Ресми ақпарат

Балаларды асырап алу жөніндегі 
шетелдік агенттік өкілдерінің 
басшылары мәліметіне
 
Қолданыстаға заңнамаларға сәйкес шетелдіктер асыранып алынған балалардың өмірі, тәрбиесі және денсаулық жағдай туралы есебін алғашқы үш жылда жылына екі рет, одан кейінгі жылдары жылына бір рет кәмелеттік жасқа толғанға дейін міндетті түрде ұсынуы қажет.
Осыған байланыс, асырап алынған балалар туралы ұсынатын мәліметтің есептік үлгісін ұсынамыз.

Мәлімет үшін !!!
 
2013 жылғы 2 қазанда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П.Шердің Испания Корольдігінің Астанадағы Елшілігінің өкілі Таладрид Элен ханыммен кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасында акредиттелген испандық агенттіктердің қызметі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шетелдік бала асырап алуға үміткерлерге қойылатын талаптарға қатысты мәселелер талқыланды.

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген, бала асырап алу бойынша шетелдік агенттіктердің өкілдерімен кездесуі өткізілді
 
2013 жылғы 1 қазанда  Балалардың құқықтарын қорғау комитетімен Қазақстан Республикасында аккредиттелген, бала асырап алу бойынша шетелдік агенттіктердің басшыларымен кеңес өткізілді.
Кездесу барысында шетелдік асырап алу саласында ұлттық заңнаманы жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Ерекше назар балалардың өмір сүру және тәрбие жағдайын бақылауды жүзеге асыру міндеттерін орындау, сонымен қатар тиісті ақпаратты заңнамалықпен белгіленген ретте ұсыну мәселесіне аударылды. 
 

                                                                                            
                            

«Сіздің сұрақ – біздің жауап»  интернет-конференциясының өтуі туралы 
 
2013 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті on-line тәртібінде «Сіздің сұрақ – біздің жауап» атты интернет-конференция өткізді. 
Конференцияның мақсаты – қамқоршылық немесе қорғаншылық функцияларын жүзеге асыратын органдар мамандарының, сондай-ақ, балалар үйлерінің әлеуметтік педагогтары мен тәрбиешілерінің құқықтық сауаттылығын көтеру.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері, 36 жергілікті атқарушы орган, 200 білім беру ұйымы мен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің өкілдері қатысты. 
Конференция қамқоршылық пен қорғаншылық функцияларын жүзеге асырушы органдар өкілдері және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметкерлері үшін диалогтық алаң болды.
Конференция барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі мемлекеттік тілдің дамуы, бала асырап алуға тілек білдірген азаматтарды есепке алу, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке қою, отбасыны қолдау қызметтерінің қызметі туралы мәселелері талқыланды.
Конференция нәтижесінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бойынша заңнаманы іске асыру саласында ұсынымдар әзірленіп, тәжірибелер мен пікір алмасу жүргізілді.

2013 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасында бала асырап алу мәселелері» атты "дөңгелек үстел" отырысын өткізді

2013 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасында бала асырап алу мәселелері» атты "дөңгелек үстел" отырысын өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына білім және ғылым, сыртқы істер, әділет, денсаулық сақтау, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ювеналдық соттардың, ҚР-дағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының қамқоршылық және қорғаншылық функциясын жүзеге асырушы мамандары қатысты. Сондай-ақ, дөңгелек үстел жұмысына акредиттелген шетелдік бала асырап алу бойынша агенттіктердің өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Дөңгелек үстел шеңберінде бала асырап алу саласындағы проблемаларды, сот тәжірибесінде бала асырап алу бойынша заңнаманы қолдану мәселелері талқыланды.
Аталған іс-шарада қатысушыларға мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері өз құзыреті шегінде:
-ұлттық заңнаманы Конвенцияға сәйкес қолдану бойынша шаралар;
-қазақстандық балаларды асырап алуға, соның ішінде  шетелдік азаматтарға асырап алуға беру тетіктері;
- бала асырап алуды қоса отырып, отбасылық құқық туралы істі қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер;
-Литва үлгісінде Халықаралық бала асырап алу туралы конвенцияның нормаларына ұлттық контексте түсініктеме беру және басқа да ұлттық заңнамаларды қолдану тұрғысындағы өзекті мәселелер туралы айтты.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша қатысушылар ұсынымдар қабылдады.


Қазақстанда 35 мыңға жуық жетім бала бар

29.01.2013
 
АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда елімізде асыраушысыз қалған 34 785 жетім бала бар. Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер мәлім етті.
Оның хабарлауынша, 25 мың бала туған-туысқандардың асырауында болса, 10 мыңнан астамы интернат ұйымдарында тәрбиеленіп жатыр. «Жалпы, соңғы 14 жылдың ішінде 47 мыңнан астам жетім бала асырауға алынды. Олардың басым бөлігін қазақстандық азаматтар өз отбасыларына қабылдады», - деп атап көрсетті Р.Шер.

 


«Үміткер ата-аналарға арналған Қазақстандық сайт»

Әрбір бала өзінің сүйікті отбасында ата-анасы мен аға-әпкелері, ата-әжелері арасында өмір сүргісі келеді, өзінің жеке бөлмесі, ойыншықтары болғандығын қалайды.
Алайда, барлық бала мұндай мүмкіндікке ие бола бермейді. Бүгінде жанұя дағдарысы жиі кездесетін құбылыс. Оңтүстік Қазақстан облысында ана мен әкенің мейірімін аңсаған  400-ден аса жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үйлерінің тәрбиеленушілері  отбасылық жылулықты күтуде.
Осы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын жүзеге асыру мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
Елімізде жетім балаларды отбасына орналастырудың баламалы нысандары  -асырап алу, қорғаншылық (қамқоршлық), патронаттық тәрбие, қонақжай отбасы жүзеге асуда. Мәселен, облысымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан 2270 бала қорғаншылық пен қамқоршылықта, 420 бала патронаттық тәрбиеде. Былтыр  балалар үйлерінен 88 бала қонақжай отбасында болды.
                               
