Мектепке жол

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бастау алғандығы туралы хабарлайды.

Акция 2014 жылғы 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өткізіледі. Барлық  акцияға қосылуға тілек білдірушілерге Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сенім телефонына, сондай-ақ облыстардың Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларына хабарласуыңызды сұраймыз. Балаға мейірім сыйла!


 

«Мектепке жол» жалпы республикалық акцияның қорытындылары туралы
 
2013 жылдың 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында алтыншы жыл қатарынан «Болашақты бірге жасаймыз!» ұранмен «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізілді.
Акция негізгі міндеті – аз қамтылған отбасылардыға оқушылардың жаңа оқу жылына дайындалуға және балалардың әлеуметтік жағдайлар бойынша мектепке бармауын алдын алу.
Ағымдағы жылы 300 мыңнан астам бала 2 млрд. теңге соммасына жуық, оның ішінде 152 мыңнан астам бала 692 млн.теңгеден соммасынан жоғары демеушілер мен меценаттардың қолдауымен көмек алды (2012 ж. – 284 900 бала үшін 1,7 млрд.теңге).
Сонымен қатар, акцияға орталық атқарушы органдардың қызметкерлері қатысуымен (БҒМ, ЭБЖМ, ҚМ, ӘМ, ККМ, АШМ, ҚОҚМ, ӨДМ, ДСМ, МҚА, СДШІА, ҰҒА, Есеп комитеті) 362 адамға 7 млн.285 мың 832 теңге соммасына көмек көрсетілді (2012 ж. – 46 бала үшін 1 млн.299 мың теңге).
Акцияның үнемі серіктесі «Алтын Қыран» Халықаралық қайырымдылық қорымен, жыл сайын, биылғы жылы да 25 балаға 1 млн.750 мың теңге соммасына көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, «Қазаэросервис», «KEGOC», «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы», «КарТел» (Beeline) акционерлік қоғамдарын атап кету қажет. Олармен, 541 балаға 4,2 млн.теңге соммасынан астам көмек көрсетілді.
Екінші міндеті оқумен қамтылмай қалған балаларды анықтау болып табылады.
Осы мақсатта, білім беру ұйымдарымен акция барысында «қатер» тобындағы балаларды анықтау бойынша мектептердің шағын учаскесіндегі 568 мыңнан астам үй, 29 мыңға жуық саяжай, шаруашылықтар аралау ұйымдастырылды. Аталған шара аясында әлеуметтік себебі бойынша оқумен қамтылмаған 31 бала анығталды.
Демеушілердің көмек көрсетуі арқасында балалардың барлығы мектепке қайтарылды.
«Мектепке жол» акциясы бойынша БАҚ-да 2 мыңға жуық мақалалар мен сюжеттер жарияланды.
«Beeline  Қазақстан» кампаниясы акцияның ақпараттық серіктесі болып табылды.

«Мектепке жол» республикалық акциясы Қостанай облысында
 
Балалардың құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы ережесінің орындалуын, әлеуметтік қорғауды қажет ететін балалардың өмір сапасын жақсарту үшін жағдай жасауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысы «Мектепке жол» VI жалпы республикалық қайырымдылық акциясын өткізуге белсенді қатысуда (бұдан әрі – Акция).
Көмекке мұқтаж жандарға жәрдем беру – Қайырымдылық қанат жайып, Сүйіспеншілік салтанат құрған баянды іс.
Бүгінгі таңда ісімен, жомарттылығымен жәрдем берген азаматтардың арқасында аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар санатындағы жүздеген Қостанай облысының оқушылары жаңа оқу жылына дайын.
2013 жылғы 29 тамызда «Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі – КТБО) Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірге (бұдан әрі – Комиссия) Акция шеңберінде Білім күніне және өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдауға арнап,  «Шын жүректен балаларға» іс шарасын өткізді.
 
   
КТБО-ның тәрбиеленушілері ертегі кейіпкерлері Шапокляк пен Мысық Леопольдпен интеллектуалды сайыстарға қатыса отырып, түрлі тапсырмаларды орындады. 
Басқарма басшысы Р. Сәрсенова дүние тануда балаларға қызықты ашылулар мен таңғажайыптар тілей отырып, оларды жаңа оқу жылымен құттықтады.
Мемлекеттік банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету кызметкелері қасіподағының Қостанай облыстық ұйымының төрайымы Р.Ғайсенова ұлы тұлғалардың нақыл сөздері кітабын сыйға тартты.
Комиссия хатшысы А.Қылышбекова КТБО қызметкерлеріне күнсайынғы қажырлы еңбектері, түсіністігі, шыдамдылықтары үшін алғысын білдірді.
Балаларға жалпы сомасы 50 мың теңгеге кеңсе жабдықтары мен ой -өрістерін дамытуға арналған ойындар табыс етілді.
Басқарманың тұрақты серігі «Beeline» сауда маркасымен «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қайырымды істерде қолғабыс жасаудан тыс қалмайды. КТБО-ның 15 тәрбиеленушісіне мектеп рюкзагын сыйлады.
Барлық қажетті құралдармен қамтылған балалар 1 қыркүйек күні білім нәрімен сусындауға мектепке барады.
 
   
Акцияның жылсайын өткізіліп, дәстүрге айналуы  қоғам тарапынан жасалып жатқан еліміздің болашағы баянды болуы үшін өскелең  ұрпақты  адами-рухани тәрбиелеу, қазақстандық балалаларға көмек  және қолдау көрсету жолының жалғасы болып табылады.
 
Қостанай облысы әкімдігінің балалардың құқықтарын қорғау басқармасы
 

«Мектепке жол» республикалық акциясы жалғасуда
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2013 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында алтыншы жыл қатарынан «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізуде.
«Қазақстан-2050» стратегиясында көрсетілген жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында биыл акция «Өз болашағымызды бірге жасаймыз!» ұранымен өткізілуде.
Акция мақсаты – тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу.
Акция басталған жылдан бастап 1 миллион бала 6 миллиард теңгеге материалдық көмек алды. Демеушілер мен меценаттар 2,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетті.
Балаларға көмек көрсету бойынша мемлекеттік органдардың қызметі жандандырылды. Былтырғы жылы мемлекеттік органдардың қолдауымен әлеуметтік қорғалмаған топтағы 2 мыңнан астам балаға 23 миллионнан астам теңге көлемінде көмек көрсетілді. Біздің Министрліктің басшылары мен мамандарының қолдауымен 62 балаға 2 миллион теңгеге мектеп формасы, киім, аяқ киім, мектеп жабдықтары, портфель табыс етілді.
Білім басқармаларының мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша 41 мыңнан астам балаға 400 млн. теңге шамасында көмек көрсетілді, оның ішінде 30 мыңға жуық бала 250 млн.теңге шамасында демеушілер мен меценаттардан көмек алды. 
Бүгінгі күні білім, балалардың құқықтарын қорғау бөлімдерінде жыл сайын көмекті қажет ететін отбасылар мен балаларға жаңа оқу жылына дайындауға қайырымдылық көрсететіндер туралы деректер банкісі құрылған.
Барлық мектеп оқушыларына қажетті жағдай жасау бойынша, атап айтқанда, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылардағы оқушыларды жаңа оқу жылына дайындау 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Акция барысында оқумен қамтылмаған балаларды анықтауға, мектепке бармаудың алдын алуға, тұрмысы төмен отбасылар мен балаларды мектепке дайындауға көмек көрсететін қамқоршыларды тағайындауға ерекше көңіл аударылды.
Білім беру, балалардың құқықтарын қорғау басқармалары, ішкі істер органдары мен жастар ұйымдары акция басталғаннан бері мектептердің шағын учаскелеріндегі 107 мың үйді, 8 мыңнан астам саябақ пен шаруашылықтарды аралап, «қатер» тобындағы балаларды анықтау, оның ішінде қараусыз және қадағалаусыз балаларды, қолайсыз және мигрант отбасылардағы балаларды, оқудан жүйелі жалтарған балаларды, бала еңбегінің ең ауыр түрлеріне тартылған және т.б. анықтау жұмыстарын жүргізді.
Отбасылар мен балаларға көмек немесе кеңес беру үшін білім, балалардың құқықтарын қорғау органдарында «тікелей желі», қоғамдық қабылдаулар жұмыс жасайды. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінде тікелей желі – 74-25-28, бұнда әр адам өтініш білдіре алады. Ұқсас желі аймақтардағы білім бөлімдерінде, білім және балалардың құқықтарын қорғау басқармаларында жұмыс істейді. Барлық акцияға қатысуға тілек білдірушілер көмекті қажет ететін балалардың тізімін алу үшін Комитетке немесе тұрғылықты жері бойынша білім бөлімдеріне хабарласуы қажет.
Тамыздың 24 мен 30 аралығында төмендетілген бағамен мектеп тауарларын алу үшін барлық аймақтарда акция кезінде мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылады. 1 қыркүйекте алғаш рет мектепке баратын бірінші сынып оқушыларын құттықтау ұйымдастырылады. Акцияның ақпараттық серіктесі Beeline Қазақстан болып табылады.

«Altyn Kyran» балаларға көмек көрсетуде

Ағымдағы жылы «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілгендей балалардың өмір жағдайын жақсарту бойынша жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында "Мектепке жол" акциясы «Біз бірге болашақты құрамыз!» атты ұранмен өтеді.
Акцияның мақсаты аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ мектепке әлеуметтік жағдаймен бармау себебі бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.
Акцияның өткізілгеннен бастап 1 милионнан астам бала жалпы соммасы 6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек алды. Демеушілер мен меценаттардың қолдауымен 2,5 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.
Қол ұшын созғандар жыл сайын артып отырғандығы қуантады. Акцияны бизнес-компаниялар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және қарапайым қазақстандықтар қолдайды.
2013 жылғы 20 тамызда  Министрлікте «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорымен бірлесіп аз қамтылған отбасылардағы 25 бала үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды.

«Мектепке жол» атты республикалық акцияны өткізу туралы
20.08.2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру органдарымен бірлесіп алтыншы жыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» атты республикалық қайырымдылық акциясын өткізеді (бұдан әрі – Акция).
Ағымдағы жылы «Қазақстан – 2050» стратегиясында көрсетілгендей балалардың өмір жағдайын жақсарту бойынша жаңа әлеуметтік саясатты жүзеге асыру мақсатында акция «Біз бірге болашақты құрамыз!» атты ұранмен өтеді.
Акцияның мақсаты аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға қолдау мен көмек көрсету ғана емес, сондай-ақ мектепке әлеуметтік жағдаймен бармау себебі бойынша балалардың мәселелеріне қоғамның назарын аудару болып табылады.
Акцияның өткізілгеннен бастап 1 милионнан астам бала жалпы соммасы 6 миллиард теңге көлемінде материалдық көмек алды. Демеушілер мен меценаттардың қолдауымен 2,5 миллиард теңгеге көмек көрсетілді.
Қол ұшын созғандар жыл сайын артып отырғандығы қуантады. Акцияны бизнес-компаниялар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік мекемелер және қарапайым қазақстандықтар қолдайды.
2013 жылғы 20 тамызда Министрлікте «Altyn Kyran» Халықаралық қайырымдылық қорымен бірлесіп  аз қамтылған отбасылардағы 25 бала үшін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылады.


Ақмола полицейлері балалардың оқу жылына дайындалуына көмектесуде
 
Ақмола облысы ІІД-нің  бөлімше полицейлері 16 отбасына мектепке қалам-дәптер, киім, аяқ киімдер алуына көмектеседі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Мектепке жол» республикалық акциясына қатысу – мұқтаж отбасы балаларына көмектесуге мүмкіндік береді. Тұрмысы төмен отбасының балалары өмірлік жолда қателікке бой алдыруы мүмкін топқа кіреді.
Олардың құрдастарының арасындағы әлеуметтік айырмашылықтың теңгеріп, көмек қолын созу біздің қолымызда. Яғни, бұл шара полиция қызметкерлеріне балалардың сенімін қалыптастырып жасөспірімдер қылмысының алдын алуға мүмкіндік береді», — деп отыр тәртіп сақшылары.
 
АСТАНА. 20 тамыз 2013, 09:22. BNews.kz
 Ақмола облыстық ІІД-і баспасөз қызметінің фотосы

Бизнесмендер тұрмысы төмен отбасы оқушыларына көмектеседі
 
«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында кәсіпкерлер жаңа оқу жылына дайындалуға тұрмысы төмен отбасы оқушыларына көмек көрсетеді, деп хабарлады Bnews.kz тілшісі.
«Біз өткен жылдардағыдай қайырымдылықпен айналысамыз. Қала әкімдігі бізге мұқтаж жандардың тізімдерін береді, ал біз оларға барлық тауарды тегін ұсынамыз», - деді кәсіпкер әйел Гүлмира Сугралина.
Оның айтуынша, алдыңғы жылы олар 52 баланы мектеп керек-жарақтарымен толық қамтамасыз етті, өткен жылы 40-тан астам, ал биылғы жылы 30-ға жуық оқушы тізімге ілікті. Олардың қатарында жетімдер мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар бар. Бұл тізім тағы толығуы мүмкін, өйткені акция соңына дейін бір айдан астам уақыт бар.
Сондай-ақ, 10 қыркүйекке дейін мектеп жәрмеңкесі өтеді.
 
АСТАНА. 19 тамыз 2013, 19:12. BNews.kz

«Қазпошта» АҚ бірінші сынып оқушыларына жол ашты
 
Жиырма жылдығында «Қазпошта» АҚ өзінің әр филиалында «Мектепке жол» акциясы аясында шаралар өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі баспасөз релизіне сүйене отырып. 
Бірінші сынып оқушыларына алғашқы болып жол ашқандар алматылық пошташылар болды. «Қазпошта» АҚ Алматы қаласындағы филиалының «Алматы почтамты» Кәсібодақ ұйымы Білім күні қарсаңында почтамт қызметкерлерінің 30 баласына мерекелік сыйлықтар әзіррледі. 
«Бүгін біз биыл бірінші сыныпқа баратын кішкентай оқушыларымызға арнап керемет мереке ұйымдастырдық. Олар үшін қызықты да күрделі білім әлемі енді есігін ашуда, кітаптар мен оқулықтардың көмегімен олар білім нәрін сусындайтын болады. Қазіргі заманда білімнің қаншалықты пайдалы екенін әр баланың жетік сезінетінін байқағанда, қуанасың, себебі олардың болашағы алған білімдеріне тікелей байланысты. Жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын! Біздің сіздер үшін әзірлеген сыйлықтарымыз ұнады деген сенімдеміз. Күнделіктеріңізге жақсы баға мен білімге деген зор құштарлық тілейміз сіздерге», - деді Любовь Быкова шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Балалар үшін арнайы ерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Олар өздерінің сүйікті әндерін орындап, сурет салу, би билеу және сахнада қойылым көрсете отырып, бар өнерлерін паш етті. Сондай-ақ ойлануды қажет ететін жұмбақтар мн ребустарды шеше отырып, өздерінің білім деңгейлерін көрсетті. Ал балақайлардың ата-аналары көңіл бөліп, қолдау білдіргені үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, балаларымен қоса білім күнін көңілді атап өтті.
«Алматы почтамты» әлеуметтік жұмыстарды белсенді атқарып, аз қамтылған қызметкерлерінің отбасына үнемі қолдау білдіріп отырады, балалар шығармашылығын дамытуға үлес қосады. «Қазпошта» АҚ-ның 20 жылдығы аясында 31 мамырда «Пошта балалар көзімен» атты байқау өтіп, оған 30-дан астам бала қатысқан болатын. Қазір балақайлардың салған суреттері «Алматы почтамтының» кіре берісіне ілініп, көркін келтіріп тұр», - деді Любовь Быкова.  
 
АЛМАТЫ. 15 тамыз 2013, 12:45. BNews.kz

Қызылордалық қаржы полицейлері қайырымдылық шарасын өткізуде
 
Қызылорданың қаржы полицейлері білім күні қарсаңында көпбалалы отбасыларына қолдау көрсетуде. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Қызылорда облысы бойынша қаржы полициясы департаментінің баспасөз хатшысы А.Жанабергенова хабарлады. 
Баспасөз хатшысының айтуына қарағанда, аймақта көпбалалы және әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларының балаларын мектепке дайындау акциясы өтіп жатыр. 
«Департамент қызметкерлері қала маңындағы Тасбөгет ауылының тұрғыны 6 жасар Эльдар Зейноллаға мектепке қажетті құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Департамент басшысының орынбасары Нұржан Сейдалиев биылғы жылы мектеп табалдырығынан алғаш рет аттағалы тұрған Эльдарды қаржы полицейлерінің атынан құттықтап, оқуда табыс тіледі»,-деп атап көрсетті департаменттің баспасөз хатшысы.
 
ҚЫЗЫЛОРДА. 15 тамыз 2013, 15:06. BNews.kz

Астанада мектеп формасы мен керек-жарақтар 50% жеңілдікпен сатылады
 
24 және 30 тамызда Астанада қалалық алаңда «Мектепке жол» алтыншы жыл сайынғы республикалық акциясы аясында мектеп жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл жәрмеңкеге Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкенттен 28 кәсіпкер қатысады. Акция барысында мектеп формасы, оқулықтар, балаларға арналған ой-сананы дамытатын кітаптар, сөмкелер, портфельдер, рюкзактар, кеңсе заттары, мектепке арналған аяқ киім мен күртешелер, т.б. өнімдер сатылады.
Мектеп формасын 50%, ал мектепке арналған жазу құралдарын 30% төмендетілген бағамен сатып алуға болады. Сонымен қатар, қала алаңында жәрмеңке өту барысында Оқушылар сарайы, музыка, өнер мектептері оқушыларының қатысуымен концерт өткізіледі.
 
Сілтеме: www.bnews.kz, АСТАНА. 14 тамыз 2013

ШҚО-да «Мектепке жол» акциясы басталды

01.08.2013
Шығыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық дәстүрлі акция басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.   «Акция 30-шы қыркүйекке дейін жалғасады. 
     
Биылғы жылы ол «Болашақты біз бірге жасаймыз» деген ұранмен өтпек. Акция барысында көмекке мұқтаж балаларға бюджет және демеушілер қаржысына қажетті заттар алынады. Өткен жылы әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларының балаларына 70 млн теңгеге жуық көмек берілген. Жалпы саны 27 мыңнан астам акциямен қамтылды»,-деді балалар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Исаев. 
Шараға балалар, шығармашылық ұжымдар, ата-аналар, ұстаздар мен демеушілер қатысады.
 
ӨСКЕМЕН. 1 тамыз 2013, 20:55. BNews.kz

Барлық бала оқумен қамтылды

Жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қарайласу біздің қоғамның өзекті міндеті. Өйткені, осы жас буын бүгінгі іргелі істердің жалғастырушысы және дамытушысы болып табылады. Осы бағытта атқарылып жатқан игілікті жұмыстар көңіл қуантарлық дәрежеде. Соның бірі ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған «Мектепке жол» акциясын айтуға болады. Ағымдағы жылы аталған акция аясында облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті және білім беру саласының ұйымдастыруымен 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында кешенді жұмыстар атқарылды.
Шара басталмас бұрын осы маңызды істің жоспары жасалып, бекітілді. Сондай-ақ, оқушыларға қайырымдылық көмек көрсету және жаппай оқумен қамту жөніндегі рейттер ұйымдастыруды қадағалайтын комиссия да құрылды.  Тіпті, қала ортасындағы «Арбатта» күн сайын және коммуналдық базарда және басқа да белгіленген орындарда мектеп жәрмеңкесі өтіп тұратын болып келісілді. Онда мектепке баратын балаларға арналған оқу құралдары, мектеп формасы, тағы басқа оқушылаға қажетті бұйымдар сатылады. Олардың құны базар бағасынан әлдеқайда арзан болады деп күтілген. Бұл тұрғындардың қажетін қанғаттандырады деген мақсаттың үддесінен шығады деген байламда жасалды. Сонымен қатар, акция аясында қала маңындағы саябақтарды, тұрмысы төмен отбасыларды аралап, сабаққа баруға мүмкіндігі шектеулі балаларды анықтау жұмысы да тыңғылықты жүргізілді.
Тиянақты орналастырылған жоспар өз деңгейінде орындалып, қомақты нәтиже көрсетті. Мұны қаламыздағы Нұрғиса Тілендиев атындағы саз мектебінде өткен акцияның қорытынды жиналысында білдік. Шара барысында қала әкімінің орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев бастаған бірқатар құзырлы органның өкілдері акцияның маңызы мен жетістігі туралы тоқталса, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Самғат Долаев акцияның жалпы қорытындысын ұсынды.
Оның айтуынша, биылғы жылы аз қамтылған және көпбалалы отбасында тәрбиеленетін 20 мыңға жуық балаға 150 млн. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілген. Мұның 90 млн. теңгеге жуық қаражаты демеушілердің есебінен көрсетілген. Ал облыстық басқарма, департаменттерге 85 бала бекітіліп, оларға 1,5 млн. теңгеге жуық көмек көрсетіліпті. Осы барыста, балаларға тек материалдық көмек көрсетіліп қалмастан, жылулық пен қамқорлық танытып, олардың қоғамға деген сенімін ұштаған ізгілікті істерде жетерлік. Тіпті, биылғы жылы қоғамдық қорлар мен жеке кәсіпкерлерде игілікті шараға белсене атсалысқанын білдік. Жиналыстың соңында акцияға барынша қолдау танытқан бірқатар басқармалар мен бұқаралық ақпарат құралдары және жеке кәсіпкерлерге облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және қала әкімінің Алғыс хаты табысталды.  
Әлбетте, ұрпақ болашағына үлкен жол ашатын акция алдағы күнде де кешенді түрде жалғасады.

Қажет Андас,
Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу» газеті,
№116, 09.10.2012 ж.


Мектепке жол

Республика көлемінде тамыз айының 1-інен қыркүйектің 30-ына дейін «Мектепке жол» акциясы өткізілуде. Бұл шараның басты мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы  отбасы және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға  қолдау көрсету. Олардың мектеп формасы, оқуға  қажетті құрал-жабдықтармен толықтай қамтылып, алаңсыз білім алуына жағдай жасау.
Игі шарадан Талдықорған қаласындағы №13 орта мектебі де тыс қалған жоқ. Аталмыш білім шаңырағының  директоры Гүлжан Садыбаеваның басшылығымен мектеп ұжымы 4 сынып оқушысы Жақыбай Назгүлге киім-кешек, оқу құралдарын сатып әперді.
- Жалпы мектепте 50 аз қамтылған, 24 көпбалалы отбасыдан шыққан,  13 жартылай жетім, 2 қамқоршыда тәрбиеленетін, 30 мүгедек оқушы бар. Көмекке зәру отбасы балаларына азды-көпті қол ұшын  беру - әр адамның борышы. Бұл істе ұстаздарымыз да белсенділік танытып, қайырымдылық қасиетті іс болғандықтан әркім өзінің жүрек қалауы бойынша қолынан келген көмегін көрсетуде, - дейді Гүлжан Сейтжапарқызы. Сонымен бірге қадағалаусыз және панасыз, мектептен шет қалып, жүйелі түрде оқуға бармай жүрген балаларды анықтау үшін мұғалімдердің қатысуымен рейд жүргізілді. Рейд барысында балаларды жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту мақсатында аулалар мен пәтер аралау жұмыстары ұйымдастырылды. Тұрмысы төмен отбасы балаларына қамқорлық көрсету ісі әлі де жалғасын табуда.

Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу» газеті, №111, 25.09.2012 ж.


«Жақсылық жасауға асығамыз!»

Әр бала өмір жолының ең басында ересек адамдар жағынан көмек пен қолдауды сезінуі қаншалықты маңызды және қажет.
Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті бастамасымен және «АБДИ Компани» АҚ қолдауымен а.ж. 26 шілде күні Көкшетау қ. «АБДИ Компани» дүкенінде ақша мен мектеп кеңсе тауарлары жинау үшін жәшіктер орнатылды.  
25 қыркүйек күні балалардың құқықтарын қорғау Департаменті, шығармашылық дарынды балалармен жұмыс бойынша ООӘО бірлесіп «Мектепке жол» акциясы шеңберінде Көкшетау қ. кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығында қайырымдылық іс-шара өткізді.
                            
Кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығы тәрбиенушілері үшін концерттік бағдарлама мен танушылық ойындар ұйымдастырылды. Және, әрине де, сыйлықтар болды, балаларға акварельді бояулар, альбомдар, пластилин, түрлі-түсті қарындаштар, дәптерлер, қаламдар, пазлдар және көптеген басқалар ұсынылды, сонымен қатар балаларға тәттілер сыйланды.
Көкшетау қ. КТБО басқарушылығы Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаментіне балаларға деген бөлген көңіл мен қолдау үшін алғысын білдірді.
Іс-шарада Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті, шығармашылық дарынды балалармен жұмыс бойынша ООӘО, «Любимый город» қалалық газетінің тілшілері, кәмелетке толмағандарды бейімдеу Орталығының тәрбиенушілері мен қызметкерлері қатысты.
                                                                                    


Жомарттықтың үлгісі

Дәстүрлі «Мектепке жол»акциясына аясында Бесқарағай ауылының тұрғындары аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушыларын қамқорлыққа алып,атымтай жомарттықтың үлгісін көрсетті.Мейірім – шапағатыншашқан азаматтар қатарында Б.Әлкеев,Н.Увакова,Қ.Тиканова бар. Олар көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына мектепке қажетті киім – кешектер,кеңсе заттарын табыстады. Жергілікті мемлекеттік мекемелер қызметкерлері де көмектерін аямады.

Бегімхан Керімханұлы. Павлодар «Сарыарқа Самалы» 18 қыркүйек 2012 жыл.


Жақсылық жасалды

«Мектепке жол» акциясына Павлодар ауданындағы Григорьевка орта мектебінің ұстаздар қауымы белсене атсалысуда. Олар ауыл кәсіпкерлерін тарту арқылы көмекке мұқтаж оқушыларға мектепке өажетті кеңсе заттарын сыйлады. Бұдан бөлек бес балаға аяқ киім мен оқу құралдарын сатып алды. Көмек қолын созған «Жаңа қала» шаруа қожалығы көп балалы Асайыновтар отбасының балаларына жиырма мың теігеге кеңсе заттары мен киімдер табыстады. Акцияға қатысқан «Абетанов» және «Болашақ» шаруа қожалықтары Маңсұр Шотбаевты спорттық киім және өзге де қажетті заттармен қамтамасыз етті. Қайырымдылық ңске үлес қосқандар қатарында «Ким», «Бақриденов», «Шерниязов», «Салтанат», «Омаров», «Қабылдинов», «Шабанбаев»жеке кәсіпкерліктері де болды.

С.Шерниязова. Павлодар «Сарыарқа Самалы» 18 қыркүйек 2012 жыл.


«Мектепке жол» акциясы аясында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен, «КаР-Тел» ЖШС-нің Тараз қалалық филиалының қолдауымен өткізілген қайырымдылық іс-шара туралы

«КаР-Тел» ЖШС-нің (Қазақстандағы Beeline-нің бренді) Тараз қалалық филиалы «Beeline–ның жеті қайырымды ісі» жобасының аясында 2012 жылдың 1 тамызында «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен бастау алған «Мектепке жол» акциясына қолдау білдірді.
Кең көлемдегі әлеуметтік акция аясында, аталған компанияның Тараз қалалық филиалы Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынған тізіміне сәйкес, Департаментке «Мектепке жол» акциясы аясында көмек көрсетуді сұраған аз қамтамасыз етілген отбасының 30 баласына мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарын әзірледі.
                       
Қайырымдылық іс-шараны Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Мәуленов Думан Болатұлы ашып, республикалық «Мектепке жол» акциясы оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету мақсатында өткізіліп жатқандығын айтты. Сонымен қатар акцияның мақсаты - аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алу екендігін жеткізді.
Сонымен қатар қайырымды істері үшін және балаларға арналған қайырымдылық іс-шараға белсене қатысқандығы үшін «КаР-Тел» ЖШС-нің (ТМ Beeline) Тараз қалалық филиалының коммерциялық директоры Дмитрий Андрусенкоға алғыс хат табыстап, компания ұжымына өз алғысын білдірді.
                     
Өз кезегінде «КаР-Тел» ЖШС-нің (ТМ Beeline) Тараз қалалық филиалының коммерциялық директоры Дмитрий Андрусенко Beeline компаниясы бірнеше жыл бойы Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамаларын қолдап келе жатқандығын айтты. Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына бүгінгі сыйлықтар жаңа оқу жылында әлеуметтік бейімдеуге көмектесетіндігіне сенетіндігін жеткізіп, оқу құралдары балалардың білім алуына сеп болатынын айтты.
Іс-шара соңында барлық балалар мен олардың ата-аналары мектепке қажетті жаңа оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілгендіктеріне қуаныштарын білдіріп, аталған іс-шараны ұйымдастырушылар мен қолдаушыларға өз алғыстарын жеткізді.


