Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Жаз - 2010
Гаага Конвенциясын талқылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық коми
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Жұмыс тәжірибесін жан-жақтылау және тарату
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 





Балаларды қорғау және шет елдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы К о н в е н ц и я

Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер баланың толық және жан-жақты үйлесімді дамуы үшін жанұя жағдайында, бақыт, мейірім, махаббат аясында тәрбиелуі қажеттігін мойындай отырып, әрбір мемлекет приоритетті мақсат ретінде баланың өз отбасында тәрбиеленуін қамтамасыз ету үшін тиісті іс-шаралар қабылдауы қажеттігін ескере отырып, баланың өзі туған елден сәйкесінше жанұя табылмаған жағдайда шет елдік бала асырау тұрақты отбасын қамтамасыз етерлік мүмкіндік беретінін мойындай отырып, шет елдік бала асырау баланың негізгі құқықтарын құрметтеуді қамтамасыз ету үшін және баланы ұрлау, сату немесе саудалауды тоқтату үшін шаралар қолдану қажеттігін ескере отырып, осы мақсатқа сәйкес халықаралық құжаттауда, атап айтқанда,  1989 жылы 20 қарашада жарияланған балаларды қорғау туралы БҰҰ Конвенциясында, балаларды қорғауға және мүддесіне байланысты әлеуметтік және құқықтық принциптері туралы БҰҰ Декларациясында, әсіресе 1986 жылы 3 желтоқсанда жарияланған ұлттық және халықаралық деңгейде балаларды тәрбиелеуге және оларды асырап алу туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының  41\85 ұйғарымында көрсетілген принциптерді назарда ұстай отырып келісім жасасты:

 І тарау

Конвенцияның әрекет ету салалары

1-бап

Конвенцияның мақсаты:

а) шет елдік бала асырап алу халықаралық баланың мүддесін және негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік алуды жүзеге асыру,

b) өзара Келісім жасасқан мемлекет осындай кепілдемесінің әрекет етуі үшін және балаларды ұрлау, сату және саудалауды тоқтату үшін өзара Келісім жасасқан мемлекеттірдің ынтамақтастық жүйесін құру,

с) Конвенцияға сәйкес Келісім жасасқан мемлекеттерде Конвенцияға сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алудың мойындалуын қамтамасыз ету.

2-бап

1.Конвенция баланың Келісім жасасқан мемлекеттердің бірінде (тегі шыққан мемлекетте) түпкілікті тұрғыны болғанда, Келісім жасасқан екінші бір мемлекетке (қабылдап алған мемлекетке) қоныс аударған, қоныс аударатын немесе қоныс аударуға тиіс жағдайларында, сондай-ақ, қабылдап алған мемлекетте тұратын баланың тегі шыққан мемлекеттің отбасы немесе тұлғасы асырап алғанда, немесе қабылдап алған мемлекетте немесе тегі шыққан мемлекетте осындай  асырап алу мақсаттарында қолданылады.

2. Конвенция ата-ана мен баланың арасында тұрақты байланыс орныққан бала асырап алуда ғана қолданылады.

3-бап

Егер 17-баптың "с" тармақшасында көрсетілген келісім баланың 18 жасқа толғанға дейін берілмесе конвенцияны қолдану тоқтаталады

ІІ тарау

Шет елдік бала асырап алу үшін қойылатын талаптар

4-бап

Бала асырап алу Конвенцияға сәйкес төмендегідей жағдайларда, егер тегі шыққан мемлекеттің толық құқықты үкіметі

a) баланы асырап алу мүмкіндігін бекіткен жағдайда,

b) баланың тегі шыққан мемлекетте шет елдік бала асырап алу баланың мүддесіне жауап беретіндігі анықталғанда,

1) Бала асырап алуға келісім беруі қажетті тұлға, мекеме және үкімет өз келісімдерінің салдары туралы, атап айтқанда, бала мен бала асырап алуда бала мен тегі шыққан отбасының арасындағы байланыс құқығы тоқтатылатыны немесе тоқтамайтыны туралы тиісті кеңестермен және ақпараттармен таныс екендігіне,

2) мұндай тұлғалар, мекемелер және үкімет өз еркімен, жазбаша куәландырылған заңды түрде келісім бергендігіне,

3) келісім сыйақыға немесе қандай да бір компенсация үшін берілмегендігіне және кері қайтарылып алынбағандығына,

4) талап етілген жағдайда, анасының келісімі бала туылғаннан кейін берілгендігіне көзі жеткенде және

d) баланың жасы мен есею дәрежесі есепке алынғандығына:

1) баланың өзімен бала асырап алудың салдары туралы және асырап алуға баланың келісімі талап етілсе оның келісімінің қажеттігі туралы кеңесіп және тиісті дәрежеде мәлім етілгендігіне,

2) баланың тілегі мен пікірі назарда ұсталғандығына,

3) баланың асырап алуға келісімі талап етілген жағдайда, бұл келісім баланың өз еркімен жазбаша куәландырылыған немесе көрсетілген заңды түрде алынғандығына және

4) мұндай келісім сыйақыға немесе қандай да бір компенсация үшін берілмегендігіне көзі жеткенде ғана орын алады.

5-бап

Бала асырап алу конвенцияға сәйкес төмендегідей жағдайларда: қабылдап алған мемлекеттің толық құқықты өкіметі

a) асырап алатын ата-ана бала асырап алуға құқылы екенін және бұл үшін сәйкес келетінін анықтағанда;

b) асырап алатын ата-ананың қажетті мөлшерде кеңес алуы қамтамасыз етілгенде;

c) баланың бұл мемлекетке келуі рұқсат етілгенде немесе және онда тұрақты тұруға рұқсат ету анықталғанда ғана орын алады.

ІІІ тарау.

Орталық органдар және өкілетті ұйымдар

6-бап   

1) Келісім жасасқан мемлекеттер конвенцияға сәйкес міндеттерді орындау жүктелген органдардан орталық орган тағайындайды.

2) Федеративтік мемлекеттер бірнеше құқықтық жүйесі бар мемлекеттер немесе автономдық территориясы бірліктері бар мемлекеттер орталық орган тағайындай алады және олардың қызмет ету территориясы мен жеке көлемін белгілейді.

Бірнеше орталық орган тағайындаған мемлекеттерде кез-келген мәліметті қабылдап алатын және осы мемлекет шегінде сәйкес орталық органға беріп отыру үшін бас орган белгілейді.

7- бап

1.Орталық органдар балалардың қорғау және конвенциясының басқа да мақсаттарына қол жеткізу үшін бір-бірімен ынтымақтастықта болады және өз мемлекеттерінде толық құқылы үкіметпен өзара ынтымақтастықты дамытады.

2. Олар:

a) өз мемлекеті заңдарына сәйкес бала асырап алуға қатысты ақпараттарды және статистика, стандартты формалар сияқты жалпы ақпараттарды  жалпы ақпараттарды жеткізіп беруге;

b) бірін-бірі конвенция әрекеті туралы баяндап отыруы және оның қолданысына кедергі келтіретін барлық жағдайды жойып отыруы үшін тиісті шараларды жүзеге асыруды тікелей шешіп отырады.

8 –бап

Баланы асырап алуға байланысты өзін ақтамайтын қаржылық немесе басқа да пайданы жою үшін және конвенция мақсатына қайшы келетін кез-келген тәжірибені жою үшін Орталық органдар тікелей өздері немесе мемлекеттік билік арқылы барлық тиісті шараларды қолданады.

9 –бап

Орталық органдар тиісті дәрежеде өз мемлекетінде заңды түрде тікелей өздері немесе мемлекеттік органдар немесе басқа да ұйымдар арқылы сәйкесінше барлық іс-шараларды жүзеге асырады, атап айтқанда,

a) баланы асырап алу актілерін жүзеге асыру үшін қажетті бала мен асырап алатын ата-ана жағдайы туралы бала асырап алу актілерін жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды жинау, сақтау және ақпарат алмасып отыру;

b) бала асырап алу ісін оңтайландыру, сақтау және жеделдету;

c) өз мемлекеттерінде бала асырап алу мәселелері және бала асырап алу іске асырылғаннан кейінгі қызметтер туралы кеңес беруді дамытуға үлес қосу;

d) Бірін-бірі бала асырап алудың шет елдік тәжірибесі туралы жалпы қорытындылау баяндамаларымен қамтамасыз ету;

е) басқа орталық және мемлекеттік билік тарапынан жасалған негізі бар өтініштерге бала асырап алу саласындағы нақтылы жағдайлары туралы ақпарат ұсыну;

өз мемлекетінің заңы бойынша қаншалықты шешемі тапқаны туралы жауап беру.  

10-бап

Өкілдік тек алдына қойылған міндеттерді заңды және тиісті дәрежеде орындай алатын ұйымдарға ғана берілуі мүмкін.

11-бап

Өкілді ұйымдар:

а) өзіне пайдамен байланыссыз өкілдік берген мемлекеттің толық құқықты билігі белгілеген шегі мен жағдайына сәйкес қана мақсаттарды орындайды;

b) шет елдік бала асырап алу саласында жұмыс істеудің этикалық стандартына, біліміне және тәжірибесіне сай дайындалған персонал басқарады және іріктеліп сайланады;

с) мемлекеттің заңды билігі тарапынан өзінің құрамына, іс-әрекетіне және қаржы жағдайына қатысты бақылауда болады.

12-бап

Келісім жасасқан мемлекеттің бірінде өкілдігі бар ұйым келісім жасасқан мемлекеттің басқа бірінде тек екі мемлекеттің де заңды билігі өкілдік бергенде ғана өз қызметін жасай алады.

13-бап

Келісім жасасқан мемлекеттер әрқайсысы тарапынан орталық орган атауы және қажет болған жағдайда , оның қызмет көлемі, сондай-ақ заңды күші бар ұйым мекен-жайы халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының тұрақты бюросына хабарланады.

ІV тарау. Шетелдік бала асырап алуды жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талаптар

14-бап

Келісім жасасқан мемлекеттің түпкілікті тұрғыны болып табылатын тұлға келісім жасасқан өзге мемлекеттің түпкілікті тұрғыны болып табылатын баланы асырап алуға тілек білдірсе, өзінің тұрақты мекен-жайындағы мемлекеттің орталық органына өтініш жасайды.

15-бап

1.Егер қабылдап алатын мемлекеттің орталық органы өтініш иелерін бала аcырап алуға құқылы және бұған сәйкес деп таныған болса олардың жеке тұлғасы, құқы, бала асырап алуды жүзеге асыруға жарамдылығы, биографиялық мәліметтері, дәрігерлік анықтамасы және отбасының тарихы, әлеуметтік ортасы, бала асырап алудың себептері, шет елдік бала асырап алуға қабілеттілігі туралы ақпараттары бар баяндау, сондай-ақ, олардың қамқорлығына алынуы тиіс бала туралы мінездеме дайындайды.

2.Ол баяндауды тегі шыққан мемлекеттің орталық органына жібереді.

16–бап

1.Егер баланы асырап алу мүмкіндігі тегі шыққан мемлекеттің орталық органында нақтыланған болса:

а) оның жеке тұлғасы, баланың асырап алуға жарамдылығы, өмірбаяндық мәліметтері, әлеуметтік ортасы, отбасы тарихы, дәрігерлік анықтамасы, баланың осы  жанұясы және қандай да болсын ерекше талаптары туралы ақпараты бар баяндама дайындайды.

b) баланың тәрбиесін және оның этникалық, діни және мәдени байланыстары мен ортасын міндетті түрде есепке алады;

с) келісімнің 4-бапқа сай жасалуын қамтамасыз етеді;

d) баяндама негізінде бала мен ата–анаға қатысты жүзеге асырылатын бала асырап алудың бала мүддесіне жауап беретіндігін айқындайды.

2. Ол қажетті келісім алынғандығының дәлелі ретінде бала туралы және әкесі мен шешесінің жеке тұлғасы туралы, егер де тегі шыққан мемлекетте ашылуы рұқсат етілмеген жағдайда, құпияны жарияламастан тұрағын ауыстыру ниетінің себептері туралы өз баяндамасын қабылдап алатын мемлекеттің орталық органына жібереді.

17–бап

Баланың асырап алушы ата-анаға берілуі тиіс екендігі туралы кез-келген тегі шыққан Мемлекетті Баланың тегі шыққан мемлекетте баланың асырап алатын ата-анаға берілуі тиіс екендігі туралы қандай да болсын шешім тек

а) бұл мемлекеттің орталық органдары асырап алушы ата-ананың келісімін қамтамасыз еткенде;

b) қабылдап алатын мемлекеттің орталық органы осындай мемлекет заңдары бойынша немесе тегі шыққан мемлекеттің орталық органдары талап еткен жағдайда мұндай шешімді мақұлдағанда;

с) екі мемлекеттің де орталық органдары бала асырап алуды орынды деп келісім жасасқанда;

d) қабылдап алатын мемлекет үшін 5-бапқа сәйкес, асырап алатын ата-ананың бала асырап алуға құқылы екені және бұл үшін сәйкес келетіні және бұл үшін, сондай-ақ, баланың қабылдап алушы мемлекетке келуі рұқсат етілгенде немесе осында түпкілікті тұруға рұқсат ету анықталғанда ғана қабылданады.

18-бап

Екі мемлекеттің де орталық органдары бала үшін тегі шыққан мемлекеттен біржола кетуіне және қабылдап алушы мемлекеттің түпкілікті тұрғыны ретінде көшіп кетуіне рұқсат алуға барлық қажетті шаралар қабылдайды.

19- бап

1. Қабылдап алушы мемлекетке баланың берілуі тек 17-баптың талаптары орындалғанда ғана жүзеге асырылады.

2. Екі мемлекеттің де Орталық органдары баланың берілуі қауіпсіз және қалыпты жағдайда, егер мүмкін болса, асырап алған немесе асырап алуы мүмкін ата-аналардың қатысуымен іске асырылуын қамтамасыз етеді.

3. Егер баланың берілуі жүзеге аспаған жағдайда, 15 және 16-баптарда сөз болған баяндамалар дайындалған органдарға кері қайтарылуы тиіс.

20-бап

Орталық органдар баланы асырап алу процесі және оның аяқталуы үшін қолданылған шаралар туралы, сондай-ақ, сынақ мерзімі талап етілсе, орналастыру процесінің барысы жайында бірін-бірі хабардар етіп отырады.

21-бап

1. Қабылдап алған мемлекет баланың берілуінен кейін де бала асырап алу орынды деп танылса және бұл мемлекеттің орталық органы баланың бұдан әрі асырап алуы мүмкін ата-ананың қолында тұруы баланың мүддесіне қайшы келетінін айқындағанда баланы қорғау үшін қажетті шаралар қабылдайды, атап айтқанда:

а) асырап алуы мүмкін ата-аналардан баланы алып, оған уақытша қамқорлық  ұйымдастырады;

b) баланың тегі шыққан мемлекеттің орталық органдарының Кеңесі бойынша баланы асырап алу мақсатында бөгелместен жаңа орналастыруды ұйымдастырады, егер бұл үйлесімсіз болса, алтернативтік ұзақ мерзімді қамқорлық ұйымдастырады;

с) баланың тегі шыққан мемлекеттің орталық органы асырап алуы мүмкін жаңа ата-анаға қатысты тиісті дәрежеде ақпарат алғанға дейін бала асырап алу орынсыз болып табылады.

d) егер баланың мүддесі талап етсе, соңғы мүмкіндік ретінде баланы кері қайтаруды ұйымдастырады.

2. Баланың жасы мен есею дәрежесіне қарай онымен кеңеседі және қажет болғанда, осы бапқа сәйкес қолданылған шараларға қатысты келісімін алады.

22-бап

1. Орталық органдар қызметін, осы тарауға сәйкес, мемлекеттік билік немесе өкілетті ұйымдар ІІІ тарауға сәйкес мемлекет заңы бойынша рұқсат етілген көлемде жүзеге асырады.

2. Келісім жасасқан мемлекеттердің кез-келгені Конвенция депозитариясына орталық органның қызметін осы мемлекеттің толық құқылы билігінің бақылауы кезінде және заң рұқсат еткен көлемде 15-21 баптар бойынша төменде көрсетілгендей мемлекеттер, сондай-ақ:

а) осы мемлекеттер алдында адалдық, кәсібін жетік білуі, тәжірибе және есеп беру талаптарына жауап беретін:

b) шет елдік бала асырап алу саласындағы жұмыс үшін этикалық қасиеттері, білімі мен тәжірибесі ерекшеленген ұйымдар мен тұлғалар жүзеге асыратынын мәлімдей алады.

3. 2–бапта көрсетілгендей арыз беруші келісім жасасқан мемлекеттер бұл ұйымның және тұлғаның атауы және мекен–жайы туралы халықаралыө жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясының Тұрақты бюросына мәлімдейді.

4. Келісім жасасқан мемлекеттердің қайсысы болмасын конвенция  депозитариясына өз территориясында түпкілікті тұрғын болып саналатын баланы асырап алу орталық органдар қызметі 1–тармағына сәйкес орындалғанда ғана орынды болатынын мәлімдей алады.

5.  2- тармағына сәйкес жасалған қандай да болсын арызға қарамастан, 15-16-баптар бойынша баяндаулар қалай болғанда да, 1- тармағына сәйкес орталық органдар немесе басқа ұйымдар мен билік басшылығымен дайындалады.

V тарау. Бала асырап алуды тану және мойындау

23-бап

1. Конвенцияға сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алу мемлекеттің

толық құқылы билігімен құжатталады, бұл келісім жасасқан басқа мемлекеттер заңымен танылуы керек. Куәландырылған куәгерлік 17–баптың “с” тармақшасына сәйкес кім және қашан келісім бергенін нақтылайды.

2.Келісім жасасқан әрбір мемлекет қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау

немесе бірлесу кезінде Конвенция депозитариясын мемлекетте куәлік беруге құқылы орган немесе өкімет атауы және функциялары туралы хабарлап отырады. Бұл органдардың атына байланысты болған кез-келген өзгеріс туралы да депозитарияға мәлімдейді.

24-бап

Келісім жасасқан мемлекеттерде бала асырап алудың танылуын қабылдамау бала асырап алу оның бала мүддесін есепке алғандағы мемлекеттік саясатына айқын қайшы келгенде ғана мүмкін болады.

25-бап

Келісім жасасқан мемлекеттердің қайсы болса да Конвенция депозитариясына 39-баптың  2 тармағы негізінде жасалған келісімге сәйкес жүзеге асырылған бала асырап алуды тану саласында Конвенция ережелерімен байланысты болмайтынын мәлімдей алады.

26-бап

1. Бала асырап алуды тануға қажеттілер:

а) бала мен оны асырап алушы ата-ана арасындағы құқықтық қатынастар;

b) Бала мен оның анасы және әкесімен арасындағы бұрынғы құқықтық қатынастарын тоқтату, егер келісім жасасқан мемлекеттерде бала асырап алудың осындай салдары кездессе.

2. Егер бала асырап алу ата-ана мен бала арасындағы бұрынғы құқықтық қатынастарды тоқтатуға соқтырса, бала асырап алу танылған қабылдап алушы мемлекетте және келісім жасасқан қандай болсын мемлекетте дәл сондай құқықтарға ие болады.

3.Жоғарыдағы тармақтар бала асырап алуды таныған келісім жасасқан мемлекеттердегі бала мүддесінен шығатын кез-келген жалпы ережелердің қолданылуына кедергі жасамайды.

27-бап

1. Бала асырап алу шешілген тегі шыққан мемлекетте бала мен ата-ана арасындағы бұрынғы құқықтық қатынастарды тоқтататын салдары жоқ болса, ол Конвенцияға сәйкес бала асырап алу танылған қабылдаушы мемлекетте мынадай салдары бар жағдайларда жүзеге асырылады:

a) егер қабылдап алушы мемлекет заңында бұған рұқсат етілсе;

b) егер келісім 4-бап, “c” және “d” тармақшаларында көрсетілгендей бала асырап алудың осындай мақсаттары үшін жасалса немесе жасалатын болса.

2. 23-бап бала асырап алудың салдарындағы өзгерістер туралы шешімге қатысты қолданылады.

VІ тарау

Жалпы ережелер

28-бап

Конвенция бала асырап алу тегі шыққан мемлекет аумағында, бала түпкілікті тұрғыны болып асырылуын талап ететін немесе баланың асырап алғанға дейін қабылдап алушы мемлекетке орын ауыстыруына немесе берілуіне рұқсат етпейтін қандай да болсын заңдарына жанаспайды.

29-бап

Егер бала асырап алу отбасынан тыс орын алса немесе баланың тегі шыққан мемлекеттің толық құқылы билігімен тағайындалған жағдайларға баланы асырап алушы ата-ана мен баланың ата-анасы, немесе балаға қамқор кез-келген тұлға арасында қатынастың болуы сәйкес келсе, баланы асырап алушы ата-ана мен баланың ата-анасы немесе балаға қамқор кез-келген тұлға арасында 4-баптың  “a”-“c” және 5-баптың “a” тармақшалары талаптары орындалғанға дейін қатынас болмауы тиіс.

30-бап

1. Келісім жасасқан мемлекеттердің толық құқықты билігі баланың шыққан тегіне оның ата-анасының жеке басына, сондай-ақ дәрігерлік анықтамаға қатысты ақпараттарды жария етпеуді қамтамасыз етеді.

2. Олар балаға немесе оның өкілдеріне мемлекеттің заңдары рұқсат еткен деңгейдегі ақпараттарды тиісті басшылық арқылы алуын қамтамасыз етеді.

31-бап

30-бапқа зиян тигізбей, Конвенция бойынша жинақталған және қайта берілген жеке сипаттағы мәліметтер, әсіресе, 15-16-баптарда көрсетілген мәліметттер оларды жинақтау және қайта беру мақсаты үшін ғана пайдаланылады.

32-бап

1. Шетелдік бала асырап алуға қатысты іс-әрекеттен ешкім сенімсіз қаржылық немесе басқа да пайда алмауы тиіс.

2. Тек бала асырап алу процесіне тартылған тұлғаларға ғана шығындар мен шығыстар, сонымен бірге, кәсіби гонорарлар қалпына келтірілуі немесе төленуі мүмкін.

3. Бала асырап алу процесіне қатысқан жетекшілер, администраторлар және орган қызметкерлері көрсетілген қызмет құнынан жоғары сыйақы ала алмайды.

33- бап

Толық құқылы орган Конвенциясының қандай да бір ережесі сақталмай отырғанын немесе оны бұзатын қауіп бар екенін байқаған жағдайда тез арада өз мемлекетінің орталық органына хабарлайды. Бұл орталық орган тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге жауапты.

34- бап

Егер мемлекеттің құжатты алған толық құқылы органы талап етсе, түпнұсқаға сәйкес куәландырылған аудармасы берілуі тиіс.

Егер бұған жағдай жасалмаса, мұндай аударма үшін шығынды асырап алушы ата-аналар көтереді.

35-бап

Келісім жасасқан мемлекеттердің толық құқылы органдары бала асырап алу процесін тез жүргізуі тиіс.

36-бап

Бала асырап алуға қатысты түрлі территориялдық бірлікте қолданылған екі немесе одан да көп құқықтық жүйесі бар мемлекетте:

a) бұл мемлекетте тұрақты мекен-жайды көрсететін қандай болсын сілтеме осы мемлекеттің территориалдық бірлігіндегі тұрақты мекен-жайына қатысты деп танылады.

b) бұл мемлекеттегі заңға қандай болсын сілтеме сәйкесінше территориалдық бірлігіндегі заңға қатысты деп танылады.

