Қазақстанда балаларды асырап алу

Қазақстанда балаларды асырап алу 

Азаматтар өзінің тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға бала асырап алу ниеті туралы жазбаша өтініш береді, оған мынадай құжаттар:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі (еркін нысанда);

3) жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан еңбекақысы туралы анықтама, бірге тұратын отбасы мүшелерінің кәсіпкерлік қызметпен айналысудан түсетін және басқа да табыстар туралы анықтама);

4) отбасы жағдайы туралы анықтама (неке (ерлі-зайыптылық) қию (бұзу) туралы куәлігінің көшірмесі), балалардың туу туралы куәлігінің көшірмелері (балалар болған жағдайда));

5) Кодекстің 91-бабының 1-бөлімінің 6) тармақшасына сәйкес науқастығының жоқтығын растайтын денсаулық туралы анықтама, сондай-ақ «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде есепте тұрғандығы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама;

6) Тұлғаның қылмыс жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есебінде тұрғаны жөнінде мәліметтің болуы немесе болмауы туралы анықтама;

7) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі.

 

"Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  бұйрығы

 

Жоғары
© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика