Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Жаз - 2010
Гаага Конвенциясын талқылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық коми
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Жұмыс тәжірибесін жан-жақтылау және тарату
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 





2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыруы туралы
Балалар құқықтары жөніндегі БҰҰ Комитетінің 33 сесиясының ұсынымдарына сәйкес балалардың жағдайын жақсарту мақсатында 2007 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «2007-2011 жылдарға арналған Қазақстан балалары» бағдарламасы дайындалып бекітілді.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы балалар құқықтары жөніндегі БҰҰ Конвенциясы, «Әлем, балалар өмірі үшін жарамды» іс-қимыл жоспарына және Декларациясына, сонымен қатар «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары туралы», «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына және басқа да нормативтік құқықтық құжаттар негізінде дайындалған.
Бағдарламаның мақсаты-балалардың әлеуметтік өмірін сапалы қамтамасыз етуде құқықтық кепіл болу.
«Қазақстан балалары» бағдарламасы 2 кезеңде жүзеге асырылады:
1-ші кезең - 2007 - 2009 жылдар;
2-ші кезең - 2010 - 2011 жылдар.
Бағдарламаның 1-ші кезеңі (2007-2009ж)
РБ - 1 млрд. 404 млн. 427 мың. теңге
ЖБ - 4 млрд.401 млн. 414 мың. теңге
- аймақтарда Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерін ашу.
- балалар еңбегінің нашар түрлерінің алдын алу және ескертуге байланысты балаларға арналған орталықтар құру (ОҚО, Алматы облыстары).
- 20 әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.
- балалар құқықтарын қорғау мәселелері туралы 56 000 данадан астам оқу құралдары, кітаптар шығарылды.
- Қазақ және орыс тілдерінде Балалардың құқықтарын қорғау мәселелеріне байланысты 8 аудио және 6 бейне роликтер дайындалды, адамгершілік-рухани тәрбие жөнінде «Қазақстан Республикасындағы жеке қауіпсіздік және балалардың құқықтары» деректі фильм түсірілді.
- 1 балалар ауылы (Павлодар облысы).
3 отбасы үлгісіндегі үйлер (2 - БҚО, 1 - Павлодар облысында).
1 оқшаулау орталықтары (Ақтөбе облысы) ашылды.
- облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармаларының қалалық, аудандық бөлімдеріне 167 қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандары кіргізілді.
2009 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мажілісінің депутаттары тарапынан «Қазақстан балалары» бағдарламасының 1- ші кезеңіне оң баға берілді.
Екінші кезеңін жүзеге асыруға байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуімен 2009 жылғы 4 қарашадағы № 2010 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асыру туралы 2010 - 2011 жылдарға арналған іс-шара жоспары дайындалды.
Екінші кезеңін жүзеге асыру үшін - 20 млрд. 176 млн. 895 мың. теңге қарастырылған, оның ішінде:
РБ - 16 млрд. 271 млн. 453 мың. теңге (оның ішінде 14 млрд. 706 млн. 008 мың. теңге ҚР ЕХӘҚМ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың пособиясына бөлінген).
ЖБ - 3 905, 442 мың. теңге.
Күтілетін нәтижелер:
- балалардың мүдделерін және құқықтарын қорғауда заңдылықтарды сақтау және бақылауды күшейту.
- балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша 5 әлеуметтік зерттеулер жүргізу.
- балалардың құқықтарын қорғау шеңберінде әдістемелік құрал әзірлеу және шығару.
- білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестация өткізілу кезеңінде балалардың құқықтарын қорғаудың құқықтық нормаларын бағалау көрсеткіштерін енгізу.
- Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және оның аймақтық органдарының қызметін ұйымдастыру.
- балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мерзімді баспа басылымдарын әзірлеу және шығару.
- білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін жетім-балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға «Таң шолпан» республикалық конкурсын өткізу.
- 2-отбасы үлгісіндегі балалар ауылын ашу (Ақтөбе, Алматы).
3-жасөспірімдер үйін ашу (Маңғыстау, ШҚО, Астана қаласы).
5-отбасы үлгісіндегі балалар ауылын ашу (3 - Ақтөбе, ОҚО, Астана қаласы).
2-арнайы түзету білім беру ұйымдарын ашу (Ақтөбе, Қостанай).
- қамқоршылық және қорғаншылық органдарының 348 қосымша мамандарын енгізу.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы №2010 қаулысына өзгерістер енгізу туралы


2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2010-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы


«Қызылорда облысының балалары» өңірлік бағдарламасы
2009 жылдың 8 маусымы күні Қызылорда облыстық мәслихатының кезектен тыс XIX сессиясы болып өтті.
Аталмыш сессияда 2009-2010 жылдарға арналған “Қызылорда облысының балалары” өңірлік бағдарламасының жобасы қаралды.
Бюджеттік комиссияға енгізілуі жайында мүдделі мекемелердің мақұлдауынан кейін Қызылорда облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті әзірлеген бағдарлама жобасын облыс әкімі бекітті.
“Қызылорда облысының балалары” өңірлік бағдарламасын жүзеге асыруда күтілетін нәтиже әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету арқылы балалардың өмір сапасын жақсарту.
Сессия соңында «Қызылорда облысының балалары» бағдарламасын 2008-2010 жылдарға арналған «Әлеумет» өңірлік кешенді бағдарламасына бөлім ретінде енгізу жөнінде шешім қабылданды.


Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы


2007-2011 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бағдарламасын бекіту туралы


Ағымдағы жылда 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңі аяқталады. Бірінші кезеңде қолданыстағы құқықтық нормативтік актілерге сәйкес  өзгерістер мен толықтырулар  әзірленді және енгізілді, балалар құқықтарын қорғау бойынша 16 өңірлік органдар ашылды, балалар құқықтарын қорғаудың  көкейкесті проблемалары бойынша 20-дан астам әлеуметтік зерттеулер өткізілді,  балалар мен  олардың ата-анасын  құқықтық ағарту бойынша әдістемелік әдебиет әзірленді және басып шығарылды.
Бұдан басқа, Ақтөбе облысының Алға ауданында мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы ашылды. Павлодар облысында 2009 жылы үш білім нысаны ашылуы жоспарланған: Павлодар қаласының  ауылдық аймағындағы Кенжекөль ауылында балалар ауылы, Лебяжі ауданында отбасы үлгісіндегі  балалар үйі және  даму мүмкіндіктері шектеулі жетім-балаларға арналған жасөспірімдер үйі.