2012 жылдың 27 шілдесінде елімізде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы өз отбасына тәрбиелеуге алғысы келетін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін  бірыңғай www.usynovite.kz  интернет-порталы ашылды.  
Жоба «Қазақстан – жетім балалары жоқ мемлекет» жобасы аясында ҚР Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқығын қорғау комитеті мен «Қайырымдылықтың ерікті қоғамы» қорының бірлесе күш жұмсауының арқасында жасалды.
Аталған сайтта республика бойынша баламалы отбасына  орналастыруға әлеуметтік мәртебесі сай келетін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (суреті қоса тіркелген) балалар  туралы ақпарат берілген. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мәліметінің Online-банкі анкетаға ұқсас. Оның ішіне баланың туған жылы мен айы-күні, суреті, мінез-құлқының қысқаша сипаттамасы, баланың ерекшеліктері, бауырларының бар-жоғы жайлы ақпарат, сондай-ақ баланы жанұяға орналастыру формасы да кіреді.
Сонымен қатар, «www.usynovite.kz сайтынан бала асырап алу, қамқоршы болу, патронат бойынша қазақстандықтарға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың барлық формалары мен мүмкіндіктері жайында түсіндірмелер, заңнамалар жинақталған.
Қазақстандық интернет-порталға ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен білім басқармасының ықпалымен Оңтүстік Қазақстан облысынан 130-ға жуық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала туралы ақпарат енгізілді. Бүгінгі таңда аталмыш интернет-портал арқылы 2 бала асырап алуға, 2 бала патронаттық тәрбиеге, 1 бала қорғаншылыққа орналастырылды.
Департаментке асырап алу мәселесімен жүгінген азаматтарға www.usynovite.kz сайтынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баламен танысу мүмкіндігі жөнінде кеңес беріледі.
Жақында бала асырап алуға үміткер азаматша www.usynovite.kz сайтынан бірнеше бала таңдағанын айтып, әрі қарай бұл балалармен қалай жүздесуге болатындығы жөнінде  ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің сенім телефонына қоңырау шалды.
Жұбайымен отандасқанына 15 жыл толған үміткер азаматша ұл мен қызды қатарынан асырап алсам деген ниетте екен. Департамент маманы азаматша таңдаған балалар тәрбиеленіп жатқан облыстың білім басқармаларымен хабарласып, мән-жайды анықтап, үміткерге жергілікті білім басқармасына тиісті құжаттар өткізу үшін құқықтық кеңес берді.
Бұл жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы ашық интернет-дерек болғандықтан үміткер азаматқа бала туралы қысқаша болса да тәуелсіз түрде мәлімет алу,  Қазақстанның кез-келген облысынан бала асырап алу мүмкіндігі бар.
Балалар үйіне мерекелерде киім-кешек, тәттілер сыйлау – бұл бір реттік қана көмек, бұдан баланың жүрегінде махаббат сезімі ұяламайды. Ал отбасына бөтен баланы тұрақты тәрбиеге алуға кез-келген ересек азамат батылдық таныта бермейді.
Сайт тек бала сүюді армандап жүрген азаматтарға ғана емес, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы бөтен бала демей, бауырына басып, жүрек жылуын бөле аламын деген дархан пейілді азамттарға үндеу.
Болашақта сайтта ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бірде-бір бала қалмайды деген сенімдеміз.


2012 жылғы 10 желтоқсанда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде «Ameriсa World Adoption Association» (США) асырап алу жөніндегі агенттінің өкілімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны ратификациялау аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің қызметі жөнінде сұрақтар көтерілді.
Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.


2012 жылғы 4 желтоқсанда ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде «AСI» (Испания) асырап алу жөніндегі агенттінің өкілімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны ратификациялау аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің қызметі жөнінде сұрақтар көтерілді.
Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.


2012 жылғы 6 қарашада ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде «Enfance avenir» (Франция) асырап алу жөніндегі агенттінің өкілімен кездесу өтті.
Кездесу барысында Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенцияны ратификациялау аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің қызметі жөнінде сұрақтар көтерілді.
Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.


ҚР БҒМ бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің өкілдіктерімен өткен мәжіліс өтті

 

2012 жылғы 13 қыркүйекте білім және ғылым, сыртқы істер, әділет, ішкі істер, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өкілдерінің қатысумен Қазақстан Республикасында аккредиттелген бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктердің өкілдіктерімен мәжіліс өтті.
Мәжілістің мақсаты - Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ережелерін іске асыру бойынша одан кейінгі қызметті талқылау.
                
Кездесу барысында бала асырап алу рәсімінің тәртібі, аккредиттелген агенттіктердің есептерді ұсыну және асырап алынған балаларды консулдық есепке уақытылы қою, сондай-ақ,  тиісті міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын қабылдану міндеттемелерін орындау мәселелері қаралды.  
Мемлекеттік органдардың өкілдері асырап алынған балалардың өмір сүру және тәрбиелену жағдайларына бақылауды жүзеге асыру қажеттілігіне ерекше назар аударды.
Шетелдік агенттіктер өкілдіктері басшыларының барлық сұрақтарына нақты жауаптар берілді.


2012 жылғы 6 қыркүйекте ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментінің ықпалымен Қазақстан Республикасындағы Ирландия Елшілігінің Бірінші хатшысы Терез Хилимен кездесу өтті.
Кездесу барысында Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, бала асырап алу жөніндегі шетелдік агенттіктерді аккредиттеу, аккредитацияға құжаттарды ұсыну тәртібі туралы сұрақтар көтерілді.
Барлық сұрақтарға нақты жауаптар берілді.


Құрметті болашақ қорғаншылар мен асырап алушылар!

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алу, қорғаншылыққа алу үшін Сіздердің азаматтық құқықтарыңызды қорғау, сондай-ақ, балалардың – ҚР азаматтарының отбасында өмір сүру құқықтарын іске асыру мақсатында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 8 7172 74 23 42 нөміріне қоңырау  шалуларыңызды немесе өз өтініштеріңізді rsher@edu.gov.kz электрондық мекен жайына жолдауларыңызды сұрайды.
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдары қызметкерлерінің өз міндеттерін орындамаған жағдайда, атап айтқанда:
- құжаттарды, сұраныстарға жауаптарды алу-тапсыру мерзімдерін бұзған;
- сапасыз кеңестер берген;
- ұсынылған құжаттарға қатысты заңсыз талаптар қойған;
- құжаттарды ресімдеу кезінде, бала таңдау үрдісінде көмек көрсеткені үшін ақы сұраған;
- дөрекілік көрсеткен;
- өңір мекемелерінен бала іздеуден, бала іздеуге жолдамалары бар асырап алушыларға өңірлік деректер банкімен таныстырудан бас тартқан жағдайларда.

Біз Сіздерге және балаларға көмек көрсетуге қуаныштымыз!
Құрметпен,
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы
Раиса Петровна Шер

 


Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясының ережелерін іске асырудың 2012 жылға арналған кешенді жоспары


Атырау облысы Жылыой ауданында болып өткен «Неке ( ерлі – зайыптылар) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін түсіндіру жұмыстары бойынша және «Баланың жаңа жанұяға бейімделуі» атты облыстық семинар туралы 

Облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен, 2012 жылдың 23 мамырында Жылыой аудандық білім беру бөлімінде «Баланың жаңа жанұяға бейімделуі» тақырыбы аясында облыстық  семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Қазақстан Республикасының  «Неке (ерлі – зайыптылар) және  отбасы туралы» Кодексін түсіндіру.
Семинарға аудандық білім беру бөлімінің қорғаншылық қамқоршылық органының бас маманы С.Исаканова, Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Каюпова, Жылыой аудандық Әділет басқармасының  бас маманы А.Акбердиева, АІІБ-ң жасы кәмелетке толмағандар бөлімінің бастығы, полиция майоры Ж.Ахипов аудан мектептерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтары және қамқоршылар мен қорғаншылар  қатысты. 
                                      
Семинарды  аудандық білім беру бөлімінің қорғаншылық қамқоршылық органының бас маманы С.Исаканова ашты. 
Семинардың мақсаты бойынша төмендегідей жұмыстар жүргізілді: 
№4мектеп-интернаттың директоры Г.Каратаева «Бала құқықтары» тақырыбында тәрбиеленушілердің жетістіктері туралы слайд көрсетіп, баяндама оқыды. 
Семинар барысында мектеп психологы қамқоршыларға арнап «Мен өзіме сенемін», «Мен қандаймын?» тақырыбында Н.Жақсылықова тренинг өткізді. Одан соң қамқоршылармен семинардан алған әсерлерін ортаға салды, қамқоршылық органына қамқорлықтары үшін алғысын білдірді.
Ортада  сөз алған қамқоршы  Мырзагалиев Жангелді шақырылған қонақтарға  алғысын білдіріп,  семинардың  мақсаты  бойынша өз пікірін білдірді. 
АІІБ-ң жасы кәмелетке толмағандар бөлімінің бастығы, полиция майоры Ж.Ахипов: ауданда оралмандардың құжаттарының теріс болғандығынан балаларының құжаттарының жасақталуы қиынға соғып тұрғандығын айтты. 
Семинарды облыстық Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің бас маманы А.М.Каюпова сөзінің соңында  семинарды өз  мақсатына жеткен жүйелі, нақты  ұйымдастырылғаны үшін Аудандық білім беру бөліміне алғысын білдірді және қоғамдық қабылдау өткізілді. 
«Неке (ерлі – зайыптылық )  және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі, «Балалық шаққа – аялы қамқорлық» атты облыстық өз мақсатына жетті деп қорытындыланды.

«Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясы» тақырыбындағы дипломатиялық миссиялармен құрылымдалған диалог

2012 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясы» тақырыбында дипломатиялық миссиялармен құрылымдалған диалог өткізді.
Диалогқа Қазақстанда тіркелген  дипломатиялық миссиялар, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі Уәкіл,Жоғарғы сот, Бас прокуратура,Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Сыртқы істер және Ішкі істер, Әділет министрліктерінің, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері өкілдері, қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандары, балалар және сәбилер үйлерінің директорлары, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары жетекшілерінің Республикалық кеңесінің мүшелері, қоғамдық бірлестіктер,үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар,бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
                               
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Ә.Қ. Ғалымова диалогқа қатысушыларды құттықтап сөз сөйледі. Жауапты хатшы сөз кезегінде диалог тақырыбының бүгінгі күні маңызды екенін атап көрсетті. Қазақстан Республикасы саясатының басым бағыттарының бірі әрбір баланың өмір сүруге және отбасында тәрбиеленуге құқығын қамтамасыз ету болып табылады. 
Аталған құқықты іске асыру мақсатында республикада жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық орналастырудың  балама түрлері дамытылуда (қамқоршылық немесе қорғаншылық, патронаттық тәрбие, бала асырап алу).
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғаудың жоғары бағаланатын түрі бала асырап алу болып табылады, себебі ол тек балалардың мүдделерін ғана емес, сондай-ақ әртүрлі себептермен балалы болу мүмкіндіктерінен айырылған ересек адамдардың да мүдделерін жоғары тиімділікпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) баланың отбасына құқығын қамтамасыз етуге байланысты бағыты туралы Қазақстан Республикасындағы Қордың өкілі Джун Кукита айтып берді. 
Диалогта сөз алған Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің арнайы тапсырмалар бойынша елшісі Жарбосынова Мәдина Бейнешқызы балалар құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ұлттық заңнамалардың даму тарихына  қысқаша тоқталды.
АҚШ дипломатиялық миссиясының жетекшісі Элисабет Миллард еліміздің заңнамаларының баланы шетелдік асырап алу мәселелері бойынша толықтай халықаралық құқық талаптарына сәйкес екендігін атап көрсете отырып, Қазақстанның Гаага Конвенциясына қосылуын қолдайтынын білдірді. 
                              
Өз сөзінде ол    асырап алынған балаларының құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Қазақстанның табысты жұмыстарын атап  өтті.
Оның пікірінше  балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша  өкілетті орган зор еңбек сіңірген және  басқа мемлекеттер үшін үлгі бола алады.
АҚШ дипломатиялық миссиясының өкілі келешекте Қазақстан Республикасының халықаралық балаларды ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері жөніндегі Конвенциясына қол қоюға қосылатындығына сенім білдірді. 
Балаларды халықаралық деңгейде орналастырудың балама түрлерін пайдалану бойынша тәжірибесімен Франция елшілігінің бірінші хатшысы Патрик Вайан бөлісті.
Ол  Францияның  орталық құзыретті органының  міндеттері және рөлі туралы айтып берді.
Сондай-ақ,  1993 жылғы Гаага Конвенциясының 9 бабында  бала асырап алу рәсімін орталық құзыретті орган немесе мемлекеттік немесе жеке органдар  және оның  аталған міндеттерді орындау үшін құқықтық берілген  деңгейде жүзеге асыруы тиіс екендігі арнайы атап көрсетілген.
Гаага Конвенциясына мүше-елдерде  жеке бала асырап алуға тыйым салынғандығын осыдан көруге болады.
Франциядағы  2009 жылғы 14 сәуірдегі Жарлықпен құрылған Халықаралық Бала асырап алу Қызметі (ХБҚ) Гаага Конвенциясының мақсаттарын іске асыратын Орталық атқарушы орган болып есептеледі.
Францияның Сыртқы және Еуропалық Істер министрлігіне бекітіліп берілген аталған Қызметті   Халықаралық бала асырап алу  бойынша уәкіл, елші Тьерри ФРЕСЕ мырза басқарады.
Бала асырап алу бойынша  Аккредиттелген Агенттіктер (БАА) Франция  өңірлерінде рұқсат алулары  тиіс, содан соң белгілі бір елде қызмет ету үшін Халықаралық Бала асырап алу Қызметінен тиісті рұқсат алады.
                             
Бала асырап алу жөніндегі франциялық агенттіктің Гаага Конвенциясына мүше барлық елдерге қатысу өкілеттілігінде үлесі бар.
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясының тұсаукесерін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Шер Раиса Петровна жасады. 
Өзінің нақты және толық баяндамасында Комитет төрайымы балалар өмірі сапасының әлеуметтік, құқықтық кепілдігін қамтамасыз етуге бағытталған және баланы шетелдік асырап алуға байланысты мемлекеттік саясаттың маңызды аспектілерін ұсынды.
Қазақстан аумағында ережелері қолданыстағы балалар құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласындағы ең маңызды халықаралық құжат бала құқықтары жөніндегі Конвенция және балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Конвенция болып табылады.
Қазақстан Республикасының бұл Конвенцияларды ратификациялауы мемлекеттің балалар құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдіктерін қоғамға пайдалануға беру шегін айқындап берді.
2011 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекет басшысы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды. Кодексті іске асыру үшін Үкіметтің он қаулысы дайындалып бекітілді, оның ішінде алтауының бала асырап алу мәселелеріне қатысы бар. 
Бүгінде бала асырап алуға ниет білдірген азаматтарды есепке алудың нақты жүйесін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа нормативтік құқықтық құжаттар дайындалып, әлдеқашан заңды күшіне енген.
Бала асырап алу бойынша агенттіктерді аккредитациялаудың жаңа рәсімі енгізілді.
Есепке алу ережелері дайындалды, ол жөнінде келешекте Сыртқы істер министрлігінің  консулдық қызмет департаментінің өкілдері хабарлайтын болады.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары Калимова Венера Қасымбайқызы бала асырап алу бойынша шетелдік агенттіктерді аккредитациялау мәселесіне жан-жақты тоқталды. Аталған ереже заңнаманың маңызды жаңалықтарының бірі болып табылады. Бұл халықаралық тәжірибеге тән ерекшелік.
Аккредитациялауды енгізу шетелдік бала асырап алу рәсімінің ашық, мүмкін болатын сыбайласжемқорлық іс-әрекеттерінен дербес болуына, балаларды саудалаудың және басқа да теріс пайдаланудың алдын алу үшін елдер арасындағы ынтымақтастықтың  жаңа жүйесін құруға мүмкіндік береді. Осы механизмнің нәтижесінде мемлекет аккредиттелген агенттіктердің шетелдіктер асырап алған балалардың денсаулықтары, тәрбиелері, өмір сүру жағдайлары туралы  есептерді уақытылы жіберу жауапкершіліктерінің шегін толықтай заңды анықтай алады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің консулдық-құқықтық мәселелер басқармасының бастығы Аубеков Азамат Айсадықұлы қазақстан балаларын асырап алуға ниет білдірген шетел азаматтарын есепке алу ережелерімен таныстырды.
Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясының тұсаукесері диалогқа қатысушыларға Қазақстан Республикасының балалар құқықтарын ең алдымен ең жақсы қамтамасыз етуді ескере отырып халықаралық құқтарға толық сәйкес болуына ұмтылысын көрсетті.
Отандық заңнамаларға халықаралық құқық нормаларын енгізу бала асырап алу мәселелерінде шет мемлекеттермен тиімді іс-қимылдарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, халықаралық талаптарға сәйкес жетім балаларды асырап алу рәсімінің анық қалыптасқан жүйесін құру, бала асырап алу рәсімін бақылауды қамтамасыз ету.
Қатысушылар аталған іс-шараның, онда көтерілген мәселелердің өзектілігі жөнінде бірауыздан пікірлерін білдіріп, кездесуді жоғары дәрежеде өткізгендері үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты.

«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясы» тақырыбында дипломатиялық миссиялармен құрылымдалған диалогтың БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

010000, Астана қаласы
Орынбор көшесі, № 8 үй
11-кіреберіс
тел:(7172) 74-23-81
www.edu.gov.kz

2012 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасы бойынша, БҰҰ Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп «Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясы» тақырыбында дипломатиялық миссиялармен құрылымдалған диалог өткізіледі. 
Диалог жұмысына дипломатиялық миссиялары, Білім және ғылым, Сыртқы істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері, ҚР Жоғарғы соты, Бас прокуратурасы, Астана және Алматы қалаларының Ювеналды соттары, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мамандары, сәбилер үйлерінің басшылары, Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшылары республикалық кеңес мүшелерінің қатысуы жоспарланып отыр.
Мемлекет саясатының басымдық бағыттарының бірі әр баланың отбасында өмір сүру және тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету болып табылады.
Аталған құқықты жүзеге асыру мақсатында республикада жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандары (қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбие, бала асырап алу) дамуда.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғаудың неғұрлым қолайлы нысандарының бірі бала асырап болып табылады, өйткені ол балалардың ғана емес, сондай-ақ түрлі себептер бойынша туған балалары бола алмайтын ересек адамдардың мүдделерін барынша тиімді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2010 жылы Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенция ратификацияланды. Өткен жылғы желтоқсанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойылса, ағымдағы жылғы наурызда оны іске асыру мақсатында әзірленген заңға тәуелді актілер қабылданды.
Нәтижесінде қазіргі заманғы әлемдік тәжірибеге сай келетін бала асырап алу мәселелерін регламенттеудің мүлдем жаңа құқықтық тетігі құрылды.
Отандық заңнамаға халықаралық құқық нормаларын енгізу қазақстандық балаларды шетелдіктердің асырап алуы мәселелерінде шет мемлекеттермен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Диалог барысында:
- қазақстандық балаларды асырап алудың жаңа стратегиясын таныстыру;
- баланы шетелдік асырап алу мәселелері бойынша қазақстандық жаңа заңнаманың мүмкіндіктерін көрсету;
- шетелдік азаматтар асырап алған Қазақстан Республикасы балаларының құқықтарын қорғау мәселелеріне мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар назарын аударту;
- сондай-ақ, Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялаған мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылдың болашағын талқылау жоспарланып отыр.

«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны іске асыру аясында балаларды асырап алудың ұлттық стратегиясы» тақырыбында дипломатиялық миссиялармен құрылымдалған диалогтың БАҒДАРЛАМАСЫ (41 Kb)

Мәлімет үшін

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2012 жылғы 9 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуі және аккредиттелген агенттік филиалын Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірінде ашуға рұқсат алуы үшін бала асырап алу жөніндегі шетел агенттіктерінен құжаттар қабылдауды бастайды.
Байланыс телефондары: 87172742341, 87172742342
Мекенжай:  Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 11-кіреберіс, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті
_____________________________________________________________________________________

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес Бала асырап алу жөнiндегi агенттiктердi аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) әзірленді, ол Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алу жөніндегі қызметті филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін құру жолымен жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеу тәртібін айқындайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі – уәкілетті орган) 2012 жылғы 9 сәуірден бастап Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелуі және аккредиттелген агенттік филиалын Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлінісінің бірінде ашуға рұқсат алуы үшін бала асырап алу жөніндегі шетел агенттіктерінен құжаттар қабылдауды бастайды.
Аккредиттеуден өткізу үшін шетелдік агенттік өз өкілін (бұдан әрі – сенімді адам) айқындайды, кейіннен ол Қазақстан Республикасындағы шетелдік агенттік филиалына (бұдан әрі – агенттік филиалы) басшылық ететін болады.
Шетелдік агенттіктің сенімді адамы туралы мәліметтер жинақталған құжатта тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні, азаматтығы, төлқұжат деректері немесе жеке басын куәландыратын өзге құжаттың деректері, тұрғылықты мекенжайы, салық төлеушінің нөмірі (бар болса), білімі, қызметі туралы мәліметтер, байланыс телефондары көрсетіледі.
Сенімхатта мыналар: сенімхаттың берілген күні, орны, қолданыс мерзімі, сондай-ақ сенімхат берген адамның және көрсетілген сенімхатқа сәйкес нақты іс-қимылдарды жүзеге асыруға өкілетті адамның реквизиттері (лауазымы, Т.А.Ә., төлқұжат деректері, тұрғылықты жері) көрсетілуі тиіс. Егер сенімхат белгісіз мерзімге берілсе, онда шетелдік агенттік орналасқан мемлекеттің заңнамасынан мұндай сенімхаттарды беру тәртібі мен қолданыс мерзімдері туралы үзінді ұсынылуы қажет. 
Бұдан басқа, сенімді адам Қазақстан Республикасының аумағында бала асырап алуға ықпал ету, сондай-ақ агенттік филиалының қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдастыру жөніндегі өкілеттіктерді иеленуі тиіс. 
Шетелдік агенттіктің сенімді адамы уәкілетті органға өтініш пен құжаттарды жеті данада (2 түпнұсқа және 5 көшірме) ұсынады және олар Қағидалар тармақтарында белгіленген талаптарға сай келуі тиіс. Құжаттар тиісті шетел мемлекетінің мемлекеттік тілінде ұсынылады, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріне аударылады.
Құжаттар топтамасының әр данасы аркалы тетігі бар жеке папкаға (түпнұсқа – тіркеуші папкаға (папка–сегрегатор) тігіледі. Папкаға салынған барлық парақтар жоғарғы оң жақ бұрышта араб сандарымен нөмірленеді. Әр папкада өзіне тіркелген құжаттардың ішкі тізімдемесі болуы тиіс.
Аккредиттеу туралы рұқсат алғаннан кейін сенімді адам агенттік филиалын республика өңірлерінің біріндегі әділет органдарында тіркейді. Құқықтық тіркелуі туралы құжаттардың көшірмелері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне ұсынылады.
Байланыс телефондары: 87172742341, 87172742342
Мекенжай:  Орынбор көшесі, 8, Мннистрліктер үйі, 11-кіреберіс, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

«Басты назарда бала!»

2012 жылғы 1 наурызда Өскемен қаласының «Үміт» балалар үйінің базасында, ШҚО білім басқармасы бастығының жанында, ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының қатысуымен балалардың құқықтарын қорғау Конвенциясының нормаларын іске асыру және шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастықты жүзеге асыру, интернатных ұйымдар жүйесін қысқарту, патронаттық тәрбие нысанын, қосымша білім беру ұйымдарының жүйесі дамыту, 12 жылдық білім алуға көшу, әлеуметтік жетімдіктің, кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтік көріністің алдын алу мәселелері қаралған кеңес өтті.
Кеңес жұмысына білім бөлімдерінің бастықтары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің директорлары қатысты. 
                                  
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев өз сөзінде әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін жетілдіру, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды қоғамға кіріктіру стратегиясын дамыту және облыстың жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асырудың шараларына, сонымен қатар, өмірлік қиын жағдайда қалған балаларды дер кезінде анықтап, кешенді көмек көрсету, қадағалаусыздық пен панасыздықтың алдын алу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің алдын алу бойынша жұмысты жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударды.
                                
Кеңес қорытындысы бойынша, ШҚО білім басқармасының бастығы М.М. Ахметовамен білім бөлімдерінің бастықтары мен интернаттық мекемелердің директорларына тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді, сонымен қатар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдар директорларының облыстық Кеңесін «Үміт» балалар үйінің директоры, республикалық Кеңестің төрайымы болып табылатын М.Б. Бейсеқановаға басқару ұсынылды.    

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2012 жылғы 24 ақпанда «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану» тақырыбында республикалық семинар өткізді.

Семинарға облыстардан, Астана және Алматы қалаларынан 50 өкіл шақырылды: балалардың құқықтарын қорғау корғау департаменттерінің, білім басқармаларының қызметкерлері, Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының республикалық кеңесінің  мүшелері, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының, сәбилер үйлерінің басшылары.
Семинар бағдарламасына Білім және ғылым, Сыртқы істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласы Ювеналды сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ), ҮЕҰ қызметкерлерінің баяндамалары енгізілді. 
Мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері өз құзыреті шеңберінде:
- балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның қағидалары;
- ұлттық және шетелдік бала асырап алу мәселесіндегі тіркеу органдарының рөлі;
- қазақстандық балаларды шетелдік азаматтарға асырап алуға беру тетігі;
- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдарының қабылдаған шаралары;
- бала асырап алу туралы істерді қарауда неке және отбасы заңнамасының қолданылуы;
- интернет-порталды құру қажеттілігі;
- қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың бала асырап алу рәсіміндегі рөлі туралы баяндады.  
Сәбилер үйлерінің қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдармен өзара қарым-қатынасы жөніндегі жұмыс тәжірибесімен Семей қ. Сәбилер үйінің бас дәрігері бөлісті.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жүйесін құру, заңнаманың кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бөлігінде орындалуын қамтамасыз ету туралы Шығыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы баяндады.  
Семинардың қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданды.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексі – отбасы мен балаларды қорғау мүддесіндегі заңнамалық акті

2011 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (әрі қарай – Кодекс) қол қойды. Құжат неке-отбасылық қарым-қатынасты реттеудің құқықтық негізі бола отыра,  мемлекеттің әлеуметтік саясаттың басты бағыттары дамуын айқындайтын, отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған.
2012 жылдың 15 ақпанында Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия (әрі қарай – Комиссия) отырыс барысында  Кодекстің тұсау кесері өткізілді.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры өзінің сөз сөйлеуінде отбасы – тәрбие беретін орта екендігі, оның шеңберінде тұрмыстық деңгейде өмірге деген көзқарас,  қоғам тіршілік әрекетінің мәдени және адамгершілік негіздер қаланып, бекітілетінін атап өтті. Кәмелет жасқа толмағандардың балалық шағын құқықтық жағдай ретінде айқындай отыра Кодексте жүзден астам баптардың ережелері балалардың құқықтарына арналған.
Департаментпен Кодекстің тұсау кесерін өткізу барысында Комиссия мүшелерінің аса назарына неке-отбасылық қарым-қатынас, балалардың құқықтары, ата-аналардың міндеті, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы отбасылық орналастыру нысандарына беру, қамқоршы (қорғаншы) міндетін жүзеге асыратын тұлғалардың жауапкершілік бөлігіндегі Қазақстан Республикасы заңнамасына, балаларды асырап алу институтына енгізілген жаңалықтар мен өзгертулер ұсынылды.  
Комиссия мүшелерінде көпшілік сұрақтар еліміздің аумағында және халықаралық балаларды асырап алу саласындағы заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша туындады. 
Кездесуді қорытындылай отыра, Комиссия әділет, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер органдары саласындағы мамандармен бірлесіп Кодексті жан-жақты зерделеу керек екендігі жайында шешім қабылдады.

«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану» тақырыбында өтетін республикалық семинар туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 24 ақпанда «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану» тақырыбында республикалық семинар өткізеді.
Семинарға Білім және ғылым, Сыртқы істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласы Ювеналды сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері шақырылды.
Сондай-ақ, семинар жұмысына облыстардың, Астана және Алматы қалалары балалардың құқықтарын қорғау корғау департаменттері, білім басқармаларының қызметкерлері, Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының республикалық кеңесінің  мүшелері, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының, сәбилер үйлерінің басшылары қатысады.
Семинарды өткізудің мақсаты – Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияның ратификациялануы аясында Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген жаңа нормалармен таныстыру.
2011 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Конвенция стандарттарын ескере отырып, Әділет министрлігі әзірлеген «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды.
Кодексті іске асыру мақсатында бірқатар нормативтік құқықтық актілер (агенттіктерді аккредиттеу, балаларды шетелдіктерге асырап алуға бері, балаларды және бала асырап алуға тілек білдірген азаматтарды орталықтандырылған есепке алуды ұйымдастыру қағидалары және т.б.) әзірленді.
Семинар шеңберінде Кодексті және оны іске асыру мақсатында әзірленіп, қабылданған нормативтік құқықтық актілерді жүзеге асыру мәселелерін талқылау жоспарланып отыр.
Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар қабылданады.    

Бала асырап алу. Бұл не?

Бала асырап алу - сот шешімі негізінде баланы отбасына тәрбиелеуге берудің құқықтық нысаны нәтижесінде шығу тегі бойынша туыстарының құқықтары мен міндеттеріне теңестірілетін, жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер туындайды.
Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардың бала асырап алу саласындағы жұмыстарының тәжірибесі бала асыра алу ісінде азаматтарды белсендірудегі маңызды бағыты оларға бала асырап алудың мүмкіндіктері мен жолдары туралы шынайы және қол жетімді ақпарат ұсыну болып табылатындығын көрсетеді.  

Бала асырап алу туралы бірнеше «ЕРЕСЕКТЕР» сұрақтары

1. Бала асырап алу мәселесі бойынша қайда жүгінуге болады?

Жауап: бала асырап алудың мүмкіндіктері мен жолдары туралы толық ақпаратты тұрғылықты жеріңіз бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдардан, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтынан (www.bala-kkk.kz) алуға болады.

2. Бала асырап алу үшін кезек бар ма?

Жауап: Бала асырап алуға құқықтық және медициналық жарамды Қазақстан Республикасы азаматтарының бала асырап алуға құқығы бар. Алайда кезектілік бар, өйткені азаматтар:
1) дені сау;
2) ұлты бір;
3) сәби жастағы;
4) өздеріне ұқсайтын балаларды ғана асырап алғысы келеді.

3. Бала асырап алу рәсіміне қанша уақыт қажет?

Жауап: Бала асырап алу рәсімінің мерзімі бала асырап алуға тілек білдірген азаматтар тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға қажетті құжаттарды тапсыруына,  ұсынылған балалардың арасынан бала таңдап алуына, соттың сот отырысының күнін тағайындауына байланысты.  

4. Бала асырап алуға тілек білдірген азаматтардан қандай қаржылық шығындар қарастырылуы тиіс?

Жауап: бала асырап алуға қатысатын мамандар азаматтарға өтеусіз (яғни, тегін) қызмет көрсетеді. Бала асырап алу сотпен тағайындалатындықтан, бала асырап алуға тілек білдірген азаматтар сотқа бала асырап алу туралы арыз тапсырғанда мемлекеттік баж төлейді. Мамандар жүргізетін барлық кеңестер ТЕК ҚАНА ТЕГІН болады.  

5. Бала асырап алу үшін арнайы дайындықтан өту қажеттілігі қанша, ол қандай дайындық?

Жауап: Асырап алған балалардан бас тартуларды болдырмау мақсатында өңірлерде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар жанында қабылдаушы отбасылар мектептері, отбасыларды қолдау қызметтері жұмыс істейді. Олардан заң жағынан, психологиялық, педагогикалық кеңестер алуға болады. Сіздер асырап алған баланы тәрбиелеудің, олардың бейімделу үрдісінің ерекшеліктері туралы, кездесетін қиындықтары және оларды жеңу жолдары туралы біле аласыз.  Сонымен қатар, баланы өз үйіне қабылдауға, онымен бірінші рет кездесуге, сенімді қарым-қатынас жасауға, оның психологиялық ерекшеліктерін түсінуге,   моральдық жағынан дайындалуға көмектеседі. 

6. Некеде тұрмаған, жалғызбасты жандарға бала асырап алуға болады ма немесе баланы тек қана ерлі зайыптылар асырап ала алады ма?

Жауап: бала асырап алу туралы өтініштерді қарауда басымдық ерлі-зайыптыларға беріледі. Бұл ретте, жалғыз басты әйелдер де бала алуға құқықтары бар. 

7. Бала асырап алу үшін баланы қалай таңдап алуға болады?

Жауап: бала асырап алуға тілек білдірген азаматтар баланы жеке өздері таңдайды. Ол үшін қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның маманы азаматтарға бала туралы толық сауалнамалық мәліметтері, баланың суреті бар, денсаулық жетім болу жағдайлары туралы ақпаратпен (туған ата-аналары қайда, туыс-туғандары бар ма), қасқаша оның өмірі туралы таныстырады. Содан кейін  бала тәрбиеленетін мекемеде тiкелей қатынасу ұйымдастырылады. 

8. Бала асырап алу  құпиясы заңмен қорғалады ма?

Жауап: Әрине.  Елімізде бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Баланы асырап алғаннан кейін оның туған ата-анасымен байланыс мүлдем жоғалады. Бірақ кейбір елдерде мұндай норма жоқ, балаларды асырап алған адамдар оны жасырмайды.

 

Бала асырап алу туралы бірнеше «БАЛА» сұрақтары

1. Қай жастан бастап жас адам баланы асырай алады?

Жауап: кәмелет жасқа толған адамға ғана бала асырай алады. Алайда, бала асырап алу үшін кәмелет жасқа толу, материалдық табысының жоғары болуы ғана аз, сондай-ақ жылдар өткен сайын жинақталатын өмірлік тәжірибе де аса қажет.

2. Мені асырап ала ма?

Жауап: егер сен жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалсаң, сені асырап алуға болады. Сенің құқықтық мәртебең, яғни сені түрлі себептер бойынша ата-анаң тәрбиелеумен айналыса алмаса, бұл факті тиісті құжаттарды ұсынумен расталуы қажет.

3. Ересектердің біреуі мені асырап алғысы келеді делік. Аталған мәселе бойынша менің пікірім ескеріле ме?

Жауап: әрине, иә. Егер 10 жасқа толған бала асырап алынатын болса, оның аталған мәселе бойынша пікірі міндетті түрде жазабаша анықталады. Егер бала асырап алынуға қарсы болса, сот асырап алу туралы оң қорытынды шығармайтыны анық. Егер бала 10 жастан кіші болса, онымен міндетті түрде тәуелсіз сарапшылар — әлеуметтiк педагог, психолог, балалардың құқықтарын қорғау маманы сұхбаттасады. Сарапшылар баланың аталған мәселе бойынша пікірін ауызша анықтауға тырысады. Өзіңе де түсінікті, 3-4 жасқа дейінгі баланың пікірін білу әлдеқайда қиын, сондықтан сарапшылар жас сәбидің болашақ ата-аналарымен қалай қарым-қатынас жасайтынын: олармен кездескенде қуана ма, немесе керісінше олармен байланыс орнатудан бас тар ма, соны анықтайды. Осы және өзге де белгілер бойынша сарапшылар бала асырап алу бала мүддесіне сай келетіні, баланың жаңа отбасында тұру мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады.

4. Егер мені асырап алса, мен туған ата-анаммен қарым-қатынас жасай алам ба?

Жауап. Туған ата-аналарымен байланыстары және құқықтық қарым-қатынастары толығымен жойылған (мысалға, баланың ата-аналары қайтыс болды, ата-аналық құқықтарынан айырылды, белгісіз, әрекетке қабілетсіз деп танылғандар) баланы ғана асырап алуға болады. Бала асырап алу бала мен оның ата-аналары, жақын туыстары арасындағы байланыстарды толығымен жояды. Бұдан басқа, заңнамада бала асырап алудың құпиялылығы көзделген, осы себептен асырап алынған бала туған ата-аналарымен қарым-қатынас жасай алмайды. 

5. Мен өзімнің асырап алынғанымнан хабардармын. Мұны мен қайдан біле аламын? Менің туған ата-аналарым туралы қандай да бір ақпаратты кім бере алады?

Жауап: өзіңнің асырап алынғаның, сондай-ақ туған ата-аналарың туралы мәліметтерді сен кәмелет жасқа толғаннан кейін ғана біле аласың. Ол үшін сен тұрғылықты жерің бойынша қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға жүгінуің қажет. Егер сен бала асырап алу қандай сотта жүргізілгенін білсең, мұндай ақпаратты сен соттан ала аласың. Бірақ, ең алдымен, мұны білудің қажеттігі қандай екенін ұғып алған жөн.

6. Асырап алынған баланың қандай құқықтары бар?

Жауап: асырап алынған баланың кәдімгі балалардай құқықтары бар. Асырап алынған бала асырап алушылардың тегін иеленеді, заң бойынша олардың мүлкіне құқылы. Балалардың «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген құқықтары тең.

7. Бала асырап алушылардың қандай құқықтары бар?

Жауап: бала асырап алушылар биологиялық ата-аналары тәрізді құқықтарды иеленеді.

8. Асырап алынған баланың отбасындағы өмір сүру жағдайларын кім тексереді? Тәрбиелеу дұрыс жүргізілмейтін отбасынан шыққан балаларды алуға бола ма?

Жауап: отбасындағы балалардың өмір сүру жағдайларына бақылау жасауды отбасының тұрғылықты жері бойынша қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдар жүзеге асырады.  Егер асырап алынған балаға отбасында өмір сүру мүмкін болмаса — оны ұрып-соғып, қатыгездік көрсетсе, тәрбиесімен тиісті түрде айналыспаса, сот бала асырап алу туралы шешімнің күшін жоюы мүмкін. Ммұндай бала отбасынан алынып, жаңа отбасына орналастыру мәселесі қарастырылатын болады.

9. Асырап алынған баланың қамқоршы немесе патронат отьбасында тәрбиеленетін баладан қандай айырмашылығы бар?

Жауап: бала асырап алушылармен, қамқоршылармен және патронат тәрбиешілермен жасалатын қарым-қатынастың көлемімен. Егер асырап алынған бала асырап алынған кейін «ұлы», «қызы» мәртебесін иеленсе, қамқоршы немесе патронат отбасына орналастырылған бала мұндай отбасылардың тәрбиеленушісі болып қала береді: ол өзінің тегін сақтап қалады; туған ата-аналарымен немесе туыстарымен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі бар; мұрагерлікке құқығы жоқ. Қамқоршы, патронат отбасының тәрбиеленушісі жетім бала немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болып қала береді. Ал асырап алынған бала жетімдік мәртебесінен айырылып, отбасына қуанышына бөленеді.

10. Балаға не тиімдірек: бала асырап алу немесе интернаттағы тәрбиелеу ме?

Жауап: әрине, бала үшін ең тиімдісі отбасындағы өмір болып табылады. Интернаттардың ешқайсысы балаға ата-аналарын алмастыра алмайтыны анық. Бұл жерде бала үшін туған адамдар екені немесе оны асырап алған адамдар екені маңызды емес. Ең бастысы, ӨМІР БОЙЫ баланы сүйетіні, оған жанашырлық танытып, көңіл бөлетіні маңызды!

2011 жылғы 19 қыркүйекте Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде (бұдан әрі — Комитет) АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Консулдық бөлімінің басшысы Джожуа Фишелмен, Балалар істері жөніндегі арнайы кеңесші Сьюзан Джейкобспен, АҚШ Мемлекеттік департаментінің халықаралық бала асырап алу жөніндегі офис директоры Алисон Дилвортпен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ұлттық заңнамаға имплементациялау мәселелерi талқыланды.
Комитет төрайымы Р.П. Шер Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында 2011 жылғы 29 қыркүйекте «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын (бұдан әрі — Кодекс) талқылау жөніндегі жалпы отырысты өткізу жоспарланып отырғанын айтып өтті.
Сондай-ақ, Р.П. Шер Кодекске шетелдіктердің таңдап алынған баламен сұхбаттасу мерзімінің екі аптадан төртке дейін ұзаруына, бала асырап алушы мен асырап алынушы бала арасындағы жас шамасы жоғарғы шегінің 45 жастан көп емес болмауына, бала асырап алушы бола алмайтын адамдарды анықтауға қатысты енгізілген өзгерістер туралы жан-жақты әңгімелеп берді.
Сонымен қатар, Кодексте жеке тарау бала асырап алу саласындағы қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын агенттіктерді аккредиттеуге арналған. Аккредиттеуді енгізу тәуелсіз бала асырап алуды алып тастауға, шетелдік бала асырап алу ресімін ашық әрі  жемқорлық әрекеттерінен ада етуге мүмкіндік береді.
Бала асырап алу саласындағы жұмыс тәжірибесі 10 жылдан кем емес агенттіктерді ғана аккредиттеу жоспарланып отыр. Республикада асырап алынуға жататын балалардың аса көп емес еместігін ескере отырып, үштен көп емес агенттіктерді ғана аккредиттеу жоспарланып отыр. Аккредитация алуға рұқсатты дайындау кезінде аталған агенттіктер жұмыс істейтін әлеуметтiк бағдарламалардың болуы да ескерілетін болады.
Бұдан басқа, Р.П. Шер Конвенция нормаларын іске асыру мақсатында ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов Гаага конвенциясының ережелерін жүзеге асырудың кешенді жоспарын (2011 жылғы 3 ақпандағы № 38 бұйрық) бекіткенін, оған сәйкес Комитет Кодекске қаулы жобаларын (балаларды асырап алуға беру, орталықтандырылған есепті ұйымдастыру, шетелдік агенттіктерді аккредиттеу ережелері және т.б.) әзірленіп, мұрағат құрылғанын баяндады.
Кездесу барысында қонақтар шетелдік азаматтардың бала асырап алу туралы және елдер бойынша жинақталған сот шешімдерімен танысты. Сондай-ақ, мұрағатта республикалық деректер банкінде есепте тұрған балалардың құжаттары бар.
Мемлекеттік хатшының ассистенті, АҚШ Мемлекеттік департаментінің Балалар істері жөніндегі арнайы кеңесшісі Сьюзан Джейкобспен кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Гаага конвенциясын қолдануға дайындық саласындағы дайындық жұмысын Комитет тарапынан жүргізу мәселелерi мақұлданды. Джейкобс ханым талқыланатын мәселелер бойынша АҚШ, сондай-ақ басқа елдердің мамандары үшін оқыту семинарларын өткізу мүмкіндігі қарастырылатынын атап өтті.


ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметкерлерінің Жеке Халықаралық Құқық бойынша Гаага Конференциясының бала асырап алу ресімдері жөніндегі халықаралық техникалық мамандарымен өткен кездесу туралы

2011 жылғы 10-11 мамырда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері мен Жеке Халықаралық Құқық бойынша Гаага Конференциясының бала асырап алу ресімдері жөніндегі халықаралық техникалық мамандары арасында кездесулер  өткізілді.
Аталған іс-шараларға ҚР Бас прокуратурасының, әділет, денсаулық сақтау, сыртқы істер, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты.
Сапардың мақсаты – Қазақстан Республикасының Үкіметіне техникалық көмек көрсету, Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялаған елдердің халықаралық тәжірибесімен бөлісу, аталған Конвенцияның ережелерін іске асыру үшін саясат пен инфрақұрылымды әзірлеуге ықпал жасау.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Гаага Конвенциясының ержелерін іске асыру жөніндегі жаңа стандарттарға ауысу дайындығы, қазақстандық балаларды асырап алуға ниет білдірген шетелдік азаматтарға көмек көрсететін шетелдік агенттіктерді аккредитациялау тәртібі туралы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодекс жобасына шетелдік бала асырап алу саласында енгізілген өзгерістер талқыланды.
Сонымен қатар, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің қызметкерлері 2011 жылғы 12 мамырда «Дипломат» бизнес-отелінде өткен Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы Гаага конвенциясының мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен дипломатиялық миссиялардың өкілдеріне арналған сессияға қатысты.
Халықаралық сарапшылар балалардың құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкілетті органы болып табылатын  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қызметіне жоғары баға беріп, Қазақстан Республикасы Үкіметінің балалардың құқықтарын  қорғау бойынша атқарып жатқан шаралардың оң деңгейін атап өтті.
Кездесуге қатысушылар табысты және жемісті ынтымақтастықтан үмітті екендіктерін білдірді.


«Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясын ратификациялау аясындағы шетелдік бала асырап алудың өзекті мәселелері» тақырыбында өтетін республикалық семинар-кеңес 

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылғы 12 наурызда «Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясын ратификациялау аясындағы шетелдік бала асырап алудың өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар-кеңес (бұдан әрі - Конвенция) өтті.Семинар-кеңеске Білім және ғылым, Сыртқы істер, Әділет, Денсаулық сақтау, Ішкі істер, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, ҚР Бас прокуратурасының, Астана қаласы Ювеналды сотының, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері, облыстардың, Астана және Алматы қалалары балалардың құқықтарын қорғау корғау департаменттерінің директорлары, білім басқармаларының қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын мамандар, сәбилер үйлерінің басшылары қатысты.Семинар-кеңес шеңберінде Қазақстан Республикасы 2010 жылғы 12 наурызда ратификациялаған Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенциясының ратификациялануы аясындағы шетелдік бала асырап алудың өзекті мәселелері талқыланды.Конвенция Қазақстан Республикасында 2010 жылғы 1 қарашада заңды күшіне енді.Конвенция мақсаттарының бірі баланың басты мүдделерін ескере және халықаралық құқықпен танылған негізгі құқықтарын құрметтей отырып, халықаралық бала асырап алу рәсімін өткізуді кепілдендіретін қауіпсіздік шараларын анықтау, сондай-ақ шетелдік азаматтар асырап алған қазақстандық балаларға бақылау жасауды қамтамасыз ету болып табылады.Конвенцияны қолдану аясында баланы қабылдаушы отбасына орналастыру туралы шешім бала және қабылдаушы ата-аналар туралы есептерге сәйкес бала мүдделерін ескеретін болашақ қабылдаушы ата-аналарды анықтауға негізделеді.Аталған іс-шарада мүдделі министрліктер мен ведомстволардың өкілдері өз құзыреті шеңберінде қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарын, сәбилер үйлерінің басшыларын:- ұлттық заңнаманы Конвенциямен сәйкестікке келтіру жөніндегі шаралармен;- қазақстандық балаларды шетелдік азаматтарға асырап алуға беру тетігімен;- баланы шетелдік асырап алуды реттейтін заңнаманың қолданылуы бойынша сот тәжірибесімен;- қазақстандық баланы асырап алғысы келетін шетелдік азаматтарды тіркеуді ұйымдастыру және Балаларды қорғау және баланы шетелдiк асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау аясындағы өзге де өзекті мәселелерімен таныстырды.Отырыс жұмысының қорытындысы бойынша оның қатысушылары ұсынымдар қабылдады.
 

Балаларды қорғау және баланы шетелдік асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы  конвенциясына қол қойған және ратификациялаған  мемлекеттер тізімі (88 Kb)

 

Жоғары