Жаңалықтар

Құрылған: 15.08.2012, 16:39   |  
Жаңалықтар

«Өзін-өзі тану – рухани жаңғыру кепілі»

ТАГУДРЕТОВА Б. Б.

 


Пилоттық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асырудың өзекті мәселелері

А.Қ. Рысбаева,
«Бөбек» ҰҒПББСО
Адамның үйлесімді дамуы институтының
бас ғылыми қызметкері,
п.ғ.д., профессор

 


«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілің бағдарламасын жүзеге асыратын пилоттық білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету туралы

Л.Джубатова,
«Бөбек» ҰҒПББСО
Адамның үйлесімді дамуы институты
директорының орынбасары

 


Тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді өзін-өзі тану пәні арқылы шешу жолдарын қарастыру

2017 жылғы 21 тамызда білім беру
қызметкерлерінің республикалық
тамыз кеңесінің секциялық жұмысында
Алматы облысы білім басқармасының
тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы
А.Үшкемпірованың сөйлейтін сөзі

Баяндама
Презентация

 


Тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді өзін – өзі тану пәні арқылы шешу жолдарын қарастыру

«Әрбір адамда екі түрлі тәрбие болады,
біреуі өзгелерден алатын тәрбиесі, екіншісі
өзіне-өзі беретін тәрбие»

Баяндама
Презентация

 


Оңтүстік Қазақстан облысындағы пилоттық мекемелерде рухани-адамгершілік тәрбие бағытында жанды жұмыс жүргізу жолдары

Биболова Алия Танатовна
Оңтүстік Қазақстан облысының
білім басқармасы «Тәрбие,
қосымша білім беру және
«Өзін-өзі тану» бөлімінің бас
маманы

Баяндама
Презентация

 


«Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасын өткізу туралы ақпарат (балалардың көмекке мұқтаж адамдар мен табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынас, қоршаған орта үшін жақсы, игі жұмыстар жасау бағытындағы іс-шараларға қатысуын ұйымдастыру

2017 жылғы қаңтар айында республикамызда «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық балалар бастамасы басталды.
Іс-шараны ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.
Бастама мақсаты – қоғамға риясыз қызмет көрсету идеясын тарату және насихаттауға қоғамның назарын аудару, балалардың көмекке мұқтаж адамдар мен табиғатқа деген қамқорлық қарым-қатынас, қоршаған орта үшін жақсы, игі жұмыстар жасау бағытындағы іс-шараларға қатысуын қамтамасыз ету.

Аталған бастамаға оқушылар, педагогтар, ата-аналар, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін қатысуға шақырамыз. Бастамаға қатысушы балалардың жас ерекшелігі шектелмеген.
Бастауыш сынып оқушылары өз сыныптастарының үлкен және жалғызбасты адамдарға жасаған қамқорлығы туралы, ата-анасына көмектескенін, қоғамдық көлікте үлкендерге орын беру, үйсіз жануарларға тамақ беру және құстарға ұя салып ілу, т.б. игі істер жасағаны туралы баяндай алады.  
Орта және жоғары буын оқушылары өз замандастарына деген риясыз достығы мен жылы сөздермен көмектесу, ата-әжелері, әке-аналары үшін концерттер, фестиваль, акциялар өткізудің бастамашысы бола алады.

Бұқаралық ақпарат құралдарын балалар бастамасына ақпараттық қолдау көрсетіп, балалар жасаған игі істер туралы кеңінен жариялауға шақырамыз

Мысалы Ақмола облысында ағымдағы жылы балалар бастамасы аясында әзірленген іс-шара жоспары негізінде 5-8 сынып оқушылары арасында «Менің жүрегімдегі мейірімділік» тақырыбында бейнелеу өнері бойынша факультатив өтті.

Сабақ барысында мейірімділік туралы, мейірімділіктің әрқайсымыздың өміріміздегі маңызды ролі туралы айтылды. Мейірімділік бізді құтқарады, ал біз мейірімділіктің көмегімен басқаларға көмек қолын созамыз. Мейірімділік адамдарды, адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертеді. Әр күні біз нұрын төккен күн шуағына қуанамыз, ол жарық нұр мен куаныш, жылу сыйлайды. Сондай-ақ, біз бір-бірімізге «Қайырлы таң!», «Қайырлы күн!», «Қайырлы кеш!» деп айтамыз. Әңгімелесуден кейін оқушылар қайырымды істер туралы мейірімділікке толы суреттер салды. Құндылық жүйесінің қалыптасқан тиімді құралдарының бірі балалар суреттері мен шығармашылығының көрме-байқауы болып табылады.

Нәтижесінде мектеп фойесінде «Жүрегімізде – мейірім!», «Доброта в моем сердце» суреттер көрмесі қойылды. Сонымен бірге балалар көркем және ғылыми танымал әдебиеттер кітапхана қорын толықтыру үшін «Игі іс жасауға асығыңыз» кітап жинау бойынша науқан ұйымдастырылды. «Әлемді жақсарту үшін оқы», «Мейірімділік парақшалары» кітап көрмелері ұйымдастырылып, кітапханалық сабақтар өтті.

Бастауыш сынып оқушыларының қатысуымен мектеп кітапханаларында мектеп оқулықтарын жөндеу мақсатында «Кітап дәрігері» іс-шарасы өтті. Ал «Мейірімділік мекені» науқаны қарт кісілерге көмек көрсету жұмысын атқару (қар тазалау, су әкелу) барысында барлық оқушыларды біріктірді.
 
Ата –аналар қоғамдастығымен бірге бастауыш сынып оқушылары «Құстарға арналған ұя» шеберханасын ұйымдастырды. Сондай-ақ, «Әлемде мейірімді адамдар жоқ емес» тақырыптық сынып сағаттары, суреттер байқауы өтті.
«Игі іске жол бер» акциясына белсене қатысқан жоғары сынып оқушылары «Игі іске жол бер» жазуы бар шарларды жол-көлік ережелерін сақтау, жол беру, сыпайылық таныту және сәтті сапар тілеп көлік жүргізушілерге таратты.
«Жас ұлан» белсенділер бастамасымен «Ойыншықтар тарту ет» іс-шарасы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында мектеп оқушылары ойыншықтарын балалар үйінің балаларына тарту етті, сондай-ақ қайырымдылық концерттік бағдарламасын ұйымдастырып, одан түскен қаржыны көп балалы және аз қамтылған отбасыларға берді.

 


 «Өзін-өзі тану» пәні бойынша қалалық ашық сабақ туралы ақпарат

      2015  жылғы 16  қаңтар күні  Астана қаласы Білім басқармасының 2014-2015 оқу жылына арналған «Жүректер үндестігі» клубының жоспарына сәйкес, №5 гимназия  базасында өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін мұғалімдеріне тәжірибе алмасу мақсатында рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша ашық сабақтар өткізілді.
Семинарға Білім басқармасының өкілдері, «Бөбек» ҰҒПББСО орталығының тренерлері  С.Г.Хожамұратова, Н.И. Харькова «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері, мектеп ұстаздары барлығы 80 адам қатысты.
    Гимназия мұғалімдері «Өзін-өзі тану» сабақтарында шығармашылық және топтық жұмыс арқылы жалпы адамгершілік-рухани құндылықтарды нығайту мақсатында 11 сыныпта «Әлем-біздің ортақ үйіміз», 3 сыныпта «Ұқыпты бала- әдепті бала» тақырыптарында ашық сабақтар, 1-4 сыныптар арасында «Бақытты балалық шақ» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді.
    Ашық сабақтардан кейін мұғалімдер адамгершілік-рухани құндылық білім мәселелері, адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру- тек теориялық білім ғана емес, оның негізі іс-әрекеттен, қоршаған ортаға деген көзқарастан, өзара табиғатпен үйлесімділікте өмір сүре білуден көрініс табуы керектігі жөнінде ой бөлісті.
     Семинарға қатысушылар жалпы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, соңында диск таратылды.
                                            

«Өзін-өзі тану» адамгершілік–рухани білім беру бойынша Республикалық кеңестің V отырысының шешімі

Ақтөбе қаласы                                                                                                                                                                  

Төрағалық еткен: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиев.

Қатысқандар: Республикалық кеңес мүшелері, білім беру органдары  мен ұйымдарының басшылары (тізім қоса беріледі).

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңестің бұған дейін өткізілген отырысының шешімдері мен ұсыныстарының орындалуы жөнінде қорытынды шығарылды, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру бойынша бұдан әрі жұмыстардың перспективалары байқалды.

Талқылау қорытындысы бойынша келесідей шешімдер қабылданды:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кәсіптік-техникалық және орта білімнен кейінгі білімді жаңғырту; мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар; экономика және қаржы департаменттері:

1. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша КТББ жүйесіндегі негізгі мектептердің өзін-өзі тану мұғалімдерін даярлау бағдарламасын мазмұндық-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру  жөніндегі жұмысты жандандырсын (Б.Қ. Молдабаева). Мерзімі: тұрақты.

2. КТББ ұйымдарында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша барлық әдістемелік нұсқаулықтарды «Бөбек» ҰҒПББС орталығының ғылыми-әдістемелік кеңесімен  келісуді қамтамасыз етсін (Б.Қ. Молдабаева).  Мерзімі: тұрақты.

3. Астана және Алматы қалаларындағы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарындағы бірыңғай білім беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңдетілген интеграциялаумен пилоттық білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік үйлестіру бойынша жұмыстарды және олардың арасындағы өзара іс-қимылды және ақпарат алмасуды жалғастырсын (Ж.А. Жонтаева).                  Мерзімі: тұрақты.

4. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру аясында ҚР МЖМС өзгеріс енгізу жұмысын ұйымдастыру кезінде «Бөбек» ҰҒПББС ғылыми қызметкерлерін тартсын (Ж.А. Жонтаева). Мерзімі: тұрақты.

5. «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және даярлаудың үш деңгейлік жүйесін нормативтік-қаржылық сүйемелдеу туралы мәселелерді шешуді қамтамасыз етсін (Т.А. Нұрғожаева,                            Ж. А. Жонтаева). Мерзімі: қыркүйек, 2015 жыл.

6. Педагог қызметкерлердің Тамыз конференциясы шеңберінде «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік мұғалімдерінің, «Бөбек» ҰҒПББС өкілдерінің, ата-аналалар қоғамының қатысуымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы - Қазақстан Республикасының білім беру кеңістіктегі тұтастықтың қажетті шарты» мәселесінің қарастырылуын жоспарласын (Ж.А. Жонтаева). Мерзімі: шілде, 2014 жыл.

 

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы:

7. Астана қаласы, Ақтөбе, Қарағанды облыстарындағы «Өрлеу» ҰБАО АҚ филиалдары «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңдетілген интеграциялаумен білім беру ұйымдарындағы педагогтардың кәсіби дамуына консультативтік – әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асырсын. Мерзімі: тұрақты.

8. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша өзін-өзі тану мұғалімдерінің үздік педагогикалық тәжірибесін тарату бойынша материалдарды аудандық, қалалық, республикалық деңгейдегі БАҚ-та жариялауды ұйымдастырсын. Мерзімі: тұрақты.

 

Педагогикалық мамандықтар бойынша даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарының ректорлары:

9. «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»  мамандықтары шеңберінде білім беру бағдарламаларын жетілдіру жұмыстарын жалғастырсын. Мерзімі: тұрақты. 

10. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша оқу-әдістемелік секция мәселелерін қарастыруға ұсынсын (Д.Ж. Нүкетаева). Мерзімі: тамыз,                  2014 ж.

11. ЖОО-ғы «Өзін-өзі тану»  пәніне байланысты  «Өзін-өзі тану» пәні, барлық мамандықтар және таңдау бойынша пән  мұғалімдерін «Бөбек» ҰҒПББС базасында (1,5 немесе 3 айлық) курстардан өткізуді қамтамасыз етсін. Мерзімі: тұрақты.  

 

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының басшылары:

12.                «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша «Өзін-өзі тану» мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру курстарынан өтуін қамтамасыз етсін. Мерзімі: тұрақты.

 

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңестің мүшелері:

13. Бірыңғай білім беру кеңістігінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын тереңдетілген интеграциялаумен пилоттық білім беру ұйымдарына ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетсін.                         Мерзімі: тұрақты.

14. Қазақстан Республикасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру туралы БАҚ-та жариялауды ұйымдастырсын. Мерзімі: тұрақты.

Шешім тармақтарының орындалуы жөніндегі ақпаратты тоқсан сайын есептік айдың 5-нен кешіктірмей ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің Кеңес хатшылығына жолдасын. (Gulnash.Koshkarova@edu.gov.kz тел. 741932)


Астанада республикалық өзін-өзі тану онкүндігі аяқталды
 
Астанада 3-12 ақпанда өткен «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» республикалық онкүндігі аяқталды. Бұл туралы қалалық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасына сілтеме жасап astana.kz сайты хабарлады.
 
Іс-шара барысында қалалық білім мекемелерінде салтанатты жиындар, балалар суреттерінің және қолдан жасалған өнімдердің, ашық хаттар байқауы, «Алтын жүрек анамыз» атты кітап көрмелері, «Мейірім төгетін ана» мәнерлеп оқушылар байқауы және «Адамгершілік. Мейірімділік. Жалпы адамдық құндылықтар» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылды.
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігінің салтанатты жабылуы №61 орта мектепте өтті, онда онкүндіктің қорытындысы шығарылды.
Іс-шара бағдарламасында жеңімпаздарға грамоталар, алғыс хаттар, сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар, үздік өзін-өзі тану кабинеттері анықталды. Іс-шара Оқушылар сарайының балалар шығармашылық ұжымдарының концертімен аяқталды.
Еске салайық, Астанада 3-12 ақпанда балалар мен жастарды рухани-адамгершілік тәрбиелеу жүйесін дамыту, оқушыларды адамгершілік құндылықтар әлеміне тарту мақсатында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өткізілді. 
 
Астана. 15 ақпан. Baq.kz

Алматы қаласы, Білім басқармасы №1 Балалар үйі 2014 жылғы 3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  тақырыбында онкүндік өткізілген іс-шара 
 
№1 Балалар үйінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында онкүндік тәрбиелік іс-шараның салтанатты түрде ашылуы болды. Іс-шарада балалар үйінің кітапханасында С.А. Назарбаеваның өмірбаянына тоқталып , «Алтын жүрек анамыз» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер бір-бірімен пікір алмасып, бір-біріне деген мейірімділік, сүйіспеншілік және сұлулық көзқарастарымен бөлісті. 
«Бейбітшілік пен келісім – адамгершіліктің жолы» тақырыбында  бұрынғы тәрбиеленушілермен кездесу өткізіліп, оларға «Бейбітшілік пен келісім – қазақтың сан ғасырлық әдет-ғұрпының арқасында қол жеткен байлық екендігін,  «Ел-жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлылық», «сабырлық», «асар» деген ұғымдар – қазақ халқының өміріндегі ажырамас түсініктер екенін айтып дөңгелек үстел өткіздік.
Демеушілір мен меценаттарды тарту арқылы «Барлығы сүйіспеншіліктен басталады» атты қайырымдылық акциясы балалар үйінде өткізілді. Қайырымдылық акциясында демеушілер тәрбиленушілермен сүйіспеншіліктің аясында сыйластықтың, мейірімділіктің, адамгершіліктің, татулықтың, қамқорлықтың бар екенін айтып, өз ойларын бөлісіп пікір алмасты.
  
«Мейірімділік -  күн шуағымен бірдей, ол адамның жан - дүниесін жылытады» атты ән кешімен онкүндік іс-шара аяқталды. Балаларға арналған тәтті тағамдар ұсынылып, жақсы қатысып ат салысқан тәрбиеленушілер марапатталды.

«Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін алатын балаларымен кездесу туралы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2013 жылғы 21 қазан күні 12-5-09/2851 хатын орындау мақсатында 2013 жылғы 6 желтоқсан күні сағат 15.00-де кәсіптік-техникалық колледжінде Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін алатын балаларымен  кездесу өткізді.  
Кездесуге  Астана қаласының Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың басшысы иманғазинова Римма Асымқызы, бас маман Л. Темирлина, Астана қаласы Білім басқармасының өкілі, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Ахметова Г.К, Жастар саясаты  мәселелері басқармасының  бас маманы К.Т. Туленова,  Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттама басқармасы бөлімінің басшысының м.а А.Е. Даирова, Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының бас маманы М.К. Утьева, Астана қаласының  Әділет департаментінің бас маманы  Р.К.Зарирова,  Астана қаласы Жолаушылар  көлігі және  автомобиль жолдары басқармасы бөлімінің бастығы Ж. Шалманов, Астана қаласының  Еңбек инспекциясы басқармасы бөлімінің басшысы  А.А.Танибергенова, «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін алатын 140 бала  қатысты. 
         
Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі  басқармасының басшысы Иманғазинова Римма Асымқызы өз сөзінде 2013-2014 оқу жылындағы ІІ-квартал бойынша  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдарды бітірушілердің қатарынан  «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін алатын  студенттердің саны 140.
Сонымен қатар, кездесу туралы айтып кетті. Студенттер мемлекеттік мекеме өкілдеріне  өз ойларын мазалап жүрген сұрақтарын қойды.  
Кездесуде мемлекеттік тұрғын үй кезегі, болашақта тұрғылықты жері туралы сұрақтар қойылды. Астана қаласының Тұрғын үй басқармасының бас маманы Утьева Мариям Қайыржанқызы берілген сұрақтарға толығымен жауап бере алды. Қосымша ақпаратты Тұрғын үй басқармасына келуге болатындығын айтып кетті. 
Кездесу барысында  «Бөбек» қайырымдылық қоры мен стипендия туралы толық ақпарат берілді.
Сонымен қатар, Римма Асымқызы студенттерге оқуларына  озат, жұмыстары мен жеке өмірлеріне сәттілік тіледі.

Қарағанды қаласында «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру жөніндегі Республикалық кеңесінің төртінші кеңейтілген отырысы өтеді
 
2013 жылғы 15 қарашада Қарағанда қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» қорының президенті,  «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қатысуымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру жөніндегі Республикалық кеңесінің төртінші кеңейтілген отырысын өткізілуін жоспарлайды.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің IV кеңейтілген отырысында алдағы өткен Республикалық кеңес отырыстарының шешімдері мен ұсынымдамалардың қорытындысы жасалып, әрі қарай қызметтің перспективалары белгіленеді, сонымен қатар, Астана қаласында, Ақтөбе және Қарағанды  облыстарында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының терен кірігу пилоттық мектеп-гимназиялардың үлгісін енгізу мәселелері талқыланды. 
Отырыс жұмысына Республикалық кеңесі мүшелері, Білім басқармаларының басшылары, Қарағанды облысының білім, балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының, «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы» АҚ-ның Қарағанды облысындағы филиалының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, БАҚ қатысады.

Сара Алпысқызы білім беру грантының иегерлерімен кездесу
 
2013 жылғы 13 қыркүйегінде Павлодар  мемлекеттік педагогикалық институтында Сара Алпысқызы грантының иегерлеріменен кездесу өткізілді.
Кездесуге балалар құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері, топтардың кураторлары, кафедра меңгерушілері, факультеттің деканы қатысты. Кездесу барысында 2012-2013 оқу жылының қорытындысы талқыланды  және  келесі оқу жылының мақсаттары анықталды.
Балалар құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері психология және педагогика факультетімен және оның жанындағы Ата аналар академиясымен   әлеуметтік жетімдікті  алдын алу  ынтымақтастық тиімділігін белгіледі.
БІлім беру гранттарының иегерлері өткен оқу жылының қорытындысы бойынша  жақсы нәтиже көрсетті. Ксения Кусанова оқу жылын үздік бағамен бітірді, Төлеуова Камила,  Бейсембаева Бақытгүл,  Зарипова Зарина жақсы  нәтижемен оқу жылын аяқтады. 
Латыпова Галина   оқу білім арасындағы  олимпиадада  екінші орынға ие болды. Зарипова Зарина  «Бәсекелестік қабілетті жас  ғалым» атты жоғары білім беру мекемесінің  ғылыми – практикалық конференциясында  «Заманауи  білімдегі  сапаны бақылаудың өзекті мәселелері»  ғылыми жобаны ұсынды. 
Б.Ахметов атындағы колледждің оқушысы Сердалиева Жанат өз қайраттылығымен және тырысуымен жақсы нәтижелерге жетті.
Екінші курстын студенттері сауалнамалық  сұрастыру бойынша, өздеріне бірінші практика ұнағанын, балалармен араласу қызықты болған және балалардын психологиялық  ерекшеліктерін ашты.
Бірінші курстын студенттеріне  қандай сапаны дамыту,  сабаққа калай дайындалу, қандай пәндерге назар аудару  керектігі туралы жақсы қеңес берілді.
Бөбек қорының  шарттары  бірінші курстың студенттеріне берілді.
Балалар құқықтарын қорғау басқармасының өкілдері, топтардың кураторлары, кафедра меңгерушілері, факультеттің деканы Қазақстандық студенттердің бірінші қатарында болғанын, басқа студенттерге үздік оқу үлгісін  көрсетуін, белсенді өмірлік позициясында болуын, ғылыми  қызметпен айналысуларын  тіледі.
 
   

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ПӘНІ  БОЙЫНША 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  РЕСПУБЛИКАЛЫҚ  ОЛИМПИАДАСЫ 
 
Бұл Ереже «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша Республикалық  олимпиадаға дайындық және оны өткізу  тәртібін белгілейді.
1.Жалпы ережелер
«Өзін-өзі тану» пәні  бойынша Республикалық  олимпиада (әрі қарай –«Олимпиада») құндылық бағдарларды  қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашылық іс-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын марапаттау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтық ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және  өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау мақсатында  өткізіледі. 
Олимпиаданы өткізу барысында төмендегі міндеттер шешіледі: 
оқушылардың өзін-өзі тануға қызығушылығын дамыту, оларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тарту; 
балалардың шығармашылық әлеуетін белсендіру, шығармашылық бастамашылдығын дамыту;
оқушылардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру;
өмірлік міндеттерді шешу іскерліктері мен дағдыларын дамыту.
2. Олимпиаданың құрылтайшылары және  ұйымдастырушылары
Олимпиаданың құрылтайшылары және  ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады. 
3. Олимпиадаға қатысушылар
Олимпиадаға «Өзін-өзі тану» пәнін оқуда жетістіктерге  қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен  жобалардың авторлары, өздерінің портфолиосын дайындаған 7-9 сынып оқушылары қатыса алады.
4. Олимпиаданы  өткізу тәртібі
Олимпиада екі кезеңде  өткізіледі. 
Бірінші кезең – аймақтық Олимпиада. 
Екінші кезең – республикалық Олимпиада.
Әрбір кезең екі турдан тұрады. Бірінші тур – эссе  жазу. Екінші тур – тест тапсырмаларын  орындау. Әр турдың бағдарламасын орындауға 2 (екі) астрономиялық сағат беріледі. 
Олимпиада қазақ және  орыс тілдерінде  өткізіледі.
Эссе тақырыптары мен тест тапсырмалары салынған пакет білім басқармасына бірінші кезеңнің басталу күнінен бір тәулік бұрын келіп түседі. 
Олимпиаданы дайындау  және  өткізу бойынша ұйымдастыру  жұмыстарын үйлестіру  және жүзеге асыру  үшін Республикалық ұйымдастыру комитеті  құрылады.
Ұйымдастыру комитеті  Олимпиаданы дайындауға  және  өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асырады, қазылар алқасының  құрамын, Олимпиаданы өткізу  бағдарламасын бекітеді, тест тапсырмалары мен эссе тақырыптарын  дайындайды, Олимпиаданың қорытындыларын шығарады және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттайды.
Олимпиаданың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын тексеріп, бағалайды,  жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.  
Екінші кезеңге қатысушыларды аймақтық білім басқармалары іріктейді. Осы мақсатта ақпараттандыруды қамтамасыз ету және Олимпиадаға мектеп, аудан, қала деңгейінде қатысуға тілек білдірген оқушыларды кеңінен қамту тетігін әзірлеу қажет. Өткізілген олимпиадалар нәтижелері бойынша бірінші кезеңнің, яғни  аймақтық Олимпиаданың қатысушыларын іріктеу іске асырылады.
Олимпиадаға қатысушылардың жұмыстарын бағалауда  объективтілік пен адалдыққа қол жеткізу  үшін тапсырмалар салынған пакетке  байланысты  ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етілуі қажет. 
Олимпиаданың бірінші кезеңінің  жеңімпаздары екінші турға  қатысу үшін «Бөбек» ҰҒПББСО -на   шақырылады. 
5.Олимпиаданың екінші (қорытынды) турына қатысушыларды іріктеу
Олимпиаданың екінші (қорытынды) турына облыстық, Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары бірінші тур жеңімпаздары қатарынан құрама командалар жасақтайды. Облыстық командалар және Астана, Алматы қалалары 7 адамнан тұратын команда құрады. Топтың жетекшісін (педагог) білім басқармасы тағайындайды.
Қабылдайтын жақ (бұл жағдайда «Бөбек» ҰҒПББСО) конкурстан тыс  7 адамнан  тұратын өз командасын дайындайды. 
6. Олимпиада  қатысушыларының жұмыстарын бағалау  критерийлері
Эссені бағалау критерийлері: 
мазмұнында рухани-адамгершілік құндылықтардың көрініс табуы;
шығармашылық  өзіндік, дербестігі;
белсенді өмірлік ұстанымының бейнеленуі;
өз ойы мен сезімдерін еркін жеткізе алу біліктілігі.
Тест тапсырмаларын бағалау критерийлері:
гуманистік  құндылықтардың мәні мен мағынасын, адамның рухани-адамгершілік қасиеттерін түсінуі;
жағдаяттарды талдау және дұрыс шешім қабылдау іскерлігі; 
адам мінезінің оң және теріс сипаттарын айыра  білу іскерлігі;
отбасындағы, ұжымдағы, қоғамдағы өзінің рөлін  түсінуі;
саламатты  өмір салтының қағидаларын білуі; 
мәдениеттің, салт-дәстүрлердің, тілдің қоғам  өміріндегі маңыздылығын түсінуі.
7.  Олимпиаданы өткізу  мерзімдері
Олимпиаданың бірінші кезеңі 2013 жылғы 25, 26 қыркүйекте өткізіледі. 25 қыркүйек күні (бірінші тур) – эссе  жазу,  26 қыркүйекте (екінші тур) – тест тапсырмаларын  орындау.
Екінші (қорытынды) кезең- күзгі каникул күндері 2013 жылғы 5-9 қарашада  өткізіледі.
8. Олимпиаданың бірінші туры жеңімпаздарының «Бөбек» ҰҒПББСО-на келу тәртібі 
Білім басқармалары екінші (қорытынды) турға  қатысу үшін тапсырыс (үлгіні қараңыз) беруі  қажет. Тапсырыстар мына мекенжайға жолданады: 050043, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, «Дарын-1» ықшамауданы, № 47 үй,  «Бөбек» ҰҒПББСО, Адамның үйлесімді дамуы институты, сондай-ақ электрондық мекенжай: almatybobek@mail.ru және факс:  8 (727) 247 – 25 – 28 .
Тапсырыстар 18 қазанға  дейін қабылданады.
Аймақтық олимпиадалар жеңімпаздарының Республикалық  олимпиадаға қатысу  үшін  «Бөбек» ҰҒПББСО келуі – 5 қарашада, қайтуы – 9 қарашада.
Тапсырыс  үлгісі
«Өзін-өзі тану» пәні  бойынша Республикалық олимпиадаға қатысуға  ТАПСЫРЫС
1.Аймақтың  тауы___________________________________________________
2. Қатысушылардың фамилиясы, аты, жасы, сыныбы, мектеп нөмірі __________________________________________________________________
3. Байланыс  телефоны ______________ факс _________________________ 
4. Келу  күні, жол жүру  бағыты, пойыз №, қай вокзал, келу уақыты __________________________________________________________________
Білім басқармасы бастығының қолы
Мөр, күні 
9. Олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздарына қойылатын талаптар
Олимпиаданың бірінші кезеңінің жеңімпаздарынан құралған облыстық  делегация:
- командалық костюмының айыру элементі (мойынға салатын орамал, бейсболка және т.б.);
- «Сүйемін сені, туған өлкем!» аймақтың презентациясы (команданың өнер көрсетуі - 5 мин.);
- концерттік  нөмірлер (ән, жалпыадамзаттық  құндылықтар туралы  өлең, би және т.б.)  дайындауы  қажет.
Әркімнің өзімен бірге:
1. флеш-карта;
2. тууы туралы  куәліктің көшірмесі; 
3. жол  жүру  құжаттары;
4. спорттық киім және аяқ киім; 
5. салтанатты шараларға арналған киім болуы тиіс.
Олимпиаданың екінші туры барысында аймақтардан келген делегациялардың әртүрлі  байқауларға, шеберлік сыныптарына қатысуы көзделген.
10.Топтың жетекшісіне  қойылатын талаптар
Топтың жетекшілерін білім басқармалары тағайындайды. 
Топтың жеткешісінде:
Білім басқармасы бастығының  делегация жетекшісін тағайындау  және оның делегация мүшелері-балалардың өмірі мен денсаулығы  үшін жауапкершілігін бекітуі туралы бұйрығының көшірмесі
Жеке куәлік
Іссапар  куәлігі
Жол  жүру  құжаттары
Спорттық киім және аяқ киім 
Салтанатты шараларға арналған киім
Фотоаппарат болуы қажет.
Топтың жетекшісіне Олимпиаданың екінші туры  өткізілетін жерге  дейін жол бойы, оның өткізілу  барысында  және қайтар  жолда, тұрғылықты орнына дейін балалар үшін  толық жауапкершілік  жүктеледі.
11. Республикалық олимпиадаға қатысушыларды марапаттау
Республикалық олимпиадаға қатысушыларға арнайы дипломдар табыс етіледі.
12. Республикалық олимпиаданы  қаржыландыру
Олимпиаданы ұйымдастыруға байланысты шығындарды (шеберлік сыныптары  үшін материалдар сатып алу,  фото-, бейнетүсірілімдер және т.б.) «Бөбек» ҰҒПББСО көтереді. Қатысушылардың жолын, жататын орны, тамағын қаржыландыру жолдаушы жақ арқылы жүзеге асырылады.
 
Анықтама үшін тел: 8(727) 247 25 28 (доб.150),  факс: 8(727) 247 25 28
АҮДИ директорының орынбасары                                  Калиева Г.И. 

Алматы қаласында Ресей білім беру академиясының академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Амонашвилидің авторлық семинары өтуде
 
2013 жылғы 19 мен 23 тамыз аралығында «Бөбек» ҰҒПББСО-нда Ресей білім беру академиясының академигі, психология ғылымдарының докторы, профессор Ш. А. Амонашвилидің «Білім беру үдерісінде балаларға адамгершілік-тұлғалық тәсіл негізі» авторлық семинары өтуде.
2013 жылғы 19 мамызда сағ. 11.00-де семинардың ашылу салтанатында «Бөбек» Қорының Президенті, «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының идеялық шабыттандырушы Сара Алпысқызы Назарбаева қатысты. 
Семинар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының білім басқармалары өкілдерінің, «Бөбек» ҰҒПББСО-ның жана экспериментік аландардың қатысуымен өтуде.
Семинардың бағдарламасында Шалва Александровичтың шәкірттерінің: оның ұлы П.Ш. Амонашвили, пікірлес және серіктері Д.М. Малаевтың, И. Стульпенененің, В.В. Бактің сөз сөйлеуі қарастырылған. Олардың ұсынымдамалары оқу пәндеріне жалпы адамдық құңдылықтарын кіріктіру, инновациялық кіріктіру курстар бойынша оқыту-әдістемелік материалдарды және бағдарламаларды әзірлеу барысында педагог-экспериментшілерге көмегін береді.
Кездесу барысында өскелен ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беруді жетілдіру бағытта Қазақстанның, таяу және қиыр шетел прогресивті педагогтердің келешегі талқылануда.
Семинардың қорытындысы бойынша «Бөбек» ҰҒПББСО-ның мерзімді баспасы үшін материалдар әзірленіп, интернет-портал және сайт үшін бейнефильм түсіріледі.
Аталған іс-шара үздіксіз білім беру жүйесінде адамның үйлесімді дамуының бірегей педагогикалық жүйесін әрі қарай дамуына ықпал етеді.

Алматы қаласында «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық кеңесінің үшінші отырысы өтті
03.07.2013

Бүгін, 2013 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қатысуымен «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық кеңесінің үшінші отырысы өтті.
Отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі М. Әбенов, ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р. Шер, «Өзін-өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы бойынша Республикалық кеңесінің мүшелері, білім беру органдарының басшылары қатысты.
Отырыста Астана қаласында, Ақтөбе және Қарағанды облыстарында бірыңғай білім беру кеңістігіне өзін-өзі тану пәнінің мектеп-гимназиясына терең кірігу үлгісінің пилоттау мәселелері, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы бойынша білім беру органдары мен ұйымдар басшыларының, педагогтардың біліктілігін арттырудың аралық қорытындылары  талқыланды.
Сонымен қатар, отырыс барысында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру  ұлттық орталығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморундумға қол қайылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының терен кірігу пилотты мектептердің басқа білім беру кеңістігіндегі субъектілермен өзара қарым қатынасты қамтамасыз етуге, олардың қызметтерін заңңамалық құқықтық реттеуге, әдістемелік сүйемелдеуге бағытталған шешім қабылданды.


Отбасымен кітап оқу дәстүрі баланың рухани дамуының бірден бір жолы
 
Аталған дәстүр баланың рухани қалыптасуына зор әсерін тигізіп, отбасы мүшелерін бір-біріне жақындата түседі. Ата-бабаларымызбен сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келетін отбасымен кітап оқу дәстүрі қазіргі кезде ұмытылып келеді. Осы дәстүрдің жалғасуына үлес қосып, отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, отбасымен кітап оқуға және пайдалы уақыт өткізуіне ықпал ету мақсатында Батыс Қазақстан облысында ағымдағы жылдың  17 мамырында Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық кітапханасымен «Ақжайық оқырман отбасы -2013» облыстық байқауы ұйымдастырылды.
Аудандық байқауда 63 отбасы қатысып, ең үздіктер қатарына кірген 12 отбасы облыстық кезеңге қатысуға жолдама алды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық және қалалық әкімшіліктердің, «Нұр Отан» ХДП-ның, облыстық мәдениет басқармасының өкілдерінен тұратын облыстық байқаудың әділқазылар алқасының мүшелерінің назарына қатысушы отбасылары театрландырылған ертегілер қойлымын, жеке шығармашылықтарының үзінділерін, «Отбасымызбен оқимыз» атты тамаша фотоэтюдтер мен фоторепортаждарды, ата-аналардың өз балаларын кітапқа тартуда  тәжірибелерін көрініс ететін бейнероликтерін ұсынды. 
Барлық турда отбасылар мүшелері өздерінің ауызбіршіліктерімен, түсіністіктерімен, әр жағдайда бір-біріне зор қолдау көрсете алатындықтарын көрсете отырып, ата-ананың балаларына кітап оқуға сүйіспеншілікпен қарауға, шығармашылық қасиеттерінің дамуына зор еңбектерін салып жатқандығын дәлелдей алды.
Байқауды барлық отбасы Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің естелік сыйлықтарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. 

«Үш жүрек бірлігі - бала, отбасы және балабақша» атты ата-аналар конференциясының өтті

Астана қаласындағы № 29 «Ақ қайың» балабақшасында 2013 жылдың мамырдың 16 жұлдызында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Білім басқармасының бірлескен жоспарына сәйкес «Үш жүрек бірлігі - бала, отбасы және балабақша» атты ата-аналар конференциясы болып өтті. 
Конференцияның негізгі мақсаты бала тәрбиесіндегі балабақша мен отбасының ынтымақтастығын нығайту. Конференцияға ересектер мен мектепалды топтарының алпыс шақты ата-аналары қатынасты. 
                    
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ә.Б.Смағұлова «Қоғамдағы отбасының рөлі» атты баяндамасында: «Біздің қоғам үшін әр кезеңде, әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау, рухани бай, өмірге құштар болып өсуі – ең маңызды тілек, ең биік мақсат.
Ол үшін отбасының жылылығы мен ынтымағы, бірлігі мен тыныштығы, қамқорлыққа, мейірімділікке негізделіп сақталуы тиіс» - дей келе ата-аналарды өз міндеттерін ұмытпауға шақырды.
                   
Балабақша әдіскері С.А.Каптаева «Балабақша мен отбасының педагогикалық ынтымақтастығы» атты әдістемелік вернисажын толық жоғары деңгейде көрсетіп, жыл бойы жасалған жұмыстарға қорытынды жасады. 
Педагог-психолог А.А.Монтайбаева конференцияға қатысушылардың арасында ойын-жаттығулар, тренингтер ұйымдастырып, ата-аналарға ұсынылған кеңестерде тақырыпты толық ашты. Тәрбиешілер А.Ә.Сағанай, Ф.Ә.Дүйсембек, Ж.Қ.Садуақас «Өзін-өзі тану» пәнінің әдіс-тәсілдері «амандасу рәсімін», «шаттық шеңберін», «жүректен-жүрекке» сәтін педагогикалық шеберлікпен ұйымдастырды. 
                       
Ересектер және мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері өздерінің жүрекжарды тілектерін айтып, ән шырқап, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды.    
Ата-аналар конференциядан алған әсерлерімен, балабақшадағы өткізіліп жатқан жұмыстарға өздерінің ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты. 
Конференция соңында ата-аналар, балабақша бүлдіршіндері өздерінің тілектерін жазып арман, мақсатымыз орындалсын деп тілек шарларын әуеге ұшырды.
             

«Махаббат және шаттық айгөлегінің» іс-шараларының қорытындысы

 
2012-2013 оқу жылдары бойында «Fan-fan» отбасы-ойын-сауық орталық базасында «Махаббат және шаттық айгөлегі» балаларға және ата-аналарға арналған шығармашылық және тәрбие сабақтары өткізілді.
«Махаббат және шаттық айгөлегі» шеңберінде Павлодар қаласының мектептерінде «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері балаларға және олардың ата-аналарына  арналған іс-шаралар өткізіп қойған жоқ, сонымен қатар, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институттың «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығында оқитын студенттермен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда педагогикалық тәжірибелермен бөлісті.
                                                                                
А.ж. 3 мамыры күні «Махаббат және шаттық айгөлегінің» екінші маусымының жабылуы барысында Павлодар қаласының №16 ЖОМ-тің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі И.Н.Лысенко шеберлік-сыныбын көрсетті.
Аталған кездесудің қорытындысында Адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы Ә.А. Әбелдинова іс-шараға қатысушыларға Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің атынан алғыс айтып, алғыс хаттар және естелік сыйлықтарды табыс етті.

«Өзін-өзі тану пәнін оқытудың мазмұнына жаңашыл көз-қарас» атты өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін жас мұғалімдерге арналған қалалық оқыту семинары

2013 жылдың 30 сәуір  күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлескен ортақ жоспар аясында «Өзін-өзі тану пәнін оқытудың мазмұнына жаңашыл көз-қарас» атты өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін жас мұғалімдерге арналған қалалық оқыту семинарын өткізді.
Аталған  оқыту семинарға Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Білім басқармасының, "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының өкілдері және қала мектептерінің өзін-өзі тану пәнінен сабақ беретін жас педагогтары қатысты.

                         
Семинар мақсаты: өзін-өзі  тану пәнін оқыту мазмұнының жаңарту саласында мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктерін арттыруына көмектесу.
Семинар-тренинг жұмысын Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік –рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә. Смағұлова ашып, мектептегі оқушының оқудағы жетістігі ғана емес өмірдегі жетістігі өзін-өзі тану мұғалімінің кәсібилілігіне, құзіреттілігіне байланысты екендігіне тоқталды.
Семинар барысында Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері  Ж. Нүсіпжанова, "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының оқытушысы Харькова Наталья Ивановна, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Л.Ш. Темірлина баяндама оқыды.
               
Шараның екінші бөлігінде №60 лицей ұстаздары Сексенбиева А.Б, Купеева З.К, Саликова А.А., Шавалиева Г.М, Атаканова С.К., Майкенова С.О. «Денсаулық- зор байлық»,  «Жаны саудың тәні сау»,  «Табиғатпен үндестік»,  «Сау болу - өнер»,«Махаббат - ең  ұлы шынайы сезім», «Табиғаттың сұлулығын түсіне білеміз» атты ашық сабақтарды жоғары деңгейде өткізді.  
Оқушылар сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға  нақты жауап беріп, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сабақта жұмыстың жаңашыл әдіс-тәсілдері шебер қолданылды.
Семинардың соңында  жас ұстаздармен № 60 мектеп-лицейінің психологтары Н.Шишкина мен Б.Каипбекова әсерлі де қызықты тренингтер өткізді.         
Семинарға келген  қатысушыларға Департамент мамандары әзірлеген әдістемелік нұсқаулар, өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ әзірлемелерінің жинағы таратылды.

Орындалған армандар

2012 жылы республикадағы жалпы білім беретін мектептерінің 70 түлегі Сара Алпысқызының білім грантына ие болды.  Бұл грантар болашақта мұғалім болғысы келетін, педагогика мамандығын таңдаған мектеп түлектеріне берілді. Бұл ретте, үміткерлердің ішінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және күнкөрісі төмен, көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға ерекше көңіл бөлінді. 
Бүгін Сары Алпысқызының 20 иегері республикадағы 15 педагогикалық және гуманитарлық колледжінде, 50 студент - 13 жоғары оқу орындарында білім алуда. 
Олардың әрқайсысы өздеріне жүктелген жауапкершілікті жақсы түсінеді, олар тек студент ғана емес, Сара Алпысқызының стипендиаттары.      
 «Бөбек» қорында бірінші рет жеке кездескен сәтте-ақ, Сара Алпысқызы оларға үлкен жүректі аналық мейірімін шашып, дұрыс өмір жолын таңдағанына сенімділік ұялатып, болашақта сәтті өмір тіледі. 
                           
Бүгінде барлық грант иегерлері жақсы оқып, көптеген студенттік іс-шараларға белсене қатысуда. 
Мысалы, Латыпова Галина (Павлодар МПИ) қазақ тілі пәні бойынша олимпиадада 3-і орынға ие болды.  Павлодар МПИ грант иегерлері «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша педагогикалық Жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық олимпиада өткізуге тартылды.   
                                                                            
Янцен Регина (СҚО гуманитарлық колледжі) қалалық Абай оқуларында гран-при жүлдесінің иегері және ол «Журналист», «Политинформатор»  үйірмелеріне қатысады.      
Бекназарова Диана (Астана қаласының гуманитарлық педколледжі) кикбоксинг бойынша республикалық чемпионатта 3-і орынды иеленді.
Студент Шарипова Рамина (Шығыс-Қазақстан МУ) жоғары оқу орындары арасында өткен «Эрудит-2013» интеллектуалды ойынға, «Менің идеям-менің еліме» тақырыбында өткен балалардың әлеуметтік бастамасы облыстық қоғамдық тыңдауға белсене қатысты. 
Нүрпейісова Жұлдыз, Малтаева Анар, Ортаева Әйгерім, Әбілақат Айғаным (Алматы облысының И. Жансүгүров атындағы Жетысу МУ) «Педагогика и психология» факультетінің «Жас психологтар» кеңесінің мүшелері, олар «Қазіргі заманғы әлемдегі жастар және ғылым» тақырыбында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференцияның белсенді қатысушылары. 
Степнова Кристина (Қостанай МПИ)  институт жанындағы студенттер Альянсінің мүшелері, «Империал» шоу-балет қатысушылары.              
Масқарова Айсұлу, Ғазизова Мейрамгүль, Мерлатова Сымбат, Аманова Эльмира (Х. Досмухамедов атындағы  Атырау МУ) «Жастар жетістігі» Қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, волентерлер ретінде С. Казыбаев атындағы №1 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілерімен тығыз байланыста. 
                                                              
Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары грант иегерлерімен үнемі тығыз байланыста, студенттерге проблемаларын шешуде ақыл-кеңес беріп, әрқашан қол үшін беріп көмектесуге дайын.
Грант иегерлерімен өткізген сауалнама қорытындысы олар таңдаған мамандығы ұнайтынын, білім алуға барлық қолайлы жағдай жасалғанын, оқу орнының оқытушыларымен жақсы қарым-қатынаста екендігін көрсетті.
Грант иегерлері Сара Алпысқызына өздеріне жасаған қамқорлығы, мейірімі, жылы лебізі, Мұғалім болу армандарын жүзеге асыруда көмегі үшін үлкен алғыстарын айтуда. 

 

Музыкамен үндесу
 
Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Орал қаласының №1 балалар саз мектебінде Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне арналған «Менің Отаным - Қазақстан!» атты тақырыпты кездесу өтті. Іс-шара Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды. 
Тақырыпты кездесуге Зеленов ауданының Январцево ауылы Балалар үйінің тәрбиеленушілері, балалар саз мектебінің және қала мектептерінің оқушылары, сонымен қатар педагогтары, мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, журналистер қатысты. 
Іс-шара мақсаты – музыка өнері арқылы бала құқықтары туралы Конвенциясын жүзеге асыру тиімділігін арттыруға ықпал ету, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз құрбыларымен мақсатты қарым-қатынасы арқылы әлеуметтік практикасын кеңейту. 
Тақырыпты кездесу бағдарламасы аясында «Абай шығармашылығы» тақырыбында сабақ, музыкалық көрсетілімдер және жас дарындар дайындаған «Біз – Қазақстан халқымыз!» атты концерт өткізілді. 
Іс-шара ұйымдастырушылары осындай «музыкалық кездесулер» арқылы  балалар көптеген жақсы нәрселерді бойына сіңіріп, өзінің ішкі рухани әлемін байыта түсетініне сенімді. 

«Өзін-өзі тану» жүректерге нұр құйған

Ұлттың рухани саулығын нығайтуда еліміздің Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваның «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының алатын орны ерекше.  Сара Алпысқызының түрлі бағыттағы қызметі әр халықтың ең қымбат қазынасы - балалар екендігіне көз жеткізеді. Инновациялық тәртіп Қазақстан балаларының бақытты, өз-өзіне сенімді, жеке өмірлік қиындықтарды жауапты шеше білуге, өз-өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге көмектеседі.
Бұл туралы 2013 жылдың 12 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында өткен «Жүректер үндестігі» өзін-өзі тану педагогтары клубының отырысында сөз қозғалды. Отырысқа балабақшалардың, мектептердің директорлары, аудандық білім беру бөлімінің өкілдері, ата-аналар жұртшылығы қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылармен «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша оқу процессін ұйымдастыру, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі сабақтастық, отбасымен қарым-қатынасты нығайту жолдары сияқты сұрақтар талқыланды. Осылайша, педагогтар «балабақша – балаларға білім беру мен тәрбиелеудің алғашқы сатысының негізін қалайды. Ал мектептердің жұмыс идеясының негізі –  баланың өзін-өзі әрі қарай дамытуға демеу беріп, оның              әлеуметтік-психологиялық сұраныстарын қанағаттандыратын нақты логикалық құрылымы бар орта қалыптастыру. Өзін-өзі тану пәнінің қазіргі педагогтары баланы жетік түсіне біліп, тұлға екендігін ұғындырып, балаға жеке ойы мен ерік-жігерін мезі қылмау керек» деген ойға тоқталды.
                                            
Талқыланған сұрақтар қатарында баланы тәрбиелеуде отбасының басты рөлі жайында сөз қозғалды. «Отбасы – бұл баланың кішкентай әлемі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны алады. Сондықтан өзін-өзі тану педагогының міндеті – отбасылық құндылықтарды насихаттау, ата-ана-мектеп арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайту, баланың тұлға  ретінде жан-жақты, үйлесімді дамуына мүмкіндіктер жасау».
Отырысқа қатысушылар педагог-тьюторлардың адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы мазмұнына арналған тренингтері мен шеберлік-сыныптарына белсенді қатысты.
Отырыстың қорытынды бөлімінде «Өзін-өзі тану» пәнінің жаңашыл әдістерін қолдану тәжірибесі көрсетілген бейне фильмдер көрсетіліп, талқыға салынды. Бейне фильмдер халықтық педагогиканың қайнар бұлағын өркендетіп, ұлттық құндылықтар мен мәдениетке баулып, азаматтық ұстаным мен патриоттық сезімді қалыптастыруға ықпал етеді.  
Отырыс қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.


«Қазақстан Республикасының жаңа заман қоғамындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасын рухани-адамгершіліктің парадигмасы ретінде іске асырудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы
 
2013 жылдың  29-30 наурызында  академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік педагогика  факультетінің базасында «Қазақстан Республикасының жаңа заман қоғамындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасын рухани-адамгершіліктің парадигмасы ретінде іске асырудың өзекті мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Ұйымдастырушылар: академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарағанды облысы білім басқармасы.
                                                    
Конференция жұмысына «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру сауықтыру орталығының өкілдері қатысты: «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру сауықтыру орталығы бас директорының орынбасары - Бекетаева Сауле Станиславовна; «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру сауықтыру орталығы адамның үйлесімді дамуы институтының директоры, п.ғ.к. - Кудышева Ботагоз Кинаятовна; «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру сауықтыру орталығы адамның үйлесімді дамуы институтыны директорының орынбасары, профессор, п.ғ.д.  - Рысбаева Аршагуль Клышбековна; «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру сауықтыру орталығы адамның үйлесімді дамуы институтының жетекші маманы, п.ғ.к. - Мукажанова Рысты  Абдразаковна; «Бөбек»  Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру сауықтыру орталығы адамның үйлесімді дамуы институты ТжәнеКО зертханасының меңгерушісі, п.ғ.к. - Омарова Гульжан Амангельдиевна қатысты. 
                     
«Бөбек» ҰҒПББСО өкілдері және конференция қатысушылары (Қарағанды облысы білім беру мекемелерінің басшылары, өзін-өзі тану педагогтар) екі күн ішінде адамгершілік-рухани білім бойынша маңызды баяндамаларымен сөз сойледі.
Адамгершілік-рухани білім мәселелеріне теориялық және практикалық тұрғыдан  қарау мұғалімдерге, тәрбиешілерге, жоғары білім беретін, колледж мекемелерінің оқытушыларына арналған жинақта өз көрінісін тапты. 
Үш секциянының және мастер-класстардың табысты жұмысы конференция қатысушыларына  «Өзін-өзі тану» пәніне жаңа призма арқылы қарауға мүмкіндік берді.

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында І-ші Республикалық олимпиада өтті

Республиканың 9 педагогикалық жоғарғы оқу орнына 30 үздік студенттердің қатысуымен 2013 жылғы 27 – 28 наурыз аралығында «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бойынша екінші курс студенттері арасында «өзін-өзі тану» пәні бойынша І Республикалық олимпиада өтті. 
Олимпиада жеңімпаздары: Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті (бірінші орын), Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты және Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті (екінші орын), Ш. Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті (үшінші орын).
Олимпиаданың барлық қатысушылары дипломдармен марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.


Бүгін Павлодар қаласында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесі отырысы өтті
27.03.2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2013 жылғы 27 наурызда Павлодар қаласының Достық үйінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтті.
Кеңейтілген кеңес отырысында 100-ден астам адам: жергілікті атқарушы органдарының, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Павлодар облысының ата-аналар және педагогикалық қауымдастығы қатысты.
             
Іс-шараның өткізілу мақсаты – республиканың білім беру кеңістігінің тұтастық шарттының қажетілігі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау, оларды кешенді шешілуіне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту.
Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Амангелдіұлы Өрсариев ашты.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі С. Шаяхметовтың төрағалығымен өтті. Кеңес отырысы барысында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Павлодар облысының педагогикалық қоғамдастығы өкілдерінің сөз сөйледі.
Республикалық кеңесі отырысының қорытындысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша ұсынымдамалар қабылданды.


“Өзін-өзі тану” пәні қанатын қатайтты

Қазіргі дамыған елдер инновациялық идеяларымен дүниежүзін жаулап келеді. Бүгінгі күні өмірімізге дендеп еніп, қолданысы кеңейе бастаған «инновация» термині ауыз екі тілде ғана емес, қоғамдық қарым- қатынаста кеңінен қанат жайып отыр. Басты мәні бұрын болмаған жаңалық, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі деген түсініктеменің жиынтығы. Заман ағымына сай Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері де «Білім берудегі инновациялар» деген жаңа пәнді оқып, игере бастады. Жаңалықтардың жаршысы ретінде педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Ботагөз Амангелдіқызы Нұрмағамбетовамен жүздесіп, бірнеше сауал төңірегінде әңгімелескен едік. 
– 2012-2013 оқу жылынан бастап сіздердің студенттер «Білім берудегі инновациялар» деген жаңа пәнді игере бастады. Нәтижесі қалай, осы пәнді оқып игеру арқылы студенттер нені біліп шығады? 
– Ғылыми кеңес шешіміне байланысты 2012-2013 оқу жылынан бастап біздің 4-курстың студенттері «Білім берудегі инновациялар» пәнін игере бастады. Пәнді оқу арқылы олар білім беру саласында жүргізіліп жатқан жаңалықтар, өзгерістер, жаңа технологияларды біле алады. Олар алғашқы емтихандарын ауызша түрде сәтті тапсырды. Емтиханнан кейін біз сауалнама жүргіздік. Сауалнама нәтижесі өтежақсы, пән барлығына ұнаған. Өйткені осы пән арқылы білім беру саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарды студенттер біле алады. Сабақ барысында студенттер оқытудың және оқудың жаңа жолдарын, сын тұрғысынан ойлауға оқыту, құзыретке -бейімделген тапсырмаларды орындаумен қатар құрастыру технологияларын зерттеп, ақпараттық технологияларды пайдаланып үйренеді. Сондай-ақ интерактивтік тақталарды белсенді қолданады. Көп тәжірибелі, осы салада көп жылдар бойы еңбек істеген, ғылыми дәрежелері бар оқытушылар дәріс оқиды. 
– Соңғы жылдары емтихандардың тест жүйесінде тапсырылып келе жатқандығын жақсы білеміз. Студенттер емтиханды ауызша тапсырды дедіңіз. Емтихан сұрақтарына не қамтылды? 
– Студенттер портфолио тапсырмаларын әзірледі. Олар құзіреттілікке бейімделген тапсырмаларды, проблемалық тапсыр¬маларды орындады және 2010-2020 жылға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын зерттеп, оны талдап орта білім жүйесінде болатын өзгерістерге, сыни тұрғыда ойлауға арналған тапсырмалар орындады, сондай-ақ түрлі оқыту технологияларын салыстырып, талдау жасады. 
– 2006 жылдан бастап ПМПИ-де «Өзін-өзі» тану пәні енгізіле бастағанын жақсы білеміз. Институт сынақ алаңы ретінде саналды. 2011 жылдан республикамыздың барлық сатылы білім беру мекемелерінде игеріле бастады. Осы жөнінде тоқтала кетсеңіз... 
– Басқа білім беру орындарымен салыстырғанда біздің институт оқытушыларының тәжірибесі мол, мұнда «Өзін-өзі тану» кабинеті, кабинеттің арнайы меңгерушісі тағайындалған. Қажетті оқулық, құрал-жабдықтармен толық жарақталған. Сондай-ақ тре¬ нинг залы және тәжірибе сабақтарының кабинеттері бар. «Өзін-өзі тану» сабағы кіргенде оның ерекшеліктерін негізге ала отырып, сабақтың стандарттан тыс емес түрлері қолданылады. 2011 жылдан бастап өңірде алғаш рет біздің институтымызда «Әлеуметтік пе¬дагогика және өзін-өзі тану» мамандығы ашылды. Осы мамандық бойынша 2-жыл студенттерді қабылдадық. Мемлекеттік гранттармен қатар Сара Алпысқызы Назарбаеваның гранты бөлінді. Пәнді игеру барысында көптеген іс-шаралар, кеңестер, олимпиадалар үнемі ұйымдастырылып тұрады. 
– 27 наурыз күні ПМПИ базасында жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Өзін өзі тану» пәні бойынша алғаш рет республикалық олимпиада ұйымдастырылады. 12 команда қатысуға өтінім берді. Мақсаты - «Өзін-өзі тану» адамгершілік- рухани білім беру бағдарламасы бойынша теориялық және практикалық білімдері бар дарынды студенттерді анықтау, олардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген қызығушылықтарын арттыру. Сондай-ақ ПМПИ базасында дәл осы күні «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша республикалық кеңес өтеді. Оған Білім және ғылым вице-министрі, облыс әкімі, осы кеңестің мүшелері, осы саланың білгір мамандары және оқытушылар қатысады. 
– Кеңестің мақсаты қалай? Кеңесте қандай мәселелер қаралады? 
– Кеңес екі күнге жалғасады. Кеңес барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру – Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіндегі ажырамас бір саласы ретінде қаралады. Мысалы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілікті дамыту білім беру мекемелеріндегі тәрбие беру ісінде қалай көрініс табады, мек¬тепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі тәрбие берудегі өзін-өзі танудың маңызы, баланың өзінің қалыптасуы және құзіретті маманды қалыптастырудағы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының рөлі сондай-ақ «12-жылдық білім берудегі өзін-өзі тану пәнінің рөлі секілді маңызды тақырыптар талқыланады. Өзін-өзі тану бүгінгі тәрбие беру ісінде және білім берудің маңызды бір бөлігіне айналды. Оны қоғам үлкен қызығушылықпен қабылдап, талқылай бастады. Ақпараттық технологиялар мен толассыз ақпараттар белең алған заманда адамның мінез-құлқы, қабылдау түйсігі үлкен өзгерістерге ұшырайтындығы белгілі. Сол себепті «өзін-өзі» тану пәнін педагогика мен психологияның ажырамас бір бөлігі ретінде барлық сатылы білім беру салаларында игере бастады. 
 
– Әңгімеңізге рақмет. 
 
Марта ҚАНАТҚЫЗЫ
ПМПИ хабаршысы 
№3(11), 2013 ж. наурыз

"Өзін-өзі тану"» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесі отырысының өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы

Павлодар қ.                                                                         2013 жылғы 27 наурыз  
сағ. 10.00 
 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2013 жылғы 27 наурызда сағ. 10.00-де Павлодар қаласының Достық үйінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Республикалық кеңесінің кеңейтілген көшпелі отырысы өтеді. 
Кеңейтілген кеңес отырысына 100-ден астам адам: жергілікті атқарушы органдарының, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, Павлодар облысының ата-аналар және педагогикалық қауымдастығы қатысады. 
Іс-шараның өткізілу мақсаты – республиканың білім беру кеңістігінің тұтастық шарттының қажетілігі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылау, оларды кешенді шешілуіне мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарды тарту.
Республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Арын Амангелдіұлы Өрсариев ашады.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі С. Шаяхметовтың төрағалығымен өтеді. Кеңес отырысы барысында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Павлодар облысының педагогикалық қоғамдастығы өкілдерінің сөз сөйлеуі жоспарлануда.
Республикалық кеңесі отырысының қорытындысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша ұсынымдамалар қабылданады.

 

«Өзін-өзі тану пәнінің шоғырланған сабағы» тақырыбында өткізілген семинары туралы ақпарат
 
Маңғыстау облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті жылдық жоспарына сәйкес 2013 жылдың 19 наурызында Маңғыстау облысының гуманитарлық колледжі негізінде «Өзін-өзі тану пәнінің шоғырланған сабағы» тақырыбында семинар өткізді. 
Семинардың мақсаты: Білім беру мекемелерінің өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне Өзін-өзі тану пәнінің шоғырланған сабағы туралы түсінік беру.
Қатысушылар: Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мамандары, колледж оқытушылары, аудан, қала білім беру мекемелерінің мұғалімдері, студенттер, «Өрлеу» БАҰОАҚ Маңғыстау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының мамандары, БАҚ өкілдері.
                                                                          
Семинарды балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның- адамгершілік рухани дамуы бөлімінің бастығы Г.Жарылғасинова департаменттің жалпы осы уақытқа дейін жасаған жұмыстары туралы слайд арқылы қысқаша түсінік берді. Содан кейін Маңғыстау облысның гуманитарлық колледжінің мұғалімдері –Мощинец Татьяна Владимировна «Орыс тілі және өзін-өзі тану пәндері» және Салтанатова Мейрамгүл Чайхықызы, Мүсірепова Хадиша Құлтасқызы «Өзін-өзі тану және психология пәндерінен» шоғырланған ашық сабақтар өткізді. Семинардың 2-ші жартысында Мүсірепова Хадиша Құлтасқызы қатысушылар мен студенттер арасында қызықты психологиялық тренинг жүргізді.
Семинар соңы қатысушылардың қорытынды дискуссиясымен аяқталды. 

«Жүрегімді балаларға арнаймын» облыстық конкурстың қорытындысы

Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» пәнінің үздік педагог атағына «Жүрегімді балаларға арнаймын» облыстық конкурсы алғаш рет өткізілді. Конкурстың мақсаты – білім саласында және жас ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиелеу саласында талантты педагогтарды қолдау, инновациялық педагогикалық тәжірибені тарату, педагог мамандығының мәртебесі мен инновациялық педагогикалық идеяларды арттыру.
Конкурс «Қостанай Дарыны» АҰПО және Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің көмегімен ұйымдастырылды.
Конкурстың 1 кезеңіне Қостанай облысының барлық өңірлерінен «Жүрегімді балаларға арнаймын» тақырыбы бойынша 138 шығарма келіп түсті. Қазылар алқасы ұсынылған материалдарды критерийлерге сәйкес қарастырып, 14 ақтық қатысушыларды анықтады.
25 ақпанында конкурстың қорытынды кезеңі өткізіліп, онда жарыстың әр қатысушысы «Мен және менің пәнім» жеке тұсаукесерін көрсетіп, кәсіптік портфолиосын ұсынды. Барлық қорытынды кезеңде бақ сынасқан қатысушылар тапсырмаларды шығармашылықпен, бар ынтасымен орындады, өздерінің және «Өзін-өзі тану» пәнінің тек қана жағымды жақтарын көрсете алды.

Қазылар алқасының құрамындағы «Қостанай дарыны» қызметкері, Біліктілікті арттыру институтының, ҚМПИ педагогика кафедрасының, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті өкілдерінің белсенді ақылдасуынан кейін келесі жеңімпаздар анықталды:  
Гран-при – Бейсекеева Балжан Қожашқызы (Қостанай қаласы, № 61 балабақша);
1 орын – Костюченко Наталья Петровна (Лисаковск қаласы,  №24 ОМ);
2 орын – Гареева Татьяна Павловна (Қостанай қаласы, №23 ОМ);
3 орын – Баяхметова Мария Әубәкірқызы (Лисаковск қаласы, №2 ОМ);
– Попова Светлана Станиславовна (Лисаковск қаласы, «Мұрагер» мектепке дейінгі оқыту-тәрбие беру орталығы);
– Шакирзянова Наиля Ибрагимовна (Жітіқара қаласы, №3 ОМ).
Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Өзін-өзі тану пәніндегі  бағдарламалық - жобалық шығармашылық

Өзара бірлескен әрекетті ұйымдастыру аясында  ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ШҚО ПҚБАИ-ның өкілдерінің қатысуымен  «Өзін-өзі танудағы бағдарламалық-жобалық шығармашылық» облыстық  өзін-өзі тану педагогикалық  отырысы өтті. Іс-шараға  қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыс мектептерінің өзін-өзі тану пәнінің мамандары (30 адам) қатысты.
Мақсат «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің үздік тәжірибелерін  жинақтауға және таратуға бағытталды.
                                 
Аудандар мен қалалардың шығармашыл ұстаздарының әдістемелік бірлестігінің жетекшілері мен  әдіскерлерінің: Риддер қаласының білім беру ұйымдарында өзін-өзі тану пәнін енгізу жүйелері» -С.Н. Григорьева,  «Катон-Қарағай ауданының мектептерінде өзін-өзі тану» пәнін оқыту»-К.Н.Аманғұлова, «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздарының бірлестіктері»-И.Г.Дәулетханованың тартымды баяндамалары мен шаттық шеңберлері  қатысушыларға жылы атмосфера және ерекше көңіл күй  сыйлады,  әр түрлі мысалдармен өзін-өзі тану пәнінің  ерекшелігі  көрсетілді.
                                                                                           
 Педагогикалық отырысқа қатысушылармен тәжірибелі ұстаздар: «Экология форумы»-А.П. Эрдлей (Өскемен қ.), «Барлығы сүйіспеншіліктен басталады»-Е.В.  Кряжева (Риддер қ.), «Моральдық таңдау шеберханасы»-Г.К. Садуова (Катон-Карағай ауданы) өзін-өзі тану сабақтарын өткізді.  
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның туған күніне орай өткен «Шын жүректен» облыстық фестиваль-конкурстың қорытындысы бойынша  қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері және өзін-өзі
тану пәнінің үздік педагогтары  балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеудегі шығармашылықтары  үшін  ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, ШҚО Білім басқармасының «Шығыс» аймақтық орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.
 Қатысушылар мен педагогтар педагогикалық  отырыстың жұмысын жоғары бағалады.


Павлодарда кәсіпорындарында ата-аналарға арналған дәрістер жалғасуда...

Өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани, отбасылық құндылықтардың қоғамдық мәртебесін қайта жаңғырту және ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзырлығын қалыптастыру мақсатында Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы «Игілігі үшін ұрпақтың» облыстық педагогикалық клубының бастамасымен Павлодар қаласының кәсіпорындарында ата-аналарға арналған дәрістер өткізілуде.
2013 жылғы 19 ақпанда «Отбасы бақытының концепциясы» атты Павлодар қаласы №5 емхананың медициналық қызметкерлеріне арналған дәріс ұйымдастырды.
                              
Сонымен қатар, іс-шараға Инновациялық Еуразиялық университетінің оқытушылары және Павлодар қаласы мектептерінің ұстаздары қатысты.
Кездесуде Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары  Наталья Нефедова және  Павлодар қаласы №5 емхананың медицина қызметінің сапасы бойынша дәрігері, сарапшы Айгүл Абылхасан сөз сөйледі. Олар балаларды тәрбиелеу – балалардың бойына жеке тұлғалық қасиетті қалыптастыруға бағытталған мақсатты қызмет екенін атап өтті. Отбасында баланы азаматтық татулық пен төзімділікке тәрбиелеп, этникалық көзқарастарды құрметтеуге, рух пен тән салауаттылығын сақтай отырып, заң талаптарын орындауға, өз құқықтарын өмірде пайдалана білуге үйрету болып табылады.
                             
Инновациялық Еуразиялық университетінің «Педагогика және психология» кафедрасының доценті, психология ғылымдарының кандидаты Екатерина Раклова және Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №3 гимназиясының психологы Ольга Шумахер қазіргі замандағы балаларды тәрбиелеудің нысандары мен әдістеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін баса айтты. Балаларды тәрбиелеуде ата-анасы негізгі рөлді атқарады. Әрине, әрбір  ата-анаға оның баласының жауапты азамат болып өсуін қалайды, ол үшін өз балаларына үлгілі ата-ана болу қажет.  
Балалардың  құқықтарын қорғау департаментімен  ата-аналар қауымына арналған  «Отбасылық тәрбие – Қазақстан игілігінің  кепілі» атты ақпараттық-әдістемелік анықтама әзірленіп, оның ішінде балалар мен ата-аналарға арналған республикалық, облыстық сенім телефоны және шұғыл байланыс телефондары бар кітапша таратылды.


«Мейірімге толы жүрек» атты «Өзін-өзі тану» апталығы

Жастардың бойында әлемдік мәдениетті бағалап, ұлттық мәдениетті ұлықтай алатын асыл қасиеттердің болуы олардың еліне, туған жеріне деген перзенттік сезімін ұлғайтып, әлеуметтік белсендігін дамытады. Сол себепті оқыту құндылықты білім беруге назар аударылып, білім мазмұнына дүниетанымдық және рухани – адамгершілік сипаттары айқын мәселелерді көбірек қамту қажеттігі туындайды. Осы мақсатта, 2013 жылдың 11 – 15 ақпан аралығында ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Шымкент қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мейірімге толы жүрек» атты «Өзін-өзі тану» апталығы өткізілді. Апталықтың ашылуы 11 ақпан күні №75 мектеп-гимназиясында «Мінез - құлық әдебі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысынан басталды. Бұл іс-шараға қалалық білім және ішкі саясат бөлімдерінің мамандары, салауатты өмір салты орталығының, ҮЕҰ өкілдері және 9-11 сынып оқушылары, ата-аналар қауымы қатысты. Іс-шараның мақсаты: балаларды мейірімділікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Келген қонақтар мектеп кітапханасының ұйымдастырған Сара Алпысқызының қайырымдылық қызметтері туралы «Мейірім шашқан жүрегі» тақырыбында кітап көрмесімен танысты. Отырыс Сара Алпысқызының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы еңбектері үшін алған марапаттары туралы слайдты көрсетуден басталды.
Іс-шара барысында отбасындағы тәрбие, мамандық таңдауда жауапкершілікпен қарау, өзін-өзі тәрбиелеу, деген мәселелер қызу     талқыланды.
12 ақпан күні «Өзін-өзі тану» апталығы Шымкент қаласындағы №50 мектеп-гимназиясында жалғасын тапты. 9 «б» сыныбында «Әдептен озбайық» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы, 13-14 ақпан күндері бастуыш және жоғары сыныптарында «Любовь необъяснима, как мир необъясним...», «Жүрек жылуы», «Гармония души», «Все начинается с любви», «Учимся дружить» тақырыптарында ашық сабақтар, сонымен қатар  5-7 сыныптар арасында «Менің отбасым» атты қабырға газетінің байқауы өткізілді. Апталық 15 ақпан күні «Өзін-өзі тану әлемінде» атты мерекелік концертпен аяқталды. Ашық сабақта оқушылар өз жүректерінің үнін тыңдай отырып, аналарын әлемде теңдесі жоқ күн нұрына, жарық жұлдызға, гүлге теңеп өз сезімдерін білдірді, шығармашылық жұмыс кезінде сахналық көрініс қойылды.  Бұл көрініс ата-аналар мен ұстаздарға үлкен ой салды.  Ата-аналар «Өзін-өзі тану» пәні қазіргі таңда жастарға өте қажет екендігін және қажетті рухани байлық алғандары туралы ойларын ортаға салды, сондай-ақ осы бағдарламаның авторы Сара Алпысқызы ұсынған махаббат пен адамгершілік сабақтары әркімнің жан-дүниесін тануына, әлемге көз жүгірте отырып, мейірімділік, жақсылық жасауға бастайды деген пікірге тоқталды. «Өзін-өзі тану» апталығының қызықты да әсерлі өтуіне мектеп әкімшілігі, пән мұғалімдері, психологтар және ата-аналар қауымдастығы белсене атсалысты.
Қонақтар оқушыларға, мектеп әкімшілігіне ризашылықтарын білдіріп,  «Балам дейтін ана болмаса, Анам дейтін бала қайдан табылар» демекші бар баланың анасы болып, әр баланың болашағына ізгі жол сала білген, әлемнің анасы атанған әз анамыз Сара Алпысқызының өмірі мен еңбегінен үлгі ала отырып, болашақта еңбек сүйгіш, мейірімді адал, Отанымыздың туын биік ұстар, ұлт болашағын көркейтер еліміздің патриот азаматтары болып өсуге тілек білдірді.


Жүрек жылуының ұшқыны

Алтынай» балалар бақшасы Қазақстанның алғашқы ханымы С.Назарбаеваның бастамасымен қызмет ететін «Өзін – өзі тану» бағдарламасы бойынша бірнеше жыл еңбек етуде. Бағдарламаның басты мақсаты – балалардың жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың бойларына адами құндылықтарды сіңіру, оқыту мен тәрбиелеу үрдісін дамыту.
«Өзін – өзі тану» сабағында балалар МАХАББАТ, МЕЙІРІМДІЛІК, ШЫНДЫҚ, БЕЙБІТШІЛІК, БАҚЫТ, ДЕНСАУЛЫҚ деген ұғымдармен танысады. «Алтынай» балабақшасында салауаттылық  үшін» облыстық жоба аясында балалабақшадағы балалардың денсаулығын сақтау мен бекіту үшін барлық мүмкіндіктер жасалған. Сондай – ақ сабақ барысында балалар адамның рухани құндылықтарымен, атап айтсақ, ТІЛЕКТЕСТІК, ТӨЗІМДІЛІК, КІШІПЕЙІЛДІЛІК сияқты ұғымдармен танысады.
                                      
Жоғарыдағы балабақша жетім және ауру балаларға көмек көрсету мақсатында бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізді. Осы балалар  ағымдағы жылдың қаңтар айында мемлекет қамқорлығындағы балалармен өз ойыншықтарымен бөлісетіндіктері жөнінде тілектерін білдірді.  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен «Жүрек жылуының ұшқыны» атты кезекті акциясын өткізді.
Ата – аналар өз балаларын қолдап, ойыншықтармен, киім – кешектермен және тәттілерімен бөлісті. Әкелінген киім – кешектер Қарағанды қаласындағы балалар үйлеріне берілді. Балалар көмек қажет еткендерге өзіндік үлестерін қосқанға зор қуанышпен қарайды, мақтаныш санайды.
                                                                                                   


Мейірімділіктің жолымен...

2013 жылдың  2-12  ақпан аралығында  Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын  қорғау  департаменті  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы, «Бөбек» балалар қорының негіздеушісі Сара Алпысқызының туған күніне арналған  «Мейірімді жолмен» атты онкүндік өткізді.
                                  
Балалар  үшін  Сара  Алпысқызы  – «Қазақстандандағы  жетім балалардың анасы», педагогтарға  – өзін – өзі танудың  бас  ұстазы, ата-аналар үшін – үлкен  жүректі адам .
Мектеп,  бала бақша және   Жасөспірімдер  үйінің ұстаздары  балаларға Сара Алпысқызының балалық шағы, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың бақытты болуын армандағанын, осы жұмыс Бірінші Ханымның өмірінің маңызы болып табылатыны туралы айтылды. 
                                                           
Онкүндіктің әрбір күні – мейірімділікпен толған мерекеге айналды. Жас ұрпақтың  адамгершілік  құндылықтар  туралы пікірлері ата-аналармен ұстаздарды қуантады.
Онкүндік барысында  Сара Алпысқызына жылы да, мейірімді сөздер   көп айтылды. Балалар  мақтанышпенен  «Біздің Сара апайымыз!»-деп, өмірге ризашылықпен қарап, Бірінші ханымға арналған өлеңдер оқыды.
Өз кезегінде ата-аналар «Өзін-өзі тану» пәні арқылы балалары  өз ойларын еркін, ашып айтуды үйренген, өмірдің жаңа болмысынан көрген үшін Сара Алпысқызына шексіз алғыстарын білдірді.
Адамгершілік құндылықтың негізінде өзара  түсіністік пен үйлесімділікте өткізілген Онкүндік қатысушылардың жүрегіне өшпес із қалдырды.  
                                   

 


Павлодар облысында «Мейірімділік. Сүйіспеншілік. Сұлулық» онкүндігі өтті

Павлодар облысында 2013 жылғы 4-12 ақпан аралығында «Мейірімділік. Сүйіспеншілік. Сұлулық» - «Добро. Любовь. Красота» онкүндігі өтті.
Онкүндік барысында барлық қалалар мен аудандық білім беру мекемелерінде 140 аса іс-шара өтті. Оның ішінде он-лайн конференциялар, отбасылық дәрістер мен конкурстық бағдарламалар, «Мен және менің отбасым», «Қоғам ортасындағы мінез-құлық үлгісі», топтық және жеке әңгімесулер, «Я не такой как все и все мы разные», «Люди существуют друг для друга», «Жақсы адам болу дегеніміз не?» тақырыптық кітап көрмелері және т.б. өткізілді.
Онкүндік Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында өткен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Адам өміріндегі отбасының және туыстық қарым-қатынастың рөлі» атты ашық дәріспен ашылды. Дәріс барысында отбасының рөлі, қызметі, дамуы қарастырылып, практикалық бөлімде отбасы өміріндегі кикілжіңдердің болуы және бақытты жанұяның ережелері талқыланды.
Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Жүректен шыққан әуендердің үні өшпейді» («Өз ісімді мақтан тұтамын!») атты шығармалар байқауы өтті. Конкурсқа оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру, жеке қасиеттерін көрсете білу, адамгершілік сантаттарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға Павлодар облысының қалалық және аудандық жалпы білім беру мектептерінің 4 -8 сынып оқушылары және балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері қатысты. Әділқазылар алқасы 59 жұмыстың ішінен 19 үздік жұмысты таңдады.
5 ақпаннан бастап «Fan-fan city» отбасылық ойын-сауық орталығында Павлодар қаласының балалары мен ата-аналарына арналған Шаттық шеңберінің екінші маусымы басталды. «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері балаларға және ПМПИ «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының студенттеріне  мастер-класс көрсетті.
6 ақпанда «Ақсу қаласының №18 «Нұр» балабақшасында  «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-тәрбие үрдісіндегі тәжірибесі» атты облыстық семинар өтті. Кездесу  барысында мектепке дейінгі білім берудегі интегралды сабақтар, сабақ үрдісінде жаңа технологияларды қолдану бойынша мастер-класс өтті. Ашық сабақтар ұйымдастырылды, сонымен қатар «Нұр» балабақшасының психолог маманы мен тәрбиешілерінің тәрбие жұмысы көрсетіліп, балалармен бірге ата-аналар да белсенді қатысты.
«Өзін-өзі тану» курсының психологиялық педагогикалық жағдайларын қамтамасыз ету бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінің 62 мұғалімі арасында сауалнама жүргізілді.
Сауалнама нәтижесі бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін жүргізуші мұұғалімдердің  87 % - психологтар, 10 % - бастауыш сынып мұғалімдері, 3 % - биолог мамандарының  жүргізеті анықталды. Олардың барлығы, яғни, 100 % облыстық ПМБАИ қайта даярлау курстарын өткен мұғалімдер. Мұғалімдердің 90 % кәсіби қызметінің саласын, жеке тұлғасының кәсіби өзін-өзі іске асыруын кеңейту мақсатында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды таңдап отыр.
2013 жылғы 7 ақпанда  «Екібастұз» балалар қоры» ҚҚ қант диабетімен ауыратын балалар мен  ата-аналарының қатысуымен «Колокольчики добра» тренинг өткізді.  
Қашыр және Железинка аудандарында «Любовью согретые сердца» атты балаларға арналған сурет байқауы ұйымдастырылды,  «Біз әлемді суреттейміз» шығармашылық ауысымдар,  Баянауыл ауданының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде «Бескорыстие и великодушие» атты таңертеңгіліктер өтті. Успенка ауданының білім беру мекемелерінде адамгершілік және рухани құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған  «Самопознание шагает по стране» атты ата-аналарға арналған дәрістер, «Мейірімділік жасауға үйренеміз» сынып сағаттары болды.
Онкүндік «Жеке тұлғаның адамгершілік тұрғысында қалыптасуында  «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі» облыстық диалог алаңымен аяқталды. Диалог  алаңының  соңында қатысушылар ұсынымдар шығарылды.
Іс-шараларға 500 аса ата-аналар, 700 педагог мамандар және 5000 балалар қатысты. Онкүндік барысында 11 мақала жарияланып, мемлекеттік және орыс тілінде «Мейірімділік-Доброта» бағдарламасы түсірілді.


Ризамын бүгінге, ризамын қазірге

12 ақпан күні Ақтөбе облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен  «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күніне «Ақбөбек»  балалар білім беру орталығында  «Ақбөбек жұлдыздары»  отбасылық  шығармашылық  байқауын өткізді.
Мақсаты: отбасының  мәдени және шығармашылық қабілеттерін дамыту,  отбасыны әлеуметтік-мәдени  өмірге тарту және отбасының бос уақытын тиімді ұйымдастыру.
Мерекелік іс-шараға 11 отбасы қатысты. Мерекені әсемдікті,  сәндікті  кейіптеген жас хореограф ашты.  Орындалған  бидің музыкалық әсері залдағы көрермендерге  өнерге  деген күш-жігерін ынталандырды.
Бізде үлкенді, орта, кіші ұрпақтарды  байланыстыратын, қандай  дарынды, мықты отбасылар  бар. Әр түрлі аспаптарда шебер өнер көрсету: домбырада, виолончельде, балалайкада, этюдтік -қимыл  нәзіктігі, салауатты өмір салтын насихаттайтын номерлер, әндер мен билер - мұның бәрі отбасын біріктіреді.  Балалар мұны өмір бойы есте сақтайтынына сенеміз.
Ынталанған барлық отбасылар: киіз үй сувенирімен, кітаппен және «Білезік» журналының жаңа номерімен марапатталды.
Режиссер, хореграф, ұстаздар:  әлем  өзара түсінушілігі мен  үйлесімділігі   бар бақытты отбасы әлемді біріктіреді- деп пікірлерін білдірді.


«Анамыздың күні» мерекесі туралы

12 ақпан күні тұңғыш рет  Қызылорда облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында «Анамыздың күні» мерекесі болып өтті. Бұл мерекені Қызылорда қаласының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінің тәрбиеленушілері Еліміздің Бірінші Ханымы, «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өздеріне деген сүйіспеншілігі мен қамқорлығына ризашылығы ретінде ойлап тапты.
«Анамыздың күнін» балалар үйі мен жастар үйінде Қазақстанның  басты Анасының шығармашылығына арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастыру арқылы атап өтілді.  
                     
Балаларда мұндай мерекені өткізу туралы бастамашыл ой анаға құттықтау хат әзірлеу сәтінде пайда болды. Балалардың басты аналарына ерекше, есте қаларлықтай сыйлықтар табыстағылары келген болатын. Себебі, Сара Алпысқызының балалар үшін «Ризашылық» сынды отбасылық мереке сыйлағандығы әрдайым естерінде. Иә, барша балаларға дәл осындай мерекелер қажет. Осылайша, балалар үйінде «Анамыздың күні» мерекесі пайда болған.
Қызылорда облысындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиеленушілері бұл  күнді сурет, өлең, шығарма байқаулары, қуаныш шеңбері, әдеби-әуенді композициялар, сүйіспеншілік туралы поэзия кештерін ұйымдастырумен өткізді. Енді жыл сайын балалар үздік құттықтау хат жазу үшін сайысатын болады, бұндағы ерекшелік – енді балалар сыйлық күтпей, керісінше, өз ризашылықтарымен сыйлықтар әзірлеп, қуаныш сыйлап, қамқорлықтарын танытады.


«Біздің ортақ үйіміз!»
 
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысына орай  Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваның  авторлық «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасына  арналған  «Мейірім» онкүндігіне байланысты  2013 жылдың 12 қаңтарында  Өскемен қаласындағы  «Жемчужинка»  облыстық мектепке дейінгі мекемесінде ата-аналар мен тәрбиешілердің қатысуымен  балалардың ертеңгілігі өтті.
Мерекелік ертеңгілік балалардың ән-шашуымен ашылды. Әдемі және жарқын безендірілген зал қуаныш пен мейірімге бөленіп тұрды. Балалар  Отан, қайырымдылық, достық деген сөздерді қалай түсінетіндіктерін айтып, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде тақпақтар, әндер орындады. «Калинка» биі, басқа да қазақ, орыс халқының мың бұралған  билері  ерекше сезімге бөледі.
                     
Сондай-ақ,  қатысушылардың назарына «Бөбек» қоры туралы және балабақша балалары мен ата-аналарының «Өзін-өзі тану» пәнінің қаншалықты маңызды екенін алғыспен айтқан пікірлері бар бейнеролик көрсетілді.
 «Мейірім» онкүндігі қарсаңында балабақшада 39 тәрбиеленуші қатысқан «Әлемге күлкі сыйла» атты байқауы өткізіліп, бүлдіршіндердің суреттерімен түрлі-түсті газет ілінді. Мереке барысында конкурс қорытындысы бойынша балаларға тәтті базарлық, сыйлықтар табыс етілді.
                                                                                   


Махаббаттың бес тілі…

ШҚО Балалардың  құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысымен Шемонаиха қаласының  № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде «Махаббаттың бес тілі» атты ата-аналарға арналған қарым-қатынас сағаты өткізілді Іс-шара ата-ананың балаға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатын көздеді.
Кездесу «Шаттық шеңберінен басталды, онда ата-аналар бір бірімен «еуропалықтар сияқты» (қол берісіп), «жапондықтар сияқты» (еңкейіп) «африкандықтар сияқты» (арқаларымен сүйкеніп) сәлемдесті. Мұндай сәлемдесу ата-аналарға жақсы пікір тудырды және іс-шаралардың келесі кезеңдерінде олар белсенділік танытты. Ата-аналар сұхбаттарға қызыға қатысып, тұсау кесерлер мен балалардың бас кейіпкерлерді сомдауымен «Сәби тілімен сүйіспеншілік туралы», «Мені жақсы көреді» бейне роликтерін тамашалады. «Жүректен жүрекке» шеңберінде ата-ана сүйіспеншілік гүлін құрды, «Главней всего погода в доме» әнін шырқады.
Ата-аналар балаларды сүйіспеншілікке бөлеуге  кейде уақыттың жетпейтіндігіне қынжылды. Іс-шара барысында мұғалімдер ата-аналарға  балаларды  тек мектеп проблемалары шеңберінде ғана емес,  сүйспеншілік сезіммен  тәрбиелеуге ой тастады. Ата-аналар, әсіресе әкелер осындай кездесулердің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.


«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»

«Мейірімділік» декадасы аясында ШҚО Аягөз ауданының қазақ мектеп-лицейінде  оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы  Сара  Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай, «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп...»  атты кешенді іс-шаралар өтті.
«Жаңашылдық жанға қуат» атты ұстаздар арасында өтілген сыр-сұхбат сабағы «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздарына қойылатын талаптарды  айқындай түсті.
«Мейірімділікті анадан үйрен»  атты қарт ұстаздардың кездесу сабағы  оқушыларға ұрпақтар сабақтастығын  жалғастыруға  әсерін тигізді.
«Кішіпейілділік көңіл кеңдігі»  атты  тәрбие сағаты  балалардың бойында   рухани - адамгершілік  құндылықтарды  қалыптастыруға  бағытталды.
«Баланың  жан дүниесін қалай түсіне аласың?»  атты ұстаздар арасында  өткен тренинг мұғалімдердің балалармен қарым - қатынасын дұрыс орнатуына, балалардың жан дүниесінің ерекшелігін  түсіне білуге  ықпал етті.   


Бұл әлем қандай  керемет!

ШҚО Шемонаиха ауданында «Мейірімділік» декадасы «Бөбек» қорының ұйымдастырушысы, «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы, Қазақстан Республикасының бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның туған күніне арналған жалпы мектеп жиынынан  басталып кетті.
Мектеп алды даярлық топтарында  «Бұл әлем қандай керемет» тақырыбында қызықты ойын - саяхат өтті. Пойыз «Мейірім», «Көмекші», «Кемпірқосақ», «Ғажайып» сыйқырлы бекеттерінде аялдады, онда  балалар түрлі қызықты тапсырмаларды орындап, тұрғындарға зұлымдық пен әділетсіздікке қарсы күресуге көмектесті. Көмекші- Фея балалармен бірге «Сыйқырлы орамал», «Ертегі бұлағы» ойындарын ойнап,  белсенді оқушыларға сыйлықтар үлестірді.
Балалар мейірім, достық туралы  әндер айтып,  үйлеріне көтеріңкі  көңіл- күймен қайтты, себебі олар сәби болса да, мейірімділік істей алатындарына,  мына әлемді одан әрі мейірімді ететіндеріне сенімдері мол.


ШҚО Риддер қаласында «Өзін-өзі тану» күнінің өтуі туралы

 2013 жылғы 6 ақпанда Риддер қаласының білім беру ұйымдарында дәстүрге айналған «Өзін-өзі тану» күні өтті. Сүйіспеншілік пен Мейірімділік мерекесін өткізуге ықпал еткен  ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті болды.
 Ағымдағы жылы аталған іс-шара 4940 қала оқушылары мен 430 мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерін біріктірді. Сабақтың тақырыптары мен өткізу формалары әр түрлі болды: «Сүйе білу деген не?»-пікір талас сабағы, «Мәдениетті адамның алтын ережелері»-ойлау-сабағы, «Барлығы махаббаттан басталады»-қонақжайы, «Әлемге  таңғала қараймын»-шығармашылық сабағы, «Мейірімділік мерекесі» т.б.
Қаланың білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» күні  салтанатты түрде  басталды.  Мектеп пен мектепке дейінгі ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша ақпараттық қабырғаларілініп, әдемі безендірілген бөлмелерінде  музыка әуені ойнап тұрды. Жалпы мектептік «Шаттық пен мейірімділік  шеңберлері» ересектер мен балаларды біріктірген сәтке айналды. Олар күні бойы  балалардың бір біріне деген жылы ықыластарын нығайтуға ықпал етті.
                                                 
 Сүйіспеншілік, мейірімділік, өзара түсінушілік туралы  дана ойлар, нақыл сөздер балаларды «Өзін-өзі тану» ғажайып еліне ала келді. Сабақта өзін-өзі тану педагогтары    оқушылардың әлеуметтік-адамгершілік  мағыналы  тапсырмаларды шешу  тәсілдерін пайдаланды.
 Миға шабуыл, этикалық, эвристикалық әңгімелер, дөңгелек үстел, галереялық серуен, тренингтер, жобалар, ертегі терапия, изотерапия, коллаж құрастыру  сияқты интерактивтік әдістер неғұрлым тиімді болды.
                                                                                                   
 Этикалық әңгімелерге ерекше назар аударылды.
 Оқушылар   ойлау, пікірталас, модельдеу, жобалау тәсілдерін пайдаланып  сабақты қызықтырды.
 Оқушылардың өздері жайлы әңгімелері мен портфолиялары тыңдалды. Бір бірі туралы көптеген жаңа  мағлұматтар білді. Дәстүр бойынша «Өзін-өзі тану» күні «Жүректен жүрекке» шеңберімен аяқталды. «Өзін-өзі тану» күнінен ата-аналар мен балаларды қамтыған «Большое сердце вместит в себя заботу о многих» атты қалалық қайырымдылық акциясы бастау алды.


Ақсу қаласының №18 балабақшасында семинар өтті

2013 жылғы 6 ақпанда Ақсу қаласының №18 «Нұр» балабақшасында «Мейірімділік. Сүйіспеншілік. Сұлулық. - Добро. Любовь. Красота» онкүндігі аясында «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-тәрбие үрдісіндегі тәжірибесі» атты облыстық семинар өтті.
Семинардың жұмысына Павлодар облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімінің бас маманы Нұргүл Құнанбаева, Ақсу қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің әдіскері Зайра Әбдірахманова, №18 балабақшасының меңгерушісі Гүлнәр Оспанова қатысты.
Семинарға Ақсу қаласының білім беру бөлімінің мамандары, Ақсу қаласы және ауылдық аймақтардағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің және шағын орталықтардың әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты. Қатысушылар балабақша ұжымының «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-тәрбиелеу үрдісіндегі іс тәжірибесімен танысты.
Семинар шеңберінде мектепке дейінгі білім берудегі біріктірілген сабақтарды іске асыру, мектепке дейінгі білім беру деңгейінде заманауи білім беру технологияларын қолдану бойынша шеберлік сабақтары өтті. Сондай-ақ ашық сабақтар ұйымдастырылды, «Нұр» балабақшасының психолог маманы мен тәрбиешілерінің тәрбие жұмысы көрсетілді.


Маңғыстау облысында С.Алпысқызының білім грантының иегерлерімен кездесу өтті

Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2013 жылдың 4 ақпанында Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні қарсаңында «Бөбек» қорының білім гранты иегерлерімен кездесу өткізді.  
Кездесудің мақсаты: білім гранты иегерлерімен олардың студенттік өмірлері жайлы әңгімелесу, өзара пікіралмастыру.
                                                                     
Кездесуге Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау   департаменті, білім басқармасы, «Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті»-нің студенттері мен топ жетекшілері, Ақтау қаласы әкімі жанындағы әжелер кеңесінің төрайымы Ерғалиева Ырысты Ерғалиқызы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
                                 
Кездесуді алғы сөзбен  Департамент директоры   Б. Әлібекова ашты, грант иегерлерін 2012-2013 оқу жылының 1 семестрін жақсы аяқтауымен    құттықтай келе, алдарына қойған мақсаттарына қол жеткізетіндіктеріне сенімін білдіріп, оларға табыс  тіледі.
Кездесу барысында қонақтарға С.Алпысқызының гранты иегерлерінің жеке басының жетістіктері туралы слайд-шоу көрсетілді.
Студент қыздарымыз өздерінің студенттік өмірлері мен  оқулары туралы әңгімеледі.
Студенттер қамқоршысы- С.Алпысқызына шын жүректен ризашылықтарын білдіріп, өздерінің студенттік өмірлерінен алған әсерлері мен жатақханадағы өмірлері жөнінде ой бөлісті.
Олардың армандарының жүзеге асырылуы үшін университетте, колледже оларға барлық жағдай жасалған.       
Ақтау қаласы әкімі жанындағы әжелер кеңесінің төрайымы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген ұстаз Ерғалиева  Ырысты Ерғалиқызы грант иегерлеріне ақ батасын беріп, ақыл-кеңесін айтты.
                                 
Кездесу соңында қатысушылар өзара пікір алмастырып, одан соң бәріне «Үлкен өмірге жолдама» атты грант иегерлері  туралы мақала жарияланған «Қазақстан балалары» журналы таратылды.


Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Адам өміріндегі отбасының және туыстық қарым-қатынастың рөлі» атты ашық дәріс өтті

Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесе отырып «Мейірімділік. Сүйіспеншілік. Сұлулық» - «Добро. Любовь. Красота» онкүндігі шеңберінде жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Адам өміріндегі отбасының және туыстық қарым-қатынастың рөлі» атты ашық дәріс өткізді.
                                                                                     
Аталмыш шара «Мейірімділік. Сүйіспеншілік. Сұлулық» онкүндігін ашады. Оның идеологиялық негізі балалар мен жасөспірімдерге адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу, құнды ұстанымды қалыптастыру арқылы өмірге деген құлшынысын, азаматтық көзқарасын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту, «Бөбек» республикалық Қордың  Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның қосқан қомақты үлесіне ерекше назар аударуға бағытталған.
Дәріс барысында отбасының рөлі, қызметі, дамуы қарастырылып, практикалық бөлімде отбасы өміріндегі кикілжіңдердің болуы және бақытты жанұяның ережелері талқыланды.
Дәріс соңында студенттерге «Менің отбасымның тарихы» атты слайдтық бағдарлама көрсетілді.
                           

 


Сара Алпысқызының білім беру грантының иегерлерімен кездесу

Сара Алпысқызының гранты бойынша Павлодар облысының алты аймағының мектептерінің  жеті түлегі оқиды:  алты қыз - Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында, біреуі – Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінде. Барлығы аз қамтамасыз етілген, көп балалы отбасылардан шыққан және жетім қалған балалар.
2013 жылғы 25 қаңтарында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында бірінші семестрдің қорытындысын шығару бойынша Сара Алпысқызының білім беру грантының иегерлерімен Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ә.Наурызбаевамен  кездесу өтті. Кездесуге институттың психологиялық-педагогикалық факультетінің деканы,  кафедралардың меңгерушілері, топтардың жетекшілері қатысты.
Факультет деканы А.Қ. Нұрғалиева мен топ жетекшілері әр студентке мінездеме жасады.   Бірінші семестрдегі гранттің бес иегерлері «өте жақсы» және «жақсы» бағалармен бітірді. Барлық қыздар ынталы болды, оқуда жақсы нәтиже көрсетті. Бұл семестр бірінші курс студентеріне бейімделу және олардың білім деңгейлерін, оқу материалдармен өз бетімен жұмыс жасау, белсенді өмірлік ұстанымдары мен оқу орындарының қоғамдық жұмысына қатысуын анықтау үшін үлкен маңызды болды. Оларды жетекшілер мен оқытушылар қолдайды. Педагогикалық институттың ректоры Н.Р. Аршабеков өз тарапынан жетім балалар санынан екі студентке жолда жүруі мен тамақтануына өтемақы төлеу мәселесін шешті.
                                    
 Әңгімелесу барысында қыздар өздерінің студенттік өмірдегі әсерлерімен бөлісті, оқуда жақсы нәтижеге жету үшін мүмкіншіліктері мен білім деңгейлерін өзара әбден сынап,    жұмыс жасау керектігін  сипаттады.
Грант иегерлері оларға қаншалықты жауапты міндет тапсырылғанын түсінеді: балаларды оқыту. Олардың көбі ауылдардан келгендер және оқыған мектептеріне қайта оралуын жоспарлайды. Сондықтан әңгіме келешекте оларға ауылда жұмысқа орналасуға қаржылық мүмкіндік береді. «Дипломмен ауылға» жобасын талқылауға көшті.
Кездесудің соңында Г.А. Наурызбаева  факультеттің басшылығы мен топтардың жетекшілерімен бірлесіп  грант иегерлеріне  жеке студенттерге оқуларын жақсарту, оқу орындарының қоғамдық өміріне белсене қатысу, волонтерлер  ретінде «Бөбек» қорымен және департаментпен жүргізілетін іс-шараларға араласу  мақсаттарын қойды.


«Өзін- өзі тану» пәні педагогтарына арналған «Оқу- тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында өткен әдістемелік күн туралы

2013 жылдың 22 қаңтары күні № 29 «Ақ қайың» балабақшасында «Өзін- өзі тану» пәні педагогтарына арналған «Оқу- тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» тақырыбында әдістемелік күн өтті.
Семинардың мақсаты: оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру жолдарын насихаттау; рухани-адамгершілік білім берудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлін айқындау; «Өзін-өзі тану» пәнінің әдістемелік тәсілдерін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне кіріктіру жолдарымен таныстыру және педагогтардың өзара тәжірибе алмасуы.
Әдістемелік күнге Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ә.Б.Смағұлова және 28 балабақша тәрбиешілері қатысты.
Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Ф.Ә.Дүйсембек «Достық шеңберімен» бірлестік жұмысын ашып, педагогтарды бір-бірімен достық қарым-қатынас жасауға шақырды. Бағдарлама жоспары бойынша балабақша меңгерушісі С.О.Кысыкова «Өзін-өзі тану» пәнінің қазіргі таңдағы өзектілігі жайлы баяндап, педагогтарға сәттілік тіледі.
                                       
Бірлестіктің жұмысын «Мен сенің досыңмын, сен менің досымсың» тақырыбында ересектер тобымен өткізген тәрбиеші А.Ә.Сағанайдың  сабағы жалғастырды. Сабақтың мақсаты балалар арасындағы достық пен өзара түсінікті бағалай білуге үйрету; адал дос болуға ұмтылысын дамыту; достарға деген жақсы қарым- қатынасты қалыптастыру болып табылды.             
Балабақша әдіскері С.А.Каптаева еліміздегі білім жүйесін ізгілендіру, ақпараттандыру, пәнаралық ықпалдастыруды жүзеге асыру істерін рухани-адамгершілік білім берумен байланыстыру мәселелерін  «Оқу- тәрбие үрдісін ізгілендірудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің мүмкіндіктері» атты баяндамасында толығымен ашып, жолдарымен таныстырды.
                                        
Балалалардың құқығын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ә.Б.Смағұлова «Өзін-өзі тану» пәнінің барлық оқу-тәрбие үрдісіне кіріктірілуі, жалпы адамзаттық құндылықтарға баса назар аудару қажеттілігін айқындады.
Педагогтардың тұлғалық өсуіне, көңіл көтеріп, сергек болуына арналған жұмыстарды балабақша психологы  Алтынай Аманкелдіқызы ұтымды қолданып, жағымды орта қалыптастырды. Тренингтер барысында педагогтар жағымды және жағымсыз мінездеріне сипаттама беріп, өздерін бағалауға жаттықты.
Әдістемелік күнді тәрбиеші Ж.Қ.Садуақас «Жүректен жүрекке» сәтімен қорытындылады. Қонақтар өздерінің алған әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін «Ризамыз!» әнімен білдірді.


2013 жылдың 22 қаңтары күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Жүректер үндестігі» клубының мүшелерінің кезекті жұмыс отырысы өтті.
Кездесуге 12 өзін-өзі тану мұғалімдері мен Департаментмамандары қатысты.
Отырыста «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның туған күніне арналған «Махабаттың сарқылмас бұлағы...» атты онкүндігін ұйымдастыру және өткізу талқыланып, клуб мүшелерінің ұсыныстарын ескере отырып жұмыс бағыты белгіленді.
Сондай-ақ, оқушылардың адамгершілік-рухани тәрбиесіндегі педагогтардың кәсібилігі, педагогтардың рухани-адамгершілік біліктілігінің дамуы мен қалыптасуы қарастырылып, туындаған мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
                                                                                
Балалар құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Е.Бермұхамедова өзін-өзі тану мұғалімінің басты миссиясы – мейірімділік, махаббат, өзара түсіністік негізінде қоршаған ортамен қарым-қатынас орната білетін жеке тұлғаны қалыптастыру екендігінерекше атап өтті.
Онкүндік аясында өткізілетін іс-шаралар оқушылардың адамгершілік-рухани тәрбиесіне өз үлесін қосып, олардың үйлесімді дамуына мүмкіндік туғызады.

 


«Бөбек» ұлттық ғылыми – тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығында өткізілген «Өзін - өзі тану» бағдарламасымен қосымша білім берудің авторлық және жаңартылған бағдарламаларының сырттай республикалық  байқауы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Бөбек» ұлттық ғылыми – тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен 2012 жылы «Өзін - өзі тану» адамгершілік – рухани білім беру бағдарламасы мен қосымша білім беруді дамыту мен жетілдіру мақсатында «Өзін - өзі тану» бағдарламасымен қосымша білім берудің авторлық және жаңартылған бағдарламаларының сырттай республикалық  байқауы өткізілген.
Аталған байқауға Жамбыл облысынан «Чтобы достойным вырос человек», «В унисон» межпредметный диалог программы нравственно – духовного образования «Самопознание» и музыкального воспитания дошкольников» және «Презентация электронного учебно – методического пособия по Самопознанию» тақырыптарындағы авторлық бағдарламалар ұсынылған.
Ұсынылған жұмыстар республикалық байқау қорытындысы бойынша Бас жүлдені Тараз қаласы №1 гимназияның мұғалімі А.Данилова, І орынды Тараз қаласы № 9 балабақша тәрбиешісі Т.Кривеня иеленсе, ІІ орынды Тараз қаласы №40 гимназияның мұғалімі Ю.Скопинцова иеленген.
Республикалық байқаудың жүлдегерлерін Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Д.Мәуленов жеңістерімен құттықтап, «Бөбек» ұлттық ғылыми – тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығының дипломдары мен бағалы сыйлықтарын тапсырды.


Өзіңді және әлемді тану!
25.12.2012

Балалардың толыққанды адамгершілік-рухани тәрбие алу құқығын қамтамасыз ету үшін қандай жағдай жасау қажет? Бұл процессті қалай жоспарлы және уақыты өткізу керек? Баланың даму процессінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының әлеуетін қалай қолданған жөн? Осы және тағы басқа да сұрақтар Батыс Қазақстан обласының балалардың құқықтарын қорғау департаменті бастамасымен Орал қаласының №19 мектепке дейінгі ұйымында өткен «Жүректен жүрекке» шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы барысында талқыланды.  
«Өзін-өзі тану» балалардың балалық шақ құқығын мәтінінде» тақырыбында өткен іс-шараға облыстық Балалар үйінің және қаланың мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары, мемлекеттік қызметкерлер, «Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеу негізінде гуманисттік білім беру үрдістерін жүзеге асыру» әлеуметтік жоба қатысушылары бас қосты.  
                                                          
Жұмыс барысында қатысушылар педагогикалық қауымдастық пен олардың әлеуметтік серіктестері БҰҰ-ның бала құқықтарын қорғау Конвенциясында көрсетілген келесі міндеттерді шешу үстінде дегенге тоқталды: білім беру бала тұлғасының барынша толық дамытуға бағытталуы тиіс. Әр бала дене бітімі, ақыл-есі, рухани және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір деңгейіне құқылы. Атаулы стратегияға «Өзін-өзі тану» бағдарламасы мысал бола алады. Өйткені бұл пән -  баланың өз-өзімен, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүруге, өз қадір-қасиетін сақтап, адам атына лайық болуға, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелейді.
Қатысушылардың барлығы «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша оқу нәтижесінде жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиеленген балаларға жаңаша ойлау мәдениеті тән болады. Соның салдарынан олар белсенді азаматтық ұстаным ұстануға, өз қабілеттерін ашып, өзін-өзі жүзеге асыруға, жауапты шешімдер қабылдауға үйренеді» деген ойға тоқталды.  
«Шығармашылық шеберхана» бағдарламасы бойынша Өзін-өзі тану пәнін практикалық түрде қарастырған тренигтер өткізілді.
Отырысқа қорытынды жасау алдында іс-шара қатысушыларына «Бөбек» ҰҒПББСО-ның бейнефильмі көрсетілді.


Жас журналистер – балалықты қорғауда!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні қарсаңында ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде  «Шығыс дарындары»  балалар баспасөз орталығының жас журналистерінің Департамент қызметкерлерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында балалар өздерінің кәсіби және мектептегі жетістіктерімен бөлісті, алдағы жылға жоспарлары туралы баяндады. Департаментпен тығыз ынтымақтастық нәтижесінде жас тілшілердің қоғам өміріне балалардың қатысуы сұрақтары бойынша 30-дан астам мақаласы  жарияланды.
 «Біз ғажайып уақытта өмір сүріп жатырмыз, бұл – Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы кезеңі. Отанымыздың болашағы жастардың қолында екенін түсіне отырып, бүгінгі күні Ұлт Көшбасшысы – Президентіміздің кемеңгер саясатын өзіміздің белсенді өмірлік ұстанымымызбен қолдауға тырысамыз!» - дейді Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясының оқушысы Жансая.
Департамент директорының орынбасары А. Токтарбекова  кездесуге қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі Күні мерекесімен құттықтай отырып, жас тілшілерге облысымыздағы балалардың құқықтарын қорғау және  өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білім беру саласындағы жетістіктерін  жариялауға белсенді қатысқандары үшін алғыс хаттарын тапсырды.   
Мұндай кездесулерді өткізу ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жақсы дәстүріне айналды,  өйткені  балаларды қызықтыратын сұрақтар бойынша олармен  пікір алмасып, облыстағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша көзқарастарын білуге мүмкіндік береді.
                                                                  


«Балалар дені сау тамақтану үшін»   

Осындай тақырыпта БҚО Салауатты тағамтану ұлттық орталығы департаменті БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен  біріккен қалалық акциясын өткізді.
Акция қатысушыларының ішінде - 150-ден астам балалар, педагогтар мен ата-ана қауымдастығы, медициналық мекемелердің, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі жөніндегі облыстық орталығының, мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ-дың өкілдері.
Бағдарлама аясында дұрыс тамақтануға арналған слайдттар көрсету арқылы конференция болып, ұйымдастырылған балалар суреттер байқауының қорытындылары бойынша жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі мен балалар шығармашылық ұжымдарының концерті өткізілді.
Осы акция арқасында балалар, олардың ата-аналары, педагогтар неге дұрыс тамақтану қажет екендігі туралы өздері үшін мәлімет алды. Сонымен қатар қазіргі заман балаларының тағамына айналған – газдалған сусындар, чипсылар мен фаст-фудтер бала иммунитеті мен денсаулығына теріс ықпалын тигізетіндігі туралы көптген пайдалы ақпараттар берілді. Көріп-естіген мағлұматтардан кейін акция қатысушылар дұрыс тамақтану жағына өз талғамдарын жасады.
Іс-шара соңында балалар концерттік бағдарламаның жұлдыздары болып, қонақтарға өз өнерлерін көрсетіп, ұмытылмас әсер қалдырды.
    


Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының өзін өзі тану педагогтарының ассоциациясы форумына қатысу туралы

2012 жылғы 14 қарашада Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Налобино орта мектебінде Тұңғыш Пезидент Күнін мерекелеу аясында «Дені сау ұлт – дені сау ұрпақ» тақырыбына ізгілікті насихаттаушылардың VI форумы (өзін өзі тану педагогтары) өткізілді.  
Форум бағдарламасы аудан мектептерінің салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі құрама командаларының шығуларымен ұсынылды, онда: өзіндік тұсаукесер, үгіт бригадаларының шығып сөйлеуі, ауыл ардагерлері туралы слайдтық тұсаукесерлер және спорттық біліктері мен дағдыларын көрсету (велотрек, спорттық бағдарлау).
Форум өткізуде «қуаныш пен ізгілік шеңберін» және Ассоциация әнұранын орындау, ізгілік пен достықтың эстафеталық алауын тапсыру дәстүрге айналды. Форумда шығып сөйлеушілер салауатты өмір салтын қалыптастырудың  маңыздылығы және Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы жолдауында айтқан «барлық оқу мекемелерінде енгізілуі тиіс» «адамгершілік, дене және рухани даму» секілді құндылықтар туралы   айтты.
Форум қонақтары департаменттің балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің, Қызылжар ауданының білім бөлімінің  мамандары, ауылдық округ әкімі болды. Форумға қатысушылар өзін өзі тану пәнінің педагогтары,    аудан мектептерінің оқушылары жәнеата-аналар қауымдастығының оқушылары.  
VI форумның жұмыс қорытындылары бойынша ізгілікті насихаттаушылар Ассоциациясы ұсыныстар қабылдады, әрбір ұсынылған аталымдардың жеңімпаздары анықталды және марапатталды.
                                                        


Астанада «Заман талабына сай өзін-өзі тану пәнінің оқу және тәрбие үдерісіне кіріктірілу қажеттілігі» атты қалалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 9 қарашасы күні №65 мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  Университетте оқыған интерактивтік дәрісі мен «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы аясында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының  15 жылдығына орай  «Заман талабына сай өзін-өзі тану пәнінің оқу және тәрбие үдерісіне кіріктірілу қажеттілігі» атты өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған қалалық ғылыми-практикалық конференциясын  өткізді.
Конференция мақсаты  өзін-өзі тану пәнінің кіріктірілуі:  түрлі оқыту тәртібі барысында оқыту үрдісіндегі жұмыстың түрі мен әдісі. Білім берудің екі аспектісінің:  рухани-адамгершілік және интелектуалдық үйлесімді дамыту болып табылады.   
Конференцияға «Бөбек» ұлттық-ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының, Астана қаласы Білім басқармасының, "Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, Отбасылық тәрбиелеу институтының, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, өзін-өзі тану пәнінің және Еуразия ұлттық университетінің педагогтары, ата-аналар қауымдастығы қатысты.
                                 
Қалалық ғылыми-практикалық конференцияны Астана қаласының Балалардың құқықтарын  қорғау  департаментінің директоры Рысты Мағауияқызы Жұмабекова ашып, аталған конференцияның маңыздылығына, білім арқылы адамгершілік мінез-құлықты қалыптастыратын жалпыадамзаттық  құндылықтарды бала бойына егу қажеттігіне тоқталды. Сонымен қатар, бала бойына рухани-адамгершілік ізгілікті өзін-өзі тану пәні арқылы ғана емес, басқа пәндер арқылы да дарыту тұлғаны жан-жақты тәрбиелеуде маңызы зор екендігін атап өтті.
Конференция қатысушылары алдында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Қ.Қ.Жампеисова өз  баяндамасында Махаббат педагогикасы туралы және Елбасымыздың «Зияткерлік ұлт- 2020» атты жаңа жобасын іске асыру қажеттігін айтты.
Елбасы «Зияткерлік ұлт-2020» ұлттық жобасы идеясын «оның басты мақсаты – жаңа қалыпта қазақстандықтарды тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстанды бәсекеге қабілетті адамдық капиталы бар мемлекетке айналдыру» деп, нақтылап берген болатын. «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасының мақсаттарының бірі жастарға рухани тәлім-тәрбие беру. Яғни, әлемді жаулаған жаһандану үрдісіне біз мықты ұлттық, мәдени құндылықтарымызды, ұрпағымыздың имандылығын қарсы қоюға тиіспіз. Демек, терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік ұлттық мүддеге қызмет етпесе, ел алдындағы парыз ұғымына сүйенбесе, рухани құндылықтарға негізделмесе, жасампаз күшке айнала алмайды екен. Бүгінгі білім беру саласында тәрбие мен білімді әр қырынан дамыта отырып оқыту және білім алушыны интеллектуалды түрде дамыту жолдары негізге алынады.
Аталған шараны Астана қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ә.Д.Қоржықова жалғастырып, елімізде енгізілген «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жүйесі, бүгінде әлемдік білім беру кеңістігінде қайталанбас дүние екендігіне тоқталды.
                                 
Аталған білім беру жобасы тұлғаның өзімен өзі бола білуде, өзін-өзі және өзгені тануда, ашылуда, табиғи әлеуетін жүзеге асыруда әр оқушыға жәрдемдесетін -  қазіргі заман талабына сай білім беру жүйесіндегі отандық ерекшелік болып табылады.
"Өрлеу" Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ-ның филиалы Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Логунова Галина Сергеевна өзінің баяндамасын Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  жолдауынан  бастап, мектептегі оқушының оқудағы жетістігі, өмірдегі жетістігі өзін-өзі тану мұғалімінің кәсібилілігіне, құзіреттілігіне байланысты екендігін баса айтты.
Өзін-өзі тану мұғалімінің миссиясы-мейірімділіктің, мәңгіліктің, жарқындықтың бастауы болу.    
Шара бағдарламасы бойынша Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің доценті, п.ғ.к. Ф.Н.Жұмабекованың, өзін-өзі тану пәнінің педагогтары Д.М.Қойшыбаеваның, Л.В.Кавелинаның, А.А.Монтайбаеваның баяндамалары конференция тақырыбын аша түсті.
Конференцияның өту барысында Астана қаласы бойынша «Өрлеу» ұлттық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығы» акционерлік қоғамының, жоғарғы оқу орындарының, мектептердің, балабақшалардың өзін-өзі тану педагогтарын біріктіруші «Жүректер үндестігі» клубына өзін-өзі танушы педагогтарды салтанатты түрде қабылдау рәсімі өткізіліп, куәлік табысталды.
Клуб өзін-өзі тану педагогтарының кәсіби деңгейлерін өсіру үшін әдістемелік көмек көрсетеді, өзара тәжірибе алмасу, өзара көмек көрсету және басқа да мәселелер бойынша өзін-өзі тану педагогтарының арасында өзара ақпараттық алмасуды ұйымдастырады.
                                
Конференция қатысушыларына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көрермендерді тәнті еткен өзін-өзі тану педагогтарының жұмысын насихаттау және өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған «Өзін-өзі танудың ғажайып әлемінде» атты мұғалімдер мен оқушылардың жетістіктерінің көрмесі мен қала мектеп оқушыларының күшімен әзірлеген концерттік бағдарламасы болды.
Қалалық ғылыми-практикалық конференция қорытындысы бойынша ұсынымдама қабылданды.


«Адамның адамгершілік-рухани өсуі мектебі»  жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы туралы

2012 жылдың 9 қарашасында Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Адамның адамгершілік-рухани өсуі мектебі» жобасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы болды. Отырысқа департаменттің мамандары, СҚМУ, «Өрлеу» біліктілікті жоғарылату институтының оқытушылары,  Петропавл қаласының №8, №13, №21 орта мектептерінің әлеуметтік-психологиялық қызметтерінің, Қызылжар ауданының Боголюбово және Пеньково орта мектебінің, Мамлют ауданының Воскресеновка орта мектебінің өкілдері, «За жизнь» қоғамдық қорының, «Эмпириялық әлеуметтік технологиялар орталығы» ҚБ өкілдері қатысты.
                     
Отырысқа қатысушылар «Адамның адамгершілік-рухани өсуі мектебі» жобасын жүзеге асыруға қатысты  мәселелерді қарады. Жобаны енгізудің алғашқы кезеңінде білім беру ұйымдарында мақсатты топтар құрылып,  негізгі бағыттар айқындалды, диагностикалық жұмыс жүргізілді. Отырысқа қатысушылар алдында әлеуметтік ғылымдар кандидаты  СҚМУ оқытушысы Т.В.Ипполитова СҚМУ сауалнамаларды  әзірлеп ұсынып, баяндама жасады. Мектептердің эксперименттеріне қатысушы және біліктілікті жоғарылату институтында педагог-психологтармен бірлесе ынтымақтастық ету мәселелері осы институттың оқытушысы Ш.К.Әміржанованың баяндамасында айтылды.  Үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен бірлескен жұмыстың алдағы бағыттары талқыланды.
«Адамның адамгершілік-рухани өсуі мектебі» жобасын жүзеге асыруға қатысушы білім беру ұйымдарының  жұмыс топтарының отырысы  ай сайын өткізілетін болады.


«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ, БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ 15 ЖЫЛДЫҒЫНА

2012 жылдың 27 қазанында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қалалық білім бөлімімен бірлесе «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығына 15 жылдығын салтанатты атап өту мақсатында «Өзін-өзі тану: махаббат пен жарқындық жолы» атты фестиваль ұйымдастырып өткізді.
                  
Фестиваль басталар алдында №211 мектептің залында оның қатысушылары - қала мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, «Үйлесім» өзін-өзі танушылар қалалық клубының мүшелері, білім беру ұйымдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері жиналды. Онда балалар «Жүректен жүрекке» шатық шеңберін көрсетіп, қонақтарға керемет тілектермен жүрекшелер сыйға тарту етті. Бұдан кейін, қатысушылар ашық сабақтарда адамгершілік-рухани даму пәнінің берілуімен танысты. Акт залында үздік мұғалімдер өз тәжірибелерімен бөлісіп, әзірлеген партфолиоларымен таныстырды. Презентацияда сөз сөйлеушілер арасында №23 мектеп-лицейдің директоры Н.Жумадилдаева және облыс орталығы мектептерінің бірқатар мұғалімдері болды.
Фестиваль барысында Қызылорда қаласының №233 орта мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі С.Ким және №198 мектептің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Ж.Рақымжанова тренинг бойынша мастер-класстар өткізді.
          
Фестиваль соңында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және қалалық білім бөлімі атынан дипломдармен марапаттау рәсімі болды және әрі қарай республикалық, облыстық балалар конкурстарының лауреаттарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламаға жалғасты.
Сондай-ақ, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының мерейтойлы күніне арналып өңірдің барлық мектептерінде ашық сабақтар және мерекелік іс-шаралар өтті.


Дені сау балалық шақ мүддесінде

«Дені сау балалық шақ –  мемлекетіміздің мықты, дамыған ел болуының басты кепілі болып табылады. Балалардың салауатты өмір салтын ұстануына,  оларға экологиялық, адамгершілік-рухани тәрбие беруге тиімді жолдардың бірі  туризм». Атаулы мәселе 2012 жылғы 22 қазанда БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының Переметное ауылында өткен «дөңгелек үстелде» көтерілді. Кіші туризм арқылы дені сау балалық шақ құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасауға бағытталған жаңа әлеуметтік жобаның презентациясы отырыстың ерекшелігі атанды. Отырысты жүргізу барысында департамент пен аудандық басшылық арасында ынтымақтастық туралы келісім-шартқа қол қойылды.  
Презентацияға балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры және қызметкерлері, Зеленов ауданының әкімшілік басшылығы, аудындық білім беру бөлімінің, ішкі саясат бөлімінің басшылары, облыстық және аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталықтарының басшылары, «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі жөніндегі» облыстық орталығының басшысы және қызметкерлері, аудандық әдістемелік кабинеттің меңгерушісі және әдіскерлері, Орал қаласының және Зеленов ауданының білім беру мекемелерінің директорлары, БАҚ тілшілері қатысты.  
Жиналғандар жобаның ата-аналарға қолдау көрсету жөніндегі кеңес беру орталығы және Демалыс күні клубы жұмыстарын жүзеге асырудың маңыздылығына баса назар аударды. Департаменттің дәл үйлестіруі арқылы сыртқы серіктестермен, яғни денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқа да салалар өкілдерімен ынтымақтастықтың міндеттілігі жобаның ерекшелігі болып табылады.
           
Жиналғандар «кіші туризм – бала тұлғасына физикалық жағынан ықпал етіп қана қоймай, жан-жақты дамуы әсер етеді. Баланы сауықтыру және тәрбиелеу міндеттерін шешу құралы болып табылады. Атаулы процесстің толыққандылығы педагог пен отбасының тұрақты ынтымақтастығына байланысты» деген ойға тоқталды.
Отырыс жұмысы жобаның базалық алаңы – аудандық  балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығына саяхат жасаумен жалғасты. Оның нәтижесінде қатысушылар кіші туризмның маңызды тәрбиелеу мазмұнына, қазіргі саясаттың балалық шақ құқығын қамтамасыз ету міндеттеріне жауап беретіндігіне тағы да көз жеткізді.


Баланы адамгершілік-рухани тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас

«Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының кешенді қарым-қатынасын қамтамасыз ету мақсатымен Қарағанды облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті  2012 жылы 28 қыркүйекте Бұхар Жырау ауданы Ростовка ауылының орта мектебінің базасында «Гармония души» клуб отырысының аясында «Баланы адамгершілік-рухани тәрбиелеуде отбасы мен мектеп арасындағы қарым-қатынас» атты облыстық семинар өткізді.
Семинардың жұмысына облыстың Бұхар Жырау ауданының білім бөлімінің, «Образование и развитие», «Центр практической психологии» қоғамдық бірлестіктерінің,  облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының өкілдері, Қарағанды, Теміртау, Саран, Шахтнск, Абай қ.қ. және Бұхар Жырау ауданының тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарлары, психологтары, әлеуметтік педагогтары және БАҚ қатысты.
     
Семинар қатысушыларының алдында мектеп директоры Умирбаев Н.М. сөз сөйлеп, баршаға жемісті жұмыс тіледі. Департамент бөлімінің бастығы семинардың бағдарламасымен таныстырды және адамгершілік-рухани даму мәселелерді ақпараттық жариялау бойынша департаменттің ролі туралы айтты. Қарағанды қ. №83 ЖББОМ мұғалімі Агеева Т.В. 2011 жылдың қазанында оқушыларды адамгершілік-рухани дамыту мониторингісінің нәтижесімен қатысушыларды таныстырды.  Ростовка орта мектебінің тәрбие жұмыс бойынша директордың орынбасары Амрина К.А. мектепте адамгершілік-рухани дамыту бойынша ата-аналармен дәстүрлі емес жұмыс формалары туралы айтты. Сөз сөйлеу барысында ата-аналардың қатысуымен сабақтардан, ата-аналар жиналыстарынан үзінділер көрсетілді.  Сонымен қатар Қарағанды қ. №101 мектеп-лицейінің тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасары Т.В. Черний адамгершілік-рухани тәрбие мәселелері бойынша тәжірибесімен бөлісті.  
                                          
Содан кейін қатысушылар үшін «Развитие и образование» (Еркаева Н.Ф.), «Центр практической психологии» (Ставиская Е., Левашова А.) ҚБ және  облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының тамақтану бөлімінің меңгерушісі (Исетова Д.М.) өткізген  тренингтер мен мастер-класстар өткізді.  
Шараның соңында қатысушылар ақпараттық, пайдалы және қажетті ақпараттар алғандары туралы айтты.


