"Өзін-өзі тану" пәні мұғалімдерінің әдістемелік жинағы

Құрылған: 15.08.2012, 16:48   |   Жаңартылған: 30.06.2015, 12:10
"Өзін-өзі тану" пәні мұғалімдерінің әдістемелік жинағы
 
"Өзін - өзі тану" адамгершілік - рухани білім беру бойынша республикалық кеңес VII отырысының шешімі 
 
 
 

«Өзін - өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық»

онкүндігі аясында өткізілген «Ән көңілдің ажары» әндер фестивалінің есебі
 
 «Өзін - өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық» онкүндігі аясында 2015 жылдың 6 ақпанында Ақсу қаласы №1 қазақ мектебінің базасында қала мектептерінен ән сүйер оқушыларының қатысуымен «Ән көңілдің ажары» атты  әндер фестивалі өтті. Ән фестиваліне қалалық жалпы білім беру мекемелерінің әр түрлі жастағы әншілері қатыстырылды. Фестивальді өткізу үшін екі тілде әзірлемесі дайындалды.
Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй, - деп әлемге танымал ұлы ақынымыз Абай айтып кеткендей, әннің өзіндік бір ғажайып әсері бар әлем екеніне бүгін тағы бір көзіміз жетті. Еліміздің болашағы  -  ұл-қыздарымыз өз өнерлерімен тыңдармандарын тамсандырды.
Аты-жөні
Оқу орны
Орындалған ән
1
Болақбаева Аяна
№1 О.М, 8-сынып
«Мереке»
2
Абдурауков Медеу
 
№1 О.М, 7-сынып
«Тым болмаса»
3
Рустемханова Аяулым
 
№2 О.М, 4-сынып
«Бала тілегі»
4
Гейко Аня
№4 О.М, 8-сынып
«Мир в твоих руках»
5
Рустамова Ширин
№4 О.М, 3-сынып
«Казахстан – ты Родина моя!»
6
Романова Алину
 
№ 7 О.М, 4-сынып
«Дорогою добра»! 
7
Краузе София
 
№7 О.М, 11-сынып
«Әлия»
8
Варонкина Алина
 
Лицей, 7-сынып
«Маленький принц»
9
Павленко Александра
 
Лицей, 8-сынып
«Улыбайся»
10
Бахытхан Зейнеп
 
Еңбек О.М, 4-сынып
«Алға, Қазақстан»
11
Серік Ерасыл
 
Айнакөл О.М, 4-сынып
«Ақ тілек»
Қатысушыларымыздың әні алуан түрлі тақырыпта шырқалды. Әсем дауыстарымен қоса жүректен шыққан сезімдері арқылы әннің құдіреттілігін жеткізе білді. Оқушылар ән орындауында Отанға, еліне, өмірге деген  кіршіксіз шынайы махаббаты сезіліп-ақ тұрды.
Шынымен, өзін-өзі тану: «Махаббат пен Шығармашылық» педагогикасы аясындағы ән фестивалі өз мәресіне жетті.
 
 
Ақсу қаласы, КММ «№1 қазақ орта мектебі»
 
06.02.2015ж Ұйымдастыру комитеті

Кітап көрмесі

Ағымдағы жылдың 3 ақпан күні Павлодар облысының барлық мектептерінде «Бөбек» ғылыми – практикалық білім беру және денсаулық сақтау орталығының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған, «Мейірім төгетін ана» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды адамгершілік ойлармен таныстыру, Сара Алпысқызы өмірі мен қызметін үлгіге алып, оқушыларды жеке қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын дамытуға үйрету. Павлодар қаласының № 4 ЖОББМ-де балалар назарына «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты кітаптар көрмесі ұсынылды. Аудиторияда оқушылар орындауында көркем әндер мен өлеңдер, «бас анаға» арналған шын тілектер айтылып, «Жақсылық шеңбері» атты қысқа фильмі баршаның көңілінен шықты. Балалар «Жақсылық Үйін» қалады, «Шапокляк» пен оның достарын бір-біріне және айналасындағы адамдарға жақсылықпен қарауға үйретті. Қорытынды бөлімінде ғажап «Жақсылық ағашы» отырғызылды, оның жемісі оқушылар білдірген жылы лебіздер мен тілектер болып табылады. 