с) бұл мемлекеттегі толық құқылы билік немесе мемлекеттік билікке қандай болсын сілтеме сәйкесінше территориалдық бірлікте өкілетті осындай билікке қатысты деп танылады.

d) бұл мемлекеттің өкілетті ұйымдарына қандай болсын сілтеме сәйкесінше территориалдық бірлікте өкілетті ұйымдарға қатысты деп танылады.

37-бап

Бала асырап алуға байланысты тұлғалардың түрлі категориясы арасында қатынасты реттейтін екі немесе одан да көп құқық жүйесі бар мемлекетке қатысты, осы мемлекеттің құқына қандай да болсын сілтеме осы мемлекеттің заңында көрсетілген құқықтық жүйеге қатысты деп танылады.

38-бап

Егер біртұтас құқықтық жүйесі бар мемлекет Конвенция ережелерін қолдануы міндетті болмаса бала асырап алуға байланысты өзіндік жеке құқықтық нормалары бар түрлі территориалдық бірліктері шегінде мемлекетте де қолданылуы міндетті емес.

39-бап

1. Қатысушы мемлекеттер өздері өтініш жасамаса, Конвенция қатысушылары келісім жасасқан мемлекеттер болып табылатын және Конвенция реттейтін  мәселелер туралы ережелер жазылған қандай болсын халықаралық құжаттарға жанаспайды.

2. Қандай болсын келісім жасасқан мемлекет Конвенция қолданысы мақсатында бір немесе бірнеше басқа келісім жасасқан мемлекеттермен келісімге келуіне болады. Бұл келісімдер  14-16 және  18-21 бап ережелерінде қатыссыз болуы мүмкін. Келісім жасасқан мемлекеттер оның көшірмесін Конвенция депозитариясына өткізеді.

40-бап

Конвенцияғаны ешқандай басқаша түсіндіруге жол берілмейді.  

41-бап

Конвенция 14-бапта көрсетілгендей өтініш бала қабылдап алушы және тегі шыққан мемлекетте Конвенция өз күшіне енгеннен кейін алынса әрбір жағдайға қолданылады.

42-бап

Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага  конференциясының бас хатшысы Конванцияның практикалық іс-әрекетін қарау үшін арнаулы комиссия шақырып отырады.

VII тарау қорытынды ережелер

43-бап

1.Конвенция халықаралық жеке құқықтар жөніндегі Гаага конференциясынаң мүшесі болап табылатын мемлекеттер және оның он жетінші сессиясына қатысушы басқа да мемлекеттер қол қоюы үшін ашық болып табылады.

2.Ол бекітілуі, қабылдануы және мақұлдануы тиіс және бекітілгені, қабылданғаны немесе мақұлданғаны туралы құжат конвенцияныңи депозиториясы болап табылатын Нидерланд Kорольдігі сыртқы істер министрлігіне сақтауға өткізілуі тиіс.

44-бап

1. Қандай болсын басқа мемлекет Конвенция күшіне енгеннен кейін 46-баптың 1 тармағына сәйкес оған қосыла алады.

2. Қосылғаны туралы құжаттар депозиттарияға сақтауға өткізіледі.

3. Мұндай қосылу 48-баптың “b” тармақшасында көрсетілгендей мәлімдемені алғаннан кейін алты ай ішінде қарсылық білдірмеген келісім жасасқан мемлекеттер мен қосылушы мемлекет арасындағы қатынаста ғана іске асырылады. Қарсылық мемлекеттер тарапынан конвенция бекіту,қабылдау немесе мақұлдау кезінде де жасалуы мүмкін. Депозитария қандай болсын қарсылық жөнінде хабардар болуы тиіс.

45-бап

1. Конвенцияда қаралатын мәселелерге қатысты түрліше құқықтық жүйесі бар бір немесе бірнеше  территориялық бірлігі бар мемлекет қол қою, бекіту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу кезінде Конвенцияның бір немесе бірнеше  территориялық бірлігіне таралатынын жариялауы керек  және өтінішін қандай болсын уақытта басқа өтініш ұсыну арқылы өзгерте алады .

2. Мұндай өтініш депозитарияға хабарлануы керек және конвенция қолданылатын территориялық бірлігін дәл көрсетуі керек.

3. Егер мемлекет конвенцияның осы бабына сәйкес өтініш жасамаса, онда конвенция мұндай мемлекеттің барлық территориясына қатысты болып есептеледі.

46-бап

1. Конвенция 43-бапта көрсетілгендей бекіту,қабылдау немесе мақұлдау туралы үшінші  құжаттың сақтауға өткізілген үш айыннан кейінгі келесі    айдың бірінші күні  өз күшіне енеді .

2.Конвенция:

а) бекіту, қабылдау немесе мақұлдау  туралы құжаты сақтауға өткізілген  үш айынан кейінгі  келесі айдың алғашқы күнінен оған бекітілген, қабылданған немесе мақұлданған, немесе қосылған әрбір мемлекет үшін;

b) осы бапта көрсеттілгендей, хабарланған  үш ай өткеннен кейінгі айдың бірінші күні , 45-бапқа сәйкес конвенция таралатын барлық территориялық бірлік үшін өз күшіне енеді.

47-бап

1. Қандай болсын мемлекет-конвенцияға қатысушы депозитарияға жазбаша жолданған мәлімдеме арқылы денонсациялай алады.

2. Денонсация депозитариядан мәлімдеме алғаннан кейінгі он айдан кейінгі айдың бірінші күні өз күшіне енеді. Егер мәлімдемеде денонсацияның күніне енуінің ұзақ мерзімі көрсетілсе, онда денонсация депозитариядан мәлімдеме алғаннан кейінгі ұзақ мерзім өткеннен кейін өз күшіне енеді.

48-бап

Депозитарий халықаралық жеке құқықтар жөніндегі Гаага конференциясына мүше мемлекеттер мен он жетінші сессиясына қатысқан басқа мемлекеттерге және  44-бапқа сәйкес қосылған мемлекеттерге төмендегідей жайларды мәлім дейді.

а) 43-бапта көрсетілгендей бекіту, қол қою, қабылдау және мақұлдау туралы;

 b) 44-бапта көрсетілгендей қосылу және қосылуға байланысты қарсылық туралы ;

c) 46-бапқа сәйкес, Конвенцияның күшіне ену күнін;

d) 22,23,25 және 45-бапта көрсетілгендей өтініштермен тағайындаулар туралы;

е) 39-бапта көрсетілгендей,келісімдер туралы;

f) 47-бапта көрсетілгендей, денонсациялар туралы

Куәлікке қол қоюшылар,бұған тиісті дәрежеде өкілетті,осы конвенцияға қол қойды.

Гаагада 29 мамыр 1993 жылы ағылшын, француз тілдерінде жазылады, екі мәтін де Нидерланд Kорольдігі өкіметінің архивіне сақтауға өткізілетін аутентикалық тең, бір дана болып табылады. Оның куәландырылған көшірмелері халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага конференциясына  мүше мемлекеттерге оның он жетінші сессиясы күніне және осы сессияға қатысқан әрбір басқа мемлекеттерге дипломатиялық арналар бойынша   жіберіледі.    

Түпнұсқаның куәландырылған

дәл көшірмесі

Нидерланд Корольдігі

Сыртқы істер Министрлігі

Конвенция бөлімінің жетекшісі үшін 

1993 жылы 25 шілдеде Гаагада қабылданған Балаларды қорғау және шетелдік бала асырап алу қатынасындағы ынтымақтастық туралы конвенциясының куәландырған көшірмесінің дәл көшірмесі екенін куәландырамын.

ҚР сыртқы істер министрлігінің халықаралық

құқық департаментінің Кеңесшісі                                                                                                                                        И.Сәкенов