Игілікті іс

2012 жылғы 11 қыркүйекте Качиры ауданының Мәдениет үйінде республикалық «Мектепке жол» акциясы шеңберінде дәстүрге айналған «Аялы алақан» марафоны өтті.
Акцияға аудан әкімі, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттары, ұйым басшылары, кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының басшылары, ауыл тұрғындары, аудан мектебінің оқушылары, барлығы 300 адам  қатысты.
Аудан әкімі Күлжан Мұқатайұлы Нұрлан барлық қатысушыларды құттықтап, алғысын білдірді. Аудан әкімі оқушылардың оқудан қалмауын және материалдық жағынан қиындық көрмеуін, оған барлығы да өздерінің үлестерін қосуды  сөз етті.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Наталья Владимировна Нефедова аудан басшысы кең ауқымды іс-шараны ұйымдастырып жатқаны және балаларға деген ерекше ықыласы үшін алғысын білдірді.
Акция барысында «Нұр Отан» ХДП филиалының бірінші орынбасары Г.Н. Аменова, облыстық мәслихат депутаты Г.К. Нұрханова, «Силяев» ШҚ басшысы В.И. Силяев, аудандық мәслихаттың депутаттар корпусынан Н.Т. Алипова, ауылдық округ әкімдерінің атынан – Береговой ауылдық округінің әкімі Т.А. Тоқтасов, аудан кәсіпорын басшыларының атынан  - А.А. Вагнер, аудандық аурухананың дәрігері – Д.М. Секенов, аудан мектептерінің директорлары атынан - № 1 Песчан ЖОМ директоры О.О. Романишина және  № 1 Качиры ЖОМ директоры  Б.Г. Суханкулова, ата-аналар қоғамы атынан – қамқоршы Л.П. Медведева қатысып, сөз сөйледі.
«Жасотандықтар» да шет қалмады – жастар қанатының төрайымы А.К. Смайлова құттықтау сөз сөйледі.
              
Аудан ардагерлері Кеңесінің төрағасы Л.И. Балютина әсерлі сөздерімен сөз сөйледі, ол аталған акцияның қайырымды да, игілікті іс екенін атап кетті. «Адамдар балаларға көрсетілген материалдық көмекпен бірге өзінің аз ғана болса да, жан жылулығын беруге тырысады, оларға қуаныш сыйлайды. Біз – мұндай акцияны өте қажет және маңызды деп санаймыз» - деді. Ардагерлер Кеңесі  Береговой және Песчан ауылдық округінің әлеуметтік қорғалмаған әлсіз тобынан шыққан  балаларға көмек көрсетті.
Марафонды өткізу барысында Мәдениет үйінің залында қаражат жинау жәшігі орнатылды, оған әрбір қатысушы өз үлесін қосуға тырысты.
Марафон қорытындысы бойынша 288 мың 600 теңге, сондай-ақ киімдер мен кеңсе тауарларының жиынтығы жиналды. Баяндама арасындағы үзілісте балалар ұжымы қонақтарға өздерінің шығармашылық өнерлерін көрсетті.
«Аялы алақан» марафонының соңында балалық шақ мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүзеге асырылды. Қабылдауға барлығы ауданның 3 тұрғыны қатысты, олар «Мектепке жол» акциясы шеңберінде балаларға көрсетілген қолдауға алғыстарын білдірді.
              
Іс-шараға бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қазақстан-Павлодар» ОТРК өкілі, облыстық радио, облыстық «Сарыарқа самалы» газеті, аудандық «Заря» және «Тереңкөл тынысы» газеттері қатысты.
Қайырымдылықтың  көп қыры бар,  ал игілікті істің тарихы дәстүрге өте бай, себебі біз жасаған әрбір рақымшылдықтың нақты мәнісі бар. Игілікті істің көптеген атауы бар. Біз Сіздерді – қолдаушылар, меценаттар, қамқоршылар, демеушілер, ізгілікті жандар десек те – қайырымдылық жасаудасыздар. Сіздерге, көп рахмет!


Қайырымдылық жасауға асығайық!

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің жариялауымен тамыз айының 1-нен қыркүйектің 30-на дейінгі аралықта еліміздің барлық аймағында жалпыреспубликалық "Мектепке жол" акциясы өткізіліп жатқандығы белгілі. Ол "Қайырымдылық жасауға асығыңыз!"  деген үндеумен өткізілуде. Биыл бесінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шара өзінің әлеуметтік өзектілігін дәлелдеп отыр.
Акцияның басты мақсаты- аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және жеткіншектердің мектепке әлеуметтік себептермен бара алмай қалуының алдын алу.
"Мектепке жол" акциясы барысында қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен көмекке зәру балаларды анықтау бойынша рейдтер жүргізілді. Осы рейдтердің нәтижелері негізінде әлеуметтік көмек  көрсетуді қажет ететін балалардың тізімі жасалып, олар көмек қолын ұсынуға даяр мемлекеттік мекемелер мен бизнес құрылымдарына бекітіліп берілді. Соған сай оқушылардың жаңа оқу жылына  сақадай сай дайындықпен баруына мүмкіндік ашылды.
Қалада "Мектепке жол" акциясының бес бөлімшесі ашылған, бұлар-Талдықорған қалалық білім бөлімінде (№4 орта мектеп), Еркін, Өтенай ауылдық округтерінде, "Мүшелтой"  жеткіншектер клубында және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде жұмыс істеуде.
№4 орта мектепте орын тепкен бөлімшеде кәсіпкерлер, жекелеген азаматтардың демеушілік етуімен 127 балаға 15 мың теңге көлеміндегі көмек көрсетіліп, мектеп киімі, оқу құралдары, портфель алынып берілді. Аталмыш  оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етіліп, мектеп асханасынан  тегін тамақ  ішуге мүмкіндік алды. Талдықорған қалалық балалар құқығын қорғау секторының меңгерушісі Рита Омарова, №4 орта мектептің директоры Гаухар Елубаева бастап қала жұртшылығын, ата-аналарды  осынау шарапатты іске атсалысуға шақырып, "Мектепке жол" акциясының өз деңгейінде өтуіне өз үлесін қосуда.

Марал Қылышбаева. "Жетісу"  11 қыркүйек 2012 жыл.


Мемлекеттік мекемелердің «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясына қатысуы

Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау мақсатында, ағымдағы жылдың 28 тамызында Ақтөбе облысы әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатованың қатысуымен балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында  кезекті қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында облыс әкімінің орынбасары С.Нұрқатова: Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық мерекеге айналды. Бұл мейрамның  әрбір  адам өмірінде алар орны ерекше. Жаңа оқу жылы баршаңызды жаңа жетістіктерге жетелесін!  Оқуда да, еңбекте де алда болайық! Мереке құтты болсын ! – деп  тілегін білдіріп, өзінің отбасының атынан және  тілдерді дамыту, кеден бақылау, сәулет және қала құрылысы, Ақтөбе облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп, Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы, Ақтөбе облысының Статистика, Ақтөбе сот актілерінің орындау мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті т.б., мемлекеттік мекемелер тарапынан жаңа оқу жылына аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 39 балаға  мектепке қажетті құрал-жабдықтар мен формаларын  табыстады.
Атап айтсақ, биыл акцияға 19 мемлекеттік мекемелер 66 аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына 1 650 000 теңгеге жаңа оқу жылына дайындауға ат салысты.
            


Балалар қайырымдылық шапағатына бөленді

Қызылорда қаласындағы  санаториялық №8 мектеп-интернатында «Темір банкі» АҚ Қызылорда филиалының өкілдерінің, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен кең көлемде «Мектепке жол» республикалық акциясы болып өтті.  
Акция барысында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың 33 тәрбиленушісіне 250,7 мың теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
Шара барысында интернат тәрбиенушілерінің ұйымдастыруымен концерт қойылды. Өз кезегінде балалардың ата-аналары «Темір банкі» облыстық филиалына алғыстарын білдірді.
               


Мейірімділік жасауға асығайық! ...

Осындай ұранмен Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес жаңа оқу жылы қарсаңында республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы аудандық кезеңі облыс аудандарында үлкен қолдаумен өтуде. Соның көрінісі - Батыс Қазақстан облысы Тасқала және Ақжайық аудандарында аз қамтылған және көп балалы отбасыларының 330 оқушысына сыйлық ретінде мектеп құралдары, кітаптар мен мектеп киімдері табыс етіліп, 800-ден астам адамның қатысуымен өткен қайырымдылық акциясы.
Аудандық Мәдениет үйлерінің іші осы мереке сай болды. Шарлар мен «Мектепке жол» республикалық акцияның логотипімен безендірілген залда ауданның жас дарынды балалары ән шырқап, ата-аналар мен оқушылардың алдында отандық композиторлар мен ақындардың шығармашылығын паш етті.
Оқушыларды, жиналған қонақтарды жергілікті орындаушы органдарының және БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері құттықтап, балаларға еліміздің лайықты азаматтардың қатарында болуларына сенім артып, болашақ өмірлеріне сәттілік тіледі. Сыйлықтар мен бірге ән мен бидің әсерін алған жас балғындар үлкен апа-ағалары алдында оқуда және қоғамдық өмірде белсенділік көрсететіндерін айтты. Ал балалардың ата-аналары Қазақстан Републикасы Білім және ғылым Министрлігіне, жергілікті орындаушы органдарының өкілдеріне және меценаттарға алғыстарының шексіз екендігін жеткізді.
Акцияны жүзеге асыруда өзінің көмегін аямай, балалардың мектепке баруына қажетті жағдай туғызып, қаржылай көмек ұйымдастырған ел азаматтарының үлесі зор. Тек осындай ақ ниетті, адал жүректі, мейірімді жандар қатары арта берсін.
                                               


Балалар игілігі үшін!

Әлем мейірімді жандарсыз емес, бір қарағанда байқалмағанымен  мейірімді жандар өте көп. Мүмкіндіктері шектелген балалар туралы сөз қозғағанда оларға қол ұшын бергісі келетін жандар да табылады. Ондай мейірім адам баласы жүрегінің түбінен шығады.
2012 жылғы 7 қыркүйекте  Қарағанды облыстық психикалық дамуы шектелген балаларға арналған мектеп-интернат базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен «Жұлдызай» Корпоративтік қоры (Астана қаласы) бастамасымен Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Білім басқармасы дамуында ерекше сұранысты қажет ететін балаларға арналған республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Балалар игілігі үшін» акциясын өткізді.  Осы шараға қатысуға облыстық көзі кеміс, тірек-қимыл аппараты, есту қабілеті, психикалық дамуы бұзылған балаларға арналған мектеп-интернаттарынан 47 бала шақырылды.
             
Оқу жылының басталуымен балаларды құттықтауға балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры  Киселева И.Б., бас маманы Есенжолова М.О., Білім басқармасының бас маманы Мажитова Г.К.,  «Жұлдызай» Корпоративтік қорының өкілдері, атан-аналар мен педагогтар келді. Аталмыш қор бірінші кезекте дамуында ерекше сұранысты қажет ететін балаларға қамқорлық етеді. Осындай мерекелік шараны олар Қазақстанның барлық аймағында өткізіп отыр. Олардың бастамасымен 7 жыл бойы балалар шығармашылығы фестивалі өткізіліп келеді. Осы қордың өкілі Сыздыкова Сауле балаларға жақсы оқып, білім жетістігіне жету жолында барлық жақсылықты тіледі. Мерекенің негізгі кезеңі балаларға мектеп құралдары салынған сөмкелер сыйлау болды.
                                                                         
Департамент директоры Киселева Ирина Болеславовна «Жулдызай» қорының өкіліне алғыс хат табыстады.
Балалардың жүздері жайнап,  мәз-мейрам болды, ал ата-аналар мерекені ұйымдастырушылар мен меценаттарға ризашылығын білдірді.
Дамуында  ерекше сұранысты қажет ететін балаларға арналған мектеп-интернат тәрбиеленушілері ән салып, би билеп тамаша көңіл-күй сыйлады.
Шара соңында шараға қатысушылар естелік суретке түсті.
Мұндай шаралар балалар жадында сақталып қалады, мүмкін, кейін олар да өз қасындағыларға көмек қолын созатын болады.

 


«ЖҰЛДЫЗАЙ» КОРПОРАТИВТІК ҚОРЫМЕН – «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ»

Қызылорда облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда. «Жұлдызай» корпоративтік қоры бір неше жыл көлемінде мүмкіндігі шектеулі балаларға қайырымдылық қолын созып келеді.
Биыл да аталмыш қор жарымжан балаларға сыйлық дайындады. «Жұлдызай» КҚ-ның сыйлықтарын салтанатты түрде облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті №6 түзету мектеп-интернатының акт залында тапсырды. Атап айтқанда, 50 балаға оқу-құралдарымен жабдықталған оқушы сөмкелері табыс етілді. Шара барысында интернат тәрбиенушілерінің ұйымдастыруымен концерт қойылды. Өз кезегінде балалардың ата-аналары «Жұлдызай» қорына алғыстарын білдірді.
«Мектепке жол» акциясы көлемінде жасап отырған осы әрекеті арқылы«Жұлдызай» КҚ қайырымдылықтың қайнар бұлағы екендігін көрсетті.
                           


«Мектепке жол» акциясына Цеснабанк қосылды

Жаңа оқу жылының басында әлеуметтік бағытта 5 –ші жыл өткізіліпған «Мектепке жол» акциясына Цеснабанк қосылды.  Цеснабанктен еліміздегі 440 оқушы бағасы 15 000 тенге тұратын сөмкелелер мен кеңсе тауарлары түріндегі көмек алатын болды, оның ішінде 40 оқушы Теміртау, Қарағанды қалаларының тұрғындары. Қарағанды облысында банк Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Теміртау қалалық білім бөліміндегі «жедел желіге» хабарласқан отбасылар балаларына көмек көрсетті.
                                                                  
Қарағандыда қайырымдылық акциясы Цеснбанк ғимаратында 31 тамызда өткізілді. Оқу жылының басталуымен балаларды Цеснабанк және Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылары құттықтады. Бұл бірінші сыныпқа баратын балалар үшін үлкен мереке болды. Олар Цеснабанк директорының орынбасары Мұқажанов Абылай Мұратұлының қолынан сөмкелерге толтырылған оқу құралдарын алды.
Акцияның соңы меценаттар мен балалар  фотосессиясына жалғасты.
                                                  


Жақсылық жасауға асығайық!    

Елбасының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұсынысымен  2012 жылғы 31 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Нұр Отан» ХДП ШҚФ бірлесіп жалпыреспубликалық «Мектепке жол», «Келешек бүгіннен басталады» акциясы аясында «Жақсылық жасауға асығайық» ұранымен 22 балаға арналған қайырымдылық акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты облыс өңіріндегі аз қамтылған, көп балалы отбасына балаларын мектепке дайындауға қолдау көрсету, әр баланың мектеп партасына отыруына жағдай жасау болды.
Акцияға Өскемен қаласы, Глубокое ауданынан 22 бала мен ата-аналары шақырылды.  Іс-шара «Нұр Отан» ХДП ШҚ филиалы Төрағасының бірінші орынбасары Т. Түсіпбекұлының  балаларды ертеңгі Білім күнімен құттықтаған, балаларға ізгі тілектер білдірген жылы лебізімен ашылды.
Көп балалы, аз қамтылған отбасының балаларына  жылы қыстық киімдер, костюмдер  сыйланды.
Балаларды ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Исаев құттықтап, балаларға мектеп құралдары салынған  сөмкелерін,  мектеп формаларын үлестірді. Балалардың асыға тосқан сыйлықтарына мәз болғыны, сыйлықтардың өте ұнағаны олардың жүздерінен байқалды. Ата-аналар тарапынан ұйымдастырушыларға алғыстар айтылып, барлығы дән риза болды.  
 Акция   жалғасуда.
                           


«Мектепке жол» «Цеснабанк» АҚ бірге

Республика аумағында «Болашақ бүгіннен басталады!» республикалық акция шеңберінде шаралардың өткізілуі жалғасуда.
Оқу жылы басының қарсанында «Цесна банк» АҚ елімізде бесінші жыл өткізіліп келе жатқан және әлеуметтік бағыттағы «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына қосылды.
Қаржы-несие мекемесі өз қызметінде материалдық көмек көрсетуге бағытталған түрлі акцияларға қатыса отыра балалар мен балалар мекемелеріне ерекше назар аударуда.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен оқу жылына дайындық кезіне қолдан келерлік көмек көрсету үшін тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын оқушылардың тізімі дайындалды.
2012 жылдың 29 тамызында Қостанай қаласының 20 оқушысына салтанатты жағдайда арқа қоржындары тапсырылды. «Цеснабанктің» Қостанай филиалымен көрсеткен көмектің жалпы сомасы 300 мың теңге құрады.
«Цеснабанктің» игі іске қатысуы – қайырымдылықтың дамуына қосқан баға жетпес үлесі және қамқорлыққа, ықыласқа мұқтаж балаларға көрсеткен елеулі қолдау екені сөзсіз.
Изгі істер елеусіз қалмайды, олар көмек күтетіндерге өз сәулесін беруде. 
   


Балалар мектепке баратын болды

 Елбасының балаларды оқумен толық қамту туралы тапсырмасын орындау мақсатында Маңғыстау облысында тамыз айының 1 мен қыркүйектің 30 аралығында «Мектепке жол» акциясы өтіп жатыр. Акцияның мақсаты мүмкіндігі шектеулі және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды мектепке дайындауға көмектесу. Балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте  мектепке себепсіз келмей қалудың алдын алу.
Аталған акцияның аумағында 2012 жылдың 29 тамызында Ақтау қаласының №15 орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтті. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкері А. Аблаев балаларға жаңа оқу жылында мол табыс тілей отырып, «Қазақстан балалары», «Жұлдызай» журналдарын балаларға сыйға тартты.
                                                                           
Демеушілер Ақтау қалалық құрылыс және сәулет бөлімі, «Ақтау құйма зауыты», «Кар-тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және мұғалімдер №15 орта мектептің 25 оқушысына барлығы 135 390 теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп құрал-жабдықтары салынған рюкзактарды сыйға тартты, сондай-ақ, «МАЭКҚазАтомПром» ЖШС-гі 6 оқушыға 100 мың теңге қаражатқа оқу киімдерін және спорттық костюмдер алып берді.  
Оқушылар акция демеушілеріне ризашылықтарын өздері дайындаған концерттік бағдарламамен білдірсе, ата-аналар алғыс ретінде білдірді.


Сәт сапар – «Мектепке жол»

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен өткізіліп  отырған «Мектепке жол» акциясына Қызылорда қаласының Цеснабанкі де  өз үлесін қосты. Атап айтқанда, Цеснабанк қызметкерлері,  биылғы жылы баратын 20 балаға өз ғимаратының ішінде оқушы сөмкесін оқу- құралдарымен  толық жабдықтап, тапсырыс жасады.  
Балалар мұндай қуанышты сыйлыққа мәз-майрам болып, ата-аналар банк қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.    
-Биыл мен бірінші сыныпқа барамын,- деп күлімдейді толық жабдықталған сөмке иегері Жұлдызай Ордабекова. Цеснабанкке көп рахмет!
Осы акцияға інісімен келген үшінші сынып оқушысы Жалғас Ордабаевтың қуанышында шек жоқ. - Менің інім биыл мектепке барады, ол әрине жақсы оқитын болады. Сіздерге көп рахмет.
Алты жастағы Гүлзира Исаевада қуанышты.- Сыйлықтарыңызға рахмет, мен жақсы оқитын боламын!
Ата-аналардың атынан сөйлеген  Жұлдызайдың анасы Ордабекова Роза Цеснабанк қызметкерлеріне аналық алғысын айтып, жасаған   қайырымдылығының игілігін берсін деп, батасын берді. - Балаларымыз әр қашан бақытты және қуанышты болып өссін!
    


Цеснабанк акцияға ат салысты!

Қаламсаптар, түрлі-түсті қарындаштар, дәптерлер – жаңа сөмкелер кеңсе тауарларымен нығыз толықты. Қанық түсті портфельдерде мектеп оқушысына қажетті заттың барлығы да бар. Бүгінгі күні мұндай жинақты кез-келген ата-ана сатып ала алмайды. «Мектепке жол» акциясының діттегені қайырымдылық көрсету.
Оқу жылының басталуы қарсаңында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасыны Білім және ғылым министрлігі бастамасы бойынша елімізде бесінші жыл өткізіліп келе жатқан және әлеуметтік бағытты атқаратын «Мектепке жол» акциясына Цеснабанк ат салысты.  
                                                                          
Жалпы сомасы 300 000 мың теңге мектепкке арналған сөмкелер мен кеңсе тауарлары түріндегі атаулы көмекті солтүстік өңірдің аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бірінші сыныпқа баратын 20 оқушысы алды.
«Цеснабанк» АҚ СҚОФ директоры Құлыбек Шопанов - Балалар аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқанымен таршылық көрмеуі тиіс. Біз олардың мектептегі оқуын тұрақты қамсыздандыру үшін қолдан келгеннің барлығын жасауға тиіспіз – деп атап көрсетті.
Акция 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
                                                                        
 


Қостанайлықтар игі істерді бірге атқаруда

2012 жылдың 29 тамызында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі - Департамент) «Жолашар» қайырымдылық акциясы шеңберінде дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің мүддесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға бағытталған «Мектеп портфелі» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Белгісіз болып қалуға ниет білдірген облыс орталығының жас азаматы әлеуметтік жүйе арқылы балаларға мектепке дайындалуда көмек көрсетуде өз үлестерін қосқысы келетін адамдарды жинады.
                                 
Олардың әрқайсысы оқу жылы басына балаларды дайындауда өздерінің қолдан келерлік көмектерін көрсетті.    
Екеуі үйде білім алып жатқан, мұқтаждығы ерекше төрт балаға мектеп құралдары бар пакеттер, ал Қостанай қаласының жалпы білім беру мектептерінде оқитын 4 қыз балаға мектеп арқа қоржындары мен кеңсе құралдары сыйға тартылды.
Жастардың үлкен ықыласы, игі құлшыныстары 8 оқушыға қамқорға және көңілге толы нағыз мереке сыйлады.
Солардың арқасында балалар Қостанай облысының мектептерінде білім алуға дайын болды.
  Шараның қорытынды бөлімінде Департамент мамандары балаларға  шай ішуге тәттілер тарту етті.
Осындай жақсылықтар көрсету – адамгершілік, көмекке зәру жандардың қайғысына ортақтасу және олардың мәселесін терең ұғынудың айғағы. 


 Цеснабанктің Жамбыл облыстық филиалының балаларға көрсеткен көмегі

Жаңа оқу жылының қарсаңында Цеснабанктің Жамбыл облыстық филиалы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша мектепке балалардың келмеуінің алдын алуға бағытталған «Мектепке жол» акциясына атсалысты.
Қайырымдылық іс-шара салтанатты жағдайда Цеснабанктің Жамбыл облыстық филиалының ғимаратында 29.08.2012 жылы Цеснабанктің Жамбыл облыстық филиалының директоры Доланбеков Ғалымжан Ануарұлы, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Сұлтанбаев Зейнел-Нәби Маралбайұлы мен Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің өкілі Байназарова Айгүл Тоқтыбайқызының қатысуларымен өтті.
                  
Іс-шара басталар алдында бұл шараға балаларға арнайы шақырылған клоун балаларды «Кім мықты» деген ойынға шақырды. Аталған ойын бірінші сынып балаларын қатты қызықтырып, олар бірге ойын жаттығуларын жасап, шаттанып, ойнап күлді.
Мұнан соң Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев келе жатқан 1 қыркүйек - білім күнімен балаларды құттықтап, аталған акцияның басты мақсатын атап өтіп, Цеснабанктің Жамбыл облыстық филиалының ұжымына аз қамтылған отбасы балаларына көрсетіп жатқан көмектері үшін алғысын жеткізді.
Цеснабанктің Жамбыл облыстық филиалының директоры Доланбеков Ғалымжан Ануарұлы Цеснабанкі өз қызметтерінің барысында балалар мен балалар ұйымдарына ерекше назар аударып келе жатқандығын жеткізді. Сонымен қатар балалар біздің – болашағымыз, сондықтан біз де балаларға арналған «Мектепке жол» акциясы секілді қайырымдылық шаралардан сырт қалмауымыз қажет деді.
Мұнан кейін Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің өкілі Байназарова Айгүл Тоқтыбайқызы балаларға жақсы оқуларына сол арқылы Қазақстан Республикасының үлгілі, білімді азаматтары болуларына тілектестігін жеткізді.
Ары қарай бірінші сыныпқа баратын 20 балаға жаңа оқу жылына қажетті мектеп формалары мен қажетті оқу құрал-жабдықтары тарту етілді.


«Мектепке жол акциясының жүруі туралы»

Акцияның алғашқы айы барысында күнкөрісі төмен, көпбалалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  отбасылардың 122 320 балаға жалпы сомасы 1 млрд. 543 млн. 579 мың теңгеге көмек көрсетілді, оның ішінде 459 млн. 848 мың теңге демеушілердің қаражатынан бөлінді.  
Даму мүмкіндігі шектеулі 1000 мың балаға «Жұлдызай» қоғамдық қоры жалпы сомасы 5 млн. теңгеге көмек көрсетті. Балаларға рюкзактар мен қажетті оқу құрал жабдықтары табыс етілді.
Алматы қаласы, Алмалы ауданының әкімі М.Пірінбеков жетім балалар мен күнкөрісі төмен отбасылардың 89 баласына мектеп формалары мен кеңсе тауарларын табыстады.
Алматы облысының «Мэри Кей» кампаниясы Ақсу ауданының Қызылағаш селосының, Ескелді ауданының, Талдықорған қаласының күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына көмек көрсетті.
Павлодар облысында – Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына «Мектепке жол» автопоезді ұйымдастырылды, Павлодар, Қашыр, Железинск аудандарының күнкөрісі төмен отбасыларының бірінші сыныпқа баратын 50 баласына көмек көрсетілді.
Әділет, Қорғаныс, Қаржы, Денсаулық сақтау, Көлік және коммуникация министрліктерлі 61 бала жалпы сомасы 1,8 млн. теңгеге көмек көрсетті.
Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық және бағынысты бөлімшелердің қызметкерлері 28 бала 600 мыңнан астам теңгеге көмек көрсетті.
«Цесна банк» АҚ күнкөірісі төмен және көп балалы отбасылардың 440 баласы жалпы сомасы 6 млн. 300 мың теңгеге көмек алды.
Осы кезеңге дейін акция туралы БАҚ-та 500-ден астам мақала жарияланып, 800-ге жуық сюжеттер жарыққа шықты.
Акция ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.


Мектепке жинаймыз!

Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаментіне Абылғазин Қайролла Ерғазыұлы келді: ол жалғыз үш кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп жатыр, отбасыда өз тұрғын үйі жоқ, жалынған үйде тұрады. 1 қыркүйек қарсаңында департаментпен балаларға арқа қоржындары, кеңсе тауарлары мен жаңа киімдер сыйланған.  Алғысымызды Хусаинова Ботагөз Гельманқызына айтамыз, ол селсоқ болып қалмай, балаларға жаңа арқа қоржындарын сыйлады.
Абылғазиндар отбасы үшін бұл жаңа оқу жылы алдында нағыз сыйлық болды.  Қайролла Ерғазыұлы отбасыға көрсетілген көмек үшін ризашылығын білдірді.
                                                                                     


«Мектепке жол» акциясы

 Елімізде жыл сайын  әлеуметтік жағдайы төмен  отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету   мақсатында,  1  тамыз бен  30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Ал,  2012 жылы  бұл акция «Жақсылық жасауға асығайық!» атты   ұранымен өткізілуде.
Акцияның мақсаты: аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бара алмауының алдын алу.
2012 жылдың 31 тамыз күні «Цеснабанк» АҚ-ның Оңтүстік Қазақстан облысы Филиалында, осы банк пен ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға Шымкент қаласындағы №83 жалпы орта мектебінің 20 баласы ата-аналарымен келді.
Іс-шара барысында «Цеснабанк» АҚ-ы ОҚО филиалы директорының орынбасары Садыков Асан Сабырханович және ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зұлпыхарова Рахима Әбдірашқызы акцияға қатысушы балаларға дендеріне саулық, оқуда озат, Қазақстан еліне өз үлесін қоса білетін азамат болуға тілек білдірді.
 «Жақсылық жасауға асығайық!» атты ұранмен өткізілген қайырымдылық іс-шарасында өңіріміздегі аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 20 балаға  жалпы 300 000 мың тенге көлемінде (әр балаға 15 000 тенге) мектепке қажетті заттар тапсырды. Сонымен қатар балаларға мерекелік дастархан жайылды, тәттілер мен сусындар берілді.
Акция концерттік бағдарламаға ұласып, балалар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын, жылы лебіздерін білдіріп, көтеріңкі көңіл күймен тарқасты.
«Цеснабанк»  АҚ-ы 1997 жылдан бастап жыл сайын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосып келетін «Цесна» Корпорациясының Біріккен қайырымдылық қорының мүшесі болып табылады. Банк  «Мектепке жол» акциясына биыл да қосыла отырып, өз қызметінде әлеуметтік жауапкершілікке баса назар аударатынын тағы да дәлелдеді.


Шымкентте 14 балаға көмек көрсетілді.

2012 жылдың 29 тамызында Шымкент қаласы «Мега центр» ойынсауық орталығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастырумен және  «Билайн» компаниясымен бірлескен қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Іс-шарға жиналған 14 балаға «Мега центр» орталығының ішіндегі «Happylon» ойынсауық  орталғындағы барлық ойын автоматтары мен жүрдек машиналарда тегін қызмет көрсетілді.  
Іс-шара соңында алғаш мектеп табалдырығына қадам басып жатқан жас жеткіншектерге «Билайн» компаниясының демеушілігімен 14 бүлдіршінге  толық мектепке арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ОҚО бойынша «Билайн» компаниясының атқарушы директоры Усибалиев Сакен Бераливичке алғыс хат табыс етілді.
Бұл акция  балалардың мәселелеріне қоғамның орнықты ықыласын және тұрақты қызығушылығын орнату,  балалар мен жасөспірімдердің білім алуларына толық қанды мүмкіндік жасап, қоғамдағы өзіндік орнын қалыптастыруға ықпал ету мақсатында өткізіліп жатқан іс-шара.
Іс-шара соңында жас жеткіншектердің ата-аналары ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментіне басшылық жасап отырған Ғ. Жүсіповаға және департамент қызметкерлеріне балаларының көңлерін бір серпілтіп тастағанына шексіз алғыстарын айтып, ризашылығын білдірді. Аладағы уақытта да бұндай іс-шаралар жалғасын тауып жатса екен деген пікірлерін де жеткізді.
Ата-аналар мен балалар акция соңында осындай ізгілікті іс-шараның әрі қарай жалғасын табатынына нық сенім білдіріп, қуанышпен қоштасып қайтты.