№5 «Ақбота» балабақшасында «Өзін-өзі тану» пәнінің

онкүндігі  аясында өткізілген, даярлық  «Айгөлек» тобындағы «Мен жақсы баламын» тақырыбындағы ашық ұйымдасқан оқу іс-әрекеті бойынша ақпарат

         Астана қаласының №5 «Ақбота» балабақшасында «Өзін-өзі тану» пәнінен, онкүндік  аясында, даярлық  «Айгөлек» тобында «Мен жақсы баламын» тақырыбындағы ашық ұйымдасқан  оқу іс-әрекеті өткізілді.  Оқу іс-әрекеті қалалық деңгейде жүргізілді. Қала балабақшаларының педагогтары  (№1 «Бәйтерек» б/б: Сейтенова Г.Ү., Бейсен М.С.,  №8 «Думан» б/б: Дильдабекова Ж.А., №16 «Шағала» б/б:Кусаинова Қ.А., Меңдібай А.С., №17 «Ер төстік» б/б: Акишева Г.Ж., №14 «Ақбөпе» б/б: Кажкенова Ж.У., №26 «Үміт» б/б: Оразбекова А.А., №29 «Ақ қайың» б/б: Садуақас Ж.Қ.) келіп оқу іс-әрекетке қатысты. Оқу іс-әрекеті  «Тәй-тәй» технологиясы бойынша екі орталықта жоспарланып жүргізілді.  Оқу іс-әрекетін екінші санатты тәрбиеші Бузаубакова М.К. және өнертанушы Халикова О.Ф. жүргізді. Оқу іс-әрекетінде балалар «жақсы бала» деген ұғымға тоқталып, берілген жағдаяттарды талдап, өз ойларын еркін айтып, жақсылық жасаудың маңыздылыған  түсінді. Жүргізілген оқу іс-әрекеттен  «Өзін-өзі тану» пәнінің жүйелі түрде өткізілетіндігі айқын байқалады. Оқу іс-әрекеті  шаттық шеңберден басталып, мазмұнды  дәйексөз жатталып, қызықты ойын ойналып, дәстүрлі әдістердің барлығын қолданып, балалар шығармашылық жұмыстары арқылы өз қиялдарын жеткізе білді. Педагогтар өздерінің алдына  қойған мақсат, міндеттеріне жете білді. Оқу іс-әрекетіне қала балабақшаларынан келіп қатысқан  педагогтар, іс-әрекетінің жргізілуі бойынша өз пікірлерімен бөлісіп талдау жүргізді, талдау нәтижесі бойынша бірауыздан оқу іс-әрекетіне жоғары деген баға берді. 


2015 жылы 13 қаңтар күні Қарағанды қаласының №92 гимназиясында Қарағанды облысының пилоттық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын енгізу бойынша «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру адамның үйлесімді дамуы Институтының жетекші ғылыми қызметкерлері Р.А.Мұқажанова және Г.А.Омарованың қатысуымен қорытынды семинар-кеңесі өтті.

Семинарға білім басқармасы, Қарағанды қаласы білім беру бөлімі, «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы және пилоттық білім беру ұйымдары: Қарағанды қаласының гуманитарлық колледжі, №92 гимназия, №53 мектеп-лицейі, «Бәйтерек», «Мерей» бала-бақшаларының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын білім беру ұйымдарына енгізу тәжірибесі бойынша пилоттық білім беру ұйымдарының есептері тыңдалды, сонымен қатар пилоттық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын жүзеге асыру жолдары мен бірыңғай оқу-тәрбие үрдісіне тереңінен енгізу сұрақтары қарастырылды.

Отырыс барысында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын интеграциялау моделін бірыңғай білім үрдісіне енгізу сұрақтары талқыланды. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының ұсыныстарын орындау жүрісі туралы қорытынды есептерді қарастырудың нәтижесі бойынша бұл бағытта жұмысты жалғастыру шешімі қабылданды, сонымен қатар пилоттық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасын енгізу шегінде жоспарланған іс-шаралар топтамасы мақұлданды.

Осындай кездесулер дәстүрлі түрде өтетін болады.


"Өзін-өзі тану" пәні бойынша «Жаным  толған жақсылық» атты тақырыпқа сабақтың жоспары


 "Табиғаттан үйренейік" тақырыбында Өзін-өзі тану пәні бойынша сабақ жоспары


Өзін-өзі тану мұғалімініңіс-әрекетін ұйымдастыруӘдістемелік ұсыныстар


Бастауыш сыныптар үшін "Мейірімділік" (Оңтүстік Қазақстан облысы)


Ересек топтар үшін "Егер досыңмен жолға шықсан"




11 сыныптар үшін "Өзінді өзің билей біл" (Ақтөбе облысы) 


Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, С.Б. Нұғманова «Өзін-өзі тану” оқытушысы
АДАМ БОЛУ
Тақырыбы:
«Табиғат- баға жетпес сый»
Мақсаты:
Адамға қажетті табиғаттың құндылығы мен табиғаттың байлығын сақтаудағы адамның ролі туралы ұғымды терендету, табиғаттың эмоциялық сезуді дамыту, табиғатқа деген қамқорлық қатынасын дамыту.Әдістері: бағытты сурет салу, түрлі сезімдерді, ойын-тапсырмаларды топпен әңгімелеу, шығармашылық жұмыс, «тыныштық мезеті», практикалық жұмыс.Ресурстары: музыкалық фрагменттері бар магнитофон, қағаз парақтары, түсті қарындаштар. Сабақтың барысы.Қуаныш шеңберіОқытушы мен балалар қуаныш шеңберіне тұрады. Оқытушы балалардың қолдарынан ұстап Н .Бромлейдің өлең шумағын барлығы дауыстап айту қажет.
«Табиғат тілі» шығармашылық тапсырмалар
Сабақтың эпиграфынан оқытушы Федор Тютчевтің дәйексөзін оқиды. Содан кейін теңіз шуы, құстардың ән салуы, жапырақтардың сусылы деген табиғатқа арналған музыкалық шығарма ойналады. Балалар тындалған жазулар бойынша табиғаты көркем бейнелейді, содан кейін оқытушылармен кімнің суреттері жарқын және табиғаттың тілін түсінуге үйрену қажет екенін әңгімелейді. Адам-табиғаттың патшасы деген ұғымы бар. Осы ұғымымен сіз келісесіз бе? Табиғатты сүю және түсіну деген не?
Табиғатпен кездесуден қалған жарқын мезеттерді есіне түсіріңіз. Ол туралы әңгімелеп беріңіз.
Сіздің ойыңызша, табиғат адамды сезе және түсіне біле ме? Оқулықтармен жұмыс Оқу ақпаратының мәтінің оқу, осы мәтіннің әр ережесін қысқаша талқылау, оларды шын мысалдармен дәлелдеу (оқулықтың 116 парағы).

Дәптермен жұмыс
Дәптерде 1 тапсырманы орындау. Балалардың суреттерінен «Біз және табиғат» көрмесін ұйымдастыру. Барлық ықылас білдіргендер сөз сөйлейді.
Тыныштық мезеті
Барлықтарыңыз көздеріңізді жұмыңыз. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз (тыныштық). Күннің көзі жер бетін қыздыруда (тыныштық). Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз (тыныштық). Сіз әлі өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз ..... (тыныштық).
Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық, табиғат-анамызды тындайық. Алақандарыңызды күннің көзіне жайыңыз. Көк аспаннан және күзгі жердің суығы ағатын жылы күннің сәулелерін сезіңіз (тыныштық). Қазір біз көзімді ақырын ашып, басқа жаққа қарай колымызды жайып, бізге өмір, денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл күй сыйлаған Ана-Табиғатқа «Рахмет» деп айтамыз.
Сізге «тыныштық мезеті» ұнады ма?
Табиғатта серуендегенде ол сізде қандай сезімді тудырды? (Балалардың).
Оқулықтармен жұмыс
Д. Досжанованың «Родник» әңгімесін оқу Әңгіме мәтіні бойынша әңгіме.
-Автор бұлақты қалай бейнелейді?
-Бала бұлақтың дауыстары мен әнін тындап, қандай жаңалықтар ашты?
-Табиғатпен әңгімелескенде, сізде бір жаналық ашуға мүмкіндік бергені туралы өмірден бір мысал келтіріңіз. жауаптары
«Табиғаттың жақын бейнелері» шығармашылық жұмыс
Табиғат - парақтары терең мазмұнға толы кітап секілді» сабағына дәйексөздер
-Неге нақыл сөздің авторы табиғаты оқулықпен салыстырады?
Табиғатты тану - бұл қызықтыратын танымды процесс, қазір біз қайтадан көз жететін өзінді тану секілді.
Ойлаңыз және сурет салыңыз: табиғаты бойынша сіз міңезі бойынша кімге немесе неге көп ұқсайсыз, мысалы: гүлге, шынға, ағашқа, аспанға, құсқа т.б.
Бір-бірінің суреттері бойынша балалар қандай да бір кескін кімге ұқсайды және неге екенін түсіндіреді.
Дәптермен жұмыс
2 тапсырманы орындау. Жолдауды оқу - шақыру бейнесі мен табиғатқа аса құрметпен қарауды табатын сабақтың өзіндік қорытындылауын дәлелдейді
«Жүректен жүрекке дейін» шеңбері
Бізде қандай тамаша «Өзін-өзі тану» сабағы өтті. Мен барлық балаларды «Жүректен жүрекке дейін» шеңберіне тұруға шақырамын. Бір-біріміздің қолымыздан мықтап ұстайық. Біз бүгін өте көп және қызықты жаналықтарды естідік. Енді біз ұлы оқытушы – бұл Ана-табиғат, ал адам – табиғаттың бөлшегі. Адам, өсімдіктер, ағаштар, гүлдер, жануарлар, құстар, жәндіктер, андар – Ана-Табиғаттың бөлшегі. Біз оларға қамқорлық жасап, қорғауымыз қажет- олар Жердің інжу-маржаны, өмірдің баға жетпес әшекейі.
Ал қазір сізді, балалар мені мұқият тындаңыздар. Менім артымнан сөздер мен қозғалыстарды қайталаңыздар: (Балалар екі қолдарын жоғары қарай көтеріп, тартылсын).
Мен тұрмын және өсемін, жүремін – мен жануармын. Я стою, и расту, и хожу – я животное. (Балалар екі қолдарын жоғары қарай көтеріп, тартылсын).
Мен тұрмын, өсемін, жүремін айтамын, ойлаймын мен адаммын (Балалар екі қолдарын жоғары қарай көтеріп, жүреді, содан кейін оң қолдарын мандайына қойып «ойлайды» ).
Өзін-өзі тану табиғат- бұл баға жетпес сый екенін есте ұстауға үйретеді. Сондықтан да біз Ана-Табиғатты қастерлеуіміз қажет.


Ашық сабақ “Өзін-өзі тану” пәні 1 «А» сыныбы Мұғалім: Э.Е. Щетинкина
Тақырыбы: Жақсылық
Мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларының өзін-өзі тану дағдыларын дамыту.Бір-біріне,қоршаған ортасына көңіл бөлуге және қамқорлық көрсетуге тырысуға,сезімталдыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
І. жаттығу «Жақсылық сарайын орнату»
Мұғалім сөздерді қимыл арқылы айтады, балалар қайталайды.
Біз сарай орнатамыз, тақтайды тақтайға, бөренені бөренеге қоямыз.Сарай дайын. Қоңырау шырылдайды: зың-зың, зың-зың.Адамдар сарайға қарай келіп жатыр: үлкен-кіші, әйелдер мен ерлер.Бәріне жақсылық тілейді.
Тыныштықта отыру. Балалар көздерін жұмады.Мұғалім сөйлейді.Сендердің
жүректерің - сендердің кішкене жарқыраған күндерің.Ол да күн сияқты жылытады.Сендердің күндерің сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен бөлісесіңдер.Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді, қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
ІІ. Мейірімді адамды анықтау.
- Сендер «Мейірімді адам» дегенді қалай түсінесіңдер? - Қандай адамды мейірімді адам деп айтасыңдар? (оқушылар жауабы)
ІІІ. Өзін-өзі тану дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар.
«Жақсылық үйіне қоныстану» -Сендердің алдарыңда сиқырлы үй.Ол қалай айтылады?(балалар оқиды:Жақсылық үйі) -Үйдің екі қабаты бар:бірінші қабатта жақсы, мейірімді адамдар, жоғарғы қабатта өте мейірімді адамдар тұрады.
-Ал енді ойланыңдар, сендер өздеріңе қай қабатты қалайсыңдар? Неге? (оқушылар жауабы) -Балалар, сендер үшін ең мейірімді адам кім? Өмірлеріңде сендерді бірінші рет жақсылыққа үйреткен кім? Сендердің әрқайсысыңда сондай адам бар. (Ана) -Келіңдер, балалар, бәріміз жақында ғана сүйікті анамыз туралы үйренген әнімізді айтайық.
Ән «Құттықтаймын, мама, қуанышыңмен!»
ІV. Ойын «Мейірімді сиқыршы»
Тақия мен сиқырлы таяқша шеңбер бойымен жалғастырылады. Әрбір оқушы барлық адамдарға арнап тілек айтады.
- Сендерге мейірімді сиқыршы болған ұнады ма? - Кім үшін мейірімді сиқыршы бола аласыңдар? - Қандай жақсылық істерді жасай аласыңдар? Сиқыршы рөліне ене отырып балалар жасай алатын іс-әрекетті талқылау.
- Ал,енді бәріміз өзіміздің «Мысық Леопольд» мультфильміміздегі сүйікті кейіпкерімізбен бірге «Егер сен мейірімді болсаң» ғажап әнін айтамыз.
Ән «Егер сен мейірімді болсаң»
V. «Күн» жасау.
-Бізде қонақта күн. Әрбір шапағында сендердің суреттерің.
Өз шапақтарыңды табыңдар. Ол ғажап, шын ғой? Кәзір әрқайсысың өз шапақтарыңа жүректеріңнің жылуын, жақсы тілектер жазасыңдар. Тілектерің жоғарғы қабаттағы ең мейірімді адамға. (балалар шапақтарға өз тілектерін жазып, Сара Алпысқызына сыйлайды.)
. Қол ұстасып, «Ризашылық» әнін айтамыз.


Тақырыбы: «Түстер әлемі»
Мақсаты:
Балалардың қоршаған орта сұлулығын сезіну қабілеттерін қалыптастыру, түстер әлемі және оның реңктерін түсіну, сезу, көру қабілеттерін дамыту. Табиғат үйлесімділігінің қарым-қатынасы ұғымын дамыту.
Методикалық тәсілдер:
Суретшінің сөзі, шығармашылық тапсырма, психожаттығу, кассеталар, ойын.
Материалдар:
Әуендерімен аудиокассета. 3 сурет: 1 – көңіл-күй түсі, 2- ақ-қара қамал, 3- түрлі-түсті қамал. Қағаздан үлкен гүлдер, кішкентай түрлі-түсті гүлдер, түрлі-түсті тамшылар. Табиғат туралы видеокассета түрлі-түсті «алмастар»
Сабақтың барысы
«Бақыт шеңбері»
Балалар менің қолымда не бар қараңдаршы.Бұл ерекше түрлі-түсті дап.Мұнда сары, қызыл, көк, жасыл және ақ түстер. Қанекей біз «Саламатсыз ба» деген сөзбен бір-бірімізге бір түстен сыйлайық.
Саша саламатсың ба? Мен саған көк түс сыйлағым келіп тұр. Бұл аспанның түсі. Бір-біріңе адамгершілікпен, ілтипатпен қарайтындарың мені қуантады. Ал қазір біздің сиқырлы кілеміміздің үстіне отыруға шақырамын, бірақ алдымен қыздарды өткізейік. (музыка қосулы)
Тік отырамыз. Әуенді естіп тұрсыңдар ма? Ол бізді саяхатқа шақырып тұр.
Көңіл-күй түсі:
Қазір мен «Эни, бени раба» деймін, көздерімізді жауып, жолға аттанамыз. Ал біз керемет ертегі әлеміне түстік.
Қараңдаршы, біздің алдымызда үлкен қақпа тұр, ол бізді кемпірқосақпен саяхатқа шақырып тұр. Біз түрлі-түсті кемпірқосақтың үстімен жүріп келеміз. Жоғарыдан бүкіл ғаламшар көрініп тұр. Мұнда жасыл орман да, көк теңіз де, сары шөл де, қызыл гүлдер де бар. Мінекей түрлі-түсті жауын жауып жатыр. Жауын тамшылары біздің бетімізге түсіп жатыр. Алақандарыңа қараңдаршы – қандай түсті тамшаны ұстап алдыңдар? Тамшыны құлақтарыңы қарай көтеріңдер. Ол сендерге не деп сыбырлайтынын естіңдер. Бұл тамшыны өздеріңмен бірге алып кете аласыңдар, ол сендердің қастарыңда әрдайым болады. Сендерді қорғап, көмектесіп жүреді. Бірақ, біз ертегілер патшалығынан кайтуымыз керек. Мен «Эни, бени- раба» дегенімде көздеріңді ашасыңдар.
Әңгімелесу:
Сендердің тамшыларыңның түсі қандай болды?
Ол құлақтарыңа не деп сыбырлады?
Ертегілер әлемінен қайтқыларың келді ме?
Мен сендерге түрлі-түсті жауын тамшыларын біздің қолшатырымыздың астына жабыстыруды ұсынамын. Біріншіден бұны біз қыздарға істеуге ұсынамыз. Жарайсыңдар! Біздің сиқырлы қолшатырымызға қараңдаршы. Ол сондай ерекше, түрлі-түсті, қуанышты, ойнақы болды.
Ширату:
Ал қазір ойын ойнайық. Сиқырлық басталды. Мен қазір сиқырлы сөз айтамын, сендер көбелекке айналасыңдар....
Көбелектер ойнап, гүлден гүлге ұшыпжүр, ал әуен тоқтайды, көбелектер сиқырлы гүлге ұшады. Бірақ, абайлаңдар көрші көбелекті гүлден құлатып жібермеңдер, қанаттарына зақым келтірмей, бір-біріңе ұқыпты болыңдар
Менің көбелектерім сондай ақкөңіл, ұқыпты. Қазір мен «крекс-пекс-фекс» сиқырлы сөзін айтамын, сендер қайтадан балаларға айналасыңдар. Қазір мен кілемге барып отырып, қызықты ертегі тыңдауды ұсынамын.
Ертегі: Таулар мен ормандардың артында бір керемет Түстер патшалығы орналасқан. Бұл ерекше әдемі патшалық. Мұнда түстердің барлығы бейбітшілік пен келісімде өмір сүреді. Әрбір түс таңертеңнен кешкеге дейін өзінің жұмысымен айналысады.Сары түс күнде таңертең Күнді сары түске бояйды: жасыл түс шөптерді бояйды, талдың жапырақтарын: қызыл түс- гүлдерді, қызыл қоңыздың арқасын: көк – аспанды, теңізді....
Қазір мен сендерге бұл патшалықты, әдемі патшалықты көрсетемін.
Күндердің күнінде бұл түстер патшалығында бір қызықты оқиға болды.Қара түс басты түс болғысы келіп, бүкіл патшалықты қара түске бояп тастады! Қараңдаршы, бұдан не шықты.... Түстер патшалығы қараңғы, қорқынышты болып кеткен (сарайдың ақ-қара суретін көрсету)
- Сендерге ертегі ұнады ма?
- Осындай патшалықта өмір сүргілерің келе ме? Неге?
- Сендер қалай ойлайсыңдар түстерсіз өмір сүруге бола ма? Неге? - Ал біз көмектесе аламыз ба?
Қанекей бұл патшалыққа ашық түстерді қайтарып берейік.
Эмоциялық жағдай:
Сендердің ойларыңша, патшалыққа керек деген түстерді таңдауды ұсынамын.Жарайсыңдар! Сендер ақкөңіл, қарапайым балаларсыңдар, менің ойымша, енді бұл патшалықта бәрі жақсы болады. Көздеріңді жұмыңдар….. Қазір керемет болады… (тәрбиеші түрлі-түсті сарай бейнеленген суретке ауыстырады)
Көмек көрсеткен сендерге ұнады ма?

Қазір көңіл-күйлерің қалай?
«Жүректен жүрекке»
Мен де сендерге тылсым сый дайындап қойдым. Жақындап, менің қолымда не бар екенін қараңдар. Бұл түрлі-түсті «алмастар». Қанекей бір-бірімізге осы «алмастарды» жылы тілектерімізбен сыйлайық.
«Саша мен саған сары түсті «алмас» сыйлаймын, сенің көңіл-күйің әр уақытта жақсы болсын».
Ал қазір қолдарыңды алға қарай созып, алмастарға қараңдар, олар түрлі-түсті және өте әдемі, бізді қоршаған әлем сияқты!
Балалар, біз сендермен достық пен бейбітшілік туралы әнді тыңдадық, қанекей соны орындайық. («Әлем түрлі-түсті шалғындыққа ұқсайды» әнінің фонограммасы өшіріледі).


Маңғыстау облысының № 46 «Ручеек» тәрбиешісі
Тақырыбы: «Менің туған өлкем»
Ересек топтарға арналған
Сабақтың мақсаты:
Балалардың туған өлкеге деген қызығушылықтары мен сүйіспеншіліктерін дамыту, Отансүйгіштік, Отаны үшін мақтаныш сезімдерін қалыптастыру және тәрбиелеу, Қазақстанның достастық мемлекет екендігін түсіндіру, қалыптастыру Методикалық тәсілдер: Әңгіме, түсіндіру, ойын, сұрақтар. Материалдар: Қазақстан қалалары мен табиғат көріністеріне иллюстрация (бейнефильм немесе слайд көрсетуге болады); әртүрлі ұлттардың киімімен бейнеленген балалардың суреттері және плакаттары; домбыра әуенімен аудиожазба; доп; «Бейбітшілік сенің үйіңе» тақырыбында балалар көрмесі; күлкі, алақан, жүрек, күн бейнеленген түрлі-түсті дөңгелек суреттер (балалар санына қарай).
Сабақтың барысы
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады):
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды)
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Биде айналған жақсы ма? (айналады)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Қазақстандық болған жақсы ма?
(бас бармақтарын көрсетеді)
Жақсы! (алақандарын соғады)
Балаларды бірінші жолаққа шақырамын (бұл старт).
Балалар сұрақтарға жауап береді, жауаптары бойынша жабыстырылған жолақтар бойынша алға жылжиды. Балалар, бүгін жәй ғана таң емес. Бүгін бақытты кездесулер таңы! Қараңдаршы, қаншама түрлі-түсті дөңгелектер бар (дөңгелектер соңғы жолақта, финиш сызығында жатыр). Бірақ, оған жету оңай емес, алдымен тапсырманы орындау керек. Дөңгелекке жеткен, бүгін бір-бірімен қалай амандасу керек екендігін көреді. Кімде күлкі бейнеленген болса – достарына күлімсірейді. Кімде алақан болса – қолымен амандасады. Кімде жүрек бейнеленген болса – досын құшақтайды, күн болса – жылы сөз айтады.
Балалар, «Жақсы» атты ширату-ойынында сендер Қазақстандық болған жақсы деп айттыңдар. Ал Қазақстандық деп кімді айтуға болады? (балалардың жауаптары). Қазақстандық – бұл біз, себебі, біз Қазақстанда тұрамыз. Біздің әрқайсысымыз – Қазақстандық, себебі, біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанда әртүрлі ұлттар тұрады. Оларды атаңдар. Қазақстанның барлық ұлты достықта, бейбітшілікте өмір сүреді, өзінің Отанын сүйеді (Тәрбиеші «Бейбітшілік сенің үйіңе» тақырыбында балалар көрмесіне назар аударады). Қараңдаршы, қандай керемет суреттер салғансыңдар! Адамдардың жарқын жүздеріне назар аударыңыздаршы! Олардың барлығы ақкөңіл және бақытты! Ең бастысы – бұл бейбітшілік пен достық! Балалар, бейбітшілік, достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? (Жауаптары бойынша балалар жабыстырылған жолақтар бойынша алға жылжиды). Достық әттүрлі адамдарды да біріктіреді. Досың жоқ па, ізде, таптың ба - сақта. Достықты бағалай біл. Дос табу оңай, сақтау қиын. Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын. Соңғы жолаққа жеткендер (финишке тезірек жеткендер), дөңгелектерді алып, онда бейнеленген суреттер бойынша тапсырманы орындайды. Кімде күлкі бейнеленген болса – достарына күлімсірейді. Кімде алақан болса – қолымен амандасады. Кімде жүрек бейнеленген болса – досын құшақтайды, күн болса – жылы сөз айтады. Үстелге отыруды ұсынамын. Өлең «Біздің ел Балалар, әлемде көптеген елдер бар. Қандай елдерді білесіңдер? (балалардың жауаптары). Неге өлеңде біздің елдей ел жоқ деп айтылған? (балаларды өлең сөзімен жауап беруге тырыстыру керек. Мысалы: Біздің елдің суы мөлдір). Адамға қандай ел бәрінен де ыстық? (Әлемде көптеген жақсы елдер көп, бірақ адамнаң жалғыз анасы – бір Отаны бар! Ол бәрінен де қымбат) Әр адамның өз Отаны бар. Ал сендер «Отан» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Бұл-біздің туып өскен өлкеміз. Мұнда ең жақын адамдар тұрады. Мұнда бізге бәрі де таныс. Үлкен Отанымыз – бұл Қазақстан, кіші Отанымыз – бұл қаламыз, туған үйіміз, ауламыз). Айтыңдаршы, біздің Отанымыз қалай аталады? «Отан» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады? (Туған ел) Неге Отанымызды «Туған ел» деп атаймыз? (Мұнда біздің әкелеріміз бен аталарымыз өмір сүрген). Балалар, қанекей қазақтың ұлттық музыкасын тыңдайық. Сендер домбыраның қалай ойнайтынын естіп, теңізден бастап тау белестеріне дейін жайылған туған өлкеміздің кереметін көресіңдер. Музыка ойнап тұрған кезде Қазақстан жайлы бейнефильм көрсетуге болады (слайттар, суреттер немесе иллюстрация). «Отан» сөзі «туған» сөзіне өте ұқсас. Мысалы: Туған үй. Ойлаңдаршы, тағы қандай сөз тіркестерін құрастыруға болады. Тапсырма доппен орындалады: кімге доп лақтырылса, сол жауап береді. (Туған жер, ел, ана, әке, өлке т.б) Балалар, бейбітшілік, достық нышаны қандай құс? (кептер)
Қанекей, кептер құсын жасайық, олар қаншалықты көп болса, еліміз тыныш болады (балалар қағаздан кептер жасап, туысқандарына, достарына, таныстарына сыйлайды).
Балаларды «Жүректен жүрекке» шеңберіне шақырамыз.
Бақыт, қуаныш, жақсылық Сыйлайды бәріне балалар! Достықты балалар бағалаңдар.
Отанымызды сүйіңдер!


Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарыда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын  апробациялау және енгізу бойынша эксперименттің барысы туралы

Өзін-өзі тану

Жас ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы, халықтық педагогика әдістеріне және  жалпы адамзаттық құндылықтарға оқытудың дүниежүзілік тәжірибесіне негізінделіп құрылған.

Адамгершілік-рухани білім беру бойынша эксперименттің басталуы

 2001-2002 оқу жылында  Алматы қаласының білім беру ұйымдарының

(№ 34, 113, 131, 132 орта мектептер, «Туран» лицейі,  № 217, 293 балалар бақшалары, «Асель-Азет»тәрбие орталықтары, Қазақстанның мемлекеттік қыздар институты) негізінде

(ҚР БҒМ 2001 жылғы 12 шілдедегі   № 566 бұйрығы )

Оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеуші ұйымдарды басқарушылар:

2001 жылы психология ғылымдарының докторы, профессор Х.Т. Шерьязданова және РБЖИ әдіскері   Н.И.Бахмутова

2003 жылы педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. К. Кусаинова

2004 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор М. Ш. Хасанова

2005 жылы философия ғылымдарының докторы, профессор Е.Е. Бурова

2006 жылы педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Ж Джадрина

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 23 мамырдағы № 692 қаулысы негізінде Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы «Бөбек» құрылды:

1. Адамның үйлесімді дамуы институты

2. Бас эксперименттік алаң – «Өзін-өзі тану» классикалық гимназия

Эксперимент өткізілуі

(2006-2007 оқу жылынан бастап  қатысатын эксперименттік алаңдарды қоса есептегенде):

(ҚР БҒМ 2002 жылғы 21 наурыздағы  № 204 бұйрығы)

162 білім ұйымында:

58 –мектепке дейінгі ұйым,

67 – орта мектеп,

10 – мектеп-интернат,

1 – колледж,

26 – жоғарғы оқу орыны.

Эксперименке қатысушы балалар, оқушылар және студенттер

(2006-2007 оқу жылынан бастап  қатысатын эксперименттік алаңдарды қоса есептегенде):

 

Барлығы: 28626 бала, оқушы және   студенттер, оның:

4106 – бала бақшасындағы балалар,

11392 – мектеп және мектеп-интернаттароқушылары,

393 – колледж студенттері,

12735 – жоғары оқу орындарының студенттері.

Эксперименке қатысушы тәрбиешілер, мұғалімдер, оқытушылар:

 

Барлығы 590 адам, оның:

132 –тәрбиеші,

356 – мұғалім,

102 – жоғары оқу орнының оқытушысы.

Жаңа ұрпақтың оқу-әдістемелік жинағы әзірленді

62 атаулы:

20 жинақ мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге арналған қазақ тілінде;

42 жинақ комплекті орыс тілінде барлық білім беру деңгейлеріне арналған

Білім ұйымдары мен органдарының меңгерушілеріне, балалар бақшаларының тәрбиешілеріне, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ректорлары, әкімдерге  арналған 3 өңірлік семинар өткізілді

2003-2004 жылдары (Астана, Орал, Шымкент қалаларында).

Білім ұйымдары мен органдарыбасшылары, бала бақшаларыныңтәрбиешілері, жоғары оқуорындарыныңректорлары меноқытушыларынаарналған,  республикалықұйымдардың, жақын және алысшетелденшақырылғандардыңқатысуыменхалықаралық ғылыми-практикалықөткізілді.  конференция

2003 жылы (Алматы қаласында)

Білім ұйымдары мен органдарыбасшылары, бала бақшаларыныңтәрбиешілері, жоғары оқуорындарыныңректорлары мен облыстықбалаларфондының  атқарушы  директорларына  арналған 2 республикалық ғылыми-әдістемелікөткізілді. семинар

В 2004-2005 жылдары (Алматы қаласында)

Білім және ғылым министрлігі  жәнеоблыстық білім департаментіжанынанӨзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білімРеспубликалық Үйлестіру  Кеңесіқұрылды « беру

ҚР БҒМ 2005 жылғы 18 қазандағы №  679 бұйрығы

Батыс және оңтүстік облыстарына (Батыс Қазақстан,  Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы и Маңғыстау облыстары) арналған экспериментті тарату және насихаттау үшін республикалық семинар Ақтөбе қаласында өткізілді

2007 жылы 24 - 26 шілде аралығында, тақырыбы:

«Білім жүйесі ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу тәжірибесі» 150 адам қатысты

 «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарының IIРеспубликалық  конференциясы Алматы қаласында өткізілді

2007 жылғы 23-24 тамызда:

 «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың жеке басының рухани-адамгершілік қалыптасуындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі»  250 адам қатысты

Павлодар қаласында Республикалық ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді

 

2007 жылғы  15 - 16 қарашада:

 «Нравственно-духовное образование  «Самопознание»: опыт и перспективы»

Республикалық конференция Алматы қаласында өткізілді

2007 жылғы 18 - 20 желтоқсанда: ««Өзін-өзі тану» курсынРеспубликаның жоғары оқу орындарында енгізу тәжірибесі»

2007-2008 оқу жылында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру  бағдарламасын саралаудан өткізу бойынша эксперименттік алаңдар туралы материал жинақталды

 Эксперимент 175 білім ұйымдарында өткізілуде:

60 – мектепке дейінгі ұйымдар,

75 – жалпы білім беретін орта мектеп,

10 – жетім балаларға арналған мектеп интернаттар,

1 – колледж,

29 – жоғары оқу орындары.

Эксперименке қатысатын балалар, оқушылар, студенттер контингенті

Барлығы  34387 бала, оқушы және   студенттер, оның:

3952-мектепке дейінгі ұйымдардағы балалар,

15244- орта мектеп оқушылары

510 – жетім балалар

700 – колледж оқушылары

13981 – жоғары оқу орындарының студенттері

Эксперименке қатысушылар: тәрбиешілер, мұғалімдер

Барлығы 658 адам, из них:

68-тәрбиешілер,

229-бастауыш сынып мұғалімдері,

74 – педагогика пәнінің оқытушылары,

126-психологтар,

161 – пән мұғалімдері

жоғары оқу орындарының оқытушылары:

59-жоғары оқу орындарының оқытушылары,

42 – аға оқытушылар,

22-ғылым кандидаттары

Білімдері

563-жоғары білімді,

86 – арнайы орта білімді,

9- аяқталмаған жоғары білімді

Солтүстік және шығыстағы облыстарға (Солтүстік Қазақстан,  Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Қостанай,  Астана, Алматы қалаларының және Шығыс Қазақстан ) арналған өңірлік семинар  Өскемен қаласында өткізілді 

2008 жылғы  9 - 10 сәуір аралығында

 «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын құзіреттілік тұрғыда жүзеге асыру»

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы өзін-өзі тану пәні педагогтерінің республикалық ғылыми-практикалық тамыз конференциясын өткізді

  2008 жылғы 20-21 тамыз аралығында Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті: мүмкіндіктері, тәжірибесі және болашақта жүзеге асырылуы»

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында республикалық ғылыми-әдістемелік семинар  өткізілді

2008 жылғы 29-30 қазанда 

Тақырыбы: “Өзін-өзі тану” рухани- адамгершілік білім негізінде оқу-тәрбие жұмысын  ізгілендіру” 

 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика