Жаңалықтар

Қызылордада балалар үйінің тәрбиеленушілері баспаналы болды
 
Қызылордада балалар үйіннің 17 тәрбиеленушісіне жаңа пәтердің кілті табыс етілді. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне облыс әкімінің баспасөз хатшысы Бекзат Жүсіп айтты. 
«Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында бой көтерген тұрғын үйден пәтер берілді. 17 түлектің барлығы жоғары және кәсіптік білім алған, отбасылы, бүгінде балаларын тәрбиелеп отыр. Пәтердің кілтін табыстау рәсімі облыстық әкімшілікте өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев баспаналы болған азаматтарды құттықтап, тоңазытқыш табыс етті», - деді Б.Жүсіп. 
 
Источник: www.bnews.kz
ҚЫЗЫЛОРДА. 7 ақпан 2014

Бүгін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың және күтіп-бағудың қолданыстағы жүйесін реформалау бойынша республикалық сараптау тобы отырысын өтті
 
2014 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласындағы «Балалар үйі» МҚК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұсынысы бойынша республикалық сараптау тобының бірінші отырысы өтті. 
Сараптау тобының басты міндеті - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырдың және күтіп-бағудың қолданыстағы жүйесін реформалау мәселесі. 
 
 
Отырыстың жұмысында білім және ғылым, денсаулық сақтау, экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктердің, Астана қаласының білім басқармасы, (ЮНИСЕФ)  БҰҰ Балалар қорының және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысты. 
Отырыс шеңберінде келесі сұрақтар қарастырылды: заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде, деинституционализациялау тетіктерін, отбасында тәрбиелеу және өмір сүрудегі балалар құқықтарын іске асыру мақсатында балаларды тәрбиелеуді интернаттық үлгіден отбасылық үлгідегі ұйымдарға ауыстыруда, отбасыға және балаға көмек көрсету бойынша балалар интернаттық мекеменің қызметтік профилін өзгерту, Отбасыны қолдау орталығын, қабылдаушы ата-аналар мектебін, кәсіби патронаттық отбасын құру бойынша пилоттық жобасын талқылау бойынша ұсыныстар әзірлеу. 
Отырыстың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. 

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырдың және күтіп-бағудың қолданыстағы жүйесін реформалау бойынша республикалық сараптау тобы отырысын өткізу туралы баспасөз-хабарламасы
 
010000,Астана қаласы
Орынбор көшесі, № 8үй,
11- кіреберіс
тел:(7172) 74-24-14
www.edu.gov.kz
 
Астана қ.,                                                                      2014 жылғы 30 қаңтар
сағ. 11.00   
                                                                                                                                                                               
2014 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Астана қаласындағы «Балалар үйі» МҚК-да Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің ұсынысы бойынша республикалық сараптау тобының бірінші отырысын өткізуді жоспарлап отыр. 
Сараптау тобының басты міндеті - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырдың және күтіп-бағудың қолданыстағы жүйесін реформалау мәселесі. 
Отырыстың жұмысына білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, ішкі істер, экономика және бюджеттік жоспарлау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктердің, Астана қаласының білім басқармасы, (ЮНИСЕФ)  БҰҰ Балалар қорының және үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері қатысу күтілуде. 
Отырыс шеңберінде келесі сұрақтар қаралуы жоспарланып отыр: заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде, деинституционализациялау механизмін, отбасында тәрбиелеу және өмір сүрудегі балалар құқықтарын іске асыру мақсатында балаларды тәрбиелеуді интернаттық үлгіден отбасылық үлгідегі ұйымдарға ауыстыруда, отбасыға және балаға көмек көрсету бойынша балалар интернаттық мекеменің қызметтік профилін өзгерту, Отбасыны қолдау орталығын, қабылдаушы ата-аналар мектебін, кәсіби патронаттық отбасын құру бойынша пилоттық жобасын талқылау туралы ұсыныстар әзірлеу. 
Отырыстың жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданады. 

ШҚО-да жетім балаларға жатақхана салынды

ШҚО Бесқарағай ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру аясында жалпы құны 40 млн теңге болатын 12 бөлмелі жатақхана салынды, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.
«Балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетімдер мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа баспананың кілттері салтанатты түрде табыс етілді», -делінген хабарламада. 
Бөлмелердің іші жарық, жылы. Газ плиталары орнатылған, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартылған. 
«Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында ауданның жастары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алып, қандай да бір маман иесі атана алады», -деп толықтырды Ақпарат орталығынан. 
 
ӨСКЕМЕН. 9 қаңтар 2014, 10:17. BNews.kz, Фото www.astana.gov.kz  сайтынан

Жетім балаларға баспана берілді
 
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында жетімдерге баспана берілді. Ата-ана қамқорынсыз қалған жандар мемлекеттің аялы алақанын сезіп, қуанышқа кенеліп жатыр. Игілікті іс «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Манас бала жастан әке-шешеден бірдей айрылған тұл жетім. 14 жасқа дейін балалар үйінде тәрбиеленген ол кейін Форт-Шевченкодағы туыстарын сағалады.  Отбасын құрып, әке атанды. Бір қозы туса, бір тал жусан артық шығады деген осы болар. Енді бозбаланы қамықтырған шақтар артта қалды.
Манас Қаражанов, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:
Баспана беріп, көмектесіп жатқанына рахмет.
Ләззат Жалғасбаева, Форт-Шевченко қаласының тұрғыны:
Өте ризамын. Баспанамен қамтып жатқанына рахмет. Жылы, барлық жағдай жасалған.
Бұл күні Манас сияқты тағы 15 адам баспаналы болды. Жас отбасыларға қамқорлық «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының шарапатымен іске асты. Қазір аудан бойынша 39 жетім бала тіркелген.
Темірбек Асауов, Түпқараған ауданының әкімі:
Олардың кәмелетке толған, үй алуға тиісті балалардың барлығы түгел қамтылды. Қалғаны кәмелетке толған соң бұл бағдарлама одан әрі жалғасады.
Жаңа жылда жаңа үйге қол жеткізгендердің алды қоныс тойын тойлауды бастап кетті.
 
Жазира ӘБІЛ, 7.01.14 ж.

Сіздер ұйымдастырған мереке
 
Жылдар бойы қалыптасқан дәстүр бойынша біз №1 жетімдер және ата-ана қамқорлығынан айырылған балалар үйіне Аяз атаның өкілдеріміз деп бас сұқтық. Кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына, есту мүшелері зақымданған балаларға арналған интернатқа бардық...
Біз балалардың тілектерін білуден орындай алмай қаламыз-ау деп еш қорықпадық - өйткені өткен жылдар тәжірибесінен анық білетініміз: қаламыздың тұрғындары әлемдегі ең мейірімді де, сыпайы адамдар. Әдеттегідей, биыл да бұл турасында жаңылмадық.
Акцияның небары екі аптаға созылған қысқа мерзіміне қарамастан, редакцияға әкелінген ойыншықтардың көптігінен, Молдағұлова көшесіндегі жатақханада тұратын аз қамтылған отбасылар балаларын қуантуға да мүмкіндік туды.
Сыйлықтарды адамдар жекелеп те, тұтас ұжым болып жиналып та алып келді. Редакция телефондарына тыным болмай, балаларды тағы қалай қуантуға болады деп кеңесіп жатты.
 
Сыйлық әкелуге алдымен келгендердің арасында сол интернаттың шәкірт қызы бар екен. Ол редакцияға қуыршақ және тәтті сыйлық алып келіпті:
- Мен ересектер жағынан болған кез келген пейілге балалардың қалай қуанатынын жақсы білемін - өзім жетім болып өстім. Әр Жаңа жыл сайын мен бірнеше тілек тілейтінмін, бірақ ең басты тілегім – ананың аялы алақанын қайтадан сезіну болатын. Өкінішке орай, бұл тілегім орындалмады... Мен енді өзім анамын. Менің екі сүйкімді балам бар, мен оларды ешқашан тастап кетпеймін. Соңғы демім қалғанша соларға бар махаббатым мен мейірімімді төгемін. Мына сыйлығымды қабыл алыңыздар. Қазір жолдасымыз екеуміз қиын кездерді өткеріп жатырмыз, алайда шағын болса да осы сыйлығымыз балалардың біреуін бір сәтке болса да қуантады, көңілдеріне жылу ұялатады деп сенеміз.
...Интернаттағы сәбилер, күткеніміздей, сыйлық орамаларын ашып жатып, шаттыққа бөленді. Қуанышқа толы көздерімен Аяз ата мен Қарша қызға, сіздерге, біздің мейірімді сиқыршыларымыз, ыстық сәлемдері мен алғыстарын жолдады.
Ал жатақханадағы балалар мен олардың ата-аналары біздің акциямызға бастапқыда «бұлар шынымен тегін бе?» деп қауіптене, сенімсіздікпен қарады. Демеушілер мен меценаттардан сыйлықтар алып үйреніп қалған интернат балаларынан бұл адамдардың айырмашылығы – олар қалалықтардың осындай жомарттықтарын алғаш рет кездестіріп отыр.
Жатақхана алдында сыйлықтарды таратуға қуана келісім берген «ААА» қауымдастығының еріктілерін күтіп тұрғанда, мен осы үйде тұратын кішкентай Артемды кездестірдім. Бейкүнә сәби жатақханадағы өз достарының пәтерлерінің нөмірін түгелдей айтып берді. Ол аз дегендей, бұл жас сері жігіт менің қолымдағы барлық дорбаларды өз қолына алып, жоғарғы қатарларға шықпауымды өтінді: «Мен кішкентай болсам да, еркекпін ғой!»
Осы акцияға қатысқандардың барлығына шын жүректен алғысымызды айтамыз. Бақытты болыңыздар, балаларды аялаңыздар. Жаңа жылдарыңызбен!
 
Анастасия ПАСТУХОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ 
1 қаңтар 00:00

Алға балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 250-ден астам бала тәрбиеленуде
 
Алға балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 250-ден астам бала тәрбиеленуде. Мұнда олардың ешкімге жалтаңкөз болмай өсуіне, оқуына, жалпы азамат болып қалыптасуларына барлық жағдай жасалған. Дегенмен, Жаңа жылда олар да барлық балалар сияқты мерекелік көңіл-күйде болғылары келетіні, сыйлықтар күтетіні белгілі. Осыны ескерген облыс әкімі Архимед Мұхамбетов балалар үйінде өткізілген Жаңа жылдық шыршаға келуді дәстүрге айналдыруда.
Биыл да ол алғашқылардың легінде осы балалар үйіне келіп, балаларды Жаңа жылмен құттықтады. Өңір басшысының өздеріне қолдау-көмек көрсетіп жүргенін білетін балалар үйінің тәрбиеленушілері оны зор қуанышпен қарсы алды. Жаңа жылдық салтанаттың шымылдығы осы шара барысында ғана тұсауы кесілген балалар үйінің вокальді-аспаптық ансамблінің орындауындағы жаңа жыл, ана туралы әндерімен ашылды. Жаңа жылдық шыршада облыс әкімі сөз алып, тәрбиеленушілерді алда келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың балалардың елімізде қайғы-мұңсыз, бақытты өмір сүруі үшін барлығын жасап жатқанын атап өтті. Соның бір дәлелі ретінде 2013 жылы облыста заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған Назарбаев зияткерлік мектебінен басқа 15 білім ордасы ашылғанын, 40-тан астам стадион және 80-нен астам әлеуметтік нысандар пайдалануға берілгенін жеткізді.
Содан кейін оқуда озат, тәрбиелі де үлгілі бір топ тәрбиеленуші Жаңа жылдық сыйлықты Архимед Мұхамбетовтің өз қолынан алып, жүздерінен қуаныштың лебі есті. Балалар үйінің қалған тәрбиеленушілері да осындай Жаңа жылдық сыйлықтарға ие болды. Балалар шыршаны айналып ән шырқады, би биледі.
Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін ұйымдастырылған облыс әкімінің шыршасы Ғазиза Жұбанова атындағы облыстық филармонияда өткізілді. Әкім шыршасына келген 100 мүгедек бала Жаңа жылдық қойылымды тамашалады, оларға сыйлықтар таратылды.
 
Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан», Ақтөбе облысы, 1.01.2014 

Астана қаласының Балалар үйінде «Ризашылық», «Доброта во благо детям…» мерекесі
28.11.2013
 
Кез келген адам үшін ең қымбатты сыйлық не деген сұраққа «әрине бұл – махаббат пен мейірімділік» деп жауап берер едім. Бұл ұлы ұғымдар әрқашанда бірге жүріп, біртұтас түсінікке ие. Махаббат пен мейірімділікті шексіз және ең игі ниетпен сыйға тартуға болады. 
Әсіресе, махаббатқа зәру жандардың бірі – балаларымыз. Әр баланың күнін қуанышты және бақытты ету – біздің қолымызда. Бұны қалай жасай аламыз? Бұл сұраққа да көп ойланбай жауап береміз: балаларға ертегі әлемін сыйлау керек. 
«Ризашылық», «Мейірімділік балалар игілігі үшін»» мерекесі біз айтып отырған ертегі болып табылады. Бұл мерекенің бастамасы «Бөбек» балалар қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева болып табылады, бұл мереке интернатты мекемелерде тәрбие алып жатқан барлық балаларға арналған.  
Міне бес жыл бойы ұл-қыздарымыз бұл мерекені тағатсыздана күтеді. Бұл күні баршасы бір-біріне махаббат пен жылулық, қамқорлық пен бар жақсылықтар үшін алғыс айтады. Бұл күні Астана қаласының жайлы да жылы Балалар үйіне бұрынғы достар мен жаңа қонақтар жиналады. Жиналатын адамдар жетім баланың тағдырына немқұрайлы қарай алмайды, олар тәрбиеленушінің өмірін Балалар үйінің қабырғасынан шыққаннан кейін де бақылайды. 
        
Балалар бұл мерекені жақсы көріп күтеді: олар қонақтарға, қызметкерлер мен достарына арнап алдын ала өз қолдарымен сыйлықтар әзірлейді, достық пен махаббат туралы жаңа өлеңдер жаттайды, креативті ашықхаттар дайындайды, достары мен балалар үйінің қызметкерлеріне жылы лебіздерін білдіріп жазады. Ересек адамдар да жұмыссыз қалмайды. Олар да әр адамға жылы да, мейірімді тілектер білдіріп, құттықтау ашықхаттарын дайындайды, сыйлықтар мен тәтті сыйлықтар әзірлейді. 
 Қарашаның таңы сүйікті ертегілердегі әуендермен басталды. Әр балаға жылы сөздер жазылған алғыс ашықхаттар әзірленді. Әрі қарай барлық балалар қызықты музыкалық ойынға жиналды. Көтеріңкі жаттығу жасап болғаннан кейін балалар әдемі киініп, балалар мерекелік безендірілген асханаға барды, ол жақта мерекелік таңғы ас ішті. 
Әрі қарай мерекенің салтанатты бөлімі өтті. Балалар үйінің залы мен дәлізі гүл бейнесіндегі әуе шарлармен безендірілді. «Адырна» халық аспаптар оркестрі қонақтарды Құрманғазының тылсым күйлерімен қарсы алды. Қонақтар балалардың қолданбалы өнер шығармашылығымен танысты. 
          
Әдемі безендірілген залда балаларды мереке қонақтары қрсы алды. Залда балалық шақтың бақытта күндері, мейірімділік пен қуаныш лебі сезіліп тұрды. Қонақтардың назарына Балалар үйінің шығармашылық үйірмелері дайындаған есте қаларлық музыкалық бағдарлама көрсетілді.          
Осындай керемет күні үйімізге келесі қонақтар келді: 
ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі Е.Н.Иманғалиев
ҚР БҒМ Балалардың құқығын қорғау жөніндегі комитетінің төрағасы Р.П.Шер;
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының жетекшісі Р.А.Иманғазинова;
ҚО ҰҚК офицерлік жиынның төрағасы, полковник С.г.Давлетов;
ҚР қарулы күштерінің бас штабы бастығының орынбасары, полковник М.К.Таласов;
Лондонда өткізілген Олимпиада ойындарының жеңімпазы М.Вольнова.
                                     
Осы тамаша күні балалар көптеген денсаулыққа пайдалы сыйлықтар алды: олимпиада чемпионының жиынтығы, үстел теннисін ойнауға арналған жиынтық, доптар, бадминтондар, дамытушы ойындар, кітаптар, жұмсақ ойыншықтар және т.б. көптеген сыйлықтар. Ал балалар болса өз тарапынан өз қолдарымен жасаған гүлденген жер шарын сыйға тартты. 
 Әрі қарай балалар мен қонақтар спорт залында өткізілген «Денсаулыққа апарар жол» жарысын тамашалауға барды. Спорт алаңында екі жүйрік команда кездесті. Балаларға жарыс жаттығуларынан оңайлықпен өту үшін «Арыстан» қызметінің курсанттары көмектесті. 
Әрі қарай барлық балалар мерекелік түскі асқа барды. Асхана шарлармен, гүлдермен әдемі безендірілген еді. Мерекелік түскі ас «Твори добро», «Дорогою добра», «От улыбки», «Вместе весело шагать...» әуендерімен үйлесімді өтті.
Түскі астан кейін барлық балалар Балалар үйі мен «Жас Ұлан» курсанттары арасындағы баскетболдан кездесу матчына келді. Бұл додада достық жеңіс туын желбіретті. 
        
Ойындар аяқталғаннан кейін, балалар мен ересектер жанұяларына барды, олар алдын ала алғыс ашықхаттарын, қолдан жасаған заттарын, суреттерді, өлеңдер мен әндерді дайындап, бір-біріне, қызметкерлерге сыйға тартты. 
Дәлізде «Алғыс пен сенімділік» поштасы орнатылды, кейін Мейірімділік патшайымы көмекшілерімен бірге хаттарды иелеріне жеткізді. 
Мереке Астаналық оқушылар сарайының» педагогтері әзірлеген қызықты ғарыш әлеміне барумен жалғасты. 
«Ризашылық» мерекесі жанұяда кешкі дастарқан басында дәмді кешкі ас үстінде өз мәресіне жетті. Балалар мереке күнінен алған әсерлерін жарыса айтып, тауыса алмады. Біреулері жаңадан танысқан достарына қуанса, енді бірі алған сыйлыған риза болып отырды. Балалар бір-біріне махаббатары, достықтары мен қамқорылықтары үшін алғыс айтты. Жылы лебіздерін басты ана – Сара Алпысқызы Назарбаеваға да махаббаты, мейірімі, қамқорлығы мен осындай керемет мереке бергені үшін білдірді. Жанұядағы мерекелік кешкі ас «Ризашылық» әнімен аяқталды. 

«Ризашылық» - «Доброта во благо детям!» қайырымдылық мерекеге дайындық туралы
баспасөз-хабарламасы
 
2013 жылғы 28 қарашада «Бөбек» қорының бастамасымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен республиканың барлық аймақтарында жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық» - «Доброта во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты - жетім және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару, олардың адамгершілік-рухани дамуына ықпал ету. 
Айтарлықтай, осы ғажайып күні балалар үйі тәрбиеленушілеріне сыйлықтар тапсырылады. 
Балалардың денсаулығы – еліміздің алтын қазынасы. Қазақстанның болашағы балалардың дене және рухани дамуына байланысты. Олай болса, ағымдағы жылдың қайырымдылық мерекенің басты идеясы – спортқа және салауатты өмір салтына балалардың қызығушылығын қалыптастыру.
Сондықтан, биылғы жылы белсенді спортпен айналысу арқылы салауатты өмір салты дағдыларын дамытуға қомақты үлесін тигізетін сыйлықтар: түзету мекемелерінің тәрбиеленушілері үшін «құрғақ бассейн» және жұмсақ ойыншықтар енетін «Денсаулық калейдоскопы» жинақтамасы, кіші және орта буын балалары үшін швед сатысы, белтемір, гимнастикалық шеңбер, сатылар, бокстық құралдардан тұратын  «Әсемділік және денсаулық» бұрышы, жоғары буын балалары үшін теннис үстелден, теннис шарларынан, ракеткалардан тұратын «Көңілді бумеранг» және командалық спорт түрлеріне арналған доптар жинақтамасы табыс етіледі. 
Сонымен қатар, әр бір балалар үйінің тәрбиеленушілеріне танымдық сипаттағы кітап жиынтығын сыйлау жоспарланған.
«Ризашылық» - «Доброта во благо детям!» атты қайырымдылық мерекесі мейірімділік, ізгілік және өзара түсінушіліктің дәстүрлі мерекесі болып табылады. 

2013 жылдың 12-қарашасында Қарағанды қаласындағы «Сарыарқа» әуежайында «Таңшолпан» балалар үйінің тәрбиеленушілері халықаралық ғарыш станциясынан оралған ғарышкерлермен кездесу өтті. Ғарышкерлермен әңгімелесіп, сұрақ қойып, қол алысқан балалардың қуанышынтарында шек болмады. 
                                        
Жоба шеңбері кеңейуде
 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамашылығымен «Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмірі мен мансабын жоспарлау» республикалық жобасын Павлодар облысының 4 балалар үйі қолдады.
2013 жылғы 8 қарашада аталған жобаға құрамына 3 жасөспірім үйі кіретін «Жас ұрпақ» ҚМКК қосылды, онда облыстық балалар үйлерінің 138 бітірушілері тұрып жатыр.
                                                             
Балалар үйлерінің бітірушілерінің көбі жасөспірім үйлеріне орналастырылады. Сондықтан, балалар үйлерінің қызметкерлеру өз тараптарынан оларды әлеуметтендіру жұмыстарын әрі қарай жалғастырады.
Балалар үйлері мен жасөспірімдер үйлерінің бірлескен постинтернаттық сүйемелдеу бойынша жұмыс мәселесі Павлодар қаласының Жұмыспен қамту орталығы, «Павлодар жастар еңбек биржасы» ЖҚҚ, «Асар Өрлеу» ҚҚ, «Серіктестік орталығы» ПҚҚ басшылары, жобаның серіктестері, жастар үйлерінің педагогтары және тәрбиеленушілерімен бірлесіп, «дөңгелек үстел» үстінде талқыланды.

«Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмірі мен мансабын жоспарлау» республикалық жобасын іске асыруда 
«Жас ұрпақ» Жасөспірім үйі қосылды
 
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  Балалар құқықтарын қорғау комитетінің бастамашылығымен «Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінің өмірі мен мансабын жоспарлау» республикалық жобасын Павлодар облысының 4 балалар үйі қолдады.
2013 жылдың 8 қарашасында аталған жобаға  құрамына 3 жасөспірім үйі  кіретін ҚМКК «Жас ұрпақ». Онда облыстық балалар үйлерінің 138 тәрбиеленушілері тұрып жатыр.
Балалар үйлерінде жобаны жүзеге асыру жұмысы  тәрбиеленушілерді  өз өмірлерін бағдарлау  мақсатында: олардың бейімділіктерін анықтау, кәсіптік бағдар өткізу, болашақ мамандықты таңдау, мектеп бітіргеннен кейін өздігінен өмірге психологиялық дайындықты өткізу, дұрыс шешім қабылдай білу. 
Балалар үйлерінен шыққаннан кейін тәрбиеленушілердің көбі әлеуметтендіру жұмысы жалғасатын жасөспірім үйлеріне орналастырылады. Сонымен қатар балалар үйлері оларды постинтернаттық алып жүру бойынша жұмысты тоқтатпайды, Жасөспірім үйлерімен серіктестікті жалғастырады.
Жасөспірім үйлерінде балалар үйлерінің тұғалары  жүргізілетін жұмыс білім алуға  және өздігінен өмір сүруге бейімделенеді: әртүрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, мәселе пайда болғанда қай органға және қай мекемеге баруды білу, еңбек нарығында жөн табу, өз қаражатын жоспарлау, біліктілігін арттыру, денсаулығын сақтау, отбасы өміріне дайындауда дұрыс шешім қабылдау. Жұмыстың маңызды бөлігі балалардың өзге тараптардың әсерінен теріс жолға түсіп кетпеуге үйрету, туған мәселелерді  дұрыс шешуге психологиялық дайын болуға, социумға бағытталу, өз құқығың қорғауға, болашақты жоспарлауға және т.б. болып табылады.
Осы мәселелер жобаның серіктестер, жастар үйлерінің педагогтары мен тәрбиеленушілерінің арасында талқыланды. Павлодар қаласының Жұмыспен қамту орталығы, «Павлодар жастар еңбек биржасы» ЖҚҚ, «Асар Өрлеу» ҚҚ, «Серіктестік орталығы» ПҚҚ басшылары балалармен алғаш рет кездесіп отырған жоқ, оларға кеңестер, семинарлар және тренингтер өткізген. Бұл жолы олар жобаны іске асыруда өзара әрекеттердің әдістері мен нысандарды  анықтады, серіктестік туралы келісімдерге қол қойылды, сонымен қатар іс-шара жоспары мен оның іске асырылуы анықталды.
 

Шаңырағыңызға құт-береке дарысын!

 
Қостанай облысының мемлекеттік органдары іс-әрекетінің басым бағыттарының бірі - жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың тұрғын үй алуға құқықтарын іске асыру  болып табылады. 
2013 жылғы 8 қарашада Қостанай облысының әкімі Нұралы Мұстафаұлы Садуақасов Лисаков қаласында  9 жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға  жаңа пәтер кілттерін тапсырды. Жаңа қоныстанғандарды құттықтай келе, Нұралы Мұстафаұлы, мемлекетіміздің негізгі міндеттерінің бірі - өз азаматтарына қамқор болу, осы аталған  миссияға тек мемлекеттік органдар ғана емес, - шаруашылық субъектілері, бизнес-құрылым өкілдері де белсенді қатысатындықтарын атап өтті. Олар жаңа қоныстанғандарға теледидарлар, кір жуғыш машиналар, тоңазытқыштар, қысқа толқынды пештер және басқа да тұрмыстық техникаларды сыйға тартты. Жаңа пәтерлерге тек ересек адамдар ғана емес,  сондай-ақ Лисаков қаласының патронаттық тәрбиедегі 5 жас тұрғыны да ие болды.
6- шағын аудан, № 52 –үй мекенжайында орналасқан 40 пәтерлі үйді қайта құруға қалалық бюджеттен 150 млн. теңге бөлінді. Осы заманғы құрылыс материалдары мен технологияларын пайдалану арқасында аз уақыттың ішінде бос тұрған ғимарат қалпына келтірілді.
Кең де жарық пәтерлер жылу, су және электроэнергияны есептеуіш құралдарымен жабдықталған, әрі  климат-бақылау құралдары қойылған.
Лисаков қаласында өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларға ерекше назар аударылып, қолдау көрсетіледі. Соңғы жылдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар қатарындағы 37 лисаковтық тұрғынүймен қамтылды, оның ішінде 11-іне Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде Рудный қаласынан берілді. Бүгінгі таңда тұрғынүйге мұқтаж азаматтар есебінде 67 жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар кезекте тұр. 
Жалпы облыс бойынша 2006 – 2013 жылдар аралығында мемлекеттік тұрғынүй қорынан аталған санаттағы азаматтардың 242-сі, оның ішінде осы жылдың өткен кезеңінде 131 адам тұрғынүйге ие болды. 
 
Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған азаматтар үшін «Қамқоршы күні» мерекесін өткізу туралы ақпарат
 
Алматы облысының балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы тарапынан ағымдағы жылдың 29 қазанында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа алған азаматтар үшін «Қамқоршы күні» мерекесін өткізу туралы хаттар аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жолданды.
Бұл іс-шараның мақсаты баланы өз отбасына тәрбиелеуге алған отбасыларына алғыс білдіру, бөтен балалар мен бөтен қайғыны жатсынбайтын адамдарды құрметтеу болып табылады. 
Облыс бойынша «Қорғаншы күні» мерекесі аясында өткізілген іс-шараларға 800 астам  қорғаншы/қамқоршы, 1 000-нан астам жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қатысты. 
 Алакөл ауданында «Қамқоршылар күні» республикалық акциясы барысында  бірнеше шаралар өткізілді. Атап айтсақ, 14 қазан 2013 жылы «Балаларға жүрегімізді арнаймыз» атты мерекелік қайырымдылық акциясы, 29 қазанда «Мен және менің отбасым» атты аудандық спорттық ойын түрлерінен сайыстар өткізілді.  Спорттық сайысқа 25 қамқоршы мен 68 бала қатысты. Сонымен қатар, жетім балалар  мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында «Менің Отаным-Қазақстан», «Мен және менің жанұям»  сурет байқауы, «Берекелі отбасым» тақырыбында фото көрме, «Менің арманым» атты шығарма байқаулары ұйымдастырылып, нәтижесі «Қамқоршы күніне» арналған концерттік  бағдарламамен қорытындыланды.
Аудан бойынша 136 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала, 102 қорғаншы немесе қамқоршы болса,  акция барысында өткізілген іс-шараларға 68 бала, 25 қамқоршы қатысты. 
Мерекелік бағдарлама соңында мерекеге арнайы шақырылған қонақтар: аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы М.Б.Сүлейменов, аудандық білім бөлімі басшысының орынбасары Б.Сергазин және Үшарал қалалық мешітінің бас имамы Серік Шәріп қорғаншылар мен қамқоршыларды мерекемен құттықтап, «Алғыс хат» және  сыйлықтар тапсырды.
Жамбыл ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен ауданда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршы/қорғаншылардың мәртебесін көтеру, құрметтеу, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қамқоршылар/ қорғаншыларына заң шеңберінде сұхбат беру мақсатында  25 қазан  2013 жылы Т.Рысқұлов атындағы орта мектептің акт залында «Махаббат бұлағы» атты акция өтті. Акцияға 136 қамқоршы/қорғаншылар, Жамбыл ауданының әділет басқармасының, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушы тасымалдау бөлімінің, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері және мектеп психологтарының қатысуымен өтті. 
Акция барысында концерттік бағдарламалар көрсетіліп, Жамбыл ауданының білім бөлімінің атынан балалар мен жасөспірімдерді асырап-бағу, оқыту, тәрбие беру және қамқорлық көрсеткен игі істері үшін қамқоршылар/ қорғаншылар Алғыс хаттармен марапатталып, бағалы сыйлықтар тапсырылды. Шараға Нұр Отан партиясы мен  жұмыспен қамту орталығы демеушілік көрсетті.
 Жетім және ата-анасының қалған балалар мен қорғаншылардың өмір баяны туралы сөздер айтылып, «Отбасы» тақырыбындағы фотогалереясы  және балалар шығармашылығы көрмесі ұйымдастырылды. 
Райымбек аудандық білім бөлімі «Қамқоршы күнін» аудан көлеміндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп отырған қорғаншылармен қамқоршыларға арналған шара өткізді. Мереке барысында кәсіпкер К.Мұқанбекова қайырымдылық ас берді және 30 қорғаншылық пен қамқоршылықтағы балаларға киім-кешектер, сыйлықтар табыс етті.
Шара аясында «Бар мейірім балаға» тақырыбындағы шығармашылық жұмыстар көрмесіне, «Бақытты балалық шақ» атты фотогалереяға барлығы 26 шығарма қойылды. Сонымен қатар, «Біз – бір отбасымыз» тақырыбында спорттық жарысқа қорғаншылар/қамқоршылардан құрылған 5 команда қатысып, үздік командаларды марапаттау шаралары жүргізілді.
Соңында, аудандық білім бөлімі тарапынан қорғаншылық/қамқоршылықтағы балаларды тәрбиелеудегі ерекше жетістері үшін «Ең үздік қамқоршы», «Мейірімді жан» номинациялары бойынша марапатталды және бағалы  сыйлықтар табыс етілді. 
Панфилов ауданында ұйымдастырылған «Қамқоршы күні» шарасына 30 қорғаншы/қамқоршы және олардың тәрбиесіндегі балалар, сонымен қатар, округ әкімдері, мектеп директорлары және демеушілердің қатысуымен өтті. Осы шараға Алматы облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының бөлім басшысы А.Молотова қатысып, мерекемен құттықтап, қорғаншылар мен қамқоршыларға өз ризашылығын білдірді. Аталған шара аясында қорғаншылар/қамқоршылар мен қорғаншылыққа алынған балалар арасында «Екі жұлдыз» атты ән байқауы өтті, жеңімпаздар білім бөлімі тарапынан алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды. 
Көксу ауданында 2013 жылдың 25 қазан күні «Қамқоршылар күні» мерекесі аясында «Кәмелетке толмаған балалардың әлеуметтік, мүліктік, тұрғындық құқықтарын қорғау мәселесін дамыту» тақырыбында  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Тұрлыбеков Бақыткелді Тамашаұлы және Көксу аудандық сотының төрағасы Жақсыбаев Әділ-Омар Тілегенұлы, аудан прокурорының көмекшісі Досербеков Бағлан Сансызбайұлы, аудандық ішкі істер бөлімінің және әділет басқармасының қызметкерлері, ауылдық округтерінің мамандары, мектеп директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қоғамдық  инспекторлар, мектеп психологтары, ата-аналар комитетінің төрайымдары, қорғаншылар мен қамқоршылар және бұқаралық ақпарат құралдарынан тілшілері қатысты. 
Алғашқы сөз аудан әкімінің орынбасары Ә.Садықоваға берілді. Өз  сөзінде ол барлық жерлерде «Қамқоршылар күні» өткізіліп отырғаның айтып, осы шара барысында шешілмей жүрген мәселелер, ой- пікірлер, сұрақтар қоюға болатындығын атап айтты.   
Алматы облысының №1 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Б.Тұрлыбеков жиналғандарға бала асырап алу, патронаттық тәрбиеге беру және қамқоршылыққа балаларды орналастыру бойынша, сонымен қатар, баланың өміріне немесе оның денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда баланы айырып алу, кәмелетке толмаған жас ата-аналардың құқықтары, ата-аналардың балаларды тәрбиелеу мен оларға білім беру жөніндегі құқықтары мен міндеттері, баланың аты мен тегін өзгерту, азаматтық хал актілерін мемлекеттік реттеу бойынша түсініктемелер берді.  
Шара сонында ауданның қорғаншылар және қамқоршылар атынан Жарлыөзек ауылының тұрғыны Қ.Идрисова ризашылығын білдіріп, осындай мерекелердің маңызы зор екендігін атап өтті. Ескелді, Ұйғыр аудандарында қамқоршы және қорғаншыларға арналған дөңгелек үстелдер, қызықты ойындар, акциялар өткізіліп, мерекелік дастархан жайылды. 
Барлық аудан, қалаларда қамқоршылар мен олардың балаларын арналған шара өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылып, өткізілді. 
 
Басқарма басшысы Г. Ермекбаева

 «Қамқоршы күні» Батыс Қазақстан облысында 
 
Батыс Қазақстан облысында «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтті. Іс- шараның мақсаты - әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балалар үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға отбасы қамқорлығын табуына көмектесу.
Мерекенің құрметті қонақтары - қамқоршылар мен олар тәрбиелеп отырған балалар, аудаң әкімшілігінің қызметкерлері, білім бөлімінің мамандары, мемлекеттік емес ұйымдар мен «Нұр Отан» партиясы» Қоғамдық бірлестігінің   мүшелері, мәдениет саласының мамандары, барлығы 1000-нан астам адам. Іс- шара барысында балалардың қатысуымен «Алақан жылуы» атты мерекелік концертер, «Таза бұлақтаң» атты отбасылық шығармашылық көрмесі, балаларға арналған спорттық шаралар, «Жүректен жүрекке» және «Тілек айту» атты тренингтер ұйымдастырылды, баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығы туралы  «Отбасы қасиеті» атты бейнематериалдар көрсетіліп, қамқоршылар мен балаларға сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.       
 Ақсай қаласында және облыс орталығының мектептерінде «дөңгелек үстел» отырысы өткізіліп, жетімдіктің алдын алу мәселелері талқыланды, «дөңгелек үстелге» қамқоршылар, педагогтар, психологтар, мемлекеттік қызметшілер қатысты. Осы күні балалар үйіне демеушілер мен балаларды қамқоршылығына алған қамқоршылар  және «Қабылдаушы ата-аналар мектебіне»  қатысушы ата-аналар шақырылды. Облыс мектептерінде қамқоршылар мен бала асырап алушылардың сұрақтарына заңгерлер, психологтар, дәрігерлер, қорғаншы және қамқоршылық бөлімінің мамандары кеңес берді. «Қамқоршы күні» мерекесінің өткізілуі қалалалық және аудандық басылымдарында, «Карачаганак» телеарнасында  жарық көрді.
 
  
 

 Мейірімді жандарға мың алғыс
 
Оңтүстік Қазақстан облысы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен 2013 жылдың 29 қазан күні балаларымыз бен жас жеткіншектерімізге отбасы жылулығы мен жанұя махаббатын сыйлау,   жүректерін имандылыққа, мейірімділікке сусындату, патриоттық санасы мен өмірге деген көзқарасын оңтайландыру  үшін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қорғаншылық, қамқоршылыққа алған азаматтарды барынша ауқымды қолдау,  отбасы құндылықтарын қалыптастыру, отбасы және жанұя бейнесін насихаттау мақсатында Республикалық «Қамқоршылар күніне» орай «Мейірімді жандарға мың алғыс» атты облыстық мерекелік, салтанатты  іс-шара өткізілді. 
Іс-шараға Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. Қаныбеков, облыстық маслихат депутаттары,  аудандық, қалалық білім бөлімінің қызметкерлері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің, жасөспірімдер үйінің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, бөбектер үйінің басшылары, аудан, қаладан келген қорғаншы, қамқоршылар, үкіметтік емес ұйым қызметкерлері, демеушілер,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, Шымкент қаласының жалпы білім беретін мектептердің әлеуметтік-педагогтары мен  балалар үйінің тәрбиеленушілері (жалпы 200 қатысушы) қатысты.
Мерекелік зал  шарлармен, нақыл сөздермен безендіріліп,  Шымкент қалалық балалар өнер мектебінің оқушылары, Халықаралық байқаулардың бірнеше рет лауреаты «Жас дәурен» хореографиялық ансамбілінің орындауындағы «Сүйінші» биімен бастау алды. 
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы  мерекелік кездесуге қатысушы аудан, қалалардан келген 10 мейірімді жанды ізгі тілектерімен, жүрек жарды лебіздерімен құттықтап, облыс әкімдігінің  алғыс хаттарымен және  «ПетроҚазақстан–ОйлПродактс»ЖШС-інің демеушілігімен 200 000 (екі жүз мың) теңгелік сыйлықтармен марапаттады. 
Сонымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысы  Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарма басшысы Жүсіпова Ғалия Жүсіпбекқызы  игі бастама жолын өзіне парыз тұтқан мейірімді жандарымыз бен осы салада жемісті еңбек етіп жүрген аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады.
Мерекеге қатысушы қонақтар мен демеушілер, қорғаншы, қамқоршылар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері де өз тілектерін, жүрек жарды лебіздерін білдірді. 
Іс-шарада Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетіп, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сондай-ақ түрлі бейне роликтер көрсетіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  ұйымдастыруымен Қазақстан аумағындағы  www.usinovite.kz сайты туралы кеңінен таныстырылды.
Мерекелік іс-шара жергілікті телеарналар мен баспасөз беттері арқылы облыс жұртшылығына таныстырылды. 
Оңтүстік Қазақстан облысы
 Балалар құқықтарын қорғау  жөніндегі басқармасы
  

2013 жылы 29 қазанда сағат 14.00-де «Үміт» балалар үйінде «Қамқоршылар күні» мерекесі өтті
 
Балалар үйінде бұл іс-шара 2 кезеңмен өтіп отыр. 29 қыркүйекте «Үміт» балалар үйінде «Ашық есік күні» өткізіліп, балалардың алыс-жақын туыстары, патронаттық ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ патронаттық жанұялар шақырылған болатын. Қонақтарға арналып балалардың өз қолдарымен жасалған  заттардан, суреттерден көрме ұйымдастырылды. Жанұяны қолдау қызметінде психолог, логопед, дефектолог, дәрігер-педиатр, қосымша білім беру педагогтары, үйірме жетекшілері қажетті кеңестер жұмыс істеді . 
Ал, бүгінгі күні мерекеге Бурениндер жанұясы қамқоршылар кандидаты ретінде жолдамамен келді. Сондай-ақ балаларды құттықтауға біздің балалар үйінен
12 баланы өздерінің қамқорлықтарына алған Глубокий ауданының келесі мекемелері мен ұйымдарынан өкілдер келіп қатысты:
КММ Белоусовка орта мектебі №1, 
Предгорненская орта мектебі №1,   
Верхнеберезовский кентінің әкімі, 
Ушанов орта мектебі, 
КММ «», 
КГУ Уваров орта мектебі, 
КММ «»,
Перевалов   орта мектебі., 
«Кенес и К» ЖШС, 
 «Бобровка+» ЖШС.
Бұл күні, балалар тақпақтар оқып, қонақтармен бірге би билеп, ән айтып көңіл көтерді. Келген қонақтар балаларға өздерінің алып келген сыйлықтарын ұсынып, олармен әңгімелесіп, суретке түсті. 
Барлық қонақтарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз, жаны жомарт жандар көбейе берсін дейміз.
 
  

Қызылорда облысындағы Қамқоршылар күнің өткізу туралы  ақпарат
 
Қызылорда облысында Қамқоршылар күні мерекесіне орай іс-шаралар өткізілді. Бұл жетім және ата-анасының қамқорлыңынсыз қалған балаларды отбасында тәрбиелеп отырған қамқоршыларға арналған Қазақстан тарихындағы алғашқы мереке болып табылады. 
Бүгінгі таңда облыс бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың саны 858-ді құрап отыр. Жыл сайын жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өздерінің отбасыларында тәрбиелеп отырған отбасылардың саны ұлғайып келеді. Соның нәтижесінде интернаттық мекемелердегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны азайып келе жатыр. 
Осыған орай, интернатық мекемелер осы күнге аса мән береді. Бұл күні жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде және облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қамқоршылар мен қамқорлығындағы балаларды ұлықтауға арналған мерекелік іс-шаралары болып өтіп, онда қабылдаушы ата-аналарға сыйлықтар табысталып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Бұл күні балалар үйі өздеріне қамқоршылық жасайын мекемелерді, өздерінің тәрбиесіне бала алып отырған қамқоршыларды, сондай-ақ, «Қабылдаушы ата-аналар мекебінің» мүшелері, яғни болашақ қамқоршыларды  шақырды. Барлық қонақтарды тәрбиеленушілер сәлемдемелік бағдарламалармен және балалар үйіне саяхатпен күтіп алды. 
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу міндеті жүктеліп отырған қамқоршыларға қолдау көрсеу болып табылады. 
Балалар құқықтарын қорғау басқармасының бастамасымен, облыс орталығында 2013 жылғы 29 қазан күні сағат 16.00-де медициналық колледждің мәжіліс залында қамқоршы мен патронаттық тәрбиешілер, үкіметтік емес ұйымдар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің қызметкерлері, білім басқармасы, қорғаншы және қамқоршы органдар және т.б. мамандарының қатысуымен «Балаларға қамқорлық – мемлекет саясатының басты бағыты» атты тақырыпта дөңгелек стол болып өтті.  
Дөңгелек столда Қызылорда облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Арман Қаржаубаев ашып, «Жанұя – баланы тәрбиелеудегі ең жақсы құрал. Бүгінде жетім балаларға қатысты мәселерді шешу үшін барлық әлеуметтік құрылымдар жұмылдырылуда. Бірақ баланы жанұяға беру үшін баланың болашақ жанұясымен қарқынды жұмыстар жүргізілуі тиіс. Бала бір ғана жанұяға баруы керек. Кішкентай сәбидің тағдыры біздің қолымызда және сол үшін біз қателеспеуіміз керек», -деп . 
Дөңгелек столда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайы талқыланды. 
Дөңгелек стол басталар алдында, колледж залында заңгер мамандармен, психологтармен, қорғаншы және қамқоршы мамандармен, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және тұрғын-үй бағытындағы қызметкерлердің қатысуымен қамқоршы және қорғаншыларға кеңестер берілді. 
Іс-шараның соңында ең жақсы қамқоршы және қорғаншыларға мадақтамалық хаттар және ескерткіш сыйлықтар берілді. Мысалы, Сырдария ауданының тұрғыны Сейтімова Тұрсынкүл жанұясына үлгілі тәрбиелеуші деген мадақтау хаты берілді. Оның қамқорлығындағы балалар оқу озаты және белсенді болып өсуде. Сонымен қатар, үлгілі отбасылардың ішінде  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 баланы тәрбиелеп отқан Амангельді Гульнар Дихамбаевна, Қызылорда қаласынан Самұрат Көпенов және т.б. да бар. 
Сонымен қоса, облыс аудандарында жергілікті атқарушы органдардың және білім басқармасының, жеке кәсіпкерлердің және бизнес-құрылымдар басшыларының қолдауымен, қатысуымен қорғаншы және қамқоршыларды мадақтау үшін іс-шаралар: гала-концерттер, балалардың қол өнерлерінен көрмелер, спорттық ойындар ұйымдастырылды. Бұл күндері қорғаншы және қамқоршыларға арналып өлеңдер, әуендер және де концерттік қойылымдар ұйымдастырылды.
 
  
 

Республикалық акция «Қуан, сәби!»
 
Қоғам назарын жетім балалар мәселесіне және балаларды отбасына орналастырудың түрлі тәсілдеріне аудару мақсатында балалардың құқықтарын қорғау басқармасы әріптес ұйымдармен бірігіп Батыс Қазақстан облысында жылда республикалық  «Қуан, сәби!  - Радуйся, малыш!» акциясын өткізеді.
23 қазанда облыстық мамандандырылған бөбектер үйінде 70 шақты адам қатысқан кезекті акция өтті. Акцияға бөбектер үйінің ұжымы мен тәрбиеленушілері «Балалық шақ - бұл мен және сен!» атты шығармашылық көрме дайындады. Театрландырылған  ертеңгілік кезінде қонақтар балалардың түрлі өнерлерін тамашалады. Бөбектер үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға тілектер жазылған «жүрекшелер» сыйлады. Қазақстандағы балалардың ең үлкен анасы - Сара Алпысқызының өсіп келе жатқан ұрпаққа қамқорлығын паш ететін видеофильм көрсетілді.
Ертеңгілікте мемлекет тарапынан келген өкілдер – облыстық денсаулық сақтау басқармасы, БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасы,    демеушіміз ЖШС «Мирлан» және экономика және коррупцияға қарсы күрес департаментінің өкілдері - өз жылулықтарын алып келді. Олар жылдан жылға баларға өз махаббатрымен жылулықтарын сыйлайтын адамдар саны өсе беретініне сенімдерін білдірді. Бұған «Қуан, сәби!» отбасы мерекесі көмектеседі. 
Асыранды ата-аналар бөбектер үйінің ұжымына баларға берген тәрбиесі , қамқорлығы үшін өз ризашылықтарын білдірді. Олар балаларының жетістіктерін айтып әлеуетті ата-аналарға баланың үйге келуі -  бұл қуаныш жауапкершілік  және бақыт екенін сезінуге шақырды.
Мереке бағдарламасында сол сияқты балаларды отбасына қабылдау, ата-ана құқын қалпына келтіру және тәрбие мәселесіне арналған (дөңгелек үстел) ұйымдастырылды. 
Естелеікке ұжымдық суретке түсу, сыйлықтар және бөбектерге «тәтті үстел» мерекені жалғастырды. Бұл күн әрине бөбектер үйінің тәрбиеленушілінің есінде ұзақ уақытқа сақталады. Балардың бірі  жаңа бас жетекшiлер пайда болды, ал бiреу өз жанұясын тауып алады.
 
 

Бақыт сыйлаған жастар
 
Геолог поселкесіндегі «Шаңырақ» балалар ауылында ерекше шара бастау алды. Жерлесіміз 19 жасар Нұрхат ЛЕКЕРОВ достарымен бірігіп, балаларға нағыз мереке сыйлады.
Қазақ-түрік лицейінің түлегі Нұрхат мектепте оқып жүргенінде білімге құштарлығын дәлелдеп, Кипрде өткен халықаралық математика олимпиадасынан жүлделі орын алған екен, қазір Лондондағы Гринвич университетінде білім алуда. Туған жерге демалысқа келген ол жай қарап отырғысы келмей, өз идеясын жүзеге асырмаққа бел буады. Кішкентайынан бірге өскен досы Шыңғыс ДАУЫЛБАЕВ және Медина САТҚАНҒҰЛОВАМЕН бірігіп, балалар үйіне көмектесуді ұйғарады.
- Өмірде адамдардың бір-біріне көмектесіп, қайырымды болғандары қандай жақсы. Егер әр адам тек өздерін ғана ойламай, жеке басының қамын күйттеп қана қоймай, бір мезет өзгелерге көмек қолын созып, жақсылық жасаса, біздің еліміз әлдеқашан дамыған елдердің қатарына қосылар еді, - дейді Нұрхат.
Оның айтуынша, бақытты ақшадан табам дейтіндерді Эйнштейннің «Бақытты болудың жалғыз жолы – жақсылық жасау» деген қанатты сөздері ойландыруы тиіс.
Шараның идеясы – ақ қағаздың ортасына суретшілермен салынған суреттің жанын балалар-дың алақанымен көмкеру. Жастар бұл іске университеттің суретші студент қыздарын шықыртыпты. Алдын ала бояулар, сурет салатын маталар, керекті құралдар сатып алынған. Бұл істің бәріне қаржыны жас жерлестеріміз өздері тапқан, туыстары да көмектесіпті. 
Біз «Шаңыраққа» келген кезде балалардың көңілін сайқымазақтар көтеріп, оларды ортаға шығарып билетіп, ойнатып жатыр екен. Ойында жеңген балалар аға-апаларынан тәттілерге қарық болды. Кішкентайлары болса, сайқымазақтардың қызықты қимылдарын бірге қайталап, бәрі қыран-топан күлкіге батты. Жиналғандарға балалар ауылының директоры Гүлсара БОТАТАЕВА жақсы көңіл-күй тілеп, ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Қызық енді басталды. Жаңағы ақ кенепке салынған суреттер бір мезетте сәбилердің алақандарына толды. Қолдарын бояуға малып алып, балалар өздері салған туындыларын қызықтап қарап тұрды.
Нұрхаттың айтуынша, бұл жерде 30 шақты сурет дайын болыпты. Тағы 10 суретті белгілі суретші Камила ЖАПАЛОВА тарту етуге уәде берген. Бұйырса, дәл осы суреттер 20 қазан күні «Ренессанс» қонақ үйінде өтетін көрме-аукционға жол тартпақ.
- Біз бұл шараға көптеген адамдардың қатысуын жоспарлап отырмыз. Балалардың қолымен салынған суреттер сатылымға қойылып, түскен қаражат түгелімен балалар үйіне аударылады. 20 қазан күні таңертең сатылым болады, ал түстен кейін суреттерді тамашалауға болады, кейін олар иелеріне таратылады. Шара жоғары деңгейде, классикалық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді, - дейді Нұрхат.
Жас жігіттің айтуынша, мұндай қайырымдылық шараларды олар алдағы уақытта да жалғастырмақ. Ал біз жастардың қадамына сәттілік тілейміз!
 
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА, " Ақ-Жайық" газеті, 16.10.2013 ж.

 
   

Қамқоршы күні
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен жыл сайын 29 қазанда Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «Қамқоршы күні» мерекесі өткізіледі. 
Осыған орай, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының барлық аудандары мен қалаларында аталған іс-шараны махаббат, мейірім мен жылылық ахуалында ұйымдастыру жоспарлануда. Мерекеге қамқоршылар мен олардың қамқорлығындағылар шақырылып, балалар отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқықтарын солардың арқасында жүзеге асырған отбасыларға ерекше ризашылық білдіріле отырып өткізіледі.  
Аталған мерекенің өткізілуі әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға айтарлықтай септігін тигізіп, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасы қамқорлығын табуына көмектесетін болады.
 

                                                                                                                                  Ақтөбе облысы Алға балалар үйі                                                                                                                                 Кеудесі жақсылардың алтын сандық

 
Жылдағы дәстүр бойынша қарттар күні Алға облыстық балалар үйінде аталып өтілді. Әр жыл сайын өткізіліп келе жатқан бұл мерекелік шараға мекемемізде жұмыс істеп, еңбек демалысына шыққан  ата-әжелеріміз шақырылды.  Өнерлі өрендеріміздің дайындаған концерттік бағдарламасын көріп, көңілдерін көтерген қарияларымыз ақ дастарханнан дәм татты.  Өздерінің талай жылғы қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жайнап, жақсара түскен  үйіміздің бүгінгі кездегі едәуір үлкен өзгерістеріне ерекше қуанды. Мерекелік жиын соңында қарттарға кәсіподақ ұйымы сый-сыяпаттарын таратты.
Олардың өмірлері – Отанымызға адал қалтқысыз қызмет етудің жарқын үлгісі, кейінгі ұрпақтар үшін мақтаныш, лайықты үлгі-өнеге болып отыр. 
 

Ақтөбе облысы Алға балалар үйі
Ұлылықтың басында ұстаз тұрар
 
Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсырытын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зеделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
 Алға облыстық балалар үйінде ұстаздарымыздың кәсіби мерекесі аталып өтілді. Осындай керемет күні барлық  шәкірттер өздерінің ұстаздарын құттықтағысы келеді, ал ұстаздар  сүйкімді  шәкірттерінің  жылы лебіздерін естігісі келеді. Үйіміздің тәрбиеленушілері өздерінің ыстық ықыластарын өлеңмен өрнектеп, жырдан шашу шашты. Мерекенің ең басты сыйы алғаш рет құрылып, сахнаға шыққан «АДД» ВИА тобы болды.  Қолдарына гитара ұстап, барабан соғып, жанды дауыста ән салған өрендерге дүркірей соғылған шапалақ қуат берді.  Бұл жаңалық басқа да өнерге қызығушылығы бар балаларға ерекше серпіліс болды. 
Алға балалар үйіндегі ұстаздар күнінің аталып өтуіндегі тағы бір ерекшелігі ұжымымызға жаңадан келген жас мамандар сахнаға шығып, өз өнерлерімен бөліседі. Мекемеміздегі қызметкерлердің ауызбіршілігі мен ұжымшылдығының біздің балаларға берері мол. Ұстаздарынан үлгі алған өрендер: «Болашақта мен де ұстаз болсам»,- деп армандайтындары көп. Жұмысына жауапкершілікпен қарап, еңбекқорлығымен ерекше көзге түскен бірнеше мұғалім құттықтау хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматта тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. 
Ақтөбе облысы Алға балалар үйі
Назарбаев  Зияткерлік мектебімен өткізілген жолдастық кездесу
 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев саясатының басым бағыттарының бірі — білім беруді дамыту болып табылатыны баршаңызға аян. Елімізде жас ұрпаққа лайықты білім мен тәрбие беру ісіне айрықша мән берілуі — жарқын болашақ кепілі болып табылады. «Тұңғыш Президенттің 20 интеллектуалды мектебі»жобасы Қазақстанда 2008 жылы қолға алынды. Ақтөбедегі мектеп — еліміз бойынша оныншы мектеп.
Бүгінде Назарбаев  Зияткерлік мектебі облыстың білім жүйесінің мақтанышына айналып, бүкіл білім ордалары үшін үлгі.  Тек оқу ғана емес, спортпен, басқа да сүйікті ісімен айналысамын деген оқушылар үшін де ерекше жағдайлар жасалған. 
Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері қазанның 9-ы күні футболдан жолдастық кездесу өткізу үшін Назарбаев  Зияткерлік мектебіне барды. Тек оқушылар ғана емес, қызметкерлер де ойынға қатысты. Нәтижесінде оқушылар арсындағы ойын 5:0, қызметкерлер  арасындағы кездесу 12:5 есебімен Алға балалар үйінің жеңісімен аяқтаалды. Жан-жақты болып өсуге барлық жағдай жасалған бұл мекеме біздің балалардың көңілінен шықты. Бұндай кездесулер тәрбиеленушілердің ғана емес қызметкерлер арасындағы байланысты нығайтып, достық қарым-қатынасты бекіте  бермек.

Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» ҚММ-де Қарттар күнінің өткізілуі туралы ақпарат

 
Қарттар күні – бұл шуақты да мейріміді мереке. Бұл күні біз ата-анамызды, аталарымыз бен әжелерімізді, еңбек ардагерлерін ерекшет назарға аламыз. Бұл мерекенің бүгінгі күнгі маңызы өте зор, себебі бұл мереке арқылы қазіргі қоғамдағы қарт адамдардың көптеген мәселелеріне көңіл бөліп, көмектесе аламыз.  
Жас кезімізде қарттылық туралы ой сондай алыс, бір мүмкін емес, әлі жүзеге аспайтын бір құбылыс ретінде көрініс табады. Үнемі осындай әдемі, жас қалпында боламыз деп ойлаймыз, бірақ уақыт өз дегеніне жетеді. Өмір зымырап өтеді, жылдардың жылдамдығы да жыл сайын тездетіледі, күндердің бір күнінде адам әжелер мен аталардың қатарына толықытырып жүргендігін сезінеді. 
1 қазан күні Астана қаласының Балалар үйінде еңбек ардагерлерін құрметтеу дәстүрге айналды. Балалар қарт адамдарға өз қолдарымен сыйлықтар мен ашықхаттарды дайындайды. Педагогикалық ұжым тәрбиеленушілердің шығармашылық ұжымдарымен бірге (Жүректен жүрекке» атты құттықтау концертін дайындап жатыр. Осы мерекенің қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагері, танк жүргізушісі Безродов Александр Савельевичпен тәрбиеленушілер кездесіп, көңілін көтерді. 
Балалар Александр атаның үйіне қонаққа барып, үйін тазалап, дастарқан жасасып, жазғы демалыстары туралы әңгімеледі. 
 
   

 
«Үміт» балалар үйінде мини –футбол алаңы ашылды
 
 Қазақстан Республикасы Президенті Н.А.Назарбаевтың халық арасында жаппай спортпен шүғылдануды дамыту, спорттық құралдарды пайдалануды қолжетімді ету, бос уақытты тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау туралы Жолдауын жүзеге асыру аясында, Павлодар облысының әкімі Ерлан Мұхтарұлы Арын және «Евроазиаттық энергетикалық  корпорация» АҚ –ның президенті Абдуазим Абдуғаниұлы Рүстамбаевтың қолдауымен, Екібастұз қаласындағы «Үміт» балалар үйінде жасанды мини-футбол алаңы ресми түрде ашылды. Спорт алаңының ашылу салтанатына қалалық маслихаттың депутаты С.В.Лепехин, «Восточный» разрезі директорының бірінші орынбасары А.Н.Мирахметов, «Восточный» разрезінің кәсіподақ комитетінің төрағасы В.П.Давиденко қатысты. Ал дәстүрлі қызыл лентаны Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Маржан Жамбылқызы Қайырбаева мен «Восточный» разрезінің «ЕЭК» АҚ корпорацияның президенті А.А.Рүстамбаев қиды.
«Восточный» разрезінің «ЕЭК» АҚ-ның президенті Абдуазим Абдуғаниұлы жас спортшыларды үлкен оқиғамен құттықтап, оларға жаңа футбол алаңында жоғарға спорттық жетістіктерге жетуді тіледі. Сонымен қатар, Корпорация президенті өз сөзінде «Восточный» разрезі мен «Үміт» балалар үйі арасындағы қамқорлық қарым–қатынасқа биыл 20 жыл толатындығын атап өтті. Балаларды шексіз қуанышқа бөлеген спорт алаңының салынуы қалалық маслихат депутаты Лепехин Сергей Васильевичтің  қолдауымен жүзеге асырылып отыр. Сонымен қатар спорт алаңының ашылу салтанатына депутат өз тілегімен қоса балаларға «Аверс» фирмасының атынан үлкен 3D плазмалық теледидар және спорттық құрал- жабдықтарды сыйға тартты.
Балалар үйінің балалары мен ересектерінің атынан білім бөлімінің басшысы М. Қайырбаева қамқоршыларға зор алғысын білдірді.
Ал жас спортшылар атынан сөз алған команда капитаны Каширин В. кешегі күні қол жетпес армандай болып жүрген футбол алаңының салынғанына өте қуанышты екендігін жеткізіп, алғысын білдірді. Енді бұл алаңда көптеген қызықты сайыстар өтетін болады деп қуанды. Ашылу салтанатынан кейін, «Восточный» разрезі мен «Үміт» балалар үйі командалары арасындағы футболдан сайыс өтті. Қақпаға бірінші допты соғу мәртебесі балалар үйінің футбол командасының капитаны Каширин Владимирге бұйырды. Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің басшысы Маржан Жамбылқызы балалар үйінде спорттық алаңның ашылуы балалардың денсаулығын нығайтып, спортты әрі қарай дамыту және салауатты өмір салтын насихаттауға зор үлесін тигізетіндігін атап көрсетті.  
 
