"Сен үшін, Жас досым!"

Құрылған: 01.08.2012, 12:11   |  
"Сен үшін, Жас досым!"



Enikki Festa 2017-2018 Ереже




Мәскеудегі балалар мерекесі

Халықаралық Балалар Қоры Ассоциациясының президенті, Ресей Балалар Қоры басшысы, Ресей білім академиясы жазушы академик А.А. Лихановтың шақыруы бойынша 2016 ж. 29 мамырда Қазақстаннан балалар тобы Мәскеу қаласына аттанды.

Аса жоғары достық және саясаттағы біздің мемлекетімізге деген әлемдік сыйластықтықтың белгісі ретінде мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың атына шақыру хаты келген болатын.

Бағдарламада Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ресейдегі үлкен театрға, Кремльге, музейлерге, планатериялар т. б. жерлерде өтетін іс-шараларға қатысу жоспарланған.

Шешім бойынша Мәскеуге жас ерекшеліктеріне қарамастан оқуда, өнерде жақсы нәтижеге жеткен балалар бара алады.

Лоскутов Владислав- ШҚО Өскемен қаласы «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі.  (2010ж.) «Таң Шолпан» Республикалық байқауының бас жүлдегері, (2012ж.) Халықаралық  «Салют талантов» байқауының ІІ дәрежелі лауреаты, (2012ж. Франция) «Салют талантов» байқауының І дәрежелі лауреаты, (2014ж.Испания) «У самого черного моря» дарындар байқауының бас жүлдегенрі, (2015ж.Ресей) «Таң Шолпан» республикалық байқауының бас жүлдегері.

Сарафутдинов Владимир - Батыс Қазақстан облысы, балалар үйінің тәрбиеленушісі. Ән айтуды сүйеді. Халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық вокал байқауларының жеңімпазы. Режиссер, продюссер болуды армандайды.

Моисеева Татьяна – Қостанай облысы, Рудненск балалар үйінің  тәрбиеленушісі.

«Детства без границ»  байқауының қатысушысы, «Таң Шолпан» және «Жұлдызай» республикалық байқауларының жеңімпазы және лауреаты.

Нагорная Лаура – Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №4 жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушісі. Балалар телестудиясы СДД-ТВ жүргізушісі.

Кольчугина Ангелина – Солтүстік Қазақстан облысы,  жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Атырау мектеп-интернатының тәрбиеленушісі, оқу озаты.

(2014жыл.)  Аудандық «Абай оқулары» байқауының жеңімпазы. «Таң Шолпан» республикалық байқауының вокал бойынша, «Северное сияние» облыстық шығармашылық байқауының, (2015жыл.) «Жас жұлдыздар» байқауының лауреаты.

Амангелді Аружан –Алматы қаласы, №2 балалар үйінің тәрбиеленушісі.

«Ғұмырдария» және «Күншуақ» республикалық фестивальдарының жүлдегері.

Якупова Гульнар – Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушісі.

(2013ж.) «Таң Шолпан» республикалық байқауларының бас жүлдегері (2014ж.)  «Дети SMART  АСТАНА» қалалық байқауының І орын иегері,

«Astana kids fashjon show - 2014» халықаралық сән үлгісін көрсетуге қатысқаны туралы сертификат, (2015ж.) «Менің Отаным - Қазақстан» атты республикалық байқауының ІІ дәрежелі дипломы, (2015ж.) «Грация» шығармашылық байқауы халықаралық фестивалінің І дәрежелі дипломы.

Нысанова Жеңісгүл – «Облыстық С. Қазыбаев атындағы КММ балалар үйі» тәрбиеленушісі. (2015ж.) Астрахань қаласында өткен «Подари улыбку детям» ІІ Ресейаралық фестивалінің жеңімпазы.

Өтешов Бернар –Ақтөбе облысы, КММ «Отбасылық Темір балалар үйінің» тәрбиеленушісі. (2015ж.) Аудандық «Екі жұлдыз» байқауының І орын иегері.

Плещакова Гаухар –«Маңғыстау облыстық  отбасылық балалар ауылының» тәрбиеленушісі. «Таң Шолпан» (2014-2015жж.) республикалық байқауларының қатысушысы және жеңімпазы.

 

Балалармен тәжірибелі және талантты педагогтар бірге барады. Біз, Мәскеуден фотосуреттер мен жаңалықтарды асыға күтеміз.

 

Сіздерге, Сәт-сапар және қуанышпен оралуды тілейміз!!! 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика