15 мамыр - Халықаралық отбасы күні
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен 15 мамыр - Халықаралық отбасы күні облыс аумағында үлкен мереке болып атап өтілмек. Аталған мерекені ұйымдастырып өткізу үшін Департамент іс-шаралар жоспарын әзірлеп, 2010 жылдың 19 сәуірінде облыс әкімінің орынбасары Т. Түсіпбеков оны бекітті. Бұл іс-шаралар тұлғаның рухани-адамгершілігін дамытуды, отбасы рухани құндылығын жаңғыртып, отбасылық мерекені атап өтуге арналған іс-әрекет.
Жоспар бойынша мамырдың 10 мен 15 аралығында облыс өңірінде Ұлы Отан соғысы, тыл және еңбек ардагерлерімен «Ұрпақтар кездесулері», «Қазақ жазушы-лары мен ақындары отбасы туралы» атты кітап көрмесі, оқушылар конференциясы, сынып сабақтарын, білім беру мекемелерінде «Біздің үлкен отбасымыз», «Менің отбасымның жақсы дәстүрлері», «Жас жұбайлар не білуі керек?», «Әкелер мен балалар» атты тақырыптарға семинарлар, дөңгелек үстелдер, концерттік бағдарламалар, ертеңгіліктер, «Менің отбасым» атты сурет және шығарма конкурстары, «Көңілді старттар», «Әке, шеше және мен» спорттық іс-шаралар, «Ең жақсы серуен – бүкіл отбасымен!» қала сыртына, дем алу орындарына корпоративтік, отбасылық шығуды және «Менің сүйікті ықшам ауданым» балалар-жеткіншектер аулалық клубтарында отбасылық мереке ұйымдастыру қарастырылған.
Апталықтың соңында, мамырдың 15-і күні барлық аудан мен қалаларда «Тату-тәтті отбасы» конкурсын өткізіп «Үлгілі отбасы», «Спорттық отбасы», «Шығармашыл отбасы», «Менің отбасым» тақырыбына үздік әңгіме мен сурет, «Отбасының сүйікті тағамы» конкурсының үздік аспазшысы номинациялары бойынша марапаттаулар ұйымдастырылады.
Бұл мереке еліміздің тірегі - отбасы құндылықтарын нығайтуға өз үлесін қосатынына сенеміз.
Алматы облысы
«Балалардың болашағы үшін» акция
Отбасына қолдаудың кешенді жүйесін құру, отбасылық орналастыруды дамыту, балалардың өмір сүріп, тәрбиеленіп және білім алатын отбасыларына жақындастыру жағдайларын қарастыру және қамқорлық жасау мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті АҚ «Қазақтелеком», ҚТО «Алматытелеком», «Батыс» телекоммуникация орталығымен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданындағы отбасы үлгісіндегі Есеновтар отбасына 100 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Балалар мен ата-ана-тәрбиешілерге естелік ретінде сыйлықтар тарту етілді.
Шығыс-Қазақстан облысы
«Туған жерім –алтын бесігім» акциясы
Патриоттық пен азаматтықты тәрбиелеу, мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласын қазақстандық қоғамның біріктірушісі ретінде насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаевпен «Туған жерім –алтын бесігім» акциясы жарияланған.
Акция аясында облыстың барлық қалалары мен аудандарының балалары Республикамыздың астанысына барып қайтады. Экскурсиялық бағдарлама «Астана-Бәйтерек» кешені, Тұңғыш Президенттің мұражайы, «Думан» көңіл көтеру орталығы, Тәуелсіздік Сарайы, «Алжир – біздің мәңгілік есімізде» ескерткіші, «Алатау» Спорт Сарайының бассейіні, «Алатау» Қазақстан картасы, Мега орталыққа барып қайтудан құралған. Делегациялардың құрамына жетім балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, шығармашылық дарынды балалар, шығармашылық өнер ұжымдарының қатысушылары, облыстық, республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары енген.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қалалық пен аудандық білім бөлімдерімен бірге осы акция аясында іссапарға бару үшін оқушылар тобын құру бойынша ұйымдастырушылық жұмыс жүргізіп келеді.
Риддер қаласы, Глубокий, Аягөз, Жарма, Күршім, Қатон-Қарағай, Тарбағатай, Ұлан және Көкпекті аудандарының 233 оқушысы осы жылдың маусымында Астанаға барып қайтқан. Балалар астанамыздың көрікті жерлерін көріп үлкен қуанышқа бөленген. 2009 жылдың шілде және тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысының басқа қалалары мен аудандарының 500-ден астам баласы Астанаға барып қайтады.
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткізілген «Қамқорлық» акциясы туралы мәлімет
2008ж. 20 маусымда «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ұйымдастыруы мен «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өткізілді. С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Арын Ерлан Мұхтарұлы тірек қозғалыс аппаратының бұзылуымен ауырған балалардың ата-аналарына 40 мың теңгеден қайырымдылық көмек көрсетілді.
