Әлеуметтік жетімдікті алдын алу

Құрылған: 28.08.2012, 17:14   |  
Әлеуметтік жетімдікті алдын алу

Тағдыр қанатында армандар орындалады...


2015 жылдағы жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет


2015 жылдың 01 қыркүйектегі отбасы тәрбиесіне берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың тәрбиешілерінің құрамы туралы мәлімет

2015 жылдың 01 қыркүйектегі шілдесіндегі Қазақстан Республикасындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны туралы мәлімет Казахстан

2015 жылғы 1 қыркүйекке қамқоршылықтағы және қорғаншылықтағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет

2015 жылғы 1 қыркүйекке патронаттық тәрбиедегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәлімет

2015 жылғы 1 қыркүйекке жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердегі балалар саны


Баланың бал күлкісіне бөленген шаңырақ

 
Қызылордада бір отбасында бірнеше жанұяның баласы өмір сүріп жатыр. Ата-аналары басқа болса да, олар бір-бірін туған бауырдай көреді. Кішілері үлкенін сыйлайды, үлкендері кішісіне қамқорлық танытудан танбайды.
Ақмарал жолдасы екеуі алғаш рет 2009 жылы балалар үйінен 3 бала асырап алды. Оның біреуі - қыз бала бойжетіп, тұрмысқа шықты. Қазір ол өз отбасының түтінін түтетіп отыр. Ал Шәмшия мен Артем әлі Ақмаралдың тәрбиесінде.
Артем Завражин:
Спортқа қатысамын. Мақтау қағазы мен жүлделер алдым.  Сурет те саламын. Тәтемді анам сияқты жақсы көремін. Өмір бойы осы үйде қалғым келеді.
Бұлардан бөлек Ақмарал бір отбасының 4 баласын бағып-қақты. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған бүлдіршіндерді жетімдер үйінде жәудіретпей, қолына алып, отбасының жылуын сездірді.
Ақмарал Малбағарова, патронат тәрбиеші:
Қызға өзінің қателескенін түсіндірдім. Қазір шүкір жаман емес. Өзінің 4 баласын алды.
Ақмарал 5 жылдың ішінде 8 бейкүнә сәбиге аналық мейірім сыйлады. Екі қызды ұзатып, құтты орнына қондырды, 4 баланы ата-анасына қайтарды. Жақын күндері Шәмшия мен Артемді, өзі өмірге әкелген Қайратына серік болар тағы екі бүлдіршінді отбасына қоспақшы.
Ақмарал Малбағарова, патронат тәрбиеші:
Бала жетім болмаса екен деймін. Ата-ана баланы жақсы тәрбиелеп, жақсы көзбен қарап, бәрін үйрете білсе, елімізде жетім бала болмайды деп ойлаймын.
Өзі жас болса да, тумай жатып өмірдің ащы дәмін татқан балақайларға қуаныш сыйлап, аналық мейірімін төгіп, ерекше ықыласымен қамқорлыққа бөлеген Ақмаралдың бұл тірлігі көпшілікке үлгі боларлықтай. Оның аналық махаббаты жәутеңдеген жансыз жанарларды тірілтті, қатып қалған жүректердегі мұзды ерітті.
 
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ, http://kaztrk.kz/, 09.01.14

Әр бала жанұяда тұруға құқылы
05.12.2013
2013 жылғы 26-27 қарашада Тбилиси қаласында (Грузия) «Әр бала жанұяда тұруға құқылы: Қорытынды шығару және келесі қадамдарды белгілеу» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен конференция жұмысына А.М.Макенова, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мониторинг және ақпараттық-талдау қызметінің басшысы қатысты.
Конференцияны БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры Грузия Парламентімен, Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер министрлігімен, сондай-ақ АҚШ халықаралық дамыту Агенттігімен  (ЮСАИД) бірге ұйымдастырды.
Конференция мақсаты – Грузияда осал балалар мен отбасыларды қолдауға және теңсіздікті төмендетуге бағытталған балалықты қорғау жүйесіндегі реформалармен таныстыру. 
2005 жылдан  бүкіл елде балалар мемлекет қамқорлығына тек белгілі себептермен түсуді қамтамасыз ету үшін, балаларды интернаттық мекемелерге түсуді болғызбау саясаты іске асырыла бастаған, интернаттық мекемелер балалар үшін уақыттың аз кезеңіне арналған және ең соңғы орын ретінде қаралады.
                              
Қазіргі таңда Грузияда  3 мемлекеттік мекеме әлі де жұмысын жүргізуде (Сәбилер үйі Тблиси қ. және мүгедек балаларға арналған екі мекеме), 2009 жылы 41 мекеме болған. Ата-ана қамқорынан айырылған балаларға арналған екі мемлекеттік мекеме 2013 жылы шілде айында қызметін тоқтатты.
Мемлекеттік мекемелерді мекендеген балалардың жалпы саны 4600-ден 120-ға дейін төмендетілген. 4600 бала ішінен 2008 жылы 2300 бала өз отбасыларына оралған, 1600 бала қабылдаушы отбасыларға және 700 бала шағын топтық/отбасылық үйлерге тәрбиеленуге берілген. Бұдан басқа 4000 бала қамқоршылыққа алынған. 
2010 жылы Үкімет отбасыларға оралған әр балаға (әлеуметтік қызметкермен қауіпсіз деп танылғаннан кейін) ай сайын 50$ мөлшерінде қосылу бойынша қызметтердің әлеуметтік пакетін енгізген, оның ішіне денсаулығын сақтандыру және күндізгі уақытта болу тегін қызметтері кіреді (қажеттілігі бойынша).
                               
Патронат қызметі де кеңейтілген және күшейтілген. Қазіргі уақытта, ерекше қажеттілігі бар 100 баланы қосқанда 1070 бала қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленуде (тұрақты, мамандандырылған және шұғыл). Отбасыларына қосыла алмаған немесе тәрбиеге берілмеген балалар үшін шағын топтық/отбасылық үйлер құрылған, онда 8-10-нан артық емес бала тұру мүмкін, бұл үйлер бұрынғы ірі мемлекеттік мекемелерді алмастырған.  Осы кезде 350 ер балалар мен қыз балалар осындай шағын топтық/отбасылық үйлерде тәрбиеленуде.
Бұл үрдісті мониторингілеу үшін тиісті салалық министрліктердің, негізгі донорлардың және ҮЕҰ қатысуымен балалықты қорғаудың Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылды. Балалықты қорғау жүйесінің реформасы үгіттеу және жұртшылықтың хабардарлығы бойынша әсерлі науқандармен толықтырылды.
Грузиялық әріптестердің тәжірибесі, сөзсіз, біз үшін де маңызды. Біздің мемлекет те жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционализациялау стратегиясын іске асыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдарымен бірге ірі балалар үйлерін қайта ұйымдастырып, шағын отбасы үлгідегі үйлерге айналдыру мәселесі бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін, жекелеген отбасылар базасында отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін ашу үшін заңнамалық негіз құрылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады, өз отбасыларына жетім балаларды қабылдауға ниет білдірген қазақстандық азаматтар көбеюде. Үкіметтік емес ұйымдармен бірге кәсіби қабылдаушы отбасы институтын дамыту жобасын әзірлеу және іске асыру жоспарлануда. Барлық бұл шаралар бір мақсатқа жетуге бағытталған – ол әр бала жанұяда өмір сүруге тиіс. 

«Бөтен бала болмайды» патронаттық отбасылармен  кездесу
 
Ағымдағы жылдың 17 қыркүйегінде Павлодар облысында облыс әкімі Е.Арын және Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық  комиссия төрайымы Г.Н. Әбдіқалықова  қатысуымен  патронаттық отбасылармен кездесу өтті.
Әрбір бала өміріне отбасы тәрбиесін дамытудың, әлеуметтік жетімдік мәселелерін шешуде патронаттық тәрбие рөлінің маңыздылығы кездесуге қатысушылардың барлығын толғандырды.
Облыста өткізілген әлеуметтік жетімдікті ескерту жөніндегі алдын алу іс-шаралары мемлекеттік білім беру, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, денсаулық сақтау органдары іске асыруда комплекстік шараларды қосады. Олармен ата-аналар қоғамдастығын, жергілікті атқарушы органдар, Ақсақалдар және үлкендерді кеңінен қатыстыра отырып, қиын жағдайларға тап болғандарға, сәтсіздер қатарына жібермеуде отбасылармен табандылық жұмыстары жүргізіледі.
Кездесуге қатысушылар алдында облыс әкімі өз сөзінде қамқоршы және патронаттық тәрбиеленушілер мемлекеттік ынталандыру шараларында азаматтарда жетім балаларды өз отбасына қабылдауда қоғамдық механизмінің маңызды бола бастағанын атап өтті.  Облыс бойынша жыл сайын балалар үйінің тәрбиеленушілер саны 8-10%-ға төмендеуде, соған сәйкес осындай мекемелердің саны да азайды. Соңғы үш жылда жетім балаларға арналған екі мектеп-интернат және бір баспана жабылды. Қазіргі уақытта облыс бойынша 57 бала 30 патронаттық отбасында тұрып жатыр, 1179 бала – 1022 қамқоршылық және қорғаншылық отбасыларда. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізуде жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі айтарлықтай жылжуға мүмкіндік берілді. Күні кеше Ақсу қаласында екі үй тапсырылды, 14 пәтердің кілті 20 жетім балаға бірдей тапсырылды. Жылдың аяғында «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламмасы шеңберінде 115 пәтерлі үйді тапсыру жоспарлануда, бірінші кезекте балалар үйлерінің мектеп бітірушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар кезек бойынша – аталған бағдарламма қатысушыларына беріледі.
Кездесуге қатысушы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы іскер әйелдер және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі ұлттық  комиссия төрайымы Г.Н. Әбдіқалықова өз сөзінде Қазақстанда ананы, әкені, баланы қолдауға бағытталған ауқымды бағдарламмаларды жүзеге асырылуда. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғаудың ерекше мәні бар екенін атап өтті.
Патронаттық тәрбиелеуші М.Х.Амри, А.А.Бейсембинова, Е.А. Яценколар балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен бөлісті.
Маржан Хасилжанова Амри облыста патронаттық тәрбие білім беру бұлағында деді. Бүгінгі күні төрт баланың үшеуі жеке өмірлік қадамға аяқ басты, білім алды, жұмыс істейді, өз отбасыларын құрды. Олардың бәрі әлі күнге дейін отбасы мүшесі.
Яценко Екатерина Александровна өз сөзінде «Ата-анасыз қалған баланың көз жасын көріп өтіп кету мүмкін емес»  – Және мен оларға көмектеспегенше жаным жай табатын емес» - деп айтты. Оның отбасында 3 өз қыздары және 16 асырап алған балалары бар. Әр демалыста және мерекелерде үлкен балалар өз отбасыларымен ата-аналарының үйіне барады.
Патронаттық тәрбиелеуші Бейсембинова Алмагүл Алексеевна тәрбиесіне үш қызды алған, оның екеуі өзге ұлт өкілінен. Олардың бәрі мектепте мемлекеттік тілде білім алуда. Әжелерінің көмегімен ұлттық дәстүрге бейімделуде. Олар кездесуге қатысушыларды қазақтың ұлттық өлеңін орындап, таң қалдырды, кішісі Лаурита домбыраның сүйемелдеуімен ән айтты.
Осы күні облыстық патронаттық отбасылар саны  тағы бір отбасына көбейді: Ж.М. Заирбаева балалар үйінен екі баланы отбасына қабылдады.
Іс-шараның қорытындысында облыс әкімі патронаттық тәрбиелеушілерге өз ризашылығын білдіріп, ақшалай және құнды сыйлықтар тапсырды.
 
Павлодар облысының балалар
 құқықтарын қорғау басқармасы
 
  

 

 


Жетім балаларға арналған жазғы демалыс

Бекітілген жоспарға сәйкес, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелер тәрбиеленушілерінің жазғы демалысы, сауықтырылуы және еңбекпен қамтылуы ұйымдастырылды. 
2013 жылы балалар үйлері тәрбиеленушілерің 95% жазғы демалыспен қамтылды.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 771 млн. 770 мың теңгеге жуық қаражат бөлінді. Тартылған демеушілік қаражат   72 млн. 300 мың теңгені құрады. 
Жазғы мерзімде 25 қала сыртындағы сауықтыру лагерлері және 2 қала сырты саяжайлары қызмет атқарды.
2013 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша  Облыстық, Астана, Алматы қалалары білім басқармаларының (бұдан әрі білім  басқармалары) мәліметтері бойынша республикада 8 494 бала тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 153 білім мекелемелері бар.
Жазғы демалысты ұйымдастыру барысында қала сырты және мектеп жанындағы лагерлерде сауықтыру шараларын ұйымдастыруда  өрт қауыпсіздігіне, санитарлық-эпимидиалогиялық талаптарына  ерекше назар аударылды.
Жазғы демалыспен қамтылмаған балалардың 5% – жас  өспірімдер үйлерінің тәрбиеленушілері, 11 сынып  бітірушілері.
Туыстар арасында отбасы байланыстарын нығайту аясында ағымдағы жылы балалар үйлері мен мектеп-интернатының 971 тәрбиеленушісі туыстарының отбасында демалды.
Демеушілердің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысының жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемлерінің тәрбиеленушілеріне жаз мезгілінде Түркия мен Италияда тегін сауықтыру демалысы ұйымдастырылды. Сонымен қатар жыл сайын «Agip Andy» демеушілерінің қолдауымен Атырау облысында 40 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Италиядағы Адриатикалық теңізіне тегін саяхат ұйымдастырылады. 

Азаматтардың жетім балаларды асырап алуын және отбасы үлгісіндегі балалар үйлері құрылысының салынуын мемлекеттік ынталандыру бойынша жұмыс тобының отырысы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде 2013 жылғы 29 наурызда Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 42-тармағын орындау мақсатында, азаматтардың  жетім балаларды асырап алуын және отбасы үлгісіндегі балалар үйлері құрылысының салынуын мемлекеттік ынталандыру бойынша шаралар әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысы өткізілді.
Отырыс барысында білім және ғылым, өңірлік дамыту,  экономика және бюджеттік жоспарлау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында жетім балаларды асырап алған азаматтарға біржолғы жәрдеақы төлеу мәселесі талқыланды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілген ұсыныстар жұмыс тобының мүшелерімен қолданды.
Біржолғы жәрдемақы төлеу бойынша есептер жақын арадағы Республикалық бюджеттік комиссиясы отырысының қарауына жіберілді.
Өңірлердің мүмкіндіктері мен қажеттіліктерінің ескерілуімен жаңа отбасы үлісіндегі балалар үйінің құрылысы және ірі мектеп-интернаттарының қайта құрылуы туралы жергілікті атқарушы органдарының ұсыныстары қаралды.
Сонымен қатар ұсынылған шараларды заңнамалық қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. 

«Еш нәрседен қорықпа: Мен сенімен біргемін!» Атырау облыстық Отбасын қолдау орталығында  өткен психологиялық семинар-тренинг

Атырау облыстық Отбасын қолдау орталығында 2013 жылдың 15 ақпанда «Еш нәрседен қорықпа: Мен сенімен біргемін!» тақырыбында балалармен психологиялық семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Семинардың мақсаты – баланың өзіндік эмоцияналдық әлеміндегі ерекшеліктеріне көңіл бөлуге жағдай жасау.
Семинардың  басты бағыттары:
-өмірге деген позитивті қатынасты қалыптастыру;
-өз-өзіне деген сенімді қалыптастыру, позитивтік МЕН-ді қалыптастыру;
-үрейден құтылу, эмоцианалдық деңгейді жақсы жағына көтеру.
Семинар жұмысын Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының 13 тәрбиеленушілерімен психолог Уразбике Хамиева жүргізді.
Семинар барысында көптеген сабақтар жүргізілді. Атап айтсақ:
1.Танысу
2.Балаларға алдағы өтетін оқумен, оның мақсаты және міндетімен таныстыру;
3.«Жаңбыр» сергіту жұмысы;
4.«Көбелектің дүниеге келуі» атты бейнероликті көру;
5.Сіздерді қандай қиыншылықтар бар, олармен қалай күресесіз (балалардың жауабын тыңдау)
6.Үрейді жеңу
7.«Атомдар», «Кабуки», «Мен-бұл менмін» атты ойындар ұйымдастыру,
Жоғарыда аталған барлық психологиялық сергіту жұмыстары, сабақтар және ойындар балаларға жаңа әсер қалдырды. Балалар сурет салу, өз ойын, жоспарын, арманын білдіру арқылы болашаққа деген сенімін нығайтты.
Кеңес барысында бала тәрбиесінің психологиялық тәрбиелік стильдері негіздері төңірегінде әңгімелесу жұмыстары жүргізілді. Жасөспірімнің психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып гармониялық, позитивті, оптимисті тәрбиелеу жөнінде кеңес және ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты дұрыс қалай ұстану керек деген бағыт бағдар берілді.
                     


Солтүстік Қазақстан облысы аумағында қолданыстағы Қабылдаушы ата-аналар мектептері мен Отбасыларды қолдау қызметтері туралы 2012 жылға ақпарат

ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен  әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, асырап алу, қамқорлыққа (қорғаншылыққа) ресімдеу және патронаттық тәрбиелеу мәселелері бойынша ведомствоаралық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында облыс аумағында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім бөлімдерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы, білім беру ұйымдары жанынан құрылған 17 қабылдаушы ата-аналар мектебі және 2 отбасыларды қолдау қызметі жүзеге асырылады.  Оның жұмысы асырап алуға үміткерлерге, қамқоршыларға (қорғаншыларға), қабылдаушы отбасыларға, қиын өмір жағдайына тап болған отбасыларға сондай-ақ екіншілей жетімдіктің алдын алуға  заңгерлік, психололгиялық көмек көрсетуге бағытталады.
Қабылдаушы ата-аналар мектептерінің және отбасыларды қолдау қызметінің жұмысы жасалған жұмыс жоспарлары негізінде, консультациялар, «дөңгелек үстелдер», отырыстар, оқыту семинарлары түрінде іске асырылады. Ағымдағы жылы Қабылдаушы ата-аналар мектептерінің және отбасыларды қолдау қызметі аясында 579 іс-шара өткізілді, 1840 адамды қамтыды. Нәтижесінде ҚАМ және ОҚҚ  932 адам консультациялық кеңес алды. 511 консультация берілід, оның 167 -психология-педагогика мәселелері бойынша, 855 – заң сұрақтары бойынша. Оқыту семинарлары (17)  242 тыңдаушымен өткізілді, оның 34 отбасыларына бала қабылдауға тілек білдірді. Қызықтыратын сұрақтар бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді (31), оған 362 адам қатысты. Көмектің өзге түрлері (20) , 304  қатысушы алды.
Қабылдаушы ата-аналар мектебі жұмысы ағымында 344 азамат осы мектептерге өз отбасыларына бала алу туралы мәселемен хабарласқан, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 131 тәрбиеленушісі азаматтардың отбасыларына орналастырылды, соның ішінде 85 – туыстарының отбасыларына.
Есептілік кезеңінде Қабылдаушы ата-аналар мектептерінің және отбасыларды қолдау қызметінің нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарында мақала, айдар, бейнеролик, бағдарламалар түрінде 73 материал шығарылды, мектептер қызметін насихаттау бойынша 12 акция өтті, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қатысуымен 50 концерттік және басқа насихаттау түрлері бойынша  30 бағдарлама ұйымдастрылды. Қабылдаушы ата-аналар мектептерінің және отбасыларды қолдау қызметінің қызметін халық арасында насихаттау бойынша іс-шаралардың жалпы саны 165 құрады.
Департамент ҚАМ және ОҚҚ құру бойынша және де құрылған мектептердің  нәтижелі, тиімді әрі мақсатты жұмысын жалғастыруда.


«Қамқоршылар мен қамқорлықтағы баланың мінез-құлық стигмалары» атты семинар-тренинг

Әлеуметтік жетімдікті алдын алу бойынша іс-шаралар  шеңберінде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Ата-аналар академиясымен қабылдаушы ата-аналарға семинар-теренигтерді ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық жалғастырылуда.
2013 жылғы 25 қаңтарда Ата-аналар академиясы мен Павлодар қаласының қамқоршылық және қорғаншылық органымен бірлесіп Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жанындағы  Қабылдаушы ата-аналар мектебінің сабағы өткізілді.
Семинар-тренинг екі бөлімнен құрылды. Басында педагогика ғылымдарының кандидаты, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының  психология кафедрасының аға оқытушысы З.Қ. Күлшәріповамен «Қамқоршылар мен қамқорлықтағы баланың  мінез-құлық стигмалары» атты тренинг өткізілді.
                                  
Қатысушылар Павлодар қаласының 15 қамқоршылары болды, олар қамқорлықтағы баланы қалыпты психологиялық дамыту үшін өздерінің мінез- құлықтарын шығару әдістері мен тәсілдерге үйретілді.   Қамқоршылар  балалармен өзара қарым-қатынастарын құру туралы өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, оқытушылармен және бір-бірімен баланың дамуы кезінде  пайда болған күрделі мәселелермен  кеңесті. Тренингтің қорытындысы бойынша, олар барлық балалардың туыстары – әжелері, аталары және апайлары - болса да, осындай тренингтер балалармен дұрыс мінез-құлықты құру үшін қажетті тұжырымдама шығарды. Қамқорлықтағы балалардың көбінде ата-аналары тірі. Оларға бұл  психологиялық жарақат тудырады. Ең бастысы қамқоршылар өздерінің абайсыз мінез-құлықтарымен балаларға тағы үлкен жарақат келтірмеуі маңызды.
                                                                                           
Семинардың екінші бөлігінде «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғаудың құқықтық аспектілері» облыстың Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы А.Қ. Мүсәпірова семинарға қатысушыларды ҚР заңнамасына балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша енгізілген өзгерістермен таныстырды. Қамқоршыларды  қамқорлықтағы балаларды әлеуметтік қолдау, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері қызықтырды, оларға Павлодар қаласының қамқоршылық және қорғаншылық секторының меңгерушісі З.Ж.Қалиева жауап берді.
Семинар-трениг «Қазақстан-Павлодар» теледидарымен «Надежды детских сердец» хабарға түсірілді. Қамқоршы Н.М.Ширшова қамқоршылардың атынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыз қалдырмауға, оларды қамқорлыққа, патронаттық тәрбиеге және асырап алуда батыл болуға  үгіттеді.


Жетімдерді жебеу-қоғам парызы

Ұзақ уақыттар бойы ата-анасыз және қараусыз қалған балаларды қабылдаушы отбасыларға мемлекет тарапынан да, қоғам тарапынан да жеткілікті назар аударылмады. Қазір уақыт өзгерді. Білім және ғылым министірлігінің бастамасы бойынша 2009 жылы «Шығармашыл бастамалы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігімен бірге «Қазақстан қамқоршыл одағы» құрылды. Бұл-алғашқы қадам болатын. Біздің еліміздің барлық аймақтарындағы қабылдаушы отбасыларға қолдау көрсету мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеуге алуға үміттілерге және қабылдаушы отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсету және оларды қолдау үшін қабылдаушы ата-аналар мектебі, қамқоршыл кеңесі, отбасын қолдау қызметтері құрыла бастады.
Қызылорда облысы аудандарында мақсаты ата-анасының қамқорлықынсыз қалған балаларды әлеуметтік қолдау және қабылдаушы отбасыларға құқықтық және психологиялық көмек көрсету болып табылатын тоғыз қабылдаушы ата-аналар мектебі, облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жанынан бір отбасын қолдау қызметі құрылған.
Бүгінгі таңда облыста патронаттық отбасылар саны – 194, олардың ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны -256, қамқоршы және қорғаншылар-447, олардағы бала саны-568.
Соңғы екі жылда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің қабылдаушы отбасыларына тәрбиеленуге берілгендер саны өскенін атап өту керек. Егер 2010 жылы олардың саны 15-ті құраса, бүгінгі күні олардың саны 35-ке дейін өскен. Бұл балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен жүргізілген кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйіндегі екі жылдан бері жүзеге асып келе жатқан «Қонақжай отбасы» жобасы жұмысының нәтижесі. Бұл жобаға қазіргі күні 37 отбасы қатысуда. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаушы отбасыларға бейімдеу үшін. Отбасыларды қолдау қызметі құрылған.
Қызылорда қаласының 264 орта мектебінде Білім және ғылым министірлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен ІІ қамқоршылар слеті болып өтті. Слетте облыстың барлық аудандарында өткен осындай слеттер барысы Қызылорда қаласында қортындыланды.
Қамқоршылар слетінде қабылдаушы отбасыларға арналған әлеуметтік қолдауды ұйымдастыру, сондай-ақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қабылдаушы отбасыларға орналастыру мәселесіне қоғам назарын аудару мәселелері көтерілді. Бұл туралы, Республикалық қамқоршылар одағының мүшесі. Патронат тәрбиелеуші А.Сүгірәлиев, «арал және Чернобыль балалары» ҚҚ директоры Қ.Исаева, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының директоры Ш.Байділдаев, психологтар ассоциасының төрайымы Р.Ш.Жавзмагина, полиция подполковнигі А.Тұрсыновтар мен Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаевтың сөзінде айтылды.
Салтанатты бөлімнен кейін слет қатысушылары өз жұмыстарын «Отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалардың құқықтырын қорғау мәселелерін талқылау», «Мен жасай аламын ба?», «Мүліктік құқығын қорғау және еңбекпен қамту», «Мүмкіндігі шектеулі балалармен ерекше жұмыстар» тақырыптары бойынша пікір алмасу алаңдарында жалғастырды. Секцияларда: «Балалардың әлеуметтік қауіпті жағдайға түсінуінің алдын алу туралы», «Қамқоршылардың өз қамқорлығындағы балалардан бас тарту жағдайын болдырмау туралы», «Отбасыларға балаларды беру ережесі, бар жеңілдікті пайдалану құқығы, психологиялық және заңдық көмек көрсету жайлы», «Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі туралы» және «Қамқоршы отбасыларға көмек көрсету бойынша нақты шараларды жүзеге асыру және құру туралы» мәселелер талқыланды.
Слетке барлығы 200-дей адам қатысты. Бұл қабылдаушы ата-аналар, әлеуметтік педагогтар, психологтар, үкіметтік емес ұйымдар, әділет, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау департаменті мен БАҚ өкілдері. Балардың құқытарын қорғау департаменті атынан үздік қабылдаушы отбасыларына алғыс хаттар берілді.

Ш.Жүнісова, Қызылорда облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті бөлім бастығы


Балаға  бақыт сыйла!

Әр үйдің қуанышын молайтып, шаттығын шалқытатын, ата-ананы бақытқа бөлеп, жан-дүниесін балқытатын, шаңырақты қызыққа кенелтетін жас сәбидің күлкісі мен былдырлаған бал үніне жететін бақыт бар ма екен жер бетінде?!
Қазақ халқы жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған  ел емес пе! Қазіргі уақытта мемлекетімізде қаншама жарымжан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмір сүріп жатыр. Оларға әрдайым жылы сөз, мейірім, жан жылулығы жетіспейтіндігі белгілі. Себебі олар ананың жылы алақанын, әкенің ыстық құшағын көрмей, тек аңсаумен өскен жандар.
Қазіргі уақытта қоғамның басты міндеті – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қандай да жағдай болмасын, отбасына орналастыруға ықпал жасау. Өйткені олардың бойында отбасына келу арқылы жүректерінде болашаққа деген арман, ынтасы оянады. Отбасылы болу, үлкен жанұяда өсіп-өну - әр баланың арман тілегі.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілер ата-аналарымен тығыз жұмыс атқарылуда. Себебі қазіргі уақытта  балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көпшілігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. Атап көрсетсек: Алға облыстық балалар үйінде 471 баланың 69 бала ғана толық жетім болып саналады, қалғандары яғни,   188 балалар ата-анасының  қамқорлығынсыз қалғандар, оның ішінде 129 баланың ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айырылған. Алға облыстық балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің ата-аналарымен  жұмыс жүргізудің нәтижесінде 4 бала өз ата-аналарына қайтарылса, қазір 1 баланың құжаттары жинақталуда.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына (КТБО) 2012 жылы 147 бала келіп түсті, оның ішінде 6 бала отбасына орналасты. КТБО-да әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында келіп түскен балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың нәтижесінде 99 бала өз ата-аналарына қайтарылды.
Қазіргі уақыттта балаларға өз қамқорлығымды беремін дейтін азаматтар күннен-күнге өсіп келуде. Оның бір көрініс Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Алға облыстық балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді отбасына орналастыру мақсатында облыстық «Актюбинский вестник» газетінде және «Білезік» журналына «Найди меня, мама!»және “Ақтөбе” газетінде “Анашым, мені алып кетші...!” айдары бойынша Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін жариялап отырады. Нәтижесінде 2012 жыл  бойынша 9 мақалаға 21 бала жарияланып, оның ішінде:  4 бала қамқоршылыққа, 1бала асырап алынса, 3 бала отбасына орналасты.
Сондай-ақ баланы отбасына алғысы келетін үміткерлер бойынша департаментке 2012 жылы 27 азамат қоғамдық қабылдауда болып, 38 азаматты «Сенім телефоны» бойынша сұрақтарына жауап берілді.  
Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында осы санаттағы баланы өз қамқорлығыма алып, отбасылық тәрбие беремін деген азаматтарға  Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті өз жеке сайты бойынша жұмыстар ( www. balalar – korgau. kz.) атқаруда.
Осындай бала өміріне қуаныш, бақыт сыйлаймын деген жүрегі кең азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді…
Сондықтан да, Құрметті ата-аналар, тұрмыстық жағдайымызға қарап, балалар үйінен бала алып, облысымыздағы жетім балалар санын азайтайық!

Ақтөбе облысы
Балалардың құқықтарын қорғау
департаментінің бөлім бастығы                                               Б.Тойбазарова


Қабылдаушы ата-аналар мектебі

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  деинституционализация және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саясатын Батыс Қазақстан облысында жүзеге асыру мақсатында аудандық 12  және Орал қаласының білім беру бөлімінің базасында, сондай-ақ облыстық балалар үйінде  қабылдаушы ата-аналар мектебі құрылды.
Мектептің міндеті бала асырап алуға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қамқорлыққа немесе патронаттық тәрбиеге алуға тілек білдірген азаматтарды қолдау, қабылдаушы ата-аналарды өздерінің сезімдері мен  ниеттерін түсінуіне көмектесу, психологиялық тұрғыда дайындықтарын бағалау, баланы өзінің үйіне қабылдауға адамгершілік және іс жүзінде дайындалу. Қабылдаушы ата-аналар мектебі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруға ынталандыру мен ұйымдастыруды насихаттаудың  тиімді әдісі болып табылады.
2011 жылы балалар құқықтарын қорғау департаменті облыстық білім басқармасымен бірлесіп аудандық білім беру бөлімдерінде қабылдаушы ата-аналар мектебін құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастырды. Облыстық педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының тұлғаны әлеуметтендіру орталығы, Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен облыстық білім басқармасының қызметкерлері бірлесіп аудандық және қалалық білім беру бөлімдерінің қарауындағы қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандарына және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың басшыларына арналған «Қабылдаушы ата-аналар мектебін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өткізді. Облыстық блалар үйі базасында қажетті құжаттар жинағы дайындалды.
Қабылдаушы ата-аналар мектебінің жұмысына қамқоршылық және қорғаншылық органының мамандары, заңгерлер, психологтар, әлеуметтік педагогтар және құқық қорғау органдарының қызметкерлері тартылады.
                                                                          