Сары Алпысқызының білім гранты иегерлерімен кездесу

2012 жылғы 19 қыркүйек күні БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінде Батыс Қазақстан облысының жоғарғы оқу орындарын мен колледждерінде білім алып жатқан Қазақстанның Бірінші ханымы Сары Алпысқызының білім гранты иегерлерімен кездесу өтті. Екі жыл ішінде облысымыздан он түлек осындай мүмкіндікке ие, олардың 8-і жоғары оқу орындарында, 2 – колледжінде білім алуда.
Кездесуге облыстық білім басқармасының, БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
                      
Департамент директоры А.Масалимов грант иегерлерін жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, олардан үкілі үміт күтетіндерін жеткізді, сонымен қатар ағымдағы жылдың 29 тамызында Алматы қаласының «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығында биылғы грант иегерлерінің  Қазақстанның Бірінші ханымы Сары Алпысқызымен кездесіп,  білім грантының сертификатын алғандығы жөнінде әнгімеледі.
Кездесу барысында студенттер мен оқушылар Сара Алпысқызымен кездесу кезінде алған әсерлерімен бөлісіп, оқудаға жетістіктері туралы айтты.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті Жанаргүл Махамбет барлық грант иегерлерінің атынан өздеріне қамқорлық танытып, армандарына жол ашқан Сара Алпысқызына алғыстары шексіз екенін жеткізді.

 


Қазіргі заманның талабына сай болайық

Ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде Орал қаласының №26 мектепке дейінгі ұйымында еліміздің өскелең ұрпағын қалыптастыруына және дамуына ықпал ету мәселесіне арналған «дөңгелек үстел» отырысты  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Назарбаев университеті» лекциясын қолдау мақсатында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ұйымдастырылды.
«Дөңгелек» үстел жұмысы барысында Орал өңірі педагогтарының «Өзін-өзі» пәнін енгізуде жұмыс тәжірибесін көрініс еткен бейнефильмдер ұсынылды.
           
Барлық қатысушы «Өзін-өзі тану» тәжірибесі әр балаға өз жекелігін түсінуін, қоршаған ортаны  қабылдай алатындығын, қоғамның ойдағыдай дамуына өз ісімен, ақыл-ойымен, шығармашылығымен қол жеткізуге болатындығын дағдыландыру қажет екендігін дәлелдеді. Себебі адамның сана-сезіміне кішкентайынан салынған нәрсе ешқайда кетпейді, ол өзімен бірге өсіп, оның мінезін қалыптастырады және оның болашақ өміріне өз септігін тигізеді» - деген бір ойдан шықты.
Білім беру қызметкерлерінің тамыз маслихатындағы білім беру жүйесінің жаңғырту мәселсі бойынша отандық білім жүйесі мен азаматтық қоғамның арасында серіктестікті дамытуға жағдай жасау қажеттілігі туралы айтылған баяндамалары үлкен қызығушылық танытты. Себебі осындай тығыз және нәтижелі серіктестіксіз Қазақстанды елдер арасында және өңірде көшбасшылар қатарына шығаруға бағытталған реформаларды енгізуге мүмкін емес.
«Дөңгелек» үстел жұмысы бойынша ұсыныстар қабылданды.


«Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» педагогикалық қызметкерлердің 2012 жылғы тамыз кеңесіңдегі «Өзін-өзі тану пәні» секциясының жұмысы туралы

28.08.2012

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының Білім басқармасымен бірлесіп 2012 жылдың 27 тамызы күні қалалық тамыздық кеңесінің аясында «Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» атты «Өзін-өзі тану пәні» мұғалімдерінің секциялық отырысы өтті.
Тамыздық кеңесте Астана қаласының білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің 85 ұстазы бас қосып, білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты, рухани тұрғыдан дамыған Қазақстан азаматын қалыптастырудаға қоғамның рөлі және отбасы-мектеп-қоғамның өзара қарым-қатынасы туралы өздерінің пікірлерін ортаға салды.
Тамыз кеңесінде Астана қаласы Білім басқармасының инновация жөніндегі әдіскері Н.С. Аленова ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, Елбасының Қазақстан халқына жолдауы аясында балаларға адамгершілік – рухани білім берудің міндеттері туралы баяндап берді.                                                                    Астана қаласы Балалардың құқығын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә.Б.Смағұлова Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында айтылған Қазақстанда білім беру жүйесін дамытудың басты үш бағытын баса айтып өтті.
                               
Сонымен қатар, баланың жеке тұлға болып қалыптасуындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің,  «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері рөлінің маңыздылығына тоқтала келе, «Үздік Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі» атты қалалық байқауының жеңімпаздарын Департаменттің дипломымен және Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қорының ұсынған кітаптары мен демеушілердің арнайы сыйлықтарымен марапаттады.
Секция жұмысы барысында Астана қаласының Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері Г.С.Логунова, «өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері: Колесниченко С.Г., (№10ОМ), Прохорчик Э.С.,СадвакасоваС.С.,(№22 МГ), Дорошенко С.Л.,(№45 ОМ), Кошпесова Т.М., №2 б/б әдіскері, Тлеубаева М.К., №2 б/б тәрбиешісі, А. С.  Шаяхметова (№4ОМ), Б.З.  Ахметова (№38МЛ), Н.Е  Қазбекова., №44 б/б тәрбиешісі, А.О.  №55 б/б тәрбиешілері Ысмағұлова, Д.К. Иманжүсіпова баяндама оқыды.
Кеңес соңында 2011-2012 оқу жылының жұмыс жоспарының қорытындысы бойынша үздік педагогтар марапатталынып,  ұсынымдама қабылданды:
1. ҚР Президентінің  Қазақстан халқына жолдауы аясында рухани-адамгершілік  білім беру міндеттерін жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу;
2.Мектепке дейінгі білім беруде  білім беру шеңберінің мазмұнына  өзін-өзі тану идеяларын  кірістіруді жетілдіру;
3. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  сабақтарды жобалауда және өткізуде шығармашылық және кәсіби  деңгейді көтеру,  кәсіби құзырлық  пен мәдениетті  жақсарту бойынша  тынымсыз жұмыс жасау;
4.Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарды балалар шығармашылығы арқылы тануын дағдыландыру.
                              

Тамыз кеңесі қарсаңында

Адамгершілік – асыл қасиет

Адам - өзінің адамгершілік парасатының биіктігімен көрікті. Адамгершілігі жоғары жан айналасындағылармен әрдайым қарапайым қарым-қатынаста болады. Түсіністіктегі,сыйластықтағы қарым-қатынастың да өзіндік тәрбиелік ерекшелігі бар. Тәрбиелі адамның сөзі мен ойы оның бойына  жарасымдылық беріп, жұртшылық назарын аудартады. Ғұлама ғалым Әл-Фарабидің "Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады" деген сөзі бүгінде өз мәнін жоғалтқан жоқ.
 Профессор М.Ғабдуллин өзінің "Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес" атты еңбегінде: "Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені нақ. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. "Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол" деген сөздер қазіргі күнде де өз мәнін жоғалтқан жоқ. Сондықтан  балалар мен жасөспірімдерге ақын-жазушыларымыздың шығармаларын жиі насихаттап, оларды  көркем әдебиеттерді сүйіп оқуға үйрете білсек нұр үстіне нұр болар еді" деп толғаған.
 XXI  ғасыр-ақпараттар ғасыры. Бірақ сол ақпараттарды балалар теледидар мен интернет желісі арқылы қабылдауда. Соған сай, әрине, олардың ойы жетік, көкіректері ояу, бірақ та сөз байлықтары жоқ, ойларын ашық жеткізе алмайды.
Сонымен бірге бала тәрбиесінде отбасылық рөлмен шектеліп қалмай, балабақша мен мектептің де баланы тұлға ретінде дамытып, тәрбие беруі жеткіншектің замана талабы мен бүгінгі күн сұранысына сай азамат болып қалыптасуына айтарлықтай үлес қосары анық. Яғни, жеткіншектердің тәрбиелі болып өсуі табалдырықтан бастау, алып отбасы мен балабақшада жалғасып, мектепте, жоғары оқу орындарында дамитыны сөзсіз. Отбасының бірден-бір міндеті ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ете отырып, оны қоғам талабына сай қалыптастыру.
Заман талабына сай баланы тәрбиелеу қоғамның барлық даму сатысының барысында өзектілігін жоғалтқан жоқ. Отбасы тәрбиесіндегі өткір  мәселелердің бірі ретінде тұрақты қозғалып отырады.
Баланың азамат болып қалыптасып,  дамуында тәрбиенің рөлі ерекше. Тәрбие – жеткіншектің мінез-құлқын, қоршаған ортаға көз қарасын реттейді. Келешегінің кемел болуы  көздейтін халық бірінші кезекте ұрпағының ұлағатты болып өсуін ойлайды. Бүгінгі балалар мен жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екені  туралы жоғарыда да айттық. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек, ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан оларды мұқият іріктеуден өткізіп, орнымен пайдалана білсек,  нұр үстіне нұр болар еді.

Маржан Мұханова,
Облыстық балалардың құқықтарын
қорғау департаментінің
бас маманы, Алматы облыстық қоғамдық-саяси "Жетісу" газеті,
№89, 09.08.2012

27 маусым 2012 жылы Алматы қаласындағы №1 облыстық балалар үйінде мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты кеш өтті. Бұл кешке Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті  балалардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы Қатубеков Марғұлан  Құрманәліұлы қатысты. Кеш барысында Марғұлан  Құрманәліұлы жас түлектерге ақ жол тілеп, «Бөбек» қайырымдылық қоры атынан  Лиходед Валерия мен Воробьева Марияға планшет табыс етті. Сондай-ақ кешке Қазақстан телеарнасының «Жан жылуы», «Мечты сбываются» бағдарламаларының журналистері, ұлттық банк өкілдері Қазақстан радиосынан қонақтар келіп, жылы лебіздерін білдірді. Мектеп бітіруші түлектерге демеушілер лимузин автокөлігін қала ішіне саяхат жасау үшін тегін берді.
Қонақтарға балалар үйі тәрбиеленушілері өздері дайындаған концерттік бағдарламасын ұсынды. Кештің сәнін  Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Каспий және  FM және т.б. әртістердің концерттік бағдаламасы қыздыра түсті. Кеш соңы  мерекелік дасдарханға ұласты.

«Бөбек» Балалар қоры жиырма жыл бойы қайырымдылықпен айналысып келеді. Еліміздің Бірінші Ханымының бастамасымен мыңдаған жетім балаларға, тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне материалдық көмек, бағалы сыйлықтар, білім гранттары түрінде көмектер көрсетіліп келеді.  
Биылғы жылы Сара Алпысқызы оқуларын кәсіптік білім беру мекемелерінде жалғастыратын, қоғамдық өмірге белсенді қатысқан  балалар үйлерінің түлектерін ерекше сыйлықтармен қуантты. Алтын ұя мектеппен қоштасып, жаңа өмірге қадам басқалы отырған облыстың 4 балалар үйінің 27 үздік түлегіне әкімдер «Бөбек» Қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан салтанатты түрде ескерткіш сыйлықтар – планшеттерді табыс етті. 
                                       
«Бұл маған тосын сый болды. Мектеп бітіру кешінде берген ескерткіш сыйлық үшін алғысым шексіз. Мен сияқты балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан әр баланы қанатының астына алып, күш-жігерін аямай, солар үшін көптеген қайырымдылық шараларын жасады. Мені және мен сияқты балалардың балалық сезімін сергітіп, жұдырықтай жүректерін қуанышқа кеңелтіп, қамқорлық, мейірімділік шапағатын көрсеткені үшін алғысымызды айтамыз!» - деп № 8 балалар үйінің тәрбиеленушісі Амангелді Жақыпбеков Сара Алпысқызына деген балалық лебізін білдірді.
                                       
Осы мекеменің тағы бір түлегі Айгүл Рахиянова «-Мектеп бітіру кеші жақындаған сайын менің жүрегім дүрсілдеп, бойымды қуаныш кернеді. Өзім бір тосын сый күтіп жүргендей болдым. Мектеп бітіру кешінде мектептегі өзге балалардың алдында атымды атап, Сара Алпысқызының атынан планшет тарту еткенде көзіме жас үйірілді. Бұл қуаныштың жасы. Кеудемді жоғары ұстап, бізді де ойлайтын, қорған болып жүретін анамыз - Сара Алпысқызы бар деп бар әлемге айқайлағым келді. Сара Алпысқызының риясыз қамқорлығы мен ақ жүрегіне алғысым шексіз!» - деп өз қуанышымен бөлісті. 
Жас түлектер ұстаздардың, тәрбиешілердің және Сара Алпысқызының артқан сенімдерін ақтайды деп үміттенеміз. Ақ жол сендерге, балалар, биік белестерді бағындыра беріңдер!

«Үздік «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі-2012» атты сырттай байқауының комиссия отырысының өткені туралы

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2012 жылдың 15 мамырында «Үздік Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі» атты сырттай байқауы комиссиясының отырысын  өткізді.
Сырттай байқаудың мақсаты:  өзін-өзі танушы педагогтардың мәртебесін көтеру, адамның адамгершілік-рухани дамуы бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде өзін-өзі танушы-педагогтардың жұмысы туралы жұртшылықты  хабардар ету,     балаға аса қамқорлықпен және түсіністікпен қарайтын шығармашыл  өзін-өзі танушы-педагогтарды қолдау және марапаттау  болып табылады. 
Сырттай байқауға 45 білім беру ұйымдары,  оның ішінде  мектепке дейінгі ұйымдар, қала мектептері, кәсіптік лицей, колледж мұғалімдерінің жұмыстары ұсынылды. 
Байқауға  аталған  ережеге сәйкес  өзін-өзі танушы педагогтардың атқарылған жұмыстары туралы шығармашылық есебі (жобаны қорғады), портфолио, слайд презентациялар, авторлық эссесі  (Қазақстан Республикасы  Президентінің Халыққа жолдауын іске асыру  төңірегінде жазылған эссе)  ұсынылды. 
Аталған іс-шарада  Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары  З.Е. Бермұхамедова, адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ә.Б. Смағұлова,  Білім басқармасының инновация жөніндегі әдіскері Н.С. Аленова, Астана қаласының Біліктілігін арттыру институтының «Өзін-өзі тану» зертханасының жетекшісі Г.С. Логунова, Л. Гумилев атындағы  Еуразия Ұлттық университеті  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»   кафедрасы педагогика ғылымдарының  кандидаты, доцент Ф.Н. Жұмабекованың қатысуымен әділқазылар алқасы құрылып,  ең үздік шығармашылық  жұмыстар  таңдалды.
«Үздік Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі» сырттай байқауы бойынша комиссиясының жеңімпаздары тамыздың конференциясында  марапатталатын  болады.  

«Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық конференциясы туралы 

«Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының іс-қимыл жоспары бойынша ББЖ КБАРИ мен «Бөбек» ҰҒПББСО-ның келісімімен ҚР Тәуелсіздігінің және «Бөбек» Ұлттық қайырымдылық орталығының 20 жылдығы аясында 2012 жылдың 14 мамыры күні Ақтау қаласының «Ренессанс» қонақ үйінің «Каспий» залында  «Білім беру саласында жеке тұлғаның рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференциясы (бұдан әрі-Конференция) өткізілді.       Мақсаты - тұлғаның үйлесімді дамуы үшін өзін-өзі тану идеяларын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіре енгізу, көпмәдениетті ортада оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімде тәрбиелеу, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу үдерісіндегі мектеп пен жанұя бірлігі, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәнін психологиялық-педогогикалық қолдау.
Семинардың алдында оның қатысушылары конференцияның ұйымдастырушыларының бағдарламасы бойынша  облысымыздың балабақша тәрбиеленушілері мен оқушылардың дайындаған  «Әлем қандай, тамаша!» атты көрмені қарады.         
                      
Конференцияға «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының, ББЖ КБАРИ, облыстық білім басқармасының, Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, аудан, қала білім бөлімдерінің басшылары, мектеп мұғалімдері, психологтары, мектепке дейінгі оқыту-тәрбиелеу орталықтарының директорлары мен  тәрбиешілері,  облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының қызметкерлері, қоғамдық қорлардың директорлары, басқа өңірлердің  оқу орындарының жоғары білікті оқытушылары, БАҚ өкілдері  қатысты (барлығы- 300 адам). 
                     
Конференцияны алғысөзбен Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры  И.Т. Жұмағалиева ашты.
Содан соң, ББЖ КБАРИ-дің «Білім берудің мазмұны мен сапасы» кафедрасының доценті - А.Ш. Орақова, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының ғылыми қызметкері – Ж.Ж. Әкімбаева,  облыс әкімінің жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы- Ө.О. Озғанбаев, Маңғыстау облысының білім басқармасының басшысының орынбасары, Маңғыстау облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Б.Ә. Әлібекова құттықтау сөз сөйледі.    
Конференция барысында қатысушыларға аталған конференция аясында  аудан, қала мектептерінің,  балабақшалардың дайындаған «Өзін-өзі тану әлеміне саяхат», «Детский сад- планета детства» және басқа да бейнероликтері көрсетіліп, сонымен қатар «өзін-өзі тану» пәні бойынша бейнероликтердің авторларын, сурет көрмесі байқауының жеңімпаздарын бағалы сыйлықтар, дипломдармен марапаттау рәсімі өткізілді.  
                                         
2012 жылдың 15 мамырында конференция 5 секциялық кеңес бойынша өтті:
1.№1 секция «тарихи-мәдени мұраларды оқып үйрену- рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудың маңызды шарты»,   
2.№2 секция «тұлғаның үйлесімді дамуы үшін өзін-өзі тану идеяларын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіре енгізу, 
3.№3 секция   «көпмәдениетті ортада оқушыларды азаматтық және патриоттық сезімде тәрбиелеу», 
4.№4 секция  «Рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу процесіндегі мектеп пен жанұя бірлігі»,
5.№5 секция мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәнін психологиялық-педагогикалық қолдау.

«Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіндегі ролі және орны» атты тақырыпта семинар-тренинг

2012 жылдың 26 сәуірінде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы білім және тәрбие беру үрдісін басқарудың тиімді жолдарын айқындау мақсатында  Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қарасай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп Қаскелең қаласы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәнінің білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісіндегі ролі және орны» атты тақырыпта семинар-тренинг өткізілді.

                              

Семинар жұмысына Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қарасай аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мамандары, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  өзін-өзі тану пәні мұғалімдері, ата-аналар, Алматы облыстық қоғамдық-саяси «Жетісу» және аудандық «Заман жаршысы» газетінің меншікті тілшілері қатысты. 
Семинар жұмысын Қарасай аудандық, білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы А.Н.Назарбаева ашып, келген қонақтармен таныстырды. Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ө. Ермекбаева кіріспе сөз сөйледі. Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы А.М. Үшкемпірованың «Адамгершілік-рухани қасиеттерді бала бойына «Өзін-өзі тану» пәні арқылы сіңіруге ақпараттық қолдау көрсету», Абай атындағы ОМГ директоры Б.Ә. Мухамедярованың «Өзін-өзі тану» пәнінің оқыту ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалары тыңдалды.

                              

«Өзін-өзі тану» сабақтары блогы бойынша Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясының тарих, құқық және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Баймолданова Минуар Кұсманқызы «Рухани-адамгершілік тәрбие беруде мектеп пен отбасының жаңаша қарым-қатынастарын қалыптастыру және жеке тұлғаны тәрбиелеу» тақырыбында ата-аналармен және Белинский атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі, лектор-тьютор, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары И.Курумбаева «Өзін-өзі тану сабағында шығармашылықты дамыту жолдары» тақырыбында ұстаздармен шебер-класс өткізілді.

                              

Сонымен қатар Қаскелең қаласы, Байжанов атындағы орта мектептің өзін-өзі тану пәні мұғалімі А.Майдыкова «Табиғат тал бесігің аялай біл» атты тақырыпта 8 сынып оқушыларымен, Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы өзін-өзі тану пәні мұғалімі Ж.Мамырбаева 7 сынып оқушыларымен «Тамырын жайып тереңге» және Үшқоңыр орта мектеп-гимназиясы өзін-өзі тану пәні мұғалімі Л.Белова «Учимся беречь природу родного края» тақырыптарында 2 сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. 
Семинар барысында қатысушыларға «С любовью к Вам» фильмі көрсетіліп, мектеп фойесінде «Өзін-өзі тану» пәні мен «Балаларға мейірімділік сыйлайық» атты тақырыпта көрме ұйымдастырылды.
Қатысушылар мектеп оқушылары дайындаған «Шашу» атты концерттік бағдарламаны тамашалады. Аталған шара республикалық «Хабар» телеарнасынан көрсетілді.

«Бөбек» қорының туберкулезбен ауыратын балаларды балмен қамтамасыз ету бойынша қайырымдылық акциясы

2012 жылдың  сәуір айында Сара Алпысқызының бастамасымен «Бөбек» қоры облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесіндегі туберкулезге шалдыққан 60 бала 432 килограмм балмен қамтамасыз етілді. 
Акцияның мақсаты - облыстағы туберкулезге шалдыққан балалардың денсаулығын түзетуге ықпал жасап, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау болып табылады.
 «Бөбек» қорының 20 жылдығы аясында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызының шынайы ілтипатымен, жүрегінің жылуымен жолданған, балалардың денсаулығын нығайтуға бағытталған қайырымдылық акциясының маңыздылығы зор. 
                                  
Ұйымдастырылған шараға Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, денсаулық сақтау басқармасының мамандары, облыстық туберкулезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесінің дәрігерлері, емделушілері мен мұғалімдері, БАҚ-ның өкілдері барлығы 72 адам қатысты.
                                 
Акцияға қатысқан қонақтар балаларды мерекемен құттықтап, денсаулық, ажарлы балалық шақта өсіп өнулеріне тілек білдірді. 
Акция соңында бүлдіршіндер шағын концерттік бағдарламаларын ұйымдастырып пікірлері мен алғыстарын білдірді. 

«Балаларға көктем шуағын сыйла»

2012 жылдың 17 сәуірінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының 20 жылдығына орай Талдықорған қаласындағы МДМ «Күншуақ» туберкулезге қарсы балалар санаториінде «Балаларға көктем шуағын сыйла» атты мерекелік шара өткізілді.

                              

                              

                              

                              

Шараға санаториде ем қабылдап жатқан балалар мен олардың ата-аналары, тәрбиешілер, дәрігерлер және БАҚ өкілдері қатысты. 

Мерекеге қатысушылар Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваға балаларға деген махаббатына, қамқорлығына, мейрімділігіне деген ыстық ықыластарына алғыстарын жеткізді.

Сара ана
Бар балаға қамқор болып қараған,
Ел ертеңі «болашақ» деп санаған,
Денсаулығын нығайтуға күш салған,
Бөбек қоры арманға жет қалаған.

Бала үшін бұл қорда қызмет атқарған,
Балын сыйлап, балалрға мақталған,
Төраймыз Сара анамызға мығ алғыс
Балардың ақ тілегі, тәтті арман.

Бала тілі-бал емес пе ақтарған,
Жүректерде жақұт болып жатталған,
Қуансын бала, шаттықтан шалқып қуансын,
Бар адамдар бала шақтан аттанған.

«Бұл әлем қандай тамаша» және «Мектеп оқушылары арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы  мектеп пен отбасының өзара  қарым-қатынасы»

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымын бірлесіп 2012 жылдың 17, 18 сәуірі күндері №28, 30  мектеп-гимназиясында  «Бұл әлем қандай тамаша» және «Мектеп оқушылары арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастырудағы  мектеп пен отбасының өзара  қарым-қатынасы» атты тақырыпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша қалалық семинар өткізді.
Семинар мақсаты: өзін-өзі тану мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін көтеру, мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының жағымды жұмысына насихаттау  және  тәжірибе алмасу болып табылды.
Семинар жұмысына Астана қаласының  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы  Айкешева С.Қ., Білім басқармасының инновация жөніндегі әдіскері  Аленова Н.С.,  Департаменттің «Өзін-өзі тану» пәні  бойынша жұмыс тобының сарапшылары, Астана қаласының №20,25,8,39,59,13,23,40,12,45,47,48,49,52,54,55,57,58,60,62,30,28,64,44,27,22,27,14,41,10  білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәнінің ұстаздары, барлығы семинарға  116 адам қатысты.
Педагог-психолог Майлатова С.Ч. семинар қатысушыларына «Менің «Өзін-өзі тану» пәніне қарым-қатынасым» атты кішігірім зерттеу жұмысын насихаттады. Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Дубовая А.Д. жеке тұлғаны рухани-адамгершілік қалыптастырудағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. 
Сонымен қатар, «Денсаулыққа қадам», «Табиғат күші», «Менің әлемім-менің отбасым» көңілді тақпырлар клубы, шебер-сыныптар, ата-аналарға арналған тренингтер, әкелерге арналған іскерлік ойындар, байқау-ойындары ұйымдастырылып өткізілді.  
Сондай-ақ, семинар қатысушыларына оқу-әдістемелік әдебиеттерден, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  дидактикалық материалдардан, мұғалім мен оқушының портфолиоларынан көрме ұйымдастырылды.    
Семинарды қорытындылай, Департаменттің бас маманы  Айкешева С.Қ. өз сөзінде баламен, отбасымен ынытымақтастық  және өзара  түсінушілік кеңістігін құру қажеттігіне,     сонымен қатар, рухани-адамгершілік білім беруде    тәжірибе алмасудың  маңыздылығына тоқталды.
Семинар соңында ұсынымдама қабылданды.

Оңтүстік өңірінде «Балдай тәтті балалық шақ» атты акциясы өтті

2012 жылдың 17 сәуірінде балалардың денсаулығын қалпына келтіруге ықпал ету мақсатында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваның бастамасымен туберкулезбен ауыратын балаларды балмен қамтамасыз ету бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және ОҚО денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансерінде «Балдай тәтті балалық шақ» тақырыбында облыстық қайырымдылық акциясын  өткізді. Іс-шараға облыстық денсаулық сақтау басқармасы, «Химфарм» АҚ,  облыстағы туберкулезге қарсы және балаларға арналған санаторилер мен мектеп жасына дейінгі және санаторлық үлгідегі мектеп-интернаттар, БАҚ өкілдері қатысты. 
                               
Акция барысында «Бөбек» ҰҒПББСО-дан Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша туберкулезге қарсы балаларға арналған (санаторийлер, мектеп жасына дейінгі ұйымдардағы санаторлық топтар, санаторлық үлгідегі мектеп-интернаттар) жалпы 9 мекемеде емделіп жатқан 1173 балаға 936 кг бал бөлінді. Балды Алматы қаласынан облыс орталығына жеткізуге «Химфарм» АҚ арнайы көлікпен қамтамасыз етті. 
                               
Іс-шарада ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  тарапынан шақырылған алып қуыршақтар өз өнерлерін көрсету арқылы балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады және «Сана-Сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының бір топ еріктілері «Бөбек» қорының логотиптерімен безендірілген бір реттік стақандардағы балды Шымкент қалалық туберкулезге қарсы диспансерінде ем қабылдап,  әрі білім алып жатқан жалпы 62 балаға бал таратты.  
Балдың тәтті дәмін татқан балалар еліміздің Бірінші ханымы С.А.Назарбаеваға және ұйымдастырушыларға шексіз алғыстарын білдіріп көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.

Балаларға көктем шуағын сыйла! 

Ағымдағы жылдың 12 мен 15 сәуір аралығында Батыс Қазақстан облысында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастырумен Теректі ауданының Федоровка ауылында және Орал қаласында «Балаларға көктем шуағын сыйла» республикалық марафонының соңғы кезеңі өткізілді.
Алғашқы эстафетаны Теректі ауданының білім беру ұйымдары алды. Еріктілермен өскелең ұрпақты ізгілікке, мейірімділікке тәрбиелеуге, адамгершілік-рухани қалыптастыруға бағытталған «Мейірімді бол!» акциясы жүзеге асырылды. Акция мазмұны әрқилы, бұл дегеніңіз «Мейірімділік және қайырымдылық» тақырыбында сыныптық сағаттар өткізу, ерекше мұқтаж балаларға концерттік бағдарламалар,  «Мейірімді жүрекпен» тақырыбында суреттер көрмесін ұйымдастыру, ардагерлерге, егде адамдарға аула тазалауға көмек көрсету және тағы басқа да іс-шаралар. Акцияға қатысушылармен бірге олардың тұрақты серіктестері – мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдарының, ата-аналар жұртшылығының өкілдері, журналистер қатысты. Жақсы эмоционалды бағдар, өзара түсінушілік, бастамашылық, жауаптылық, қатысушылардың қызығушылығы акцияның сәтті өтуіне жағдай жасады. Жалпы іс-шараға 900-ге жуық адам қатысты.
Орал  қаласының білім беру ұйымдарында өткізілген «Қоғамға қызмет» атты тақырыпты тыңдаулар  марафонның аяқталу кезеңінің шарықтау шегі атанды. Тыңдаулар келешек ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін, адамгершілік-рухани құндылықтарын қалыптастыратын еріктілер қызметін дамытудың  маңыздылығын айғақтады.

«Кітап- ақылына ақы сұрамайтын қазына» тақырыбындағы кездесу 

ОҚО Балалардың  құқықтарын  қорғау дапартаменті Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп  2012 жылдың 12 сәуірінде «Кітап- ақылына ақы сұрамайтын қазына»  тақырыбында оқырмандармен кездесу өткізді. Кездесуге ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылары мен мамандары, «Назым-Шымкент» қоғамдық бірлестігінің психологы К.Сейдахметова, кітапхананың қызметкерлері, тұрақты оқырмандары, Шымкент қаласының №75, №37, №2 және № 64 мұғалімдері, 40-қа жуық оқушылары және «Отырар», «Қазақстан-Шымкент» телеарналары қатысты.
 Кездесудің  мақсаты: Балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, достыққа, дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, оқушылардың өзін-өзі тануына бағыт беру, кітап арқылы баланың бойына рухани құндылықтарды сіңіру, кітап оқуға деген   қызығушылығын арттыру.
Қонақтар кітапхана қызметкерлері мен департаменттің ұйымдастырған «Елбасының Жолдауы- өркендеу бағдары» және «Әдебиетке балалықты әкелгендер», тақырыбындағы кітап көрмелерімен танысты. Кездесуді ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті  директорының орынбасары Р.Зұлпыхарова ашып, кітапханалар руханияттың қайнар көзі саналатындықтан, елбасы жолдауын кең танымал етуде кітапханалардың атқаратын рөлі айрықша екенін атап өтті.
Кездесу барысында кітапханашы Г.Тұрғынбаева «Елбасы Жолдауы-болашақ негізі»атты мерзімдік басылым беттеріне шолу жасады, жергілікті ақын-жазушыларымыздың шығармаларымен және жаңадан келген әдеби кітаптармен таныстырды. Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге, - деп Абай атамыз айтқандай, білімнің бәрі кітапта. Көркем әдебиет оқушылардың рухани дүниесін байытып, оларға көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие берудің қайнар көзі, қайнар бұлағы болып табылады. Жас оқырмандарға кітапты оқыта түсу үшін және сол арқылы дүниетанымын кеңейту үшін жазушы Ә.Файзұллаұлының 2007 жылы «Дарабоз» халықаралық бәйгесінде бірінші орын алған  «Көзтүрткі» хикаяты талданды және осы  әңгімесі негізінде  сахналанған көріністі №75 мектебінің оқушылары қойды. Балалар осы әңгіме бойынша өмір жайлы ой бөлісті, проблемалық сұрақтарға жауап алды.  «Назым-Шымкент» қоғамдық бірлестігінің психологы К.Сейдахметова  балалармен «Қақтығыстың алдын-алу» атты ойын-жаттығуын ойнатты. Кездесу соңында кітапхана директоры Р.Қарсыбекова  кітапхананың белсенді оқырмандарын алғыс хаттармен марапаттады.
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын айтып департамент тарапынан алғысын білдірді. 

Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!

2012 жылдың 4 сәуірінде Батыс Қазақстан балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен республикалық «Балаларға көктем шуағын сыйла» марафонының облыстық кезеңі басталды.
Республикалық марафонды «Біз – салауатты өмір салтын қолдаймыз!» флэшмобы бастады. Департаменттің тұрақты әлеуметтік серіктесі болып табылатын экономика және жаңа технологиялар колледжінің ұжымы флэшмобтың негізгі қатысушылары атанды. Колледж оқушыларының бірінші флэшмобы «дені сау балалық шақ» тақырыбында аталуы кездейсоқ емес, өйткені көктем – өмір жаңаруының, адам мен табиғат дамуының керемет символы. Бұның бәрі адамның психологиялық, рухани, физикалық денсаулығымен тығыз байланысты. Өз құрбылары арасында салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін насихаттау және жасөспірімдер мен жастардың әлеуметтік белсенділігін арттыру флэшмобқа қатысушылардың негізгі мақсаты бьолып табылады. Бұл мақсаттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні қарсаңыңдағы шаралар міндеттермен үндеседі. 
                             
Колледж оқушыларына «Жас Отан» жастар қанаты өкілдерінің бірлесуі қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға көмектесті. Еріктілер әртүрлі насихаттау құралдарын қолданды: спорттық би билеу, ұрандату және тағы басқалары. Балалардың көтеріңкі көңілі, жағымды эмоционалды ұстанымдары қала тұрғындары арасынан флэшмобқа қатунасушылар санын арттыруға септігін тигізді.  
                             

«Денсаулық формуласы»

 Дүниежүзілік денсаулық күніне орай  ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен Дүниежүзілік денсаулық күніне орай, а.ж. тоғызыншы сәуірде  Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған №34 мамандандырылған мектеп-лицейінде 7 сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану пәні арқылы оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін дамыту, дене және рухани денсаулықтың өзара байланыстылығы туралы түсініктерін қалыптастыру, белсенді өмірлік ұстанымын, өз денсаулығы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу мақсатында «Денсаулық формуласы» атты сыныптан тыс рөлдік ойын өткізілді. 
                                   
Шараға 50 оқушы қатысып, оның 25-і шығармашылық жобалар орындады (мұғалімдері Ю.В. Египко, Л.А. Шевнина). Балалар «Дәрігерлер», «Диетологтар», «Спортшылар», «Психологтар», «Ата-аналар» топтарына бөлініп, рөлдегі маман өкілі ретінде денсаулық сақтау бойынша ұсыныстар әзірлеп, қорытынды жұмыстарын презентация, әлеуметтік ролик, миниатюра ретінде ұсынды. Барлық топтардың жобалары өте қызықты, танымдық, өмірден алынған жағдаяттарға байланысты болып, сауатты ұсынымдар берілді және соңында қатысушылар денсаулық формуласын құрастырып қорғап, онда салауатты өмір салты бойынша өз түсініктерін ашып көрсете алды. Балалар «Жүректен-жүрекке» шеңберінде бір-біріне тілектерін айтып, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі жөнінде қорытындылады. 
                                         
Рөлдік ойын оқушылардың денсаулық - тек ауырмау ғана емес, сонымен қатар,  адам үшін ең құнды дене, психологиялық және әлеуметтік саулық жағдайы екені туралы түсініктерінің дамуына ықпалын тигізді.
Шара желісі бойынша облыстық телеарнадан  «Мой мир» бағдарламасына фильм түсірілді.

Шығыс Қазақстан облысында "Алға, жігіттер!" атты спорттық сайыс өтті

Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Билайн» ЖШС, Өскемен қаласының Н.Крупская атындағы мектеп-интернатымен бірлесіп Дүниежүзілік денсаулық күніне орай оқушылардың спортқа қызығушылықтарын арттыру, өмірдің кез-келген жағдайында жол таба білу дағдыларын дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Алға, жігіттер!» атты спорттық сайыс өткізді. Сайысқа аз қамтамасыз етілген отбасыдан 20 ұл бала, барлығы 60 оқушы, 10 ұстаз, Департамент мамандары және департамент жанындағы облыстық балалар баспасөз орталығының өкілі қатысты. 
                               
Сайыста ұлдар күштілік, ептілік, бағдарлай алу, мергендік дағдыларын ғана емес қызықты сауалнама сұрақтарына ерекше жауаптарын да көрсете алды.  Барлық командалар сайыс қорытындысы бойынша грамоталармен марапатталды. 
                               
Департамент бөлімінің бастығы Т.Ұғланова ҚР Президентінің  Жолдауын, ҚР 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырылуына тоқталып, оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануының өздерін жан-жақты дамытуына әсері туралы айтып өтті және  үздік нәтиже көрсеткен 6 оқушыға спорттық рюкзак, барлық қатысушыларға футболкалар тарту етті. 
Сайыс өте қызықты өтті. Бұл шараның дәстүрлі шараға айналатынына сенім білдіреміз және «Билайн» ЖШС қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. 
                               

Біз бақытты баламыз!

Балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу - балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттарының бірі.
Осы орайда 2012 жылғы 20 наурызда ОҚО Балалардың құқытарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларды жан-жақты дамыта отырып, мектеп-интернат жағдайында қазіргі қоғамдық ортаға бейімдеу мақсатында Ленгір қаласындағы тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатында «Біз бақытты баламыз!» атты аудандық семинар өткізілді.
                                    
Семинарға ОҚО Балалардың құқытарын қорғау департамент мамандары, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттың қызметкерлері, Ленгір қаласындағы тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, жалпы 40 адам қатысты.
Семинар барысында  тіл кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатының педагогтары балалардың шығармашылық шыңдалуына, болашақта өмірден өз орындарын табуда жан-жақты дамуына, әлеуметтенуіне тәлім-тәрбие берудің сыр-қырларымен бөлісті. Мәселен, Қазақтың драматург жазушысы Шерхан Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесі тәрбиеленушілерді өмірдің қиын жағдайларынан, тығырықтан шығар жолды шыдамдылықпен, ақылмен жеңе білуге, мойымауға, тек алға қарай ұмтылуға жетелей отырып, олардың санасына жағымды және жағымсыз кейіпкерден алған әсерден дұрыс-бұрысын таразылай білуге үйретті.   «Табиғатым махаббаттым»  тәрбие сағаты балаларды сүйіспеншілікке, Отан алдындағы патриоттық сезімге, адамзат баласының Жер ананың алдындағы борышын өтеуге баулыды.
                                            
Жоғары сынып оқушылары арасында «Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбында тренинг өткізілді. Онда «Мен басқалардың көзімен», «Өзіңді бағала», «Көңіл-күйге ортақтас», «Саған амандық тілеймін», «Найзағай қаупі жоқ», «Мен ғажаппын» сынды тренингтер жасалды. Бұл тренингтер балалардың қоғамда өз орнын табуға, өзін-өзі басқара білуге, күйзелісті жеңіп шығуға даярлайды.
Мектеп-интернаттың әлеуметтік педагогы қатысушыларға  тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру бағытында олардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын жүзеге асыруда ҚР қолданыстағы заңнамалар аясында атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырып, олармен пікір алмасты. Семинарды ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Асанов Нұржан Нартажыұлы қорытындылап,  іс-шара  Әз-Наурыз мерекесіне орай концерттік бағдарламамен ұласты.

«Өзін-өзі тану-адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту»
атты қалалық семинарының өткілуі туралы

2012 жылдың 14 наурызы күні №3 «Күншуақ» балабақшасында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлескен жоспарын іске асыру аясында «Өзін-өзі тану-адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғырту» атты қалалық семинарын өткізді.
                                                
Іс-шараның мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың бойында адамгершілік-рухани құндылықтарды қалыптастыру бойынша жұмыстың әдістерін көрсету.
                                                
Семинарға  Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ә.Б Смағұлова, Білім басқармасының  әдіскері Н.С.Әленова және Отбасылық тәрбиелеу институтының директоры Л.Н.Набитковская және №4, 20, 40, 27, 29, 40, 30, 51 балабақшаларының  тәрбиешілері, барлығы 20 тәрбиеші қатысып, ұсыныстарымен, әдіс-тәсілдерімен алмасты.
                                                
Семинар бағдарламасы бойынша даярлық және ересектер топтарында «Мейрімділікті үйренеміз», «Туған жерді сүйемін» ашық сабақтар көрсетіліп, әкелермен «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдамалар қабылданды.

«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері мен мектеп психологтарына арналған семинар 

Астана қаласының №45 орта мектебінде 2012 жылдың 7 наурызы күні Астана қаласы  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жоспарына сәйкес «Оқушыларға рухани адамгершілік білім беру үрдісіндегі отбасы мен мектептің қарым-қатынасы» атты «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері мен мектеп психологтарына  арналған семинар өтті.
Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Әленова Н.С., Департаменттің бас маманы Жағыпарова Т.Т., және қала мектептерінің психологтары мен педагогтары қатысты.
Семинар мақсаты: мектеп педагогтары ұжымының ата-аналармен  жұмысы жөнінде тәжірибе алмасуы.  
                                                 
Семинарды мектеп директоры Рассохина Т.Н.  қатысушыларды келе жатқан көктем мерекесімен құттықтай отырып, мектеп өмірі туралы, аталған мектепке  25 жыл толуына орай өткізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып өтті. 
Сонымен қатар, Департаменттің бас маманы Жағыпарова Т.Т. мектеп ұжымын және аналарды наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа шығармашылық табыстар мен жемісті еңбек тіледі.
Мектептің педагог-психологы Дорошенко С. Л. «Қыздар мен аналар» деп аталатын  жас аналармен, әжелермен жүрекжарды кездесу өткізді. Осы кездесудің басты мақсаты аға ұрпақтың, өскелең ұрпаққа мұрагерлігін көрсету мүмкіншілігі болып табылды.
Әдістемелік бірлестіктер басшысы, сынып жетекшісі Сүлкеева А.Ж. «Балалар біздің-ертеңіміз» атты дөңгелек үстелде ата-аналарға арналған басқа жұмыс түрлерін көрсетті. Дөңгелек үстел барысында ата-аналар бала тәрбиесіндегі проблемалар, рухани тұрғыдан дамыған қазақстан азаматын қалыптастырудағы  мәселелерді қозғады.  Кездесуде  тренинг элементтері пайдаланып, шынайы түрде, қызықты, өзіне-өзі талдау жасау мақсатында өтті.        
Семинар жұмысы соңында қонақтар өздерінің ой пікірлерімен бөлісті. Барлық іс-шаралардағы  жоғары бірлескен идеяларды,  ұрпақтар байланысы, үлкенді сыйлау, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, бала өміріндегі әженің, ананың маңыздылығын атап өтті.

«Оқушылардың рухани-танымдылық дербестігін дамытуда және қалыптастыруда өзін-өзі тану сабағының шығармашылық әлеуеті» тақырыбында қалалық семинардың өтілуі туралы 

2012 жылдың 2 наурызы күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасымен бірлескен ортақ жоспар аясында №55 орта мектебінде «Оқушылардың рухани-танымдылық дербестігін дамытуда және қалыптастыруда өзін-өзі тану сабағының шығармашылық әлеуеті» тақырыбында қалалық семинар өткізді.
                        
Мақсаты: оқушылардың рухани-танымдылық дербестігін дамытуда және қалыптастыруда өзін-өзі тану мұғалімдерінің тәжірибесін насихаттау.
Семинар жұмысына Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Ә.Б.Смағұлова, Білім басқармасының әдіскері және «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері қатысты.
                        
Педагогтар бастауыш және жоғары сыныптарында өткен «Ізгілік жолымен жүреміз», «Еңбек – бәрін жеңбек», «Жарасымды қарым-қатынас», «Өмір – бағасыз сыйлық» ашық сабақтарына және «Жарасымды отбасы» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шараға қатысты.
                        
Қазақ тілі және әдебиет тілі пәнінің мұғалімі Ражанова Айнұр Қонысбайқызы бақытты бола білудің маңызын түсіндіру, өзгелерге бақыт сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатында «Бақыт деген...» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шара соңында педагог-психолог Демеуова Мадина Сейсенбайқызы «Өзін тану «Мен» тұжырымдамасын дамыту, шыңдау жолары» тақырыбында тренинг өткізді. Семинар қатысушылары өз тілектерін, бүгінгі күннен не күтетіндерін білдірді. Тренинг «Бақыт рецептін» таратумен қорытындыланды.
                       
Барлық жоспарланған іс-шара өз деңгейінде өтті.
Семинар қорытындысы ретінде ұсыныстар енгізіліп, ұсынымдама қабылданды.

Біз әлемді танимыз!

2012 жылдың 1 наурызында «Радуга» бейнелеу студиясында облыстық балалар үйі мен Орал қаласының №4 мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілеріне арналған тақырыпты кездесу өтті. Аталған жұмыс Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Эстетикалық тәрбие арқылы баланың тұлғасын әлеуметтендіру» жобасы аясында ұжымдардың жүйелі ынтымақтастығына негізделген. 
Кездесудің басты міндеті – «Өзін-өзі тану» пәні арқылы балалардың шығармашылық жағынан дамуы құқығын жүзеге асыруға жағдай жасау. Бейнелеу өнері қатысушылардың қарым-қатынас негізіне айналды. Ұйымдастырушылардың көздеген мақсаты балалардың қоршаған ортаны, өзінің ішкі сезімдерін сурет туындысы арқылы көрсете білуге үйрету.
                                 
Іс-шара өткізу нысанымен ерекшеленді. Балалар «Өзін-өзі тану» бекеттеріне саяхат жасады. Олар «Мейірімділік», «Достық», «Махаббат», «Сыйластық» бекеттерінде театрлы миниатюралар, хореографиялық композициялар, вокалды нөмірлер, бейне роликтер қарау сияқты тағы басқа да қызықты көріністерді кездестірді. Саяхат соңы «Мейірімділік әлемінде!» тақырыбындағы сабақтармен қорытындыланды. Балалар сурет салуда педагогтардың басшылыға, тәлімгерлерінің кеңестеріне сүйене отырып, шығармашылыққа үйренді.
                               
Бейнелеу студиясы жұмысының нәтежесінде  «Мейірімділік жүректерде» атты балалар шығармашылық көрмесі жасалды. Кішкентай суретшілердің жұмыстарын қарай отырып,  балалар шығармашылығының қаншалықты көркем, жарқын, әрі ешнәрсеге ұқсамайтындығын түсінесіз. 
«Радуга» бейнелеу студиясы арқылы балалар өз құрбыларымен бетпе-бет қарым-қатынас жасап, жаңа достар таба алды.
Кездесу соңы жас суретшілерге тәтті сыйлықтар берумен аяқталды. 

Балалық шақ. Бұл – Мен және Сен!        

2012 жылдың 14 ақпанында А.Островский атындағы драма театрда еліміздің Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваның туған күніне орай «Балалық шақ құқығы әлемінде!» концертті-театрлы қойылымы өтті.
Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өткен  іс-шараның мақсаты – өскелең  ұрпақтың адамгершілік-рухани тәрбие деңгейін арттыру, «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылық әлеуетін насихаттау. Концертті-театрлы қойылымға 300-ге жуық адам қатысты.
                                    
БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ә.Масалимов іс-шара қатысушыларына сөйлеген сөзінде «әрбір баланың ішкі тұлғалық қалыптасуы және оның адамгершілік-рухани әлеуетінің дамуы – Қазақстан Республикасы ұлттық саясатының стратегиялық бағыттарының бірі. Оны Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауы анық растайды» деп баса тоқталды. 
                                   
Еліміздің Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваға шынайы алғыстарын білдіру іс-шараның лейтмотивіне айналды. Қалалық мәслихаттың хатшысы А.А.Шыныбеков өз сөзінде: «С.А.Назарбаева балаларға адамгершілік-рухани білім беру мен тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың құқықтары мен заңды мүдделер қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша қоғамға шынайы көмек көрсетуде. Балалардың нәзік жанына сенімділік пен үміт береді» деп атап өтті.
                                   
Балалар Үйлерінің, интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері, Батыс Қазақстан облысының білім беру ұйымдары, жергілікті орындаушы және өкілетті органдардың өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтары, ата-аналар ұжымы іс-шараның негізгі қатысушылары атанды.
Кездесу бағдарламасымен Орал қаласының №1 музыкалық мектептің және №7 ЖОББМ-нің оқушылары дайындаған «Өзін-өзін тану» елінде» және «Конвециямен бірге» атты әдеби-музыкалық композициясы қарастырылған. Еліміздің Бірінші Ханымы С.А.Назарбаеваның қызметіне арналған «Бөбек» ҰҒПББСО-ның  бейне фильмі қатысушылардың ерекше назарына ие болды.  

«Бәрі де Махаббаттан бастау алады» атты фестивалін өткізуі туралы 

Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасымен бірлесіп, 2012 жылғы ақпанның 2 бастап 12 дейін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының авторы – С.А. Назарбаеваға арналған онкүндік өткізіледі. Онкүндіктің соңында «Бәрі де Махаббаттан бастау алады» фестивалі өткізілді, оған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, жеткіншіктер үйі, балалар ауылы, отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушілері, қамқорлық, қорғаншылық, патронаттағы балалар, ата-аналар, ұстаздар қатысты (барлығы 500 астам қатысушы). 
                                    
Фестивальдің басты мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің рухани құндылықтарын қалыптастыру және дамыту, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу. Балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылығы орталығында «Ізгілік әлемі» балалар шығармашылық жұмыстары көрмесі ұйымдастырылды, оны фестивальдің қатысушылары тамашау мүмкіндігіне ие болды.
Фестивальді өткізуге жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернат, балалар мен жасөспірімдердің облыстық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері, «Бөбек» ҰҒПБСО ұйымдастырған шығармашылық студиялардың қатысушылары қатысты, олар өз өлеңдерін оқыды, ән айтты, би биледі. Барлық қатысушылар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының авторына ризашылығы мен сүйіспеншілігін білдірді.
                                     
Фестиваль мейірімділік, қуаныш, махаббат фестиваліне айналды және балалардың кішкентай жүректерін жылылық пен мейірімге толтырды.
Фестивальдің соңында С.А. Назарбаеваға арналған фильм көрсетілді және барлық қатысушылар «Золотое сердце» әнін орындады. 


«Рухани - адамгершілік білім берудің психологиялық педагогикалық негіздері» апталығының салтанатты ашылуы

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жалпы және педагогикалық психология» кафедрасымен бірлесіп 2012 ж. 6 ақпанда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы, «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті С.А. Назарбаеваның туған күніне арналған «Рухани - адамгершілік білім берудің психологиялық педагогикалық негіздері»  атты апталықтың салтанатты ашылуына семинар өткізді. Семинарға  университет оқытушылары мен студенттері, облыс педагогтары қатысты. 
                               
С.Аманжолов ат. ШҚМУ ректоры, проф. Б.Б. Мамраев, Балалардың құқықтарын  қорғау департаментінің  директоры А.А. Исаев қатысушыларды құттықтап сәттілік тіледі.
                              
Семинарда  рухани-адамгершілік білім беру тәжірибесімен «Жалпы және педагогикалық психология» кафедрасының меңгерушісі, пс.ғ.к. Ж.К. Аубакирова, ШҚГК ұстаздары Н.М. Полякова, Н.Ж. Омарова, Қ.С. Сүлейменова (Семей қ.), Е.Э. Суханова (Өскемен қ.) бөлісті.  Баяндамашылар Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» сабақтары тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі жүзеге асыру рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға ынталандыратын орта қалыптастыратын ықпалы мол сабақ деген сенім білдірді.
                                

«Рухани - адамгершілік білім берудің бүгіні мен келешегі» 

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жалпы және педагогикалық психология» кафедрасымен бірге 2012 жылғы ақпанның 7 жұлдызында Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған апталық бағдарламасы шеңберінде «Рухани-адамгершілік білім берудің бүгіні мен келешегі» атты он – лайн режимінде дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге облыстың барлық аудандары мен қалаларының білім беру ұйымдарының (19 ауданнан 65 қатысушы қосылды) басшылары, өзін-өзі тану мұғалімдері, ШҚМУ оқытушылары, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты. 
                               
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ «Жалпы және педагогикалық психология» кафедрасының оқытушылары пс.ғ.к. Н.Д. Унарбекова және пс.ғ.к. С.И. Богдан, БАИ аға оқытушысы Т.Н. Седченко  қатысушылармен тікелей қарым-қатынасқа түсіп, өзін-өзі тану бойынша толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.
Қойылған сұрақтар мектепке дейінгі мекемелердегі өзін-өзі тану пәнін жүргізу ерекшеліктері мен әдістемелік нұсқаулар, көрнекіліктерді қолдану, тәрбиелік шаралар бағытында болды.  Сондай-ақ, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мамандық дайындау мәселесі, мемлекеттік грант мөлшері туралы да ақпарат берілді.
Кездесу қатысушылармен тығыз байланыста қызықты өтіп,  «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері мен сынып жетекшілерге әдістемелік ұсыныстар берілді.

Облыстық «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысы 

2012 жылғы 20 қаңтарда Ақсай қаласының №6 жалпы орта білім беру мектебінде облыстық «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Бөрлі ауданы әкімшілігінің өкілдері, мектептердің, мектепке дейінгі ұйымдардың, кәсіпті-техникалық мекемелердің директорлары, БАҚ-ның тілшілері қатысты.
                                               «Жүректер үндестігі» клубы үш жыл жүмыс істеуде. Отырыстарда кең шеңберде өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне байланысты сұрақтар қарастырылып, әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің жаңа бағыттары ұсынылды. -Біздің қызметіміз қолданыстағы заңнамаға сәйкес балалардың амандығына, олардың құқықтарын қорғауға бағытталуы тиіс. Әр баланың үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау ұлттық саясаттың стратегиялық бағыттарының бірі. Ол білім беру процессі арқылы тәрбиені күшейтуге, мәдени ұйымдар қызметін жандандыруға, ата-аналардың педагогикалық мәдениеті мен жауаптылығын арттыруға, барлық мүдделі құрылымдардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерінің қарым-қатынасын нығайтуға негізделген. Бұл процесте еліміздің өскелең ұрпағына өмірдегі өз орнын табуға, жалпы адамзаттық құндылықтардың жоғары принциптері мен нормаларына сәйкес өмір сүруге  үйрететін «Өзін-өзі тану» пәні маңызды орын алады,- деп атап өтті департамент директоры Ә.Масалимов.
                                           Отырыс тақырыбын талқылауға салу барысында қатысушылармен бірқатар сұрақтар қарастырылды. Соның ішінде, оқу-тәрбие процессіне  «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу ерекшеліктері, Ақсай қаласында жүзеге асырылатын адамгершілік-рухани тәрбие аясындағы мектепке дейінгі ұйымдар мен мектеп арасындағы сабақтастықты жүзеге асыруға бағытталған халықаралық «Балаға мейірімді қала» жобысының рөлі, департаменттің облыстық жобалары арқылы ауылдық балалар үйлері тәрбиеленушілерінің  әлеуметтік практикасын кеңейту сұрақтары. Отырыс модераторларының сөздері облыстық «Фемида» клубының балалардың тұлғалық дамуына мүмкіндіктер жасаудағы қызметі туралы, «Өзін-өзі тану» пәнінің құндалықтарын насихаттайтын Ақсай қаласы педагогикалық ұжымдарының тәжірибелері туралы баяндайтын видеоматериалдармен сүйемелденді.Отырыс соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұсыныстар қабылдады.


Адамгершілік - рухани білім беру бағдарламасын дамытудағы жаңа жұмыс әдістері туралы

«Отбасы, қоғам, ҮЕҰ – болашақ игілігі үшін өзара әрекеттесуі» І республикалық педагогикалық форумның ұсынымдарын орындау мақсатында 2011 жылғы 21 қарашада № 25 ЖОМ негізінде Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Отбасы – қоғам негізі» семинарын өткізді.
Семинар шеңберінде «Өзін - өзі танушы» педагогтар және ата-аналар комитеті мен қорғаншылық кеңестердің өкілдері үшін пікір-талас алаңдары ұйымдастырылды, онда жалпы білім беру мектептеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің және ата-аналар комитеттерінің қызметін белсендірудің өзекті мәселелері қарастырылды.

                               

Осылайша, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері Свиридова Ева Александровна, Зәуреш Нәжмиденқызы Қадырова мұғалім–оқушы-ата-ана ынтымақтасу үрдісінде тұлғаның адамгершілік-рухани сапасының қалыптасуы туралы айтып берді. «Бес асыл» қоғамдық қорының директоры – Ләззат Қажытайқызы Асқаровамен ҮЕҰ отбасылармен және мектеппен әрекеттесудің жаңа жұмыс түрлері ұсынылды.
Одан басқа, семинардың қонақтары «Қазақстан Республикасында адамгершілік-рухани білім берудің өзекті сұрақтары мен жауаптары» тақырыбына арналған республикалық он-лайн конференциясына қатысты.

                              

Он-лайн конференция кезінде облыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының әдіскері Гүлнәр Балтабайқызы Қабдуәлиева «Отбасылық құндылықтарды жаңғыртудағы «Өзін-өзі тану»  пәнінің ролі» тақырыбына сөз сөйледі.
Семинардың қорытындысы бойынша ұсынымдар қабылданып, әдістемелік материалдар таратылды.


«Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» атты  тақырыпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша  семинар туралы 

2011 жылдың  10 қараша күні  №42 орта мектепте  Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Білім басқармасымен бірлескен жоспарды іске асыру аясында «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша семинар өтті.

                         

«Өзін-өзі тану»  пәнін оқытудың бірінші жылға нәтижелері,  ата-аналар мен  оқушылар,    мұғалімдер жетістіктерін  көрсету мақсатында өткізілді.
Семинар жұмысына Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Айкешева С.Қ., Білім басқармасынан инновация жөніндегі әдіскері Қопабаева Г.Қ., Департаменттің  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сарапшы жұмыс тобының мүшелері, Астана қаласы №43,4,67,29,8,10 қала  мектептерінің  «Өзін-өзі тану»   мұғалімдері  қатысты.

 

                        

№42 орта мектептің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі  орынбасары Г.М. Жүнісова,  «Өзін-өзі тану» сабағына жеке үлгілері, жаңа интерактивті  әдістер қолдану,  «Өзін-өзі тану» сабағында жеке қарым-қатынас үлгісі,  мұғалім өмірінің рухани бірлестігі,  оқушы, ата-анаға  «Өзіңді жақсы көру, өзіңе сенімді болу» атты тақырыпта тренинг  өткізді.
Сонымен қатар, семинар қатысушыларына мұғалімдер мен оқушылар портфолиосы, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша дамыту дидактикалық материалдары,  оқу-әдістемелік   әдебиеттер көрмесі әзірленді.  
Семинар жұмысы соңында ұсынымдама қабылданды.

 


«Өзін-өзі тану» - рухани  адамгершілік білім берудің бастамасы» атты тақырыпта «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жас мамандарға арналған  оқыту семинары

2011 жылғы 21 қазанда № 49 мектеп базасында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті (бұдан әрі – Департамент), Білім басқармасымен бірлескен жоспарды іске асыру мақсатында жас мамандарға  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқыту семинарын өткізді.
Семинардың мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнінің жас мұғалімдерге әдістемелік, практикалық көмек көрсету және тәжірбие алмасу.            Семинарға Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Білім басқармасының әдіскері Копабаева Г., Департамент жанынан құралған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жұмыс тобының сарапшы мүшелері, Астана қаласының №4, 7, 12, 21, 23, 25, 26, 34, 55, 61 мектептерінің «Өзін-өзі тану» пәнінің  мұғалімдері қатысты.

                        

Адамның адамгершілік - рухани дамуы бөлімінің бастығы Айкешева С., өзі сөзінде осы  жоғары аталған жоспарды іске асыру жөнінде  бірлескен іс-шаралардың толық сериясын ашатынын, сондай-ақ  «Өзін-өзі тану» пәні оқушылар мен ата-аналар, педагогтар арасында жоғарғы бағаға ие болғанын атап өтті. 2011-2012 оқу жылына Департамент мамандары динамикалық бақылауда оқушылардың төмендегі жетістіктерге жеткенін  көрсетті:
- оқушылар арасында   психологиялық  климаттың ұлғайғаны;
- коммуникативті дағдылардың жетілгені;
- өзіне-өзі сенім, өзін-өзі бағалау деңгейінің артуы;
- мейірімді және өзін-өзі дамытуды әзірлеу;
Семинарға қатысушылар «Елім деп соққан жүрегім» тақырыбындағы 8 «а» сынып (мұғалімі - Қобланова Н.), «Ата-анаң - алтын тұғырың» 11 «б» сынып  (мұғалімі - Шәкірова Б.), «Жақсылықпен жаным дос» 5 «Ә» сынып (мұғалімі - Жолдасова А.), «Менің ұстаздарым» 2 «Д» сыныптардағы (мұғалімі - Әлбергенов З.) панорамалық сабақтарда және  «Махаббатпен жылытылған жүрек» атты сыныптан тыс іс-шараларға қатысты.

                        

Сонымен қатар, семинарға қатысушыларға оқы-әдістемелік кітап көрмесі әзірленді, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша дидактикалық материалдар, ұстаздар мен оқушылар портфолиосы әзірленді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылған, № 49 орта мектебінде  Тәуелсіздік  кабинеті ашылғанын қуанышпен атап өтуге болады.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы С.Айкешева  өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие және білім беру жөнінде «Өзін-өзі тану» пәнін кеңейтуде, Астана қаласында бір мектепті мамандандыру, «Өзін-өзі тану» немесе рухани-адамгершілік мектебі деп атауға болады деген ұсынысын айтты.
Жұмысты қорытындылау барысында семинарға қатысушылар жас қазақстандықтарға рухани-адамгершілік білім беруге үлес қосқан «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарына, ұйымдастырушыларға, мектеп әкімшілігіне өздерінің алғыстарын айтып, осындай оқыту семинары жас мамандардың көптеген қызықтыратын сауалдарына ғана емес кәсіби оқытушылардың да  сауалдарына жауап табылатынын атап өтті.
Семинарға қатысушылар «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Департаменттің және Білім басқармасымен бірлескен жоспары бойынша жұмысты толығымен жалғастыруды атап өтті.


Батыс Қазақстан облысында  2011 жылдың 3-8 қазан аралығында «Өзін-өзі тану»  пәнінің педагогтарына әдістемелік көмек көрсету         

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Бөбек» ҰҒПББСО-мен бірлесіп «Өзін-өзі тану» тану пәнін енгізу процесін ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу, педагог қызметкерлерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2011 жылдың   3-8 қазан аралығында Батыс Қазақстан облысы аумағында жұмыс тобының қызметі ұйымдастырылды. 

 

 

Жұмыс тобының құрамына Астана қаласы Білім басқармасының бас маманы Г.О.Сарағойшина, Адамның үйлесімді дамуы Институтының жетекші ғылыми қызметкерлері, «Өзін-өзі тану» тану пәнінің авторлары  Ж.Ж.Әкімбаева, Р.О.Ізғұттынова, Ж.Б.Кажигалиевалар кірді. Сапардың барысында Орал қаласы, Ақсай қаласы, сонымен бірге Ақжайық, Бөрлі, Теректі аудандары қаралды.

                     

Жұмыс тобының бағдарламасында мектепке дейінгі – мектеп – мектептен кейінгі деңгейлердегі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуы және оқу-тәрбиелік процессімен танысу қаралды.
Жұмыс тобы мүшелерімен жүргізілді:
- Мектепке дейінгі және мектептегі өзін-өзі тану тану пәнінің педагогтарымен, әдіскерлерімен, білім беру ұйымдарының басшыларымен  кеңестік кездесулер;
- М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің   студенттеріне арналған шеберлік сыныптары;
- Кәсіби-техникалық ұйымдардың директорлар орынбасарларына, өзін-өзі тану тану педагогтарына арналған практикум;
- Зеленов, Жаңақала, Казталов, Тасқала аудандарының және Орал қаласының облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының тыңдаушыларына арналған тренингтер;

 

 

 

Адамның үйлесімді дамуы Институтының өкілдері «дөңгелек үстел» шеңберінде М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжінің ғылымдарымен Өзін-өзі тану тану пәнін енгізу ерекшеліктерін қарады. «Балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеуді ұйымдастыруға жобалық ыңғай» тақырыпты  кездесу барысында Батыс Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмыс тәжірибесін талқылауға қатысты. Жоғарыда аталған іс-шараларға барлығы 1000-ға жуық педагогтар мен балалар қатысты.

 

 

Жұмыс ашық режимде жүзеге асырылды. Облыстық «Қазақстан-Орал», Бөрлі ауданының «Қарашығанақ» телеарналарында екі жаналықтар көрсетілімі шықты. Облыстық «Приуралье» және аудандық «Теректі жаналығы», «Бурлинские вести» газеттерінде мақалалар шықты.

 

 


Жүректердегі әсем әуен

Бізге, Павлодар және Екібастұз қалаларының әдебиет студияларының тәрбиеленушілері Назыбекқызы Адиляға, Чевтаева Маринаға, Өнербек Мейрамға және Байрон Мареске «Поэзия» республикалық шығармашылық стуциясына қатысуымызға сәтті мүмкіндік берілді, біздің жұмыстарымыз «Мейр», «Өзін-өзі тану KZ», «Жұлдыздар» журналдарында басып шығару үшін таңдап алынды.
Студияның басты мақсаты - дарынды балаларға әдеби шығармашылық аясында қолдау көрсету.
Біз әрине қонақжай «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығында өткізген бақытты сәттеремізді ұмытпаймыз.
Студияны өткізу кезінде біз үшін Қазақстанның белгілі жазушыларымен оқыту мастер-класстары ұйымдастырылды, бос уақыт өткізу бағдарламасының шеңберінде біз Алматының әдеби орындарына, хайуанаттар бағына, Абай атындағы ГАТОБ, Ю. Григоровичтің қойылымындағы «Махаббат туралы аңыз» балетіне бардық.

 

 

Студия «Келесі шығармашылық кездесулерге дейін!» атты музыкалық кешпен аяқталды, онда барлық қатысушылар балалар да, ересектер де ән айтып, би билеп, ойындарға қатысты. Студияның барлық қатысушыларына сертификаттар және естелік сыйлықтар табыс етілді, ал жетекшілер алғыс сөздерін айтып, достық туралы көңілді ән орындады.

 


2011 жылғы 21-24 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысында  «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтарына әдістемелік көмек көрсету  бойынша жұмыс тобының шығуы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен «Бөбек» ҰҒПББСО-мен бірлесіп «Өзін-өзі тану» тану пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2011 жылғы қыркүйек айының 21 мен 24 аралығында Маңғыстау облысындағы Мұнайлы, Тұпқараған, Бейнеу аудандары мен Ақтау қаласы бойынша баруы ұйымдастырылды.
Жұмыс тобының құрамына «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының қызметкерлері, «Өзін-өзі тану» оқулығының  әзірлеуші-авторлары енді.
Жұмыс тобының мүшелері Алматы облысынның 60 мектебінің, 40 балабақшаның, 5 колледждерінің педагогтармен, ата-аналар комитетінің өкілдерімен, оқушылармен кездесулер өткізді.
Облыстың 687 педагогтары жұмыс тобының мүшелері ұймдастырып, өткізген мастер – кластармен тренингтерінің, сонымен қатар, көрсетілген бейнероликтердің күәгерлері болды.
«Бөбек» ҰҒПББСО-ның «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтарына әдістемелік көмек көрсету жұмыс тобының мүшесі Ж.Б.Қажығалиевамен Маңғыстау облысының «Қазақстан-Ақтау» телеарнасында сұхбат берілді.
Маңғыстау облысының педагогтармен ата-аналарымен кездесуі «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасының авторына С.А.Назарбаеваға алғысын білдіруімен сүйемелденді.

 


«Руханият. Төзімділік. Ашықтық» Облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізу туралы 

2011 жылдың 28 қыркүйегінде «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 2 орта мектебі» ММ базасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы шеңберінде Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасымен «Руханият. Төзімділік. Ашықтық» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.

 

 

Конференция жұмысына Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Қостанай облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы, Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі, Білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының өкілдері, философия ғылымының кандидаты, ҚМУ профессоры, Қазақстан Республикасының Педагогикалық ғылым академиясының құрметті мүшесі, аудан және қала білім бөлімдерінің әдіскерлері, облыс білім беру ұйымдарының өзін-өзі тану мұғалімдері және БАҚ қатысты. Конференцияға барлығы 90 адам қатысты.  

 

 

Пленарлық отырыста Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары  «Оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеуде педагогтың жеке тұлғалық рөлі туралы» тақырыбында баяндама жасады.
Күннің екінші жартысында конференция жұмысы келесі секциялар бойынша жалғасты:
-   «Өзін-өзі тану баланың жеке тұлғалық үйлесімді даму негізі ретінде»;
- «Этнотолеранттық білім беру ортасы қазақстандық қоғамның тұрақты даму факторы ретінде»;
- «Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер арқылы оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу идеясын жүзеге асыру»;
- «Руханият, төзімділік, ашықтық қазіргі заманғы қоғамның жоғары құндылығы ретінде».
Конференцияға қатысушылар өскелең ұрпақты төзімділік және руханилық тәрбиелеумен байланысты мәселелердің өзектілігін бір ауыздан белгіледі. Оқыту ортасын ізгіліктендіру, сындарлы өзара қарым-қатынас қалыптастыру, даушы тұлғаның өз қабілеттерін көрсету мүмкіндіктерін жасау педагогикалық кадрлардың жақын болашақтағы қызметінің негізгі бағыттары болып табылады.
Конференцияға қатысушылар бастауын тапқан жұмыс жемісті болып, Қазақстанның гүлденуіне ықпалын тигізетіндігіне үміттерін білдірді.  

 


Оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеуде жаңа  технологияларды қолдану

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау  институтымен бірлесіп «Бірыңғай білім беру кеңістігінде мектеп, отбасы және қоғамның өзара әрекеттестігі. Оқушыларды рухани-адамгершілік тәрбиелеуде жаңа  технологияларды қолдану» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздарының тәжірибесімен таныстыру мақсатында облыстық семинар өткізді. Семинарға қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің өзін-өзі тану пәніне жетекшілік ететін әдіскерлері  және ұстаздары қатысты.

 

 

Семинарда өзін-өзі тану пәні сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды, жобалау әдістемесін,  балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеуде этнопедагогика элементтерін қолдану, өзін-өзі тану пәні сабақтарында рухани-адамгершілік тәрбиелеуді психологиялық сүйемелдеу және т.б. сұрақтары талқыланды. Семинарға қатысушылар Н.И. Кудашова (Зырян ауданы)   және   О.В. Саповатованың (Риддер қаласы) интерактивті технология қолданып жасаған әдістемелік жинақтарын жоғары бағаласа, ал А. Б. Қабдрахимованың (Көкпекті ауданы)  балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеуде этнопедагогика элементтерін қолдану бойынша  тәжірибесін басылымға  беруге  ұсынды. 

 

 

Сондай-ақ, Г. Т. Абуталипованың (Аягөз қаласы) жобалау әдістемесін «Өзін-өзі тану» пәні сабақтарында қолдану бойынша тәжірибесі қатысушылардың қызығушылығын тудырып,  осы тақырып бойынша әдістемелік ұсыныстар  шығару туралы кеңес берілді.
Қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің белсенді әдіскерлері  ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.   

 


«Сара Алпысқызының білім гранттарына 72 түлек ие болды»

«Бөбек» ҰҒТББСО-да «Бөбек» қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы тағайындаған білім гранттары табыс етілді.Аталмыш грантты биылғы білім бәсекесінде еңүздік көрсеткішке қол жеткізген 72 түлек жеңіп алды. Сара Алпысқызы грант иелерінің ішінен ең жоғары балл жинаған Александр Шалагинге өз қолымен «Алтын кілтті» табыс етті. Осынау білім көгіне ұмтылған балалардың дені жетім, асыраушысынан айрылған, көпбалалы отбасынан, ата-анасының  бірінен айрылған болса, Сара Алпысқызының білім гранты осы балаларға қамқорлық көрсету мақсатында тағайындалып отыр.- Қазақта «Білімді бірді жығар» деген қанатты сөз бар. Сендер «инемен құдық қазып», білім нәрімен сусындап, болашаққа үлкен қадам бастап отырсыңдар. Адамгершілік құндылықтарыңды бойларыңда сақтап, мемлекетіміз үшін адал қызмет етіңдер,- деген Сара Алпысқызы өзінің аналық ақ тілегімен талапкер жастарға үлкен сенім білдірді.Грант иегері атанған жас талапкерлер де өз кезегінде Сара Алпысқызына алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді. Мәселен, грант иегері атанған Арнагүл Төлеген өзінің жүрекжарды лебізін былайша сабақтады:- Мен қамқоршысынан айрылған балалардың бірімін. Тиісті құжаттарымды жинап, жоғары оқу орнына тапсырғаныммен, 77 балмен өте алмадым. Көп ұзамай мен сияқты балаларға арнап Сара Алпысқызының білім грантын тағайындағанын естідім. Осы грантты жеңіп алғанымда өзімді шексіз бақытты сезіндім. Болашақта білікті маман болып шығып, Қазақстанның көркеюіне өз үлесімді қосатын боламын,- деді.Жалпы, білім гранттарына байқау осы жылдың 17-мамырында жарияланған болатын. Байқаудың бірінші кезеңі 15- маусым мен 20-шілде аралығында облыс орталықтарында , екінші кезеңі 15-17-тамыз аралығында «Бөбек»   ҰҒТББСО-да өткізілді.Республика бойынша байқаудың екінші кезеңіне 97 бала қатысып, олардың 72-сі білімдерін жалғастыруға мүмкіндік алды. Жеңімпаздардың 53-і жоғарғы оқу орындарында, 19-ы колледжде оқитын болады. Тұңғыш рет өткізілген іс-шараның соңы көңілді бағдарламаға ұласты

Рая Ескендір, 
«Алматы ақшамы»,
27 тамыз 2011 жыл, 
№ 100-101


«Адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі»  тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері  секциясының жұмысына қатысу туралы 

12 тамызда «Адамгершілік-рухани білім және тәрбие беру процесінде мектеп пен отбасының әрекеттестігі» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері секциясының отырысы өтті. Отырысқа «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты. 
Секция жұмысының мақсаты - адамгершілік-рухани білім және тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру процесінде отбасы мен мектеп әрекеттестігінің түрлерін және әдістерін қарастыру.

 

 

 

Қатысушылардың алдында «Адамгершілік-рухани білім және тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың әлеуметтік серіктестігі» тақырыбында балалардың құқықтарын қорғау департаменті бөлімінің бастығы сөз сөйледі. Өз сөзінде жауапты азаматты тәрбиелеуге тек отбасы мен мектеп емес, барлық азаматтық қоғамның қатысы барын атап өтті. Адамгершілік-рухани білім бағдарламасын жүзеге асыру аясында, департаментпен мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлескен жоспарлар жасалды. 

 

 

 

Жоспарларды жүзеге асыру бойынша жұмыс тәжірибесі секцияның қатысушылары: адамгершілік-рухани тәрбие бойынша мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің, бағдарламаны ендіруді ақпараттық ағарту бойынша аудандық білім бөлімдерінің өкілдерімен көрсетілді. Департаментпен «Өзін-өзі тану» бағдарламасын ақпараттық ағартуға қатысқан үздік аудандар: Тайынша, Айыртау, Қызылжар аудандарының білім бөлімдері алғыс хаттармен марапатталды.
«Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері секциясы жұмысының қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды. 

 


Риддер қаласы «Вертикаль» жазғы спорттық - сауықтыру лагеріндегі «Өзін-өзі тану» мектебі 

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысына орай Риддер қалалық білім беру бөлімінің бастамасымен «Вертикаль» жазғы спорттық-сауықтыру лагерінде «Өзін-өзі танудың» жазғы мектебі ұйымдастырылды.
Жазғы мектептің мақсаты  әр оқушының өзінің ішкі әлемін және өзіндік ерекшелігін түсінуі, өзінің өмірлік ұстанымын анықтау, өзімен, айналасындағы адамдармен және қоршаған ортамен мейірімді қарым-қатынас орнату, адамдарға мүмкіндігінше көмек көрсету, туысқандары мен жақындарына қамқор болу, өзімен-өзі келісімде өмір сүру, ойы, сөзі мен әрекетінде шыншыл болу секілді өмірлік маңызды құзырлықтарды, практикада қоғамға қызмет ету дағдыларын мақсатты дамыту арқылы тұлғаның үйлесімде қалыптасуына ықпал ету болды.

 

 

Жалпы жазғы мектепте Риддер және Өскемен қалаларының аз қамтамасыз етілген отбасыларынан 7-17 жас аралығындағы 126 оқушы қатысты.
Сабақ әңгімелесу, мыйға шабуыл, тренинг, рөлдік ойын, пікірталас түрінде өтіп, белгілі бір мәселені шешуге бағытталды: балалардың өз сезімдерін, эмоциясы мен әрекеттерін, рухани әлемін өзіндік тануы мен түсінуі және т.б. Сабақ шеңберінде Адам деген кім?, Менің «менім» қайда өмір сүреді?,  Менің бақытымның формуласы, Өзіндік пен жауапкершілік, Менің арманым тақырыптарын балалар асқан қызығушылықпен талқылады.
Балалар «Өзін-өзі танудың» жазғы мектебінің жұмысы туралы пікірлерінде сабақтар олардың өзін-өзі бағалауын көтеруге, өмірінің құндылығын байқауға мүмкіндік бергенін айтады.
«Өзін-өзі тану» жазғы мектебі «Смотрю на мир, как на чудо»  атты балалардың концертімен аяқталды.

 

 

 


Өзін-өзі тану – біздің болашағымыз

Алғашқы емтихандардың алдында Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы колледжінің студенттері мен 2011 жылғы талапкерлердің кездесуі өтті. Бұл балалар өз өмірлерін «Өзін-өзі тану» пәнін оқытумен байланыстырады. Олардың болашақ педагогикалық қызметінің мақсаты «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын заманауи білім беру жүйесіне сәтті енгізу болып табылады.
Департамент директоры Гүлбарам Әуезханқызы Наурызбаева және департамент қызметкерлері туған Павлодар қаласына келген ІІ курс студенттерді қарсы алды. Осыдан бір жыл бұрын біз оларды Алматы қаласына оқуға түсуге шығарып салып, жақсы хабарды тағатсыздана күткен едік. Ал бүгінгі күні олар қызығы мен шыжығы мол студенттік өмір, әр күн жақсылықтан басталатын колледждегі «қуаныш шеңберлері», нәзік бала жанының қиын заңдарын біліп-тануға көмектесетін ұстаздары, «Өзін-өзі тану» ғылымын толық меңгеруде оқитын пәндері  туралы әңгімелер айтады.
Болашақ студенттер колледждегі өмір мен оқу туралы көп сұрақтар қойды. Осындай оңтайлы сәтті пайдалана отырып балалар пәндер туралы, ұстаздар туралы көп сұрақтар қойып, барлығын біліп алғылары келді. Мұндай бас қосу талапкерлерге емтихан тапсыру кезіндегі толқуларын басып, өздеріне сенімді болуға көмектеседі.

 

  

 

Кездесудің барлық қатысушыларына сыйлықтар таратылды, бұл сыйлық әрбір студентке қажет. Тамыз айының басында талапкерлер «Өзін-өзі тану» колледжіне оқуға түсуге барады. Оларға сәттілік тілейміз.

 


Өзін-өзі танудың жазғы мектебі

ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын ақпараттық-насихаттауды сүйемелдеудің іс-қимыл жоспарын іске асыру бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Осы мақсатпен Департамент пен «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасының шығармашылық тобы кезекті түсірілімін Зырян ауданының білім беру бөлімі Зырян қаласы мектеп-лицейінің  ұстаздарымен бірлесіп ұйымдастырған Өзін-өзі танудың жазғы мектебінде жүргізді.
Өзін-өзі танудың жазғы мектебі 2011 жылғы 25 - 30 маусым аралығында «Саяхат» демалыс орталығында ашылды, жазғы мектепте  7-8 сыныптардың 20 баласы демалды.

 

 

 

Жазғы мектептің бағдарламасы рухани-адамгершілік құндылықтарды дамытуға және жасөспірім әлеуетін барынша ашуға бағдарланған. Өзін-өзі танудың жазғы мектебін психолог, өзін-өзі тану мұғалімдері З. Е. Алпыспаева, И. А. Афанасьева  мен  М. А. Қадырбаева жүргізді.
Бағдарламаның мазмұнына:
1. Біздің мұнда кездесуіміз қандай тамаша. Достық айнасында.
2.  Адам және ұжым. Қарым-қатынастар әлемі.
3. Адамның мүмкіндігі. Өзіне деген сенім. Табысқа жету жолдары. Арман мен шындық.
4. Шығармашылық қуанышы.
5. Денсаулық сақтау өнері тақырыптары кірді. Терең тәрбиелік мәні бар мысалдар, әңгімелер таңдалып алынды.
Лагерьде әр күн қызықты өтті. Таң «Шаттық шеңберінен» басталып, өткен күн қорытындысы бойынша жетістіктері үшін  балалар марапатталды,  сенім поштасының хаттары оқылып, күн жоспары талқыланды.

 

 

 

Кестеге сәйкес топтар бойынша тақырыптық тренинг сабақтары өткізіліп, ұйымдасқан ұжымды қалыптастыруға, топтық тәртіп нормаларын саналы қабылдау дағдыларын дамыту үшін оңтайлы жағдай құруға, өзіндік ашылу үрдісінің тереңдеуіне, топ мүшелері арасында достық қатынастардың бекуіне, топта сенімділік пен ашықтық атмосферасын құруға әсерін тигізді. Балалар  спорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысып қана қоймай, оны өздері ұйымдастырып өткізуге атсалысты. Түстен кейінгі тыныштық  сағатында мысалдар, әңгімелер оқылып, қызу талқыланды. Әр күн «Жүректен жүрекке» шеңберінде қорытындысын шығарумен аяқталды.
Балалар жазғы мектепте жақсы демалып қана қоймай, өздерінің әлеуетін жүзеге асыру, жасампаздық белсенділік таныту, адамгершілік тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту, өз ойы, сөзі мен  ісіне жауапты болу мүмкіндігіне ие болды.

 


Шығармашылық шеберхананың  іс-әрекеті

«Әрбір Қазақстандық бала толық адамгершілік-рухани дамуына құқылы. Ересектердің міндеті – осы балалық шақ құқығын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіншілікті үйлесімді пайдалана білу».
БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтік жоба шеңберінде «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық шеберхананың көшпелі отырысындағы жұмыс лейтмотивы осы болды. 
10 маусым күні Зеленов ауданының Переметное ауылында шеберхана жұмысына қатысушылары «Мектепке дейінгі балалардың адамгершілік-рухани қалыптасуымен дамуының құқығын жүзеге асыру ерекшеліктері» атты тақырыпты талқылады.
Елдегі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың адамгершілік-рухани дамуынның нормативтік-құқықтық негіздері, педагогикалық ынтымақтастық құралдарымен бала тұлғасының рухани құндылығының қалыптасуы, ата-аналармен жұмыстану барысында «Өзін-өзі тану» құндылық әлеуетін қолдану ерекшеліктері және басқа сұрақтарды ашық талқылау үшін отырыстың бағдарламасында тренингтер, шығармашылық материалдардың тұсаукесері, диалог лекциялары қарастырылды. Осы бағыттағы облыс педагогтарының жұмыс тәжірибесін дәлелдейтін бейнекөрмелерді көруге жиналғандар көп назар бөлді.

 

Отырысқа қатысушылар: мектепке дейінгі мекемелердің, шағын орталықтардың педагогтары мен басшылары, Зеленов ауданының мектеп-балабақшалары, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ тілшілері   «Өзін-өзі тану» пәнінің баланың әлемге деген оң қатынасы, айналадағы адамдарға, қауымдағы өз рөліне мүмкіндіктеріне назар бөлді.
Отырыс соңында барлық қатысушыларға ресурстық материалдар пакеті және «Қазақстан балалары» ғылыми-методикалық журналы берілді.

 


Өзін-өзі тану Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 

2011-2012 оқу жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология» кафедрасының психология-педагогика факультетінде «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» жаңа мамандығы ашылуда.
А.ж. 17 маусымда ғылыми кеңес құрылды, оған ПМПИ ректоры Н.Р. Аршабеков, облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ә. Наурызбаева қатысты.
ЖОО-ның тарихы бай әрі толық, алдағы уақытта ол 50-жылдығын мерекелейтін болады. Жұмыс жылдары 30 мыңнан аса мамандар дайындалды. Олардың көбісі белгілі ғалым, ірі қоғам қайраткері, білім беру ұйымдарының басшылары, танымал педагогтар болып шықты. Бүгін ПМПИ педагогтардың білім сапасын және тиімділігін арттыру бағытталған өз жоспарлы жұмысын жасайды, облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментімен тығыз байланыс жасайды.
Күш бірлесіп «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтары үшін бірқатар оқыту семинарларын, ғылыми-практикалық конференцияларды өткізді, психология кафедрасының оқытушылары «Игілігі үшін ұрпақтың» облыстық педагогтар клубының мүшесіне енеді. Осының барлығы ЖОО-ның жаңа мамандықтардың тізіліміне  «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бакалавр енгізу үшін оқу бағдарламаларын, силлабусты бекітуге мүмкіндік берді.
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы бакалаврының кәсіптік қызметінің саласы жалпы білім беру оқу ұйымдарында, арнайы (түзету) білім ұйымдарында, пеницитарлық үлгісіндегі мекемелерде, оңалту орталықтарында балалар мен оқып жүрген жастардың әлеуметтенуіне және тұлғалық дамуына ықпал етеді. Институттың материалдық-техникалық базасы осы бағыттағы студенттерді дайындауға мүмкіндік береді. ЖОО-да теориялық пәндерді психология ғылымдарының докторы, профессор - Б.А. Амиров, психология ғылымдарының докторы, профессор, психология-педагогика факультетінің деканы - А.К. Нұрғалиева, биология ғылымдарының кандидаты - Р.Н. Демиденко, профессор, психология ғылымдарының кандидаты, доцент - Б.Г. Сәрсенбаева және т.б. жүргізетін болады. 

 


«Хабар»

30.05.2011 05:01

«Бөбек» орталығында «Сурет өнері» студиясы ашылды

Бүгін «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығында әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар мен жеткіншектерге арналған «Сурет өнері» студиясы ашылды. Алғашқы дәріске республикамыздың әр өңірінен келген 40 бала қатысты.
Олардың барлығы түрлі байқаулардың жеңімпаздары. Балалардың қиялын шарықтатып, бойын сергітіп, әсемдік әлеміне жетелейтін пәндердің бірі – бейнелеу өнері. Балалар өз ұғымындағы ғажайыптарды, көрген-білгендерін, әсерін, ішкі сезімін сурет арқылы жеткізеді. «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік білім беру және сауықтыру орталығының мамандары әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында «Сурет өнері» студиясын ашып, олардың біліктілігін шыңдайтын шеберлік дәрістерін ұйымдастыруда. Шараның басты мақсаты – бейнелеу өнеріне бейім жастардың шығармашылығын жетілдіру.
Ақберен Елгезек, Адамның үйлесімді даму институтының директоры:
- Қазақта «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген керемет қағида бар ғой. Біз осы қағиданың шеңберінде шығармашылық студиялар ашып отырмыз, бейнелеу өнері, әдебиет және басқа салаларда. Бүгін бірінші рет бейнелеу студиясын ашып отырмыз. Бұл 40 баланың ішінде ХІХ ғасырдың Қастееві, Айвазовскийі, Пикассосы бар деп үміттенеміз.
Дулат Әлиев, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, студия жетекшісі:
- Қарапайым дейміз, қандай керемет талдар, аспан, таулар, бұлттар, шөп, үйлер адамның қолынан туған. Адамның өзін, қимылдамайтын заттар осының бәрі суретшіге тақырып ретінде өнеріне қымбат зат. Ең қымбаттысы осындай білім бере алсақ, өнермен айналысып келе жатқан балаларға. Олардың жүрегінде сенім пайда болса, өздерінің күшіне.
Балалар табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт ұялататын өмірдің нәрі екендігін жақсы түсінеді. Бірі кең байтақ даламызды мақтан тұтса, екіншісі шетсіз, шексіз теңізден шабыт алады, үшіншісі тауға қарап сүйсініп, биік белестерге ұмтыламын дейді.
Гүлнәфиз Тыныштыққызы, жас суретші (Ақтөбе облысы):
- Мен көбінесе пейзаж, натюрморт, табиғатты бейнелегім келеді. Және де адамдардың өміріндегі барлық, мысалы қаланың ішін, жайлауды, ауылды салғанды ұнатамын.
Еркебұлан Кенжеғалиев, жас суретші (Алматы қаласы):
- Маған сурет салу өте қызықты. Мен арманым, өз ойымдағы суреттерді, сосын қарап салғанды өте ұнатамын. Үй жинап, шаршаған кезде суреттер саламын. Оны әртүрлі бояулармен бояймын.
Республикамыздың әр өңірінен келген 9 бен 15 жас аралығындағы жас суретшілерге кәсіби мамандар дәріс береді. 5 күн ішінде балалар бейнелеу өнерінің әліппесін ашып, қыр-сырын игереді, сондай-ақ, әсем Алматының көрікті жерлеріне саяхат жасап, түрлі ойын-сауық бағдарламаларына қатысуға мүмкіндік алады. Ал, ең үздік туынды «Өзін-өзі тану.KZ» журналында жарияланады.
 


«Жаңа жолдағы – жаңа бағыттар» атты облыстық«Жүректер үндестігі» педагогикалық Клубының 2011 жылғы 1-ші кеңейтілген отырысы

2011 жылғы 6 сәуір күні М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Жаңа жолдағы – жаңа бағыттар» атты облыстық «Жүректер үндестігі» педагогтар Клубының  2011 жылғы 1-ші кеңейтілген отырысы өткізілді.
Шараның мақсаты:
- сабақтастық және тұтастық игерушілік «Өзін-өзі тану» бағдарламасының принциптерін білім беру саласының барлық деңгейлерінде: мектепке дейінгі   ұйымында, мектепте және жоғары оқу орнында сақталуы;
- өзара түсүнушілік принциптерінің негізінде балалардың жеке басының әлеуеттік мейрімділік пен қатыгездіқ, қайырымдылық пен кешірімділік, ризашылық   көзқарасын ашу.
Аталған шара жұмысына М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері, қалалық білім беру бөлімінің өкілдері, қала мектептерінің және мектепке дейінгі ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдері, БАҚ-ның өкілдері, барлығы 120 адам қатысты.
Шара барысында облыстық Клуб мәжілісі қатысушыларының назарына «Жаңа жолдағы – жаңа бағыттар» тақырыбында п.ғ.к., М.Өтемісов атындағы БҚУ «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысы Г.А.Ергалиеваның,  Орал қаласы №44 ЖОББМ мұғалімі К.Х.Темирғалиеваның, Орал қаласы №1 ЖОББМ мұғалімі К.А.Сахипованың, Орал қаласы №38 «Жазира» МдҰ-ң тәрбиешісі А.А. Бекесованың мастер-класстары ұсынылды.
«Өзін-өзі тану» курсы бойынша, педагогтардың  шығармашылық  дифференциалды ізденісті қолданып, интерактивті әдістерді, психологиялық тренингтерді, әлеуметтік-рольді   ойындарды  пайдалануды, «Өзін-өзі тану пәнінің мәселелері мен дамыту жолдары» тақырыбында  п.ғ.к., доценті, «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысы Р.Н.Испулова сұрақ-жауап арқылы отырысты қорытындылады.
Қатысушылар «Өзін-өзі тану» пәні кабинеттерімен және жұмыстанатын оқу-әдістемелік құралдарымен танысты.

 

  

 


Теориядан практикаға

Бүгінгі күні азаматты адамгершілік-рухани тәрбиелеу үрдісін қоғамның ілгері дамуы деп айтуға болады. Адамгершілік-рухани тәрбиелеу міндеттерін кешенді шешуде қоғам өмірінің барлық субъектілері қатысуы керек. 
Бұл үрдістегі жетекші роль, әрине жалпы білім беру мектептеріне тиісті.Психологиялық тренингтер, педагогикалық кеңес берулер, бірлескен оқулар мен мерекелер мұғалімдерге ата-аналармен бірлесіп отбасылық тәрбие мәселесінде туындаған мәселелерді шешуге көмектеседі, проблемалы жағдайларды шешуге үйретеді, өзін-өзі, өзінің балаларын түсінуге, баласымен бірге жақсы жаққа өзгеруге мүмкіндік береді.А.ж. 24 наурызда «Игілігі үшін ұрпақтың» облыстық педагогикалық клубының Алғашқы көшпелі отырысы өтті.
 Клуб мүшелері балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің мамандарымен бірлесіп Павлодар қаласының № 2 ЖОМ-да ғылыми-практикалық семинар өтті.
 Семинардың жұмысына әлеуметтік педагогтар, психологтар, ата-аналар қауымдастығы, мектеп омбудсмандары қатысты.
Осы күні мектеп фойесін балалардың шығармашылық көрмесі, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының әдістемелік әдебиеті көріктендірді.«Игілігі үшін ұрпақтың» облыстық педагогикалық клубының Алғашқы отырысын Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ә. Наурызбаева ашты.
Гүлбарам Әуезхановна облыстағы педагогикалық клубтың қызметі туралы хабарлама жасады.Семинардың жұмысы үш секция бойынша өтті: 
1. Әлеуметтік педагогтар мен психологтар үшін «Балалар үйлері түлектерін жалпы білім беру мектептерінде, мектеп-интернаттарда және түзету ұйымдарында әлеуметтік бейімдеу және психологиялық оңалту» ғылыми-практикалық семинар. Модераторлары педагогика ғылымдарының докторы, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры - Г.М. Кертаева, психология және педагогика ғылымдарының докторы, С. Торайғыров атындағы ПМУ профессоры, педагогика кафедрасының меңгерушісі – Е.И. Бурдина.
2.  Ата-аналар қауымдастығы үшін «Отбасы тәрбиесі – Қазақстанның өркендеу кепілі» ақпараттық-практикалық семинар.Модераторлары: Б.Г. Сәрсенбаева - педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМПИ доценті, Р.К. Хакимов - педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМПИ психология кафедрасының аға оқытушысы.
3. Мектеп омбудсмандары үшін «Оқушы және оның құқықтық құзыреті» ақпараттық-практикалық семинар. Модераторы: Н.В. Нефедова – облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы, Смаилова Фарида – «Құқықтық шолғыншы» үгіттобының басшысы.
«Игілігі үшін ұрпақтың» педагогикалық клубы қатысушыларды біріктіріп, әсерлендірді, ойы бір – бір отбасы қылды, жаңа идеялармен алмасуға мүмкіндік жасап, одан әрі табысты қызмет атқаруы үшін күш берді.
Семинардың соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

 

  

 


«Бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік-рухани қасиеттерін дамыту» облыстық семинар

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2011 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 2011 жылдың 25 ақпанында Тараз қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты №1 мектеп-гимназиясының кешенінде тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарына және білім бөлімдерінің әдіскерлеріне арналған семинар ұйымдастырылды.Аталмыш іс-шараға облыстағы жалпы білім беретін мектептердің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері мен қалалық, аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Семинарға барлығы 35 жуық адам қатысты.Әріптестерінің алдында мектеп әкімшілігінің өкілдері мектептің видео-презентациясы және «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында көрме, ақпараттық сессия, ашық сабақтар, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.Семинардың қорытындысы бойынша рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбие саласында ведомствоаралық байланыс пен мемлекеттік ұйымдардың қызметтерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету жүйелерін жетілдіру, рухани-адамгершілік білім және тәрбие берудегі озық тәжірибелерді жинақтау және тарату туралы ұсыныстар қабылданды.Семинарға қатынасушылар келесі мәселелерді талқылады, аталмыш пән арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру ерекшеліктеріне және балалардың адамгершілік-рухани құндылықтарының қалыптасуына ерекше көңіл бөлді. Семинар соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

 


«Игілігі үшін ұрпақтың» педагогикалық клубы

Адам – еліміздің басты байлығы.
Жақсы бастамалардың барлығы –
өзіміздің және балаларымыздың қамы үшін 

А.ж. 7 ақпанда облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Игілігі үшін ұрпақтың» атты педагогикалық клубының Бірінші отырысы өтті.
Қоғамның адамгершілік жағдайы мәселесі дамуының кез-келген кезеңінде де аса өзекті және маңызды болып келеді. Сондықтан да педагогикалық клубтың негізгі мақсаты бүгінгі таңдағы жоғары әдеп қағидалары мен ұстанымдарына сәйкес өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі көрсетуге қабілетті өсіп келе жатқан ұрпақта адамгершілік-рухани және негізгі отбасылық құндылықтардың қоғамдық мәртебесін жандандыру үшін педагогикалық және қоғамдық күштердің әлеуетін шоғырландыру болып табылады.
Педагогикалық клубтың құрамына кәсіптік және қоғамдық салада ықпалы бар облыстың белгілі, беделді адамдары, педагогтар, психологтар, мәдениет және өнер қайраткерлері және т.б. енді.
Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Гүлбарам Әуезханқызы Наурызбаева мәжілісті ашты. Клуб мүшелеріне құрмет көрсетіп, осы клубты құру идеясымен бөлісіп, оның мақсаттары мен міндеттерін айтып берді.
«Игілігі үшін ұрпақтың» педагогикалық клубы мүшелерінің қызметіндегі ең бастысы - өсіп келе жатқан ұрпақтың адамгершілік-рухани әлеуетін дамытуға бағытталған «Жүрегім махаббат, мейірімділік және әсемдік үшін ашық», «Адамгершілік-рухани кемелдену мектебі» сияқты департаменттің жобаларын іске асыруға тікелей қатысуы.
Клуб мүшелерінің бірінші отырысында секциялардың басшылары сайланды, алғашқы іс-қимыл жоспары әзірленді. Енді, міне а.ж. 12 ақпанда клуб мүшелері М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Бәрі де Махаббаттан бастау алады!» - «Все начинается с Любви!» балалар сүйіспеншілігінің фестиваліне қатысады.
«Игілігі үшін ұрпақтың» педагогикалық клубы облыста «Өзін-өзі тану» пәнін эксперименттік енгізу кезінде департамент жанында үш жыл бойы жұмыс жасаған «Радуга» өзін-өзі танушы педагогтар клубының лайықты ізбасары болады.
Игі бастамаларыңыз оң болсын!

 

      

 


«Өзін-өзі тану» пәні кемелденіп келеді

«Ізгілік жолы – бұл адам үшін ең оңтайлы және жалғыз ғана жол. Ол тәжірибеден өткен, ол дұрыс, ол пайдалы – адамның өзіне де, жалпы қоғамға да...» (Д.С. Лихачев).
Біз қарқынды өзгерістер дәуірінде өмір сүреміз. Бұл дегеніміз, өз әдет-қылықтарын өзгертуде көмек болатын құралдарды тез өзгеретін жағдайларға бейімдеу керек.
Бүгінгі таңдағы адам өздігінен оқып, өздігінен дами алуы керек, тек сондай тұлға ғана табысты болып, қоғамға пайда әкелетін болады.
2010-2011 оқу жылдары білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу байланысты ағымдағы жылғы 17 қаңтарда балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп, Павлодар облысының білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» пәнін енгізуге жауапты білім беру бөлімдерінің 13 маманы қатысқан ақпараттық семинар өткізді.
«Өзін-өзі тану» курсы педагогтарға, тәрбиешілерге, ата-аналарға тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыру мәселесіне жаңадан қарауға үйретті, оны қалай жасау керектігін үйретті.
Қатысушылармен семинар барысында алдағы бірлескен жұмыс алгоритмі қарастырылды және қабылданды, 2011 жылға «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық жариялау жөніндегі өзекті мәселелер қаралды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімінің бастығы – Н.В. Нефедова облыс білім беру мекемелеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу барысы туралы мәселесін (ОӘК жинақтамасы, кабинеттердің болуы, мұғалімдердің сапалы құрамы); 2011 жылға арналған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ұстаздарды курстық дайындау жоспарлары туралы облыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының әдіскері – Г.Б. Қабдуәлиева айтып өтті; балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімінің бас маманы – С.Б. Әбілдинова білім беру үрдісінің сапасына мониторинг жүргізу және облыста «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық жариялау жөніндегі мәселелерді қозғады.
Департамент мамандарымен әдістемелік материал әзірленді, онда «Өзін-өзі тану» оқу кабинетін рәсімдеу және ұйымдастыру қызметі бойынша әдістемелік құрал, брошюралар, семинарда қозғалған барлық мәселелер бойынша адамгершілік-рухани дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі электрондық тасығыштағы ақпараттық-әдістемелік материалдар жинақталды.
Қонақтардың барлығы семинардың тікелей қатысушылары пікір алмасып, өз жұмыстарына қуанды. Алғыстарын білдіріп, болашақта табысты ынтымақтасуға ниет білдірді.  

 


«Гуманистік тәрбиенің адамгершілік-рухани әлеуеті ретінде «Өзін-өзі тану» семинар 

2010 жылдың 9 желтоқсанында Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы № 7 орта мектебінде «Гуманистік тәрбиенің адамгершілік-рухани әлеуеті ретінде «Өзін-өзі тану» тақырыбында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім басқармасының мамандары, аудандық методикалық кабинеттің меңгерушілері, қалалық мектептердің оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі директорлары орынбасарларының қатысуымен семинар өткізілді. Семинарға 60 жуық адам қатысты.
Cеминардың бағдарламасына енгізілген «Өзін-өзі тану» пәнін ендіру бойынша базалық мектеп және тәжірибелік алаң ретінде № 7 орта мектептің жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Әріптестерінің алдында мектеп әкімшілігінің өкілдері мектептің видео-презентациясы және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім – Адам үшін, Адамның игілігі үшін жобасы» бойынша сөз сөйледі. Семинардың қатысушыларына «өзін-өзі тану» элементтерімен жалпы білім беру циклі пәндерінің интеграциясы түрінде көрсетілген панорамалық сабақтар, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыру, ата-аналар жұртшылығымен жұмыс, психологиялық-педагогикалық тренингтер ұсынылды. Семинардың қатысушыларына көрсетілген барлық іс-шаралар оң бағаланды.

 


«Өзін-өзі тану» бағытында өткен «Дос болайық бәріміз!» тақырыбындағы тәрбиелік шара

Отбасы үлгісіндегі Шаңырақ балалар үйінде «Өзін өзін тану» бағдарламасы бойынша «Дос болайық бәріміз!» тақырыбында ашық тәрбиелік шара өткізілді.
Қатынасқан тәрбиеленуші саны-14, 2-6 сынып оқушылары.
Тәрбиелік шара ойын түрінде өткізілді.
Мақсаты: достық, жолдастық, сүйіспеншілік қасиеттердің мағынасын түсіне біліп, балаларды ұжымдық сыйластыққа пен бір-біріне сенім артуға, қоршаған ортада өзін көрсете, бағалай және адамдармен қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
Залда түрлі түсті шарлар ілініп, ойыншықтар қойылып, стендіге достық жайлы сөздер және балалардың суреттері ілініп, музыка ойнап тұрды.
Шара достық жайлы өлең оқумен және балалардың бір-біріне жылы лебіз айтумен басталды. «Тез, әрі нағыз достар» ойынында балалар топтарға бөлініп түрлі тапсырмалар орындап, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Үзіліс сәтінде гимнастикалық сергіту жүргізілді.Ұйымдастырушылар қатысушылар арасында «Достар қандай болу керек?» тақырыбында шығармашылық жұмыс акциясын жүргізді. Әр баланың «ұялы телефонына» хабарлама жіберіліп, достар арасында болатын шиеленісте өздерін қалай алып шығуға болатындығы туралы ситуациялық сұрақтар қойылып, әр баланың пікірі, ойы тындалды. Дұрыс, әрі шынайы ойын жеткізе білген балалар бір-біріне сыйлықтар берді.
Жүргізуші достық, достықтың қандай түрі болатының, оның қимыл іс әрекетіне қарап адал дос па, әлде амал дос па деген ұғымды түсіндірді. Жүректен - жүрекке бағытында, жүргізуші балаларға деген өзінің ризашылығын білдіре отырып «Жүрек» бейнеленген ойыншық сыйлады.
Шараның соңында әр бала шарларға өздерінің достарына деген тілектерін жазып, ауаға ұшырды. Тәрбиелік шара Қазақстан - Атырау телеарнасынан көрсетілді.

 


«Өзін - өзі тану» пәнін балалар мен жастардың  мәдени - білімдік ортасында жүзеге асыру» облыстық ғылыми - практикалық семинары 

2010 жылғы 11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Облыстық білім қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтымен, Шығыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының Өнер мұражайымен бірлесіп «Өзін - өзі тану» пәнін балалар мен жастардың мәдени - білімдік ортасында жүзеге асыру» тақырыбында облыстық ғылыми - практикалық семинар өткізді.
Шара облыс педагогтарының балаларды «Өзін - өзі тану» пәні, музыка және мұражай педагогикасы арқылы рухани - адамгершілік тәрбиелеудегі озық тәжірибелерін жинақтауға, пәнді балалар шығармашылығының басқа әрекеттерімен кіріктіруге бағытталған. Семинардың басты мақсаты жас ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбиелеуде барлық педагогикалық және қоғамның әлеуетін біріктіруге күш салысу болды.
Облыстық ғылыми - практикалық семинарға «Өзін - өзі тану» пәні, музыка және бейнелеу өнері пәндерінің мұғалімдері, ұйымдастырушылар барлығы шақырылды.
Семинарда облыстық музыка мектебінің, Өнер мұражайы қызметкерлерінің рухани - адамгершілік тәрбиелеу бойынша тәжірибелері ұсынылды.
Семинар өзін-өзі тану рухында «Қуаныш шеңберінен» басталды. Облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері Т.Н. Седченко өзін-өзі тану пәнінің рөлі, өзін-өзі тану пәні мұғалімдеріне қойылатын талаптар және барлық балалар шығармашылығын өзін-өзі тану пәнімен кіріктіру жайлы айтып берді.
Шығыс Қазақстан облысы өнер мұражайының мұражай педагогикасы бөлімінің меңгерушісі Л.Г. Костюк «Балалар мен жастарды рухани-адамгершілікке мұражай педагогикасы арқылы тәрбиелеу» баяндамасында балалар мен жастардың рухани-адамгершілік және тұлғаның көркем мәдениетінің қалыптасуына мұражай педагогикасының тигізетін әсерін ашып берді. Мұражайларға барып, мәдени өмірге араласқан балалар бойына рухани және адамзаттық құндылықтарды сіңіреді.
Облыстық дарынды балаларға арналған музыка мектебінің мұғалімі Л.Н.Землянская «Әр жанрдағы музыканың оқушылардың адамгершілік- эстетикалық тәрбиесіне тигізер әсері» тақырыбы бойынша баланың жеке басының дамуына, өмірлік бағытын анықтауға, оның тұлғалық дамуының алғы шарттарын қалыптастыруда музыканың тигізетін әсері туралы баяндады.Мүмкіншіліктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін облыстық дарынды балаларға арналған музыка мектебінің мұғалімі И.А.Каранова өз тәжірибесімен бөлісті. Педагог музыкалық білім беру мен тәрбиенің қиын да нәзік міндетін осы құндылықтардың балалардың рухани қажеттілігіне айналуында, бос уақыттарын көңілдің ең қуанышты сәттеріне - әсемдік әлеміне қол жеткізуде деп көреді. Музыкаға қызығушылығы бар мүмкіншіліктері шектеулі балалардың дамуында бірталай өзгерістер байқалатынын, музыканың сиқырлы үнінің күші адамның болашақ өміріне ықпалын тигізетінін атап айтты. 
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы Т.Ұғланова «Өзін-өзі тану» пәні оқушылардың адамгершіліқ қасиеттері мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, ар - намысты бағалай білуге, ұлттық, жалпы адамзаттық мәдениетті дамытуға ықпал ететінін айтты. Педагогтардың бірлескен әрекеттерінің арқасында ғана рухани-адамгершілік білім мен тәрбие беру өз нәтижесін береді, оның дәлелі «Бөбек» орталығында өткізіліп жатқан Республикалық конкурстар мен фестивальдерде Шығыс Қазақстандық балалардың жүлделі орындарға ие болғандығы.
Семинардың тәжірибелік бөлімі қатысушылардың белсенділігімен «Өскемен қаласының суретшісі Қ.Қадірбековтың шығармасы негізінде «Қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысу», « Өзін-өзі тану» пәнін өткізу тәжірибелері бойынша іскер ойын түрінде өткізілді.
Семинар жұмысын қорыта келе, музыка мен бейнелеу өнерінің «Өзін-өзі тану» пәнімен кіріктірілген сабақтар жүргізуді іске асырудағы маңызының зор екені атап өтілді.
Семинардың қорытындысы бойынша рухани-адамгершілік білім беру мен тәрбие саласында ведомствоаралық байланыс пен мемлекеттік ұйымдардың қызметтерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асыруда педагогтарға әдістемелік қолдау көрсету жүйелерін жетілдіру, рухани-адамгершілік білім және тәрбие берудегі озық тәжірибелерді жинақтау және тарату туралы ұсыныстар қабылданды.

 


«Өзін-өзі тану балалардың көзқарасымен» республикалық фестиваль туралы 

2010 жылдың 31 қазанынан 06 қарашасына дейінгі аралықта Алматы қаласында өткен «Өзін-өзі тану балалардың көзқарасымен» республикалық фестивальдің бағдарламасы өте толық болды.
Фестивальдің ұйымдастырушылары Қазақстанның барлық аймақтарынан келген балалар өзара достасуларына бар мүмкіндіктер жасады. Фестиваль Адамның үйлесімді даму институты базасында ғылыми-педагогикалық зерттеулер өткізетін, өзін-өзі тану оқулықтарын дайындайтын және өзін-өзі тану мұғалімдерінің барлығын «Өзін-өзі тану» жаңа пәнге оқып-үйренуге көмектесетін ғалымдар, әдіскерлер мен тәжірибешілер одағымен бірге өтті. Институт ұжымының идеясы «Өзін-өзі танудың» алғашқылар қатарында тұрған барлық балаларды өзінің шаңырағы астына жинау. Қазақстанның барлық бұрыш-бұрыштарынан келген балалар өздерінің неге үйренгендерін, эксперимент жылдары ішінде қандай болғандарын көрсетуге мүмкіндік алды.
2001 жылдан бастап «Өзін-өзі тану» деп аталатын сұлу кеме «Эксперимент» теңізінде жүзді және әр кез өзінің кеме-жайына оралды. «Өзін-өзі тану» кемесі бәріне шыдады: күмән дауылына, талас желіне, эксперименттік сабақтардың жартастарына. Бұл жеңіс барлық экипаждікі және ержүрек батыл капитан – құрметті Сара Алпысқызы Назарбаеваныкі.
Фестивальге осы жүзудің жас қатысушылары жиналды. Қазақстанның түрлі аймақтарынан 16 команда түрлі сайыстарға қатысты, бірақ Бас Жүлде ДОСТЫҚҚА берілетініне бәрі сенімді болды.
Балалар барлық сайыстарға белсенді қатысуға, көңілді және достастыққа дайын болуға ант берді. Өйткені өзін-өзі тану адалдыққа, руханилыққа, қайырымдылыққа, даналыққа, махаббатқа, тыныштыққа, төзімділікке және достыққа үйретеді. Әр күн жақсы көңіл-күй шеңберінен басталды. 
«Өзін-өзі тану балалардың көзқарасымен» фестивалінің белгілерін қорғауда және «Сүйем сені, менің туған өлкем!» аймақтың тұсаукесерінде Қостанай қаласының № 3 орта мектебінің командасы белсенді қатысқандары үшін мадақтама алды. Үшінші фестивальдік сайыс – «Болашаққа көзқарас» коллаж дайындауда команда бірінші дәрежелі дипломға ие болды.
Балалар «Бөбектің» ерекше мақтанышы болып саналатын, Қазақстанда басқа жерде ұқсасы жоқ обсерваторияға барды. Обсерваторияның өмірі мазмұнды және қызықты. Бұл жұлдызды аспанға саяхат, аспан шамшырақтарын бақылау, қызықты жобаларға қатысу. Жас астрономдар бізге өздерінің ашқан жаңалықтары туралы әңгімелеп берді. Балалар Медео, М.Ю. Лермонтов атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әйелді іздеңдер» спектаклінде, Алматы хайуанаттар паркінде ұмытылмас әсер алды. Өзін-өзі тану оқулықтарының автор-әзірлеушілерімен шығармашылық кездесу бір қарқынды өтті, іс-шараға қатысушылар екі сағаттың қалай өтіп кеткенін сезбей де қалды.
«Мен өмір сүретін әлем» шығармашылық шеберханасы – ұжымдық жоба барлық балаларды бірлестірді. Осы бірлестікте бәрі тәртіпті, бірге жұмыс жасады. 
Ал фестивальдің салтанатты жабылуында барлық балалар өздерін шығармашыл ойлаушы және ынтымақтастықты жағынан көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар шығармашыл, әнші, бишіліктерін көрсетті.
Гала-концертте Қостанай облысы ұсынған «Кемелдік» биі бәрінің көңілінен шықты. Бидің орындалуын көрермендер таңдана қарады, ал би аяқталғанда ду қол шапалақтаумен қарсы ал
ды. Сайысты ұйымдастырушыларға олардың қонақжайлылықтары, фестивальді жақсы ұйымдастырғандары үшін үлкен рахмет айтқымыз келді. Фестиваль туралы пікірлер және Сара Алпысқызына денсаулық, жақсылық және сәттілік тілектері жазылған плакаттар «Өзін-өзі тану КЗ» журналына басылатын болады. Балалар «Дружные ребята», «Казахстанская правда» үнпарақтарына шын көңілмен сұхбат берді. «Болашаққа көзқарас» коллажы «Өзін-өзі тану КЗ» журналында басылады. Фестиваль туралы фильм «Хабар» және «Ел-арна» телеканалдарында көрсетілді.

 


Оқушылардың I Қазақстандық Астрономиялық турнирінің қорытындысы

«Бөбек» ҰҒПББСО жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономия,а мен ғарышкерлікке қызығушылықтарын арттыру, ғарыш бағытындағы Ғарыш және ғарыш технологиялары бойынша білімдерін зерделеу және қолданудағы факультативтер мен үйірмелердің жұмысын белсендіру, дарынды оқушыларды анықтау және оларға мамандық таңдауда көмек көрсету мақсатында орталықтың Обсерваториясында 2010 жылғы 7 - 13 қараша аралығында Астротурнир өткізілді.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ықпал етуімен облыс балаларын Астротурнирге қатыстыру ұйымдастырылды. Өскемен қаласы қалалық арнайы математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған мектептің «Феникс» командасы қатысты, құрамында: капитаны Арестов Виталий (10 сынып), мүшелері: Федоров Виталий, Меирбаев Мади (10 сынып), Святова Александра ( 9 сынып, Кушкунов Вадим (8 сынып). Жетекшісі: Бутова Ирина Владимировна, физика пәні мұғалімі.
Турнирдің бірінші күні іріктеу туры мен көрнекі астротурнир өткізілді. Жеребе салу арқылы әр команда атын, өздеріне қарсыластарын таңдады. Командалар күрделі зерттеушілік және ғылыми мәселелерді шешу, өз шешімдерін нандырарлықтай етіп ұсыну, ғылыми пікірталаста оны қорғау дағдыларымен жарысты.
Біздің команданың балаларына дебатқа қатысу, өз көзқарасын қорғау, баяндама оқу және оппонент болу яғни қарсыласының көзқарасын сынау, өте ұнады. Турнир балалардың шешендік өнерін дамытуға, физикалық есепті тек шешіп қана қоймай, оның шешімінің дұрыстығын дәлелдеуге, әр команданың көзқарасын салыстыру және есептер бойынша қорытынды жасау қабілеттерін дамытуға әсер етті.
Балалар тек турнирге қатысып қана қоймай, қаланың көрікті жерлеріне саяхатқа барды, телескоппен танысып, жұлдыздар мен ғаламшарларды бақылады, астрономия бойынша фильмдер тамашалап, планетариде жұлдызды аспанмен таныстыру лекцияларын тыңдады. Ең ғажабы, планетариде жасанды аспан аясындағы жұлдызды аспан картасымен танысулары болды. Осы шоқжұлдыздарды олар телескоппен нағыз жұлдызды аспаннан бақылап, олардың ашылуы жайлы көп, қызықты мағлұматтар алды. Күнде кешке балалардың астрономия бойынша фильмдерді көріп, интернет залына бару мүмкіндігі болды.
Оқушылар үйінде мамандық бойынша өмірдегі қай салаға бейімділігін анықтайтын тестілеуден өтті. Біздің балалар ғылыми - жаратылыстану бағыттарына бейімділігімен ерекшеленіп, бейіміне сәйкес мамандықтарды таңдады.
Конкурстың ақтық кезеңінде біздің команда Ақтөбе қаласының «Үркер» және Алматы қаласының «Физмат» командаларымен сайысқа түсті. Команда жетекшілерінің көбі, біздің балалар шешендік өнерді меңгергенін, сұрақтардың мәнін нақты және әдеппен түсіндіре алатынын, сыпайылығымен және қатынасуға деген ықыласымен ерекшеленгенін атады.
Астротурнир қорытындысы бойынша Алматы қаласының «Физмат» командасы Бас Жүлдені жеңіп алса, біздің «Феникс» командасы 1 орынға ие болып, ноутбукпен марапатталды.
Астротурнир біздің балаларға өте ұнады, олар алдағы уақытта да осындай турнирлерге тағы қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсеткісі келеді және өздеріне осындай астротурнирге қатысуға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға ерекше алғысын білдіреді. 

 


«Оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие берудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі» облыстық оқыту семинар-тренингі

2010 жылдың 3 қарашасында Талдықорған қаласы, №14 орта мектеп-гимназиясының мәжіліс залында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен өзін-өзі тану сабағында оқушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту, мұғалім мен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында «Оқушыларға адамгершілік-рухани тәрбие берудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі» тақырыбында облыстық оқыту семинар-тренингі өтті.
Семинар жұмысына Алматы облыстық мамандар кәсібін жетілдіру институтының әдіскері Хуснитдинова Шарипа Самиқызы, Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Ахмадиева Күлмария Нұртайқызы, Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясының директоры Галиева Мариям Бейсетбайқызы, Алматы облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Қыдырбаева Дәния Сәлімбайқызы, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің «Өзін-өзі тану» пәнін тікелей басшылыққа алып отырған әдіскерлер, ата-аналар комитеттерінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бөлім бастығы А.Үшкемпірова "Баланы рухани-адамгершілік тәрбиеге баулу", Алматы облыстық мамандар кәсібін жетілдіру институтының әдіскері Ш.С.Хуснитдинова "Өзін-өзі тану пәнінің оқыту ерекшеліктері", І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-нің аға оқытушысы К.Н. Ахмадиева "Өзін-өзі тану пәні арқылы мектеп пен ата-ана арасындағы психологиялық ынтымақтастықты қалыптастыру", Алматы облысы ата-аналар комитетінің төрайымы Д.С. Қыдырбаева "Бала тәрбиелеуде кеш қалмайық!"тақырыбындағы баяндамалар тыңдалды.
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша ата-аналарға және білім беру бөлімінің әдіскерлеріне арналған кіріспе сабақтарды М.Қ. Баймолданова мен Ш.С. Хуснитдинова жүргізді.
Қатысушылармен педагогикалық шеберлік блогы бойынша өзін-өзі тану пәні кабинетінде М.К. Баймолданова мен К.Н. Ахмадиева шебер-класс, тренингтер өткізді.
Семинар жұмысы толығымен облыстық «Жетісу» телеарнасының «Көкжиек даңғылы» бағдарламасына түсірілді.
 


Өзін-өзі тану әлемі

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті 2010 жылдың 25 қыркүйек пен 23 қараша аралығында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бастамасымен республикалық балалар байқауы өткізілуде. Байқау балалардың шығармашылығын шыңдау, еркін сөйлеу, өзара адамгершілік қарым-қатынастарын жақсарту, қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту мақсатында ұйымдастырылуда.
Шара аясында қазан айында өткен балалар суреті байқау қорытындысы бойынша Ескелді ауданы, Қарабұлақ кенті, Алдабергенов атындағы орта мектептің 5 сынып оқушысы Тоқтамбекова Диана, 11 сынып оқушысы Слепченко Марина, №19 кәсіптік лицейінің оқушысы Үсенбаева Меруерт қатысты. Фестиваль барысында «Земля - наш общий дом» номинациясы бойынша Тоқтамбекова Диана I орынды иеленсе, «Возьмемся за руки, друзья!» номинациясы бойынша Слепченко Марина және Үсенбаева Меруерт «Как прекрасен этот мир!» номинациясы бойынша IV орынға табан тіреп, ауылға табыспен оралды.
Келесі кезекте 31 қазан 6 қараша аралығынада «Өзін-өзі тану балалар көзқарасымен» республикалық балалар фестиваліне Қарасай ауданы, Абай атындағы орта мектеп-гимназиясының 6 оқушысы қатысып, өңіріміздің намысын қорғайды. Әрине, жерлестеріміздің жеңіспен оралатынына сенімдіміз. Осы орайда, байқаудың ережесіне сәйкес жалпы білім беретін мектеп оқушыларының қатыса алатынын ескерте кеткіміз келеді.

А.Үшкемпірова, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы «Жетісу» Алматы облыстық қоғамдық-саяси газеті, №129 (17398) 9 қараша, 2010 жыл

 


«Өзін-өзі тану әлемі» республикалық балалар фестивалі

Балалардың және оқушы жастардың көркем және әдеби шығармашылығы арқылы адамгершілік-рухани білімін жүзеге асыру мақсатында 2010 жылғы 17-23 қазан аралығында Алматы қаласында «Өзін-өзі тану әлемі» республикалық көркем шығармашылық фестивалі өткізілді. Іс-шараға «Земля-наш общий дом» сырттай сурет конкурсының, «Возмем за руки друзья» плакат конкурсының, «Как прекрасен этот мир» жас фотосурет конкурсының жеңімпаздары қатысты. 96 жеңімпаз-балалар өздерінің жұмыстары ұсынылған жәрмеңкенің салтанатты ашылуына куәгер болды. Фестивальға қатысушылар Қазақстан Республикасы суретшілер одағының мүшелерімен, «Өзін-өзі тану» оқулығының автор-әзірлеушілермен кездесті. Конкурс жеңімпаздары үшін Алматы қаласының ойын-сауық орталықтарына және саяхатқа баруы ұйымдастырылды.  

 


Қазақстанның Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның қатысуымен Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы 

2010 жылдың 19 қазанда Л.Н.Гумилева атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде Бүкіләлемдік рухани мәдениет форумы өтті. «Үшінші мыңжылдық білімі: отбасы, мектеп, қоғам» секциясының отырысына Қазақстанның Бірінші Ханымы Сара Назарбаева қатысты.
 Өз сөзінде қазіргі заманда осындай форумды өткізу аса маңызды және оның– руханилық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізгі идеялары «Өзін-өзі тану» бағдарламасымен тікелей үндесетінің атап өтті.
«Өзіне және басқаларға рухани білімді әрі қарай жылжытуға көмектесу және өскелен ұрпаққа жеткізу әлемдегі барлық адамдардың, балалардың, біріншіден ересектердің міндеті. Халайық оянындар, кім екендерінді сезініндер! Адам болу – Ол үлкен құндылық» - деді Сара Назарбаева.
Отырысқа қатысушылар өз сөзінде Қазақстанның балалары мектепке дейінгі жастан бастап «Өзін-өзі тану» жолымен жүріп келеді, сонымен бірге балалық шағынан мектептен адамгершілік, рухани білім алады.
Биылғы жылдан бастап «Өзін-өзі тану» бағдарламасы мемлекеттің барлық білім беру ұйымдарында міндетті бағдарламаға енгізілді. Бағдарламаның авторы және жетекшісі Сара Назарбаева өз кезегінде осы бағдарламаның құрылуының бастауында және дамыту жолында тұрған барша жұртқа алғысын білдірді. Ресей, Германия, Аустрия, Латвия, Украина, Эстония және тағы басқа көптеген мемлекеттердің профессорлары білімді дамыту, жастарға адамгершілік-рухани тәрбие беру және «Өзін-өзі тану» бағдарламасы туралы баяндамалар оқыды.

 


Аса құрметті Сара Алпысқызы!

Мен, Байжарқынова Шәрипа Қибашқызы, көп балалы ана, Ақтөбе қаласындағы №42 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы, Сізге біздің тамаша қаламыздың ата-аналарының атынан үндеуімді жолдаймын.
2010 жылдың 20 қыркүйегінде біздің тамаша қаламызға «Бөбек» қорының делегациясы, «Өзін-өзі тану» оқулығының авторлары келді.
Олар ата-аналар комитетінің өкілдеріне, мектебіміздің мұғалімдеріне арнап кең көлемді конференция ұйымдастырды. Біздерге қызықты да мазмұнды бағдарламалар ұсынылып, қазақ және орыс тілдерінде бейнероликтер көрсетілді.
«Өзін-өзі тану» пәнін мектеп бағдарламасына ертерек енгізу керек еді, бірақ мақалда айтылғандай, «Ештен кеш жақсы».
«Өзін-өзі тану» оқулықтарында және бағдарламаларында Сіз өте өзекті тақырыптарды, көкейтесті сұрақтарды қозғадыңыз, бұл жағдаймен біздің балаларымыз ғана емес, сонымен қатар біз, олардың ата-аналары да кездесіп отырамыз.
Сіздің 2010 жылғы қажырлы еңбегіңіздің арқасында Қазақстанның барлық мектепке дейінгі ұйымдарында, мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында «Өзін-өзі тану» пәні жүргізіле бастады. Енді біздің балаларымыз және немерелеріміз өмірді халқымыздың рухани мұрасы, керемет тәрбиелі сөздері арқылы тани алады. Аталған пәннің бастау алуы заңды, себебі қандай ұрпақты өсіріп, өзімізден кейін қандай мұра қалдыратынымыз маңызды мәселе.
Сіз, Сара Алпысқызы, бізді және біздің балаларымызды өмірде қуануға, сүюге, сүйікті болуға, кез келген жағдайларда мұңаймауға оқытасыз. Сіз, басты Ұстазсыз, өмірдің жарқын жағына көңіл бөліп, қиыншылықтарды лайықты шешуге тырысасыз. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы-отбасының бақыт, махаббат, бейбітшілік туралы бағдарламасы және мен бұл пәннің Қазақстан балалары мен олардың ата-аналарының сүйікті пәніне айналатындығына сенімдімін. Біз Сіздің балаларыңыздың болашағына өміршеңдікпен қараймыз және бүкіл әлемде Сіздің шәкірттеріңіздің көп болатындығына көзіміз жетеді.
Сара Алпысқызы, Сізге ұзақ өмір, мықты денсаулық және барлық бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Сізді жер шары және аспан әлемінің күштері. қолдасын.

Құрметпен,
Байжарқынова Шәрипа Қибашқызы
Ақтөбе қ. 23.09.2010 ж.

 


ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және «Бөбек» ҰҒПББСО өкілдері Ақтөбе қаласы педагогтары және ата-аналар қоғамымен кездесті

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және «Бөбек» ҰҒПББСО жұмыс тобы 2010 жылдың 20 қыркүйегінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ақтөбе облысына келді. Апта бойы аудандарға шығу, шебер-кластар, он-лайн тәртібімен конференциялар өткізу, сабақтарға кіру және т.б. жоспарлануда.
20 қыркүйек күні жұмыс тобы облыс әкімінің орынбасары Р.Кемаловамен, облыстық білім басқармасының бастығы А.Құдайбергеновпен, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры К.Айдархановамен кездесті.
Дәріскер- тьюторлар және сараптамалық алаң педагогтары өздерінің жұмыстарымен бөлісіп, сұрақтар қойып, көптеген пайдалы мәліметтер алды, өздерінің сабақтарына шақырды.
Күннің екінші жартысында Ақтөбе қаласы мектептері мен мектепке дейінгі ұйымдарының 130 ата-аналар комитетінің мүшелері «Өзін-өзі тану» жаңа пәнінің енгізілуі туралы толық мағлұмат алды. Жұмыс тобының өкілдері слайд, фильм, тренингтердің көмегімен сұрақтарды көрсетті.
Риза болған ата-аналар осы пәннің қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдеді, өз балаларының осы пәнді сараптамалық тәртіпте оқығандағы нәтижелерін әңгімеледі, осындай кездесулердің қажеттілігі туралы айтты.
Жұмыс тобының бірінші күнінің жұмысы БАҚ-да кең жарияланды: жұмыс тобының өкілдері ретінде, педагог, ата-аналар ретінде сұхбат берілді.
Ақтөбе облысына келудегі аптаның қорытындысы бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізудегі шынайы көріністі тудыратын дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр.  

 


«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен орны: тәжірибесі және келешегі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясының баспасөз хабарламасы


Астана қаласы 2010 жылғы 12 тамыз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығымен бірлесіп, жобаның авторы, Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның қатысуымен 2010 жылдың 19-20 тамызында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен орны: тәжірибесі және келешегі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясын өткізеді.
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының базасында өтетін конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ЖансейітТүймебаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Нұрғалы .Аршабеков, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Тлек Қарымсақов, Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Людмила Саинова, облыстық білім басқармаларының бастықтары, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, біліктілікті арттыру институттарының директорлары, педагогикалық жоғары оқу орындарының, гуманитарлық колледждердің басшылары мен оқытушылары, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша экспериментте жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдері, Балалар үйлері директорларының республикалық кеңесінің өкілдері қатысады.
Аталған конференцияда экспериментік бағдарламалардың қорытындысы жасалып, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын республиканың білім беру жүйесінің оқу процесіне жаппай енгізуді іске асыруға дайындық мәселелері талқыланады және анықталады.

 


2010 жылдың 21 мамырында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Ескелді аудандық білім бөлімімен бірлесіп «Шағын орталық пен даярлық тобында оқу-тәрбие үрдісі және «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында Қаратал орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталығында облыстық оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Ескелді аудандық білім бөлімінің мамандары, аудан мен мектепалды даярлық тобындағы мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, балабақша меңгерушілері қатысты.
Шара оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бала тұлғасын дамыту мен қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында «Уроки любви» бейнефильмі көрсетіліп, семинарға қатысушыларға арнайы ашық сабақтар «Вслед за белочкой по лесу», «Менің достарым», «Төлдер айтысы» тақырыптарында өткізілді.
Семинар жұмысына 8 жыл бойына «Өзін-өзі тану» пәнін эксперименттен өткізген Талдықорған қаласындағы №42 балабақшаның «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша лектор-тьютор Т.М.Семенько, №45 «Арман» балабақшасының әдіскерлері С.А.Сейілғазинова, А.Б.Арғымбаевалар арнайы шақырылып, «Организация педагогического процесса урока «Самопознание», «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогикалық үрдісті ұйымдастыру» тақырыптарында қатысушылармен тренингтер өткізді.

 


Балалық шақ мүддесінде

Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2008 жылдан бастап балалардың толыққанды адамгершілік-рухани және әлеуметті-құқықтық дамуын арттыруға қолайлы жағдай жасауға бейімді мүмкіндік туғызу үшін «Жобалық тұрғы балалық шақ құқығын жүзегу асыру бағыты ретінде» атты модельді жүзеге асыруда. Дәстүр бойынша, жұмыс қорытындылары алқа отырыстарында тұрақты қаралады. 18 мамыр күні Орал қаласының №19 мектепке дейінгі мекемесінде «Балалық шақ мүддесінде» атты тақырыптық кездесу өтті, оған мемлекеттік қызметкерлер, білім ұйымдарының, интернат мекемелерінің басшылары, БАҚ тілшілері қатысты.
Кездесудің құрметтi қонағы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымының орынбасары Әлібаева Бахыт Оразалықызы – «балаларды қамқорлау біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының белгiлi бір бөлiмi болып табылатындығын айтты. Жас буынның өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты міндеттері. Балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру саласында тиiмдi және уақтылы жолдар мен әдістерді ірiктеп алу арқылы тұлғаның қалыптасумен қатар, әр баланың жеке дара дамуына, кейін ол өзін қоғамда жүзеге асыра алуына маңызды назар және нақты көзқарас бөлу кажеттігін назарға салды».
Кездесуге қатынасушылар келесі мәселелерді талқылады, жоба қызметі арқылы денсаулық сақтау саласын қалыптастыру ерекшеліктеріне және балалардың адамгершілік-рухани, әлеуметті қалыптасуына, сондай-ақ ведомствоаралық әсер тигізу іс-тәжірибесіне ерекше қөніл бөлді.
Кездесу форматы мекеме басшыларының есептерімен қатар мақсатты бейне тұсаукесерді және жобалардың белсенді қатысушылары – балалардың өнер керсетуiң қарастырды. Кездесудің қортындысы балалық шақ мүддесін жүзеге асырудағы білім беру ұйымдарының және мүдделі құрылымдардың әріптестік ара қатынастарына негізделген, әлеуметтік жобалардың жақын перспективаларын айқындау болды.

 


«Таза бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестивалі

Отбасы – біздің қоғамның жоғарғы құндылығы. Отбасында мұрат, әдет-ғұрып, дәстүр қалыптасады. Одна адамгершілік құндылықтар құрылады: қайырымдылық, еңбексүйгіштік, тазалық, кәсіпкерлік.
Мерекелерде және бос уақыттарда ән-күй естілетін, онда шебер-іскерлердің құпиялары мұрадан мұраға табыс етілетін отбасылар қандай тамаша. Отбасы ансамбльдері өздігінен және табиғи түрде құрылады. Онда халықтың рухани байлықтары құнтты сақталады және әдетке айналады.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында «Тобыл» шатханасында Халықаралық Отбасылар күнін мерекелеу шеңберінде Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен және Қостанай облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдардың шығармашыл отбасы ұжымдары және басқа да Қостанай облысының жалпы білім беру мектептерінің арасында «Таза бұлақтан» ІІІ отбасылық шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальдің өткізілу мақсаты - отбасылық шығармашылықты насихаттау, жас ұрпақтарды өнерге баулу, балалар мен жастарды тәрбиелеу ісінде Қазақстан халқының адамгершілік, мәдени дәстүрлерін сақтау және көбейту, білім беру ұйымдары мен жанұя институты арасындағы байланысты нығайту.
Фестиваль ІІ кезеңмен өткізілді: сұрыптау, қорытынды.
Фестивальдің аудандық сұрыптау кезеңіне облыстың 27 отбасы қатысты.
Соңғы облыстық фестивальға Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан, Қарасу, Сарыкөл, Костанай ауданынан фестивальдің сұрыптау кезеңінен өткен 9 отбасы шақырылды.
Отбасылар мерекесіне Қостанай қаласының құрметті азаматтары, облыстық басқармаларының, оқу орындарының жетекшілері, облыс мәслихатының депутаттары, Қостанай облысының Іскер әйелдері қауымдастығының өкілдері қатысты.
Отбасы ұжымдарының орындаулары түрлі жанрлармен ерекшеленді: жалынды музыкалық нөмірлер, театрлады қойылымдар, сырлы лирикалық әдеби композициялар, цирктік қойылымдар, отбасылық дәстүр туралы бейнероликтер және фильмдер, қол өнерлік және сәндік шығармалар (ағаштан жасалған, кесте, тоқыма (ілмекпен, тоқыма бізімен жасалған) бұйымдар, тігу, маржанды өрулер)
Фестивальдің қорытындысы бойынша отбасылық ұжымдар номинацияларда мадақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
- «Мой дом — моя крепость» (Қостанай ауданынан Самохиндер отбасы);
- «Моя семья — мое богатство» (Сарыкөл ауданынан Махамбетовтер отбасы);
- «Саусағынан бал тамған» (Рудный қаласынан Колодий отбасы);
- «Творческое вдохновение» (Қостанай қаласынан Сапиевтер отбасы);
- «Самая артистичная семья» (Рудный қаласынан Воеводенко  отбасы); 
- «Сегіз қырлы бір сырлы» (Қарасу ауданынан Кужентаевтар отбасы);
- «Вместе мы – сила» (Лисаков қаласынан Дрищ отбасы);
- «Самая сплоченная семья» (Рудный қаласынан Поповтар отбасы).
Бұл күні сахнаға кең көпшілікке танымал болмаса да, талантты ұжымдар шықты. Олардың есімдері жарнамалық қалқандарды безендірмесе де, өлеңдер мен билер олардың басты мамандығы болмаса да, олар ойын-сауыққа бар жандарын салады. Олар үшін бұл – кәсіп емес, өздерін көрсету мүмкіндіктері.   

Отбасылық шығармашылықта үздік – ол жақсы әнші немесе шебер биші болу міндет емес. Өзінің жанын аша білген, жарық сәуле мен жылумен бөлісе алатын ғана үздік – мүмкін, басты отбасылық құндылық осы шығар? Ана мен әке, балалар мен ересектер – бір тату команда, олардың қызықты біртұтас ісі, жалпы шығармашылығы!  

 


«Отбасы парызы» отбасы тәрбиесінің бағдарламаларыт байқауын өткізу туралы

Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Отбасы парызы» отбасы тәрбиесінің бағдарламалары байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: отбасылық тәрбиелеудің үздік тәжірибесін анықтау, тарату және насихаттау, балалар және жасөспірімдердің мәдениетін, рухани тәрбиесін көтеру, дарынды, шығармашылық деңгейде қызмет атқаратын тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларын және жоғары кәсіби деңгейі бар мұғалімдерді анықтау, отбасылық тәрбиелеудің маңызына қоғамның назарын аудару, отбасылық тәрбиелеу ісінде халықтың адамгершілік, мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту.
Байқауға білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары және сынып жетекшілері қатысты. Байқауға 22 бағдарлама түсті, оның ішінде 17-і облыстың 6-ауданынан.
Қазылар алқасы 6 жүлдегерді анықтады.
I орын:
1. Қызылжар ауданы № 13 кәсіптік лицей оқытушысы Наталья Викторовна Диментиюктің «Семейные заповеди» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
II орын:
1. Петропавл қаласы № 20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ләйлә Сайлауқызы Жолдогаринаның «Отбасылық өсиет» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
2. Ғ. Мүсрепов атындағы аудан Калиновка орта мектебінің педагог-психологы Елена Леонидовна Федотованың «Семейные заповеди» ата-аналарға және оқушыларға арналған психологиялық бағдарламасы.
III орын:
1. М. Жұмабаев ауданы Булаев мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шолпан Соконқызы ның «Семейные заповеди» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
2. Есіл ауданы Петровка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Андреевна Сидоркинаның «Семейные заповеди» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
3. Қызылжар ауданы Якорь орта мектебі оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Лариса Павловна Пустовалованың және ғылыми-методикалық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Алма Ерғалиқызы Шаштаулетованың «Здоровая семья – сильный Казахстан» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.

 


«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру: эксперименттен жаппай енгізуге» республикалық ғылыми-практикалық семинары

Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жоғары адамгершілік, этикалық стандарттар және рухани құндылықтары бар ар-намыс, қадір-қасиет және әр адамның беделі бағаланатын қоғам құруымыз қажет», - деп адамгершілік-рухани білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осының бәрі махаббат, қайырымдылық, ақиқат, сұлулық, адамгершілік, рухани секілді жалпы адамгершілік құндылықтар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Авторы және идеялық шабыттандырушы Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы болып табылатын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасын жүзеге асыру осы міндеттердің практикалық шешімі болды.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді енгізу бойынша республикалық эксперименттің аяқталуына және «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру үрдісіне жаппай енгізуге байланысты «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2010 жылдың 14-15 мамырында Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру: эксперименттен жаппай енгізуге» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинардың өткізілу мақсаты: қорытынды шығару және эксперименталды бағдарламалардың тәжірибелерін жалпылау; республиканың білім беру жүйесінің оқу үрдісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жаппай енгізуді жүзеге асыру жолдарының негізгі бағыттарын талқылау және табу.
Республикалық семинар қатысушыларына арналған құттықтау сөзімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бектұрғанов С.Ш. сөйледі. Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Сарыбеков М.Н., «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Т.У. Қарымсақов, Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының бастығы Мягков В.А. сөз сөйледі.
14 мамыр күнінің екінші жартысында семинарға қатысушылар жұмыстарын 4 секцияда жалғастырды, онда «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу кезінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді жүзеге асыру механизмдері, «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу кезінде педагогтарды дайындау және қайта даярлауда әдістемелік бағыттар, білім беру жүйесін дамытудың негізгі принциптері ретіндегі жеке тұлғаның сәйкес дамуы, мектепке дейінгі тәрбиелеу практикасында өзін-өзі танудың мазмұнды ерекшеліктері туралы сұрақтар талқыланды.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуде ғылыми-әдістемелік, дидактикалық, кадрлармен қамтамасыз ету, экспериментті ақпараттық-талдаумен жалпылау, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде дәрісші-тьютрлердің теориялық және практикалық мүмкіндіктерін қолдану мәселелері толық қарастырылды, Қостанай облысының білім беру ұйымдарының эксперименталды қызметтерінің, шығармашылық есептері тыңдалды.
15 мамыр семинардың екінші күнінде барлық аймақтардың өкілдері облыстың 9 эксперименталды алаңдарын аралады: Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Лисаков қаласы, Қостанай ауданы. Аралау кезінде қонақтар өзін-өзі тану кабинеттерінің материалды-техникалық базаларымен танысты, өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімдерінің сабақтарына қатысты және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Күннің соңында Қостанай қаласының музыка мектебінің мәжіліс залында қорытынды шығарылды және семинар жабылды.
Қорытынды шығару барысында «Бөбек» ҰҒПБСО, ҚР БҒМ өкілдері «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша Қостанай облысының білім беру ұйымдарының жұмыстарын жоғары бағалап, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жаппай енгізуге облыстың толық дайын екендігі туралы өз ойларын білдірді.
Семинарға республиканың барлық облыстарынан 270 өкіл қатысты, олардың ішінде облыстық білім басқармасының бастықтары, БҚБА және ҚДИ директорлары, кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директорлары және бөлім бастықтары, педагогикалық жоғары оқу орындарының жетекшілері және оқытушылары, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернаттардың, балалар үйі, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша экспериментте жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері мен мұғалімдері, Балалар үйлері директорларының Республикалық кеңесінің өкілдері, адамгершілік-рухани білім берудің дәрісші-тьютерлері.  


Ерте жастан

14 мамыр күні Орал қаласының №19 мектепке дейінгі мекемесінде Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтiк жобаларының бірінің шеңберінде жұмыс жасап жатқан «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық шеберханасының отырысы өтті. Отырыс тақырыбы - «Мониторинг балалардың адамгершілік-рухани дүниесін қалыптастыратын құрал ретінде». Жиналған серіктестердің мақсаты - бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенцияның адамгершілік-рухани даму бөлімінің мазмұның жүзеге асыруда тиiмдi жолдарды іздеу болды.
Отырысқа қатынасушылар - Облыстық балалар үйінің және мамандандырылған «Үміт» бөбектер Үйінің, Орал қаласының мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ тілшілері – баланың адамгершілік-рухани қалыптасуының диагностика, ерте жастағы балалардың дамуында психологиялық-педагогикалық ере жүруі және т.б. мәселелерді талқылады. Отырыс Ұлттық ғылыми – практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығының бейнефилімін көрумен аяқталды.
Жалпы, құрылған шығармашылық орта балалық құқығын жүзеге асыру саласында педагогтардың тәжірибелерін жетілдіруге қолайлы болды.

 


Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы

Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Әрбір бала – біздің келешегіміз» жобасын жылдын басынан бері жүзеге асыруда және осы жоба аясында Шемонаиха аудандық білім беру бөлімімен бірлесе Шемонаиха қаласының № 5 мектебінде «Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы» атты семинар өткізді. Семинарға ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы С.Шошева, Шемонаиха ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Л.Макешева, М. Аяғанова, аудан мектептерінің психологтары және «Қазақстан-Өскемен» РТРК АҚ ШҚО филиалының өкілдері қатысты.
Семинарда «Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы», «Өзін-өзі тану» пәнін өткізуде ата-аналармен жұмыс» атты баяндамалар слайд сүйемелденуімен оқылды. № 5 мектептің «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу алаңының педагогы М.К.Қамшыбаева «Қасымда болсын мамам...» атты тақырыпта ашық сабақ көрсетіп, пән арқылы ата-аналармен бірге баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар И.М.Астафьев атындағы мектептің ата-аналары мен оқушыларының ұжымдық жұмыстарының көрмесін қызықтады. Көрмеге ата-аналар мен балалардың бірігіп жасаған суреттері, плакаттары, «Халықтың рухы мен дәстүрі» атты панносы қойылған.
Семинар соңында психологтар мен ата-аналар мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығының және «Өзін-өзі тану» пәнінің бала тәрбиесіндегі маңызы туралы пікірлерін білдірді. 

 


Облыстық «Жүректер үндестігі» атты педагогтар Клубының отырысы»

2010 жылғы 29 сәуірде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша республикалық тәжірибе шеңберінде БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 3 «Гүлдер» балабақшасында «Жүректер үндестігі» атты облыстық педагогтар Клубының кезекті екінші отырысын өткізді. «Өзін-өзі тану» пәні балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру негізі» тақырыбы бойынша педагог-тәжірибешілер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар назарына: баяндамалар, «Туған ұя» ашық сабағы, психологиялық треннингтер және балабақша тәрбиеленушілерінің орындауымен «Мақта қыз бен мысық» атты музыкалық ертегісі ұсынылды.
Клуб отырысына қатысқан аудан балабақшаларының директорлары және тәрбиешілері педагог жұмысын белгілеп, әлеуметтік-рөлді ойындар арқылы балалардың адамгершілік-рухани құндылықтарын қалыптастыруда, өз ойын, пікірін шығармашылық қызметін көрсете білгендерін ерекше айтып өтті.

 


«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру курсын ұйымдастырудағы ғылыми-практикалық бағдарлар» облыстық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу туралы

Қоғамның адамгершілік жағдай мәселесі оның дамуының әр кезеңінде өте маңызды және өзекті болып табылады. Бүгінгі күні бүкіл әлем жалпы адамдық құндылықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын іздеу үстінде.
Сегіз жыл бұрын облыстың 9 эксперименттік алаңында Бірінші Ханым С.А. Назарбаеваның бастамасымен «Өзін-өзі тану» бірегей эксперименттік жоба қадам басты. Бағдарламаның негізі – балалардың жеке-дара қасиеттерін ескерумен олардың адамгершілік және рухани сапасын дамыту. Бүгінгі күні өзін-өзі танушы-педагогтардың ойынша «Өзін-өзі тану» курсы мұғалімдер мен оқушыларға бір команданы құрайтын, әкімшілік мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына мейірімді және ұқыпты болатын, балалар бір-біріне көмектесетін мектеп құруға мүмкіндік береді.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты 2010-2011 оқу жылы білім берудің барлық деңгейлері үшін балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыс білім беру басқармасымен бірлесіп, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты негізінде 2010 жылғы 29 сәуірде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру курсын ұйымдастырудағы ғылыми-практикалық бағдарлар» тақырыбымен облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың басшылары, ЖОО-ның ректорлары, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстың қала және аудандағы білім беру бөлімдерінің бастықтары, эксперименттік алаңдардың жетекшілері, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, психологтары қатысты.
Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары - Әлия Қайратқызы Ғалымова конференцияда алғы сөзін бастады.
Конференцияға қатысушылардың назарына облыста «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу барысы туралы» бейнеролигі және Алматы қ., «Бөбек» ҰҒПББ және СО жанындағы Адамды үйлесімді дамыту институтының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде оқитын Павлодар облысы студенттерінің бейне қошеметтері ұсынылды.
Конференцияның пленарлық бөлігінде мынадай сұрақтар қаралды: 
- «Өзін-өзі тану» курсының ғылыми-теориялық мәселелері туралы ғылыми жұмыс және ПМПИ халықаралық ынтымақтастығы бойынша проректоры, психология ғылымдарының докторы, профессор Бибісара Әубәкірова Амирова сөз сөйледі;
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқу үрдісіне енгізуге облыс педагогтарының дайындығы туралы Павлодар облысы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Нағима Шаймұратқызы Шакурова сөз қозғады;
- Оқу үрдісіндегі пән ретінде «Өзін-өзі тану» курсының ролі туралы педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМПИ жалпы педагогика және психология кафедрасының доценті, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттің жетекшісі Ботагөз Ғабдоллақызы Сәрсенбаева айтып берді;
- Бала тұлғасының бүгінгі таңдағы балабақша жағдайында дамуы туралы Павлодар қаласының № 111 балабақшасының директоры, эксперименттік алаңның басшысы Надежда Петровна Хитрова айтты;
- «Гиназия» ММ директоры, Ақсу қаласындағы эксперименттік алаңның басшысы – Рымкеш Хамитқызы Сләмбекова «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты баяндама оқыды.
Конференцияның бағдарламасы мынадай бағыттар бойынша үш секцияның жұмысын біріктірді:
№ 1 секция «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбиенің парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар».
№ 2 секция «Көп мәдениетті білім беру кеңістігінде өсіп келе ұрпақта адамгершілік-рухани позицияларды және толеранттық сананы қалыптастыру»;
№ 3 секция «Баланың құқықтарын қорғаудағы және адамгершілік-рухани дамуындағы әлеуметтік серіктестік».
Конференцияның барлық қатысушылары бір ауыздан үлкен үміт артып осы бағдарламаның оқу бағдарламасына енуін қолдады және мынадай ұсынымдарды қабылдады: 
Облыс білім беру органдары мен ұйымдарына: 
- облыстың білім беру мекемелеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін нормативтік-құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-мазмұндық негіздемелерді қамтамасыз ету;
- мектептегі пән кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру үрдісіне енгізуді қамтамасыз ететін бүгінгі таңдағы оқу жабдықтарын пайдалану бойынша іс-шаралар өткізу.
Облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментіне, ішкі саясат басқармасына:
- «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасын жариялау үшін ақпараттық өрісті қамтамасыз ету.
Облыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтына: 
- жер-жерлерде «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету консультанты ретінде «Өзін-өзі тану» пәнін апробациялау және енгізу бойынша эксперименттік жұмысқа қатысқан мұғалімдерді баулу механизмін анықтау;
- әр типтегі білім беру мекемелердің потенциалын және ресурстарын, заманауи ақпараттық технологияларды (соның ішінде дистанциондық оқу түру, медиа және Интернет білім беру ресурстарын) пайдалану негізінде педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың аймақтық моделін әзірлеу.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына: 
- «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асырудағы ғылыми-техникалық келістерді және бағдарларды қамтамасыз ету.
- Конференцияның нәтижесі бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығатын болады. 

 


Ақмола облысында білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» курсын кезенмен енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Облыстық біліктілікті арттыру институты өзін-өзі тану курсы бойынша педагогтар мен тәрбиешілерді қайта даярлау бойынша жұмыстарын жалғастырды.
2010 оқу жылғы қыркүйектің 1-де «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсын өткен педагогтар саны – 1364 құрайды. Қазіргі уақытта қазақ және орыс тілінде мектептке дейіңгі білімнің 44 тәрбиешісі және 31 пән мұғалімдері біліктілік курсын өтті. Дәрісші-тьютор Л.М. Тузовской Зеренді ауданының 60 сынып басшылары мен пән педагогтары үшін және Бурабай ауданының мектепке дейіңгі білімнің 45 педагогы үшін курстары өтті.
Бұдан былай осы бағыттағы жұмыс 2010 жылға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша шығу және курстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі. 

 


Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» кеңінен таралуда

Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу бойынша эксперименттік қызметтің аяқталу кезеңдері жүріп жатыр.
Эксперимент нәтижелері мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде және ЖОО-да адамгершілік-рухани білім беруді практикада жүзеге асыруды жоғары бағалау туралы айтады. Әлеуметтік қасиет алған, адамгершілік сезімге тәрбиеленген мектепке дейінгі оқушылардың, мектеп оқушыларының және студенттердің саналы білімдері оларды әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне шығарады, онда олардың әлемге деген көзқарастары дамиды. Бүгін біздің облысымыздың балалары «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының арқасында қуаныш пен махаббатта өмір сүруге үйренуде.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу қарсаңында білім беру мекемелерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету сұрақтары басты мәселенің бірі болып табылады.
Осы мәселені шешу және білім беру мекемелерін ОӘК қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарастыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысына «Бөбек» ҰҒПББСО адамның сәйкес даму институтының директоры Саинова Людмила Александровна келді.
Бұл күндері Л.А. Саинованың мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беру мектептердің және колледждердің жетекшілерімен және педагогикалық ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Кеңестің қатысушыларына оқу құралдарымен қамтамасыз ету, кадрларды, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін арнайы кабинеттер даярлау мәселелері талқыланды.
Осы кеңес «Өзін-өзі тану» жаңа білім беру пәнін жариялау және насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстың негізгі кезеңі болып табылады.
2010 жыл – «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жаппай енгізу жылы ретінде Қазақстан тарихына енеді. Экспериментке қатысқан ғалымдар, әдіскерлер, тәжірибешілер балалар мен оқитын жастарды адамгершілік-рухани дамыту жобасына ортақтастығын мақтан тұтады. Еліміздің білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мемлекетіміздің адамзат қорын табысты дамытуға ықпал ететіндігіне сенім артады.

 


Үйлестіруші кеңестің жоспарына сәйкес 2010 жылғы 19-24 сәуір аралығында 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру процесінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізудің дайындық жұмыстарына байланысты Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбында педагогтарға арналған көшпелі курсты ұйымдастырды.
Курсқа Талдықорған қаласында орналасқан 25 мектептен 65 тыңдаушы қатысты.
Курс «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді, шығармашылық әлеуетті іске асыру және қазіргі заманғы білім беру технологиясы, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, бақылау арқылы педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Курстың негізгі міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;
- Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістерінің негізгі мәселелерін ашу
Курста Алматы облысының балалардың құқықарын қорғау департаменті Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Айнагул Мұханқызы Үшкемпірова дәрісші ретінде сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасын енгізудің маңыздылығы мен негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Тыңдаушыларды оқыту процесінде қолданылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттары және тапсырмалары, Республика бойынша «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының тәжірибелік кезеңінің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды.
Сонымен қатар курс тыңдаушыларының пәнді енгізуге байланысты сұрақтарына да жауап берді.
Жоспарға сәйкес мұғалімдерді қайта даярлау курсы Панфилов ауданында өткізіледі.
1 Қыркүйекке дейін аудан, қала білім беру мекемелерінің педагогтарын Облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының қайта даярлау курсынан өткізу жұмыстары жүргізіліп отырады.

 


«Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша құжаттауды дайындау реттілігі»атты тақырыппен аудандық «Өзін-өзі тану» пәнін қадағалайтын білім бөлімдерінің мамандарына оқыту семинарын өткізу туралы

Жеке адамның адамгершілік-рухани даму мәселелеріне ақпараттық сипаттама беру бойынша шаралар жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылғы 23 сәуірде сағат 11.00-де «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша құжаттауды дайындау реттілігі» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, СҚ ПКБАҚДИ, қалалық және аудандық, интернаттық мекемелердің, лицей, колледждердің «Өзін-өзі тану» пәнін қадағалайтын білім бөлімдерінің мамандары қатысты, барлығы – 50 адам.
«Өзін-өзі тану» курсының ғылыми-құқықтық негізі, облыстың педагог кадрларының дайындық күйі, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының педагогикалық құжаттауын жүргізу, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, «Өзін-өзі тану» курсының психолого-педагогикалық сүйемелденуінің рөлі – пәнінің жаппай енгізілуіне байланысты өткізілген семинардың мақсаты осы.
Дәріскер-тьюторлар: СҚ ПКБАҚДИ директорының орынбасары Қ.Ү. Сәбиева, №20 ОМ директоры Ш.Ж. Мұқышева, №7 ОМ бастауыш сыныптарының оқу меңгерушісі Е.А. Крупская және эксперименттік алаңдардың оқытушылары семинарға қатысушылармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылардың сөз сөйлеуі слайд және бейнефильм көрсетумен қосталды. Әрбір эксперименттік алаң өзінің әдістемелік жұмыс тәжірибесін атап айтты. Семинарда берілген материал қатысушыларға «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін дайындыққа көп көмек көрсетеді.
Ұсыныстарды қабылдау - оқыту семинарының қорытындысы болды.  

 


Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша облыстық оқу әдістемелік Кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Отырысты ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, Кеңес төрағасының орынбасары А.А. Исаев жүргізді.
Облыстың білім беру ұйымдарында 2010-2011 оқу жылында «Өзін -өзі тану» пәнін енгізуге дайындық бойынша өткізілетін іс- шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, Кеңестің отырысы интерактивті студияда on – line режимінде 17 қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің бастықтары және 120 мектеп педагогтарының қатысуымен, сондай- ақ өзекті мәселелер мен туындаған сұрақтарды талдауға аралаласуға мүмкіндік ала отырып өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес, Өскемен қаласы, Глубокое, Ұлан аудандарының білім беру ұйымдарының бастықтары пәнді енгізуге дайындықтарының барысы жайлы баяндап берді. Аталған аймақтарда «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтар құрамы анықталған, қайта даярлау курстарының жоспарлары бекітілген, оқу әдістемелік семинарлар өткізілуде. Білім және тәрбие беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» бөлмелерін арнайы жабдықтау жұмыстары белсенді жүргізілуде, жаңа оқу жылында олар дайын болады. Барлық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда оқу әдістемелік кешендерді алуға сұраныс берілген.
Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры С.З. Байхонова «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің нормативтік сілтемелері туралы ақпарат берді. Адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы Т.Ұғланова «Өзін-өзі тану» пәнінің ақпараттық ағарту жұмыстарының барысы жайлы баяндады.  

 


«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» атты тақырыпта Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізу туралы

2010 жылғы 21 сәуірде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» атты тақырыпта Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге білім беру мекемелерінің басшылары, психологтар және аудандық 40 мектебі ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамдың адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы өз сөзінде өсіп келе жатқан ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері мен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мәніне тоқталды.
Білім беруді ұйымдастырудың білім процесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілуіне дайындықты ұйымдастырудың ерекшеліктері – қатысушылардың қызығушылығын тудырған мәселе болды. Пәнді енгізу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен Петропавл қаласының №7 орта мектебі директорының орынбасары, педагог-экспериментатор, лектор–тьютор - Е.А.Крупская бөлісті.
Тәжірибе барысы «Өзін-өзі тану» пәні тәрбиелеу мен білім берудің дәстүрлі және жаңа мазмұнын қайта қарауға, қоғамда жалпы адамгершілік құндылықтардың оң жүйесін қалыптастыруға әсер ететінін көрсетті.  

 


Өзіңді өзің танысаң істің басы

ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау дапартементінің жоспарына сәйкес, 2010 жылдың 21 сәуірінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңызды тәрбиелік мәнін және оқу дәрістерін насихаттау, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, баланың өзіндік «менін» анықтауға көмектесу, баланың өзін-өзі тануы мен дұрыс қатынасын дамыту мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Өзіңді-өзің танысаң, істің басы» тақырыбында оқырмандармен кездесу өткізілді. Кездесуге отыздан аса оқырман балалар, эксперимент алаңдарының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар кітапхана қызметкерлері мен департаменттің ұйымдастырған кітап көрмесімен танысты. Алғы сөз ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ.Жүсіповаға берілді. Келесі сөз кезегінде №23 мектеп-лицейінің мұғалімі О.Долгополова «Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңызды тәрбиелік мәнін айтып, балалардың өзін-өзі тануы арқылы олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, құрбы-құрдастарына, бір- біріне деген жүрегінде жылулық сезімін ұялату, жалпы айналасындағы қоршаған ортаға құрмет көрсету деген ұғымның мән-мағынасының маңыздылығын айтып өтіп, оқырман балалармен «Красота души человека» тақырыбында ойын-тренингтер өткізді. ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы А.Биболова оқырмандармен «Древо «Самопознания» тренингін жүргізді және «Өзін-өзі тану» пәніне байланысты махаббат, достық және салауатты өмір салты туралы слайдтар көрсетті. Бұл ойын-тренигтерден балалар үлкен әсер алды. Кездесу соңында оқырмандарға департамент жұмысы туралы жазылған жарнама таратылды.
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын айтып, осы кітапхана директоры Р.Қарсыбекова және №23 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі О.Долгополованы департаменттің алғыс хатымен марапаттады. 
 


2010 жылдың 20 сәуірінде «Жетісу» телеарнасының «Көкжиек даңғылы» бағдарламасына Талдықорған қаласындағы «Өзін-өзі тану» бағытында істейтін №42 балабақша сабағы түсірілді.
Лектор - тьютор Семенько Тамара Михайловна «Жақсы әрекет» тақырыбында балалармен сабақ жүргізді. Сабақтың мақсаты: балалардың бойына «Мейірімділік», «Пайдалы іс» сөздердің ұғымын бекіту, ұжымдық еңбектің мәдениетін қалыптастыру, балалардың тәжірибесін жақын адамдарды қуантатын әрекет арқылы байыту. Сабақ соңында бүлдіршіндер бір-біріне денсаулық, мейірімділік, бақыт тіледі.
Сонымен бірге, «Ізгі жүрек» ойынын ұйымдастырып, жүрек, жан және мейірімділік туралы мақал-мәтелдер сияқты қызықты әдіс-тәсілдерді қолданып, балаларға «Үлкен жүрек» атты тосын сыйлық ұсынды.
Аталған мекеме тәрбиеленушілері «Легенда о ласточке» аңызынан қысқа көрініс және шағын концерт ұйымдастырды.  

 


2010 жылғы 16 сәуірде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Жамбыл аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып «Білім беру мекемелеріндегі психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары» тақырыбында бала мен отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, баланың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқыту семинар-тренинг жұмысы ұйымдастырылды.
Семинарға Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары, мектептерінің психологтары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, сынып жетекшілер мен қатар 7-11 сынып оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарға Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Күлмария Нұртайқызы Ахмедиева, облыстық «Дос» денсаулық сақтау жастар орталығының психологі, педагогика ғылымдарының кандидаты Марианна Амангелдіқызы Сыдықбекова, Қарасай ауданы, «Сандуғаш» балабақшасының психологі, «Өзін-өзі тану» пәнінің лектор-тьюторы Индира Әбдіқапарқызы Курумбаева қатысты. Семинарға қатысушылар өзін-өзі тану арқылы баланың ортаға әлеуметтік-мәдени бейімделу мәселелерін жан-жақты қарастырып, талқылады. Семинардың 2-ші бөлімінде қатысушылар 4 топқа бөлініп психологиялық тренинг жұмыстарына қатысты. Тренинг барысында 7-11 сынып оқушылары психологтардан жеке кеңестер алып, өз ойларымен бөлісті.

 


Тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық насихаттау барысында атқарылған жұмыстар

Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің есепті ақпараттарына сәйкес, «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты кең көлемде ақпараттық насихат жүргізу мақсатында телеарналарда 21 телебағдарлама , 94 мақала басып шығарылды, 14 семинар, 65 ашық сабақ өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іс-қимыл жоспарын орындауға сәйкес, тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық насихаттауға байланысты 12 сәуірге дейінгі қорытынды бойынша барлық өңірлерде тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы мәселесін «Өзін-өзі тану» пәні арқылы насихаттауға байланысты баспасөз конференциялары өткізілді.
Барлық өңірлерде жас ерекшеліктерін есепке ала отырып баспа және электронды БАҚ-да «Жақсылық және Ізгілік сабақтары», «Өзін-өзі тану әліппесі», «Даналықтың сатылары», «Өзін-өзі тануға жол» атты айдарлары құрылған.
Қазіргі таңда 16 өңірде телебағдарламалар жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар бүгінгі күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Атырау облысының «Қазақстан-Атырау» телеарнасында, Қызылорда облысының «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында бейне роликтер құрылғандығын атап өту керек.
Сонымен бірге Алматы қаласында , Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан , Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын «Өзін-өзі тану» пәні арқылы насихаттау мәселесіне байланысты телебағдарламалар мен қатар радио арқылы насихаттауда жүргізілуде.
«Өзін-өзі тану» пәнін ақпараттық насихаттау мақсатында 2010 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарияланған материалдар бойынша дайджестер дайындалды.
Бүгінгі кезеңде «Бөбек» 79 лектор-тьюторлар сертификаттар алды. Лектор-тьюторлар тарапынан мұғалімдерді қайта даярлау курстарында сабақтар өткізілуде, пәнді енгізуге байланысты ата-аналар мен лекциялар ұйымдастырылуда.
«Өзін-өзі тану» пәнінен мұғалімдердің озық тәжірибелер жинақтау және үйрену жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» пәнінен мұғалімдердің озық тәжірибелерін Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Алматы облыстарының БАИ жинақталуда.
2010-2011 жылдарға арналған жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының оқу процессіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мақсатында, негізгі пән есебінде, аталған пән бойынша 1-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бекітілді және комитет веб-сайтына енгізілді.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты «Бөбек» Ұлттық ғылыми-әдістемелік білім беру және сауықтыру орталығымен ай сайын Республикалық ғылыми-әдістемелік «Самопознание. КZ» журналы әзірленіп шығарылады.
Бүгінгі таңда «Самопознание. КZ» журналының бірінші жарты жылдығына білім беру ұйымдарынан 5921 данасына жазылған, бұл дегеніміз жалпы тапсырыстың 66 % құрайды. 

 


Оқушыны тану үшін, оқытушы, алдымен, өзін-өзі тану қажет

«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағытында дәрісші-тьюторларды дайындау бойынша республикалық курстар аяқталды. Қостанай облысынан 3 педагог 280 сағаттық теориялық және практикалық дайындық курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болды.
Дәрісші-тьютор – бұл біздің дағдылы ортамыздағы жаңа түсінік. Дәрісші ретінде – бұл нұсқаулы дәрістер беретін және курстар әзірлейтін білімі дайын шешен. Ал тьютор ретінде ол семинарлар өткізеді және тыңдаушыларға кеңес береді.
Қостанай облысының дәрісші-тьюторлары мұғалімдерге кеңес береді және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Сара Алпысқызы Назарбаеваның бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдардың алғыр тәжірибелерін таратады.
Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани даму сұрақтарын ақпаратты насихаттау бойынша Қостанай облысының 2010 жылға Іс-әрекет жоспарына, «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қостанай облысының Білім басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспарына, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасы бойынша құрылған Қостанай облысының өзін-өзі тану мұғалімдерінің «Жүректер үндестігі» облыстық шығармашылық бірлестігінің жоспарына сәйкес, облыстық білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге дайындалу мақсатында 2010 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Қостанай қаласының № 3 орта мектебі, Рудный қаласының № 10 орта мектебі, Лисаков қаласының № 3 орта мектебі, Затобол мектеп-гимназиясының эксперименталды алаңдарында «Адамгершілік-рухани білім беру оқу-тәрбие үрдісінің негізі ретінде. «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» тақырыбында 4 семинар-континиум өтті.
Аймақтық семинарларға «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша экспериментке қатыспайтын білім беру ұйымдары ішінен 100-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Федоров, Ұзынкөл, Қамысты, Денисов, Таран, Жітіқара, Амангелді, Жангелді, Науырзым, Әулиекөл, Сарыкөл, Алтынсарин, Қостанай аудандары, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларынан мектеп жетекшілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мұғалімдер болды. Қорытып айтқанда, осы іс-шараға облыстың барлық аймақтары жұмылдырылды.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Табиғат - өмір бастауы», «Қайырымдылық және ықыластылық», «Табиғат – қымбат тарту», «Еңбекқорлық және жалқаулық», «Табиғаттың құпиялары» сабақтарын тамашалады. Сабақ барысында педагогтарға сабақтың құрылысымен, әдістерімен, түрлерімен және «Өзін-өзі тану» пәніне тән жұмыс тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берілді: «Шаттық шеңбері», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Ән шырқайық, достар!», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Сахналау», «Жүректен-жүрекке» және т.б.
Сонымен қатар, семинардың қонақтарына оқушыларды махаббат және қайырымдылық сезіміне, бірін бірі құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелейтін «Халық дәстүрлерін сақтай отырып», «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбындағы шығармашыл ұжымдар қызметтерінің нәтижелері ұсынылды.
Практикалық сабақтарды көрсетумен қатар дәрісші-тьюторлармен әңгіме өткізілді, кеңестер берілді, семинарға қатысушылар арасында әдістемелік материалдар үлестірілді.
Аймақтық семинар-континиумдар Қостанай облысының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде білім беру бағдарламасын жаппай енгізуге мектептердің дайындығын ұйымдастыруда практикалық құндылықтары бар.
Ұйымдастырушылар семинарға қатысушылардың адамгершілік-рухани білім беру бойынша білімдерін кеңейткендігінде және жергілікті жерлерде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге білімді іспен кірісуге мүмкіндік алғандарына сенімді. 

 


Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Жақсылық пен мейірімділік» тақырыбында өткізген қайырымдылық акциясы туралы

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастамасымен үстіміздегі жылдың 9-шы сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп «Жақсылық пен мейірімділік» атты тақырыпта қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталмыш акцияның басты мақсаты - ол дамуында кемшілігі бар балаларға көмек көрсету болып табылады. Акция барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және дефектология» кафедрасы білімгерлерінің ұйымдастырумен балаларға арналған сахналық көріністер, концерттік бағдарламалар және балалардың қатысуымен ойындар өткізілді. Сонымен қатар Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Гүлнұр Сейсенбекқызы Сейсенбекова балаларға деген жылы лебізін білдіре отырып, департамент қызметкерлерінің атынан отыз науқас балаларға оқу құралдарын, қызықты мультипликациялық фильмдері бар дискілер мен тәттілерді тарту етті.
Акцияның соңында облыстық психоневрологиялық диспансерінің бас дәрігері Сауранбаев Еркентай Астайұлы ұйымдастырушыларға рахметін айта отырып, осындай акциялардың жиі ұйымдастырылып тұруын ұсынды.
Іс-шараға қатысушылардың айтуынша науқас балалардың жанарынан қуаныш сезімін көргенде, кішкене болса да қуаныш сыйлағанда кеудеңде қуаныш сезімі ұялайды. Себебі ізгілік барда-нақтылық бар. Мұндай акциялар қаншама жанды бауырына басып жылытқанын атап шығу мүмкін емес.
Аталмыш іс-шара Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және дефектология» кафедрасының білімгерлері мен облыстық психоневрологиялық диспансерінің балалар бөлімінің тығыз ынтымақтастығына ұласты, өйткені болашақта бұл жастар өздерінің педагогикалық тәжірибелерін осы жерде өткізеді деп күтілуде. Демек, бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалғыз еместігін сезіндіріп, олардың жандарына жылу береді деген ойдамыз. 

 


2010 жылдың 8 сәуірінде Талдықорған қаласындағы №42 балабақша негізінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті  Талдықорған қалалық білім бөлімімен бірлесіп «Мектеп жасына дейінгі мекемеде «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру ерекшеліктері орталығын құру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақша тәрбиешілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысын Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары С.Долаев жүргізді.
Семинарға қатысушыларға лектор-тьютор Т.М. Семенько өзінің «Кішкентай жүрек соғысы » атты сабағын ұсынды. Қатысушылар сабақтың құрлымымен және сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысты, «Шаттық шеңберін» құрып бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Сабақ барысында Тамара Михайловна жүректің таспаға жазылған соғысы, балапанын жоғалтқан құс туралы ертегі, «Ізгі жүрек» ойыны, дана қарт туралы тәмсіл, жүрек, жан және мейірімділік туралы мақал-мәтелдер сияқты қызықты әдіс-тәсілдерді қолданып, балаларға «Үлкен жүрек» атты тосын сыйлық ұсынды. Балалар үлкен жүрекке өздерінің денсаулық, мейірімділік, бақыт тілеген тілектерімен кішкене жүрекшелерді жапсырды.
Аталмыш балабақшаның тәрбиешісі И.В. Кречетова «Мектеп жасына дейінгі мекемеде рухани-адамгершілік білім беру негізінде ерекше білім орталығын құру» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында жеке тәжірибесінен көптеген мысалдар келтіріп, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын балабақшада енгізудегі бастамалары, кездескен қиыншылықтар туралы атап өтті.
Семинарға қатысушы ата-аналар арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушылардың бірі Талдықорған қаласындағы жекеменшік «Басқару негіздері» мектебінің директоры Л.В.Сергеева семинардан алған әсері туралы өз ойын ортаға салды
Талдықорған қаласындағы №4 балабақша әдіскері М.Ө.Бидайықова, Текелі қаласының №6 балабақша меңгерушісі А.Б.Тарыбаевалар семинардың жұмысына өте жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді.
Семинар соңында қатысушылармен өткізілген тәжірибелік семинар барысы талқыланып, болашақта «Өзін - өзі тану» пәнінің бала тәрбиесінде қосар үлесінің зор екендігіне басты назар аударылды. 

 


Өзінің сан ғасырлық тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, қайғы-қасіретті басынан кешірсе де, ұрпағын жылатпаған халық. «Бала адамның бауыр етінен жаралған, балаң артыңда қалатын өшпес ізің, мұраң» - деген өсиет атадан қалған мирас. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі балалар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі, олардың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек – деген болатын. Елбасының бұл сөзі үлкендер үшін негізгі бағыт, бағдарлама. «Отан отбасынан басталады» дегендей, болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең бірінші ата-анадан, отбасынан басталмақ. Ұлы ақынымыз Абай, сәбиге – ең бірінші адам болу үшін мейір мен махаббат қажет – деген. Бұл сезімдерді бала тек толыққанды отбасында ала алады.
Осы мақсатта Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 8 сәуірінде Талдықорған қаласындағы М.Горький атындағы №4 орта мектеп негізінде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мектеп, отбасы және бала арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар жұмысына аудан, қала мектептерінің психолгтары, ата-аналар комитеттері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орныбасарлары шақырылды.
Семинар жұмысын Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары – Долаев Самғат Садырбайұлы жүргізді. Алғы сөз №4 орта мектеп директоры Елубаева Гаухар Сламғалиқызына беріліп, ол өз сөзінде мектепте ата-аралар комитеті мен мектеп психологы арасындағы жұмыстың түрлеріне тоқтала келіп, оқушы, ұстаз және ата-ананың тығыз қарым-қатынаста жұмысты жүргізген уақытта ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатынына тоқталып өтті. Талдықорған қаласының білім бөлімінің бастығы Тұрұсбеков Болат Кәметұлына және Алматы облысы "Қоғамдық бірлестігінің" төрайымы – Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы өз жұмыстары жайында қысқаша мағлұматтар берді.
№4 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джан Галина Геннадьевна мен мектептің педагог-психологтары Қылышбаева Марал Имангелдіқызы және Ерасылов Айтмұхамбет «Семья – одно из главных человеческих ценностей» тақырыбы бойынша слайд-шоу көрсетіп, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді. №4 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Ахрамович Вера Савельевна «Единство семьи и школы» тақырыптарында практикалық жұмыс, №4 орта мектептің 3ә сынып жетекшісі Мусабаева Мейрамкүл Мұратбекқызы «Бәрі де отбасынан басталады», 4б сынып жетекшісі Кузнецова Татьяна Николаевна «Что важнее: убеждение учителя или родительский авторитет» тақырыптарында тәрбие сағаттар ұйымдастырылды. №4 орта мектептің 10а жетекшісі Саурамбекова Зульфия Тулегалиевна өзінің жұмыс тәжірибесінен «Авторитет родителей» тақрыбында практикалық жұмыс, №4 орта мектептің 3б сынып жетекшісі Вахрамеева Марина Анатольевна адамның құндылықтары, Слёзы ивы" атты ертегінен ойын, №4 орта мектептің 5ә сынып жетекшісі Тоқшылықова Ләззат Смағүлқызы«Ұлттық тәрбие бсты назарда» атты сайыс сабағын ортаға салса, №4 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Сүттібаева Шолпан Төлеуханқызы «Какой я Родитель?» тақырыбында практикалық жұмыс, оқушылардың өзін-өзі басқару және КТК командасы «Решаем проблемы вместе» тақырыпта өз ойларымен бөлісті. №4 орта мектептің 10а сынып оқушылары Бөпебаева Асель, Мухамедказиева Гулімнің « Үлкендермен сұхбат» тақырыбында дайындаған видеоролигі көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылармен өткізілген іс-шара барысы талқыланып, болашақта «Өзін - өзі тану» пәнінің бала тәрбиесінде қосар үлесінің зор екендігін тағы да бір талқылап өтті, мектеп, отбасы, қоғам болып бірлесе жұмыс істеудің нәтижесі көрсеткіштерінің жоғары екендігі дәлелденді. 

 


2010 жылдың 7 сәуірінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның адамгершілік-рухани дамуы  ақпараттық ағартудың жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында облыстық «Жетісу» телеканалының «Шаңырақ» бағдарламасына «Өзін-өзі тану» бойынша эксперименттік бағытта жұмыс істеп отырған алаңдар басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Дөңгелек үстел отырысында сегіз жыл бойына сынықтан өткізіліп келген «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен жетістіктері жан-жақты талқыланып, көпшілік көрермен қауымға пән туралы түсінік берілді.  

 


«Бәріміз бірге - күшпіз» балалардың әлеуметтік бастамалар жобаларының III Облыстық жәрмеңкесі

Қазақстан азаматтарының жас ұрпағын қоғамдық өмірге кірістірудің қарқынды тәсілдердің бірі әлеуметтік жобалау болып табылады. Облыстың білім беру мекемелері әлеуметтік жобалау тәсілдерін қолдана отырып, екі мақсатқа жетуге жақындап келеді: баланың жеке тұлғалық өзін-өзі тануға мүмкіндік туғызу және оған болашақта өз еліннің    іс-әрекетке қабілетті азаматы болуға көмектесу.
Осыған байланысты Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың 20 наурызынан 07 сәуіріне дейінгі аралықта «Бәріміз бірге – күшпіз» балалардың әлеуметтік бастамалар жобаларының жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңке 2 кезеңде өткізілді: сырттай және күндізгі кезең. Жәрмеңкеге Қостанай облысының білім беру мекемелері, туынгері Қазақстанның Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева болып табылатын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім-беру бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдар қатысты.
Балалардың әлеуметтік бастамалар жобаларының негізгі мақсаты балалардың бастамалырын қолдау және жария ету, педагогтар мен оқушыларға адамгершілік-жеке тұлғалық педагогика негізіндегі білім беру және тәрбие жүйесін креативті қайта құруға мүмкіндік туғызу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 20 наурызында сырттай кезеңге Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 19 мәлімдеме түсті. Олар: Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларынан, Федоров, Қарасу, Ұзынкөл, Қостанай, Жітіқара аудандарынан. Жобалардың көбі Рудный (5 жоба), Лисаков (3 жоба) қалаларының, Қарасу ауданының (4 жоба) білім беру мекемелерінен ұсынылды. Олардың ішінен үздік деген 8 жоба жәрмеңкенің күндізгі кезеңіне сұрыптап алынды.
Жобалар мынадай тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылды: адамгершілік-рухани тәрбие, балалардың көшбасшылық және шығармашылық мүмкіндіктерінің белсенділігін арттыру, салауатты өмір салты, балалардың құқықтарын қорғау, экономика.
Ағымдағы жылдың 07 сәуірінде Жәрмеңкенің ІІ қорытынды (күндізгі) кезеңіне өткен балалардың жобалар қорғауының тұсаукесері өтті.
Балалардың әлеуметтік жобалары облыстық сайысының әділқазылар алқасы келесі жобаларға жоғары баға берді:
1 орын - «Достастық» Рудный қалалық балалар қауымдастығы» ММ «Мы – за светлое будущее» жобасы үшін;
2 орын - «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 орта мектебі» ММ «Школа без наркотиков – миссия выполнима» жобасы үшін;
3 орын - «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 мектеп-гимназиясы» ММ «Школьный сайт «Десяточка» жобасы үшін.
Осы жобаларды әзірлегендер дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Бірге біз – күшпіз» облыстық балалардың әлеуметтік бастамасы жобасының жәрмеңкесін ұйымдастыру комитеті әкімшілік органдары балалардың әлеуметтік бастамаларына назар аударып қолдау көрсететін аумақтарында қоғамдық-пайдалы істерге қатысатын белсенді, құштар, мүдделі бастаушылар саны өсетінін атап өтті. Сонымен қатар, бүкіл қатысушыларға алғыс айтады және мәдени мен қоғамдық қызмет саласында әр оқушының өзін көрсете білуге мүмкіндік беретін білім беру мекемелерінің әлеуметтік жобалауда әрі қарай белсенді қатысатындығына үміт артады.

 


Батыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мен ақпараттық ағарту жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру

Қазіргі таңда қоғам алдында адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселесі өзекті болып отыр.
2010-2011 жаңа оқу жылында оқу процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу басталады. Бүгінгі таңда аталған пәнді енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған іс-әрекеттер жоспарына сәйкес облыста жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту бойынша ведомствоаралық жоспар жасалды.
Аталған жұмыс жоспарының негізінде ақпараттық ағарту бойынша жұмыс тобы құрылды, білім басқармасында, департаментте мамандар бекітілді, жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша ақпараттық ағартудың іс-әрекеттер Жоспарын жүзеге асыру бойынша журналистер, телетілшілер белгіленді.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту бойынша іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2010 жылы департаментпен білім беру және ішкі саясат басқармаларының, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тәжірибелік алаңдар өкілдерінің қатысуымен облыстың БАҚ өкілдеріне арналып пресс-конференция өткізілді, мұнда аймақтың барлық қамтылған органдарымен жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелерімен ағарту бойынша басым бағыттар белгіленді.
Жұмыс жоспарын мақсатты жүзеге асыру үшін және Батыс Қазақстан облысының тәжірибелік алаңдарының жұмыс тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Қазақстан-Орал» радиосында педагог-экспериментаторлар «Өзін-өзі тану» курсының мақсаты мен міндеттері», «2010-2011 жылдардан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін оқу процесіне енгізудегі дайындық бастамасы туралы», «Баланың дүниетанымын өзін-өзі тану мен қоршаған ортаны тану арқылы рухани байыту» тақырыптарында сөз сөйледі.
Облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінде, қалалық «Жайық ұстазы», «Пульс города», «Диапазон» газеттерінде, аудандық «Бөрлі жаршысы», «Бурлинские новости» газеттерінде оқытушылар мен сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің «Өзін-өзі тану» пәні туралы, ата-аналардың «Өзін-өзі тану» білімдік бағдарламасының адамгершілік-рухани мазмұны туралы мақалалары көрініс тапты. Аталған жұмыс бағытымен БАҚ арқылы білім беру процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізуге дайындық бойынша, жалпы адамзаттық құндылықтар негіздері ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау бойынша қаңтар, ақпан, наурыз айларына дайджесттер дайындалды.
«Өзін-өзі тану» пәнін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша тәжірибелік алаңдардың педагогикалық тәжірибесін зерттеу және жинақтау, интерактивті студияларды пайдаланумен пәннің ең үздік сабақтарын көрсетуді ұйымдастыру мақсатында облыстық «Қазақстан-Орал» телеканалында «Введение в курс «Самопознание», «Путь добра, любви и милосердия», «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру бағдарламасымен таныстыру», «Аспекты нравственно-духовного воспитания» және т.б. тақырыптарда «Өзін-өзі тану» сабақтары» көрсетілді.
«Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігін ескере отырып, пікірталас сабағы, байқау сабағы, шығармашылық сабағы, концерт сабағы, театрландырылған сабақ сияқты сабақтардың стандартты емес түрлері пайдаланылады, мұндай сабақтар балаға жақсы әсер етеді, онда олар өзін-өзін және басқа адамдарды тану, қоршаған ортамен байланыс жасау арқылы еркін ойлауға, өз пікірін білдіруге, талант пен қабілеттерін ашуға үйренеді.
Адамгершілік қажеттіліктер табиғатпен берілмейді, оларды тәрбиелеу қажет, оларсыз жоғары руханилық, мейірімділіктің болуы мүмкін емес, сондықтан ата-аналармен «Өзін-өзі тану» пәнін 2010-2011 оқу жылынан бастап енгізу мәселесі бойынша кездесулерді, жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыруда балаларға адамгершілік-рухани білім беру мен тәрбиелеудің мәні зор болып табылады. Осы мақсатпен ата-аналардың, қалалық білім беру бөлімі өкілдерінің, облыстық балалар үйінің, облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының, барлық тәжірибелік алаңдар өкілдерінің қатысумен «Аспекты нравственно-духовного воспитания предмета «Самопознание»», «Взаимодействие семьи и школы в духовно-нравственном развитии учащихся через предмет «Самопознание»» тақырыптарына оқыту семинарлары өткізілді. Семинарларды өткізу мақсаты – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін насихаттау мен түсіндіру.
Адамгершілік-рухани тәрбиелеу және «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша билборд шығарылды.

Облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мен адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша мұғалімдер,ата-аналарға көмекші әдебиеттер бойынша буклеттер шығару жұмысы жүргізілуде. 

 


«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбындағы педагогтардың біліктілігін арттыру курстары туралы

2010 жылдан бастап білім беру процесінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Үйлестіруші кеңесінің жоспарына сәйкес, 2010 жылғы наурыздың 22-31 аралығында №61 орта мектепте Астана қаласының Білім басқармасының ББЖ КБА ҚДИ «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбында педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізді.
Ұйымдастырушылар алдарына қайған мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын педагогтарды дайындау.
Курстың негізгі міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;
- Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістерінің негізгі мәселелерін ашу болды.
Курстарда тыңдаушы ретінде 134 педагогтар қатысты, олардың қатарында мектептердің, колледждердің және кәсіптік лицейлердің директорларының жаңарту жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері бар.
Курстың жетекші ойы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді іске асыру және қазіргі заманғы білім беру технологиясы, шығармашылық әлеуетті іске асыру және өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылаудың жәрдемімен педаготың өзін-өзі жетілдіру арқылы кәсіптенген маңызды құзіретті алуға көмектесу болды.
Астана қаласының Балалардың құқықарын қорғау департаментінің атынан Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ержан Сапарұлы Жиренбай дәрісші ретінде сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасын енгізудің маңыздылығы туралы, авторлық ойдың негізі жөнінде айтты. Тыңдаушыларды оқыту процесінде қолданылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттары және тапсырмаларымен, сонымен қатар, Астана қаласы және жалпы Республика бойынша  «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының тәжірибелік кезеңінің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды.
Ержан Сапарұлы курс тыңдаушыларының пәнді енгізуге байланысты сұрақтарына жауап берді.

 


2010 жылғы 1 сәуірде Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» республикалық эксперимент шеңберінде «Алматы облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңында «Взаимодействие семьи и школы в духовно-нравственном развитии учащихся через предмет «Самопознание» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Мейірімділік бастауы» шығармашылық бірлестігінің жоспарына сәйкес отырыс өткізілді.
Отырыстың мақсаты:
1.«Отбасы және мектеп» арасында өзара тығыз ынтымақтастықты дамыту;
балалар мен жастарды  мейірімділікке, кішіпейілділікке, өзара татулыққа тәрбиелеу.  Аталған шара жұмысына: Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназия, Талдықорған қаласындағы №42, №45 балабақшалар, Қарасай «Сандуғаш» балабақшасы мен Абай атындағы мектеп – гимназия, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті, облыстық мұғалімдер кәсібін дамыту институтының өкілдері қатысты. Шығармашылық бірлестік отырысында ата-аналар комитетінің озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында Ақсу ауданы, Қызылту ауылдық орта мектептің ата-аналар комитетінің жұмысы көрсетіліп қатысушыларға әдістемелік құралдар таратылды, оқушылардың қолданбалы өнері,  бейнелеу қызметінің көрмелері ұсынылды.
Шара барысында әдістемелік коллаж түрінде ата-ана комитеттерінің жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырылып пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Сынақ алаңдары мұғалімдері үзінді сабақтар көрсетіп оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтар тәрбиесінде мектеп, отбасы және баланың өзара ынтымақтастығы қажет екендігіне басты назар аударылды.

 


Ақмола облысындағы өзін-өзі тану фестивалі

А.ж. наурыздың 31-де Көкшетау қаласының «Достар» Мәдениет үйінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ықыласы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаменті директоры Н.Замолоцких, Көкшетау қаласы әкімі орынбасары А.Е. Мұсралімова, Көкшетау қаласының білім бөлімі бастығы Х.Х. Ғазизов, облыстық БАИ мен БҚҚД директоры Е.Т. Исимбаев, мектеп директорлары, балалар мектепке дейіңгі мекемелері, тәрбиешілер, педагогтар мен оқушылардың қатысуымен Өзін-өзі танудың соңғы фестивалі өтті.
Іс-шара облыстық және қалалық БАҚ өкілдері, облыстық телеарнаның қатысуымен баспасөз-конференциядан басталды. Тілшілердің сұрақтарына департамент директоры мендәрісші-тьюторлар жауап берді.
Баспасөз-конференция барысында білім мекемесіндегі Өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу, оқу процесіне уақтылы енгізуі, өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі адамгершілік-рухани дамудың рөлін арттыру қажеттілігі туралы мәселелер қарастырылды.
Мәдениет үйі фойесінде Қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесімен адамгершілік-рухани әдебиеттің көрмесі, сонымен қатар өзін-өзі танушылар педагогтарының оқу-әдістемелік материалдардардың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальді департамент директоры Н.Замолоцких ашты. Департамент атынан Көкшетау қаласы әкімі орынбасары А.Е. Мұсралімова, Көкшетау қаласының білім бөлімі бастығы Х.Х. Ғазизов, облыстық БАИ мен БҚҚД директоры Е.Т. Исимбаевқа, адамгершілік-рухани даму мәселесімен айналысатын тілшілерге алғыс хаттар мен құрметтеушіліктер табыс етілді. Сонымен қатар барлық сынақ аландарына балалар мен жастарға арналған «Балалықтың бал әні» атты өлеңдер жинағын жасаған композитор-аранжировщик Ерлан Ташевқа алғыс білдірілді. Балалар композитор Ерлан Ташевтың өлеңдері барлық іс-шараның соңына дейін жүріп тұрды.
Өзін-өзі тану сынақ аландарының басшылары мен «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша сынақ аландарының нәтижесі бойынша ең жақсы өзін-өзі танушылар грамота, дипломдар, айрықша белгілермен марапаталды.
Барлық қатысушылар үшін облыстық БАИ мен БҚҚД жанында осы күндер ішінде Өзін-өзі тану орталығының ашылу салтанаты болады.
Іс-шараға барлығы 350 педагогтар мен тәрбиешілер қатысты. 

 


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Алматы облысының «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздарының «Мейірімділік бастауы» шығармашылық бірлестігінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2010 жылдың 30 наурызында Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентіндегі Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте ауданның бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп психологтарын «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту ерекшеліктеріне бағдарлау мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері, тәжірибесі және болашақта жүзеге асырылуы» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына 30 бастауыш сынып мұғалімі, 20 мектеп психологы, сонымен қатар облыстық білім басқармасы, БАҚ өкілдері қатысты қатысты. Семинар барысында қатысушыларға «Бөбек» ҰҒПББСО-да түсірілген «Уроки доброты» атты бейнефильмі көрсетіліп, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың деңгейлері» тақырыбында мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал таратылды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Асыл Жексембайқызы Құрақбаева және Талдықорған қаласының №14 орта мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Минуар Құсманқызы Баймолданова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдер мен психологтарға арналған кіріспе сабақтар, шебер-класс және тренинг жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында жиналған аудиториямен «Шаттық шеңбері» құрылып, қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Департамент директорының орынбасары С.Долаев іс-шараны қорытындылай келе, департамент тарапынан осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұратынын атап өтті.

 


«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.С.Елеушеваның облыстағы бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтарға арналған шығармашылық есебі туралы

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 30 наурызында Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Елеушева Гүлнар Садуақасқызының облыстағы бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтарға арналған шығармашылық есебі өткізілді.
№1 мектеп-гимназиясы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің эксперименталды алаңы ретінде 2002 жылдан қызмет етіп келеді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша аталған мектепте 7 педагог жұмыс істейді, соның бірі – Елеушева Гүлнар Садуақасқызы.
Семинар барысында өзін-өзі тану мұғалімінің тұсаукесер көрсетілімі болды, онда педагогтардың назарына өзін-өзі тану сабақтары, өмір сабақтары, тәжірибелік қызметті жүзеге асыруда балаларға көмектесетін табиғат сырларымен көмкерілген сабақтар ұсынылды.
Сонымен қатар семинар барысында «Жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бойынша мұғалімнің ата-аналармен және оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Елеушева Гүлнар Садуақасқызы «Сүйіспеншілік елі» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіп, сабақ барысында балалар өздерінің махаббат, сүйіспеншілік туралы пікірлерін білдіріп, эссе жазды және сабақ соңында махаббат пен үміт кемесіне отырып, ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхатқа аттанды. Атап өтетін жайт, мұнда оқушылар әр түрлі жастағы топтардан құралған болатын (2 және 5 сынып).
Шығармашылық есеп «Өзін-өзі тану елінде» сабағымен жалғасты. Бұл сабақта Г.С.Елеушева оқушылармен жүргізілетін жұмыстың тиімді түрлері мен әдістері туралы балалармен мысал келтіре отырып, тәжірибелік тұрғыда көрсетіп берді.
Бұл «Әуенді тап» ойыны, «Көмек қаласы», «Қуаныш мекені» секілді сахналау ойындары және өзге де мысалдар түрінде болды. Сонымен қатар «Достықты іздеу» сыныптан тыс іс-шарасынан көріністер, балалардың қайталанбас өнері көрініс тапқан «Менің әлемімнің бағы» атты балалар шығармашылығының көрмесі ұсынылды.
Семинар соңында Елеушева Гүлнар Садуақасқызы адамгершілік-рухани білім беру мен тәрбие ісіндегі еңбегі үшін Жамбы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің атынан құрмет грамотасымен марапатталды, сонымен бірге мектеп ұжымы мен ата-аналар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай мұғалімдердің оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудегі шебер ұйымдастырушылығы әр баланы қайырымдылыққа, мейірімділікке, құндылықтарды сіңіре білуге, өзіндік игіліктерді игере білуге тәрбиелейді.

 


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы

«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу қарсаңында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.
2010 жылғы 26 наурызда Астана қаласының №61 орта мектебінде Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Е.Бермұхамедованың төрағалық етуімен Үйлестіруші кеңестің отырысы өтті. Үйлестіруші кеңестің жұмысында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің, ББЖ КБА ҚДИ-ның өкілдері және лекторлар-тьюторлар қатысты.
Күн тәртібінде педагог кадрлармен қамтамасыз ету, «Өзін-өзі тану» кабинеттерін дайындау, сонымен қатар, пәнді енгізу бойынша хабарлаумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс жұмысында кадр дайындауға, көктемгі және жазғы кезеңдерде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үздіксіз курстарды өткізудің қажеттілігіне баса назар аударылды.
2010 жылдан бастап білім беру процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жағдайында Астана қаласының Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.А. Жақыпова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курстардан өткен педагогтардың деректер банкін құру, сонымен қатар қаланың мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан қажетті педагогтарды дайындауға байланысты сұранымдарды дайындауды ұсынды.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Е.С.Жиренбай қатысушыларды Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша 2010 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысымен таныстырды. Өз сөзінде «Өзін-өзі тану» оқу кабинеттері жөніндегі Ережеге сәйкес кабинеттерді дайындауға тоқталды.
Астана қаласының ББЖ КБА ҚДИ Білім мазмұны және оқыту әдістері кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Байботанова «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарын дайындау жағдайы туралы, жоспар мен кестеге сәйкес білім беру мекемелерінде көшпелі курстарды өткізу жоспарланып отырғандығы туралы айтты.
Жұмыстың қорытындысы бойынша Үйлестіруші кеңестің қатысушыларымен «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу жөніндегі жүйелік жақындауға қажетті шешімдер қабылданды.

 


«Мейірімділік – жан жылуы» атты семинары туралы

2010 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласы,  №73 бастауыш мектеп-балабақшасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік – жан жылуы» атты тақырыта  семинар өткізілді. Семинарға ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры және адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы, қалалық білім бөлімі маманы, барлық эксперименттік алаңшалардың басшылары мен «Өзін-өзі тану» пәнінің жауапты ұстаздары, облыстық білім жетілдіру институтының тәрбие кабинетінің мамандары және «Өзін-өзі тану» пәні жүргізілетін топтағы балалардың ата-аналары қатысты.
Семинар «Балалық шақ әлемі – мейірімді жүрек әлемі» атты қабырға газетінің көрмесімен басталды.  Одан соң осы балабақшадағы «Жұлдыз» ересектер тобында, ашық сабақ түрінде өтті. Сабақ барысында топтың тәрбиешісі О.Найзабек балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жақсы тілек айтқаннан кейін, «Мадақтау» ойынын өткізді. Е.Максенина жетекшілік еткен «Мейірім» мектепке даярлық тобында балаларға тәрбие туралы  «Қалтырауын мен шымшық» атты  мултьфильмі көрсетіліп, олар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамай, осы көрген көріністен  ойларын  ашық түрде жеткізе білді. Сабақ кезінде балалармен сергектік жаттығуы жасалынды. Бұдан соң 4 «а» сыныбымен «Құдіретті жер - ана» сауат ашу пәнімен кіріктіріліп өтті. Сабақта терең ой, жақсы қарым-қатынас нәтижелері туралы ой өрбітті.
Психолог сабаққа қатысқан қонақтар арасында «Мейірімді бол әрқашан» тақырыбында тренинг-сабағын өткізді. Тренинг жұмысы музыкант – этнограф К.Қарабдаловтың сүйемелдеуімен «Ғажайып сезім әуендері» атты тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.  Қатысушылар әрбір отбасы азаматтары өзінің істеген ісімен, өнегелі жүріс-тұрысымен жас жеткіншектерге тағлым алатындай өнеге көрсеткені жөн деген ойларын айтып, ең бастысы, мектеп-балабақшадағы балалардың танымдық қабілеттері бұрынғыдан да дамып, өмірді тану туралы өзіндік ой-пікірлерінің жетілу қарқынын ризашылықпен атап өтті.
Семинар жұмысының соңында  қатысушылардың атынан қаладағы Н.Королев атындағы №45 мектеп-гимназиясының психологы М.Тұрақұлова, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің мұғалімі З.Төлешбаева сөз сөйлеп, осындай өзара пікір алмасуды, семинарлар мен ашық сабақтарды ұйымдастырып жүрген ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментіне және №73 бастауыш мектеп-балабақшасы ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.

 


«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» тақырыбында Тайынша ауданында білім мекемелерінің жетекшілерімен кездесуді өткізу туралы 

Ағымдағы жылдың 17 наурызында департамент мамандары Тайынша ауданында ата-аналар қоғамымен кездесу өткізді. Кездесуге білім мекемелерінің жетекшілері және 34 аудандық мектептің ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департамент директоры В.В.Литвиненко, адамгершілік-рухани тәрбиесінің ерекшіліктеріне және «Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.
Білім мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудегі дайындық мәселелерін ұйымдастыру жөнінде департаменттің адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы түсіндірді.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері және Миронов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, олардың тәжірибесі қатысушыларды  қызықтырды. 

 


Жүректердің үндестігі» өзінөзі танушылар клубының отырысы

А.ж. 17 наурызында «Арман» мектеп-бала-бақшаның өзінөзі танушылар сынақ аланында «Жүректердің үндестігі» өзінөзі танушылар клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласы «Өзін-өзі тану» сынақ аландары мұғалімдері мен әдіскерлері, басшылары қатысты.
Отырыс басталар алдында өзінөзі танушыларға релаксации, бассейн, қысқы бақша және т.б. кабинеттерінің көрсетілімімен бала-бақшаға серуендеу ұсынылды.
Отырысты клубтың төрайымы Л.М.Тузовской ашты, ол «Бөбек» ҰІжББСО дәрісші-тьюторларды дайындайтын аяқталу сессияға барған іссапары туралы айтты. Содан кейін «Өзін-өзі тану» фестиваліне дайындық бойынша ұйымдастырушы мәселелер бойынша талқылау болды. Адамды адамгершілік-өңегелік дамыту туралы әрекеттерді жүзеге асыру бойынша әңгіме болды. Барлығы бүгінгі күнде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы педагогикалық қоғамның ақпараттық және діңи аланына енетін жалпы іс деген ортақ шешімге келді. Сондықтан өзінөзі танушылар-педагогтарға осы пән басқа пәндер арасынан лайықты орын алатын «Өзін-өзі тану» курсын барлық білім деңгеіне жаппай енгізу бойынша мақсатты және терең жұмыстар жүргізу қажет. 

 


«Өзін-өзі тану» арқылы отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі

2010 жылғы 17 наурызда БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» республикалық эксперимент шеңберінде ата-аналар қоғамының қатысуымен   Орал қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Взаимодействие семьи и школы в духовно-нравственном развитии учащихся через предмет «Самопознание» тақырыбындағы облыстық «Жүректер үндестігі» атты педагогтар Клубының 2010ж.1-ші отырысы өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты:
- «Мен» дегеннің әлем бөлшегі екендігін  қалыптастыру;
- «Отбасы және мектеп» арасы тығыз ынтымақтастығын дамыту;
- оқушылар  бойына ілтипат,  мейірімділік тәрбиелеу,  жанұя мүшелерімен  жақсы қарым-қатынаста болу және өзара көмек көрсету. 
Аталған шара жұмысына тәжірибелік алаңдар: Орал қаласы №21 «Росинка» Мдұ-ң, № 7 ЖОББМ-ң,  Ақсай қаласы №3 «Гүлдер» МдҰ-ң, №3 ЖОББМ-ң  педагогтары және №7 мектептің ата-аналар комитетінің, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім беру бөлімінің, облыстық педагогикалық  кадрларының біліктілігін арттыру институтының, облыстық Х.Есенжанов атындағы балалалар және жасөспірімдер кітапханасының, облыстық сауықтыру мектеп-интернатының, облыстық отбасы үлгісіндігі балалар ауылының өкілдері қатысты.
Педагогтар Клубының отырысына қатысушылардың назарына ата-аналар мен жұмыстану туралы әдістемелік оқу-әдебиеттер, оқушылардың қолданбалы өнері,  бейнелеу қызметінің көрмелері ұсынылды.
Шара жұмысы барысында әдістемелік коллаж түрінде ата-ана мен жұмыстану бойынша сұрақтар талқыланып, пікір алмасылды.  
№7 ЖОББМ-ң мұғалімдері Н.Браславцева, В.Аксюта және  Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-ң К.Нуғманованың  баяндамалары оқылды.
4-ші сынып мұғалімі В.Немич «Девочки и мальчики» тақырыбындағы ашық сабағында оқушылар әлемнің тұтастығын ұғынып, сан қырлы өмірдегі өзінің қайталанбайтын, өзгеше болмысқа ие екендігін сезінді. 
Шараның аяқталу барысында мектеп директоры Б.Чебаков оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтар тәрбиесінде отбасымен тығыз келісіммен ынтымақтастық қажет екендігін айтып өтті. 

 


Шарбақты ауданың жалпы білім беру мектептері үшін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани дамыту бағдарламасын ақпараттық жариялау бойынша семинар-тренинг туралы

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық жариялау бойынша консультациялық жұмылдыру тобының Жұмыс жоспарына сәйкес ү.ж. 10 наурызда Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп жалпы білім беру мектептерінің 32 директорлары және Шарбақты ауданының 21 мектеп омбудсмандары үшін Шарбақты ауданының № 2 ЖОМ негізінде көшпелі семинар-тренинг өткізілді.
Семинар бағдарламасы екі секцияның жұмысын біріктірді:
- жалпы білім беру мектептерінің директорлары үшін «Шарбақты ауданының білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу туралы»;
- 8-10 сынып оқушылары мен тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары үшін «Мектеп омбудсманы: құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі».
Семинарды Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің бастығы В.Н. Глазинский және  балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы – Н.В. Нефедова ашты.   
Семинар-тренингте «Өзін-өзі тану» бағдарламасын түсіндіру бойынша 1-ші секцияның жұмысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу барысы; білім беру ұйымдарының балаларымен жұмыс жасауда өзін-өзі тану идеясын психологиялық сүйемелдеу және  интеграциялау жөнінде мәселелер сөз болды.
2-ші секцияның жұмысы мектеп омбудсманының іс-әрекеті туралы оқушыларға түсіндіруге бағытталды, «Бала құқығы – адам құқығы» бейнеролик көрсетілді, балалардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты жағдаятты ойындар жүргізілді. Балалар іс-шараға бар ынталарымен қатысты, өз жұмыстары туралы айтты, мәселелерімен бөлісті.
Семинардың қорытындысы бойынша, семинарға қатысушылар осындай іс-шаралардың пайдалылығы жөнінде өз пікірлерін айтты, семинарды ұйымдастырушыларға әдістемелік құралдар, брошюралар, семинарда қозғалған барлық мәселелер жөнінде ақпарат жазылған дисктер, яғни ұсынылған материалдар үшін алғыстарын білдірді.

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика