Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық

Құрылған: 01.08.2012, 11:50   |  
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық

«Жұлдызай-BI» балалар шығармашылығының он бірінші фестивалінің жеңімпаздары анықталды!

24 мамыр «Балдәурен» (Бурабай) РОСО өткен фестивальдің екінші кезеңінде «Жұлдызай-BI» балалар шығармашылығының он бірінші фестиваль жеңімпаздары анықталды. Қазақстанның 16 қаласынан қатысқан 300 бала еліміздің табиғаты ең таңғажайып «Балдәурен» республикалық лагерінде жиналды, сол жерде балалар көрермен және жан-жақты, білікті әділ қазылар алдында өз шығармашылықтарын ортаға салып, паш етті, әділ қазылар: «BI-Жұлдызай» қайырымдылық қорының директоры Гүлхан Нұрмұханбетқызы Исабаева, режиссер-продюсер Алтынбек Рахметов, әнші, актер Ринат Малцагов, ым-ишарат тілінің аудармашылары Ысраилов Хасан, Нұрымова Самал, «Астана Опера» жетекші әртісі Табылды Досжан және ҚР Тұңғыш Президенті музейінің бас суретшісі Жеңiс Кәкенұлы. Әділ қазы мүшелері қатысушылар даярлығының деңгейінің жоғары екендігін атап өтіп, фестивальге қатысушылар өнеріне тәнті болды. Қатысушылар арасында бас бәйге үшін тартыс өте қызу өтті, жас дарындардың ішінен дарасын бөлектеп алу өте қиынға түсті дейді ұйымдастырушылар. Әділ қазы мүшелері әр қатысушыға мұқият қарап, мейлінше әділ баға беріп отырды, себебі балалардың әр әрекеті, әр қимылы қорытынды нәтижеге әсер ететіндігі түсінікті болды.

«Әнді орындау» номинациясының жеңімпазы Қарағанды қаласынан келген жас ұлан Нұрболдай Кенжебектің өнері залда отырған барша көрерменді бей-жай қалдыра алмады, осындай сезім әділ қазы мүшелерін де билеп алды. Олар дарын иесінің талатына бас иіп, қошемет көрсетті, сезімдеріне ерік берді, алайда осы сәтте, әрине сахна төрінде тұрған Кенжебек ерекше әсерде болғаны түсінікті, алайда сырт көзге көріне бермесе де, тұла бойын қандай қуаныш, қандай бақыт кернеді десеңізші, нағыз әртіс ретінде суық қандылық танытып, ешкімге толқуын білдірмеді. 

- Сахнаға шығар алдында қатты қобалжыдым, жүрегім дүрсілдеді, қолым дірілдеді, бұл сезім әр әртіске тән дүние деп санаймын! Залдағы көрерменнің қолдауын үнемі сезіп тұрдым, алайда ешқандай қобалжуды танытқым келмеді. Әнді өзім таңдадым, алғашқы рет естігенде бұл мен айта алатын және мен жақсы айтатын ән екенін сездім, «BI-Жұлдызай» қорына, «BI Group» компаниясына осындай тамаша мереке, фестивалді ұйымдастырғандары үшін алғысым шексіз! Мен мүмкін жеңімпаз атанармын, мүмкін атанбаспын, одан бейхабармын, әрине, ең бастысы сахнаға шығып нағыз әртіс секілді өнерді жұртқа паш еткенім мені қатты толғандырады, қуантады, деді Нұрдолдой Кенжебек.

- Көшетау қаласынан келген «Біздің диагноз – дарындылық» атты нөмірмен сахна төріне шыққан «Шұғыла» би тобының бишілері «BI-Жұлдызай» 2016 жылғы фестивалінің Гран-Приін жеңіп алып - Біз осы фестивальге өте ұзақ даярландық, сахнаға шығар алдында еш толқыған жоқпыз, өзімізді тек жақсы қырынан ғана көрсете алатынымызға нық сенімді болдық. Фестивальге алғаш қатысқандардың қатарынан емеспіз, осы фестивальге қатарынан 8 жыл қатысып келеміз, таңғажайып әрі тартымды сахнаға қайта оралғанымыз бізді қатты қуантады. Топтың хореограф-жетекшісі Дәурен Хасенов – бұл біз үшін көптен күткен жеңіс болды, балалар жеңісі үшін мен қатты қуанып тұрмын, біз осы фестивальге былтырғы жылдың 1-қыркүйегінен бастап дайындалдық, оқу жылы бойына екінші хореограф Жанар Қазиевамен бірге балалармен би қойып дайындыққа қызу кірісіп кеткен болатынбыз. Екінші не үшінші орын бұйырса деп армандайтынбыз, бірақ Гран-При аламыз деген ой үш ұйықтасақ та ойымызға келмепті! Балалар үшін жасалған осындай мерекелік шараны ұйымдастырған «Жұлдызай-BI» балалар шығармашылығының он бірінші фестивалі әкімшілігіне және мекемеміздің басшысы Светлана Николаевна Никулинаға айтар алғысымыз шексіз!

«Ән орындау» номинациясында кіші топта: Болат Елдос (Есік қаласы, Алматы облысы) орындаған әні «Қазақстан» және Файфер Мария Көкшетаудан «Маленькие гномики» әнімен, ересек топта Мұсаева Асылай Мейірханқызы (Шымкент қ.) «Өмірім әнім» және Нурдолдой Кенжебек (Қарағанды) «Қазақстан» әнімен жеңімпаз атанды.

«Аспаппен орындау» номинациясында Шымкент қаласынан келген үштік «Күй тартыс» нөмірімен - Әлім Нұртілеу Абибұллаұлы, Сайлау Дінмұхаммед Өмірсейқұл, Әмір Азамат Бауыржанұлы жеңімпаз атанды.

«Ым-ишаратпен орындау» номинациясында кіші топта Орал қаласының тумасы «Ізін көрем» атты әнмен Нұрболат Дана топ жарса, ересек топта "Жаңа ғасыр Қазақстан" атты әнмен Қарағанды қаласынан келген квартет жеңімпаз деп танылды, олар - Оплачко Всеволод, Қуанышбек Наргиз, Николаева Валерия және Кабекенова Лаура.

«Би өнері» номинациясында кіші топтың жеңімпазы деп танылған Шымкент қаласының балалары «Аққу» тамаша нөмірмен көш бастады, олар Абдімүтәлі Еңлік Ермекқызы және Жиенбай Бексұлтан Бекмұратұлы, ересек топтың жеңімпаздары - Атырау қаласының тумалары «Хорезм» биін паш етті, олар - Асылбекова Динара, Сүлейменова Перизат, Қожақова Шынар, Сайынова Лаура, Жұмабаева Аяжан және Мұрат Қаракөз.

Бейнелеу және қолданбалы-әсемдік өнер номинациясының нәтижесін ЮНЕСКО «Балалар көркем өнер мектебі» клубының сарапшылары шығарған болатын, бейнелеу және қолданбалы-әсемдік өнер номинациясына іріктелген барлық жұмысты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайында 31-мамыр тамашалай аласыздар, музейдің әкімшілігі дарынды балалардың өнерін барша қауым көрсін деген мақсатта арнайы көрме ұйымдастырып отыр. Өткізілген шараға атсалысқаны және қосқан үлесі үшін BI Group холдингіне шексіз алғысымызды білдіреміз.

Фестивальдің екінші кезеңі бір мезетте, көзді ашып жұмғанша өте шықты, өте қызықты, тартымды, пайдалы бағдарлама даярланды – олимпиада жеңімпаздарымен шеберлік сыныптары, саяхат, көрме, еліміздің танымал жұлдыздарымен кездесу, жаңа достарымен қауышу болды, нәтижесінде балаларға таңғажайып мереке, мейрам сыйланды. Бүгінгі таңда «BI-Жұлдызай» фестивалі – ерекше білім беру сұранысына ие балалар үшін өнер, музыка, ән, шығармашылықта өз дарындарын көрсетуге жасалып отырған тамаша мүмкіндік. 2016 жылы балалар шығармашылығының Республикалық фестивалі дәстүр бойынша Халықаралық Балаларды қорғау күніне орайластырылған гала-концертпен аяқталады, ол 1-маусымда 12.00 (Астана уақытымен) «Қазақстан» Орталық концерт залында өтеді.

Фестивальдің бас демеушісі: Холдинг Bi Group

Фестивальдің демеуші және серіктес компаниялары: Әліби Агро астық одағы, Алтын Қыран компания тобы, CVL компаниясы, ERG Еуразия тобы, Zhan Alemi Group, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейі, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитеті, Балалар көркем өнер мектебі –ЮНЕСКО клубы Астана қ.

Ақпараттық қолдау көрсеткен: “Today.kz” Жаңалық интернет порталы, «Iскер Медиа» ЖШС, “Baq.kz” ақпараттық агенттігі. 

Астана қаласында 2016 жылғы 14 мамырда  «Білім жолы» Республикалық интелектуалдық марафоны аяқталады. Қазақстанның барлық өңірлерінен жеңімпаздар мен финалды өткен арнайы білім қабілеттері бар жеңімпаздар  қатысады.

Өткізілетін орын: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, 188 көшесі, 23/1 үй, №67 Гимназиясы.

Күні: 2016 жылғы 14 мамырда

Басталуы: 08.30

Марафон ұйымдастырушылары:

ҚР Білім және ғылым министрлігінің бала құқықтарын қорғау комитетінің қолдауымен «Асыл бала» Республикалық ассоциациясы.

         Шара өткізу мақсаты кішкентай сынып оқушыларының шығармашылық және ізденіс сипатындағы есептерді шығару қабілетін анықтау және оны дамыту, жетістік/кемшілік және құрылымды қимылдау икемдерінің себептерін түсіну.  Бұл процесс білім беру саласындағы таңдауды анағұрлым жеңілдетеді, бала қабілетін дамытудың мейлінше дұрыс жолын таңдауға көмектеседі, жеткіншектерге жоғары сапалы білім беру  біздің еліміздің XXI ғасырдағы жетістігінің кепілі емес пе.

Марафонға қатысатындар: тек ата-аналар тарапынан ғана емес, сондай ақ  қоғам тарапынан да аса қамқорлықты қажет ететін және жоғары интелектуалдық қабілеттерін өте жиі көрсете алатын мектепке дейінгі мекемелердің балалары, жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сынып оқушылары мен білімдерін ерекше дамытуды қажет ететін дарынды балалар.

Марафонның мазмұны мен өткізу шарты әр оқушыға өзін көрсету, қатысудан рахат алу, өз мүмкіндігін сезіну және мектептегі оқудың қызықты екендігін, қуаныш әкелетіндігін ең бастысы пайдалы екендігін сезіну мүмкіндігін береді.

Марафон жас мөлшеріне қарай үш кагориямен өткізіледі: мектепке дейінгі мекемелер; 1-2; 3-4 сыныптар және  әр түрлі бағыттағы қызықты тапсырмалармен толтырылған. Барлық қатысушыларға  сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар жалпы сынақтан кейін ұйымдастырушы комитеттің дипломдарымен және сыйлықтарымен марапатталады. Конкурс жеңімпаздарын дайындаған ұстаздар алғыс хаттарымен марапатталады.

Балалар үшін  жарқын оқиға, жарыстың толқытар сәті. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін басқалармен өзін тең санау мүмкіндігі. Ата-аналар үшін үйде қандай ойындар мен әдіс-тәсілдер қолдану керектігін біліп алу мүмкіндігі, балаларының ой жүйесінің математикалық немесе гуманитарлық екендігін түсінуі. Мұғалімдер үшін жас дарындармен қосымша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру әдістерін, жаңа тәсілдермен үйретуді тану.Ғалымдар үшін білім берудің теориясы мен  практикасын біріктіру, бақылау мен талдау алаңы.

    Марафон бейкоммерциялық негізде өткізіледі және қатысушылар тарапынан ешқандай ақшалай шығынды талап етпейді.

Шара үш бөлімнен тұрады

1. Ашылуы.

2. Конкурстық бөлім- қатысушылар командаларының -(жол парағына сәйкес) рет-ретімен әр түрлі «станциялардан» өтуі.

3. Жабылуы. Концерттік бағдарлама және фестиваль лауреаттары мен қатысушыларын марапаттау салтанаты.

Жеңімпаздарды  құрамына Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласының білім беру басқармасының, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталықтың өкілдері, Москва қаласының педагогтары, ата-аналар,ғалымдар енетін қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының бағалауына  қатысушылардың тапсырмаларды орындау бағасы қойылған (жауап) бланкылар тапсырылады.

«Асыл бала» РА Баспасөз қызметі

Байланыс тел.: 8 702 155 7545

www.asylbala.org

 Ләззат Шаменова

 87015508660

«Аспан Арыстаны» Қайрымдылық қоры» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
 
2014 жылғы 11 наурызда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Аспан Арыстаны» Қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Қор қызметінің мақсаты балалар үйінің тәрбиеленушілеріне және түлектеріне, олардың әлеуметтік ортаға кіруіне көмек көрсету болып табылады.
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қоғамдық қормен ынтымақтастығы «Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірі мен мәнсапты жоспарлау» республикалық жоба және меморандум шеңберінде жүргізіледі.
Балалар үйі түлектерін жұмысқа орналастыруға, білім беруге, бұдан әрі қарай әлеуметтендіруге, бала құқықтары туралы халықтың ақпараттандыру деңгейін арттыруға, қиын жағдайға душар болған балаларға әлеуметтік көмек беруге бағытталған жобаларды бірлесіп іске асыруы жоспарлануда.
        
Астана қаласында Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың кезекті баяндамаларын ұсыну жөнінде дөңгелек үстел өтті
 
2014 жылғы 28 ақпанда Астана қаласында Әмбебап кезеңдік шолу шеңберінде үкіметтік емес ұйымдардың кезекті баяндамаларын ұсыну жөнінде дөңгелек үстел өтті. Шараны БҰҰ-ның Жоғары комиссары басқармасының Орталық Азия бойынша өкілі А.Арутюнянның  қатысуымен Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстанның халықаралық бюросы ұйымдастырды. 
Үкіметтік емес ұйымдары және мемлекеттік органдарының өкілдері Адам құқықтары жөніндегі Комитеттің ұсынымдарын Қазақстан Республикасымен орындауына шолу жүргізді.
Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шер қатысып, сөз сөйледі. 
                                     
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы «Eventika Unite» корпоративтік қорының бас директорымен жүздесті
 
2014 жылғы 17 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде 2013 жылда ынтымақтастық туралы қол қойылған меморандум аясында Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р. Шер «Eventika Unite» корпоративтік қорының бас директоры М.Б. Омаровпен жүздесті.
Кездесу барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жасөспірімдердің аутодеструктивті мінез-құлықтын көрінісін алдын алу процесінде ата-аналардың, педагогтардың, тәрбиеленушілердің балалар арасында серіктестік қарыс-қатынасты дамыту саласында бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар,  «Жолдас» кешенді көмек көрсетудің біріктірілген орталығын құру мәселелері қаралды.
Орталық жұмысының басты мақсаты өзіне өзі қол жұмсауды, балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікпен қарауды төмендетуге бағытталған балалар мен жастарға шұғыл психилогиялық көмек көрсету болып табылады.
Жоба Қазақстан Республикасы аумағында тегін телефон желісінің қамтамасыз етумен Интернет-платформада жүзеге асырылады. Орталық тәулігіне 24 сағат, аптада 7 күн үзіліссіз және демалыссыз жұмыс жасайды.

Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің отырысы
 
Бүгінде балалар құқықтарын қорғау мәселелері мемлекеттің назарында, олардың шешілуі көбінесе әр түрлі құрылымдармен, соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынасқа байланысты. Серіктестік қарым-қатынастың дамуы, балалар мүдделеріндегі қызмет бағытындағы келесі бағыттар бойынша ұсыныстарды талдау, Қарағанды облысындағы кәмелетке толмаған балалардың жағдайын жақсартудағы басым бағыттарды айқындау – Балалар құқықтарын қорғау басқармасы жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесі отырысының тақырыбы осындай болды.
Қатысушыларға Қарағанды облысы бойынша балалар жағдайы анализі ұсынылды, белгіленген мәселелерді шешу жоспары туралы айтылды, сондай-ақ балалардың игілігі үшін бірлесіп ұйымдастырылатын іс-шаралар талқыланды.
 
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
 
Отбасын қолдаудағы әлеуметтік қызметтерді дамыту үшін заңнамалық реформалар қажет
 
Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар отбасын қолдау бойынша әлеуметтік қызметті дамыту үшін заңнаманы реформалауды ұсынады. Бұндай пікірді бүгін Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысында «Отбасы академиясы» Отбасын қолдау орталығы» қоғамдық қорының директоры Шолпан Байболова білдірді. Еске салайық, комитеттің отырысы депутат Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен болатын.
«Біздің идеямыздағы басты мақсат - ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасылардың тәрбиелік қамқорлығына орналастыру. Яғни, интернаттық мекемелерді айналып өтіп, отбасыдан отбасыға өткізу. Сосын мұндай патронаттық отбасыларға білікті көмектерімізді аямауымыз керек. Бұл маңызды, өйткені, интернаттық мекемелердегі бала тәрбиесі оның даму аясына кері әсерін тигізетін фактілер де кездесіп жатыр. Ал тағдырығы қиын балалар жайлы отбасылардың ортасына, ондай балалардың тәрбиесіне машықтанған әрі жұмыс істей алатын отбасылық ортаға түссе, онда әлгі балалардың бейімделу кезеңі де барынша жақсы жүреді», - дейді Ш.Байболова.
Осыған орай, қор басшысы бала құқығын қорғау жөніндегі органдармен бірлесе және үкіметтік емес ұйымдарды қатыстыра отырып арнайы сараптамалық жұмыс тобын құруды ұсынады. «Бұл сараптамалық топ отбасын қолдау және отбасы құндылықтарын қорғау бойынша әлеуметтік қызметтерді дамытуға бағытталған ұсынымдар әзірлеумен айналысса. Кейіннен осы ұсыныстар негізінде қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге де болатын еді», - дейді Ш. Байболова.
 
 22 қазан 2013 ж. ҚазАқпарат 
 
Отбасылық тәрбиелеу орталығының Астана қаласының ҮЕҰ форумына қатысуы
 
2013 жылғы 20 қыркүйекте Отбасылық тәрбиелеу институтың директоры  Л.Н. Набитовская  Астана қаласының  ҮЕҰ «Азаматтық қоғам – елді жаңғыртудағы стратегиялық серіктес» форумының жұмысына қатысты.
Форум Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында өтті.
ҮЕҰ форумының модераторы ретінде әкімінің орынбасары А.Ғ.Балаева болды. Форум екі бөліктен құралды: планерлық отырыс пен секциялар бойынша жұмыстар. Пленарлық бөлігінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі  Қырықбаев Арман Оразбайұлы қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.
«Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» ЗТҚ төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ю.Романовская ханымның «Қоғамның белсенді азаматтық ұстанымы, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту факторы ретінде» тақырыбындағы сөзі залды жандандырды.
Форумға жиналғандар Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Н.К.Ерімбетовтің «Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі» тақырыбындағы сөзін қызыға тыңдады. Форумның қатысушыларына Ресейдегі үкіметтік емес сектордың қалай жұмыс істейтіндігі туралы Мәскеу қаласындағы «Өзгерістердің қарсы алдында» қайырымдылық қоғамының өкілі Мехти Ализаде айтып берді. Оның баяндамасының тақырыбы: «Бизнестің копоративтік әлеуметтік жауапкершілігі: халықаралық тәжірибе» деп аталды. 
Қалалық форумда құрамына біздің ұйымымыз да кірген, ҮЕҰ  ІV Азаматтық Форумына қатысатын делегаттар анықталды.
 
Л. Набитовская
  
Алматы қаласында «Балалардың құқықтарын қорғау басты назарда: кәмелетке толмағандардың әділ сотқа қол жетімділігі құқығын қамтамасыз ету кепілдігі» халықаралық конференция өтті

2013 жылғы 12 маусымда Алматы қаласында қоғамның және сарапшылардың назарын аудару мақсатында «Балалардың құқықтарын қорғау басты назарда: кәмелетке толмағандардың әділ сотқа қол жетімділігі құқығын қамтамасыз ету кепілдігі» халықаралық конференция өткізілді.  
Ұйымдастырушылар: Орталық Азия Евразия Қоры (ФЕЦА) ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен бірлесіп және Финляндия СІМ қаржыландырылған «Заң алдындағы теңдік» бағдарламасы шеңберінде өткізілді.
Іс-шараға бес елден мемлекеттік құрылымдар, соттар, жетекші ҮЕҰ өкілдері және омбудсмендер қатарынан 100-ден астам адам қатысты.
Конференцияда тұрғындардың осал топтарына, соның ішінде балаларға тегін құқықтық көмек көрсету мәселелері талқыланды.
Қатысушылар Қазақстанда соңғы жылдары балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде маңызды шаралар қолданылғанын, отбасы мен балалар мәселелері бойынша мамандандырылған соттардың құрылғанын атап өтті.
Сондай-ақ конференцияда осы саладағы атқарылған жұмыстардың нәтижесі және жоспарланған шаралар талқыланды.
Қорытындысында конференцияға қатысушылармен Үкімет, донорлар, азаматтық қоғам мен «Заң алдындағы теңдік» бағдарламасы үшін ұсынымдар әзірленді.

Республикалық үкіметтік емес ұйымдары консультативтік кеңесінің V кеңейтілген отырысы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің отырысы туралы баспасөз хабарлам

010000, Астана қаласы,
Орынбор көшесі, № 8-үй,
11-кіреберіс, 607-кабинет
тел:(7172) 74-24-14 
www.edu.gov.kz
 
2013 жылғы 19 сәуірде сағ. 10.00-де Павлодар қаласында «Отбасы қолайсыздықты және әлеуметтік жетімдікті алдын алуда ҮЕҰ-дың және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру» атты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдары консультативтік кеңесінің V кеңейтілген отырысы және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесінің отырысы өтеді.
Кеңес отырысына «Бота» қорының атқарушы директоры Аарон Борнстин, Орталық Азиядағы Еуразия қорының  атқарушы директоры Ринад Темірбеков,  сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдары өкілдері, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ кеңесінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының республикалық кеңесі мүшелері, үкіметтік емес ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысады.
«Орталық Азиядағы Еуразия қоры» корпоративтік қорының халықаралық кеңесшілері отырысқа қатысушылар үшін балалар үйі түлектеріне арнайы әлеуметтік қызметті көрсету стандарт жобасын ұсынады. 
Аталған стандарт жобасы Қазақстанның бір топ сарапшылардың ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен серіктестікте, «Бота» қоғамдық қорының және Орталық Азиядағы Еуразия қорының қолдауымен әзірленді. Стандарт жобасына ұсынымдамаларды жасау мен талқылауға Ресей Федерациясы Қатыгездікпен қараудан балаларды қорғау ұлттық қорының президенті – А. Спивак, Беларусь Республикасының балалардың құқықтарын қорғау және оқыту бойынша консультант Т. Степанова қатысты.  
Республикалық кеңес отырысының қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданады.

Дені сау жастар – дені сау қоғам кепілі
 
Сапалы өмірді қамтамасыз етуге бағытталған негізгі іс-әрекет үшін заңдық және моральдық негіз болып табылатын Балалар құқығы туралы Конвенцияда жасөспірімдер мен балалар арасында денсаулықтың  қол жетерлік деңгейіне құқығы бекітілген.  
2013 жылдың 29 наурызында Қарағанды облысының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы баспасөз орталығында Қарағанды облысының жастар бастамашылдығы орталығының  ұйымдастыруымен «Дені сау жастар – дені сау қоғам кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.  Мақсаты  - салауатты өмір салтын насихаттау,  жастарды дене шынықтыру мен спортқа баулу, жастардың бос уақытына қатысты өзекті мәселелерді  талқылау.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы Баллардың құқықтарын қорғау департаментінің, денсаулық сақтау және ішкі істер басқармаларының, білім бөлімнің, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, Қарағанды қаласындағы № 3 аурухананың жанындағы «Дос» Жастар денсаулығы орталығының, «Сау ұрпақ» қоғамдық бірлестігінің, наркологиялық диспансердің, Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ, ҚарМТУ, ҚарММУ, КЭУ, «Болашақ» институтының, «Фемида» Заңгер Академиясының жастар ұйымдары және БАҚтың өкілдері қатысты. 
Дөңгелек үстел аясында салауатты қалыптастыру мәселелері талқыланды, қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, қатысушылар талқылауында  келесі маңызды тақырыптар  болды: Балалардың құқықтарын қорғау департаментіндегі «Сенім телефон жұмысы», «Балалар қоғамдық қабылдауы»; «Түнгі қаладағы балалар» акциясын іске асыру және т.б.
Дөңгелек үстел жұмысының аяғында қатысушылардың ұсыныстары қабылданды. 

Бүгін Павлодар қаласында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесі отырысы өтті
27.03.2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2013 жылғы 27 наурызда Павлодар қаласының Достық үйінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Кеңейтілген кеңес отырысында 100-ден астам адам: жергілікті атқарушы органдарының, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Павлодар облысының ата-аналар және педагогикалық қауымдастығы қатысты.
             
Іс-шараның өткізілу мақсаты – республиканың білім беру кеңістігінің тұтастық шарттының қажетілігі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау, оларды кешенді шешілуіне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту.
Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Амангелдіұлы Өрсариев ашты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі С. Шаяхметовтың төрағалығымен өтті. Кеңес отырысы барысында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Павлодар облысының педагогикалық қоғамдастығы өкілдерінің сөз сөйледі.
Республикалық кеңесі отырысының қорытындысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша ұсынымдамалар қабылданды.

2013 жылғы 14 наурызда Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мұражайымен бірлесіп мектепшілік дебат қозғалысын дамыту мақсатында  Астана қаласының педагогтарына арналған оқыту семинарын өткізді. 
Аталған шараны «Республикалық пікір-сайысшылар ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің тренерлері:  М. Ербатыров, Д.Насырова, Р.Киимбаев, У.Айхожаев, А.Қабылдин жүргізіп, турнир қарарларына және дебат турнирінің өтілуі ережелеріне тоқталып өтті.  
Оқушыларды пікір-сайыстарға дайындауда  педагогтардың өзара тәжірибе алмасуы мақсатында  практикалық сабақтар өткізілді. Олар ұсынылған қарардың тақырыптары, көтерілген мәселені талқылау мәдениеті, дебат турнирін өткізу кезінде оқушыларының әлеуметтік  және шығармашылық белсенділігі арттыру   туралы  өз ой пікірлерін ортаға салды.        
                 
Шараны қорытындылай келе Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы  Т.Т. Жағыпарова осындай практикалық сабақтар қатысушыларға  пікірталасу ережелерін ашуға, шешендік пен шеберлікке  үйрететінін атап өтті. 

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылдың  27 ақпанында балалардың қоғамдық ұйымдарын белсендіру мақсатында білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған  оқыту семинарын өткізді.  
Семинар мақсаты:  өскелең ұрпақты қоғамда болып жатқан әлеуметтік мәселелерге тарту және оның шешу жолдарын үйрету.
Сонымен қатар, педагогтардың практикалық білімін кеңейту болып табылды.
Семинарға 21 білім беру мекемелерінен  25 педагог қатысты.
                        
Аталған семинарды Департамент директорының орынбасары  Бермұхамедова Зәуре Есполқызы ашты. Зәуре Есполқызы  семинар қатысушыларына жобаны бағалаудың критерилеріне яғни  қойылған проблемалардың маңыздылығы мен өзектілігіне, жобаны өздігінен әзірлеуге,  тақырыптың  өзектілігіне қаржыға сай дәлелділігі мен шынайылығы, байқауға сәйкес жобаның талаптарына сәйкес көңіл бөлулеріне тоқталып өтті.
Оқыту семинарын «Ұлттық волонтерлар жүйесі» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы  Ким Вера Александровна жүргізді.  
Семинар барысында Вера Александровна әлеуметтік жобаны қорғауға сай талаптарды түсіндіріп, қоғамдық тыңдау барысында жобаны дұрыс  қорғау  туралы,  жобаның іске асырылуы барысының қисынды аяқталуын көрсете білу қажет екендігін айтты.
Оқыту семинарының соңында педагогтар өз ой пікірлерімен алмасып, сұрақтар қойды.

«Жастар жетістіктері» оқу орталығы»» қоғамдық қорымен балалар үйінің мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерін мектепке дайындау

«Жастар жетістіктері» оқу орталығы»» қоғамдық қорымен 2013 ж. 15 ақпанда Атырау қ. №1 С.Қазыбаев атындағы мектеп-интернатында «Арттерапия және емдеу денешынықтыру кешені» арқылы бейімдеу механизмдерін жетілдіру тақырыбында мастер-класс өткізілді. Мастер – класс балаларды ерте жетілдіру олардың шығармашылық әлеуттік жетілдіру бағдарламасы бойынша жылдық жобаның аяқталу шеңберінде ұйымдастырылды.
Осы орталықпен «Бақытты балалық шақ» жобасы жасақталып, 2012 ж. 1 сәуірден бастап 2013 ж. 13 наурызға дейін 3-7 жастағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен жұмыс жүргізілуде.
 Жобаның мақсаты –балалар үйінің мектепке дейінгі жастағы тәрбиеленушілерін әлеуметтендіруді арттыру және мектепке дайындау.
Мастер классқа Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары, Атырау мемлекеттік университетінің мұғалімдері, студенттер, волонтерлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Мастер-класс өткізу кезінде балалар өздерінің орындаған жұмыстарын көрсетуін үлкен қуанышпен қабылдап, олар өздерінің жұмыс-жетістіктерін мақтанышпен жиналғандарға көрсетіп, айтып жатырды. Балалармен жұмыс кезінде олардың жас шамасына, жұмыстың орындалу сапасы бойынша ешқандай шектеулер қойылған жоқ, бұл шарадағы ең маңыздысы - шығармашылыққа деген қызығушылықты арттыру. Көрменің нәтижесі көрсеткендей – барлық бала талантты.
Тренинг кезінде, балардың ерте даму бағдарламасын енгізуге әсер ететін  ойындар жүргізілді. «Әр түрлі жағдайларға байланысты міндеттер» тақырыбындағы өткізілген ойын балалар мен ересектер арасындағы қарым – қатынастардың маңыздылығын көрсетті. Бұл шара барысында тәрбиешілер балаларға әр түрлі жағдайға тап болған кезде олардан шығу тәсілдерін түсіндіріп, өздерінен үлкен адамдармен сөйлесіп, сөйлеу дағдысын  жетілдіру, әлеуметтік байланысты арттыруға жағдай жасады.
              
Орталықпен тәрбиеленушілермен сюжеттік ойындарды ұйымдастыру, оқу жаттығуларын орындау, сонымен қатар, жеке ойын әдістерін жүргізуіне байланысты 3-4 жас шамасындағы балаларда бояумен жұмыс жасауға қызығушылық пайда болған. Балалар бояумен жұмыс жасау кезінде керек заттарды танып бастады (қылқалам, төгіпалмау құралын), жұмыс кезінде түстерді ажырата алатындай болды.
Орталықтың қызмет көрсету мерзімінде интернаттық ұйымдарда ерте жетілдіру бағдарламасы бойынша апта сайын 2-3 сабақтан өткізіліп тұрды: олар шығармашылық потенциалдарын дамыту бойынша,  балаларды әлеуметтендіру (психологиялық курс), логопед және емдеу денешынықтыру кешені бойынша курстар.
Драма театрына «Муха-Цокотуха», музыкалық спектакліне, қала бойынша Исатай және Махамбет даңғылдарына, «Жеңіс паркіне» саяхаттар ұйымдастырылды.
«Бақытты балалық шақ» жобасы бойынша 25 бала оқып, мектеп алды даярлықтан өтті.

«Экстремалды қысқы жағдайлар» операция аясында Қарағанды облысында қайырымдылық акциясы

Өмірде қиын жағдайға тап болғандарға, зардап шеккендерге көмек көрсету және адамдардың  өмірін, абыройын қорғау басты ізгілік көмек болып табылады.
«ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамы»ҚҚ Қарағанды қаласындағы бөлімшесі Қарағанды облысында «Экстремалды қысқы жағдайлар» операциясын бастам алды. Бұл акция аясында қызметкерлер мен өз еркімен  көмек бергісі келген адамдар толық емес отбасыларға, қарт  адамдарға күн сайын азық –түлікті реттеп жеткізеді.
Бұл операция аясында «ҚР Қызыл Жарты ай Қоғамы»ҚҚ «Мир добра» ҚҚ балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірігіп қиын жағдайға тап болған департамент патронатындағы 35 аз қамтылған отбасыларына 25 қаңтарда қайырымдылық акциясын өткізді. Барлығы азық-түлік дорбасын алды.
Бұндай акциялар көп болатынына және әр қарағандылықтың осындай жандарға көніл бөлуге уақыт табылатына сенеміз.

Медиация институтының дамуы

24 қаңтарда Қарағанды облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәжіліс залында «Қарағанды облысының ювеналды сотында медиация институтын қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.  
Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік құрылымдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.  
Іс – шара барысында облыстың соттарында медиацияны енгізу, кәсіби медиаторлар ұйымдарының ювеналды сотпен және ювеналды әділет, полиция органдарымен өзара әрекеттестік сұрақтары қаралды.
Қатысушылар облыс аймағында бала құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы  медиация орталықтарының қызыметімен танысты.  
Дөңгелек үстел соңында медиация институттарының мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен келешекте өзара әрекеттестігі үшін ұсыныстар әзірленді.

Ақпараттық-консультациялық қызметтердің жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша өткізілген дөңгелек үстел

2013 жылғы 17 қаңтарда Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Облыстың балалар тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде ақпараттық-консультациялық қызметтердің рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел отырысына Ақпараттық-консультациялық, психологиялық қызметтер Қауымдастығының мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстың мемлекеттік мекемелерінің  басшылары қатысты.
Дөңгелек үстел барысында З.О. Қожанованың (Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы), Ф.А. Ташимовтың  («Нұр Отан» ХДП  Павлодар облыстық  филиалы қоғамдық қабылдауының меңгерушісі),  Т.В. Проказованың (Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы әлеуметтік көмек және әлеуметтік әріптестік бөлімінің бастығы) Г.А. Жүсіпованың (СӨС орталығының дәрігері), А.С. Попандопулоның (С. Торайғыров атындағы ПМУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы) сөз сөйлеуі ұйымдастырылды.
                                                                                      
Облыстың денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау  мекемелерінің, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балаларға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету мәселелері талқыланды, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының қоғамдық қабылдау жұмысының нәтижелері қаралды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша дөңгелек үстелдің қатысушыларына облыстағы балалар тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

«Облыс балалар тұрғындарының әлеуметтік мәселелерін шешуде ақпараттық-консультациялық
қызметтердің рөлі» атты дөңгелек үстелдің ұсынымдары
2013 жылғы 17 қаңтар                        Павлодар қаласы

«Елка желаний» атты акция

Жаңа жылды Аяз атасыз елестету мүмкін емес. Жылдың бас кейіпкерімен жүздесуді әр бүлдіршін асыға күтеді. Сәби көңіл, расында, мейірімді ақсақал көп сыйлықты тарту етумен бірге аппақ арман-тілекті орындайтынына сенеді. Сол үшін алыс шаһардан келетін мейманды қарсы алуға шын ықыласпен дайындалады. Қарағанды облысы Шахтинск қ. «Взгляд молодых» ЖҚБ еріктілері сауда орталықтарда, Ғаламторда аумақта «Елка желаний» атты акция өтетіні туралы ақпаратты орналастырды.  
Сауда орталықтарда орналасқан баннерлерде баланың суретімен, оның арманы туралы ақпарат берілді. Новодолинка кентіндегі  жетім балалары үшін баспанадағы 28 баланың әртүрлі арманы болды.
                                                                         
Шахтинск қаласында 5 күн ішінде демеушілер табылды, олар керек тауарларды сатып алу үшін қаражат бөлді. Балалар жастар қоғамдық бірлестіктің еріктілерін  өте  күтті. Әр бала өзі армандаған сыйлығын алды. Балалардың  армандары орындалды. Әр бала өлең жаттады, ән айтты, би биледі. Сөйтіп, жылдың бас кейіпкеріне бар өнерлерін көрсетіп, сыйлықтарын алып мәз болды.
Еріктілер бір ғана акция өткізумен ғана шектелген жоқ, сонымен қатар мүмкіндіктері шектеулі  балалар мен жастарға қайырымдылық көмек көрсетілді. Барлығы Жаңа жылға 50 балаға сыйлықтары табыс етілді.  
                                                                                               
Шахтинск қ. «Взгляд молодых» ЖҚБ демеушілік көрсеткен «Нұр Отан» ХДП Шахтинск қ. филиалына, қалалық мәслихаттың депутаты Е. Керимкуловқа, ЖК И.Васецкийге, «Сансар» СҮ, «Крокус» СҮ, ЖК И.В.Бекчановаға, ЖК Г.М.Искаковаға, «Чунга Чанга» дүкеніне, ЖК В.В. Плещенко үлкен алғыстарын білдіреді.

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесінің кезекті отырысы

2012 жылдың 14 желтоқсаны күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдарының консультативтік кеңесінің (бұдан әрі – ҮЕҰ Кеңесі) кезекті отырысы өтті.
Отырысқа ҮЕҰ Кеңесінің мүшелері және басқа да үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты. Кеңестің отырысы барысында: ҮЕҰ Кеңесінің 2012 жылғы жұмысына қорытынды жасау; ҮЕҰ Кеңесінің 2013 жылғы жұмыс жопарын бекіту; ҮЕҰ Кеңесінің 2013 жылғы құрамын бекіту мәселелері қарастырылды.
                              
Үкіметтік емес ұйымы Кеңесінің төртінші отырысын төрайымы, Департамент директоры Р.Жұмабекова ашып, 2012 жылы жүргізілген Кеңестің жұмысына қорытынды жасады. Рысты Мағауияқызы «Қазіргі кезде елімізде үкіметтік емес ұйымдар санының өсуі байқалуда, ол қоғамымыздың демократизациялауын көрсетеді, өз өмірлеріне және қоршаған айналаға әсер етуге азаматтардың ынталануын, әлеуметтік проблемаларды шешуге, балалардың денсаулығы мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасауға, адамның, баланың құқықтарын қорғауға ықпал етуге айқындайды. Үкіметтік емес ұйым жұмысын жүргізу өз ісін білетін, сүйетін және талмай ізденетін адам ғана бұл жұмысты шарықтау шегіне жеткізе алады» - дей келе бала құқығын қорғауда Департаментпен бірлесе белсене жұмыс атқарған бірқатар ҮЕҰ-ның жетекшілерін Алғыс хатпен марапаттады. Олар, «КZ», «Право», «Замандас» қоғамдық қорлары, «Демеу» медициналық денсаулық орталығы, «Астана қаласының аула клубтарының Ассоциациясы» жекеменшік қоры, «Астана қаласының азаматтық альянсы».
Кеңестің мүшелеріне 2013 жылғы жұмыс жоспарының жобасы таныстырылып, толықтырулар енгізілді. Департамент балалардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың мүдделерін қорғау бойынша қызметтер спектрін кеңейту және үкіметтік емес ұйымдарымен әріптестік қарым-қатынасты дамыту үшін 2013 жылы Үкіметтік емес ұйымы Кеңесінің құрамын арттыру көзделіп отыр. Осы мақсатта ҮЕҰ Кеңесінің 2013 жылғы жаңа құрамы бекітілді.

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен Жасөспірімдер үйінің  тәрбиеленушілерін «Евразия» ойын-сауық орталығында кино көрсетілімі

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының (мәтін бойынша – Орталық) қызметін үйлестіру функциясын жүзеге асыру барысында Департамент үкіметтік емес ұйымдармен, мүдделі мемлекеттік мекемелермен және жеке кәсіпкерлермен әріптестік қарым-қатынас орнатып, іс-шаралар атқарып келеді.
Осы орайда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2012 жылдың 13 желтоқсанында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының қызметін үйлестіру бойынша бірлескен іс-шаралар жоспары негізінде Орталықтағы 10 тәрбиеленушімен және Жасөспірімдер үйінің 12 тәрбиеленушісімен бейімдеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Евразия» ойын-сауық орталығында балалардың кино көруі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты Орталықта тәрбиеленіп жатқан балаларды қоғамға бейімдеу, отансүйгіштікке тәрбиелеу, білімге құштарлығын арттыру, олардың тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау болып табылады.  
Аталған шара барысында балаларда патриоттық сезімді дамытуға, оқу-білімге ынтасын күшейтуге бағытталған «Книга легенд - Тайнственный лес» бейне фильмі тамашаланды.
Іс-шара барысында балаларға сусындар, поп-корндар алып беріліп, балалар мәз-мейрам болысты.

Күн тақырыбында – отбасы!

Ағымдағы жылдың 12 желтоқсанда «Батыс-Қазақстан облысының  жастар қауыдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі «Бала мен әйел өмірінің мәселелері және отбасы құндылығын бағалау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
Отырысқа Батыс Қазақстан облысының балалар құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім басқармасының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының , облыстық ішкі істер басқармасының, сот актілерін орындау департаментінің, зорлық – зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімінің өкілдері, студенттер қатысты.
Іс-шара мақсаты – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ана мен баланың өмір сүру деңгейін жақсарту фактілерін анықтау.
Отырыс барысында адамның құқықтары мен еріктері бірлестігінде ана мен бала құқықтарын сақтау, отбасылық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақты адамгершілік-руханилыққа тәрбиелеу, жас отбасыларға тиімді кеңес беретін жүйе құру, құрылымаралық қарым-қатынасты дамыту сұрақтары талқыланды.
«Дөңгелек үстел» отырысы ұсыныстар қабылдаумен аяқталды.
                                                                        
«Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысын өткізу туралы

Ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні Солтүстік Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі істер және әділет департаменттерінің, денсаулық сақтау, ішкі саясат, мәдениет, білім  басқармаларының және «Әйелдерді қолдау орталығы» өкілдерімен бірлесіп  «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Бұл кездесу ағымдағы жылдың 1-19 қарашасы аралығында өткізілген «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»  Республикалық ақпараттық науқанының қорытынды іс-шарасы болды.
Бұл акцияны ұйымдастыру және өткізу үшін облысымызда мемлекеттік органдардың бірлескен іс-шаралар жоспары  әзірленіп,  оған сәйкес алдын алуға және де қоғамның ақпараттандырылуын жоғарылатуға, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік жасау мәселелеріне бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарланды.
Кездесу барысында Солтүстік Қазақстан облысындағы Республикалық ақпараттық науқанның өткізілу қорытындысы шығарылды, мүдделес мелекеттік органдар мен ҮЕҰ арасында  отбасылардағы кәмелетке толмағандарға зорлық-зомбылық жасау фактілерін анықтау бойынша жұмысты күшейту жөнінде ынтымақтастық ету және өзара іс-қимыл жасау мәселелері талқыланды.
                              
2012 жылдың 12 қараша күні сағ.10.00. республикалық ақпараттық  «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кампаниясы шеңберінде  Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті «Дана» отбасын әлеуметтік қолдау  орталығымен бірлесіп, «Менің отбасым-менің меншігім» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Шараға қатысқан өкілдер: ІІД, Білім басқармасы, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, діни қауым, ҮЕҰ басшылары, жасөспірімдер мен балалар сұрақтарымен айналысушылар.
Дөңгелек үстел міндеті: хал-ахуалы төмен отбасыларының моральдық және материалдық түрдегі  проблемаларын талқылау мен оларды шешудің жолдары.
 Қатысушылар аталған проблема бойынша өз ойларын тұжырымдай келе, осы бағыттағы нақты жүргізілген жұмыстар тәжірибесін таныстырып, отбасында деструктивтік ахуалдарды  шешудің әдістерін ұсынылды.
Дөңгелек үстел нәтижесімен ұсыныстар қабылданды.
                                                                   
Мемлекеттік және үкіметтік емес секторлардың өзара ынтымақтастықтары

Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті үкіметтік емес ұйымы «МИР ДОБРА» қоғамдық бірлестігімен қарашаның  9 жұлдызында Михайловка полиция бөлімінде «Қарағанды қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ, «Қарағанды облысының білімді дамытудың оқыту-әдістемелік бірлестігі» КМК, Қарағанды қаласының білім бөлімінің қолдауымен «Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық кампания аясында психологтар мен әлеуметтік педагогтар үшін семинар – тренинг өтті.
Семинардың мақсаты мектептердегі оқушылар арасында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша және девиантты, аутодеструктивті мінез – құлықтың алдын алу және одан сақтандыру бойынша өзара іс – қимылдың тиімді жүйесін жасау болды.
Семинар – тренингтің міндеттері:
•Балалардың деструктивті мінез – құлықтың барлық аспектілерін қамтыған мәселелерді талқылау;
•Жасөспірімдер мен балалардың арасында өз – өзіне қол жұмсаудың алдын алу жұмыстары.
Семинардың басты құндылығы сол мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық сектор өкілдері жинақталған әдістемелерімен және тәжірибелерімен бөлісті.
                                                                                                                 
Осы тәжірибе барысында қатысушыларға девиантты мінез – құлықтың және өз - өзіне қол жұмсаудың алдын алу бойынша жаңа білімдер алуға зор мүмкіндік болды. Психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер, полиция өкілдері төмендегі мастер – класстарға қатысты:  
• Мектеп оқушылары арасында девиантты мінез – құлықтың алдын алу және түзетілім.
•Өз – өзіне қол жұмсау мінез – құлықтың алдын алу.
• Мектеп оқушылары арасындағы девиантты мінез – құлықтың дифференциалды диагностикасы.

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес беру Кеңесінің кезекті отырысы

2012 жылдың 25 қазанында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес беру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Кеңес отырысын Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев кіріспе сөз сөйлеп ашып, қазіргі таңда балалар құқықтарының қорғалуы балалар мәселелерімен айналысатын және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруға бағыттайтын үкіметтік емес сектордың дамуына тікелей байланысты және ол мемлекеттік саясаттың ең маңызды қағидаларының бірі болып табылатындығын атап өтті.
                   
Сонымен қатар аталған шара барысында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімі бастығының міндетін атқарушы Рысбеков Айдар Расылханұлы баяндама жасап, балалардың құқықтарын қорғау мақсатында үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен іс-шаралар туралы айтып өтті.
Мұнан өзге «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық» тақырыбында «Шиват-Цион» еврей ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Корнилина Людмила Григорьевна баяндама жасап, жиналғандардың назарын аталған мәселеге аударды.
Өз кезегінде «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалиева Ғалия Зейноллақызы аталған қоғамдық бірлестікке түрлі отбасылардан келіп түсетін арыз-шағымдарда келтірілген мәселелерден мысал келтіріп, осы мәселелерді бірлесіп шешуге шақырды.
 Сондай-ақ Кеңес отырысы барысында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев 2012 жылдың 1 – 19 қарашасы кезінде «Қатыгездіксіз, зорлық-зомбылықсыз балалық шақ!» атты республикалық ақпараттық науқанының өткізілуі жоспарланып отырғанын жеткізіп, Департаменттің осы іс-шараны өткізу туралы жоспарымен таныстырып, аталған шараға бірлесіп атсалысуды ұсынды. Атаған ұсыныс Кеңес мүшелері тарапынан бірауыздан қолдауға ие болды. 

Жеткіншектер ортасында алдын алу мәселелер

Қазақстанда ювеналдық юстицияның, кәмелетке толмағандар істері бойынша арнайы ауданаралық соттардың  жүзеге асырылуы жасөспірімдердің өз құқын білуіне, заң талаптарын меңгеруіне ықпал етеді. Қоғамның жас азаматтарына құқық саласымен бірге, әлеуметтік қызметкерлердің де көмекке келіп, ақыл-кеңес беруі құптарлық.
                                       
2012 жылдың 10 қазанында Қарағанды облысы бойынша кәмелетке толмағандар істері бойынша арнайы ауданаралық соттар базасында ҮЕҰ Кеңестің кезекті отырысы өтті, онда кәмелетке толмағандардың құқықтық бұзушылығын алдын алу мәселелері қарастырылды. Кездесу барысында қызу әңгіме болды: қатысушылар сөз сөйлеушілерге көп сұрақтар қойды, осы бағыт бойынша қоғамдық бірлестіктер жүзеге асырып жатқан жобалар туралы ақпараттарды қызғушылықтарымен тыңдады, кәмелетке толмағандар істері бойынша соттың қызметімен және қарастырылған істердің спецификасымен танысты, «Зорлықсыз балалық шақ» атты республикалық ақпараттық кампаниясын өткізуіне қатысу туралы айтылды.
Соңында ұсыныстар қабылданды.

Үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің отырысы облыс балалар үйінде

2012 жылғы 11 қазанда «Үміт» балалар үйінде ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар кеңесі мүшелері, балалар үйлерінің  педагогтары мен тәрбиешілері, психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерінің қатысуымен  ҮЕҰ кеңесінің отырысы өтті.
«Жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың ерекшеліктері мен себептері. Оқушылар арасындағы суицидтік жағдайлардың алдын алуда және оларға уақтылы психологиялық көмек көрсетуде мектептегі әлеуметті-психологиялық қызметтердің ролі» тақырыбына  С.Аманжолов атындағы ШҚМУ профессоры, ҮЕҰ кеңесінің мүшесі - Литовченко Л.П. сөз қозғаса, «Status» әйелдер федерациясының төрайымы И.Унжакова «Отбасылық саясат үлгісі туралы» және Москва қаласындағы халықаралық конференция туралы әңгімелеп берді. Сонымен бірге, отырысқа қатысушылар отбасы құндылықтары мен отбасылық тәрбиені насихаттауды ұйымдастыру, балалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау мәселелері бойынша қоғамды ағарту, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және азайту сұрақтарын талқылады. «Назарбаев Зияткер Мектебі» қосымша білім беру педагогы О.И. Протопопова өзінің театрланған жобасы туралы қызықты әңгімелеп, талқыланған тақырыптар жөнінде өз пікірін айтты.   «Перспектива» ҚҰ төрайымы Н. Астахова Қазақстанның 5 өңірінде, оның ішінде ШҚО-да жасөспірімдер арасындағы суицид себептеріне зерттеу өткізілгені туралы айтты.
                                      
ҮЕҰ кеңесінің мүшелері балалар үйлерінің педагогтары мен тәрбиешілерін мазалаған бір қатар сұрақтарға жауап берді. Отырыс сонында қатысушылар пікір алмасты. Пікір алмасуға облыста балалар құқығын қорғау саласында жұмыс атқаратын ҮЕҰ-дар, отбасын және балалықты қорғау орталығы, «Назарбаев Зияткер Мектебі» өкілдері қатысты.
Шара сонында ҮЕҰ кеңесі мүшелері  Л.П. Литовченконы – 70 жасқа толу мерей тойымен құттықтады.

Алматы қаласында «Отбасы институтын нығайту – кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзышылықты, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдарының консультативтік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті

2012 жылғы 29 қыркүйекте Алматы қаласында «Отбасы институтын нығайту – кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзышылықты, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты алдын алу» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдарының консультативтік кеңесінің кеңейтілген отырысы өткізілді.
ҮЕҰ-ні кеңесінің отырыс жұмысына балалардың құқықтарын қорғау департамент директорларының орынбасарлары, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары кеңесінің, ҮЕҰ-ні кеңесінің мүшелері қатысты.
                      
ҮЕҰ-ні кеңесі отырысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалары арасында отбасылық тәрбиелеу формасының дамуы, балаларға қатыгездікті және зорлық-зомбылықты алдын алу, 2012 жылдың 1 мен 19 қараша аралығында «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқанды өткізу мәселелері талқыланды.
«Мегаполисте өмір сүріп жатқан заманауи қазақстандық отбасындағы отбасылық тәрбиенің психологиялық ерекшеліктері» (Астана қаласы отбасыларының үлгісінде) зерттеу нәтижелері туралы Астана қаласының Отбасы тәрбиелеу институтының бас директоры айтып берді.
Сонымен қатар, отырыс қатысушылары үйдегі зорлық-зомбылық жағдайдағы жасөспірімдерге, олардың ата-аналарына, әйелдерге және балаларға эмоционалдық, зияткерлік және жеке тұлға аралық мәселелер саласында психологиялық көмек көрсететін Алматы қаласындағы «Дана» отбасыны әлеуметтік қолдау орталығының жұмыс тәжірибесімен танысты.
ҮЕҰ-ні кеңесі отырысының қорытындысы аясында талқыланған мәселелер бойынша үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өзара байланысының жүйесін жетілдіруге бағытталған ұсынымдамалар қабылданды.

Үкіметтік емес ұйымдар ынтымақтастыққа дайын

2012 жылғы 10 қыркүйек күні Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінде үкіметтік емес ұйымдар Кеңесінің  ІІІ отырысы өтті.
 Жиынға үкіметтік емес ұйымдар Кеңесінің  өкілдері қатысты.
Үкіметтік  емес ұйымдар Кеңесінің  отырысын Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлбарам Наурызбаева ашып, 2012 жылғы ҮЕҰ кеңесінің іс-шаралар жоспарының іске асырылуы туралы баяндады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының  Назарбаев Университеті студенттері алдында сөйлеген сөзінде Қазақстандықтар елдің өркендеуі әр азаматтың еңбегіне, оның біліміне, жауапкершілігіне байланысты болып табылатын біртұтас және бөлінбейтін отбасы екенін атап өтті. Ол үшін мемлекет тарапынан жас ұрпақтың кәсіпқойлар болып, Жер шарының кез келген бұрышында сұ¬ра¬нысқа ие, Қазақстанға ХХІ ғасырда табыс пен игілікті қамтамасыз ете алу үшін олардың  оқулары мен өз-өздерін жетілдіруге барынша қо¬лай-лы жағдайлар туғызып отыр. Осы орайда біз сіздермен бірлескен жобалар негізінде балалар мен жасөспірімдерге партиоттық тәрбиеге баулып, дұрыс бағыт беріп, еліміздің азаматы етіп тәрбиелеуге атсалысуымыз қажет.
Ол қайырымдылыққа бағытталған акциялар мен сайыстардың өткізілуін атап өтті. Бұл «Весенняя неделя добра» облыстық кампаниясы шеңберінде өткізілген жасөспірімдер ортасында қайырымдылық, мейірімділік, ризашылық сияқты қасиеттерге  бағытталған «Подари весну детям» акциясы және ПМПИ студенттерінің  бастамасымен өткен  «Студенты читают детям» акциясы болып табылады.  
«Серіктестік орталығы» Павлодар облыстық қоғамдық қорының «Сәлем, бизнес!» жобасы ойдағыдай іске асырылуда. Өткізілген шараларға балалар үйлерінің, мектеп-интернаттарының,  жасөспірімдер үйінің,  ауыл, аудан, қала мектептерінің және кәсіби лицейлердің оқушылары мен тәрбиеленушілері – барлығы 400 адам қатысты. Жұмыс барысында бизнестік ойлауды дамытуға бағытталған және кіші жобаларды іске асыруға арналған көптеген жаңа әдістерді қолданылады.
Сонымен қатар, Гүлбарам Наурызбаева «Әлеуметтік-волонтерлік орталығы», «Альянс студентов» жастар қоғамдық бірлестіктері, «Промень» театралдық студиясы, «Ертіс» БЖҰ , «Бес асыл», «Десента», «Екібастұз» қоғамдық қорларымен бірлесе атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Балалар мен жасөспірімдер ұйымдардың  білім беру мекемелері мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасы туралы   «ПРОМЕНЬ» мәдени ойын-сауық студиясы қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Алексей Дрябин баяндады. «Промень» жастар театры барлық қалалық іс-шаралар мен фестивальдерге белсенді қатысады. Ленин балалар саябағында ұйымдастырылған  «Молодежный арбат» бағдарламасы өте қызықты өткізіледі. Олардың бастамасымен алдағы уақытта «Қазақстан-Павлодар» телеарнасында  Павлодар облысының атақты адамдарына арналған «Фокус» телебағдарламасының тұсаукесері болады.
«Ертіс» ЖБҚ төрағасының міндетін атқарушы Оксаны Петровичтің айтуынша, қайырымдылық шараларды өткізуге бағытталған «Дети Павлодарского Прииртышья» кешендік бағдарламасы іске асырылуда. Бұл кешендік бағдарлама бірнеше «Я и моя организация», «Шаг навстречу», «Свой голос», «Жобалар шеруі», «Біргеміз», «Победитель глазами внуков» шағын орталықтарын қамтиды.  Балалар мен жасөспірімдер бірлестігі және Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп іске асырылып жатқан  «Путь к успеху»  жобасы үш жыл бойы қарқынды жүргізілуде.  
Өз іс-тәжірибесімен «Екібастұз» Балалар Қоры» қоғамдық қорының директоры Татьяна Шмидт бөлісті. «Екібастұз» балалар қоры балаларға көмек көрсетуде ауқымды жан-жақты істерді атқаруда.
- «Балалар «Мектеп», «Балапан», «Дети села», «Опекунская семья» бағдарламаларына, «Здравствуй, школа!» және «Ах, лето!» акцияларына  үлкен қызығушылық танытып белсенді қатысады. Биыл біз «Қарлығаш» сауықтыру лагеріне 2 млн. 400 мың теңге сомаға 60 жолдама алып бердік. Сонымен қатар, 2012 жылғы І жартыжылдықта «Балалар диабеті» бағдарламасы бойынша 57 ауыр науқасты балалардың емделуіне 2 млн.теңге көлемінде көмек көрсеттік», - дейді Татьяна Викторовна.
Кеңес отырысын қорытындылай келе, кеңес мүшелері  В.Г. Деймунд, С.Р. Ковлягина, Е.А. Лузянина балалардың адамгершілік-рухани дамуына аз көңіл бөлінетіні және балалардың бос уақытын өткізетін орындардың жетіспейтіні үкіметтік емес ұйымдарды алаңдатынын, ал білім беру органдары жағынан толық қолдау көрсетілмейтінін атап өтті.
Үкіметтік емес ұйымдар Кеңесіне қатысушылар бірнеше құрылымдық ұсыныстарды енгізді:
1. Қалалар мен аудандардың білім беру бөлімдеріне Кеңес қызметі және ҮЕҰ мектептермен әлеуметтік серіктестігінің қажеттілігі   туралы талдамалы жазбахаттар дайындау;
2. Мемлекеттік тапсырыс негізінде балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру бойынша әлеуметтік жобаларды енгізу;
3. Аула клубтарының жұмысын ұйымдастыру бойынша баламалы рейдтік іс-шараларды өткізу, парктік аймақтар мен балалар алаңдарының жағдайын зерттеу;
4. Адамгершілік-рухани даму мен отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған электронды және баспалы БАҚ-қа жіберілетін  Кеңес мүшелерінің мақала- өтініштердің Медиа-жоспарын жасау;
 5. Облыстағы жалпы білім беру мектептеріндегі үйірме жұмыстары қызметінің талдауын жасау.
Отырыста аталған ұсынымдар Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бақылауына алынды. Медиа-жоспарлар жасалады, рейдтік іс-шаралар өткізіледі және жергілікті атқарушы органдарға  талдамалы жазбахаттар жіберіледі.

«Әр бала – біздің ортақ болашағымыз»

2012 жылғы 7 қыркүйекте ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және «Олимп» жастарға көмек көрсету, дамыту және қорғау орталығы» ҚБ меморандум шеңберінде   Департамент өкілдері ерекше қажеттіліктері бар балаларға түзету көмегін көрсету бойынша «Ерте көмек көрсету қызметі» Орталығы мен  «Каусар-Родничок»  ата-аналар клубының ашылу тұсаукесеріне қатысты.  
 Шара ерекше қажеттіліктері бар балаларға әлеуметтік, психологиялық, арнайы медициналық және педагогикалық көмек  көрсетуге, қызмет көрсету аясын кеңейтуге бағытталды.
Сонымен қатар ашылу рәсіміне «Титан» ат-спорттық кешені,  ШҚ «Спешиал Олимпикс» филиалы, медициналық колледж, ҮЕҰ, қоғамдастық өкілдері, ата-аналар қатысты.
Тұсаукесерде иппотерапия бойынша жобаға қатысушы балалармен көрсетпе сабақтар өткізілді.

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес беру Кеңесінің өткізілген кезекті отырысы туралы

2012 жылдың 7 қыркүйегінде сағ. 15.00-де Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес беру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Отырысты Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.М.Сұлтанбаев кіріспе сөз сөйлеп, ашты.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау саласы бойынша атқарылып жатқан жұмыстары туралы Департаменттің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы Т.М.Төлегенов баяндама жасады.
Сонымен бірге «Балалар проблемасындағы ата-аналардың рөлі» тақырыбына «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Т.Әлмұратов,  «Еріктілер барлығын жасай алады! – Добровольцы могут все!» тақырыбына «Коммерциялық емес ұйымдар Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы А.О.Зәуірбекова,  «Балаға өзін-өзі табуға және өмірде өз орнын табуға қалай көмектесуге болады? - Как помочь ребенку найти себя и найти свое место в жизни?» тақырыбына «Бақытты отбасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы С.М.Қошмамбетова баяндама жасап, мектептегі мәдени іс-шаралардың жандандырылуы қажеттігі, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі  рөлін күшейту, балалардың бойында өз еркімен бастамашылықты қалыптастыруға жағдай жасау, қоғамдық белсенді мектептің құрылу мүмкіндіктерін қарастыру, сонымен қатар ҮЕҰ Кеңесінің жылжымалы отырыстарын өткізу туралы ұсыныстарын ұсынды.
               
Бұдан басқа отырыстың жұмысы барысында «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрайымы М.Нохрабеков, «Жас патриот» Жамбыл жастар орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мөрбеков, «Шиват-Цион» еврей ұлттық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Г.Корнилина бірқатар өз ұсынымдамаларын берді.
Қызу талқылау үстінде сенім телефоны туралы халықты ақпараттандыруды жандандыру, бала құқықтарына байланысты облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасында арнайы бейне-роликтің жариялануын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығымен бірлескен жұмыстар ұйымдастыру, облыстың газет беттерінде балаларға пайдалы кеңестер мен ақпараттар берілуін ұйымдастыру, зорлық-зомбылық, қатыгездікке итермелейтін қазіргі заманда пайда болған бейне-фильмдердің (дискілердің) балалардың қолжетімділігіне тыйым салуды ұйымдастыру мақсатында рейдтер жүргізу мәселелері бойынша ұсынымдамалар айтылды.   
З.Сұлтанбаев айтылған ұсыныстардағы жұмыс Департамент тарапынан кең көлемде, әр түрлі нысандарда жүргізіліп келе жатқанын айта келе, бірлесіп жандандыруға күш салуға шақырды.
Сонымен қатар жұмыс барысында Кеңестің 2012 жылғы жұмыс жоспарын бұдан ары қарай жүзеге асыру жолдары пысықталды.

Атырау қаласында «Психология 4 you» атты жоба бастау алды

Атырау қаласында «Денсаулық сақтау технологиясы орталығы» базасында жүргізілетін «Психология 4 you» атты жоба бастау алды. Жобаны Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Білім беру және денсаулық сақтау басқармасы, Атырау облысы әкімшілігінің қолдауымен және «БОТА» ҚҚ қаржыландыруымен «Қазақстанның отбасылық дәрігерлер ассоциациясы» ҚБ мен «Қазақстанның тәуелсіз ұрпағы» жастар қоғамдық бірлестіктігі жүзеге асыруда.
Жобаның өзектілігі қазіргі таңдағы шындықпен анықталады: мекемелердегі психологтар балалардағы психоэмоционалды салмақтың профилактикалық және коррекциялық жұмыстары үшін үлкен жауапкершілікке ие. Психологтардың жұмысы балаларды жанжалды жағдайлардан шыға білуге, күйзеліске төзімді болуға, өздерінің эмоцияларымен, ашуларымен жұмыстана білуге үйретуге және т.б. бағытталуы қажет.
Психологтармен жүргізілген сауалнама барысында көптеген балаларда емтиханға дайындалу кезінде үлкен психологиялық салмақ болатындығы анықталды. Бұл ата-аналар мен психологтардың балаларға ҰБТ тапсыруда үлкен үміт артатындығымен байланысты, ал балалар олардың үміттерін әркез ақтай бермейді. Тренингтер мен кеңестер, психологтармен бірге өтетін жұмыстар өмірдің тек емтихан мен оқу емес, сонымен қатар өзіндік даму үшін үлкен мүмкіндік екенін байқап түсінуге көмектеседі.

Қалалық мектеп пен емханалардағы психологтардың потенциалын дамыту арқылы жобаға қатысатын мектеп балалары мен түлектерінде стресстік/күйзелістік жағдайды болдырмау жобаның стратегиялық мақсаты болып табылады. Жобаның бірінші кезеңінде түлектерге, ата-аналарға, психологтарға жүргізілетін сауалнама бойынша қатысушылардың қажеттіліктері анықталады.
24 тамыз күні медициналық және педагогикалық психологтардың өзара қатынасы жөніндегі мәселесі талқыланған қалалық емхана психологтарымен кездесу өтті, жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша болашақтағы үйрету жұмыстары үшін қатысушылар таңдалады.
29 тамыз күні жобаға қатысатын №19 ОМ, №27 ОМ, №12 ОМ, №3 сөйлеу қабілеті зақымдалған балаларға арналған интернат және медициналық колледж оқу орындары әкімшілігінің өкілдерімен, педагогикалық психологтармен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында сауалнама жүргізілді, сонымен қатар жоба бенефициарларын таңдау жөнінде мәселе қарастырылды.
«Психология 4 you» жобасының екінші кезеңінде «тренингтерді өткізу әдісі, тұлға аралық қарым-қатынас, ҰБТ мен МАБ дайындық кезіндегі күйзеліспен күрес, ішкі және тұлға аралық жанжалдармен жұмыс, ашу-ызаңмен, депрессиямен күрес, қиын адамдармен қарым-қатынас, аналитикалық ойлау мен өзіндік даму жолдарының дамуы» секілді өзекті тақырыптар бойынша 10 модульден құралатын арнайы дайындалған бағдарлама бойынша медициналық және педагогикалық психологтарға үйрету дәрістері өтеді.
Оқу жылы бойына ата-аналар, педагогтар және де түлектер медициналық және педагогикалық психологтардан квалификациялы көмек ала алады.
Жоба координаторы Нелли Куликовскихтың айтуы бойынша: «Психологиялық білім шапшаң жаңаруда, ал қоғам түлектерге деген заманауи тәсіл үшін дайын, сондықтан жоба барлық психологтарға заманауи әдістер мен материалдар бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, мектеп және интернат түлектері емтиханға дайындық кезіндегі ауыртпалықтарды оңай бастан кешуге үйренеді».

«Білім жүйесін жаңғырту – адам капиталының сапалы өсуінің басты бағыты» Республикалық педагогиқалық кеңесінің «Отбасы, мектеп, қоғам: ынтымақтастықтан бірлескен шығармашылыққа» 4-секциясының жұмысы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2012 жылғы 23 тамызда сағат 15.00-де Астана қаласындағы №50 орта мектепте «Білім жүйесін жаңғырту – адам капиталының сапалы өсуінің басты бағыты» Республикалық педагогикалық кеңесінің шеңберінде подиумдық пікірталас түрінде «Отбасы, мектеп, қоғам: ынтымақтастықтан бірлескен шығармашылыққа» секция отырысы өткізілді.
Секцияны басты мақсаты мектептің оқу-тәрбие үдерісін жанғырту тәсілі ретінде отбасы, мектеп және азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру болып табылады.
Секция жұмысына қалалық, аудандық білім бөлімдерінің бастықтары, балалардың құқықтарын қорғау департаментерінің директорлары, ҮЕҰ өкілдері, ата-аналар қоғамдастығы қатысты.
 
Отбасы мен мектептің өзара іс-қимыл жүйесін жетілдіру  мәселелерін талқылау және шешім қабылдау үшін 3 пікірталас алаңы жұмыс жасады.
-№1 пікірталас алаңы – «Отбасылық саясат – мемлекеттің  басымдығы»;
-№2 пікірталас алаңы – «Қолайлы отбасы құндылықтарын тәрбиелеу – әл-ауқаттылыққа жол»;
-№3 пікірталас алаңы – «Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеуде отбасы мен мектеп және басқа да қоғамдық ұйымдардың өзара әрекеттесуі».

Пікірталас алаңдары барысында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қазақстандық қоғамдағы отбасының рөлі, отбасылық қолайсыздықтың алдын алу, ата-аналар комитеттерінің және қамқоршылық кеңестерінің қызметі, балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына принципті өзгерістер енгізу мәселелері талқылынды.
«Подиумдық пікірталас» қорытындысы бойынша ұсынымдар әзірленіп, қабылданды.
 
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесінің үшінші отырысы туралы

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 15 маусымы күні М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесінің (бұдан әрі – ҮЕҰ Кеңесі) үшінші отырысын өткізді.
ҮЕҰ Кеңесі жұмысына ҮЕҰ Кеңес мүшелері, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының директорлары және басқа да ҮЕҰ-ның өкілдері қатысты.
                                     
Кеңестің отырысы барысында:
-«Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің түлектерін шығарып салу қызметі» жобасы жұмысының қорытындысы;
-жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралады.
Отырысты Департамент директоры Р.Жұмабекова ашты.
Жобаның үйлестірушісі Ю.Шишко Астана қаласының №6 Кәсіптік лицейінің әкімшілігінің және мамандарының қатысуымен, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен тығыз ынтымақтастықта «Баланы әлеуметтік бейімдеу орталығы» жүзеге асырған «Служба сопровождения выпускников детских домов в ПЛ № 6 г. Астаны» жобасы туралы айтып берді.
                                     
ҮЕҰ Кеңесі отырысының төрайымы Р.Жұмабекова қаралып отырған мәселенің өзектілігін, жобаның оң сәттерін айта келіп, жоба жұмысын осы бағытта жалғастыруды ұсынды.
Каланың интернаттық мекмелері тәрбиеленушілерінің жазғы демалыстарын ұйымдастыру мәселесі жеке қарастырылды.
Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана директоры С.Шарыпов Пана балаларының жазғы демалысы дәстүрлі түрде: 
- обылыс, республика сауықтыру лагерлері;
- спорттық – туристік лагерлері;
- баланы уақытша отбасына алу;
- панадағы жазғы демалыс бағыттарында өтеді. 
Жыл бойы Пана әкімшілігі «Әр балаға – сенімді отбасы» бағдарламасымен жұмыс жүргізді. Туысқандарының қалауымен тәрбиеленушінің қызығушылықтарын ескере отырып жазғы демалыс кезінде сегіз баланы уақытша отбасына, екі баланы патронаттық тәрбиеге берілді.
Жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша Астана қаласының Балалар үйінің, «SOS Астана балалар ауылының», Арнайы түзету мектеп-интернатының басшылары өз тәжірибелерімен бөлісті.
                                       
 «Астана қаласының жастар және балалар ұйымдарының Ассоциациясы» ЗТҚ кеңесінің төрағасы Катенов Ильдар себептермен жазғы демалыспен қамтылмаған, негізінен Департаменттің деректер базасында тұрған көп балалы және аз қамтылған отбасы балалары үшін Астанаға жақын маңайда орналасқан палаталық лагерьді ұйымдастыру бойынша жоспарымен бөлісті. Сонымен қатар, қаладан тыс жерде орналасқан лагерьлер туралы толық ақпарат орналасқан сайт құру жөнінде ұсынысын айтты.                               
                                       
Рысты Жұмабекқызы Кеңестің жұмысын қорытындылай келе, «Батыр» палаталық лагерінде жазғы демалысты ұйымдастырудағы оң сәттеріне тоқталып, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселесін, ол қаншалықты тиімді, ата-аналардың сұранысына сай ма, балалардың сауығуына әсері бар ма екендігін зерделеуді ұсынды. Сонымен қатар, басқа да сауықтыру лагерлерімен ынтымақтасу жүйесін дамытуды ұсынды.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша  ұсынымдар қабылданды.

Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесі үшінші отырысының өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 15 маусымы күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесінің (бұдан әрі – ҮЕҰ Кеңесі) үшінші отырысы өтеді.
ҮЕҰ Кеңесі жұмысына ҮЕҰ Кеңес мүшелері, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлары және басқа да ҮЕҰ-ның өкілдері қатысады.
Кеңестің отырысы барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, аз қамтылған және көпбалалы отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мәселесі қаралады.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша  ұсынымдар қабылданады.

«Ересек қарым-қатынастарға - ересек шешімдер!» акциясы

Осындай атаумен 2012 жылдың 26 мамыр күні Өскемен қаласында  «Большевик» клубының базасында «STATUS»  әйелдер Федерациясы мен БҰҰ қорымен бірлескен және ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен акция өтті, оған 500 адам қатысты.  Жоғары оқу орындары мен колледждердің студентерінен тұратын жастар ұйымы, лицей және балалар үйінің тәрбиеленушілері қатысты. Шараның құрметті қонақтары мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері болды.
                                    
Акцияны өткізу мақсаты жастарға салауатты өмір салтын, репродуктивтік және жыныстық сауаттылықты  насихаттау, сонымен қатар оқушылар мен студенттерді салауатты өмір салтын насихаттауға жұмылдыру. «Ү-рееr»  (Молодые сверстники) халықаралық жастар қозғалысының мүшелері  белсенділік танытты. Бұл жүйені, атап айтқанда жастарды біріктіріп, өздерінің құрбыларының репродуктивтік және жыныстық салауаттылығын арттыруда позитивті мінез-құлықтарын арттыруда БҰҰ Қоры қолдау жасайды.
Мұндай шаралар қазіргі жастар үшін өзекті және аталған іс-шара жастар арасындағы мезгілсіз, ерте жүктіліктің алдын алуға және репродуктивтік, жыныстық салауаттылығын арттыруға бағытталып отыр. Шараның негізгі әсер қалдырғаны Алматыдан келген қонақтар - «X фактордың» қатысушылары , қызықты дискотека, ән-күй және тақырыптық бағдарлама біздің жастардың есінде көпке дейін сақталады.

«Өзара ынтымақтастық туралы бекітілген меморандум шеңберінде ҮЕҰ және мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекет мәселелерін талқылау» атты "дөңгелек үстел" отырысының өткізілуі туралы

Қазіргі заманғы әлемнің даму үрдісінің көзге түсетіні – түрлі әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының түрлі деңгейіндегі көпшілік мемлекеттерге тән саясатта, экономика мен әлеуметтік-мәдени салада үкіметтік емес ұйымдары рөлінің артуы. Көпшілік жағдайда жоспарланатын ойлар өмірде құзырлы билік құрылымдар тарапынан қолдау көрсету есебінен жүзеге асырылады, осыдан кейін үкіметтік емес ұйымдары қызметінің басты бағыттарының бірі – мемлекеттік органдарының назарын тарту және сектор аралық өзара іс-әрекетті бастамашылық ету. 
    
Ағымдағы жылдың 21 мамырында 11.00-де «ГрИн» Қостанай облысының Азаматтық альянсы» қоғамдық қорымен «Өзара ынтымақтастық туралы бекітілген меморандум шеңберінде ҮЕҰ және мемлекеттік органдарының өзара іс-әрекет мәселелерін талқылау» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдарының өкілдері және үкіметтік емес секторының көшбасшылары қатысты. Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінен адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы Дедовец А.А., 2012 жылы ҮЕҰ бірлесіп өткізілген және ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған іс-шаралар жайында баяндады. Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат пен Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының өкілдері өздерінің ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекет жасау тәжірибесі жөнінде сөз сөйледі. 
                          
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша бекітілген меморандумдар шеңберінде үкіметтік емес ұйымдар мен жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдарының өзара іс-әрекет тәжірибесі негізінде бір қатар ұсынымдамалар ұсынылды:
-жергілікті атқарушы билік органдары қоғамдық және жергілікті қоғамның мәселелерін шешу жөніндегі Үйлестіруші кеңестер құрамына ҮЕҰ өкілдерін енгізу бойынша жұмысты күшейту;
-ҮЕҰ ресурстық орталығы бұқаралық ақпарат құралдары мен бизнес-құрылымдармен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарды бекіту бойынша жұмыс жүргізу. 

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес беру Кеңесінің кезекті отырысы туралы

2012 жылдың 17 мамырында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік-кеңес беру Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді. 
Кеңес отырысын Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев кіріспе сөз сөйлеп, ашты. Ол өз сөзінде бүгінгі күні үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін пайдаланудың маңыздылығы мен тиімділігін, қазіргі таңда балалар құқықтарының қорғалуы балалар мәселелерімен айналысатын және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруға бағыттайтын үкіметтік емес сектордың дамуына тікелей байланысты және ол мемлекеттік саясаттың ең маңызды қағидаларының бірі болып табылатындығын атап өтті.
                               
Осы іс-шарада Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бас маманы Мәншүк Маратқызы Аяпова өз баяндамасында 2008 жылдан бері өзара түсіністік пен әріптестік туралы қол қойылған меморандум негізінде Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және облыстық үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары көшбасшылары мен өкілдерінің қатысуымен балалардың мәселелері, оларды қорғау, сонымен қатар осы мәселелерді шешуге азаматтық бастамаларды қатыстыру мақсатында 2008 жылдан бері бірқатар бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылғаны туралы айтып өтті.
                              
Сонымен қатар балалар мәселесіне байланысты Департаментпен бірлесе отырып, жұмыс жүргізіп жатқан «Психологтар ассоциациясы», «Болашақ», «Мүгедек жастар қоғамы», «Тараз бастама орталығы», «Мирэкл», «Жамбыл жастары», «Жас Дарын» жас таланттарды қолдау», «Поколение», «Жас патриот»  қоғамдық бірлестіктері және «Жамбыл облыстық коммерциялық емес ұйымдар ассоцияциясы» және «Жамбыл облысының Азаматтық Альянс «Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестіктерінің  белсенділіктерін атап көрсетті. 
                             
Сонымен бірге, «Балалар құқықтарын қорғаудың негізгі мақсаттары» тақырыбына «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Нохрабековтың және «TALDAU» социологиялық және маркетингтік зерттеулер орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Т.Әлмұратовтың «Балалар проблемасындағы ата-аналардың рөлі» тақырыптарында баяндамалары тыңдалды. 
М.Нохрабеков өз сөзінде балалар мәселелерін шешуде түрлі жолдар қарастыруды, балалық шақ мәселесіне байланысты мақалалар мен айдарлардың облыстық «Алтын шырақ» журналы, «Білім шуағы» газеттерінде жариялану мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Ал Б.Әлмұратов балалар проблемасын шешуде олардың ата-аналарының көзқарасын зерттеудің маңыздылығына тоқталды. 
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы үкіметтік емес ұйымдар Кеңесі мүшелері бірқатар ұсыныстарын келтірді.  
«Асыл арман» ұлттық дәстүр мен өнерді қолдау» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Р.Нұрақбаев өзінің әлеуметтік маңызды жобалары шеңберінде әзірлеп, жинақтаған «Қазына» атты балалар студиясы жобасының осы іс-шараларға тигізетін мол әсерін айтты. 
                             
Бұдан басқа А.Зәуірбекова, «Жамбыл облысы коммерциялық емес ұйымдарының Ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы бүгінгі таңда іс-шараларды интерактивті әдісті қолдана отырып, ұйымдастырудың тиімділігін атап көрсетті. 
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Г.С.Төлегенова «Бақытты отбасы» қоғамдық бірлестігінің Кеңес құрамына енгізілуін ұсынды. 
Отырыс соңында Кеңес мүшелеріне айтылған басқа да пікірлердің 10 күн ішінде нақтыланып, ұсынылуы қажеттігі айтылды.

Алматы қаласында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесінің үшінші отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2012 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдардың консультативтік кеңесінің (бұдан әрі – ҮЕҰ Кеңесі) үшінші отырысын  өтті.
                               
ҮЕҰ Кеңесі жұмысына ҮЕҰ Кеңес мүшелері, балалардың құқықтарын қорғау  департаменттерінің директорлары және  жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесінің мүшелері қатысты.
Кеңес отырысында балалар құқықтарын қорғау мәселелері жөнінде үкіметтік емес ұйымдардың жұмыс жүйесіне жаңа көзқарас енгізу және өзара іс-қимыл құру, осал топтағы жастар және балаларға әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады. Сонымен қатар, даму мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқығын жүзеге асыру үшін жағдай жасау бойынша ҮЕҰ жұмысын ұйымдастыру тәжірибелері ұсынылды.
                              
Кеңеске қатысушыларға халықтың әлеуметтік осал тобындағы балаларына сапалы білім алуға қолжетімділігі туралы мәселелер жөнінде «Школьный портфель» деректі фильмі  көрсетілді.
                              
Сонымен қатар, Орталық Азиядағы Еуропа Қоры кеңеске қатысушылар назарына Балалар үйлерінің түлектерін қолдау жөнінде Тұсаукесер жобасын ұсынды.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша  қатысушылар ұсынымдар қабылданды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Үкіметтік емес ұйымдар  консультативтік кеңесінің 3-ші кеңейтілген отырысының Ұ С Ы Н Ы М Д А Р Ы

2012 жылғы мамыр, маусым айларында ҮЕҰ Кеңесі өткізетін іс-шаралар

Балаларға арналған әділет 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің бастамасымен ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар Кеңесі құрылды. Кеңестің мақсаты әр баланың дамуы мен өміріне жақсы жағдай қамтамасыз ету үшін мемлекет пен азаматтық қоғам арақатынасында балалардың құқығын қорғаудың сапалы жүйесін қалыптастыру. 2012 жылғы 23 сәуірде Өскемен қаласының Отбасын және балалықты қолдау орталығында  ҮЕҮ Кеңесінің отырысы өтті. 
                                   
Кеңес отырысының жұмысына ЮНИСЕФ-тің халықаралық кеңесшісі Керри Нил, ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Ахмедиярова Айсұлу, Департамент жанындағы ҮЕҰ кеңесінің мүшелері, «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеканал өкілдері қатысты. Департамент директоры А.А. Исаев ШҚО әкімшілігі мен ЮНИСЕФ-тің ынтымақтастық бағыттары мен  ювеналды әділет – балаларға арналған әділет туралы қысқаша  айтып өтті. 
Отырыс қонақтары Керри Нил мен Айсұлу Ахмедиярова кәмелетке толмағандармен жеке тұрғыдағы жұмыс, қабылданған барлық ювеналды технологияларды мүмкіндігінше сақтай отырып жазалауды орындаудың баламалы шараларын енгізу,  Астана, Алматы қалаларында жүзеге асырылған жазалаудың баламалы шараларын пішіндеу жөніндегі жоба және оны ШҚО енгізу туралы  әңгімелеп берді. Ювеналды әділеттің басты міндеті – балалар қылмысының, қараусыздық мен панасыздықтың алдын алуды қамтамасыз етіп, оларға қатысты қылмыстық жазалауды  қолдануды азайту екендігін атап өтті.  
Сонымен қатар, отырыста «Первомай оқу-өндірістік комбинаты» мемлекеттік емес мекемесінің «Девиантты тәртіптегі балалармен жұмысты және олардың бос уақытын ұйымдастыруда ҮЕҰ рөлі» жұмысының тұсау кесері болды. 
                                   
Отырысқа қатысушылар өз ұйымдарының қызметі туралы қысқаша әңгімелеп, жобаны енгізу мерзімі, қаржыландыру, енгізу аумағы, девиантты тәртіптегі балалармен жұмыс механизмі, жобаны жүзеге асыруда қызметкерлерді оқыту т.б. сұрақтармен қызығушылық білдірді. Олар жазалаудың баламалы шараларын пішіндеу жөніндегі жобаны жүзеге асыруды азаматтық секторға беру ұсынысын қолдап, өздерінің осы жобаны Шығыс Қазақстанда енгізуге дайындықтарын білдірді. 