Мектепке тыңдаушылар ерікті түрде шақырылады, сабақ дәріс, семинар, тәжірибе сабақтары және тренинг түрінде өткізіледі.
Оқыту бағдарламасына негізгі үш бөлім енгізілген: құқықтық, психологиялық-педагогикалық және медициналық, сондай-ақ қысқа нысандағы курстар: бастапқы – отбасына бала алуды жоспарлап жүрген азаматтар үшін, қолдаушы – отбасына тәрбиелеуге бала алған азаматтар үшін.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасына орналастыруды насихатау мен дамытудың тағы бір нысаны  қамқоршы отбасылар арасында отбасылық-туыстық қарым – қатынас орнату және осы санаттағы балалар мәселесіне  қоғамның  көңілін аудару болып табылады, оның ішінде БҚО Балалардың құқығын қорғау департаментінің бастамасымен Орал қаласында және барлық аудандарда өткізілген «Қамқоршылар слетіне» қатысқан қабылдаушы ата-аналар мектебінің тындаушылары арасында осы мәселені көтеру болып табылады.
                                                                     
Іс–шараларға қамқоршы және патронат тәрбешілер балаларымен, мектеп психологтары, білім беру мекемелерінің басшылары, Балалардың құқығын қорғау департаментінің мамандары, басқа да мемлекетттік мекемелер мен БАҚ өкілдері қатысты. Слет барысында қамқоршылықтағы және патронаттық тәрбиедегі балалардың құқықтарының жүзеге асырылуы, отбасы тәрбиесіндегі мәлелерді және оны шешу жолдары талқыланып, қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілер өзара пікір алмасты.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасына орналастыруды ұйымдастыру мен ынталандыруда,  отбасы құндылықтарын насихаттауда  бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы ақпараттық – түсіндіру жұмыстары, әдістемелік – түсіндіру шаралары үлкен роль атқарады.
2012 жылдың өзінде 17 акция ұйымдастырылды, оның ішінде 4 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда «Қуан, сәби» акциясы, 12 ауданда және Орал қаласында «Мейірімді жүрек» акциясы аясында «Қамқоршы күні» аталып өтілді. Қабылдаушы ата – аналар мектебі жөнінде қалалық және аудандық газеттерде 26 мақала жарияланды, қамқоршылар мен патронаттық тәрбиешілерге әлеуметтік жәрдемақылар туралы облыстық телеарна мен радиода 4 сөз сөйлеулер ұйымдастырылды, аталмыш мәселе бойынша департамент сайтында 9 материал орналастырылды. Облыстағы  қабылдаушы ата – аналар мектебінде 1628 адамды қамтыған  425 іс – шара ұйымдастырылды, оның ішінде 164 адамға құқықтық кеңес,  177 адамға психологиялық-педагогикалық мәселелер бойынша кеңес берілді,  188 адамды қамтыған (оның ішінде отбасына бала алғысы келетін - 14) 4 оқыту семинары, 552 адамның қатысуымен 19 «дөңгелек үстел» отырысы өтті.
2012 жылғы атқарылған аталған бағыттағы жұмыстардың нәтижесі ретінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілер санының төмендеуін айтуға болады (2012 жылдың басында 349 болса 2012 жылдың 1 желтоқсанында 309 балаға азайды)  (01.10.2012 жылғы жағдай бойынша) жетім – балаларды асырап алуға тілек білдірген отбасылар саны 4 отбасыға көбейген.


Қабылдаушы ата-аналар мектептері мен отбасыларды қолдау қызметтерінің жұмысы туралы

Республика аймақтарында қабылдаушы ата-аналар мектептері (одан әрі – Мектептер) мен отбасыларды қолдау қызметтерінің (одан әрі – Қызметтер) жұмысын ұйымдастыруда қабылдаушы ата-аналар мектептері мен отбасыларды қолдау қызметтері бойынша Россия Федерациясы мен Белорусь Республикасының іс-тәжірибесі енгізілген «Балалардың құқықтарын қорғау маманына арналған көмекші құрал» әдістемелік құралын пайдаланады. Сондай-ақ, олардың жұмыстарын жоспарлауда әдістемелік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Мектептер мен Қызметтердің үлгі жоспарларын әзірлеп, балалардың құқықтарын қорғау департаменттеріне жолдады.
2012 жылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша республикада 87 Мектеп (3-еуі балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, 33-і білім бөлімдерінің, 26-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың,  25-і жалпы орта білім беретін мектептердің жанында) пен 58 Қызмет (4-еуі білім бөлімдерінің, 20-сы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың,  34-і жалпы орта білім беретін мектептердің жанында) жұмыс істейді.
2012 жылғы 1 қаңтар мен 10 тамыз аралығында Мектептер мен Қызметтер 9763 адамды қамтыған 297 түрлі іс-шара мен 2902 кеңес өткізді.  Соның ішінде, 551 тұрақты тыңдаушы қатысқан 116 сабақ өткізілді.  104   оқыту семинарларына 1645 адам, оның ішінде, 402 (24 %) өз отбасына бала қабылдауға ниетті азаматтар қатысты. 4304 қамқоршыға, қорғаншыға, патронаттық тәрбиешіге және бала асырап алуға тілек білдірген азаматқа заңдық, психологиялық және педагогикалық ( заңдық сұрақтар бойынша 1079 (36%), педагогикалық және психологиялық сұрақтар бойынша 1828 (61%) адамға) көмек көрсетілді.
Жұртшылықтың назарын жетімдік мәселелеріне аудару, отбасыға орналастырудың нысандарымен таныстыру және Мектептер мен Қызметтердің жұмысын насихаттау мақсатында аймақтарда 59 көрнекі материалдар, үнпарақтар, буклеттер мен кітапшалар әзірленді. Мысалы, Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қабылдаушы ата-аналарға көмек» кітапшасын, Атырау облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті постер дайындады.
БАҚ-та 122 мақала жарық көріп, жергілікті телеарналарда 25 бейнеролик, жүгіртпе жолда 6 жарнама көрсетілуде. Телеарналардың жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жөніндегі 38 бағдарламасына балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің, білім басқармалары мен бөлімдерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметкерлері мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.    
Одан басқа, аталған мәселе бойынша Комитет пен балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің сайттарына 66 материал орналастырылған. Аймақтарда балаларды отбасыларға орналастыру нысандарын насихаттауға бағытталған 42 акция өткізілді.  Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 165 концерт ұйымдастырды. Мысалы, Қостанай облысында Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері «Дорога домой» акциясы аясында облыстағы 6 аудан мен қалаларда концерт қойып, балалардың қолөнер көрмесін дайындады.
Мектептер мен Қызметтердің жұмыс нәтижесі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға орналастыру болып табылады. 2012 жылғы І жартыжылдықта отбасыларға (қамқоршылыққа, патронаттық тәрбиеге, бала асырап алуға) 424 бала орналастырылды.