Үміт» балалар үйінің пресс-центры
 
   

«Жанұя» Мамандандырылған Кешенінде спорттық шара

Сәтті салғаннан голдан кейінгі балалардың, ересектердің қөңілді бақытты шақтары, қатты дауыс және қол шапалақтауындай.... сонымен бұның бәрі 2013 жылғы 5 қазанда «Жанұя» Мамандандырылған Кешенінде ҚБТУ-дың студенттерімен спорттық шара өтті.
Спорттық жарыстың ерекшелігі футболдық жарыстан 1 орынға тамаша плазмалық теледидар сыйлағын алғанда емес, ең бастысы ересектермен тең ойынды ойнауда болды.
Бұл спорттық шара балалар үйінің тәрбиеленушілеріне ұмытылмастай әсерлі көңіл күй сыйлады.
Мерекедегінің барлығы алдын ала студенттермен тыйанақты ойластырылып  ұйымдастырылды.
Студенттер балалардың көңілінен шығу үшін барлық мүмкіндіктерді жасады. Балалар тек қана спорттық жарыстарды ғана емес сонымен қатар әртүрлі аттракциондық және ойындарды көрді.
Балалардың мерекеден күткен үлкен әсерлі сезімдері ақталды. Олардың армандары осындай мерекелік шаралар мүмкіндігінше жие өткізіліп тұрса екен дейді. 
 

БҚО әкімдігі Білім басқармасының

Облыстық балалар үйінде өткізілген
«Қуан, сәби!» акциясы туралы ақпарат
 
Әлеуметтік жетімдік мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында  2013 жылы 28 қыркүйекте БҚО әкімдігі Білім басқармасының Облыстық балалар үйінде  «Жат бала болмайды!» ұранымен «Қуан, сәби!» акциясы өткізілді. 
Акцияға Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері, педагогтар, тәлімгерлер, ата- ана болуға үміткер азаматтар, сонымен қатар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, демеушілер және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Шараның бағдарламасында тақырыптық кездесу, «Біз- біргеміз!» атты тренинг, «Жанұя- менің бақыт кілтім» балалар сурет көрмесі, «тәтті дастархан» енгізілді.
Акцияға тәрбиеленушілер және педагогикалық ұжым мерекелік концерт дайындады. Концерт кезінде шақырылған қонақтар балалардың өнерлерін тамашалады.
Тәрбиеленушілерге БҚО балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Х.Масалимов, облыстық балалар үйінің директоры Р.И.Наурзова, қалалық маслихаттың депутаты А.В.Михно, облыстық маслихат депутаты З.М.Мусинаның көмекшісі- А.А.Сикун, ЖК«Сарыарқа» директоры А.Амангалиев, №9 ЖОББМ директоры  А.К.Абулкаирова жылы лебіздерін айтты.
 
   
 
Сонымен қатар балаларды мерекелерімен №19 мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілері және Орал қаласының №1 музыкалық мектебінің оқушылары құттықтады. 
Мейрам жылулық пен махаббаттқа толы болды. Кішкентай тәриеленушілердің жаңа достары пайда болды. Ал үлкендер болса, балалық шаққа саяхат жасады. Әр кездесулер сайын үлкендер мен балалар достығы нығая түспек.
  
   

Ақмола облысында «Қуан сәби» Республикалық акцияны өткізу туралы 
 
2013 жылдың 20 қыркүйек күні Астрахан ауданы, Астраханка а. №2 ОМ салтанатты әшекейленген залыңда «Қуан сәби!» («Радуйся, малыш!») республикалық акциясы өткізілді.  
Акцияның ұйымдастырушылары:  облыстық білім басқармасы, Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы, Астрахан ауданының әкімшілігі және білім бөлімі. 
Осы акцияда 150 адам санында қатысушылар мен қонақтар, сондай-ақ білім басқармасы басшының орынбасары Б.А.Жанбаев, Астрахан ауданының әкімі Т.А.Ерсеитов, Аудан ардагерлері кеңесінің төрағасы С.С.Сейтжанов, Астрахан ауданының №6 АТК директоры В.Г.Быстрицкая, аудандық маслихаттың депутаттары, қамқоршылар (қорғаншылар), асырап алушыларға кандидаттар, ауданның педагогикалық және ата-аналар қоғамы, Астраханка а. мектеп оқушылары және БАҚ қатысты.     
Мектеп фойесінде балалар суреттерінің көрмесі, «Балалардың көздерімен әлем» ұсақ жұмыстары, «Менің отбасым» фотосессиясы, слайдтардың көрсетілімі ұйымдастырылды.  
Мерекелеудің салтанатты бөлімінде Ақмола облысы басшының орынбасары Б.А.Жанбаев сөз сөйледі, ол осы акцияның маңыздылығын атап өтті, қамқоршыларды, асыраңды ата-аналарды олардың мәртебелі миссиялары үшін ризашылығын білдірді және оларға естелік сыйлықтарды сыйлады. 
«Қуан сәби!» республикалық акциясын дайындау барысыңда ауданның мектептерінде шығармалардың, суреттердің, «Менің отбасым» тақырыптағы плакаттардың конкурстары өткізілді. Қорытыңдылары салтанатты іс-шарада жинақталды. 
Салтанатты рәсімінде «Отбасының тұтқыны» атты жобаның көрмесі ұйымдастырылды, бұл көрме Астраханка а. № 2 ОМ мұғалімдер және оқушылармен, психолог И.Л.Плеханованың жетекшілігімен ұйымдастырылды. Залда ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірлеріне ешкім де немқұрайды қалған жоқ.  Ерекше шабытты барлық қонақтар ауданның жас артистерінен алды. 
«Қуан сәби!» акциясын дайындау кезеңінде ауданның қамқорлық және қорғаншы бөлімімен, Отбасыны қолдау қызметімен өз отбасына алуға тілек білдірген отбасымен дайындық жұмысы жүргізілді. Жұмыстың қорытыңдылары бойынша 9 балаға қамқорлық (қорғаншылық) ресімделді, қамқоршыға 2 кандидаттар есепке алыңды, 2 ата-ана ата-аналық құқықтық қалпына келтірілді, отбасылық тәрбиелеудің бастапқылығы бойынша БАҚ-да мақалалар жариялаңды. 
Жұмыстың қорытыңдылары бойынша ағымдағы жылда қамқорлыққа және қорғаншылыққа жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 12 бала анықталды.  
Отбасыны қабылдау қызметімен, ауданның қамқорлық және қорғаншылық органдарымен осы бағыт бойынша белсеңді жұмыс жүргізілуде. 

«Үміт» бөбектер үйінде «Қуан сәби»
мерекесі өткізілді
 
«Үміт» бөбектер үйінде 2013 жылдың 20 қыркүйегінде «Қуан сәби» мерекесі өткізілді. Мерекенің мақсаты әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балаларды жанұяларға орналастырудың баламалы нысандарын дамыту, сонымен қатар қоғам назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне аудару және балалар үйлерінен бала тәрбиелеп алуға ниет етіп отырған ата-аналарды қолдау, оларға құқықтық тұрғыдан көмек көрсету болды.
Мерекеге Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқықтарын қорғау басқармасының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, бөбектер үйінің қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Музыка залында балаларды ертегі кейіпкерлері Күлдірген мен Бүлдірген көңілді әнмен қарсы алды. Сонан соң қыздар өзбек биі мен «Листок» атты күзгі биді орындады. Балалар ертегі кейіпкерлері Күлдірген мен Бүлдіргеннің қызықты ойындарын ойнады. 
Мерекеде балаларға Күлдірген мен Бүлдіргеннің бастан кешкен қызықты оқиғалары бойынша қойылым көрсетілді. Бүлдіршіндер өз кезегінде 
қонақтарға «Достық», «Бал балалық»  әндерін орындап, тақпақтар айтып би биледі. Балаларға арналған мерекеге келген «Кукла» кейіпкері балалардың барлығына ойыншықтар сыйлады.
Мерекеде Жамбыл облысы әкімдігінің балалар құқықтарын қорғау басқармасының бас маманы Т.Төлегенов және мамандырылған «Үміт» бөбектер үйінің бас дәрігердің орынбасары Ү. Аяшева балаларды және ұстаздар ұжымын «Қуан сәби» мерекесімен құттықтап, тоқсан сайын өткізіліп отырған мерекенің мақсатымен таныстыра келе балаларға еліміздің үлкен азаматы болып өсулеріне тілек білдіре отырып, оларға ойыншықтар мен доптар сыйлады.
Мереке соңында балаларға мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
 
Бала мүдделерін құқықтарын қорғау 
 және адамгершілік рухани даму бөлімі
 
  
 

2013 жылы ШҚО жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 
интернатты ұйымдарда өткізілген мемлекеттік тілге арналған
онкүндік қорытындысы бойынша ақпарат 
 
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдарда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша 2013 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2013 жылдың 13 – 22 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысының интернатты ұйымдарында мемлекеттік тілге арналған онкүндік өткізілді. Аталған шараның мақсаты – тәрбиеленушілерді патриоттыққа баулу, мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу, туған елдің мәдениетімен, тарихымен, қазақ елінің салт-дәстүрлерімен таныстыру. Интернатты ұйым әкімшіліктерімен онкүндікті өткізудің іс-шаралар жоспары әзірленіп, оның аясында түрлі конкурстар, викториналар, қаланың көрнекті орындарына топсеруендер ұйымдастырылды, көрмелер, концерттік қойылымдар дайындалып, тренингтер мен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған түрлі шаралар өткізілді.  
Шығыс Қазақстан облыстық балалар ауылында 16 қыркүйек күні Раимхановтар отбасында қазақ елінің тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатында «Абылай және қазақ батырлары» атты танымдық шара өткізілді. 
18 қыркүйекте балалар ауылының 14 тәрбиеленушісі «Дарын» РҒПО ШҚФ ұйымдастыруымен қазақ тілі пәнінен өткізілген «Айналайын» атты облыстық олимпиадаға қатысты.
19 қыркүйекте «Бір шаңырақ астында» атты концерттік бағдарлама өткізіліп, мұнда балалар ауылының тәрбиеленшілері арасынан шыққан шығармашылық ұйымдар өз өнерлерін көрсетті. 20 қыркүйекте мемлекеттік тілде «Менің қалам»  тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы ұйымдастырылды, оған орыс ұлтты балалар белсенді қатысты. 1 орынды У. Потанина мен О. Веревкина иеленді. Жеңімпаздарға мақтау қағаздары табыс етілді. 
 «Үміт» балалар үйінде онкүндік «Ұлт дегенің – тіл, тіл дегенің – ұлт» атты салтанатты жиыннан басталды. Мекемедегі әр топтың өткізген шарасы түрлі ұлттардың салт-дәстүріне арналып, «Өзге  тілдің  бәрін біл - өз тіліңді құрметте!»,  «Тіл тағдыры – ел тағдыры», «Тілім менің - тірегім», «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» және т.б. тақырыптарға өткізілді. Мекемеде елімізде тұратын түрлі ұлттардың мәдениеті, тарихы туралы қысқаша мағлұмат беретін газеттер, буклеттер шығарылды. Әр топ ән салып, би билеп, әр ұлттың тағамдарымен таныстырды. Шараға әр бала үлкен жауапкершілікпен дайындалып, белсенді қатысты. Балалар Қазақстан ұлттарының өмірі мен дәстүрінен көптеген қызықты деректермен танысты. Онкүндік аясында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында «Қазақстан Өскемен» телеарнасына арналып «Тілге құрмет – елге құрмет» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. 
 Семей қаласындағы №3 балалар үйінде онкүндік салтанатты жиыннан басталып, онда балалар қазақ, орыс, татар тағы басқа тілдерде өлеңдер оқып, ән айтты. 
Онкүндік аясында әр топ өз шараларын дайындады. «Жұздызшалар» тобы тәрбиеленушілерінің «Тілдер достығы» тақырыбында дайындаған шарасы Қазақстан Республикасы халықтарының достығына арналды. 
«Балдырған» тобының балалары қазақтың   «Тұсаукесер» дәстүрін сахналап көрсетті.   «Фантазёры» тобы қазақ тілінде Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың салт-дәстүрлерімен таныстырды.
«Жас канат» тобы «Мың бір мақал, мың жұмбақ» тақырыбында қазақша мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар сайысын ұйымдастырды. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі «Тіл бар жерде өмір бар» тақырыбында шара ұйымдастырып, онда славян ұлтты балалар қазақ тілінде «Бауырсақ» ертегісін сахналап көрсетті. 3-5 сыныптар арасында «Тіл және достық» тақырыбында шығармалар сайысы ұйымдастырылды. Онкүндік қорытындысы бойынша белсенді қатысқан балалар сыйлықтармен марапатталды. 
Психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп-интернатында «Мың бір мақал, мың жұмбақ» тақырыбында мәнерлеп оқу сайысы, әдеби кеш ұйымдастырылды, кітапханада «Мемлекеттік  тіл – менің  тілім» тақырыбында көрме дайындалды, жоғарғы сынып оқушылары арасында шығарма жазудан сайыс өткізілді. Балалар шараларға үлкен қызығушылықпен дайындалып, белсенді қатысты. Ең белсенді қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді. Онкүндік мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды. 
Семей қаласындағы Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында «Ана тілі – халықтың басты нышаны» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – балалардың мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру, патриоттыққа тәрбиелеу. Орталық әкімшілігі тәрбиеленушілерге музыкалық колледж студенттерімен кездесу ұйымдастырды, студенттер домбырада күй тартып, ән шырқады. 
Балалар үнтаспадан Қазақ халық аспаптар оркестірінің орындауындағы атақты Құрманғазының «Адай» күйін тыңдады. 
Танымдық, позитивті қозғалмалы ойындар, патриоттық рухтағы өлеңдер мен шырқалған әндер балаларға қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оқыту-тәрбиелеу орталығында алдын-ала жасалған жоспарға сәйкес ертеңгіліктер, ашық сабақтар, сынып сағаттары, сахналық көріністер, ұлттық ойындар, балалар суреттерінің көрмесі, Өскемен қаласындағы Этноауылға топсеруендер ұйымдастырылды. Онкүндіктің ашылуы салтанатты жиыннан басталып, онда балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын орындады. Аталған мекемеде балалар қазақ тілін үш жастан бастап үйренеді. Онкүндік барысында өткізілген шаралар балалардың білімдерін бекіте түсті, олар қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ерекшеліктері туралы көптеген мағлұматтар алды.  
Онкүндік барысында балалар қуанышқа, шаттыққа бөленді, шаралардың барлығы жоғарғы деңгейде өткізіліп, өте қызықты, танымды болды. Жарқын, көңілді сәттер балалардың жадында ұзақ сақталатыны сөзсіз. 
 
    
 

«Бөтен бала болмайды» патронаттық отбасылармен  кездесу
 
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Павлодар облысында облыс әкімі Е.Арын және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық  комиссия төрайымы Г.Н. Әбдіқалықова  қатысуымен  патронаттық отбасылармен кездесу өтті. Әрбір бала өміріне отбасы тәрбиесін дамытудың, әлеуметтік жетімдік мәселелерін шешуде патронаттық тәрбие рөлінің маңыздылығы кездесуге қатысушылардың барлығын толғандырды.
Облыста өткізілген әлеуметтік жетімдікті ескерту жөніндегі алдын алу іс-шаралары мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары іске асыруда комплекстік шараларды қосады. Олармен ата-аналар қоғамдастығын, жергілікті атқарушы органдар, Ақсақалдар және үлкендерді кеңінен қатыстыра отырып, қиын жағдайларға тап болғандарға, сәтсіздер қатарына жібермеуде отбасылармен табандылық жұмыстары жүргізіледі.
Кездесуге қатысушылар алдында облыс әкімі өз сөзінде қамқоршы және патронаттық тәрбиеленушілер мемлекеттік ынталандыру шараларында азаматтарда жетім балаларды өз отбасына қабылдауда қоғамдық механизмінің маңызды бола бастағанын атап өтті.  Облыс бойынша жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілер саны 8-10%-ға төмендеуде, соған сәйкес осындай мекемелердің саны да азайды. Соңғы үш жылда жетім балаларға арналған екі мектеп-интернат және бір баспана жабылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 57 бала 30 патронаттық отбасында тұрып жатыр, 1179 бала – 1022 қамқоршылық және қорғаншылық отбасыларда. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізуде жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі айтарлықтай жылжуға мүмкіндік берілді. Күні кеше Ақсу қаласында екі үй тапсырылды, 14 пәтердің кілті 20 жетім балаға бірдей тапсырылды. Жылдың аяғында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламмасы шеңберінде 115 пәтерлі үйді тапсыру жоспарлануда, бірінші кезекте балалар үйлерінің мектеп бітірушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кезек бойынша – аталған бағдарламма қатысушыларына беріледі.
Кездесуге қатысушы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы іскер әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық  комиссия төрайымы Г.Н. Әбдіқалықова өз сөзінде Қазақстанда ананы, әкені, баланы қолдауға бағытталған ауқымды бағдарламмаларды жүзеге асырылуда. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғаудың ерекше мәні бар екенін атап өтті.
Патронаттық тәрбиелеуші М.Х.Амри, А.А.Бейсембинова, Е.А. Яценколар балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті.
Маржан Хасилжанова Амри облыста патронаттық тәрбие білім беру бұлағында деді. Бүгінгі күні төрт баланың үшеуі жеке өмірлік қадамға аяқ басты, білім алды, жұмыс істейді, өз отбасыларын құрды. Олардың бәрі әлі күнге дейін отбасы мүшесі. Яценко Екатерина Александровна өз сөзінде «Ата-анасыз қалған баланың көз жасын көріп өтіп кету мүмкін емес»  – Және мен оларға көмектеспегенше жаным жай табатын емес» - деп айтты. Оның отбасында 3 өз қыздары және 16 асырап алған балалары бар. Әр демалыста және мерекелерде үлкен балалар өз отбасыларымен ата-аналарының үйіне барады. Патронаттық тәрбиелеуші Бейсембинова Алмагүл Алексеевна тәрбиесіне үш қызды алған, оның екеуі өзге ұлт өкілінен. Олардың бәрі мектепте мемлекеттік тілде білім алуда. Әжелерінің көмегімен ұлттық дәстүрге бейімделуде. Олар кездесуге қатысушыларды қазақтың ұлттық өлеңін орындап, таң қалдырды, кішісі Лаурита домбыраның сүйемелдеуімен ән айтты. Осы күні облыстық патронаттық отбасылар саны  тағы бір отбасына көбейді: Ж.М. Заирбаева балалар үйінен екі баланы отбасына қабылдады.
Іс-шараның қорытындысында облыс әкімі патронаттық тәрбиелеушілерге өз ризашылығын білдіріп, ақшалай және құнды сыйлықтар тапсырды.
 
Павлодар облысының балалар
құқықтарын қорғау басқармасы
 
    
 
 

Ақтөбе облысы Алға балалар үйі
Алғашқы мерекемен алғашқы болып құттықтаушылар
 
8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. ҚР Пезиденті Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.  Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады»,- деді. Ата-ана қамқорлығын сезінбеген біздің тәрбиеленушілер үшін бұл мерекенің орны ерекше. Білім күнімен және тұңғыш  рет тойланғалы отырған мерекемен алғашқы болып біздің балаларды 3 қыркүйек күні Ақтөбе Ішкі Істер Департаменті қызметкерлері құттықтады. Оларды   Ақтөбе облыстық кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі Қайрат Өтемісұлы Тұрғанбаев және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы,  полиция подполковнигі Жұмазия Естібайқызы Бүркітова  бастап келді. Жүрек жарды тілектері мен өнерлерін, сыйлықтарын тарту етті. Концерттік бағдарлама көңілді биге ұласты. Тамаша көңіл-күй сылаған, ел тыныштығын қорғап жүрген аға-апаларына балалар шексіз ризашылықтарын білдірді.  
Қуантарлық тағы бір жағдай біздің үйімізде отбасы үлгісіндегі топтың ашылуы да тәрбиеленушілерді отбасылық өмірге бейімдейтін бірден-бір қадам болып табылады.  Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді қалыптастыру және отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатын көздеген бұл мерекенің біздің балаларға берері мол. 
 

Ақтөбе облысы Алға балалар үйі «Сәт» тобына сәттілік тілейміз!

Биыл «Сәт» тобының құрылғанына 5 жыл толды. Осы жыл аралығында талай жүлдені жеңіп, талай елді таңдай қақтырып үлгірген. 2008 жылдан басталған жүлделер тізбегі Астанада өткен республикалық байқаудан басталып, Санкт Петербор қаласында өткен, 11 мемлекет әншілері сайысқа түскен байқауда үздік атанған. 2009 жылы 2011 жылы «Самғау» ұлттық сыйлығының иесі, 2011 жылы «Ең үздік орындаушы» атағына лайық деп танылған. «Сәттің» жігіттерінен жігер алып, өнер айдынына кемесін қосып жүрген мүмкіндігі шектеулі жан қаншама… Отбасын Алға қаласына тіреген «Үміт» мектеп интернатының тәрбиленушілері яғни «Сәт» тобы Алға облыстық балалар үйінен аттап кетпеді. Жеке кәсіпкер Жүнісбек Өтемісұлы  Саметеевтің демеушілігімен 12 қыркүек күні  замандастарына концерттік бағдарламасын ұсынды. Қожабеков Нұржанның  жетекшілігімен келген дарынды жастар балғын бүлдіршіндердің көңілінен шықты.  Ыстық ықылас дүкірей соққан шапалаққа ұласты. Шын жүректен орындалған әсем әндерге билеп, қосыла шырқады. Мүмкіндігі шектеулі, бірақ рухы мақты өнерлі өрендерге шын жүректен шексіз алғысымызды білдереміз. Қанаттары талмасын, «Сәт» тобына сәттілік тілейміз!


Ақтөбе облысы Алға балалар үйі
Балалар – біздің  болашағымыз
 
Балалар – біздің  болашағымыз. Бұл балалар жағдайына немқұрайлы қарамайтын адамдардың ұраны деуге болады. «Жақсыдан – шарапат» демекші, бала жүрегінің нәзік лүпілін жаны жайсаң, көңілі шалқар, жүрегі жұмсақ адамдар ғана біледі. Балалармен достасамын деушілерге біздің үлкен үйдің есігі барлығына айқара ашық. Уақыттары тығыз адамдардың өздері барлық жұмыстарын тастап, жасөспірім балалармен кездесіп, сыйлықтарын ұсынуға Біздің үйімізге  арнайы келіп жатады. Сондай достарымыздың бірі -Ақтөбе мыс компаниясы. (Ақтөбе мыс компаниясы – Қазақстан мен Ресей серіктестігінің бір көрінісі). Арадағы бірнеше жылдық байланысты көрсету мақсатында  біздің балалар  туралы кино түсірді. Бұл бастама тәрбиеленушілер үшін күтпеген қуаныш болды. Өздерін көгілдірэкраннан көреміз деген сезім билеген балғындар түсіруші топқа  бар ынта – жігерімен қолдау көрсетті. Гүл отырғызып, ән айтып, би билеген балғындар түсіру соңында келген аға-апаларымен естелік суретке түсті. Ақтөбе мыс компаниясы қызметкерлері балабақша бүлдіршіндеріне ойыншықтары мен бокспен шұғылданатын жеткіншектерге керекті бұйымдарын да сыйға тартты.

Ақтөбе облысы Алға балалар үйі
Алғашқы мерекемен алғашқы болып құттықтаушылар
 
8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi. Отбасы – адам баласының өсіп-өнер, қаз тұрып, қанат қағар ошақ қасы, алтын бесігі ғана емес, ол – шағын мемлекет. ҚР Пезиденті Н.Ә.Назарбаев: «Отбасында адам бойындағы асыл  қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.  Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,  туған-туысқандарына деген  сүйіспеншіліктен басталады»,- деді.
Ата-ана қамқорлығын сезінбеген біздің тәрбиеленушілер үшін бұл мерекенің орны ерекше. Білім күнімен және тұңғыш  рет тойланғалы отырған мерекемен алғашқы болып біздің балаларды 3 қыркүйек күні Ақтөбе Ішкі Істер Департаменті қызметкерлері  құттықтады. Оларды   Ақтөбе облыстық кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары,  полиция подполковнигі Қайрат Өтемісұлы Тұрғанбаев және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы,  полиция подполковнигі Жұмазия Естібайқызы Бүркітова  бастап келді. Жүрек жарды тілектері мен өнерлерін, сыйлықтарын тарту етті. Концерттік бағдарлама көңілді биге ұласты. Тамаша көңіл-күй сылаған, ел тыныштығын қорғап жүрген аға-апаларына балалар шексіз ризашылықтарын білдірді.  
Қуантарлық тағы бір жағдай біздің үйімізде отбасы үлгісіндегі топтың ашылуы да тәрбиеленушілерді отбасылық өмірге бейімдейтін бірден-бір қадам болып табылады.  Отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді қалыптастыру және отбасы тәрбиесінің мән-маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау мақсатын көздеген бұл мерекенің біздің балаларға берері мол. 

«Бақытты сәттер...»

2013 жылғы 2-6 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері жыл сайын Орынбор қаласында өткізілетін «Бала жүрегінің жылуы» VIII- ші фестиваліне қатысты. «Бала жүрегінің жылуы» фестиваліне тәрбиеленушілер және жетекшілер жаз бойы дайындалды. Осы уақытқа дейін де тәрбиеленушілер бұл фестивальге қатысып, жүлделі орындарға ие болып, лауреат атанған.

  

Фестиваль кезінде балалар өлең айтып, би билеп, сурет салып, спорттық жарыстарға қатысты. Осы жолы да балаларымыз құр алақан қайтқан жоқ. Олар әр түрлі номинациялар бойынша дипломдармен, мақтау қағаздары мен құнды сыйлықтармен марапатталды. «Бала жүрегінің жылуы» атты фестиваль тәрбиеленушілерге ұмытылмас әсер қалдырды.


Степногорск қаласы №4 балалар үйінде жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы 
 
02.09.2013
 
2013 жылдың 1 маусым күні  Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтілді.
3 маусым күні балалар үйінің тәрбиеленушілері Т.С.Хворостовская басқаратын «Дар» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Астана қаласына саяхатқа барды.
Жаз бойы балалар Аккол балалар үйінің «Рассвет»  жазғы лагерінде демалды.
22 тәрбиеленуші  маусым айынан тамыз айына дейін Степногорск қаласында еңбектенумен айналысты.
2013 жылдың маусым айында Аккол қаласында 7-нші облыстық кіші олимпиада ойындарында, балалар үйінің тобы жалпы команда бойынша жүлделі   І орынға ие болды.
2013 жылдың шілде айында Петропавловск қаласында балалар үйінің  тәрбиеленушілері арасында өткен өңіраралық спартакиадада  балалар үйінің   суда жүзушілер командасы І орынға,  теннисшілер командасы ІІІ орынға, сондай-ақ  қыздар арасында дойбы ойынында тәрбиеленуші Чернышова Юлия І орынға  ие болды.
Тәрбиеленушілер Сергеева Света және Чернышова Света Талдықорған қаласында еркін күрес бойынша жиынға қатысты.
Балалар үйінің тәрбиеленушісі Анастасия Пантелеева грантпен Қарағанды қаласының «Социальная педагогика и самопознание» маманы бойынша Букетов атындағы мемлекеттік университетіне түсті.
«Самая лучшая территория» конкурсында С.Н. Балашовтан отбастарына ақшалай сыйақылар берілді.
Сонымен қатар жаз бойы балалар «СДД» ТВ телестудиясы жұмыс істеп, екі тілде жаңалықтар шығып отырды. «Наш ералаш» тележурналын шығару жұмыстары да жүзеге асырылып жатыр. 
 

Балалар ауылдарының үйлестіру кеңесі III отырысының баспасөз хабарламасы
 
28.08.2013
 
2009 жылы жеке және мемлекеттік отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары арасында  тәжірибе алмасу, табысты ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Қазақстандағы SOS балалар ауылдары» Корпоративтік қорымен бірлесіп Балалар ауылдарының үйлестіру кеңесін құрды. 
Мемлекет тарапынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғауға байланысты қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін бағалау, балалар ауылдары қызметінің ең үздік тәжірибесін тарату, балалар ауылдарында  жетім балаларды тәрбиелеу үдерісін жетілдіруге ықпал ету, балалар ауылдары қызметінің басым бағыттары мен даму стратегиясын әзірлеу Балалар ауылдарының үйлестіру кеңесінің негізгі міндеттері болып табылады. 
2013 жылғы 6 қыркүйекте Павлодар облысы Кенжекөл кентіндегі отбасы үлгісіндегі балалар ауылында отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының Үйлестіру кеңесінің III отырысы өткізіледі.
Іс-шараның мақсаты: республика көлемінде отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету, тәжірибе алмасу, насихаттау.
Отырысқа БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Павлодар облысының әкімдігі, «Қазақстандағы SOS балалар ауылдары» Корпоративтік қоры, SOS және мемлекеттік отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының басшылары қатысады.
Аталған отырыстың шеңберінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығын қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өзгерістер, мемлекеттік балалар ауылдарында балалармен жұмыстың әлеуметтік технологиялары мен қамқоршылық сапасының халықаралық стандартын қолдану мәселелері, мемлекеттік және SOS балалар ауылдары арасында серіктестіктің келешегі, басқа да мәселелер талқыланады.
Үйлестіру кеңесі отырысының нәтижесі бойынша қарар қабылданады.

Балалар үйінің тәрбиеленушілері анимациялық фильмнің алғашқы көрермендері болды

14.08.2013
 
Отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушілері анимациялық фильмді тегін тамашалды.
Оларға бойдағы қатыгездіктен арылып, адамгершілік құндылықтарды насихаттайтын мультфильм әлемдік премьерасынан 1 күн бұрын көрсетілді. Анимациялық туындының негізгі кейіпкері заманның ағымына қарай барлық жақсылық қасиеттерден арылған. Алайда ақылды достарының арқасында ізгілік жолына түсіп, мейірбан жанға айналады. Ұйымдастырушылар бүлдіршіндерге бұл шығарманы көрсету арқылы мейірімділікті насихаттамақ болғандығын алға тартуда. Сондай-ақ, шара соңында бүлдіршіндерге балалар ертегілері жазылған күйтабақ таратылды.
Нариман СЕРІК, көрермен:
- Бұл анимациялық фильмдер жақсылыққа тәрбиелейді. Жақсылық жамандықты жеңеді. Осындай мультфильмдерді қазақ тілінде де түсірсе ғой.
 
24 KZ, 14.08.13 ж.

«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің Парижде өткен халықаралық балалар шығармашылығының фестиваліне қатысуы туралы
04.07.2013

Шығыс Қазақстан облысындағы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері бірнеше рет халықаралық конкурстарға, фестивальдарға қатысып, жетістіктерге жетіп келеді. Бұл жолы да балалар Франция астанасы Парижде «САЛЮТ ТАЛАНТОВ» атты халықаралық жоба аясында өтіп жатқан «PARIS, JE T'AIME!» («Париж, мен сені сүйемін!») XV Халықаралық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының фестиваль-конкурсына қатысып, жеңіспен оралды. 
   
«Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері екі номинация бойынша өнер көрсетті: вокал мен цирк жанры. Бүгінгі таңда фестивальдың қорытындысы белгілі болды – «Шығыс жұлдызы» акробатикалық би тобы өз номинациясы бойынша бірінші орынды иеленсе, Лоскутов Влад «вокал» номинациясында екінші орын алды.
                                                   
Балалар Өскемен қаласына 2 шілде күні келді. Ұзақ жолдан шаршағандарына қарамастан, жеңіс туын желбіреткен балалардың жүзіндегі қуаныш байқалып тұрды.
                                                         
Парижде жас өнерпаздар әр баланың арманына айналған аты әлемге әйгілі «Disneyland» саябағын аралады.
Балалардың Францияға сапары Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбевтың қолдауымен ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың тамыз айында шығармашылық ұжым гала-концертке қатысады.  
«Үміт» балалар үйінің жас өнерпаздарына алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз.
     
                                                                        


2013 жылдың маусымында Қаратал ауданы, Үштөбе қаласындаңы балалар үйінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балалардың күлкісі – әлемнің сәні» мереке шарасы сағат 10.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жоспарланды.   
Мерекеге облыс әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас инспекторы М.Сегізбаева, Алматы облысының білім басқармасының бөлім бастығы Г.Елубаева, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Ғ.Алиева, Қаратал аудандық әкімінің орынбасары К.Байтаева, Қаратал аудандық «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының орынбасары Қ.Әміренов, Қаратал аудандық маслихат хатшысының бөлім бастығы Қ.Есботанов, Алматы облыстық соты, Талдықорған қаласының қаржы басқармасының қызметкерлері, Талдықорған қаласының «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» қызметкерлері, ТАТЭК АҚ-ның президенті Рахат Әбілсеитұлы, Талдықорған қаласының «Рич» ағылшын қоғамдық қорының атқарушы директоры Б.Усенов, Талдықорған қаласының «Видергебург» жоба менеджері Н.Квашина қатысып, сыйлықтарын тарту етті. 

      
Әкімі аппаратының әлеуметтік сала бөлімінің бас инспекторы М.Сегізбаева балаларға арнайы облыс әкімі А.Мұсахановтың атынан теледидар тапсырды.  
Мереке барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтар мен демеушілерге өз ризашылықтарын білдіру арқылы концерттік бағдарламасын ортаға салды. 
Концерттен кейін «Асфальтта сурет салу» жарысы, «Көңілді старт» эстафеталық ойындары, 8-9 сынып аралығындағы жасөспірімдер арасында баскетбол, 5-7 сынып аралығындағы жеткіншектер арасында футбол ойындары өткізілді. 
Мереке соңында «Қаратал тәттілері» мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
                                                          

2013 жылдың 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні облыстық «Айналайын» балалар үйінде тәрбиеленушілерге арнайы «Бақытты балалық шақ!» атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
«Қазақстан тұрғын үй жинақтау банкісі» АҚ, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университі, «Асыл арман» фирмасы, «салауатты өмір-салтын қалыптастыру орталығы» өкілдері балаларды мейрам күнімен құттықтап, арнайы әкелінген тәтті-тағамдар мен сыйлықтарды тарту етті.
Наңыз жігіт – қорған болар халқына,
Нағыз жігіт – берік болар антына.
Нағыз жігіт – жалғастырып дәстүрді,
Адал болар ата-баба салтына – демекші, облыстық «Айналайын» балалар үйінің түлектері Кузьменко Владислав пен Байдалиев Айдос бірге өскен іні, қарындастарына жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар мен балмұздақ таратты.  
                     
Мереке барысында «Асыл арман» фирмасы қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Шоу мыльных пузырей» атты шоусы балалардың естерінде мәңгі қалады деп сенеміз. Өйткені балалар осы шоуға ерекше белсенділік танытып, бәрі бірге ойнап-күлді.
                     
Шоу аяқталғаннан кейін, балалар жасын алаңға шығып, «Көңіл эстафета» және ұл балалар арасында мини – футбол ойындары өткізілді. Ал, бастауыш сынып оқушылары «Я рисую солнце» тақырыбында асфальтта сурет салды.
Мерекенің соңында жоғары сынып оқушылары үшін би кеші ұйымдастырылды.  
                                                         

 


ШҚО-нда Балалар үйлерінің түлектерін қолдау бойынша облыс әкімдігі мен «Казцинк»  ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімін өткізу туралы 
 

2013 ж. 31 мамырында ШҚО Өскемен қаласы  Балалар  қалашығы этно ауылда  Балаларды қорғау күніне арналған облыс әкімшілігі мен «Казцинк» ЖШС  арасында балалар үйі түлектерін қолдау және  «Планирование жизни и карьеры выпускников детских домов» жобасы аясында меморандумға қол қою туралы  салтанатты жиын өтті. 
Іс-шараға - ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Көшербаев Ермек Беделбайұлы  және «Қазцинк» ЖШС әкімшілік сұрақтары жөніндегі вице-президенті Лазарев Андрей Павлович, департамент басшылары сондай-ақ шақырылған қонақтар, «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері (9-11 сыныптар), БАҚ өқілдері қатысты.
Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаевтың бастамасымен облысымызда 2011-2015 жылдарға арналған Жетім және ата-аналарының қамқаорлығынсыз қалған балаларды қолдау туралы  Кешенді жоспар жүзеге асып  келеді.

                                                                      

Кешенді жоспар аясында мемлекеттік ұйымдар және мекемелер, ірі кәсіпорындар,  орта және кіші бизнес салалары жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды   әлеуметтік-патранаттық қолдау көрсету үшін қамқорлыққа алды.
«Казцинк» компаниясы –бірден  48  тәрбиеленушіні, оның ішінде 37 «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісін қамқорлығына алған компания.
Интернаттық мекеме тәрбиеленушілерінің еңбекке орналасуына, әлеуметтік бейімделуіне  осы жылдың сәуір айынан бастап «Планирование жизни и карьеры выпускников детских домов»  пилоттық жобасы «Үміт» балалар үйі негізінде   жұмыс істеп келеді. 

                           

 

Осы атқарылып жатқан жұмыстардың кәсіби бағыт беруде  жоғары нәтижеге жетуі үшін  «Казцинк» компаниясы алғашқылардың бірі болып, жобаны іске асыруда  ШҚО балалар құқығын қорғау департаментімен  бірге белсенді жұмыс атқарып келеді.
Түлектерге арналып ұйымдастырылған, мұндай қызықты да көңілді мереке ҰБТ, мемлекеттік емтихан, және мамандық таңдау  сияқты түлектердің алдында  тұрған аса жауапкершілік сәтте балалардың жүрегінен жол тауып бір серпілтіп тастады.


«Таң Шолпан» достарын шақырады!

31.05.2013

2013 жылғы 1 - 3 маусым аралығында Қостанай қаласына  республиканың барлық өңірінен  балалар үйлерінің тәрбиеленушілері жиналуда.
Қазақстанның ең әдемі қаласының бірі – Қостанай биылғы жылы жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарының тәрбиеленушілері арасында VІII Республикалық «Таң Шолпан»  конкурсын  өткізетін орынға  айналып отыр. 

«Таң Шолпан» балалар шығармашылығының конкурсы 2006 жылы бастама алды. Бүгін ол жылсайын дәстүрлі түрде өткізілетін  мерекеге айналды.
Конкурстың ашылуы 1 маусым, Халықаралық балаларды қорғау күнімен  қатар келіп отыр.  Бұл жылы конкурсты мюзикл жанрында өткізу жоспарлануда.
Конкурстың қатысушылары – өз аймақтарында іріктеу кезеңінен өткен ең үздік ұжымдар.
Байқауға қатысушылар білікті әділқазылардың назарына екі қойылымнан ұсынады.
Конкурс жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтарға ие болады.
Конкурсты сапалы өткізу мақсатында әкімдік облыс орталығынан ең жақсы ғимараттарды бөлді. Ашылу рәсімі облыстық филармонияда, ал жабылу рәсімі Қазақ драма театрында өтеді. Байқаудың құмарлығы, жаңа кездесулер, қызықты саяхаттар және тағы да басқа көптеген іс-шаралар балаларға жағымды әсер қалдырары сөзсіз. 
       
Ал бүгін, 31 мамыр күні барлық конкурсқа қатысушылар өз жетекшілерімен Қостанай қаласына келіп, орналасты. Оларды Қостанай қаласының мектептері мен колледждерінің өкілдері қуанышпен қарсы алды.
       
Сонымен қатар, балаларды дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директоры Г.Қарпыкова өз ұжымымен құшақ жая қабылдады. Олар үшін  жайлы жатын, тұрмыстық және гигиеналық бөлмелер, спорттық алаңдар дайындалған. Орналасып болғаннан кейін балалар конкурстың алғашқы күндерін Жеңіс саябағында, Ы. Алтынсарин атындағы музейде,  суреттер галереясында,  өлектану музейінде болып, Қостанай қаласының көрнекті жерлерімен танысудан бастады. Олар  қаланы, оның әдемі таза көшелерін бірден ұнатқандықтарын қала қонақжайлылығына көңілдері толғандығын қатты әсермен сездірді, әрі өздеріне бекітілген жетекшілерімен достасып та үлгерді.

       

 Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, білім басқармаларының, ішкі істер және денсаулық сақтау өкілдері мен ұйымдастыру комитетінің мүшелері тәулік бойы кезекшілік ететін конкурстың облыстық штабы да осы мектепте ұйымдастырылған. 
Бүгін күндіз өңірлерден келген делегациялар жетекшілері және штаб мүшелерімен Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б. Әлібаева кеңес өткізді. Онда жалпы ұйымдастыру мәселелері талқыланып,  конкурс күндерінің кейбір тетіктері нақтыланды. 
Конкурсқа келген ересектер мен балалардың көңіл-күйлерінің көтеріңкі екендігі ерекше атап өтерліктей, жақсылыққа  ұмтылған олар жеңімпаз болмаса да, «ТАҢ ШОЛПАН» атты  керемет мерекеге қатысуға мүмкіндік алғандары үшін өте қуанышты. 
Барлығына сәттілік тілейміз!

«Тіл құдіреті» кітап мейрамы 
 
Ағымдағы жылдың 14 мамыр күні  Павлодар қаласының  отбасы үлгісіндегі балалар ауылында Балаларадың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен балалар үйлерінің кітапханаларын мемлекеттік тілдегі көркем әдебиеттермен толықтыру акциясы өткізілді.
Акцияның демеушісі ретінде облыстық тілдерді дамыту басқармасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партияның  «Жас Отан» жас қанатының облыстық филиалы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми кітапханасы, «Қазақстан студенттерінің» жас бірлестігінің облыстық филиалы, волонтерлер – Павлодар қаласының № 20 мектеп-лицейінің оқушылары  болды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен демеушілер, тәрбиеленушілердің  жас ерекшеліктеріне қарай,  жиналған  мемлекеттік тілде 350-ден астам   кітаптар сыйлады.  Балдырғандар   көркемденген  Қазақстанның әрбір халықтарынын ертегілеріне қуанды. 
Балалар қонақтарды өздерінің жақсы көретін мемлекеттік тілдегі кітап көрмесімен қарсы алды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері қонақтарға мемлекеттік тілді дамыту жұмысы туралы баяндады, өздері жасаған ұлттық өнімдерді көрсетіп мақтанды. Акияның нәтижесінде,  балалар жақсы көретін қазақ әндерін орындап, қатысушыларға  арнап шағын концерт қойды.
Акция бұқаралық ақпарат құралдарында: теледидар мен радиода жарық көрді.

«Айналайын» үйіндегі қазақ тілі барысы

Алматы облыстық «Айналайын» балалар үйінде бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған, парасатты адам тәрбиелеу, өсіру мақсатында «Айналайын» үйіндегі қазақ тілі барысы» атты іс-шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара негізінен екі бағыт бойынша өткізілді:
1. Сурет салу;
2. Шығарма жазу.
Бұл баланың дүниетанымын дамыту, әлеуметтік және ұлттық психологиясын қалыптастыруға бағытталған. Балаларды қоршаған ортада, айналада болып жатқан жағымды-жағымсыз құбылыстарды сезіне, түсіне ойланып, толғана әсерлене білуге үйретіп, өмірге қажетті дағдыларын меңгерту болып табылады.
                               
Сурет салу жанры бойынша ерекше сурет салған, болашақта атақты суретші болуды армандайтын «Жігер» тобының тәрбиеленушісі Артем Попов жеңімпаз атанды. Тәрбиеленушілер сурет салу арқылы өз қиял, армандарын асқақ, ертеңгі ел болашағының адамы екенін дәлелдеді. «Ұлан» тобынан Иван Ерш, Игорь Федорович, Федор Лазарев, «Жазира» тобынан Камила Тимошенко, Аяулым Мадияр, Ольга Веснина, Мария Федорович, Елена Нетребенко, «Арай» тобынан Ангелина Витионова, «Үміт» тобынан Назерке Қыдырбаева өз ойларын әртүрлі сурет салу арқылы көрсетті.
Аңсаған арманын әдемі сөзбен жазып, көпшілікке жеткізе білген қиялы ұшқыр, армандары биік балалар Виктория Валитова, Ангелина Витионова «Үздік шығарма» номинациясында жеңіске жетті. 
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды. 

«Мамандықтың бәрі жақсы» дөңгелек үстел  

Үстіміздегі жылдың 17 сәуір  күні  «Мамандықтың бәрі жақсы» атты дөңгелек үстел  Облыстық отбасы үлгісіндегі  балалар ауылында өтті. 
Мақсаты: мамандық таңдауда жауапкершілікті қалыптастыру,өзін-өзі тану аймағын кеңейту, мамандықтар  әлемінен ақпараттар алу, қазіргі заманның тапшы мамандықтарын көрсетіп,соған қарай бағыттау.
Шараға қатынасқан  қонақтар: Балалардың құқығын қорғау департаментінен- Ғилымов Алпамыс Хасанұлы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінен –қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы Шуйншалиева Г.Н, №1 Сервис колледжі – өндірістік оқыту шебері Жунисова Б.Б, №4 Атырау мұнай газ технологияляқ колледжінен– өндірістік оқыту шебері Сабирова Ж .Е,түлектер,тәрбиеленушілер,тәрбиешілер.
                         
Дөңгелек үстел түлектерге арналған тренингтен басталды. Алақандарына салынған лентаны тілектерін айтып үріп, бүгінгі күнге сәттілік тіледі. Мамандық таңдау жауапкершілігі біздің балалар ауылының түлектерінің басты мақсаттары. Алдыменен сөз алған Облыстық отбасы үлгісіндегі  балалар ауылының директоры Гүлсара Амангалиевна әр мамандық түрлеріне тоқталып, олардың қыр – сырларын ашық айтты. Біздің түлектердің 2-уі - тігінші, 2 -уі-электро дәнекерлеуші,2 -уі-аспаз,2-уі-бастауыш сыныбы мұғалімі мамандығын таңдап тұрғандығына тоқталды. «Менен сұрақ сенен жауап» кезеңіне тоқталып, балаларға миға шабуыл жасалып, сұрақтарға жауап алынды. Слайд бойынша «Мамандықтар әлемі» туралы ,қазіргі кездегі жаңа мамандықтар жөнінде білгендерін толықтырды. Келген қонақтар сөз алып әр мамандық туралы, оқу процесі туралы, шәкірт ақысы туралы, тамақтануы, берілетін киім-кешек жөнінде №1 Сервис колледжінің маманы Батима Боранқұлқызы айтып, балаларға іштегі мамандықтар туралы видео фильм көрсетті.№4 мұнай газ технологиялық колледжінің маманы Жанар Елтаевна өздеріндегі ерекшеліктер туралы айтып,жатахана салынып жатқандығын, болашақта  ол мәселеде шешілетіндігін ескертті. Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінен –қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы Шуйншалиева Г.Н-өз сөзінде жақсы оқитын, оқуға қызығушылығы жоғары балалардың өз мекемелерінің мамандығын таңдағандары жөн екендігіне тоқталды. Форма сақталатындығын және арнайы асхана жоқ екендігін, жатахананың қашықта орналасқанын ескертті. Балалардың құқығын қорғау департаментінен Ғилымов А. Х. түлектерге сәт сапар тілеп, болашақ мандықтарын  өз жүрек қалауларымен жақсы көріп, таңдау керектігін түсіндірді. Дөңгелек үстел «Мамандықты жасыр» ойынымен-қорытындылаумен аяқталды, түлектер бүгінгі күндеріне риза болды.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың нормативтік-құқықтық негіздері

Кәмелетке толмағандардың өмір сапасын жақсарту, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі қызметті қарқындату мақсатында 2013 жылдың 16 сәуірінде Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) мәжіліс залында қорғаншылық және қамқоршылық міндеттерін атқаратын органдарының, аудан және қала әкімдіктерінің білім беру бөлімдерінің (бұдан әрі – қорғаншылық органдары) мамандарына арналған «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудың нормативтік-құқықтық негіздері» семинар өткізілді.
Семинар барысында Қостанай облысының өңірлерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында Қзақстан Респбуликасы заңнамасын жүзеге асыру, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасылық орналастыру мәселелері талқыланды.
Семинарға қатысушылардың назарына Департамент мамандарымен «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселесі жөнінде Қзақстан Респбуликасы заңнамасының қолдануын талдау» ұсынылды. Сондай-ақ, қатысушылар Департаментпен дайындалған, Қостанай облысы (аудан, қала) әкімдігінің білім беру бөлімінің жанындағы Баланы асырап алуға ниет білдірген ата-аналар мектебінің консультативтік органы туралы ережесінің жобасын қабылдады.
                                                             
Семинардың жұмысына, сондай-ақ, Қостанай облысының ІІД Көші-қон полиция басқармасының құжаттандыру және тұрғындарды тіркеу бөлімі, Қостанай облысының Әділет департаментінің азаматтық хал-актілерін тіркеу және апостиль бөлімінің өкілдері мен Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы қатысты.
Семинарға қатысушылардың назарына Қостанай облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы 2012 жылы қарастырылған істердің талдауын, ІІД өкілі – ҚР азаматтарын құжаттандыру және тіркеу ережелерін, Әділет департаментінің қызметкері – азаматтық хал актілерінің мемлекеттік тіркеуін ұйымдастыру, азаматтық хал актілерін қалпына келтіру, өзгерістер енгізу, күшін жою ережелерін мәлімдеді.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдардың өкілдері қорғаншылық органдарының мамандарын өз қызметтерінің жұмыс тәжірибесімен таныстырып, нақты жағдайларда шара қабылдау тәртібін түсіндірді.
Мәжіліс жұмысының қорытындысы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында Қзақстан Респбуликасы заңнамасын мүлтіксіз сақтауға, білім беру бөлімінің жанында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ескерту, бала құқықтарының сақталуын бақылау және отбасыларға көмек көрсету жөніндегі жұмыс тобын құруға, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін отбасылық және жеке қорғауын қамтамасыз ету жөнінде көмек көрсету және жағдай жасау: мектепке дейінгі балалар мекемелері мен жалпы білім беру мектептерінде отбасымен тиімді жұмыс жасау үлгілерін енгізуге; әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жеңуде әлеуметтік педагогтардың, жалпы білім беру мектептерінің қоғамдық инспекторларының қызметін әрекеттестіру және үйлестіруге; отбасылық орналастыру, алмастыру отбасыларын қолдау және сүйемелдеу жөніндегі қызметті дамытуға, Қостанай облысы (аудан, қала) әкімдігінің білім беру бөлімінің жанында балаларды асырап алуға ниет білдірген ата-аналар мектебін құруға бағытталған ұсыныстар қабылданды.


Шығыс Қазақстан облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың  2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы  баспасөз конференциясы 
 
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  жеке меншікте не жергілікті атқарушы органның актісімен бекітілген тұрғынүйі жоқ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заңды өкілдері арасында Тұрғынүйқұрылысжинақбанкінде жеңілдікпен несие алу мүмкіндігін алу үшін балаларға есепшоттарын ашу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын белсендіру мақсатында ШҚО Білім басқармасымен бірлесіп Ұлттық баспасөз клубында 2013 жылғы 16 сәуірде 2011-2015 жылдарға арналған ШҚО жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың кешенді жоспарын жүзеге асыру барысы туралы баспасөз конференциясын өткізді. 
Баспасөз-конференциясына  Департамент директоры А.А. Исаев, Білім басқармасының  бастығы  М.М.Ахметова,  Өскемен  қаласы  білім  бөлімінің өкілі  Г.Н.Саликасова, қалалық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
                                                          
А.Исаев өз сөзінде ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Жолдауында әр баланың құқықтарын қорғау қажеттігі туралы берілген міндеттердің  2011 жылы облыс әкімі Б.М. Сапарбаевтің  қолдауымен қабылданған Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдаудың кешенді жоспарымен табысты жүзеге асырылып жатқанын айтты. Аталмыш жоспардың  бірінші кезеңін жүзеге асырудың соңғы екі жылында жеткен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 10%, оның ішінде әлеуметтік жетімдердің 17%, балалар үйлеріндегі балалардың  25% қысқаруы сияқты оң жетістіктері туралы баяндады. Бұған  Қазақстан Республикасы азаматтарымен бала асырап алуы (450 бала), қорғаншылыққа (620 бала)  және патронаттық тәрбиеге (75 бала) берілуі, Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарынан балалардың (57%) отбасына қайтарылуы, ата-аналық құқығынан айырылған ата-аналар санының (22%) кемуі ықпал еткеніне тоқталды. 
Сондай-ақ, Кешенді жоспарды жүзеге асырудың екінші кезеңіндегі міндеттері: қамқорлық пен қорғаншылықтағы балаларға жеке бизнес құрылымы, бюджеттік ұйымдар, банк мекемелері тарапынан әлеуметтік-патронаттық қолдау көрсету, түлектерді кәсіби бағдарлау және карьералық еңбек жолының өсуі бойынша,  жетім балаларға тұрғынүй бөлуді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. 
М.Ахметова облыста Кешенді жоспарды жүзеге асыру барысы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға кәсіпорындарды бекіту және «Қазақстанның Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ балалардың жинақ қорлары туралы баяндады. Бүгінгі күнге балалардың есепшотына 64 млн. теңгедей қаражат аударылған. Одан басқа, облыстың 17 ауданында өткізілген  «Мейірім» қайырымдылық кештерінің қорытындысы туралы мәлімдеді. 
 Кешенді жоспарды жүзеге асыру  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету арқылы өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастыруымен 2013 жылдың 5 сәуірінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілеріне қатарынан әлеуметтік көмек алатын техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарының әкімшілігімен кездесу өткізілді.
Кездесуге жоғарыда аталған қатысушылармен білім, жастар саясаты мәселелері басқармаларының өкілдері қатысты. 
Өз сөзінде департамент директоры Г.Ермекбаева Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне. Бала тәрбиелеу–болашаққа ең үлкен инвестиция. Біз бұл мәселеге осылай қарап, балаларымызға жақсы білім беруге ұмтылуымыз керектігі туралы назар аударды.
Департаментің бас маманы Ғ.Алиева Қазақстан Республикасы Үкіметінің  «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағыдалары туралы» қаулысымен таныстырып, мемлекет білім алу кезеңінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүгедек, көп балалы отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмекті толық және ішінара қамтамасыз ететіндігін атап өтті.
                                     
Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бастығы Р.Ә.Алпысбаев жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.
Балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы А.М.Молотова, «Балалардың құқығы» атты  тест өткізді. Кәмелетке толмаған сотталған балалардың тағдыры туралы «Прерванное  детство» атты бейнеролик көрсетілді. 
                                                                                         
Техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарының өкілдері балаларды киім-кешекпен қамтамасыз ету туралы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жәрдемақысы, тұрғын үй алу үшін кезекке тұру және т.б. Кездесу соңында департамент атынан мадақтамалар табыс етілді. 

Дербестікке  үйрету  – балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін  әлеуметтендірудің мақсаты
 
Ағымдағы жылы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті өзінің қызметінде балалар үйінің тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру жұмысының жүйелілігі мен даму бағытын анықтады. Осы мақсатта «Мектеп бітірушілердің мансабы және өмірдегі жоспарлары» республикалық жобаны жүзеге асыру аясында «Білемін, істей аламын, көмектесемін» жобалық қалыптамасы құрастырылды.
Жобалық қалыптаманың мақсаты балалар үйлерінен шыққан баланы алып жүру  жұмысты нығайту, онан ары оқү жалғастырған оқу орнымен және тұратын Жасөспірім үймен бірлесіп ол толық қалыптасуға жеткенше қолдау жасау.
Жоба аясында а.ж. 2 сәуір күні  Кенжекөл отбасы үлгісіндегі балалар ауылының базасында «Балалар үйлерінің әлеуметтендіру мәселелері» атты, онда балалар үйлері мен Жасөспірім үйлерінің директорлары өздерінің бағдарламаларымен таныстырды.
Бағдарламалар тәрбиеленушілердің дербес, психикалық-дене даму өзгешеліктерін, мекеме жағдайларын, сондай-ақ балалардың мүдделері мен қабілеттіліктерін ескереді.
                            
Семинардың  қатысушылары кәсіпорын-демеушілер, ҰЕҰ серіктестіктер көмегімен іске асырылытын әріптестерінің тәжірибелеріне көңіл аударды.  Мысалға, «Надежда» ЖСШ Кенжекөл балалар ауылының тәрбиеленушілерін шаштараз өнеріне үйретті, «Бота» ҚҚ қолдауымен  «Серіктестік орталық» ПОФ, «Жастар жұмыс биржасы» ҚҰ балалар үйлерінің 200 тәрбиеленушілеріне арналған қаржы сауаттылығы бойынша тренингтер өткізді.
Қазіргі уақытта жеке ерекшеліктерінен шыққан тәрбиеленушілердің психологиялық күшінің дамуы, мекеменің жағдайы тағы басқа міндеттері арқасында балалар үйінің әлеуметтік тәрбиеленушілері өз жобасын жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыруда серіктестер белсенді қатысады: демеуші-кәсіпорындар, ҰЕҰ, олар құралдарды тауып береді, жұмыс орындарына экскурсияға шақырады, мамандықтар бойынша сабақтар өткізеді. Мысалға, «Үміт» ЖШС Кенжекөлдегі балалар ауылындағы тәрбиеленушілерді шаштараздық шеберлікке үйретті, «Серіктестік орталығы» КҚҚ, «Жастар еңбек биржасы» ҚҚ «Бота» ҚҚ-ның қолдауымен 200 ден астам тәрбиеленушілерді қаржылық сауаттылыққа үйретті.
                                                       
Тәртіп бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілері 100% жоғары оқу орындары мен колледждерге түседі. Қазігі уақытта балалар үйінің 245 тәрбиеленушісі жоғары оқу орындары мен колледждерде (облыста – 227, республикада – 17, Ресейде – 1) білім алуда. Балалар үйінің тәрбиеленушілері бірнеше мамандықты жиі игереді, өткен жылы 24 студент және оқушылар екінші реттен білім алуға түсті. Мысалға, Мичурин балалар үйінің мектеп бітірушісі Юра М. қазіргі уақытта Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында оқиды, оған дейін кәсіби лицейде оқыды, 2 жұмыс мамандықты меңгерді, солар бойынша жұмыс жасады. Оның ағасы университетте оқып жүріп кәсіпкерлікпен айналысты, қазіргі уақытта өзінің жеке кәсіпорнын ашты.
Оқу бітірген соң, білім мекемелері өз түлектерін жұмыспен қамтамасыздандырады, балалар өзге түлектер алдында өз құқығының мәртебесінің басымдылық күші барын біледі.
                                                                                                                          
Балалар үйлері тәрбиеленушілерінің  білім мекемесі, кәсіпорын мен оқушы  арасында жасалған жұмыспен қамту шарты бойынша тәжирибе өту кезінде және оқуды бітіргеннен кейін басымдылық тәртіппен тұрақты жұмысқа орналасуға құқықтары бар. 
Жұмыссыздар балалар үйінің және Жастар үйінің бақылауында болады, олар жұмыспен қамту қызметімен бірлесе әрекет жасап оларды жұмысқа орналастыруды жүзеге асырады. 
Семинардың соңында психологиалық ғылымның кандидаты, Инновациалық Евразиалық университетінің педагогика және психология кафедрасының доценты Т.М.Кравцова «Балалар үйлерінің тәрбиеленушілерінде өмірлік қайраттылықты калыптастыру» тренингін өткізді.  Осы тренинг балалар үйлері мен Жасөспірім үйлерінің басшылары мен психологтарына тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру бағдармаларын іске асыру шебер-сабақ болды.

2013 ж. 30 наурызда біздің мекемеде жыл сайын өтетін тәрбиеленушілер арасында (10-11 сынып оқушылары), студенттермен жас мамандар (педагогтар) арасында  Көңілді тапқырлар клубының (КТК) ойыны өткізілді.
КТК ойынына 3 ойыншылар командасы қатысты:
1. «СССР» КТК командасы -  команда капитаны  Сагинбаев Абай
2. «СБ по ВБ»-  КТК командасы- команда капитаны  Котегов Александр
3. «Анеля и команда»- КТК командасы – команда капитаны  Дюсюпова Анеля
КТК  ойыны 3 сайыстан тұрады.
                        
Ойын өту кезінде музыка залында бос орын болмады., бұл балалар  үйінің тәрбиеленушілері осы ойынды жақсы көретінінің белгісі, әр қайсысы өз сүйікті командасының жанкүйері болды. 
Болып жатқан сықақ, қалжың, музыкалық көріністерге қоолдау жасап, демеп, қол соғып отырды. 
Әділ қазылар алқасы – «Восток-молоко» ЖШС директоры Ә.О. Жексембаев, «Вита» ЖШС сауда  тобының кадр бойынша маманы Д.А. Мальцева, ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы Д.С. Ощиток болды.
       
Әділ қазылар алқасының шешімімен 1 орында «СССР» командасы, 2 орынды «СК по ВБ» командасы және «Анель және командасы» жеңіп алды. Команда капитандарына грамоталар тапсырылды, қатысушыларға «Казцинк» ЖШС, «Вита» ЖШС топ компаниясы, «Фрезия» гүлдер салоны, «AVON» косметика салоны өз сыйлықтарын тапсырды.         

Наурыздың 30 шы жұлдызында – Ұлыстың Ұлы күніне орай «Үміт» балалар үйінде «Наурыз келсе,құт келгені халайық!»  атты мерекелік шара көтеріңкі көңілмен аталып өтті. Қазылар алқасы мүшелерін жыл сайын  өзге мекемелерден  шақыру дәстүрге айналған. 
                                                                                    
Биылғы Наурыз мерекесіне Достық үйі жанынан құрылған «Ақниет» әжелер алқасының мүшелері және өнер колледжінің мұғалімі төрелік етті. Келген қонақтарды , домбырамен ән шырқап қарсы алдық. Мерекелік шарамыз қазақ халқының салт-дәстүрлерінің бірі тойбастармен басталды. Барлық қызметкерлермен тәрбиеленушілер бар өнерлерін ортаға салып, келген қонақтарды ән мен күйге бөледі.
                                                                             
Әр топтарда жайылған ақ дастархандағы ұлттық тағамдар, қыз-жігіттердің орындаған әні ,биі өздеріне берілген салт-дәстүрлерін көрсетіп, ұлттық киімдерімен, ұлттық ойындарымен, топты безендірулерімен  мерекенің ажарын аша түсті. Қазылар мен қонақтарды   топтар тағатсыздана күтіп, қонақжайлылықпен қарсы алды.
№2 топ «Сыңсу», №3 топ «Құйрық бауыр асату», №5 топ  «Сарқыт», №6 топ «Қоштасу», №7 топ «Атқа мінгізіп, шапан жабу», №9 топ «Үй көрсету», мектепке дейінгі балалар тобы «Жыл басына таласқан хайуанаттарды»  көрсетіп қонақтарды қызыққа бөледі.
                                                                              
Мерекенің соңында топтарға «Ең үздік ұлттық киім», «Ең үздік ұлттық тағам», «Берекелі- мерекелі дастархан», «Ең үздік ұлттық ойын», «Өнерлі топ», ең жақсы көріністерімен №7 топ «Көрермен көзайымы деген номинацияларға ие болды.
Мереке балаларға ұнады.

2013жылдың 30 наурызында  «Үміт» балалар үйінде қызметкерлер арасында  кең көлемде   70, 80-жылдардағы әндерді еске түсіріп насихаттауға арналған «Ретро-80»  айтулы байқауы өтті.  Қазылар алқасы болып балалар үйінің ересек тәрбиеленушілері  сайланды: Сағынбаев А.  ШҚМУ І курс студенті, Котегов А. Политехникалық колледжінің ІІІ курс студенті, Нестеренко Д. ШҚМУ ІІІ курс студенті; Нестеренко С. «Үміт» балалар үйінің әкімі.
              
Қаншама уақыт өтседе, сол жылдардың әндері ешқашан да ұмытылмақ емес. Қаншама жаңадан түрлі жанрда әндер шығып жатса да,  ескі әндер өзінің мән-мағынасын, тыңдаушысын  қашанда жоғалтпайтындығы  анық .
                                                                                 
Байқауға қатысушылар арасынан «Той жыры» әнін орындап Бас жүлдені №4, 5 топ  иеленді.
І-орын «Позвони, мне позвони» әнімен сала мамандары иеленді
ІІ-орын «Чайхана» әнімен әкімшілік иеленсе,
ІІІ-орын «Миллион алых роз» әнімен №6,7топ ие болды.
Байқау келешекте де жалғасын таппақ.
                                                              


Азаматтардың жетім балаларды асырап алуын және отбасы үлгісіндегі балалар үйлері құрылысының салынуын мемлекеттік ынталандыру бойынша жұмыс тобының отырысы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде 2013 жылғы 29 наурызда Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 42-тармағын орындау мақсатында, азаматтардың  жетім балаларды асырап алуын және отбасы үлгісіндегі балалар үйлері құрылысының салынуын мемлекеттік ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім және ғылым, өңірлік дамыту,  экономика және бюджеттік жоспарлау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында жетім балаларды асырап алған азаматтарға біржолғы жәрдеақы төлеу мәселесі талқыланды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілген ұсыныстар жұмыс тобының мүшелерімен қолданды.
Біржолғы жәрдемақы төлеу бойынша есептер жақын арадағы Республикалық бюджеттік комиссиясы отырысының қарауына жіберілді.
Өңірлердің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің ескерілуімен жаңа отбасы үлісіндегі балалар үйінің құрылысы және ірі мектеп-интернаттарының қайта құрылуы туралы жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары қаралды.
Сонымен қатар ұсынылған шараларды заңнамалық қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. 

Шығыс Қазақстан облысында «Қуан сәби» Республикалық акциясының өтуі туралы
 
Балалардың отбасында тәрбиелену құқығын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысында тоқсан сайын "Қуан, сәби!" республикалық акциясы өткізіледі. 
Акция аясында, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді күшейту мақсатында, 1 тоқсанда облыстың 7 қаласы мен аудандарында 20 шара өткізіліп, оған 895 бала, 602 ересектер және 12  ҮЕҰ қатысты. 
Риддер, Зырян, Курчатов, Шемонаиха қалалары шараларды көктемгі Наурыз мерекесі тақырыбында өткізді. «Қуан, сәби!» отбасылық мерекесіне  қамқоршылар (қорғаншылар), патронаттық тәрбиешілер, асырап алушылар, патронаттық тәрбиешілікке үміткерлер және өз балаларын тәрбиелеп жүрген қатардағы азаматтар шақырылды. 
Курчатов қаласында шара Наурыз мерекесінің қарсаңында өтіп, ата-аналар мен балалардың арасында сенімді отбасылық-достық қарым-қатынас орнату мақсатында, конкурстар және тағы басқа да іс-шаралар және оқушылардың музыкалық өнерлерін көрсету түрінде өтті.
Зырян қаласында Наурыз мерекесінің аясында концерт ұйымдастырылды.  Сахнада жергілікті би топтары өнер көрсетіп, өлеңдер оқылды, өнер көрсетушілер қатарында қорғаншылықтағы балалар да болды. Шараның соңында ұлттық тағамдар мен тәттілерден дастархан жайылды.
Шемонаиха ауданында емін-еркін жағдайда сыныптан тыс шара өткізілді. Қорғаншылар балалармен ойлау қабілетінің жылдамдығы бойынша жарысты және де әр отбасы әр-түрлі бағыттағы қолданбалы өнер бойынша - тұзды қамырдан жасалған бұйымдар, сурет өнері және т.б. жұмыстарын ұсынды. «Сәби тілімен» конкурсы да тамаша өтті. Іс-шаралардың негізгі кезеңі, балаларды қоса барлық қатысушылардың: Біз бір - бірімізді кешіре аламыз ба? Жанжал болдырмау үшін не істеу қажет? деген сұрақтар бойынша пікірсайысы болды. Кездесу соңында барлық қатысушылар мерекелік дастархан басына жиналды.
                                                                
Риддер қаласында шара мерекелік концерт түрінде өтті. Зал салтанатты түрде безендіріліп, кіре берісте қорғаншылықтағы балалардың қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ақпан айында Абай, Тарбағатай және Бесқарағай аудандарында да шаралар өткізілді. Акция мектептерде, мерекелік концерттер, балалардың шығармашылық көрмелері, дөңгелек үстелдер түрінде өтті. Іс-шаралар «Абай елі», «Мектепке баратын жол», «Тарбағатай»  және «Бесқарағай тынысы» сынды жергілікті газеттерде жария етілді.
Шараның мақсаты балалардың отбасында тәрбиелену құқығын жүзеге асыру болғандықтан, өткізілген шаралар нәтижелі болғаның сеніммен айта аламыз. Акцияның қорытындысы бойынша, 24 облыс азаматы 26 балаға қатысты,  бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға), патронаттық тәрбиешіге үміткерлер ретінде тіркелу мәселелері бойынша өтініш білдірді.
Бала асырап алу мәселелері бойынша 8 кеңес беріліп, қорғаншылық (қамқоршылық), патронаттық тәрбиені ресімдеу мәселелері бойынша 16 кеңес берілді. Сонымен қатар, 1 тоқсанда 35 бала асырап алынды. 

«Сіздің сұрақ – біздің жауап» интернет-конференция өткізу туралы
29.03.2013

2013 жылғы 29 наурызда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті on-line тәртібінде «Сіздің сұрақ – біздің жауап» атты интернет-конференция өткізді.
Конференцияның мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамаларды іске асыру.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен балалар үйлерінің өкілдері қатысты.
Конференция қамқоршылық пен қорғаншылық функцияларын жүзеге асырушы органдар өкілдері және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін диалогтық алаң болып табылды.
Конференция барысында қамқоршылар мен қорғаншыларға жәрдемақы төлеуді тағайындау, бала асырап алуға тілек білдірген азаматтарды есепке алу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою, балалар үйлерінде зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелері талқыланды.
Конференция нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы іске асыру саласында ұсынымдар әзірленіп, тәжірибелер мен пікір алмасу жүргізілді.


Жаңа пәтер кілттерінің бақытты иелері

2013 жылдың 27 наурызында Қостанай облысының әкімі Садуақасов Нұралы Мұстафаұлы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдары тәрбиеленушілеріне, сондай-ақ қамқорлықтағы және қамқоршылықтағы 26 балаға салтанатты түрде жаңа пәтер кілттерін табыс етті.
Облыс әкімі Садуақасов Н.М. жиналған қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санындағы азаматтар мемлекеттік қолдау арқасында Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасына қатысу мүмкіндігіне ие болып, аталмыш қуанышты оқиға – мемлекеттің өз азаматтарына көрсетіп жатқан қамқорлығымен қатар барлық қазақстандықтардың жоғары сенімі екендігін қадап айтты.
                                                                      
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудiң белсендi шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесу және оларға мемлекеттiк қолдау шараларын көрсету қағидалары шеңберінде ағымдағы жылдың наурызында облыстың әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен елді мекендерден азаматтарды Рудный қаласына көшіру бойынша жұмыс өткізілді.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санындағы 26 азамат қала кәсіпорындарында игерген мамандық бойынша жұмыспен қамтылып, қайта даярлау курстарынан өтеді.
Рудный балалар үйінің түлегі Ғапбасов Рустам өз атынан және жаңа пәтер кілттерінің бақытты иелері атынан көмек және қолдау көрсеткен барлық адамдарға ризашылығын білдіріп, жиналған қауымды әр Бағдарлама қатысушысы артқан сенімді ақтайтынын, еліміздің гүлденуі мен дамуына өздерінің лайықты үлесін қосатындығына сендірді.

Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатындағы облыс әкімімен кездесу 
        
Наурыз мерекесін тойлау қарсаңында Атырау облысының әкімі Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмағанбетов Атырау облыстық  Сабыр Қазыбаев атындағы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатына келді, қонақтардың арасында облыс әкімінің орынбасары Ш. Мұқан, Білім беру басқармасының бастығы С. Есенғалиев, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А. Ғилымов болды. Бұл кездесу «Қуан, сәби!» акциясымен қатар өтті.
                                 
Бақтықожа Салахатдинұлы барлық мектеп-интернат ұжымымен тәрбиеленушілеріне жүрек жарды тілегін айтып, жыл басы  Наурыз мерекесімен құттықтады, балаларға Жаңа жылда үлкен жетістіктерге жету тілегін білдірді. 
Облыс әкімі бүлдіршіндерге бірнеше шаңсорғыштар мен таза су аппараттарын сыйлады, сонымен қатар бүлдіршіндерге алдағы уақыта автобус көлігін  тарту етем деп уәдесін берді. 
                                                                                           
Облыс әкіміне балалар атынан Ибрай Бектілек, Зайтова Альбина мен Сафронова Лиза үлкен ризашылықтарын білдіріп, құттықтау бетшелерін және интернат өмірінен альбомын табыстады.  Әкім Наурыз көжеден ауыз тиіп, мектеп-интернат атынан зейнеткер ұстаз-анадан бата-тілегін тыңдады.
Кездесу  бүлдіршендердің  дайындаған тақпақтары мен би, ән-шалқымаға жалғасты. 
                                                                                  

Қуан сәби жалғасын табуда...

2013 жылдың 20 наурызында Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Облыстық Сабыр Қазыбаев атындағы №1 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернатының базасында  дәстүрлі мереке «Қуан сәби» республикалық  акциясы наурыз мерекесімен тұспа-тұс өтті.
Акцияға №1мектеп-интернатынан – 121 бала, Отбасы үлгісіндегі балалар ауылынан- 48, Ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйінен- 21 бала, мектеп-интернат түлектерінен - 10, үміткер ата-аналар – 8, тәрбиешілер, Облыстық білім беру басқармасының, қалалық білім беру бөлімінен қорғаншы қамқоршы органының маманы, ҮЕҰ-ының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі қатысты. Қатысқандар барлығы – 215.
Қонақтарды «Ғажайып ертегілер кейіпкерлері» (Алдар Көсе, Қожанасыр, Мақтақыз, мысық, т.б.)көтеріңкі көңіл-күйде қарсы алды. Интернаттың фойесі, түрлі-түсті шарлармен безендірілген, акт залы балалардың қуанышты күлкісіне толы. Салтанатты шара тәрбиеленушілердің «Танец цветов» биімен ашылып, сөз кезегін мектеп-интернат директоры, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңес мүшесі Сания Төлегенқызы Мусиева алды.
                                                                         
Мектеп-интернат тәрбиеленушісі Республикалық «Таң Шолпан» фестивалінің жүлдегері Леснюк Сергей «Мама» әнін орындаса, Фомин Сулейман «Улыбка » әнін шырқады. Әр тәрбиешінің  жетістіктерімен шығармашылық жұмыстары слайд арқылы көрсетілді.
Балаларға отбасы жылуын сыйлаған жанұяларды  (Елеусинова А., Ивакина И.) ортаға шақырып, төмендегідей сұрақтармен пікір-тілектерін білді:
1.Отбасы мен балалар үйінің айырмашылығы не деп ойлайсыз?
2.Сіздің үмітіңізді ақтады ма?
3.Тәрбиеленіп жатқан  баламен қарым-қатынасыңыз туралы не айта аласыз?
Сөз кезегін үміткер ата-аналар алды, олар балаларға өздерінің жүректен шыққан лебіз тілектерін білдірді.     
АО «Халық банкі», «Альфия» ЖК, «Думан» мейрамханасы, Атырау мұнайгаз зауыты, «Миронов» ЖК т.б. үкіметтік емес ұйымдары демеушілік етіп балаларды тәтті сыйлықтармен марапаттады.  
                                                           
Акция соңында  мектеп-интернат директоры С.Т.Мусиева тәрбиеленіп жатқан балаларға үкімет тарапынан көмек көрсетіп, игі істерді атқарып, жетімдердің жанын жұбатып, ел қатарлы тәрбиелеп жатқан қамқоршы аға-апаларымыз көбейе берсін деген тілекпен, тәрбиеленушілер өз қолдарынан жасалған жүректерін табыс етіп мерекелік дастарханға шақырды. 
Дастархан соңынан кейін жоғарғы және орта буындағы балалар демеушілердің көмегімен «Арсенал» кинотеатрына апарылды.
Ал бүлдіршіндер арнаулы бағдарламамен «Тамаша» ойын – сауық отауына барды. Мерекеге келген «Думан» мейрамханасының әкімшілігі балаларды Наурыз дастарханына шақырды.

Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын балалар интернаттық мекемелері түлектерінің Студенттер слеті туралы

2013 жылғы 1 наурызда  Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының жоғары оқу орындары мен колледждерінде оқитын баллар интернаттық ұйымдарының түлектерінің «Еңбек арқылы – табысқа» атты Астана қаласының Студенттер слетін өткізді. Біздің Слет Астана қаласында алғаш рет өткізілді және дәстүрлі болады. Слеттің жауапты ұйымдастырушысы мен бастамашысы Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті болып табылады. Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп Слет Астана қаласының Балалар үйінде өткізілді, онда Слеттің 70 қатысушысына таныс жайлы және жылы жағдай жасалды, ал Балалар үйіне алғаш рет келгендер үшін өз көзімен жетім балалардың өмір сүру жағдайымен, олардың бос уақыты және шығармашылығымен танысу мүмкіндігі туындады.Қонақтар Балалар үйінің қысқы бағын және түлектердің өз қолымен жасаған қолөнерлерінің галереясын көре алды. Аталған іс-шараның мақсаты интернаттық мекеме түлектеріне әлеуметтік жәрдемдесу және түлектерге көмек беру барысында енгізілген ұйымдар қызметін үйлестіру болып табылады.
                                       Бұған қоса, аталған іс-шара қоғамдық қатынастар жүйесінде әлеуметтік рөлдерді тиімді игеруі арқылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» Бағдарламалық мақаласын жүзеге асыруға студенттік қоғамдастықты тартуға, түлектердің өз мүмкіндіктері мен заңды құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, «қауіпті»  топтағы жетім балалардың санын азайтуға, сол арқылы балалар үйлері мен интернаттық мекемелерде қылмыстылық пен жұмыссыздықты азайтуға бағытталған. Слеттің қатысушылары мен қонақтарына алдында Департамент директоры, модератор Жұмабекова Рысты Мағауияқызы сөз сөйлеп, жемісті еңбек ету мен іс-шараны өткізуден жағымды әсер алуды тіледі. Слеттің демеушілері «Болашақ» Корпоративтік қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы Чайжүнісова Динара Гапланқызы және «Меломан HOME VIDEO» ЖШС-нің Астана қаласындағы филиалының директоры Ремнев Владимир Николаевич болды.
                                                                                     
Слет жұмысының барысында интернаттық мекемелерде және қамқоршылар, қорғаншылардың отбасыларында тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әрі қарай өмірінің қалыптасуы туралы мәселелер көтеріліп талқыланды. Слетке жоғары оқу орындары мен колледждердің делегаттары ең үздік студенттер, түрлі жылдардың түлектері, жоғарыоқу орындары мен колледждерінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ өкілдері, еріктілер қатысты. Біздің іс-шарамыздың құрметті қонақтары бүгінгі күнгі өмірін табысты қалыптастырған, білім, мамандық алған, отбасы құрған, өз балаларын өсіріп жатқан түрлі жылдардағы түлектер болды.
Слет қатысушыларының алдында Астана Медицина университетінің 2 курс студенті Капустенко Илья, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің 1 курс студенті Серікова Милана сөз сөйледі.
Іс-шараның соңында барлық студенттерге, интернаттық мекемелердің түлектеріне Слет қатысушыларының үндеуі әзірленді.
Іс-шара Астана қаласы Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түлектері қатарынан әртістердің концерттік қойылымдарымен аяқталды.
Аталған іс-шара келесі бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көреді: «Білім», «24KZ» телеарналары, «Вечерняя Астана», «Астана ақшамы», «Нұр Астана» газеттері және Қазақ радио.


Ауған соғысы кезеңдерімен

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап «Үміт» балалар үйі Екібастұз қалалық  бірлескен қорғаныс бөлімімен тығыс байланыс орнатып, бірлесіп жұмыстар атқаруда.Бөлім бастығы Кусаинов Канат Салкенович бұл іске  әскери тұрғыда өте жауапкершілікпен қарады.Балалар үйінің әкімшілігімен бірлесіп жасаған жұмыс жоспарының    тәрбиелік мағнасы жоғары деңгейде.Осы азғана уақыттың ішінде көптеген жұмыстар атқарылды: әскери комитетке саяхат, әскери мамандық туралы фильм көру, нысана ату, таза ауада әскери -спорттық сайыс, сурет сайысы. «Ауған соғысы кезеңдерінен» деп аталатын кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылған   күніне арналған кездесу балаларға ерекше әсер қалдырды.Бұл жауапкершілігі жоғары кездесуге балалар ерекше дайындалды, ұлдардың барлығы өлең оқып, ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсеткісі келді.Ауғандықтар қоғамының төрағаы Казбеков Рафик Жалкенович бастап келген  қонақтар тәрбиеленушілерге соғыстың қиын кезеңдері  туралы, соғыста бірге болған достары , туған -туыстарына жазған хаттары туралы  әңгімелеп берді.
                                          
Соғыс ардагерлеріне арналған концерттік бағдарламаның әсерлі болғаны соншалықты, кейбір ер адамдардың да көңілдері босағандығы байқалды, ал бір минуттық үнсіздік залда отырған  барлық адамдардың жүрек соғысын біріктіргендей болды. «Мен жауынгер болғым келеді» тақырыбындағы  сурет сайысының  қорытындысы бойынша  мақтау куәліктерінің  табыс етілуі балалар үшін нағыз тосын сый болды.Кездесу соңында барлығы бірігіп естелік үшін суретке түсті.  

                                                                           
Өз  кезегінде балалар үйінің директоры Нагима Атаевна бірлескен қорғаныс бөлімшесінің қызметкерлеріне балаларға адамгершілік,отаншылдық, азаматтық тәрбие беру ісіне қосқан үлестері үшін алғыс білдірді: «... Еліміздегі болып жатқан оқиғаларды  дұрыс түсініп білуі үшін осындай кездесулерді жиі өткізіп отыруымыз керек. Біздің жастарымыз бейбітшілік заманда  да, соғыс кезінде де қиыншылықтан қашпай, күресе білу керек екендігін түсінулері керек»

Курдюкова Е.П.«Үміт» балалар үйінің әдіскері


«Өз құқығым мен міндеттерім»

Атырау облыстық отбасы үлгісіндегі  балалар ауылында 2013 жыл 26 ақпан күні «Өз құқығым мен міндеттерім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Тәрбиеленушілерді құқықтық нормативтік актілерді орындай,құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, құқықтық  сауаттылыққа,өз міндеттерінің жауапкершілігін кеңінен түсінуге тәрбиелеу.
Балалар ауылының іші әсем  безендірілген, фойеде слайд ұйымдастырылған, жылжымалы тақтада Үндеу жазылған.
Шараға тәрбиешілер, тәрбиеленушілер, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінен, Жастар істері жөніндегі басқармасынан, Ішкі істер департаментінен, «Тәуелсіз Қазақстан Ұрпағы» ҮЕҰ-нан, БАҚ-нан өкілдер қатысты.}
                     
Әсем безендірілген фойесінде келген қонақтар жайғасты. Дөңгелек үстелде Қазақстан Републикасы «Бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Заңнан, «Балалар құқықтары» Конвенциясынан түсінік берілді. Балалар Әділдік пен Ата заң, Конституция мен Теңдік, Еңбек пен Денсаулық, Тәртіп пен Құқық туралы  көркем сөздерін оқыды. Келесі «Білесің бе?» - кезеңінде балалар  өздеріне қатысты қандай құқықтарды, міндеттерді білетіндіктерін көрсетті. «Білемін» - кезеңінде күнделікті қолданып жүрген  құқықтары мен міндеттері туралы айтты. «Сұрақ-жауап» кезеңінің сұрақтарына балалар мүмкіндіктерінше жауап берді. Сұрақ соңы қыза түсті. Сөз алған балалар ауылының директоры Гүлсара Амангалиевна балаларға Заң, құқық пен міндет және оларға жауапкершілік жөнінде баяндады. Слайдқа шолу жасап балалардың болашаққа сенімін нығайтты. Келген қонақтар да сөз алып, тәрбиеленушілерге өмірде тура жол тауып, Қазақстан Республикасына лайықты азамат болуларына тілектестіктерін білдірді. Соңында балалар қабылдаған Үндеулеріне отбасы болып қолдарын қойып, өмірлерінде жақсылық және қамқорлық жасауға, дұрыс жол таңдауға, адам болу үшін адаспауға уәделерін берді.


«Жастар жетістіктері» оқу орталығы»» қоғамдық қорымен балалар үйінің мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерін мектепке дайындау

«Жастар жетістіктері» оқу орталығы»» қоғамдық қорымен 2013 ж. 15 ақпанда Атырау қ. №1 С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернатында «Арттерапия және емдеу денешынықтыру кешені» арқылы бейімдеу механизмдерін жетілдіру тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер – класс балаларды ерте жетілдіру олардың шығармашылық әлеуттік жетілдіру бағдарламасы бойынша жылдық жобаның аяқталу шеңберінде ұйымдастырылды.
Осы орталықпен «Бақытты балалық шақ» жобасы жасақталып, 2012 ж. 1 сәуірден бастап 2013 ж. 13 наурызға дейін 3-7 жастағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен жұмыс жүргізілуде.
 Жобаның мақсаты –балалар үйінің мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерін әлеуметтендіруді арттыру және мектепке дайындау.
Мастер классқа Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары, Атырау мемлекеттік университетінің мұғалімдері, студенттер, волонтерлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Мастер-класс өткізу кезінде балалар өздерінің орындаған жұмыстарын көрсетуін үлкен қуанышпен қабылдап, олар өздерінің жұмыс-жетістіктерін мақтанышпен жиналғандарға көрсетіп, айтып жатырды. Балалармен жұмыс кезінде олардың жас шамасына, жұмыстың орындалу сапасы бойынша ешқандай шектеулер қойылған жоқ, бұл шарадағы ең маңыздысы - шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру. Көрменің нәтижесі көрсеткендей – барлық бала талантты.
Тренинг кезінде, балардың ерте даму бағдарламасын енгізуге әсер ететін  ойындар жүргізілді. «Әр түрлі жағдайларға байланысты міндеттер» тақырыбындағы өткізілген ойын балалар мен ересектер арасындағы қарым – қатынастардың маңыздылығын көрсетті. Бұл шара барысында тәрбиешілер балаларға әр түрлі жағдайға тап болған кезде олардан шығу тәсілдерін түсіндіріп, өздерінен үлкен адамдармен сөйлесіп, сөйлеу дағдысын  жетілдіру, әлеуметтік байланысты арттыруға жағдай жасады.
              
Орталықпен тәрбиеленушілермен сюжеттік ойындарды ұйымдастыру, оқу жаттығуларын орындау, сонымен қатар, жеке ойын әдістерін жүргізуіне байланысты 3-4 жас шамасындағы балаларда бояумен жұмыс жасауға қызығушылық пайда болған. Балалар бояумен жұмыс жасау кезінде керек заттарды танып бастады (қылқалам, төгіпалмау құралын), жұмыс кезінде түстерді ажырата алатындай болды.
Орталықтың қызмет көрсету мерзімінде интернаттық ұйымдарда ерте жетілдіру бағдарламасы бойынша апта сайын 2-3 сабақтан өткізіліп тұрды: олар шығармашылық потенциалдарын дамыту бойынша,  балаларды әлеуметтендіру (психологиялық курс), логопед және емдеу денешынықтыру кешені бойынша курстар.
Драма театрына «Муха-Цокотуха», музыкалық спектакліне, қала бойынша Исатай және Махамбет даңғылдарына, «Жеңіс паркіне» саяхаттар ұйымдастырылды.
«Бақытты балалық шақ» жобасы бойынша 25 бала оқып, мектеп алды даярлықтан өтті.


Облыстық Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесу өткізілді

Жасөспірімдер үйінің басты мақсаты жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектерін қоғамдық өмірге әлеуметтік бейімдеу болып табылады. Жастарымыздың оңтайлы әлеуметтенуіне, өмірде өз орындарын табуына қолдау көрсететін мекеме «Жасөспірімдер үйі» - ҚР Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен ашылған.
Осы орайда, 12 ақпан  Сара Алпысқызының туған күні қарсаңында  ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстық жасөспірімдер үйінде тұрып жатқан балалар үйлерінің түлектерінің қал-жағдайын көріп, тұрмыс-тіршілігімен танысу мақсатында кездесу болып өтті.
Кездесуге департаменттің директоры және қызметкерлері, Жасөспірімдер үйінің 40-тан астам тұрғындары мен тәрбиешілері қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер өздерінің ой-пікірлерімен кеңінен бөлісіп, көкейлеріндегі көптен бері мазалап жүрген сұрақтарын жаудырды. Біреулері өздерінің бөлмесінің суықтығын айтып өтсе, кейбіреулері кір жуатын бөлмелер, компьютер және тренажер кабинеттері мүлдем істен шыққанын жеткізді. Жасөспірімдердің осы шағымдарына байланысты қазіргі директордың міндетін атқарушы Гүлнар Тайменқызы биылғы жылы Жасөспірімдер үйі күрделі жөндеуден өтетіндігін айтып өтті.
Сонымен қатар, ең өзекті мәселелердің бірі – тұрғын үй мәселесі талқыланды. Бұл мәселе бойынша департамент директоры Ғ.Жүсіпова ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында Шымкент қаласы «Нұрсәт» шағын ауданында балалар үйлерінің түлектеріне арналған екі 72 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы аяқталуы тиіс екенін хабарлап, балаларды бір қуантып қойды. Қазіргі таңда қала әкімдігінің тұрғын үй секторында 557 жетім балалар тұрғын үй кезегінде тіркелген.  Сондықтан да, кезекке тұрмаған балаларға тез арада құжаттарын жинақтап, кезекке тұрып қою қажеттілігі айтылды. Әңгімелесу барысында «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін алып жүрген жасөспірім студенттер осындай шәкіртақы тағайындалуына себепші болған Сара Алпысқызына шынайы алғыстарын білдірді.
Сондай-ақ, Жасөспірімдер үйіндегі соңғы 2 айдан бері жалғасып келе жатқан ұжым мен экс-орынбасары З.Нышанованың арасындағы кикілжің жағдай да назардан тыс қалмады. Бұрынғы орынбасары З.Нышанова Жасөспірімдер үйінде жұмыс істеген бір ай мерзімінде айрандай ұйып отырған ұжымның ауызбіршілігінің кетуіне, тәрбиеленуші жасөспірімдердің арасында да ұрыс-керіс, жанжалдың туындауына себепкер болып отыр.
Осы орайда, департаменттің директоры Ғ.Жүсіпова Жасөспірімдер үйінің бұрынғы орынбасары З.Нышанова байланысты қалыптасқан ыңғайсыз жағдайды балаларға ауқымды түрде түсіндіріп, алдағы уақытта ересектер арасындағы ұрыс-керіс, қақтығыс жағдайларға қатыспау туралы, сондай-ақ, болашақта өздерінің арманына қол жеткізу үшін қазір тек сабақтарын оқу керектігі жайлы өз ақылын айтты. Жасөспірімдер үйіндегі жанжалды жағдайды жан-жақты зерделеп, нәтижесі бойынша тиісті жаза қолданатын құзырлы мекемелердің бар екендігін де айтып өтті.  
Департамент директорының орынбасары Д.Босымбаев өз тарапынан жасөспірімдерді бірлік пен ынтымақтастыққа шақырып, әрқашан бір бірін сыйлап, құрметтеп, ең бастысы айналасындағы ортасын бағалап, қадірлеп, қауесет сөздерге ермеу керек енендігін айтып, балаларды бір серпілтіп қойды.   
Жастардың бойында өмірге деген оңтайлы көзқарасты қалыптастыру, болашаққа сенімділігін арттыру мақсатында, «Шаттық шеңбері» аясында адамгершілік-рухани құндылықтарын дарыту бағытында тренингтер өткізілді.
Кездесу соңында департамент директоры Ғ.Жүсіпова жасөспірім қыздар мен жігіттерге өз қолымен қайырымды кәсіпкерлердің атынан маусымдық аяқ-киімдерді тарту етті.


«Асырап алу туралы түрлі ойлар...» тақырыбында Қабылдаушы отбасылар мектебімен өткізілген семинар

2013 жылғы 8 ақпанда №1 С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында «Асырап алу туралы мифтар» тақырыбында Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиешіліерге, асырап алуға үміткерлерге арналып семинар-тренинг өтті. Семинарға әлеуметтік педагогтар, қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиешіліер, асырап алуға үміткерлер шақыртылды.
Семинардың мақсаты – баланы қадағалауда рухани және тәрбиелік көмек көрсету, өз мүмкіндіктері мен күштерін нақты бағалауда көмек көрсету ата-аналарда баланы отбасына қабылдау алдында кездесетін кең тараған қателіктердің, қапа қалдырулардың болатынын анықтау және мамандармен оларды жеңу жолдарын анықтау.
Семинар-тренингті БҚҚД директорының орынбасары Г.Д. Губашева бастап, жиналғандарды бала асырап алу және балалардың құқықтары бойынша заңдарға енгізілген өзгерістермен қосымшалармен таныстырды.
                                                                              
№1 С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  А.С. Нигметова мыңдаған жетім балалардың отбасына орналастырылуына кедергі болып тұрған бала асырап алу туралы қоғамның санасындағы ескі көзқарастар қарапайым адамдарда, мамандарда және кейбір өкімет өкілдерінде де кездесіп тұратындығын,  осындай жайсыз ойлар халықтың ойын бөліп, теріс ойларға итермелейді, немесе бәрін өте жақсы жағынан көруге мәжбүрлегендей болатындығын айтты.
А.С. Нигметова бала асырап алу туралы кең тараған мифтерге тоқталып, оларды талдауға шақырды.
1-ші МИФ «Бұл тақырыптың маған қатысы жоқ»;
2-ші МИФ «Жетімді қамтамасыз етсе болды»;
3-ші МИФ «Ұжымда тәрбиелеу-бұл балаларға ең қажеттісі»;
4-ші МИФ «Жетім балалар – бұл нысаналар»;
5-ші МИФ «Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің бәрі – аурулы және кем дамығандар»;
6-шы МИФ «Ең басты қауіп- бұл тегі».
                                                                                
Тыңдаушылар мен мамандар бір бірімен тез арада осы тақырып аясында тіл табысып,  тақырып үлкен талқыға түсті. Тыңдаушылар өз мысалдарын келтіріп, педагог мамандармен жағдайларды анализдеп, оң шешім қабылдап, дұрыс көзқарас қалыптастыруға  ықпал етіп жатырды.
БҚҚД қызметкерлерімен мастер-класс өткізілді, онда егер қабылдаушы отбасы үнемі баланың «тегінен» қорқып, бала мінезінен «құлықсыздықты, болашақ қылмыскерді» көріп, немесе «еріксіздікті және тәуелділікті» іздеп отыратын болса, онда болжаған  көріпкелділік ойлардың орындалуына өздеріміз ықпал еткендей боламыз деген қорытындыға келді.
Семинардың соңында болашақ ата-аналар мен қорғаншыларды (қамқоршыларды), патронаттық тәрбиешілілерді, асырап алуға үміткерлерді бала асырап алу және оны тәрбиелеу бойынша ескі ойлардан өздерін алшақтатып, бақытты отбасы болуға шақырды!


Облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының  түлектерінің кездесуі туралы

Облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында жыл сайынғы  түлектер кездесуі өтті. «Жылылылқ үйі» кезекті түрде өз түлектері мен қонақтарына есігін айқара ашты. Қонақтардың ішінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің,  түлектер оқып жүрген қалалық білім мекемелерінің өкілдері болды. Мектеп-интернат әкімшілігі  үлкен алдын алу жұмысын жүргізді: түлектерден сауалнама алу, мектеп-интернат өмірі туралы слайд-шоу, түлектер «туған мектепке тілектер қабырғасын» ресімдеді.
                                  
Түлектермен кездесуді мектеп-интернатының директоры Какпенов Р.Ж. ашып, өз түлектерінің жетістіктері мен табыстарын келгендермен қуанышпен және мақтанышпен бөлісті. Кездесуге біздің еліміздің түрлі қалаларынан және Ресей Федерациясынан да келді. Өз педагогтарымен және достарымен араласу үшін Мәскеуден Евсеева Алена, Омбы қаласынан Курочкин Виталий және Ишим қаласынан Иргашева Ирина келді. Мектеп әкімшілігінің атына өскелең ұрпаққа берген жақсы тәрбие үшін алғыс сөздерімен  қазіргі уақытта мектеп-интернат түлектері оқып жүрген оқу мекемелерінің өкілдері шығып сөйледі.
                                 
Барлық қатысқандарға қанық бағдарламалық концерт қойылды, оған мектеп-интернатының және қалалық классикалық гимназияның оқушылары қатысты. Кеш бойы мектеп-интернаттың өмірі жайында, түлектер туралы, олардың спорттық жетістіктері, түрлі іс-шараларға қатысуы туралы слайд-шоу қолданылды. Бұл сюжеттер балалардың жүзіне күлкі үйірді және жағымды естеліктерді түсірді.
                                                                          
Мектеп түлектері  өз өмірлік тәжірибелерімен және тілектерімен мектептің атына, ізбасар інілері мен қарындастарына ризашылық сөздерін арнады.
Мереке соңы кешкі ас үстінде қолайлы жағдайда  мереке үшін және қамқорлық үшін мектеп-интернаты қызметкерлеріне алғыс сөздерін айтып, әңгімелесумен аяқталды.


Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттарымен кездесу

2012 жылдың 10 қаңтарында «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының Қостанай облыстық балалар үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Назарбаева Д.Н. кездесу өтті.
Білім ұйымдарының ұжымдарымен кездесу барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері талқыланды.   
2012 жылдың 14 желтоқсанындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев ана мен баланы қорғаудың маңыздылығы мен мәнін айрықша баса айтты. «Балалар – қоғамымыздың ең әлсіз және қорғансыз бөлігі және олар құқықсыз болуға тиіс емес. Елбасы ретінде мен әрбір сәбидің құқығы қорғалуын талап ететін боламын. Біздің топырағымызда туған кез келген сәби – қазақстандық. Және мемлекет оны қамқорлығына алуға тиіс».
                                                                                                                
«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санатындағы кәмелетке толған азаматтардың табысты бейімделуі және әлеуметтенуі үшін оларды интернаттан кейін сүйемелдеу қажет. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР кодексіне сәйкес білім беру, медициналық ұйымдарының түлектерінің құқықтарын қорғау қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі фнукцияларды жүзеге асыратын органдарға жүктеледі, сондай-ақ, ҚР заңнамасы бойынша жұмысқа орналастыруда, тұрғын  үймен қамсыздандыруда көмек көрсету жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады. Осыған байланысты Парламент Мәжілісінің депутаты Назарбаева Д.Н. жастарға арналған ресурстық орталығын құру және әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысы (жатақхана) туралы ұсынысы кездесуге қатысушылармен қолданды, өйткені жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы азматтардың тұрғын үй мәселесін шешуге мүмкіндік береді.        
Сонымен қатар, кездесу барысында күнделікті жұмсау үшін тәрбиеленушілердің жеке шоттарынан қаражат үлесін пайдалану мәселесі талқыланды. Осыған байланысты осы мәселені реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылды.
Дариға Нұрсұлтанқызымен кездесулер жылы ниетті достық жағдайында өткізіліп, қатысушылардың жүректеріне ертеңгі күнге деген сенімділікті ұялатты.
Дариға Нұрсұлтанқызы «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылы мен Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне теледидар сыйлады.

 


«Үміт» балалар үйінде өткен «Раушан гүлдері әлемінде» байқауы

09.01.2013

Дәстүрлі “Үміт сұлтаны”, “Үміт аруы”  сайыстары “Үміт” балалар үйінде 16 жыл бойы әртүрлі тақырыпта өткізіліп келеді. Бұндай сайыстар  балаларға  өздерінің табиғи таланттарын, эстетикалық  талғамдарын,  ойлау, сөйлеу,  шығармашылық қабілеттерін, рухани-адамгершілік  құндылықтарды дамытуға ықпал етеді. 
              
Ұжымның басты міндеті   - балаларды дербес өмірге дайындау,  өздерінің ата-аналарының  тағдырын  қайталамай , қандай қиындықтар болса да  өмірдің тамаша жағын көретін еліміздің нағыз азаматтарын өсіру.
 Қыздарға  сайыс өздерін ең әдемі, мейірімді балдың ханшайымы  ретінде сезінуге көмектессе, ұлдар өздерін батыл, ержүрек, қайратты екендерін сезінеді.
              
08.01.2013 ж.  «Бейбарс»  Іскер адамдар клубында  «Раушан гүлдері әлемінде»  атты орасан зор байқау өтті. «Раушан гүлдері балы» - бұл әр балаға “Жұлдыз” болуға тамаша мүмкіндік беретін мереке, ең бастысы ойын өздерін тануға көмектеседі.  Байқауға 5-8 жас  аралығындағы 5 жұп қатысты. Балалар раушан гүлдерінің әр түрлі түстерін көрсетті: қызыл, ақ, сары, қызғылт, көгілдір және мына  титулдар үшін сайысты:
Көрікті -  сымбатты (обаятельная – привлекательный) Кривосенко Алена и Мальцев Степан
Нәзік – қайратты (нежная - мужественный) Кузьменко Кира и Кошкенбаев Нурсултан
Өнерлі - өнерлі (талантливая- талантливый) Саламатина Юлия и Прокаев Кирилл
Инабатты – парасатты (учтивая - рассудительный) Чугарина Татьяна и Мамонтов Андрей
Үміт ханшайымы – Үміт ханзадасы (Принцесса Үміта – Принц Үміта ) Чимбулатова Карина и Турганбаев Темирлан.
Бізді қуантатын жағдай ШҚО басшылығының осындай балалар мерекесіне қөп көңіл бөліп, жылы қарайтыны. Бұл әрине жетім балаларға басты назар аударылатынының куәсі.
                                                 

 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылдағы Жаңа Жылдық шыршасы.
2012 жылдың 26 желтоқсанында Ақтау қаласының ең әдемі «НҰР Плаза» мейрамханасында Маңғыстау облысының балаларына арналған Президенттік Жаңа Жылдық шыршасы өткізілді.
Жаңа Жылдық шырша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жаңа Жылдық құттықтау сөздерімен басталды.
                          
Аталған мерекеге  облысымыздың барлық аудан, қалаларының 200 жетім балаларға, аз қамтылған отбасы балаларына және көпбалалы отбасыларының балалары және де облысымыздың 9-13 жас аралықтарындағы ең үздік оқушылары қатысып, шырша жанында «Абай» мәдени кешенінің «Әуен», «Ертегілер» вокалдық тобының әндерін, «Жорға» би тобының бірнеше би шашуларын, «Калибри» тобының сән үлгілерін, «ЭКШН СРЮ» брег биін тамашалады. Сонымен қатар балдырғандарды Жаңа жылдарымен Маңғыстау облысының әкімі Мұхамеджанов Бауыржан Әлімұлы құттықтады.
                             
Жаңа жылдық концерттік бағдарламалар барысында балалар Рәміздерге қатысты сұрақ-жауаптарға, спорттық ойындарға, викториналық ойындарға қатысып, Аяз атаның қолынан сыйлықтар алып, Аяз ата, Ақшақар, сайқымазақтар, ертегілер әлемінің кейіпкерлерімен өлең айтып шыршаның жанында айнала биледі.
                                                                                      
Шырша соңында 200 қатысушы балаларға Президенттің атынан бірнеше сыйлықтар тарту етілді. Мысалы: кітаптар, ноутбуктар, қысқы киімдер т.б.


Жаңа жыл қарсаңында!

24 желтоқсанда Орал қаласының №1 балалар саз мектебінде «Жаңа жылдарыңызбен, достар!» атты концентті-театрлы қойылым өтті. Іс-шара Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтік жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шараға 120-дан астам балалар қатысты, олардың қатарында Зеленов ауданы Январцево ауылы Балалар үйінің тәрбиеленушілері, музыкалық мектептің оқушылары, сонымен қатар педагогтары, артісттер, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер қатысты.
                                     
Балалар саз мектебінің тәрбиеленушілері мен педагогтары әзірлеген «Жаңа жыл қарсаңында!» атты мерекелік концертті үлкен қызығушылықпен тамашалады. Дәстүр бойынша концерт аяқталысымен балалар жаңа жыл шыршасының қасына жиналып, облыстық А.Островский атындағы драма театр артісттері дайындаған «Аяз Атаға қонаққа келдік» атты музыкалы-театрлы қойлымды тамашалады. Балалар Аяз Ата  және басқа да ертегі кейіпкерлерімен бірге шыршаны айналып, ән салып, би билеп, түрлі сайыстарға қатысты.
Мереке соңында барлық балаларға сыйлықтар сыйланып, “тәтті үстел” жайылды.
                                                                                       


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2102 жылдың 20 желтоқсанында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты баспананы сақтау және бекіту жұмысындағы негізгі қиыншылықтар» атты дөңгелек үстел өткізді

Бұл шараға облыстық прокуратура, әділет, жер қатынастары, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қорғаушы» Адвокаттық контора» мекемесі, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын органдары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекеме басшылары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қоғамға кіріктіру стратегиясын және әлеуметтік жетімдіктің профилактикасының жүйесін жетілдіру, балаларды құқықтарын қорғау Конвенциясының нормаларын іске асыру және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық бойынша жұмыс топтарының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдары мен БАҚ өкілдері шақырылды.  
                                        
Дөңгелек үстел барысында  департамент директоры Г.Ермекбаева «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты баспананы сақтау және бекіту жұмысындағы негізгі қиыншылықтар» атты баяндамасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту құқығын іске асыру және балалар үйлерінің баспанамен қамтамасыз ету саласындағы мәселелер мен қиыншылықтарды атап өтті. «Қорғаушы» Адвокаттық контора» мекемесінің қорғаушысы Р.Нисанбеков «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қатысты баспананы сақтау және бекіту заңнамалары туралы» баяндамасында кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік және тұрғын үйге қатысты құқықтарын түсіндірді.
Прокуратура, әділет, жер қатынастары, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, Халыққа қызмет көрсету орталығы, «Қорғаушы» Адвокаттық контора» мекемесінің өкілдері кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік және тұрғын үйге қатысты құқықтарын қорғау, мемлекеттік тіркеуден өтетін тұрақты мүлік және т.б. мәселелер бойынша түсінік берді.
Қатысушылар тарапынан тақырыпқа байланысты сұрақтар қойылып, жауаптар берілді.
                                                                                            


Атырау облыстық  С. Қазыбаев атындағы   жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Қазақстан   Республикасының  толағайларымен кездесті

2012 жылғы   7 желтоқсанда Атырау облыстық С.Қазыбаев атындағы  жетім – және ата – ананың қамқорлығынсыз қалған мектеп интернатында Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы Олимпияда  чемпиондары: Илья Ильин, Серік Сапиев, Светлана Подобедова, Майя Манеза, Акжүрек Таңатаровпен кездесу өтті.
Мақсаты: ХХХ жазғы Олимпиада ойындары еліміз үшін жемісті болып, киелі өлкенің спорт саласындағы үлкен жеңіске қол жеткізгендігі туралы айту. Отан алдындағы патриоттық, үлкен жауапкершілік сезімге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, жасөспірімдер мен балалар арасында салауатты  өмір салтын насихаттау.
                       
Толағайларды тәрбиеленушілер гүл шоқтарымен, көтеріңкі көңіл  күймен қарсы алып,  кездесу мектеп – интернат  мұражайын аралаудан  басталды. Мектеп –интернаттың спорт залында тәрбиеленушілермен дайындалған  спорт түрлерінен штанга көтеру, грек-рим күресі және бокс бойынша көрсетілім тамашаланды.  Толағайлар тәрбиеленушілермен  сұхбаттасып, оларға  өздерінің сыйлықтарын табыс етті. Атап айтсақ:  футбол, баскетбол, волейбол командасының формаларын, доптарын футболкаларын сыйға тартып, өздерінің  қолтаңбаларын қалдырды, балалар толағайлардың алтын медальдарын тағып көрі мәз-мейрам болды.
                       
Кездесу  ән-шалқымаға жалғасты. Салтанатты шара «Таң Шолпан» Республикалық сайысының лауреаттарының орындауында  «Қара жорға» биімен басталды. Сергей Леснюктің орындауында «Көк тудың желбірегені» әні айтылып, «Толағайлар» әнімен чемпиондарымыз сахна төріне шығып ұжымға,  балаларға ақ тілекпен жүрек жарды лебіздерін білдірді. Мектеп-интернаттың спорт жеңімпаздарына кубок табыс етілді.
Кездесу соңы  толағайлармен  тәтті дастархан басында жалғасты.  ХХХ жазғы Лондон Олимпиада ойындарының эмблемасы бейнеленген тәтті торттарды Қазақстан Республикасының толғайлары кішкентай  бүлдіршіндерге тарту етті. Дастархан басында Олипиада ойындарындағы отандастардың ерлігін, жеңісін насихаттау арқылы жастардың бойына патриоттық рухты сіңіру мақсатында ашық әңгімелер айтылып, жасөспірім балалар өз өмірлеріндегі жетістіктерімен ой бөлісті.
Балалар өз кумирлерімен фотоға түсіп, үлкен қуанышқа бөленді. Бұл кездесу балаларға ұмытылмас әсер қалдырды.


«Қазақстанның SOS балалар ауылдары» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің отырысы туралы

2012 жылғы 23 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шер қатысқан «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» корпоративтік қорының Қамқоршылар кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс шеңберінде «Қазақстанның SOS балалар ауылдары» корпоративтік қорының 2012 жыл бойынша туралы мәселелер талқыланды.
Сонымен қатар, Қамқоршылар кеңесінің жаңа төрағасы А.Ю. Волков мырза (ҚР Ішкі істер министрлігінің орынбасары), сондай-ақ жаңа мүшелер – Д.А. Калетаев мырза («Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры), Том Малвет мырза (2013 жылғы 1 қаңтардан SOS Kinderdorf International Бас хатшысының өкілі) тағайындалды.


«Қуан, сәби!» («Радуйся, малыш!»)

2012 жылдың 16 қараша Атбасар қ. мерекелік рәсімделген Мәдениет Үйінде «Қуан, Сәби!» республикалық акциясы өткен.
Акция ұйымдастырушылары: Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті, облыстық білім басқармасы, Атбасар ауданы әкімдігі мен білім бөлімі.
Аталған акция қатысушылары мен қонақтары 400 астам адам құрады, соның ішінде балалардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдері, «Нұр Отан» ХДП, ауданыдқ әкімдік өкілдері, аудандық маслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, қамқоршылар (қорғаншылар), патронатты тәрбиешілер, асырап алушы мен патронатты тәрбиешіге үміткерлер, бизнес құрылым, ҮЕҰ өкілдері, педагогикалық және ата-ана қауымдастығы, Атбасар қ. мектептері оқушылары, БАҚ.
Мәдениет сарайы фойесінде отбасылық коллаж, балалар суреттері, платкаттардан тұратын «Вернисаж радости» көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар «Дерево желаний» (талғамдар ағашы) орнатылды, оған әрбір қалаған қатысушы тілегін болжап, түрлі-түсті жіп байлай алатын.
                                        
Мерекенің салтанатты бөлімінде Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті  директоры Н.В. Замолоцких сөз сөйледі, өз сөзінде ол осы акция маңыздылығын бөліп, отбасылық тәрбие құндылықтарын және деинститутуализация бойынша мүдделі ведомстволардың жұмысы атап өтті.
Қамқоршылар (қорғаншылар), патронатты тәрбиешілер, асырап алушы мен патронатты тәрбиешіге үміткерлер адресіне қошымет сөздерімен аудандық білім бөлімі бастығы А.Б. Габбасов, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары К.Х. Тадженова сөз сөйледі.
                                                                              
Мерекенің барлық қонақтары аса ерекше шабытты ауданның жас әртістері концерттік бағдарламасынан алды.
Атбасар ауданында 128 жетім бала мен ата-анасының қамқорыңсыз қалған бала, олардың ішінен 70 - ата-анасының қамқорыңсыз қалған бала, 58- тұл жетім. Патронаттық тәрбиеде 3 бала. Ай сайын 84 қамқоршы 103 балаға әлеуметтік жәрдемақы алады. 2011 жылдан бастап «Асыраушы ата-аналар мектебі» жұмыс істейді, мұнда ықтимал қамқоршылармен, ата-аналармен жұмыс жүргізіледі, психолог, заңгер, медициналық қызметкер – мамандармен кеңес беріледі. Жұмыс нәтежиесі, бұл 2012 жыл ішінде:
-8 бала қатынасында 4 ата-анаға ата-ана құқығы қайтарылды;
-6 бала балалар үйінен  отбасығы қайтарылған;
-7 бала қатынасында 4 ата-ана ата-ана құқығын қайтаруға құжаттарды тапсырды.
«Қуан сәби» акциясын дайындау кезеңінде балалардың құқықтарын қорғау Департаментімен, ауданның қамқорлық пен қорғаныс бөлімімен өз отбасына тәрбиеге алғысы келетін жанұялармен дайындық жұмысы өткізілді. Жұмыс нәтежиелері бойынша 3 балаға қамқорлық (қорғаныс) рәсімделді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
                                    

 


Жетім балаларды тәрбиелеудің отбасылық түрлері» тақырыбында халықаралық он-лайн конференциясына қатусы туралы

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Солтүстік Қазақстанның «Қазақтелеком» АҚ облыстық филиалы негізінде  «Жетім балаларды  тәрбиелеудің отбасылық түрлері» тақырыбында  халықаралық он-лайн конференция өткізілді.
Конференцияны ұйымдастырушылар Украина, Қазақстан және Ресейдің елдерінің өкілдері болды – бұл Луганск диплом алды білім беру орталығы (Украина), Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің  мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін жоғарылату аймақтық орталығы (Қазақстан)  және Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының филиалы – Сібір басқару институты (Ресей).
Он-лайн конференция жұмысының негізгі мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істеудің өзекті бағыттары бойынша тәжірибе алмасу.
Іс-шара барысында жетім балаларды отбасына орналастырудың түрлерін дамыту, отбасылық тәрбиенің психологиялық-педагогикалық аспектілері,  қабылдап алған отбасылар мен отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін әлеуметтік сүйемелдеу, балалар үйлерінің балаларын алмастырушы отбасыларға тапсыруға дайындау және т.б. мәселелер талқыланды. Конференцияға қатысушылар  отбасы үлгісіндегі балалар ауылының жұмысына айрықша жан-жақты тоқталды. Қазақстандағы балалар ауылдарын ұйымдастыру туралы СҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Қ.Қ.Жайсенбаева айтып берді. Сонымен бірге, қатысушыларды қонақ және патронаттық отбасылар туралы мәселе қызықтырды.
                                       


Боулинг бойынша Еуропалық турнир

Қазан айының аяғында Пафос қаласында (Кипр) ментальді бұзулары бар адамдар арасында Боулинг бойынша Еуропалық турнир өтті.  Турнирде әлемнің 17  елінен 560 спортсмен қатысты (Финляндия, Ұлыбритания, Бельгия, Австрия, Ресей, Польша,  Ирландия, Қазақстан,  Дания, Сан- Марино,  Мальта,  Венгрия, Греция, Эстония, Италия, Корея  және Кипр).
2012 жылдың  23 қазан күні екі сағатқа жақын ұлан-асыр ашылу Салтанаты өткізілді. Ашылуға  Пафос қаласының мэрі, Eleni Rossidou – President of the Organizing Committee, Spyros Tofi – President of the Technical Committee,  George Panayides – Office Director қатысты.
Қатысушы-командалар орталық көше бойынша муниципалитет ғимаратына дейін бір бағанамен өтті, мұнда оларды жергілікті тұрғындар қарсы алды. Спортсмендердің шапалағына  Спешиал Олимпикс туын енгізді, ал кейін мемлекеттің ең үздік атлеттері олипиялық отауды енгізді. Кейін кипрдің ең жақсы бишілері мен әншілері қатысуымен концерт жасалды.  
                               
Қазақстан намысын құрамында 6 адам бар Ақмола облысының өкілдік тобы қорғады – Шәріпов Д.Е. «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚБАФ директоры, Касенова А.Е. директор специальной коррекционной школы-интерната №1 Көкшетау қ. № 1 арнайы түзету мектеп-интернатының директоры, Урюпинка балалар үйінің атлеттері: Ригаловская Анна, Заболотникова Анна, Пацер Эдуард және Топчий Пётр.
                                
Күн сайын түске дейін сайыстар өтті, ал кейін балалар сауықтыру іс-шараларында қатысып, экскурсияларға барған.  
сайыстар нәтежиелері бойынша балалар әр түрлі деңгейлі 12 медаль жеңіп алды, соның ішінде   2 алтын, 4 күміс және 6 қола.


Мен оқушы болған кезде мұғалім болуды армандадым. Мұғалімдерімнің іс –әрекеттерін бақылап, ұқсауға тырысатынмын.
Өзім ауыл отбасында дүниеге келіп, өстім. Менің ойымша, бүгінгі күнге дейін онда мұғалім мамандығын таңдаған тұлғаларды құрметтеп, сыйлайды. Бұл мамандық адам бойының күші мен қабілеттілігін қажет етеді.
Менің ата-анам мұғалім мамандығынан жақсы және маңызды мамандық жоқ екенін сәби кезімнен  бойыма сіңірді.
11 сынып бітіргенде, орыс тілі пәнінен мемлекеттік емтихан жүргізілді. «Мен кім болуды армандаймын?» тақырыбында шығарма жазу тапсырмасы берілді. Мен ойланбастан, отырып шығарманы мына жолдан: «Мұғалім, бұл сөздің дыбысталуының өзі бір мақтаныш!» бастағаным  және бұл шығарманы  сынып жетекшімнің  ұзақ уақыт сақтағаны әлі есімде.
Мен әрбір адамның өмірінде әрдайым есінде болатын  мұғалімі бар екендігіне сенімдімін. Неге деп сұрайсыз? Себебі, ол барлық адамадардан ерекше, өзіңе және қоршаған ортаға  басқа көзқараспен қарауға үйретіп, сенің өміріңде ерекше тұлғалардың біріне айналады.Сонымен қатар, біз мектепті өзіміздің үлкен және маңызды бөлшегімізге теңейміз.
Өмір сүріп жатқан заманымыз алмасып жататын оңай емес уақыт, бірақ  менің ойымша жеңіл заман болмайды. Бұл өмірде әрқайсымыздың өз мақсатымыз бен  міндетіміз бар.
Менің басты арманым мен мақсатым орындалды. 1997 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық университетті аяқтағаннан соң, өз мектебіме жас маман ретінде оралдым.
Менімен бірге оқыған курстас қыздар әдемі өмір сүру мақсатында Ақмола қаласы, қазіргі Қазақстанның астанасы – Астана қаласында қалды.
Ал мен өз туған еліме, туған мектебімнің қабырғаларына, өзімнің «тұлға» ретінде қалыптасқан, болашақтың «кілтін» ұсынған, ғылымға, білімге, құрметке, үлкендерді сыйлауға  үйреткен жеріме оралғаныма өте қуанышты болдым.
90 жылдары еліміз қатал дағдарысқа ұшырады. Мен өзімді сынап, басқа маман жұмысын атқардым, бірақ «өз-өзімнен қашып кете алмадым».
2006 жылы тағдыр маған сыйлық жасады. Мен өмірімде өте ғажап адамды кездестірдім – білікті және данышпан, жаны мен тәні сұлу Сахневич Раиса Анатольевна.
Бұл ақылды, мейірімді, ал ең бастысы түсінігі мол  адам біздің ашық балалар үйін басқарады. 2006 жылы балалар үйінің табалдырығын аттаған соң, мен қайтадан бақытымды тапқандай болдым, себебі оқытушы болу – бұл борыш, тағдыр. Р. А.Сахневич тәрізді жаны пәк, ашық жанды, дынышпан және  жастарға ең маңызды және қажеттіні жеткізе алатын адаммен жұмыс істеу мен үшін бақыт болды.Ол қайырымды сөз айтып, ақылды кеңес бере отырып, таңдайтын дұрыс жолды көрсетті. Міне осындай кезде, өзіңнің мамандығыңның маңыздылығын түсініп, өміріңде не басты екенін түсініп, неге бақытты екендігіңді түсінесің...
Барлығымыздың балалық шағымыз болды. Біз біреудің бүгінгі немесе кешегі  оқушыларымыз. Кейде есейгенде ғана тәлімгерлерімізден  қандай күш пен құрбан талап еткенімізді түсінеміз.
Бәлкім, Мұғалімдер күні тәрізді мерекелерде еңбегіміз үшін  түлектер мен тәрбиеленушілерден  құттықтаулар мен қуанған күлімсіреуді  қабылдаудың өзі бақыт. Біз оқушыларымызға  ақыл мен  махаббат бере отырып, келешекте жеткен жетістіктері бізді аса қуантады. Себебі қалыптасқан тұлғалардың бойында мұғалім өзінің еңбегінің жемісін көреді, ал балалар үйінің баласы болса, одан сайын жауапкершілік үлкен және алдыңа қойған мақсат маңыздырақ.
Бүгін, бүкіләлемдік мерекені тойлау барысында,  жауапты тәрбиеші Л.А.Колинаның басқаруымен №4 балалар үйінің тәрбиеленушілері шексіз алғыс пен ризашылыққа толы мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. Мереке күлкіге, қуанышқа, ән шырқау мен әзілге, сахналық қойылым мен сыйлықтар мен алғысқа, ал ең бастысы махаббатқа толы болды.
Ең кішентай мектепке дейінгі жастағы балақандар, елжіремей қарауға болмайтын «Раз ладошка» жалынды би қойды.
Мереке тамаша, көрнекті және ерекше өтті. Суреттерден құралған слайд-шоу арқылы әр оқытушы мен тәрбиешіге көңіл бөлінді. Бұл күні біздің оңай емес еңбегіміз үшін алғыстар айтыла отырып, қаншама күлкі, гүл, сыйлықтар болды, ал біз үшін ең басты сыйлық – біздің тәрбиеленушілеріміз оқу мен спортта жақсы жетістіктерге жетуі. Балалар үйінің түлектері «қисық жолмен» кетпей, оқуын бітіріп, өз өмірлерін қалауы - жұмысымыздың  ең басты жемісі. Оқытушының басты мақсаты мен арманы – өз тәрбиеленушісінің қалыптасқан  тұлға ретінде көріп, өз еңбегінің жемісін мақтан тұту.

Директордың тәрбие                                Д.Т. Рахимбекова
 ісі бойынша орынбасары


«Үміт» бөбектер үйінде «Қуан сәби» мерекесі өткізілді

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Үміт» бөбектер үйінде 2012 жылдың 16 қазанында «Қуан сәби» мерекесі өткізілді.
Мерекенің мақсаты әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, балаларды жанұяларға орналастырудың баламалы нысандарын дамыту, сонымен қатар қоғам назарын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне аудару және балалар үйлерінен бала тәрбиелеп алуға ниет етіп отырған ата-аналарды қолдау, оларға құқықтық тұрғыдан көмек көрсету болды.
Мерекеге Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, бөбектер үйінің қызметкерлері, ата-аналар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
                            
Музыка залында балаларды ертегі кейіпкерлері Күлдірген мен Бүлдірген көңілді әнмен қарсы алды. Сонан соң қыздар өзбек биі мен «Листок» атты күзгі биді орындады.
Балалар ертегі кейіпкерлері Күлдірген мен Бүлдіргеннің қызықты ойындарын ойнады.
Мерекеде балаларға Күлдірген мен Бүлдіргеннің бастан кешкен қызықты оқиғалары бойынша қойылым көрсетілді. Бүлдіршіндер өз кезегінде қонақтарға «Достық», «Бал балалық»  әндерін орындап, тақпақтар айтып би биледі. Балаларға арналған мерекеге келген «Кукла» кейіпкері балалардың барлығына жұмсақ ойыншықтар сыйлады.
                                                                            
Мереке соңында балаларға мерекелік дастархан ұйымдастырылды.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы М.Керімбеков және мамандырылған «Үміт» бөбектер үйі бас дәрігердің орынбасары Ү. Аяшева облыстық «Қазақстан – Тараз» телеарнасына сұхбат берді.
Акция қорытындысы бойынша 3 бала отбасына жолдама алды.
                                                                                      


«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымында мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту перспективалары» тақырыбына дөңгелек үстелдің өткендігі туралы

p>Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының Балалар үйінде 2012 жылғы 12 қазанда «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымында мемлекеттік тілді қолдануды кеңейту перспективалары» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізді.
Іс-шараның мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту.
Дөңгелек үстелге осы сұраққа мүдделі құрылымдардың өкілдері қатысты: Астана қалалысының Білім басқармасы, Тілдерді дамыту басқармасы, интернаттық ұйымдардың басшылары, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері.
Дөңгелек үстел жұмысының басталар алдында Балалар үйі бойынша таныстыру саяхаты өткізілді. Қонақтармен гид ретінде Балалар үйінің тәрбиеленушісі, ұлты – орыс, қазақ тілінде білім алатын, 11 сынып оқушысы Горизанов Владислав қоса жүрді.
       
Дөңгелек үстел жұмысын модераторы болып Департамент директоры Жұмабекова Рысты Мағауияқызы бастады. Өз сөзінде Жұмабекова Р.М. қазақ тіліне мемлекеттік тіл мәртебесі берілгендігін, оған тең түрде ресми орыс тілі қолданатындығын атап өтті. Қазақ тілі – Қазақстан халқын біріктіретін тіл. Мемлекеттің тілдік саясаты, қазақ тілінің қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, оның функцияларының кеңеюі – билік пен қоғам назарының алдында.
Қазақстан үшін Елбасы жариялаған тілдердің үштұғырлығы жобасы өте өзекті болды.
Дөңгелек үстел жұмысының барысында Балалар үйі, Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана, «SOS Астана балалар ауылының» өкілдері сөз сөйледі. Олардың сөздері түрлі ұлтты тәрбиеленушілердің: қазақ, орыс, башқұрт, украиндықтардың концерттік нөмірлерімен қос жүрді. Үш тілде өлеңдер, әндер, жас ұландықтардың әнұраны айтылды, би биленді.
Сонымен қатар Дөңгелек үстелде «Тіл және мәдениет» қалалық қоғамы төрағасының орынбасары Алтынбек Мұса, «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар қанатының өкілі Қазтаева Гүлнұр, Астана қаласы Кәсіптік-техникалық колледжінің қазақ тілі мұғалімі Абуова Миркүл Дулатқызы сөз сөйледі.
        
Дөңгелек үстел жұмысының маңызды бағыттарының бірі Астана қаласының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарында мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту перспективаларын талқылау болды. Дөңгелек үстелдің қатысушылары осындай форматтағы кездесулерді республиканың жақын аймақтарынан мүдделі тұлғалар мен болашақ бағдарламасының түлектерін шақырумен жиі өткізіп тұру ниетін білдірді.
Дөңгелек үстелдің жұмысы іскери, сындарлы жағдайда өтті, пікірлермен алмасып,.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша әзірленген ұсыныстар кітапшаға орналастырылады.

 


Облыстық отбасы үлгісіндегі «Таңшолпан» балалар үйінде «Қуан, сәби!»

2012 жылдың 19 қыркүйегінде жетім балалар мен ата-ана қарауынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы түрін және балалар үйінің  түлектеріне тәлімгерлікті дамыту мақсатында кезекті «Қуан, сәби» акциясы өтті.  
Аталған іс-шараға 30-дан астам қонақ шақырылды. Олар мемлекеттік құрылым өкілдері: Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Білім басқармасы, қалалық білім бөлімі, қалалық мәслихат;  бизнес өкілдері: «Минова Казахстан», «Оптимус» компаниясы, «Аманат» фармацевтикалық компаниясы; облыстық БАҚ өкілдері: «Индустриальная Караганда», «Взгляд», «Новый Вестник» және ең бастысы  потенциалды ата-аналар, қонақ отбасылары, балалар үйінің түлектері.
Бұл күні «Таңшолпан» балалар үйінде шынымен үлкен мереке болды. «Қуан, сәби» акциясы және дыбыс жазу студиясының ашылуы болды. «Оптимус» фирмасы балалар үйінің өз студиясын ашу туралы идеясын қолдап, қол ұшын созып,  үлкен көмек көрсетті. Студияны салтанаты түрде ашу рәсімі Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департментінің бастығы Киселева Ирина Болиславовна берілді, ол балаларды, ересектерді және бала тағдыры толғандыратындарды құттықтап өтті. «Қуан, сәби» акциясына балалар үйінің тәрбиеленушілері мен ұжымы мерекелік концерт дайындады, концерт барысында қонақтар балалардың таланты мен талабын бағалап, әншілердің әсем әнін тыңдап,мың бұралған бишілердің биін тамашалады.   
Іс -шара  соңында қонақтар «Таңшолпан» балалар үйі жанынан ашылған Жеткіншектер үйіне шақырылды. Жеткіншектер үйінде балалар үйінің түлектері үшін жасалған  жайлы жағдайларды көрген қонақтар  аса жоғары баға берді. Барлық қонақтарға балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жасалған естелі сыйлық - Ақ ботақандар – тарту етілді. Балалар өздеріне достар тапты, ал үлкендер оларға қонаққа жиі келіп тұруға уәде берді.

 


«Болашақты жүзеге асыратын жоба»

2012 жылғы қыркүйек айында ШҚО арнайы жасөспірімдер үйінде Шығыс Қазақстан облысының балалалар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент пен Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының қолдауымен «Жасөспірімдер үйінің» кәсіби және кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» жобасы өтті. Жобаны «БОТА» АҚ қаржылық қолдауымен Қоғамды ақпараттық қолдау қоры жүзеге асырады.
Жоба шеңберінде Жасөспірімдер үйінің 48 тәрбиеленушісі «Шаштараз ісі» және «Киім пішу және тігу» мамандықтары бойынша оқудан өтті. Жасөспірімдердің табысты жұмысқа орналасулары бойынша тренингтер, арналған шағын және орта бизнесті ұйымдастыру және жүргізу негіздері бойынша үйрету семинарлары өткізілетін болады.
                                                      
Белл-Ланкастерлік жүйені (Өзара оқыту жүйесі) іске қосу жоспарлануда, бұл жүйе тәрбиеленушілердің оқытушыларды қатыстырмай бір-біріне алған мамандықтары бойынша білімдері мен біліктіліктерін алмасуға мүмкіндік береді.
Аталған жоба Жасөспірімдер үйлері тәрбиеленушілеріне еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді алу жолымен олардың экономикалық мүмкіндіктерін, алған кәсіптері бойынша жұмысқа орналасуға мүмкіндіктерін, кәсіпкерлік қызмет туралы алған білімдерін кеңейтіп, өздерінің шағын бизнестерін ашуға мүмкіндік береді.


Қызылорда қаласындағы балалар үйіндегі акция

Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Мектепке жол» республикалық акциясы барысында Қызылорда қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері Қызылорда облыстық Халық банкі филиалының өкілдерінен жаңа оқу жылы басында жаңа білімге деген жағымды күшпен қатар, оқуға қажетті құралдар да алды. Әдеттегідей, бірақ оқуға өте қажетті құралдармен қатар, олар балаларға музыкалық орталық пен DVD-плеерлер сыйлады.
Бұндай қайырымдылық акциялары балалар үйінде жиі өткізіліп отырады. Банк филиалының ұжымы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқоршылық көрсетіп, түрлі мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар өткізуге демеушілік көмек көрсетіп отырады.  
Акция соңында балалар Қазақстан Халық банкіне өздерінің алғыстарын білдіріп, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
                


Қасиетті айдағы қайырымдылық

Оңтүстік Қазақстан облысы  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен,  «Даму» жастар бірлестігінің демеушілігімен 2012 жылдың 13 тамыз күні ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, №3 Шымкент балалар үйі мен Шымкент қалалық сауықтыру орталығының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты; жетім және ата-анасаның қамқорлығынсыз қалған балалардың, өмірдің қиын кезеңіне тап болған балалар мен мүгедек балалардың  отбасы қадірін сезінуі,  соның ыстық-суығына төзуі, еліне деген сүйіспеншілігінің артуы, еліміздің болашағына жарқын жол бастар білімді де білікті азамат болуы үшін жаңа оқу жылына дайындығын серпілту.
ОҚО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының, №3 Шымкент балалар үйі мен Шымкент қалалық сауықтыру орталығының жалпы 60 тәрбиеленушісін Шымкент қаласының орталығындағы «Дендросаябаққа» саяхатқа алып барып, арнайы мамандардың қатысуымен саябақтың  тарихымен толықтай таныстырылды. Сонымен қатар, «Мадлен» дәмханасында мерекелік түскі ас берілді.  «Даму» жастар бірлестігінің қызметкерлері балалар арасында түрлі спорттық және танымдық сайыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады. Балалар іс-шараға ризашылықтарын білдіріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Осындай іс-шара 2012 жылдың тамыз айының 14-15 күндері де жалғасын табатын болады.
            

Қабылдаушы ата-аналар мектептері мен отбасыларды қолдау қызметтерінің жұмысы туралы

Республика аймақтарында қабылдаушы ата-аналар мектептері (одан әрі – Мектептер) мен отбасыларды қолдау қызметтерінің (одан әрі – Қызметтер) жұмысын ұйымдастыруда қабылдаушы ата-аналар мектептері мен отбасыларды қолдау қызметтері бойынша Россия Федерациясы мен Белорусь Республикасының іс-тәжірибесі енгізілген «Балалардың құқықтарын қорғау маманына арналған көмекші құрал» әдістемелік құралын пайдаланады. Сондай-ақ, олардың жұмыстарын жоспарлауда әдістемелік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Мектептер мен Қызметтердің үлгі жоспарларын әзірлеп, балалардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жолдады.
2012 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша республикада 87 Мектеп      (3-еуі балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, 33-і білім бөлімдерінің, 26-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың,  25-і жалпы орта білім беретін мектептердің жанында) пен 58 Қызмет (4-еуі білім бөлімдерінің, 20-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың,  34-і жалпы орта білім беретін мектептердің жанында) жұмыс істейді.
2012 жылғы 1 қаңтар мен 10 тамыз аралығында Мектептер мен Қызметтер 9763 адамды қамтыған 297 түрлі іс-шара мен 2902 кеңес өткізді.  Соның ішінде, 551 тұрақты тыңдаушы қатысқан 116 сабақ өткізілді.  104   оқыту семинарларына 1645 адам, оның ішінде, 402 (24 %) өз отбасына бала қабылдауға ниетті азаматтар қатысты. 4304 қамқоршыға, қорғаншыға, патронаттық тәрбиешіге және бала асырап алуға тілек білдірген азаматқа заңдық, психологиялық және педагогикалық ( заңдық сұрақтар бойынша 1079 (36%), педагогикалық және психологиялық сұрақтар бойынша 1828 (61%) адамға) көмек көрсетілді.
Жұртшылықтың назарын жетімдік мәселелеріне аудару, отбасыға орналастырудың нысандарымен таныстыру және Мектептер мен Қызметтердің жұмысын насихаттау мақсатында аймақтарда 59 көрнекі материалдар, үнпарақтар, буклеттер мен кітапшалар әзірленді. Мысалы, Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қабылдаушы ата-аналарға көмек» кітапшасын, Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті постер дайындады.
БАҚ-та 122 мақала жарық көріп, жергілікті телеарналарда 25 бейнеролик, жүгіртпе жолда 6 жарнама көрсетілуде. Телеарналардың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жөніндегі 38 бағдарламасына балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, білім басқармалары мен бөлімдерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.    
Одан басқа, аталған мәселе бойынша Комитет пен балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің сайттарына 66 материал орналастырылған. Аймақтарда балаларды отбасыларға орналастыру нысандарын насихаттауға бағытталған 42 акция өткізілді.  Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 165 концерт ұйымдастырды. Мысалы, Қостанай облысында Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері «Дорога домой» акциясы аясында облыстағы 6 аудан мен қалаларда концерт қойып, балалардың қолөнер көрмесін дайындады.
Мектептер мен Қызметтердің жұмыс нәтижесі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға орналастыру болып табылады. 2012 жылғы І жартыжылдықта отбасыларға (қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, бала асырап алуға) 424 бала орналастырылды.

Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернатында ұйымдастырған қайырымдылық іс-шара

2012 жылғы 31 шілдеде  Солтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық акцияның шеңберінде бірінші іс-шара өткізілді.
«Жұлдызай» бірлескен қоры (Астана қ.) Соколов арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне көмек көрсетілді. Қонақтар балаларға 5 жұмсақ диван және күрес кілемін сыйға тартты. Көрсетілген қайырымдылық көмегінің сомасы жартымиллион теңге. Балалар өз алғысын білдіріп демеушілерге «Орленок» сауығу лагерінің кезекті мерзімінің аяқталуына байланысты дайындаған концерттік бағдарламаларын көрсетті. Бұл мерекелік іс-шараға демеушілерден басқа балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы, жергілікті БАҚ өкілдері және балалар  қатысты. Жалпы 80-нен астам адам.
 

 

Баланың көз жасы төгілсе, ата-ананың кінәсі

Балалар үйі. Тағдырдың ащы сынағына ерте тап болған жәудіркөздердің үміт мекеніне айналған бұл мекемеден жыл сайын бірқатар шәкірт түлеп ұшады. Олардың орнын көзінде терең мұңы бар  оң-солын  енді тани бастаған  кіп- кішкентай балдырғандар қайта басады. Бұлардың бәрі  де  тұл жетім емес,  көпшілігінің  әке-шешелері бар. Алайда, ішкілікке салыну салдарынан  өз баласын қараусыз қалдырап, саналы түрде  азап отанына  салушылар.
Еліміздің егемендігін алған алғашқы жылдары тұрмыстың қиындығы осындай жауапкершілігі төмен әке-шешенің, көкек ананың  артуына  әкеліп соғып, балалар үйінің қатары көбейе түскен еді. Осы орайда  1996 жылы Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің ірге тасы қаланып, шаңырақтың тұсауын Қазақстан Республикасының бірінші ханымы, «Бөбек»  қорының төрайымы  Сара Назарбаева  кескен болатын. Міне, содан бері 16 жыл зымырап өте шықты. Шаңырақтан 265 бала қанатын қатайтып, үлкен өмірге жолдама алса,  130-ы бүгінде осы ұяда тәрбиеленуде. Ең кішкентай 3 – 5 жас аралығындағы бөбектерден басқасы қаламыздағы №16 орта мектеп-гимназиясында оқиды. Балалар үйіне келгенге дейін, отбасылық тәрбиеден алшақ қалып, өз білгенінше күн көріп, қаңғыбастыққа салынуында олардың еш кінәсі жоқ. Бәр кінә оларды қорғаштау орнына жетімдік күй кешірген ата-ана жауапсыздығында. Міне, осылайша облысымыздың әр ауылы мен аудан, қалаларынан келген әртүрлі мінезді, бірі қиқар, бірі жасқаншақ, бірі нәзік, бірі батыр кішкентай қоңыр торғайлардың қайта тәрбиеленіп, бірте-бірте сүйкімді ақ көгершінге  айналып, түрленген тоты құстай құлпыруы, әрине, мемлекетіміз бен Елбасымыздың,  еліміздің ертеңі үшін еңбек етіп жүрген азаматтарымыздың қамқорлығының арқасы.
Алғаш келген күннен бастап тәрбиеленуші балалардың денсаулығы, отбасылық жағдайы, мінез – құлқы, ынтасы, қызығушылығы, қабілеттілігі анықталып, әрқайсысына ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда балалардың еркін өсіп, білім мен тәрбиенің мөлдір бұлағынан сусындап бақытты өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Олар заман талабына сай ерекше талғаммен жабдықталған әсем бөлмелерде тұрады. Әрдайым дәмді асқа толы дастархан жаюлы асхана, кітапхана, музыка залы, спорт алаңы, тренажор залы,  мейірімді тәрбиешілер мен мейірбикелер бәрі де балалардың көтеріңкі көңіл күйлері мен жарқын болашағы үшін қызмет атқаруда. Талдықорған қаласындағы №16 орта мектеп-гимназиясында оқитын  балаларымыз әртүрлі пәндік олимпиадаларға, қоғамдық іс – шараларға қатысып,  өз өнерлерін көрсетуде. Бұл істе мектеп ұстаздары мен ата – аналар  қауымдастығының қамқорлықтарына алғысымыз шексіз.
Балаларды әлеуметтік өмірге бейімдеп, білімін жетілдіру, өздеріне сенімділіктерін арттырып, бос уақыттарын тиімді пайдалануға дағдыландырып, жауапкершілікке тәрбиелеудегі іс өз  нәтижесін беруде. Тәрбиеленушілеріміз аялы алақаны, ыстық жүрегі, мейірім – шапағатын аямаған тәрбиеші ұстаз аналырының ғана емес, жас ұрпақ болашағын ойлап қамқорлық жасап отырған облыс әкімі А.Мұсахановтың шарапатын жиі көруде. "Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын" дегендей,   облыс  басшысы балаларға автобус сыйлаған еді. Бұрын-соңды қалалық көліктермен жүру біз үшін көп қиындық туғызатын. Қазір балаларды тасымалдауда ол қиындық артта қалды. Сол сынды облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті Г.Ермекбаева, облыстық білім басқармасының бастығы  Ғ.Аманова, Талдықорған заң колледжінің директоры  М.Рахымбекұлы, № 1,2,3 кәсіптік лицей және қалалық медицина колледжінің басшылары да балалардың жағдайын біліп, бізбен тығыз  байланыста жұмыс істейді. Халқымызда «Қайырымдылықты халықтан, пайымдылықты қариядан, елім деген ерлерден  үйрен» - деген сөз бар. Адамды адам етер – оның  айналасы, қоршаған ортасы, өзінің білімі, ой өрісі мен сана-сезімі.
Рас, қанша күш-жігерінде жұмсасаң да, баланың бәрін бірдей білімді, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеу мүмкін емес, десек те жеткіншектерге үкілеп үміт артып, ертеңгі күні нұрлы болсын деп қамқорлық жасауды басты мақсат санаймыз.
Балалар үйінің басты міндетінің бірі – жеткіншек денсаулығына жіті мән беру. Осыған орай  тәрбиеленушілеріміз жыл сайын Қаратал өзенінің сағасында орын тепкен қалың орманды, мөлдір сулы «Хан тәңірі» бұлағының бойындағы «Айналайын» лагерінде жазғы демалыстарын өткізеді.
Одан бөлек балалардың демалысын көңілді өткізуге үлес қосып жүрген алакөлдік азамат Бахыт Нөкербекұлына ризашылығымыз шексіз.Үлкен жүректі  азамат бірнеше жыл қатарынан  балаларға демеушілік көмек көрсетіп, жыл сайын жаз айында балалардың  Алакөлде тегін   демалуына мүмкіндік тудырып келеді. Табиғат аясында  серуендеу, шипалы Алакөлдің суында шомылу – жеткіншек  үшін үлкен сыйлық.  Бұдан балалар мейірімді жандардың жанашырлығына сүйсініп, өздерінің қоғамға қажет екендіктерін түсініп өздері де қайырымды,  кішіпейіл  болуға ұмтылады.
Балалар үйінде тәрбиеленушілердің бос уақытын тиімді өткізуге барлық жағдай жасалған. Олар  вокал, би, хор, домбыра, театр, қолөнер, «Алтын ине», «Алтын қасық» үйірмелеріне, футбол, баскетбол, волейбол секцияларына қатысады. Шәкірттің қол жеткізген жетістіктері де аз емес.Жас өнерпаздарымыз Алматы қаласында өткен дүниежүзілік «Кинотаврик» өнер фестивалінде және Астанада жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында  ұйымдастырылған «Таңшолпан» республикалық байқауында бас жүлделерді  иеленді. «Айналайын» балалар  үйінің ұжымы да биыл облыстық "Ең үздік интернаттық  мекеме 2012" байқауында І –орынды жеңіп алды. Бұл да болса, біздің қызметкерлердің, жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы табысты  еңбегінің жемісі. Әр балаға "айналайын" деп мейірлене қарап, басынан сипауға даяр ұзтаз-тәрбиешілеріміз жеткіншектерді тәрбиелеп жеткізуде бар-күш  жігерін жұмсай отырып, ынтымақта еңбек ете  беретіндігіне сендіргеніміз келеді.         

Ж.Қ.Баймадиева,
«Айналайын» балалар үйінің директоры,
«Шапағат» медалінің иегері,
Алматы облыстық қоғамдық-саяси "Жетісу" газеті,
№87, 04.08.2012 ж.

«Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернаттан кейінгі
сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбындағы дөңгелек үстелдің
өткізілуі туралы

2010-2011 жылдары Орталық Азияның Еуразиясы қоры басты мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар бітірушілерінің тәуекел ахуалына түсу себептерін анықтау болып табылатын әлеуметтанушылық зерделеу жүргізді.
Аталған әлеуметтанушылық зерттеулер өз бетінше өмiр сүруге қаншалықты дайын екендеріне қарамастан, интернат бітірушілері дербес тұлғалар болып қалыптасуға асықпайтынын айғақтайды.
Тоғышарлық ұстаным (мемлекет өмiр бойы көмектесуге мiндеттi және мұқтажсыз тіршілікті қамтамасыз ету), сәтсiздiкке айқын байқалатын реакциялар, өзара көмекке дайындықтың жоқтығы, сырттан үнемі бақылауға қажеттiлік байқалады.
 Айқындалған қиындықтар, әрине, балалар үйінің тәрбиеленушiсi мәртебесiнен бітіруші мәртебесіне бiрқалыпты өтуді жүзеге асыра отырып, балалар үйлерінің бітірушілерін үздіксіз алып жүрудің кешендi жүйесін құру қажеттігін дәлелдейді.
Міне, аталған мәселелер Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен Орталық Азияның Еуразиясы қорының ұйымдастыруымен 2012 жылғы 3 шiлдеде «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернаттан кейінгі сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету тәжірибесі мен перспективалары» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде талқыланды.
Іс-шараға еліміздің өңірлерінен келген үкіметтік емес сектордың, жасөспірімдер үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың, жетім балалар мен балалар үйлерінің бітірушілерін бейімдеу орталықтарының, отбасылық психология орталықтарының, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында:
- «Қазақстандағы балалар үйлері түлектерінің проблемалары және оны шешу жолдары» зерттеуінің нәтижелері аталды;
- балалар үйлерінің бітірушілерін қазіргі заманғы қолдау және олардың қолайсыз ортаға түсуін болдырмау арқылы Қазақстанда әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін нығайту стратегиясы таныстырылды;
- балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен бітірушілеріне қызметтер көрсету саласындағы үздік тәжірибе жалпыланды;
- дөңгелек үстел қатысушылары арасында өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды, балалар үйлерінің бітірушілеріне әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын ілгерілету жөніндегі жобаны одан әрі іске асыру үшін әріптестік орнатылды.

 

Астана күніне арналған  өткізілген іс-шаралар туралы  

Жыл сайын шілденің 06 күні  пана тәрбиеленушілері Астана күнін мерекелеуін дәстүрге айналдырды. Балалар осы тамаша мерекені асыға күтіп дайындалады.
Осы мерекелік күндерде қалада салатанатты іс-шаралар өтеді, Қазақстанға көптеген басқа қалалардан, мемлекеттерден  қонақтар келеді. Ең алғаш келген қонақтарды Халықаралық Астана аэоропорты қарсы алады.
Қазіргі таңда аэропорт белсенді қарқынмен жұмыс жасауына қарамастан астаналық аэропорт ұжымы 02.07.2012 жылы біздің балаларды  аэропорт бойынша экскурсияға шақырды.
    
Балалар аэропорттың құрылу тарихы мен қызметі, өндіру қызметінің жұмыстары туралы көптеген жаңа және қызықты мәліметтер алды.
Тәрбиеленушілердің өздері, тіркеуден бастап ұшу кезеңіне дейін жолаушы рөлінде болуына мүмкіндік болды.
Жабдықталған залдардмен, ана және бала бөлмесімен, діни салт бөлмесімен жүріп, қала қонақтары естелік ретінде сатып ала алатын көптеген  ұлттық сувенирлерді тамашалады. 
Арнайы автобуста аэродром бойынша жүріп, «AIR ASTANA», «SCAT», «ЖЕТІСУ», «TRANS AIRO», «TURKISH AIRLAINES», «EVRASIA AIR» атақты халықаралық жолаушылар тасымалдайтын авиокомпаниялардың самолеттерін көрді.
    
Кейін, балаларға арнап қаланың көрнекті  жерлері бойынша жолбасшымен Астананымыздың құрылу тарихы туралы өте қызықты экскурсия ұйымдастырылды.
Астанада маусым айында «Бір кадрда Астана» атты қайырымдылық жобасы өтті. Жобаның қатысушылары Астана қаласы Білім басқармасының «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» ММ тәрбиеленушілері болды.
     
Жоба бірнеше кезеңдерден тұрды. Бірінші кезеңде кәсіптенген британ фотосуретші Гарет Стемп – Н.Ә.Назарбаев атындағы интеллектуал мектебінің дизайн және фото өнерінің репетиторының   қатысуымен мастер класс өткізілді, ол балаларға фотоның пайда болу тарихын және фототүсірілмнің әр түрлі  әдістерін көрсетіп, ой бөлісті.
   
Балаларға «NICON» фирмасының фотоаппараттарын сыйға тарты. Екінші кезеңде қала бойынша тематикалық экскурсия өткізілді, балалар  фото түсіру мастер класста алған білімдерін қолданды.  Экскурсия барысында балалар өздерінің бірінші фотоларын түсірді және фотокөрмеге қатысуына шақыру құрметіне ие болды.
2012ж 07.03. күні «Бір кадрда Астана»  фотокөрмесі өткізілді.  Осы көрмеде біздің балалардың суреттері көрсетілді.  Балалар өз фотосуреттерін зор ықыласпен және мақтанышпен тамашалады.
Тәуелсіздік Сарайының директоры салтанатты марапаттау рәсімінде мүмкін, осындай күндер балалардың өмірлерін өзгертуі әлбетте мүмкін екендігін атап өтті.

2012ж 07.04 «Du selei».  атты әлем циркін балалар тамашалады. Балалар өте қызықты цирк спектакілін көрді. Бағдарлама бойынша керемет акробатты айлакерлік көрсетілді. Өлім дөңгелегіндегі қойылым барлық тамашалаушылары зор шаттыққа бөледі. Әр өнерді балалар қуанышпен қабыл алды және осындай қуанышқа бөленгендері үшін ризашылығы мен алғыстарын білдірді.
Сонымен қатар сол күні біздің балаларды импровизациялық көрмеге шақырды. Көрмеде ұлттық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлермен танысып, ұлттық киім үлгілерін, ұлттық әшекей бұйымдарын тамашалай отырып, Алтыбақанда тербеле алды.
2012ж 07.06 Астана қаласы Білім басқармасының «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» ММ «Астана, сен туралы шырқаймыз!» атты конкурсы өтті. 
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік тарихқа және туған қалаға өзінің ортақтастығын сезіну.
Тәрбиеленуші осы іс-шараға ықыластығымен қатысып, өз творчествовалық қабілеттерін, туған қаласы туралы білімдерін және жылы лебіздерін көрсетті. Астана күніне арналған іс шара «Мерекелік шашу» би-хореографиялық композициясымен басталды. Мерекені «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» ММ директордың орынбасары Г.Т.Қадырова ашты, балаларды мерекемен құттықтап, балаларға және қызметкерлерге зор денсаулық, бейбітшілік тіледі.
Төрт пана тәрбиеленуші өнерлерін көрсетті. Бабич Анна «Астанам» атты әнімен бірінші орныға ие болды, екінші орынды Халикова Дарья «Арайлы Астана» әнімен және Демиденко Валерия «Моя Астана» әнін орныдап екінші орныды бөлісті. Колбасова Татьяна үшінші орынды иеленді. Ол «Астана» әнін орындады. Әндер қазақ және орыс тілдерінде орындалды.
Конкурстан кейін мерекелік түскі ас берілді. Түскі ас кезінде балалар және пана қызметкерлері бір бірін құттықтап, ҚР Президентіне ертеңгі күндегі сенімділігі, махаббат, назар, сақтық үшін және осындай тамаша мерекеге алғыстарын білдірді.
 Конкурс жеңімпаздары Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің грамотасымен және бағалы жүлдемен марапатталады.
 

Астананың 14 жылдығына орай кітап және поэзия мерекелік іс-шараның өтілуі туралы 

2012 жылдың 6 шілдесі күні Астана күніне орай Астана қаласы "Орталықтандырылған кiтапханалық жүйе" мемлекеттiк мекемесінің бастамасымен өткен Абай ескерткішінің жанында кітап және поэзия мерекесіне Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Әлия Смағұлова әділқазы құрамы ретінде қатысты.
     
Қазылар алқасының төрайымы Қазақстанның халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынова болса, құрамына ақын Несіпбек Айтұлы, балалар ақыны Ескен Елубаев және Астана қаласы "Орталықтандырылған кiтапханалық жүйе" мемлекеттiк мекеменiң кiтапханаларының директоры С.Б.Медеубеков енді.
"Орталықтандырылған кiтапханалық жүйе" мемлекеттiк мекемесі жұртшылыққа «Қазақстан түркі әлемінің өзегі», «Рәміздер», «Халқымыздың рухани қазынасы», «Астана елдік пен ерлік тұғыры» атты тақырыптарды кітап көрмесін ұсынды. Сонымен қатар, әдеби кітаптарды сату да ұйымдастырылды. 1500-ден астам қала тұрғындары мен мектеп оқушылары сирек кездесетін әдебиеттерді сатып алу, кітап авторларымен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды.
      
Астана қаласының 57 жас ақындар және мектеп жасындағы енді өлең жазып жүрген оқушылар өз шеберліктерін, поэзияға деген сүйіспеншіліктерін көрсете білді. Жас ақындар елордамызға, туған жерге, Отанына арналған өздерінің шығармаларын оқыды.
      
Кітап және поэзия мерекесі 3 кезеңнен: «Астана 2012 жылы түркі әлемінің мәдени Астанасы» мүшәйрасы, «Ғасырлар қолтаңбасы» жыр сайысы және «Зерек бала» мәнерлеп өлең оқу сайысынан тұрды.
      
Озық шыққан жеңімпаздар Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Мәдениет басқармасының грамотасымен және ақын Фариза Оңғарсынованың ұсынған сыйлықтармен марапатталды.
Осы күні аталған мерекелік шараны «Астана» телеарнасының жаңалықтар топтамасынан көрсетіп, «Егемен Қазақстан» республикалық газетіне мақала жарияланды.

 

Вальс әуенімен...

Жыл сайын вальс әуенімен жүздеген түлек алтын ұя – мектебімен қош айтысады. Ересек, жеке, жұмбаққа толы жаңа өмір басталады. Салтанатты іс-шаралар барлық қалалар мен әр ауылда өткізілуде. Мерекелік сценарийлер әзірленіп, өлеңдер мен әндер жазылады, залдар шарлармен және гүлдермен безендіріледі.
2012 жылдың 21 маусымында Осакаров ауданының «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған пионер балалар үйі» ММ, «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Литвинск мектеп-интернаты» ММ тәрбиеленушілеріне арналған мектеп бітіру кеші өткізілді.
                                    
Шараға Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, демеушілер, балалар үйінің тәрбиеленушілері және педагогтары қатысты.
Дәстүр бойынша алдымен мемлекеттік аттестаттар, оқудағы және спорттағы жетістіктері үшін алғыс хаттар, марапаттар және медальдар ресми түрде табысталды. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б. Киселева түлектерді құттықтап, игі тілегін білдірді. Осындай ғажайып тамаша кеште Департамент директоры ең жақсы 11 түлекке С.А. Назарбаеваның атынан компьютерлік техника – электрондық планшеттерді сыйға тартты.
Үнемі қолдап, қамқорлық көрсеткені үшін балалар С.А. Назарбаеваға үлкен алғыстарын білдірді.
                                   
Осыдан кейін кеш түлектердің дайындаған мерекелік концертіне ұласып, дәстүр бойынша мектеп вальсімен аяқталды... 
Осы күннен бастап біздің балаларымыз ересек адам қатарына қосылып, өз бетінше қалай шешім қабылдаса, олардың болашағы және қоғамның келешегі соған байланысты болмақ. Бүгінгі күннен бастап жас өрендерге болашаққа деген үлкен жауапкершілік артылады.
Демек, оларға ақ жол, өздерінің таңдап алатын жұмыстарында жақсы достарды және көмекшілерді, сонымен қатар, әрине, сынақтардың ең жеңіл тілейміз! 

2012 жылдың 7 маусымы күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Қазақ Ұлттық Өнер Университетінде балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің арасында өткен І республикалық «Мен көрген әлем, менің шабытты өмірім!» атты байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.
                                      
Шара барысында «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек, «ҚазТрансГаз» АҚ-нің бас директоры аппаратының жетекшісі Алмаз Жаманбеков, ҚазҰӨУ-нің ректоры Айман Мұсаходжаева, қазылар алқасының төрағасы, «Құланшы» заманау өнер орталығының директоры Лейла Махат, Астана қаласының «Балалар көркем мектебі-ЮНЕСКО клубы» директоры Гүлзия Исенова сөз сөйлеп, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтады.
                                      
«Менің Қазақстаным – менің жерім», «Біз тату өмір сүреміз!», «Менің арманым» тақырыптарында өткен байқау балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің дарынды тәрбиеленушілерін анықтап, қолдауға бағытталған. 
Байқауға еліміздің барлық аймақтарынан 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің 224 жұмысы қатысты. Нәтижесінде қазылар алқасы үздік 16 жұмысты іріктеді.
                                     
Байқау жеңімпаздарына дипломдар, сертификаттар, бағалы сыйлықтар табыс етілді. Өнер университетінде байқау жеңімпаздары мен қатысушыларының көрмесі ұйымдастырылды.
Жас дарындар Астанада ұмытылмас үш күн өткізеді. Олар қаланың көрікті жерлеріне, «Балалар көркем мектебі-ЮНЕСКО клубында» мастер-класс, «Қара киімділер-3» фильмінің көрсетіліміне, М.Горький атындағы орыс драма театрына баратын болады.
Ұйымдастырушылар: «Болашақ» корпоративтік қоры, Астана қаласының «Балалар көркем мектебі-ЮНЕСКО клубы». Жоба демеушісі: «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы.

Астанада VII «Таңшолпан» республикалық байқауы ұйымдастырылды

Бүгін еліміз Халықаралық балалар күнін атап өтуде. Бұл мерекеге орай Астанада осымен жетінші рет «Таңшолпан» республикалық байқауы ұйымдастырылды. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен барлығы 150-ге жуық бүлдіршін қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. 
Шара «Болашақ бүгіннен басталады» республикалық акциясы аясында өтуде. 
                         

Байқауға қатысушыларды елімізге еңбегі сіңген мәдениет қайраткерлері мен өнер саласында білім беретін оқу орындарының басшылары іріктейді. Жыл сайын байқау ережесі өзгеріп тұрады. Мәселен, өткен жылдары ән айтудан, музыкалық аспабта ойнаудан сайыс болса, биыл балалар мың бұралып, би билеуден сынға түседі.
Бақыт ӘЛІБАЕВА, ҚР БҒМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ ТӨРАЙЫМЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:- Бір қоятын мақсатымыз – олардың жолын ашып, ертең тағы табыстан табысқа жеткіземіз деген ойымыз бар. Сондықтан да балалар өздерін бақытты деп санайды. Сонау Атыраудан, Оралдан балалардың барлығы келіп, өздерінің жеткен жетістіктерін көрсетіп жатыр. 

«Хабар» агенттігі, 2012 жылғы 1 маусым 

«Таң Шолпан» республикалық конкурсының баспасөз хабарламасы    

Дәстүрлі түрде «Біз – Қазақстан балаларымыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» атты бүкілқазақстандық іс-шарасы аясында ағымдағы жылғы 1 – 3 маусым аралығында балалар үйлері тәрбиеленушілерінің арасында  «Таң Шолпан» республикалық конкурсы өткізіледі.
Өз бастауын 2006 жылы алған аталған конкурс дарынды балаларды анықтауға, оларды өнер әлеміне баулуға, шығармашылық әлеуетін дамытуға ықпал ететін бірегей іс-шараға айналып отыр.
Конкурстың негізгі мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін балалар шығармашылығын дамыту мәселесіне қалың жұртшылықтың назарын аударту, неғұрлым қабілетті және кәсіби тұрғыда болашағынан мол үміт күттіретін балаларды анықтау, сондай-ақ оларды қолдау мен ынталандыру болып табылады.
Конкурсанттар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдени қайраткерлері мен би өнерінің шеберлерінен, Президент мәдени орталығының, К. Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының өкілдерінен, халықаралық конкурсанттардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен лауреаттарынан құралған әділ қазылар алқасының назарына үш би композициясын ұсынбақ.
Балалардың «Таң Шолпан» конкурсына қатысуы өз қабілеттеріне сенімді нығайтуға, таланттарын одан әрі жетілдіруге және белсенді қоғамдық қызметке тәрбиелеуге мүмкіндік берері сөзсіз.
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Мұндай деңгейдегі іс-шараны Балаларды қорғау күніне арнап, Астана қаласында өткізу аталған санаттағы балаларда жоғары патриоттық сананы, Отанға адалдық сезімін қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне деген мейірімділік пен ізгіліктің жарқын көрінісі болып, тәуелсіз Қазақстан елордасының көрнекті орындарымен танысуына мүмкіндік берері сөзсіз. 

«Айналайын» үйінде мереке!

Бүгін табиғат бізге шуақты, нұрлы күн сыйлағандықтан балалар қатты қуанып, жаздың бірінші күні- Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекеледі. Оқу аяқталып, алдымыздағы жазғы демалысымазда лагерге барамыз, жақсы демалуға толық үш айымыз бар. 
«Айналайын» балалар үйінде «Әлемде ең қажеті және қымбат жақсылық» атты мерекесі әдемі залда өтті. Қонаққа балалардың жақын достары: «Аскар и К» фирмасының бастығы (Сарсекенов А.С.), ТОО «Корпус Групп Интеграция» (Зыбин И.Н.), «Mary Kay» (Степанова К.), соғыс ардагерлері, «55524» бөлімінің әскери қызметкерлері, КарГИУ және де тағы басқа ұйымдардың адамдары балаларға: тәттілер, жемістер, ыдыс, кір жуғыш құралдарын, спорттық киімдерін, магнитофон, сағаттар сыйлады.
Жүргізуші Лохбаум Елена мерекені ашып, қонақтарға және барлық адамдарға күннің жылы жуағын, күлкі мен жақсы көңіл күй сыйлады. Мерекелік әндер, билер, қызық ойындарда тек балалар ғана емес, сонымен қоса үлкендерде қатысты. Мерекенің соңында Муканов Б. балалар үйінің  музыкалық жетекшісінің сөзімен жазылған «Айналайын» әні шырқалды. Балалар үйінің ауласында «Әрқашан күн сөнбесін!» атты сурет  сайысы өтті, суретте үлкен күн және қасында кішкентай күндер салынған, ол ана мен оның балалары,  оған тек кішкентай бүлдіршіндер қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
1 маусым күні біздің балаларда үлкен бағдарламалар өтеді. Бүгін балалар Қалалық балалар бақшасына, Тұңғыш Президенттің Тарихи-мәдени орталығына, «Жастар» бассейіне, «Алтын балапан» атты ертегіге барды. Қалалық бақшада балалар тек аттракциондармен қоса сайыстарға да қатысты. Барлық қатысушылар сыйлыққа ие болды. Тарихи-мәдени орталықтың алдында балаларға концерт пен ойындар ұйымдастырылды. Осы жылы 1 маусым жұма күніне түскендіктен, алдымыздағы жексенбі күндеріде мерекеленетін болады. 
Халықаралық балаларды қорғау күнінің өзінің туы бар: жасыл түсте Жер салынған – ол біздің ортақ үйіміз. Біз балаларды өмірге үйретуге және көмек көрсетуге, қорғауға  тиіс екенімізді естең шығармауымыз қажет.  Біздің оларға немқұрайлықпен қарамауымыз керек, тек сонда ғана балалар бақытты өмір сүреді.

«Менің сүйікті қалам» акциясы

Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арнап қаланың тарихи-архитектуралық орындарымен және мұражайлармен таныстыру мақсатында саяхат ұйымдастырылды. 
          
Балалар аса қызығушылықпен еліміздің алғашқы астанасының тарихи орындарымен, облыстық тарихи-өлкетану және «Ақмешіт» мұражайларының экспонаттарымен танысты. Әсіресе балаларға облыстық тарихи-өлкетану мұражайындағы Тұңғыш Президенттің көрмесі ерекше ұнады. 
Қалаға саяхат барысында балалар Қорқыт ата, Жалаңтөс Баһадүр атындағы ескерткіштермен танысты. Және де балалар Тұңғыш Президент саябағында болып, елбасы Н.Ә. Назарбаев және басқа да қоғам қайраткерлері отырғызған ағаштарды тамашалады. 
                             
Қалаға саяхат жасау үшін балалар екі автобуспен қамтамасыз етіліп, шара соңында оларға балмұздақтар мен тәтті сусындар таратылды. Бұл балалардың көңіл-күйлерін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сылауға өз әсерін тигізді. Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған Бүкілқазақстандық акция аясында ұйымдастырылған бұл шара №1 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерінің туған өлкесіне деген махаббатын, патриоттық сезімін одан әрі дамытуға ықпалын тигізді. 

«МЫҚТЫ ЖАНҰЯ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ»

Жайлы мейірімді, мықты жаңұяда өскен бала бақытты. Ал еріксіз жанұя жылулығы нан, сүйсіпеншілігінен, қамқорлығынан ата- анасының қолдауынан айырылған балалар қалай болмақ? Олардан жақсы әке, ананы қалай тәрбиелеу керек?
Балалық шағын мемлекеттік мекеменің қабырғасында өткізген балалар, жанұяда тәрбиеленген балаларға қарағанда, өз отбасын құрған кезде көбінде сәтсіздікке ұшырайды. Перзентханада өз балаларынан бас тартқандардың ішінде өкіншке орай, жетімдер санындағы жас аналар да аз емес.
    
Сондықтан да балалар үйі жағдайында отбасылық тәрбие беру – бұл өте маңызды, көкейтесті, әрі күрделі тәрбие процесі, өйткені жанұя бала үшін оның болашақ тұлға ретінде негізі қаланып, дамитын алғашкы ұжым. Тек жанұяда баланың әке, ана, дос, көрші т.б. ретінде әлеуметтік рөлдер туралы алғашкы ұғымдары қалыптасады.
     
2012 ж 23 мамырда «Үміт» балалар үйінде Балаларды қорғау күніне арналған шаралар аясында «Мықты жанұя – мықты мемлекет» атты мерекелік, музыкалық - ойын бағдарламасы өтті.
Мерекелік шара «Жетім және ата – аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау кешенді жоспарын» жүзеге асыру шеңберінде облыстық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп өткізілді.
ШҚО денсаулық сақтау басқармасы балалар үйіне стоматологиялық кабинет сыйлады, енді балалардың тістеріне байланысты проблемалар шешілді, балалар өздеріне ыңғайлы, кез келген уақытта тістерін емдей алды.
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев патронаттық ұйымдарды және балаларды мерекемен құттықтады.
     
Патронаттық ұйымдар балалар үйінің 14 тәрбиеленушісіне Сертификат тапсырды, бұл жұмыс дамуын жалғастыруда, әр бала Сертификат алып, өз болашағына сенімді болады. Мерекеге болашақта өз отбасын құруды жоспарлап жүрген және жас ата – аналар бұрынғы балалар үйінің түлектері шақырылды.
Мереке өте тамаша, әсерлі болды «Папам, мамам, мен – тату жанұямыз» байқауына балалар үйінің қызметкерлері қатысып, папа, мама рөлін орындап, балалармен бірге күрделі педагогикалық жағдайларды шешіп, «Аспаздық », «Спорттық»,  «Жанұяны таныстыру» сайыстарында шығармашылықтарын, ептіліктерін танытты.
     
Балалар көптеген жағымды әсер алып, жанұя – ол адамға сүйіспеншілік, сенімділік беретін институт екенін көріп, жанұяң болса барлық қиындықтарды, тағдырдың соққыларын жеңуге көмектесетін қорған екеніне және күнделікті куаныш пен бақытты сезінуге болатындығына көздері жетті.

«Жанұяның берiктігі - державаның берiктігі»

2012 жылғы 23 мамырда Шығыс Қазақстан облысындағы «Үміт» Балалар үйінде «Жанұяның берiктігі - державаның берiктігі» атты  салтанатты шара болып өтті, сонда 14 тәрбиеленушілерге, соның ішінде ШҚО мемлекеттік сәүлет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасымен Женісов Ерланға (17 жас), Женісова Әйгерім (15 жас), Женісова Ботагөз (13 жас), ШҚО орман және аңшылық шаруашылығы аумақтақтық инспекциясымен Бараисов Қайратқа (6 жас), ШҚО  гуманитарлық колледжімен Новесельцев Валерийге және тағы басқа тәрбиеленушілерге жалпы сомасы 1746375 теңгеге Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жеке шоттарына ақшалай көмек аударылған туралы сертификаттар табыс етіліп және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен стоматологиялық кабинеттің тұсаукесері жасалды.
                               
Мейрамда Балалар үйінің тәрбиеленушілерімен танысуға келген патронаттық ұйымдар, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өкілдері және мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысты. Табыс ету салтанатты түрде өтті.
                               
 Балалар ерекше толқуда сертификаттарды қабылдады, өйткені ол «болашаққа деген билеті» боп саналады. Ал көңілді отбасылық ойындары мен концерттік бағдарлама осы салтанатта қатысушыларды қуаныш пен күлкіні бөледі. 

«Айналайын» балалар үйінде «Жыл тәрбиешісі-2012» байқауы өтті. 

 2012 жылдың 26 сәуірінде облыстық «Айналайын» балалар үйінде «Жыл тәрбиешісі-2012» байқауы Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы және БАҚ өкілдері қатысуымен өтті. Байқау тәрбиешілердің шығармашылық потенциалын көрсету, дамыту, балаға деген ынтасын, көзқарасын байқау, іскерлік, кәсіби қабілеттерін дамыту мақсатынде ұйымдастырылды.

                                     
 

Байқауға әр топтан  4 тәрбиеші қатысты. Олар: Өмірхалықова Салтанат Қырықбайқызы «Ұлан» тобының тәрбиешісі, Өмірзақова Жанар Әлімханқызы «Арай» тобының тәрбиешісі, Жубаева Шолпан Райысқызы «Үміт» тобының тәрбиешісі, Жұмабекова Шұғыла Тұрсынбайқызы «Мерей» тобының тәрбиешісі.
 Байқауға қатысушылар 5 кезең бойынша дайындалған, олар:
 1. Өзін- өзі таныстыру;
 2. Тәрбие жұмысының моделін қорғау;
 3. Тәрбие сағаты;
 4. Оқу-тәрбие жұмысында пайдаланған іс-қағаздардың қоры, жинағының көрмесі;
 5. Тәрбиешілер өнері;
 Байқау барысында тәрбиешілер шығармашылық көрсеткіштерін,  балалармен қарым-қатынастарын, өнерлерін  көрсете білді.

                                     
 Қонақтар мен іс-шараға қатысқан ұжым мүшелері тәрбиешілердің тәрбие жұмысының модельдеріне сүйсіне назар аударды, мысалы Ш. Жубаева тәрбие жұмысының моделі ретінде кітапті алған. «Кітап - адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының  жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап- киелі де кемеңгер мұра, рухани қазына, құндылық екенін басты назарда ұстап, жеке тұлға қалыптастыруда олардың бойларына сіңіретін рухани байлық, тәрбиенің негізгі бағыттары арқылы жүзеге асатынының дәлелі»  деп түсіндірді. Ал, Ж.Өмірзақова қатысушыларды модель ретінде қазақтың киелі домбрасын алып, әдемі оюлармен әшекейлеп, тәрбиенің маңызын көрсете білді.
 Сонымен бірге, тәрбие сағатынан үзінді көрсету кезеңінде С.Өмірхалықова «Ата өсиеті» атты тәрбие сағатын өте жоғары дәрежеде өткізіп, тобындағы орыс ұлтының балалары қазақ тілінде таза сөйлеп, көрермендерді таң қалдырды. 

                                     
 Әрине, тәрбиешілердің оқу-тәрбие жұмысында пайдаланған іс-қағаздардың қоры ерекше орын алып, жинақ көрмесі әділқазылар алқасының жоғары бағасын алды.
 Тәрбиешілер өнерін көрсеткен кезең қатысушылардың жан-жақты, шығармашылықты ұстаз екендерін дәлелдеді. Атап айтатын болсақ, Ж.Өмірзақова М. Шахановтың «Отырардың күйреуі» атты поэмадан көрініс  көрсеткенде,  Ш. Жубаева «Шаман» биін билеген кезде барлық қатысушылар ризашылықтарын ду қол шапалақтаумен білдірді.
 Байқаудың қорытындылары бойынша «Жыл тәрбиешісі-2012» атағына Жубаева Шолпан Райысқызы, І - орынға  «Ұлан» тобының тәрбиешісі Өмірхалықова Салтанат Қырықбайқызы,   ІІ - орынға «Арай» тобының тәрбиешісі Өмірзақова Жанар Әлімханқызы, ІІІ - орынды «Мерей» тобының тәрбиешісі Жұмабекова Шұғыла Тұрсынбайқызы ие болды.

«Таң Шолпан» байқауының іріктеу туры 

2012 жылдың 27 сәуірінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және облыстық білім басқармасы Талдықорған қаласы,  облыстық «Айналайын» балалар үйінің мәжіліс залында облыстық №1, «Айналайын», Үштөбе балалар үйлері тәрбиеленушілерінің қатысуымен республикалық «Таң Шолпан» байқауының іріктеу туры өткізілді.
Байқаудың мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп отырған неғұрлым қабілетті және кәсіби тұрғыда мол үміт күттіретін балаларды анықтау, оларды қолдау мен марапаттау.
Байқауға балалар үйлерінің 42 тәрбиеленушісі қатысты.

                              

Ережеге сәйкес байқау 3-композиция бойынша өткізілді.
«Қазақстан елінің фольклоры» композициясы бойынша «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушісі Ильясова Зарина қазақ қыздарының бойындағы әдемілік, инабаттылық қасиеттерін сипаттайтын  «Шолпы» биін орындап жеңімпаз атанды.

                              

 «Бал биі» композициясы бойынша қазіргі заманға лайықты көрнекі, әдемі, романтикалық би қимылдарын сипаттайтын «Дискотека - 60» биімен Смагулова Сымбат пен Смагулова Бекзат жеңімпаз атанды.
Отансүйгіштік, патриоттық, ептілік, күштілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында «Сарбаздар» биін орындауда Нүркебай Гүлсім, Байділдаева Айым, Рысбаев Тасқын, Қалыбаева Ақмарал  «Қазіргі заманғы би» композициясы бойынша жеңіске жетті.
Байқауға қатысушылардың шығармашылықтарын сараптау мақсатында әділқазылар алқасы құрылды. Байқау жеңімпаздары облыстық білім басқармасының ақшалай жүлделерімен марапатталды.

Қазақстан халқының бірлігі мен ынтымақ күніне орай ұйымдастырылған іс-шаралар туралы ақпарат

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлесіп  қала мектептерінде 1- мамыр Халықтар бірлігі мен ынтымақ күнін мерекелеуге орай жоспар құрылып, түрлі іс-шаралар өткізілді. 
Шараның мақсаты - Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын насихаттау,өскелең ұрпақты  мемлекеттік тілмен қатар еліміздегі өзге ұлттар мен ұлыстардың тілі мен мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу. 
Қаланың білім беру ұйымдарында «Праздник мира и добра», «С праздником дружбы, мира и согласия», «Достық өрнегін бірге тоқимыз», «Ынтымақ-достық кепілі», «Единство  языков – основа единства народа!» «Елді біріктіретін күш» атты салтанатты жиындар мен ашық тәрбие сағаттары өтті. 

                                       
Мектеп оқушылары ұлттардың салт-дәстүрін, тілін, өнерін көрсетті. 
Ата-аналардың қатысуымен «1 мамыр - Ынтымақ күні» деген тақырыпта фестиваль, «Бір шаңырақ астында» тақырыбында өзге ұлт өкілдері арасында  балалар шығармашылығының мәнерлеп оқу сайыстары  өтті. 
«Тілдер бірлігі-халықтар бірлігі» тақырыбында  5-6 сынып аралығында интеллектуалды ойындар  ұйымдастырылып, оқушылар  үш тілде ойларын жетік, анық  жеткізе білді.  «Біз - Қазақстан болашағы» тақырыбында  спорттық эстафеталар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында «Қазақстан балалары достық пен бейбітшілік үшін»,  «Ұлттар көп,  достық біреу» атты қабырға газеттері әзірленді.
Жоғарыда аталған іс-шаралар өскелең ұрпақты төзімділікке, ынтымақтыққа баулып, рухани мәдениетке деген  құрметін айқындайды. 

«Таң Шолпан» облыстық конкурсы

2012 жылғы 28 сәуірде Павлодар қаласының М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында балалар үйі және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында «Таң Шолпан» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты – аса қабілетті кәсіби жағынан болашағынан үлкен үміт күттіретін балаларды анықтау, оларды қолдау және ынталандыру.
Конкурсқа балалар үйінің би ұжымдары қатысты, балалардың саны 90.  
Өнерді бағалаудың басты шарты мен критерийлердің бірі репертуардың өзіндік стилі мен өзіне ғана тән орындау шеберлігінің деңгейі, сахналық мәдениетә болды.
                                      
Отбасы үлгісіндегі Мичурин балалар үйі бас жүлдеге ие болды,   1-орын – Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі, 2-орын – Павлодар қаласының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы, 3-орын – Кенжекөл ауылының отбасы үлгісіндегі балалар ауылы. Конкурстың басқа қатысушылары конкурс лауреаты атанып, дипломдарға ие болды.
                                     
Облыстық турдың жеңімпаздары 2012 жылғы мамырдың 31-нен маусымның 3-і аралығында Астана қаласында өтетін Республикалық «Таң Шолпан» конкурсында Павлодар облысының атынан қатысатын болады.
2009 жылы Мичурин балалар үйінің командасы Павлодар қаласында өткен IV Республикалық «Таң шолпан» би байқауының бас жүлдесін иеленді. Балалар болашақта тағы да жеңіске жететіндеріне сенеді. Оларға тек сәттілік тілейміз!

«Айналайын» балалар үйінде республикалық «Қуан, сәби» акциясы өтті

 2012 жылдың   3 сәуірінде облыстық «Айналайын» балалар үйінде  Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ұйымдастырылған «Қуан, сәби» акциясы балаларға аналық мейірімділігімен, жылулығымен, қамқорлығымен бөлісетін және олар үшін ең жақын адам болатын азаматтарға арналған. 
 Акцияның мақсаты - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың оңтайлы нысандарын іздестіру.
 Бұл мерекеге білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, бала асырап алуға үміткер азаматтар, демеушілер мен меценаттар, ҮЕҰ,  бұқаралық ақпараттық құралдар өкілдері қатысты.  

                                     
 
 Армысыз, бүгінгі кеш асылдары
 Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
 Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
 Сіздер үшін мереке шашулары! 
 сөздерімен іс-шара басталып, балалар үйінің директоры Н.Баймадиеваның, департаменттің бас маманы Л.Көнекбаеваның құттықтау сөздерімен жалғасты.

                                     
 Шара барысында балалар өнерлерін ортаға салып, өздерін сахна төрінде көрсете білді, мысалы «Шолпы», «Шыны», «Вальс» билері, «Атамекен», «Анашым», «Асыл ана», «Дружба», «Көктем келді», «Отан» әндері орындалды. 
 «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері наурыз айында Алматы қаласында өткізілген Халықаралық «Кинотаврик» фестиваліне қатысқан болатын. Балалар үйінің өнерлі балалары байқау туралы әңгімелерімен бөлісіп, жетістіктеріне тоқтала келе, «Пана»  балалар театрының мүшелері орындауында «Алтын сақа» спектаклінен үзінді көрсетті.

                                     
 

Аталған шара облыстық «Жетісу» телеарнасына түсірілді.  
 Шара барысында қонақтарға бала асырап алудың басқаша түрі ұсынылды. Яғни, демалыс кезеңдерінде бүлдіршіндер олармен бірге тұрып, нағыз жанұяның не екенін сезіну үшін балғындарды түбегейлі аттарына аударып алмаса да, үйлеріне апарып қонақ етуге болатыны түсіндірілді. 

Асырап алушы ата-аналар мектебі жұмыс істейді

Департамент жанындағы Асырап алушы ата-аналар мектебінің Павлодар қаласының № 26 жалпы орта білім беру мектебінде «Асырап алған баланың бейімделуі және отбасындағы психологиялық сыйымдылығы» тақырыпта өткен  сабағының тақырыбы аталған мектептің, сондай-ақ № 4 ЖОМ және № 24 ЖОМ  қорғаншыларына арналды. 

                                              
Бұрын жарияланған уақытқа дейін, сабақ басталғанға дейін Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары А.А. Карабутова мен Ж.Б. Байсейітова қорғаншыларға жеке консультация өткізді. 
Семинар-тренинг қорғаншыларды қамқорлықтағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамаға енгізілген соңғы  өзгерістермен және толықтырулармен  таныстырудан басталды. 
Семинар-тренинг қатысушыларының бірі «Отбасында туған баламен түсінбеушілік сирек болады. Қамқорлықтағы баланы біз туғанымыздай тәрбиелейміз, бірақ олар сезімтал болып келеді, абайсызда ренжітіп алсаң, өзара қарым-қатынасты орнына келтіру өте қиын».
                                     
Анжелика Александровна Карабутова  және Жанар Байсейітқызы Байсейітова тыңдармандармен тез тіл табыса алды. Асырап алған балалармен болған түсінбеушіліктерді болдырмау үшін қалай өзара байланысты құруға болады, балалардың жас ерекшіліктерін ескеру, балаларды қандай әдіспен сендіру туралы сұрақтар семинар-тренингтің талқылауына айналды. Қорғаншылар өз мысалдарын келтірді, педагогтардың көмегімен жағдайды талдады, өздері дұрыс шешімдерін шығарды. 
Семинардың тыңдаушыларына жүргізілген сауалнама олардың көпшілігі балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша жеке консультация алу үшін мектеп психологына, сынып жетекшіге және басқа педагогтарға  жүгінетіндерін көрсетті. Бірақ оларға осындай арнайы сабақтар жеткіліксіз. Сондықтан семинар-тренинг соңында олар үнемі жұмыс істеп тұратын тренинг ұйымдастыру тілектерін білдірді. Мұндай міндет мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың алдына қойылды, олар үшін педагогикалық институттың оқытушыларымен өткізілген сминар-тренинг ерекше мастер-класс болды. 

                                     
Департамент өткізген Асырап алушы ата-аналар мектебі бүгінгі күні қорғаншылармен және патронат тәрбиешілермен жұмыс жасау кезінде жеке психологиялық-педагогикалық консультациялар мен дәрістер ата-аналар жиналысында жеткіліксіз, жаңа тәжірибелік нысандар мен әдістерді қолдану қажет, олар тәжірибелі оқытушылардың қатысуымен балаларды тәрбиелеуге дұрыс бағыт береді. 

 «Дипломмен ауылға!» жобасы аясындағы қолдау

Оқу аяқталған соң әрбір жас маманның алдында шығатын түйткілді проблемалардың бірі – жұмысқа орналасу. Осыған орай БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Дипломмен ауылға!» жобасы және «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде кәсіптік және жоғары білім ұйымдарын бітірген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыруын жүзеге асыру мақсатында білім, әлеуметтік қорғау басқармаларының, қалалық «Нұр Отан»ХДП жастар қанаты, кәсіптік білім беру ұйымының өкілдері мен интернаттық мекемелердің жетекшілерінен тұратын жұмысшы тобын құрып, 2012 жылға арналған жұмыстану жоспарын дайындады. 

                                        
Осы құрылған топтың мақсаты – жобаның және бағдарламаның мақсаттары мен мүмкіндіктерін түсіндіретін ақпараттық материал дайындап, кеңінен насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәсіптік бағдарлау жұмысын жүргізу және Жоба мен Бағдарламаға қатысатын балалар үйлерінің бітірушілерін есепке алу жөнінде тұрақты жұмысты жүргізе отырып, олардың жұмыспен қамтамасыз ету құқықтарының толық сақталуына ықпал ету. 
Ағымдағы жылдың 26 сәуірде департаментте аталған жұмысшы топтың кездесуі болды.
Мақсаты – ұйымдастыру жұмыстарын және кәсіптік және жоғары білім ұйымдарын бұрын бітірген және бітіргелі тұрған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектері туралы мәліметті талқылау, аталған мекемелерге бару кестесімен таныстыру. 
Осы кездесуде жоспар бойынша өтетін іс-шаралардың тиімділігі мен нәтижелеліктері анықталды. Сонымен қатар кәсіптік деңгейлерін анықтап, бағдар беру мақсатында осыдан бұрын құрылған тәжірибелі психологтардан тұратын жұмыс тобымен таныстырылып, психологиялық тестілеудің тез арада өткізілуі ұсынылды. Кездесуге қатысқан лицейлер мен колледждер өкілдері жыл сайын бітірушілердің 50 пайызын жұмыспен қамтамасыз етіп отырғанын көрсете отырып, бұл жұмыс барысында қиындықтардың көп кездесетінін аса айтты. Құрылған жұмыспен қамту бойынша ведомствоаралық ынтымақтастық жөніндегі жұмысшы топ балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен қамтудағы көкейкесті сұрақтарын шешуге ықпал ететіндігін айтты. 

                                        Кездесу барысында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы жас мамандар үшін аталған мәселелердің шешімін табу алдымызда тұрған басымдық міндеттердің қатарында екендігін аса көрсетті.Жұмысшы топпен дайындалған «Жұмысқа қалай орналасуға болады?» атты жұмыс іздеу көмекші схемасы бітіргелі тұрған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектеріне таратылуы ұсынылды.

«Жетім балаларды қолдау үшін»

Шығыс Қазақстан облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асыру мақсатында, 2012 жылғы 25 сәуірде Өскемен қаласындағы арматура зауытының ғимаратында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С. Әбденовтың, ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, білім беру басқармасының өкілдерінің, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық үйымдардың директорларының, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Н.К. Күзембаевтың арматура зауыты, «Азия Авто» зауыты сияқты қаланың ірі кәсіпорындарының еңбек ұжымдарымен кездесуі өтті. Кездесуге барлығы 170 адам қатысты.  
                                    
Кездесу барысында еңбек ұжымдарына Кешенді жоспардың мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді, өмірдің қиын жағдайына қалған балалар үшін үлкен әлеуметтік маңыздылығы бар аталған жоспарды жүзеге асырудың басты мәселелері айтылды.   
Бүгінгі күні балалардың шоттарына жалпы сомасы 12 миллион 746 мың теңгеге қаражат аударылды. 
                                    
Осы күні Кешенді жоспардың мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру бойынша ақпараттық-насихат тобының Ұлан ауданының тұрғындары мен еңбек ұжымдарымен кездесуі болып өтті, кездесуге 250 адам қатысты. 

«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылдың 4 сәуірінде қамқорлыққа алу және қорғаншылық органдарының мамандарымен, жетім балалар мен ата-анасынығң қамқорлығыныз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарымен  «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» тақырыбына «дөңгелек үстел» өткізді. «Дөңгелек үстелдің» модераторы департаменттің директоры  В.В.Литвиненко болды. 
Күн тәртібіне сәйкес осы тақырып бойынша төрт бағыт қарастырылды. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және ілгеріде оны жою мәселелері бойынша департаменттің жасаған жұмыстары туралы департаменттің балаалрдың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы Қорлан Қайыргелдіқызы Жәйсенбаева сөз сөйледі.
                                     
Жетім юбалалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен түлектерінің құқықтарын қорғау  тақырыбына СҚО Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, арнайы білім беру және тәрбие жұмысы жөніндегі бөлімнің бас маманы Ілиясова Ғалия Ситахметқызы баяндама жасады. Интернат ұйымдарындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаладың туысқандарын іздестіру  , ары қарай оларды аталған отбасыларға орналастыру және ата-ана құқығынан айырылған ата-аналардың құқықтарын қалпына келтіру бойынша өз жұмысы туралы  Ғ. Мүсірепов ат. Ауданның білім беру бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің маманы Шұғайыпова Айгүл Сансызбайқызы баяндады. Мамлют ауданының білім беру бөлімінің қамқорлық және қорғаншылық органның әдіскері Якушевская Галина Владимировна жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаладың құжаттандырылуы мәселесі бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.
                                    
«Дөңгелек үстел» қорытындылары бойынша барлық қатысушыларға жұмыста қолдану үшін осы бағыттағы жұмыстың аса тиімділігі үшін бірқатар ұсыныстар қабылданды және ұсынымдар берілді.

«Балаларымыздың болашағы үшін-барлығымыз жауаптымыз!»

Оңтүстік Қазақстан облысы  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2012 жылдың 28 наурыз күні облыстық жасөспірімдер үйінің базасында  «Бөбек» қайырымдылық қорының 20 жылдығына орай «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізуге ұсыныс» тақырыбында департамент жанынан құрылған ҮЕҰ кеңесінің ІІ отырысы болып өтті.  «Дөңгелек үстел» отырысына  Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Шымкент қаласы әкімдігі, прокуратура, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік  бағдарламалар басқармасы, аудандық-қалалық білім бөлімдері, үкіметтік емес ұйымдары өкілдері,  балалар үйлерінің басшылары, жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысты. 
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ. Жүсіпова облысымыздағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атына бекітілген тұрғын үйлердің сақталуы мен хал-жағдайы, тұрғын үйге, үй іргелік жерге кезекке қою уақытында кездесетін қиыншылықтар туралы кеңінен тоқталды. Қазіргі таңда орын алып отырған проблемалар ең өзекті мәселелердің бірі екендігін алға тарта отырып, қатысушылар арасында   ҚР «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының жобасы қызу талқыланды. 
                                           
Дөңгелек үстелге қатысушылар ОҚО прокуратурасының өкіліне көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты да тиянақты құқықтық кеңестер алды. Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері тұрғын үйге, үй іргелік жерге кезекке қою уақытында айлық кірістерінің көрсетілген межеден асып кетуіне байланысты көптеген қиыншылықтарға тап болатындығын жеткізді. Оған Шымкент қаласы әкімдігінің өкілі; «Бізде мамандардың көп ауысуына байланысты, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын біле бермейді. Сондықтан  тұрғын үйге, үй іргелік жерге кезекке қою уақытында айлық кірістерінің көрсетілген межеден асып кетуіне байланысты кезекке қоймау заңға қайшы келеді»- дей келе, қатысушыларға өзінің қызмет телефоны мен ұялы телефонын беріп, кез-келген уақытта хабарласуларына болатындығын жеткізді. 
Сонымен қатар, балалар үйлерінің басшылары  балалардың құжаттарын рәсімдеу кезінде құқық қорғау органдары тарапынан жөнсіз құжаттар талап етілетіндігі және соның салдарынан  тұрғын үйге кезекке қою қиыншылықтары туралы айтып, барлық балалар үйлеріне заңгер мамандармен қамтамасыз етуге ұсыныс білдірді. 
                                         
Сондай-ақ балалар үйлері облысымыздағы 3 ауданда ғана орналасқан. Аудандарда тұрғын үйлер аз салынуына байланысты, балаларды қамтамасыз етуге мүмкіншілік жоқ. Сондықтан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы балаларды туылған мекен-жайлары бойынша кезекке қою керек деген ұсыныстарын алға тартты.
Осы қоғамда қалыптасқан тұрғын үй проблемасын шешуде, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту мәселесін шешуде жергілікті атқарушы органдардың, аудан, қала әкімдерінің алатын орны үлкен, егер жалпы аудан, қалаларда берілетін үйлердің 1% осы санаттағы балаларға бөлінсе өмірде онсыз да  тауқымет тартқан балалардың проблемаларын шешуде аз да болса өз үлесін қосар еді. 
Іс-шара соңында қатысушылар жасөсіпірдер үйінде әлеуметтік бейімделуден өтіп жатқан балалардың өмірі мен тыныс тіршілігімен танысу мақсатында ғимаратты толық аралап шықты. Қатысушылар өмірде қиын жағдайға тап болған уақытта, көкейінде қандай да бір сұрақ туындағанда құқықтық және психологиялық қолдау көрсету үшін  балаларға  толық мәліметтер берілді.
Дөңгелек үстелде қаралған мәлелелер мен қатысушылар тарапынан берілген ұсыныстар БАҚ-ы арқылы облыс жұртшылығына таныстырылып, жергілікті атқарушы органдарға жолданды. 

Жетім балаларға баспана

2012 жылғы 28 наурызда ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ШҚО Білім беру басқармасымен бірлесе отырып, Өскемен қаласының ТКШ бөлімінің, ШҚО бойынша салық департаменті мамандарының, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің қорғаншылық және қамқорлық жөніндегі, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметтерді атқарып отырған мамандарының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдардың басшылары мен мамандарының, ҮЕҰ қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау бойынша on-line режиміндегі кеңес ұйымдастырылып, өткізілді.  
                                        
Егер, 2011 жылы облысымызда мемлекеттік тұрғын үй қорынан 4 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға тұрғын үй берілген болса, 2012 жылдың өткен кезеңінде 1 жетім бала тұрғын үй алды. «ДЕГДАР ҚҰРЫЛЫС» ЖШС құрылыс компаниясының директоры А.И. Камалова Семей қаласының № 8 балалар үйінің түлегі Қаршығанова Үмітке қолдау көрсетіп, оған жаңа үйден бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.
                                       
Өскемен қаласының ТКШ бөлімінің тұрғын үйді есепке алу және бөлу секторының меңгерушісі Л.К. Қайрақбаева өз сөзінде Өскемен қаласының ТКШ бөлімінде тұрғын үйге кезекте 849 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала тұрғанын атап өтті. Алғашқы бала кезекке 1999 жылы тұрғызылған, ал бүгінгі күні тұрғын үй 1990 жылы кезекке тұрған тұлғаларға берілуде. Жылына тек 1-2 үй беріледі. Жергілікті әкімдіктермен арнайы тұрғын үй қорын құру және мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші кезекте тұрғын үй алуға құқығын беру, аталған санаттағы азаматтарға көмек болары сөзсіз, алайда барлығы қаржыландыруға байланысты болады.
Кеңеске қатысушылар заң жобасымен келісуге бірауыздан шешім қабылдап, кейіннен арнайы тұрғын үй қорына берілетін муниципалды тұрғын үйдің құрылысына, жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған мақсатты республикалық трансферттерді бөлу жөніндегі мәселені қарастыру туралы ұсыныс енгізді.

«Кинотаврик» Халықаралық балалар мәдениеті фестиваліне қатысу

2012 жылдың 22-28 наурыз аралығында Алматы қаласында І Халықаралық «Кинотаврик» балалар мәдениет фестивалі өтті. Аталған фестивальге дүниежүзінен дарынды балалар жиналды, атап айтсақ Ресей, Черногория, Германия, Америка Құрама Штаттарынан қатысушылардың өнері тамашаланды. Ұйымдастырушы «КиноМарк» кинокомпаниясы (Ресей) мен «Таңсәрі» балалар продюсерлік орталығы (Қазақстан) болды.
                                   
Фестиваль мақсаты: фестиваль қатысушыларын біріктіру және әртүрлі қоғамдастықты, конфессияларды, этникалық топтарды ұсынатын, шығармашылық идеямен біріккен балалардың халықаралық кездесу орнына айналдыру. Фестивальдің ерекшелігі жанрлар әртүрлілігі және балалардың таланттарын жан-жақты ашу болып табылады. Вокал, актерлік іскерлік, кинорежиссура, киноактер, спорт, би және т.б. номинациялар бойынша байқауға қатысушылардың барлық потенциалын ашады.
Алматы облысының №1 және «Айналайын» балалар үйлері тәрбиеленушілері жоғарыда аталған фестивальге қатысты. Осы мекемелердің талантты тәрбиеленушілері көркемді «Қара жорға», «Лезгинка», «Ұлт рұхы», «Шолпы»  билерін ұсынды. «Айналайын» балалар үйінің «Пана» балалар театры «Алтын сақа» спектаклін көрсетті.
Байқау қорытындылары бойынша «би» номинациясында №1 облыстық балалар үйі Гран-При  жүлдесін жеңіп, «Тұран» университетінде 4 тәрбиеленуші тегін оқуға мүмкіндік алды. «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері қазылар алқасын өз көріністерімен таңқалдырып, «Театр-мюзикл» номинациясында Гран-Приге ие болды, хореография номинациясында «За элегантность в постановке» дипломын  «Айналайын» қыздар би тобы алды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 19 наурызында өткен республикалық «Жан жылуы» фестиваліне №1 облыстық балалар үйі тәрбиеленушілері белсене қатысты. 

«Шын жүректен алғыс!»

2012 жылғы 13 наурызда Шығыс Қазақстан облысында жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында Өскемен қаласындағы облыстық балалар ауылында «Шын жүректен алғыс!» атты салтанатты шара болып өтті. Мереке барысында ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев балалар ауылының тәрбиеленушісі Дүйсембаев Бауыржанға, ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығы полковник С.М. Садықов осы мекеме тәрбиеленушісі Садықов Ильиске және ШҚО бойынша салық департаментінің әкімшілік басқармасының бастығы С.К. Исанова Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Нечаенко Натальяға Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жеке шоттарына ақшалай көмек аударылғандығы жөнінде сертификаттарды табыс етті, демеушілік көмектің жалпы сомасы 538 800 теңгені құрайды.
                                          
Мерекеге балалар ауылының тәрбиеленушілерімен танысу үшін Зайсан және Тарбағатай аудандарының жалпы білім беру мектептерінің өкілдері арнайы келді. Бүгінде басталған достык күннен күнге нығая түсетініне, балаларымызда жаңа достар – тәлімгерлер пайда болатынына сенеміз.
Шығыс Қазақстан облысында «Мейірім» акциясының аясында 600 астам балалар үйіндегі тәрбиеленушілер мен қамқорлықтағы балалар патронаттық ұйым түріндегі мейірімді қолдаушыларын тапты. Бүгінгі таңда балалардың шоттарына жалпы сомасы 1 милионнан астам қаражат түсті. 
                                          
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігімен жарияланған «Мейірім» акциясы жалғасуда және жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын жүзеге асыруға кез келген тұлға өз үлесін қоса алады. 
Себебі балалардың бақыты біздің қолымызда!

«Басты назарда бала!»

2012 жылғы 1 наурызда Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінің базасында, ШҚО білім басқармасы бастығының жанында, ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының қатысуымен балалардың құқықтарын қорғау Конвенциясының нормаларын іске асыру және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастықты жүзеге асыру, интернатных ұйымдар жүйесін қысқарту, патронаттық тәрбие нысанын, қосымша білім беру ұйымдарының жүйесі дамыту, 12 жылдық білім алуға көшу, әлеуметтік жетімдіктің, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік көріністің алдын алу мәселелері қаралған кеңес өтті.
Кеңес жұмысына білім бөлімдерінің бастықтары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің директорлары қатысты. 
                                  
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев өз сөзінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін жетілдіру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қоғамға кіріктіру стратегиясын дамыту және облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асырудың шараларына, сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды дер кезінде анықтап, кешенді көмек көрсету, қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша жұмысты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
                                
Кеңес қорытындысы бойынша, ШҚО білім басқармасының бастығы М.М. Ахметовамен білім бөлімдерінің бастықтары мен интернаттық мекемелердің директорларына тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді, сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдар директорларының облыстық Кеңесін «Үміт» балалар үйінің директоры, республикалық Кеңестің төрайымы болып табылатын М.Б. Бейсеқановаға басқару ұсынылды.    

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің «Жас Ұлан» қатарына кірудің салтанатты рәсімін өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2012 жылғы 14 наурызда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің 560 үздік тәрбиеленушілерінің «Жас Ұлан» қатарына кірудің салтанатты рәсімі өтеді. Балалардың «Жас Ұлан» қатарына кіруі балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік белсенділігіне, адамгершілік-рухани құндылықтарды тәрбиелеуге, салауатты өмір салты үшін нақты жағдайлар жасауға ықпал етіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселелерінде барлық қоғамдық институттардың күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ететін болады.
2011 жылғы 11 ақпанда Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» ХДП төрағасы Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ХІІІ съезінде «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысын және «Жас қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру арқылы мемлекет жастарын біріктіру қажеттілі туралы айтқан болатын.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу жылында 2011 жылғы 6 шілдеде бастамашыл топ «Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігін құрды.
«Жас Ұлан» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында патриотизм, білімге және өзін өзі жетілдіруге құштарлықты, іске деген жауапкершіл көзқарасты, мемлекет тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі мен ертеңіне қатыстылық сезімін қалыптастыру болып табылады.

Әлеуметтік мәселелердің ерекше шешімі

2012 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласының Ұлттық баспасөз клубында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С.Әбденовтың, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаевтың, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары А.Е. Садықованың, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Н.К. Күзембаевтың және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдар директорларының Республикалық Кеңесінің төрайымы М.Б. Бейсеқанованың қатысуымен, Шығыс Қазақстан облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асырудың негізгі мәселелері аталған баспасөз конференциясы болып өтті. 
2011 жылдың қыркүйек айында, мақсаты ШҚО балалар үйінің тәрбиеленушілерін тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесін қолдана отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылатын, Шығыс Қазақстан облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді. 
                                   
Шығыс Қазақстан облысында өткізілген екі апталық «Мейірім» акциясының нәтижесінде балалар үйлерінің 500 астам тәрбиеленушісіне патронаттық ұйымдар қолдау көрсететін болды. 
Кешенді жоспарды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Облыстық балалар ауылының тәрбиеленушісі – 07.03.2001 жылы дүниеге келген Бауыржан Шаяхметұлы Дүйсембаевты әлеуметтік-патронаттық қолдау туралы келісім жасады.  
                                    
Бүгінгі күні, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 15 балаға келісімдерге қол қойылып, қосымша шарттар жасалды. Балалардың шоттарына жалпы сомасы 521 мың теңгеге қаражат түсті.

Маңғыстау облысында бүкілқазақстандық «Қуан, сәби» акциясы

 Маңғыстау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі-Департамент) 2012 жылдың 15 ақпанында «Бәйтерек» сауда-ойын-сауық кешенінің кинозалында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан бүкілқазақстандық «Қуан сәби» акциясы «Балалар үйінің тәрбиеленушісіне тәлімгер бол» атты кезекті кездесуін өткізді.
Шара мақсаты - әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өмір сүру мен тәрбилену құқығын жүзеге асыру.
Департаментпен өткізіліп отырған «Балалар үйінің тәрбиеленушісіне тәлімгер бол» атты кездесу жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірге әлеуметтік бейімделуіне көмектесу үшін қоғамның барлық мүшелерін шақыруға бағытталған. Соның ішінде облыстық және Ақтау қалалық мәслихат депутаттарының, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің, бизнес құрылымдары, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің және бала асырап алуға үміткер және қабылдаушы ата-аналардың, асырап алушылардың, қамқоршылардың, патронаттық тәрбиешілердің, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері мен түлектерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткізілді. 
                                    
«Балалар үйінің тәрбиеленушісіне тәлімгер бол» атты кездесу жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болашағына немқұрайдылық білдірмейтін барлық демеушілермен, депутаттармен, мемлекеттік құрылым, үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдар өкілдерімен қатынастың жаңа нысанына алып келеді.
Қатынастың жаңа нысаны жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды демалыс не мерекелік күндері, каникул уақытында, өмірдің қиын жағдайларының шешілуіне көмектесуде, жұмысқа орналастыруда, оқу, тұрғын үй мәселелерін шешуде патронаттық түрдегі қамқорлықты қарастырады.
Қамқорлық тек қана материалдық көмек берумен ғана емес, бәрінен бұрын қамқорлық өмірде моральдық қолдау, рухани, адами ниеттестік көрсетумен құрылуы қажет.
Сонымен қатар аталған кездесуге  балалар ауылының балаларының өмір сапасын жақсартуға көмектесіп жүрген Владимир және Мария Жугиндер, Гончарова Ольга, «Нұр Плаза» компаниясының директоры Дүйсенбаев Мереке, «Бәйтерек» сауда-ойын-сауық кешенінің директоры Асанов Мугадаш, №5 маршруттағы автобустың бастығы Ахметнабиев Руслан, «Казтрансморфлот» компаниясының директоры Ишманов Серік және «НКОК» компаниясының бөлім бастығы Дариға Каримовна қатысты. 
«Бәйтерек» сауда-ойын-сауық кешенінің кинозалы мерекеге сай шарлармен безендіріліп, Балалар ауылы мен Абай атындағы мәдениет үйінің балалары өз күштерімен дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. Балалар «Балапан» биін биледі, қазақша және орысша тақпақтарды бар ынталарымен орындады, «Гүлдер» тобының орындауындағы қазақша биді тамашалады, Плещакова Гаухар қазақ тілінде «Бала тілегі» әнін орындады, Сулейменов Александр қазақ тілінде «Бақыт деген» әнін орындады.
Акцияның кезінде Балалар ауылындағы балалардың өмірінен видеороликтер,  сонымен қатар, өзіне ата-ана тапқысы келетін және өзінің жанұясы болғанын қалайтын балалар жөнінде видеороликтер көрсетілді. Балалар ауылының балалары барлық қатысушыларға бақыт, әлем, махаббат, жылулық тілектері жазылған шарлар сыйлады.
Аталған кездесуде «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары Жүнбасов Мұханбет Мұратбайұлы, қала әкімінің жанынан құрылған әжелер кеңесінің төрайымы Ерғалиева Ырысты Ерғалиқызы, қамқоршы Куцова Наталья Александровна, демеуші Ерсейт Әсел сөз сөйледі. Өздерінің сөздерінде олар жетім балалардың мәселелеріне немқұрайлы қарамайтындарын, олардың өмір сүйгіштігіне, талантына мақтанатындарын айтты.
Өз сөзінде Жүнбасов Мұханбет бүгін өте қамығып тұрғандығын, сонымен қатар балалар ауылының балаларының  көрсеткендеріне қуанышты екенін білдірді. Жетімдердің жанын түсініп және оларға қолдау көрсету  мақсатында бүгінгі кездесуге өзінің баласын ертіп келгенін және олардың біреуіне қамқорлық көрсету ниетін білдірді. Сонымен қатар, ұжымының шағын екендігін (15 адам), сол ұжымдағы адамдар болып балалар ауылының тәрбиеленушілерінің шотына әр қайсысы 1000 теңгеден салғандарын айтты. Демалыс не мерекелік күндері, каникул кездерінде 3 адам балаларды алғысы келетін ниеттерін білдірді, қазақ және түрік лицейінің оқушылары балалар ауылына қамқоршы болатын, өздерінің қамқорындағыларға уақытылы келіп тұратындығы туралы шешімдерін айтты.
Аталған шараның өткізілуіне демеушілік көмек көрсеткен «Бәйтерек» сауда-ойын-сауық кешені 3Д түрінде мультфильм мен көркемфильмді тамашалауды сонымен қатар, балалар аттракционында ойнауды ұйымдастырды. Ш.Есенов атындағы университеттің студенттері барлық тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтар таратты.

«Өмірлік дағдыларды қалыптастырудың негізгі аспектілері» 

2012 жылғы 9 ақпанда Өскемен қаласындағы А.С. Пушкин атындағы кітапханада Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және білім басқармасымен облыстың қалалық және аудандық қорғаншылық және қамқорлық органдарының мамандарына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернатты ұйымдардың әлеуметтік педагогтарына арналып «Интернаттық үлгідегі балаларға арналған мекеме тәрбиеленушілерінде өмірлік дағдыларды қалыптастырудың психологиялық және құқықтық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.  
Дөңгелек үстел «Феникс» дамыту және бейімдеу орталығы» қоғамдық ұйымымен бірлесіп, «Бота» қоғамдық қорының қолдауымен өткізілді, шара барысында «Өмірлік дағдыларды қалыптастыру мектебі» жобасының тұсаукесері өткізілді. Жоба аясында 2012 жылы аталған бағдарламамен облыстың 5 интернатты ұйымының 200 тәрбиеленушісі қамтылатын болады: балалар ауылының, девиантты мінез құлықты балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттың, «Достық» панажайының, Новая Шульба облыстық балалар үйінің,     Ю. Гагарин атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзету мектеп-интернатының. Жобаның маңызды компонеттерінің бірі өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды анықтау бойынша жұмыс болып табылады. Жоба аясында алынған білімді дағдыларға айналдыру жасөспірімдердің ой-санасының дұрыс қалыптасуына өз түзетулерін енгізеді, бұл өз кезегінде  балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға әсерін тигізіп, білім алуы, дамуы бағытында дұрыс шешім қабылдауға, жеке мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 
                                         
Қатысушылар Қазақстан Республикасы Президентінің «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының басым бағыттарын, «Неке және отбасы туралы» ҚР Кодексін, өмірдің қиын жағдайында қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін, олардың әлеуметтік мәртебесін анықтауда және туыстық қарым-қатынастарын сақтау бойынша мәселелерді шешу үшін ұйымдармен өзара әрекеттесу барысында кездесетін қиыншылықтар мен оларды шешу жолдарын талқылады. 
                                    
Шара соңында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу мен сәтті әлеуметтену деңгейін жоғарылату мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы О.В. Шведова барлық мүдделі органдар мен ұйымдардың алдағы уақыттағы жұмысын, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы және Шығыс Қазақстан облысында жетім балаларды қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында 2012 жылы атқарылатын міндеттерді белгіледі. 

 

Дені сау балалық шақ үшін!

Балалар – біздің  болашағымыз. Бұл балалар жағдайына немқұрайлы қарамайтын адамдардың ұраны деуге болады. Көптеген елдермен ратификацияланған, соның ішінде Қазақстанмен де бекітілген БҰҰ-ның бала құқығын қорғау Конвенциясы – балалық шақты қамтамасыз ету процессін регламенттейтін, негізгі нормативті акт болып табылады. Әрбір баланың құқығын, соның ішінде дені сау балалық шақ құқығын жүзеге асыру мемлекеттік құрылымдардың және үкіметтік емес ұйымдардың негізгі қызметі болып саналады. 
                                 
Осы құқықты жүзеге асыруда ұйымдастыру формасының әр алуандылығына негізделген бірқатар маңызды іс-шаралар жасалуда. Осылай, БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Мектепке дейінгі деңгейдегі мекемелер жағдайында денсаулық сақтау, білім беру ортасын қалыптастыру» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаға қатысушылар құрамына: облыстық мамандандырылған сәбилер Үйі, Орал қаласының мектепке дейінгі ұйымдары, мемлекеттік қызметкерлер, медициналық жұмыскерлер және ата-аналар қауымының өкілдері кіреді. Жоба бағдарламасымен «Дені сау балалық шақ» тұрақты кеңестік орталығының қызмет атқаруы қарастырылған. Кеңестік орталықтың жұмысы «Баланың денсаулығы көп өлшемді, ол физикалық, психологиялық, рухани  денсаулық құрамынан  тұрады. Осының құрамдағы біреуінің жоқтығы жүйенің құлдырауға әкеледі» - қағидасына негізделген.
                                  
27 қаңтарда «Баланы сауықтырудың дамыту педагогикасы: ресурстар, тәжірибелер, перспективалар» тақырыбында орталықтың кезекті отырысы өтті.Отырысқа қатысқан педагогтар, психологтар, мемлекеттік қызметкерлер, журналистер, мектепке дейінгі жастағы балалардың қозғалыс белсендігін жетілдіру сұрақтары бойынша тәрбиешілердің, дене шынықтыру нұсқаушыларының кәсіптік дайындық деңгейін жоғарылату жолдарын 
Қатысушылар балалардың жалпы қозғалыс дағдыларын дамытатын ерекше әдіс-тәсілдерімен танысып, әрбір баланың медико-психологиялық жағдайын бақылау мониторингін қарастырды. Облыстық балалар үйінің өкілдері барлық санаттағы балалармен жұмыста стандарттан тыс құралдарды қолданудың ерекшеліктеріне назар аударды.
Кеңестік қызметтің мазмұны, қатысушылардың қызығушылығы барлық дәрежедегі балалардың денсаулық сақтау құқығын жүзеге асыру облысында бірлескен іс-әрекеттердің маңыздылығын көрсетті.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың, білім басқармасының, балалар құқығын қорғау департаментінің жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарының директорларының Республикалық Кеңесімен белсенді байланысында (жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарының директорларының Республикалық Қеңесінің төрайымы М.Б.Бейсеқанованың ұсыныстарымен) жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау бойынша 2011-2015ж кешенді бағдарлама қабылданған, оның негізгі мақсаты - жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдермен қамтамасыз ету арқылы өмірлерін жақсарту.
Кешенді мына бағыттарға:
-жетімдер мекемелерінің тәрбиеленушілері жеке бизнес құрылымдары, бюджеттік ұйымдар, банктік мекемелер тарапынан әлеуметтік - патронаттық қолдаумен қамтамасыз ету;
- жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларды тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі бойынша  тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін альтернативті шешу;
- отбасылық тәрбиенің альтернативті түрлерін дамыту: тәрбиелеу, асырап алу;
- әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасын, отбасылық тәрбиені насихаттау;
- жетімдер ұйымдарының тәрбиеленушілерінің әлеуметтік бейімделуін және құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған.
Әлеуметтік-патронаттық қолдау – бұл жергілікті атқарушы биліктердің тәрбиеленушілердің өмірінің сапасын жақсарту, құқықтарын қалпына келтіру, заманауи жағдайларға бейімдеу, тұлғаның қалыптасып және әрі қарай дамуына қолайлы жағдайлар жасау мақсатындағы жеке бизнес құрылымдарымен, бюджеттік ұйымдармен, банктік мекемелермен бірлесіп атқарылатын кешенді шаралар.
Жергілікті атқарушы биліктің және бизнес құрылымдары, бюджеттік ұйымдар, банктік мекемелермен байланысы жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік-патронаттық қолдау бойынша жасалған өзара ынтымақтастық туралы келісім негізінде жүзеге асады.
Жоғарыдағы аталған ұйымдардың қаржылық мүмкіндіктеріне қарай тәрбиеленушілердің жеке сипаттары, жас шамасы, нақты мекенжайы, білім деңгейіне қарап тәрбиеленушіні әлеуметтік-патронаттық қолдау  туралы келісімдер жасасуға болатын  ұйымдар анықталды:
-    50 адамнан аз жұмысшысы бар бюджеттік ұйымдармен тәрбиеленушілерді 3-9 жасқа дейінгі; 50-ден  астам – 2 адамнан артық  осы жастағы  әлеуметтік-патронаттық қолдау туралы келісім жасау ұсынылады;
-    жеке бизнес құрылымдарымен ( шаруа қожалықтары, құрылыс және өндіріс кәсіпорындары, банктік мекемелер) олардың қаржылық мүмкіндіктеріне қарай бір немесе одан астам 10-15 жастағы тәрбиеленушіні әлеуметтік-патронаттық қолдау  туралы келісімдер жасау ұсынылады;
-    облыстағы ірі өндірістік кәсіпорындарға 15 жастағы оның ішінде техникалық, кәсіптік білім ұйымдарына, жоғары оқу орындарына түсушілерді әлеуметтік-патронаттық қолдау келісімін жасау ұсынылады.
Тәрбиеленушілермен түлектерді әлеуметтік-патронаттық қолдау, тәрбиеленушіні кәсіптік-техникалық және жоғары білім алуда оқу және өндірістік іс-тәжірибеден өтуде, білім алу кезінде жатақханадан орын алуға қажетті жағдайлардың бәрін жасауға бағытталған.
Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, жоғары оқу орындарындағы оқуларын төлеу бойынша ШҚО әкімінің гранты белгіленді. 
Жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды еңбекпен қамтамасыз ету мақсатында «Дипломмен ауылға» атты мемлекеттік бағдарлама механизіміне ұқсас кейбір өзгерістермен шаралар өткізу жоспарланды. Түлектер еңбек жолының басында тұрған үй алғанға дейін жалға беретін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.


Республикалық  директорлар Кеңесінің мүшесі Жамал Қасымбекқызы  Баймадиева  мен Алматы облыстық балалардың құқықтарын қорғау  департаментімен ынтымақтастығы туралы 

Алматы облыстық  мектеп интернаттары мен  жетім балаларды әлеуметтік өмірге дайындау, балалардың бос уақытын  дұрыс пайдалануды ұйымдастыруға байланысты әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2011 жылдың қыркүйек айында «Делай с нами,  делай как мы»  тақырыбында «Айналайын» би үйірмесі, «Пана» драма  театры, «Сезам» қуыршақ театры, домбыра оркестрі, «Алтын қасық», «Алтын ине» үйірмелеріне қатысушы балалар жетекшілерімен бірге  әр түрлі көрмелер ұйымдастырып, тігу және пішу сабақтарын өткізіп, өз өнерлерін көрсетті.
Қазан айында «Ұстаздар күні» мерекесіне орай үлкен мерекелік концерт,  қараша айында  «Айналайын» балалар үйі базасында облыстық балалар үйлері мен мектеп интернаттарының  басшыларының қатысуымен «Жыл тәрбиешісі»  және балалар үйі қызметкерлерінің қатысуымен «Өнегелі аналар» байқаулары өтті.  
Желтоқсан айында «Айналайын» балалар үйінің «Сезам» театры қалалық және облыстық  әкімшіліктің ұйымдастыруымен өткізілетін жетім балалар мен  мүмкіндігі шектеулі жанұя балаларына арналған Жаңа жылдық шырша мерекесін өткізді.
Қаңтар айында  «Пока все дома» тақырыбында түлектермен кездесу кеші ұйымдастырылды. Бұл кездесуде түлектер үлкен өмірге аяқ басқан сәттердің әсерлері, көңіл күйлері жағдайлары мен оқулары жайлы қызықты әңгімелер қозғады. Балалрға ең қатты ұнағаны Алматы қаласындаға Т. Жүргенов атындағы   Өнер академиясының студенті, «Айналайын» балалар үйінің түлегі Қ. Күмісбаев пен Астана қаласындағы №6 кәсіптік лицейдің  оқушысы,  «Айналайын» балалар үйінің түлегі Р. Скарадовский Астана туралы, Алматы және ел орда жастарының өмірі, өнер мен білімдері  жайлы әңгімелері болды.
«Қуан сәби», «Ризашылық күні», «Балаларға үміт сыйла» тақырыбындағы  іс-шаралар облыстағы барлық   балалар үйі мен мектеп интернаттарында өткізіліп келе жатқан дәстүрлі мерекеге айналды. Бұл жұмыстардың барлығы  жоспар бойынша Алматы  облыстық балалар құқығын қорғау департаментімен бірлесе отырып атқарылды.

«Қош келдің, Жаңа Жыл!»

31.12.2011 ж «Үміт» балалар үйінде Жаңа Жылды қарсы алуға арналған мерекелік шаралар өтті.
                                       
Аяз Атаны балалардың мерекесіне «Волга» автомобилімен пошташы Печкин алып келді, ал ұлттық кейіпкер Алдар Көсе «Шрек пен Фиона» атты заманауи ертегісінен есекке мініп шауып келді, мыстан кемпір Аяз Атаны емес, Ақшақарды қатырып тастады, мейірімді сиқыршы өзінің кішкене көмекшілермен бірге оған көмектесіп құтқарды.
                                      
Мерекеге қонаққа ШҚО білім басқармасының бастығы Н. Сейсембина, дарынды балаларға арналған «Дарын» аймақтық орталықтың директоры Ж. Айтпаевалар болып қайтты.
                                      
Міне осындай сценарий бойынша кіші, орта буын балаларына арналған Жаңа жылдық ертеңгіліктің сюжеті ойналды, ертегі кейіпкерлері «Үміт» балалар үйінің жоғары сынып оқушылары мен студенттері болды.
                                     
50 – ден астам жоғары сынып оқушылары мен студенттері сағат 22.00 – таңғы 5.00 –не дейін жаңа жылды қарсы алды, өздері дайындаған тағамдардан, мерекелік дастархан жайылды. 
                                     
Таңертеңнен бастап тұшпара түйіп, салаттар әзірлеп, шыршаны безендіріп қазіргі заманға сай жазылған «Ақша қар» ертегісін дайындады, ертегіне өзін – өзі басқару комитеті әзірледі.
Балалар көңілді демалды, мерекенің, дискотеканың өту кезіндегі тәртіпті мектеп инспекторы бақылап, балалардың өмірімен денсаулығын күзетті.

 

Балалар игілігі үшін жасалған ізгілік 

Жыл сайын 26 қараша айында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін «Ризашылық» жарқын отбасылық мерекесін өткізу жақсы дәстүрге айналды.
«Ризашылық» - «Балалар игілігі үшін жасалған ізгілік» ұранымен өтетін қайырымдылық мереке.
Бұл күні ересектер мен балалар бір-біріне, тіпті білмейтін, алыс, жақында болса да қол ұшын беріп жатқандарға қамқорлық, ықылас, мейірімділік пен махаббат үшін алғыстарын білдіреді.
2011 жылы «Ризашылық» мерекесі ерекше болып табылады, себебі бұл мейрам Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында және 20 жұлдызды күннің алғашқы күніне сай келеді.
26 қараша білім, денсаулық, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде Қазақстанның Бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Мереке күні барлық ұйымдар ерекше көрінеді: шарлар, гүлдер, ленталар, фойеде көңілді ән естілуде. Балалар мен ересектердің көңілдері көтеріңкі. Экраннан балаларға мейірімді жүзбен Сара Алпысқызы қарайды.
2011 жылдың 26 қарашасында балалар үйлерінің, мектеп-интернат, «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылының, жастар баспанасы мен үйлерінің, сәбилер мен мүгедектер үйлерінің тәрбиеленушілері Қазақстанның Бірінші ханымы Назарбаева С.А. махаббат, қауныш, алғыс сөздері жазылған ашық хаттар мен сыйлықтарға ие болды.

 

Қостанай облысының әкімі С.В. Кулагин облыстық ақыл-есі кеміс жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 түзету мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін құттықтап, Сара Алпысқызы атынан сыйлыққа кәсіби фотоаппарат, соңғы модификацияланған ноутбук пен түрлі-түсті принтері бар фотостудия, сонымен қатар өз атынан спорттық құрал-жабдықтарды (футбол, баскетбол, волейбол доптары, спорттық киім) табыс етті.
Қостанай облысының қалған барлық интернат ұйымдарында тәрбиеленетіндерді аудан (қала) әкімдері, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім, жұмыспен  қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, денсаулық басқармаларының, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің басшылары, Департамент жанындағы ҮЕҰ кеңесінің мүшелері құттықтады.

 

 

Алғыс сөздермен қатар Сара Алпысқызы атынан сыйлықтар табыс етілді, соның ішінде: балалардың сауықтыруы мен бой жазуы үшін сенсорлық бөлме, кәсіби фотоаппарат, соңғы модификацияланған ноутбук пен түрлі-түсті принтері бар фотостудия, дискотека өткізуге арналған музыкалық жабдық, тігу машинкалар, балалардың қабілеттерін дамытуға арналған – көркем-өнер студиясы мен «Лего» ойыншықтар. Сыйлықтардың жалпы сомасы 7 млн 748 мың 591 теңге құрады.

 

Кешке балалар мен ұйым қызметкерлері үшін шаммен отбасылық мерекелік кешкі тамақ ұйымдастырылды: мерекелік дастархан басына бір-біріне «Рақмет» айту үшін барлық балалар мен олармен бірге тұрып, еңбек ететіндер жиналды.

 

 

Сара Алпысқызы атына махаббат, қамқорлық, кішіпейілдігі, сыйлықтар үшін алғыс сөздер балалар мен олардың тәлімгерлерінен естіліп жатты. Мерекелік кешкі тамақ «Ризамын бүгінгіге» Ризашылық әнін орындаумен аяқталды.
«Ризашылық» мерекесін өткізу отбасылық құндылықтарын қалыптастыруға, отбасы мәртебесін арттыруға және алғыс, өзара сыйластық пен махаббат сезіміндерін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.


Астана қаласының Балалар үйінде «Ризашылық», «Балалардың игілігі үшін..!» балалар қайырымдылық мерекесі  

Міне, үшінші жыл қатарынан Астана қаласының Балалар үйінің тәрбиеленушілері 26-қараша күнін тағатсыздана күтуде. Бұл күні барша адамдар бір-біріне махаббаты мен мейірімділігі үшін, қамқорлығы мен түсіністік танытқаны үшін ризышылықтарын білдірді. Еліміздің Бірінші Ханымы, «Бөбек» балалар қорының Президенті Назарбаева Сара Алпысқызының  бастамасымен Ризашылық» мерекесі сүйікті де шуақты мерекелердің біріне айналды.

 

 

Балалар достық және махаббат туралы жаңа өлеңдер жаттап, алғыс-ашық хаттар дайындады, балалар үйінің қызметкерлері мен достарына өлең шумақтарын жазды, сурет салып мерекеге алдын-ала дайындалды. Ересек адамдармен бірге Ризашылық ағашын дайындады, «Үйіміздің сұлтаны мен аруы» сайысына қатысамын деуші қызметкерлер үшін спорттық эстафеталар мен конкурстық тапсырмалар әзірленді.

 

 

Холлда балалардың өз қолдарымен жасаған заттардың шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды.
26 қараша күні мерекелік безендірілген залда тәрбиеленушілерді қонақтар қарсы алды. Осындай шуақты күні:
ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Г.К.Амрин;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.О.Әлібаева;
«Алтын Қыран» компаниясы тобының бас директоры И.Т.Салжанов; 
Астана қаласының Білім басқармасы бастығының орынбасары Ә.Д.Қоржықова;
Астана қаласының прокуратурасының аға көмекшісі О.А.Ионова;  
«Астана-Финанс» АҚ-ның өкілдері;
ТЖМ-нің өкілдері;
«Ыкылас-Жарнама» ЖШС-нің өкілдері;
ҚР ҰҚК және БАҚ-ның өкілдері балаларға өз махаббаттары мен жылулығын сыйлай білді.
Бұл күні балалар үйінің қонақтары мен қызметкерлері балаларға көңілді жанұялық мереке сыйлады. Бағдарлама барысында:
«Балалардың игілігі үшін..!» мерекесінің ашылуы;
Мерекелік түскі ас;
ҚР ҰҚК өкілдерімен бірге 8-11 сынып аралығындағы оқушылар арасында «Жұлдызды старт» спорт байқауы;
«Рахмет, сүйікті Отаным!» сурет салу байқауы және шеберлік сабағы;
Фото-студияда «Менің үйім» фотоколлажын құрастырумен шеберлік сабағы; 
Тәрбиешілердің, мұғалімдердің, медициналық және техникалық қызметкерлердің қатысуымен «Үйіміздің сұлтаны мен аруы» ойын-сауық байқауы;
ҚР ҰҚК қызметкерлерінің, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының және Татар-башқұрт мәдени орталығының әртістерінің қатысуымен «Қандай ғажап бұл әлем...» концерттік бағдарламасы; 
Жанұялық мерекелік кешкі ас жоспарлы түрде тартымды өтті. 

 

 

 

Мерекені Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Б.О.Әлібаева ашып, Сара Алпысқызының атынан балаларға түрлі-түсті принтер, фотоаппарат, ноутбук сыйлықтарын ұсынды.
Ұлттық киім үлгісіндегі қыздар Сара Алпысқызының атынан әр балаға ашық хаттар сыйлады. Мейірімге толы жылы сөздері үшін балалар алғыс ретінде Ризашылық әнін орындап берді.   
 «Асыл арман» би ұжымының кішкентай қатысушылары мерекенің әр қонағына махаббаты мен алғыстарын Ризашылық ағашын сыйлау арқылы білдірді.

 

 

Мерекенің кішкентай жұлдызшалары мен қонақтарға Жұлдызды жолдың салынуы мерекенің шарықтау шегі болды. Жұлдыздарда: тәуелсіз бейбітшілік, мейірімділік, бақыт, Қазақстанның гүлденуі тәрізді жылы лебіздер жазылды.
Бағдарлама бойынша балалар қонақтарды жанұялық үйлеріне шақырып, мерекелік жайылған дастарханнан дәм татқыздырды. Ресми емес ортада балалар достық, балалық шақ, туған жер туралы өлеңдер оқып берді. Түскі астың үстінде балалар «Твори добро», «Спасибо, жизнь», «Мой Казахстан», «Жайна, Қазақстан», «Дорогою добра», Ризашылық әнін зор ықыласпен орындады.

 

 

Мерекелік түскі астан кейін балалар аналарымен және ескі достары – ҚР ҰҚК өкілдерімен бірге «Жұлдызды старт» спорт байқауына қатысты. Ал сурет салуды ұнататын балалар «Өнер» сурет-студиясына барды. Балалар өз суреттерінде туған жерді, жас астанамыз Астананы, достарын бейнелеп, Балалар үйінің қызметкерлеріне түрлі-түсті ризашылық ашық хаттарын жасады.  Фотоға түсіруді ұнататын балалар шеберлік сабаққа қатысып, мереке барысын, балалардың өмірінен қызықты сәттерді зор ықыласпен фотоға түсірді. Нәтижесінде «Біздің үй» атты әдемі және тартымды фотоколлаж жасалды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері акт залында мұғалімдер мен тәрбиешілер, медициналық қызметкерлер мен психолог, кітапханашы мен асхана қызметкерлері  қатысқан «Үйіміздің сұлтаны мен аруы» атты қызықты іс-шараны тамашалады. Балалардан құралған әділ-қазылар алқасы қызметкерлердің тапқырлығы мен әзілін әділ бағалап, жеңімпаздың Алтын тәжін тәрбиеші М.А.Старовойтоваға тапсырды.

 

 

Мереке барысында ҚР ҰҚК өкілдері, М.Өтемісов атындағы оқушылар сарайының және Татар-башқұрт мәдениет орталығының әртістері балаларды құттықтап, концерттік бағдарламаны бірге тамашалады.
Осындай сезімге толы және ұмытылмас күннен кейін жанұялық мерекелік кешкі асқа отырды. Кешкі ас барысында Балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері Президентімізді әкелік қамқорлығы үшін, ертеңгі күнімізге сеніміміздің молдығы үшін ризашылықтарын білдірді. Еліміздің Бас Анасы – Сара Алпысқызына деген махаббатын, қамқорлығын, жүректегі мейірімі мен осындай тамаша мереке үшін алғысқа толы жылы сөздерін білдірді.
Жанұялық мерекелік кешкі ас Ризашылық әнінің орындалуымен аяқталды.

 

 


Атырау облысында өткізілген «Ризашылық күні»мерекесі 

2011 жылы 26 қарашада жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында «Ризашылық мерекесі» болып өтті. Мерекеге жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған мекемелерден - «Ақбота» балалар үйінен, С.Қазыбаев атындағы  №1 облыстық жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатынан, Отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылынан және Сәбилер үйінен, Облыстық ақыл-ойы кем дамыған балаларға арналған интернат үйінен жалпы  – 245 бала, 54 мұғалімдер мен тәрбиешілер, 25 шақырылған қонақтар қатысты.

 

 

 Қуанышты отбасылық мерекенің мақсаты – тағдырдың тәлкегінен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған кішкентай бүлдіршіндеріміздің адамгершілік – рухани дамуына қоғамның көңілін аудару, қуаныш сыйлау, олардың отбасында тәрбиеленуіне ықпал ету.
 Қатысқан қонақтар: Облыс, қала әкімінің орынбасарлары, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы, Атырау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлері, қорғаншылық қамқоршы органының мамандары, Облыстық білім басқармасының басшылары, облыстық, қалалық маслихаттың депутаттары, БАҚ- құралдары өкілдері, Облыстық Д.Нұрпейісова атындағы музыка академиясының студенттері, Облыстық Кіші өнер академиясының әртістері, Облыстық музыка мектебінің оқушылары, Мәдениет басқармасының өкілдері, Атырау облысы бойынша  Қазақстан халқының Ассамблеясының басшылары, Үкіметтік емес ұйымдар;
 Облыс әкімінің орынбасары А.Керімов Сара Алпысқызының «Ризашылық» мерекесіне Атырау  балаларының сұранысы бойынша, арнап жіберген 4 млн.765 мың теңге көлеміндегі сыйлықтарын және әрбір «Жас дос»  деп арнап жазған құттықтау открыткасын табыс етті.
 Яғни,«Ақбота» балалар үйіне -ноутбук, профессионалдық фотоаппарат, түрлі түсті принтерлер, велотренажер, теннистік стол, беговая дорожка, тренажерлар, спорттық маттар; 
 Отбасы үлгісіндегі облыстық балалар ауылы және Жасөспірімдер үйіне түрлі түсті теледидар, 2 дана ноутбук,  2 дана профессионалдық фотоаппарат, 2 түрлі түсті принтер, цифровое пианино, синтезаторлар, 6 дана гитара, 6 дана домбыра, 6 дана қобыз;
 С.Қазыбаев атындағы №1 облыстық жетім, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатына – ноутбук, профессионалдық фотоаппарат, түрлі-түсті принтер, проектор экранымен; 
 Сәбилер үйі мен  Мүгедектер үйіне түрлі-түсті бояулар мен  дамытатын ойындар; 
 Бұл мерекеде балалар би, өлең және түрлі конкурстық сайыстар арқылы өз өнерлерін көрсетсе, ал тәрбиешілер мен мұғалімдер өздерінің өнерлерін көрсету арқылы балаларға көңіл-күй сыйлады. Балалар мен шақырылған қонақтар бірге «Улыбка» «Ризамын», «Твори добро» әндерін шырқады. Тәрбиешілер арасында «Мейірімді тәрбиеші», «Сымбатты апай», «Ақылшы әпке» номинациясы бойынша сайыстар өткізіліп, сайыстың қорытындысы балалар төрелігімен анықталды. 
 Демеушілердің көмегімен балаларға арналып  жайылған мерекелік дастархан үлкендерді де риза етті. Дастархан басында тәрбиеленушілер осы мерекелік күнді сыйлағаны үшін үлкен жүректі анамыз Сара Алпысқызына және өзінің ұстаздары мен тәрбиешілеріне алғыстарын айтып, бір-біріне тілектерін білдірді, ал шақырылған меценаттар да балаларға ризашылықтарын айтты. Бұл мерекеге Атырау қаласында тұратын өзге ұлт өкілдері де өз үлестерін қосып, әрбір ұлттың тағамдарын балалармен бірге әзірлеп, дастарханға тарту етті. Ал, бүлдіршіндер өз ризашылықтарын жүрек бейнесіне жазып, оларға табыс етті. Біздің еліміздегі әр түрлі ұлт өкілдерімен дос, бауыр, ағайын екендігі интернаттардағы әр түрлі ұлттың балалары дәлел бола алады. Атырау облысы бойынша  Қазақстан халқының Ассамблеясының төрағасының орынбасары Ж.Асабаева: «Әртүрлі ұлт өкілдерінің өза­ра сенімділігі, заң алдындағы тең­дігі болмаса, мемлекеттің гүлденуі де болмайды, демек, қарапайым адам­дардың бақытты өмір сүруі де мүм­кін емес»,-деген елбасының сөзімен бастап, балаларды, қонақтарды достық пен ынтымақтастыққа шақырды.  
 Мерекелік дастарханнан соң кіші топ арасында сыйға тартқан телевизор арқылы ертегілер көрсетілсе, профессионалдық фотоаппарат арқылы мерекелік кешті суретке түсіріп, коллаждар дайындалса, музыкалық аспаптарда өнерлерін көрсетіп, сурет салу үшін жіберген құралдармен қонақтарға мастер-класс жасады. Балалар сыйға тарту  еткен сыйлықтарға қатты қуанды. Осы күні «Ақбота» балалар үйінде балалардың дене шынықтыруы үшін сыйға тартылған спорттық құралдардан жасақталған бөлменің салтанатты  ашылу рәсімі Облыстық білім беру басқармасының бастығы Есенғалиевқа ұсынылды. Салтанатты ашылудан кейін «Ақбота» балалар үйінің тәрбиеленушісі Хаматов Генадий өзінің балалық алғысын былай деп жеткізді: 

- Жылы жүректі анамыз Сара Алпысқызы!

Сіздің аналық  көңіліңізбен жазған ақ тілегіңіз бізге деп арнап жіберген үлкен сыйлығыңыз мені қатты тебірентті, бұдан бұрын да жасаған жақсылығыңыздың арқасында біз мейірбан кең пейілді дос болуға үйрендік, бір отбасына айналдық. Біздің отбасымыз өте әдемі, қажетті заттардың барлығы жанымыздан табылады. Айналамдағы достарым да, аналарым да мейірімді. Біздің үйімізге қажет деген бұйымдарды тағы сыйға тарттыңыз. Міне, тағы да дене шынықтыру бөлмесі ашылды. Енді спорттық қондырғылармен жаттығып дені сау азамат болып өсемін. Сізге мың алғыс!

 

 

 Мереке соңында Д.Нұрпейісова және Кіші өнер академиясының, Томарлы сазды мектебінің музыкалық аспаптар оркестрлері,  қайырымдылық концерт берді.
 Шақырылған қонақтардың ішінен «Үміт» ЖШС-і», «Коммеск-Өмір» сақтандыру компаниясы, «Косми Казахстан» компаниясы, «Тьянь-Ши» компаниясы, «Халық банкісі», «Ресей жинақ банкісі» балаларға қысқы киімдер, президент шыршасына карнавалдық костюмдер, оқу құралдарын, әдеби кітаптарды, қыз балалар шеберханасына арналған тігін машинасын сыйға тартты.
 Өткізілген мерекелік шара «Астана телеарнасы», «Қазақстан-Атырау» телеарнасына түсіріліп, дүйсенбіде көрсету жоспарлануда. «Егеменді Қазақстан» және жергілікті газеттердің тілшілері қатысып, оларға толық ақпарат берілді.
 24 қараша күні «Қазақстан Атырау» телеарнасынан Ризашылық мерекесінің өтетіндігі туралы бөлім бастығы Ф.Баймұханова мен бас маман А.Каюпова сұхбат берді. 


«Бір-біріне қуаныш сыйлауды үйрету»

2011 жылғы 26 қарашада Павлодар облысының 23 білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелерінде еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева бастамаланған «Ризашылық – Доброта во благо детям» қайырымдылық мерекесі өтті.
Біздің республикамыздың 20 жылдығы қарсаныңда өткен бұл мереке «Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күндерінің бастамасы болды.
Алдағы болар мереке жөнінде  жергілікті БАҚ-ға жарияланымдар өтті, 26 қарашада облыстық радио және департаменттің бірлесуімен жасалған «Сен - жалғыз емессің» жобасының шеңберінде қайырымдылық мерекеге арналған радиобағдарлама өтті.
Сегіз аймақта өткен облыстың жетім балаларға арналған мекемелерінде мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге балалардың өміріне жанашыр 2 мыңнан астам адам қатысты.
Облыс әкімі Б.А.Сағынтаев балалар үйлерімен мектеп-интернаттардың  және жасөспірімдер үйлерінің тәрбиенушілеріне 17 компьютерді сыйға тартты.

 

 

Мерекеде «Бөбек» Қоры сыйға тартқан фотостудиялармен фотосурет түсірілді. Ұлдар мен қыздар отбасылық фотоальбомдарын естелік ретінде өздерінің туған-туысқандарының және жақындарының  фотосуреттерімен толтыру үшін, кәсіби фототүсірушілер болғысы келді.
Болашақ суретшілер мольберттерде күннің, ананың, өзінің жылы үйлерінің, ағалары мен әпкелерінің, достарының бейнесін салды.
Балалар ризашылық сөздерін туған мемлекетіне, ел Президентіне, Қазақстандық басты анаға арнайды, – «шын жүректен махаббатқа, моральді және материалды көмек үшін, жомарттылығының арқасында балалар болашаққа нық сеніммен қарайды». Балалар өздерінің «Достары» - жебеушілерге, демеушілерге және олардың күнделікті өмірінде жанында болатын педагогтер мен тәрбиешілерге оларға қамқорлық көрсеткені және олардың берекесіне жасалып жатқанның барлығы үшін ерекше алғыстарын білдірді.
Отбасылық астан кейін балалар мен үлкендер «Ризашылық шеңберіне» шақырылды, бір-біріне қарап жақсы сөздер мен тілектерді айтты. Әрбір қатысушы балалардың сүйіспеншілігімен  қолдан  жасалған «ризашылық» ашық хатын алды.

 

 

Демеушілер әдеттегідей балаларды сыйлықтармен қуантты. «Ерекше» балаларға қаншалықты  көп адам көмек жасаса, оларды ұмытпағаны және айналадағы адамдардың қолдауын таба алуға соншалықты балалардың және туыстарының сенімі арта түседі» - деп, облыстық ақыл-ойы тежеулі балаларға арналған мектеп-интернатының жебеушілері «Халық банк» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «Сайга» ЖШС, «Қазымбетов» ЖК санайды. «Қазақстан Алюминийі» АҚ  сыйға тартқан «Гравитон» костюмы көптеген балаларға қозғалыстың қуанышын сезуге көмек береді. «Жылы еденді» сыйға тартқан Халық банкінің көмегі арқылы өзінің ауруы бойынша тек қана еденде жорғалап жүретін көптеген балаларға енді суық тимейді.
Ақсу ферроқорытпа зауыты мен Евроазиялық корпорация қысқы киімді алу үшін Қалқаман балалар үйіне 1 млн. теңгеден астам қаражат берді.
«Смак-Дистрибьюшен» ЖШС, «АЗА», «Ертіс» футбол клубы, «Мұнайгаздем» зейнетақы қоры, «Атамекен» ЖК Мичурин балалар үйіне биге арналған құрылғыларды, спорттық құралдарды, жаңа жылдық костюмдерді, плазмалық теледидарды сыйға тартты. «Крендель», «Айгерім», «Роса» және МАКди ЖШС-рі барлық балалар үйлері мен мектеп-интернаттарды тәтті тағамдармен және балмұздақпен қуантты.
«Айналайын» КБҚ Павлодар қаласының панасы мен Кенжекөл балалар үйіне күртешелерді сыйға тартты. Әділет департаменті Павлодар қаласының панасына музыкалық орталықты, облыс ІІД – спорттық құралдарды, Шафер атындағы үй-мұражай - кітаптарды сыйлады.
«МАКди» фирмасы (С.Б. Нәжмиденова), «От  дяди Паши» фирмасы (П.Н. Шияновский), Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің имамы қажы Ермекұлы өзінің сыйлықтарымен «Жас ұрпақ» жасөспірімдер үйіне келді.
«Бажа» ЖШС Кенжекөл балалар үйінің тәрбиенушілеріне кітаптарды, «Домофон» ЖШС – ойыншықтарды, ауылдық округтің әкімі үстел ойындарын сыйға тартты, ал «Симпатика» салонының жұмыскерлері мерекенің құрметіне балаларға сәнді шаш жасады.
«ЕЭК» АҚ және «Восточный» разрезі «Үміт» балалар үйіне  плазменді теледидарды, «Халық банк» АҚ және «МНУ» ЖШС – кір жуатын машиналарды сыйға тартты.
Сонымен бірге демеушілер сыйлықтармен  басқа да  балалар үйлеріне барып қайтты.
Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйіне Павлодар облысы әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымова барып, балаларды «Ризашылық» мерекесімен құттықтады. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.А. Наурызбаева отбасы үлгісіндегі Кенжекөл балалар үйіне барып қайтты.
Кешке балаларды үлкендердің қолымен жасалған отбасылық ас күтті. Кешкі ас кезінде балалар мен үлкендер жылы және жайлы жағдайда мерекеден қалған әсерлерімен бөлісті, осы мереке мейірімділік жасауға, бір-біріне қуаныш сыйлауды үйретуге және үлкен отбасы болып тұруға шақырады – деп, балалар ойлайды.

 


«Ризашылық- Доброта во благо детям! » қайырымдылық мерекесі

Елімізде  жыл сайын Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваның бастамасы бойынша «Ризашылық - Доброта во благодетям!» қайырымдылық мерекесін өткізу дәстүрге айналып отыр. Міне, үшінші рет Ақмола облысы балалар үйлерімен қатар медико-әлеуметтік мекемелерінде сезімтал отбасылық және көңілді мерекелер өткізіліп келеді.

 

 

Мерекеде қатысқан мекемелер: ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар мен жетім- балаларға арналған  7 балалар үй: Көкшетау қаласы мен Астрахан ауданы Первомайка ауылындағы МӘМ (медико-әлеуметтік мекемелер); Щучье қаласындағы облыстық балалар мен жас-өспірімдердің әлеуметтік бейімделу және ақтау орталығы; Степногорск қаласындағы «Жастар» жасөспірімдер үйі және Щучье балалар үйі.
Республикалық «Бөбек» қоры балаларға арналған өте қажетті сыйлықтар мен есте қалатын , маңызды мереке дайындады. Балалар үйлеріне, облыстық балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік бейімделу және ақтау орталығына, «Жастар» жасөспірімдер үйіне ноутбуктер, кәсіби фотоаппараттар,түрлі-түсті принтерлер, лего дамыту ойындары, жоғарыда аталғандармен қатар Есіл балалар үйіне сенсорлық бөлме, Сандықтау балалар үйіне-құрғақ бассейн сыйлады.
Медико-әлеуметтік мекемелері мен Щучье балалар үйіне изостудия және ЛЕГО дамыту ойындары тапсырылды.

 

 

Сыйлықтардың жалпы сомасы  5.940.000 теңгеден астам болды.
Бұдан басқа, балалар үйлерінің барлық тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваның құттықтау сөздері мен ізгі тілектері жазылған ашық хаты салтанатты түрде тапсырылды.
Аталған іс-шараның басты мақсаты балаларға жылы отбасылық мерекені сыйлау болып табылғандықтан, балалар да, ересектер де өз ризашылықтарын көптеген әртүрлі өлеңдер айтып ән шырқап, би билеп, ойындар арқылы білдіріп жатты.

 

 

Ата-ананың қамқорынсыз қалған балалар мен жетім-балаларға арналған барлық мекемелерде концерттік және «Поделись улыбкой своей.. », «Как прекрасен этот мир... » , «Вместе-дружная семья »  ойын-сауық бағдарламалары өткізіліп, онда белгілі әншілер мен мәдени мекемелер ұжымдары ғана емес, сондай-ақ балалар да өздерінің концерттік номерлерін ортаға салды.
Ересектер мен баларға  арналған әртүрлі конкурстар мен акциялар өткізілді: « Спасибо» любимая Родина!» ,«Люблю тебя, мой край родной!», «Тек жылылық сыйлаңыз», «Біз сізге шын жүректен алғыс айтамыз», «Звездный час», «Жылдызды сағат», «Қосылып ән салайық!», «Мистер и Мисс», «Айна» видеостудиясы «Біз осы үйде тұрамыз» тақырыбы бойынша шеберлік классы  өткізілді.

 

 

Сонымен қатар, С.А.Назарбаева туралы фильм сюжеті, қуыршақ спектаклі, творчестволық  шеберліктер, көңілді ойындар, балалардың белсенді қатысуымен «Балалар сайысы», «Круг дружбы»  спорттық ойындары көрсетілді.
Балалаларды  құттықтауға  әкімшілік, балалардың құқықтарын қорғау депапртаменті, білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, әлеуметтік бағдармалар мен жұмыспен қамтуды үйлесіру басқармасы,аудандық және қалалық  білім  бөлімдері,облыстық  қалалық және аудандық БАҚ өкілдері, меценаттар мен қамқоршы ұйымдары келді.

 

 

Балалар үйлерін  рәсімдеугке  педагогикалық  ұжымдар сәнді безендіріп, өздерінің шексіз қиялы мен қайталанбас ойларын көрсете білді.
Асханалар, сыныптар, холдар  және бөлмелер мерекелік әсем безендіріліп, барлық балалар жүрегіне шексіз-қуаныш пен алғысқа толтырды, өйткені ондағы алуан түрлі гүлдердің көп болуы, ашық түсті лентолар мен экибандар мерекені шаттандарды.
Мерекелік  дастархан  басына  барлық  ересектер мен балаларға мерекелік түскі ас пен отбасылық кешкі ас жиналды. Дастархан басында балалар мен ересектер емін-еркін, игілік атмосфера жағдайында өз ойларын ортаға салып, қайырымдылық күні туралы өз әсерлерімен бөлісті.

 

 

Балалар мейірімділік пен жылы жүрек, түсіністік пен махабат сыйлағаны  үшін  ересектерге (тәрбиешілерге, күтушілерге, аспазшыларға, күзетшілерге және балалар үйінің өзге қызметкерлеріне) алдын ала жасалған және сәнді безендірілген алғыс сөздерін, қол өнер бұйымдарын, суреттер мен өлеңдерін сыйға тартты.
Мерекелік іс-шара тәрбиеленушілерге арнаған дискотекамен аяқталды.
Мерекеге барлығы 1015 балалар мен 706 мекеме қызметкерлері, 170 жуық қонақтар мен 18 астам облыстық, қалалық және аудандық БАҚ өкілдері қатысты.


Катон-Қарағай ауданы әкімінің «Үміт» балалар үйінде болуы

8-қазан 2011 жылы ММ «Үміт» балалар үйіне Катон-Қарағай ауданы әкімі – Бекпосынов Арман Ильясұлы келіп, балаларға ауылшаруашылық азық-түліктер (ет, бал, жаңғақ, т.б ) әкелді. А.И. Бекпосынов мырзаға балалар әкімдігі балалар үйі бойынша экскурсия ұйымдастырды. Әкім балалармен әңгімелесіп, олардың тұрмыстық жағдайымен танысты.
Бұл кездесуге екі жақ та разы болып, қорытындысында ММ «Үміт» балалар үйі мен Катон-Қарағай ауданы әкімі арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму, «Үміт» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан балаларға көмек және қолдау бойынша ынтымақтастық туралы мемарандумға қол қойды. 

 

 

 


«Қарттар күні» мерекесі

01.10.2011 ж «Үміт» балалар үйінде Қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Осы мерекеге арнап балалар күз жәрмеңкесіне көкөніс, жемістерден өз қолдарымен түрлі бейнелер жасады.
Мерекеге балалар кенттегі қариялармен қоса өз апа, аталарында шақырды.

 

 

 

Мерекеге балалар тиянақты, үлкен жауапкершілікпен дайындалды, халық әндерін орындап, өлеңдер оқыды, спектакль көрсетті, әрине  Үлгілі «Үміт» ансамбілінің көнцерттік бағдарламасы да ұсынылды.

 

 

 

Мереке соңында қонақтар дастарханға шақырылды. Балалар үйінің бас аспазшысы Н.В. Давыдова жетекшілік ететін «Изюминка» үйірмесінің балалары ата – апаларына ыстық баурсақ, тоқаш, түрлі салаттар тағы да басқа дәмді тағамдар дайындап ұсынды.

 

 

 

Қонақтар қуанып, әрі таңғалып балалардың шығармашылықтарын қөріп көздеріне жас алып, балалар үйінің директоры М.Б. Бейсеқановаға, барлық ұжымға жетім балаларға, қарт адамдарға деген қайырымдылықтары, қамқорлықтары үшін алғыстарын білдірді.

 

 

 


«Үміт» балалар үйінде «Бала әлемі» акциясы болып өтті

30.09.2011 ж «Үміт» балалар үйінде Республикалық отбасылық «Игілік» журналының бас редакторы М.А. Әйтенова, ШҚО балалар құқығын қорғау департаментімен бірлесіп «Бала әлемі» акциясын өткізді. Акцияға ШҚО әкімдігінің, ШҚО білім басқармасының өкілдері, балалар үйлері, мектеп – интернаттары директорлары, қалалық, облыстық ақпарат құралдары өкілдері шақырылды.

 

 

 

Акцияның мақсаты журналдың осы өңірде тұрғындар, оқушылар, балалар үйлері мен интернаттық мекемелер тәрбиеленушілері арасында тарату, өйткені журнал отбасы және балалар проблемасына, рухани адамгершілік құндылықтарға, патриоттық тәрбиеге, әсіресе жетімдік проблемаларына ерекше көңіл бөледі.

 

 

Балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, қатысушыларға журналға тегін жазылымдар, «Игілік» журналдары, кітаптар, кеңсе, офис құралдары тапсырылды.
Балалар үйлерінің қызметкерлері, балалар «Игілік» журналы туралы өз пікірлерімен бөлісті, бұл журналға «Үміт» балалар үйі 2010 жылдан бастап жазылады. Сонымен қатар Үлгілі «Үміт» ансамбілі дайындаған концерттік бағдарламаны көрсетіп, Меруерт ханымды журналдың 5-жылдығымен құттықтап тілектерін білдірді.

 

 


Балалар үйінің түлектеріне қарсы қадам!

Қостанай облысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдардың түлектерін осы заманға сәйкес социум жағдайына әлеуметтендіру және бейімдеуге бағытталған «Қарсы қадам бас» жоба аяқталды. Осы Жоба «Бота» қоғамдық қорының әлеуметтік қызметтерін қолдау бағдарламасы бойынша гранттық жоба шеңберінде жүзеге асырылды. Жобаны жүзеге асыру барысында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының қолдауымен «Перекресток» ҚҚ еріктілері қатысты. Жобаның тәжірибелік алаңы ретінде Қостанай облыстық жастар үйі болды.
2011 жылдың 28 қыркүйегінде «Қарсы қадам бас» жоба бойынша бірлескен қызметтің қорытындылары» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына білім жүйесінің мемлекеттік мекемелері, интернаттық ұйымдары және үкіметтік емес ұйымдарының еріктілері қатысты. Дөңгелек үстел отырысы барысында Жобаның қорытындылары жинақталып, келесі жобалық қызметін болжау бойынша ұсыныстар енгізілді.
Жобаны жүзеге асыру барысында Жастар үйінің тәрбиеленушілерінде неке-тұрмыстық қарым-қатынастырында, қатынасу психологиясында, кәсіптік бейімделуінде және қаржылық сауаттылығында мәселелер айқындалды.
Жоғары көрсетілген сұрақтарда кемшіліктерді жою мақсатында ҮЕҰ еріктілерімен Жастар үйінің тәрбиеленушілерімен әлеуметітк бөлмелерде жұмыс істеу, коммуникативті әдетті дамытуға бағытталған тренингтер өткізілді, қазіргі замаңға сай жағдайларда кәсіптік бейімдеу және тұлғаны ұйымдастыру бойынша әдістемелік нұсқа әзірленіп, тәрбиеленушілер арасында таратылды.
Сондай-ақ, әлеуметтік қажетті білім, кәсіптік бейімделу, Жастар үйінде өмірлік әдеттерін бекіту деңгейінің арттырылуы туралы айтылды.
Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша орта және үлкен бөлімнің тәрбиеленушілері толық қамтылатынына байланысты Қостанай облысының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдардың негізінде Жобаны әрі қарай жалғастыру туралы қарар шығарылды.

 


Облыс әкімі Е.Сағындықовтың Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесуі

2011 жылғы 18 шілдеде сағ.15.00 «Нұр Отан» ХДП күмбезді залында  пәтерлердің кілті мен «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ АФ-дағы жинақ шоттарды салтанатты түрде табыстау өткізілді.
Жасөспірімдер үйінің 27 тәрбиеленушісінің әрқайсысына 300 000 теңгеден, жалпы сомасы  8 100 000 теңге аударылды.

 

 

Облыс әкімі Е.А.Сағындықов № 13  Жайсан  кәсіптік лицейінің түлегі Айгүл Нұржановаға  бір бөлмелі пәтердің кілтін  тапсырды. Сондай-ақ, жас отбасы Чебохин Максим мен Мүлканова Әселге екі бөлмелі пәтер берілді. Қазіргі уақытта жас отбасы Тимофей атты ұлдарын тәрбиелеп отыр. Екінші баланы күтіп отырған жас отбасына бұл үлкен көмек болды. Сондай-ақ, жолтарды тағы да бір тосын сый күтіп тұрды: Елеусін Наурызбайұлы өзінің атынан жастарға жаңа жиhаз сыйға тартты.
 Аймақ басшысы Е.Сағындықов, Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры К.Айдарханова және Жасөспірімдер үйінің әкімшілігі Чебохиндер отбасының алғашқы қонақтары атанды.

 

 

 

3 жылғы жүйелі түрдегі мақсатты жұмыстар нәтижесінде Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілеріне есепшоттар толтыруға 57 138 000 теңге көлемінде көмек көрсетіліп, 14 пәтер алынды.

 


«Мамандығым-мақтанышым» атты ток шоу 

24 ақпан 2011 жылы «Үміт» балалар үйінде «Мамандығым-мақтанышым» атты ток шоу өтті, оның негізгі - мақсаты дербес өмірде бақытты, табысты өмір құру, мамандық таңдауға жауапкершілік қалыптастыру.
Адам - өз тағдырының авторы. Тек қана әркімнің жеке тілегі, өзін өзгертем деген ұмтылысы, дербес өмір құруға көмектесіп, табысқа жеткізеді. Балалармен өздерінің табысты өмірлерінің құпияларымен бөлісе келген қонақтардың бәрінің ойы- болашақ арманға деген сенімділік болу керек екендігінде.
Бағдарлама қонақтары:
Шведова О.В – ШҚО балалардың құқығын қорғау департаментінің бөлімінің бастығы
Мерзаян Ф.М - қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің бас маманы Хожанова А.Б – ШҚО Білім басқармасының кәсіби техникалық білім беру жөніндегі бастығы
Рахимова Р.Ж – КМКҚ «Ана мен бала орталығының» директоры
Турсынбаева М.А - С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің оқытушысы
Сагингалиева А.Д –Мемлекеттік медицина университетінің жалпы медицина деканының орынбасары Семей қаласы
Мазбаева А.А - «Медициналық колледжі»
Орынбасарова Э. К -Қ. Нургалиев атындағы колледждің оқытушысы
Кусманов Б.М – М:М № 15 –кәсіптік лицей
Конурбаева Р.К - М.М № 1 – кәсіптік лицей
Вотинцева Е.В – ЖШС «Казцинк»
«Қазақстан-Өскемен» телеарнасы
«Калкен ТВ» телеарнасы
«Астана» телеарнасы
Аңсаған армандарды жүзеге асыру үшін адамда қандай мінез, қасиеттер болу керек, қақтығыс жағдайлардан қалай аулақ жүруге болады, еңбек нарығы қандай мамандықтарды қажет етеді, өзің ұнатқан жұмысқа орналасу үшін не қажет, деген сұрақтар балаларды қызықтырып мазалаған. Жайлы сындарлы әңгіме барысында балалар түрлі мамандықтар туралы көптеген пайдалы сұрақтарға жауап алып, өз қажеттіліктеріне , қабылеттеріне сай өз тағдырларын құру мүмкіндіктеріне деген сенімге ие болды. «Бәрі біздің қолымызда. Ток-шоуға қатысқан балалар: өмірде адаспай, дұрыс мамандық таңдап бақытты, абыройлы өмір сүру керек» - деген қорытындыға келді.
Ток-шоу барлық мамандық иелерін білім нәрімен сусындатып, болашаққа бағыт-бағдар берген педагогтарға арналған «Ұстазым» әнін орындаумен аяқталды.

 

  

 


24 қаңтарда Өскемен қаласына қысқы Азия ойындарының алауы келіп жетті. Алауды сақтау құрметіне «Халық банкі»АҚ филиалы ие болды. Осы орайда «Халық банкі» «Менің Азиядам» тақырыбына балалар сұреттерінің байқауын өткізді, оған ШҚО «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
25 қаңтар күні таңертең тәрбиеленушілер «Халық банкіне» Қазақстанның көптеген өңірлерінде болып өткен спорттық алауға құрмет көрсетуге барып қайтты.
Біз тәрбиеленушіміз Выбылов Евгенийдің Азияда алауын алып жүру құрметіне ие болғанын мақтан тұтамыз. Барлық жоғары сынып тәрбиеленушілері алаңға, оны қолдап демеуге шықты.
Балалардың осы мақтаныш сезімдері патриоттық тәрбиеге ықпал етері сөзсіз.
  

 


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің дөңгелек үстелі

2011 жылғы 6 қаңтарда Астана қаласында Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысының жұмысына республиканың барлық өңірлерінен келген балалар үйлерінің 20 директоры қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес кеңес қызметінің 2010 жылғы қорытындылары қаралып, республикада әлеуметтік жетімдікті одан әрі төмендету, балалар үйлерінің жанынан отбасыны қолдау қызметтерін, жетім балаларды өз отбасыларына тәрбиелеуге алғысы келетін азаматтар үшін қабылдаушы ата-аналар мектептерін құру жоспарлары, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының бітірушілерін одан әрі әлеуметтендіру мәселелері нақтыланды.
Кеңес отырысында «Әр балаға – берік отбасы» әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын дамытуға бағытталған ақпараттық-насихаттау және ұйымдастыру жұмысы жоспарының жобасы талқыланды.
Кеңеске қатысушылар өз сөздерінде Қазақстандағы жетім балалардың жағдайын жақсартудағы, оның ішінде олардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы мүмкіндіктер жасаудағы Мемлекет басшысының рөлін атап өтті. Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының, ерекше қамқорлығы мен қолдауы арқасында бүгінде республикадағы балалар үйлерінде отбасына барынша жақындатылған жағдайлар жасалды. 2004 жылдан бастап жетім балаларды тәрбиелеудің патронат сияқты баламалы нысаны дами бастады, қазіргі уақытта патронат отбасыларында 2 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасымен қамқоршы отбасылары материалдық жағынан қорғалатын болады.
Кеңес төрайымы Майра Баймұқанқызы Бейсеканова Шығыс Қазақстан облысы қоғамдастығының Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту бастамасын қолдау туралы ұсыныс енгізді.
Кеңес мүшелері бұл ұсынысты бірауыздан қабылдады.
Отырыс қорытындысы бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық басшылары арасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімін 2020 жылға дейін ұзарту жөніндегі бүкілхалықтық референдумды өткізу бастамасын қолдау жұмысын белсендіру туралы шешім қабылданды. 

 


Шығыс Казақстан облысының VII Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылық фестивалі

 2010 жылы 3-7 қарашада Алматы қаласында VII Республикалық «Ақ көгершін» балалар шығармашылығы фестивалі болып өтті. Шығыс Қазақстан облысынан байқауға «Үміт» балалар үйінің Үлгілі «Үміт» ансамблі 3 номинацияға қатысты: халық биі, оригиналдық жанр және вокал.
Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 800-ге жуық бала қатысты. Біздің тәрбиеленушілеріміз байқауға қатысуға шақырылған балалар үйлерінің жалғыз өкілі болды.
4 қараша күні Выбылов Евгений қонақ ретінде «Жасай бер Қазақстан» әнімен фестивальді ашты.
Вокалистер байқауында біздің әншіміз Лоскутов Влад «Далам менің» әнін орындады. Владислав сайысқа түсушілердің арасында жасы бойынша ең кішкентай болғанына қарамастан көрермендер мен әділқазылардың сүйіспеншілігіне бөленіп, сүрінбей финалға өтіп кетті.Сайысқа түсушілердің бәрі түрлі музыка мектебінің оқушылар екен.
5 қараша хореография номинациясының екі кезеңі өтті. Үміттіктер әділқазылар назарына халық биі «Көшпенділер», «Қырандар» биін және оригиналдық жанрда «Эффект бабочки» биін ұсынып барша қауымды ерекшелігімен таң қалдырып, баурап алды.Бұл өте керемет болды.
6 қарашада «Вокал» байқауының 2-ші кезеңі өтті. Онда Владислав Лоскутов «Саржайлау» әнін акопелламен айтты.
Міне 7 қараша асыға күткен, марапаттау күні де келіп жетті. Халық биі номинациясында Үміттіктер 1-дәрежелі дипломның, оригиналдық жанрда 3 дәрежелі дипломның иегерлері атанды. Лоскутов Владислав дипломмен марапатталды. Ең бастысы кішкентай Владислав талантты әншілер байқауына қатысып тәжірибе алды. Осындай жауапты күндері балалар үйінің директоры Бейсеқанова Мария Баймұқанқызы өзінің тәрбиеленушілірінің жанында болды. Кеңестерімен, мейірімімен, жүрегінің жылуымен мамалары балаларды қолдап отырды. Балалар да сенімді ақтады.
Жеңімпаз ретінде Үлгілі хореографиялық «Аққу» ансамбілі, Үлгілі «Шығыс Жұлдызы» акробатикалық ансамбілі, кішкентай әншіміз Лоскутов Владислав және құрметті қонақ ретінде біздің Выблов Евгений 2011 жылы 24 наурызда Астана қаласанда Конгресс-Холлда өтетін Халықаралық «Ақ көгершін» фестиваліне шақырылды.
Біздің елімізде осындай балалар шығармашылығы фестивальдері жиі өткізіліп, жас дарындарға таланттарын шыңдай түсіп, бір-бірлерінен үйренуге мүмкіндіктері болғаны, Отанымыздың болашақ жұлдыздарына жол ашқаны бәрімізді қуантады.
Алматы қаласының Білім басқармасына, әсіресе Алматы қаласының психологиялық дамуында тежеуі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының директоры Л.Ж. Күренкееваға бізге назар аударып қолдағанына және «Өскемен автовокзал» ЖШС Г.А. Рындинаға жасаған көмектеріне шексіз алғысымызды білдіреміз. 

 


Бала сүйсең, күндей сүй!

Шығыс Қазақстан облысында қыркүйектің ортасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен ұйымдастырылған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық Кеңесі мен балалардың құқықтарын қорғау мамандарының кеңейтілген отырысы болып өтті.
Өскемен қонақтарды күздің жарқыраған күнінде, таңқаларлық таза, ашық аспанымен қарсы алды. Табиғаттың өзі республикалық денгейдегі мамандардың талдайтын тақырыптарының өткірлігін жеңілдеткісі келгендей.
Тағдырдың тауқыметіне ұшырап ата-анасының қамқорлығы мен мейірімінен айрылған балалардың өмірін жақсарту мәселесін риторикалық санатқа жатқызуға болады. Біздің бұл мәселені жауапсыз қалдыруға құқығымыз жоқ.Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев отырысты ашып қатысушыларға бұл проблемалар жергілікті жерде қалай шешіліп жатқанын, қорғаншылық және қамқоршылық бойынша мамандар қандай қиындықтарға кездесіп жүргенін әңгімелеп өтті.
Әр бала туғаннан бастап отбасында тұрып, өз ата-анасын біліп олардың қамқорлығын көріп тәрбиеленуге құқығы бар – деп атап өтті, өңір басшысы - өкінішке орай біздің қоғамда бұл құқықтарын жүзеге асыра алмайтын балалар баршылық. Бұл ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған ерекше санаттағы балалар. Облысымызда жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалар санының төмендеуі бойынша тұрақты беталыс орын алды. Соңғы үш жыл ішінде осындай балалар саны 1,2 мыңға азайды, бүгінгі күні балалар саны 4372 болып отыр. Олардың 2278 қорғаншылар отбасында, 2094-ке жуығы интернаттық мекемелерде толық мемлекеттік қамсыздандыруында тәрбиеленіп жатыр.
Бердібек Сапарбаевтың айтуынша Шығыс Қазақстанда бір жарым мың бала- тұл жетім. «Әлеуметтік жетімдік» көрсеткіші екі есе көп – 2,8 мың бала болып отыр. Жыл сайын екі жүзге жуық бала отбасынан кетуге мәжбүр, өйткені олардың ата-аналары, өз құқықтарынан айырылды.
Осы беталысқа жол бермеу үшін облысымызда жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға деген көзқарасты өзгертуге бағытталған бір қатар әлеуметтік бағдарлама, жобалар әзірленуде. Осы жобаларды жүзеге асырудың іс- жүзіндегі механизмі тәрбиеленушілерді азаматтардың отбасына асырап алуға (қорғаншылыққа) және патронаттық тәрбиеге беріп орналастыру.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер бір-бірімен байланысты екі тақырыпқа тоқталды, ол - өмірдің қиын жағдайына душар болған барлық балаларды сапалы арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету стандарттары және Гаага Конвенциясы стандарттарын енгізу.
Республикада алғашқы рет мемлекеттік емес секторда әлеуметтік қызметтерді көрсетуге, әлеуметтік қызметтер көрсететін нарықты кеңейтуге және өмірдің қиын жағдайына душар болған тұлғаларды, сонымен қатар балаларды ұстаудың қазіргі заманғы нысандарын дамытуға мемлекеттік әлеуметтік тапсырысының механизмі енгізіліп отыр.
Қазақстан Республикасының «Арнаулы әлеуметтік қызметтер» заңын жүзеге асыруда қорғаншылық және қамқоршылық органдары мамандары, жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары белсенді рөл атқарулары тиіс.
Көптеген басқа елдердегі сияқты әлеуметтік қауіпті жағдайға душар болған балалар мен жанұялар, жетім және ата-аналарының қамқорынсыз қалған, мүмкіндіктері шектеулі балалармен қатар қолдануға қөмек алуға құқықтары бар. Бұл тәсілдің маңызы да ерекше.
Раиса Шердің айтуы бойынша жетім балаларға арналған 213 ұйымда тұрып жатқан балалардың жалпы санынан тек 2315 (15,3%) - тұл жетімдер, қалған 12 801 (84,7%) бала – әлеуметтік жетімдер. Одан басқа, жыл сайын КТУОБОО ларға 9 мыңға жуық панасыз және қараусыз балалар түседі, 18 мыңнан астам – КТИда есепте тұрған девианттық мінез-құлықты балалар.
Барлық айтылғанның барысында әлеуметтік жетімдіктің, кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мен сақтандыру, өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға дер кезінде қызмет көрсету бойынша жұмыс аса маңызды. Еліміздің білім беру саласында өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балаларға дер кезінде қызмет көрсетудің, тәуекел тобындағы балаларды айқындаудан, балабақшадан бастап, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау бойынша Ведомствоаралық комиссияның жұмысына дейін көпдеңгейлі жүйе тұрғызылған.
2010 жылдың 12 наурызындағы Қазақстан Республикасының Заңымен балаларды қорғау және шет-елдік бала асырап алуға қатысты әріптестік туралы Конвенция бекітілді.
Іс жүзінде бұл бала асырап алу мәселелері бойынша шет-ел мемлекеттерімен әріптестіктің жаңа деңгейі, өйткені осы уақытта аталған Конвенцияны әлемнің 76 елі бекітті. Қазақстан Республикасымен Гаага Конвенциясын бекіту балаларды асырап алуға беруді ұлттық және халықаралық деңгейде құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді. ҚР Білім және ғылым Министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы, оның ведомствосы ендігі уақытта басқа елдердің осындай құрылымдарымен толыққұқылы қарым-қатынас жасай алатындығын және шет елдегі қазақстандық жетімдердің тағдырына тиянақты бақылау жасай алатындығын атап өтті. Шет-елде құқықтары бұзылған балалардың отанына қайтарылуы іс жүзінде болатыны маңызды. Одан басқа, ұлттық әкімшілік нақты бір талаптарға сай келмейтін шет-елдік бала асырап алушыларға бас тарту құқығына ие болады.
Раиса Шердің ойынша баланы биологиялық отбасымен табыстыру мақсатында алдына алу және оңалту жұмыстары да, және де бала үшін отбасын сақтап қалу мақсатында тәуекел отбасылармен өзара әрекеттестікті ұйымдастыру, асырап алушы отбасында балаға сүйемел болу ұлкен маңызға ие. Сонымен қатар, өмірде қиын жағдайға душар болған отбасылар мен балалар үшін отбасын қолдау қызметтерін құру бойынша жергілікті жерлердегі атқарушы органдармен бірлескен жұмысты жалғастыру қажет.
Бұл бағытта оң тәжірибе бар. Шымкенттегі №3 балалар үйінде Отбасын қолдау қызметі құрылған. Өскемен қаласында жеке, Отбасын және балалықты қолдау орталығы ойдағыдай қызмет етуде, орталық ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен бірлесіп, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен отбасыларының мәселелерін шешуде.
Балаларға зорлық-зомбылық көрсету мәселесі бұрынғыдай өзекті. Қатыгездік көрсетудің алдын алу үшін үлкен бағдарлама дайындау қажет. Бұл баудың буындарының бірі, қатыгездік құрбандары шағымданып бара алатын дағдарыс орталықтары болуы керек
Республикада жергілікті атқарушы органдарды зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету жөніндегі ұйымдарды құруға және олардың қызмет етуін қамтамасыз ететін, және де өмірде қиын жағдайға душар болған тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге міндеттейтін заңнамалық база бар («Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы», «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» Заңдар). Тек қана, жергілікті деңгейде барлық ведомстволардың жауапкершіліктері мен міндеттерінің дәрежесін нақтылап жинақтау қалды.
«Шығармашыл бастамашыл әйелдер лигасы» Қоғамдық бірлестігінің төрайымы Хайруллина Әсия, жетім және ата-аналарырың қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдары директорларының Республикалық кенесінің төрайымы, «Үміт» балалар үйінің директоры Майра Бейсеқанова, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бөлім бастығы Лебедева Надежда жетім және ата – аналарының қамқорынсыз қалған балаларды орналастырудағы отбасылық – тәрбие түрін дамытуда жүйелі тәсілді қолдану бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Кеңеске қатысушылар қорғаншылық және қамқоршылық органдарының іс-әрекетіне арнайы әлеуметтік көмек көрсетулер стандарттарын енгізу және жергілікті атқару органдары қызметтерінің балаларды қорғау және шетелдік асырып алуға қатысты ынтымақтастық жөніндегі Гаага Конвенциясының стандарттарына көшуі туралы мәселелерді секция жұмысы барысында талқылады.
Республикалық семинардың өту барысында оның қатысушылары Өскемен қаласының кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында, мектепке дейінгі арнаулы балалар үйінде, облыстық балалар ауылында және Отбасын қолдау орталығында болды.
Кейінге қалтыруға келмейтін шешімдерді талап ететін, маңызды мәселелерден біраз бой жазу үшін қалада серуендеу көмектесті. Кеңеске қатысушылар «Сәулетай» саябағына және сәулет-этнографиялық табиғи-ландшафтық мұражай-қорығына барды және Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Ересектер үшін жағымды тосын сыйды «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері дайындады. Екі сағаттың ішінде олар бар өмірді ертегіге айландырғандай болды, себебі ол жерде билік ететін біздің заңдар болған жоқ және барлық ертегі кейіпкерлерінің жүзін қуаныш билеген, іріктелген маржандардан коллекция жинап жүрген мейірімді қарақшылар да болды. Олардың арасында әдемі періштелер де аз болған жоқ, олардың әрқайсысы қойылым соңында «Маржандар аруы» атағына лайықты болды.
Балалық шақ бақытты болуы тиіс. Бұл аксиома күмән келтірмеуі қажет. Бірақ әр бала өмірден махаббат пен сезім алуы үшін ересектерге көп күш жұмсауға тура келеді. Сонда ғана алға қойған мақсаттарға жетуге болады. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесінің және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі мамандардың өткізілген отырысы мәселелердің аз емес, бірақ соған қарамастан олардың шешіліп жатқандығын тағы да дәлелдеді.
Кеңейтілген отырыс жұмыстарының қорытындысы бойынша оның қатысушыларымен қиын өмір жағдайына тап болған балалардың жағдайын жақсарту және жұмыстарды жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.

 


Балалықтың бал шағы

2010 жылғы 2 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Балалықтың бал шағы» атты мерекелік шара өткізілді.
Шара жұмысына облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, «Жас дәурен» балалар кешенінің тәрбиеленушілері және осы шағын ауданының аула Клубының балалары қатысты. Барлығы: 55 бала.
Шараның мақсаттары мен міндеттері:
- адамгершілік-рухани құндылықтар өлшемі: достық, ар, сенім сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
- тұлғаның интеллектуальды әлуетін дамыту;
- көңіл-күй мен мінезді қалыпты ұстауға үйрету.
Шара барысында құыршақ театрының «Буратино» спектаклінің қойылымы тамашаланып, «Кітап және компьютер» танымдық викториналар ойналып, «Барлық бала бақыт үшін жаралған» атты кітап көрмесі ұсынылды. Шараның аяқталу сәтінде балалар адалдық, әділдік, сыйластық туралы ойларын ортаға салды.
Аула Клубы балаларының «Әрқашан күн сөнбесін!» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.

 

   

 


Баспананың болуы – береке болуының үміті

Тұрғын үй бүгінгі күні балалар үйлерін түлектері үшін ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынаң уақытында кезекке тұруға көмектесу - Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі ұжымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Өзінің кезекте тұрғындығына көзі жеткен баланың болашақта пәтер алуға мүмкіндігі болады, ол көркее түседі, өзіне және мемлекеттің оны қамқорлығына алғандығына сенімді бола түседі.
Балалар үйінде 109 бала тәрбиеленеді, олардың 69 балалар үйінде, 40 Жасөспірімдер үйінде тұрады. Тәрбиенушілердің қатарында 28 жетім бала, 81 ата-анасының қамқорлығынсыз калған балалар бар.
13 балада бекітілген үйлері бар, қалған 96 бала мемлекет қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылды. 2009 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кезекке қоюына мүмкіндік берді.
Соңғы тоғыз жыл ішінде Екібастұз қаласының әкімдігімен балалар үйлерінің түлектеріне 30 пәтер бөлінді. 2009 жылы 5 түлек жаңа салынған үйдегі пәтерлерге ие болды. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнің қызметкерлері балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мұкият қарайды. Пәтер бөлу кезінде түлек қай жерде болмасын: әлде облыстың немесе республиканың басқа аймағында уақытша тұрып жатса да, әлде оқып немесе әскер қатарында жүрсе де бөлінген баспана өз иесіне қалдырылады.
Өкінішке орай, балалар үйлері бітірушілерінің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін ұзақ уақыт керек. Балалар үйлерінен шыққаннан кейін балалардың 23 жасқа дейін Жасөспірімдер үйлерінде тұру мүмкіндіктері бар. Бірақ көрсетілген жасқа жеткеннен кейін көбісі тұрғын үй мәселелерін өздігінен шешеді: пәтер жалдайды, бұрын олардың өмірлеріне қатынаспаған туыстарының үйлеріне тұруға сұранады.
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық-нормативтік актілерді қайта қарау кезінде балалар үйлерінің тәрбиенушілерін тұрғын үймен кепілді қамтамасыз етуі тиімді шешім табылады деп үміттенеміз
2009 жылы жаңа үйде балалар үйлерін бітірушілерінің Наташа Шалимова мен Светлана Таранованың отбасылары пәтер алды.

    

 

Әбдірахманова Н.А. - Екібастұз қаласының 
«Үміт» балалар үйінің директоры

 


Конвенцияға сәйкес

Батыс Қазақстан облысында Халықаралық балалар күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізіледі. БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастауымен «Балалық шақ игілігі үшін» атты акция ұйымдастырылды. Осы акцияның іргетасы Орал қаласының № 4 мектепке дейін мекемесінде қаланған.
20 мамырда «Балалық шақтың сиқырлы елі» атты тақырыбында «Радуга» атты бейнестудия қатысушыларының кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты БҰҰ-ның Конвенциясында (31 бап) бекітілген балалық шақ құқығының қамтамасыз етуінің мәселесіне назар аудару.
Жас суретшілер – балалар үйлерінің және Орал қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиеленушілері – ұстаздарымен бірге көркем және саз әлеміне саяхат жасады. Кездесудің бағдарламасына «Саздың суретін саламыз» атты ойынға қатысу, «Балалық шақ елі – сиқырлы ел» тақырыпты жаттығу өткізу, «Балалар мен қыздар елінде» атты жылжымалы суреттер көрмесін құру және мерекелік концертті бағдарламасы кіреді. Осы бағдарлама балалардың өз адмагершілік-ріхани мүмкіндіктерін түсінуіне, шығармашылық әлеуетін дамытуына бағытталған. Көңілді шаралардан кейін балаларға дәмді дастархан жайылды. Департамент ұжымының атынан балаларға сыйлықтар және құттықтау хаттар берілді.
Әр түрлі білім мекемелерінен келген балалардың бейне студиясында болған қарым-қатынасы жақсы жағынан табылды.

 

 

 


«Балалар шығармашылығы» қайырымдылық марафоны

27 мамырда Өскемен қаласындағы «Место» отбасылық демалыс Орталығында, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Мейірім» акциясы аясында «Балалар шығармашылығы» атты қайырымдылық марафоны өтті.
Марафонның негізгі шаралары қайырымдылық концертін өткізу, облыстық басқармалар мен қаланың ірі кәсіпорындарының қызметкерлері арасында қайырымдылық билеттерінің ұтысын ұйымдастыру (ұтыс ретінде – жетім балалардың концерттік нөмірлері мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғысы) және балалардың қолдан жасалған бұйымдарын сату бойынша аукцион өткізу болды.
Кіре берісте балалар үйлері тәрбиелен ушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі жұмыс істеді және марафонға қатысушы кез-келген адамның оларды сатып алуға және сол арқылы қайырымдылық ісіне өз үлесін қосуға мүмкіндігі болды.
Концертке облыстың балалар үйлері мен интарнаттарының тәрбиеленушілері қатысты. Әдемі сахналық киімдер, кәсіби концерттік нөмірлер, балалардың албырттықпен ән салуы – осылардың барлығы көрермендерді немқұрайлы қалдырмады, олар өнер көрсеткен әр балаға белсенді түрде қол соғып отырды.
«Балалар шығармашылығы» марафонын өткізу кезінде жиналған барлық қаржы - 301 мың теңге «Келісім және жасампаздық қоры» қоғамдық қорының қайырымдылық шотына аударылады және тек интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталатын болады.
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні «Мейірім» қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылатын болады. 

 

 

 


Спортпен шұғылдансақ – деніміз сау өсеміз!

1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ игілігі үшін» атты акцияның шеңберінде 2010 жылдың 26 мамырында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Спортпен шұғылдансақ – деніміз сау өсеміз!» тақырыпты шара ұйымдастырды. Осы шараға облыстық мамандандырылған «Мейірім» бөбектер үйінің және Орал қаласының № 26 мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілері қатысты.
Кездесудің мақсаты - балалардың өз денсаулығын сақтауына ықпал ету, олардын спортқа және үйлесімді дамуына қызығушылығын арттыру.
Көркем билері, ертегілердің сүйікті кейіпкерлерімен кездесуі, өлеңдерді оқу және орындау кіретін «Мен және сен – балалық шақ» атты концерттік бағдарлама осы шарада орын алды. Содан соң балалар «Успех» атты спорттық клубының жаттығуына қатысты. Жаттығудан кейін балаларға фитошай беріліп, сүйікті мультфильмдер көрсетілді.
Балалармен қатар мерекелік шараға педагогтар, медицина және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, балалық шақтың денсаулық сақтау және толық даму құқығын іске асыру мәселесінің келешегін талқылады.
Кездесу сонында балалар ұжымдарының өкілдеріне құттықтау хаттар мен сыйлықтар берілді.

  

 


Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Баланы әлеуметтік ортаның кері ықпалынан қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
Осы орайда үстіміздігі жылдың 22 мамырында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Баланы әлеуметтік ортаның кері ықпалынан қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті.
«Дөңгелек үстел» отырысына Жамбыл облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы М.Керімбеков, бас маман Т.Төлегенов, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Ратаева, социолог-аналитик Ж.Т.Есеналиева және учаскелік инспектор М.С.Мырзабеков қатысты.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы Керімбеков Мұхтар Амангелдіұлы балалар үйінің тәрбиеленушілерін бала қауіпсіздігінің стратегиясымен таныстырып өтті.
Учаскелік инспектор Мырзабеков Мақсат Сағымбекұлы балаларға және жанұяға қарсы бағытталған қылмыстардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Осы мәселе төңірегінде балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ратаева Гүлжан Сәмбетбайқызы мен социолог-аналитик Есеналиева Жеңіскүл Тілепбергенқызы өз ойларын ортаға салды.
Балалар үйінің педагогтарына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің дайындаған «Балаларды қатыгездікпен қараудан және сексуалдық пайдаланудан қорғау» тақырыбындағы әдістемелік құралы таратылды.  

 

  

 

 


Шығыс Қазақстан облысында «Мейірім» қайырымдылық марафоны өтуде

Қоғамның назарын жетімдік мәселесіне аудару, жақындарына көмек беру, рақымдылық, қайырымдылық рухы арқылы тұрғындардың азаматтық ынта-ықыласын арттыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысында 1-мамыр мен 1-маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен «Мейірім» қайырымдылық марафоны өткізілуде.
Қайырымдылық концерттер, конкурстар, облыстың басқармалары және ірі кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында ұтыс билеттерін ойнату (ұтыс ретінде – жетім балалардың концерттік нөмірлері және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғысы) және «Балалар шығармашылығы» қайырымдылық марафонын өткізу марафонның негізгі іс-шаралары болып табылады.
«Мейірім» қайырымдылық марафоны үш кезеңде өтеді:
1 кезең: 19-мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балет мектебінің қайырымдылық концерті өтті. Концертке көрермендер көп жиналды, залда облыс әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков, облыс пен қала әкімдігінің өкілдері, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, көпшілік қауым қатысты.
«Королевские пингвины» биін орындаған Шығыс Қазақстан облыстық балет мектебінің 1-сыныбының тәрбиеленушілері – Камилла Смағұлова, Дильназ Бақтиярова, Виолетта Костенко, Диляра Мұхамадиева осы арқылы жетім балаларға олардың да би үйрене алулары үшін, өздері сияқты шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін және де ата-ана, отбасы тауып, барлық армандарының орындалуы үшін көмектескілері келеді.
Қайырымдылық концерті екі бөлімнен тұрды: біріншісінде Шығыс Қазақстан облысының балет мектебі туралы фильм көрсетілді, және де түрлі би композициялары. Екінші бөлімінде қазақ халқының қалыптасуы, дамуы, еліміздің тәуелсіздігінің орнығуына, Қазақстан Республикасы Туының қабылдануына арналған «Отанның шуағы» балеті көрсетілді. Барлығы қайырымдылық концертіне қатысушылармен 130 мың теңге жиналды.
2 кезең: 22-мамырда – облыстың барлық жалпы білім беру мектептерінде қайырымдылық концерттер, конкурстар өтті.
3 кезең: 28-мамырда – облыс, қалалар мен аудан орталықтарында қорытынды қайырымдылық концерттері өткізіледі.
Барлық жиналған қаржы «Келісім және жасампаздық қоры» қоғамдық қорының қайырымдылық есепшотына аударылып, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталатын болады.

 

  

 


Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Жас дәурен» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Ассоциациясымен және «Қазақстан студенттер альянсы» (АСКерлер) жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Мичурино ауылында орналасқан отбасы үлгісіндегі облыстық балалар үйінде Отбасы мерекесін өткізді.
Балалар үйі директорының орынбасары М.Т. Қазбаева мерекені ашты және оны ұйымдастырушыларымен таныстырды. Департамент өкілдері Р.Қ. Қанжығалина, А.Ю. Мержоев, «Жас дәурен» Ассоциация көшбасшылары және «Қазақстан студенттер альянсы» ЖҚБ балаларды мерекемен құттықтады.
«Жас дәурен» Ассоциация көшбасшылары Михайлов Дамир мен Бондаренко Женя Ассоциация жүргізген жұмыс туралы, «ШИДС» КВН командасының (жетім балаларға арналған мектеп интернат тәрбиеленушілерінен құралған) жетістіктері туралы айтып берді.
Студенттер балаларға «Денсаулық марафоны» конкурстық-көңіл көтеретін бағдарламаны көрсетті, жас дәурендіктер «Менің отбасым» суреттер конкурсын өткізді.
Мәжіліс залында АСКерлер барлығын жинап, денсаулық марафонын ашты. Үлкен балалар өз отбасыларында ережелермен танысып, команданың презентациясына дайындалып жатқанда, кіші балалар – суреттер конкурсына қатысты.
Команданы презентациялау кезінде мәжіліс залында суреттер конкурсының жеңімпаздары департаменттен және «Жас дәурен» Ассоциациясынан құнды сыйлықтар алды. Балдырғандар – ойыншықтар мен фломастерлер, қыздар – әдемі шашқыстырғыштар, сыйлықтарды барлық конкурс қатысушылар алды.
Түскі астан кейін команданы біріктіруге арналған ойындар, тренингтер мен релаксация өткізілді. Марафон САЛЮТПЕН аяқталды.
Төрт балалар үйінде өткізілген марафондар секілді балалар жаңа достарымен қоштасқылары келмеді.  

 

 

 


Көркем-өнерпаздық байқауы

2010 жылғы 18 мамырда қалалық Оқушылар сарайында Ұлы Жеңіс күнінің 65-жылдық мерейтойына арналған облыстық директорлар Кеңесінің мүшелері мен интернаттық ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің арасында «Көркем-өнерпаздық байқауы» өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының ұжымдары және әр орындаушылар арасындағы орындаушылық шеберлікті көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту және қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына, талант иелерінің өз өнерін халық арасында насихаттауға, танытуға көмектесу.
Байқауға облыстық Алға балалар үйі мен 10 мектеп-интернатының ұжымы қатысты.
Қатысушылар өз орындауларында Жеңіс күніне арналған патриоттық өлеңдер айтып, би тілімен театралды көрініс көрсету арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерімен тамсандырды.
Байқау қатысушылары мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазы атағына облыстық Алға балалар үйі ие болса, 2-ші орынды Тамды көмекші мектеп-интернаты алды. 3-ші орынды М.Құсаинов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұжымы жеңіп алды. 

 

 


Солтүстік Қазақстан облысында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналып өткізілген іс-шаралары туралы

Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес, 2010 жылғы 14 мамырда 15 -Халықаралық отбасы күні шеңберінде ОБЖШО-да қаламыздың көп балалы отбасы және «Мейірімділік әлемі – Мир добра» асырап алушы ата-аналар клубының мүшелері, «Эра милосердия» ҚБ мүшелері үшін қайырымдылық концерті өткізілді. Барлығы – 200 адамға жуық.
14 мамырда «Мейірімділік әлемі – Мир добра» асырап алушы ата-аналар клубының отырысы өтті. Отырысқа асырап алушы ата-аналар клубының мүшелері қатысты. Клубтың мүшелері «Қазақстан Республикасындағы аналық мәселелері ережесін, патронат: келелі және болашағы, кеңесі» мәселелерін қарады. Клубтың мүшелеріне департаменттің атынан 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне арнап сыйлықтар тапсырылды.
Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Отбасы парызы» отбасы тәрбиесінің бағдарламалары байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты: отбасылық тәрбиелеудің үздік тәжірибесін анықтау, тарату және насихаттау, балалар және жасөспірімдердің мәдениетін жоғарылату, рухани тәрбиенің дамуы, дарынды, шығармашылық деңгейде қызмет атқаратын тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларын және жоғары кәсіби деңгейі бар мұғалімдерді анықтау, отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығына қоғамның назарын аудару, отбасылық тәрбиелеу ісінде халықтардың адамгершілік, мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту.
Байқауға білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары және сынып жетекшілері қатысты. Байқауға 37 бағдарлама түсті, оның ішінде 34-і облыстың 8 ауданынан.
Байқау жеңімпаздарының жұмыстары Департаменттің веб-сайтында жарияланады.
ЕС 164/6 мекемесінде департаменттің мамандары «Мен және отбасым: құқықтар және міндеттер» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Ата-аналар кеңесінің мүшелері, департаменттің еріктілері шараға қатысты.
Облысымыздың интернаттық мекемелердің жұмыс жоспарына сәйкес әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мысалы:
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты Халықаралық отбасы күнінде «Мен және отбасы», «Отбасының құндылықтары» тақырыбында өзін-өзі тану сабағы өткізілді. Интернат мамандарынан сөз алынған мәліметтер бойынша қабырға газеті шықты. Барлық отбасыларында жақсы отбасын құрған мектеп-интернатының түлектерімен кездесу өткізілді. Бұл күні әр түрлі мекемелерден қорғаншылары келді.
Ғ.Мүсірепов атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл түзету мектеп-интернатында Халықаралық отбасы күнің мерекелеу шеңберінде «Туған ошағымның жылуы» әңгімелер және тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай-ақ «Біздің мектебіміз – туған үйім» тақырыптық кеш өткізілді.
Айыртау ауданының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Әр отбасының балалары тәрбиеленушілерімен бірлесе тұсаукесерімен шықты. Балалар берілген іс-шарада интернаттығы өздері тұрып жатқан отбасының атауын ойлап тапты, жәнеде ұранын, гимн, және эмблемасын. Балалар өздерінің жетістіктері туралы және отбасындағы жұмыстар туралы слайдтың көмегі арқылы тақпақ түрінде әр отбасының мүшелері туралы айтты.
Істелінген жұмыстар бойынша ақпарат департаменттің веб-сайтында орналастырылған.

 


Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Сәлем» балалардың бос уақыт өткізу клубында мүмкіндіктері шектеулі 25 бала үшін ойын сабақтары өтеді. Ү.ж. сәуірден бастап қаладағы екі түзету мектептерінің екі тәрбиеленушісі айына екі рет «Театр студиясына», «Шебер қол» үйірмесіне, «Көңілді ілмек» тоқу курстарына барады.
«Театр студиясына» жанында балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлық топтар қызмет жасайды, үйірменің жетекшісі Л.Б. Ворошко балаларды актерлік шеберлік өнерімен таныстырады және зейінді шоғырландыру, өз көңіл-күйін қалыпта ұстау, дене мен сөзді басқару, бейнелеуді игеру сияқты қажет дағдыларға, балалар ұжымында қарым-қатынас жасауға жаттықтырады.
Оқу бағдарламасы мыналардан құралады:
- зейін мен қиялды дамыту;
- сахналық тіл және дауыс;
- пластикалық еркіндік;
- актерлік шеберлік;
- тәжірибе.
Н.Н. Станевич жетекшісі болып табылатын «Шебер қол» үйірмесіне 1-3 сынып оқушылары қатысады. Балалар бұл жерде сәндік-қолданбалы шығармашылықтың әр түрімен шұғылданады. Бұл айналысатын істері оқушылардың бос уақытын қызықты, әрі өзі үшін және қоршаған адамдары үшін пайдалы болатындай етіп ұйымдастыруға, бос уақытын өткізуге, сондай-ақ өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Осы істермен шұғылданатын балалардың талабы өз күштеріне сенуге көмек береді, олар сенімсіздік тосқауылынан өтеді, жаңа жұмыс түрі алдындағы ұяңдықтарын жояды.
Оқу бағдарламасы мыналардан құралады:
- көркемдік қабылдауды, бақылағыштықты дамыту;
- қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- тіл дамыту;
шығармашылық қиял, фантазияны, көркемдік ойлау негіздерін, көркемдік-шығармашылық және танымдық қабілеттерді дамытуға көмектесу.  

 

 


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «КZ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Мен жалғыз емеспін!» атты ұзақ мерзімді қайырымдылық акциясының басталуын жариялайды. Бұл жобаны үйлестіруші Департамент болып табылады. 
Қайырымдылық акциясы 2010 жылы 5 мамырда басталды және «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Казақстан Республикасының Президенті халыққа жолдауы және «2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам тұжырымдамасын дамыту» аясында іске асыруда жетім балалар үшін өмірін жақсартуға өз үлесін қосып көрсетуге демеушілер мен меценаттар тарту мақсатында өткізіледі. Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы демократия және азаматтық қоғамның мәселесі бойынша Ұлттық топ комиссиясы құрылған.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қайырымдылық акциясының ақпараттық ағартушылық барысына, “Жетім балалардың әлеуметтік мәселесін балама шешу тәсілдері” атты дөңгелек үстел және 2010 жылдың 30 қыркүйекте жоспарланған акцияның қорытынды нәтижелері бойынша Баспасөз-конференциясы мен 2010 жылы 29 қазаны күні өтетін “Мен жалғыз емеспін!” атты қайырымдылық акциясына қатысқан демеушілер мен меценаттарды мадақтау рәсіміне ұйымдастыруға тікелей қатысады.
Қазіргі уақытта Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Акцияның шарты мен басталуы туралы ақпаратты әзірлеп,“Вечерняя Астана”, “ИНФО-ЦЕС”, “Астана ақшамы”, “Утро Астаны”, “Караван”газеттеріне, Қазақстан Республиканың Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына да жолдайды. 
«Мен жалғыз емеспін» атты қайырылымдылық акциясының ақпараттық бюллетені.
Жобаның бастамашылары: «KZ» Қоғамдық Қоры, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
НЕ? «Мен жалғыз еміспін!» акциясы жетім балалардың мәселесіне қоғам назарын аудару және оларды қамқорлыққа алу, меценаттық және қайырымдылық мәдениетін енгізу мақсатында өткізіледі.
ҚАЙДА? «Мен жалғыз емеспін!» атты акция Астана қаласында жүзеге асырылады.
ҚАШАН? «Мен жалғыз емеспін!» атты акциясы 2010 жылы 5 мамыры күні басталады.
2010 жылғы 30 қыркүйекте Акцияның қорытындысы бойынша «KZ» Қоғамдық Қоры жиналған қаражаттың соммасын және бұл қаражатты жетім балаларға арналған балалар үйілеріне, пана және интернаттарға бөліп таратылуы туралы есеп беретін Баспасөз-конференциясы өткізіледі.
БҰЛ КІМГЕ ҚАЖЕТ? «Мен жалғыз емеспін!» атты акция барысына қатысуға кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалар шақырылады. Бұл - көмек қажет ететін балаларға қол үшін берудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік-мәнді жобаларын іске асыруға қатысу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы демократия және азаматтық қоғамның мәселесі бойынша Ұлттық комиссия тобы қабылдауы аясында «2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның даму тұжырымдамасы» Хартиямен бірлескен авторлыққа сөзсіз басым құқық береді.
СІЗДІ ҰМЫТПАЙДЫ! «Мен жалғыз емеспін!» атты акциясының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жалпықалалық деңгейде меценаттарды мадақтау жоспарлануда.
СІЗ ӘЛЕМДІ ТӨҢКЕРУГЕ ҚАБІЛЕТТІСІЗ! БІР БАЛАНЫҢ БОЛСА ДА ӨМІРІН ЖАҚСАРТУҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗ!
РЕКВИЗИТ және байланыс: Сіз жетім-балаларға көмек ретінде «KZ» қоғамдық Қорының бөлімшесіне немесе филиалына барып е/ш №002700070, «ЦеснаБанк» АҚ АФ, БИК 195301703, Кбе 18, ОБК 119 есеп шоты арқылы ерікті түрде қайырымдылық көмегіңізді ұсына аласыз.
2010 жылғы 7 маусымынан бастап қосымша келісім шартына сәйкес № KZ95998BTB0000027573 есеп шотына салуға болады.
Анықтамаға арналған телефон: 8 (7172) 911-285
Қоғам да, жетім бала да өзі туралы: «Иә! Мен жалғыз емеспін!» деп нық сеніммен айтқан кезде ғана біз НӘТИЖЕГЕ жетеміз.
СОНЫМЕН БІРГЕ:Сіздің көмегіңізді қажет ететін жетім баланың өміріне өз үлесін қосуға ниет білдірушілердің БАРЛЫҒЫН шақырамыз. Қор «еріктілер қозғалысындағы» өзара қарым-қатынас пен тығыз байланыс мүмкіндігіне қарай барлық бастамашылықтарды, ұсыныстар мен тілектерді қарастырады.
БОЛАШАҒЫ: қайырымдылық акциясы жетім балаларға қоғам назарын аудару және оларды қамқорлыққа алуға бағытталған, меценаттық және қайырымдылық мәдениетін енгізетін ауқымды ұзақ мерзімді жобаға айналады.Акцияның белсенділері болашақта жобаны жалғастырып басқаратын үйлестірушілер орталығын құрайды. 

 


Ерлік сабағы

Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Жас дәурен» Ассоциацияның көшбасшылары үшін Павлодар қаласының № 22 ЖОМ жауынгер даңқы мұражайында Ерлік сабағын өткізді.
Жеңіс күні қарсаңында Павлодар қаласының мектеп-интернаттарының белсенділері Ұлы Отан Соғысына қатысушылар Р.Ж. Аликовпен – мұражайдың ірге тасын қалаушы, қаланың құрметті азаматы және ардагерлер қозғалысының белсендісі, 2010 жылғы Жеңіс шеруіне қатысушы – Л.Н. Жайковпен кездесті.
Мұражайдың анықтама беретін мамандары (гид) интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне Рақымберді Жақиянұлы Аликовтың соғыс жолы туралы айтып берді. Ұжымдастыру кезінде балалар үйіне түскен, мектепті аяқтаған соң Семейдегі мұғалімдер институтында оқи бастады. Дегенмен, армандаған білімін ол ала алмады, өйткені әскер қатарына шақырылды. Алғашқы соғыс ұрысына Смоленск астында қатысты. Тұтқынға түсіп қалды, одан қашып құтылды. Уман гвардия дивизиясының құрамында Сталинградтық соғысқа, Курскті мойындатуға, Днепрді күшейтуге қатысты.
Лука Николаевич, ол да балалар үйінде тәрбиеленді, оған ата-анасы қаза тапқан соң түсті. Фронтқа он жеті жасар жасөспірі болып барды. Ерлігі мен ептіліг үшін көптеген үкіметтік мадақтаулары бар. Ауыр жарақаттанып әскери госпитальдарда бірнеше рет жатып шығып, қайтадан соғысқа қатысудан тайынбаған. Соғыс аяқталған соң білім алып, экономист болып жұмыс істеді. Лайықты демалысына шығып, қала шағынауданындағы Ардагерлер кеңесін басқарды. Мемлекет алдында «оны ұмыт қалдырмай, өмірде өз орнын табыға мүмкіндік бергені» үшін алғысы шексіз.
Бұрынғы «балалар үйінің тәрбиеленушілері» екі майдангер тәрбиеленушілерге дұрыс жолдан тайынбай, білімге қарай алға жүріп, жақсылыққа тартылу керектігін айтты. 

 


2010 жылдың 5 мамырында облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Даукеновтің төрағалығымен селекторлық кеңес болып өтті.
Кеңестің тақырыбы: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың мүддесі мен құқығын қорғау жөніндегі жұмыс туралы.
Селекторлық кеңесте Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры С.Есенғалиев өзінің баяндамасында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуы, тұрғын үй қажеттілігі, Жасөспірімдер үйін күрделі жөндеуден немесе қайта салу, ата-анасыз өсіп келе жатқан балалар үшін дағдарыс орталықтарын ашу туралы өзекті мәселелерді қозғады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Даукенов үкіметтік емес ұйымдарға әр оқу орны мен тәрбие ошақтарында ата-анасыз өсіп келе жатқан балалар үшін дағдарыс орталықтарын ашуды қолға алуын тапсырды. Ал тұрғын үйге сұраныс көптігін және де бұл мәселесінің толықтай шешілмей отырғандығын, әзірге мұқтаж балаларды жатақханамен қамти тұруды жөн көріп отыр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, 2009 жылдың 3-4 тоқсанында 25 жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала жұмысқа орналастырылды, 2010 жылдың 1 тоқсанында жұмысқа орналасу үшін интернаттық мекемелерде тәрбиеленген 32 баланың тізімі жіберіліп отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Болат Даукенов Балалар құқықтарын қорғау департаментіне:
- облыстағы балалар үйлерін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып тексеру жүргізуді, заң бұзушылық анықталған жағдайда қажетті шаралар қолдануды;
- жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің заңды түрде құқықтарының сақталуын үнемі қадағалауды;
- өз қызметін білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, туризм және спорт, мәдениет басқармаларымен, ішкі істер департаменті және өзге де құқық қорғау органдарымен үйлестіріп атқаруды;
- жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, өмір сапасын жақсарту бағытында қарастырылған іс-шаралардың толық әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуін жүктеді. 

 


Қорғаншылармен кездесу

2010 жылдың 4 мамырында Тараз қаласының №13 орта мектебінің мәжіліс залында «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселесі бойынша қорғаншылар және мектеп инспекторларының қатысуымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Жамбыл облысы бойынша әділет департаменті , ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесуді «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалиева Ғалия Зейноллақызы сөз сөйлеп ашты. Сөз соңында Ғалия Зейноллақызы қатысушыларға мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, жетім балалардың құқықтарын қорғау жөнінде сұрақ қоюды ұсынды.
Жамбыл облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы Нұралиева Бақыт Жарасқызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, жетім балалардың жоғарғы оқу орындарына түскен кезде қандай жеңілдіктерге ие болатынын, сонымен қатар пәтер алу үшін қай жастан кезекке тұру қажет екендігін және жетім балаларды пәтермен қамтамасыз ету жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік жетімдіктің шешу жолында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарының арасындағы қарым қатынастың рөлін баяндады.
Өз сөзінде Жамбыл облысы әділет департаментінің құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бас маманы Нұгманова Нәзира Тілеубердіқызы баланың әке шешесі азаматтық ауыстырған кезде балаға туу туралы куәліктің қалай берілетіні жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар, балалардың туу туралы куәліктің болмауы салдарынан көптеген жағдайда балаларға арналған әлеуметтік көмектердің тағайындалмауы т.с.с мәселелердің туындауы айтылып, оған Нәзира Тілеубердіқызы толық жауап берді.
Қорғаншылар тарапынан алдағы уақытта «Болашақ» қоғамдық бірлестігі жанынан Тараз қаласының «Қорғаншылар клубын» құру жөніндегі ұсыныс қолдау тапты.
Кездесу соңында «Сүйікті үйім» атты кино фильм көрсетілді.

 


1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік мерекесіне арналып өткізілген іс-шаралар туралы

2007 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасында мерекелерді өткізу және дайындық жасау Концепциясына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің берілген ұсынысына сәйкес «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауында көрсетілген міндет мақсаттарды дәріптеуге бағытталған интернаттық білім беру мекемелерінде әңгімелер, баяндамалар өткізілді.
Департамент қызметкерлері 1 мамырда Қазақстан халқының ассамблеясының барлық этно-мәдени орталықтардың және облыс басшылары қатысқан облыс орталығының орталық алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысты. Департамент делегациясы «Жаса елдің бірлігі!» мерекелік бағдарламасына қатысты. Үлкен мерекелік концертте қаланың көркемдік ұжымы және солистері, этно-мәдени орталықтары қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі С.С.Біләлов жиналған халықты мерекемен құттықтады.
Мерекенің ресми басталуы аймағымызда тұрып жатқан әр ұлттардың өкілдері, студенттер, облыс орталығының мектеп оқушыларының костюмделген және көрнекті безендірілген шеру ашты.
Департаменттің мамандары жоспарға сәйкес веложарысы бойынша жазғы маусымының ашылуына қатысты. Веложарыста үш категориялық жас бойынша 95 жасөспірім қатысты. Төмен топтан - Турлин Арман бірінші орынды иеленді, орта топтан - Овсянников Александр, жоғары топтан - Кучеров Андрей жеңіп шықты.
Жарыстың соңында жеңімпаздарды қала әкімдігінің дипломдарымен және медальдармен марапаттады.
«Бейбіт өмір бақыты» суреттер байқауына әртүрлі жастағы балалар қатысты. Ең кішкентай суретшінің жасы үште болды. Балалардың суреттері мерекелік, түсті және әдемі боялған.
Ең үздік суреттер сыйлықтармен аталып кетті, ал іс-шара департаменттің фотохроникасына енді.
«Нам целый мир для счастья дан» қаламыздың шығармашылық ұжымының балалар театрландырылған ойындық бағдарламасы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы және департаменттің бірлескен жұмыс жоспарында қарастырылғандай костюмдердің көркемділігі, мазмұндылығы мен өзіндік көпшілділігімен қызметкерлердің назарын аударды.
Облысымыздың интернаттық мекемелерінің жұмыс жоспарына сәйкес түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілген.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының көркем өнер ұжымы «Радуга» облыстық ұлттық мәдени фестиваліне және қаланың кәсіп одақ ұйымдарының арасында Гала концертке қатысты.
Петропавл қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылында мамыр мерекесі суреттер байқауы және халықтар достығы фестивалі өтті.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында «Отбасындағы бірлік, ынтымақтастық» тақырыбында әңгіме, тәрбие және сынып сағаты, «Мен, Сен, Ол - барлығымыз тату отбасымыз» мерекелік концерті,«Ынтымақ туралы арманмен өмір сүреміз» суреттер байқауы болды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Ғ.Мүсрепов атындағы Шөптікөл мектеп-интернатында тәрбие сағаттары, әңгімелер, «Ынтымақтастық байлықтың екі жақты бауырластығы!» - сынып сағаттары мен мектептен тыс шаралар, «Қазақстанның күші – халықтың бірлігінде» мерекелік бағдарламасы өтті.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка арнайы мектеп-интернатында «Мы едины, значить непобедимы» плакаттар байқауы, ақпараттық сағат «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Біз, Қазақстан халқымыз» суреттер көрмесі, үлкен «Халықтың бірлігі» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып өткізді.
Полудин балалар үйінде ертеңгілік «Біз бір шаңырақ астында өмір сүреміз!», «Күннің көзі барлығына ортақ» асфальттағы суреттер байқауы өтті.
Мерекелік шаралар жөнінде ақпарат департаменттің веб-сайтында орналастырылған. 

 


2010 жылы 29 сәуірде «Үміт» балалар үйінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлы таулар аласармайды - Ұлы есімдер ұмытылмайды» атты үлкен мереке өтті.
Мерекеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл еңбеккерлері шақырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер минстрлігінің №6638 ішкі әскерлер Шығыс құрамының командирі генарал-майор А.П. Маткаримов әскери техникамен қамтамасыз етіп, шеруге өз әскерлерін әкелсе, №27943 бөлімшесінің полковнигі Д.Т. Қонақбаев осы мерекеге жорық ас үйін әкеліп, үлкен көмек көрсетті.
Мерекеде Металлург кентінде шеру болды. Бұл шеруге: «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері, қызметкерлері және №6638, №5518, № 3477 бөлімдерінің әскерлері болды. Мерекеге арналған «Үлгілі Үміт» ансамбілінің концерттік бағдарламасы көрсетіліп, соңынан ардагерлердің жылы лебіздері тыңдалды. Жарқыраған от шашулары барлық қауымды таң қалдырды. Жорық ас үйінен ас берілді. Тәрбиеленушілер өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын, гүл шоқтарын ардагерлерге сыйға тартты.
Соңынан ардагерлерге арнайы дастархан жайылды. «Үміт» балалар үйінің директоры М.Б. Бейсеқанова Қазақстан Республикасы Ішкі Істер минстрлігінің Шығыс құрамының командирі генарал-майор А.П. Маткаримов және №27943 бөлімшесінің полковнигі Д.Т. Қонақбаевты Қазақстан Республикасы Балалардың Құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Р.П. Шердің қолы қойылған алғыс хаттармен марапаттады.
Ең бастысы мереке барлық ардагерлерге, қонақтарға, тәрбиеленушілерге үлкен қуаныш сыйлады. Жас ұрпақты бейбітшілікті сүюге, өз Отанын қадірлеп, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелейді.

 

  

 


Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Тәрбиенің жаңа сапасы: сұраныстар, ізденістер және оларға жету жолдары» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық конференция

Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің акт залында 2010 жылдың 29 сәуірінде «Тәрбиенің жаңа сапасы: сұраныстар, ізденістер және оларға жету жолдары» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Оның жұмысына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім басқармасының өкілдері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары, қосымша білім беру педагогтары мен тәрбиешілер қатысты. Балалар үйі фойесінде адамгершілік-рухани тәрбиесі мен балалар үйінің тәрбиешілерінің тәрбие сағаттары мен тренингтерді өткізу жөніндегі үздік шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Гүлбаршын Смайылқызы Төлегенова өз сөзінде педагогикалық ұжымның балалар өмірінің сапасын жақсарту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған шаралар туралы, сонымен қатар тәрбиеленушілердің әр түрлі байқаулар мен фестивальдарда алған жетістіктерін баяндады. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұрғын үйлерін сақтау және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларға зейнетақы, жәрдемақы және нәпәқа тағайындау бағытындағы жұмыстарын саралады.
Ағымдағы оқу жылында балалар үйінде 7 конференция, 63 ашық сабақ өткізілсе, 4 тәрбиешінің және қосымша білім беру педагогтарының жұмыс тәжірибелері жинақталды.
«Балаларды шығармашылыққа баулудағы бейнелеу өнерінің рөлі» тақырыбында Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің қосымша білім беру педагогы С.Накипова баяндама жасап, «қиын» балаларды үйірмеге тарту жөнінде өзінің тәжірибесімен алмасты. Балалар үйінің жас суретшілері бірнеше рет қалалық, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанған.
«Балалар үйі жағдайында қыздарды халықтық дәстүрде тәрбиелеу» тақырыбында тәрбиеші Р.Көшербаева слайд арқылы баяндама жасап, өз тобындағы ұлттық дәстүр сабақтастығы арқылы жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.
«Түлектердің әлеуметтік – тұлғалық дайындығын қалыптастыру» тақырыбындабаяндама жасаған балалар үйінің ұйымдастырушы - педагогы О.Зольникова балалар үйі тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру және өз бетінше өмір сүруге үйрету мәселелерін сөз етті.
Тәрбиешілер Г.Әлімбекова мен С.Қазыбекованың «Жеке тұлғаны дербес өмірге дайындаудағы еңбек тәрбиесінің рөлі», «Баланың өз болашағын дұрыс жоспарлап, қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы баяндамаларынан кейін, конференцияға қатысушылар арасында ой – пікір алмасу мен талқылау жүргізілді.
Конференция соңында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен концерт берілді.  

 

 

 


Сурет бетіндегі өмір

Биылғы жылдың көктемінде Қарағандыға ЮНИСЕФ қоғамдық қорының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі халықаралық фотограф Джакомо Пироцци мырза келді.
Қарағанды облысының әкімідігі мен Балалар құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен Джакомо Пироцци мырза жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер мен білім ұйымдарын аралады. Фотограф осындай сәтті естелікке қалдырды, оның ұсынған фотосуреттерде ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар түсірілген.

 

 

 


Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл жерде ең негізгісі балаларға өз жасының толыққанды артықшылықтарын пайдалана отырып, бақытты балалық шақтың нәрімен сусындауға ықпал ету. Балалардың қоғамдағы жағдайын жақсартуға барабар шаралар мен өзгерістер мемлекетімізде оң шешімін тауып отыр.
Сонымен бірге балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы бірқатар жетістіктерге қарамастан қазіргі кезде түрлі санаттағы балалардың өз құқықтарын толық пайдалануға мүмкіндігі жоқ.
Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімсіздендіру және соның салдары ретінде балалар мен жасөспірімдердің арасында ұлғайып отырған қадағалаусыздық, панасыздық, қылмыс пен қатар оларды бала еңбегінің ең нашар түріне тарту кәмелетке толмағандар үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпті. Бейімденбеген балалар санының көп болуы елдің болашағы үшін қауіп төндіреді.
Осығай байланысты заңмен ымыраға келмеген немесе өз құқықтарын қорғауға мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тағдырында көптеген мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестіру ерекше маңыздылыққа ие болады. Барлық құрылымдардың өзара іс-қимыл жасауы осындай балалармен әлеуметтік-құқықтық бағыттылық жұмысты қамтамасыз ететін тетік болып табылады.
2010 жылдың 27 сәуір күні Сарқан қаласы, аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуда ведомствоаралық байланыстың тиімді әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты мүдделі ведомстволар және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жолында балалардың құқықтарын қорғау мен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Аталған шараға прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміні өкілдері, ауылдық әкімдер, мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Семинар барысында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Долаев Самғат Садырбайұлы «Балалардың болашағы – мемлекет қорғауында», қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімі бастығының м.а. Күлсариева Гүлмира Әлімбайқызы «На защите интересов детства», Алматы облысының ішкі істер департаментінің аға инспекторы Құджақов Ғалым Жақыпбайұлы «Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жүргізілген жұмыс барысы» және облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Қыдырбаева Дәния Сәлімбайқызы «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» атты баяндамалары тыңдалып, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтік жетімдік проблемалары туралы бейнероликтері қөрсетілді.
Семинарға қатысқандар өз пікірлерімен алмасып, шара соңында ұсынымдар қабылданды.

 


«Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын және облысың білім беру мекемелерінде оқып жатқан интернаттық мекемелер мен балалар үйлерінің түлектері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесу өткізгендегі туралы

Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылғы 23 сәуірде «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын және М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқитын, интернаттық мекемелер мен балалар үйлерінің түлектерін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандарымен бірлесе кездесу өткізілді.
Қамқоршылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы - Қ.Қ.Жәйсенбаева кездесуді жүргізіп және «Бөбек» қорынан көрсетілген қайырымдылық көмек түріндегі және С.А.Назарбаеваның гуманитарлық қызметі туралы сөзімен кездесуді ашты.
Іс-шараға СҚМУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы Е.Ш.Танакулова - «Интернаттық мекемелердегі түлектерін жетім балалар қатарынан СҚМУ студенттеріне әлеуметтік көмек ұйымдастыру» туралы, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің психологы С.Р.Қожакенова - «Оқушыларын білім беру және рухани-адамгершілік тәрбиеге Республикалық қайырымдылық қорының ықпалы жөнінде», Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі А.В.Шары - «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеу туралы», Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директор Р.Ж.Какпенов - «Балалар үйлерімен «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын студенттердің қарым қатынасы туралы», Отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры А.М.Әкімжанов - «Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек тағайындау туралы», сонымен қатар М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің 4 курс оқушысы Наталья Мұхамеджанова, СҚМУ 1 курс студенті Юлия Рюмина, СҚМУ 2 курс студенті Владислав Лукиннің «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатындардың пікірлері мен сөз тыңдалды.
Кездесу барысында балалар әңгімеге белсенді араласып, сұрақтар қойды, өздерінің мәселелері туралы айтты, оған білікті жауап алды.

 


Білім басқармасы мен Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Қазақстанның балалары» бағдарламасын іске асыру бойынша 2010-2011 жылдарының іс-шаралар Жоспарына сәйкес, сонымен қатар қабілетті шығармашылық және кәсіптік болашағы бар ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балаларды анықтау мақсатында Ақмола облысының Степногорск, Урюпинка, Сандықтау, Жолымбет, Есіл, Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Тан Шолпан» республикалық конкурсының аумақтық кезеңі өтті. 
Конкурстың мақсаты бала тұлғасының шығармашылық дамуы, оның –өмірді тез әсерленгіш танудағы эстетикалық сезімдер, жастардың адамгершілік-рухани және азаматтық патриоттық тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту болып саналады. 
Конкурскқа екі жастық категориялы солистер мен вокалдық ұжым: төмеңгі топ – 11-ден 14-жасқа дейін, үлкен топ – 15-тен 18 жасқа дейін, олар қазылар алқасына мемлекеттік тілде 50 конкурстық көрсетілімдерді көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Тан Шолпан» облыстық конкурсының жүлдегерлері келесілер болды: «Көгершін» вокалдық топ (Ақкөл БҮ), Рыдун Санжар (Сандықтау БҮ), Ахтиярова Фаина (Есіл БҮ), Ремнева Мария (Степногорск БҮ), Тюлюбаева Акмарал (Урюпинка БҮ), Белозер Карина (Сандықтау БҮ), Адрахманов Алик (Жолымбет БҮ), олар а.ж. маусымның 1-нен 3-не дейін Қарағанды қаласында «Тан Шолпан» республикалық конкурста Ақмола облысының абыройын қорғайтын болады.  

 

   

 


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 2010 жылдың 11 ақпанында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін облыстық директорлар кеңесін құру мақсатында отырыс өткізілді.
Аталған шараға облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және жекеменшік мекемелерінің директорлары қатысты.
Кіріспе сөзден соң қатысушылар слайд арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда балаларды асырап-бағуға, тәрбиелеуге, олардың жан-жақты дамуына жасалған жағдайлармен және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының облыстық кеңесін құрудағы мақсат, міндеттермен таныстырылды. 
Шара барысында балалар үйлерінің директорлары өз мекемелеріндегі проблемалар мен жетістіктері бойынша пікір алмасып, облыстық директорлар кеңесін құруға қарсы еместігін білдірді. 
Қорытынды кезеңде облыстық директорлар кеңесінің мүшелері облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваны төраға ретінде тағайындады.

 


13 сәуір 2010 жылы «Үміт» балалар үйінде Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ұлы жеңістің 65-жылдығына: «Ұлы таулар аласармайды – Ұлы есімдер ұмытылмайды» атты мерекеге дайындық.
2. Түлектерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал ету.
3. Балалар қорғау күні мерекесін ұйымдастыру.
4. Балалардың жазғы-сауықтыру демалысын ұйымдастыру.
5. Әр түрлі. (Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатымен тәрбиеленушілердің қайырымдылық концертін ұйымдастыру туралы, Сочи қаласында өтетін байқауға бару туралы).

 

  

 


Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалароға арналған №1 мектеп-интернат тәрбиеленушілерін өңірлік мемлекеттік органдармен құқықтық қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Елбасының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ағымдағы жылғы “Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауы бұған дәлел болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ. Тәуелсіз жас мемлекетіміз алдындағы қыруар міндеттердің бірі – өзінің лайықты ертеңін, яғни жас жеткіншектердің болашағын қамтамасыз ету.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі нарықтық экономика жағдайында ерекше мәнге ие болып отыр, өйткені баспанамен қамту жетім балаларды әлеуметтендіруге, олардың өмірден өз орнын табуына үлкен әсер етеді.
Бүгінгі күнге дейін балаларды баспанамен қамтуда шешілмей келген мәселе көп. Жыл сайын олардың бірлі жарымы ғана баспана алуға қол жеткізеді екен. Бұл дегеніңіз теңізге тамшы тамызғанмен бірдей.
Осыған орай үстіміздегі жылдың 9 сәуірінде Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 мектеп-интернатында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалароға арналған №1 мектеп-интернат тәрбиеленушілерін өңірлік мемлекеттік органдармен құқықтық қамтамасыз ету» атты семинар-кеңесі болып өтті.
Аталмыш іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармасының, білім беру ұйымдарының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Іс-шара мақсаты- мектеп-интернат тәрбиеленушілерін отбасыларға орналастыру жолдарын дамыту, олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды тиісінше дәрежеде берілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік мекемелермен жүзеге асыру.
Іс-шара барысында осы жылғы наурыз айында мектеп-интернаттарында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің тексеру жүргізу барысында анықталған заң бұзушылықтар сөз болды. Атап айтсақ, тәрбиеленіп отырған 94 баланың жағдайларына байланысты мемлекеттік мекемелерімен тиісінше атқарылуға тиіс жұмыстардың орындалмағаны кең талқыланды.
Семинар соңында осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қатысушылар алдағы уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз уақытында тұрғын үймен қамтылуы, құжат және де заң тұрғысындағы мәселелерінің дұрыс шешімін табуы үшін тиімді жолдары мен ұсыныстары енгізілді.

 


1 сәуір 2010 жылы «Үміт» балалар үйінде  дәстүрлі КТК ойыны өтті. Тақырыбы: «Тентектер».  КТК ауыспалы Кубогы үшін 2 команда сайысты, тәрбиеленушілердің «Шелпектер» командасы және қызметкерлердің «Бұзықтар» командасы, қызметкерлердің командасында педагогтардан басқа түнгі күтушілер, күзетшілер, медицина қызметкерлері де белсене қатысты.
Көңілді ойын, сайыс, күлкі, қалжыңдар атмосферасы балалар мен үлкендердің өзара түсінісуіне, бір-бірін сыйлап тығыз байланысуына   ықпал етті, өйткені ойын ғана  бірлікке жұмылдырады.
Ойынның демеушілері «Юком» компаниясы мен ЖК «Артамошина» өкілдері (Ярулин Рашид, Нұркенов Мират, Қараев Жамшид) қазылар алқасының құрамында болды.
Осы жолы ең көңілді, ең тапқыр балалар болып КТК-ң кубогын жеңіп алып және де сыйлықтарға ие болды.

 


«Облыстағы мектеп-интернаттарында  оқыту - тәрбие үрдісінде мемлекеттік тілдің маңызы» тақырыбындағы  семинарды өткізу туралы

2010 жылғы 1 сәуірде СҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесе «Облыстағы мектеп-интернаттарында  оқыту - тәрбие үрдісінде мемлекеттік тілдің  маңызы» тақырыбында  семинар өткізді.
Семинарға интернаттық мекемелер басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі мұғалімдері, аудармашылар қатысты. Кездесу барысында Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы А.У.Жамантаева облыста мемлекеттік тілдің ахуалы, интернат мекемелерінің тексеріс қорытындыларына тоқталды, мекемедегі мемлекеттік құжаттар сапасын жақсарту, мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің нәтижелі болуына, яғни мемлекеттік тілде іс жүргізушілер санын көбейту мәселелері де көтерілді.Қатысышылар ҚР Президентінің Жарлығы 1996 ж.2 ақпандағы № 2923 және СҚО әкімдігінің қаулысымен таныстырылды.
Департаменттің бөлім бастығы О.Ғ.Сеңкібаева қатысушыларды 2010-2011 жылдарға арналған облыстағы интернаттық мекемелерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру бойынша  департаменттің, Тілдерді дамыту жөніндегі және Мәдениет басқармаларымен бірлескен жоспарымен таныстырды. Осы жоспардың тармақтары талқыланып, қажетті материалдар таратылып берілді. 

 


Салауатты өмір салтын қалыптастырудың алдын алудың ведомствоаралық жоспары шеңберінде наурыз айының 29 мен 31 аралығында Есіл қаласында Господарь Анатолий Юрьевич «ҚР еңбегі сіңген мұғалімі» еске алуға арналған Ақмола облысы балалар үйі түлектері арасында баскетбол бойынша VI облыстық  балалар турнирі өтті. Осы іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, балалар үйі тәрбиеленушілердің белсенді өмір сүруіне бағытталған. Ақкөл, Сандықтау, Есіл балалар үйі, Атбасар және Есіл БЖСМ ұл-қыздарының 7 командасы  2 күн бойы осы турнирдің жеңімпазы атану құқығын иелену үшін көп күш-жігерін салды, спорттық жарыс шеңберінде мәдени-бұқаралық бос уақытты өткізу ұйымдастырылды, онда ұл-қыздар бір-бірімен танысып, дос болды. Қыздар арасында өткен жарыс қорытындысы бойынша Атбасар БЖСМ, ал ұлдар арасында Есіл балалар үйі командасы кубокты иеленді. Іс-шара ұйымдастырушысы Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

 


«Наурыз-татулық пен бірлік мерекесі» атты Қарағанды фестивалі

2010 жылдың 17 наурызда сағат 11.00-де Жаңа Майқұдық  мәдениет үйінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Мемлекеттік тілмен балалық шақтан -болашаққа» атты дәстүрлі 5-ші фестиваль өтті. Іс-шараның мақсаты: толеранттылықты қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мерекеге облыстың балалар үйлерінің көркемдік ұжымдарыны белсенді қатысты. Байқаудың ең басты көрермендері – мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған мектеп - интернаттардың балалары мен жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары болды және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тәрбиешілері.
Қазақстанда Наурыз еліміздің барлық азаматтары үшін жалпы мерекеге айналды. Көктемнің күн мен түн теңелген күнін қазақтар, орыстар, әзербайжандар, белорусьтар, украиндар, еврейлер, кәрістер және басқа да ұлттың өкілдері бірге атап өтеді. «Барлығымызға да күн ортақ, әрі жер бетіне көктем әркімнің этникалық тәндігіне қарамастан қарсы алушыларға күн шуағымен бөлеп күнпарақ беттерімен тиісті уақытында келеді»,-деген сөздермен Тілдерді дамыту басқармасының директоры Мұсабеков Бақытқали ашты. Шақырылған қонақтардың арасында білім басқармасының, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, балалар үйлерінің, мектептер мен мектеп – интернаттардың әкімшіліктері болды.    
Мерекелік безендірілген сахна қазақтың киіз үйінің кейіпінде болды. Фестивальдың қатысушылары Қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, айтыс, түрлі ұлттық ойындар- арқан тартыс, асық ойнау, тоғыз құмалақ, ән, бй  өлеңімен көрермендерің  көңілінен шықты. Мерекеге келген қонақтардың қуанышында шек болмады, балалар үйлерінің балаларына тілектерін айтып баталарын берді. Мерекенің соңы алғыс қағазы мен әр балалар үйі арнайы қымбат сыйлықтарға ие болды.

 

  

 


Балаларға қуаныш сыйлаған Наурыз

2010 жылғы 17 наурыз күні БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен  «Балалар – біздің болашағымыз» атты акциясы шеңберінде  Орал  қаласы №29  «Балауса» мектепке дейінгі ұйымында   «Наурыз-ел басы» атты  мерекелік шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты - балалардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды   қалыптастыру, көп үлтты Қазақстан Республикасындағы халықтардың салт-дәстүріне сыйластықпен қарауға үйрету, адамдар арасындағы қарым-қатынастың  үйлесімді болуы туралы түсінікпен таныстыру, өз ойын шығармашылық арқылы көрсету болды.
Шара  жұмысына №29 «Балауса» мектепке дейінгі ұыймы ересектер тобының тәрбиеленушілері, ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатының 1-ші сынып оқушылары, педагогтары мен тәрбиешілері, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің   өкілдері қатысты. Барлығы  50 адам. 
Қатысушылардың назарына мерекелік  бағдарлама, «Домбраны құрастыру», «Арқан тарту» ұлттық ойындары, өңтүстік базарында көңілді сатушылар, Алладин мен Джин сияқты ертегілік кейіпкерлермен кездесуілер ұсынылды.
Шараның нәтижесі бойынша № 29 «Балауса» балабақшасының директоры Н.Ниярова өз сөзінде, әр түрлі ұжымнан келген  балалардың  кездесуі жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелейтінін және бұндай кездесулердің зор  маңыздылығының   бар екеніндігін айтып өтті.

 


«Ерте ана болудың алдын алу  жүйесін және кәмелетке толмаған аналарға көмек көрсетуді  қалыптастыруда өзара әрекеттесудің тетіктері» тақырыбындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің жұмыс отырысы

Ағымдағы жылдың 12 наурызында Алматы қаласында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті,  Қазақстан СОРОС қоры және «Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырған «Ерте ана болудың алдын алу  жүйесін және кәмелетке толмаған аналарға көмек көрсетуді  қалыптастыруда өзара әрекеттесудің тетіктері» атты отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Р.Шер, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры С. Қуатжанова, Алматы қаласы білім басқармасының басшылығы, Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері директорларының республикалық одағы, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Алматы қаласының  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері  және т.б. қатысты.
Отырыс барысында жасөспірімдердің репродуктивті құқықтарын қорғау, жасөспірім қыздардың жүктілігі мен ерте ана болуы туралы өзекті мәселелер қаралды. Аталған сала бойынша  Қазақстан Республикасында  орын алып отырған   жағдайларға баса назар аударылды. Шараға қатысқандар  жасөспірім қыз балалардың ерте жүктілігі пен кәмелетке толмай ана болуын олардың  өмірде қиын жағдайға душар болуы деп тану керек  деп  санайды және аталған  санаттағы балалар (кәмелетке толмаған аналар) үкімет пен қоғам тарапынан олардың қажеттіліктерінің мойындалуына және   қорғауға алынуға құқылы жеке әлеуметтік топ ретінде   заңнамалық деңгейде бекітілуі  қажет екендігін ортаға салды.  Адам құқықтары туралы халықаралық актілерге, оның ішінде  БҰҰ Бала құқықтары Конвенциясына сәйкес осы санаттағы балалардың құқықтары ұлттық заңнамаларда да  көрініс табуы  және  оларды  іске асырудың  тетіктері қамтамасыз етілуі керек делінді.
Отырыс қорытындысы бойынша  мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық  меморандумдарына қол қойылды. Сонымен қатар ерте ана болудың алдын  алу жүйесін қалыптастыру шараларын жүзеге асыру және кәмелетке  толмаған аналарға көмек көрсету үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету  мақсатында, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл  Жопары әзірленіп, ол жоспар жоба аясындағы шаралар мен жұмыс кездесулерінің кестесіне сәйкес  іске асырылатын болады. 

 


№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу туралы

2010 жылдың 11 наурызы күні  Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының ІІД ҚҚБ КТІЖБ-нің бастамасымен «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы А.Баекеева балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты туралы әңгімелеп, отандық және халықаралық заңнамалық актілермен таныстырды. «Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өзгерген кейбір баптары жөнінде балаларға мәлімет берді.
Оқушылар белсенділік танытып заңдардың баптарын қызу талқылап, сұрақтар қойды.
Кездесу соңында балаларға «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған “Қазақстан әлемдік дағдарыста: келешектегі интеллектуалдық серпіліс” дәрісі» атты кітапшалар мен Астана қаласының сенім телефондары туралы ақпарат парақтары таратылды. 

 


«Мен нені армандаймын»

Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қоғам балалақ шақ қорғау» жобасының шеңберінде облыс балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мен нені армандаймын» атты шығармалар  конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – балаларға өздерінің сезімдері, ойлары, армандары туралы ойлануға, оларды шығарма арқылы жеткізуге  мүмкіндік беру.
Конкурс 5 жастық топтар бойынша балалар арасында өткізілді, әрбір бала оған қатысуға құқылы болды. Барлығы 150 бала қатысты. Барлық шағармаларды Павлодар педагогиқалық институтының доценті Нүркенова С.Ф. басқарған әділ-қазылар алқасы оқыды.
15 ең жақсы шығармалар Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің дипломдарымен және қоғамдық «КZ» Қорының аймақтық өкілдігінің сыйлықтарымен марапатталды.
Бірінші сынып оқушысы Марина анасының қасында болуды, әдемі көйлек сатып алуды және ең тәтті балмұздақтың дәмін татуды армандайды. Оның бір арманы орындалды: Қор басшысы И.И. Гилерт қыз балаға әдемі көйлек сыйлады.
Саша, пультпен басқарылатын машина туралы армандады ол конкурс ұйымдастырушыларынан сыйлыққа «өзінің үнемі ойында болған» қызыл түсті машинаны сыйлыққа алды.
Алина дүкенде көйлегі әсем үлкен қуыршақты көріп, «содан бері оны түсінде көрген» және қыз «оны сыйлыққа алуды» армандады.   Алинаның да арманы орындалды.
Лена жергілікті ТК «Ирбис»-тың журналисты Алена Акулининаға ұқсағысы келеді, кішкентайынан журналист немесе теле бағдарлама жүргізуші болуды армандады және «арманының орындалуы үшін барлығын жасайды». Марапаттау кезінде Алена Акулинина қыз балаға диплом және қолтаңбасы қойылған  фотография сыйлады.
Балалар алғысын білдіріп, қонақтарға «Муха - Цокотуха» атты жақсы сахналау-спектаклін көрсетті.
Үлкендердің жәрдемімен балалардың армандары орындалады деп сенеміз.

 

  

 


Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен  облыс білім беру басқармасымен бірге қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің балалардың құқықтарын қорғау мамандары  үшін семинар-кеңес  өткізілді. Осы  семинарда  «Патронаттық тәрбие балаларды отбасыларға орналастырудың болашақ түрлерінің бірі» және «Білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын сақтау» маңызды мәселелер қарастырылды.
Қаралатын мәселелер бойынша  істердің жағдайлары туралы ақпараттарын  балалардың құқықтарын қорғау департаменттің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімнің бастығы А.Қ. Мүсәпірова, бас маманы Р. Қ. Қанжығалина, білім беру басқармасының интернаттық ұйымдар бөлімінің бастығы Р.Қ. Маняпова сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар патронаттық жүйені кеңейту  және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандарын дамыту мәселесін белсенді талқылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша  мемлекетпен қаржылық қолдау балаларды патронаттық тәрбиеге алған отбасыларына ғана көрсетіледі. Осы нысан  жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиенушілер санын азайту мәселелерін толық шешпейді. Қазіргі уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру отбасылық нысандардың нәтижелі жүйесін құру қажеттілігінің кезі келді. Тәрбиеленетін балалардың саны аз болатын отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін құрудан басқа тәрбиелеудің патронаттық түрін дамыту үшін балаларды асырап алатын және қамқорлыққа алатын отбасыларды кеңінен қолдау қажет. Бұл үшін заңнамалық актілерге балаларды асырауға, қамқорлыққа  және қорғаншылыққа алатын отбасыларды қаржылық қолдау нормаларын енгізу қажет.
Семинар қатысушыларымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлік құқықтарын сақтау мәселесі де аз талқыланған жоқ. Ертеректе  осы сұрақты  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссия  қарастырғаннан кейін  балалар үйлерінің тәрбиенушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бұқаралық ақпарат  құралдарында кең резонанс тапты.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

 

 

 


«Үміт» үйіндегі денсаулық марафоны

«Қазақстан студенттері альянсының» Павлодар облысы жастар қоғамдықбірлестігі облыстық балалардың қүқығын қорғау департаментімен бірлесеотырьп, Екібастүз қаласындағы «Үміт» балалар үйінде «Денсаулықмарафоны» атты шарасын өткізді. Аталмыш шара «Департамент күні» шеңберінде ұйымдастырылды.
Марафон жеткіншектер арасында көшбасшылық қасиеттерді дамытуды, командалық рух қалыптастыруды, патриотизмге тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. Бүл күн қатысушылар үшін естен кетпесі анық. Себебі бірлестік мүшелері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бірден тіл табысып, іске кірісіп кетті.
«Денсаулық марафонына» балалар үйінің елуге жуық тәрбиеленушісі қатысты. Қатысушылар үш топқа бөлініп, арнайы жаттықтырушылар мен ассистентерге бекітілді. Олар тәрбиеленушілерге топты қандай да бір іске жүмылдыруға, көшбасшылыққа талпынуға, дарынын ашуға қажетті тәсілдерді үйретіп, тренинг, ойындар өткізді. Әрбір топ өздерін атау, ұран ойластырып, «Салауатты өмір салты» тақырыбына ертегілер сахналады. Осы тұста тәрбиеленушілер қиялға ерік беріп, шараны қыздыра түсті. Сондықтан болар жеткіншектер де, үлкендер де уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей қалды. «Үміт» үйінің тұрғындары бірлестік мүшелеріне алғыстарын білдірді. Бұл - екі жақтың арасындағы достықтың басы. Алдағы уақытта байланыс нығая түспек.

 

  

 


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Астана SOS Балалар ауылының» жасөспірім қыздарымен өткізілген тәрбие сағаты туралы

2010 жылдың 26 ақпаны күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Астана SOS Балалар ауылының» жасөспірім қыз балалары үшін «Менің өмір сүру дәстүрім» тақырыбында дәрігер-гинеколог мамандарымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған Жолдауына байланысты жасөспірім қыз балалардың өмір сүру дәстүрін сауаттандыру.
Аталған кездесуге Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы Н.С.Аяпбергенова, «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының дәрігер-гинекологы Г.Т. Құмарғалиева, Жастар Денсаулық Орталығының гинекологы М.М. Евкурова және «Астана SOS Балалар ауылында» тәрбиеленіп отырған жасөспірім қыздар қатысты.
Кездесу барысында дәрігер мамандар «Жасөспірім қыздардың гигиенасы. Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары» тақырыбында баяндамалар оқып, тартымды мультимедиялық кино фильмдер көрсетті.
Сонымен қатар, жасөспірім қыздар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына дәрігер мамандары тарапынан жауап алды.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Жастар Денсаулық Орталығының мамандарымен бірлесіп жасөспірім балалардың өмір сүру дәстүрін сауаттандыру мақсатындағы осындай іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

 


«Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу мәселесі бойынша ШҚО өткен оқыту семинары

2010 жылғы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасымен бірлесіп «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу мәселесі бойынша техникалық және кәсіптік оқу орындарының басшыларына оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу мәселелері айтылды:
- облыстың техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқитын балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің түлектеріне «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу Ережесі, көмекті төлеу тәртібі, көмекті алушыларды анықтау бойынша комиссияны қалыптастыру тәртібі түсіндірілді;
- Департамент директоры және Білім басқармасы бастығының 06.04.2009ж. № 14-п/100 бірлескен бұйрығымен реттелген оқушылар мен студенттердің қозғалысына мониторинг, және олардың ақшалай қаржыны алуына адрестік бақылау жүргізу реттемесі түсіндірілді. Деректердің уақытында ұсынылуына және сапасына техникалық және кәсіптік оқу орындарының басшыларына осы бұйрықпен  жеке жауапкершілік бекітілгендігіне назар аударылды;
«Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін алу жөнінде оқушылар мен студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мәселесі бойынша Өскемен қ. техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындары әкімшіліктерінің қызметін зерделеу нәтижелері және оқушылардан алынған сауалнама нәтижелері айтылды;
Бұдан басқа, семинарда заңнаманың қолданыстағы нормалары түсіндірілді, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.
Берілген ұсыныстар:
- білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және оқу орнынан шығару жағдайларын болдырмау мақсатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;
- оқушыларды (студенттерді) оқу орындарынан шығару реттемесінің заңды тәртібінің сақталуына көңіл аудару;
- оқушылардың жеке және карточкалық есеп шоттары деректемелеріндегі өзгерістер туралы Департаментті уақытында хабардар ету;
- осы санаттағы әр балаға жеке дара қарауды жүргізу және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда қажетті және пәрменді шараларды қолдану.

 


Балалар үйіндегі мектеп бітірушілерді дербес өмірге дайындау, әлеуметтік табысты бейімделу, жалпы құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында 22 ақпан 2010 ж «Үміт» балалар үйінің  негізінде «Балалар үйлері түлектерінің конституциялық құқықтарын сақтау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, онда тұрғын үй алу және еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел жұмысына:
Қалалық маслихат хатшысы – Головатюк В.М.
Жұмыспен қамтылу және әлеуметтік бағдарламаларды үлестіру басқармасының  бастығы – Кузовлева О.Г.
Облыс прокурорының аға көмекшілері – Подрезов В.А., Газахунов А.Н.
ТКШ бастығының орынбасары – Жақсылықов А.М.
ШҚМУ заң факультетінің азаматтық  құқық және азаматтық процесс кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты – Сабитова А.А.
ШҚМУ заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты – Квашин А.А. қатысты.
Балалар үйінің мектеп бітірушілері әңгіме барысында кәсіби кеңестер алып, білімдерін толықтырды.


Мамандық алу  - балалар үйлері тәрбиеленушілеріне шынайы мүмкіндік

Бүгін  жастардың жетістігі алдымен олардың кәсіби ұтқырлықтарына байлынысты болады. Балалар үйлерінің түлектеріне кәсіптің немесе мамандықтың болғаны өте маңызды, олар есейгенде біріншіден өз-өздеріне, өздерінің мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сенетін болады. Сондықтан балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен жұмыс жасағанда біз олардың әр қайсысының кәсіптік білім алуды мақсат етіп қоюына  бағдар береміз.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы балаларға мемлекеттік жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарында  оқу кезінде әлеуметтік кепілдіктер: тегін оқу, тамақтану, киіммен, оқу керек-жарақтармен қамтамасыз ету, стипендия төлеу  көзделген.
Оқу кезінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері С.А. Назарбаева төрайымы болып табылатын «Бөбек» балалар қайырымдылық Қорының патронатында болады. 2003 жылы Қормен кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқитын балалар үйлерінің және интернаттық мекемелердің түлектеріне қайырымдылық көмек  құрылды. Студентер мен оқушылар осы көмекті «С.А. Назарбаеваның стипендиясы» деп атауды ұнатады. Жүргізілген сауалнама алушылардың 90 пайызы осы көмекті бюджеттеріндегі маңызды сома деп санайтынын көрсетті.
Қайырымдылық көмекті құру кезінен оны алатын студенттер мен оқушылар саны 400-ден асты, оның 203-і ағымды жылдан бастап алады. Оның ішінде облыстағы 4 жоғары оқу орындарында - 20 студент, 11 колледжде - 42 оқушы, 20 кәсіптік лицейде - 141 оқушы оқиды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда қайырымдылық көмекті алушылар саны 1,5 есе көбейді.
Жеке жұмыс жүргізу, пайда болған проблемаларды шешуіне көмек көрсету үшін балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әр маманы оқушыларға жеке-дара бекітілді. Ақпанда болған кездесулерде 82 бірінші курстың оқушылары мен студенттеріне «Бөбек» Қорының қайырымдылық көмегін алушы сертификаттары берілді.
Павлодар қаласы № 31 кәсіптік лицейде оқушылар С.А.Назарбаеваға ризашылықтары мен алғыстарын «Мамандыққа кұқық» салтанатты іс-шарада білдірді. Машина жасау колледжінде, № 25 Успенка кәсіптік лицейінде, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжде және басқа оқу орындарында қайырымдылық көмекті алушылар өздерінің оқуда жеткен табыстары,  қоғамдық өмірге катынасулары  туралы айтып берді, проблемаларымен бөлісті. Енді олар әрқашан балалардың құқықтарын қорғау департаменттегі  ересек жолдастарының көмегіне сене алатындарын біледі.
12 ақпанда облыстық «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» форум-фестивальда салтанатты түрде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, ПМУ колледжінде, Павлодар қаласының № 1 кәсіптік лицейінде оқитын балалар үйлерінің түлектеріне қайырымдылық көмекті алушы сертификаттары табысталды.
Оқу, білім  және мамандық алу  - бүгін балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне шынайы мүмкіндік, осы балалардың  ұмтылысы мемлекетпен және қоғаммен қолданады.  Білім алу әдеуір дәрежеде  әлеуметтік ұтқырлықты негіздейді, одан әрі басқа қоғамдық игіліктерге жетуге мүмкіндік ашады. Білімге деген қолжетімдік халықтың ертеңгі білімділік және мәдениет деңгейін  алдын ала шамалайды.

 

 


2010 жылы 14 ақпанда «Үміт» балалар үйінде «Масленница» мерекесінің соңғы күні өтті. Бұл үлкен мереке болды, жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде балалардың жасаған бұйымдары, ыстық құймақ,самовармен ыстық шай берілді, түрлі ойындар өткізіліп, әндер айтылып, би биледі.
Бұл мереке биылғы жылы «Ғашықтар» «Святой Валентин» күнімен бірге келді. Тәрбиеленушілерді дербес өмірге дайындауда ұл балалар мен қыздардың арасындағы әдемі қарым-қатынастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді.
Сондықтан да «Махаббат 2010 ж» атты  сайысты өткізу балалар үйінің тамаша дәстүріне айналды. Сайыстың жеңімпаздары Котегов Александр мен Нестеренко Дарья болып танылды.

  

 

 


Махаббатсыз бояу солғын болғандай,
Ертегіде жарық өшіп қалғандай,
Күн қыздырмай, өсімдіктер толмайды,
Әрқашан да махаббат жаңсақ болмайды.
Сара апамыз бақыт болды жеріме,
Қасиетіміз тие берсін еліме,
Жан жылуын үлестіріп жандарға,
Жүресіз Сіз, шашу шашып таңдарға.

«Үміт» балалар үйінде 2010 ж. 12 ақпан күні Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған үлкен тәрбиелік шара өткізілді.
«Туған күніңізбен, Сара Алпысқызы!» атты 3 кезеңнен тұратын әдеби-музыкалық композиция:
1.Сара Алпысқызына арнаулар
2.Поэзия мейірімділік, сұлулық,  қайырымдылық қызметінде
3.Сара Алпысқызының сүйікті әндері
Әр топта тақырыптық тәрбие сабақтары өтті, демеушілер балаларға тәтті тағамдар, торттар сыйлады.

  

 


Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар кеңес болып өтті

2010 жылдың 10 ақпанында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар кеңес болып өтті.
Семинар кеңес жұмысына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бастығы Әбдірайымов Дүйсенбек Исахметұлы, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәуленов Думан Болатұлы, Жамбыл облысы Әкімі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Егембердиев Лесбек Шәйменұлы, облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен барлық үлгідегі мектеп-интернаттарының басшылары, қорғаншы және қамқоршы органдары мен облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар кеңесті ашқан облыстық білім басқармасының бастығы Д.И.Әбдірайымов Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің 2003 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Таңдаулы интернат» републикалық байқауында жүлделі 3-ші орынды иеленгенін айта келе, педагогика ұжымының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау бағытында атқарып келе жатқан жұмысына оң баға берді.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәуленов Думан Болатұлы өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында 2020 Стратегиялық жоспарын іске асыру аясында алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту, сондай-ақ Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету міндетін қойғанын айта келе, осы ретте балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына, олардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Семинар кеңес қатысушыларына сәттілік тілей келе, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің ұжымына балалар құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік құралдарды тарту етті.
Семинар кеңеске қатысушылар бүгіндері балалардың әлеуметтік құқықтарын қорғау барысында кездесетін кедергілердің себептерін анықтап, оның шешу жолдарын талқылады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Директорлар кеңесінің мүшесі Г.С.Төлегенова «Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғаудағы атқарылған жұмыстар барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында тәрбиеленушілердің туу туралы куәліктерін алу, оларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалуына қол жеткізу, оларды тұрғын үй кезегіне қою, баланың үлестерін сақтау, алимент өндіру, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік мәртебесін анықтау, ата-аналардың ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру, хабар-ошарсыз кеткен ата-аналарды қайтыс болды деп тану, балаға тиесілі тұрғын үйді заңдастару мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.
2001 – 2009 жылдар аралығында 28 тәрбиеленушіге жеке шоттарындағы қаражаттарына пәтер сатып алынған, 34 тәрбиеленушінің тұрғын үйі тоқтам жасау арқылы сақталды, 5 баланың тұрғын үйі мұрагерлік жолымен, 3 баланың тұрғын үйі сыйға тарту арқылы  заңдастырылса, 5 баланың тұрғын үйі мүлікті жариялау жолымен заңдастырылған. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен берілген пәтерлер - 11, бүгінгі күнге сақталып отырған тұрғын үйлер – 22.
2009 жылға дейінгі тұрғын үй кезегінде тұрған балалар – 155, ал осы оқу жылында 170 тәрбиеленушінің 105-і тұрғын үй кезегінде тұр.
158 тәрбиеленушіге Тұрғын үй жинақ банкісінен депозит ашылған. Осы кезге дейін 78 тәрбиеленуші тұрғын үйге ие болған.
Сонымен қатар балалар үйінің басшысы сот орындарында қаралған істер және Әділет басқармаларымен өзара іс-әрекет жасау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
2001 - 2009 жылдар аралығында балалар үйінің талап арызы бойынша ата-анасы өлді деп тану бойынша -36, хабар ошарсыз кетті деп тану бойынша – 48, әке деп тану (биологиялық, өлгеннен кейін) – 13, шеше деп тану (биологиялық, өлгеннен кейін) – 2, алимент өндіру бойынша – 78, ата-ана құқығын қалпына келтіру бойынша – 10 істер аралып шешім қабылданған.
Әділет басқармаларынан 44 балаға туу туралы куәліктер алынды, 7 баланың өз қалауы бойынша аты-жөні өзгертілді, 13 баланың әкесі танылуына байланысты тегі өзгерді, 316 балаға некесіз туылғандығы туралы анықтама алынды, 40 баланың ата-анасына қайтыс болғаны туралы куәлік алынды, 18 тәрбиеленушінің құжаттарындағы жіберілген қателіктер заң шеңберінде түзетілді.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Г.С.Төлегенова Тараз қаласында бос тұрған жатақханалар мен пәтерлерді заңдастырып, жетім балалардың жеке шотындағы қаражаттарының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, есесіне бұл үйлерді балаларға қайтарымсыз пайдалануға немесе ұзақ мерзімге жалға пайдалуға беру туралы өз ұсынысын ортаға салды.
Ол өз сөзінде балалар үйіндегі 170 тәрбиеленушінің 129-ы жауапсыз ата-аналардың балалары, 41-і ғана жетім екенін айта келе, ата-ананың жауапкершілігін арттыру мәселесіне тоқталды.
Бүгінгі таңда мұндай ата-аналарға ең жоғары жаза ретінде ата-аналық құқығынан айырумен шектеледі, яғни ол жауапкершілігі төмен ата-анаға жағдай жасап бергенмен бірдей, сондықтан қоғамға орасан залал келтіріп отырған мұндай ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында осы әрекет үшін жазаны күшейту мәселесін жоғары тұрған тиісті органдар алдында көтеруді ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, олигофрения диагнозымен ауыратын балалардың қарапайым кәсіби мамандықтарды оқи алмауы да өзекті мәселенің бірі ретінде көптен бері көтеріліп келе жатқаны айтылды.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған жұмыстары туралы балалар үйі директорының орынбасары С.М.Шевченко, тәрбиешілер С.Н.Жақсылықова, Г.Н.Әлімбекова, Г.С.Төрежанова, әлеуметтік талдаушы Ж.Т.Есенәлиева, әлеуметтік педагог Ұ.Д.Әлі баяндама жасады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында өткізілген облыстық семинар кеңес қатысушылары балалар үйлері, интернаттық мекемелердің басшыларына, облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтына, қорғаншы және қамқоршы органдарына, кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссияларына өз ұсыныстарын жолдады.
Семинар кеңес соңында балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен «Мистер Д» байқауы өткізілді. 

 

  

 

 


«Бүкіл жерде жақсылық жаса, басқалардың игілігі үшін жақсылық жаса...» Бұл әннің сөзін көпшілік естіді. Адам жақсылық ортасында өмір сүруі керек. Бұл жақсылық ортасы көбінесе адамның өз қолымен жасалады. Осындай мейірімді және жанашыр адам – Біздің Анамыз – Сара Алпысқызы. Туған күнімен құттықтаулар, тілектер мен алғыс сөздердің Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті мекенжайына келіп жалғасуда. 

«ШҚ облыстық балалар ауылы» түлектері, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттерінен


«Қолдау» отбасын қолдау орталығы

Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылдың  5 ақпанында сағат 11.00-де ««Құлыншақ» балалар үйі» ММ ғимаратында «Қолдау» отбасын қолдау орталығының қызметіндегі мәселелерді шешу жолдары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.
Мақсаты: аймағымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың альтернативтік түрлерін дамыту үшін жағдай жасау. 
Дөңгелек үстелдің жұмысына денсаулық сақтау, білім басқармаларының, МББҚБА және ҚДИ, балалар үйлерінің, Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының қорғаншылық пен қамқорлық органдарының өкілдері, «Қолдау» отбасын қолдау орталығының, ҮЕҰ мамандары қатысады.
Дөңгелек үстел барысында «Қолдау» орталығының мамандары қатысушыларды атқарған жұмыстары жөнінде ақпараттандырды. Жұмыс жасаған кезінде эксперименталдық алаңдар балалардың ата-аналарын, туған туыстарын іздеу жұмыстарын жүргізді. Балалар отбасыларына оралған, 8 бала шетел азаматтарымен және Қазақстан азаматтарымен асырап алынған. Асырап алушы ата-аналарға құқықтық-кеңестік және психологиялық көмек көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі проблемаларды көтерді: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға әлеуметтік және құқықтық колдау көрсету, ұйымдармен және құрылымдармен ведомствоаралық әрекеттестікті қарқындату, баланың отбасыда тәрбиелену құқығын жүзеге асыру,  әлеуметтік  жетімдіктің  алдын алу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамның, әлеуметтік жетімдіктің проблемаларына қоғамның, азаматтық сектордың  назарын аудару.
Дөңгелек үстел рефлексиямен аяқталды, онда дөңгелек үстелдің жұмысы   жөнінде көп жақсы пікірлер айтылды, әлеуметтік жетімдікті, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционализациялау проблемаларын шешу кезінде қатысушыларда өте маңызды ойлар туындады.
Іс-шара БАҚ кеңінен жарияланды.

  


«Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы

Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.

Адам жанын тәрбиелеуде  - баланы қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, сыпайылыққа, имандылыққа баулу – бала жанының сапасын тәрбиелеу болып табылады. Шәкәрім бабамыз айтып өткендей, мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам.
Осындай ізгі қасиеттерді ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыра отырып, 2010 жылдың 6 ақпанында Облыстық білім басқармасы, ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Облыстық жасөспірімдер үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында дүбірлі  облыстық «Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы өтті.
«Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауына облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру ұйымдарынан 50-ге жуық тәрбиеленуші қатысып, өздерінің құйқылжыта салған әндерін сыйлап, әсем билерін көрермендерге тарту етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша ән байқауынан жүлделі:
І орынға -  Облыстық көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Олжа Ақниет;
ІІ орынға - Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Мырзабеков Ділмұрат;
ІІІ орынға – Т. Тәжібаев атындағы №1 Арыс балалар үйінің тәрбиеленушісі Құрбанов Әлішер ие болды.
Би байқауынан жүлделі:
І орынға -  Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері «Денис» би тобы;
ІІ орынға - №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері «Балдәурен» би тобы;
ІІІ орынға – «Бауыржан» атындағы отбасылық негіздегі балалар үйінің тәрбиеленушілері «Думан» би тобы ие болды.
Жеңімпаздарды байқаудың ұйымдастырушылары жүлделі дипломдармен марапаттап, оларға демеушілер - Шымкент университеті мен «Бекжан» базарының әкімшілігі тарапынан І орынға - түрлі-түсті теледидар, ІІ орынға  - әуен орталығы, ІІІ орынға үнтаспа сыйға тартты.
Балаларды мейірімділікке баулый отырып, олардың шығармашылық шыңдалуына қолдау көрсету  және рухани қабілеттерін, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы ананың ыстық алақаны мен әкенің өсиетті сөздеріне зәру жаны жарымжан балалардың өмірге деген құлшынысына үміт ұялатқандай. Залдағы көрермен балалар мен жасөспірімдер сахна төріндегі құрбыларының орындаған ән-билерінен ерекше сезімге бөленіп, олардың шад-шадыман көңіл-күйі мен ду қол шапалақтары мейірімділік қасиетінің толассыз жүректен-жүрекке жеткізді.

  

 


Ақын-жазушылар – балаларға

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстық балалар үйінде БатысҚазақстан облысының  белгілі ақын-жазушыларының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесуі өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты - оқушыларды Орал өңірінің ақын-жазушыларымен және олардың шығармашылығымен  таныстыру; білім беру ұйымдарының интернаттық мекемелерінің кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен толықтыру мәселесіне қоғам назарын аудару.
Аталған шараға «Жас дәурен» балалар кешенінің, облыстық балалар үйінің, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері, облыстың ақын-жазушылары А.Нәріков, М.Шүйншәлиева, әдебиеттанушы  Р.Дәулетова, БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және БАҚ өкілдері, барлығы 65 адам  қатысты.
Қатысушылардың назарына:
- Орал өңірінің атақты қаламгерлерінің шығармашылығына арналған кітаптар  көрмесі;
- облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерінің орындауымен жерлес ақын-жазушыларымыз Қадыр Мырза-Әлі, Жұбан Молдағалиев, Ғайсағали Сейтақов, Ақұштап Бақтыгерееваның  өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылып, музыкалық бағдарлама  ұсынылды.
Кездесу барысында ақын-жазушылар қатысушыларды өздерінің балаларға арналған туындылар жинақтарымен, әдеби-шығармашылық өмірбаяндарымен таныстырып, балаларға байланысты өзекті мәселелерге тоқталды және оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Қадірлі меймандар барлық балалар үйлеріне жаңа ғана баспаханадан шыққан туындыларын сыйға тартты.

 


 Әкім өз сөзін орындайды

Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамту бойынша ерекше қамқорлық белгісі ретінде Қостанай облысы әкімінің 2008 жылдың қаңтарындағы Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларында және Жітіқара ауданында шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйлерді салу туралы шешімі болып табылады.
2008-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде 45 жетім бала пәтерлермен қамтамасыз етілді.
2008-2009 жылдар аралығында Рудный қалалық әкімдігімен18 пәтер, 10 пәтер – Қостанай қалалық әкімдігімен, 10 – Жітіқара ауданының әкімдігімен, 2 – Қарасу ауданының әкімдігімен, 1 пәтерден Федоров және Сарыкөл аудандарының әкімдіктерімен бөлінді. Пәтерлерге ие болған барлық жетім балалар санынан 19-ы балалар үйлері, мектеп-интернаттарының бұрынғы тәрбиеленушілері болып табылады.
Міне! Тағы да қуанышты жаңалық! 2010 жылдың 26 қаңтарында Қостанай облысының әкімі С.В. Кулагин жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан бес жас азаматқа жаңа пәтердің кілтін табыс етті.  «Бақытты жандар» ішінде Рудный балалар үйінің 2 түлегі, 1 – облыстық Рудный қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектебінің түлегі, 2 – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің тәрбиеленушілері.
Рудный қаласында жаңа қоныстанғандарға «бүкіл әлеммен» жұмылып тұрғын үйде жайлы орналасуға көмектесу жақсы дәстүрге айналды. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқитын білім беру мекемелері, балалар үйлері, мектеп-интернаттарының ұжымдары, жеке кәсіпкер мен бизнес ұйымдарының басшылары оларға жаңа тұрғын үйде жайлы орналасуы үшін демеушілік және практикалық көмегін тигізді. Облыстық жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның түлегіне, ал бүгінгі күнде Рудный музыкалық колледжінің 4 курс студенті Казакова Валерияға «Док» және «Белая Русь» кәсіпорындары үй жиһазын әзірлеуге көмектесіп, оның туған «мектеп-интернатының», Жасөспірімдер үйінің педагогикалық ұжымдары кілем, төсек-көрпе жабдықтарын және ыдыс-аяқтарды сыйға тартты. Рудный балалар үйінің түлектері жас ерлі-зайыпты жұп Евгений мен Анна Локтевтер және олардың бір айлық қызы Ангелина да жайлы көп пәтерлі үйдегі жаңа пәтер кілтіне ие болды. Евгений № 10 кәсіптік лицейді бітіргеннен кейін Рудный кен байыту комбинатында электрослесарь болып қызмет атқарады. Кәсіпорын оларға жаңа тұрғын үйге ие болуына орай  мұзтоңазытқыш және басқа тұрмыстық техниканы табыс етті.
«Отбасы – адам өміріндегі ең басты қазына. Өзіміздің жанұяға қуанышпен ораламыз. Сондықтан өзімізді бақытты деп санаймыз. Бұл бақытты  сыйлаған жандарға өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз! – деп, бүгінгі таңдағы  жас ана, Анна өз қуынышымен бөлісті.

 


Балалардың ертеңін ойласаң бүгінде бар екенін ұмытпа!

2010 жылдың 23 қарашада  «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясының ұйымдастыруымен «Жетімдер және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың және балалар үйлерінің түлектерінің мәселелері» тақырыбында «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясында пікірсайыс өтті.
Қатысушылар: Қарағанды облысының балалар құқықтарын қорғау департаментінің, облыс прокуратурасының, ішкі істер басқармасының өкілдері, облыстық балалар үйлерінің директорлар кеңесінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Ақниет» жастар  қайырымдылық ұйымының өкілдерімен жасөспірімдер үйлерінің басқармалары, қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының мамандары.
Пікір сайыс, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында өтті.
Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін қызу талқылаған қатысушылар оның шешу жолдарын да қарастырып өз ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда біздің қоғам әлеуметтік жетімдіктің мәселесін толық шеше алмай отыр. Өткір әлеуметтік мәселенің себептерінің бірі - ол  отбасылардың жағдайы төмендеп, тәрбисі бұзылғандығы,  ата-аналар өз міндеттерін атқаруға ниетінің жоқтығынан балаларының тәрбиесімен айналыспауы, ішімдікке, нашақорлыққа шалдыққандықтан,  балалар үлкендердің қадағалауынсыз өз беттерімен өсіп, қаңғыбастық, қайыр сұрау, балалар еңбегін қанау, зорлық сияқты жағдайларға ұшырайды. Анықталған осы себептермен  Қазақстанда   отбасына әлеуметтік көмек көрсету мен асырап алушы ата-аналар институттары жоқ, облыс орталықтарында қиын жағыдайға душар болған отбасыларына оңалту орталығы қарастырылмаған.
Көп жылдар бойы шешілмей  жатқан  аса маңызды  мәселенің бірі балалар үйлерінен  тәрбиеленіп шыққаннан кейін түлектер орта арнайы білім алу ұйымдарына орналастырады. Дегенмен, бұл балалардың кәсіби мамандық алып шыққаннан кейінгі тағдыры беймәлім,  ешкімді толғандырмайды. Баспаналарының жоқтығынан балалар үйлері түлектерінің  көп бөлігі ата-анасының  тағдырын қайталап ішімдікке салынып, ұрлық немесе басқа бұрыс жолға түсіп бас бостандықтарынан айырылғандар мекемесіне жол табады.
Бұл мәселе - тек қана  жетім балалардікі емес, жалпы қоғамның мәселесі. Егер әр-қайсысы өз басын ғана ойласа, бұл мәселе шешімін таба алмайды, қамқорсыз қалу балалардың қалауы емес. Олар бұндай жағдайға душар болғандықтан өмір сүруге деген құлшыныстары мүлдем болмайды.
Балалардың өмірін өзгерту үшін, біз үлкендер өзіміз  әлемге деген көзқарасымызды, құндылықтар жүйесін өзгертуіміз керек. Жоғарда айтылған мәселелерді біз тек  отбасының мәртебесін көтеру арқылы, бүкіл атқарушы ведомстволық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпараттық құралдардың бірігіп қоян-қолтық жұмыс ітеулерінің арқасында ғана шеше аламыз, ал үкімет тарапынан жетім балалар үйлерінің түлектерін баспанамен қамтамасыз ету үшін, пәтер алуға  арнайы жеңілдік кезегіне тіркеу жас аралығын 21 жасқа дейін созса; «Жасөспірімдер үйлерін» кеңейтсе;  түлектер арнайы  мамандық алғаннан кейін бастапқы кезде еңбек ақысын пәтер сатып алуға жинақтағанша, не болмаса үкімет тарапынан пәтер алу кезегі жеткенше  уақытша паналайтын «Жастар үйін» ашып және жетімдерді жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға тиісті шара қолдану ұсыныстарын білдірді.
Пікірталасқа қатысушылар аймақтың мәселелерін қозғай отырып, өзектілігімен көптеген  лебіздер мен пікірлерге ие болды.

 


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Республикалық балалар үйлері директорлары кеңесінің мүшесі, облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваның ұйымдастыруымен 2010 жылдың 22 қаңтарында Қаратал ауданындағы Үштөбе балалар үйінде тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинарыұйымдастырылды.
«Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ іс» атты семинарға  Қаратал аудандық әкімшілік, облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің мамандары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің өкілі, «Айналайын» балалар үйінің, облыстық №1 балалар үйінің, Панфилов көмекші мектеп-интернатының, Үштөбе қаласындағы №13 мектеп-интернатының тәрбиешілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысында «Балалар үйінің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Балалар үйінде сабаққа өзін-өзі дайындау жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Жасөспірім жастағы қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар екі секцияға бөлініп, бірінші секция жұмысында «Айналайын» балалар үйінің логопед, психолог және кітапханашысы аталған мекеме мамандарымен практикалық жұмыстар жүргізді, өзара әдістемелік материалдармен және іс-тәжірибелерімен алмасты.  Екінші секцияға қатысушылар балалар үйіндегі рухани-адамгершілік, этно-педагогикалық,  елжандылық, отансүйгіштік, эстетикалық тәрбие  беру бағыттары бойынша шығармашылық сызба-жобаларын қорғау жұмыстарын көрсетті.
Қорытынды кезеңде семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

  

 


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін төлеуді ұйымдастыру шеңберінде жетім және ата анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің бітірушілерін жұмысқа орналастыруды зерделеу жөніндегі жұмыстар үнемі және жүйелі жүргізілуде. Көрсетілген санаттағы балалардың арнайы орта және жоғары оқу орындарын аяқтамау және үзілістердің себептерін талдауға баса назар аударылуда.
Қайырымдылық көмекті бөлу жөніндегі арнайы комиссия отырысында Астана қаласының жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерімен, колледж мұғалімдерімен көрсетілген санаттағы балалардың арасында кәсіптік бағдардағы жұмыстардың аздығынан балалар өздерінің қалауынсыз басқа мамандықта білім алады деген пікір айтылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне бағытталған жобаның ынталануы мақсатында Департамент директоры Қошқарова Г.Х. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жастардың жетістігі» Алтернативтік білім беру орталығы «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып әзірленген «Ерте кәсіпшілік хабардар болу және мамандықтарды таңдауда оқушылардың өзі тағдырын өзі шешуі» бағдарлама нәтижелерінің презентациясына қатысты.
Осы іс-шарадағы бағдарламаның маңызды бөлімі әрлендіруші-полиграфист жаңа мамандығын студенттерге меңгеру үшін шағын-типографияның ашылуы болды.
Жабдықтауды беру міндетін орындау «Шеврон» компаниясының бас өкілі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаментінің директоры Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы орындады.
Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Шеврон» компаниясының өкілдері және Астана қаласындағы ерте кәсіптік бағдар бағдарламасының қатысушыларының қатысуымен дөңгелек үстел жұмысымен жалғасты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары бірауыздан бағдарламаны ұйымдастырушыларды қолдап, алғыстарын білдірді, сонымен қатар жобаның шеңберін кеңейту қажеттілігі туралы бірыңғай пікірде болды. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры өзінің сөйлеген сөзінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерін ерте кәсіптік бағдардалау мақсатындағы жоба Астана қаласында жалғасуы керек екендігін атап көрсетті. 

 


Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Облыстық директорлар Кеңесінің отырысының өткізілуі

2010 жылдың 21 қаңтарында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының облыстық директорлар Кеңесінің отырысы болып өтті.
Отырыста Кеңестің 2009 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып, 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Кеңес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы өзекті болған мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізді.
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қорытындысы туралы»;
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен және тұрғын үймен қамтамассыз ету»;
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу».
Ұйым басшыларына әдістемелік көмек беру мақсатында келесі материалдар ұсынылды: «Ақтөбе облысы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайының мониторингі (2008-2009 ж.ж.)»,  «Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің жұмысы».

 

  

 


Қамқорлыққа алғыс айтамыз

Қазіргі таңда жас өспірімдердің тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, сонымен қатар мемлекет тарапынан және жеке тұлғалар тарапынан қолдау көрсетілуде.
Оқу белсенділігі мен қоғамдағы әлеуметтік бейімделуі мақсатында  балалар үйінің түлектеріне  «Бөбек » қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу оларды материалдық жағынан қолдау түріне жатады. 
Облыстағы техникалық, кәсіби және жоғары оқу орындарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің түлектері қатарынан оқитын студенттерге материалдық қолдау көрсету бастамасы «Бөбек» қорының Президенті – Сара Алпысқызы Назарбаеваға тиесілі.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне Сара Алпысқызының балаларға сыйлап отырған қамқорлығы мен жылылығы үшін алғыс сөздер келіп түсуде.

 

Тоқтағанова Жансаяның алғыс хаты


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 2010 жылдың  11 ақпанында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың  қызметін үйлестіру, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін облыстық директорлар кеңесін құру мақсатында отырыс өткізілді.
Аталған шараға облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және жекеменшік мекемелерінің директорлары қатысты.
Кіріспе сөзден соң қатысушылар слайд арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда балаларды асырап-бағуға, тәрбиелеуге, олардың жан-жақты дамуына жасалған жағдайлармен және  жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының  облыстық кеңесін құрудағы мақсат, міндеттермен таныстырылды.
Шара барысында балалар үйлерінің директорлары  өз мекемелеріндегі проблемалар мен жетістіктері бойынша пікір алмасып, облыстық директорлар кеңесін құруға қарсы еместігін білдірді.
Қорытынды кезеңде облыстық директорлар кеңесінің мүшелері облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваны төраға ретінде тағайындады.

 


Солтүстік Қазақстан облысында қысқы демалыс уақытында  Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілгендегі туралы

2009 жылғы желтоқсанның 25-і мен 31-і аралығында Солтүстік Қазақстан облысының 12 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің арасында жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті.
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс уақытында департамент мамандарымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Барлық интернаттық мекемелерге жаңа жылды өткізу, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, содай-ақ мереке қорытындысы бойынша ақпарат беру мерзімі анықталған ұсыныстар жіберілді.
Серіктес мемлекет - органдарының, демеушілер атына «АСАР» акциясына қатысу жөнінде және мұқтаж балалардың жаңа жылдық сыйлықтарды  алуына ықпал етуіне 40-тан астам өтініш хаттар жіберілді. Соның негізінде  бір мыңдай сыйлықтар алынып таратылды.. Жаңа жылдық 700 тәтті сыйлықтар сыйлаған демеуші жеке кәсіпкер «С.Н.Харсиевтің» қосқан үлесін айта кеткен жөн. Департаменттен жаңа жылдық құттықтау ашық хаттары дайындалды.
Кестеге сәйкес департамент мамандары «Достық ынтымақтағы Жаңа жылдық таңғажайып» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық  шыршасына қатысатын ауылдық жерлерден Петропавл қаласына келген балалардың тұратын орындарына барылды. Департамент директоры тікелей өзі де  қатысты.
Облыс орталығындағы интернаттық мекемелерде облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында, Петропавл қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылына,   №1, №2 түзету мектеп-интернатында, Петропавл қаласының кәмелет жасқа толмаған балалар үшін баспанада, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернатында, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында, облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау бейімдеу және оңалту орталығында, Петропавл қаласының жасөспірімдер мен балалар үйінде өткен жаңа жылдық  мерекелерге қатыстық.
Департамент қызметкерлері Петропавл қаласының «Асыл - Ана» асырауындағы балалары бар мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігінің, облыстық түберкүлезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесіне, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының жаңа жылдық іс-шарасына да қатысты.
Департамент қызметкерлері және еріктілері  «Абакшино» демалыс аймағында өткен «Адон-Север» мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық қойылымына қатысты. Іс-шараға ата-аналар және 43 бала қатысты.
Облыстық және аудандық, әкімшілік орталықтарының, 208 ауылдық өңірлерінің   көпшілік болатын орындарында жаңа жылдық шыршалар орналастырылды, онда костюмді қойылымдар әр жастағы балалардың қатысуымен өткізілді. Мәдениет қызметкерлерімен қызықты қойылымдар ұйымдастырылды. Іс-шаралар екі тілде өтті. Халық мекендейтін сахналық алаңдар және мұз қалашықтар, хоккей алаңдары және стадиондар жаңа жылдық  демалыс уақытында балалардың жаппай уақыт өткізуінің орны болды. 

 


Жаңа жыл – ең тамаша бәріміз аңсап күтетін және сүйікті мерекелердің бірі. 

Бұл мейрамды балалар да, ересектер де үлкен қуанышпен күтеді. Жаңа жыл оларға көл-көсір қуаныш, сондай-ақ көптеген сыйлықтар түрінде елестейді. Бұл балалар үшін толқынысқа толы, ең сүйікті мереке.
Осы жылы да 2009 жылғы 28 желтоқсан күні Жаңа 2010 жылдың қарсаңында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Аяз атамен және Ақшақармен бірге жаңа жылдық құттықтауларымен және 100 сыйлығымен30 баланың, мүмкіндігі шектеулі 20 баланың, сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы 50 баланың отбасыларына барды. Аяз ата мен Ақшақардың алғашқы құттықтаған отбасыларының бірі Айдарбек Дәулет пен Бақытжанова Перизат; Борщ Евгений мен Егор; Кичкина Екатерина; Рустам, Азира, Анастасия, Светлана, Хамза Куштановтар; Мақсатов Кенжетай, Әділова Әселім мен Өтегенов КамидоллаАяз атаның сыйлық қабын жинауға біздің мейірімді достарымыз «Анвар» ЖШС-і мен СНПС «Ақтөбемұнайгаз» көмектесті.  қамқоршылық/қорғаншылықтағы  қорғаншылық/қамқоршылықтағы, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылар болды.
Аяз ата мен Ақшақардың келгендеріне балалардың қуаныштарында шек болмады. Бөбектер Аяз ата мен Ақшақардың әрбір бала үшін алдын ала дайындаған сыйлықтарын сыйлайтынын біліп, тақпақтары мен жаңа жылдық өлеңдерін жарыса айтты.
Аяз ата мен Ақшақар барлық отбасын құттықтап, кетерінде балалар мен олардың ата-аналарына: «Жаңа жыл барлығымызға амандық-саулық сыйласын, ойда жүрген армандарымыз орындалсын, қай істе де табысқа жеткізе берсін!»
Бұл әрбір отбасындағы әрбір бала үшін есте қаларлық күн болмақшы! 

 

 

 


2009 жылдың 27 желтоқсан күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті “Берілу”  қоғамдық қорымен (басқарма төрайымы И.И.Гилерт) бірігіп «Артисть» агенттігі мен OKAN Astana қонақ үйінің қолдауымен Арнайы түзету мектеп-интернатының (АТМИ), Астана қаласының кәмелетке толмаған балаларға арналған пана үйінің және кәмелетке толмағандарды уақытша оңалту, бейімдеу және оқшалау орталығының (КТУОБОО) тәрбиеленушілеріне және аз қамтылған отбасы балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілікті ұйымдастырып өткізді.
Жаңа жылдық ертеңгілікке барлығы 9 бен 15 жас аралығында 40 бала қатысты. Ертеңгілік OKAN Astana қонақ үйінің залында өтті.
Мерекеде балалар ойындар ойнап, көңілді би кешіне қатысып «Rin Go» және «Не все сказано» топтарының өнерлерін тамашалады.
Жаңа жылдық ертеңгілік соңында «Артисть» агенттігі мен OKAN Astana қонақ үйі балаларға ыстық және тәтті тағамдар, сыйлықтар ұсынды.
Мерекелік іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, асқақ әсер қалдырды.

 


Балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері жаңа жылдық сыйлықтардан қалыс қалған жоқ – оларды облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынды.
2009 жылғы 25 желтоқсанда «Астана» Мұз Сарайында жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін Павлодар облысы Әкімінің жаңа жылдық Шыршасы өтті. Оған 9 жастан 13 жас аралығындағы 150 бала шақырылды. Әрбір қатысушы жалпы сомасы 50 мың теңгені құрайтын кеудеше, бөкебай, бас киім, спорт киім, етік, жұмсақ ойыншықтар, оқу құралдары мен кітаптар салынған аспалы сөмкелерді сыйлыққа алды.  Барлық киімдер жынысы мен жасын ескере отырып, жеке-дара таңдалынып алынды. Балаларға мерекелік бағдарлама ұсынылды, тәтті тағамдары бар үстел, келе жатқан жылдың нышаны бар мерекелік торт жасалды.
Облыстағы қала және аудан әкімдері өз аймағындағы балалар үшін баламалы іс-шаралар өткізді.
Желтоқсанның 21-нен 30-ы аралығында барлық 22 білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жаңа жылдық таңертеңгіліктер, дискотекалар, карнавалдар, қойылымдар болып өтті, мәдени-бос уақыт өткізу мекемелері, театрлар, көрме залдарына бару ұйымдастырылды.  
Мичурин ауылы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері тәтті сыйлықтардан басқа, Казкоммерцбанк ПФ 200 мың теңге сомаға спорт тауарларын және «АЗА» ЖШС (Г.М. Акопян) 80 мың теңге сомаға жаңа жылдық киімдерін сыйлыққа алды.
Павлодар облысының Салық департаменті Павлодар қ. балалар үйінінің 60 тәрбиеленушісіне тәтті сыйлықтар, «Роса» АҚ (А.А. Құрмантаев) – 33 450 теңге сомаға сусындар ұсынды. «АЗА» ЖШС 35 мың теңгеге косметикалық жинақтармен қамтамасыз етті, «Махметова» ЖК 40 мың теңге сомаға илі тондар сыйлады.
Сбербанк России директоры В.В. Юдин Павлодар қаласы № 1 мектеп-интернат балаларына жалпы сомасы 106 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады және Аяз Ата мен Ақшақарды шақырды. Осы интернатқа кәсіпкер В.Г. Шароваров музакалық орталық сыйлады.
Кедендік бақылау департаменті Павлодар қаласы № 2 мектеп-интернаттың 10 белсендісіне Астанаға экскурсия ұйымдастырды.
№ 2 мектеп-интернат түлектеріне облыстың белгілі кәсіпкерлері  қомақты сыйлық жасады: Іскер әйелдер ассоциациясы (Л.А. Фрезоргер), «Ертіс» корпарациясы (Б.К. Дүйсембаев), фирма «Резон» (П.Н. Вырвинский), сауда-өнеркәсіп палатасы (Р.К. Сатабаева) әрқайсысына жеке-жеке 30 мың теңгеден 11 депозит ашты.
Екібастұз қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 276 бала «Благотворительность» ҚҚ (А.М. Брауэр) және «Екібастұз» ҚБҚ (Т.В. Шмидт) тәтті сыйлықтар алды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 балаға және 41 мүгедек балаға тәтті сыйлықтардан басқа Ертіс ауданындағы «Солтанбет» ЖШС (Е.И. Атимов) және «Абай» ЖШС (Н.А. Миллер) жалпы сомасы 309 мың теңгеге қысқы бас киімдер, бөкебайлар және саусақты қолғаптар сыйлады.
«АқтоғайАрго» ЖШС (И.Н. Головашов) және «Надежда» АШ (В.В. Филипшин) 140 жетім, мүгедек және аз қамтамасыз етілген балаларға жалпы сомасы 210 мың теңгеге сыйлық жасады.
Қашыр балалар үйінің 37 баласы Песчаное ауылының кәсіпкері Н. Жұмановадан жаңа жылдық сыйлықтар алды.
Әйгілі вокалды топ «Думан тобы» Шақат ауылы балалар үйіндегі 7 жетім балалар үшін жаңа жылдық қойылым ұйымдастырды, жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Тұяқбаев ЖК құны 4 мың теңгеге жылы көрпелер сыйлады. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы цифрлық фотоаппарат, Шақат ауылының ОМ – радиотелефон сыйлады.
Жаңа жылдық шараларға келген балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін, олардың өмір сүру орындарында тәуліктік кезекшілікті, олардың орын ауыстыруы барысында делегациямен ілесіп жүруін сәйкес облыстық ведомствалар (ішкі істер департаменті, білім беру және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өтрке қарсы қызмет) қамтамасыз етті.
Балалар үшін жаңа жылдық шараларды облыстағы ірі кәсіпорындар ұйымдастырды. «Аллюминий Казахстана» АҚ жұмыскерлерінің 1750 балаларына Жаңа жылдық шыршада Аймауытов атындағы Қазмуздрамтеатрында «Ауылдан шыққан қыз» спектаклімен мерекелік бағдарлама көрсетілді. Балалар тәтті сыйлықтар алды, кәсіпорын басшыларымен қол ұстасып жүріп ән айтты!
Осындай іс-шаралар «Қазақтелеком», «Картон-рубероид заводы», «Машина құрылысы заводы», «Трамвай басқармасы» АҚ және т.б. жерлерде өткізілді.  

 


Жамбыл облысындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мен балалар үйлерінде өткізілген Жаңа жыл мерекесі туралы

Жаңа жыл – тек балалардың ғана емес, сондай-ақ үлкендердің де сүйікті мерекесі, сол себептен №1 Қ.Сарымолдаев атындағы, «Ұлан», балалар үйлері мен В.Савва атындағы мектеп - интернатының, «Үміт» бөбектер үйінің және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жыл сайын құттықтау дәстүрге айналған. Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері облыстағы барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен педагогика ұжымын құттықтады.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облысымыздың танымал меценаттары мен демеуші азаматтарына осынау мерекеде қолдау көрсетуді сұрап хат жолдаған болатын. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Жаңа жылда қолдау көрсетіп, оларға қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі Департаменттің өтінішіне төмендегі мекемелер үн қосып, қолдау көрсетті, олар: Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясы, «Еркебұлан» ЖШС-гі, «Казфосфат» ЖШС-гі, Халық банкінің Жамбыл облыстық филиалы, «Дүйсеке» ЖШС-гі, «Интерлинг Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» америкалық қайырымдылық қорының филиалы, «Казпочта» АҚ, «Альтаис» ЖШС-гі, «Энерджи Тараз» ЖШС-гі, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер.     
Жасөспірімдер үйі мен Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйіндегі Жаңа жылдық мерекесіне Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының өкілдері және Тараз қаласының жергілікті кәсіпкерлері мен демеушілері қатысты.   
Тимофеевтер отбасы үлгісіндегі балалар үйіне Жаңа жыл мерекесімен құттықтап Департамент өкілдері, «Дүйсеке» ЖШС-нің өкілі Сембеков Төребек Досайұлы келіп, балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар мен тәтті жемістер сыйлады.   
30 желтоқсанда Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі тәрбиеленушілерінің Жаңа жылдық ертеңгілігіне Тараз қаласының нарықты  және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының президенті Буданова Елена Николаевна мен Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері келіп, балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Елена Николаевна балалар мен интернат үйі ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға баянды бақыт тіледі. Келген қонақтар балалармен қол ұстасып Жаңа жыл шыршасын айналды.     
Облыстық Жасөспірімдер үйінде 30 желтоқсанында өткен Жаңа жылдық мерекеге «Еркебұлан» ЖШС мен Департамент өкілдері келіп, тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. Сондай ақ Жаңа жылдық кешке  Жасөспірімдер үйінің бұрынғы түлектері өздерінің балаларымен келіп, ұжымға шексіз алғыстарын жеткізіп, барлығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
25 желтоқсанда Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйінде Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі өткізілді.
Мерекені «Ұлан» балалар үйінің директоры ашып, сөзді Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы Керімбеков Мұхтар Амангелдіұлына берді, ол балаларды Жаңа жылмен  құттықтап, жанашыр азаматтарға зор алғысын жеткізді.
Содан соң «Еркебұлан» ЖШС-нің директоры Мырқалықов Мырсапар Мырқамалұлы сөз сөйледі. Ол балаларға 15 жыл бойы демеуші болып келеді, балаларды жылда Наурыз мейрамымен және Жаңа жылмен құттықтайды. Жаны жомарт Мырсапар Мырқамалұлы балаларға түрлі киімдер, сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.
Сонымен қатар Халықтық банкінің Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Қабулова Анар Амангелдіқызы және бас есепшісі Ғалиева Роза Өнербайқызы балаларды құттықтап, оларға тәтті тағамдар мен сыйлықтар сыйлады. Халықтық банкінің Зейнетақы қорының қызметкерлері  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорт тренажерын, «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері плазмалық теледидар, ал американдық «Интерлинк Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» қайырымдылық қоры  филиалының директоры Элизабет Турнок ханым балаларға 2 дана компьютер сыйлады.
Мереке әрі қарай жалғасып М.Х.Дулати атындағы ТарМУ нің құқықтану факультетінің студенттері балаларға арнап ән салып би биледі, оларға Аяз Ата мен Ақшақар болып сыйлықтар тарту етті. 
28 желтоқсанда Мерке ауданындағы В.Савва атындағы мектеп-интернатының мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы тәрбиеленушілері үшін «Жаңа Жылдық шыршадағы қызықты оқиғалар» атты Жаңа жылдық ертеңгілігі  өткізілді. Мерекеге мектеп-интернаттың қамқоршылары, Мерке селосы шекара бекетінің шекарашылары, аудандық Түрік ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Олар балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар мен үлкен мерекелік торт тарту етті.
Сол күні мектеп-интернаттың орта топтағы тәрбиеленушілері «Алладиннің сыйқырлы шамы» Жаңа жылдық көрінісін дайындап, «Біз сіздер үшін ән салып, би билейміз» атты Жаңа жылдық карнавал өткізілді.
Мектеп-интернатта 29 желтоқсанда «Жаңа жылдық ертегі» атты  Жаңа жылдық бал-маскарад ұйымдастырылды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілері келген қонақтарға мерекелік бағдарлама дайындады.
Тәрбиеленушілерді және мектеп-интернат ұжымын Жаңа жылмен құттықтауға аудан және ауыл әкімшіліктерінің өкілдері, балалардың өкіл әкелері, мектеп-интернат бітірушілері мен тәрбиеленушілердің туыстары келді.
«Үміт» бөбектер үйінде өткен Жаңа жылдық ертеңгілікке «Альтаис» ЖШС-гі, «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Таразэнерго» ЖШС-нің және Департаменттің өкілдері қатысты. Келген қонақтар бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, оларға жемістер мен жұмсақ ойыншықтарды сыйға тарту етті.  Аяз Ата және  Ақшақармен бірге бөбектермен шырша айналып, ойын ойнап, ән салып, би биледі.
30 желтоқсанда Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйіне Жаңа жылдық мереке қуанышын бөлісуге «Көк жиек» ЖШС-гі, «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Энерджи – Тараз» ЖШС-гі өкілдері мен  «Омега» және Дәуменов жеке кәсіпкері өкілдері келді. Олар балаларға  жемістер мен жұмсақ ойыншықтарды сыйлады. Американдық «Интерлинк Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» қайырымдылық қоры филиалының директоры Элизабет Турнок ханым  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Үй кинотеатрын сыйлады.

 


Жаңа жылғы шыршаның  шамдары жағылды

Жаңа жыл - жақсылық және үміт мейрамы - үлкендер мен балалардың сүйікті мерекесі. 2009 жылдың 24-29 желтоқсан аралығында Қостанай облысының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 1221 тәрбиенушілері өткен жаңа жылдық шыршаға ұзақ дайындалды. Балалар қонақ бөлмесін безендірді, мерекелік карнавалдық киімдер тікті, тақпақтар, өлеңдер, билер үйренді. Осы мерекені дайындауға облыстың көптеген кәсіпкерлері өз қолғабыстарын көрсетті.
Мереке тамаша өтті! Мерекелік бөлме ертегідегідей көрінді, Шырша шамдары  жарқырап, көздің жауын алады, балалар көңілді- бәрі бір ғажайып керемет күтуде, ойткені әр бала осыны армандайды!
2009 жылдың 24 желтоқсанында «Дельфин» сәбилер үйінің кішкентай бүлдіршіндерін Қостанай облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры құттықтап, жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.  Сол күні облыстың Рудный қалалық  балалар үйінің жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзеу мектеп - интернатының тәрбиенушілеріне құттықтаулары және  сыйлықтарымен  Қостанай облысының әкімі Кулагин Сергей Витальевич, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Шер Раиса Петровна қонаққа келді.
Қонақтардың құттықтаулары әр баланың жүрегінде жылу, қуаныш және бақыт ұяландырды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері   5 компьютер, 50  коньки және 245 сыйлықтарға , мектеп-интернаттың тәрбиенушілері жүмсақ жиһаз бен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Мерекенің қатысушылары қонақтармен бірге қол ұстасып ән айтып, Сергей Витальевич Кулагинді еңбегіне лайық марапатымен - «Отан» орден алғанымен  құттықтап, ие болған сыйлықтарына алғыс айта, қонақтарға концерттік нөмірлер сыйлады.

 


Ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған Жаңа Жылдық шырша    

2009 жылдың 24 желтоқсанында денешынықтыру-сауықтыру кешенінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мәдениет басқармасымен бірге Үлбі әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, қозғалыс-тірек аппараттары бұзылған балаларға арналған әлеуметтік-медициналық мекемесінің және № 21 қосымша мектеп оқушылары үшін ғажайып Жаңа жылдық мереке өткізді. Жамбыл атындағы драмалық театр әртістері мен көптеген көркемөнерпаздық балалар ұйымдарының дайындаған Жаңа жылдық кеші ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасының балалары үшін ұмытылмас, қызықты ертегі әлеміне саяхат болды.  
Балаларға Жаңа жылдық сыйлықтарды: «Казцинк», «Кседа» ЖШС-і - кәмпиттер, «Казнатурпродукт» ЖШС - витаминдер, «Сибирский берег-Азия» ЖШС-тің Өскемендегі бөлімшесі – кириешкалар, ал Beeline сауда маркасы бар «КаР-Тел» ЖШС Өскемендік бөлімшесі фирмалық ойыншықтарды табыс етті.

 


2009 жылдың 18 желтоқсанында Кәрімов Асхат Нүкербекұлының басшылығымен  «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі және басқа да демеушілер облыстық «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Талдықорған қаласындағы «Кристалл» мейрамханасында Қазақстан Республикасының жас жұлдыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәттім» атты кешін ұйымдастырып, өткізді. Құттықтау сөз Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаеваға берілді.
Мереке аясында танымды ойындар, ептілікке және тапқырлыққа, үздік биге, әнге конкурстар және «Менің Отаным Қазақстан!» атты тақырыпқа тақпақтар оқылды.
Аталған мереке ұзаққа дейін балалардың жадында қалады. Кәрімов Асхат Нүкербекұлының басшылығымен «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі облыстық «Айналайын» балалар үйінің бүгінгі күні үнемі демеушісі болып табылады. 

 


Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті интернаттық білім беру мекемелерінің тәрбиешілері арасында «Тәрбиелеудің құқықтық моделі» тақырыбында «Ең үздік тәрбиеші – 2009 жыл» конкурсын өткізді.
1.Конкурстың мақсаты мен міндеті:
- шығармашыл жұмыс жасайтын тәрбиешілерді анықтау;
- олардың кәсіби өсуімен тәрбиешілердің құқықтық қызметінне жағдай жасау;
- интернаттық мекемелердің шығармашыл жұмыс жасайтын тәрбиешілердің ең үздік тәжірибесін дәріптеу.
1. Конкурс екі турдан тұрады:
- бірінші тур (сырттай) 2009 жылғы қазанның 19-ы мен қарашаның 20-сы;
- екінші тур (іштей) 2009 жылғы желтоқсанның 14-і, екі бөлімнен тұрды:
1. Тұсаукесер (10 минут).
2. Мастер – класс (30 минут).
Сырттай конкурстың қорытындысы бойынша он төрт жұмыс шығып, олардың тоғыз жұмысы екінші турға өтті.
Конкурстың екінші туры ағымдағы жылдың желтоқсанның 14-і сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының тәрбиешісі – Сүйіндіков Сәуле Мәжитқызы;
2.Петропавл қаласының №2 түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі – Нағұрбекова Гүлжан Жазитқызы.
Екінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1.Петропавл қаласының спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі – Бүркітова Айман Айтуарқызы;
2.Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернатының тәрбиешісі – Шишкина Инна Владимировна;
3.Петропавл қаласының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі – Слесарева Людмила Сергеевна.
Үшінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады:
1.Тимирязев ауданының Тимирязев жалпы білім беру қазақ мектеп-интернатының тәрбиешісі – Байғұжинова Әсел Балтабайқызы;
2.Петропавл қаласының саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі – Бестик Ирина Викторовна, Ланковская Лариса Владимировна;
3.Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі – Қабдөшева Айгүл Қуандыққызы.
Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен сыйлықтармен марапатталады:
1.Ақжар ауданының Талшық жалпы білім беру мектеп-интернатының тәрбиешісі – Құсайынов Мейірбек Ержанұлы.
Қатысушыларды марапаттаудан соң қонақтарға Солтүстік Қазақстан облысы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларының қойылымымен музыкалық концерт қойылды. 

 

 


«Мен махаббат үшін әлемге қол созамын…»

Қарағанды қаласында алғаш рет балалар үйі мен интернаттар  тәрбиеленушілерін қаланың мәдени өміріне тарту мақсатында әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.
6 желтоқсанда Академиялық музыка театрында Қарағанды қаласының балалар үйі тәрбиеленушілері мен түлектерінің қатысуымен «Я за любовью руки в мир тяну...» театрланған концерттік бағдарламасы өтті.
Көрсетілімге Қарағанды қаласының калалық маслихатының хатшысы К.Б.Бексұлтанов, маслихат депутаттары Н.Е.Сухарукова, К.Б.Оспанова, балалар құқықтарын қорғау департаментінің, ішкі саясат департаментінің, кәсіпкерлер Одағының, БАҚ өкілдері қатысты.
Жоба мемлекеттің тапсырысын орындау аясында жүзеге «Детство» мемлекеттік емес ұйымның орындауымен асырылды. Серіктесі Академиялық музыкалық театр.
Бүгінгі таңда жетім балаларға көп уақыт пен көңіл бөлінуде, бірақ мемлекет оған ерекше категория ретінде қарайды. Жабық балалар үйі мекемесінен шыққан балаларға қоғамда бейімделу қиын. Спектакльдермен дайындықтарға қатысу ол тек актер мамандығымен танысып қана қоймай, сонымен қатар өзінің таланты мен қабілеттерін көрсетеді.
«Я за любовью руки в мир тяну...» - бұл спектакль балалар үйінде тәрбиеленуші балалар проблемасы мен жетім балалардың шынайы өмірі туралы қойылым. Спектакльге қатысуға «Таңшолпан» отбасылық түріндегі облыстық балалар үйі» ММ, «Асем» отбасылық типтегі облыстық  балалар үйі» ММ,  Қарағанды қаласының «Жарқын» жасөспірімдер үйілерінің 12 тәрбиеленуші – актерлері таңдап алынып қатысты. 
Бұл жоба спектакльге  қатысушы балаларға да, көрерменге де  үлкен  әсер қалдырды.  

 


Астана қаласындағы "Ризашылық - Балалар игілігіне ізгілік...!" қайырымдылық мерекесін өткені туралы

2009 жылғы 26 қарашада «Бөбек» Қорының бастамасымен қаладағы «SOS Астана балалар ауылы», Астана қаласының Балалар үйінде, «Астана қаласының Кәмелетке толмаған балаларға арналған панада», «Соловьеваның балалар үйі» ЖМ-інде, балалар интернаттық мекемелерінің тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өтті.
«SOS Астана балалар ауылында» өткен мереке барысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шер, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» бірлескен қордың ұлттық директоры Б.И.Дженалаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пресс-хатшысы А.У. Сандыбаев, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х. Қошқарова, Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері қатысты.
Салтанатты мерекеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев «Бөбек» Қорының атынан сыйлықтар (үй кинотеатры, караоке және видеотекасы бар телевизор) табыстады.
Елордалық Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтауға Астана қаласының әкімінің орынбасары Ә.М. Рақымжанов, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә.Т. Бимендина, Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Е.Бермұхамедова, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы өкілдері келді.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рақымжанов «Бөбек» Қоры Президентінің атынан бағалы сыйлықтар берді (телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека). Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері салтанатты түрде спорт залында балаларға спорттық керек-жарақтар (тренажерлар, доптар, құрсаулар), Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы өкілдері балаларға картиналар сыйлады.
«Астана қаласының Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» ММ-індегі мерекеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма бастығы М.С. Әбдікәрім, Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Р.А.Иманғазинова, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты. Пананың тәрбиеленушілеріне де «Бөбек» Қорының сыйлықтары (телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека) берілді. Балалардың алдына Астаналық цирк әртістері өнерлерін көрсетті.
«Ризашылық» мерекесі «Соловьеваның балалар үйі» ЖМ-інде де өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун «Бөбек» Қорының атынан телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека сыйлады.
Барлық интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне жемістер мен тәттілері салынған «Бақыт себеттері» сыйға тартылды. Мереке мейірімділікке толы, ән мен биге ұласып, балаларға келген қонақтар жылы сөздерін арнады. Ал, тәрбиеленушілер қонақтарға ризашылық-сыйлықтарын ұсынды.
Сондай-ақ, «Ризашылық» мерекесіне орай «Астана қаласының Мамандандырылған сәбилер үйі» ММ-інде әр топта бір жастан екі жасқа дейінгі сәбилерге арналған мерекелік дастархан жайылды. Балалар, дәрігерлер және тәрбиеленушілерді құттықтау үшін «Бөбек» Қоры атынан сәбилерге Астана қаласы Білім басқармасының мамандары музыкалық орталық сыйлады.
Қайырымдылық мерекесіне барлығы 384 бала қатысты.
Қаладағы барлық мекемелерде «Ризашылық» мерекесі 20.00-ге дейін жалғасын тапты.
Қайырымдылық мереке барысына республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 

    

 


Маңғыстау облысында өткен «Ризашылық-балалардың игілігі үшін!» атты қайырымдылық мерекесі туралы

Еліміздің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен Маңғыстау облысында 2009 жылдың 26 қараша күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Маңғыстау облысында бұл қайырымдылық мереке Жаңаөзен қаласының облыстық балалар үйінде, Ақтау қаласындағы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында және балалар баспанасында өтті. Мерекеде  облыстық балалар үйіне, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына және балалар баспанасына Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдерімен үй кинотеатры мен DVD сыйға тартылды. Сонымен қатар 227 тәрбиеленушіге Еліміздің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның  жылы тілек лебізі жазылған открыткалары таратылды.
Мерекенің құрметті қонақтары «Каспиан Дрейджинг энд Марин контрактрс» ЖШС-і, «Sulpak» техникалық дүкені, Маңғыстау облыстық Халық банкі және «Группы компании» директоры Виктор Кох сынды демеушілер балаларға өз сыйларын тарту етіп, тілектерін білдірді. Балалар қонақтарға өздерінің жүректен шыққан шексіз алғыстарын білдіріп, әрбір қонаққа арналған жүрек жарды тілектер жазылған түрлі түсті жүрекшелер тарту етіп, қонақтармен қосылып Ризашылық әнін орындады.
Мерекелік салтанатты дастарханнан кейін, кішкентай бүлдіршіндер өздерінің сүйікті мультфильмдерін Сара Алпысқызының сыйға тартқан үй кинотеатры алдында тамашалады. Ал ересек балалар акт залда караокемен өлең айтып, би биледі. Тамашалағаннан кейін балалар тәрбиешілерін, аспазшыларды және де басқа қызметкерлерді күн сайынғы жылы жүректері үшін, түсіністікпен қарап сыйлаған махаббаттары үшін алғыстарын айтып, оларға өлең шумақтары бар открыткалар, алғыс тілектер, қол өнер туындыларын сыйлады.
Мереке балалар мен облыс әртістерінің қатысуымен өткен «Спасибо за сегодня, спасибо за сейчас!» атты концерттік бағдарламасымен аяқталып, барлық қызметкерлер бірігіп, салтанатты дастарханда жақсы тілектері мен лебіздерін айтты. Жанұялық май шаммен өткен кешкі астан кейін балалар жандарына мереке сыйлаған өздерінің еліне, ертеңгі күнге сенімділік туғызған Елбасына, барша баланың анасы Сара Алпысқызының аялы алақаны, махаббаты үшін алғыстарын білдірді.
Мереке жанұялық кешкі астан кейін Ризашылық әнімен аяқталды.
«Ризашылық- балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесіне келесі бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері шақырылды: «Огни Мангистау», «Маңғыстау», «Лада», «Жаңаөзен», «Жаңаөзен жаршысы», мереке «Хабар» және жергілікті «Қазақстан - Ақтау» телеарнасынан көрсетілді.

 


Алматы облысында өткен «Ризашылық балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі туралы

2009 жылдың 26 қарашасында «Бөбек» қорының Президенті С.Назарбаеваның бастамасымен   жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді.  Аталған шараға Алматы облысының Талғар, Қарасай, Қаратал, Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларында орналасқан 12 мекеме қатысты, оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік балалар үйлері мен отбасы үлгідегі балалар үйлерінің 788 тәрбиеленушісі қамтылды.
Қаратал ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен Үштөбе балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Біз өмірдің гүліміз» атты концерттік бағдарлама ұсынылды, 150 дана  балаларға арналған көркем әдебиеттер сыйға тартылды.  Демеушілер тарапынан 12 компьютер, 2 сандық (цифровой) фотоаппарат, 1 сканер, ксерокс бар түрлі-түсті (цветной) принтер, 2 дана радиомикрофон, асхана ыдыстары (100 тарелка, 100 кесе) және мерекелік дастархан мәзірі толығымен берілді.
Қапшағай қаласындағы Софиенко және Кондрашовтар отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің әрқайсысына қалалық әкімдік тарапынан компьютер, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Есеновтер отбасылық үлгідегі балалар үйіне демеушілер және аудан әкімшілігі тарапынан үй кинотеатры (домашний кинотеатр), Қарасай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен  №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне   концерттік бағдарлама ұсынылып, 207 дана  көркем әдебиеттер  мен әкімдік тарапынан үй кинотеатры (домашний кинотеатр)  сыйға берілді.
Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері 3 ағайынды Бимолдиноваларға және 3 ағайынды Смағұловтарға облыстық әкімшілік тарапынан 1 бөлмелі баспаналар берілді. Одан басқа, үй кинотеатры, караоке сыйға тартылды.
Талғар қаласындағы жеке меншік «Нұр» қайырымдылық жанұялық балалар үйіне аудандық әкімшілік пен мекемелер тарапынан 150 мың теңгелік теледидар, екі кілем және 80 мың теңге ақшалай, «Источник любви» қайырымдылық қорынан 1 млн. теңгеге жұғыш заттар (моющие средства) сыйға тартылды, «Ақниет» жанұя қайырымдылық балалар үйіне 60 мыңға автоматтандырылған кір жуатын машина және 30 мың теңгеге азық-түлік, «Ковчег» жеке мекемесіне микротолқынды пеші (микроволновая печь), кітаптар, азық-түлік, барлығы 140 мың теңге, Купкиндер отбасы үлгідегі балалар үйіне музыкалық орталық пен азық-түлік (120 мың теңге), Осадчих отбасы үлгідегі балалар үйіне ауыл шаруашылық министрлігі мен аудандық әкімшіліктен 150 мың теңгелік 1 компьютер және 30 мың теңге қаражат берілді.
Панфилов облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатына аудандық әкімшілік теледидар мен караоке, жеке кәсіпкер Р.Надырова, Р.Хайбулина - караоке, «Ақбоз» базары – 15 би көйлектері мен аяқкіим, жеке кәсіпкер А.Жанталиева 15 мың теңгеге киім кешек, «Карим» шаруақожалығы - 10 мың теңге, «Ирада» балық қожалығы 2 велотренажер сыйға тартты, «Атлантик» рестораны және жеке кәсіпкер С.Сарсенбеков тәрбиеленушілерге түскі және кешкі мерекелік дастархан ұйымдастырды.
Аталған шаралар барлық мекемелерде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мереке барысында облыстық, аудандық әртістердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цирк нөмерлері көрсетілді.
Қатысушылар, тәрбиеленушілер мен ұйымдастырушылар бұл шараның өте маңызды екенін атап өтті. Бұл шаралар республикалық «Хабар», «Алматы» және облыстық «Жетісу», қалалық «Арай», «Қала тынысы» телерадиокомпаниялары мен республикалық «Айқын», облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және аудандық, қалалық газеттері арқылы халыққа жарияланды.

 


Солтүстік Қазақстан облысында өткен "Ризашылық - балалардың игілігі үшін!" қайырымдылық мерекесі туралы

«Бөбек» қорының бастамасымен қарашаның 26-сы барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
«Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесінің негізгі мақсаты – балаларға  көңілді жанұялық мереке сыйлау, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне қоғамның көңіл аударуға және олардың адамгершілік-рухани дамуына ықпал ету.
Барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мерекелік әртүрлі шарлармен, жалаушалармен, гүлдермен безендірілген, қабырға беттерінде махаббат, ынтымақ, мейірімділік жөнінде жазулары ілінген, акт залының сахнасында еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның суреті орналастырылған. 
Бұл мерекені балалармен ортақтасуға алғыс тілектері, сыйлықтарымен қонақтар келді. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының атынан плазмалық теледидар, музыка орталығы-караоке, үй кинотеатры сыйланды. Барлығы 2,3 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.
Мемлекетімізде Ризашылық күні бірінші рет болып отыр. Интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің есінде ерекше, жанды, жылы күн болып есте қалады.


Атырау облысында «Ризашылық-балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық мерекесі өткен туралы

2009 жылдың 26 қарашасы күні облыстық «Ақбота» балалар үйінде, отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде және С.Қазбаев атындағы №1 жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты мен облыстық балалар үйінде  «Бөбек» Қорының бастамасымен ұйымдастырылған «Ризашылық-балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Мерекеге облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім беру басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының басшылары ірі-ірі шетелдік кәсіпорындардан демеушілер қатысты.
Балалар үйіне Сара Алпысқызы атынан үй кинотеаторына приставка және караоке табыс етілді.
1. №1 мектеп-интернатқа демеушілермен:
- «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л.-Оффшор» компаниясы- «Газель» микроавтобусын, 75 000 тенгеге үстел жапқыштарын;
- «Халықбанк» акционерлік қоғамы- 30000 теңгеге мерекеге қажетті заттарды;
- «Три кита» ЖШС – үй кинотеатрын;
- «Сайпен Қазақстан» -үлкен телевизорды;
- «Россия жинақбанк»-қысқа толқынды пешті, мерекелік тәтті тағамдарды сыйға берді.
2. «Шаңырақ» балалар үйіне демеушілермен:
- «ІСКЕР» Консорциумы балаларға 500 000 тг.көлемінде -  қысқы, спорттық киімдер;
- «КазНИГРИ-Жигермұнай сервис» мекемесі-150 000теңгеге бір жанұяға үй заттарын.
3. «Ақбота» балалар үйіне демеушілермен:
-  «Аджип ККО» компаниясы- үстелге тәтті тағамдарын;
-  жоғары оқу орындарының басшылары- балаларға қысқы киімдер, аяқ киімдерді;
- «Тұрғынүйжинақбанк» акционерлік қоғамы- банкіден әр балаға тегін есеп-шот ашты, канцеляр заттарын;
- «Облтрансгаз» мекемесі-балаларға ойыншықтарды;
- «Атыраугазинвест» мекемесі»- балаларға жылы киімдерді;
- «Эмир Атырау» компаниясы-үй кинотеатрына приставканы сыйға берді.
4.Облыстық балалар үйіне:
-Жеке кәсіпкерлер И.Сатыбалдиев, Б.Гаджи- балаларға қысқы киімдер,ойыншықтар, Ш.Даулеткалиева- фотоаппарат т.б. табыс етті.
Балаларға  мерекелік дастархан жайылып, балаларға облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония артистері, Құрманғазы атындағы музыка мектебі, Музыкалық Академия студенттері концерт қойды.

   

 


Қарағанды қаласында өткен «Ризашылык! Доброта во благо детям!»балалар қайырымдылық мерекесі

Жыл сайын қарашаның соңғы бейсенбісінде жер шарында Қайырымдылық күнін атап өтеді. Бүгін осы мейрам өзінің басты міндетін орындау үшін еліміздің Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваның қолдауымен бізге Қазақстанға келді. 
Қайрымдылық мерекесі әсем безендірілген балалар үйлерінің залдарында барша балалар мен қонақтарды қарсы алудан, директорлардың тәрбиеленушілердің атынан өз туған атамекеніне, Президентке, өздерінің игіліктері және көркейуіне атсалысқан меценаттар мен барлық  азаматтардың жақсы істеріне алғыс айту, құттықтау сөдерімен   басталды.
Жетім балаларға аса зор қолдау көрсеткен демеушілер болды.
Әдемі де нәзік әуезді әндердің әуенінің,  өлеңдердің, жалынды билердің ырғағында қонақтар мен тәрбиеленушілердің арасында сырласу өтті. Жылы ауа райы және жарық зал достық қарым қатынасқа, жақсылық жасауға ықпал еткендей, айналадағыларға бақыт таратып, үлкен отбасының одан сайын нығая түсуіне, бақытты да байи түсуіне көмектеседі. 
Концерттен кейін меймандар мен балалар тәттіге, жемістерге, балмұздаққа толы салтанатты мерекелік түскі асқа шақырылды.  Түскі ас кезінде балалар еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысовнадан тілек- құттықтау хат алды. Соңынан барлығы Алғыс Әнін шырқады.  
Астан кейін бүлдіршіндер ән-күй залында Сара Алпысовнаның сыйға тартқан үй кинотеатрының алдына жайғасып мультипликациалық фильмдерді тамашалады. Ал үлкендер топтарындағы балалар акты залында өздерінің сүйікті әндерін караокеде орындай жүріп, ырғалып би биледі.  
Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының акты залына «Ризашылык! Доброта во благо детям!» қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларын «Рахмет бүгін үшін, Рахмет қазіргі үшін!»  Мерекелік концертіне жинады.  Концерт бағдарламасында облыстың артистері қатынасты, әсіресе балалар  «Super Star Kz» конкурсына қатысқан Романа Кимді ерекше жылы қарсы алды.  
Мерекелік концерттен кейін барлық балалар шырағданмен әрленген жанұялық мерекелік кешкі асқа балалар үйлеріне тарады.  
Қайырымдылық мерекесіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға араналған мекемелердің 1441 тәрбиеленушісі, 600 қызметкері және 40   қонақ –меценаттар қатысты.
Облыстың барлық газеттері мен телеканалдары ақпараттық қолдау көрсетті.  

 


2009 жылдың 26 қарашасында еліміздің Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның бастамашылығымен Алматы қаласындағы барлық әлеуметтік мекемелерінде «Ризашылық» қайырымдылық мерекелері өтті.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «SOS Алматы балалар қалашығы»; «№№ 1,2,3 Сәбилер үйі»; «Жасөспірімдерді уақытша ұстау орны»; «№№ 1,2 Балалар үйі»; «Жанұя» арнайы кешені; №8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты; «Үміт» үйі; девиантты мінез-құлықты балаларға арнаулы білім беру ұйымы; Жастар үйі мекемелерінде «Ризашылық» мерекелік шараларын ұйымдастыру және өткізуге қатысты.
Бұл күні жоғарыда аталған мекемелердегі балалар үшін «Ризамын бүгінге, ризамын қазірге!» мерекелік концертіне шақырылған қазақстандық эстрада жұлдыздарының және тәрбиеленушілердің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама, салтанатты «дастархан» және т.б. шаралар ұйымдастырылды.
Бірінші Ханым С.Назарбаеваның сыйлықтары (үй кинотеатрлары, караокесімен музыкалық орталықтар) салтанатты түрде тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ізгі тілектері жазылған құттықтау хаттары бүлдіршіндерге табыс етілді.

 

   

 


Қызылорда облысында «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткені туралы

2009 жылғы 26 қарашада «Бөбек» қорының бастамасымен  балалар үйлері тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық — Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді. Бұл мереке елімізде тұңғыш рет өткізілмек, оның ең басты міндеті жетім балаларға жылы отбасылық мереке сыйлау болып табылады. Мереке жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының үлкен залында сағат 10.00-де бастау алды, оған интернаттың 102 тәрбиеленушісі және 112 қызметкері қатысты. 
Балалардың меркелік көңіл-күйі барлық қатысушы қонақтарға да берілді. Олар облыстық әкімдік, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы қызметкерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, «Игілік» Корпоративтік қоры, Кедендік бақылау департаменті, «Қыран» ЖШС, «Бабас» ЖШС, «ПетроКазахстан» АҚ және тағы да басқа демеушілер болып табылады. «Бөбек» қорының атынан балаларға үй кинотеатры мен мультфильмдер жазылған 30 DVD-дискі сыйға тартылды. 
Сондай-ақ, балалар үйінің барлық тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алапысқызының әрбір балаға арнаған ақ баталы ашық хатын алады. Сонымен бірге, кедендік бақылау департаменті және «ПетроКазақстан» АҚ 150,0 және 100,0 мың теңгенің чегін тапсырса, «Бабас» ЖШС балалар би ұжымына ұлттық костюмдер берді. Бұл күні балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, караокемен ән айтып, жаңа әдеби-танымдық фильмдер мен мультфильмдер көрді. 
Сонымен қатар, балалар ересектердің (өздерінің тәрбиешілерін, күтушілерін, аспазшыларын, бақшашыларын, қарауылдары мен басқа да балалар үйі қызметкерлерін) өздеріне күн сайын сыйлайтын қамқорлығына, олардың мейірімді жүректеріне, түсіністіктері мен махаббаттарына ризашылықтарын білдіріп, алдын ала дайындалған ризалық ашық хаттарын, қолөнерлерін, суреттерін, өлеңдері мен хаттарын сыйға таратады. 
Ризашылық күнінде балалар мен ересектер (тәрбиешілер, мұғалімдер, күтушілер, қонақтар) тәтті тағамдар, сондай-ақ, тәттілер, пісірілген тағамдар (ұн өнімдері), жеміс-жидектер, балмұздақ түріндегі десерт қойылған мерекелік дастархан басында жылы лебіздерімен және жүрек жарды тілектерімен бөлісті. «Ризамыз бүгінге, ризамыз қазірге!» атты мерекелік концертте облыс өнерпаздары, музыкалық және аграрлы-техникалық колледж студенттері мен мектеп-интернаты тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды. 
Бұл керемет күн мерекелік кешкі аспен аяқталды, онда балалар мен ересектер өздерінің ризашылықтарын білдіріп, осынау мерекенің дәстүрге айналып, жыл сайын тойланады деген сенімдері мен тілектерін білдірді.   

 

  

 


Шығыс Қазақстан облысында «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі  туралы

2009 жылдың 26 қарашасында 13 балалар үйінде, 2 сәбилер үйінде және 5 панажайда 2009 жылғы 16 қарашада сценарийлік Бағдарламаға сәйкес «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Қазақстан Ресубликасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан балалар үйлеріне әкімдік, облыс, қала, аудан мәслихаттарының, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілдері жалпы сомасы 1,8 млн. теңгеге: балалар ауылына, «Үміт» балалар үйіне, Семей қаласының №3 балалар үйіне, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, Новошульба облыстық балалар үйіне плазмалық теледидар мен видеотека жинақтамасымен 6 үй кинотеатрын, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, «Достық» панажайына, Науалы балалар үйіне 5 плазмалық теледидар, «Үміт» балалар үйіне, мектепке дейінгі балалар үйіне, жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына, Семей қаласының №8 балалар үйіне, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, «Подросток», «Светоч», «Сауле», «Арман» панажайларына 13 караокені салтанатты түрде тарту етті.
Сонымен қатар, демеушілермен 3 компьютер, музыкалық орталық тарту етілді, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына 500000 теңгеге спорттық жабдықтар және спорт залын безендіру үшін 250000 теңге телефон аппараты, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына – 8 DVD плеер, туған жер туралы 50 фото-сурет, жұмсақ ойыншықтар мен балмұздақ тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ақ тілекті ашық хаты 1701 балаға мерекелік түскі ас кезінде салтанатты түрде табыс етілді.
Іс-шараға облыстың БАҚ өкілдері белсенді түрде қатысты. Өткізілген іс-шаралар туралы сюжеттер 26 және 27 қарашада «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен-ТВ», «Қазақстан-Семей», «Алва» телеарналарының, «Мақсат» радиосының жаңалықтар мен қорытынды шығарылымдарында берілді.
Қайырымдылық мерекесін балалар үлкен қуанышпен қабылдады және алғыс ретінде Сара Алпысқызы Назарбаеваға 25 алғыс білдіру открыткаларын әзірледі.

 

 

 


Шульба кентінің жасөспірімдерін дамыту жобасы

Орталық Азия Еуразиялық қоры АЕS компаниясы тобымен Шульбинск кенті жастарын, соның ішінде Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерін дамыту бойынша бірлескен жоба әзірледі.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті аталған жобаны қарастырып, оны Шульбинск кентіндегі балалар үйі негізінде байқаудан өткізу бойынша оң қорытынды берді. Осы қорытынды негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі АЕS компаниясы тобымен оны іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Аталған жоба үш жылға арналған. Оны жүзеге асыру барысында тәрбиеленушілердің тілдесу дағдысы мен жетекшілік қасиеттері, тәрбиешілердің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс жүргізу дағдысы дамиды, олардың әлеуметтену деңгейі жоғарылайды, оларға психологиялық көмек және қолдау көрсетіледі. Одан басқа, кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарлануда, оның нәтижесінде балалар үйінің түлектері ішінен жоғарғы оқу орындарына түскендер саны артады және де оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі жоғарлайды. 

 


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы Нүсіпова Г. 2009 жылдың 16-26 қараша аралығында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен өткен «Жастар үйіндегі тәрбиеленушілердің интернаттан кейінгі әлеуметтенуінің ұйымдастырылу жағдайлары» атты курсына  және 19-20 қараша аралығында өткен «Жасөспірімдер үйіндегі бітірушілер арасынан көшбасшы, азаматтық белсенді болуға тәрбиелеу» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарға  қатысты.

 


«Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу» тақырыбында әлеуметтік ұстаздар, қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарына арнап семинар өткізілгендігі туралы

2009 жылғы қазанның 21-і Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік ұстаздар мен қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандары үшін «Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды өткізу мақсаты: «Әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу тәжірибесін облысымызда енгізу және зерделеу, жергілікті көлемде тұрмысы төмен отбасыларын ерте кезден анықтау, әлеуметтік жетімдіктің мәселелерін шешу бойынша ұтымды механизмін құру көзделді.
Семинар қатысушыларына келесі міндеттер ұсынылды:
1.Мамандарды білімін жетілдіру мақсатында  кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қазіргі жағдайдағы әдіс тәсілдерін зерттеп таңу.
2. Жұмыс орнында алған білімін тарату, қорғаншылық және қамқоршылық органдар мамандарының, әлеуметтік ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруына көмек жасау.
3. Практикалық жұмыс процесінде қолдану үшін мамандардың кеңес алуы.
Семинар жұмысын департамент директорының міндетін атқарушы А.А Корабельников басқарды.
Семинарға департаменттің, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті, Білім басқармасы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандары, облысымыздағы қала және ауыл мектептерінің әлеуметтік ұстаздары, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандары сөз сөйлеп қатысты. Барлығы - 52 адам.  
Семинардың күн тәртібіне келесі мәселелер кірді:
 1. Балалардың құқықтарын қорғау аумағында мемлекеттік саясат жөнінде.
 2. Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу мәселелері және оның шешу жолдары.
3. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың рөлі және алатын орны, отбасы тәрбиесінің түрін дәріптеу.
4. Кәмелет жасқа толмағандар арасында қараусыз және панасыздықтың, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.
5. Отбасы ішіндегі сәттілігін нормализациялау, ол қараусыз балалардың алдын алу түріндей.
6. Балалық шақты қорғауда жеке отбасылық жүйесін құру: әлеуметтік жетімдіктің алдын алу тақырыбында сөз сөйледі.
Қатысушылар семинар барысында алдағы ынтымақтастық тәжірибесі мәселесі бойынша ұсыныстарын дайындады, тікелей мәселе бойынша пікір алмасты.
Жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалды. Ұсыныстарды байланысы бар мемлекеттік органдарға жеткізіледі, департаменттің веб-сайтына орналастырылып, департаменттің жұмыс тәжірибесінде қолданылады. 

 

 


2009 жылдың 18 қараша күні Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  ұйымдастырумен Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылданғанына 20 жыл толуы мерекесі аясында «Балалар үйі – балалар құқығының аймағы» тақырыбында заң қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Аталған шараға облыстық прокуратура, білім басқармасы және ішкі істер департаменті, Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы видеоролик көрсетуден басталды және тарихы туралы қысқаша баяндама оқылды. Өткізіліп жатқан шараға байланысты «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері құқық бұзышылық туралы шағын қойылымдарын көрсетті. Сонымен қатар, баланың құқықтық сауаттылығы бойынша білімдерін анықтау мақсатында тесттік жұмыс өткізілді. Шара барысында балалар заң қызметкерлеріне  сауалдар қойып, жан-жақты және толық жауап алды. Кездесу «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды. 


 

Қостанай облысында 216 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар патронат отбасында тәрбиеленуде.
Баланың асырап алған (патронат) отбасында табысты бейімделуі үшін белгілі шарттар қажет екендігін  тәжірибе көрсетеді.
Оларға бала мен отбасының психологиялық сәйкестігі, баланың отбасына түсу себебін, жаңа отбасылық байланыстың тұрақты және ұзақ мерзімді екенін ұғыну, үйреншіктілікті қалыптастыру, асырап алған ата-аналарымен бейімделу кезеңінің заңдылығын түсіну, отбасынан айырылған баланың психологиялық даму ерекшеліктері жатады. Осы сұрақтар, сондай-ақ бала мен патронатты тәрбиеленушілерді бірлесіп өмір сүруге дайындау қажеттілігі, баланы, отбасын психолого-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері қамқорлық және көмек органдарының мамандарын, әлеуметтік педагогтар, психологтар, облыстың патронат тәрбиешілерінің қатысуымен 2009 жылдың 18 қарашасында өткен  «Баланы асырап алған отбасы жағдайында баланың әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері» тақырыбындағы  дөңгелек үстел отырысында тәжірибе алмасу тәртібінде талқыланды.
Кездесуге келген қатысушылар асырап алған ата-аналардың кәсіптік еңбегінің қажеттілігін, оларды дайындау, сонымен қатар отбасын қолдау және жеткілікті бақылау мақсатында оларды сүйемелдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін растады.
Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша асырап алған отбасында тәрбиеленетін балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында қарым-қатынас сұрақтары бойынша ұсыныстар жасалды.


«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» семинар өткізгені туралы

2009 жылдың 16 қазанында Қостанай облысының Ба