«Билайн» тағы да көмек көрсетуде

Жаңа оқу жылының басында аз қамтылған отбасылар балалары ұялы байланыстың үздік көшбасшыларының бірі ЖШС «Кар Тел» «Билайн» басшылығымен кездесу дәстүрге айналып отыр. Компания көмек пен қолдау көрсетуді қажет ететіндерді назардан тыс қалдырған емес.
                                                            
2012 жылдың 29 тамызында Билайн қызмет көрсету орталығында көңілді шара ұйымдастырылды. «Билайн» компаниясы қызмет көрсету орталығына келгендер балалардың бал-бұл жанған жүздері мен ұялшақтап тұрған аналарды көрді. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің сенім телефонына хабарласқан ата-аналардың балалары билайн кеңсесіне шақырылды. Шақырылғандарға олардың өтініштері бойынша сыйлықтар әзірленді. Біреуге оқу құралдары қажет болса, кейбір бала аяқ киім мен мектеп формасы қажет еткен. Қажеттіліктердің бәрін Михаил Вознюк басқарып отырған «Кар Тел» ЖШС Қарағанды филиалының қызметкерлері алып берді.
Балалар өмірін жақсартуға атсалысқан азаматтарға рахметімізді айтамыз.
                                                          


Цеснабанк  «Мектепке жол» акциясына қосылды
          
Жаңа оқу жылы басталуы алдында Цеснабанк Қазақстан Респуликасының  білім және ғылым Министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған «Мектепке жол» акциясына қосылды.
Арқа қоржыны мен кеңсе тауарлары түрінде адрестік көмекті барлық ел бойынша 440 бірінші сыныпқа барушылар алады.
Ақмола облысы бойынша көмекті 60 бірінші сыныпқа барушылар алды. Мұқтаж балалардың тізімдерін Цеснабанкке Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаментімен берілді.
А.ж. 29 тамыз күні Көкшетау қ. «Цеснабанк» АҚ Ақмола облысы филиалында «Мектепке жол» акциясы барысында қайырымдылық іс-шара өткізілді, оның барысында 20 бірінші сыныпқа барушыларға барлық кңсе тауарлары бар арқа қоржындары ұсынылды. Іс-шара Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті, БАҚ және «Қазақстан-Көкшетау» ОТРК телеарнасы қатысуымен өтті. Осы күні, біруақытта «Цеснабанк» АҚ Степногорск және Щучинск филиалдарында іс-шаралар өткізілді.    
     


В Атырауской области продолжается республиканская акция «Дорога в школу»

В целях выполнения поручений Комитета по защите прав детей Министерства образования и науки Республики Казахстан Департаментом по защите прав детей Атырауской области 28 августа при спонсорстве АО «ЦеснаБанк» было организовано благотворительное мероприятие по оказанию поддержки детей в подготовке к школе детей малообеспеченных и многодетных семей.  
Также в данном мероприятии участвовали постоянные спонсоры ТОО «Байтау партнерс» и АО «БТАбанк», которые оказали помощь 9-ым детям на сумму 120 000 тыс тенге (школьный костюм, брюки, рубашки, спортивные костюмы, юбки, блузки, туфли, школьные сумки).
                  
Директор АО «ЦеснаБанк» А.Курманғалиев будущим первокласникам – 20 детям вручил необходимую школьную принадлежность на сумму 130 000 тыс.тенге.
Главный специалист Департамента по защите прав детей А.Омарова поздравила впервые переступающих школьный порог детей со знаменательным событием и выразила теплые пожелания.
Мероприятие сопровождалось концертной программой.
                                 


Қайырымдылық әлемді құтқарады!

Қарағанды қаласының білім бөлімі Қарағанды облысының 2012 жылғы 28 тамызында №81 орта мектебінде «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Акцияға Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, демеушілер, әлеуметтік қорғалмаған отбасылар балалары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагогтар, БАҚ шақырылды.
                                                                
Көптеген демеушілер, қаланың кәсіпкерлері әлеуметтік қорғалмаған отбасыларынан екі мыңнан астам балаларға кеңсе жабдықтары, мектеп және спорттық формасы ретінде көмек көрсетті. Өткен қайрымдылық іс-шарасы барысында акцияға екінші жыл қатысып жатқан Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің өкілдері 30 оқушыға көмек көрсетті. Демеушілер ретінде «Казростехника» ЖШС және 15 жеке кәсіпкерлер де қатысты.  Жалпы іс-шарада 70 жуық балаларға сыйлықтар табыс етіліп, барлық қатысушылар үшін концерттік бағдарлама ұсынылды.
«Мектепке жол» акциясы аясындағы мектеп жасындағы балаларды білім ұйымдарында оқумен қамту бойынша және оларға әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі іс-шаралар  жалғастырылуда.
                                                            


Ақтаудың №2 орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтті

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап республикамыздың барлық аймақтартарында балалардың 1 - қыркүйекте мектепке толық келуін қамтамасыз етуге және аз қамтылған отбасы балаларына материалдық жағынан қолдау көрсетуге бағытталған «Мектепке жол» дәстүрлі акциясы басталды.  Ол 1-ші тамыз 30-шы қыркүйек аралығында өтеді.
Аталған акцияның аумағында 2012 pжылдың 28 тамызында Ақтау қаласының №2 орта мектебінде «Мектепке жол» акциясы өтті. Шараға балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Ақтау қаласының білім бөлімінің қызметкерлері, демеушілер, ата-аналар, мектеп ұжымы және бірінші сыныпқа баратын оқушылар қатысты.  Қатысушы қонақтар оқушылар мен ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтап, демеушілерге рахметтерін айтты. Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері Г.Сүйеу мен А.Аблаев балаларға жаңа оқу жылында мол табыс тілей отырып, «Қазақстан балалары», «Жұлдызай» журналдарын балаларға сыйға тартты.
Демеушілер тарапынан №2 орта мектептің 10 оқушысына құрал-жабдықтар салынған рюкзактар, 6 балаға 95 мың теңгеге оқу киімдері табыс етілді. Қайырымдылық шарасының демеушілері «РИК», «Спецэлектромонтаж», «Араз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және жеке кәсіпкер А.Гусеинов көмек көрсетті.

                                                         

Оқушылар акция демеушілеріне ризашылықтарын өздері дайындаған концерттік бағдарламамен білдірсе, ата-аналар алғыс ретінде білдірді.
Облыс көлеміндегі мұқтаж балаларға көмек беретін азаматтар мен мекемелер арқасында қайырымдылық акциясы әлі де жалғасады деп сенеміз.

 

                                                        


Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қайырымдылық іс-шаралары туралы

Алматы қаласында «Қайырымдылық жасауға асығыңыз!» ұранымен Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, аудандық әкімдіктер, білім беру ұйымдары тұрмыстық жағдайы төмен  отбасыларының оқушы балаларын мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қаматасыз ету мақсатында қайырымдылық шаралар ұйымдастыруда.
Мәселен, 24 тамызда Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері мен  «Қазақстандағы дағдарыс орталықтар одағы» ЗТБ өкілдері бірлесе отырып Халықаралық құлдыққа сату мен оны болдырмаудың құрбандары күніне орайластырылған «Балаларымызды қорғайық» атты әлеуметтік акциясы және жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы аясында Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «тікелей желі» телефоны арқылы тіркелген көпбалалы отбасыларының оқушыларына мектепке қажетті құралдармен жабдықталған  портфельдер табыс етті. Ақпараттық қолдауды «Алматы» ТК көрсетті.
27 тамызда Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Жұлдызай» қорымен (Астана қ.) бірлескен шарада  мүмкіндіктері шектеулі мектеп-интернаттарының 50 тәрбиеленушілеріне мектеп портфельдері табыс етілді.
Шара туралы ақпарат 28 тамызда «Вечерний Алматы», «Алматы ақшамы», «Алматы» ТК жарияланды.
28 тамызда Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып, нәтижесінде көпбалалы отбасынан шыққан 150 балаға Қазақстан Республикасы Бірінші Елбасының Қорынан  мектепке қажетті құралдар мен портфельдер, тәтті тағамдар табыс етілді. Балаларға экскурсия ұйымдастырылып, жас дарындардың мерекелік концерті қойылды.
Сонымен қатар жалпыреспубликалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Цесна банк» АҚ-мен бірлескен 20 балаға  мектепке қажетті кеңсе заттары мен портфельдер табыс етілуі 29 тамызда өтті. Балаларға арнап Қазақ циркі әртістерінің қатысумен қызықты шоу-бағдарламалар, аниматорлармен ойындар ұйымдастырылды. Конституция күні балаларға арнап циркте тегін көрсетілім ұйымдастырылды.


«Мектепке жол» «Цеснабанк» АҚ бірге

Республика аумағында «Мектепке жол!» республикалық акция шеңберінде шаралардың өткізілуі жалғасуда.
Оқу жылы басының қарсанында «Цесна банк» АҚ елімізде бесінші жыл өткізіліп келе жатқан және әлеуметтік бағыттағы «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясына қосылды.
Қаржы-несие мекемесі өз қызметінде материалдық көмек көрсетуге бағытталған түрлі акцияларға қатыса отыра балалар мен балалар мекемелеріне ерекше назар аударуда.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен оқу жылына дайындық кезіне қолдан келерлік көмек көрсету үшін тұрғындардың әлеуметтік осал топтарына жататын оқушылардың тізімі дайындалды.
2012 жылдың 29 тамызында Қостанай қаласының 20 оқушысына салтанатты жағдайда арқа қоржындары тапсырылды. «Цеснабанктің» Қостанай филиалымен көрсеткен көмектің жалпы сомасы 300 мың теңге құрады.
«Цеснабанктің» игі іске қатысуы – қайырымдылықтың дамуына қосқан баға жетпес үлесі және қамқорлыққа, ықыласқа мұқтаж балаларға көрсеткен елеулі қолдау екені сөзсіз.

Изгі істер елеусіз қалмайды, олар көмек күтетіндерге өз сәулесін беруде.

                   


2012 жылдың  28 тамызында  «Нұр Отан» ХДП-сы және  Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  Отан қорғаушылар алаңында  «Мектепке балаларды жинаймыз» атты  ұранмен   республикалық «Мектепке жол» акциясына арналған іс-шара өткізді.
Аталған іс-шараға Астана қаласы Алматы ауданының әкімдігі, «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қаласының Алматы ауданы бойынша филиалының өкілдері, саяси-қоғамдық жұмыстар бөлімінің мамандары және Департаменттің бас маманы Д.С.Бабиева қатысты.
Салтанатты шараны «НұрОтан» ХДП-ның Астана қаласының Алматы аудандық филиалының бірінші орынбасары Е.С. Төлешев ашты, ол өз сөзінде аталған бағыттағы шараның қазіргі кезде аса маңыздылығын және біздің мақсатымыз - әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету екенін атап өтті. Осы акция Елбасымыздың  «Қазақстанның әлеуметтік  жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық  мақаласында мазмұндалған тапсырмаларға сәйкес келеді.  
Осы шарада Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ұсынған  тізіміне сәйкес,  әлеуметтік аз қамтылған  отбасынан 226  балаға «НұрОтан» ХДП-сы әзірлеген  мектептік құрал жабдықтары сыйланды.
Аталған шараны ұйымдастырған - Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Нұр Отан» ХДП-сы үшін балалардың жүзіндегі қуаныш және ата-аналардың алғыс сөздері - ең қымбат сыйлық болып табылды.
Шара мерекелік концертпен аяқталды.

 


Балалардың қуанышында шек болмады

2012 жылғы 28 тамызда «Қазақстан халық банкі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы орналасқан зәулім үйдің мәжіліс залы ата-аналар мен балалардың ерекше бір қуанышына бөленіп жатты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасын қолдай отырып жалпыреспубликалық «Мектепке жол» және «Болашақ бүгіннен басталады» акциялары шеңберінде ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті аз қамтылған, көп балалы отбасы балаларын мектепке дайындауға жәрдем көрсету мақсатында «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен ауқымды іс-шара өткізді.  
                                    
Іс-шараға Өскемен қаласының бес мектебінен 25 бала мен олардың ата-аналары жиналды. Акция барысында «Қазақстанның халық банкі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалының директоры Н.М.Нечепуренко балаларды келе жатқан  жаңа оқу жылымен және Білім күнімен құттықтап, балаларға арнайы дайындалған сыйлықтарын тапсырды. Күзгі, қысқы курткалар, аяқ киімдер, мектеп формалары әр баланың сұранысына сай алынғандықтан, балалар үшін тосын сый болды. Сондай-ақ, акцияға шақырылған әр балаға мектеп сөмкелері мен құрал жабдықтары сыйға тартылды.
Сыйлық алған балалардың жүздері қуанышқа толып, балалық алғыстарын білдіріп жатса, ата-аналар мен ұстаздар да ұйымдастырушылар мен қайырымды демеушілерге дән ризашылық білдірді.
Департамент директорының орынбасары А.Тоқтарбекова балаларды құттықтап, жаңа оқу жылында жаңа табыстарға жетуге тілек білдірді және балалардың алғысына бөленген «Қазақстанның халық банкі» АҚ Шығыс Қазақстан филиалы, «Темір банк» АҚ Өскемен қаласындағы филиалы, «Бипэк АВТО» жауапкершілі шектеулі серіктестігі, «Өскемен металлугия зауыты» АҚ және «Бақытты болашақ» Қоғамдық қорының ұжымына алғыс білдірді.
 Іс-шара көңілді әуенмен және акцияға қатысушылардың естелік суретке түсуімен аяқталды.
Акция жалғасын әлі де таппақ.  
                                                                           

Шымкентте 165 балаға көмек көрсетілді.

2012 жылдың 27 тамызында Шымкент қаласы №1 саңырау балаларға арналған мектеп-интернатында "Мектепке жол" республикалық акция шеңберінде «Жұлдызай» корпоративтік қорының, ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық білім басқармасының қатысуымен «Жолашар» қайырымдылық  іс-шарасы өткізілді.
Акция аясында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада облыстық 11 дамуында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру ұйымдарының 165 (0,1,2кластар) тәрбиеленушілеріне Астана қаласындағы «Жұлдызай» корпоративтік қорының атсалысуымен, жалпы көлемі 825000 теңге көлемінде алынған кеңсе заттары салынған сөмке тарту етіліп,  қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бұл акция  балалардың мәселелеріне қоғамның орнықты ықыласын және тұрақты қызығушылығын орнату, дамуында мүмкіндіктері шектеулі балалар мен жасөспірімдердің білім алуларына тосқауылдарды жеңу мақсатында алғаш рет өткізіліп отыр.
Бұл акцияға барлық тәрбиеленушілердің  ата-анасы толық қатысып, өз ризашылықтарын білдірді, балалардың  өз күштерімен дайындалған мерекелік концерт көрсетілді. Шымкент қаласының «Отырар» телеканалы әр баланың сыйлығын алып, рахметін білдірген сәттерді естелікке түсіріп алып, балалардан интервью(сұхбат) алды. Шымкент қаласы №1 саңырау балаларға арналған мектеп-интернат басшылығы балалар атынан ризашылық білдіріп, Астана қаласының «Жұлдызай» корпоративтік қорының бас маманы С.Сыздықова мен департаменттің бас маманы А.Биболоваға «Мақтау» қағазын табыс етті. Қонақтар мен балалар акция соңында осындай ізгілікті іс-шараның әрі қарай жалғасын табатынына нық сенім білдіріп, қуанышпен қоштасып қайтты.


Оңтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» акциясы қарқынды өтуде

«Мектепке жол» акциясы аясында 2012 жылдың 24 тамыз күні «Нұр Отан» ХДП-ның ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков, «Нұр Отан» ХДП-ның мүшесі, қалалық маслихатының депутаты К.Пайзахметов, ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы Шымкент қаласы, Қошқар ата №35 «а» көшесінің тұрғыны Ұлжалғас және Данияр Қалыбаевтар  отбасына және  №56 С.Көбеев атындағы ЖОМ-не барып 13 балаға жалпы сомасы  325 000 теңге көлемінде мектепке керекті құрал-жабдықтар, киім-кешектерді табыс етті. Қалыбаевтар отбасында 7 бала, оның 5-уі мектеп жасында. Балалар 1 қыркүйек күні көтеріңкі көңіл-күймен мектеп табалдырығын аттайды.
                              


Байзақ ауданында «Мектепке жол» акциясы аясында өткізілген қайырымдылық іс-шарасы

Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Бурыл ауылдық округінде 23.08.2012 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына көмек көрсетуге арналған іс-шара өтті.
Қайырымдылық іс-шарасына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев, бөлім бастығы Тасболат Меңдіханұлы Төлегенов, Байзақ ауданының әкімі Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы, «Нұр Отан» ХДП–ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ата-аналар, облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасы мен өзге де БАҚ өкілдері қатысты.  
                       
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев қайырымдылық іс-шарасында сөз алып, «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты балалардың білім алу құқықтарын жүзеге асыру, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасы балаларының әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу екендігін жеткізді.  
                      
 Байзақ ауданының әкімі Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы «Мектепке жол» акциясы балаларға зор көмек екендігін айта келіп, мұндай қайырымдылық шаралардың аз қамтылған отбасы балаларға қажет екендігін айтты.
Қайырымдылық шара барысында Байзақ ауданындағы 15 жуық мекемелер мен аудандағы кәсіпкер азаматтар аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 31 балаға оқуға қажетті мектеп формалары мен оқу құралдарын табыс етті.
Қайырымдылық іс-шараның соңы балалардың қойған концерттік бағдарламасына ұласты.

Шыңайы көмек

А.ж. 24 тамыз күні Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаментіне Исабаева Ләззат Серікжанқызы келді, көзі бойынша 3 топ мүгедегі,  воспитывающая  дочь  Махаббат деген қызын тәрбиелейді, ол Көкшетау қ. «Қарлығаш» түзету мектеп-бақшасында оқиды. Отбасы жалданбалы пәтерде тұрады.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бастамасымен «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы шеңберінде Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті бас маманы Дюсеханова   Қазиза Құдайбергенқызымен баланы мектепке дайындау үшін 10 мың теңге сомасында қаржылық көмек көрсетілді. Ләззат Серікжанқызы көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғысын айтты.
                                 
Жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында өткізілген іс-шара туралы

2012 жылғы 24 тамызда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында «Мектепке жол» акциясы шеңберінде көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасының балаларын келе жатқан жаңа оқу жылына  дайындау мақсатындағы қайырымдылық іс-шарасы болып өтті.
 Аталған іс-шара Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен өтті.

 
Аталған шара барысында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев балалардың барлығын келе жатқан жаңа оқу жылымен құттықтап, «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты мен міндеттерін атап өтті.  
Сонымен қатар бұл іс-шараның барлығы балалардың болашағы үшін жасалып жатқандығын атап өтіп, оқушылардың жаңа оқу жылында жақсы білім алып, Тәуелсіз Қазақстанның жоғары білімді, саналы азаматтары болып өсулеріне тілектестігін жеткізді.
Сонымен қатар ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының төрағасының орынбасары Бексұлтанов Сержан Нұрмеділұлы мұндай іс-шараның еліміздің болашағы үшін маңызды екендігін атап өтті.
 
Аталған шара шеңберінде Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Тараз қаласының №24 мектеп гиназиясының 3 оқушысына 61 мың теңге көлемінде оқуға қажетті мектеп формалары мен кеңсе тауарлары сондай-ақ спорттық формалар мен ақмтамасыз етті.
ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының ұжымы Тараз қаласының №34 орта мектебінің 5 оқушысына 75 мың теңге көлемінде оқуға қажетті мектеп формалары және оқу құрал жабдықтарын алып берді.

Жақсылық жасауға асығыңыз!

2012 жылдың 23 тамызы күні Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Жұлдызай» корпоративтік қорымен бірлесіп даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған қайырымдылық іс-шара өткізді.
Нұр Отан ХДП конференц-залында өткізілген іс-шараның «дөңгелек үстелі»  аудандар мен Петропавл қ. ең кішкентай балдырғандарын, білім беру органдарының, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін, Нұр Отан партиясы мүшелерін және де қайырымдылық жасауды міндет деп  ұғынатын жандарды жинады.    
         

46 солтүстікқазақстандық бірінші сыныпқа баратын оқушылар, Соколов жетім балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернаты, №2 коррекциялық мектеп-интернат, Петропавл қаласының №17 ОМ және де он екі аудан мектептері «Жұлдызай» қоры өкілі  Бертлеуов Төребек Қыдырбайұлының қолынан мектеп сөмкелерін және кеңсе тауарларын алды. Өз кезегінде іс-шараға қатысқан Соколов арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері Крей Слава мен Червяков Денис алғыс ретінде достық туралы ән айтып, аналарының өздерін іздеп табуын тіледі, сонысымен қатысушылардың ешқайсысын бей-жай қалдырмады.
Іс-шараға барлығы 40-тан астам адам қатысты. Көрсетілген көмек сомасы 200,0 мың теңгеден астамды құрады.

Бірінші сыныпқа баратын балаларға көмек берілді

Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті  1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтіп жатырған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының аясында «Жақсылық жасауға асығайық» тақырыбымен Ақтау қаласының №21 орта мектебінде ағымдағы жылдың  22 тамызында кезекті қайырымдылық шарасын өткізді. Шараға мектеп табалдырығын аттағалы отырған 48 мүмкіндігі шектеулі балалар, ата-аналар, әлеуметтік педагогтар, демеушілер, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және білім басқармасының қызметкерлері қатысты. «Жұлдызай» қоғамдық қоры балаларға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактарды салтанатты түрде тарту етті. Жиналған көпшілік Ақтау қаласы № 21 орта мектебінің оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаны тамашалады. Шарада ата-аналар демеушілік көрсеткен «Каскормашзавод» акционерлік қоғамына және «Жұлдызай» қоғамдық қорына рахмет айтып, ризашылық білдірді.
\Сонымен қатар, №21 орта мектептің ұжымы 6 аз қамтылған отбасылардың балаларына қаржылай көмек көрсетті. Шара жергілікті «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының «Жаңалықтар» хабарында көрсетіліп, «Тумба» газетінде «В Актау оказали благотворительную помощь первоклассникам» деген мақала жарық көрді.
   

«Мектепке жол» акциясы аясында өткізілген қайырымдылық іс-шарасы

22.08.2012 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында «Мектепке жол» акциясы аясында аз қамтылған және көп балалы отбасы балаларына көмек көрсетуге бағытталған іс-шара болып өтті.
Аталған іс-шараның басты мақсаты - қоғам назарын «Мектепке жол» акциясына аудару, қайырымдылық іс-шараны кеңінен насихаттау және демеушілік көмек көрсеткен жеке тұлғалар мен мемлекеттік органдардың, кәсіпорындар мен өндірістердің қайырымдылық іс-шарасын үлгі ету болып табылады.
Іс-шараға Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев, бөлім бастығы Тасболат Меңдіханұлы Төлегенов, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова, «Нұр Отан» ХДП–ның аудандық филиалы төрағасының орынбасары Нұрлан Күдербайұлы Несіпбеков, аудан әкімдігі бөлімдерінің басшылары, ата-аналар, республикалық «Астана», облыстық «Қазақстан Тараз» телеарнасы мен өзге де БАҚ өкілдері қатысты.  
     
Іс-шараны Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев сөз сөйлеп ашып, «Мектепке жол» акциясының басты мақсаты - балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке келмей қалуының алдын алу және күнкөрісі төмен отбасылары оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсету болып табылатынын жеткізді.
Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы «Болашақ бүгіннен басталады» атты республикалық науқан аясында өткізіліп жатқанын ерекше атап өтіп, мемлекет тарапынан балалардың құқықтары қорғау мен олардың болашағы үшін жасалып жатқан игілікті шараларға тоқталып, бүгінгі қайырымдылық шараға атсалысқан мекемелерге, жеке кәсіпкерлерге алғысын жеткізді.
 
Мұнан соң Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Үміткен Қапанқызы Найманова қайырымдылық шараның маңыздылығына тоқталып, Жамбыл ауданындағы «Мектепке жол» акциясының өту барысын атап өтті.
Қайырымдылық шара барысында аудандағы 20 жуық мекемелер мен аудандағы кәсіпкер азаматтар аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан 50 балаға оқуға қажетті мектеп формалары мен оқу құралдарын табыс етті.
«Мектепке жол» акциясы аясындағы қайырымдылық іс-шара соңында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев пен  республикалық «Астана» және облыстық «Қазақстан Тараз» телеарналарына сұхбат беріп, іс-шараның мақсаты мен міндеттері жайлы айтты.
Өз кезегінде ата-аналар қауымы мен балалар да республикалық «Астана» және облыстық «Қазақстан Тараз» телеарналарына берген сұхбаттарында қуаныштарын білдіріп, «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырушылар мен қатысушыларға өз алғыстарын жеткізді.

«Мектепке жол» акциясы Өскемен қаласының Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында

Шығыс Қазақстан облысында «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда. ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары, демеушілер, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді атсалысуда.
       
Мысалға, 2012 жылғы 21 тамызда Департамент мамандары  Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында қонақта болып қайтты. 13 балаға мектеп сөмкелері табыс етілді. Ересек балалар «Мектепке жол» акциясының біздің облыста ғана емес, өзге де облыстарда өтіп жатқанын біледі екен, ал бірінші сыныпқа баратын қос бүлдіршін болса, мектеп сөмкелеріне қызыға қарап, өздеріне тиесілі сыйлыққа тезірек ие болуға асықты. Олар мектепті кілең төрт пен беске оқуға уәде берісті. Балалардың жүздеріне күлкі үйіріліп, жанарлары жайнап, бір сәтке қуанышқа бөленді. Кездесу соңында естелік суретке түсіп, аталған мекеме қызметкерлері балаларға көрсетілген құрмет үшін алғыстарын білдірді.

«Мектепке жол» акциясымен «Жұлдызай» қоры Шығыс Қазақстан облысында

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен  «Жұлдызай» (Астана қ.) Корпоративтік қорының бастамасымен Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық білім басқармасының қолдауымен  2012 жылғы 22 тамызда «Металлургтер» саябағында ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларға арналған «Тіл кемістігі бар балаларға арналған № 62 бала-бақша» ҚММ, «Көздері нашар көретін балаларға арналған № 14 мектеп- балабақша кешені» КММ, «Дамуында мүмкіндіктері шектеулі  балаларға арналған оқу-тәрбие орталығы» ҚММ, «Қозғалыс тірек аппараты бұзылған балаларға арналған медиктік-әлеуметтік мекемесі» ҚММ-нің тәрбиеленушілерімен «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырып, өткізді.
      
2012 жылғы 22 тамыз күні  «Металлургтер» саябағында әдемі әуен шырқалып,  мерекені  асыға тосқан балалар мен ата-аналарының  қуанышы байқалды.        
Мерекені жүргізуші қонақтарды акцияның мақсатымен таныстырып, мемлекеттің балаларға жасап жатқан мол қамқорлығын атап өтті. Оның бір мысалы, облыс орталығына Астана қаласынан келген «Жұлдызай» Корпоративтік қорының өкілі Сауле Сыздықованың  50 балаға мектеп құралдары мен  аспалы сөмкелерін  сый еткені.  
Өкіл осындай іс-шаралар Қазақстанның барлық аймағында өткізіліп жатқанын, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларды әрқашан ескеріп отыратынын айтты.
Іс-шараны өткізуге демеу көрсеткен «Жұлдызай» Корпоративтік қоры (Астана қ.)  балаларға жаңа оқу жылына  50 аспалы сөмкелер мен  кеңсе тауарларын  сыйлады. Департаменттің нағыз қолдаушылары  ««VITA» кәсіпорындар тобы» ЖШС балаларға  ойындар, ой-өріс дамытуға арналған  ойыншықтарын, «Жүнісов» ЖК- нің «Апельсиновый рай» фирмасы тәтті  жемістер сый етті. Жеке кәсіпкер Киселева  балаларды  естелік ойыншықтармен қуантса, «Металлург» саябағының директоры Л.Лисовая  балаларға  ата-аналарымен  аттракциондарда тегін тебуді сыйлады.
Мереке өте тартымды өтті. Ата-аналар  мен балалар өмірлік қиыншылықтарды бір сәтке ұмытқандай болып, қуаныш сезімге бөленді.
 Мерекенің ойластырылған бағдарламасы, қатысушылардың  көтеріңкі көңіл- күйлері, ертегі кейіпкерлерінің  тапқырлықтары өткізілген іс-шараға ерекше шырай берді
 Балалар  әр түрлі  ойындар ойнап, би билеп, естелік суретке түсті.


Шығыста «Мектепке жол» акциясы қарқынды жүруде

1 тамыздан бастап республиканың барлық аймақтарында жыл сайынғы жалпы ресубликалық «Мектепке жол» акциясы басталды. Биылғы жылы ол «Болашақ бүгіннен басталады!» ұранымен өтуде.  Акция Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасы бойынша және ШҚО әкімдігі мен ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдау көрсетуімен өтуде.  
2012  жылғы 10 тамызда  Өскемен қаласының «Жастар» саябағында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының шеңберінде «Мектепке барар кез келді!» мерекесі өтті. Мерекеге балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары арнайы театрландырылған қойылым әзірледі, мектепке баруға асығып, саябақта адасып жүрген ертегі кейіпкерлері қоян мен қасқыр балалармен қызықты ойындар ойнап, мейірімді перизат мерекеге келген балаларға сыйлықтар таратты.
Мерекені Департамент директоры А.А.Исаев ашып, өткізіліп отырған акцияның маңызына тоқталды. Ол жыл сайын аталған акцияның 1 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін өткізілетінін және де Департамент сенім телефонына немесе балалардың қоғамдық қабылдауына хабарласқандардың талап-тілектерін орындауға тырысатынын атап өтті. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, депаратменттің демеуші-достары да  балалар  мен олардың ата-аналарын алдағы жаңа оқу жылымен құттықтады.  Мектеп формалары мен сөмкелерін сыйлыққа алған балалар мен ата-аналар  көпке дейін тарамай, өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп мәре-сәре болысты. Балалардың мектеп табалдырығын аттауға асығып жүргені көңіл қуантты. Мереке соңында балалар дәстүр бойынша естелік суретке түсті. Ал балалар кафесіне тегін баратын билеттерді ұтып алған отбасылар мерекені  одан әрі жалғастыруға асықты.
                                   


Оңтүстік Қазақстан Облысында  «Мектепке жол» акциясы «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен өтуде.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті әзірлеген баланың білім алу құқығын қорғау саласындағы акциялар, рейдтерді өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар басшылыққа алынып, акцияның ағымдағы жылға арналған іс-шаралар жоспары облыс әкімдігі тарапынан бекітілді.
Іс-шара жоспарына сәйкес, акцияға бизнес-құрылымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және мемлекеттік органдарды тарту мақсатында 2012 жылдың 31 маусым күні ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен ОҚО Білім басқармасы бірлесіп, ОҚО Ішкі саясат басқармасының «Жастар орталығында»  баспасөз конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясына ОҚО Ішкі істер департаментінің ювенальді полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Ғ.Жетібаев, ОҚО Білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы С. Әуесханов,  Шымкент қаласы бойынша ата-аналар комитетінің төрағасы, қалалық маслихат депутаты       Ж. Омаров, аудан, қала білім бөлімдерінің акцияға жауапты мамандары және жергілікті «Қазақстан - Шымкент», «Отырар», «Айғақ» телеканалдары, «Қазақстан – Шымкент» радиосы, «Оңтүстік Қазақстан», «Южный Казахстан», «Ұстаз нұры-информ», «Ұстаз жаршысы», «Жануби Казахстан», «Заңнама», «Алтын ұя», «Рабат», «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшілері қатысты.
Баспасөз конференциясының соңында ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ. Жүсіпова және  ОҚО Білім басқармасы бастығының міндетін атқарушы С. Әуесханов аудан, қала білім бөлімдерінің акцияға жауапты мамандарымен арнайы ақылдасу кеңесін өткізіп, аудандық, қалалық іс-шаралар барысында мектеп жасындағы барлық балалардың білім беру ұйымдарына қамтылуы, күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан балаларға әлеуметтік көмек көрсету, сондай-ақ, рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру барысында оқумен қамтылмай жүрген және өзге де әлеуметтік осал топтағы балаларға жан-жақты көмек көрсету шараларын қабылдау жөнінде тиісті кеңес беріп, екі ай көлемінде өткізілетін акцияны ұйымдасқан түрде нәтижелі өткізуге шақырды.
2012 жылдың 1-2 тамыз күндері ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департамент директоры Ғ. Жүсіпова жергілікті «Отырар» телеарнасының журналистеріне акция барысында атқарылатын іс-шаралардың барысын баяндап, тікелей эфирдегі сұқбатқа қатысып, ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.
2012 жылдың 3 тамыз күні ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Мектепке жол» акциясы шеңберінде Шымкент қаласының «Қайнар- бұлақ» елді-мекенінде көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді.
Жалпы акцияның алғашқы онкүндігінде облыстың барлық аудан, қалаларында «Мектепке жол» республикалық акцияның ағымдағы жылғы «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуіне сәйкес, жергілікті жердің БАҚ-на акцияның мақсаты мен міндеттерін жалпы халыққа түсіндіру мақсатында мақалалар мен хабарландырулар сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдарында акция туралы ақпараттық бұрыштар, халық көп жиналатын көшелер мен базарларға, мекеме және кәсіпорындардың алдына  акцияның логотипі басылған арнайы плакаттар, баннерлер ілініп, ақпараттық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, 1-10 тамыз аралығында барлық аудан, қала білім бөлімдеріне қарасты мектептердің әлеуметтік педагогтары мен мұғалімдері өздеріне бөлінген мөлтек аудандар бойынша аулалар мен пәтерлерді аралап, мектепке баратын балалардың әлеуметтік жағдайларына зерделеу жұмыстарын жүргізді. Әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың балалары мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тізімі анықталды.
Жоспар бойынша акцияның негізгі іс-шаралары аудан, қала орталықтарында сондай-ақ, барлық білім беру ұйымдарында «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен мерекелік іс-шара ретінде 14-28 тамыз аралығында өткізіледі.
Осындай акция 14.08.12ж. Ордабасы ауданында «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен өтті.
 Іс-шара барысында ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен ОҚО Білім басқармасы аталған ауданның 46 оқушысына облыстық мекемелерді демеушіліке шақырып киім-кешек оқу құрал жабдықтарын алып беруге көмектесті. Атап айтар болсақ: ОҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы 10 балаға 150 мың тенге, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агентігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасы 3 балаға 45 мың тенге, ҚР Ұлттық банкі ОҚ филиалы 5 балаға 100 мың тенге, Облыстық орман және аңшылық шаруашылық аумақтық инспекциясы 7 балаға 70 мың тенгеге, ОҚО білім саласындағы бақылау департаменті 8 балаға, 120 мың тенге, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қазынашылық басқармасы 8 балаға 80 мың тенге, Оңтүстік жарық транзит 10 балаға 150 мың тенгеге оқу-құрал жабдықтары мен киім-кешек алып берді.
Сонымен қатар, Ордабасы аудан әкімдігі демеушілер есебінен 50 балаға 750 мың тенгеге киім-кешек оқу-құрал жабдықтарын тапсырды. Сондай-ақ,  іс-шара барысында Ордабасы аудандық әкімдігі жалпыға міндетті білім қоры есебінен 675 балаға 9 млн. 160 мың тенге қаржы бөліп материалдық көмек көрсетті.  
2012 жылдың 21 тамыз күні Отырар ауданында бекітілген кестеге сәйкес, «Мәдениет сарайында» «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция барысында 371 балаға жалпы 9.275.000 теңге көлемінде мектепке керекті құрал-жабдықтар мен киім-кешектер тапсырылды. Оның ішінде 96 балаға бюджет қаражаты есебінен 2млн.500 мың теңге, ал 275 балаға бюджеттен тыс қаражат есебінен 6млн.775 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді. Акцияға ауыл әкімшіліктері, аудандық мекемелер, жеке кәсіпкерлер, «Заречная» АҚ –ның өкілдері қатысып, балаларға сыйлықтарын табыстады.
  2012 жылдың 22 тамыз күні Мақтарал ауданы Жетісай қаласының «Ақ маржан» мейрамханасында «Мектепке жол» акциясы өтті. Акция барысында балаларға  мерекелік бағдарлама, мерекелік дастархан дайындалды. Шақырылған демеушілерден Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы 10 балаға оқу-құралдары мен киімдер, «Қазсушар» РМК ОҚФ Мақатарал бөлімшесі 15 балаға 20 000 теңгеден (жалпы сомасы 300 000 теңге), Сырдария университеті 25 балаға 100000 теңгеге спорт киімдерін, аудандық орталық «Өткелбай» мешіті 50 балаға аяқ киім мен оқу құрал-жабдықтарын, «Малдыбеков» өндірістік кооперативі 20 балаға аяқ киім, «Сапар» базары 30 000 теңге көлемінде көмек көрсетті. Жалпы алғанда 200 балаға бюджеттен тыс қаражат есебінен 780 000 теңге көлемінде көмек берілді.
Бүгінгі таңда барлығы 1448 балаға 22 млн.182 мың 374 теңге көлемінде көмек көрсетілді.Акция жалғасуда.

«Мектепке жол» акциясының барысы туралы

«Мектепке жол» акциясының  жиырма күн ішінде күнкөрісі төмен, көпбалалы, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  отбасылардың 100 мыңнан астам балаға жалпы сомасы 1 млрд. теңгеге көмек көрсетілді, оның ішінде 260 млн. теңге демеушілер.  
Акцияның ақпараттық әріптесі Қазақстандағы Beeline «КаР-Тел» ЖШС. Компания 20 тамыздан бастап Министрліктің акциясы туралы SMS хабарлар таратуда.
Осы жылғы акцияға министрліктер, қайырымдылық қорлар және жеке кәсіпкерлер қолдау көрсетуде.
Мысалы, «Аltyn Kyran» қайырымдылық қоры 25 күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына жалпы сомасы 1.7 млн. теңгеге, «Жұлдызай» корпоративтік қоры даму мүмкіндігі шектеулі 1000 балаға 5 млн. теңгеге көмек көрсетті.
ҚР Әділет министрлігі 21 балаға сомасы 394 800 теңгеге көмек көрсетті.
ҚР Қорғаныс министрлігі балалар үйлері мен интернаттардың есебіне 1 млн. теңге қаражат аударды.
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 36 оқушыға жалпы сомасы 216 мың теңгеге кеңселік тауарлар сатып алды.
ҚР БҒМ құрылымдық бөлімшелері 4 балаға 226 мың теңгеге көмек көрсетті.
Жеке кәсіпкер Г.А. Сатыбалдиев 10 балаға 500 мың теңгеге көмек көрсетті.
Алдағы аптада «Цесна банк» АҚ күнкөрісі төмен және көпбалалы отбасылардың бірінші сыныпқа баратын 420 баласына 6 млн. 300 мың теңгеге көмек көрсету жоспарлануда.
Бұдан басқа, 20 тамыздан бастап мектеп формаларын және оқу құрал-жабдықтарды төмен бағамен сататын 500-ден астам мектептік жәрмеңке ұйымдастырылды.
Акция туралы БАҚ-та 546 мақала жарияланып, 760 сюжет шығарылды.
122 866 аулаларды аралау барысында қолайсыз отбасылардың 809 баласы анықталды, оның ішінде 60 ішкі істер органдарында есепте тұрғандар. Жұмыс нәтижесі бойынша 13 бала мектепке орналастырылды.  
Акция ағымдағы жылғы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мектепке жол   

20 тамыз күні Қызылорда қаласындағы көрнекті орындардың бірі – Қорқыт ата мұрасына арналған мемориалды кешенінде халық көп жиналды.
«Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен өткен қала көлеміндегі қайырымдылық акция барысында қала әкімінің орынбасары Жасулан Шынтасов, қалалық білім бөлімінің меңгерушісі Марат Аралбаев және біршама кәсіпкерлер балалар мен олардың ата-аналарына, сонымен қатар кең көлемдегі іс-шараға қатысушыларға арнап сөз сөйлеп, 50-ге жуық балаға мектеп формасын, аяқ киім мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстады. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті басшылығы мен қызметкерлері аталмыш акцияға қатысып, арнайы бағыт бойынша көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларын аралап, онда тәрбиеленетін балаларға мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды табыс етті.
Сонымен қатар, «Мектепке жол» акциясы барысында облыс орталығындағы базар бағасынан төмендетілген жәрмеңке ұйымдастырылды.
   
Қатысушылар арасында биылғы жылы алғашқы рет мектеп табалдырығын аттайтын балалар болғандықтан, концерттік бағдарлама барысында оларға арнап ең жылы лебіздер айтылды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басшылығымен биыл бесінші рет бастау алып отырған республикалық акция аясында көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасында тәрбиеленетін балаларға оларды жаңа оқу жылына дайындау және әлеуметтік себептерге байланысты олардың мектепке бармауын болдырмау бойынша белсенді түрде көмек көрсетіліп жатқандығы туралы да айтылып өтті.
                                                    
Ұйымдастырушылармен өткізілген іс-шараның басты мақсаты жүзеге асырылды.
Республикалық акцияның облыстық штабының мәліметі бойынша 1 тамыздан бүгінгі күнге дейін осындай көмек түрін жалпы соммасы 4,5 млн. теңгеден астам қаражат көлемінде 1,4 мыңға жуық бала алған.    


«Жақсылық жасауға асығайық!»

Ағымдағы жылдың 17 тамызында Қызылорда қаласындағы №173 орта мектепте «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Аталмыш шараға қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев, Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев, қалалық білім бөлімнің бас маманы Г.Жиенбаева, ата-аналар комитетінің төрайымы Б.Салходжинова және де мұғалімдер, ата-аналар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында 70 балаға 230,0 мың теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етілді.

   

«Мектепке жол» Республикалық акциясы шеңберінде дін сұрақтарында балалардың құқықтарын қорғау» тақрыбында диалогтік алаңды өткізу жөнінде

17 тамыз күні Ақмола облысының балалардың құқықтарын қорғау Департаменті «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы қолдауымен Көкшетау қаласынынң жалпы білім беру мектептерінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары үшін ««Мектепке жол» Республикалық акциясы шеңберінде дін сұрақтарында балалардың құқықтарын қорғау» тақрыбында диалогтік алаң ұйымдастырылды. Былтырғы оқу жылы кейбір оқушылардың сенбі күндері және «Өзін өзі тану» сабақтарына діни ұстанымдары бойынша бармау фактілері осы шараны өткізу алғышарты болды. Сондықтан аталған іс шарады ақмола облысының дін істері бойынша департамент, ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жоғарлату институты, ақмола облысы білім басқармасы қатысты. Жұмыс барысында білім беру мен дін өзарақатынастар сұрақтары, өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік-рухани даму сұрақтары бойынша қоғамдық пікір қалыптасу, сонымен қатар діне әсерден балалардың құқықтарын қорғау мақсатында ведомствоаралық ынтымақтастық сұрақтары қарастырылды.
Диалогтік алаң жұмысында қатысушылар арасында ерекше орын өсіп келе жатқан ұрпақтың  адамгершілік-рухани білім мен тәрбиесінің приоритеттік  маңыздылығын күшейту, өз сезімдерін түсінетін, оларды игеріп, басқара алатын, өзінің айналадағы адамдармен өзарақатынасын Махаббат, Мейірімділік, Өзаратүсіністік негізінде қалыптастыра алатын толыққанды тұлғаны қалыптастыруға бағытталған «Өзін өзі тану» сабағына берілді.
Жұмыс барысында диалогтік алаң қатысушыларымен бір қатар ұсыныстар берілді, олар облыс білім мекемелеріне беріледі.

            

Атырау облысында «Жомарттық етсең балаға...» тақырыбында Акция

Департамент ағымдағы жылдың 16 тамызында Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда Облыс әкімінің орынбасарының қатысуымен «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында  «Жомарттық етсең балаға...» тақырыбында қайырымдылық шара ұйымдастырды.
Аталмыш шарада «Жұлдызай» қайырымдылық корпоративті қорының  (Астана қ.) директор орынбасары  А.Мұратжанқызы 20 мүмкіндігі шектеулі 1 сынып оқушыларына мектеп сөмкесі мен қажетті құрал-жабдықтар (қалам, дәптер, ермексаз, түрлі-түсті қағаз, есептеу таяқшасы, түрлі түсті қаламдар, бояулар және т.б.)  табыстады.
 Сонымен қатар,  бұл шара барысында  Департаментің жүргізген рейд кезінде анықталған 20 аз қамтылған отбасыларының 57 баласына және есепте тұрған 103 оқушыға облыстық әділет департаменті, ЖШС «АтырауИнжДорСтрой», «Астана финанс» банкі, «БатысАльянсСтрой» ЖШС-нан сыйлықтар (костюм-шалбар, көйлек, спорттық киімдер, костюм-юбка, туфли, мектеп сөмексі мен құрал-жабдықтар) берілді.
Іс-шараға  мемлекеттік мекемелерден - 25, демеушілерден -10, 4- БАҚ өкілдері, 160 - бала, 80 ата-ана, 15 педагог  қатысты.

    

Қызылорда облысындағы «Мектепке жол»

2012 жылдың 15 тамызында Қызылорда облысы Арал ауданындағы №262 орта мектепте аудан әкімі Н.Мусабаевтың, аудандық маслихат депутаттарының, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы аудандық филиалы өкілдерінің, мұғалімдер мен жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен кең көлемдегі «Мектепке жол» республикалық акциясы болып өтті.
Акция барысында көпбалалы және аз қамтамсыз етілген отбасынының 120 баласына 450,7 мың теңге көлеміндегі қаражатқа мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табысталды.
«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында өткізіліп жатқан осындай шаралардың бірін «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен ағымдағы жылдың 20 тамызында Қызылорда қаласының Қорқыт мемориалды кешенінде ұйымдастыру көзделіп отыр. Мерекелік іс-шараға балалар мен олардың ата-аналары шақырылған. Оларға мектеп сөмкелері мен оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыс етіледі. Балаларды олардың өмірлеріндегі маңызды сәтпен құттықтау үшін қала әкімі М.Жайымбетов те келеді.

Астанада "Мектепке жол" акциясының барысы туралы
    
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы  1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін «Мектепке жол» республикалық акциясы ұйымдастырылуда.
Балаларға және олардың отбасыларына үлкен көмек пен қолдау кәсіпкерлермен көрсетілуде.
Ағымдағы жылғы 16 тамызда акция шеңберінде кәсіпкер Г.А. Сатыбалдиевпен көп балалы отбасылардың 10 баласына көмек көрсетілді.
Сонымен бірге балаларға «Аруна ltd» және «Мектеп» басылымдарымен берілген кітаптар тапсырылды.

     

Мектепке жол

14.08.2012

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2012 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында күнкөрісі төмен отбасылардан шыққан оқушыларға көмек көрсету үшін «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастырылды.
Акция осымен бес жыл қатарынан өткізілуде және әлеуметтік бағдарланған сипатқа ие. Ағымдағы жылы акция «Жақсылық жасауға асығыңдар» ұранымен өтпек.
Жыл сайын «Altyn Kyran» Халықаралық қоры халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған балаларына көмек көрсетеді.

   

Акция барысы туралы

Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері ағымдағы жылдың 11-14 тамыз аралығында «Мектепке жол» республикалық акциясына жергілікті тұрғындарды кең көлемде тарту мақсатында автобус аялдамалары мен маршрутты таксилерде акцияның логотипі мен департаменттің «жедел байланыс телефондары» туралы ақпараттар жазылған 100-ге жуық плакат пен постер орналастырды.
«Мектепке жол» республикалық акциясына алғашқы он күндікте 1,0 мыңнан аса адам тартылып, 670-тен астам балаға 2,1 млн. тенге көлемінде көмек көрсетілді.

МЕКТЕПКЕ ЖОЛ

 «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акция осымен 5-ші рет ұйымдастырылып отырған дәстүрлі шараның діттегені,  еліміздегі әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларды мектеп киімімен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады. «Мектепке жол» акциясы «Жақсылық жасауға асығайық!» тақырыбында 2012 жылдың 1 тамыз-30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Осыған байланысты ағымдағы жылдың 11 тамызы күні Қызылорда қаласында  «Мектепке жол» ауқымды қайрымдылық акциясы Қорқыт Ата мемориалды кешенінде өткізілді. Жиналған қауымды облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Ж.Камитбекова және облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А.Абанин биылғы жылы бірінші сыныпқа алғашқы рет баратын ұл-қыздарымызды құттықтап, оларға оқу қаралдары мен оқушы сөмкелерін  табыс етті. Сонымен қатар АҚ «ПетроКазахстан Кумколь Ресорсиз» компаниясының атынан көп балалы және аз қамтылған отбастарының 100 ден аса балаларына оқу құралдары мен оқушы сөмкелері тапсырылды.  Әрі қарай «Мектепке жол» акциясы мектеп жәрмеңкесімен жалғасты.

«Мектепке жол» акциясы бойынша Пресс-конференция өткізу туралы

Ағымдағы жылғы 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуы күні Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Білім басқармасы аталған акцияны облыс деңгейінде ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы пресс-конференция өткізілді.  Іс-шара мақсаты халыққа акцияның міндеттері мен мақсаттары туралы ақпарат беру және солтүстікқазақстандықтарды осы акцияға белсенді қатысуына шақыру, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, көпбалалы, жағдайы нашар отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету.
Пресс-конференция жұмысына СҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, В.Литвиненко, Білім басқармасы бастығының орынбасары Бикенов Н.О., ІШД қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Яценко В.Я. қатысты.
Жұмыс барысында 2012жылғы акция мақсаттары, 2011 жылғы акция нәтижелері айтылды. СҚО ІШД –нің өкілі балаларды анықтауға байланысты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатыны туралы ескертті.

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясына арналған баспасөз -конференциясы
     
2012 жылғы 8 тамызда Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы,  Қарағанды қаласының білім бөлімі бірлесіп,  Қарағанды қаласының №27 орта мектебі базасында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы бастау алуына бағытталған баспасөз – конференциясын өткізді.
Баспасөз конференциясының мақсаты мектепке даярлық жүргізу кезінде балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге және әлеуметтік себептерге байланысты балалардың мектепке бармауының алдын алуға бағытталған «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының барысы туралы халықты ақпараттандыру.
Баспасөз-конференциясы «Жақсылық жасауға асығайық!» атты ұранмен өтті.
Шара барысында мемлекеттік құрылымдар қызметкерлері «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының аймақта өткізілу барысы, азаматтардың өтініштерін жедел қарап, шара қабылдауға арналған «жедел желі», «сенім телефоны» жұмыстары және демеушілер мен меценаттарды тарту жөніндегі жүргізілген жұмыстар туралы атап өтті.
Баспасөз-конференциясының ең маңызды бөлігі Департаменттің және білім бөлімінің жедел желісіне хабарласқан отбасылар балаларына сөмкелер мен оқу құралдарын ұсыну болды. Республикалық қызыл жарты ай қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысы бойынша  филиалының, «Қайырымдылық әлемі» қоғамдық бірлестігінің, «КарТел» ЖШС «Beeline» бренді өкілдері, жеке кәсіпкерлер: ЖК «Гановский А.В.», Шишкиняева Г.Г., Турсынбаева Г.Т., Кулманов К.С.,  27 баланың мектепке баруын қамтамасыз етті.
Балалардың күлімдеген көздері мен ата-аналардың жылы лебіздерінен ризашылық білінді. Конференция азаматтарды «Жақсылық жасайық!» атты ұранға шақырумен аяқталды.

«Мектепке жол» акциясы бойынша өткізілген баспасөз-конференциясы туралы

2012 жылдың 31 шілдесінде қала тұрғындарын «Мектепке жол» акциясының басталуы жөнінде  ақпараттандыру мен  қоғамның, кәсіпкерлердің назарын жағдайы төмен отбасыларына көмек көрсетуге аудару мақсатында «Алматы» баспасөз-орталығында Алматы қаласы   Балалардың   құқықтарын   қорғау   Департаменті, Алматы қаласы ІІД, Білім, Ішкі саясат басқармалары, «Нұр Отан»  ХДП Алматы қалалық филиалымен бірлесе отырып, «Болашақ бүгіннен басталады» ұранымен қайырымдылық марафоны және акцияның басталғандығы жөнінде баспасөз-конференциясын өткізді.
Балалардың   құқықтарын   қорғау   Департаментінің директоры С.Бекетаева модератор болып, Департаментте ыстық желінің 264-04-03 жұмысы ұйымдастырылғандығын атап өтті. Сонымен қатар, белгілі бір балаға қайырымдылық көмегін көрсетем деушілер үшін Департаментке хабарласуларын немесе www.balaalmaty.kz интернет-қоры арқылы ақпарат алуына болатындығы жөнінде ескертті.
Журналистерге Департаментте әр бейсенбі күні «Бірінші сыныптықтың күні» ұйымдастырылып, онда мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге және олардың ата-аналарына психологиялық, құқықтық көмектер көрсетілетіндігін жеткізіп, бұл бастамаға мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың мамандары тартылатындығын атап өтті.
Сондай-ақ, ата-аналарға қол жетімділік бағамен мектеп формаларын және басқа да оқу-жазу құралдарын сатып алу үшін ірі сауда орталықтарында және базарларда  мектеп жәрмеңкелері дәстүрлі түрде ұйымдастырылатындығы да айтылды.
Аудан әкімдіктерінде, білім мекемелерінде көмекке аса мұқтаж, тұрмысы төмен отбасылардың балаларын оқу-жазу құралдарымен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық акциялары өтеді.
Алматы қаласының балалары «Мектепке жол» акциясы жайлы өз ойларын «В Контакте.ru» әлеуметтік желісіндегі Департамент жанынан құрылған Көшбасшылар Кеңесі мүшелері ашқан «Мектепке жол» бөлімінде ортаға сала алады.
Баспасөз-конференциясын ұйымдастырушылар «Мектепке жол» акциясын жарықтандыруға БАҚ-ның да үлкен ізетпен атсалысып жатқандығын атап өтті. Мысалы, «Комсомольская правда Казахстан» газеті редакциясында жыл сайын  кітаптар алмасу акциясы өткізіліп келеді.
Ұйымдастырылған баспасөз-конференциясына Алматы қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары - А.Шөпшекбаева,  Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы – А.Бекжанова,  Білім басқармасының бас маманы – А.Ботабекова, «Жас  Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы - А. Қалбеков, «Қазақстанның тең құқықтар және тең мүмкіндіктер институты» ҚҚ президенті, Балалардың   құқықтарын   қорғау   Департаменті жанындағы балаларға психологиялық көмек көрсету бойынша Үйлестіруші Кеңестің мүшесі – М. Ускенбаева қатысып, сөз сөйледі.
Білім басқармасының бас маманы  А.Ботабекова, мектеп әкімшілігі әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларының тізімін жасап,  оларды жалпы білім беру (Всеобуч) қорынан оқу-жазу құралдарымен, мектеп формасымен қамтамасыз ету және балаларға басқа да көмектер беру  бойынша шаралар қолданылатындығын және тұрмысы төмен отбасылардың балалары бюджет қаражатынан  тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілетіндігін де айтты.
«Мектепке жол» акциясының өткізілуіне Ішкі істер органдары да атсалысады. Акция барысында тұрмысы төмен отбасылардың, мигранттардың балаларын, оқуға барудан бас тартып жүрген, қауіпті топта тұратын балаларды анықтап, олардың мектепке баруына шаралар қолданылады. Осы бағытта кәмелетке толмағандар бөлімі инспекторлары Балалардың   құқықтарын   қорғау   Департаментімен бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізеді, - деді, Алматы қаласы ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары - А.Шөпшекбаева.
«Нұр Отан»  ХДП өкілдері аталған акцияны қолдайтындықтарын және аудандық филиалдарда жыл сайын «Баланы мектепке дайындайық» шарасы өтетінін айтты, оған саяси және қоғам қайраткерлері өз көмектерін көрсетіп келетінін жеткізді.
 

Республикалық  «Мектепке жол» акциясы

2012 жылдың 31 шілдесінде облыс әкімдігінің кіші залында Республикалық «Мектепке жол» акциясына арналған облыс әкімінің орынбасары С.Мұқановтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді.
Конференцияға қатысқандар: Облыс әкімінің орынбасары, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер департаменттері, облыстық білім, ішкі саясат, мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы, БАҚ өкілдері.
Конференцияның мақсаты: республикалық «Мектепке жол» акцияны БАҚ арқылы халыққа таныстырып, ақпараттандыру.

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде көмек алу үшін көрсетілген телефондар арқылы хабарласуға болады

ОБЛЫСТЫҚ, АСТАНА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНЫҢБАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТТЕРІ  

 

Аты - жөні

Қызметі

Жұмыс телефон

ұялы/үй телефондары

 

Ақмола облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 020000, Кокшетау  қ.,  Әуелбеков  көш., 139 “а”, код (716-2)

e-mail: akmola_bobek@mail.ru
 

1

Замолоцких
Наталья Васильевна

Директор

т/ф 25-23-68

 

 

2

Садвақасов
Бекжан Серікұлы

Директордың орынбасары

25-12-35
76-12-80
сенім телефоны

 

 

Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 030012, Ақтөбе қ.,  Т.Рысқұлов көш., 190 үй, 2 қабат, код (713-2)

e-mail: DZPD@mail.ru

1

Айдарханова
Күлпаршын
 Алпысбайқызы

Директор

54-36-08
56-27-21
сенім телефоны

 

 

2

Байғаниева
Зүлфия Шәріпқызы

Директордыѕ орынбасары

55-10-41

 

 

3

Баймұратова Анаргүл

қабылдау бөлмесі

54-36-08
т/ф 55-10-41

8-701-210-05-77
 

 

Алматы облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 
040000, Талдықорған қ., Жансүгіров көш., 111 үйкод (
7282)
e-mail: 
almobldzpd@mail.ru 

1

Ермекбаева
Гүлнар Өмірбекқызы

Директор

27-19-60

 

 

2

Долаев
Самғат Садырбайұлы

Директордың орынбасары

39-50-62 

 

 

3

Кемелханова Гүлвира 

қабылдау бөлмесі

т/ф 27-07-89
27-17-76
сенім телефоны

 

 

 

Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 
060010, Атырау қ., Кулманова 1, блок А, код (712-2),

dopd_atyrau@edu.gov.kz 

1

Ғилымов Алпамыс Хасанұлы

Директор

 27-28-78

 

 

2

Губашева
Гүлфариза Дендерқызы

Директордың орынбасары

27-24-42

 

 

3

Қарымсақова
Жанар Мақсутқызы

қабылдау бөлмесі

т/ф 27-24-53
сенім телефоны

 

 

Шығыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 
индекс 
070004, Өскемен қ., К.Либкнехт  көш.,  19, код (723-2)
e-mail: balaVKO@mail.ru

1

Исаев 
Аркадий Анатольевич 

Директор

57-00-06

 

 

2

Тоқтарбекова
Альмира Тоқтағазықызы

Директордың орынбасары

28-04-07

 

 

 

3

Алтаева Мадина Сарсенбековна

қабылдау бөлмесі

т/ф 28-04-06
26-46-36
сенім телефоны

 

 

Жамбыл облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 
080012, Тараз қ.,  Кошек батыр көш., 3,  код (726-2
)
e-mail: 
balataraz@gmail.com

1

Мәуленов 
Думан Болатұлы

Директор 

450779

 

 

 

2

Сұлтанбаев Зейнел-Нәби Маралбайұлы

Директордың орынбасары 

450779

 

 

3

Тлеуова 
Гүлжан Орынбайқызы

қабылдау бөлмесі

450779
т/ф 43-36-17
43-85-54
сенім телефоны

 

 

Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 
090000, Орал қ., Достык-дружба даңғ., 188, код (711-2
)
e-mail: 
dzpdzko@mail.kz,  detizko@mail.]ru

1

Мәсәлімов 
Әли Хайдарұлы

Директор

50 84 45
т/ф 24 10 87

 

 

2

Көбейсінова

Римма Какеновна

Директордың орынбасары

51 06 71
51-24-85
сенім телефоны

 

 

Қарағанды облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаметі
индекс 
100012, Карағанды қ., Костенко көшесі, 6 үй,  код (721-2
)
e-mail: deti-karaganda@mail.ru

1

Киселева
Ирина Болеславовна

Директор

  42-09-95   

 

 

2

Сарсекеева
Гульмира Сериковна

Директордың орынбасары

42-09-27

 

 

3

Кабдулова
Айгерим Кайратовна

қабылдау бөлмесі

42-09-95
42-09-97
сенім телефоны

 

 

Қызылорда облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 
120008, Қызылорда қ.,   Ғ.Мұратбаев көш., 13,  код
 8-724-2  
e-mail: balakzo@mail.ru

1

Қаржаубаев
Арман Молдабайұлы

Директор

23-43-55 
23-44-70

 

 

 

2

Абанин
Александр Михайлович

Директордың орынбасары

 

23-49-89

                            

 

3

Нұрмаханова Бейбиткул Даулетбаевна

қабылдау бөлмесі

23-43-55
т/ф 23-48-38
23-10-98
сенім телефоны

 

 

Қостанай облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 
индекс 110000, Костанай қ., Амангелді көш., 93 Б,  код (7142)

e-mail: dzpdkost.adm@mail.ru  

1

Сарсенова Роза Сабырқызы 

Директор

53-21-91

 

 

2

Ыбыраева Айман Елеманқызы

Директордың орынбасары

54-07-56

 

 

3

Назарова Жанара Сапашқызы

қабылдау бөлмесі

54-76-44
54-00-08
сенім телефоны

 

 

Маңғыстау  облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 130000, Актау қ., 23 шағын ауданы, 100 үй, код (729-2)   
e-mail: 
Child2808@mail.ru

1

Әлібекова Балнур Әзербайжанқызы

Департамент директорының

33-36-46

 

 

2

Қуанова Риза Кокашқызы 

Директордың орынбасары

33-36-45

 

 

3

Рамазанова Айнұр Рамазанқызы

қабылдау бөлмесі

т/ф 31-90-48 
43-26-00
сенім телефоны

 

 

Павлодар облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 140003
, Павлодар қ., Толстой көш., 57,  код (718
-2),
e-mail: bala_pavlodar@mail.ru

1

Наурызбаева Гүлбарам Әуезханқызы

Директор

61-91-68
т/ф 
61-91-75 

 

 

2

Нефедова Наталья Владимировна

Директордың орынбасары

61-91-74

61-92-22
сенім телефоны

 

 

Солтүстік-Қазақстан  облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 150000, Петропавл қ.,  Абай  көш., 29   код (715-2)
e-mail: 
Departament_SKO(at)list[dot]ru
www.ayalyalakansko.kz

1

Литвиненко Владимир Викторович

Директор

50-03-05
46-06-54

 

 

2

Балтабаева Ғалия Қазестайқызы

Директордың орынбасары

50-03-06

 

 

3

Аюпова Нұрлыгүл Сайлауқызы

қабылдау бөлмесі 

сенім телефон
46-06-54
пр.50-03-07

 

 

16

Төренова Жұлдыз Амангельдіқызы

Бас маман

50-03-08

 

 

Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын құқықтарын қорғау департаменті 
индекс 160021
, Шымкент қаласы, Токаева, 27, код (7252)
e-mail: 
deti_uko@mail.ru
 

1

Жүсіпова Ғалия Жүсіпбекқызы

 Директор

53-27-76

 

 

2

Зұлпыхарова Рахима Әбдірашқызы

 

Директордың Орынбасары

            

53-29-83
22-13-29
сенім телефоны

 

 

Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 
010000, Астана қ., Бөкейхан көш., 16, 1 блок, 4 офис,  код (717-2
)
e-mail: dzpd_astana@mail.ru 

1

Жұмабекова Рысты Мағауияқызы

Директор

39-04-96

 

 

2

Бермұхамедова 

Зәуре Есболқызы

Директор орынбасары

32-53-24
39-04-93
сенім телефоны

 

 

Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті
индекс 050001, Алматы қ., Абылай хан даңғылы,  97, код (727),
e-mail: 
dpzpd@mail.ru

1

Бекетаева Сауле Станиславқызы

Директор

 

272-37-65

 

 

 

2

Ермолович Владлена Евгеньевна

Директордың орынбасары

272-47-44
264-38-67
сенім телефоны

 

 

Министру образования и науки «Мектепке жол» акциясы бастау алды

Қызылорда облыстық баспасөз-клубында ағымдағы жылдың 1 тамызында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаевтың, облыстық білім басқармасының бастығы А.Мұхимовтың және басқа да мүдделі органдар мен жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мектепке жол» республикалық акциясының өткізілуі бойынша баспасөз-конференция болып өтті. 

Баспасөз-конференциясының басты ерекшелігі – Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан өңіріміздегі басқа да ұжымдарға үлгі көрсету мақсатында алдағы оқу жылында алғашқы рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған аз қамтамасыз етілген отбасының балалары Рамберді Аида және Кеңесов Нұрбағдатқа мектеп формасы мен мектепке қажетті оқу-құралдары тапсырылды.

Осылайша, өңірде бесінші рет аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында ұйымдастырылатын жалпыреспубликалық акция бастау алды.  

 

 ҚР білім және ғылым министрі  Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұловқа

Қазір үлде мен бүлдеге оранып, қытай асып қыдырып, тек ақшаның арқасында өмірдің бар қызығын тамашалап жүрген заман. Мұндай өмірді ата – бабамыз «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» немесе «ел аман, жұрт тыныш заман» деп атаған және осындай өмірді армандаған.
 Ел адамдарының кәсіпкерлікпен айналысуына, екі қабатты үйлер салып алуына, жеке мекемелер ашып алуына (айта берсеңіз толып жатыр) бірден – бір себепкер елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың құрған саясатының, жолдаған жолдауының ықпалы зор .
 Бір өкініштісі жоғарыда атаған тәтті өмір барлық адамдардың басына беріле бермейді. Тәтті өмірге қарама – қайшы, өмірдің ащы тұстары да жетіп артылады. Осындай қарбаласы мен қызығы мол заманда адамдар бір – біріне қарап, жағдай сұрасуға да шамасы келе бермейтін секілді. Тағдыр тәлкегіне душар болған жандардың өз арамызда жүргенін біле тұрсақ та, аман – саулық сұрасуға біріміздің шамамыз жетсе, біріміздің шамамыз жете бермейтіні анық.
Тағдыр тәлкегіне душар болған жандар кімдер?
Ашып айта кететін болсақ, олар ең алдымен өмірге келгеніне ғана риза болып отырған мүгедек пен мүмкіндігі шектеулі жандар. Екіншіден, тағдырдың салған ісіне көндігуден басқа шарасы қалмаған тұл жетімдер және халық  санын көбейтемін деп қиындық санын көбейтіп алып отырған көп балалы ата – аналар. Бұлардың ішінде ішіп – жерге тамағы, киерге киімі жоқ отбасы қаншама десеңізші. «Жетім көрсең жебей жүр, жесір көрсең елей жүр» дейтін ынтымағы берік халқымыз қайырымдылықты қажет ететін мұқтаж жандарын елеусіз қалдырмаған ғой.  Міне, осындай ізгі бастаманың бірі Республикалық «Мектепке жол» акциясы.Бұл акция ауданымызда 5 жыл бойы үзбей жалғасын тауып келеді. Осы бес жыл ішінде көптеген мекеме мен кәсіпкерлер өз жанашырлықтарын танытып, қаншама мұқтаж жандар қуанышқа бөленді десеңізші! №4 орта мектебінде 133 аз қамтылған отбасы, 2 мүмкіндігі шектеулі оқушы, 3 ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар киіммен, оқу құралымен қамтамасыз етіліп келеді. Мысалы: өмір тауқіметін толық түсініп болмаған 3 сынып оқушысы Аманжолов Жандосқа «Нұр Отан» ХДП атынан берілген аяқ киімді аяғына киіп тұрып, қуаныштан көзіне жас алғанын көргенде жүрегің еріксіз елжіреп, арамызда осындай азаматтардың барына риза болып, осы акцияға бастама болып ұйымдастырған адамдарға шексіз алғысыңды білдіресің. 
Қазақта: «Адамгершілікке арналған үш сауап бар: 
Өзенге көпір салған – бір сауап, 
Жолға ағаш еккен – бір сауап, 
Шөлге құдық қазған – бір сауап.» - дейді.Құрметті Бақытжан Тұрсынұлы, Сіздердің көрсетіп отырған қолдауларыңыз  шөлдеген жанға құдық қазғандай, тағдыр тауқыметіне түсіп, өмір тапшылығының дәмін ерте татқан бүлдіршіндерді, шексіз қуанышқа бөледіңіздер. Еңбектеріңізге табыс тілей отырып, осындай бастамалар өз жалғастарын таба берсін демекпін. 
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Шалқар қаласындағы №4 орта мектептің әлеуметтік педагогы Жанар Есенғосқызы Сейтмағанбетова

Ақмола облысында «Жақсылық жасауға асығайық!» республикалық  акциясы басталды 

2012 ж. 1 тамызынан  Ақмола облысының барлық аймақтарында  «Мектепке жол» акциясы басталды, ол «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында өтеді.  Осыған қоса, «Мектепке жол» акциясы шеңберінде тағы бір акция бастама алды – «Жолашар». Бүгінгі күні облыста 5685  ерекше мұқтаждықтары бар балалар тұрады, бұл бастама оларға бағытталған. 

Биылғы жылы қаражаттық көмекпен аз қамтылған отбасыдан шыққан 9800 балаға көмек көрсету жоспарланған, олардың ішінде 818 бірінші рет мектепке барады. 

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қайрат Қожамжаров партияның филиалы ғимаратында V-ші республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясының басталуына орай өткізілген баспасөз мәслихатына қатысып, сөз сөйлеп, осы игі шараға белсене ат салысудың маңызын ерекше атап көрсетті. «Ең бастысы жер бетіндегі барлық бала бақытты болуға лайықты. Мектепке барып, сапалы білім, саналы тәрбие алуға барлық баланың құқығы бар. Сол себепті де біз жетімдер мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуіміз қажет. Акцияға осы балаларға көмек көрсетемін деген әрбір азамат қатыса алады. Игілікті шарадан әр деңгейдегі ведомстволар мен ұйымдардың басшылары тыс қалмайды деп сенеміз. Барлығымыз бір адамдай қолдау көрсетеміз деген ойдамын»,-деді облыс әкімі. Облыс әкімі Қайрат Қожамжаров іс-шарада қатысқан бірінші сыныпқа баратын  балаларға мектептік форма мен мектептік жабдықтар сыйлықтар ұсынды. Сонымен биылғы жылы «Мектепке жол» және «Жолашар» акцияларында «Жұлдызай» КФ қатысуды ұйғарды, олар 5 балаға мектеп жабдықтарын сыйлады. 

1 тамыз күні «Достар» МС Көкшетау қ. әкімі М.Батырханов, әкім аппараты мен мемлекеттік мекеме мен ведомствоға қарасты ұйымдар қатысуымен бірінші сыныпқа баратын 15 балаға жалпы соммасы 550 мың теңгеге салтанатты түрде мектептік жабдықтар ұсынылды.

Астрахан ауданында Астрахан және Жалтыр а. болашақ бірінші сыныпшыларына - 20 ұл мен қыз балаға   соммасы 200 мың теңгеге мектептік форма мен мектептік жабдықтар ұсынылды.
Сандықтау ауданында «Қамкор жан» қайырымдылық қоры облыс әкімі қатысуымен 7 балаға соммасы 85 мың теңгеге мектептік форма мен мектептік жабдықтар ұсынылды
«Мектепке жол» акциясы басталуын өткізу барысында Степногорск қ. 17 бірінші сыныпқа барушылар қажетті көмек алды.
   

 

Қостанай облысында «Мектепке жол» V жалпыреспубликалық қайырымдылық акцияның басталуы туралы

«Мектепке жол» V жалпыреспубликалық қайырымдылық акцияның  басталуына арналаған «Болашақ бүгіннен басталады!» - осындай  өмiрлік орнықтыру ұранымен 2012 жылдың 01 тамызында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  мәжіліс залында баспасөз-конференциясы өткізілді.
Акция мақсаты – жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына 2012-2013 оқу жылына дайындалуына көмек көрсету және оқумен қамтылмаған балаларды анықтау.

Акцияға барлық деңгейлердегі әкімдер, маслихат хатшылары, депутаттар, білім беру және балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық, жастар және балалар ұйымдары, МЕҰ, ата-аналар қоғамы, жеке меншік кәсіпкерлер, бизнесмендер қатысты.

Акцияны өткізу мониторингінің нәтижелері бойынша 2011-2012 оқу жылына басында 10 505 балаға жалпы 63 309 949 теңге соммасына көмек көрсетілді, бұл 2010 жылға қарағанда 10 961 814 теңгеге артық.
Баспасөз- конференциясының жұмысына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының, БАҚ, «Жұлдызай» корпоративтік фондының (Астана қаласы), Акция демеушілерінің өкілдері қатысты.
«Қазақстан-Қостанай», «Алау-ТВ», облыстық телерадиокомпанияларының, «Жасыл алма», «Қостанай таңы», «Қостанай», «Костанайские новости», «Учительская +», «Наша газета» баспа ұйымдары өкілдерінің назарына Қостанай облысының аумағында Акцияны жүзеге асыру жөнінде ақпарат ұсынылды.

Балаларды мектепке дайындалуына көмек көрсеткен іс-шараға қатысқан демеушілер Акцияның бастауын жүзеге асырды.
«Жұлдызай» корпоративтік фонды облыстың аудандары мен қалаларында 1 сыныпта оқитын мүмкіндіктері шектеулі 72 балаларына мектепке арналған рюкзактарын дайындады.

Қостанай қаласының қиын өмірлік жағдайдағы 2 оқушысына жалпы  33 мың теңгеге «Кар-Тел» ЖШС мектепке арналаған киім, аяқ киім және Департаменттің мамандары кеңселік тауарлар сыйлады.
Баспасөз-конференцияның жұмысы аяқталуымен БАҚ өкілдері «Мектепке жол» акция тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап алды, оның ішінде:
- Акцияны өткізу бойынша облыс аумағында атқарылатын іс-шаралар;
- Мектепке арналған киім-кешектер мен оқулықтарды сататын «мектеп базарларының» орналасу орындары жөнінде;
- Баланы мектепке қабылдау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беру үшін ақпараттық алаңдарын ұйымдастыру туралы.

 

«Мектепке жол» Жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған Соколов арнайы мектеп-интернатында 

2012 жылғы 31 шілдеде  Солтүстік Қазақстан облысында «Мектепке жол» республикалық акцияның шеңберінде бірінші іс-шара өткізілді. 
«Жұлдызай» бірлескен қоры (Астана қ.) Соколов арнайы мектеп-интернаты тәрбиеленушілеріне көмек көрсетілді. Қонақтар балаларға 5 жұмсақ диван және күрес кілемін сыйға тартты. Көрсетілген қайырымдылық көмегінің сомасы жартымиллион теңге. Балалар өз алғысын білдіріп демеушілерге «Орленок» сауығу лагерінің кезекті мерзімінің аяқталуына байланысты дайындаған концерттік бағдарламаларын көрсетті. Бұл мерекелік іс-шараға демеушілерден басқа балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы, жергілікті БАҚ өкілдері және балалар  қатысты. Жалпы 80-нен астам адам.

 

Солтүстік-Қазақстан облысында «Мектепке жол» акциясы бойынша Пресс-конференция өткізу туралы 

Ағымдағы жылғы 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуы күні Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Білім басқармасы аталған акцияны облыс деңгейінде ұйымдастырылуы және өткізілуі туралы пресс-конференция өткізілді.  Іс-шара мақсаты халыққа акцияның міндеттері мен мақсаттары туралы ақпарат беру және солтүстікқазақстандықтарды осы акцияға белсенді қатысуына шақыру, жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға, көпбалалы, жағдайы нашар отбасыларына қайырымдылық көмек көрсету.

Пресс-конференция жұмысына СҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, В.Литвиненко, Білім басқармасы бастығының орынбасары Бикенов Н.О., ІШД қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Яценко В.Я. қатысты.
Жұмыс барысында 2012жылғы акция мақсаттары, 2011 жылғы акция нәтижелері айтылды. СҚО ІШД –нің өкілі балаларды анықтауға байланысты рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатыны туралы ескертті. 

 

Жақсылық жасауға асығайық!

Бүгін,  31 шілдеде «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуы бойынша  облыс акиматында пресс-конференция өткізді.
Конференцияға  Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры К.Айдарханова, облыстық білім басқармасының бас маманы,  қамқоршылар мен жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Өз баяндамасында департамент директоры К.Айдарханова: облыс тұрғындары акция бойынша үлкен қолдау алуда.  Акция облыс бойынша үлкен көлемде өтеді және акция барысында әртүлі іс-шаралар өткізіледі, соның ішінде саяжайларда, фермаларда, шаруашылық қожалықтарда жаңа оқу жылына дайын емес, білім беру ұйымдарына орналастырылмаған балаларды анықтау мақсатында облыс бойынша  ІІД мен рейдтер жүргізілетінін айтты.
Қазіргі таңда, облыс бойынша аз қамтылған отбасы балаларының саны 13227 ал, мүгедек балалардың саны 1323, мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 3221 құрайды.
Бүгінгі күнге дейін, Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің көмекке мұқтаж  тізімінде 5 мүгедек , 68 аз қамтылған отбасының балалары есепте тұр.
Конференция барысында департамент ұжымы бірінші болып, акцияға өз үлестерін қосып  пресс-конференцияда қамқоршылықтағы 5 балаға мектепке қажет құрал-жабдықтарды сыйға берді.
Өз кезегінде қамқоршы В.Ивкина департаментке «Мектепке жол» акциясын нақты ұйымдастырғаны үшін алғысын білдірді.
«Былтыр қамқоршым, немереме толығымен мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтарды, қыстық куртка мен аяқ киімдерін алып берді. Немеремнің қуанышын шексіз. Биыл да сол мекеме немеремді киіндіріп берсе деген тілегім бар».
Атап айтсақ, биыл акцияға кәсіпкерлік және өндірістік , қаржы  бақылау, мәдениет, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы басқармалары, ішкі істер, төтенше жағдайлар департаменті және Трансэнерго АҚ бірінші болып үндеу қосып, жанашырлығын білдіріп, 44 балаға материалдық және рухани көмек көрсетуге ниет білдірді.
Осы жылы акция жоғары деңгейде өтетініне біз сенеміз.

Жамбыл облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық акцияның  басталуы бойынша баспасөз-конференциясы 

Жамбыл облысы баспасөз орталығында 2012 жылдың 30 шілдесінде Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен балалардың әлеуметтік себептермен 1 қыркүйекте мектепке бара алмауының алдын алу және күн көрісі төмен отбасылардың оқушыларын жаңа оқу жылына дайындауда қолдау көрсетуге бағытталған бесінші жалпы республикалық «Мектепке жол» акциясының басталуына байланысты баспасөз-конференциясы болып өтті. 

«Мектепке жол» акциясын арналған баспасөз-конференциясына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлзия Расылханқызы Зәуірбекова, Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Сауқымбекқызы Жақсылықова мен облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарының, республикалық «Астана» телеарнасы мен облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасының өкілдері қатысты. 

Баспасөз-конференцияда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев өткен жылы өткізілген «Мектепке жол» акциясының нәтижелері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар биылғы акцияның негізгі мақсаттары, жоспары және оның ерекшеліктері туралы атап өтті. 
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бастығының орынбасары Гүлзия Расылханқызы Зәуірбекова облыста жылдан жылға «Мектепке жол» акциясы аясында көп балалы және тұрмысы төмен отбасы балаларына көрсетіліп жатқан көмек мөлшері артып жатқандығын жеткізді. 

Сонымен қатар Жамбыл облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия хатшысы Бақыт Сауқымбекқызы Жақсылықова аталған акцияның жоғары деңгейде өтуіне бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандыру, насихаттық жұмыстардың рөлі зор екендігін айтты. 
Баспасөз конференция барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев республикалық «Астана» телеарнасы мен облыстық «Қазақстан-Тараз» телеарнасына «Мектепке жол» акциясы туралы сұхбат берді. 

 

Шығыс Қазақстан облысында  «Мектепке жол» акциясы басталды

 Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің бастамасымен республика көлемінде 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» акциясы өтетін болады. Акцияның мақсаты аз қамтылған отбасылардан шыққан, қиын өмір жағдайларына тап болған  оқушыларға оқу жылының басталуына дайындалуға қолдау көрсету, облыстың ұйымдары мен тұрғындары үшін қайырымдылық жасауға жағдай туғызу.  
2012 жылғы 26 шілдеде Өскемен қаласының Ұлттық баспасөз орталығында Шығыс Қазақстан облысында республикалық «Мектепке жол» акциясының басталатыны туралы баспасөз конференциясы өтті.  Конференцияға ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы А.Тоқтарбекова, білім басқармасы бастығының орынбасары Д.Арғынғазин,  сондай-ақ облыстық және қалалық БАҚ өкілдері қатысты.  
Акция барысында облыстың қалалары мен аудандарында демеушілер мен меценаттардың қатысуымен қайырымдылық марафоны өткізіледі. Бұдан басқа,  білім беру органдары мен ұйымдары,  балалардың құқықтарын қорғау департаменті көмекке мұқтаж отбасыларының балаларына мектеп құралдарын тапсырып, түрлі іс-шаралар өткізеді деп жоспарлануда.   Сонымен қатар, әкімдердің, мүдделі мемлекеттік органдардың, «Нұр Отан» ХДП филиалдарының қатысуымен брифинг өткізу, елді мекендерде, фермаларда, қала маңындағы саяжайларда, шаруашылық бөлімшелерінде, егіс даларында «қауіп-қатер тобы» балаларын анықтау жөніндегі рейдтік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. 
Акция кезінде аулаларды аралау арқылы қандайда-бір себептермен мектепке әзірлене алмаған  балаларға ерекше көңіл бөлінетін болады. 
А.Тоқтарбекова биылғы жылы акция «Болашақ бүгінен басталады» республикалық кампаниясы шеңберінде және «Жақсылық жасауға асығайық!» ұранымен өтетінін атап өтті. Бүгінгі күні облыстың әрбір тұрғыны немесе ұйымы көмекке мұқтаж нақты балаға немесе аз қамтылған отбасына, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемеге  мектепке дайындалуға көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Мектеп құралдары, киім-кешек, ұйымдастыру техникасы немесе оқу құралдары, азық-түлік өнімдері немесе кітаптар, көмектің кезкелген түрі балаларды жаңа оқу жылына дайындауға, олардың оқу, тәрбие, бос уақытыу жағдайларын жақсартуға септігін тигізеді. Білім беру саласының  басшылары журналистердің сұрақтарына жауап беріп, өткен жылдары  мұқтаж отбасыларына көрсетілген көмек мөлшерін  мысалға келтірді. Жыл сайын осындай отбасыларына көмек көрсететін демеушілер, облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарының белсенді басшылары және де көмекке зәру отбасыларының жағдайларына бей-жай қарай алмайтын қарапайым тұрғындар санының артып келе жатқаны қуантады. 
Конференцияға қатысушылар  аз қамтылған отбасылардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тағдырына  жаны ашитын бизнес өкілдерін, кәсіпкерлерді және облыстың барлық тұрғындарын осы акция шеңберінде мұқтаж балаларға мереке сыйлау үшін абыройлы істі бірлесіп атқаруға шақырды. 
Нақты балаға көмек көрсетуге ниет білдірушілер ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің сенім телефонына хабарлдаса алады (8 7232 26-46-36).

Республикалық  «Мектепке жол» акциясы Алматы облысында

2012 жылдың 31 шілдесінде облыс әкімдігінің кіші залында Республикалық «Мектепке жол» акциясына арналған облыс әкімінің орынбасары С.Мұқановтың қатысуымен баспасөз-конференциясы өткізілді.
Конференцияға қатысқандар: Облыс әкімінің орынбасары, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер департаменттері, облыстық білім, ішкі саясат, мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылары, облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы, БАҚ өкілдері. 
Конференцияның мақсаты: республикалық «Мектепке жол» акцияны БАҚ арқылы халыққа таныстырып, ақпараттандыру.

Атырау  облысында «Мектепке жол» акциясы аясында  БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2012 жылы 30 шілдеде «КМК Атырау-Ақпарат» ғимаратында Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығыда «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акцияснының басталтындығы туралы баспасөз-конференциясы өтті.
Аталмыш шараның мақсаты акцияға бизнес-құрылымдарын, үкіметтік емес ұйымдарды және мемлекеттік органдарды тарту болып табылады.

Баспасөз-конференцияға Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.Омарова, Қалалық ішкі істер басқармасының Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы, полиция майоры А.Түсіпқалиев, Облыстық білім беру басқармасының бас маманы А.Исламгалиева және БАҚ өкілдерінен – «Прикаспийская коммуна», «Ақ жайық», «Атырау»,  «Алтын орда», «Квартал», «Новое дело», «Туран» газеттерінің тілшілері, «Сaspionews»,  «Қазақстан – Атырау» телеарна тілшілері, «Облыстық радио»  қатысты.

Баспасөз конференция барысында жалпы төрт жыл ішінде акция кезінде 45 мыңнан астам балаға 305 млн. теңгеге жуық сомаға материалдық көмек көрсетілгендігі, оның ішінде демеушілер мен меценаттар 150 млн. теңгеден астам сомаға көмектескендері туралы атады. 
Сондай - ақ, жүргізілген рейдтер кезінде әлеуметтік себептермен 77 бала анықталып,  әрі қарай білім алуларына жағдайлар жасалды. 
Сонымен қатар, 2011 жылғы акция қорытындысы жарияланып, биылғы жылы өткізілетін акцияның мақсаты мен міндеттері айтылды.
Сондай-ақ, Акция барысында қайырымдылық шаралар, мектеп киімі мен оқу құралдарын арзандатып сату бойынша мектеп жәрмеңкелерін, оқумен қамтылмаған және жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар өтетіндігі туралы айтылды. 
Сонымен қатар, Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде гуманитарлық көмек бекеті ашылып, жинақталған заттар көмекке мұқтаж оқшыларға таратылатындығы туралы атап өтілді.   

 

«Өзгенің игілігі үшін жақсылық жаса!»

2012 жылдың 19 шілдесінде «Мектепке жол» республикалық акциясы қарсаңында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Өзгенің игілігі үшін жақсылық жаса!» қайырымдылық акциясы іске аса бастады.
    
Департамент Қостанай қаласының ірі кеңсе тауарлары дүкендерінде мектепке арналған құрал-жабдықтарды салу үшін арнайы жәшіктер орнатты. Осы жәшіктерге әркім қалауы бойынша мектепке қажет құралдарды салуына болады.

Акция 2012 жылғы 20 шілдеден 20 тамызға дейін өткізіледі.
Мектепке арналған құралдар үшін бірінші жәшік «Канц-центр» кеңсе тауарларының дүкенінде орналастырылды. Жәшікті орнату кезінде аталған іс-шараға қызығушылық білдірген азаматтар көп болды, бұл өте қуанышты.

 

«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу қорытындысы

2011 жылғы 8 желтоқсанда облыс әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымованың төрағалығымен «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Акция оқу жылына дайындық кезінде аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан мектеп оқушыларына қолдау көрсетуге, әлеуметтік жағдайына байланысты 1 қыркүйекте мектепке бара алмауды алдын алуға бағытталған.
                               
Ағымдағы жылы балаларды қамту пайызы былтырғы жылмен салыстырғанда 12,8%-ға артты (2010 жылы 11155 бала, 2011 жылы – 12579 балала мектепке дайындалды). Осы мақсаттарға 55,7 млн. теңге жұмсалды.
Бизнес-құрылымның, қоғамдық және мемлекеттік органдардың әлеуметтік белсендігінің арқасында 2011 жылы - 6179 оқушы сомасы 24,4 млн. теңгеге, 2010 жылы – 6112 бала 18,6 млн. теңгеге мектепке дайындалуға материалдық көмек алды.
Биылғы акцияның ерекшелігі «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафонын өткізу болды, акция барысында облыстың қалалары мен аудандарында мектеп жәрмеңкесі, қайырымдылық концерттері, жетім балалар үшін киім жинау бойынша «Мейірімді қол» акциясы, үгітпойыздарының жүруі, қоғамдық қабылдау, концерттік бағдарламалармен мектеп жәрмеңкелері, шаштараз және тігін салондарында тегін қызмет көрсету іс-шаралары ұйымдастырылды.
                           
Облыстық орталықта мемлекеттік құрылымдар, үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің, депутаттардың, облыс тұрғындарының қатысуымен «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты үш сағаттық радиомарафон өткізілді.
Акцияның белсенді қатысушылары ұйымдастыру комитетінің алғыс хатымен марапатталды.

Астана қаласындағы «Мектепке жол» акциясының
 қорытынды бойынша баспасөз-конференциясы

2011 жылғы 5 қазанда «Бәйтерек» Халықаралық медиа-орталығында «Мектепке жол» республикалық акциясының қорытынды баспасөз-конференциясы өтті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен  2011 жылғы 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткен жалпыреспубликалық «Мектепке жол» атты акция аясында (бұдан әрі – Акция) аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде қолдау көрсетілді.
Жұмыс барысын Астана қаласының Білім басқармасының бастығы Әсима Темкеқызы Бимендина жүргізді.

                           

Баспасөз-конференциясына Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Рысты Мағауияқызы Жұмабекова, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Қоғамдық қабылдау басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Зульфия Абдоллақызы Якупова және 50 мектептің директорлары мен әлеуметтік педагогтары қатысты.

                          

Әсима Темкеқызы өз баяндамасында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру мен өткізу бойынша ортақ іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізілген жұмыстар туралы айтты.
Акция барысында  4955 оқушы 58 млн. 582 мың 352 теңге көлемінде, оның ішінде бюджет қаражатынан — 51 млн. 429 мың 312 теңгеге, бюджеттен тыс қаражаттан — 7 млн. 153 мың 040 теңгеге көмек алды. Бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Көп балалы отбасының балалары үшін тегін айлық жол билетіне қаражат бөлінді.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Р. Жұмабекова барлық мектеп жасындағы балаларды орта біліммен қамту мәселесіне жұртшылық пен қоғамның назарын аудару бойынша барлық мүдделі органдар ауқымды жұмыстар атқарғанын атап өтті.
Жыл сайын көмекке мұқтаж отбасылар мен балаларға қол ұшын берушілердің саны артуда және Департамент ол адамдарды үнемі мадақтап отырады. Әрине, көмек берушілер саны бұдан да арта түссе дейміз.

                          

Жалпыреспубликалық “Мектепке жол” акциясы аясында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жедел-алдын алу іс-шарасы (рейд) барысында анықталған және Қоғамдық қабылдау мен сенім телефонына көмек сұрап хабарласқан 48 тұрмыс жағдайы төмен отбасыларының 151 балаларын анықтап, есепке қойды.
Департамент мектеп жасындағы 113 баланы «Альянс банк» АҚ-ның Астана қаласындағы  филиалының, «Нұр Әлем Қазақстан» Қоғамдық Қайырымдылық Қорының, «Монтаж Дроб Сервис» ЖШС-ның, «Швейная фабрика «Третий этаж» ЖШС-ның, «Каз Транс Ком» АҚ ұжымының, «KZ» Қоғамдық қорының қолдауларымен 654 100 теңге көлеміндегі қаражатқа қажетті киім, аяқ киім, портфель және оқу-құрал жабдықтарымен қамтамасыз етті.
Р. Жұмабекова акция барысына белсене қатысқан  № 3, 10, 16, 22, 32, 36, 54 білім беру ұйымдарын атай келе, «басқа мектептерде қамқоршылық кеңестің жұмысын қолға алу қажет, себебі меценаттарды тарту бойынша жұмысты жүзеге асыратын да солар», - деді.
Департамент директоры өз сөзін қорыта келе, жұртшылық арасында жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесімен таныстырды. Сауалнама кездейсоқтық таңдау әдісімен жүргізіліп, барлығы 120 респондент қатысты. Нәтижесі көрсеткендей сауалнама қатысушыларының 25%-ы акция туралы ақпаратты ұялы телефонының СМС-хабарламасы арқылы білгендерін  көрсетті.

                             

Р.Жұмабекова акция барысына белсенді қатысқан меценаттарды, яғни  «Альянс банк» АҚ-ның Астана қаласындағы  филиалын, «Нұр Әлем Қазақстан» Қоғамдық қайырымдылық қорын, «Алтел» АҚ-ын («DALAKOM», «PAThWORD» ұялы байланысы), «KZ» Қоғамдық қорын және «Астана ақшамы» газетінің тілшісі Гүлжан Рахман мен «Вечерняя Астана» газетінің тілшісі Ольга Цыганкованы Департаменттің алғыс хатымен марапаттады.
Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Қоғамдық қабылдау басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы З. Якупова жедел-алдын алу іс-шарасының нәтижесіне тоқталып, белсенді қатысқан Балалардың құқықтарын қорғау департаментін, Білім басқармасын және үкіметтік емес ұйымдарды атады.
Баспасөз-конференциясының жұмысына БАҚ-ның 7 өкілі қатысты.


«Мектепке жол» республикалық  акция қорытындыланды 

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде республикалық «Мектепке жол» акциясын қорытындылау бойынша баспасөз мәслихаты өтті. Оған Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау, облыстық білім басқармасы, ішкі істер департаменті, Талдықорған қалалық әкімдігі мен БАҚ өкілдері қатысты.
Жиында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлнар Ермекбаева «Мектепке жол» акциясының қорытындысы бойынша мәлімет берді.
Гүлнар Өмірбекқызының сөзіне жүгінсек, оқушылардың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу және тұрмысы төмен отбасы балаларын жаңа оқу жылына дайындауға бағытталған акция өз мақсатына жетіп, жоғарғы нәтижемен қорытындыланып отыр. Акцияға демеушілер мен меценаттар кеңінен қатыстырылып «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафоны өткізілген. Нәтижесінде үстіміздегі жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 26 419 балаға 137 070 661 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Қалалар мен аудандар арасында бюджеттен тыс қаражат есебінен басым көмек көрсетіп, нәтижелі жұмыс істегендер қатарында Талдықорған қаласы мен Алакөл, Жамбыл аудандарын даралап айтуға болады.
Акцияға облыстық мекемелер, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар да ерекше үлес қосты. Осы тарапта 56 балаға 1 596 595 теңгені құрайтын мектепке қажет заттар табыс етілді.
Ал айлық аясында ұйымдастырылған «Мен мектепке барамын!» атты қайырымдылық іс-шараға «Мэри Кей» компаниясы қолдау көрсетіп, аз қамтылған отбасылардың 1 сыныпқа баратын балаларына мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын сыйға тартты.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен бала еңбегінің ең нашар түрлерінің алдын алу және болдырмау жөніндегі әлеуметтік орталығы бірлесе отырып, Еңбекшіқазақ ауданындағы 118 еңбек мигрантының балаларына мектеп сөмкесі мен оқуға қажетті құралдар табыс етті.
Айлық барысында департаменттің сенім телефоны қызу жұмыс істеді. Осы орайда «Шұғыл бағытқа» 19 адам қоңырау шалып, оның 9-ы материалдық көмек көрсетуді өтінді. Оларға демеушілер арқылы 150 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, саяжай, егістік, аула, үйлерді аралау барысындағы рейдтік іс-шараларға баса көңіл бөлінді. Оқудан бас тартқан оқушыларды анықтау мақсатында 116 685 аула тексерілді. Департамент тарапынан акция барысында оқумен қамтылмаған 3 бала анықталып, олар бүгінгі күні мектеп партасына отырғызылды.
Акцияның мақсатымен халықты таныстырып, ақпараттандыруға байланысты да жұмыстар атқарылды. Осы ретте Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев сөз алып, қаладағы 25 мектепте жүргізілген жанды үгіт-насихат жұмысының арқасында акцияға 1971 бала тартылып, олардың бәріне де қажетті көмектер көрсетілгендігін айтып өтті. Сондай-ақ, акция барысында егіздер мен үшемдер тәрбиелеп отырған отбасылар да ескерілусіз қалмай, қала жұртшылығы үшін екі ай көлемінде «Мектеп жәрмеңкесі» жұмыс істеп, арзандатылған оқушы формалары мен оқу құралдарының қолжетімді бағада саудаланғандығына тоқталды.
Талдықорған қалалық білім, спорт және дене шынықтыру бөлімінің бастығы Болат Тұрысбеков болса, тұрмысы төмен отбасының бірқатар балалары белгілі бір азаматтарға бекітіліп берілгендігін, олар оқушыға мектепті бітіргенше қамқорлық жасап, оқуға қажетті заттармен қатар күздік, қыстық киімдермен де қамтып отыратындығын жеткізді. Демек, «Мектепке жол» акциясы осымен аяқталмайды, ол жыл бойына жалғасын табатын болады.
Баспасөз мәслихатына қатысқан облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Майгүл Омарова «Мектепке жол» акциясы аясында атқарылған жұмыстарды ортаға салды. Сондай-ақ жиынға қатысушылар журналистер қойған сауалдарға жауап беріп, акцияның өз дәрежесінде ұйымдастырылып өтуі мен онда жиналған қаржының көлемі де жыл санап ұлғайып келе жатқандығын тілге тиек етті. Мәселен, өткен жылы 34 102 балаға 123 млн. теңге жұмсалса, биыл 26 419 оқушыға 137 млн. теңгенің көмегі көрсетілген. Бұл акцияның халық арасындағы маңызы арта түскендігін көрсетеді. «Көп түкірсе көл» демекші, зәру жандарға көп болып, көмек көрсететін шарапатты шара алдағы уақытта да өзінің игілікті жалғасын табатын болады.

Алма Есенбаева,
Алматы облыстық қоғамдық-саяси 
 «Жетісу» газеті,
№116, 15.10.2011 ж.

«Мектепке жол» жалғасуда…

«Мектепке жол» акциясы шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ғимаратында Департаменттің аталмыш акция шеңберінде Сенім телефонына өтініш білдірген көп балалы және аз қамтылған отбасалар балаларына арналған қайырымдылық шарасы өткізілді. Бұл шара «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық марафонының Қарағанды облысы аумағында қадамының бірі болып табылады.
Шараның басты демеушісі «Кар-тел» (Бренд «Билайн») жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Қарағанды филиалы жаңа оқу жылына балаларға сөмкелер, оқу және кеңсе құралдарын даярлады.
Ал Департаменттің тұрақты серіктестері Қарағанды техникалық университетінің  «Ақниет» студенттік ұйымының еріктілері  балаларды ойындармен, ойыншықтармен және тәтті тағамдарымен қуантты.
Жалпы айтқанда мереке өз дәрежесінде өтті балалар мен ата-аналар күйбең тірлікті бір сәт ұмытып, жаңа эмоциялар мен қуаныштарға кенелді. 


«Мектепке жол» акциясы 

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен облысымызда 4-ші жыл «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі.
Әлеуметтік жағынан осал халық санатына жататын мектеп жасындағы балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде, оқушылардың  қандай да бір әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бармау жағдайларын алдын алу үшін, көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған бұл  акция - игі іс болып табылады.  Көмекке мұқтаж балаларға қолдау және көмек көрсеткісі келетіндердің саны жыл сайын көбейетіні қуантады.
Жыл сайын бұл акция өте жоғары ұйымдастырылған дәрежеде өтеді. Бұған 2011 жылдың 1 тамызынан 30 қыркүйек аралығында Павлодар облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу бойынша облыс әкімінің орынбасары Ә.Қ. Ғалымовамен бекітілген облыстық жоспарды жүзеге асырылу  шеңберінде, облыстың барлық қалалар мен аудандарда ұйымдастырылған комитеттер (штабтар) жұмыс істейді, бірлескен әрекеттер жоспары құрастырылған. Пәтерлер (үй) бойынша қайырым сұрау, кезбеліктің алдын алу, көмек қажет ететін балаларды анықтау бойынша аралап тексеру, рейдтер өткізіледі. Акцияға демеушілер мен жебеушілер, кәсіпкерлер белсеңді қатысты. Сенім телефондары жаппай жұмыс істейді. Нарықтағы бағадан әлдеқайда төмен бағамен сатылымға қойылған оқушыларға арналған киімдер мен тауарлар ұсынылатын мектеп жәрмеңкелері өткізілуде.
Алғаш рет бұл жылы  Павлодар қаласы әкімдігінің және кәсіпкерлерінің бастамасымен мектеп жәрмеңкелері 20-25 тамыз аралығында 6 күн бойы Естай атындағы қалалық мәдениет Сарайында өткізілуде. Жәрмеңкені өткізу барысында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қоғамдық қабылдауы, әлеуметтік сала бойынша бірнеше ҮЕҰ жұмыс істейді.
Акцияға бұқаралық ақпараттық құралдары (теледидар, радио, газеттер) жақсы ақпараттық қолдауды көрсетуде. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларында және Май, Ақтогай ауданында акция бойынша шұғыл телефон нөмірлері мен логотиптері бар билборд орналастырылған.

                      

«Қазақстан-Павлодар»  ОТРК апта сайын облыста акция өту барысы бойынша жарияланымдар, жаңалық сюжеттері жарияланады. А.ж. 10 тамызында облыстық теледидар тележүргізушілері департамент директорының міндетін атқарушы А.М. Мәкеновамен акция шеңберіндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша сұхбат ұйымдастырылды және көрсетілді. А.ж. 16 тамызында мектеп жәрмеңкесін өткізуге белсенді қатысатын мемлекеттік құрылымдар, кәсіпкерлермен пресс-конференция өткізілді. А.ж. 19 тамызында    біздің департамент облыстық радиомен бірлесіп қоғамдық өкілдер, демеушілер, мемлекеттік құрылымдардың қатысуымен радиомарафон өткізілді.
Акцияны ақпараттық насихаттауға ойын-сауық мекемелерінің қорлары да белсенді пайдаланылады.
Екібастұз қаласындағы «Қайнар» білім беру-демалыс комплексі акцияға белсенді қатысу үндеуімен жұма сайын аула клубтарында волонтерлік топтардың  шығуын ұйымдастырады.
Ақсу қаласының білім беру бөлімі шығу шараларын ұйымдастырады, онда Балалар шығармашылық үйінің тәрбиеленушілері концерттік бағдарламаны көрсетеді, кәсіпкерлер төмен бағамен мектеп жәрмеңкесін ұйымдастырады. Олармен бірге шаштараздар мен аяқ киім жөндеушілер барып, өзінің қызметтерін 50-100 теңге  көлемінде көрсетеді.
Облыс білім беру басқармасымен бірлесіп, «Балалық шақты қорауға  20 қадам» марафоны мен аз қамтылған отбасылардағы балаларға киім жинау үшін «Мейірімді қолдар» акциясының шеңберінде департаменттің ғимаратында және Павлодар  қаласының үлкен сату нүктелерінде киім салу үшін 2 үлкен контейнерлер орнатылған.
Күнделікті департаменттің шұғыл байланыс желісіне және қоғамдық қабылдауына балаларға қажет киімдер мен тауарларды алу үшін, өтініштер келіп түседі. Сонымен қатар ұйымдар мен кәсіпорындардың басшыларынан нақты балаларға көмек көрсету жөнінде ұсыныстар келіп түседі.
Бірінші болып «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы жауап қайтарды. Аз қамтылған отбасыдағы 40 балаға – болашақ бірінші сынып оқушыларына 400 мың теңге көлемінде көмек көрсетумен, нұротандықтар «Баланы мектепке жинайық» атты мерекелік, қайырымдылық шарасын өткізді.
«Айналайын» балалық қоғамдық қоры жаңа оқу жылының қарсаңында, киім және аяқ киіммен облыстың 50 оқушысын 1,0 млн теңге көлемінде қамтамасыз етеді.
Баянауыл ауданында № 2 Баянауыл ЖОМ түлегі, қазіргі кезде Ресей азаматы, С. Миколян Баянауыл мектеп-интернатының 200 оқушысына 1 млн. 600,0 теңге көлемінде мектеп формасын табыс етті.
Ертіс ауданындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалардың «Азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік төлемдер» аудандық бағдарламасына сәйкес, аз қамтылған отбасыдағы АӘК алатын 64 балаға 1 млн. 59,0 мың теңге көлемінде киім сатып алынды.
Қашыр ауданында кәсіпкер Ю.А. Лысенко Воскресен ЖОМ-нің 21 оқушысына 130,0 мың теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті.
«Киімдер Әлемі» ЖШС директоры – Б.Б. Раисов, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы – В.А. Берковский өзінің әріптестерімен бірге, «Павлодароблрадио» КММ директоры И.Б. Абдықалықов және одан басқа мемлекеттік құрылымы мен қоғамның өкілдері оқушыларға көмек көрсетті.
Мектепке жиналу жолы негізінде де көп шығындарды қажет етеді. Облыстық жоспарға сәйкес, біздің департаментімізбен мектеп киімі мен кеңсе тауарларына 5 сауда үйі мен облыс орталығының 10 дүкенінде мониторинг жүргізілді. Оның нәтижелері мектеп киімі мен аяқ киімінің бағасы 13 мың теңгеден  19 мың теңге аралығында болатынын көрсетті. Мектепке қажет кеңсе тауарларының бағасы 3,5 – 4,5 мың теңге көлемінде.
Ата-аналар отбасының басқа қажеттіліктеріне арналған басқа шығындарды қысқартпастан, баланы оңайлықпен мектепке жібере бермейді. Осындай кезде мемлекеттің және қоғамның көмегі өте қажет. Сондықтан, осы кезде оқушыларға қолдау көрсету, тек сол балаларға ғана емес, әсіресе, осы отбасыда мектеп жасына дейінгі балалар болса, бұл  отбасыға көрсетілетін көмектің үлкен маңызы бар.
Бизнес-құрылымдардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың әлеуметтік белсенділігінің арқасында, біздің балаларымыздың мектепке жолы шынында да сәтті және бақытты болатынына біз сенімдіміз. 

 


«Қоғам балалық шақты қорғауда»

«Қоғам балалық шақты қорғауда» жобасының шеңберінде Павлодар облысының корейлер этномәдени бірлестігі мен балалардың құқықтарын қорғау департаментінің арасындағы ынтымақтастық төртінші жыл жалғасуда.
«Қазақстан корейлері ассоциациясының» төрайымы Адалаида Пак таңғы балғындық Елінен келген өзінің отандастарымен бірге Павлодар облысының  балалардың құқықтарын қорғау департаментіне келіп, оның жұмысымен танысты. Делегация құрамында бала дәрігері болды.
Қонақтар облыстық Бала үйіне барып қайтты, сәбилерге қажет жаялықтарды, сәби көйлектерін және сәби тағамын сыйлады, жасы үлкендеу балалармен әңгімелесті. Екі жақтың әңгімелесушілері әр түрлі тілдерде сөйлегенмен, екі жақ та бір-біріне риза болды.
Кетерде кішкентай балалар «сау болыңыздар, сау болыңыздар» деп айқайлап, өзінің тәрбиешілерінен «Олар тағы келе ме?» деп сұрады.
Корей диаспорасының өкілдері үнемі балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірге қызмет жасап тұрады.

 

 

 

Департаменттің Бала күнін мүмкіндігі шектеулі жарымжан балаларға арналған коррекционды мектеп-интернаттың және оңалту орталықтардың тәрбиеленушілеріне спорттық киімдерді табыс етті. Балалар үйлерінің ұлдары мен қыздарына арналған сыйлықтармен жазғы уақытта сауықтыру лагерлеріне барады. Павлодар қаласының аула клубтары мен мектептеріне 700 мың теңгеден аса көлемінде спорттық тауарлармен көмек көрсетті.
Мүмкін, корей өкілдерінің қайырымдылық ұйымының бұл келуі соңғы емес шығар, себебі, ары қарай өзара ынтымақтастық жасау ұсыныстары екі жақтан да айтылды.

 


«Балалық шақты қорғауға 20 қадам»

«Мектепке жол»  төртінші жалпы республикалық акциясының шеңберінде Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық радиомен бірлесіп, тамыздың 19 өткен, «Балалық шақты қорғауға 20 қадам» атты қайырымдылық радиомарафоның өткізудің бастаушысы болып шықты.

 

 

Марафонға балалардың құқықтарын қорғау және ішкі істер департаменттерінің, қала және аудан білім беру бөлімдері мен басқармаларының, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының, облыстық мәслихаттың, «Айналайын» бірлескен бала Фондының, мемлекеттік органдардың өкілдері, демеушілер мен жебеушілер, облыс тұрғындары қатысты.

 

 

Алғы сөзінде балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының м.а. Мәкенова Аяш Мүрсәлімқызы «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясын өткізу барысы туралы, қайырымдылық радиомарафонның мақсаттары туралы баяндады.
Жыл сайын департаментпен мониторинг өткізіледі, оның нәтижелері мемлекеттік қаржыландырудың өсуі ғана емес, сонымен бірге қоғамдық құрылымдардың, шағын және орта бизнестің,  мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдерінің, қатардағы азаматтардың акцияға қатысуы көбейгені туралы айтады. Олардың барлығы жақынына жан дауысымен, мәжбүрліксіз қол ұшын береді. Марафонды өткізу кезінде департаменттің үндеуіне облыс мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, коммерциялық құрылымдардың 37 жетекшілері жауап қайтарды, 700 мыңнан астам теңгеге көмек көрсетілді.
«Павлодароблрадио» КММ директоры Абдықалықов Идият Бекболатұлы, аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға жаңа оқу жылына дайындалуға көмек көрсету туралы департаменттің үндеуін бірінші болып қолдап, облыс радио тыңдармандарына қайырымдылық марафонына қатысу ұсынысымен сөз сөйледі. Облыстық радионың ұжымы Павлодар қаласының № 7 ЖОМ оқушысына мектепке дайындалуына 60 мың теңге сомасында көмек көрсетті және оның тағдырына ары қарай қатысуға дайын.
«Алюминий Қазақстан» АҚ вице-президенті Жанғазақов Мұратқазы Аблайұлы көп жылдар бойы Үшқұлын ауылдық мектебіне шефтік көмек көрсетіп келе жатқаны туралы айтты. Жазғы демалыстың басталысымен балаларды қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа апарып, кәсіпорынмен таныстырады. Бастықтар Үшқұлын ауылының балаларына көмек көрсетіп тұрады. Осы жылы «Мектепке жол» акциясын өткізу үшін 5 млн. астам теңге бөлінді.

 

 

«Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы а.ж. тамыздың 15 күні Павлодар қаласының 40 болашақ бірінші сынып оқушыларына арнап нағыз көңілді және әсерлі мереке өткізді. «Нұр Отан» ХДП бастамасымен «Баланы мектепке жинайық» жылдық акциясы тамыздың 1 өз бастауын алды. «Нұр Отан» ХДП қоғамдық – саяси бөлімінің меңгерушісі Көпбергенова Сәуле Қазбекқызы айтқандай, бұл акция облыстың барлық аудандарындағы партия филиалдарында өткізіледі.
Облыстық мәслихаттың депутаты, «Галицкое» ЖШС директоры, Касицин Александр Анатольевич, облыста өзінің қайырымдылығымен әйгілі, «балалардың жаны – жеміс беретін жер сияқты, не ексең, соңы жинайсың» деп ойлайды. Депутат Касицин тек қана Жақсылықты себеді. Галицкое ауылы департаментпен ең бірінші болып Меморандум жасады және балаға Достық болып келеді. ЖШС балалардың демалысын қамтамасыз етеді: Ойын-сауық орталығы тұрғызылды, жұмыскерлерге еңбек ақысы төленіп тұрады, үш ауылдың оқушылары ыстық тамақты тегін алады, жазғы айларда ЖШС жұмыс істеп, лайықты еңбек ақысын алып тұрады. Балалар жақсы оқуы үшін иелі шәкіртақымен және еңбек еткені үшін құнды сыйлықтармен марапатталады.
Павлодар қаласының білім беру басқармасының өкілдері (бас маман Гүлнар Садыққызы Жанғазы) және (бастықтың орынбасары Сабира Шакенқызы Сеитова) облыстың қалалары мен аудандарында «Мектепке жол» акциясын өткізу барысы туралы айтты. Облыс орталығында мектеп жасында 31 мыңнан астам бала бар, соның ішінде 2700-ден астамы аз қамтылған отбасыдағы балалар. Жыл бойы олар тегін ыстық тамақпен, киім және кеңсе тауарларымен қамтамасыз етіледі. Қаланың білім беру бөлімдерінің ұйымдастырушылық комитеттері «Мектепке жол» акциясына қатысуға демеушілер мен жебеушілерге ұсынысымен жүгінді, мектепке дайындалуға 65 балаға көмек көрсетілді.
Акцияны өткізуге үлкен көмекті ішкі істер басқармасы көрсетеді. ІІД қоғамдық қауіпсіздік басқармасының аға инспекторы Бибігүл Төлешқызы Қамзина кәмелетке толмағандардың арасында бақылаусыздықты және панасыздықты болдырмау - ең басты міндеттердің бірі деп санайды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен бақылаусыз және панасыз балаларды анықтауға мыңнан астам рейдтер жүргізілді. Кешкі және түнгі уақытта жайсыз отбасылардағы балалардың уақытын өткізуіне үнемі бақылау жасалынып тұрады. Бақылаусыз және қайыр сұрайтын балалардың пайызы төмендеді.

 

 

Облыстық радионың редакциясына «Караван КЗ» туристік фирмасының директоры, бұрын № 27 ЖОМ жұмыс істеген мұғалім, Назгүл Аманғұлқызы Копаева марафонды естіген соң, жүгініп, өзінің көмегін ұсынды.
Марафонға қатысушылар арасында жастар ұйымдарының көшбасшылары да болды. Женя Бондаренко, «Жас Даурен» балалар үйінің тәрбиеленушілері Ассоциациясының көшбасшысы, өзі жайсыз отбасыдан шыққан, осындай балалардың қажеттіліктерін естусіз біледі. Ассоциациядағы балалармен бірге,  ол балаларға мектепке дайындалу үшін көмек сұраумен,  облыс орталығының тұрғындарына үндеу-қағазшаларын таратты, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен бірге сауда үйлеріндегі қонтейнерлерден алынған киімдерді баспаналар мен балалар үйіне апаруға көмектесті.
Қайырымдылық марафонына қатысу үшін қазынашалық департаментінің директоры Е.С. Қыдыралиев келді, ол облыстық радионың студиясында жалпы сомасы 50 мың теңге көлемінде жылы киімдер мен аяқ киімді № 15 ЖОМ оқушысына табыс етті. Қазынашылықтың қызметкерлері акцияны қолдап, одан басқа тағы жарымжан-бала бар толық емес отбасынан шыққан Әділге мектепке дайындалуға көмек берді. Ағайындылардың анасы ұлын мектепке жинауға әлі жоқ, демеушінің көмегі дер кезінде болды.
Марафонға қатысушы білім беру органдарының өкілдері облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, оларды қызықтыратын әр түрлі мәселелер бойынша кеңес айтты.
Павлодар қаласының № 15 ЖОМ директорының орынбасары Любовь Николаевна Красноперова, 50 пайызын аз қамтылған отбасылардағы балалар құрайтын мектепке үнемі көмек көрсететін балалардың құқықытарын қорғау департаментіне өзінің алғысын білдірді.
«Балалық шаққа 20 қадам» атты қайырымдылық марафоны Павлодар облысында өз жалғасын табуда.

 


 

 

«Баланы мектепке жинайық» 

  

Тамыздың 15-сі «Нұр Отан» ХДП-ның Павлодар облыстық филиалы Павлодар қаласының 1-ші сынып оқушыларына арнап «Балаларды мектепке жинайық» акциясын өткізді.
Павлодар облысының балалардың құқықытарын қорғау департаменті жаңа оқу жылының басына дайындалу үшін көмекке мұқтаж көп балалы және аз қамтылған отбасыдағы балалардың тізімін дайындады.
«Нұр Отан» ХДП ПОФ төрайымының бірінші орынбасары А.К. Нұркина осы жылы бірінші рет бірінші сыныпқа аттанатын ұлдар мен қыздарды олардың өміріндегі тамаша оқиғамен құттықтап, білім мен ғылымның ежелерін жақсы меңгеруіне тілек білдірді.

 

Балалардың назарына нағыз әртістердің қатысуымен музыкалық-ойын-сауық бағдарлмасы ұсынылды. Мектеп есігін ашар болашақ 40 оқушы демін ішіне тартып, пираттардың қылықтарын бақылап отырды: капитан Джек-Воробей ең жалқауларын жұлқылап, әр түрлі қызық сұрақтар қойды. «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен бірге балалар әйгілі хиттердің әуендеріне би биледі.

 

Қызықты ойындар мен биден шаршап, балалардың қарны ашты. Тәттілерге толы үстел де балалардың үмітін алдаған жоқ. Тамақтанып алған соң, балалар нұротандықтардан сыйлықтарды қабыл ала бастады: мектепке қажет заттарға толы сөмкелер, әдемі кеудешелер.
«Нұр Отан» ХДП ПОФ осындай акцияларды барлық аудандарда өткізіп тұрады.


«Аудан әкімі балғындарға базарлықпен келді» 

 Акция аясында 40 оқушы киімі мен 100 мектеп сөмкесі сыйға тартылды.
Бүгінгі таңда тәуелсіз мемлекетімізде жалпы білім берудің жаңа бағдарламасы жаңғыртылып, одан әрі жалғасын табуда. Қазір мектептерді озық технологиямен жабдықтау жұмыстары толық аяқталуға жақын. Қай білім ошағына барсаңыз да әрбір сынып кабинеттерінің компьютерленгенін көруге болады. Орта білім берудің 12 жылдық моделі кезең-кезеңімен енгізілуде және білім берудің сапасын арттыру және оның қолжетімділігін кеңейту үшін білім беруге қолдау көрсетудің жаңа қаржылық-экономикалық мүмкіндіктері қарастырылуда.
Әрине, халыққа тиімді де сапалы білім беру – мемлекеттің басты міндеті. Медеу ауданы аумағында тұратын мектеп жасындағы барлық оқушыларды орта біліммен қамтамасыз ету мақсатында көптеген іс-шаралар, дайындық жұмыстары қолға алынып отыр. Солардың бірі – бейсенбі күні «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында «Арман» кинотеатрында өткен аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежановтың бүлдіршіндермен өткен кездесуі. Қазіргі күні түрлі себептермен балаларын мектепке апара алмайтын ата-аналар да жоқ емес. Әсіресе, әлеуметтік әлеуеті әлсіз, тұрмысы аз қамтылған отбасыларға, көпбалалыларға киын. Өйткені, бір оқушының өзіне киімі мен құрал-жабдығына жоқ дегенде  30 мың теңгені суырып беруге тура келеді. Сондықтан да қамыққан жандарға қамқорлық жасап, демеушілік көрсету мақсатын көздеген аудан әкімдігі 100 балаға сабаққа қажетті барлық заттармен қамтамасыз етілген су жаңа мектеп сөмкесін  және 40 оқушыға мектеп киімін базарлық жасап ала келді.
Мерекелі акция барысында оқушы ұландарды жаңа оқу жылымен құттықтаған аудан басшысы естелік сыйлықтармен қатар мол базарлық тартуды да өз қолымен тапсырды. Соңынан думанды басқосуға жиналған балауса балғындар арнайы балалар кинофильмін тамашалады. 

                                                                                                            Берік Сәдуақас,
                                                                                                  «Алматы ақшамы», 
                                                                            27 тамыз 2011 жыл, № 100-101


 

 

„МЕКТЕПКЕ   ЖОЛ" МЕЙІРІМДІЛІККЕ БАСТАЙДЫ

  

Өткен жылы осы акция аясында қатер тобындағы, сабаққа себепсіз бармай жүрген, панасыз, тұрмысы қолайсыз отбасындағы, сондай-ақ жүйелі түрде мектепке бармайтын балаларды, сондай-ақ, мигранттарды анықтау бойынша барлығы 3172 рейдтік іс-шаралар жүргізілген болатын. Оның ішінде саяжайлар мен саяжай шаруашылықтары бойынша - 244, шаруашылық, фермерлік егістіктер бойынша -  783,  базарлар  бойынша - 282, жағдайы нашар отбасылар бойынша 981, үйдегі жертөлелер бойынша - 146, автожуу, жанармай құю станциясы - 97, теміржол және автобус вокзалдары бойынша - 144, көңіл көтеретін мекемелер бойын-ша - 214, компьютерлік салондар бойынша - 62, шағын аудандар (мөлтек) бойынша - 203, хабарламалар, оның ішінде сенім телефондары бойынша анонимді түскен хабарламалар бойынша - 16 рейдтік шара ұйымдастырылды.
 Сонымен қатар 2010 жылы «Мектепке жол» акциясы аясын-да 32 223 пәтерде болу жүзеге асырылды. Оған 8635 мұғалім қатысты. Онда барлығы оқумен қамтылмаған        24        кәмелетке толмаған бала, оның ішінде жағдайы нашар отбасылардағы 15, жағдайы жақсы отбасылардағы 2, мектепке бармайтын 1, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімінде тіркеуде тұратын 3 бала анықталды. Анықталған балалар және олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, нэтижесінде анықталған 24 бала түгел мектепке қайтарылғанды.
Сөйтіп, аталған акция аясында аз қамтамасыз етілген жэне көп балалы отбасыларынан шыққан 18 923 балаға барлығы 57 миллион 655 мың 999 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген болатын.
Ал, биыл осы акцияны аймақта жоғары деңгейде өткізу мақсатында алдын-алажасалған іс-шаралар жо-спары бекітіліп, бірқатар жүмыстар жүргізу көзделуде.
Жоспарға сәйкес 1-30 қыркүйек аралығында қатер тобындағы: қасақана сабақтан жалтарғандар, қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, тұрмысы қолайсыз отбасындағы балалар мен мигранттарды, сондай-ақ жүйелі түрде оқудан қашатын балаларды анықтау үшін рейд өткізу, акция көлемінде балаларды жалпыға міндетті оқумен қамту мақсатында аулалар мен пэтер аралауды ұйымдастыру, оқымайтын немесе мектепке бармайтын мектеп жасындағы балаларды анықтап, есепке алу жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар рейд барысында анықталған барлық жалпы білім беретін мектептердегі қатер тобындағы балалардың, элеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларындағы балалардың жеке және мекен-жай тізімдерін құру, олардың мектепке баруын қамтамасыз ету, балаыың мектепке баруға қажетті заттарға зәру аз қамтамасыз етілген жэне көпбалалы отбасыларға материалдық көмек көрсету бой-ынша жұмыстар жүргізіледі. 2011 жылғы акция аясында мұнан өзге де бірқатар іс-шаралардың жүзеге асуы күтілуде.
Департаменттің ұйымдастырумен бала құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған өзге де «дөңгелек үстел» отырыстары, семинар-кеңестер, түрлі тренингтер, байқаулар мен акциялар т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып келеді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын таба береді.
Қазіргі балаларымыздың тэуелсіз, егемен, еркін елімізде өмір сүріп, тәрбиеленіп жатқаны - болашағымыздың жарқын болуына, атар таңымыздың арайлы болуына кепіл. Тәуелсіздік рухында тәрбиеленген жас ұрпақ мемлекетіміздің көк байрағын желбіретіп, абыройын асқақтата беретініне сеніміміз мол.
Әрине, бала тәрбиесі мемлекеттің келешегін айқындауда үлкен маңызға ие. Бүгінгі таңда балалар өмірінің сапасын жақсартуға, олардың           шығармашылығын дамытуға, қоғамдық белсенділігін көтеруге, әлеуметтік қамтамасыз етілуіне, спортпен шүғылдануына бағытталған шаралардың көптеп ұйымдастырылуы көңіл қуантады.
Сондықтан қол жеткен игіліктерге қуана отырып, тэуелсіздік тұғырын нықтай түсуге бағытталған жұмыстарды бір сәтке де саябырсытпауымыз керек.

  

 Думан МӘУЛЕНОВ, 
облыстық балалардың құқықтарын қорғау 
департаментінің директоры, 
«Алтын шырақ» журналы 
№8 2011 ж.


  ЖЕТІБАЛАҒА ОҚУ ҚҰРАЛЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Қазақстан мүсылмандары діни басқармасы және Орта Азия муфтилер кеңесінің төрағасы, Бас муфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің кәсіпкерлер мен ел халқына жолдаған «Жарылқаушы айда жұртқа жеңілдік жасайық» атты үндеуін қуаттаған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының бастамасымен «Бәйдібек» мешітінің бас имамы Ғайырфулла Әмірбеков шапағатты айда шарапатты, сауапты іс аткарып отыр.
Бүгінде «Мектепке жол» акциясы өтіп жатканы белгілі. Осыған орай, бас имам Аяулым Даниярқызына, Диас Бакытұлына, Жанболсын Жұбатқанұлына, Асыл Алдамжаровқа - барлыгы 7 балаға оқу құралдарын сыйға тартты.
Тұрмыс киындығын көріп, тапшылық тауқыметін тартқан ата-аналарға бұл - үлкен көмек. Әсіресе, сыйлық алған баланың қуанғанын көрсеңіз. Ол қуанышты ештеңеге теңеу мұмкін емес. Рамазан айындағы бұл қайырымдылық шарасының сауабы да мол.

  

Дуйсенбек ОРМАНОВ, 
Жамбыл ауданы, 
«Ақ жол» газеті, 
№147 23.08.2011 ж.


Жұз балаға киім үлестірілді 

  

Айдың алғашқы күңінеп бастап республика бойынша «Нұр Отан» ХДП ұйымдастыруымен Партияның Халықтық, Тұғырнамасын іске асыру мен отбасы жағдайы төмен және жетім балаларға көмек қолын ұсыну мақсатында киім-кешек пен құрал жабдықтар табыстау үшін «Балаларды мектепке даярлық» атты қайырымдылык акциясы басталды.
Жүма күні Байзак ауданында өткен аталмыш акцияда мектепте окитын аз камтамасыз етілген көпбалалы отбасылардың тарапынан 100 баланың тізімі дайындалып, әрқайсысына 5000 теңге көлемінде киім мен жабдықтар салтанатты түрде тапсырылды. Әлі алда 200 баланы қамтамасыз ету жоспарланған. Мұның барлығы бюджеттен емес, жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалынып жатқан рамазан айындағы игі шаралар. Акцияның аяғы концертік бағдарламаға ұласты. Акция облысымыздың барлық аудандарында ұйымдастырылмақ.

Мұхамеджан ЖАЛМУРЗАЕВ,
 «АрСтан» газеті, 
№25 17.08.2011 ж.


 

«Алты ақпарат»

Н.Сац атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрының алдында Әуезов ауданы әкімі аппаратының, «Нұр Отан» ХДП-ның аудандық филиалы мен Әуезов ауданы әкімінің жанындағы отбасы ісі және әйелдер ісі бойынша комиссиясының  ұйымдастыруымен мектеп жасындағы балаларды «Альтаир» асуықтыру лагеріне жіберу рәсімі болып өтті. Лагерге Әуезов ауданының тұрмысы төмен отбасыларынан 50 шақты бала аттанды. Жас жеткіншектер онда 10 күн демалып келетін болады.
Барлық 50 балаға «Мектепке жол» акциясы аясында білім алуға қажетті құрал-жабдықтар салынған 50 сөмке сыйға тартылды.  

                                                                        Думан Анаш, «Алматы ақшамы», 
                                                                                      № 98, 23 тамыз 2011 жыл,

 


Балаларға ізгі жүректен 

                                           
Адам өмірінің мақсаты адамдардың
өміріне қатысып қызмет ету және
оларға қол ұшын беруге дайын болуда 
Альберт Швейцер

Қостанай облысының жиырма мыңға жуық балаларына мектеп «Мектепке жол» республикалық акциядан басталады (әрі қарай – Акция). 10 жылдан аса аймақ аумағында дәстүрлі қайырымдылық шара өткізіледі. Биылғы жылы Акцияның үйлестірушілері Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы, Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасы болып табылады. Акция қатысушыларының игілікті мақсаты аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектеп сабақтарына дайындалуға көмек көрсету болып табылады.
Жылдан жылға Акция қатысушыларының саны артуда, солардың ішінде аудан (қала) әкімдері, мәслихаттарының хатшылары, депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдар, білім беру, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдары, заңды және жеке тұлғалар.
Білім беру ұйымдарында Акцияны өткізу кезінде «Мектепке жол» логотипін пайдалана отырып, ақпараттық көрмелер дайындалды; мектепке балаларды қабылдау мәселелері бойынша ата-аналарға кеңес беруге арналған ақпарат беру алаңдары ұйымдастырылды; кәсіпорындарда, ұйымдарда, мемлекеттік мекемелерде «Мектепке жол» сериясындағы плакаттар орналастырылды; 20-дан аса «сенім телефондар» қызметі ұйымдастырылды.
Акцияға облыстың іскер қауымдары, бизнес-құрылымдарының, азаматтық қауым өкілдерінің тұрақты назарын және қызығушылықтарын аудару үшін бұқаралық ақпарат құралдарында қайырымдылық акция барысын баяндайтын тұрақты түрде материалдар орналастырылды. Облыстық, аудандық теледидар арналарында Акцияны өткізу барысында Акцияның өтуі, оның белсенді қатысушылары, уақытылы көмекке ие болған балалар жөнінде видео қойылымдар көрсетілді. Облыс және аудан көлеміндегі баспа беттерінде облыс аумағында Акцияның өткізілуі туралы 50 астам мақалалар басылып шықты.
Одан басқа, 359 білім беру мекемелерінде мұқтаж балалар үшін тамақ өнімдері, киім, аяқ-киімді жинау бойынша бөлімшелер ұйымдастырылды.
2010-2011 оқу жылының басына оқушыларды мектепке жинақтау бойынша бір бағытты жұмыс және 01 қыркүйекке мектепке балалардың келмеуінің алдын алу бойынша шараларды қабылдау нәтижесінде қауіпті топтағы балаларды: жиі «сабаққа келмейтін», панасыз, қадағалаусыз, тұрмысы қолайсыз және көшіп келуші отбасылардан шыққан балалар, сонымен қатар оқудан жүйелі түрде жалтаратын өзге балаларды анықтау бойынша 2280 рейдтер ұйымдастырылды.
Әлем ізгі ниетті адамсыз емес – бұл өмір ақиқаты екендігі расталды.
Аймақ шүленгерлері, жастар және қоғамның қайырымдылық әлеуетін жұмылдыру арқасында облысымыздың 10947 балалары ілтипат пен қамқорлыққа бөленіп, олардың қажетті әлеуметтік жағдайының жақсаруы үшін 52 млн. 348 мың 135 теңге көлемінде көмекпен қамтылды, бұл Қостанай облысы мектептерінде білім алуы үшін балалардың даяр болуына демеу болмақшы.
Мектеп бағдарламалары, мектептік сабақ беру технологиялары бір орнында тұрмай өзгеруде, бірақ бір ғана нәрсе ешбір өзгеріссіз: мұқтаждарға өз күшінің шеңберінде көмек көрсете алу. Қайырымдылық көрсету шынайы адам жүрек жылуына және қолайсыз уақытта өмір сүру үшін күш беретініне сенім береді. Сондықтан Акция қатысушылары тек қана мадақтауға ғана емес, үлкен және шын жүректен құрметке лайықты.

 


Білім министрлігіне

 

Алғыс хат

 

Мен Сыбанбаева Ляззат Жапарғали қызымын, көпбалалы ана сіздерге алғыс хат жазып отырған себебім, осыдан бір неше күн бұрын теледидардан «Мектепке жол» акциясын көріп, телефон соқтым, маған көмек көрсетеміз деп департаменттінің маманы қуантты. Қуанышым 25 тамызда орындалды. СПК «Жетісу» 2 адам келіп екі қыз бір ұлымды бастан аяғына дейін киіндіріп, бәрін алып берді. Балаларға жеміс-жидекке дейін алып берді. Балаларымның қуанышында шек жоқ.
Менім балаларыма қамқор көрсеткенінеріңізге көп рахмет.

 

 

 

Хат иесі 
Сыбанбаева көпбалалы ана
 Талдықорған қаласы

 


Жаңа оқу жылы қарсаңында жыл сайынғы өткізілетін «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы барысында Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылдың 16, 17 және 23 тамыз күндері бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған, жартылай жетім және көп бала тәрбиелеп отырған 47 ата-аналарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.

 

Департаментте өткен қоғамдық қабылдау туралы «Мектепке жол» балаларға қуаныш сыйлады» тақырыбында облыстық қоғамдық-саяси «Атырау» газетінің 17 тамыздағы №92 санында материал жарық көрді.

 

 25 тамызда Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде Атырау қалалық әкімдіктің бастамасымен, «Нұр Отан» ХДП Атырау қалалық филиалының қолдауымен «Мектепке жол» акциясы өткізіліп, 20 мектеп оқушысына сый-сияпат жасады.  

 

Осы күні департаментте өткен қоғамдық қабылдау қорытындысы бойынша, олардың ішінен көмек қажет ететін 50 балаға «Атамекен одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының демеушілігімен мектеп формасы, аяқ киім, спорттық костюм, мектеп құралдары табыс етілді.

 

Атырау қалалық білім бөлімі 5 оқушыға, «АДЖИП КСО» компаниясы 100 оқушыға, Атырау қалалық №1 соты 10 оқушыға, Атырау қалалық прокуратурасы 20 оқушыға, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі 40 оқушыға, «Батыс Транспорт СИМ» АҚ 10 оқушыға, «БанкЦентрКредит» АҚ екі оқушыға, балабақша меңгерушілері бес оқушыға, «Ресей Жинақ Банкі» АҚ 10 оқушыға қажетті құралдарын, мектеп киімдерін сыйлап, барлығы 232 оқушыға қуаныш сыйлады.  

 

 Бүгінгі күнге облыста 4766 оқушы мектепке әзірленді.

 

 Биылғы жылы 2920 балаға жергілікті бюджеттен 27 890,0 млн. теңгенің көмегі беріліп, демеушілік қолдау көрсетуі жоспарланған.

 

Акция әрі қарай да жалғасатын болады.


Ақмола облысында 2010 жылғы 1 тамыздан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бойынша, жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу мақсатында, «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды. 2010 жылғы 31 тамызда Ақмола облысында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы шеңберінде аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылардан шыққан 2651 балаларға 12 млн. 286 641 теңге сомасына көмек көрсетілді

 

 Аудандар мен қалалар орынбасарлары, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бойынша комиссия төрағалары басқаратын жер-жерлерде акцияны ұйымдастыру бойынша штабтар жұмыс істеуде, акцияны ұйымдастырып өткізу бойынша жоспарлар құрылды.  

 Мысалы, Сандықтау ауданы бойынша 2010 жылға қойылған мақсаттар:

 - барлық мектеп жасындағы балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету үшін қоғам мен тұрғындардың назарын кеңінен тарту;

 - міндетті орта білімді алуға барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

 - жаппай оқыту мен аз қамтылған отбасылардан шықан балаларға көмек көрсету мәселесін шешуде ведомствоаралық, сондай-ақ мемлекеттік емес құрылымдармен, соның ішінде қоғамдық, жеке ұйымдар мен меценаттармен әрекеттерін белсендіру;

 - баланы мектепке дайындық бойынша аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету бойынша нақты шараларды жасау және жүзеге асыру.

 Ауданда акцияның басында келесі іс-шаралар жүзеге асырылды:

 1. Сандықтау ауданы әкімі орынбасарының А.К. Қазизовтың басшылығымен акцияның штабы құрылды.

 2. Акция барысындағықызметті ұйымдастыру бойынша іс-шаралар жасалды, қойылған мақсаттарға жету үшін ведомствоаралық өзара әрекеттесуді белсендіру, аудан әкімінің қаулылары бекітілді.  

 3. 2010 жылғы 4 тамызда аудандық әкімдіктің актілік залында баспасөз-конференция өтті. Күн тәртібі: Сандықтау ауданында «Мектепке жол» республикалық акциясын ұйымдастыру, өткізу. Шақырылғандар: аудандық қызметтер мен ведомстволардың басшылары, аудан әкімі жаңындағы бөлім бастықтары, ауылдық округтардың әкімдері, мектеп директорлары, БАҚ.

 4.Материалдық көмек пен қолдауды қажет ететін балалрдың тізімдері дайындалды, алдын ала бөлу басталды.  

 Сонымен қатар ауылдық ЖШС және ауыл шаруашылықтарының басшыларына 187 балаға, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы (10 балаға), «Бота» республикалық қайырымдылық ұжым (10 балалар), бір күндік жалақысын беруге қатыспайтын аудандық ұжымдар, атап айтқанда, ІІАБ мен АЭС (10 баладан) көмек көрсету бойынша қолдаухат дайындалды. 1 қыркүйекке дайындық кезінде қолдауды қажет ететін 53 болашақ бірінші сыныпшыларға аудандық орталық пен жергілікті ауыл аймақтарының кәсіпкерлері бекітілген (13 учащихся), 25 оқушыларға «Қамқор жан» қайырымдылық қоры, 15 балаларға ауылдық округтар әкімдіктері бекітілген. 

 5. Оқушылардың тізімімен әлеуетті меценаттарға үндеу-хаттар дайындалды (жеке кәсіпкерлер мен ЖШС және шаруа қожалығы басшылары). Осы хаттарды ауылдық округтар Әкімдері меценаттарға хабарланды.  

 6. Таяудағы нөмірде шығатын акцияны өткізу өтінішімен аудандық газет редакциясына халыққа арналған үндеу-хаты дайындалды.  

 7. Әр мектептер мен білім бөлімінде «шұғыл байланыс» телефондары құрылды.  

 8. 2010 жылғы 22 шілдеде білім бөлімі мектеп директорларының отырысы өтті, онда маңызды сұрақытң бірі- Сандықтау ауданының білім бөлімінде «Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру және өткізу болды, мектеп директорлары акцияға дайындық және оны өткізу бойынша нақты тапсырмалары бар хаттар жолданды.  

 9. Аудан мектептерінде тұрғындардың пәтер-пәтерлерді қарап өтуі, мұқтаж оқушыларға материалдық көмекті көрсету бойынша ақпараттарды жинау (қандай киім-кешек, аяқ-киімдер, олардың өлшемдері қажет?) басталды. Мерзімі 9 тамызға дейін. Осыдан кейін қысқа мерзімде осы ақпарат білім бөлімімен өңделіп, меценаттарға жеткізіледі, сонымен қатар киім-кешектер мен аяқ-киімді алу бойынша электрондық сатып алу сайтына хабарландыру ілінеді.  

 Ауданда акцияны өткізу бойынша жұмыс жүргізілуде, барлық құрылымдар мен ведомстволар ат салысады, ешкімде де тысқары қалмайды.  

 БАҚ тұрақты түрде акцияның барысы жөнінде мақалалар жарияланады. Алғашқы мақалалар 05.08.2010ж. облыстық «Мобильная газета» №31 «Мектепке жол» атты мақаласы, 05.08.2010ж. қалалық «Степной маяк» №31газетінде «Оқушыға көмектес!» атты мақаласы, 07.08.2010ж. облыстық «Акмолинская правда» №91 газетінде «Егер де сіз енжар болмасаңыз» атты мақаласы жарық көрді. 

 Департамент маманы К. Жүсіпованың 19.08.2010ж. №99 облыстық «Арқа Ажары» газетінде «Балалар өз қатарынан қалмасын» атты мақаласы жарық көрді, онда облыстағы табысы аздар мен көп балалы отбасыларға көмекті көрсету бойынша акцияның барысы баяндалды. Барлық аудандық, қалалық БАҚ акцияның барысы жөнінде материалдар жарияланады. 24.08.2010ж. №100 Акмолинская правда газетінде Сандықтау ауданында өткізілетін іс-шаралар жөнінде «Акция доброты и участия» мақаласы жарияланды, 21.08.2010ж. «Арқа Ажары» газетінде Қорғалжын ауданы және т.б.материалдық көмекті көрсету бойынша мақалалар жарияланды. 26.08.10ж. №102 «Арка ажары», 26.08.10ж. № 34 «Көкшетау», 26.08.10ж. №34«Степной маяк» газеттерінде облыс әкімі С.А: Дьяченко мен облыстық мәслихат депутатының хатшысы О. Мұсабаев болашақ бірінші сыныпшыларға көмек көрсету бойынша, қорғаныстың облыстық департаменті мен қалалаық басқармасы өздерінің бірінші сыныпшыларына көмек көрсету бойынша ақпараттары жарияланды. Степногорск қаласындағы Вечерний Степногорск», «Престиж», «Новая» газеттерінде акцияны ұйымдастырып өткізу бойынша ақпараттар жарияланды. Қаланың мектептерінде ата-аналар үшін баланы мектепке дайындау сұрағы бойынша кеңесті өткізу үшін ақпараттық аландар жұмыс істеуде.  

 Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерімен жиналған 15 800 теңге сомасына Көкшетау-2 ст. тұратын, №7 ОМ оқушысы, көп балалы отбасының бірінші сыныпқа баратын жетім қызы- Қарачулақова Жанелге көмек көрсетілді. Ол қызға мектеп формасын, спорттық форма, аяқ-киім, барлық кеңсе заттары бар арқа сөмкесін табыс етті. Сонымен қатар осы көпбалалы отбасының басқа балаларына 3 000 теңге сомасына көмек көрсетілді. 

 Департаменттің киім-кешекті жинау бойынша пунктіге түскен қаражат есебінен 9300 теңге сомасына Көкшетау қаласының көп балалы отбасынан шыққан №2 ОМ оқушысы Есенбекова Индираға көмек көрсетілді. Облыс әкімі Сергей Дьяченко «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының офисінде салтанатты түрде осы жылы бірінші сыныпқа баратын балалар топтарына сөмкелер, оқулықтар мен кеңсе тауарларын, бір сөзбен айтқанда оқуға қажеттілердің барлығын табыс етті.  

 Аумақ басшысы балаларды және залда отырған олардың ата-аналарын құттықтай отырып, үшінші жылына бойы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің ықыласы бойынша 15 тамыздан бастап 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» қатысу мен жақсылық акциясы өтеді.  

 Биылғы жылы 10 мың бірінші сыныпшылар облыс мектептінің оқушыларының қатарын толтырады. Олардың 1446 балалары әлеуметтік көмекті қажет етеді. Акция шеңберінде әр балаға облыстық қызметтер мен ведомстволардың, облыс әкімдігі аппаратының басшылары бекітілді.  

 Көкшетау қ. аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 633 балаға 3млн 549 мың тенге көлемінде материалды көмек көрсетті, сонымен қатар бюджет қаражатынан 941 мың теңге көлемінде, және бюджеттен тыс қаражаттан 2млн 608 мың тенге.

 Жеке кәсіпкер Герфанова Надия Исмаиловна балалар құқығын қорғау департаментінің мүлік және кеңсе заттарын қабылдау пунктіне жалпы сомасы 50 460 тенгеге бағаланған балалар киімі мен ақ киімдерін әкеліп тапсырды.

 Көкшетау қаласы Краснояр № 1 ОМ-нің 1 сынып оқушысы Женисов Диасқа киім және мектеп тауарларын 20 000 тенге сомасына «Жилстройсбербанк» (Басшысы - Жаркимбаев А.Б.) алып берді.

 «Мектепке жол» акциясы аясында Степногорск қаласында аз қамтылған отбасылардан 150 балаға және көп балалы отбасылардан шыққан 150 балаға көмек көрсетілді. Жалпы сомасы - 1 054 380 тенге. Акция барысында «СПЗ» АҚ (директор - Томилов А.И.), ТД «Престиж» (Надбережная Г.Г), «Татемир» ЖШС (Дунайцев А.Н.) «Казахалтын» АҚ (Михайлов Н.И.) және т.б. көмек көрсетуде. Сонымен қатар қалалық маслихат депутаттары мен жеке кәсіпкерлер белсенді араласты. Қалада 70тен астам рейдті іс-шара жүзеге асырылды.

 «Мектепке жол» акциясын жүзеге асыру барысында Бурабай ауданында 35 мектеп табалдырығын аттаушыларға 91 000 тенге көлемінде көмек көрсетілді, ал басқа аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға 480 000 тенге көлемінде көмек көрсетілді. Аталмыш ауданда ИП Новикова В.С. және аргофирма «Бурабай» ерекше көзге түсті.  

 Еңбекшілдер ауданында 4-11 сыныптар аралығынан аз қамтылған отбасылардан барлығы 371 бала анықталды. Жалпы сомасы 2млн 275 тенге көлемінде 305 балаға көмек көрсетілді. Бірінші сыныпқа 56 бала барады, оларға жаппайоқыту қорынан 875 мың тенге көлемінде көмек көрсетілді. Әкім аппараты 56 балаға аудан бөлімдерін бекітті. Қазіргі уақытта 5 балаға аудандық (қалалық) әкімдікпен, білім бөлімімен, және №1 және №2 ОМ ұжымдарымен жалпы сомасы 62 мың тенгеге, әрбіреуіне 12 мыңнан деген есеппен көмек көрсетілді. 

 Қорғалжын ауданында 82 балаға 1млн 230 тенгеге көмек көрсетілді, балаларға мектеп және спорт формалары, мектеп құрал-жабдықтары сатып әперілді. Салтанатты табыс етуде аудан әкімі С.Касенов, аудандық мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, ата-аналар және балалар. Аталмыш іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Наталья Геллерт қатысып, оқушыларды оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар ата-аналар барлығына көрсетілген көмектері үшін алғыстарын білдірді.

 Сандықтау ауданында статистикаға сәйкес қазіргі 324 бірінші сыныпқа барушыдан, әлеуметтік көмекті 55 бала қажет етеді. Әрбір балаға кәсіпкерлер, әкім аппаратының бөлім бастықтары, аудандық қызмет және ведомство басшылары, ауылдық округ басшылары бекітілген. Жалпы алғанда ауданда мемлекет және қоғам тарапынан 400 оқушыға қажет 5 млн тенге қаражатқа ие жаппай оқыту қорынан әлеуметтік қорғалмаған 173 балаға киім-кешек алынатын болады. Сонымен бірге аудандағы ЖШС-р мен шаруа қожалық басшыларына 187 балаға қолдау көрсету туралы өтініш дайындалған. «НурОтан» ХДП-ның аудандық филиалы, Аудандық ІІБ, АЭС т.б.-на он оқушыдан бекітілген.

 Аудан әкімі орынбасары А.Казизова («Мектепке жол» акциясы штабының төрайымы) Хуторок селосының тұрғындары боп табылатын бір отбасына кіріп шығып, болашақ бірінші сынып оқушысы Артемувке туған күніне – мектеп және спорт костюмдерін, туфли, мектеп құрал-жабдықтарын, портфель сыйлады. Сол күні аудан әкімі орынбасары В.Гороховацкий демеуші болып Балкашин ОМ-нің болашақ бірінші сынып оқушысы Сашаға бірінші сынып оқушысы жиынтығын сыйға тартты. Аудандық маслихат хатшысы Ш.Сабержанов Құмдыкөл мектебінің оқушысы Катяны дайындады.

 Ауданда жақсылық акциясы жалғасуда.

 Целиноград ауданында акция шеңберінде балалардың көп жиналатын мөлтек аудандары мен объектілердің рейдті тексерістері жалғасуда. Рейдті іс-шараға мұғалімдер, бөлімше инспекторы, ИДН, ата-аналар комитеттерінің өкілдері қатысты. Рейд қорытындылары бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылардың балалрының тізімі құрастырылды. Ауданда табысы аз отбасылардың 498 оқушылары тұрады, олардың ішінде бизнес құрылымдар мен шаруашылық қожалықтардың басшылары, жеке кәсіпкерлер, ауылдық округтар әкімдері, аудан бөлімдері басшылары, мемлекеттік қызметкерлер бекітілген 62 бірінші сыныпоқушылары тұрады. Белсенді қатысу мен үшінші жыл бойы «Ақмола-Феникс» АҚ (басшысы - А.Ф. Юрьев) 25 оқушыға 150 000 теңге сомасына киім-кешектер алып, «Астана-Өнім» АҚ (басшысы- Кугабаев Т.Ж.) 5 оқушыға 60 000 теңге сомасына киім-кешек пен аяқ-киімдер, Тайтөбе с. жеке кәсіпкерлері Н.И. Лю, Жылқыбаева Зауреш, Серикбаева Шолпан, «Сауран» ЖК әрбіреуі 10 000 теңгеден киім-кешектер мен мектеп тауарларын жалпы 40 000 теңге сомасына көмек берді. Мәншүк с. №26 ОМ 23 оқушыларына 40 000 теңгеге мектеп тауарларын алды. Барлығы 24.08.2010ж. бойынша 122 оқушыларға 622 300 мың теңгеге, соның ішінде 143 000 теңгеге 20 бірінші сынып оқушыларына көмек көрсетілді. 

 Шортанды ауданның 12 мектебінде заттарды қабылдау пункттері ұйымдастырылған. 103 балаға заттай, аяқ киімдей, мектеп құрал-жабдықтары түрінде көмек көрсетілді. Акция барысында хат түріндегі 23 үндеу жіберілді, 15 плакат шығарылған, 2 сенім телефоны орнатылған. Сонымен қатар БАҚ-та акция туралы 2 ақпарат, 2 хабарландыру орнатылған. «КазахАлтын» АҚ-ы Жолымбеттік №1 және №2 ОМ-тің 20 оқушысына 120 мың тенге көлемінде көмек көрсетті. «Денсаулык-К» дәріхана жүйесімен 41 мың тенге көлемінде көмек көрсетілді (дәрі-дәрмек, глюкоза, дәрумендер). «Кооператор» дүкені 10 балаға сомасы 15 мың тенге құрал-жабдықтар табыс етті. ЖШС «Жукова» 7 балаға 40 тенге сомасына киім-кешек түрінде көмек көрсетті. ЖШС «Сагым-бидай» 10 бірінші сыныпқа барушыға 20 мың тенге сомасына құрал-жабдықтар сыйлады. 

 Қазіргі уақытта мектеп формасы және құрал-жабдықтары түрінде көмек алған балалар саны – 275 адам, соның ішінде 150 бала көпбалалы отбасыдан, 125 бала аз қамтылған отбасыдан. Барлығы бюджеттен тыс 379000 тенге сомасына көмек көрсетілген. 65 рейдті іс-шара жүзеге асырылды. 

 Облыс бойынша жер-жерде «Мектепке жол» акциясы аясында белсенді жұмыс жалғасуда.


 

Астана қаласындағы «Мектепке жол» акциясының ұйымдастырушыларымен өткізілген баспасөз-конференциясы туралы ақпарат 

2010 жылдың 4 тамызы күні сағат 11.00-де «Бәйтерек» Халықаралық медиа-орталығында Астана қаласы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясының басталуына орай баспасөз-конференциясы өтті.

Баспасөз-конференциясына Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Рысты Мағауияқызы Жұмабекова, Астана қаласының Білім басқармасының бастығы Әсима Темкеқызы Бимендина, Астана қаласы ІІД ЖПБ жолды қадағалау бөлімінің бастығы Нұрлан Уваев, Астана қаласының Ішкі істер департаментінің Қоғамдық қабылдау басқармасы бастығының орынбасары Нұрлан Тұрманов және кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімінің бастығы Гүлнәр Сағдолдақызы Өміршенова, Астана қаласы ІІД Көші-қон қызметі басқарма бастығының орынбасары Берік Жылқайдаров қатысты.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйек аралығында жалпыреспубликалық «Мектепке жол» атты акциясын елімізде ағымдағы жылы үшінші рет өткізуде.

Акцияның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу. Сонымен қатар, аталмыш акция әлеуметтік себептермен 1-ші қыркүйек күні сабаққа келмей қалған оқушыларға алдын-ала ескертуге бағытталған.

Бүгінгі өткізілген баспасөз-конференциясының басты мақсаты – жұртшылыққа аталмыш акцияның басталуын жариялап, барысымен ақпараттандыру.  

Астана қаласының Білім басқармасының бастығы Әсима Темкеқызы Бимендина «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша 2009 жылдың есебіне және үстіміздегі жылы атқарылатын жұмыс жоспарына, мектеп жәрмеңкесінің тамыз айында екі күннен үш мәрте өткізілетіндігіне тоқталды.

Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 65 мемлекеттік білім беру мекемесі, 14 жеке және 1 кешкі мектеп жұмыс істейді. 2010-2011 оқу жылында Астана қаласы бойынша бастауыш (1-4 сынып) сынып оқушылары тегін тамақтанатын болады.

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Рысты Мағауияқызы Жұмабекова Астана қаласы бойынша әр мектеп жасындағы баланың конститутциялық құқығын жүзеге асыру негізінде міндетті тегін білім алуға барлық жағдай қарастыру және ол үшін Департаменттің, басқа да қала бойынша аталған акция аясында қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелеріндегі сенім телефондар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы көмекке мұқтаж аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсетілетінін айтып өтті.

Астана қаласының Ішкі істер департаментінің өкілдері «Мектепке жол» атты акциясының аясында өтетін жедел алдын алу шараларымен таныстырды.

Баспасөз-конференция барысына 17 бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты. Акция ұйымдастырушылары қойылған барлық сауалдарға жауап берді.


 

«Мектепке жол» - 2010 акциясын Батыс Қазақстан облысында өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің отырысы

Оқушылардың тегін орта білім алу құқығын толыққанды іске асыру және сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету мақсатында елімізде биыл үшінші рет «Мектепке жол» республикалық акция өтуде. Батыс Қазақстан облысында да аталған акция 1 тамыздан бастап өз жалғасын табуда.

Акцияның басты мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.

Өткен жылы облыс бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 12645 оқушыға 44,205 млн. теңге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражаттан 8,961 млн. теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысы бойынша және тікелей қатынасуымен облыс әкімшілігі акцияны өткізу үшін ұйымдастыру комитетін құрып, іс-шаралар жоспарын бекітті. Акция барысында балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекітуі жоспарланды. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тартуға көніл бөлінді. 

 

 

Облыс әкімшілігінде «Мектепке жол» республикалық акциясын өткізу қарсанында «Мектепке жол» - 2010 акциясын Батыс Қазақстан облысында өткізу жөнінде ұйымдастыру комитетінің бірінші отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына ұйымдастыру комитетінің мүшелері және барлық мүдделі департаменттер мен басқармалардың басшылары, Орал қаласы әкімі аппараттының және «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының, БАҚ өкілдері қатысты. БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменттінің директоры А.Масалимов, облыстық білім басқармасының бастығы М.Л.Тогжанов өткен жылғы акциянын қорытындысы бойынша ақпарат беріп, сөз сөйледі. «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының төрағасының орынбасары А.А. Шыныбеков қатынасушыларды акцияға белсенді қатынасу бойынша партияның атқарып жатқан жұмыстары жөнінде хабардар етті. А.А. Шыныбеков өз сөзінде партияның барлық аудандық және қалалық филиалдары «Мектепке жол» акциясы жөнінде тиісті ұсыныстар алғанын және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» партиясының мүшелері аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсетеді деп атап өтті. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері жергілікті атқару органдарына тәжiрибелік көмек көрсету мақсатында аудандарға шығу қажеттілігі жөнінде ұсыныс енгізді. Облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Т.И. Имашев бұқаралық ақпарат құралдарын облыс жұртшылығын «Мектепке жол» акциясының мақсаты мен міндеттері туралы ақпараттандыруға және өткізілген шараларды жүйелі түрде жарықтандыруға шақырды.

 

Отырыс сонында облыстық бұқаралық ақпарат құралдарына арналған пресс-конференция ұйымдастырылып, оның барысында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменттінің директоры А.Масалимов облыстық «Қазақстан-Орал» теледидарына және ТДК-42 телеарнасына сұхбат берді.

 


 

 

 

«Мектепке жол» акциясы басталды

 

 Атырау облысы бойынша өткізілетін «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының іс-шаралар жоспары Облыстық білім беру басқармасымен бірлесіп жасалып, облыс әкімі орынбасарымен бекітілді.

 

 Жоспар бойынша атқарылған жұмыстар:

 

 1. Акцияны ұйымдастыру комиссиясы құрылып, бұйрық шығарылды.

 

 2. Атырау қаласы және аудан әкімдеріне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің 2010 жылғы 9 маусымдағы №12-2-2/1841 санды «Мектепке жол» акциясын өткізу туралы хаты мен әдістемелік көмекші құралдары жіберілді.

 

 3. Атырау қаласы және аудан әкімдері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалар құқықтарын қорғау комитетінің хатына және облыс әкімі орынбасарының «Атырау облысы бойынша өткізілетін «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының іс-шаралар жоспарына» сәйкес тиісті қаулылар қабылдады, іс-шаралар жоспарын жасақтады.  

 

 4. «Батыс Транспорт СИМ» ЖШС автокөлік мекемесіне қарасты 100 автобусқа жарнама агенттігінде жасалған түрлі-түсті плакаттар ілінді. Онда Комитет пен Департаменттің «Сенім телефондары» көрсетілген.

 

 5. «Прикаспийская коммуна», «Атырау», «Ақ Жайық», «Квартал», «Из рук в руки» газеттерінде «Сізді «Мектепке жол» акциясының қатысушысы болуға шақырамыз» тақырыбында үндеу хат жарияланды.

 

 6. Акция бағытында сенім телефонына хабарласқан ата-аналар қоғамдық қабылдауға тіркелуде.

 

 7. Қоғамдық қабылдау бөлмесі өз жұмысын бастады.

 

 8. 30 шілдеде жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттарға жаңа оқу жылына дайындығын тексеру бағытында Білім басқармасымен, Ішкі істер департаментімен бірлесіп зерделеу жұмыстары жүргізілді.

 

 9. 30 шілдеде облыстық әкімиятта облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Дәукеновтың төрағалағымен «Білім беру ұйымдарын 2010-2011 жаңа оқу жылына уақтылы және сапалы дайындау», «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясының іс-шаралар жоспары туралы» ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі мәселелер қаралған мәжіліс өтті.

 


Мектепке жиналуға көмек көрсетейік 

Мемлекет басшысының оқушылардың мектепке баруын толық қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау үшін, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысында үшінші жыл «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Биылғы жылы Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Бірлігіміз жарасқан!» ұранымен өтеді.

 

Акция мақсаты жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету мен балалардың 1 қыркүйекте әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу. 

 

2009 жылы өткізілген Акция аясында облыс бойынша 18230 балаға барлығы 37 млн. теңгегеден астам сомаға материалдық көмек көрсетілген. Оның ішінде 18 млн. теңгеден астамы демеушілер үлесіне келеді. Облыс бойынша кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің қатысуымен мектеп формалары мен оқу құралдарын, оқулықтарды арзандатып сату бойынша 270 астам мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған 108 мыңнан астам балалар мен олардың ата-аналары қатысты.  

 

Акцияны өткізу жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Ұлттық баспасөз клубында балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А. Тоқтарбекованың, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Д. Арғынғазиннің, 2009 жылы өткізілген акцияға белсенді қатысқан «ВИТА МИР» ЖШС өкілінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен акцияның басталуына арналған баспасөз мәслихаты болып өтті. Баспасөз мәслихатының барысында 2009 жылғы акция қорытындысы жарияланып, биылғы жылы өткізілетін акцияның мақсаты мен міндеттері айтылды.

 

Акция барысында қайырымдылық шаралар, мектеп киімі мен оқу құралдарын арзандатып сату бойынша мектеп жәрмеңкелерін, оқумен қамтылмаған және жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмекке мұқтаж балаларды анықтау мақсатында рейдтік шаралар өткізу жоспарлануда.  

 

Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары мүдделі мемлекеттік органдарды, білім беру ұйымдары мен органдарының басшыларын, демеушілерді акцияға белсенді қатысуға, сонымен қатар жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына барынша қолдау көрсетуге шақырды.  

 

Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары БАҚ өкілдерінің су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданындағы балалардың жаңа оқу жылына дайындығына, бірыңғай мектеп формасын киюге қатысты көтерген сұрақтарына жауап берді.

 


 

 

 

 «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акцияның 

 

 

 

басталуы бойынша баспасөз-конференция туралы 

 

 

 

ақпарат

 

2010 жылдың 30 шілдесінде облыстық баспасөз орталығында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алуға арналған «Мектепке жол» атты жалпы республикалық акцияның басталуы бойынша баспасөз-конференция өтті.

 

Баспасөз-конференцияда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов акцияның негізгі мақсаттары, жоспары және оның іс-шараларының биылғы ерекшеліктері туралы баяндады. Сонымен қатар «Мектепке жол» акциясы туралы «Қазақстан-Тараз» телеарнасына арнайы сұхбат берді. Бұған қоса 2008 және 2009 жылдарда өткізілген акциялардың салыстырмалы түрде жасалған талдауына тоқталып, акция нәтижелерінің жылдан жылға жақсару динамикасын атап көрсетті.  

 

Баспасөз-конференцияға Департаменттен өзге облыс әкімдігінің білім және ішкі саясат басқармалары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің акцияға жауапты мамандары және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 

Баспасөз-конференция барысында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріліп, акция қатысты материалдар таратылды.

 


 

2010 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйекте өткізілетін

«Мектепке жол» акциясын ұйымдастыру туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын (бұдан әрі - акция) үшінші жылы өткізуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.

 

Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.

 

Өткен жылы акция іс-шараларына 1 млрд. теңгеге астам сомада түрлі көмек алған екі жүз мыңнан астам аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар қатысты.

 

Акцияның негізгі мақсаты - мектепке балаларды жинау балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.  

 

Акцияның PR-компаниясын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттар және мұрағаттар Комитетімен бірлесіп ұсынымдамалар, логотип жобалары, плакаттар және акция парақшалары дайындалды. Жариялауға берілген материалдардың электронды нұсқасы www.bala-kkk.kz сайтының «Мектепке жол» айдарына енгізілді.

 

Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің департаменттері мен комитеттерінің қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешектер мен мектепке қажетті құралдар сатып алуға көмек көрсету үшін іс-шараға қатысуды жоспарлауда.


 

 

 

 

 

    

 


 

 

Баланың білім алуға құқықтарын қорғау саласында акциялар, рейдтер өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдамалар

 

 


 

    


 

 

 

2009 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өткізілген «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акцияны өткізу жөніндегі қорытындысы

Елімізде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында екінші рет «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы ойдағыдай өткізілді. Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын жаңа оқу жылында мектепке әлеуметтік себептермен келмей қалуын алдын алу бойынша қолдау көрсету.
Сонымен акцияның негізгі міндеттерінің бірі - әкімдіктерді, білім беру органдарын, маслихаттарды, меценат демеушілерін, бұқаралық ақпарат құралдарын  кеңінен тарту.
Акция барысында тамыз бен қыркүйек аралығында білім беру органдары мен ұйымдары бірқатар төмендегідей іс-шаралар өткізді:
Біріншіден,  әрбір елді мекенде, фермаларда, қала сыртындағы саяжайларда, жеке шаруашылықтарда, егістіктерде қауіпті топ балаларын анықтау бойынша рейдтер жүргізілді.
Сондай-ақ акция шеңберінде нысандар бойынша 28 мыңнан астам тексерулер жүргізілді. Ұйымдастырушылық және рейдтік іс-шаралар өткізілді, оған білім беру, балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарының, жастар және балалар ұйымдарының 46 мыңнан астам қызметкерлері қатысты. «Қауіпті топтың» 8 мыңға жуық бала анықталды.
Екіншіден, рейд нәтижелері негізінде әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар мен балалардың, қауіпті топ балаларының атаулы дербес тізімдері құрылды.Осындай балалар туралы мәліметтер білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарына, демеушілер мен меценаттарға берілді.
Осы жылы балаларды қамқорлыққа алу бойынша мемлекеттік қызметкерлердің қызметі жандандырылды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі орталық аппаратының басшылары мен мамандары мектеп формалары, киімдер, аяқ-киімдер, мектепке қажетті құралдар, портфельдермен 584 мың теңге көлемінде 26 балаға көмек көрсетті. Бұл бастаманы өңірлердің бірқатар әкімдіктері қолдады. Мысалы, Алматы облысының Сарқанд, Алакөл аудандарының және Талдықорған қаласының әкімдерінен  аз қамтылған  16 отбасы жылы киімдер, кеңсе және мектепке қажетті құралдар, аяқ-киімдер, мектеп костюмдер жалпы 425 мың теңге сомасында көмек алды. Ақмола облысының Атбасар ауданының әкімдігі 197 бірінші сынып оқушыларына мектепке баруы үшін 2 млн. теңгеге қолдау көрсетті. Атырау қаласы әкімі орынбасарларымен 50 аз қамтылған отбасының балаларына мектепке баруы үшін қолдау көрсетті.
Ал, Қостанай облысының және ауданның басшылары акцияны тұрақты қолдап өз қаражаттары есебінен 120 балаға 2,3 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа көмек көрсетіп үлгі болуда. Атырау, Батыс Қазақстан облысының және басқа да бірқатар білім беру және балалардың құқықтарын қорғау органдарының  басшылары да балалардың мектепке баруына қолдау көрсетті. Ақтөбе облысының әкімі Е. Сағындықов қалалық және аудандық мектеп директорларына 84 млн. теңгеге сатып алынған 19 мектеп автобусын сыйға тартты.
Осы жылғы өткізілген акцияны еліміздің Парламентінің депутаттары, маслихат депутаттары, «Нұр отан» ХДП өкілдерінің қолдау көрсеткенін атап өту қажет. Парламенті Мәжілісінің депутаттары Майра Айсина, Наталья Геллерт, Бақыт Сыздықова, Ромин Мадинов Ақмола облысының Аршалы және Егіндікөл аудандарындағы аз қамтылған отбасылармен және оқушылармен кездесіп акцияның мақсаты мен міндетін түсіндірді. Павлодар қаласы Маслихатының депутаты С. Омарханов 68 оқушыға 134,0 теңге көлеміндегі қаражатқа көмек көрсетті. Жамбыл облысы Тараз қаласының «Нұр Отан» ХДП филиалы 4 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа 832 оқушыға көмек көрсетті.
Акцияның барысында өткізілген әртүрлі іс-шаралардың арқасында  189 мың бала 949 млн. теңге көлеміндегі қаражатқа көмек алды. Сонымен қатар, демеушілер мен меценаттардың ақшалай салымы 348 млн. теңгені құрады.
Биылғы жылы өткізілген акцияның көрсеткіш нәтижесі 2008 жылмен салыстырғанда екі есе өсті. Өткен жылы жүз мыңнан астам аз қамтылған балалар 405 млн. теңгеге жуық сомадағы қаражатқа көмек алды.
Үшіншіден, осы жылы акцияға сүйеніп оқумен қамтылмаған балаларды анықтау негізгі міндет болды. Өткізілген рейд іс-шаралары нәтижесінде оқумен қамтылмаған 423 бала анықталды. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысында 2001 жылы туылған кәмелетке толмаған Арнт Викторияның осы күнге дейін оқумен қамтылмағаны анықталды. Бала қолайсыз, аз қамтылған, толық емес отбасыдан шыққан. Мектептке қарасты шағын ауданға тіркелмеген, тұратын жерін үнемі ауыстырып отырған. Қазіргі таңда қыз бала мектепке орналастырылды. Мектеп әкімшілігі мектепке қажетті құралдармен, «Аманат» шаруалар қожалығының бастығы киім-кешек, аяқ-киіммен қамтамасыз етті.
Немесе Жамбыл облысында өткізілген рейд іс-шарасының барысында 2008 жылғы желтоқсан айынан бері іздестіруде жүрген Тараз қаласындағы  №23 орта мектептің оқушысы сыныбына орналастырылғанын мысал келтіруге болады.
Акция барысында қызметкерлер 2009 жылғы сәуір айынан бері анасы мен оның бірге тұратын адамының жиі ұрыс-керіс болуы себебінен, сонымен қатар Қырғызстан Республикасының Ош қаласында туылғаннан бері туу туралы куәлігінің жоқтығынан сабаққа келмей жүрген Алматы қаласындағы № 80 орта мектептің 9 «Г» сынып оқушысы 1994.03.06 туылған Самкова Регинаны сыныбына орналастырды. Балаланың анасы еш жерде жұмыс істемейді, еш жерде тіркелмеген, спирттік ішімдіктерді пайдаланады. Алматы қаласындағы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің көмегінің арқасында Регина сыныбына оралды.
2001.12.12 туылған Диана Бергизанованың әжесі немересінің 1 қыркүйектен бері мектепке келмей жүргенін «Шұғыл байланыс» телефоны арқылы хабарлаған болатын. Ішкі істер органымен бірлесіп өткізген рейд барысында қыз анықталды.
Сабаққа бармай жүруінің себебі қаңғырумен айналысқан. Іздестіру арқылы қыздың тұратын жері және қолайсыз отбасыдан екені анықталды. Сонымен қатар әкесі А. Кабиров өгей шешесімен ішімдік ішеді, өз анасы іздестіруде. Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің көмегінің арқасындағы №2 орта мектептің 1 «Б» сынып оқушысы Диана есепке алынды.
Жалпыреспубликалық акция барысында Маңғыстау облысында мектеп басшыларының ҚР «Білім туралы» Заңын бұзушылық жағдайлары анықталды. Баланың қабылдаудан бас тартудың себебі баланың тұрғылықты жерге тіркелуі туралы анықтамасының жоқтығы және мектепте орынның болмауы. Аталған мәліметтер сенім телефоны арқылы баланың ата-анасынан алынды. Маңғыстау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің араласуымен бала мектепке орналастырылды.
Төртіншіден, Бұл жылғы акция БАҚ қолдауымен ерекшеленді. Біздің мониторинг көрсеткендей облыстық және республикалық БАҚ-та 400 мыңға жуық мақала жарияланды. Акцияның негізгі міндеттерінің бірі – жұршылықты акцияның мақсаты және міндетімен ақпараттандыру. Сондықтан да республикадағы барлық білім беру ұйымдарында акция туралы  қажетті ақпараттар, плакаттар, үндеулер, фотолар жарияланған стендтер құрылды.
Облыстық және бірқатар аудан орталықтарында жалпы қоғамға қол жетімді жерлерде банерлер ілінді. Республикалық, облыстық теле және радиоарналарда акция іс-шаралары туралы ақпараттар таратылды.Бірқатар жергілікті телеарналарда акцияның өткізілуі туралы және облыстық, Астана және Алматы қалаларындағы Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері мен білім беру органдарының «шұғыл байланыс» телефон нөмерлері көрсетілген хабар жарияланды.
Сонымен қатар, халықты ақпараттандыру мақсатында бірқатар өңірлерде акция іс-шарасының финалы, баспасөз-конференциясының қорытындысы, концерттер өткізілді.
Акцияға «Нұр Отан» ХДП, аудан әкімдерінің орынбасарлары, республикадағы білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымы, қалалық маслихаттың депутаттары белсене қатысты. Қорытындылай келе акцияның «Жинақ сандықшасына» елеулі ақшалай салым салған ұйымдарды атап  өту қажет.
Мысалы, оқу жылы қарсаңында корей ұлттық орталығы (төрағасы А.Б. Пак) Павлодар қаласындағы аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетті. 600 мыңнан астам бала спорт костюмдерін, ветровкалар, нәтижесінде 85 бала карате және таэквондо секцияларына қатысу мүмкіндіктерін алды.
Консорциум Карачаганак Петролиум Оперейтинг жаңа оқу жылы қарсаңында аз қамтылған отбасылардың 68 баласына материалдық көмек көрсетті, облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорттық киімдер мен оқуға қажетті құралдар, спорттық жабдықтар мен құрал-саймандар сатып алып берді.
«Альтаир» Құрылыс фирмасы (басшысы А.А. Потиченко)  аз қамтылған және көп балалы отбасының 71 оқушысына қолдау көрсетті.
Қостанай облысының «Колос-Фирма», фирмасының директоры А.А. Корнеева бірқатар білім беру ұйымдарының 1-11 сынып оқушыларына  жалпы сомасы 369 мың теңгеге мектеп формасын тігіп берді.
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Мунайгазпроект – Сервис» ЖШС аз қамтылған және көп балалы отбасының бірінші сыныпқа баратын 57 баласына мектепке баруы үшін қажетті заттар алып беріп, қолдау көрсетті.
«Эйр Астана» авиакомпаниясы балалар үйіне және көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектепке қолдау көрсету үшін жәрмеңке өткізді. Жәрмеңкеде «Эйр Астана» ұшқан 13 елден алып келген тауарлар мен сувенирлер осы іс-шараларда ұсынылды. Балалар концертінен соң жәрмеңке мен акция барысында жиналған ақша «Эйр Астана» компаниясы арқылы екі есе өсті және балалар үйі мен көзі көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектептерінің өкілдеріне тапсырылды.
Осы сияқты бірнеше мысалдар келтіруге болады.

 

 


01000, Астана қаласы
35 көше, № 8 үй
10-12 кіреберіс
тел: 8(7172) 74-23-81

www.edu.gov.kz

 

 2009 жылғы 1 тамыз бен 30 қыркүйекте
«Мектепке жол»  акциясын ұйымдастыру туралы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын (бұдан әрі - акция) екінші жылы өткізуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді. Акцияның мақсаты - жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Өткен жылы акция іс-шараларына  405 млн. теңгеге жуық сомада түрлі көмек алған жүз мыңнан астам аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар қатысты.
Осы жылы акцияның негізгі мақсаты - Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мектепке балаларды жинау тәжірибесі бойынша балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Акцияның PR-компаниясын ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпараттар және мұрағаттар Комитетімен бірлес ұсынымдамалар, логотип жобалары, плакаттар және акция парақшалары дайындалды. Жариялауға берілген материалдардың электронды нұсқасы 
www.bala-kkk.kz сайтының  «Мектепке жол» айдарына енгізілді.
Сонымен қатар, Білім және ғылым министрлігінің департаменттері мен комитеттерінің қызметкерлері аз қамтылған отбасылардың балаларына киім-кешектер мен мектепке қажетті құралдар сатып алуға көмек көрсету үшін іс-шараға қатысуды жоспарлауда.

 

 

 


Облыстардың, Астана және
Алматы қалаларының әкімдіктері 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын ( бұдан әрі - акция) екінші жылы өткізуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде   1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Өткен жылы акция іс-шараларына  405 млн. теңгеге жуық сомада түрлі көмек алған жүз мыңнан астам аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар қатысты.
Осы жылы акцияның негізгі мақсаты - Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мектепке балаларды жинау тәжірибесі бойынша балалардың оқумен қамтылмауын анықтау, балалардың мектепке себепсіз келмеуінің алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршыларды бекіту болып табылады. Бұл ретте акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балаларды міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Акцияның пиар-компаниясын ұйымдастыру үшін ұсынымдамалар, логотип жобалары, плакаттар және акция парақшалары дайындалды. Жариялауға берілген материалдардың электронды нұсқасы 
www.bala-kkk.kz сайтының  «Мектепке жол» айдарына енгізілді.
Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге жергілікті атқарушы органдардың тәжірибелерін ескере отырып, балалық шақты қолдайтын түрлі бағдарламаларды өткізуге ықпал етулеріңізді сұраймыз. Сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағалары болып табылатын әкімдердің орынбасарлары халықты ақпараттандыру үшін акцияның басталуы мен қорытындысы бойынша баспасөз-конференцияларын ұйымдастыруын сұраймыз.
Қосымша: кітапшалар, акция туралы плакаттар. 

 

                                             Министр                                                                                        Ж. Түймебаев

 

Саймасаева Г.
742517

 


2009 жылғы 21 шілде № 4-12-2/1380

 

Облыстардың, Астана және Алматы
қалаларының білім басқармалары
Балалардың құқықтарын қорғау
департаменттері

 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясын  (бұдан әрі - акция) екінші жылы өткізеді. Акция еліміздің барлық өңірлерінде   1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтеді.
Акцияның мақсаты — жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу.
Өткен жылы акция іс-шараларына  405 млн. теңгеге жуық сомада түрлі көмек алған жүз мыңнан астам аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар қатысты.
Осы жылы акцияның негізгі мақсаты - Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мектепке балаларды тәжірибесі бойынша жинауға көмектесетін балалардың оқумен қамтылмауын, мектепке себепсіз келмеуін алдын алу, аз қамтылған отбасыларға және балаларға қамқоршылардың бекітілуін анықтауды жоспарлауда. Сонымен бірге акцияның негізгі міндеттерінің бірі - барлық балалардың міндетті орта білім алу құқықтарымен қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен тарту.
Акцияның пиар-компаниясын ұйымдастыру үшін ұсынымдамалар, логотип жобалары, плакаттар және акция парақшалары дайындалды. Жариялауға берілген материалдардың электронды нұсқасы 
www.bala-kkk.kz сайтының  «Мектепке жол» айдарына енгізілді.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, акцияны ұйымдастыру және өткізу бойынша, оның ішінде ұсынымдамалар, логотип үлгілерін, акция плакаттары мен парақшаларын әрбір мектепке жеткізуге қатысты тиісті жұмыстардың жүргізілуін сұраймыз. Сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағалары болып табылатын әкімдердің орынбасарлары халықты ақпараттандыру үшін акцияның басталуы мен қорытындысы бойынша баспасөз-конференцияларын ұйымдастыруын сұраймыз.
Жұмыстың жүргізілуі туралы ақпаратты ұсынылған нұсқаларға қосымша бойынша 2009 жылғы 10 қазанға дейін білім басқармаларына жолдау қажет. 
Қосымша: кітапшалар, акция туралы плакаттар. 

                               Вице-министр                                                                                            К. Шәмшидинова

 

Саймасаева Г.
 742517

 

 

 


"Мектепке жол" республикалық акциясының логопитері

 


«Мектепке  жол» республикалық акциясын өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдама


Балалардың құқықтарың қорғау департаментерінің «Мектепке жол» акциясының «Шұғыл байланыс» телефондарының мәліметі 

 

 


Білім басқармасының «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырудағы жауапты қызметкерлердің және «Шұғыл байланыс» телефондарының мәліметі


fileadmin/user_upload/files/Doroga_v_shkolu/kaz.0bshchii_svod_doroga_v_shkolu.xls

 

 

 

 

 

     

  

  

Жоғары