 


Семинар «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балдарды отбасыларына орналастырудың түрлерін арттыру»

Атырау қаласында 14 қазанда «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балдарды отбасыларына орналастырудың түрлерін арттыру» семинары өткізілді.
Семинардың мақсаты: жергілікті жағдайда балалардың құқықтарын қорғау жұмыстарын арттыру, әлеуметтік жетімдіктің, балалардың қадағалаусыздығының, құқық бұзушылығының  алдын алуды ұйымдастыру.
Семинарды БҚҚД директоры А. Ғилымов ашып, әлеуметтік жетімдікті, балалардың қадағалаусыздығын, құқық бұзушылығын  жою - еліміздің бірден бір маңызды мақсаты болып табылатындығына тоқталды.
Осы шарада Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесі директорының орынбасары тұрмыстық зорлықтың құрбаны көп жағдайларда аналар мен балалар болып жататын, өйткені, ашуға алдырған қара дүрсін күштің алдында әйел–әлсіз, бала–қорғансыз екендігін айтты, ІІД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі полиция аға инспекторы облыс бойынша ішкі істер органдарының профилактикалық бақылау есебіндегі жасөспірімдер, есепте тұрған қолайсыз отбасылармен жасалып жатырған шаралар туралы мәлімдеді,  жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған республикалық кеңестің мүшесі, С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының директоры мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогі балаларға берілетін тәрбие мен ана орнына ана болып жүрген тәрбиешілердің ұшан-теңіз қамқорлықтары және балалардың тәртібі мен бейінділіктеріне тоқталды.
Атырау облысының әлеуметтік саласының мамандары үшін өткізілген мастер-класстар және тренингтер аса әсерлі болды (оған 30 – дан артық адам қатынасты).  
Мастер-класс
Кризистік отбасыларымен және «тәуекел» отбасыларымен жұмыс жүргізу бойынша (А. Досканова КТБО бейімдеу орталығының әлеуметтік педагогы, Ботатаева Г.А. отбасы үлгісіндегі балалар ауылының директоры ).
Тренинг
Патронаттық тәрбиеге орналастыру және оларға көмек көрсету мектебінің жұмысы (Мусиева С.Т. С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының директоры, А.С. Нигметова С.Қазыбаев атындағы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары)
Мастер-класс
«Кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияларды реформалау және жетілдіру перспективалары» (Н.Ж. Қызылбаев КТБО директоры, А.С. Ермекова Кәмелетке толмағандардың істері бойынша комиссияның мүшесі, Г.У. Қосдаулетова БҚҚД бөлімінің бастығы).
Семинардың жұмысы бойынша құзырлы органдар бірлесе отырып, тынымсыз еңбек атқару, жоспар бекіту, облыстық қорғаншы қамқоршы органдарына жинақталған жағымды тәжірибелерді жұмыстарына енгізу, балалардың құқықтарын қорғау саласында жаңа технологияларды енгізу бойынша қарар қабылданды.


Балаға  бақыт сыйла!

Әр үйдің қуанышын молайтып, шаттығын шалқытатын, ата-ананы бақытқа бөлеп, жан-дүниесін балқытатын, шаңырақты қызыққа кенелтетін жас сәбидің күлкісі мен былдырлаған бал үніне жететін бақыт бар ма екен жер бетінде?!
Қазақ халқы жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған  ел емес пе! Қазіргі уақытта мемлекетімізде қаншама жарымжан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар өмір сүріп жатыр. Оларға әрдайым жылы сөз, мейірім, жан жылулығы жетіспейтіндігі белгілі. Себебі олар ананың жылы алақанын, әкенің ыстық құшағын көрмей, тек аңсаумен өскен жандар.
Қазіргі уақытта қоғамның басты міндеті – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қандай да жағдай болмасын, отбасына орналастыруға ықпал жасау. Өйткені олардың бойында отбасына келу арқылы жүректерінде болашаққа деген арман, ынтасы оянады. Отбасылы болу, үлкен жанұяда өсіп-өну - әр баланың арман тілегі.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелеріндегі тәрбиеленушілер ата-аналарымен тығыз жұмыс атқарылуда. Себебі қазіргі уақытта  балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің көпшілігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар. Атап көрсетсек: Алға облыстық балалар үйінде 471 баланың 69 бала ғана толық жетім болып саналады, қалғандары яғни,   188 балалар ата-анасының  қамқорлығынсыз қалғандар, оның ішінде 129 баланың ата-аналары ата-аналық құқықтарынан айырылған. Алға облыстық балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің ата-аналарымен  жұмыс жүргізудің нәтижесінде 4 бала өз ата-аналарына қайтарылса, қазір 1 баланың құжаттары жинақталуда.
Сондай-ақ кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына (КТБО) 2012 жылы 147 бала келіп түсті, оның ішінде 6 бала отбасына орналасты. КТБО-да әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында келіп түскен балалардың ата-аналарымен жұмыс жасаудың нәтижесінде 99 бала өз ата-аналарына қайтарылды.
Қазіргі уақыттта балаларға өз қамқорлығымды беремін дейтін азаматтар күннен-күнге өсіп келуде. Оның бір көрініс Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Алға облыстық балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді отбасына орналастыру мақсатында облыстық «Актюбинский вестник» газетінде және «Білезік» журналына «Найди меня, мама!»және “Ақтөбе” газетінде “Анашым, мені алып кетші...!” айдары бойынша Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін жариялап отырады. Нәтижесінде 2012 жыл  бойынша 9 мақалаға 21 бала жарияланып, оның ішінде:  4 бала қамқоршылыққа, 1бала асырап алынса, 3 бала отбасына орналасты.
Сондай-ақ баланы отбасына алғысы келетін үміткерлер бойынша департаментке 2012 жылы 27 азамат қоғамдық қабылдауда болып, 38 азаматты «Сенім телефоны» бойынша сұрақтарына жауап берілді.  
Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу мақсатында осы санаттағы баланы өз қамқорлығыма алып, отбасылық тәрбие беремін деген азаматтарға  Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті өз жеке сайты бойынша жұмыстар ( www. balalar – korgau. kz.) атқаруда.
Осындай бала өміріне қуаныш, бақыт сыйлаймын деген жүрегі кең азаматтар балалар үйінен қамқоршылыққа, патронатқа бала алып жатса, елімізде жетім балалар саны азаяр еді…
Сондықтан да, Құрметті ата-аналар, тұрмыстық жағдайымызға қарап, балалар үйінен бала алып, облысымыздағы жетім балалар санын азайтайық!

Ақтөбе облысы
Балалардың құқықтарын қорғау
департаментінің бөлім бастығы                                               Б.Тойбазарова


Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша семинар өткізілді

Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Департаменттің Жамбыл облысында әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, жетім балаларды азаматтар отбасыларына орналастырудың баламалы нысандарын дамытудың қадамдық іс-шаралар жоспарына сәйкес 2012 жылдың 17 тамызында Тараз қаласындағы №51 мектепте мектеп директорларының балаларды әлеуметтік қорғау ісі жөніндегі орынбасарларына отбасылық ерте қолайсыздықты және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша семинар өтті.
Семинардың мақсаты - әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселлерін талқылау және мектеп директорларының орынбасарларына әдістемелік көмек көрсету болды.
                 
Семинарға Тараз қаласындағы жалпы білім беретін мектептер директорларының орынбасарлары, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің өкілдері қатысты.
Семинарда Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы Керімбеков Мұхтар Амангелдіұлы семинар қатысушыларына мемлекеттік қорғауға мұқтаж кәмелетке толмаған балаларды анықтау және есепке алу тәртібін түсіндірді.
Семинар қатысушыларына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті әзірлеген әдістемелік құралдар таратылды.

«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін жетілдіру» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді

2012 жылдың 16 тамызында Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мәжіліс залында  Педагогикалық қызметкерлердің Тамыз кеңесінің секция отырысы шеңберінде «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін жетілдіру» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.
Мемлекеттік статистика деректері бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 80%-ға жуығы «әлеуметтік жетімдерді» құрайды.  
Бүгінгі таңда облыс бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 1386 баланы құрап отыр, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 468 бала тәрбиеленуде, олардың 387-і ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар.
«Дөңгелек үстел» отырысына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Зейнел-Нәби Маралбайұлы Сұлтанбаев, облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Мейірханова Айжан Дүкенбайқызы, Департаменттің бөлім бастығы М.А.Керімбеков және облыстағы қорғаншы және қамқоршы органдарының, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының өкілдері және әлеуметтік педагогтар қатысты.
                 
«Дөңгелек үстел» отырысының мақсаты әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін жетілдіру жолдарын талқылау болды.
Секция отырысы шеңберіндегі «Дөңгелек үстел» отырысында қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарының өкілдері, балалар үйлерінің әлеуметтік педагогтары баяндама жасады. Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы М.Керімбеков «Қабылдаушы ата-аналар мектептері мен Отбасын қолдау қызметтерінің әлеуметтік жетімдіктің алдын алудағы ролі» тақырыбында баяндама жасады. «Дөңгелек үстел» отырысының қатысушыларына отбасылық қолайсыздықтың тәуекел факторларын түсіндіру бойынша слайдтар көрсетіліп, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша Департамент әзірлеген әдістемелік құралдар таратылды.
Педагогикалық қызметкерлердің Тамыз кеңесінің секция отырысына қатысушылар әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жүйесін жетілдіру мақсатында Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің білім бөлімдерінің жанынан  Балалар қадағалаусыздығының және әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың үйлестіру кеңестері мен штабтарын құру, қорғаншы және қамқоршы органдары құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау мекемелерімен бірлесіп «Тәуекел тобындағы» және әлеуметтік қауіпті жағдайдағы жанұялар мен балаларды анықтау және оларды бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастыру, кәмелетке толмаған балаларды мемлекеттік қорғауға мұқтаж деп тану және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың жеке жоспарын әзірлеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы ұсынымдамалар қабылдады.
Сонымен қатар ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бастапқы, өңірлік, орталықтандырылған есептерге уақтылы қою, отбасына орналастыруға мұқтаж жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған бастапқы және аймақтық тіркеуде тұрған балаларды www.usynovite.kz сайтына орналастыру шараларын ұдайы ұйымдастырып бақылау қажеттігі атап көрсетілді.
Елбасының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын іске асыру бойынша шаралар қабылдау ұсынылды.


Жетімдердің мұңы ортақ

Олардың бәрі де ата-ананың алақанын аңсайды
Тілші «Шаңырақ» балалар ауылында бір күн тәрбиеші болып, бір ғана адамның емес, бүкіл қоғамды алаңдатқан мәселеге айналған жетімдердің мұңын газет бетінде көрсетуі дұрыс деп ойлаймыз.
Бұл мақаланы оқи отырып, көзіме еріксіз жас алғанымызда бар. Біз жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың ортасында әрдайым жұмыс жасап жүргендіктен олардың мұңы бізді қатты толғандырады. Тек «Шаңырақтағы» балалардың ғана емес, бүкіл жетім балалардың мұңы ортақ. Олар ата-ананың аялы алақанын, отбасының жылуын ғана аңсайтыны рас. Біз жұмыс жасап жатқан облыстық С.Қазыбаев атындағы №1 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернатында бүгінгі күні 113 бала тәрбиеленуде. Жақында «Ақбота» балалар үйінің жабылуы жетімектің саны аз да болса азайғанын көрсетеді. Десек те бұл балалардың бәрі аяққа тұрып немесе отбасына кетті деген сөз емес. Мұндағы балалар бөлініп мемлекет қарамағындағы балаларға арналған интернатқа орналастырылды. Соның ішінде 58 бала осы интернатқа келді.
1952 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан бұл мектеп-интернатта бар жағдай жасалынған. Олардың тамағы, киімі жағыннан еш мәселе жоқ. Биыл 22 түлекті ұшырып, қанаттандырдық. Қазіргі уақытта мектепке дейінгі бөлімде 12 бала болса, қалған алты топта мектеп жасындағылар тәрбиеленуде. Біздің интернатта 2005 жылдан бері патронатты тәрбиеге бала алушылар болмаған. Қамқорлыққа-қорғаншылыққа үстіміздегі жылы төрт бала берілсе,  үш баланы асырап алды.
Кейбір шет мемлекеттерде балалар үйі, жетімдерге арналған мектеп-интернаттар мүлдем жоқ. Ал біздегі жағдайға қарасақ, отбасын аңсаушылар саны азаймай тұрғаны рас. Балаларды отбасында тәрбиелеу бағытында мектеп-интернат жанынан қабылдаушы ата-аналар мектебі де ашылып жұмыс жасауда. Осы арқылы бала алып, отбасында тәрбиелейміндеп келушілер жоқ емес. Қазіргі уақытта бала асырап алуға екі, қамқорлыққа-қорғаншылыққа бір  бала алуға ұсыныс білдірген отбасы бар. Әзірге осыған да шүкір дей отырып, алдағы уақытта бала алушылар көбейіп, жетімдер жыламаса екен дейміз.
                                                                          

С.Қазыбаев атындағы №1 жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз
қалған балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Айман Нығыметова
«Атырау» газеті  №124,  25 қазан 2012 жыл.   ОШПР

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика