Отбасы - қоғам негізі

Үлкен өмірге жолдама
 (Орындалған армандар...)
 
Ақырын жүріп анық  бас
Еңбегің  кетпес  далаға
Ұстаздық етпес  жалықпас
Үйретуден  балаға... - деп Абай атамыз  айтқандай, осынау  қиыны  мен қызығы мол мамандық иесі  болуды армандаған 70 түлекке,биылғы жылы да, Сара Алпысқызының жеке білім беру гранттары тағайындалды.Гранттар конкурстық негізде мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, бастауыш білім беру әдістемесі, бастауыш білім беру, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, педагогика және психология мамандықтары бойынша белгіленді. Грант иегерлерінің білімдегі жетістіктері де жоғары. Олардың жалпы білім туралы аттестаттарындағы орташа балл 4,0 пен 5,0 аралығында болса, ҰБТ бойынша қорытынды баллдары - 51 ден 75 дейін.
Бұл грант  жетім балалардың, аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан дарынды, туған елінің лайықты  азаматы болуды армандаған, балалардың ой-армандарын жүзеге асыруларына көмектесуге арналған.
Баланың бойындағы қабілетін ашып, өзіне жол таптырып, өз күшіне өзін сендіру қаншалықты маңызды десеңші. Әрбір жеке тұлға, жеке азамат өмірдің мәнін түсініп, өзіндік орнын табуы үшін ішкі мүмкіндіктерін аша білуі қажет. Осы мүмкіндіктерге қол жеткізуге, асқақ арманның орындалуына сеп болған, Сара Алпысқызының жеке білім беру гранты мұндай балалар үшін мақсатқа жеткізер жол және үлкен өмірге жолдама. 
Қазіргі уақытта, бұл балалар ұстаз  мамандығының  қыры  мен  сырына үңіліп, оны меңгеру үшін  байқау тебіріністерін артқа тастап,  студенттік өмірге аяқ басты.
Барлық грант иегерлері жаңа студенттік өмірге тез бейімделіп, әртүрлі үйірмелерге, КВН, конкурс, фестивалдарға қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуда. Бүгінде, олар өз ортасында белсенді, жауапкершілігі мол, білімге деген талпынысы зор студенттер.
Мысалы, Алматы облысының  И. Жансугуров атындағы Жетісу мемлекеттік университет студенттері Айым Тілеуқанова, Жания Нұрахметова, Эльвира Аслан, Гузель Кабыл  «Қызықты психология» үйірмесіне белсене қатысып, болашақта  оқушы бойындағы әрбір жақсылықты, жетістікті дамытуға ұмтылатын жақсы  мұғалім болатынын көрсете білді.
Павлодар облысының Б.Ахметов атындағы колледждің оқушысы Сердалиева Жанат өз қайраттылығымен және тырысуымен жақсы нәтижелерге жетті.
 
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Динара Шаймарданова «Бірінші курс таланттары» конкурсына қатысып, студенттік өмірінің алғашқы сәттері туралы мақала жазды, университеттің «Жас қаламгерлер» қатарына қосылды.
Өткен, 2012 жылы да, Сара Алпысқызының қолдауымен  ұлағатты есім – ұстаздықты таңдаған 70 ұл мен қыз  киелі оқу орындарының студенттері атанған болатын. Олардың да оқу үлгерімдері жақсы. Педагогикалық оқу мекемелерінің белсенді студенттері. 
Мысалы, Қостанай педагогикалық институтының студенті Маргарита Михалева, Рудненский балалар үйінің жетім балаларына арналған «Өз мейірімімді арнаймын» атты студенттер арасындағы әлеуметтік акцияның, сонымен қатар «Менің қөңіл күйім» флэш-мобының белсенді ұйымдастырушыларының бірі.
Осы педагогикалық институттың студенті, Мөлдір Фазылбекова, педагогика және психология факультеті студенттері арасында өткен жастар шығармашылығы фестивалында,  «Муза - 2012» әдеби конкурсында жүлделі орынға ие болды.
Маңғыстау облысының Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік университетінің студенті Айгерім Жаукеева «Тұлға және оның міндеті» тақырыбында ғылыми-практикалық конференцияда баяндама оқыды. Ал оның курстасы  Ерғалиева Ботагөз өзін студенттік сахнада көрсете білді және студенттердің күздік балында «Көрермендер көзайымы» жүлдесіне ие болды.
Алматы облысының И. Жансугуров атындағы Жетісу мемлекеттік университет студенттері Анар Малтаева «Университеттің үздік жүргізуші» атағын иеленіп,  Айғаным Аблакат «Журналистер» клубына мүшелікке еніп, өз белсенділіктерін көрсете білді
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  студенті Латыпова Галина оқу білім арасындағы  олимпиадада  екінші орынға ие болды
Осы институттың студенті Зарипова Зарина  «Бәсекелестік қабілетті жас  ғалым» атты жоғары білім беру мекемесінің  ғылыми – практикалық конференциясында  «Заманауи  білімдегі  сапаны бақылаудың өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми жобаны ұсынды.
 
Аталмыш грантта оқып жатқан студенттердің бойындағы алғырлық, әділдік, тапқырлық сияқты сапаларын  жоғары оқу орындары мен колледж педагогтары да жоғары бағалауда.  Мысалы, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры Т.М. Даришеваның пікірінше, осы университетте оқитын студенттер - ізденімпаз, білімге деген талпыныстары жоғары, әрқайсысы С.Алпысқызының білім беру грантына лайық, болашағынан зор үміт күттіретін азаматтар.
Бұл грант иегерлерінің болашақтары алда. Бұл жас ұрпақ болашақта әлі биік белестерден көрініп, талай жетістіктерге жететіні сөзсіз. Өйткені олар, махаббат пен мейірімділік, ізгілік пен сұлулық үшін жүздеген қазақтандық балаларға өз жүрегін ашқан Сара Алпысқызының  қолдауына, мейіріміне бөленген.
Абзал Ананың қамқорлығына бөленіп, кемел болашаққа рухани жан-дүниесі бай, өзіне сенімді оймен аттанатын әр баланың айтар алғысы да шексіз. 
Мысалы, «С. Алпықсызының жүректен  шыққан жылы сөзі бойымыздан кеңпейілділік, кешірімділік, сүйіспеншілік, жолдастық сияқты адамгершілік құндылықтарды оятып, адал жүрекпен басталған әр істің нәтижелі болатынын ұғындырады» деген пікірінен, өз арманына қол жеткізуге ықпал еткен  Сара Алпысқызына  Айгерім Жамалованың алғысқа толы ерекше сезімді көруге болады. (Батыс Қазақстан облысы,                            Ж. Досмухамбетов атындағы педагогикалық колледж студенті).
Атырау облысының К. Дутбаев атындағы гуманитарлық колледж  студенті Данажан Оқасованың «...Сіз көмекке зәру панасыз балаларды өз қамқорлығыңызға алып, өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тұрғысынан білім беріп, тәрбиеленуіне мән бересіз. Ал,«Өзін-өзі тану» пәні адамды мейірімділікке баулып, патриоттық сезімінің оянуына ықпалын тигізеді», деген ойынан періште көңілдің айтар алғысын сезінеміз.. 
Бұл, көңілін халқының көп баласына арнаған, қазақтың әр баласына бөтендік танытпай, ерекше ілтипат, бауырмалдық танытқан абзал жанға арналған балғын ойлар мен пәк көңілдердің бір ұшқыны ғана. Адами жүрекке теңдессіз ұлы мейірімді қондырып, еліміздің, барша Қазақ жұртының ұрпағы үшін тыным таппай еңбек етіп, алғыс алып жүрген Сара Алпысқызына айтылар ойлар мен тілеулес көңілдер қаншама... 
Әр елдің болашағы болашақ ұрпағына байланысты болар болса, Сара Алпысқызының бұл салада атқырап отырған еңбегі өлшеусіз екені ақиқат. Аталған еңбекке бұл грант иегерлерінің, берер алғысы да, атқарар парызы да, қарызы да еліміздің болашағын жақсарту болмақ. Демек, бұл балалар Сара Алпықызының сенімін ақтап. болашақта өз мамандығының нағыз иегері болатыны анық.
 

Отбасылық тәрбиелеу институтының ресми сайты: http://www.ife.kz

Астана қаласы  Алматы аудандық АХАЖ жас жұбайларымен отбасы функциясы туралы әңгіме
 
Көмегімен біздерді мәпелеген,
Ардақты жан өмірде әке деген.
Бақыттымын өмірде әкем барда,
Сол бастаушым-биікке жетелеген.
                                                                              **************          
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Ана деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.
 
Астана қаласындағы Алматы аудандық АХАЖ  отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.О.Өмірова жас жұбайлармен кездесіп, отбасының функциялары туралы әңгімелесті. 
Кездесуге қос жас жұбайлар жұбы келді, бұлар Ахметова Динара мен Әджанов  Нұржан, Исмаилов Асқар мен Есенбаева Сағынай.  Психолог жастардан отбасы түсінігінің мағынасын сұрады. Жастардан келесідегідей жауап алды:
Динара: «Отбасы бұл –  ең жақын және ең қымбат адамдарың. 
Мен, әрине, тек ана ғана жалғыз өзі отбасын құра алмайтынын түсінемін, өйткені отбасы бұл – ұжым және отбасындағы ахуалды оның барлық мүшелері жасауы тиіс. Тек ғана өзара көмек, отбасының әр мүшесіне жасалатын қамқорлық, мейірімділік ғана отбасында жылылық пен жайлылық және амандық жасайды».
Асқар: «Сен үшін отбасы бұл – мүлдем ерекше түсінік, мен өзімнің туыстарымның бақытты және дендері сау болуы үшін қолымнан келгеннің барлығын жасар едім. Және менің оларды шынайы қолдайтынымды көргенін қалаймын».
Сағынай: «Отбасы бұл – ата-ана: сенің анаң мен әкең. Оларға балаға қоғамдағы мінез-құлық ережелерін үйренуге, айналада болып жатқан нәррсені түсінуге, адамдармен өзара әрекеттестік жасауға үйретеді. Баланың ата-анасымен өзара қарым-қатынасына  көп нәрсе байланысты болады, оның қалай өсетіндігіне және айналасындағылармен қатынасты қалай орнататындығына байланысты болады.
Ата-ана бала үшін бірінші кезекте, қолдау көзі болып табылады, онсыз бала өзін қолдау-көмексіз, жалғыз сезінеді.
Екіншіден, биліктің іске асырылуы ретінде көреді, өйткені олар тіршілік игіліктерін басқара алады, жазалай алады және ынталандыра алады.
Үшіншіден, еліктеу үлгісі мен өнеге бола алады, сондай-ақ дос та, кеңесші де бола алады, оларға өздерінің проблемаларын және күйзелістерін сене алады».
«Отбасы бұл.....» тақырыбы туралы пікірлерді талқылағаннан кейін, психолог жас жұбайлардың әрқайсысы білуі тиіс болатын, отбасының алты маңызды функциясына өтті: бұл репродуктивтік функция -   балалардың тууы, адамзат ұрпағының жалғасуы; 
тәрбиелік –  балалар тұлғасын қалыптастыру, оларға тілді, дәстүрді, әдет-ғұрыптарды, өнегені беру, алғашқы еңбек дағдыларына үйрету;
қалпына келтірушілік – денсаулықты, өмірлік сергектікті қолдау, отбасының барлық мүшелерінің бос уақыттары мен демалыстарын ұйымдастыру;
коммуникативтік-  әлеуметтік айналамен – достармен, алыс туыстармен  қарым-қатынас;
экономикалық – өмір сүруге қажетті қаражат өндіру, отбасылық бюджет қалыптастыру; 
шаруашылықтық-тұрмыстық – өз шаруашылығын жүргізу, үй, үй ошағын құру, отбасы мүшелерін жылумен және азық—түлікпен қамтамасыз ету.   
Егерде ерлі-зайыптылар бұл функцияларды бірге атқаратын болса және кейіннен өздерінің тәжірибелерін балаларына беретін болса, онда отбасы бірнеше ұрпақ бойы берік әрі бақытты болатыны сөзсіз.
Жастар «Менің отбасым гүл түрінде» (Л.Д. Лебедева)     артерапиялық жұмысына қатысты.   Олар  өздерінің болашақ отбасыларын гүл түрінде салды. Содан соң психологтан өз отбасыларын қалайша табысты құру жөніндегі ұсыныстарға ие болды.
Психолог кездесуді аяқтай отырып, олардың педагогикалық деңгейлерін көтеру үшін, жас жұбайларға С.Л.Евдокимованың ата-аналарға арналған «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік құралын оқуға кеңес берді.
 
Ақпаратты дайындаған: А.О. Өмірова
 
  
 

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Судьясы Отбасылық тәрбиелеу институты тыңдаушыларында қонақта

 
2013 жылы 9 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институтының тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Жоғары Соттың Азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі Қадағалау сот алқасының  Судьясы, профессор, заң ғылымдарының докторы Сүлейменова Ұлболсын Әждарқызымен кездесті.
«ӘЛЕМДЕ ДАУДЫ ЖЕҢУДІҢ БІР-АҚ ТӘСІЛІ БАР, БҰЛ – ОДАН БҰЛТАРУ» ( Д. Карнеги).
Тыңдаушылармен болған кездесу тақырыбын Ұлболсын Әждарқызы осы сөздерден бастады және оны психологтардың біліктіліктерін көтеру курстарындағы оқыту ерекшелігін ескере отырып, «Медиация» деп атады. Өйткені психолог-педагогтар өздерінің  күнделікті жұмыстарында отбасы мен мектептің өзара әрекеттестігі кезіндегі жаңа технологияға кезігеді, бірақ олардың осы бағыттағы білімдері жеткіліксіз.
Латын тілінен аударғанда, медиация – делдалдық дегенді білдіреді. Дүниежүзінде медиация – дауларды реттеудің көпшілікке кең тараған түрлерінің бірі болып табылады. 
Медиация бұл – тараптар арасындағы дауларды соттан тыс шешуге бағытталған заңды рәсім болып табылады. Ол 80%  даулар соттық талқылауға дейін жеткізілмейтін, Америкада, Англияда табысты түрде пайдаланып келеді, Қазақстанда «Медиация туралы» Заң 2011 жылдың қаңтарында қабылданды.
Медиацияның соттан қандай айырмашылығы бар? Сот бұл – мәжбүрлі үдеріс, ал медиация – ерікті үдеріс. Сотта судья тағайындалады, ал медиация кезінде медиатор таңдалады. Сотта шешім құқық пен заң позициясынан қабылданады, ал медиацияда шешімді дауласушы тараптардың өзі және өздерінің мүдделері позициясынан қабылдайды. Дауды медиация кезінде шешу барысында ақша үнемделеді – істі жүргізу бойынша шығындар мен дауды шешу процесі азаматтық құқық бұзушылықтар бойынша барынша жылдам 30 күнге дейін, ал сот  процесі ұзақ болады. Рәсім сипатына қарай медиация жариялы емес, сот жариялы рәсім болып табылады. Медиация дауласу тараптарының өзара қарым-қатынастарын психологиялық ахуал кезінде ынтымақтастық түрінде орнатуға мүмкіндік жасайды, ал сот тәжірибесінде қатаң процессуалдық ережелер сақталады. Медиация кезінде даулардың нәтижелері екі жақты қанағаттандыру түрінде болады, даулармен бітімгерлікпен аяқталады, тараптар  болжанған және өздерін қанағаттандыратын нәтижелерге ие болады, соттық процесте – дау бір жақты қанағаттандырылады, бір жақ істе жеңеді, екінші жақ жеңіледі, соттың шешіміне қанағаттанбау болады. Медиацияны пайдалану жанжал деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді, өзара қарым-қатынас мәдениеті деңгейін көтереді, елдің соттың жүйесінің мәртебесін көтеріп, сенімділігін арттырады.
Бұл тақырыптың тұсаукерсерін аяқтай отырып, Ұлболсын Әждарқызы сот тәжірибесінде медиацияны қолданудың бірқатар ережелерін келтірді. Бұл бағытты біздің елімізде де енгізудің мысалдарына тоқталды, республикамыздың барлық қалаларында бұл жұмыстың жүргізіліп жатқандығына назар аудартты.
Институт тыңдаушысы, Алматы қаласының №48 лицейінің психологы Н.Р.Қасенова   ҚР Жоғары Сотының Судьясымен болған әңгімеде өзі жұмыс істейтін лицей Қазақстанда бірінші болып Қазақстандық Медиация Орталығымен Меморандум жасағанын және қазіргі кезде жоғары сынып оқушылары мен педагогикалық құрам арасында медиатор-жетекшілерді дайындау бойынша оқыту үдерісін жүргізіп отырғандығын айтты.
Отбасылық тәрбиелеу инститытының Бас директоры С.Л.  Евдокимова Ұлболсын Әждарқызына тыңдаушылармен өткізген тамаша кездесуі үшін алғыс айтты және оның тыңдаушыларға сыйлаған медиация туралы барлық материалы, тек  кездесуге қатысып отырған психологтарға ғана емес, сонымен қатар, кәсіби маман ретінде күн сайын жұмыс істеп, қолдау көрсететін, отбасыларға да маңызды көмек болып табылатындығын атап өтті.
 
Л. Набитовская
 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Бақытты отбасы» Республикалық жобасының тыңдаушыларында қонақта
 
Отбасылық тәрбиелеу институты өз қызметі барысы бойынша отбасылық саясатқа, мемлекеттегі отбасы мәртебесін нығайтуға және отбасылық дәстүрлерді жаңғыртуға  байланысты болатын еліміздің қоғамдық қайраткерлерімен – дептуттармен, партия қызметкерлерімен және мемлекеттік қызметкерлермен кездесулер топтамасын жалғастыруда.
2013 жылғы 6 қарашада  Педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеретін Республикалық жобада институт тыңдаушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Мониторинг және ақпараттық-талдау қызметінің басшысы Мәкенова Аяш Мүрсәлімқызымен кездесті.
Аяш Мүрсәлімқызы тыңдаушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қызметінің тұсаукесерімен таныстырды. Комитет жұмысының басымды бағыттарын ашып көрсетті, балалық бойынша статистикалық деректер келтірді, балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау  саласындағы халықаралық құжаттардағы ең маңыздысы – нормалары Қазақстан аумағында қолданылатын, Балалардың құқықтары жөніндегі Конвенция және Балаларды қорғау жөніндегі және шетелдік асырап алушыларға қатысты Конвенция екендігіне баса назар аударды.
Қазақстан Республикасының бұл Конвенцияларды ратификациялауы, оның аясында мемлекет қоғамға балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге кепілдік беретін шекараны айқындап берді. «Біздің мемлекетіміздің басымды бағыттарының бірі – әр баланың отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету болып табылады»,- деді Аяш Мүрсәлімқызы.
Отбасылық тәрбиелеу институтының Бас директоры С.Л. Евдокимова Аяш Мүрсәлімқызына Комитет қызметі туралы жасаған қызықты шолу тұсаукесері үшін алғыс айтты. Еліміздің мектептерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізетін педагогикалық мамандардың сапалы құрамы туралы сұрақ қояды және оны дайындалған мамандармен нығайтуға ұсыныс жасады. Оның пікірінше және инсттут тыңдаушыларының пікірінше, бұл пәнді кәсіби педагог-психологтар жүргізуі тиіс. «Мұны біздің Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері тамаша орындай алады»,-деді Софья Львовна. 
Екі сағатқа созылған кездесу жаймашуақ және танымдық ахуалда өтті. ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қызметкерінің Институт тыңдаушыларының сұрақтарына берілген жауаптары мен ақпараттық хабарламалары педагог-психологтар үшін аса маңызды болды, өйткені олар біздің елмізде әр баланы бақытты етуге көмектесетін, балалықты қорғауға бағытталған жаңа құжаттардың қабылданғаны туралы білді.
 
 Л. Набитовская
 

4 қарашада сағат 9-да Астанадағы «Алау» орталығында  2013 жылдың төртінші қорытынды сессиясының салтанатты ашылуы өтті

Қазақстанның барлық өңірлерінен келген студенттер, педагогтар, психологтар өздерінің отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру үшін бірге бір сабаққа жиналды. Тыңдаушылардың барлығы білім алу аралығында өздері үйренісіп қалған  ұстаздарымен кездескендеріне қатты қуанды.
Сессияның салтанатты ашылуы қуанышты, ән-жырға ,  әдемі әзіл-қалжыңға, шаттық көңіл-күйге толы  және аттестациялау емтиханын асыға күту жағдайында өтті.
Салтанатты бөлім аяқталған соң, тыңдаушылардың барлығы дәрісханаларға тарап сабақтарына кірісті.
Бізді студенттер-психологтардың  институт қабырғасынан алған білімдерін өздерінің күнделікті қызметтерінде пайдаланатындығы қатты қуанатады.
Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі болашақ психологтарға табыстар тілейміз!
 
  

Отбасылық тәрбиелеу институты тыңдаушыларының «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институты өкілімен кездесуі

 
2013 жылғы 5 қарашада Отбасылық тәрбиелеу институтында, «Педагогикалық мамандардың отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеру» Республикалық жобасының 4 аяқтау сессиясын өткізу уақытында тыңдаушылардың «Нұр Отан» Партиясының Қоғамдық саясат институтының өкілі, 15 съезде қабылданған, «Нұр Отан» Партиясының Саяси Доктринасының зерттемесіне қатысушы – Көшкенов Серік Әбдіғалиұлымен кездесуі өтті.
Серік Әбдіғалиұлы тыңдаушыларға партияның негізгі саяси құжаттарының бірі – Доктринаның  қалай дайындалғаны, оны жасау барысында қанша ғалымдардың және сарапшылардың  жұмыс істегені және бүгінгі күні бұл құжат көптеген партияшылар үшін Конституция сияқты, партияның негізгі құжаты болып табылатындығы туралы институт тыңдаушыларына айтып берді.  Партияның Саяси Доктринасында «Біздің құндылықтарымыз» атты тараудың бар екендігіне тыңдаушылардың назарын аударды, бұл тарауда біздің қоғамымыздың негізгі құндылықтары – «Отбасы мен Дәстүрлер» туралы айтылған.
Отбасылық тәрбиелеу институтының бас директоры С.Л. Евдокимова  кездесу қонағын Республикалық жобаның мақсаттарымен және міндеттерімен қысқаша таныстырып өтті. Осы кездесудің институт тыңдаушылары үшін маңызын басып айтты, өйткені олар ел өңірлеріндегі білім беру мекемелерінің педагогтары-психологтары (олардың көбі «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып та табылады) болып табыла отырып,  қоғамды Қазақстанның гүлденуіне бағыттайтын, партияның саяси  бағдарын анықтайтын, мұндай маңызды құжатпен таныс болуы тиіс.
Софья Львовна  «Нұр Отан» партиясының өкіліне қазақстандық қоғам үшін соншалықты маңызды және мағыналы отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші мамандығын әрі қарай да қолдау мәселесі туралы жүгінді.
Ол «Нұр Отан» партиясы Доктринада отбасын және отбасылық құндылықтарды, қазақстандық қоғамда отбасы дәстүрін жаппай нығайтуға бағытталған мақсатты нақты анықтағанына, ал Отбасылық тәрбиелеу институтында бұл мақсатты шешуге арналған құралдар бар екеніне және оны ұсына алатындығына назар аударды. Бұл бірінші кезекте педагогикалық, медициналық және отбасымен жұмыс істейтін басқа да мамандардың біліктілігін көтеру. Институт дайындаған мамандар, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі 490 маман, біздің мемлекетімізде отбасы институтын нығайту бойынша қазақстандық қоғаммен қоян-қолтық жұмыс істей отырып, партияның осы мақсаттарын шешуге кәсіби тұрғыдан қатыса алады.
 
Л. Набитовская

«Біргеміз» Жас жұбайлар мектебіндегі жас жұбайлармен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі кеңес
 
Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,       
Екі жүрек ұғынысты, табысты.                                                        
Тілейікші аппақ арман-ағысты, 
Тұлпарға тән озып шығар шабысты.
Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп, 
Кел, достарым, жақсы тілек етелік!
Үйленгендер - алтын сарай салғандар, 
Балалығы естелікке қалғандар!
Қалады енді балалық шақ ертек боп
Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!
Екі жұбай - қатар тұрған періште, 
Бірге ұшсын бақ-болашақ - өрісте!
 
Өмір -тойы, көніл-тойы - үйлену,
Үйлену, бұл - мәңгі көктем күйге ену.
Жаңа отаудың қабырғасы қаланып,
Дүниеге тағы да бір үй келу.
Осы күннен артта қалып балалық,
Осы үйден басталады жаңалық.
                                 
2013 жылғы 1 қарашада Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық АХАЖ «Біргеміз» Жас жұбайлар мектебінде «Отбасылық тәрбиелеу» тақырыбында кезекті кеңес өтті.
Кеңеске қос жас жұбайлар жұбы келді. Бұлар: Сарбасовтар мен Қархабатовтар отбасылары еді. 
Кеңесті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Айнұр Оралбайқызы жүргізді. 
Кеңесте психолог жастармен отбасы, туралы, қалыпты функционалдық қызмет ететін және дисфункционалдық отбасылар туралы айтты, Э.Г.Эйдемиллердің «Отбасылық социограмма» диагностикалық жұмысын жүргізді, ол бойынша тұлғааралық қатынастар жүйесіндегі субъектінің жағдайын анықтады және сонымен қатар отбасындағы тікелей немесе жанама коммуникациялар сипатын анықтады. Жастарды  Отбасылық тәрбиелеу институтының мамандары ұсыныстар ретінде әзірлеген «Қалайша отбасында жанжалдарды болдырмауға болады» жадынамасы, сондай-ақ «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады»  әдістемелік құралы қызықтырды.
Кеңес беру барысында Айнұр Оралбекқызы жас жұбайларға келесідегідей тілектер айтты: «Құрметті жас жұбайлар! 
Сіздер «бақыт» атты кемеге мініп, «өмір» атты ұзақ жолға бірге аттандыңыздар. Халықта «Сүйгеніңмен бірге болсаң, лашықта хан сарайындай көрінер» деген сөз бар. Бұл дегеніміз – ең ащы сусынның өзін, МАХАББАТПЕН тұщыландыруға болады деген сөз.
Біз Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз және сіздер жасаған одақ, өмірдің қиын жолында – МАХАББАТ, АҚЫЛ, ҚУАНЫШ және ӨЗАРА КӨМЕК одағы болсын деген тілек білдіреміз, Сіздердің өз бақыттарыңызға жетулеріңізге және өздеріңізді табыстырған  сәттерге ризашылық білдіре беріңіздер деген ақ ниеттерімізді білдіргіміз келеді!».
Біздің жас жұбайларымыздың пікірлері:
Сарыбасовтар отбасы: «Біз бүгін психологпен кездесу барысында көптеген қызықты нәрселер білдік. Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі маман берген барлық кеңестерді біз өмірде қолданатын боламыз. Бізге «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады»  әдістемелік құралы қатты ұнады. Бұл кітапта аналарға және әкелерге арналған  ұсыныстар бар екен. Сіздердің кеңестеріңізді және отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтеріңізге шын ықыласпен қатысатын боламыз. Жас жұбайлармен істейтін жұмыстарыңызға табыстар тілейміз!».
 
Ақпаратты дайындаған А.О.Өмірова
 
  
 

Ата-аналар + «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» = отбасындағы балалармен жасалған сауатты өзара қарым-қатынас
 
«Отбасылық тәрбиелеу мектебінің» кезекті ашылуы Көкшетау қаласы орта мектебінің негізінде өтті. 2013 жылғы 31 қазанда сағат 19.00-де мектеп оқушыларының ата-аналары жалпы мектептік ата-аналар жиналысына шақырылды. Мектепте 500 астам оқушылар болғандықтан, кездесуге ата-аналар комитетінің өкілдері ғана қатысты, олар өз кезегінде алған ақпараттарын өз балалары оқитын сыныптардағы жиналыстарда баяндайтын болады.
Ата-аналардың талқылауына мектеп қызметінің ұйымдастырушылық кезеңдеріне соның ішінде «Отбасылық тәрбиелеу мектебінің»  ашылуына қатысты мәселелер шығарылды. Орталық басшысы, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Ю.Л.Сәрсекеева өткізген «Отбасылық тәрбиелеу стильдері» тақырыбы бойынша  сабақтан кейін, ата-аналар бала-ата-ана өзара әрекеттестіктері туралы сұрақтар қойып ғана қоймай, сонымен қатар жеке кеңестерге де жазылды. Сабақтың рефлексиялық бөлігінде олар «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» жобасы қажет және іске кірісті!» деген бір ауыз сөзбен түйіндеді. 
 
  
 

 «Отбасы мен мектептің тиімді өзара әрекеттесттігі» -Астана қаласынндағы №21 мектептегі ата-аналар жиналысының тақырыбы                         
 
26.10.2013  жылы Астана қаласының №21 орта мектебінде мектеп басшылығы бірінші сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесуге отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер, институт түлектері М.А.Рүстімова, С.К.Ахметжанова қатысты. Ата-аналар жиналысының тақырыбы: «Отбасы мен мектептің тиімді өзара әрекеттестігі».
Кездесуді мектеп директоры Баймұхамбетова Сәуле Қуатқызы ашты. Ол мектеп туралы, балаларды бірінші сыныпта оқыту ерекшеліктері туралы айтты. Ата-аналарға директордың оқу тәрбие жұмысын басқару орынбасары жөніндегі орынбасары Д.Ж.Келемесованы таныстырды.
Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілер М.А.Рүстімова, С.К.Ахметжанова кездесу бөлігін сергіту-танысу жаттығуымен жалғастырды, оның көмегімен қатысушылардың барлығы өздері және өздерінің бос уақытта айналысатын істері туралы айтты. Содан соң эмоционалдық шиеленісті жеңілдету бойынша жаттығу орындалды.
Оқу жылының басталуы тек оқушылар үшін ғана емес, сонымен қатар ата-аналар үшін де толқитын сәт. Әсіресе бірінші сыныпқа баратын ата-аналар үшін. Балаларға және ата-аналарға өмірдің жаңа кестесіне  үйрену керек, ал мұның өз қиыншылығы да бар. Өмірдің қалыптасқан жүйелі тәртібінің өзгеруі түсінікті болса да, өкінішке орай, бұл отбасындағы келеңсіздіктермен ілеседі. Осы мектептегі бірінші сынып оқушыларының да ата-аналары мұндай проблемаларға кездескендіктерін біз бала мен ата-ананың күн тәртібін сақтау, міндеттемелерді отбасы арасында бөлісу және үй тапсырмасын өздігінен орындау бойынша ата-аналар ойнаған жанжалды оқиғаны талқылаудан білдік. Осы оқиғалардың барлығын ата-аналар топта ойнап ғана қоймай, сонымен қатар туындаған прооблемаларды шешу бойынша  кейіннен ұсыныстар қабылдау арқылы психологпен бірге талқыланды.
Кездесу жоспары бойынша Майра Әбдухамитқызы бірінші сыныпқа баратын  балалардың өмірінде болатын психологиялық өзгерістер туралы ата-аналармен әңгіме жүргізді, обасы мен мектептің бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы айтты. Ата-аналар мамандарға сұрақтар қойып, оларға терең жауаптар алды.
Психологтың әңгімесінен кейін, «Бірінші сыныпқа барушы оқушының мектеп өміріне бейімделуі» слайд-тұсаукерсері көрсетілді.
Психолог «эмоционалдық жаттығу» ретінде ата-аналармен «қысымды» босату бойынша жаттығу жасады. Қатысушыларға ол ұнады, бұл олардың жаттығуларды белсенді орындауынан байқалды.     
«Жаттығудан» кейін  ата-аналар Аллы Пугачёваның «Песня первоклассника» әніне жасалған бейне роликті қарады және бейне ролик аяқталған соң психологтың ұсыныстары мен кеңестері жазылған тарату материалдарына ие болды.
Майра Әбдухамитқызы ата-аналарға Отбасылық тәрбиелеу институты туралы, олардың мақсаттары мен міндеттері, оның қызметі туралы айтты және қатысушыларды Институт жүргізетін іс-шараларға қатысуға шақырды, сонымен қатар қажет жағдайда, институт мамандарының психологтың жеке кеңесі қызметін пайдалануға кеңес берді.
Кездесудің соңында ата-аналар өздерін жеңіл әрі емін-еркін сезінді, олар өздерінің басынан өткен жағдайларын айтып, өздерін толғандырған мәселелермен бөлісті. Психолог пен ата-аналардың арасында сенімді байланыс орнады, ал бұл болса – кездесудің басты мақсаты!
Ата-аналар рефлексияларда жылы пікір-тілектерін білдірді, кездеу үшін алғыс айтты және мұндай кеңестерді жиі өтулерін сұрады.
Іс-шара екі жарым сағатқа созылды, өте нәтижелі өтті, психологтың ойлағанының барлығы іске асты.
 
С.К.   Ахметжанова
Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші
 
  
 

Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясында «Отбасылық тәрбиелеу мектебінің»  ашылуы 
 
2013 жылғы 26 қазанда Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясында «Отбасылық тәрбиелеу мекбінің» ашылуы өтті. «Берік, тұрақты отбасын құру – жақсы ата-ананың маңызды міндеті» тақырыбындағы тренингке алтыншы сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Танысу «Мен ..... себептен осы жердемін» жаттығуынан басталды, оның көмегімен ата-аналар адамның өмірінде отбасының қандай рөл атқаратындығы туралы тағы да ойланды.
Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші А.Ю. Сакара «Отбасылық тәрбиелеу мектебінің» басты мақсаты бұл – ата-аналардың педагогикалық мәдениеттері деңгейін көтеру екендігі туралы айтып өтті. Сосын «Отбасылық тәрбиелеудің заманауи модельдері» тақырыбындағы слайд-тұсаукесер ұсынылды. Ата-аналар отбасының негізгі функцияларымен, функционалдық және дисфункционалдық отбасылар сипаттамаларымен танысты, отбасылық жанжалдардың пайда болуының негізгі себептері туралы білді. Психолог тұрақты әрі берік отбасын құру үшін ерлі-зайыптының тұлғалық сипаттары айрықша маңызды екендігін атап өтті, соның ішінде бастысы – басқа адамға қамқор болу қабілеті, жан ашу, ынтымақтасу, мейірімді бола білу, басқа адамды кешіре білу, адамның кемшіліктеріне қарамастан, оны өзгертпей қабылдай білу.
Мектеп психологы Н.Г. Аглиулина «Теңгерім дөңгелегі» әдістемесінің көмегімен диогностикалау өткізді, оның барысында ата-аналар өздерінің отбасында қандай функциялар жеткілікті түрде жүзеге асырылып жатқандығын анықтай білді және көре білді.
«Бүгін мен .... лайықтымын» жаттығуын орындау барысында ата-аналарға «Мен ... лайықтымын» сөйлемін жазу ұсынылды және ішінен айта отырып, бүгін қандай жақсы оқиғалар болғанын еске түсірулерін сұрады.
Саны бестен кем емес оқиғаларды еске түсіріп жазулары тиіс болды. Адамға бақыт «үлкен кесекпен» сирек беріледі. Бір күннің ішінде осындай кішкентай кесектер болып жатады, бірақ оны сирек байқай білеміз. Бірақ мұны көре білу аса қажет. Бұл өзіңнің ғана емес, айналаңдағылардың, соның ішінде өз отбасыңның жақсы жақтарын көре білуге көмектеседі.
Қатысушылар «Гүл түріндегі отбасы суреті» жаттығуын қызығушылықпен орындады, ал сосын өз суреттерін көрсетті және сурет салу барысында түйген ойлары мен алған әсерлерімен бөлісті. Қатысушыларға мұндай суреттерді үйде, балаларымен бірге салу ұсынылды.
Сабақтың соңында жақсы ата-ана болуға шешім қабылдағандар үшін маңызды міндет – отбасы мүшелері арасындағы махаббат, жақсы көру сезімдерін нығайту міндеті болып табылады деген қорытынды шығарылды. Отбасылық құндылықтарды және дәстүрлерді қадірлей білу керек, тек сонда ғана, өзара сүйіспеншілікті, болашаққа оң көзқараспен қараған салауатты отбасын құруға болады.
Рефлексия өткізу барысында ата-аналар қызықты өткізілген тренинг үшін психологқа алғыстарын білдірді және мұндай сабақтардың қажеттігі туралы бірауыздан пікір айтты.
Ата-аналардың пікірлерінен: «Жұмыстағы шығармашылық тәсіл үшін орасан зор рахмет. Біз жаңа әдістемелер көмегімен отбасындағы басымдылықтарды қалай белгілеуге болатындығы жөнінде білім алдық.  Бала тәрбиесі жөнінде кеңестер алатын, осындай тренингтерді жиі өткізулеріңізді сұраймыз». 
«Отбасылық тәрбиелеу мекбебінің» келесі сабағы қараша айында өтетін болады. 
 
Ақпаратты дайындаған А.Ю. Сакара
 
  
 

Жаңа оқу сессиясы – жаңа кәсіби білімдер
 
2013 жылғы    4 қарашадан бастап еліміздің түпкір-түпкірінен 2010 мектеп психологтары «Бақытты отбасы» Отбасы тәрбиелеу жөнінде педагогтардың біліктіліктерін көтеретін Республикалық жобаның (авторы    С.Л. Евдокимова) кезекті төртінші соңғы сессиясына жиналады. Педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеретін Республикалық жоба қатаң түрде кесте бойынша және бекітілген бағдарламамен өткізіледі. Ол  1005 сағат теория мен тәжірибені көздейтін, әрқайсысы 12 күннен болатын, 4 сессиядан тұрады. Бұл сессия маңызды, қызықты, жауапты және есте қаларлықтай болады, өйткені сессия өтетін күндері біздің институтымыздың ашылғанына үш жыл болады!!! 12-15 қараша аралығында Отбасылық тәрбиелеу институты тыңдаушыларының үшінші легі үшін курстық зерттеу аттестациялық жұмыстарын қорғау болады. Қорғаудан соң, «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» біліктілігін тағайындалу арқылы 210 педагогтың салтанатты шығарылымы өтеді.
Ел өңірлерінің білім беру мекемелерінің педагогтары үшін біліктілікті көтеру курстары қандай жаңалықтар берді?
«Курстар біздерді, педагогтарды өзімізге басқа көзқараспен қарауға, ал өзіміздің күнделікті жұмысымызды мүлдем басқаша қарастыруға үйретті. Осы жоба барысында ресейлік және отандық профессорлар қаруландырған білім бізге сырттай қарағанда тым жақсы отбасында тәрбиеленген бала неліктен сабақта өзін дұрыс ұстай алмайтындығын түсінуге мүмкіндік берді. Мұндай мәселелерде аса нәзік тәсіл қажет. Міне тап осындай тәсілдерге біз осы курстар барысында үйрендік. Сонымен қатар арт терапия әдістемелерін, тренингтер жүргізу жүйелерін үйрендік, құндылықтар туралы дәрістер тыңдадық»,-деп атап өтті Павлодар облысынан келген тыңдаушылар.
Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері біздің тыңдаушыларымыз Астана қаласында өтетін төртінші оқу сессиясын асыға  күтетіндіктеріне қуанышты, өйткені бұл сессия тыңдаушыларға отбасылық педагогика мен психология саласында жаңа білімдер сыйлайды, тәжірибелер алмасуға мүмкіндік береді және педагогтың кәсіби білімдерінің сапасын арттырады.
 
Л. Набитовская

 «Бейпілауыздықтың алдын алу» тақырыбындағы ата-аналармен өткізілген тренинг.
«Ұяда не көрсең,
 ұшқанда соны ілерсің»
 
2013 жылғы 25 қазанда Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығында отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, институт түлегі Қорғамбаева  Арай  Серікқызы «Қуаныш», «Балбөбек-2009» балалар бақшаларының ата-аналарымен тренинг өткізді.
Орталық жетекшісі – А.О.Өмірова ата-аналарға Отбасылық тәрбиелеу институтының және Отбасылық тәрбиелеу орталығының қызметтері туралы айтып берді.
Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығында  отбасы мәртебесі мен отбасылық тәрбиелеуді нығайту жөнінде қаланың ата-аналар жұртшылығын сауаттандыруға арналған 5 жоба жұмыс істейтіндігін атап өтті, атап айтқанда:
«Ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университеті;
«Астана қаласындағы білім беру мекемелеріндегі Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі мектептер;
«Біргеміз» Жас жұбайлар мектебі»;
«Саби-Fanny» Жас ата-ана мектебі;
«Melenium-Жас» Жастар мектебі».
Айнұр Оралбекқызы ата-аналарды С.Л. Евдокимованың авторлығымен біздің институтымыз шығарған, «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады» әдістемелік құралын пайдалана отырып, педагогика және психология саласында өз білімдерін жетілдіруге шақырды.
Тренингтің басында психолог Арай Серікқызы ата-аналарды өз балалық шақтарына қайта оралуды ұсынды: құрдастары таққан, бұрынғы лақап аттарын, ата-аналарының қандай атпен атап еркелеткендерін еске түсірулерін сұрады. Тренингке қатысқан ата-аналар балалық шақтарын еске түсіріп, өздерінің ата-аналарының мейірімді, жылы  сөздерінің есте қалғандықтарын және бұл сөздер оларға жылылық пен қуаныш және бақыт сыйлағандықтарын және бұл сөздер оларға  сенімділік ұялатып, оларды күшті, ақылды еткендерін айтты. Ал жағымсыз аттарды  тіпті естеріне алғылары да келмеді.
Осы туралы әңгімелескен ата-аналар ата-аналарынан балағат сөз естіген балалардың өздерін қалай сезінетіндіктері туралы баяндайтын бейнефильм көрді. Балағат сөз никотин сияқты өкпеге жабыспайды және алкологоль  сияқты асқазанды күйдірмейді. Осыған қарамастан, ол баланың денсаулығына күшті әсер етеді, оның жүйке жүйесі бір ғана дөрекеі әділетсіз немесе әдепсіз сөзден де ауыр зардап шегуі мүмкін.
Психологпен бірге фильм қараған ата-аналар мынандай қорытынды шығарды:
Жақсы ата-ана дөрекі сөздер мен үздіксіз айғайлар баланы нашар тәрбиелеп, оған теріс әсер ететіндігін естен шығармаулары керек. Баланың ар-намысына тиіп, оның адами қасиетін кемсітіп, балалар мен ересектер арасындағы қарым-қатынасты шиеленістіре түседі, үлкендердің талаптарына ішкі қарсылықтың дөрекі қарсылығын тудырады, ал бұл болса балалардың да және ересектердің де жүйке жүйесін әлсіретеді, екі жақтың да өмірін қиындатады. Бейпілауыздықтың қапырық жағдайында өмір сүрмеу үшін зиянды әдетті қояу туралы шешім қабылдаған жөн.
Мұны қалай жасауға болады? Ата-аналар бұл сауалға жауапты тренинг барысында өздері тапты.
«Суретшілер», «Мүсіндер», «Әртістер»  жаттығуларын ойнаған ата-аналар бейпілауыздықтың алдын алу бойынша келесі шешімдер қабылдады:
Біріншісі: Ата-ананың өзінің жаман сөздер айтауы.  
Екіншісі: Басқаны көшірмелемеу, басқаға ұқсамауға тырысу, өзіндік ерекшелігін сақтау және төменде айтылған сөзді естен шығармау:
«Ауызға кірген емес, ауыздан шыққан былғайды».
Үшіншісі: Өзін-өзі ӘДЕПТІ және ӘДЕМІ сөйлеуге жаттықтыру. 
Тренинг туралы ата-аналардың пікірлері:
Алсина: «Өткізілген тренинг үшін Отбасылық тәрбиелеу институтына рахмет! Біз бүгін зиянды әдеттерге басқа тұрғыдан қарадық және ата-аналардың өз балаларын балағаттайтын бейнефильмді қарап бейпілауыздықтың зияны туралы білдік, ыңғайсыз және жайсыз болды, бірақ  өкінішке орай, бұл біздің өмірімізде жиі кездесетін жайт. Тақырыптық дәрісті тыңдағаннан кейін, былапат сөздердің проблемасын терең түсіндік. Біз бүгін медицинада бейпілауыздық проблемасы «Капролалия  ғылымына жатқызылатындығын білдік. Мұндай тренингтер ата-аналарды жақындастырады, тәрбиелеу үдерісіндегі проблемаларды көрсетеді, оларды шешудің және алдын алудың жолдарын көрсетеді. Институтқа бұдан әрі де ата-аналармен отбасылық тәрбиелеу жөнінде жүргізілетін жұмыстарына табыс тілейміз!!!».
Юлия: «Мен тренингке қатысқандығыма қуаныштымын. Тәжірибелік сабақта өзімді шығармашылық жағымнан байқап көрдім және өзімнің ертегінің жағымсыз және жағымды кейіпкері рөлдерін табысты орындағандыма таңғалдым. Жалпы жағымды эмоциялар алдым. Аса қызыты өткізілген тренинг үшін алғыс айтамын. Ол – қатысып отырған ата-аналар үшін сабақ болды. Жаман әрі зиянды нәрсе – жанды жаралайды!!! Біздің міндетіміз – бұған жол бермеу!!!
 
Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова

Ауыл әкімдерімен кездесу

Отбасылық тәрбиелеу институты «Рухани келісім күнін» мерекелеу қарсаңында Аршалы кентінде «Конфессияаралық және этникааралық келісімнің қазақстандық моделі: жетістіктер, проблемалар, перспективалар» тақырыбындағы Ақмола облысы Аршалы ауданындағы ауыл әкімдерімен өткізілген дөңгелек үстел басында кездесудің тамаша мүмкіндігі туды, ондағы тақырыптың бірі - қазақстандық қоғамдағы отбасының рөлі мен отбасылық тәрбиелеу мәселесі болды.
Барлығы отбасыдан бастау алады! Жаңа өмірдің пайда болуы, оны тәрбиелеу, социумға енгізу, отбасылық құндылықтарды және дәстүрлерді сіңру, әр түрлі өмір жағдайларында көмек пен қолдау көрсету, мектепке дайындау, отбасындағы және адам – мемлекеттің азамат тұлғасының қалыптасуындағы ең маңызды оқиғалардың барлығына қатысу. Отбасы – ең маңызды тәрбиелеу инситуты болып табылатындығын барлығымыз да білеміз. Тек ғана тату-тәтті және бақытты отбасында ғана онсыз өмір сүру мүмкін болмайтын барша жалпы адами құндылықтар пайда болады!!!
Ата-ана өз баласына не тілейді? Ол өз баласының өздерінен де жақсы, табысты, бай өмір сүргендігін қалайды. Әр адамның өз тегінің алдындағы міндеті – бала туу болып табылады, дәлірек айтқанда рудың жойылу үрдісіне жол бермеу үшін, кем дегенде үш бала туу. Сонымен қатар балаға рухани құндылықтарды, тіршілік етудің, табысқа жетудің ең тиімді әдістерін үйрету де маңызды. Отбасылық қарым-қатынастар толыққанды құрылып және биік сенімділік, мәдени қатынастардың басымдылықтары мен шынайы отбасылық жақындық негізінде үзілмегендігінің көптеген мысалдары бар. Міне осыны барлығы үйреніп, барлығын үйреткен абзал!!!
Жаңа қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанды әрі қарай да сенімді түрде дамыта беруді жалғастыру және Елбасының алдымызға қойған перспективалық міндеттерін табысты орындау үшін, сауатты, рухани-өнегелі және дарынды, тәрбиелі, өз мақсаттарын және мемлекеттің даму бағыттарын көрегенділікпен көре білетін адамдарды дайындау жөніндегі мемлекеттің барлық институттарының жұмыстарын бұдан әрі жүргізу қажет.
«Нұр Отан» партиясының саяси құжаты – Доктринаның «Біздің құндылықтарымыз» тарауында: «Отбасын нығайту және қүндылықтарды сақтау – біздің мемлекеттілігіміздің дамуының кепілі. Сондықтан біз отбасы дәстүрін жан-жақты нығайтуымыз қажет». Отбасылық тәрбиелеу институты міне үш жыл бойы өзінің құрылуының негізгі мақсатын орындап келеді – «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша отбасылық тәрбиелеу жөнінде Қазақстан Республикасының педагогикалық мамандарының біліктіліктерін көтеруді міндетін мақсатты орындап келеді, ата-аталар жұртшылығымен, педагог мамандармен, ел тұрғындарымен отбасылық педагогика және психология, отбасылық тәрбиелеу саласында педагогикалық мәдениет пен ата-аналарды сауаттандыру бойынша жұмыс істейді.
Кездесу барысында Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры        Л. Набитовская   ауыл әкімдерін институттың қызметімен және оның даму перспективаларымен таныстырды. Оларға барлық ауылдарда «Отбасылық тәрбиелеу мектептерін» құру ұсыныстарымен шықты, институт дайындаған отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ата-аналарға арналған тренингтердің тақырыптарын ұсынды және бұл жобаның тұжырымдамасын берді.
Бұл үшін институтта барлық қажетті құралдардың бар екендігін атап өтті және қызығушылық танытып жатқандарға институт ұйымдастырушылық және әдістемелік тұрғыдан көмектесетіндігін де  айтты.
«Отбасылық тәрбиелеу мектептерін» және «Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университеттерін» құрудағы тәжірибе институтта бар. 2011 жылғы желтоқсаннан бастап Астанада Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университеті табысты жұмыс істеп келеді. Астана қаласындағы мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған 80 астам тренинг сабақтар өткізілді, оған 5000 астам адам қатысқан. Ел өңірлерінде жаңа Мектептер құру бойынша жұмыс өз жалғасын табуда! Қазіргі кезде 200 астам мектеп құрылған, оларда отбасылық тәрбиелеу тақырыптары бойынша ата-аналармен түрлі кездесулер өткізілді. Бірақ мұның өзі де аздық етеді. Отбасылық сәтсіздіктердің деңгейін төмендетіп, отбасындағы өзара қарым-қатынасты жақсарту, жасөспірімге мамандық таңдау кезінде көмектесу,  мектеп пен отбасы байланысын нығайту және т.с. үшін мектептер барлық білім беру мекемелері мен еңбек ұжымдарында жұмыс істеулері керек.
Отбасы – әр адам үшін құндылық!!! Ауылдардың, аудандардың, қалалардың осы бағдарламаға қатысуы, отбасы институтын тек ауыл, аудан, қала көлемінде ғана емес, жалпы мемлекеттік деңгейде нығайтатындығы сөзсіз!!!!
 
 Л. Набитовская
 
  

Астана қаласы мектептерінің сынып жетекшілерімен кездесу
 
№6 ЖБМ Астана қаласы мектептерінің сынып жетекшілерімен  мен Отбасылық тәрбиелеу институты өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесу семинар түрінде болды, оған 50 астам адам қатысты. Іс-шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ қалалық филиалы ұйымдастырды. Бұл жолы Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлерінің алдында – сынып жетекшілерін отбасындағы сәтсіздіктерді ерте анықтау және оның салдары ретіндегі балалардың ауытқушылық мінез-құлқының алдын ала бойынша бастапқы жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесімен таныстыру міндеті қойылды.
Кездесуді Л.Н.Набитовская ашты. Любовь Николаевна өзінің баяндамасы барысында  қатысып отырған сынып жетекшілерін Институт қызметімен таныстырып ғана қоймай,  сонымен қатар, ұстаздардың назарын қоғамның ең өзекті проблемасы – отбасы мен мектептің өзара байланысы мәселесіне аударды. Бүгінгі таңдағы әлеуметтік-маңызды проблеманы шешу үшін, сынып жетекшілерін ата-аналармен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ағартушылық жұмыспен  айналысуға шақырды. Әр сыныпта «Отбасылық тәрбиелеу мектептерін» құру бойынша тұжырымдаманы, сонымен қатар отбасылық тәрбиелеу тақырыптарынан құралған 25 дайын сабақ тренингтерді ұсынды.
Любовь Николаевна бүгінгі таңдағы жасөспірімдер жасаған қылмыстардың және әр түрлі құқық бұзушылықтардың өсуінің негізгі себептерінің бірі –отбасындағы теріс әлеуметтік тәжірибені ұрпақтан-ұрпаққа беру болып табылатындығын атап өтті, ал нашар отбасында тұратын балалар мінез-құлықтың  теріс моделін игеріп, болашақта да оны өз отбасыларында көрсетеді.
Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, Институттың әдіскері Матаева Алтыншаш  Түменбайқызы сынып жетекшілерін «Отбасылық сәтсіздіктерді ерте анықтау проблемалары және әлеуметті қауіпті жағдайдағы отбасыларымен алдын алу жұмыстарын жүргізудегі сынып жетекшісінің үйлестіруші рөлі», «Отбасындағы стрестік жағдайларды анықтаудың заманауи әдістемелері» тақырыптарымен таныстырды.
Сынып жетекшілеріне арналған өзекті мәселелерді талқылау, топтық арт терапия элементтерін пайдалана отырып, дөңгелек үстел үшін ерекше түрде өтті.
Іс-шараның қорытындысын шығара отырып, әрбір қатысушысы осы кездесу оларға осы бағыттағы жұмысты тиімді ұйымдастыру үшін  өздері пайдаланатын, осы бағыттағы жұмыстың өзге тәжірибесімен танысуға мүмкіндік бергендіктерін атап өтті.

А.Матаева

   


Отбасылық тәрбиелеу стилінің баланың ақыл-ой қабілеті деңгейінің дамуына ықпалы туралы

 
2013 жылғы 23 қазанда Астана қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталағы №27 «Балауса» балалар бақшасының ата-аналар жиналысына қатысты. Ата-аналар жиналысының тақырыбы «Баланың ақыл-ой қабілетінің дамуындағы отбасының рөлі» деп аталды. Жиналыста отбасылық тәрбиелеу стилінің баланың ақыл-ой қабілеті деңгейінің дамуына ықпалы туралы сөз болды.
Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Өмірова  Айнұр  Оралбекқызы «Отбасылық тәрбиелеу стилінің баланың ақыл-ой қабілеті деңгейінің дамуына ықпалы» тұсаукесерін көрсетті, балалар темпераментінің төрт түрі туралы әңгімелеп берді және ата-аналарды балаларымен бірлескен сабақтарды қалай жүргізуге болатындығын үйретті, ұсақ моториканы, зейінді, жадыны, ойды және сөзді дамытуға арналған әр түрлі жаттығулар мен ойындар көрсетті,  көңіл-күйді көтеруге және стресті босатуға арналған көңілді сергіту жаттығуларын жасады, ал ең соңында «Көңіл күйлер мектебі» бейне сабағының тұсаукесерін көрсетті, онда өз балаларына махаббатын көрсету қажеттігі туралы айтты, мұның арқасында балалар салауатты, салмақты және ақылды болып өсетіндігін баса айтты.
Психолог ата-аналарға өз балаларымен қарым-қатынас орнатуда табыс тіледі. Ең бастысы – өз туған-туыстарын және жақындарын жақсы көруге және сақтауға назар аудартып, ол атақты отбасылық    психотерапевт  В. Сатирдің:  «Төрт құшақтау әр адамға өмір сүру үшін қажет, ал жақсы көңіл-күй үшін күніне сегіз реттен аса  құшақтасу тек балаға ғана емес, ересекке деген керек деп айта отырып, баланы күніне бірнеше рет құшақтау керек. Махаббатқа деген қажеттікті қанағаттандыру және қабылдау – баланың психикалық дамуы үшін қалыпты шарт. Егерде олар шүбәсіз қабылдау белгілерін алмайтын болса, онда мінез-құлықта ауытқу, басқа сөзбен айтқанда, эмоционалды бұзушылық болуы ықтимал»,-деген пікірін оқып берді.
Балалар бақшасының меңгерушісі   Нұрмұхамбетова Жәзира Ғадылқанқызы  ата-аналарды  Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығымен ынтымақтасуға шақырды және балалар бақшасы негізінде «Отбасылық тәрбиелеу мектебін»  ашуға әзірлігін хабарлады.
 
Ақпаратты дайындаған  А.О.Өмірова          
 
  

«Ай Мар» жеке меншік бөбекжайында «Отбасылық тәрбиелеу мектебін» ашу

Көкшетау қаласында «Отбасылық тәрбиелеу мектептері»  ашылуы өз жалғасын табуда! 2013 жылғы 22 қазанда «Ай Мар» жеке меншік бөбекжайында ата-аналарға арналған тренинг өткізілді. Тренинг танысу рәсімінен басталды, ал бұл болса ата-аналар үшін өте пайдалы болды, өйткені, көптеген ата-аналар бір-бірін танымайтын еді, одан әрі сергіту техникасы, тестілеу қолданылды, слайдтық тұсаукесер, отбасылық өмірден рөлдік сахналық көрініс ойнау пайдаланылды.
Тренинг  барысында отбасылық тәрбиелеу стилінің, баланың тұлғасының қалыптасуына ықпалы туралы ақпарат алды және отбасылық тәрбиелеу жөніндегі маман Ю.И.Сәрсекееваның ұсыныстарын зейін қоя тыңдады.
 Әр ата-ана үй тапсырмаларын алды: күніне баласымен 15 реттен  кем емес құшақтасу; 4 күн бойы баласына дауыс көтермеу; 2 күн балаларға балама сұрақтар қоюға үйрену. Сондай-ақ әр қатысушы «Табысты тәрбиелеудің он кілті» жадынамасын алды.
«Ай Мар»  бөбекжайында ата-аналарға арналған тренингтер мен практикумдар  жасалған кесте бойынша әрі қарай да жүргізіле беретін болады.
 

 «Балаға деген мейірімді қатынас мектебі» семинар-кеңесі
 
2013 жылғы 18 қазанда Зеренді кентінің №1 ОМ негізінде «Балаға деген мейірімді қатынас мектебі» өңірлік семинар-кеңесі өтті. Семинардың жұмысына Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Б.А.Жанбаев, тәрбиелеу жұмысы және балалықты әлеуметтік қорғау бөлімінің мамандары, Көкшетау қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Ю.И.Сәрсекеева,  облыстық тәрбиелеу жұмысы жөніндегі бөлімнің әдіскерлері, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагогтар-психологтар, әлеуметтік педагогтар,  Зеренді, Бурабай, Еңбекшілдер, Сандықтау аудандарының ата-аналар жұртшылығы қатысты.
Семинардың мақсаты –семинар қатысушыларының 12-14 жастағы жасөспірімдермен (суицидалдық қатерлі топ) психологиялық- және методологиялық дайындығын қалыптастыру, эмоционалдық-психологиялық жеңілдету, жағымды өмірлік көріністі қалыптастыру.
Семинарға қатысушылар семинар мәселелерін талқылауға, психологиялық тренингтерге белсене қатысты, семинар қатысушыларына арналған рөлдік ойындар жүргізілді. Көкшетау қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Ю.И.Сәрсекеева Орталық жұмысының тұсаукесерін көрсетті, қатысушыларды Отбасылық тәрбиелеу институтының әдістемелік әдебиеттерімен және отбасы мен мектеп өзара әрекеттестігінің тәсілі ретіндегі «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» жобасының тұжырымдасымен таныстырды. 
Сондай-ақ слайдтық тұсаукесер бойынша «Балалар агрессиясының себептері» баяндасымен де сөз сөйлеп, педагогтарға-психологтарға арналған шеберлік сыныптарын өткізді.
 
   

Көкшетау қаласындағы №12 ОМ «Отбасылық тәрбиелеу мектебін» ашу

 
Көкшетау қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығы, әр ай сайын  қала мектептерінің көп санын қамти отырып, өз қызметінің саласын кеңейтіп келеді. 2013 жылғы 11 қазанда Көкшетау қаласындағы №12 орта мектепте «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» ашылды. 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары Практикумның қатысушылары болды. «Ата-аналардың педагогикалық мәдениеті. Отбасылық тәрбиелеу стильдері» тақырыбы бойынша сабақ барысында ата-аналар  рөлдік көріністерге, бой жазу  және рефлексивтік жаттығуларға қатысты. Мәселен, сабақ қарапайым жаттығудан басталды, мұнда допты келесі адамға бере отырып, әр ата-ана: «Менің баламның қай жері маған ұқсамайды?» сауалына жауап берді, ал жаттығу аяқталған кезде барлық ата-аналар үй тапсырмаларына және жадынамаларға («Отбасылық тәрбиелеу», 1 бөлім әдістемелік құралын қараңыз) ие болды.
№12 орта мектептің «Отбасылық тәрбиелеу мектебінің» келесі сабағы белгіленген кестеге сәйкес 2013 жылы қарашада  өтетін болады.
 
   

Отбасылық тәрбиелеу институтының Ақмола облысының «Үздік психологы» конкурсын өткізуге қатысуы

 
Ақмола облысының Білім басқармасы  талантты, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін, меңгерген кәсіби құзіреттерін  көрсете білетін психологтарды анықтау және оларды қолдау мен ынталандыру мақсатында, 2013 жылғы 9-10 қазан аралығында Бурабай ауданының Зеленобор ОМ негізінде «Үздік психолог -2013» Облыстық конкурсын өткізді.
Конкурсқа облыстың 22 педагог-психологтары – аудандық «Үздік психолог» жеңімпаздары, соның ішінде Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші И.Внуковская мен институттың қазіргі түлегі Редько В қатысты.  
Конкурс  үш санат бойынша жүргізілді:
I санат –  3 жылға дейін еңбек өтілі бар психологтар;
II санат – 3 жылдан, 7 жылға дейін еңбек өтілдері бар  психологтар;
III санат – 7 жылдан жоғары еңбек өтілдері бар  психологтар.
Конкурстың қортындылары бойынша орындар келесідегідей бөлінді:
   I санат бойынша: 
1 орын -  М.К. Жанқадамова ( Атбасар ауданы),
2 орын -  А.Б.Танина  (Көкшетау қаласы),
3 орын   - А.Н. Сидоренко (Есіл ауданы);
 II санат бойынша:
1 орын - Д.А.Нұрымбаева (Жарқайың ауданы),
2 орын  И.Л.  Плеханова  (Астрахан ауданы),
3 орын - Т.П. Сайбель  (Бұланды ауданы); 
 III  бойынша:
1 орын - О.Н. Бойко  (Бурабай ауданы),
2 орын - Т.А. Мокряк  (Жақсы ауданы),
3 орын - М.К.Тұйғынбекова (Зеренді ауданы).
Жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сертификаттар  тапсырылды.
2013 жылғы 14-15 қарашада Алматы қаласында облыстық конкурстың жеңімпаздары «Үздік психолог-2013» Республикалық конкурсына қатысатын болады. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және Алматы қаласында өтетін конкурстан да жеңіп шығуларын тілейміз!!!
Отбасылық тәрбиелеу институты атынан қазылар алқасына Көкшетау Отбасылық тәрбиелеу орталығының жетекшісі Ю.И.Сәрсекеева қатысты. Ол өз сөзінде ата-аналар жұртшылшығымен Отбасылық тәрбиелеу институтының «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» жобасы бойынша  ағартушылық жұмысты ұйымдастыруды ұсынды.
 
 

Қазақстан Республикасындағы Отбасы Күніне арналған «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» кең ауқымды Республикалық акцияға қатысқан Астана қаласы білім беру мекемелерінің психологтарына алғыс хаттар табыстау
 
2013 жылғы 9  қазанда Отбасылық Тәрбиелеу Орталығының жетекшісі А.О.Өмірова Астана қаласы Білім басқармасы ұйымдастырған, «Мектеп пен отбасы өзара әрекеттестігі» тақырыбындағы психологтардың қалалық семинарына қатысты.
Орталық жетекшісі семинар қатысушыларына Астана қаласы  Отбасылық тәрбиелеу орталығының қызметі туралы айтты, психологтардың «Отбасыдан қымбат не болуы мүмкін?» акциясына  қатысқандары үшін алғыс айтты және Отбасылық тәрбиелеу институты атынан алғыс хаттар табыс етті.
Семинарда Отбасылық тәрбиелеу орталығының түлегі, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Тасанова   Айгүл №70 мектеп-лицейінде құрылған «Отбасылық тәрбиелеу мектебінің» тұсаукесерін жасады. 
Психологтар әр мектепте, әр сыныпта ата-аналармен отбасылық тәрбиелеу жөнінде сауаттандыру жұмысын жүргізу мақсатындағы мұндай мектептер ашу қажеттігін айтып, Тасанова   Айгүлдің  бастамасын қолдады. Бұл – ата-аналардың өз балаларын сапалы тәрбиелеулеріне назар аударуларына және әр ата-ананың  тәрбиелеуге деген жауапкершілігін арттыруларына мүмкіндік береді.
 
Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова 
 
   
 

Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығында білім беру мекемелері тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен «Отбасылық қарым-қатынас. Ол қандай болу керек?» тақырыбында өткен кезекті тренинг
    
2013 жылғы 11 қазанда Отбасылық тәрбиелеу орталығында  №29 және №30 орта мектеп оқушыларының ата-аналарымен кезекті тренинг өткізілді. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші, №41 мектеп кітапханасының меңгерушісі Бегалина Алмагүл Омарбекқызы  өткізді.
Психолог  ата-аналармен таныстықты алдын ала дайындалған «Смайликтерден» бастады, мұнда әр ата-ана өзінің кездесу барысындағы көңіл-күйіне сәйкес келетін смайлигін таңдауы керек еді. Сосын тренинг барысында Алмагүл Омарбекқызы «Шалқан» ертегісімен жұмыс істеп, ертегі терапиясын пайдалану арқылы ата-аналармен «Мен қаншалықты жұғымталмын» диагностикалық тестін жүргізді, «Отбасылық қарым-қатынас қандай болуы керек?» тақырыбында слайд-тұсаукесерді ұсынды және «Отбасылық қарым-қатынас» тақырыбындағы әдеби көрме ұйымдастырды.
Тренингтің ақпараттық бөлігінде психолог бақытты отбасында ата-аналармен, балалар арасындағы да, сондай-ақ ерлі-зайыпты арасында да ӨЗАРА ТҮСІНІСТІК барлығынан да маңызды деген пікір түйді. Бірақ тәжірибеден көріп отырғанымыздай, бір-бірімен түсінісу қиын! Бұл жерде ең бірінші кедергілердің бірі - МЕНМЕНДІК, яғни, адамның өзін басқа адамның орнына қоя білмеуі немесе қойғысы келмеушілігі болып табылады.
Алмагүл  Омарбекқызы  ата-аналарға отбасылық кеңес беру тәжірибесінде жиі кездесетін қарапайым мысалды келтірді.
Психологтың кеңесіне ерлі-зайыптылар келеді. Ерінен дәлізде күте тұруын сұрайды.  Зайыбы өз ерінің балаларымен дұрыс қарым-қатынас жасамайтындығын айтады.
Сонда кеңесші әйелден өзін ерінің орнына қоя отырып, осы оқиғаны айтып беруін сұрайды. Біз бұл жерден әйелінің қиналғандығын көреміз. Ол өзін ерінің орнына қойып, жағдайға оның көзімен қарағысы келмейді.
 «Осы туралы сіздің еріңіз мүлдем басқаша айтқан болар еді,-дейді психолог. Қазір біз оны шақырып, бұл жөнінде оның не айтатындығын сұрайсыз.
 – Иә, ол қазір сендерге басқаша айтады. Мен шын мәнінде қалай болғанын айтып тұрмын ғой...».
Осыған ұқсас жағдайда күйеуі де өзін осыдан артық көрсетпейді (тіпті жаман көрсетуі де мүмкін).
Бүгінгі таңда біз бүгін бір-бірімізді тыңдай білмейміз, ести білмейміз, сондықтан  да біз өзіміздің қарым-қатынасымыздағы әр адамға бақытты болуға кедергі келтіретін проблемаларға тап боламыз.
Құрметті ата-аналар!   Үйде болған соңғы жанжалды еске түсіріп, оны ұрысқан адамыңыздың көзімен сипаттап көруге тырысыңыз! Қиын ба? Олай істегіңіз келмей ме? Өйткені сіз өзара қарым-қатынасты және өзіңіздің мінез-құлқыңызды талдаған кезде сырт көзге Өзіңіздің жанжалыңыз ұнамсыз көрінеді....
СІЗ ЖАҒДАЙҒА БАСҚА КӨЗҚАРАС ТҰРҒЫСЫНАН ҚАРАУҒА ҮЙРЕНБЕЙ, ӨЗІҢІЗДІҢ ІСТЕГЕНІҢІЗ ДҰРЫС ДЕП АЙТА АЛМАЙСЫЗ.
Айтпақша, басқа адамды түсіну – мүлдем қиын емес. Ол үшін жанжалдасу кезінде ұрыспау керек, «Мен бұл проблеманы былай көріп тұрмын. Ал сіз ше?»,-деп қарама-қарсы тараптың пікірін тыңдай білу керек.
Сондықтан бір-бірлеріңізді тыңдай білуге, түсіне білуге тырысыңыздар, жанжалдасуға уақыт кетірмеңіздер, отбасылық қарым-қатынас қуаныш, жағымды күш-қуат, махаббат сыйлауы керек!!!
Ата-аналардың пікірлері:
Құрметпен,  Қарлығаш: «Алмагүл Омарбекқызы қызықты әрі мазмұнды тренинг өткізді. Қанша нәрсе айтылды, осы жайма-шуақ кештің барысында қанша сауалдар қойылып, қаншама мәселелер талқыланды! Ертегінің кейіпкерлері болып ойнадық, команда болып жұмыс істедік. «Мен қаншалықты жұғымталмын?» тесті үшін алғыс айтамын. Бізге, ата-аналарға бала тәрбиесінде, отбасылық мәселеде көмек-қолдау көрсететін осындай орталықтың болғаны қуанышты».
Настя ана: «Тренинг өте қызықты, танымды. Оған қатысқаныма қуаныштымын. Отбасылық тәрбиелеу орталығының жұмысына ризамын. Біз – ата-аналарға жасаған қамқорлықтарыңызға рахмет!!!».
 
Ақпаратты дайындаған А.О. Өмірова
 
   
 
 
 

Ел өңірлері музыка пәндерінің мұғалімдері Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығында қонақта

Мұғалімдер күні қарсаңында, 2013 жылғы 3 қазанда Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығына еліміздің әр түрлі өңірлерінен музыка пәнінің мұғалімдері қонаққа келді. Қонақтарды Отбасылық тәрбиелеу орталығының түлегі, №3 музыка мектебінің мұғалімі Дүйсебаева Әлия мен  Отбасылық тәрбиелеу орталығы жетекшісі Өмірова Айнұр қарсы алды.
Кездесу шығармашылық сипатта өтті. Кездесудің бірінші бөлігінде Әлия Дүйсебаева  өз қонақтарына «Қазақстанның білім беру мекемелеріндегі педагогикалық-психологиялық қызметтің даму келешектері» тақырыбындағы баяндаманың тұсаукесерін жасады.
Екінші бөлігінде Орталық жетекшісі А.О.Өмірова мұғалімдерді Астана қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының жұмысымен таныстырды, ұстаздарға психология әдістемесінің бірі ертегі терапиясымен таныстырды, кездесу қатысушыларымен бірге «Өзіміздің кемшіліктерімізбен күресеміз және өз қасиеттерімізді дамытамыз» жаттығуын жасады.
Бұл жаттығудың мақсаты: топ қатысушыларының өз кемшіліктері мен қасиеттері туралы ұғымдарын терең зерделеуі, рефлексия дағдыларын дамыту, Мен-бейнені нақтылау; позитивті өзіндік қатынасты дамыту. 
Кездесу қызықты өтті, одан кейін мұғалімдер өз пікірлерін орталықтың сын-пікірлер кітабына жазып қалдырды.
 
Ақпаратты А.О. Өмірова дайындады
 
  

Вячеславка орта мектебіндегі «Кәсіптік бейімделу: мамандық таңдау проблемасы» тақырыбындағы оқушылармен және олардың ата-аналарымен болған кездесу

 
Әр мектеп оқушысының алдында мамандық таңдау туралы мәселе тұратын уақыт келеді. Сол сәтте бабалар да, ата-аналар да, ұстаздар да мазасызданады, өйткені таңдаудың күрделілігі, мамандықтың сипаты мен мәртебелігі туралы көптеген қарама-қайшылықты, кейде үстіртін ұғымдардың болуына байланысты болады емес пе!?
 Мамандық таңдау бозбалалар мен бойжеткендердің қабілеттеріне, олардың мінез-құлықтарына, сұраныстарына, ата-аналардың тәжірибелеріне, мамандардың ұсыныстарына, мәселеге, қоғамның мүддесіне сыни қарай білуіне, еңбекке деген жалпы дайындығына, бейімделе білуіне, барлық нәрседен шығармашылық бастама көре білуіне байланысты болуы керек.
Ұстаздардың және ата-аналардың пікірлерін ескеріп, өзінің психологиялық ерекшеліктерін есепке ала отырып, жеке мүмкіндіктерінің келешегін зерделеуге көмектесу – Ақмола облысы Арнасай ауылы Вячеславка ОБМ ұстаздары – сыныптан тыс іс-шараны ұйымдастырушылардың алдында тап осындай міндет тұрды.
Іс-шара Отбасылық тәрбиелеу институты қызметкерлерінің қатысуымен өтті, олардың алдында мынадай міндеттер тұрды – мектеп бітірушілердің ата-аналарын, өз балаларының мамандық таңдауларына төзімді қатынас жасауға, ал түлектерді мамандық таңдаған кезде әр адамның мінез-құлық, дағды, бейімділік, шеберлік сияқты психологиялық ерекшеліктеріне назар аударуға шақырды.
 
    
 
«Дұрыс мамандық таңдау, адамның өмірін бақытты етеді»,-деп бастады өз сөзін Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры      Л.Н. Набитовская.  Мектеп оқушыларымен болған әңгімеде ол түлектерді толғандырған көп сауалдарға жауап берді, атап айтқанда: мамандыққа адалдық деген түсінік болады ма?; әр мамандыққа үйреніп кетуге бола ма?; егерде ол аясы тар мақсат ғана болса, диплом алу қажет пе?; ата-аналар мамандық таңдау мәселесіне қаншалықты белсенді және терең араласа алады?
Мамандық таңдау мен адамның әрі қарайғы өмірін анықтауы, әр жасөспірім үшін ауыр, жауапты іс, тап осындай баланың өз өміріндегі басты шешімін қабылдауы керек кезінде, ата-аналары көмек жасағысы келіп, абайсызда оған кесірін тигізіп, осылайша оған зиян жасауы мүмкін... Бұл жерде ата-аналар баланың мамандық таңдауы бойынша ақтық, нақты шешім қабылдауы үшін, өз баласы үшін бірінші кезекте ненің жақсы екендігіне назар аударулары керек. Осылайша болашақта баланың өз ата-анасына реніш жинақтауына мүмкіндік бермеулері қажет, яғни бұл «ата-аналар баласы үшін барлығын шешетін» жағдай болып табылады.
Ата-ананың пікірін ескеру дегеніміз не? Мамандық таңдау жолында не нәрсе маңызды кедергі болуы мүмкін? Бұл сұраққа Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы М.А.Рүстімова жауап берді.
Мамандық таңдау кезінде жасөспірімнің өз мүмкіндіктерін барабар бағалауға көмектесуі үшін, Отбасылық тәрбиелеу институтының әдіскері А.Т.Матаева Сенеканың: «Адам өзінің күш-жігерін салып ғана, өзінің қабілеттерін білуі мүмкін»,-деген дәйексөзін келтіріп өтті. 
Іс-шара кезінде артерапияны өткізу көмегімен, ата-аналар өз қолдарымен жасалған тұмарлар, атрибуттар алмасу, үш ұрпақтың – ата-аналар ұрпақтарының – әжелердің, аналардың және олардың балаларының кездесуінің шарықтау шегі болды.
Тұмарға әр ата-ана өз баласының жақсы бақытты өміріне тілеген батасын салды. Ал балалар тарапынан бұл – баланың өз қолымен жазған Сүйіспеншілік хаты болды. Кездесуге қатысушылардың бақытты кейіптерінен, егерде сенің жаныңда әрдайым өзіңді жақсы көретін ата-анаң, өзіңнің ОТБАСЫҢ болса, әр адамның өміріндегі маңызды нәрсе – мамандық таңдау жолының еш қиындығы жоқ екені көрініп тұрды!!!
А.Матаева
    
 

Көкшетау қаласы Отбасылық тәрбиелеу орталығының Ақмола облысының Білім басқармасымен жұмысы
 
2012 жылы 27 қыркүйекте Атбасар қаласының №3 орта мектебінде «Балаға деген мейірімді қарым-қатынас мектебі» тақырыбында Ақмола облысының білім беру ұйымдарының педагогтарына арналған облыстық семинар-кеңес өтті. Семинардың аясында жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу бойынша жұмыс әдістері қарастырылды. Көкшетау облысы Отбасылық тәрбиелеу орталығының басшысы Сәрсекеева Юлия Ивановна «Балалар агрессиясының себептері» тақырыбында баяндама дайындады, сондай-ақ «Отбасылық тәрбиелеу мектебі» жобасының тұсаукесерін жасап, педагогтарға арналған шеберлік сыныбын өткізді, оған қатысушылар «Ата-ананың ажырасуы. Отбасылық тәрбиелеу стилдері» практикумының қатысушыларына айналды. Сондымен қатар семинарға қатысушылар Көкшетау қаласының Отбасылық тәрбиелеу орталығы мен облыстық Білім басқармасы дайындаған әдістемелік ұсыныстарға ие болды. Педагогтарға арналған келесі семинарды 2013 жылы қазан айында  Ақмола облысы Жақсы ауданында өткізу жоспарланып отыр.
 
  
 

Отбасылық тәрбиелеу орталығының Астана қаласының ҮЕҰ форумына қатысуы
 
2013 жылғы 20 қыркүйекте Отбасылық тәрбиелеу институтың директоры  Л.Н. Набитовская  Астана қаласының  ҮЕҰ «Азаматтық қоғам – елді жаңғыртудағы стратегиялық серіктес» форумының жұмысына қатысты.
Форум Астана қ. Тәуелсіздік Сарайында өтті. ҮЕҰ форумының модераторы ретінде әкімінің орынбасары А.Ғ.Балаева болды. Форум екі бөліктен құралды: планерлық отырыс пен секциялар бойынша жұмыстар. Пленарлық бөлігінде ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі  Қырықбаев Арман Оразбайұлы қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.«Қазақстан тұтынушыларының ұлттық лигасы» ЗТҚ төрағасы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты С.Ю.Романовская ханымның «Қоғамның белсенді азаматтық ұстанымы, қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту факторы ретінде» тақырыбындағы сөзі залды жандандырды. Форумға жиналғандар Қазақстанның Азаматтық Альянсының президенті Н.К.Ерімбетовтің «Азаматтық қоғамдағы үкіметтік емес сектордың рөлі» тақырыбындағы сөзін қызыға тыңдады. Форумның қатысушыларына Ресейдегі үкіметтік емес сектордың қалай жұмыс істейтіндігі туралы Мәскеу қаласындағы «Өзгерістердің қарсы алдында» қайырымдылық қоғамының өкілі Мехти Ализаде айтып берді. Оның баяндамасының тақырыбы: «Бизнестің копоративтік әлеуметтік жауапкершілігі: халықаралық тәжірибе» деп аталды. 
Қалалық форумда құрамына біздің ұйымымыз да кірген, ҮЕҰ  ІV Азаматтық Форумына қатысатын делегаттар анықталды.
Л. Набитовская
  
 

Психологтардың біліктіліктерін көтеретін «Бақытты отбасы» республикалық жобасының үшінші оқу сессиясы аяқталды
 
Уақыт зымырып өтуде, міне, психологтардың біліктіліктерін көтеретін республикалық «Бақытты отбасы» жобасының 3 оқу сессиясы да аяқталды. Қыркүйек айының 12 күні, шаршамай-шалдықпай, психологтардың өзімен-өзі жұмыс істеген 12 күн де білінбей өтті де кетті. Осы бірегей жобаға Қазақстанның түпкір-түпкіріндегі әртүрлі аудандардан, қалалардан, ауылдардан педагог-психологтар жиналды. Отбасылық психология мен педагогика саласындағы жаңа білімді іздеу, 210 психологты Астана қаласындағы осы бір тамаша жоба аясындағы бір отбасына біріктірді.  
Өзінің кәсіби шеберлігін көтеру, психологтың жұмысындағы жаңа техникамен және әдістемемен таныстыру ниеті, біздің тыңдаушыларымыз үшін еш кедергі туғызбады. Сесияның барлық 12 күні біздің институтымыздың тыңдаушылары Ломоносов атындағы ММУ және Абай атындағы ҚазМҰУ Психология ҒЗИ  Н.А.Цветкова, Л.Д.Лебедева, Г.В. Новикова, О.В. Хухлаева, С.В. Покровская, С.В. Кривцова, С.А.Попов, А.Г.Улановский, Ж.И. Намазбаева, З.Ш. Қарақұлова, В.Н. Устименко, А.В. Цветков сияқты  12 атақты ғалымдарының, профессорлардың дәрістерін тыңдап, шеберлік сыныптарына қатысты. 
 
  
 
   
Сессияны аяқтай отырып, жиналыста Институт әкімшілігі 6 топ арасында жарыстардың қорытындыларын шығарды. Павлодар және СҚО облысынан келген психологтар 3 сессияның үздік тобы ретінде танылды. 
Институт тыңдаушылары Институттың Бас директоры С.Л.Евдокимоваға және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне жобада білім алу мүмкіндігі, курсты тамаша ұйымдастырғаны және отбасы мен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі қызықты ақпараттың үлкен көлемі үшін алғыс  айтты. Тыңдаушылар үйлеріне қайтқылары келмеді!!! Бірақ оларды жуық арада қайта кездесетіндіктері қуантты. 2013 жылдың 4 қарашасында олар қайтадан Астанада 4 ақтық сессияға жиналады, содан кейін дайындалған курстық аттестациялық жұмыстарын қорғауға кіріседі. «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» деген жазуы бар, қайта длайындау және кәсіби шеберліктерін көтеру туралы куәлікті алғаннан кейін, олар өздері жұмыс істейтін білім беру мекемелеріне қайтып оралып,  Отбасылық тәрбиелеу институтында шыңдаған білімдерін өз жұмыстарында пайдаланып, тәжірибе жүргізетін болады.
 
  
 

А.ж. 15 мамыры Екібастұз қаласының «Қайнар» БСК жанындағы білім беру бөлімінің қолдауымен, Павлодар облысы әкімдігі жанындағы Іскер әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты   жөніндегі комиссиясының, сонымен қатар, Павлодар облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  «Отбасы үндестігі – әлем үндестігі» коллоквиумын өткізді. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, мектеп педагогтары, Әкелер Кеңесі, ата-аналар қоғамы, облыстың қалалары мен аудандарының делегациялары, БАҚ-ы қатысты.
«Қайнар» БСК фойесінде декоративті-қолданбалы жұмыстар көрмесі безендірілген және мектеп оқушыларының, сонымен қатар ата-аналарының қатысуымен бейнелеуші өнер отбасы шығармашылық конкурсы өтті. Конкурстың қорытындысы бойынша мықты жұмыстар мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараның қорытындысы «Мөлдір бұлақтан ...» - «От чистого истока» гала-концерт Фестивалінің отбасылық шығармашылығы болды, осы мерекеде отбасылық шығармашылық келесі бағыттар бойынша көрсетілді: Дәстүрлі халық өнері; Хореография; Вокалды ұжымдары; Қолөнер шығармашылығы. Фестивалге алғаш рет 105 отбасы қатысты, олардың ішінде интернационалды, көпбалалы, патронатты және қамқоршы отбасылар бар.
Іс-шара құрметке лайық батыр-ана «Алтын алқа» белгісі иегері,  керемет 14 баланы тәрбиелеген Айтжан Қатбенованы құрметтеуден басталды.
Іс-шараға құрметтілер, шығармашылық отбасылар, қалалық, аудандық, республикалық отбасы шеберлігі конкурсының иегерлері шақырылды. Атап айтқанда: Осодковалар, Гумаровтар, Қайнышевтар – Жапановтар, Ниқанбековтар отбасылары. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары, әлеуметтік мәселелер жөнінде – Марданова А.К., қалалық мәслихат депутаттары – Шмидт Т.В. және Әбишева Г.Е., білім беру бөлім бастығы – Қайырбаев М.Ю., «Екібастұз дауысы» орталығының директоры – Мейрамова А.З., «Нұр Отан» ХДП өкілдері құттықтау сөздерімен шықты. Олардың барлықтары конкурсқа белсенді қатысқандарға өз аттарынан алғыс айтып, денсаулық,  амандық, өзара түсіністік және жетістіктер тіледі.
Фестивалдің қорытындысында қатысушыларға мадақтамалармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.


«Мөлдір бұлақтан – От чистого истока» Ақтөбе облысында

Жыл сайын Республикамызда 15 мамыр Халықаралық отбасылар күніне орай, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастауымен «Мөлдір бұлақтан- От чистого истока» атты отбасылық фестиваль ұйымдастырылады. Ақтөбе облысында халықаралық отбасылар күнінде  отбасылық фестиваль өткізу дәстүрге айналып келеді.
Осы жылы «Мөлдір бұлақтан» атты отбасылық шығармашылық фестиваль Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен  облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдерімен бірлесе отырып Достық үйінде  өткізілді. Фестиваль барысында отбасын таныстыру, айтып, би билеу, фольклор, қол өнер  жанрлары  көрсетілді.
Мерекелік шараға облыстың 12 ауданынан 13 жеңімпаз- отбасылар қатысты.
                                                         
Фестиваль қорытындысы бойынша төмендегідей дәрежелер табысталды.
1.   «Өнерлі отбасы»  - Уразымбетовтар  отбасы, Мәртөк ауданы, сыйлық-  қысқа толқынды пеш
2.   «Шеберлі отбасы » -  Алишевтер отбасы, Темір  ауданы, сыйлық-  қысқа толқынды пеш
 3   «Орақ тілді отбасы»  -  Қабыловтар отбасы,   Қобда ауданы, сыйлық - қысқа толқынды пеш
4  «Бармағынан бал тамған отбасы»  - Ашимовтар отбасы, Мұғалжар  ауданы,  сыйлық - пылесос
5   «Көрермендер қөзайымы»- Отарбаевтар отбасы,  Ақтөбе қ. сыйлық- пылесос
Фестиваль соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушы отбасыларға диплом және бағалы сыйлықтар табыстады. Қатысушылар мен шақырылған қонақтар мерекелік  кештен үлкен  әсер алды.

Маңғыстау облысының өткізген «Мөлдір бұлақтан» атты облыстық жанұя байқауы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Мағыстау облысы Білім басқармасының ұйымдастыруымен  2013 жылдың 15 мамыры күні Ақтау қаласының  № 5 орта мектебінің акт залында облыстың қала, аудандарынан келген жеңімпаз жанұя мүшелерінің қатысуымен «МӨЛДІР БҰЛАҚТАН...» атты облыстық отбасы байқауын өткізді. 
Шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының адамгершілік-рухани білімін жүзеге асыру, отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, Отбасылық көркем шығармашылықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, Өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру, өзіндік отбасылық ұжымға қолдау көрсету, отбасы шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу, отбасында бос уақытты ұйымдастырудың жаңа түрлерін дамыту және тарату.
          
Фестивальге әр аудандық, қалалық байқаудан өткен өнерпаздық шығармашылықпен, кәсіби өнермен айналысатын отбасылар қатысты. Барлығы – 20 адам, – 5 жанұя.
Отбасылық шығармашылық фестивальде дәстүрлі халық өнері, ұлттық дәстүрлерге негізделіп ойын-сауық, ұлттық киім, салтдәстүр, халықтық шығармашылық элементтерін көрсету түрінде отбасылар өз өнерлерін жұртшылыққа ұсынды.
         
Әділқазылар назарына хореография, вокалды, цирк, әстрада, сәндік-қолданбалы шығармашылық бұйымдары оның ішінде «ежелгі отбасылық қолөнер», ұйымдастырылған көрме барысында шығармашылық жұмыс авторлары бұйымдарының жасау әдістері бойынша таныстыру «мастер-класстарын» өткізді.
Фестивальдің қорытындысы 3 орын, ынталандыру және байқау барысында ерекше өнерлерімен, тапқырлықтарымен, креативтігімен, көрінген жанұяларды жеке номинациялар бойынша бағалады.
Олар:
Бас жүлде  Түпқараған ауданы – Сәулебаевтар әулетіне -теледидар;
І –орын   Ақтау қаласы Арыстановтар әулетіне - тоңазытқыш;
ІІ- орын   Қарағия ауданы Шілдебавтар әулеті  -іс машина;
ІІІ –орын   Мұнайлы ауданы Суясиновтар әулетіне -нан пісіргіш пеш;
                                                                
Ынталандыру Жаңаөзен қаласы Байнуровалар әулеті - қысқатолқынды пешін және департаменттің, білім басқармасының дипламдары, алғыс хаттарымен Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті  директоры Б.Әлібекова құттықтау сөз айтып, марапаттады.

Басымдылық – отбасылық құндылықтар
 
Ағымдағы жылдың 6 мен 15 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті аудандық білім беру бөлімдерімен бірлесе отырып, Халықаралық отбасы күніне арналған «Мөлдір бұлақтан...» отбасылық шығармашылық фестивалін өткізді. 
«Отбасы - махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, осы негізде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды» деген сөздер фестивальдің лейтмотивіне айналды. 
Іс-шараға Орал өңірінің өнерлі де, өнегелі, бірлігі жарасқан 150-ден астам отбасылары қатысты. Отбасылық шығармашылық дәстүрлі халық өнері, вокалды нөмірлер, ұлттық-отбасылық көріністер арқылы көрініс тапты. Қатысушылармен қолданбалы өнер туындылары көрсетіліп, олардың авторларымен презентациялар жасалды. Қатысушылардың өнерін құзырлы әділ-қазы алқалары бағалады. Олардың қатарында әкімшіліктер мен мәслихаттардың, білім беру, мәдениет бөлімдерінің, «Нұр Отан» ХДП-ның, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, педагог еңбегінің ардагерлері, ата-аналар жұртшылығы бар. 20-дан астам отбасы фестивальдің лауреаттары атанып, алғыс хаттар мен сыйлықтарға ие болды. Дәстүр бойынша фестиваль Орал қаласында гала-концертпен аяқталды. 
Мерекеге деген нағыз алғыс - бұл балалардың бақытқа толы көздері.

СҚО «Мөлдір бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестивалі

«Қазақстан – біз сенің балаларыңбыз! Біз жаңа әлемде өмір сүреміз!» жалпы қазақстандық акцияның тұжырымдамасын іске асыру аясында 15 мамыр күні Петропавл қ. облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығында Халықаралық отбасы күніне арналған облыстық отбасылық шығармашылық фестивалі өтті. 
Отбасыларды қоғамдық және мәдени қызметтерге  белсенді түрде тарту, әкелер рөлін арпттыру, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау, отбасылық көркем шығармашылықты дамытуға  қолайлы жағдай жасау фестивальдің  негізгі міндеттері мен мақсаты болып табылды.
Отбасылық шығармашылық фестивальді дайындау мен өткізу үшін облысәкімінің орынбасары бекіткен іс-шараларды дайындау мен өткізу жоспары жасалды.
Фестивальдің бірінші кезеңі – өңірлік облыстың 13 ауданы мен қалада өтіп, оған 98 отбасы, 1500-ден астам адам қатысты.
Фестивальдік  гала-концертті Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы және денсаулық сақтау басқармасы облыстық әкімдіктің белсенді қолдауымен ұйымдастырды.
                                                  
Фестивальға қатысушылар көп балалы отбасыларға, қамқорлығына бала алған отбасыларға, дамуына ерекше талап қойылатын балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға баса назар аударды.
Фестивальға қатысушылардың бірі әкелер болды, олардың бала тәрбиелеу мен қалыптастыруындағы рөлі  аса маңызды болып саналады.
Фестиваль аясында өткізілген көрмеге  түрлі көркем шығармашылық түрімен шұғылданатын 13 шығармашылық отбасы қатысты. «Декоративтік-қолданбалы өнер» аталымы бағытындағы қатысушылар көрмеге ағаштан ою, бисерлеп өру, ілмекпен тоқу, кілем тоқымасы, квилинг, көркемсурет, жамап тігу, өрнектеп тігу техникасымен жасалған бұйымдарын  ұсынды. Шығармашылық отбасылар өз бұйымдарын ұсынды және шебер-кластарын көрсетті. Фестивальда отбасылық вокалдық өнер отбасылық ұжымдарына ұсынылды.
Көрермендерге облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының шығармашылық отбасылары мен балалар ұжымдары орындаған көркемөнер нөмірлерін ұсынды.
«Мөлдір бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестивалінің облыстық кезеңіне қатысушылардың барлығы фестивальды  ұйымдастырған комитеттің алғыс хаттарымен аталып өтті.

Бүгін - Халықаралық отбасы күні

"Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайды.
15 мамыр - халықаралық   отбасы   күні.  Атаулы күн  1993  жылы  БҰҰ-ның Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасына аудару қажеттігінен туындаған.
Қоғамның негізгі элементі ретінде отбасы адамзат құндылықтарының, мәдениет пен тарихи мұрагерліктің, тұрақтылық пен дамудың сақтаушысы болған және бола бермек. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамиды, халықтың дәулеттілігі артады!
Барлық кезде қоғамда мемлекет, сондай-ақ отбасы жағдайына қатысты мемлекеттің дамуы талқыланады. Себебі, отбасының және мемлекеттің бақытты одағы - оның азаматтарының дамуы мен дәулеттілігінің қажетті кепілдігі болып табылады.
Адам өмірі отбасынан басталады, адам отбасынан азамат болып қалыптасады. Отбасы - махаббат, құрмет, береке мен сүйіспеншіліктің көзі, соның негізінде кез келген өркениетті қоғам құрылады, онсыз адам өмір сүре алмайды. Отбасының дәулеттілігі - мемлекет дамуы мен прогресінің өлшемі.
Мереке болған соң, міндетті түрде тарту етілетін сыйлықтар да болады. Сіздің де  дәл осы күні жарыңызға, ата-анаңызға, перзентіңізге, бауырларыңызға сыйлық жасап, қуаныш сыйлау мүмкіндігіңіз бар.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қазақстандық әр отбасына бейбітшілік және сәттілік тілейді.


 

«Отбасы-отанымыздың болашағы» атты қалалық шығармашылық фестивалі өтті
14.05.2013

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлесіп   ағымдағы жылдың 14 мамыры күні Халықаралық отбасы күніне орай  «Отбасы-отанымыздың болашағы»  атты қалалық отбасылық шығармашылық фестивалін өткізді.
Фестивальдің мақсаты мен міндеті: отбасын белсенді қоғамдық және мәдени қызметке тарту, отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді, салауатты өмір салтын бекіту, отбасылық-шығармашылық қарым-қатынастың сабақтастығын сақтау және дамыту, өскелең ұрпаққа эстетикалық және адамгершілік тәрбие беруде отбасы шығармашылығының рөлін арттыру, өзіндік отбасылық ұжымға қолдау көрсету, отбасылық шығармашылық саласындағы жетістіктерді көпшілікке дәріптеу болып табылды.

          
«Отбасы-отанымыздың болашағы»  атты отбасылық шығармашылық  фестивальді ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  және Білім басқармасы. 
Фестивальге барлық ниет білдіруші  отбасылар, өнерпаздық шығармашылықпен,  кәсіби өнермен айналысатын   отбасылар қатысты.
         
Отбасылық шығармашылық  фестивальдің І кезеңіне қалалық мектептерден 53 отбасы, барлығы 13250 адам қатысты. ІІ қалалық іріктеу кезеңіне 13 отбасы шығып, 350 адам қатысты.
I  орын   - Айтжановтар отбасы, №48 мектеп-лицейі;
II орын – Байкенжеевтар отбасы, №51 мектеп-гимназиясы;
III орын –Лапиндер отбасы, №30 мектеп-гимназиясы.
«Отбасы-отанымыздың болашағы» атты отбасылық фестивальдің бас демеушісі:  Отбасылық тәрбиелеу институты болып табылады.
 Фестиваль жеңімпаздары Отбасылық тәрбиелеу институтынан бағалы сыйлықтар және Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Білім басқармасының грамотасына ие болды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға сыйлықтар мен Департаменттің Алғыс хаты табыс етілді.   
       

МЕН БАҚЫТТЫМЫН, өйткені мен педагог-психолог болып жұмыс істеймін!

«Салауатты ұрпақтың психологиясы» Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар Петропавлда елдің 14 өңірінен келген мектеп психологтарын жинады.    
Ағымдағы жылдың  25-26 сәуірінде Солтүстік Қазақстан облысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Отбасылық тәрбиелеу институтымен бірлесіп «Салауатты ұрпақтың психологиясы» ғылыми-тәжірибелік семинарын өткізді.
Семинар жұмысының негізгі мақсаты – мектептің, жұртшылықтың, шенеуніктердің, ата-аналардың, педагоггтардың, педагогика  және психология саласындағы ЖОО студенттерінің назарын, балалардың, біздің жаңа ұрпағымыздың психикалық денсаулығы проблемасына аударту.
                                    
Еліміздің 14 өңірінен келген 200 психолог ғылыми-тәжірибелі семинардың екі күндік жұмысының қатысушылары болды. Қонақтарды Солтүстік Қазақстан облысы Білім басқармасының бастығы Білім басқармасының бастығы Бикенов Нұрболат Өтегенұлы және Петропавл қаласының «Қазақ мектеп-гимназиясы» КММ директоры күтіп алды. Семинар аталмыш гимназияда өтті.
Семинардың бағдарламасы екі бөлімнен тұрды. Біріншісі – ғылыми-тәжірибелік бөлім, оған еліміздің психологтары, ғалымдары, Отбасылық тәрбиелеу институтының оқытушылар құрамы, академиктер: Намазбаева Жамилә Ыдырысқызы,  Қазкенов Қазбек Майлыбайұлы;  профессор- Евдокимова Софья Львовна, психология ғылымдарының кандидаттары – Ізбақова Айжан Тоқжанқызы,  Садықова Әнел Болатқызы, тәжірибелі психолог-тәжірибешілер, мектеп директорлары, еліміздің Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының директорлары қатысты. 
                                  
Кездесудің қорытындысы бойынша, семинарға қатысушы психологтар ұсыныстар жасады және қабылдады және семинардың жалпы рефлексиясын өткізген кезде ұйымдастырушыларды, республиканың білім беру мекемелерінің психологтары үшін аса маңызды тәжірибелік семинар үшін алғыстарын білдірді. Бір пікірді оқуға ұсынамыз.

«Балалар-ата-аналар жанжалдары: алдын алу және оң реттеу»

2013 жылы 19 сәуірде Отбасылық тәрбиелеу институтының жанындағы «Ата-аналарға арналған педагогикалық білімдер университетінде ашық сабақ-тренинг өткізілді, оған Астана қаласының №10, №11, №12 балалар бақшасы тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты.
Тренингті психолог-кеңесшілер Жаппарова Гүлниса Серікқызы және  Сатымбекова  Талжібек Сатылғанқызы өткізді. 
Тренингтің басында психологтар үстел үстіне, әр түрлі әріптер жазылған, көптеген түрлі-түсті жапырақшаларды  шашып тастады. Ата-аналар өздерінің есімдерінің бас әрпі бар жапырақшаны таңдап, өзіне мінездеме беріп, өзінің отбасы туралы аздап айтуы  керек еді.
Ата-аналармен танысқан кезде, олар өз отбасылары туралы көп қызық нәрселер: өздерінің балаларын қалай тәрбиелейтіндіктері, балаларының есте сақтау қабілетін, ойын, сөзін, шығармашылығын қалай дамытуға үйрететіндіктер туралы, бала тәрбиелеу жөніндегі материалдарды негізінен интернеттен алатындықтары туралы айтты. Ал Институттың «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады»,- әдістемелік құралымен танысқан кезде, мұндай қызықты әдістемелік құралдың Астана қаласында бар екендігіне және оны сатып алуға болатындығына қатты қуанды. 
                                                           
Қызықты таныстықтан кейін, психологтар тренингке қатысушыларға отбасыларда кездесетін балалар-ата-аналар жанжалдары туралы әңгімелеп берді.
Тұсаукесер барысында ата-аналарға  «Жанжал» сөзінің ғылыми анықтамасы ұсынылды. 
Жанжал бұл – алауыздықтардың, көзқарастардың, мүдделердің, мақсаттардың сәйкессіздіктерінің  болуын ашатын жағдай.
  Психологтар күнделікті отбасылық өмірде кездесетін, жанжалдық жағдайлардың себептері туралы айтып берді.
«Жанжал» сөзінің анықтамасына  жауап ретінде бір ата-ана өзінің пікіріп айтып, сұрақ қойды:
 «Әр адам үшін оның мүдделері, мақсаттары және көзқарастары қымбат, яғни, жақын адамының  мұнымен келіспеуі, күшті және мүлде жағымсыз эмоциялар – ашу-ызамен, ренішпен ілесетін, табиғи қарсылықты тудырады. Міне, осылайша, адам кейде махаббаттың  жылы шуағы мен өзара түсіністік, реніштің, ашудың, наразылықтың, күдіктің  қараңғы бұлттарымен мезгіл-мезгіл  көлеңкеленіп тұратын әлемде өмір сүреді.
Қалайша «үйдегі ауа-райын» сақтауға, татулық пен қуанышта өмір сүруге болады?  Қалайша түсінбеушілік  жауынының  «астында қалмауға» және мұндай сәтте  туысыңа қалай көмектесуге болады?».
                                                           
Психологтар ата-анаға келесі тәжірибелік жаттығуларды ойнаған кезде өз сауалына жауап табатындығын айтты.
Ата-аналарды үш топқа бөлді: Бірінші топ «Әке жұмыстан келді» жағдайын ойнап берді. Ол бастығымен ұрсып келді. Осы кезде ұлы жүгіріп келіп,  ақша сұрайды, әкесі оған айғайлап, ақшам жоқ!, деп ашуланады. Бала жылайды».
Ата-аналар бұл жағдайдан шығудың екі жолын көрсетті:  оң және теріс. Көрсеткеннен кейін, әр ата-ана өзінің пікірімен бөлісті. Бір анаға мұндай теріс жағдайды ойнау оңай болған жоқ, өйткені оның отбасында мұндай жанжалдық жағдайларға жол берілмейтін, олар барлығын дұрыс, ізгі жолмен шешеді, оларды ата-аналары балалық шағында осылай тәрбиелеген екен. Және ол ойналған көріністің мысалы  негізінде, ешуақытта отбасындағы жанжалдың жақсылыққа әкелмейтіндігін түсінді. 
Ата-аналардың  екінші тобы қуыршақтармен жұмыс істеді.
Сулықтар көмегімен олар өздерінің отбасын толығымен жасады және өздерінің өмірлік тәжірибелерінен алынған  мысалдарды, өткен жанжалдық жағдайлардан шығу жолдарын әңгімелеп берді.  Ата-аналарды тыңдау және жас аналардың, ересек аналардың  тәжірибесінен үйрену қызықты болды. Өйткені тәжірибесі мол аналар, санасында жанжалды ойлар мен шешілмеген жағдайлары бар, жас анаға, отбасын нығайту және отбасылық тәрбие жөніндегі бірқатар ұсыныстар берді. Ал психологтар болса, өздерінің әдісі –сананы тазарту үшін аффирмациялар жазуды ұсынды. 
 Ата-аналардың үшінші тобы балалар, ата-аналар бейнеленген текшелермен жұмыс істеді. Ойының шарты бойынша өзінің отбасы мұнарасын құрастырып, оған өзіңді, күйеуіңді және балаларыңды орналастыру керек еді. Мұнараны құрастырғаннан кейін,  отбасы туралы, мұнараның аумағында кімнің, қайда орналасқандығы жөнінде әңгімелеп беру керек. Психолог Гүлниса Серікқызы  отбасы мұнарасының мағынасын түсіндіріп берді. Құрастырылған отбасы мұнарасы бойынша отбасының авторитарлық екендігі және қандай да болсын жанжалды жағдайда тіпті баланы тыңдай білуге шешім жасалмайтындығы психологтарға байқалды.       
                                                         
Талжібек Сатылғанқызы  тәжірибелік жаттығулардың қорытындысын жасап, балалар-ата-аналар өзара қарым-қатынастарындағы сындарлы фактор, қанша жанжалдың туындауы емес, олардың қалай шешілетіндігі болып табылатындығын тағы да бір атап өтті. Қарым-қатынастар салауатты, тату немесе өшпенділікте, өзара қанағаттанарлық немесе түңілу, терең немесе жеңіл, сырлы немесе салқын бола ма, жоқ па – мұның барлығы қарым-қатынасқа қатысушылардың, жанжалды шешу барысында ұрыс-керістерге, ажырауға, реніштерге  балама табу қалауымен анықталады. 
Осыны негізге ала отырып, ата-аналардың баламаларымен жанжалдарының алдын алудың негізгі бағыттары келесі болуы мүмкін: 
- Ата-аналардың жеке қарым-қатынас мәдениетін көтеруі, жанжалсыз қарым-қатынас және жанжалдарды нәтижелі шешу дағдыларын меңгеру;
- Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру, олардың балалардың психологиялық ерекшеліктерін, олардың эмоционалдық жағдайларын ескеруге мүмкіндік беретін, білімдерді меңгеруі;
- Отбасын басқару және балаларды тәрбиелеу үдерісін демократияландыру: отбасының әр мүшесіне, соның ішінде балаларға да, отбасылық міндеттерді шешуде, отбасылық жоспарларды және  келешекті талқылауға дауыс құқығын ұсыну. Отбасының барлық мүшелеріне үй шаруашылығын жүргізу және тұрмысты құру бойынша еңбек міндеттемелерін бөлу. Өзара көмек, бірлескен демалыс және бірлескен әуестік дәстүрін қолдау – мұның барлығы туындаған қарама-қайшылықтардың алдын алудың, анықтаудың және шешудің негізі ретінде қызмет етеді.
Тренинг ата-аналар үшін өте қызықты өтті. Кері байланыс сауалнамасын толтыра отырып, олар Отбасылық тәрбиелеу институтының барлық тренингтеріне келуге рұқсат сұрады, өйткені оларға бала тәрбиесінде отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілердің ұсыныстары қажет.
 
 Ақпаратты дайындаған: А.О.Өмірова.- ОТИ бас маманы.

«Отбасы – баланың тұлға болып қалыптасуының негізі» дөңгелек үстел  

Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен үстіміздегі жылғы 25 сәуірде «Отбасы – баланың тұлға болып қалыптасуының негізі» тақырыбында дөңгелек үстел  Мақат ауданының №76 мектебінде өткізілді. 
Мақсаты: тәрбиенің ең тамаша жері отбасы екенін, олардың бала тәрбиесіндегі мүмкіндіктерінің жоғары екенін, баламен қарым-қатынасты жақсарту, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлудің маңыздылығын дәлелдеу. Отбасы тәрбесіндегі ата-ананың балаға тәрбиелік ықпалын арттыру. Мектеп, ата-ана, ұстаз болып бірігіп, сапалы білімді, саналы тәрбиелі, салауатты ұрпақ тәрбиелеу.
Шараға Балалардың құқтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Г.О.Қосдәулетова, Мақат аудандық сотының судьясы Ғ.Отарұлы, Мақат аудандық әділет басқармасының бастығы Б.Т.Жанайов, аудандық мешіттің бас имамы Н.Сүндетқажы, Мақат аудандық ішкі істер бөлімінің полициясы: А.Қостанов, Мақат аудандық білім беру бөлімінің қорғаныш қамқоршы органының  маманы Қ.Ж.Гиниятова, Мақат аудандық білім беру бөлімінің тәрбие жұмысы жөнінде әдіскері Д.Тастаевтың және Мақат аудандық білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, қорғаншы, қамқоршы ата-аналар, жоғарғы сынып оқушылары қатысты. 
                                                                        
БҚҚД бөлім бастығы Г.О.Қосдәулетова өз сөзінде бала тәрбиесінің басты ұстазы ата – ана, отбасы екенін бала отбасындағы ата – анасының берген тәрбиесінен асып кетпейтіндігі туралы айтып өтті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» мақалы арқылы барлық тәрбиенің отбасынан басталатындығын айта отырып, жетім балаларға арналған ұйымдармен және  жетім балаларды асырап алушылармен тығыз байланыста жұмыстар жүргізу керектігін атап айтты. Мақат аудандық сотының судьясы Ғ.Отарұлы қазіргі таңда мектептердің тәрбие ісінің мамандары мен психологтары бала және ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасау қажеттігін, отбасы жағдайы төмен, яғни маскүнемдікке, нашақорлыққа салынған ата-аналардың балаларының өмір жағдайларына бақылау жасай отырып, сол ата-аналарға өз міндеттерін дұрыс орындамаған жағдайда қандай шаралар қолдануға болатындығы туралы  айтты. Аудандық мешіттің бас имамы Н.Сүндетқажы қазіргі таңда әлемге тамырын жайған діни теріс ағымдар кең етек алып бара жатқанын сол ағымдардан аулақ болу үшін діни сауаттылық керектігін сөз етті. 
Балалар келген қонақтарға өз көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, сұрақтарына жауаптарын алды. 

«Ынталандыру және жазалау. Орынды теңгерімді қалайша табуға болады»

2013 жылы 12 сәуірде Астана қаласындағы Отбасылық тәрбиелеу институты үстіміздегі жылдың басында құрған, Отбасылық Тәрбиелеу Орталығында №16 және №19 қала мектептері оқушыларының ата-аналарымен тренинг өтті. Кездесуге шақырылған 20 ата-ананың, 17-сі қатысты. Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог кеңесші, Институт түлегі Сердынбаева Алла Петровна  жүргізді.
Тренингтің басында психолог ата-аналарды Отбасылық тәрбиелеу институты шығарған «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады?» әдістемелік құралмен таныстырды. Кітаптың мазмұнымен мұқият танысқан ата-аналар, бұл құралды өздерінің отбасыларына сатып алуды қажет деп санады.
Танысу өте жақсы жағдайда өтті, өздерінің есімдерін айтып, өздерін таныстырған ата-аналар бір-біріне жақсы, жылы сөздер айтты.
                              
Танысудан кейін   Алла Петровна  ата-аналардың назарын, ата-аналардың балаларымен толыққанды, үйлесімді өзара әрекеттестігі үшін, ең алдымен шексіз махаббат, яғни баланыың сыртқы келбетіне, оның қабілетіне, оның кемшіліктеріне, болашақтағы да, тіпті қазіргі кездегі де баласының мінез-құлқынан күтетін үміттеріне байланысы жоқ, шүбәсіз махаббат керек екендігіне аударды. Егерде ата-аналар балаларына қандай да болсын жазаны қолданатын болса, оның көзінде ашу емес, МАХАББАТ болу керек екендігін айтып кетті.
                             
Психолог ата-аналарға баланы қалай дұрыс мақтап, жазалау керектігі туралы ұсынымдарды ұсынды:
- Өзіңіздің балаңызға ілтипатты болыңыз, оны тыңдауға және түсінуге тырысыңыз. Баланың проблемасын ұғыныңыз. Баланың көзқарасымен келісу міндетті емес, бірақ ата-ананың ілтипатының арқасында, ол өзінің маңыздылығын және адами қасиеттерін сезінуі керек;
- Шешімді балаңызбен бірлесіп қабылдаңыз, сонымен қатар оған дербес шешім қабылдау құқығын беріңіз: бала өзі бекіткен ережелерге жақсы бағынады. Бұл ретте біз кейбір шешімдерді ата-аналардың ғана қабылдауы керек екендігін жоққа шығармаймыз. Баланың  бірнеше мүмкіндіктерден біреуін таңдауға ерікті екендігін сезінуге құқық беріңіз;
- Оқиғаның алдын алуға тырысыңыз немесе оны баланың өзін дұрыс ұстамауына жағдай жасайтындай етіп өзгертіңіз;  
- Баланың демалуына, бір әрекеттен екінші әрекетке ауысуына мүмкіндік беріңіз; 
- Баладан бір нәрсені талап ете отырғанда, оған нақты және айқын нұсқаулар беріңіз. Егерде бала бір нәрсені түсінбесе немесе ұмытып қалса, ашуланбаңыз, өзіңіздің талаптарыңыздың мәнін асықпай түсіндіруге тырысыңыз. Бала қайталауды қажет етеді. 
Шағын теориялық материалды баяндағанан кейін, тәжірибелік сабақтар басталды. «Оқиғаны ойнап көрсету», «Ермексаз терапиясы», «Артерапия», «Фототерапия» әдістемелері пайдаланылып бірқатар жаттығулар жасалды.
                                                       
Әрқайсысы тапсырма алған, ата-аналардың 4 тобын құру ұсынылды. Жаттығу ата-аналарға ұнады, сондықтан да, тапсырманы орындау кезінде жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, ата-аналардың өздерінің пікірінше, олар өз балаларын тәрбиелеу кезінде басшылыққа алатын стереотиптерді ұғынды және мәселелерге қатысты жаңа тәсілдерді меңгерді. Тапсырма аяқталғаннан кейін, 4 топ та өздерінің жұмыстарын көрсетті, ол бойынша  тұлғааралық қарым-қатынастар, жұбайлардың, ата-аналардың және балалардың өзара әрекеттестіктері кешендерінің арқасында, ең алдымен Отбасы  баланың физикалық, психикалық және ақыл-ойының, әлеуметтік дамуы үшін ең қолайлы жағдай жасайды, оған рухани құндылықтар, моральдық нормалар, дәстүрлер, мінез-құлықың үлгілерін және қарым-қатынас тәсілдерін береді деген қорытынды жасалды. 
Тренинг өте қызықты өтті! 
Ата-аналар  Алла Петровнаға және Отбасылық тәрбиелеу институтына ата-аналар жұртшылығына арналған педагогикалық мәдениетті жетілдіру жөніндегі маңызды ағартушылық жұмыстары үшін, ата-аналар  өзара мүдделік, өзара сенім және сый-құрмет, бір-біріне деген қолдау және көмек, шыдамдылық және төзімділік қағидасын сезінген қызықты тренинг үшін  алғыстарын білдірді. Ата-аналар өздерінің алғыстары мен тілектерін «Институттың сын-пікірлер кітабына» жазып қалдырды:
  Ищунина Елена:
Қызықты тренинг үшін алғыс айтамын, мен мұндай сабақтарға бірінше рет қатысып отырмын, маған қатты ұнады, енді мен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі тренингтерге қатысатын боламын. Барлығына денсаулық және өркендеу тілеймін. Рахмет!  
Матис Елена:
Орасан зор рахмет! Өте қызықты, танымды, Сіздердің командаларыңыз  тамаша!!! 
Марьям:
Сабақ қатты ұнады, өте қызықты және танымдық болды. Ұйымдастырушыларға көп рахмет!!!
Виктория:
Осындай іс-шараға уақыт және күш таба алғандықтарыңыз үшін көп рахмет. Мен бүгін көптеген пайдалы ақпаратты меңгердім. 
Жібек:
Қызықты болды. Сіздердің ұсынымдарыңыз қатты ұнады!!!!
Ұсыныс:  мектептерде ата-аналарға арналған отбасылық тәрбиелеу бойынша тренингтер және кеңестер өткізу.  
Отбасылық тәрбиелеу институты үшін ата-аналар жұртшылығының пікірлері мен тілектері пайдалы, өйткені біз ата-аналармен бірге, әр ата-ананың өзінің бақытты отбасын құруға көмектесу үшін жұмыс істеуге үйренеміз.
   
Ақпаратты институттың бас маманы А.О.Өмірова дайындады. 
Е- mail:  instityt-sv@mail.ru.

«Бейпілауыздықтың алдын алу, ұлттың мәдеиетін және салауаттылығын сақтау ретінде»

2013 жылдың 29 наурызында «Айналайын» балалар бақшасында ата-аналарға арналған Педагогикалық білімдер университетінде кезекті тренинг өткізілді, оған №7,8,  балалар бақшаларының, «Нұршашу», «Айналайын» жеке меншік бала бақшаларының тәрбиеленушілерінің ата-аналары қатысты. Сондай-ақ тренингке  «ҚазақТВ» телеканалының журналистері де қатысты.
Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші,  Отбасылық тәрбиелеу институтының түлегі Садықова Гүлнар Өмірсерікқызы өткізді.        
Тренинг өте қызықты өтті, мұны ата-аналардың айтқан пікірлерінен байқадық. Ата-аналар бейпілауыздықтың алдын алу теориясы туралы дәрісті тыңдап, үш топқа бөлінді – суретшілер, ақындар және әртістер, олар бейпілауыздық туралы сахналық көрініс ойнады, суреттер – бейпілауыздықтың бейнелерін салды және жарнамаға қарсы (бейпілауыздыққа қарсы) ұрандар жасады. 
                                                         
 Ата-аналар жасаған ұрандардың мысалдары:
– Өмірден өз орныңды табам десең, балағат сөз айтпа!
– Біздің қояр шартымыз – бейпілауыздық жойылсын!
– Балағат  бұл – құлақтардың жуындысы!
– Балағат  - қыз баланың сәнін бұзады!
– Өмірде табыстарға жетем десең, кітап оқы, балағат сөйлеуді тоқтат! 
– Балалар, балағат,  ермек емес, сөзбен улау!
                                                       
Тәжірибелік жаттығулардан кейін, ата-аналар психологтарға сұрақтар қойды! 
№1 ата-ана: Бейпілауыздықтың өрсекел қылық екенін балаға қалай түсіндіруге болады? 
Гүлнәр Өмірсерікқызы ұсынады !!!
Егерде сіз балаңыздың мінез-құлқын өзгертіңіз келсе, ол өзі қолданатын сөздерді сіз неліктен нашар және қорлайтын сөздер деп санайтыныңызды түсінуі керек. Осы әңгімені бастауға арналған бірнеше сөздер ұсынамыз:
- «Бейпілауыздық, кейіннен құтылуы қиын дағдыға айналуы мүмкін». 
- «Адамдар сенің тәрбиең нашар деп ойлауы мүмкін». 
- «Жақсы адамдар жаман сөздер айтпайды, ал мен сенің жақсы адам болғаныңды қалаймын». 
- «Адамдар сенің отбасың туралы жаман ойлауы мүмкін. Бұл дегеніміз, яғни, сенің мінез-құлқыңнан, біздің барлығымыздың зардап шегуміз мүмкін деген сөз». 
- Әңгіме барысында, өзіңіздің үміттеріңіз бен құндылықтар туралы ұғымдарыңызды атап өтуді ұмытпаңыз.
                                                      
 №2 ата-ана:
Балалардың бейпілауыздығына қалай жауап қайтаруға болады?
Психологтың ұсынысы:
Бейпілауыздық сізді абыржытып, ұятқа қалдыруы мүмкін, бірақ тым өткір жауап қайтармаңыз. Бейпілауыздықпен күресті, жүйелі түрде жүргізіңіз. Баламен әңгімелесе отырып: «Мен, ендігәоі мұндай сөздерді естімейтін болайын»,- деп сабырлылықпен еске салыңыз. 
Шағын талқылаудан кейін, отбасылық тәжірибесі мол ата-аналар, жас ата-аналарға ата-ананың өздері сөйлеген кезде жаман сөздерді қолданбауы туралы ұсыныстар айтты. Ең алдымен, өзіңнің сөзіңді түзету керек және бірінші кезекте, өзің сыпайы және әдемі сөйлеуің керек, содан соң ғана, өз балаларыңнан соны талап ету керек. 
Біздің сөздеріміздің материалды нәрсеге айналатындығын, ал ойымыздың іске асатындығын естен шығармай, отбасында жақсы нәрсе туралы ойлап, жақсы нәрсе туралы айтуға үйренуіміз керек. Сөйлеген кезде жағымды сөздерді (мақтау, ынталандыру, жақсы сезімдер мен ойларды айту) көбірек пайдаланған жөн. Өзіңді қоршаған адамдарға барынша көп қошемет сөздерді күнделікті айтып отыру керек, мәселен, «Сіз бүгін өте әдемі болып тұрсыз», «Сені көргеніме аса қуаныштымын», «Сен сабақта жақсы жауап бердің» және т.с.с. уақыт өте келе, қошемет сөздердің сіздің дағдығыңызға айналғанын байқайсыз.
                                              
Тренингтің соңында барлық ата-аналарға «Мейірімді сөздер» кітапшасы сыйлыққа берілді. Ол кітапшаға ата-аналардың  өздерінің балаларымен үйде, кешкі ас үстінде немесе шәй ішкен кезде талқылайтын барлық мейірімді сөздерді жазуларын сұрады. 
Ата-аналарға тренинг қатты ұнады! Олар өкінішке орай, біздің отбасыларымызда әлі күнге дейін сақталған келелі мәселелерге, мәселен, бейпілауыздыққа, көбірек көңіл бөлуді өтінді.
 
Өмірова Айнұр Оралбекқызы

 

Отбасылық тәрбиелеу институтының №3 мектептің «Қазіргі заманғы ата-аналар және қазіргі заманғы жасөспірімдер; отбасындағы өзара қарым-қатынастары» ата-аналар жиналысына қатысу туралы
 
Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев, әрдайым отбасылық құндылықтарды дамыту, отбасының сөзсіз басымдылығы мәселелеріне қоғамның назарын аудартады. Бұл дұрыс, өйткені, өскелең ұрпақ лайықты тәрбиенің негізін отбасынан алады,  қазақстандық қоғамның, яғни, жалпы мемлекеттің негізі болып табылатын, отбасы әлеуметтік институтының жаңғыртылуына және жан-жақты нығайтылуына бағытталған міндеттерді жүзеге асырудың белсенді қатысушысына айналады. 
Әлем өзгереді, балалар да өзгереді. Қазіргі заманғы балаларды әр қилы атайды және барлық анықтамалардың негізі бар. Мәселен: «Жаңа мың жылдықтың балалары» - ерекше психологиялық мүмкіндіктерге ие, жас ұрпақ; «Әлем балалары» - балалардың дүниетанымдары, әдеттегіден ерекшеленеді; «Талантты балалар» - даму деңгейі, орташадан жоғары (мектептегі бағалармен шатастырмаңыз); Францияда ерекше балаларды «тефлондық  балалар» деп атайды екен, яғни, мінез-құлықтың жалпы қабылданған стереотиптерін оларға телімейді; Америкада – «Индиго Балалар» дейді. Кейінгі анықтама біздің елімізде де кеңінен таралуда. Бірақ бір нәрсе айқын, барлық балалар күнәсіз, мейірімді болып дүниеге келеді, әр бала ерекше және көптеген шығармашыл әлеуеттерімен дүние есігін ашады. Отбасылық тәрбиелеу, оқыту барысында, әлеуеттер жүзеге асырылады, бірақ үрейдің ықпалымен жабылып қалуы да мүмкін. Сондықтан да, ересектердің міндеті – балалардың өсуіне, табиғи дарындарының ашылуына көмектесу, яғни, оларды мәпелеп, сүйіспеншілікке бөлеп өсіру, өздерінің білімдері мен тәжірибелерін беру және оларды қасиетті қазына ретінде қорғау. 
Заманауи білім беру, тәрбие дағдарысын басынан кешіруде. Әр күн сайын БАҚ балаларлың қылмыстары, есірткілік, ерте жүктілік және өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын көрсетіп жатады. Мұның себебі, тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдері ескірді, қорқыту, айғайлау немесе шапалақпен ұру, қазіргі заманғы балаларды қадағалауға көмектеспейді, керісінше, баланың тіл алу және ынтымақтасу тілегін жояды, қазіргі заманғы балаларды бүлікке итермелейді, ең бастысы тәрбиелеудің бұл әдістері, ересектермен эмоционалдық өзара әрекеттестіктің жолын жабады. Жақын ересек адамдар, қазіргі заманғы балаларлың  проблемасына айналады, яғни олардың дамуына кедергі болады.
                                                              
Осыған байланысты, 2013 жылы 26 сәуірде Астана қаласының №30 мектебінде Қазіргі заманғы ата-аналар және қазіргі заманғы жасөспірімдер; отбасындағы өзара қарым-қатынастары» ата-аналар жиналысы өтті, оның аясында Отбасылық тәрбиелеу институтының қызметкерлері, ата-аналармен, жастар арасындағы құнды өмірлік бағыттарды зерттеудің нәтижелерімен бөлісіп, ата-аналарға қалыптасқан жағдай және одан шығу жолдары туралы талқылауды ұсынды.
Институт қызметкерлерінің баяндамаларының негізгі мақсаты – ата-аналар жұртшылығының назарын, тәрбиелеудің жауапкершілігіне, құрылымдық үнқатысу мен әлемді жағымды қабылдауды жасау шеберлігі арқылы, балаларға деген кішіпейіл және зейінді қарым-қатынастың қажеттігіне аудару болды. Өйткені өзі өзгерген адам, өзінің айналасындағыларға да өзгерістер әкеле алады.
Жиналыс тұсаукесер, қызу пікірталастар түрінде өтті. Атап айтқанда, ата-аналарды жасөспірімдердің бос уақыттарында өзін-өзі анықтау мәселелері, отбасыішілік проблемалар және оны реттеу жолдары қызықтырды. Ата-аналар ұсынылған ұсыныстарға қатты қызығушылық танытты, оларға Отбасылық тәрбиелеу институтының мамандарымен кеңесу, отбасындағы жағымды қарым-қатынасты құруға бағытталған тренингке қатысу мүмкіндігі ұнады.
              
А. Матаева

Әкелер Отбасылық тәрбиелеу институтының тренингінде

2013 жылы 13 наурызда Отбасылық тәрбиелеу институты Астана қаласының №14 мектеп-гимназиясының және №15 мектеп-лицейінің ата-аналарымен өзінің кезекті тренингін өткізді.
Тренингтің тақырыбы: «Бала өміріндегі әке: оның рөлі және тәрбиесі».     
Тренингті Отбасылық тәрбиелеу институтының түлектері өткізді:
- Гущина Татьяна Сергеевна -  Астана қаласы №8 емханасының отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшісі;
- Самылтырова   Айгүл  Жақаншықызы  - көп салалы коллдеждің  отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшісі.
Тренингтің баасында, Институт директоры – Набитовская Любовь Николаевна  ата-аналарға отбасылық тәрбиелеудегі әкенің және ананың рөлдері туралы, біздің еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттегі отбасының мәртебесін көтеру туралы, отбасындағы өзара қарым-қатынасты сақтау арқылы, ұлтты нығайтудағы отбасылық тәрбиелеудің рөлі туралы тақырыпты көтеретіндігін атап өтті.  
                                                                                                                                          
Алғысөзден кейін, Любовь Николаевна бұл сабақты дайындаған институт түлектері- психологтарға сөз берді.  
Ата-аналармен танысқан психолог  Татьяна Сергеевна   «Бала өміріндегі әке: оның рөлі және тәрбиесі»     тақырыбының тұсауын кесті. Осыдан кейін ата-аналар  «Әкесі мен қызы» фильмін тамашалады. 
                                                                              
Бұл фильм  әкелерге қатты әсер етті, өйткені фильмде бала өз әкесін үнемі күтіп, қашан болса да, оның қайтып келетіндігіне сенуші еді. Бұл фильмді талқылаған ата-аналар қорытынды жасап, келесідегідей ұсыныстар қабылдады: 
- Ата-аналар қалай өмір сүрсе де: олар бақытты некеде ме немесе айырылысқан болса да, балалар үнемі өз әкелерін күтеді;
- Ата-аналар өз баласынан күн сайын: «Күнің қалай өтті? Жағдайың қалай? және т.с.с.» деп сұрап отыру керек екендіктерін естен шығармаулары керек. Және бала ұйықтар алдында міндетті түрде ертегі оқып беру керек немесе әңгімелесу керек, қайырлы түн тілеу керек;  
- Егерде сен балаға өмір сыйлаған болсаң, онда сен өз балаңды тәрбиелеуге және қамқорлық жасауға міндеттісің.
Психологтар  «Сіз қандай әкесіз?»  тестін пайдаланып, қатысқан әкелерді тестілеуге шешім қабылдады. Содан соң әкелерді тестің нәтижелерімен таныстырып, психологиялық ұсыныстар берді.                   
Аналар да сырт қалған жоқ, олар  әйелімен қарым-қатынасы тамаша болса да, баласының проблемаларын шешкісі келмейтін, оның мектептегі проблемаларына бей-жай қарайтын әкенің оқиғасын сахналады. 
Аналар көрсеткен сахна көрінісінен кейін, біздің әкелеріміз аналардың жұмысын қуана қабылдады. Әкелердің пікірінше, бала тәрбиесіндегі ең бастысы бұл – бірінші кезекте, отбасын құрған сәттен бастап, жұбайлық жұп арасында махаббат, қамқорлық, түсіністік, бір-біріне деген алаңдаушылық сезімі болуы керек деп санайды. Екіншіден, ата-аналар отбасындағы қарым-қатынас мәдениетінің ережелерін білуі керек, бірақ өкінішке орай, бұл туралы аз білім беріледі, аздап мектепте, аздап өмірлік тәжірибеден, достарыңнан және жұмыстағы әріптестеріңнен үйренесің. Бірақ бұл жеткіліксіз! Міне осыған отбасылық тәрбиелеу институтының тренигтерінде үйрену керек.
Ата-аналарға өткізілген сабақ қызықты және сенімді ахуалда өткізілді және біздің ойымызша, танымдық сабақ болды, өйткені психологтар зерттелетін тақырыпқа арналған бірқатар қызықты психологиялық жаттығулар өткізді. Бір жарым сағаттық жұмыс барысында шағын дәріс оқылды, бейнефильм көрсетілді, психологиялық-педагогикалық оқиға ойналды және ең бастысы ата-аналар шаршаған жоқ. Тренингтің соңында психологтар шаршағанды мезетте басатын, «Австралиялық жаңбыр» атты тағы да  жаттығу өткізді.   
Әдеттегідей, тренингтен кейін ата-аналар жүргізілген іс-шара туралы түйіндеген ой-пікірлерін «Пікрлер кітабына»  жазып қалдырды. 
Мәселен, әке - Голованов Виталий былай деп жазыпты: 
«Мен бүгін Отбасылық тәрбиелеу институтының бар екендігін және оның немен айналысатындығын бірінші рет білдім. Менің пікірімше, бұл өте маңызды іс, оны міндетті түрде жалғастыру керек және оны барынша насихаттаған жөн. Көп тілектер тілегім келеді, бірақ өкінішке орай, барлығын жаза алмассың. Табыстарға жете беріңіздер!».  
Тренингтің ақтық бөлігінде  психолог Айгүл Жақаншықызы  белсенді ата-аналарға, Отбасылық тәрбиелеу институты атынан, ынталандыру сыйлықтары мен «Қалайша жақсы ата-ана болуға болады!» ұсыныстарын сыйға тартты.  

Білім біріктіреді

2013 жылы 12 наурызда «Алау» қонақ үй кешенінде біздің еліміздің барлық өңірлерінен келген педагог-психологтардың біліктіліктерін көтеру курстарының 1 сессиясы аяқталды. 12 күн ішінде 210 тыңдаушылар-педагог-психологтар, әлемдік деңгейдегі психология саласында беделі бар, жоғары дәрежелі профессорлардан отбасылық педагогика және психология  бойынша білім алу мүмкіндіктеріне ие болды. Олардың әдістемелерін меңгерген біздің тыңдаушыларымыз, жаңа технологияларды өздерінің өңірлеріндегі тәжірибелік сабақтарда қолданатын болады. Бағдарламаға қатысу үшін Ресейдің және Қазақстанның философия, педагогика және психология салаларындағы белгілі ғалымдарын, бас директоры С.Л. Евдокимованың атынан шақырған, Отбасылық тәрбиелеу институты отбасылық тәрбиелеу жөніндегі біліктіліктерін көтеруге келген әрбір педагог-психологтардың, бұл  ауқымды республикалық жобаның эмоционалдық қуатын, жаңа креативтік, авторлық тәсілдерді, отбасылық тәрбиенің технологиялары мен әдістемелерін өз бойларына сіңіретіндіктеріне сенімді.
                                                                        
Сабаққа қатысқан біздің тыңдаушыларымызды айтпағанда, өзім тамаша професорлардың сабақтарына қатыспасам да, бірақ осы жоба ахуалында болып, әкімшілік тапсырмаларды орындап, бағдарламаның жүзеге асырылу барысын бақылай отырып, профессорлармен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігім болған менің де өмірге, отбасына деген өзімнің қарым-қатынасымды қайта бағаладым. 
Жобаның ашылуының бірінші күнін еске алар болсақ, тыңдаушылар жолдан шаршап-шалдығып келіп, бізбен кездескен кезде, бұл жерден сапалы білім алуға бола ма?,- сұрап жатты. Бірақ сол сәттің өзінде-ақ оларды сабақтардың өтетін жері қуантты. Бұл -  бағдарламаны өткізуге толығынан жағдай жасалған, өте әдемі, жарық  «Алау» спорттық кешені болды. Кейіннен елордаға келгендеріне 5 күн толған кезде тыңдаушылармен сөйлескен сәтте, олар өздерінің пікірлермен бөлісті. Олар «Бізге бұл жерде, біз бұрын білмейтін, психологияның жаңа әлемі ашылды!!!!» деген пікірлер айтты.
Психология бұл – үздіксіз зерттей беруге болатын, қызықты ғылым. Өйткені ғылымның бірде-бірі, психология сияқты адам жанын емдей алмайды. 
Оқыту үдерісінде әр тыңдаушы тек білім ғана алып қоймай, сонымен қатар, осы жобада болғандай, жаңа достар, жұмыс бойынша жаңа серіктестер табады. Екі аптаға жуық уақыт бірге болған тыңдаушылар, тек танысып ғана қоймай, сонымен қатар өз қызметтерінің тәжірибелерімен бөліседі және әріптестерінің біліктіліктерінің оң энергиясымен қуаттанады, біздің еліміз туралы, республиканың әр өңірлерінің әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері туралы көп нәрсе біледі.
Елдің әр өңірінен келген, бейтаныс адамдардың қысқаша уақыт ішінде, өздерінің тұлғааралық қарым-қатынасы мен институт қызметкерлерінің жақсы ойластырылған, ұйымдастырылған жұмысы барысында,  жекеленген ұжымның  жобада болған 12 күн ішінде үлкен және бірыңғай ұжымға айналғанын көруді бақылау тамаша еді. Осы уақыт ішінде еліміздің 16 өңірінен келген тыңдаушылар ұжымда өмір сүруге және ұйымдастырушыларды тыңдауға, дәрістерге кешікпей қатысуға үйренді, Халықаралық әйелдер күні 8 наурызға арналған мерекеге белсене қатысты. Олардың бір-біріне жақын болып кеткендіктері байқалды. Әсіресе, сессияның соңғы күні тыңдаушылардың үйлеріне қайтқылары келмей, қимай қоштасқандықтары, топтың ұйымшылдығының дәлеліндей болды.
Бірақ оларды алдағы жаңа кездесулер қатты қуантты! Бұл сессия институттың барлық тыңдаушыларын таныстырды және бірыңғай ұжымға – болашақ өз ісінің кәсіби мамандарының ұжымына, біздің еліміздегі отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілердің үлкен ұжымына біріктірді. Алда тағы да үш сессия күтіп тұр, яғни алда жаңа кездесулер бар!!! 
2013 жылғы 1 маусымда институт тыңдаушылары отбасылық педагогиканың және психологияның  жаңа білімдерін меңгеру үшін тағы да бірге жиналатын болады!!! 

Л. Әлімжанова

Педагог-психологтардың «Бақытты отбасы» біліктілікті көтеру курсынан алған тапсырмасы.

Әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер және олармен шарттастырылған елдегі жалпы орта білімді жаңғырту, педагогикалық қызметкерлердің кәсіби құзіреттіктеріне деген жаңа тәсілді талап етеді. Әсіресе, білім берудің заманауи жүйесі мектептердегі психологиялық қызметтердің алдына көп міндеттер қояды. Өйткені көптеген әлеуметтік зерттеулер, бірқатар әлеуметтік себептермен шарттастырылған, өскелең ұрпақтың рухани құндылықтарын өзгертуді белгілейді, мұның салдарынан болашақта мінез-құлықтың бейдағдылану құбылыстары байқалуы мүмкін. Жоғарыда аталғандарды негізге ала отырып, мектептегі педагог-психологтың біліктілігі,  Қазақстанның болашақ ұрпақтарының табысты тұлғалық қалыптасуына қатысты көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі деп айтуға болады.
Психологтың білім беру жүйесіндегі жұмысы көп қырлы және шексіз еңбекті және күш-жігерді талап етеді, ал ең бастысы оқу-тәрбиелік үдерістің сапалы психологиялық-педагогикалық қосталуы үшін, жаңа білімдерді жүйелі түрде меңгеруді талап етеді. Отбасылық тәрбиелеу саласындағы білімдер, «мектеп-бала-отбасы» жүйесіндегі бірқатар проблемаларды шешетіндігін тәжірибе көрсетіп отыр, өйткені, бұл бірлесусіз толыққанды тұлғаның дамуы мүмкін емес. 
Осыны негізге ала отырып, 2013 жылы 01 наурызда Отбасылық тәрбиелеу институты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбиелеу жөніндегі педагог-психолгтардың біліктіліктерін көтеру және қайта дайындау курстарының бірінші сессиясын өткізді. Оқытудың негізгі мақсаты - білім беру қызметкерлерінің отбасылық өзара қарым-қатынастар саласындағы біліктіліктерін көтеру, сондай-ақ отбасылық ағарту мәселелері бойынша бірыңғай мемлекеттік-қоғамдық тәрбиелеу саясатын жүзеге асыру, отбасының қоғамның негізі ретіндегі мәртебесін көтеру болып табылады.
Тыңдаушыларды кезеңдеп оқыту және олардың эссе және рефераттар түріндегі тәжірибелік жұмыстарды орындауы курстардың ерекшеліктері болып табылады. Осыны негізе ала отырып, Отбасылық тәрбиелеу институтының әдістемелік қызметі бірқатар кеңестер жүргізуді жоспарлап отыр.
Ендеше, 28 ақпанда, өтініштерге сәйкес, Қазақстанның барлық өңірлерінен келген тыңдаушылар-педагог-психологтардың 210 санынан оқу тобы қалыптастырылды. 2013 жылдың 1 наурызынан бастап бірінші оқу сессиясы басталды. 12 наурызға дейінгі осы кезең бойы  қатысушылардың саны өзгеріссіз қалды.
Осы бағдарламаны орындау барысында институт жоспарлаған әдістемелік жұмыстың негізгі мақсаты - тыңдаушылар үшін жобаның тәжірибелік бөліктері – эсселерді және рефераттарды  дайындауға қызығушылық тудыратын және нәтижесінде бұл тапсырмаларды сапалы орындауға жағдай жасайтын атмосфера жасауға бағытталды.
Институт тыңдаушыларына әдістемелік кеңес беру, 12 күндік оқыту кезеңі ішінде күн сайын өтті.  Отбасылық тәрбиелеу институтының әдіскері Матаева Алтыншаш Түймебайқызының тыңдаушыларға өткізген жұмысының негізгі түрі - әңгімелесу, жеке кеңестер беру болып табылды. Тыңдаушыларға көмек ретінде эссе жазу бойынша нұсқаулық-әдістемелік хат, сондай-ақ әр тақырып бойынша материал дайындауға қатысты түсініктемелер дайындалды. Әдіскердің сабағына қатысушылық - 100% болды. Сессияны өткізу барысында, әр тыңдаушының алдына жобаның тәжірибелік бөлігін орындау бойынша–  2-ші сессия басталғанға дейін, яғни 2013 жылғы 1 маусымға дейін,  12 тақырып бойынша эссе және 6 реферат дайындау міндет қойылды. Институттың 45 тыңдаушысы бірінші сессияның соңына қарай 203 эссе ұсынғанын көру, сүйсінерлік жағдай болды.
Тәжірибелік жұмыстың біріңші бөлігін орындау кезінде келесі өңірлердің тыңдаушылары тамаша жұмыс істеді:
Б. Байсекеева (Атырау облысы)- 9 эссе орындады; О. Семенова - (Солтүстік Қазақстан облысы) - 7 эссе орындады; Ш.Шәкенова (Шығыс Қазақстан облысы) - 7 эссе орындады;- Д. Қамалова (Жамбыл облысы)- 6 эссе орындады; М. Ермекбаева (Жамбыл облысы)- 6 эссе орындады; С.Сапарғалиева (Атырау облысы)- 6 эссе орындады; А.Хамитова (Павлодар облысы)- 6 эссе орындады; А.Қажымұратова (Солтүстік Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Исабекова (Алматы облысы)- 6 эссе орындады; Р.Төретаева (Қарағанды облысы)- 6 эссе орындады; Г.Машарықова (Маңғыстау облысы)- 6 эссе орындады; Л.Жетпісова (Маңғыстау облысы)- 6 эссе орындады; Г. Қабылова (Павлодар облысы)- 6 эссе орындады; Т.Лебедева (Ақмола облысы)- 6 эссе орындады; Н.Емельянова (Ақмола облысы)- 6 эссе орындады; Ю.Мухина (Шығыс Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Митонова (Ақтөбе облысы)- 6 эссе орындады; А.Алдабергенова (Ақтөбе облысы)- 6 эссе орындады; М.Серікбаева (Шығыс Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Шотамбекова -( Шығыс Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады; Г.Сәдуова (Солтүстік Қазақстан облысы)- 6 эссе орындады. 
Бірақ, орындалған жұмыстардағы оң нәтижелермен қатар, кемшіліктер де баршылық: тыңдаушылардың жұмысбастылықтарына және ақпараттардың мол ағынана байланысты, эссені жазу кезіндегі тыңғылықтылықтың жетіспейтіндігі байқалды. Біз алдағы уақытта сессия барысында тыңдаушылар жасаған жұмыстар санының көп болғанын қалар едік.
Қазіргі кезде институттың әдістемелік бөлімі, институт тыңдаушылары  2013  жылы 1 сәуірде өздерінің электрондық пошталарынан көретін, «Бақытты отбасы» бағдарламасының 21 тақырыбы бойынша рефераттар және курстық аттестациялық жұмыстар туралы нұсқаулық-әдістемелік хат дайындау үстінде.
  Кез келген тәжірибелік жұмысты табысты орындау, оны орындауға қойылатын дұрыс және сауатты ұсыныстарға байланысты!!!
 
А. Матаева, Отбасылық тәрбиелеу институтының әдіскері

Отбасылық тәрбиелеу орталықтары Қазақстан Республикасының 5 өңірінде

Отбасылық тәрбиелеу институты Қазақстан Республикасындағы отбасын нығайту және отбасылық тәрбиелеу бойынша өзінің келешектегі жобалары мен бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастыруда. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, еліміздегі педагогикалық мамандардың біліктіліктерін көтеру бойынша жобаларды табысты орындай отырып, институт қазіргі күнгі қазақстандық қоғамға, сондай-ақ ата-аналар жұртшылығына, балаларға, жасөспірімдерге және жастарға аса қажет, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесшілерді «Бақытты отбасы» авторлық бағдарламасы (профессор С.Л.Евдокимованың) бойынша оқытады.   
Бұл саладағы педагогтардың біліктілігін көтеру, әрбір білім беру мекемесінде балалармен және ата-аналармен жұмыс істеу үшін жаңа заманауи білімдерді, әдістемелерді меңгерген, кеңес беру барысында қажетті кәсіби психологиялық қолдау мен көмек көрсете алатын білікті мамандар, атап айтқанда психологтары бар мектептің психологиялық қызметтер болуы керек.
Қазақстан Республикасының өңірлеріндегі ата-аналар жұртшылығымен, білім беруді модернизациялау жағдайындағы, отбасылық тәрбиелеудің және ата-аналар үлгісінің  рөлін нығайту бойынша жұмыстар Отбасылық тәрбиелеу институтытының филиалдары – отбасылық тәрбиелеу орталықтарында жүргізілетін болады.
                                                  
Бұл біздің институтымыздың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдайтын және бірнеше кезеңмен өткізілетін жобасы. Жүзеге асырудың бірінші кезеңінде Қазақстан Республикасы 5 өңірінде Отбасылық тәрбиелеу орталықтары ашылды.
2013 жылы 20 ақпанда Астанада «Отбасы мәртебесін нығайту, ата-аналардың отбасылық тәрбиелеу және педагогикалық мәдениеті бойынша функционалдық сауаттылықтарын арттырудағы, Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының рөлі» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Онда  Ақмола  облысында (Көкшетау қаласында, Вячеславка кентінде), Павлодар облысында (Екібастұз қаласында), Қарағанда облысында (Қарағанды қаласында), Оңтүстік Қазақстан облысында (Шымкент қаласында) және Астанада орталықтар ашу туралы шешім қабылданды.
Сол күні Отбасылық тәрбиелеу институты осы лауазымға таңдаған, «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» мамандығын меңгерген, біздің ең жақсы түлектеріміз болып табылатын, Орталық директорларымен ұйымдастырушылық жиналыс өткізілді.
Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының осы кезеңдегі негізгі мақсаты – отандық тәрбиелеудің сапасын арттыру, отбасы мен мектептің ынтымақтастығын жетілдіру, Қазақстан Республикасының өңірлерінде отбасылық тәрбиенің құндылықтары мен дәстүрлерін жаңғырту үшін, мемлекеттік-қоғамдық басқаруды дамытуда жүйе жасау болып табылады.    
Сонымен қатар, Отбасылық тәрбиелеу орталықтарын құру бұл – өңірлердің білім беру басқармаларының, отбасындағы және қоғамдағы үйлесімді қатынастарды сақтау, дағдарыстық жағдайларды шешу, әлеуметтену үдерісіндегі тұлғаның позитивтік дамуындағы өмірлік дағдыларды  қалыптастыру үшін тәжірибелік көмек көрсету бойынша білім беру мекемелерінде құрылған психологиялық қызметтердің жұмысын қолдау.
                             
Бұл міндеттерді Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының қайсы болмасын шешеді. Нәтижесінде ата-аналардың педагогикалық мәдениеті артады, балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынас жақсарады, мүдделердің ортақтығы үшін жағдай қалыптасады. Еліміздегі Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының саны күннен-күнге артып келе жатқанын атап өткен жөн. Орталықтар қызметтерінің жүйелілігін жасау, Отбасылық тәрбиелеу, отбасылық педагогика және психология бойынша функционалдық сауаттылықтарын арттыруға қатысты ата-аналар жұртшылығына кең ауқымды насихаттау мақсатында, Орталықтардың әрекет ету үдерісінде жинақталған тәжірибе жинақталады және өңірлерге таратылатын болады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар отырыста өз тұсаукесерлерін көрсетті, онда олар ұжымдастарымен Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының қызметтерінің мақсаттары мен міндеттері, алдағы жобалары мен бағдарламалары және бағыттары туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.
Екібастұз қаласындағы «Қайнар»  Оқушылар сарайы мен «Екібастұз» балалар қоры (директоры Клепица Валентина Николаевна, психолог Cакара Алена Юрьевна) ата-аналар жұртшылығымен өткізген, отбасы мен отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайту, ата-аналарды әлеуметтік-маңызды жобаларды және бағдарламаларды  жүзеге асыруға тарту, олардың шеберліктері мен білімдерін балаларға беру бойынша жұмыстың тұсаукесері отырысқа қатысушыларға тамаша әсер сыйлады.   
Тұсаукесер осы өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындардың, қаланың қоғамдық ұйымдарының, білім беру мекемелерімен өзара байланысы бойынша тәжірибе алмасу болғанын да атап кеткен жөн.
Вячеславка орта мектебінің (Ақмола облысы) ата-аналар комитеті туралы мектеп директоры Немцан Татьяна Николаевна мен мектеп директорының орынбасары Молешова  Елена Анатольевнаның тұсаускересі де өте қызықты болды, олар отбасының және мектептің өзара ынтымақтастығының жолын ашты.      
Тұсаускесерді тыңдағаннан кейін, бұл өңірлерде, қалада болсын, ауылдық деңгейде болсын, ата-аналар мен мектеп  арасындағы байланыстарды және өзара ынтымақтастықты кеңейту бойынша мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқандығын байқадық. Қаладағы да және ауылдағы да ата-аналар жұртшылығымен өткізілген жұмысты салыстырған кезде, ата-аналардың мектеппен және мектептің ата-аналармен өзара байланысы нақты байқалды. Ал алға қойылған мақсатты жүзеге асырудағы табысты, тамаша жұмыс істеуге тырысатын және  өзің өмір сүріп отырған және тәрбиелеп отырған және өзің тәрбиеленетін қоғамның гүлденуі үшін қажетті, жаңа, қызықты нәрселерді іздей отырып, үнемі жетілетін сауатты басшы жүзеге асырады!
Сауатты, жоғары кәсіби білікті және шебер таңдалған педагогикалық мамандар, әр баланың дамуы мен тұлғалық өсу игілігі және әр ата-ананың отбасындағы тәрбиелеудің тәсілдері мен әдістерін жетілдіру үшін, ең күрделі бағдарламалық міндеттерді, соның ішінде ата-аналар жұртшылығын бірлескен психологиялық-педагогикалық қызметке кең ауқымды тарту міндетін де шешуге қабілетті.
Орталықтардың құрылымдық және жүйелі дамулары туралы өз жобаларын Отбасылық тәрбиелеу директорлары – Сәрсекеева  Юлия  Ивановна (Көкшетау,) Күленова Салтанат Жұмабайқызы (Қарағанды), Калатур Людмила Сергеевна (Шымкент), Өмірова Айнұр Оралбекқызы (Астана) ұсынды.  
Дөңгелек үстел барысындағы директорлардың жұмыстары шығармашылықты болды, «Менің өңірімдегі Отбасылық тәрбиелеу орталығы. Мен оның қандай болғандығын қалаймын?» тақырыбы бойынша коллаж жасау белсенді түрде және эмоционалды өтті. Нәтиже орындалу техникасынан-ақ көрінді, әрине орталық  қызметтерінің бағыттарындағы басымдылықтарды анықтау бойынша ерекшеліктер болды. Осы жаттығуды талқылағаннан кейін, жергілікті жерлердегі орталық қызметтерінің негізгі бағыттары қалыптастырылды.
Лауазымдарға  ие болып, ұсыныстар, бұйрықтар және әдістемелік әдебиеттер алған Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының директорлары, барша қазақстандық қоғам үшін қызықты және маңызды жұмысты – ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтары мен мәдениеттерін көтеру бойынша жұмысты бастау үшін өз өңірлеріне аттанып кетті. Олар бұл жұмысты біріншіден, Отбасылық тәрбиелеу мектептеріндегі ата-аналарды сауаттандыру – семинарлар-тренингтер арқылы жүргізетін болса, екіншіден,  отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психологиялық-педагогикалық кеңестер өткізу арқылы   жүргізетін болады.
Еліміздің өңірлерінде алға қойылған міндеттерді орындауда үлгілі Отбасылық тәрбиелеу орталықтарының қызмет етуі үшін жағдай жасау үшін, Отбасылық тәрбиелеу институты, тұрғындарға және балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы мәселесіндегі жанжалдық жағдайларды төмендету бойынша психологиялық-педагогикалық көмек көрсету үшін, тәжірибелік жұмысты ұйымдастыруды жеделдету мақсатында, Қазақстан Республикасының 5 өңірінің Білім беру басқармаларының басшыларына өңірлердің орталықтарынан орын бөлу өтінішімен жүгінді.
Бұл мәселені жедел шешу, психологтардың кәсіби кеңес беруге және психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуге кірісулеріне мүмкіндік береді!                                   
                             
Л. Набитовская, институт директоры


«Менің әкем – ең жақсы!» суреттер жарысының қорытындысы     

Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен әкелікті насихаттау, бала тәрбиесі мен дамуында әкенің рөлі туралы қоғамда білім тарату мақсатында «Менің әкем ең жақсы!» облыстық балалар суреттер конкурсы өткізілді. Конкурстық іріктеу келесі номинациялар бойынша жүргізілді: «Менің әкем ең жақсы!», «Менің әкемнің қолынан бәрі де келеді!», «Менің әкем және мен!».   
Барлығы конкурсқа облыстың қала мен ауданыдарынан 352 қатысушының 365 жұмысы ұсынылды. Жолданған суреттер саны бойынша алдыңғы қатарда Қостанай қаласы (151), олардан кейін Жітіқара ауданы (43) келе жатыр.
2013 жылдың 07 ақпанында конкурстың соңғы кезені өткізіліп, жеңімпаздар анықталды. Жұмыстар құрамына Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бөлімінің бастығы Дедовец А.А., Никифоров атындағы көркемөнер мектебінің оқытушысы Меньшенина Ю.А., «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Лимарева Л.В. кірген білікті қазылар алқасымен бағаланды.
Жұмыстар жұмысты орындау сапасы, материалды ұсыну айқындығы және өзгешелігі, дәстүрлі емес шешімдер, аяқталу және ұқыптылық  дәрежесі бойынша бағаланды. Сондай-ақ, қазылар алқасының мүшелері жас суретшілердің жасына, жұмыстардың адалдығына, сюжеті мен суреттерден алған жалпы әсерге көңіл аударды.
Конкурстық комиссияға көптеген сапалы жұмыстар арасынан ең жақсы суреттерді таңдау оңай болмады. Ұзақ кеңестең кейін үш номинация бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:    
«Менің әкемнің қолынан бәрі де келеді!» номинациясында    
1 орын – Байсалбаева Алина (8 жас, «Мирэль» жеке мектебі, Қостанай қаласы);
2 орын - Әуезханов Бахтияр ( 12 жас, Жамбыл орта мектебі, Науырзым ауданы);
3 орын – Ким Данил (9 жас, А.М. Горький атындағы гимназия, Қостанай қаласы).
«Менің әкем және мен!» номинациясында    
1 орын – Симинбаева Самал (12 жас, Первомай орта мектебі, Меңдіқара ауданы);    
2 орын – Шевнина Юлия (11 жас, М. Қозыбаев атындағы № 23 орта мектебі, Қостанай қаласы);
3 орын – Жұмашев Жасұлан (11 жас, № 5 орта мектебі, Қостанай қаласы).
«Менің әкем ең жақсы!» номинациясында            
1 орын – Аманбаева Камила (12 жас, № 12 орта мектебі, Қостанай қаласы);
2 орын - Маляренко Дмитрий (7 жас, А.М.Горький атындағы гимназия, Қостанай қаласы);
3 орын – Кущегулов Рустам (9 жас, Ново-Урицкий орта мектебі, Сарыкөл ауданы).
Департамент конкурсқа жұмыстарын жіберген барлық балаларға алғысын білдіреді. Жеңімпаздарға Балалардың құқықтарын қорғау департаментінен, шараның демеушісі «КаР-Тел» ЖШС грамоталар табыс етіледі.
Отбасында және бала тәрбиесінде әкенің маңыздылығы орасан зор болса да көбінесе бағалана бермейді. Бұл конкурс жас ұрпақтың шығармашылық қабілетін айқындай және қолдай қоймай, бала өмірінде әкенің маңызды рөлін ескертуге көмек көрсетті деген сенімімізді білдіреміз.


«Ата-аналар және мектеп» жобасы

Балалардың құқықтарын қорғау  Департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласының балалар көркемсурет мектебінде «Ата-аналар және мектеп»  алғашқы жобасы өтті.   
Жұмыс ата-аналар жиналысынан басталды. Жайлы ортада ата-аналар «Отбасылық тәрбиенің стильдері және баланың жеке тұлғасын қалыптастыруына оларға тиетін әсері» өзекті тақырыпты талдады. Юлия Ивановна ата-аналарды әңгімеге тартып, балаларды тәрбиелеу төңірегінде қол жетімді түрде мәлімет берді. Ата-аналар өмірден алынған көрнекі көріністі сахналап, осы жағдайды бірлесіп талдады. Әр ата-ана тест сұрақтарына өз бетінше жауап берді және өзінің отбасылық тәрбие стилін белгіледі. Психологтың кәсіптілігі арқасында ата-аналар жиналысы  әдеттен тыс қызықты болып өтті. Жиналыс аяғында ата-аналар үй тапсырмасын алып, қорытынды шығару үшін келесі кездесуді жоспарлап қойды.
                                                                          


Қазіргі заманғы қазақстандық отбасындағы отбасылық әдет-ғұрыптар және салт дәстүрлер»


Мәдина   Сейсенбайқызы,  ата-аналармен танысқаннан кейін, егеменді еліміз Қазақстан туралы, көп ұлтты мемлекеттің Отаны – тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан Республикасы  туралы, ұлттар тарихына, оның ұлттық мәдениетіне, этностың қалыптасуы бастауларына және оның жалпы әлемдік өркениеттер жүйесіндегі эволюциясына қатысты ел тұрғындарының  қызығушылығының күннен-күнге артып келе жатқандығы жөнінде айтып өтті. Қазақ халқының өз елінің тарихы, оның мәдениеті, ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, жеке ұлттық-мәдени тамырлары туралы білімге деген мұқтаждығы, қазақстандық қоғамға мемлекеттегі отбасы мәртбесін жаңартуға және нығайтуға көмектеседі, отбасылық тәрбиелеу деңгейінен, неке мен отбасы институтының жетілуінен, ажырасудың қысқаруынан көрінеді, некелердің сапасын арттырып, бала тууды көбейтеді.      
                                  
Тақырыпты әрі қарай жалғастырған психолог  Антонина Александровна ата-аналармен бірге қазіргі кездегі қазақстандық отбасыларда сақталған үйлену, бала туу және бала циклі – отбасылық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлерді еске алды. Олардың қатарына келесілер жатады: «кіндік шеше», «ат қою», «шілдехана», «бесікке салу», «қырқынан шығару», «тұсау кесу», «сүндетке  отырғызу» - діни наным-сенімге байланысты ғұрыптық сүндетке отырғызу салты.  Дәстүрлі әдет-ғұрыптардан бүгінге дейін мынандай дәстүрлер сақталған: қалыңдықты көру (көрімдік беру), қалыңдықтың жасауын көру, жастарға шашу шашу, келіннің отқа май құюы, күйеу жігітке төс тарту, құдаларға құйрық-бауыр жегізу, жар-жар және бет ашар айту, киіт кигізу және т.с.с.
Психолог  ата-аналармен әңгімелесу кезінде келесі сұрақтарды қойды:  Сіздің отбасыңызда ұрпақтан ұрпаққа берілетін дәстүрлер бар ма? Олар қандай? Сипаттап беріңіз.
2. Отбасында әдет-ғұрыптарды және салт-дәстүрлерді сақтау қандай рөл атқарады?
3. Ал Сіз өзіңіз отбасында қандай дәстүр қалыптастырдыңыз? Олар қандай? Сіздің бастамаңызды жақындарыңыз қолдай ма?
Ата-аналар өз отбасыларындағы салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар туралы ой бөлісті.  Үйлену тойы күнін, балаларының туған күндерін және отбасында дәстүрге айналған басқа да мерекелерді естеріне алды.  Ата-аналардың отбасылық өмір тарихы туралы жағымды естелік тыңдау аса қызықты болды. Тренингтің белсенді қатысушыларына сыйкәделер сыйланды.     
- Жайма-шуақ әңгімелесуден соң, кейбір ата-аналар отбасын сақтау туралы өздерінің ұсыныстарын айтып берді:
- Отбасылық дәстүрлердің ересек үшін де, бала үшін де, орасан зор маңызы бар, олардың көмегімен ұрпақтар арасындағы байланыс, сабақтастық,  ата-ана мен балалар арасындағы жылы қарым-қатынас сақталады.
- Дәстүрлер отбасының берік, ынымақтастықта болуына көмектеседі, отбасы мүшелерін біріктіретін «цемент» рөлін атқарады.
- Ұл немесе қыз өскен кезде, өздерінің балалық шағын, туған шаңырағын, отбасылық мерекелерді, серуендерді жылылықпен естеріне алады.  Жаңа отбасын құрған кезде олар үлгі тұтар, сүйенер нәрселері болады.
 Психологтар берген білім тәжірибелік жұмыспен бекітілді.                  
                                                                            
«Біздің ішкі жан дүниеміздің бір жерінде кішкентай ғана жып-жылы жарық бар. Ол бізге қолайлылық пен жылы жайлылық сыйлайды. Ал біздің жанымызда адамдар жүр және олардың әрқайсысының өзінің жан жылуы болады. Сіз өз жүрегіңізді адамдарға қаншалықты кеңірек ашсаңыз, бұл жарық – сіздің жаныңыздың жылуы, соншалықты жарқын әрі жылы болады»,- деп бастады психологтар  «Менің жанымның жылуы» жаттығуын.
Жаттығу кезінде ата-аналар қазақ музыкасын тыңдады, өздерінің отбасыларын еске түсірді, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері тақырыбына қатысты өздерінің ассоциацияларын суретпен бейнеледі. Жаттығу сабаққа қатысқан төрт балалар бақшасының ата-аналарын жақындастырды, өйткені олар бірге сурет салып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ көптеген ата-аналардың отбасылық өмір туралы мүдделері сәйкес келді.
Біздің институттың мамандары жүргізген тренингтер, отбасылық тәрбиелеу бойынша білім беріп қана қоймай, сонымен қатар, Астана қаласындағы  мектептердің оқушыларының және балалар бақшаларының тәрбиеленушілерінің ата-аналарын жақындастырады. Ал бүгінгі күні бұл өте маңызды және аса қажет. Соңғы нәтиже үшін – Қазақстаннның азаматын табысты және сапалы тәрбиелеу жолында жұмыс істей отырып ғана, тек ата-аналармен бірлескен жұмыс нәтижесінде ғана, біз әр адамның өмірінің негізі болатын отбасылық тәрбиеде табыстарға жетеміз, бір-біріміззе деген төзімділік пен құрмет сезімдерін сақтаймыз.
Қазақ отбасылырының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне арналған тренингтің қорытындысын  жасай отырып, Антонина Александровна келесідегідей ой түйді:
Балаларды ата-аналарын сүюге және сыйлауға, ата-бабаларын құрметтеуге тәрбиелеу – қазақ халық педагогикасының жетекші идеяларының бірі. Ал тағы бір идея – баланы, болашақ отбасы иесін жас күнінен жақсы өнегелік қасиеттерге (еңбексүйгіштіке, төзімділікке, ұқыптылыққа, қарпайымдылыққа, адалдыққв және т.б.) тәрбиелеу.
Тренингтің соңында ата-аналар кері байланыс сауалнамасын толтырды, белсенді жұмыстары үшін институт «Рахмет!» ашық хаттары мен отбасылық тәрбиелеу жөніндегі ақыл-кеңестерді сыйлады.
Тренинг барлығы бірге қосылып айтқан  «Атамекен» әнімен аяқталды.

Ақпаратты ОТИ бас маманы А.О.Өмірова дайындады.
Жұмыс телефоны/факс: (87172)94-96-77. e-mail: instityt-sv@mail.ru.
«Отбасылық тәрбиелеу стильдері және оның бала тұлғасына ықпалы» тақырыбындағы келесі тренинг  Бөгенбай батыр, №6/А мекенжайында орналасқан Отбасылық тәрбиелеу институтында 2013 жылы 6 ақпанда болады.
Тренингті отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңасшілер  Бексұлтанова  Зәбира Серікқызы, Қалиева Назгүл Сәбитқызы өткізеді.


2012 жылы 15 желтоқсанда Отбасылық тәрбиелеу институтының келесі тыңдаушыларының бітіру рәсімі өтті

2012 жылы 15 желтоқсанда Отбасылық тәрбиелеу институтының келесі тыңдаушыларының бітіру рәсімі өтті. Курстық аттестациялық жұмыстарды қорғағаннан кейін, 2010 бітірушіге «Отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші» мамандығы тағайындалды.
«Еліміздің 14 өңірінің және Астана мен Алматы қалаларының білім беру мекемелерінің педагогикалық мамандарын қайта дайындау және біліктілігін көтеру» Республикалық жобасын жүзеге асыру.            
Бұл жобаны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Отбасылық тәрбиелеу институты жүзеге асырады. Ағымдағы жылдың маусым айында өз жұмысын бастаған республикалық жоба, отбасылық тәрбиелеудің педагогикасы мен психологиясы саласында жаңа заманауи білім, әдістемелер мен технологиялар алу үшін, біздің байтақ еліміздің түпкір-түпкірінен келген 210 педагог-психологтарды бір отбасына біріктірді.                                                                                                            
Отбасылық сауаттандыру, қоғамның негізі ретіндегі, отбасының мәртебесін жаңарту, қоғамдағы өткір әлеуметтік проблемалар – айырылысу, маскүнемдік, есірткіқұмарлық, суицид және т.с.с. төмендету және басқа да мәселелер бойынша бірыңғай мемлекетті-қоғамдық тәрбиелік саясат жүргізу, «Бақытты отбасы» отбасылық тәрбие бойынша мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру және қайта дайындау (профессор С.Л. Евдокимованың авторлық бағдарламасы) оқу курсының бағдарламасына сәйкес, педагогтарды оқыту барысында қозғалды.                             
Бағдарламаның оқу курсы, әрқайсысы 10 күннен болатын, 4 оқу сессиясына есептелген, 835 теориялық және тәжірибелік сабақтардан тұрады. Осылайша, институттың тыңдаушылары ағымдағы жылдың маусым, тамыз, қазан және желтоқсан айларында Астанаға келді. Оқу барысында алған білімдерін, институт тыңдаушылары өздерінің жұмыс орындарындағы тәжірибелік қызметке пайдаланды. Институттың тыңдаушылары, 80 педагог-писхологтар, біздің мекеме жариялаған «Отбасылық тәрбиелеу институтындағы оқу барысында алған жаңа әдістері мен білімдерін психологтың тәжірибелік қызметінде қолдануы» ең үздік тақырыптық тұсаукесер сайысына қатысты. Қатысушылар өздерінің шығармашылық жұмысы туралы, алған жаңа білімдерін өздерінің күнделікті тәжірибесінде: сабақтарда, тренингте, ашық сабақтарда, ата-аналар жиналыстарында  қалай пайдаланатындары туралы айтты, тұсаускесердің бейне материалдарын пайдаланып, өздерінің тұсаускесерлерін әділ қазылар алқасы алдында көрсете білді. Әділ қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Олар Оңтүстік Қазақстан облысынан, Ақмола облысынан, Павлодар облысынан, Маңғыстау облысынан келген педагог-психолгтар болды.    
Біліктілікті көтеру курстарындағы білім алу барысында біздің тыңдаушыларымыз зерттеу жұмыстарына қатысты, 1260 реферат, 2520 эссе, 210 курстық аттестациялық жұмыстар жазды, отбасылық тәрбиелеу, отбасылық педагогика және психология бойынша ата-аналарға арналған ашық сабақ-тренингтерді өткізуге қатысты.  
Біздің институмыздың профессорлық- педагогикалық құрамы бұлар - психология, педагогика, философия салаларындағы ғалымдар, Халықаралық деңгейдегі белгілі педагогтар Н.А. Цветкова, И.В. Вачков, А.Н. Маюров, Ж.И. Намазбаева, Л.Д.Лебедева, Г.В.Новикова, Л.О. Сарсенбаева, С.А.Попов,  А.В.Цветков және т.б.
Қазақстандық қоғамда бақытты отбасын құру бұл – тек жеке адамның ғана емес, сондай-ақ  мемлекеттік те іс болып табылады. Жан-жақты дамыған үйлесімді тұлғаның қалыптасуы үшін отбасылық тәрбиенің барлық түрлерін пайдаланып, қоғамды жаңа бақытты өмір сүруге үйрету керек. Осы мақсатта,  оларды қазіргі заманғы қазақстандық қоғамда отбасы мәртебесін, отбасылық дәстүрлерді және құндылықтарды нығайту бойынша тәжірибелік қызметке пайдалану үшін, педагогикалық мамандардың кәсіби біліктілігін көтеру үдерісіне, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік бағыттардың жаңа заманауи инновациялық әдістемелері мен технологияларын уақытылы енгізу қажет.                                  
Л.Н. Набитовская,  тел 8 (7172) 94 96 54,  94 96 77.

 


Отбасылық тәрбиелеу институтының Астана қаласы №37 мектебіндегі «Ашық есік күндері -2012» мерекесінде өткізілген тренингі

С.Мәуленов атындағы №37 орта мектебі (директоры – Б.А.Ахмет) 2012 жылдың 23 қарашасында «Ашық есік күндері-2012» мерекесінде қонақтарды қонақжайлылықпен қарсы алды. Қонақтардың арасында Астана қаласы мектептерінің директорлары, Отбасылық тәрбиелеу институтының және Пайдалы азық-түлік институтының, наркологиялық орталықтың өкілдері, оқушылар және ата-аналар болды.  
Бұл күннің бағдарламасы оқушылардың тұлғааралық қарым-қатынастарын, толеранттығын, өзін-өзі оқыту дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту, сондай-ақ мектептің ата-аналар жұртшылығының жұмысын белсендендіру мақсатында, отбасын мектептің оқу-тәрбиелік үдерісіне қатыстыруға тартудың жаңа жолдарын іздестіру ретінде ата-аналармен, тәлімгерлермен, дарынды балалармен кездесулер, мектеп оқушыларымен тақырыптық ашық сабақ-тренигтер өткізуді көздеді.
 Ашық сабақ-тренингтердің бірін Отбасылық тәрбиелеу институтының бас маманы, отбасылық тәрбиелеу жөніндегі психолог-кеңесші Өмірова Айнұр Оралбекқызы  өткізді. Бұл «Жоғары сынып оқушыларын ҰБТ дайындық кезінде психологиялық  қостау» тақырыбындағы 11 (Б» сынып оқушыларымен өткізілген тренинг болды.
                                                                
Тренингтің мақсаты: жоғары сынып оқушыларына стрестің салдары туралы айту; жеткіншектерге өз мінез-құлықтарының қасиеттерін түсінуге көмектесу; рефлексия және метафорикалық ойлау дағдыларын дамыту.
 Міндеттері: стресті жеңілдетуге және босаңси білуге үйрететін жаттығулар өткізу; жоғары сынып оқушыларына ҰБТ дайындық кезінде не істеу керектігі жөніндегі ұсыныстар.
Жетекші оқушылармен таныстығын «Кішкентай адам»  жаттығуынан бастады. Балалар өздері туралы ақпаратты, сулық пен фольганы пайдаланып, өз қолдарымен жасаған  кішкентай қуыршақ адам көмегімен ұсынды. Психолог оқушылардың өз мектептері, өз сыныптары туралы ыстық ықыласпен айтқан әңгімелерін сүйсіне тыңдады. Балалардың өз сынып жетекшісі Ерғалиев Қайдар Кайроллаұлын  жақсы көріп, сыйлайты байқалып тұрды. Сондықтан да танысу түрі тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық та болды.
                                                                  
Жетекші денсаулық мәселесін де тоқталып, адамның психологиялық денсаулығы, оны әсіресе ҰБТ кезінде, оны қалай сақтау және арттыру керектігі туралы да айтты. Адамның өмірі үшін айрықша болатын осы өзекті тақырыпқа оқушылар да белсене қатысты. «Шағын дәріс» салауатты өмір салты ережелесін қайталауға мүмкіндік берді. Психолог тренингтің белсенді қатысушыларын тәтті сыйлықтармен ынтыландырды.  
Жетекші «Ағаштар – Мінез-құлықтар» жаттығуын  «Ғажайып орманда тұратын ағаштар-мінез-құлықтар» ертегісін оқи отырып,  релакциялық музыкамен өткізді.                                                                                                                   
Ертегіні тыңдау кезінде оқушылар ыңғайлы отырып, бойларын еркін ұстады, өздерінің ағаш-мінез-құлықтарды қалай көретіндіктерін қиялдады, ойша ашық суреттерді салды.


Астана қаласы колледждерінің оқушыларына арналған «Жанжалдар. Оларды жеңу жолдары» тақырыбындағы тренингтер.

15.11.2012 жылы  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында отбасылық дәрісхана аясында «Балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынасы. Оларды жеңу жолдары» сабағы өткізілді. Сабақты Отбасылық тәрбиелеу институтының  бас маманы, кеңесші Фуст Екатерина Андреевна  өткізді.
Сабаққа Астана қаласындағы Басқару колледжі мен Байланыс және коммуникация колледжінің  оқушылары шақырылды. Оқушылар психологтармен бірлесіп, «жанжал» түсінігін қарастырды, жанжалдық оқиғалардың пайда болу себептерін айтты. Белсенді және қызу пікір-талас барысында оқушылар жанжалдар бұл -  біздің өміріміздегі норма, қалай болғанда да ол біздің өмірімізде туындайды деген ортақ пікірге келді, басты міндет – пайда болған жанжалдық оқиғадан дұрыс және лайықты түрде шыға білу.        
                                      
Оқушылар жанжалдық жағдай туындағанда үш ұстанымды білу керектігіне үйренді:
- Агрессивтік (егерде осы ұстанымды ұстансақ, біз туындаған жанжалды одан әрі шиеленістіре түсеміз және оның нәтижесі тіпті қиын болады);
- Енжарлық (бұл ұстанымды ұстасақ, біздің жәбірлеушіміздің шағымы немесе ұсынысы еленбейді, бұлай да біз өз жанжалымызды шеше алмаймыз);
- Сенімді (осы ұстанымды ұстай отырып, біз кез келген жағдайда жанжалды шеше аламыз, ең бастысы дәлелді деректерді басшылыққа алу керек және өзіміздің эмоцияларға берілмеуімізді қадағалалауымыз керек, уақытылы түсініп кешіріп сұрап, өз қателіктерімізді ұғына білу керек).
Осы түсініктерді бекіту үшін балаларға 5 топқа бөлінуге ұсынылды және әрбір топ туындаған өмірлік жағдайдан «жеңімпаз» болып шығу керек еді.
                                                
Колледждің оқушыларына «Нүктелер» жаттығуы қатты әсер етті, онда оқушылар жұптарға бөлініп, бір минут ішінде өз шекарасына көп нүктелер қою ұсынылды. Осы жаттығудан кейін, оқушылар біздің әр түрлі екендігімізді, әркімнің өз стратегиясы болатындығын, біреу қулықты пайдаланса, енді біреудің басқа адамның шекарасы болатындығын ұмытатындығына көз жеткізді.
Тренингтің соңында «Пиф-паф – сен жоқсың! Көңілді ойын өткізілді. Онда балалар өздерінің эмоционалдық көңіл-күйлерін көтерді!
Барлық балалардың тренингке қызығушылықпен қатысқандықтарын атап өткен жөн. Олар өмірлік жағдайларды эмоционалды ойнап, барлық сауалдарға шын көңілден жауап берді.
Кері байланыс кезінде балалар сабақ барысында алған білімдері мен дағдылары үшін психолог  Екатерине Андреевнаға, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді, олар бұдан былай өздерінің ата-аналарына, курстас құрбы-құрдастарына, дос-жарандарына барынша ілтипатты болуға тырысатындықтарын атап өтті. Жалпы жанжалдық жағдайға енді басқаша қарайтындықтарын айтты. Ал  ең бастысы бозбалалар мен бойжеткендер мұндай тренингтер жиі өткізілсе деген өздерінің жүрекжарды тілектерін білдірді!
                                                          


Қостанай облысының Жітіқара ауданында мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясаттың жүзеге асырылуы туралы

2012 жылдың 17 тамызында Жітіқара қалалық әкімдігінің мәжіліс залында облыстық мәслихатының ҮЕҰ жұмыс,  гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты жүзеге асыру мәселелері жөнінде тұрақты комиссияның мәжілісі болып өтті.
Мәжіліске облыстық мәслихатының депутаттары Базуркаева Хава Салт-Ахмедовна және Сергеев Анатолий Константинович, Жітіқара ауданының әкімі Испергенов Қуандық Хайдарұлы, комиссияның үйлестірушісі, облыстық мәслихатының бас маманы Овчарова Наталия Валерьевна, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның рухани-адамгершілік даму бөлімінің бастығы Дедовец Александр Анатольевич, отбасылық-демографиялық тұрғыда қызмет ететін Жітіқара ауданының бірқатар үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, «Жітіқара орталық аудандық ауруханасы» ҚМК қызметшілері, «Жас Отан» аудандық жастар қанатының белсенді жастары және БАҚ өкілдері қатысты.    

                                           
Мәжілістің мақсаты - Жітіқара ауданында мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясаттың жүзеге асыру барысын талқылау. Мәжіліс қарсаңыңда комиссия жұмыс тобын құрып, бірқатар аудан нысандарын аралады: Жітіқара балалар мен жасөспірімдер баспанасы, Жітіқара қаласы және Жітіқара ауданының ІІБ, орталық аудандық ауруханасының әкелер мектебі және салауатты өмір салты бөлмесі, «Жайна» Ауыл әйелдерінің қауымдастығы» ҚБ, «Лидер» ҚБ, «Арман» балалар-жасөспірімдер орталығы» ҚБ, «Жас ұрпақ» балалар ұйымы» ҚБ. Дәстүр бойынша комиссия тексеруші қызметімен қатар ағартушылық міндетті де атқарды. Осы мақсатта комиссия үйлестірушісі Овчарова Н.В. және тәжірибелі жантанушы Зуев И.А. «Жас отбасылардың демографиялық дамуының кедергілері және олардың шешу жолдары» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Мақсатты аудитория негізінен жастар және отбасылық өмірде аз ғана тәжірибесі бар некелік жұптардан құрылды.    
Комиссияның мәжілісінде сөз сөйлегендердің арасындағы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастығы облыста гендерлік және отбасылық-демографиялық саясаттың жай-күйін түйіндеді.
Мәжілістің қорытындысы бойынша облыстық мәслихатының комиссиясымен бірқатар қаулылар және ұсыныстар әзірленді. Осылайша, «Жітіқара ауданы әкімдігінің халықты әлеуметтік қорғау бөлімі» ММ-не Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Отбасы институтын дамыту және нығайту бағдарламасы, «Туған күніңмен, балақай!» акциясын дәстүрлі түрде өткізу, дағдарыс жағдайларынан шығу және жаңа жағдайға әлеуметтік-психологиялық бейімдеу жөніндегі отбасыларға қазіргі мамандандырылған психологиялық-педагогикалық көмек көрсету қызметтерін, отбасы мен балаларды мамандандырылған әлеуметтік қамсыздандыру институттарын дамыту бойынша ынтымақтастықты жалғастыру ұсынылды.


Отбасылық тәрбиесі  бойынша  «Бақытты отбасы»  атты Республикалық жобаның iске асыруы  және Астана мен Алматы қалаларының және елдің 14 аймақтарының педагогикалық кадрларын қайта даярлау және кәсіби деңгейін көтеру

                                 
Астана қ., Отбасылық Тәрбиелеу Институты  ҚР Білім және ғылым Министрлігінің қолдауымен  білім беру саласының барлық деңгейлерінде  педагогикалық кадрларының қайта даярлау және кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша  Республикалық жобаны іске асыру жолында белсенділікпен айналысуда.
Берілген жобаны орындау үстінде, ұйымдастырушылар келесі міндеттерді алдыға қоюда: Қазақстан Республикасының білім беру саласының  210 қызметкерлерi  үшiн  отбасылық тәрбиесі және отбасылық өзарақатынастар төңiрегiдегi  мамандығын жетiлдiрудi өткiзу;  психология және отбасылық тәрбиесiнің педагогикалық және психологиялық бiлiмдерiнiң синтезiне сүйене отыра, әлеуметтiк - педагогикалық үрдістердегі болатын   даулы жағдайларды бүтiндiк қабылдауды,   шешу  бiліктілігін қалыптастыру;  отбасылық бiлiм берудiң сұрақтары бойынша бiртұтас мемлекеттiк - қоғамдық тәрбиелiк саясаттың өткiзуi, қоғамның негiзi ретінде отбасылық  институтының мәртебесiнiң қайта жаңғырту, ажырасулар, маскүнемдiк, нашақорлық, суицид т.с. с., қоғамның әлеуметтiк мәселелерiн төмендетуi.
2012 жылдың 1 тамызынан 10 тамызына дейін Астана мен Алматы қалаларының және елдің 14 аймақтары отбасылық тәрбиесінің педагогикалық кадрларының қайта даярлау және кәсіби деңгейін жоғарылату бойынша «Бақытты отбасы»  атты  оқыту курсының кезекті екінші сессиясына кірісті (профессор Евдокимова С.Л.  авторлық бағдарламасы).
                                                                    
Сабақтар Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы, 47 үй, «Алау» қонақ үйінің, 2 қабатында өтіп жатыр. Педагогикалық кадрларының қайта даярлау және кәсіби деңгейін жоғарылатудың кезекті екінші сессиясы «Бір шаңырақ астында» атты іс – шарамен ашылды. Іс – шарасының барысында тыңдаушыларға өз туған өлкесінің тарихын айтып бере алатын бірнеше қызықты тақырыптар ұсынылды. Тыңдаушылардың ойын қойылымдары бірінші сессияда алған жаңа  білімдерінің әдістемелері негізінде  қолдануымен құрастырылған.
Іс – шара еліктіре қызықтырғыш  және танымдық жағынан да қызықты болды, тыңдаушыларды бiр-бiрiн жақын бiлуге және бiртұтас ұжымға ұйымдасуға көмектесті.
Толық оқыту курсы бағдарламасы 835 теориялық және тәжірибелік оқыту сағаттарынан тұрады. Институттың екінші сессияның тыңдаушылары оқу бағдарламасының тақырыптарын меңгеруді жалғастыруда. Жетекші психологтарының дәрістерін тыңдап, тәжірибелік сабақтарда, ойындарда, тесттарда қатысып, арт-терапия мен ертегі терапияларында конфликтология, отбасылық педагогика мен психология пәндерімен анығырақ танысады.  
Профессорлық – педагогикалық құрамды педагогика мен психология саласындағы  белгілі казақстандық және ресейлік ғалымдар құрайды,  олар –Цветкова Н.А, Вачков И.В,   Намазбаева Ж.И., Лебедева Л.Д., Попов С.А.  Покровская С.В., Новикова Г.В., Хухлаева О.В, Кривцова С.В. және де басқалары.
Тыңдаушылардың алдында әлі екі сессия бар, осы жылдың қазан және  желтоқсан айларында. Оқу мерзімінде біздің тыңдаушылар зерттеу жұмыстарында қатысады, рефераттар мен эсселер, курстық және аттестациялық жұмыстарын жазады, педагогика мен психологиядан, отбасылық тәрбиесінің тақырыптары бойынша ата-аналарға арналған ашық тренинг-сабақтарын өңдеп өткізеді.  
Жобаның аяқталуы және тыңдаушыларды шығарылуы 2012 жылдың желтоқсан айында,  курстық және аттестациялық жұмыстарын қорғалғаннан кейін бағдарлануда. 
Қазақстандық қоғамда бақытты отбасы құру – жеке басты мәселе емес, бұл мемлекеттік мәселе.
Сонымен бiрге, отбасылық тәрбие бойынша ата-аналық жалпыға мiндеттi оқуларын барлық жерлерде өткiзiп, үйлесімді дамитын адамның өсуi үшін, отбасылық тәрбиесінің барлық түрлерін қолдап отыра, әрбiр отбасыда бақытты тұрмысты қалай құру керек екендігін үйрету. Сол үшін ұстаздарға отбасылық педагогиканың төңiрегiдегi жаңа бiлiмдерді меңгеру қажет және  сол білімдерді алу мүмкiндiгi біздің институтта бар.
Жаңа технологиялар мен әдістемелерді табыспен меңгеру, оларды  Қазақстан аймақтарының отбасын, отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды нығайтуда психологиялық және педагогикалық тәжірибелік іс жүзінде  қолдануға мүмкіндік береді.
                                                        

 

Жоғары