2012 жылғы 13 наурызда қоғамдық көмекшілер Кеңесінің отырысы өтті 

Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті ағымдағы жылғы 13 наурызда балалардың құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық көмекшілер Кеңесінің алғашқы отырысын өткізді. Қалалар мен аудандар әкімдерінің ұсынымдары бойынша Кеңестің құрамына облыстың әрбір аймағынан бір-бір өкілден енді, олар балалар құқығын қорғау саласында жұмыс тәжірибесі бар, түрлі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың өкілдерімен өзара қарым-қатынас жасай алатын адамдар. Кеңестің құрамында 15 адам бар, олар ҮЕҰ өкілдері, бұрын және қазіргі мектеп директорлары, мұғалімдер, өмірлік ұстанымы бар адамдар. Отырыс барысында қоғамдық көмекшілердің жұмыс жоспары, Ережесі бекітілді. Әрбір өкіл келісім жасады, кеңес мүшелеріне қоғамдық көмекшілердің куәлігі табыс етілді.
                                                  
В.В. Рудюк, Б.С. Уразова, К.Д. Диярова аймақтық ерекшеліктерін және негізгі жұмыстарының бағыттарын ескерумен қоғамдық көмекшілердің түрлі үлгерінің өкілдері.
Қоғамдық көмекшілер Кеңесінің төрайымы  болып бірауыздан Камал Диярқызы Диярова тағайындалды, педагогикалық жұмыс өтілі 45 жыл.
                                                  
Ережеге сәйкес қоғамдық көмекшілердің негізгі міндеттері балалардың бостандығы мен заңды мүдделерін, құқықтарын сақтауға қоғамдық бақылау жасау, әрбір аймақтағы балалар мәселесі туралы  департаментті уақытында ақпараттандыру болып табылады. Қоғамдық көмекшілер департаменттің тапсырмасы бойынша басқа да құзыретті органдармен және лауазымды тұлғалармен бірлесіп  балалардың құқықтары бұзылған немесе сақталмаған фактілердің себебін зерделеуге қатыса алады, балалар мен ересектерді құқықтық ақпараттандыру жұмыстарын жүргізеді, ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастыруға және өткізуге, балалардың бостандығы мен заңды мүдделері, құқықтарын қорғау мәселелеріне қатысты мәжілістер мен семинарларға қатысады, балалардың құқықтары бұзылған фактілер мазмұнынан тұратын бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарын талдайды және ол туралы балалардың құқықтарын қорғау департаментін ақпараттандырады.
                                                 
Қоғамдық көмекшілер институтын құра отырып, балалардың мүддесіне қатысты, мысалы, тұрғын-үй мәселелеріне қатысты жергілікті атқарушы биліктердің шешім қабылдауына ықпал ету мүмкіндігіміз болады.
Қоғамдық көмекшілердің жұмысы кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясымен, сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық бөлімдерімен, білім беру мекемелерінің, денсаулық сақтау және басқа да ұйымдардың  басшыларымен тығыз ынтамақтастықта жүзеге асырылады.
Қоғамдық көмекшілердің рөлі бақылаушы қызмет емес, балаға қауіп төнген жағдайда көмек көрсету болып табылады.
                                                  
Алғашқы отырыс қоғамдық көмекшілердің балалардың тағдыры үшін алаңдайтынын, жергілікті деңгейде балалар мүүдесі үшін дұрыс  шешім  қабылдауға ықпал ететіндерін көрсетті.

Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған үкіметтік емес ұйымдары кеңесінің кезекті отырысы өтті

2012 жылдың 29 ақпанын күні «Демеу» Жастар Денсаулық Орталығында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жанынан құрылған үкіметтік емес ұйымдары кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Мақсаты: «Демеу» жастар денсаулық орталығының қызыметімен және жүргізген сауалнама нәтижесімен танысу, бала құқығын қорғау мәселесімен айналысатын ҮЕҰ –ның өзара ынтымақтастығын арттыру және тәжірибе алмасу.
                                
Отырыстың жұмысына Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің,  «Демеу» Жастар Денсаулық Орталығының өкілдері және ҮЕҰ кеңесінің мүшелері, қала мектептерінің психологтары мен оқу-тәрбие ісінің меңгерушілері, барлығы 27 адам қатысты.                                  
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Р.М.Жұмабекова отырыстың жұмысын жүргізді.
«Демеу» Жастар денсаулық орталығының директоры Р.А.Абзалова өз баяндамасында Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудың заманауи стратегия есебінде Алғашқы медициналық – санитарлық көмектің (АМСК) әлеуметтік маңыздылығы туралы айтып берді. 
                              
Сонымен қатар, Жастар Денсаулық Орталығының қызметі барысымен таныстырды.
Бұдан әрі Жастар денсаулық орталығының психологы С.В.Тен Қазақстан Республикасының Астана, Қарағанды, Семей және Шымкент қалаларының оқушылары арасында өткізілген «Сравнительный анализ динамики распространенности поведенческих факторов риска среди населения Республики Казахстан» сауалнама нәтижесімен таныстырды.
Рысты Мағауияқызы өз сөзінде бала және оның отбасы мүшелерінің құқығын қорғауда мемлекеттік мекемелердің назарынан тыс қалып жатқан кездерін үкіметтік емес ұйымдарының толықтырулары қажеттігіне назар аударды. Р.Жұмабекова Орталықтың жұмысына жоғары баға беріп, осындай орталықтарды көбейту арқылы кешенді әрі жан-жақты көмекке мұқтаж жандардың басым бөлігін қамтитындығын баса айтты.
                               
 Сонымен қатар, мектептегі медициналық қызметкерлердің жұмысын жандандыру мақсатында тренингтер, семинарлар ұйымдастыру маңызды екендігіне тоқталды.
Отырыстың қорытындысы ретінде «Демеу» жастар орталығының қызметкерлері қатысушыларды ата-аналар мен педагогтарға арналған ұсынымдамамен таныстырды.
Іс-шараның соңында қонақтар «Демеу» жастар денсаулық орталығын аралап, жұмысымен жақын танысты.

Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы МЕҰ үйлестіру Кеңесі отырысы туралы

А.ж. 25 ақпанында департамент базасында МЕҰ үйлестіру Кеңесінің «Жалпы білім беру мектептерінде арбада отыратын мүгедек балалардың оқытылу мүмкіндігі» тақрыбында «Инклюзивті білім беру» секциясының отырысы өтті.
                                    
Отырыста  Ақмола облысының білім беру басқармасы, еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы,  білім беру қызметкерлерін қайта дайындау мен біліктілігін жоғарлату институты,  «Бота» ҚҚ АФ, «Бұлақ» ҚҚ, «Ақмола облысының мүгедек балаларын қолдау ассоциациясы» ҚҚ, «Милосердие здоровье» (Денсаулық қайырымдылық)   ҚҚ, «Спешиал Олимпикс Қазақстан» ҚҰ АФ өкілдері қатысты. 
                                        
Ақмола облысының білім беру басқармасы, еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы өкілдерінің облыста инклюзивті білім беру шеңберінде мүгедек балалармен жұмыс жүргізу жағдайы туралы сөз тыңдалды.  «Бота» ҚҚ  өкілі мүгедек студент А. Күлбаев оқуына грант бөліп беруді ұсынды.  Отырыс қортындылары бойынша МЕҰ Кеңесі мүшелеріне Ақмола облысының мүгедек балалар арасында сауалдама мен шығармашылық сайыс ереже жобасын әзірлеу бойынша  ұсыныс жасау тапсырыс берілді.

Шығыс Қазақстан облысында әр баланың дамуы мен өміріне жақсы жағдай қамтамасыз ету мақсатында бірегей қағидалар мен көзқарастар негізінде мемлекет пен азаматтық қоғам арақатынасында балалардың құқығын қорғаудың сапалы жүйесін қалыптастыру үшін ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар Кеңесі құрылды. 2012 жылғы 3 ақпанда ШҚО Талдау және болжау институтында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы ҮЕҰ  кеңесінің бірінші отырысы өтті.
                            
Кеңес отырысын Департамент директоры А.Исаев Елбасының Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруден бастады. Департамент жанындағы ҮЕҰ кеңесінің отырысына қатысушыларға еліміздің одан әрі дамуы үшін, әрбір азаматтың жағдайын одан әрі жақсарту үшін, халқымыздың бірлігін, тыныштығын сақтау үшін, нақты жолдар осы кең ауқымды құжатта толық көрініс тапқанын, осы мақсатта Қазақстанымызды алдағы 10 жылда табысқа жеткізетін ең негізгі жолы, ол – әлеуметтік-экономикалық жаңғырту екенін  атап көрсетті. Аркадий Анатольевич Кеңестің жұмысын Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру аясында құруды ұсынды.
                           
Отырыс барысында департамент директорының орынбасары А.Тоқтарбекова ШҚО балаларының 2011 жылдағы жағдайымен таныстырды. Отырысқа қатысушылар білім, балаларға қатысты қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың алдын алу, балалықты қорғау мәселелерін, алдағы қарым-қатынастар, 2012 жылға жоспарды белсенді талқылап, ұсынымдар қабылдады.
                           
Сонымен қатар, отырыста «ОЛИМП» жастарды қорғау, дамыту және көмек көрсету орталығы» ҚҰ жұмысының тұсау кесері болды.
Отырыс соңында Департамент «ОЛИМП» жастарды қорғау, дамыту және көмек көрсету орталығы», «Статус» әйелдер федерациясы», «Парасатты жастар Лигасы», «Әлеуметтік қызметкерлер мен еріктілер қауымдастығы» қоғамдық ұйымдарымен өзара  ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

2012 жылы 31 қаңтарда ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «Облыстық «Виза» Іскерлік оқыту Орталығының «Іскерлік болашақ» бизнес-білім бағдарламасына ықпал ету және іске асыру Қоры» ҚҚ ұйымдастырылған «Өз Болашағың – Өз Қолыңда» жобасы аясында өткізілген фокус-группаға белсене қатысты.
Іс-шараға сол сияқты Жеткіншектер үйінің, «FAITH» «Нашақорлыққа қарсы жастар қайырымдылық орталығы» қоғамдық бірлестігінің, «Облыстық «Виза» Іскерлік оқыту Орталығының «Іскерлік болашақ» бизнес-білім бағдарламасына ықпал ету және іске асыру Қорының өкілдері, тәжірбиелеуші психологтар, жобаға қатысушылар қатысты.
Жыл ағымында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Облыстық «Виза» Іскерлік оқыту Орталығының «Іскерлік болашақ» бизнес-білім бағдарламасына ықпал ету және іске асыру Қоры» ҚҚ бірлескен өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған интернаттық ұйымдардың түлектері есебіндегі жастарда өмірлік дағдылар қалыптастыру және құқықтық ағартуға бағытталған «Өз Болашағың – Өз Қолыңда» жобасын іске асырды. 
Фокус-группаға қатысушылармен осы жобаның қорытындысы мен нәтижесі шығарылды.
                              
Бірінші кезеңде – жастардың жеке басының өсіміне, өзін-өзі таныту және өзін-өзі жұмыспен қамтуға жағдай жасалды, қатысушыларда ары қарай өмір сүруге, кәсіптік және әлеуметтік орналасуға қажетті дағдылар қалыптастырылды. Екінші кезеңде – жұмысқа орналасу нұсқаларын кеңейту және білімдерін жетілдіру жолымен жастардың жұмыспен қамту үрдісі оңтайландырылды, өздерін танытудың тиімді стратегиялары ұсынылды. Мақтанышпен айтатынымыз, 175 жобаға қатысушының, тек үшеуі ғана қазіргі уақытта жұмыспен қамтылмаған, олармен жұмыс жалғасуда.     
Жоба аясында жастарға кәсіптерін анықтау және жұмыс табуға көмектесетін «3Х3=РАБОТА» (три заповеди, три вопроса, три простых совета)» атты ақпараттық брошюрасы шығарылды және таратылды.
Іс-шараның қорытындысында фокус-группаға қатысушылармен қаржылық мүмкіндігі шектеулігі бар жастардың әлеуметтік жетістік деңгейін көтеру мақсатында барлық мүдделі органдер мен ұйымдардың бұдан әрі әрекет етудің алғы шарттары анықталды.

Оңтүстіктегі жаңа жобаның тұсаукесері

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  «Назым-Шымкент» қоғамдық бірлестігімен «Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың  алдын алу мақсатында  мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың серіктестігі» тақырыбында өткізген дөңгелек үстелде аталмыш жобаның тұсауы кесілді.
Дөңгелек үстелге облыстық ішкі істер департаменті, білім, денсаулық басқармалары, діни істер департаменті, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, жүйке аурулар диспансері, наркологиялық диспансері мамандары және «Жолдас» СПИД-орталық қауымдастығы қатысты. 
                                         
Жобада мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың мамандарына даярлық семинар-треннингі, білім беру ұйымдарының педагог-психологтарына, ұстаздарға оқыту тренингтерін, ата-аналармен кездесулер, оқушылар арасында олардың әлеуметтік-психологиялық жай-күйіне зерттеулер жүргізу. психотерапевтік көмек: психодиагностика, түзету терапиялары, жеке және топтық кеңес беру, әлеуметтік қолдау көрсету жоспарланған. 
                                         
Қатысушылар жобаға өз ұсыныстарын енгізіп, бірауыздан қолдады.
Іс-шара соңында мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар жоба аясында меморандумға қол қойды. 
Жобаның жүзеге асыуына бір кісідей атсалысып, оның нәтижелі болатынына сенімдіміз.

Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментіндегі Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар алқасын құру туралы

2011 жылдың 12 желтоқсанында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар алқасының алғашқы кеңес беру отырысы өткізілді. Отырыстың мақсаты: әр баланың дамуы мен өмірі үшін ең жақсы жағдай жасау мен қамтамасыз етуге, бірыңғай принципке негізделген, Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау тиімді жүйесін қалыптасуындағы мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасы. 
                                                                       
Отырысқа қатысқандар:1.    Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры- К.А.Айдарханова;2.    Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директор орынбасары – Ш.А.Сайлагиева;3.    «Меценат» қайырымдылық қоры» ҚҚ, А.Т.Жаманкулов;4.    «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ, А.Е.Дюсенова;5.    «Ақтөбе облысының әйел-саясаткерлерінің клубы», А.У.Турниязова;6.    Ақтөбе облысының «Нұр-Отан» Халықтық Демократиялық партиясының «Жас Отан» жас қанаты, Е.М.Шыма;7.    «Кәмелетке толмаған жастарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, С.К.Абдиров;8.    «Үміт» балалар үйі» , бас дәрігердің орынбасары, Г.К.Тулебаева;9.    «Жасөспірімдер үйі» мемлекеттік мекемесінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Е.А.Бровко.                      
                
Отырыста балалардың құқықтарын қорғаудың маңызды аспектілері қарастырылды,  Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар алқасының балалардың ықыласы негізінде мемлекеттік мекемелермен және қоғаммен өзара қарым-қатынасының құрылымы анықталды, 2012 жылға арналған Алқаның Жұмыс жоспары мен Ережесі бекітілді.                        

2011 жылдың 28 қарашасында азаматтық қоғам мен үкімет арасындағы қарым қатынасты нығайту, балалардың құқықтарын қорғауда, өмірінде және дамуында тиімді жағдай ұйымдастыру мақсатында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында үкіметтік емес ұйымдарының Кеңесі құрылды.
Аталған шараға Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, үкіметтік емес ұйымдары және БАҚ өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, бұл отырысқа балалардың құқықтарын қорғау саласында қызмет атақаратын 20 үкіметтік емес ұйымдар шақырылды.
Департамент директоры Г.Ермекбаева өзінің баяндамасында ағымдағы жылдың 26 қыркүйегінде Астана қаласында Балалардық құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.Шердің басшылығымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанында үкіметтік емес ұйымдардың алғашқы Кеңесі өткізілгендігін,  департаменттің балалардың құқықтарын қорғау саласындағы рөлін, сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдармен аталған бағытта жұмыс атқару қажеттігі туралы атап айтты.
Отырыс барысында департаменттің жұмысы және балалар еңбегінің ең жаман түрлерін алдын алу мақсатындағы Талдықорған қаласындағы «Қарлығаш» «Әйелдер біліми-кеңестік орталығы» үкіметтік емес ұйымының дайындаған жобасы бойынша  фильм ұсынылды. Аталған бағыттағы жұмыс биылғы жылы кеңейтіліп, 5 компоненттен тұратын болатын.
Отырыс барысында департаменттің жұмысы және балалар еңбегінің ең жаман түрлерін алдын алу мақсатындағы Талдықорған қаласындағы «Қарлығаш» «Әйелдер біліми-кеңестік орталығы» үкіметтік емес ұйымының дайындаған жобасы бойынша  фильм ұсынылды.
Балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бастығы А.Молотова отырысқа қатысушыларды үкіметтік емес ұйымдар кеңесінің Ережесімен таныстырып өтті.
«Юность» дағдарыс орталығы», «Қарлығаш» Әйелдер біліми-кеңестік орталығы», «Мүшелтой» балалар мен жасөспірімдер ауласы мен т.б. қоғамдық бірлестіктер департамент жанындағы үкіметтік емес ұйымдар Кеңесін құру қажеттілігі туралы өз ойларын жеткізді.
Ережеге сәйкес үкіметтік емес ұйымдар Кеңесінің төрайымы департамент директоры Г.Ермекбаева.
Үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері тарапынан Кеңес төрайымының орынбасары Қыдырбаева Дәния Сәлімбайқызы болып тағайындалды.
Әр бағытқа жауаптылар жүктелді. 

Жаңа меморандумдарға қол қойылды

2011 жылдың 24 қараша айында Қостанай облыстық Азаматтық бастамалар даму орталығының конференц-залында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті (әрі қарай - Департамент) және аймақтың бағдарлы үкіметтік емес ұйымдарының кездесуі өтті.

Кездесудің қатысушыларына «Қостанай облысының Азаматтық альянсы» ҚҚ төрайымы Новодворская Н.Б. жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, Новодворская Н.Б. осындай кездесулердің жиі өткізілуі мемлекеттік сектормен қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік беретіндігі жөнінде атап өтті.
Директордың орынбасары Нұрманова Б.Ж. 2011 жылдың 10 айында ҮЕҰ бірлескен жұмысының қорытындысы туралы сөйлеген сөзінде Департамент үшін ҮЕҰ қарым-қатынас және сындарлы диалог орнату – балалардың құқықтарын қорғау және өмір сапасын арттыру жөніндегі мәселелердің тиімді шешудің ең маңызды талаптардың бірі.

Кездесу барысында Департамент және 10 ҮЕҰ бірлескен қызмет меморандумына қол қойылып, онан арғы өзара қарым-қатынас жөнінде ҮЕҰ ұсыныстары талқыланды.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен азаматтық институттарының қарым-қатынас құралдарын арттыру мақсатында 2012 жылға өзара қарым-қатынас жоспарын бекіту жөнінде ағымдағы жылдың желтоқсан айында кезекті кездесу өткізу туралы шешім қабылданды. 

Өзара қарым-қатынас орнатылды

2011 жылғы 1 қарашада Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанында ҮЕҰ кеңесінің кеңейтілген отырысында балалардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің үкіметтік емес ұйымдармен өзара қарым-қатынасының механизмі талқыланды.
«ГрИН» Қостанай облысының Азаматтық Альянсы» ҚҚ басшысы Қапенова Г. А., «Тәжiрибелі жантанушылардың орталығы» ҚБ басшысы Саркисян Ш. В., «Перекресток» ҚҚ басшысы Куликов А. В., «Қазақстандық жыныстық және репродуктивтік денсаулық ассоциацияның Қостанай бөлімшесі» ҚБ басшысы Шабурова Н.Б.,  «Мұрагер» Қостанай облыстық балалар ұйымы» ҚБ төрайымының орынбасары Әбдібеков Н. Е. өз қызметі жайында компьютерлік тұсаукесерін көрсетіп, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оның денсаулығын қорғау және азаматтық көзқарасты қалыптастыру жөніндегі жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс барысында бала өмірінің сапасын жақсарту бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға, облыста балалық шақ мәселелеріне ауқымды кәсіпорындар мен шаруашылық субъектілерді жұмылдыруға бағытталған, балалар қозғалысын дамытуға ықпал ететін  кешенді іс-шаралар  айқындалды.

Ағымдағы жылдың қараша-желтоқсан айларында өтетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Қостанай облысының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында оқитындардың Шығармашылық керуені білім беру ұйымдарының және үкіметтік емес ұйымдардың бірінші маңызды бірлескен ісі болады. Керуен шеңберінде кәсіпорын қызметкерлерінің назарына балалардың қатысуымен концерттік бағдарламалар, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз  қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары туралы бейнелі өнімдер, шығармашылық жұмыстардың көрмесі ұсынылады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік мекемелер мен үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы сұхбат – бұл балалық шақ мәселесін шешуші іс-әрекет тәсілі, балаларды әлеуметтендірудің жаңа деңгейіне шығу фактісі екендігін айқын көрсетуге болады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитеті жанындағы Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың консультативтік кеңесінің кеңейтілген отырысы

2011 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  Балалардың  құқықтарын қорғау Комитеті жанындағы  Үкіметтік емес қоғамдық  ұйымдар консультативтік кеңесінің бірінші отырысы өткізілді (бұдан әрі-ҮЕҰ Кеңесі).
Кеңес жұмысы барысында отырысқа қатысушылар балалық шақты құқықтық қорғаудың ең маңызды  аспектілерін, ҮЕҰ  консультативтік кеңесінің  балалар мәселесіне байланысты мемлекеттік органдармен және қоғаммен өзара қарым-қатынаста  әрекеттесуі  қарастырылды.
ҮЕҰ Кеңесі туралы ереже және 2011 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді. 

ҮЕҰ Кеңесінің мүшелері «Право» қоғамдық қорының жұмыс тәжірибесімен танысты. Сонымен қатар, Астана қаласының  балалар үйіне, № 65 мектеп-гимназияға,  арнайы түзету мектеп-интернатына, Астана қаласының  Балалар деревнясына барып, аталған білім беру ұйымдарының қызметімен танысты.

ҮЕҰ  Кеңесінің отырысына 60 адам: ҮЕҰ Кеңес мүшелері, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері директорлары және  жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесінің мүшелері қатысты.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен 1992 жылдан бері ынтымақтастықта.
Негізінде ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық арасында және Қазақстан Республикасы Үкіметімен 5 жылдық мерзімдегі Елдік бағдарламалар қол қойылды. 2005-2010 жылдарға арналған Елдік бағдарламаның бюджеті 3,5 млн. АҚШ долларын құрайды.
2010 жылы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры Қазақстан Республикасының БҒМ, ЕХӘҚ, ДС, Әдмині, ІІМ 2010-2011 жылдарға арналған бала құқықтары бойынша «Отбасы бағдарына арналған балалықты қорғау» және «Балалар үшін әділет» екі компоненттен тұратын Екі жылдық сырғымалы жоспарға (ЕСЖ) қол қойды.
Жоспарға сәйкес бала құқығының механизмдерінің тиімділігін нығайтуға бағытталған жергілікті және орталық деңгейде іс-шаралар кешені дайындалды.

  БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорымен бірлесіп:

- отбасы және балалар қолайсыздығын ерте анықтау бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізілді және Астана қаласында 16 мектептің базасында экспериментальды алаңдар ашылды, зертттеулердің нәтижесі бойынша «Отбасы қолайсыздығын ерте анықтау мониторингі» жинағы шығарылды.
- жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемені деинституционализациялау, сондай-ақ интернаттық мекемелерге балалардың түсіп қалмауын алдын алу бойынша тұжырымдама дайындалды.
- Қазақстан үшін «Балаларға мейірімді қала» тұжырымдаманың жобасы дайындалды;
- Кеңес және САТР орталықтарының базасында инклюзивті білім беру бойынша үлгі орталықтары құрылды;
- қауымдастық деңгейінде (ОҚО және ШҚО) отбасыларды қолдауда екі орталық құрылды. ОҚО-ның әкімдігі Орталықты ұстауға 2 млн. теңге бөлді;
- бала құқықтарының мониторингі бойынша материалдар дайындалды (зерттеулер, глоссарий терминдері, бала құқықтарын оқыту бойынша көмекқұрал, тренерлер үшін көмекқұрал)
Қазақстан Республикасында бала құқықтары саласының жетістіктерін ескере отырып, ЮНИСЕФ-тің бастамасы бойынша 2006 жылы Астана қаласында Орта Азия елдерінде бала құқықтарын қорғау бойынша бірінші форум өткізілді.
2009 жылы 23 қазанда Астана қаласында ЮНИСЕФ-тің бастамасы бойынша «Балалық шақты қорғаудың қазақстандық жүйесі: шешуші проблемалар, тәжірибелер, перспективалар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. «Дөңгелек үстел» жұмысына Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, ғылыми қоғамдастықтар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
2009 жылы қарашады ЮНИСЕФ-пен бірлесіп Бала құқықтары туралы Конвенцияның 20 жылдығына және оның Қазақстан Республикасында ратификациялануына 15 жылдығына арналған« 21 ғасыр балалары, біздің құқығымыз бен мүмкіндіктеріміз» Балалар саммиті ұйымдастырылды.
БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қорын қолдауда 2009 жылғы желтоқсанда «Біз - тәуелсіздікпен құрдаспыз! Біздің Отанымыз-Қазақстан» Қазақстандағы жасөспірімдер және жастар форумы өткізілді. 

«Қазақстан қоғамының дамуы мен орнауындағы отбасы тәрбиесінің рөлі» дөңгелек үстел 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі отбасылық қатынастар саласындағы ағартушылық және білім беру процесін дамыту мақсатында «Салауаттық Қазақстандық» республикалық қоғамдық бірлестікпен бірлесіп, 2010 жылғы 4 қазанда «Қазақстан қоғамының дамуы мен орнауындағы отбасы тәрбиесінің рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айткүл Самақова, Қазақстан Республикасы Жоғарғы сот судьясы Ұлболсын Сүлейменова, Қазақстан Республикасы деңсаулық сақтау, ішкі істер, әділет министрліктерінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Валеология Академиясының вице-президенті Ербол Даленов, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Әсима Бимендина, «Салауаттық Қазақстандық» РҚБ президенті Софья Евдокимова, ресей жазушысы, психолог Анатолий Некрасов қатысты.
Дөңгелек үстел барысында отбасылық қатынастардағы ағарту мәселесі бойынша жасөспірімдер мен ересектерге білім беру, оқытушылар мен мамандарды дайындауға бағытталған жоба талқыланды.

20 мая 2010 года в г. Алматы состоялась международная конференция, посвященная вопросам повышение эффективности предоставления социальных услуг уязвимым категориям детей и молодежи.
Конференция организована департаментом Программы Поддержки Социальных Услуг Фонда «БОТА», который в настоящее время проводит отрытый грантовый конкурс.
Цель конференции - разработка путей решения проблем и препятствий, которые оказывают влияние на эффективность деятельности некоммерческих организаций (НКО) в деле предоставления социальных услуг для малообеспеченных детей.
На конференции приняли участие председатель Комитета по охране прав детей Министерства образования и науки Р.Шер и более 60 руководителей НКО, предоставляющих социальные услуги детям дошкольного возраста, детям и молодежи с ограниченными возможностями, а также молодым казахстанцам, находящимся в группе социального риска.
Также в программу конференции была включены презентации экспертных НКО, осуществляющих деятельность в сфере защиты детства в Казахстане, России и США. Помимо этого, была предусмотрена разработка списка приоритетных рабочих направлений по улучшению уровня предоставления социальных услуг, который будет предоставлен фонда «Бота» в соответствующие ведомства, донорские организации и НКО.
Основной задачей проведения конференции является увеличение эффективности освоения грантов Фонда «БОТА», выделенных на предоставление социальных услуг в тех областях, где сотрудничество между учреждениями государственного уровня и НКО первостепенно важны. Ранее Фондом уже было предоставлено около 1,1 млн. долларов США на поддержку грантовых программ по предоставлению услуг в сфере охраны детства; в ближайшие 3 года запланировано увеличение инвестируемых средств до 10 млн. долларов США.  

Доклад Председателя Комитета по охране прав детей МОН РК Шер Р.П. на конференции Общественного фонда «Бота» на тему «Сотрудничество с НПО по проблемам детей и молодежи, находящихся в трудной жизненной ситуации: состояние и перспективы» г. Алматы, 20 мая 2010 г. 

Двухлетний скользящий план по охране детства на 2010-2011 гг.  Защита детства , ориентированная на семью, и Юстиция для детей в Казахстане 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика