Жаңалықтар, оқиғалар, фактілер

Құрылған: 02.08.2012, 13:54   |  
Жаңалықтар, оқиғалар, фактілер

Ақмола облысының жалпы отра білім беретін мектептерде оқушыларды бірмезгілдік сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету мониторингі жөніндегі ведомствоаралық сараптаушы топ отырысы

2012 ж. 19 наурыз күні Ақмола облысының білім басқармасы маңында  жалпы білім беру мектеп оқушыларын бірмезгілдік сапалы және қауіпсіз тамақпен қамтамасыз ету мониторингі жөніндегі ведомствоаралық сараптаушы топ отырысы өтті, бұл отырыста білім басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау Департаменті, санитарлы-эпидемиологиялық қызмет, білім сапасын тәуелсіз бағалау Орталығы өкілдері қатысты.
Сарапшы топ төрайымы, білім басқармасы бастығының орынбасары Жанысова М.К. Ақмола облысының жалпы білім беру мектеп оқушыларын ыстық  тамақпен қамтамасыз ету бойынша статистиканы келтірді. А.ж. 15 наурызы күніне облыста 627 мектеп, оқушылардың жалпы саны – 103416, олардың ішінде ыстық тамақпен қамтылған – 40836, бұл оқушылардың жалпы санынан 85 % құрайды. Облыста аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 10656, олардың ішінде 9305 тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, бұл жалпы санынан 87 %.  Оқу жылдың басына мектеп асханаларында 724 жұмысшы қызмет етеді, олардың ішінде аспазшы болып – 521 адам. 38 аспазшы қажет.
Жұмыс барысында әр маман жалпы білім беру мектеп оқушыларын бірмезгілдік тамақпен қамтамасыз ету мониторингі бойынша ведомствоаралық сараптаушы топтың функционалдық міндеттерімен танысты. Екінші тоқсанда жалпы орта білім беру мектеп оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруды қарастыру мақсатында төрт ауданға бару болжамданған.

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика