бар проблемаларды шешу механизмі, қайырымдылықты және еріктілікті дамытудың ұйымдастыршулық және құқықтық-нормативтік қамтамасыз ету мәселелері, әсіресе Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың ерекшелігі.
Павлодар және Қарағанды облыстарының балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің өкілдері жиналғандардың назарын волонтерлер мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынас аспектілеріне аударды. Салауатты жүріп-тұрудың тиімді стратегиясын қалыптастыру, жастар қауымын волонтерлік қозғалысқа тарту арқылы оң әлеуметтік және жеке тұлғалық құндылықтарды дарыту бойынша күш біріктірудің қажеттілігіне аударды.
Еріктілік адамдың өзінің және жанындағылардың дүние танымын өзгертуге ықпал етеді және мемлекетке де, волонтерлердің өздеріне де пайда әкеледі. Ерікті қызмет арқылы олар өз білімдерін толықтырып, дағдыларын дамытады, қарым-қатынас жасауда және өзін-өзі сыйлауға деген қажеттіліктерін қанағаттандырады, өздерінің маңыздылығын және қажеттілігін түсінеді, еңбектері үшін алғыс алады, маңызды тұлғалық сапаларды дамытады, іс барысында мрольдық ұстанымдарға жол беріп, рухани өмір белестерін ашады.
Волонтерлер – Қазақстанның патриоттары!
«Қоғамға қызмет ету» республикалық бағдарламаны және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған Павлодар облысы бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті білім беру басқармасымен бірлесіп а.ж. 28 сәуірде «Волонтеры – Қазақстанның патриоттары!» атты облыстық оқыту семинарын өткізді.
Ұлттық Волонтерлер желісін үйлестіруші - Ким Вера, Қазақстандағы Әлем Корпусының волонтерлері – Валентина Карденас, Елена Августин, Лаура Маршал семинарға қатысты.
Семинарға қатысушылар жергілікті волонтерлік ұйымдардың жұмысымен, шетел ұйымдарының халықаралық тәжірибесімен танысты, соның ішінде Қазақстандағы АҚШ Әлем Корпусының волонтерлері қызметімен танысып, волонтерлік тәжірибелерімен бөлісті. Бұл семинар бір реттік іс-шара емес, ол әрі қарай өз жалғасын табатынын ерекше атап өткіміз келеді, волонтерлер ісі картасын жасау, ең белсеңді волонтерлерді марапаттау үшін волонтерлік лагерьді өткізу. Семинардың сәтті өтуі іс-шараны жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына және волонтерлік отряд жетекшілерінің мен облысымыздың мүдделі жастарының іс-шараға белсеңді қатысуына байланысты болды.
Семинарға қатысушылар Қазақстанда волонтерлікті дамыту туралы көптеген пайдалы ақпараттар тыңдады, тәжірибелерімен алмасты, жаңа достар тауып алды, волонт отрядтар желісінің кеңеюі және дамуына бағытталған тиімді ұсыныстарды шығарды.
Осындай семинарлар келешек ұрпаққа оң ықпал етеді, ол мұқтаж жандарға көмек көрсету ниетін туындатады, өз қоғамында, облысында, жарлы бүкіл әлемде өмірді жақсарту құштарлығын дамытады, көшбасшы сапаларын шынықтырады.
Еріктілер қозғалысының тың тәжірибесі
19 әлеуметтік қызметкер облыстың «ШҚО балалары мен жастары үшін желілік мектебінің» 19 орталығынан еріктілер ретінде психикалық дамуы шектелген балалар мен олардың отбасыларына арнаулы психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік - мәдени және құқықтық қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, олар «Первомайск оқу - өндірістік комбинаты» мемлекеттік емес ұйымының басшылығымен «Әлеуметтік педагог+Ата-аналар+Психоневрологиялық ауытқулары бар балалар» командасының жұмысын ұйымдастыруда бас көмекшілері болып табылады.
Осындай жүргізілген жұмыстарының нәтижесі бойынша Первомайск оқу-өндірістік комбинаты Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен «ШҚО балалары мен жастары үшін желілік мектебі» жобасы шеңберінде 2010 жылғы 23-24 қазанда аралық шығармашылық есебін өткізді.
Бағдарламаға сәйкес, бірінші күні облыстағы «Бейімделген мектеп» жобасын үйлестіруге қатысушы Глубокое ауданы Киров орта мектебі ашық сабақ көрсетіп, өзінің осы бағыттағы жетістіктерімен бөлісті. Сабақтың мақсаты: психоневрологиялық кешеу дамыған балалар үшін арнаулы және әлеуметтік қызмет орталығын ұйымдастыру және өзгерту. 8-9 сыныптардың 11 баласынан тұратын «Авангард» тобы, әлеуметтік педагогтың басшылығымен құрылыс, ландшафт дизайны саласында өз қабілеттерін көрсетті.Тұрғын үйдің сәулет құрылысы мен жайластыру макетін жасады және осы жұмыс түріне қажетті көптеген мамандықтармен танысты. Одан басқа, Первомайск оқу-өндірістік комбинаты тарапынан берілетін кәсіби бағдарлау кеңестері аталған мектептің педагогтарына және «Бейімделген мектеп» жобасына қатысушы облыстың жалпы білім беретін мектептеріне жұмыста, мүмкіндігі шектеулі балаларға болашақ мамандығын таңдауда көмектеседі. Директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Г.К.Исина ұйымдастырушылар мектепке кәсіби бағдарлау бойынша сыйлаған әдістемелік әзірлемелер сынып жетекшілерге, психологтарға және әлеуметтік қызметкерлерге үлкен көмегін тигізетінін айтты. Осы жобаның арқасында 2010 жылы мектептің 9 түлегінің 7-еуі қажетті құрылысшы, дәнекерлеуші, аспаз және т.б. мамандықтар бойынша колледждерге түсті.
Келесі күні Өскемен қаласының Достық үйінде шығармашылық есеп беру концерті өткізіліп, балалардың қолымен жасалған заттар көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің басты ерекшелігі - жұртшылықтың назарын аудару және балалардың жұмыстарын сату болды. Түскен қаражат Семей қаласының тұрғыны диагнозы БЦП ауыратын, қол - аяғының сал болып қалуынан, арнаулы құрылғының көмегімен компьютерде басымен жазатын Бочкарев Никитаға қайырымдылық көмек ретінде беріледі.
Орталық балаларына Өскемен қаласы бойынша саяхат ұйымдастырылды. Облыста өткізіліп жатқан осындай іс-шаралардың тиімділігі мен қажеттілігі жүргізілген талдаудан анық байқалды.
«ШҚО балалары мен жастары үшін желілік мектебі» жобасы Алматы қаласындағы «Бота» қоғамдық қоры мен Шығыс қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен жүзеге асуда.
Бүкіләлемдік қан донорлары күні
14-маусым елімізде Бүкіләлемдік қан донорлары күні атап өтілді. Бүкіләлемдік қан донорлары күні - еркін түрде қан тапсырушы 3 органмен анықталып, бекітілген: Халықаралық Қызыл Крест қоғамы Федерациясымен,Халықаралық қан донорлары ұйымының Федерациясы мен Халықаралық қан құю бойынша қоғамымен. Бүкіләлемдік қан донорлары күнінің мақсаты-еркін және ақысыз адам өмірі үшін ең қажетті нәрсе, өз қандарын қажет еткен адамдарға берген азаматтарға алғыс білдіру. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және өңірлердегі Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері адамның адамгершілік-рухани дамуы факторлары жөнінде жұртшылықты кеңінен таныстыру және үгіт-насихат жүргізу мақсатында Бүкіләлемдік қан доноры күні мерекесі аясында «Адам өмірі үшін жақсылық» тақырыбында Қан донорлары күніне арналған көптеген іс-шаралардың бастамашысы болды.
Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы облыстарының және Астана қаласының мектеп жанындағы лагерлерінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің еріктілері тарапынан "Донор", "Донор болу", "Донор деген кім?"; атты ақпараттық пікір алмасулар ұйымдастырылды. Астана қаласында , Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облыстарында «Новая кровь для мира», «Сен менің досымсың және мен-сенің досыңмын» тақырыбында сурет конкурстары өткізілді. Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті учаскелік дәрігерлермен бірге "Қан адам ағзасының қорегі" тақырыбында көрме ұйымдастырды. Қостанай облысында облыстық балалар үйінің, түзету мектеп интернатының, облыстық жасөспірімдер үйі тәрбиеленушілерінің арасында «Мейірімділік ауруға қарсы» атты ұранмен ақпараттық кездесулер өткізілді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің еріктілері Бүкіләлемдік қан доноры күніне орай дайындалған ақпараттық мәліметі бар жарнама кітапшаларын үйлестіруді қамтамасыз етті.
Ақмола, Қостанай, Қызылорда, Қарағанды облыстарында «Стань донором и спаси жизнь», «Донор күні» атты тақырыпта шұғыл көмек қажет ететін балаларға ақысыз қан беру туралы қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
Қостанай облысында «Өмір сыйла» акциясы аясында адамдар өмірлерін құтқару үшін риясыз қан және плазмаларын тапсырған 30 азаматқа алғыс хаттар, «Құрметті қан тапсырушы» құрметті төске тағатын белгілері тапсырылды.
Павлодар облыстық «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында донор туралы бейне ролик дайындалып оны халыққа көрсету ұйымдастырылды. «Донор бол!» акциясы жарйяланды. Өткізілген іс-шаралар барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
«Қолғанат» атты еріктілер қозғалысының салтанатты тұсаукесері туралы
2010 жылдың 11 мамыр күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасын іске асыру мақсатында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студент жастары арасынан құрылған «Қолғанат» атты еріктілер қозғалысының салтанатты тұсаукесері өтті.
Еріктілер қозғалысын құру жастар арасында жан-жақты ізгілікті тәрбие мен адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыруда,олардың әлеуметтік мәселелерді шешуде тәжірбие алмасуда тиімді жолдарының бірі болып табылады.
Аталған іс-шараның мақсаты – оқушы жастар мен қоғам күшін жастар ортасына ізгілендіру және мұқтаж азаматтар санатына жан-жақты әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, қолдау жасауға жұмылдыру.
Мерекеге жергілікті басқармалардың өкілдері мен Астана қаласының Қарттар үйінің Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлері, Кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдерге арналған пана, «Астана SOS балалар ауылы», Астана қаласының колледждерінің оқушылары арнайы шақырылды.
Тұсаукесердің салтанатты ашылу сағатын Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х. Қошқарова өзінің жастарға деген жылы тілегімен ашты. Гүлнәш Хамитқызы өз сөзінде еріктілер қозғалысын құру қоғамдағы өскелең ұрпақтың бойына адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыруда, жастардың әлеуметтік әлеуетін көтеруде маңызы зор екеніне тоқталып өтті.
Мерекеге арнайы шақырылған қонақ «KZ» қоғамдық қорының төрайымы И.И. Гилерт ардагерлерді құттықтап, ардагерлерге гүл шоқтар мен сыйлықтар табыс етті.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмыс бөлімінің тарапынан аға тәрбиешісі Дәурен Сәкенұлы Пірімбетов еріктілер қанатының болашақтағы жұмыстарының әрі қарай өркендеуіне сәттілік тілеп, құттықтау сөз айтты.
Аталған іс-шарада «Қолғанат» еріктілер қозғалысының шығармашылық тобы, «Аңсар» мен «АТК» топтары өнерлерін көрсетіп, салтанатты кешке керемет әндер мен би сыйлады.
«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясын өткізу туралы
2010 жылғы сәуірдің 19 бастап 26 дейін Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ынтасымен «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясы өткізілді. Оған Петропавл қаласы №21, №32 орта мектептері, М.Жұмабаев ауданы Полудин орта мектебі, Есіл ауданы Николаев орта мектебі, Аққайың ауданы Ленин орта мектебі, «Жас Дарын» өнер мектебі, экономика және юриспруденция, темір жолдар және медицина колледждері, «Солтүстік Қазақстан облысы волонтерлер клубы» қоғамдық бірлестігі, «Новые надежды» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері-оқушылары қатысты.
Мүмкіндігі шектеулі, ата-анасының қамқорынсыз қалған, облыстық балалар ауруханасында емделіп жатқан, «Солнечный» емдеу-сауықтыру орнындағы, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығының, ЕС 164/6 мекемесінің балалары, Балалар үйінің бөбектері, соғыс және еңбек ардагерлері – бұлардың барлығы волонтерлердің назарын тыс қалған жоқ. Акцияны өткізу волонтерлер оқып жатқан білім беру мекемелерінде ақпараттық-ұйымдастыру жұмысынан басталды: митингілер, пресс-конференциялар, жалпы мектептік линейкалар, плакатқа сурет салу сайыстары өткізілді. Волонтерлермен ұйымдастырылған ерікті істердің үлгілері көп қырлы және әр алуан: кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне, Балалар үйінің бөбектеріне, жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеген отбасылардың оқушыларына арналған қайырымдылық акциялары, спорттық жарыстар, соғыс және еңбек ардагерлеріне көмек көрсету, ескерткіштерді жайластырушылық, «Тірі жанды құтқаруға қызмет ету бақыты» экологиялық акциялары, концерттік бағдарламалар, ойындар, жарыстар.
«Көктемгі ізгілік аптасы» акциясының қорытындысы сәуірдің 26 «дөңгелек үстел» отырысында шығарылды. Онда әр волонтерлік топ акцияны өткізу мен қорытындылау туралы өз тұсаукесерін ұсынды. Волонтерлер жаңа білім, рухани қанағат алғанын, ең бастысы өзінің қажеттігін, пайда келтіре алатынын сезінгенін айтты. «Дөңгелек үстел» қатысушылары волонтерлік топтар жүйесінің дамуы мен қолдауы және олардың одан арғы жұмысының қарқынын арттыру қажет деп есептейді. Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өткізген «Көктемгі ізгілік аптасы» - бірегей серіктестік жоба болды. Онда әлеуметтік проблемаларды шешу мақсатында, еріктілер қатары, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар күштерін біріктірді.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу бойынша атқарылған жұмыстары туралы
Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарымен облыстық білім беру мекемелерінің арасында Ұлы Отан соғысы, еңбек ардагерлері, басқа да жалғыз басты қарттарға адрестік көмек көрсету бойынша «тимуршылар отряды» жұмыстарын қарқындату ұйымдастырылды. «Ізгілік аптасы» акциясы аясында, білім беру мекемелерінде Ұлы Отан соғысы ардагерлері, тыл еңбеккерлері, педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесулер, «Менің ардагерге сыйлығым» соғыс және еңбек ардагерлерінің үйіне бару шаралары өткізілді.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен жыл сайын «Көктемгі ізгілік аптасы» акциясы өткізіледі. Акция аясында департамент волонтёрлері М.Жұмабаев ауданы Полудин орта мектебінде «Бұрын қалай ізгілік жасаған» тақырыбымен шығармалар байқауын және оқушылармен мектептің тарихи-өлкетану мұражайына экскурсиялар өткізді. Онда ауылдастары – Ұлы Отан соғысының Батыры Наташа Ковшованың өмірімен таныс болды.
Есіл ауданы Николаев орта мектебінің волонтёрлері «Алақандарды жылытып, әжімдерді ұмытайық», «Қамқорлық», «Мектепке апаратын ізгі жол» акцияларын, 7-10 сынып оқушылары арасында эмблемалар конкурсын өткізді. Волонтёрлер мен оқушылар әрекеті комитетінің мүшелері «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды...» атты «дөңгелек үстел» өткізді. Оқушылар әрекеті комитетінің қатысушыларымен Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтау үшін интернетте пошта жәшігі ашылды.
Петропавл қаласы № 21 орта мектебінің волонтёрлері Ұлы Отан соғысы ардагерлері, қарттар, педагогикалық еңбек ардагерлеріне көмек көрсетуді ұйымдастырды. Балалар ашық хаттар дайындап, қарттарға тапсырды.
Аққайың ауданы Ленин орта мектебінің волонтёрлерімен «Ізгілік жасауға асығыңыз» ұранымен «Ардагерге көмек», «Ардагердің үйіне бару», «Көктемдегі қамқорлық» акциялары ұйымдастырылды.
№ 32 орта мектеп және медицина колледжінің волонтёрлері облыс орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің үйіне барды.
«СҚО волонтёрлер клубы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері сәуірдің 19 Петропавл қаласында өткен «Батырларыңды біл!» акциясына қатысты.
Облыс оқушыларымен соғысқа қатысқандар, майдангерлердің жесірлері, тыл еңбеккерлерінің жеке мұрағатынан материалдар жинау жұмыстары жалғасып жатыр. Жиналған құжаттар мерекеге дайындық кезінде ақпараттық жұмыста пайдаланылып, кейін мектеп мұражайларына беріледі. Білім беру мекемелерінде «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» ерлік сабақтары, «Құтқарылған әлемнің есінде» үш ұрпақтың кездесулері өткізіледі, оқушылар үшін облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Саланг» әскери-патриоттық клубына «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Петропавл» атты экскурсиялар жалғасуда. Қаза болған Отан қорғаушыларын мәңгі есте сақтау үшін жасалған, ескерткіштер мен нысандарға жақын территорияны ретке келтіру «Батырға бас ию» акция-сенбілігі өтіп жатыр. Отан қорғаушыларының жауынгерлік ерлігіне арналған балалардың суреттері, плакаттары, фотожұмыстарының көрмесі өткізілді. Петропавл қаласында «Менің даусым - Отанға» атты сахналанған әскери әндер байқауы, педагогтар мен оқушылар арасында «Ардагерлердің жаны қартаймайды» фотоконкурсы өтті. Оқушылардың Қарулы күштер офицерлері және солдаттарымен «Кәсібім - Отанға қызмет ету» атты кездесулерін ұйымдастыру жалғастырылып жатыр. Соғыс және еңбек ардагерлерін, ықшам аудан тұрғандарын шақырумен, Ұлы Отан соғысы туралы көркем фильмдердің ретроспективалық көрсетілімі ұйымдастырылды. «Партиот» республикалық акциясына қатысу ұйымдастырылды.
Департаменттің веб-сайтында Ұлы Жеңіске 65 жыл атты бет ашылды.
Департаментпен «Жеңіс, естеліктер, отаншылдық» тақырыбы бойынша материалдар, фотосуреттер мен үздік шығарма жазған жоғары сынып оқушылары арасында өтетін республикалық бәйгеге қатысу бойынша ақпараттық жұмыстар өткізілді. Оған Солтүстік Қазақстан облысының мектептерінен 50 оқушы қатысты. Қатысушыларға сертификаттар Ұлы Жеңіс мейрамы қарсаңында беріледі.
«Тимуршылар сөзбен емес, ісімен көрінеді»
Осындай ұранмен «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы аясында, 1941-1945 жылдарғы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65-жылдығы қарсаңында тимуршылар топтарының «Қамқор» акциясы Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен Өскемен қаласының № 4 орта мектебінде өтуде.
Акцияның басты мақсаты: әскери- отансүйгіштікке тәрбиелеу және өскелен ұрпақты рухани-адамгершілік құндылықтарына тарту. Мектеп әкімшілігі әрбір іс-шараны тиянақты дайындап өткізіп, балаларға «Ешнәрсе ұмытылмайды – ешкімді ұмытпаймыз» деген ой келтіреді. Мұны әрбір сыныпта, мектептегі стендтерден, тимуршылардың жиналған материалдарынан, қайтыс болған солдатқа естелік ретінде кадет корпусының әскери кезекшілігінен және өздеріне бекітілген 18 соғысқа қатысқан және 132 тыл ардагерлеріне деген мейірімді, ақжарқын қатынастарынан байқауға болады. Сонымен қатар, балалар бейне фильмдер мен слайдтар жасап, конкурстар ұйымдастырып және тимуршылар топтарының слетінде атқарған жұмыстары бойынша есеп берді. Өткен 6 сынып оқушыларының слеті балалар мен ардагерлер арасындағы қарым-қатынастың қаншалықты тығыз екендігін көрсетті. Балалардың жұмысы ардагерлер үйлеріне барып көмек көрсетіп, мектепте кездесулер ұйымдастырумен ғана шектелмейді. Олар ардагерлердің барлық өтініштерін орындап, олармен қарым-қатынастарын мектепті аяқтағанша үзбейді.
Сынып жетекшілері, тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары С.В. Усольцева, әлеуметтік сұрақтар жөніндегі педагогтар Е.В. Пименова мен Н.В. Нетесова, № 4 мектеп директоры О.П. Зюзьдің басшылығымен үлкен ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуде.
«Қамқор» акциясы жалғасуда. Балалардың жүректерінде ұлы жылдар, бақытты өмірлері кімнің арқасында екені мәңгі естерінде қалады.
Шығыс Қазақстан облысындағы тимуршылар қозғалысы
Шығыс Қазақстан облысында еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Қоғамға қызмет ету» жобасы жүзеге асырылуда.
Жоба ұзақ мерзімді және көп жылдарға есептелген. «Тимуршылар қозғалысы» осы жобаның басым бағыттарының бірі болып табылады.
Ұлы Отан Соғысындағы Ұлы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеу қарсаңында Глубокое ауданының № 28 мектебі ҰОС 132 ардагері және 676 тыл еңбеккерлерін қамқоршылыққа алды. Глубокое кентінің Крупская атындағы орта мектеп оқушылары қатарындағы тимуршылар топтарына 22 ардагер мен тыл еңбеккерлері бекітілген. Балалар жеке тұрғын үйлерде тұратын ардагерлердің аулаларын қардан тазартты, отын жарды, су тасыды, үй ішін жинастырды, азық-түліктер мен дәрі-дәрмектерін әкеліп берді. Жеңістің мерейтойын мерекелеу шеңберінде мектепте ардагерлермен кездесулер өткізу және олардың үйлеріне бару сияқты іс-шаралар әзірленген. Ардагерлердің көпшілігімен тұрақты түрде кездесулер өткізіліп тұрады: Курск шайқасына қатысқан – И.Н.Коровицынмен, Сталинград шайқасына қатысқан – Н.Ф.Казаченкомен, Берлин шайқасына қатысқан – В.С.Лаптевпен. Олар мектеп қонақтары ғана емес, сонымен бірге мектепте өткізілетін іс-шараларға қатысушылар. Соғыс ардагері, отставкадағы полковник, мектептің «Құрметті кадеті» болып табылатын Г.Н.Куринмен достық ұзақ жылдарға жалғасқан. «Мұрагер» - жоғары сынып оқушыларының отаншылдар бірлестігінің мүшелері оған «Глубокое кентінің құрметті азаматы» атағын беру бастамасын көтерді. Жыл бойы балалар ардагерлердің денсаулықтарын біліп, мерекелермен құттықтап, гүл шоқтары мен мерекелік азық-түлік жиынтықтарын сыйлайды. Бұдан басқа мектепте сынып сағаттары, М.Шолоховтың «Они сражались за Родину» романы бойынша спектакль қойылымы, әскери-спорттық конкурстар мен викториналардың циклы, «От шашу, Жеңіс» тақырыбында ең үздік шығарма конкурсы, «Наследники» әскери ән хорының шығармашылық есеп беруі, «Жеңістің 65 жылдығына – 65 км – 65 оқушы» жеңілатлетикалық жүгірулер өткізіледі. АӘД пәнінің мұғалімі В.В.Фоминыхтың басшылығымен, тимуршылар Е.Шульга, Е.Томилова, А.Коровацкаяның тынымсыз еңбектерінің арқасында «Из одного металла льют – медаль за бой, медаль за труд» атты соғыстан кейінгі уақытта кенттің дамуы мен қалыптасуына қомақты үлес қосқан Ұлы Отан Соғысының ардагерлері туралы саны 100 дана болатын очерктер кітабы жарыққа шықты.
Акция уақытында балалар мен үлкендер достасып кетті және өзара қарым-қатынастан шынайы қанағат алады. Аға буын балаларға жылы сөздері, пайдалы кеңестерімен тілек білдіреді, өз кезегінде жастар мейірімді болуға, жақындарына қамқорлық пен махаббаттарын білдіруге үйренеді.
Глубокое кентінің Крупская атындағы мектебінің 7 «а» және «в» сыныптарының оқушыларына ардагерлер үлкен алғыстарын білдірді.
Мектептердің аға вожатыйлар мен облыс қосымша білім беру педагогтары үшін өткізілген облыстық семинар-практикум туралы
Ағымдағы жылғы 11 ақпанда Павлодар қаласының № 26 ЖОМ-де Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау депаратментімен облыстық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлерімен бірлесіп «Волонтерлар қозғалыс балалар ұйымдарының жұмыстарының бір бағыты ретінде» тақырыбына кезекті семинар-парктикум өткізілді.
Семинар-практикум волонтерлар қозғалысы бойынша балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жұмысына әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүргізілді.
Семинар-практикум бағдарламасы 2 бөлімнен тұрды:
1-ші бөлімінде - № 26 ЖОМ директоры Н.П. Паршукова қатысушыларға мектепті қысқаша таныстырып өтті, № 26 ЖОМ «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының аға вожатыйы Е.В. Богулян интерактивті түрде ұйым жұмысының жүйесімен таныстырды. Е.В. Богулян жетекшілік ететін балалар ұйымдары кеңесінің көшбасшыларымен «Мен және менің ұйымым» үгітбригадасының бағдарламасы көрсетілді.
Семинар кезінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы – С.Б. Әбілдинова семинар қатысушыларын облыстағы волонтер отрядтарының негізгі қызметтерімен, балалардың жас ерекшеліктерін ескерілетін волонтерлар қозғалысының жүйесімен таныстырды, сөз сөйлеу слайд бағдарламалармен ілесті. Сондай-ақ семинар-практикумның барлық қатысушыларына әдістемелік көмек ретінде еріктілермен жұмыс жасау бойынша ұсынымдары бар дискілер, сауалнамалар, білім беру мекемелерінде «Қоғамға қызмет ету – Служение обществу» волонтерлар қызметін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік құралдар таратылды.
Екінші бөлімде – түрлі бағыттар бойынша мастер-класстар өткізілді:
- «Естелік» - «Есте сақтағандай...» Штаб отырысы;
- «Басқаларға жақсылық жаса!» шығармашылық зертхана;
- «Жақсы істер түрлері» презентация;
- «Жалғызсырамаған үй» жобасымен жұмыс жасау.
Нәтижесі бойынша семинар-практикумге қатысушылармен сауалнама жүргізілді:
- 100 % - семинардың өткізген жұмысы туралы пікірлері оң деп санады;
- 100 % - тақырыптар бойынша қолданылатын жұмыстар түрлерінің мазмұндылығын атады;
- 70 % - одан әрі ынтымақтасып, жұмыс тәжірибесімен алмасуға ниеттерін білдірді;
- 100% қатысушылар семинардың ұйымдастырушыларына келешекте шығармашылық табыс және жеміс тіледі.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жас еріктілер тобымен кездесу
Қазіргі кезде жастардың арасында немқұрайшылық жоқ екені бізді қуантады. Оларға Өскемен қаласындағы «Восток» ДОҒЗО жанындағы Әл-Фараби атындағы мектептің 4 сынып оқушылары қосылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың өмірімен жақынырақ танысуға талпыну және ұшқырлы ақыл-ой осы сынып оқушыларынан құралған топты Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне алып келді.
Балалар Департаменке келгендерін М. Әуезовтің «Жетім» шығармасын оқып талқылағау кезіңде қазіргі уақыттағы жетім балалардың жағдайымен танысқылары келгенімен түсіндіреді. Көптеген туындаған сұрақтарға балалар жауап іздей бастады. Өткен жүз жылдықтағы жетімдердің жағдайын қазіргі замандағылармен салыстыра келе сыныптың екі оқушысы зерттеу жұмысымен айналыса бастайды. Бұл идеяны сыныптастары мақұлдап, кәзіргі күні ол мектептің еріктілер қозғалысына айналғанын айтты.
Департамент директорының орынбасары Альмира Тоқтағазықызы Тоқтарбекова оқушыларды департаменттің қызметімен таныстырып, қойған жан-жақты сұрақтарына жауап берді. Балалар адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің жұмысымен қысқаша танысып өтті.
Оқушылардың қойған сұрақтарынан, оларды жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тастанды және т.б. балалардың өмірі шынымен алаңдататынын аңғаруға болады.
Кездесу соңында оқушылар департамент директоры Аркадий Анатолиевич Исаевпен әңгімелесіп, өз ойларымен бөлісті.
Оқушы еріктілер – ұстаздар көмекшілері
№ 26 және 47 ОМ Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің базалық мектептері. Осы мектеп оқушылары арасынан – көмекші еріктілер іріктелді. №26 ОМ еріктілері «ұстасдар көмекшісі» бағдарламасын таңдады.
Олар 2 жылдан бері тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына көмектесуде, оқушылар арасында іс-шаралар, бірлескен кездесулер, мейрамдар өткізуде.
12 қаңтарда 8 сынып оқушылары «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында 4 сыныпта класс сағатын өткізуде. Департамент және жоғарғы сынып оқушыларының көмегімен 4 сынып оқушылар «Заңсыз әлемде» «тәртіп орнатады». Сынып «құқық» және «міндет» тобына бөлінуде. Суреттер мен «Бөбек» қорының мультфильмдері бойынша топ өз түсінігін береді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімі құқығын тереңдетіп, құқықтық пәндерге деген қызуғушылықтарын, адамзаттық ұстанымының дамуына үлес қоспақ.
Қызылорда облысында «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы бойынша еріктілер қозғалысының жұмысы
Еріктілер – бұл азаматтардың еркін таңдауы және облыс пен қаланың қоғамдық өміріне өздігінен белсенді түрде қатысуы.
Қазіргі таңда облыста «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы», «Ұлағат ұландары», «Сыр орманы», «Арал және Чернобыль балалары» қоғамдық бірлестіктерінің еріктілер қозғалысы, «Болашақ», «Балдәурен», «Көшбасшы», «Достар» және басқа да аула клубтарының ерікті топтары белсенді жұмыс жасап келеді.
Еріктілер қозғалысының бағыттары: балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету.
Белсенді бірлестіктердің ішінде «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі, «Арал және Чернобыль балалары», «Ақбота» Лигасы», «Көкжиек», «Шапағат», «Қазақстанның студенттер альянсы», сондай-ақ, 31 ерікті топтар мен 60 еріктілер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз басты қарттарға көмек көрсетумен жұмыс жасайды.
Биылғы жылы «Балалар мен жанұяға құқықтық және психо-педагогикалық көмек көрсету орталығы» және «Балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды.
Құрылған қоғамдық бірлестіктердің арасында «Балалар мен жанұяға алғашқы медико-психо-педагогикалық көмек көрсету», «Патронаттық тәрбиешіге психо-педагогикалық көмек көрсету», «Біз таза ауа үшін», «Менің қалам», «Ауған батыры» және басқа да жобалар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Гуманитарлық және медициналық колледж студенттерінен жасақталған еріктілер қозғалысы үйден оқитын балаларға алғашқы көмек көрсетеді, ал жалпы орта мектептегі қоғамдық инспектор халықпен жұмыс жасап, тренингтер, патронаттық тәрбиешілерге семинарлар, құқықтық және психолоиялық кеңестер береді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары елжандылық, Отан алдындағы парыз бен махаббат сезімдерінің құндылығын бағалай отырып, соғыс ардагерлері туралы фильмдер бойынша жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, балалар қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, «Біз таза ауа үшін» жобасын жүзеге асыруда. Қалыны көгалдандыруға белсенді түрде қатысып, «Жалынды жастар-тазалыққа бастар», «Денсаулық - басты байлық», «Біз тазалықты сақтаймыз», «Тазалық - баршамызға ортақ», «Таза үй, таза аула, таза қала. Игілікті іске үлес қосайық» акцияларын өткізді.
Осындай акцияларға қатыса отырып, еріктілер мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы аялауды үйренеді.
Жас еріктілер
2010 жылдың 15 қаңтарында «Қоғамға қызмет» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Өскемен қаласының білім бөлімі «Өз еркімен еңбек ету еріктілердің негізгі қағидалары» тақырыпта семинар өткізді. Семинарға қаламыздың 45 жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп және мектептен тыс ұйымдарға оң пікірдегі жұмыс тәжірибесін беру, еріктілер қозғалысы саласы әрекетіне инновациялық қолдау және қоғамға тиімді әрекеттерді дамыту, сонымен қатар, жекелей өзін-өзі билеу мен өзін-өзі дамытуға негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Семинарда №38 мектеп – интернатының директоры Кичигина З.Н., өндірістік еңбек мұғалімдері «Оқу үрдісін жастардың, қоғамға пайдалы қызметке қатысуымен байланыстыратын азаматтық білімнің әсерлі әдістемелерін қолданудағы еріктілер жумысының тәжірибесі» сұрақтары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мамандарын таныстыруда Өскемен қаласының «Балалар үйі» мемлекеттік мекемесі өз еркімен әрекет етуде оқушылармен жұмыс жасаудағы әдістер мен тәсілдер табу жолдарын көрсетті.
Кішкентай баланың бөркі мен шәрпін тоқыған 5-сынып оқушысы Амренова Диляра, өзінің жұмысын таныстырып өтті. Ол тек мейрімді іспен ғана айналысып қоймай, өте жақсы үлгеріммен оқиды, мектептің қоғамдық өміріне де қатысады. Диляра республикалық «Зерде -2010» ғылыми жоба сайысында 3 орынды иеленді.
Семинарға қатысушылар еріктілер еңбегінің қоғамға үлкен пайда әкелетінін және ұжымдық жауапкершілік рухын қалыптастыратынын анықтап көрді. «Жігер», «Спутник-6» балалар мен жасөспірімдер клубы бірлестігінің ұстаздар ұжымы «Әлем Корпусының Қазақстандағы жобасын жүзеге асыру» қортындысы бойынша әңгімелеп берді.
Еріктілер Әлемі корпусы 30 оқушыға ағылшын тілін мектеп бағдарламасынан тыс оқып үйренуге көмектесті. Жасөспірімдер клубынан 50 оқушы ағылшын тілін курсынан өткені туралы сертификат, фотосуреттер және бағдарламалар жазбасы бар дискілер алды.
Семинардың соңында қатысушылар семинардың қалай өткені туралы өз ойларымен бөлісті. Өткізілген семинардың, жұмысқа пайдасы бар ма? деген сұраққа, 45 қатысушылардың бәрі де, жұмыс тәжрибесі оң нәтиже әкелетінін айтты.
Сол себепті, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті тек креативті ойлап қана қоймай, Отанды сүйетін, қоғамның игілігі үшін қызмет ететін жаңа ұрпақты қалыптастыру мәселелері шешімдеріне балама тапты. Еріктілер қозғалысынан артық балама жоқ деген сайын ол облысымыздың дамуына маңызды үлес қосатын сарқылмас қор болмақ.
Қоғамға қызмет
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті білім беру, қосымша білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер мекемелерінде қызмет атқарып жүрген еріктілер топтарымен белсенді жұмыс атқаруда.
Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясы еріктілер топтарының қатысуымен «Қоғамға қызмет» бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар қоғамдық мәселелерді шеше білетін, өзін және қоршаған әлемді жомарттылыққа үйрететін, болашақ белсенді, жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеуге әсер етеді.
Міне 2009 жыл да аяқталып, 2010 жылды қарсы аламыз. Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназиясының тобы жылдың ауысуына қарамастан облыстық балалар үйіндегі кішкентай достарын бұрынғыдай үлкен ниетпен қарсы алады. Жаңа жыл қарсаңында ақшақар-ұстаз бен оқушылар мерекелік концертпен балаларға сыйлықтар, альбомдар, қарындаштар, шыршаны әсерлеу үшін моншақтан жасалған ойыншықтар алып барды. «Бөбектер үйі» мен гимназияны сегіз жыл көлемінде достық қарым-қатынастар байланыстырып келеді. Осы жылдар бойы он шақты еріктілер тобы Жаңа Жыл, Наурыз, Балаларды қорғау күні мерекесінде өткен «Қайырымдылық» акциясына қатысып келеді. Мектеп-гимназиясының жоғары сыныпта оқитын әр оқушысы сыйлықтар дайындап қойыпты. Бас киім, орама, кеудешелер, тоқыма шұлықтар, нәрестеге арналған киімдер тағы да басқа сыйлықтар ең кішкентай сәбилерге таратылды.
Сонымен қатар, тоғызыншы сынып оқушылары балаларға арналған жаңа жылдық киімдер тікті. Сол кеште қыздардың көздерінен қуаныш сезімін көруге болды, олар балалармен құшақтасып, сөйлесіп, би биледі және естелікке суретке де түсіп алды. Бұл ұмытылмайды! Мұндай қыз-болашақ ана өз баласын ешқашан тастамайды. Тастанды баланы көріп көңілінде балаға деген мейірім, аяныш, қайырымдылық, ең бастысы - қыз баламен өмір бойы бірге болатын сенімді мораль.
Мұндай қайырымды іске төменгі сынып оқушылары да қатысты. Олар мерекелік концерт ұйымдастырып, барлық гимназия оқушылары қамқорсыз қалған кішкентай балаларға көмектесу үшін белсенді жұмыс атқаруда. Бұл гимназистер үшін қарапайым іс жөнінде қабылданады. Оқушылар балалармен туыс болып кеткен тәрізді.
Ұстаздар ұжымы мейірімділік, қарапайымдылық, жақсылық сияқты жалпы адамгершілік қасиеттер арқылы, әлсізге көмек көрсету арқылы адамның моральдық құндылықтарын сақтап қалады.
Джулия Карнидің «Кішкентай мейірімді жұмыс, махаббат туралы кішкентай сөз жерді және көк аспанды бақытты етуге көмектеседі» деген сөзі мектеп-гимназиясы еріктілер тобының ұранына айналған.
Бұл бір минуттық қадам емес. Гимназияда еріктілер қозғалысы төңірегінде жалпы жүйе қалыптасқан. Барлық балалар өздерінің істеген істерінен ерекше әсер алып, қанағаттанарлық сезімге ие болды.
Білім беру ұйымдарында «Қоғамға қызмет ету» тақырыбында еріктілер қызметін ұйымдастыру жөніндегі Республикалық семинар тренингінің пресс-релизі
2009 жылғы 7-8 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласындағы Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығымен бірлесіп, білім беру ұйымдарында «Қоғамға қызмет ету» тақырыбында еріктілер қызметін ұйымдастыру жөніндегі Республикалық семинар-тренингін өткізді.
Семинар-тренингтің жұмысына Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Р.П. Шер, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері директорларының орынбасарлары, Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығының басшылары, оқушылардың жоспарлық қызметімен айналысатын білім беру ұйымдары мен органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері, білім беру ұйымдары мен органдары, қоғамдық бірлестіктерінің аспектілерінің ара қатынасын анықтау, еріктілер тобының көмегімен әлеуметтік жағдайының шешілу жолдарын іздеу, балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі негізгі бір бағыты ретінде еріктілер қызметінің келешектегі дамуын көпшілікке тарату мәселелері қаралды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы еріктілер қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдары және “Бала құқығы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының баптары негізінде бала құқықтары жөніндегі “Балалық шақ – бұл мен және сен” республикалық суреттер конкурсы жобалары талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қатысушыларына Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №2 орта мектебінің қарт кісілерді және мүгедектерді қолдау жөніндегі, Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №130 мектеп-гимназиясының балалар үйінде тұратын жетім балаларға қамқоршылық көмек көрсету жөніндегі еріктілер жобасының тұсаукесерлері ұсынылды.
Облыста еріктілер қозғалысын дамыту
2009 жылдың 15 мамырында Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Талдықорған қаласында «Облыста еріктілер қозғалысының дамыту» атты «дөңгелек үстел» өткізді. Аталғаншара еріктілер қоғамын дамытудың алдыңғы қатарлы үлгілерін ұсыну және тиімділігін анықтау мақсатымен ұйымдастырылды. «Дөңгелек үстелге» Алматы облысындағы жастар саясатымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, облыстық білім басқармасы, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, еріктілер, жастар көшбасшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, атап айтсақ еріктілер бюллетенін шығару, сайт ашу, түнгі қалада жастармен жұмыс жүргізу, еріктілердің еңбегі ақылы болса және еңбек өтіліне қосылса және т.б. ойларымен бөлісті. Сондай-ақ облыс көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарды баспасөз арқылы насихаттауды күшейту қажеттілігіне ерекше тоқталды. Еріктілер санын көбейту мақсатымен жастардың іскерлігін жүзеге асыру үшінжағдай туғызып, сенімділік, қолдау көрсету мәселелері қарастырылды. «Дөңгелек үстел» отырысы соңында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігі бірлескен жұмыс жасау туралы келісім шартқа қол қойды.
Көктемдегі жақсы іс апталығы
Солтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының қолдауымен, «СҚО еріктілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің және «Жас Отан» жастар тобының катысуымен «Көктемдегі жақсы іс апталығы» акциясы ұйымдастырылды. Қалалық № 21 орта мектебінің, М. Жұмабаев атындағы ауданының Полудин орта мектебінің, Шал ақын ауданының Ступинка орта мектебінің, М. Жұмабаев атындағы колледждің және СҚМУ еріктілері қатысты.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, облыстық балалар ауруханысында, «Солнечный» профилакторийінде жатқан балалар, № 2 коррекциялык мектеп-интернатының оқушылары, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығындағы тәрбиеленушілері, Балалар үйінің кішкентай бөбектері, ЕС-164/6 мекемесінің тәрбиеленушілері, соғыс және еңбек ардагерлері –осылардың бәріне еріктілер қамқорлық жасап, ерекше көңіл бөлінді.
Еріктілерді оқытатын оқу орындарында акция өткізу ұйымдастыру-ақпараттық жұмыстардан басталды: митингтер, пресс-конференциялар, жалпымектептік линейкалар.
Еріктілердің жұмыс үлгістері көп және әр түрлі: кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында тәрбиеленушілерге, Балалар үйінің кішкентай бөбектеріне жәрдем беруге арналған акциялар;аз қамтылған отбасылардың оқушыларына:
-спорттық жарыстар;
-соғыс және еңбек ардагерлеріне көмек;
- обсерваторияға экскурсия;
- ескерткіштерді көркейту;
-«Тірі жанды құтқаруда қызмет ету - бақыт» экологиялық акция;
- концерттік бағдарламалар, ойындар, жарыстар.
27 сәуірде «Көктемдегі жақсы іс апталығы» акциясының қорытындысы шығарылды, әр еріктілік тобы акция тұсаукесері және қорытындысын шығару бойынша өз пікірлерін айтты. Еріктілер жаңа білім, рухани қанағат алғандары туралы айтып, ең бастысы өздерінің пайдалылығы мен қажеттілігінің маңызы зор екенін мойындады.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары еріктілік топтар жүйесін қолдау, дамыту және олардың алдағы жұмысын белсендіру қажет деп санайды. Еріктілер қозғалысын дамыту мемлекеттің белсенді азаматтарын, болашақ жетекшілеріне тәрбие береді.
Солтүстік Қазақстан облысында «Көктемдегі жақсы іс апталығы» акция бірегей, әріптестік жоба болды. Еріктілердің, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен күш біріктірді.
«Қоғамға қызмет ету» тақырыбындағы акцияны өткізуі туралы
Осы шақта ғаламдану мен дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында белсенді және жауапты тұлғаларды тәрбиелеу негізгі рөлді алады. Қазіргі қазақстандық қоғам ұлттық егемендік, өзінің халқының ерекше және бірегей мәдениетін сақтауға көмектесетін жас адамдардың адамгершілік және рухани әлеуетін қажет етеді.
2009 жылы сәуір айының 3 жұлдызында Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қоғамға қызмет ету» тақырыбындағы акцияны өткізеді.
Акцияның мақсаты: жасөспірімдер ортасындағы қылмыстыққа итермелейтін келеңсіз үрдістерді азайту, жас ұрпақта жалпы адамгершілік құндылықтар мен міңездік бағыттарды қалыптастыру.
Акцияға аз қамтылған отбасы балаларына тегін шаш алуға ықылас білдірген №1 кәсіптік лицейдің оқушылары қосылды.
Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен мектеп әкімшілігімен «Адамның құқықтары баланың құқығынан басталады» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары өткізілді. 8-11 сынып оқушылары «Құқықтық дербестік және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» рольдік ойынын өткізіп, онда өздерінің құқықтық тәрбие білімін көрсетті.
«Жасөспірімдік құқықбұзушылық мәселесін шешу жолдары» атты диалогтық алаңы ерекше қызықты өтті.
Мектеп әкімшілігі келесі секциялар бойынша жұмысты ұйымдастырды:
1.Қосымша білім секциясы (Спортық секциялар);
2.«Балалар қозғалысы» - «21 ғасырдың көшбасшылары» БҚБ, ОҒБ (оқушылардың ғылыми бірлестігі)
Акция соңында ата-аналар мен педагогикалық қоғамның кездесуі ұйымдастырылды, онда жасөспірімдік ортада қылмыстықтың шешу жолдары, белсенді және жауапты тұлғалардың мәселелері талқыланды.
2009 жылдың 31 наурызында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Балалар еңбегінің мониторингі: жағдайы, проблемалары және шешу жолдары» атты семинар-тренингі өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты Алматы облысында балалар еңбегінің мониторингін тәжірибелік жүйесіне енгізу.
Оған құзырлы облыстық басқарма (департаменттің) басшылары, аудан, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, кәмелетке жасы толмағандар ісі жөнінде аймақтық полиция инспекторлары, Алматы облысының филиалы «Атамекен»Одағы» ұлттық-экономикалық палатасы, Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар-тренингті Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. Ермекбаева ашты. Семинарға қатысушыларға балалар еңбегінің өзекті проблемалары туралы көркем фильм көрсетілді.
Семинар- тренинг жұмысына:
- ХЕҰ ұлттық үйлестірушісі Д. Жандаева Қазақстандағы балалар еңбегінің мониторинг проблемаларына ХЕҰ – ның принциптері мен жолдары туралы таныстырып өтті.
- Облыстық прокурорының бас көмекшісі М. Абдрахмановтың баяндамасы «Бала еңбегін қолдануда заңдылық жақтарын прокурорлық қадағалау» атты тақырыбына арналды.
- «Забота» дағдарыс орталығының директоры У.Лұқпанова отырғандарды Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бала еңбегінің ең нашар түрлері бойынша мониторингтің қорытындыларымен таныстырып өтті.
- Талдықорған қаласындағы №1 кәсіптік лицейінің директоры С. Қарамұлдинова 14 - 18 жас аралығындағы жастарға жаңа оқыту бағдарламасын енгізу арқылы бала еңбегін жою проблемаларын шешуі бойынша өзінің көзқарасын білдірді.
- «Қарлығаш» әйелдер білім беру консультациялық орталығы» ҚБ президенті А. Денисова балалар еңбегінің ең нашар нысандарының алдын-алу бойынша балаларға арналып құрылған әлеуметтік орталықтың қызметі туралы таныстырып өтті.
Ұйымдастырушылар тарапынан семинарға қатысушыларға әдістемелік нұсқаулар таратылды (әдістемелік кеңестер, кітапшалар).
Семинар барысында Үкіметтік емес ұйымдар «Забота» мен «Карлығаш» өкілдерімен бірлесіп, жұмыс атқару туралы меморандумға қол қойылды.
«Болашақ біздің қолымызда» бірлескен қорының ашылуы туралы
2008 жылғы 2 наурыздағы Мемлекетіміздің Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында «Ұлттың денсаулығы – ол жалпы ұлттық міндет» деп белгіледі.
Бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру насихатталып жатыр, сондықтан денсаулық – табиғаттың адамға деген баға жетпейтін сый-сыяпаты, сондықтан сұлулық, жан үйлесімділігі ұғымдары зиянды әдеттермен сыйыспайды. Бірақ та жас ұрпақ және тіпті 30 –дан жоғары жастағы адамдар өздерінің денсаулықтары туралы ойланбайды.
Бүгінгі күнде Ақмола облысында 1000 (мың) нан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген; олардың қызмет шеңберіне білім және ағарту жұмыстары кіреді, құқықтық мәдениетті арттыру үшін, компьютерлік сауаттылық, аз қамтылғандар мен тұрғындардың әлсіздеу топтарымен жұмыс, қайырымдылық қызмет бойынша орасан зор жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ та жастарды тәрбиелеу мен нашақорлықтың алдын алуға ҮЕҰ жалпы санының тек 5 пайызы ғана бағытталған.
Сондықтан «Болашақ біздің қолымызда» бірлескен қорының ашылуы - заңды әрі қажетті.
Осы жылдың наурыздың 19-да өткен қордың тұсаукесеріне мемлекеттік мекемелер, ҮЕҰ басшылары және БАҚ өкілдері шақырылды.
Тұсаукесер еркін және жылы жағдайда өтті. Қордың атқарушы директоры Жақұпов Жанат Қордың қызметінің мақсаттары мен міндеттері жайлы айтып, Қордың қандай бағытта жұмыс істейтінін жариялады, жоспардағы жақында болатын мемлекеттік құрылымдар, жергілікті және халықаралық ҮЕҰ, қорлар, қозғалыстар, коммерциялық құрылымдар, денсаулықты қорғау және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрақтары бойынша БАҚ-мен бірлескен және серіктестік қатынастар арқылы өткізілетін іс-шаралары туралы ақпарат берді.
Өкілдердің статистикалық мәліметтері: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы» ММ, «Ішкі саясат басқармасы» ММ, «Ақмола облысы бойынша білім департаменті» бөлім бастығы- Ж.С. Дондағұлова , ГУ «Облыстық наркологиялық оңалту орталығы» директор- С.Ж. Какенов. Осы ұйымдардың өкілдері қарым-қатынасты, бастауларда табыс, мекен-жайлық көмек, тұрғындармен нүктелік жұмыстарды тіледі.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры – Н.В. Замолоцких өзінің қызметі және балалар, жасөспірімдермен болатын жағдайлар жайында айтты. Нашақорлыққа тәуелді тұлғаларды оңалту бойынша жұмыстары жайлы «Сенім» республикалық оңалту орталығының директорының орынбасары, еріктілері айтты.
Тұсаукесер соңында «Балалардың құқытарын қорғау департаменті» ММ, «Ақмола облысының жастар Ассоциациясы» ЗТҰ, «Болашақ біздің қолымызда» БҚ арасында үш жақты қарым-қатынасты меморандумға қол қойылды.
Біздің күшіміз - бірлікте!
2009 жылдың наурыз айының 10-13 аралығында «Саялы» санаториінде облыстық Еріктілер Слеті ұйымдастырылды.
Слет ұйымдастырушылары педагогтар одағының «Сау ұрпақ» қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті болды. Слетке Қарағанды, Теміртау, Саран және Шахтинск қалаларынан 60 бала қатысты.
Слет барысында 2008 жылғы Еріктілер жұмысының қорытындысы жасалды, еріктілерді оқыту семинары өткізіліп, еріктілер қозғалысын дамыту жоспары жасалды. Еріктілерді халықпен жұмыс істеу технологиясына үйрету, жас көшбасшыларға адам құқығын, бала құқығын қорғаудағы құзырлығын арттыру мен жауапкершілігі жоғары мінез-құлық қалыптастыру үшін түрлі секциядағы 4 бағыт алынды: балалар құқықтары, заң және нашақорлық, «Yourth power» («Молодая сила»), ЖИТС-тің алдын алу. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Нашақорлыққа қарсы күрес комитеті, «Сау ұрпақ» ҚБ, «Кредо» ҚБ мамандары түрлі сабақтар өткізді.
Шығармашылық шағын топтарда балалар әрі қарай жергілікті атқарушы билік, азаматтық секторлар, педагогикалық қауымдастық қоғам пайдасы үшін жүзеге асыра алатын әлеуметтік жобалар әзірледі. Слет балалар жобасының тұсаукесерлерімен, ең үздік жұмыстарды марапаттаумен және сертификаттар ұсынумен аяқталды.
Слетке қатысушылар өздері алған әсерлерімен, өткізілген шараның ұнағандығы мен ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізіп жатты.
«Павлодар облысындағы волентерлік қозғалыстардың даму болашағы» атты тақырыпқа мемлекеттік емес волентерлік ұйымдармен өткен «дөңгелек үстел» туралы
ҚР «Волентерлік қозғалыстардың даму болашағы» атты тақырыптағы республикалық «дөңгелек үстел» отырысынан кейін, Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде аймақтағы мемлекеттік емес волентерлік ұйымдардың жетекшілерімен жиналыс өткізілді.
Қатысушылар «Қоғамға қызмет» атты республикалық жобамен танысып, өз жұмыстарының тәжірбиелерімен бөлісті. «Құқықтық шолғыншы» үгіт тобының көшбасшысы жас волентер Фарида Смайлова балалардың құқықтары туралы ақпараттаудың жолдары мен «Жас өспірім» мектеп үйірмелерінің үгіттеуші тобымен болған кездесу туралы айтты.
«Әлеуметтік-волентерлік орталығы» Павлодар жастар қоғамы ұйымы төрағасының міндетін атқарушы Светлана Гладышева Павлодар қаласының оқу мекемелеріндегі волентерлік жасақтарды құру туралы, құқықтық-психологиялық қызмет және 32-33-13 сенім телефоны туралы айтты.
Біздің департаменттің 300-117 шұғыл телефон желісі мен қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысушы, студенттер- волентерлер атынан Махаббат Баубекқызы бұл қызмет өзіндік бағалы жеке тұлғалық қасиетті дамытуға көмектесетіні туралы айтты.
«Қоғамға қызмет» атты республикалық жоба кездесудің қатысушыларының қолдауына ие болды. Олар бұл жобаға толықтырулар мен ұсыныстар кіргізуге қуана келісті. Қоршаған ортаны және өздерін өзгертуге, еліміздің болашақ тағдырына қатысты, ол үшін жауапты екенін білдіретін, осы бағытқа қызыметтерін арнаған жас адамдар қажет екенін бастан кеше отырып, волентерлер осындай бағдарламаның жаңа қоғам үшін аса қажет екеніне сенімді.
«Дөңгелек үстел» отырысының аяғында волентерлерден бірлесіп облыстың волонтерлер қозғалысының үйлестіру орталығын сайлайық деген ұсыныс түсті.
Көкшетау қаласында 2009 жылғы 20 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Қазақстан Республикасындағы еріктілер қозғалысын дамытудың болашағы» республикалық дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысының мақсаты әлеуметтік маңызды шаралардың іске асуына қатысатын еріктілер тобының іс-шараларына жұртшылықтың көңілін аудару, аймақтардағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің іс-әрекетінің стратегиясын анықтау болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Ж.Қ. Жүкенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары Д.З. Әділбеков, Қазақстандағы БҰҰ еріктілер Бағдарламасының координаторы Батсурэн Ээнжин, Қазақстан Республикасы «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының президенті Е.А.Дмитриенко, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімдерінің бастықтары, қоғамдық бірлестіктер мен педагогикалық жұртшылықтың басшылары қатысты.
Іс-шараның практикалық бөлігінде қоңақтарға «Юность» педагогикалық отрядының тұсаукесері мен Көкшетау қаласындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу бойынша ең жақсы эксперименттік алаңының тұсаукесері өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысының нәтижесі бойынша қатысушылар барлық ұсыныстарды қабылдады.