Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Жаз - 2010
Гаага Конвенциясын талқылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық коми
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Жұмыс тәжірибесін жан-жақтылау және тарату
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 





«Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен орны: тәжірибесі және келешегі» тақырыбындағы білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясының

баспасөз хабарламасы

_______________________________________________________________

Астана қаласы 2010 жылғы 12 тамыз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығымен бірлесіп, жобаның авторы, Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның қатысуымен 2010 жылдың 19-20 тамызында Алматы қаласында «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесіндегі «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі мен орны: тәжірибесі және келешегі» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясын өткізеді.

«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының базасында өтетін конференция жұмысына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ЖансейітТүймебаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Махметғали Сарыбеков, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Раиса Шер, Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Нұрғалы .Аршабеков, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Тлек Қарымсақов, Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Людмила Саинова, облыстық білім басқармаларының бастықтары, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің директорлары, біліктілікті арттыру институттарының директорлары, педагогикалық жоғары оқу орындарының, гуманитарлық колледждердің басшылары мен оқытушылары, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша экспериментте жұмыс жасайтын білім беру ұйымдарының басшылары мен мұғалімдері, Балалар үйлері директорларының республикалық кеңесінің өкілдері қатысады.

Аталған конференцияда экспериментік бағдарламалардың қорытындысы жасалып, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын республиканың білім беру жүйесінің оқу процесіне жаппай енгізуді іске асыруға дайындық мәселелері талқыланады және анықталады.


2010 жылдың 21 мамырында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Ескелді аудандық білім бөлімімен бірлесіп «Шағын орталық пен даярлық тобында оқу-тәрбие үрдісі және «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты дайындық жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында Қаратал орта мектебінің мектепке дейінгі шағын орталығында облыстық оқыту семинарын өткізді.
Семинар жұмысына Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Ескелді аудандық білім бөлімінің мамандары, аудан мен мектепалды даярлық тобындағы мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, балабақша меңгерушілері қатысты.
Шара оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы бала тұлғасын дамыту мен қалыптастырудың тиімді жолдарын көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Семинар барысында «Уроки любви» бейнефильмі көрсетіліп, семинарға қатысушыларға арнайы ашық сабақтар «Вслед за белочкой по лесу», «Менің достарым», «Төлдер айтысы» тақырыптарында өткізілді.
Семинар жұмысына 8 жыл бойына «Өзін-өзі тану» пәнін эксперименттен өткізген Талдықорған қаласындағы №42 балабақшаның «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша лектор-тьютор Т.М.Семенько, №45 «Арман» балабақшасының әдіскерлері С.А.Сейілғазинова, А.Б.Арғымбаевалар арнайы шақырылып, «Организация педагогического процесса урока «Самопознание», «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогикалық үрдісті ұйымдастыру» тақырыптарында қатысушылармен тренингтер өткізді.


Балалық шақ мүддесінде
Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2008 жылдан бастап балалардың толыққанды адамгершілік-рухани және әлеуметті-құқықтық дамуын арттыруға қолайлы жағдай жасауға бейімді мүмкіндік туғызу үшін «Жобалық тұрғы балалық шақ құқығын жүзегу асыру бағыты ретінде» атты модельді жүзеге асыруда. Дәстүр бойынша, жұмыс қорытындылары алқа отырыстарында тұрақты қаралады. 18 мамыр күні Орал қаласының №19 мектепке дейінгі мекемесінде «Балалық шақ мүддесінде» атты тақырыптық кездесу өтті, оған мемлекеттік қызметкерлер, білім ұйымдарының, интернат мекемелерінің басшылары, БАҚ тілшілері қатысты.
Кездесудің құрметтi қонағы - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымының орынбасары Әлібаева Бахыт Оразалықызы – «балаларды қамқорлау біздің мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының белгiлi бір бөлiмi болып табылатындығын айтты. Жас буынның өмір сапасын жақсарту, әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерді қамтамасыз ету бүгінгі күннің басты міндеттері. Балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру саласында тиiмдi және уақтылы жолдар мен әдістерді ірiктеп алу арқылы тұлғаның қалыптасумен қатар, әр баланың жеке дара дамуына, кейін ол өзін қоғамда жүзеге асыра алуына маңызды назар және нақты көзқарас бөлу кажеттігін назарға салды».
Кездесуге қатынасушылар келесі мәселелерді талқылады, жоба қызметі арқылы денсаулық сақтау саласын қалыптастыру ерекшеліктеріне және балалардың адамгершілік-рухани, әлеуметті қалыптасуына, сондай-ақ ведомствоаралық әсер тигізу іс-тәжірибесіне ерекше қөніл бөлді.
Кездесу форматы мекеме басшыларының есептерімен қатар мақсатты бейне тұсаукесерді және жобалардың белсенді қатысушылары – балалардың өнер керсетуiң қарастырды. Кездесудің қортындысы балалық шақ мүддесін жүзеге асырудағы білім беру ұйымдарының және мүдделі құрылымдардың әріптестік ара қатынастарына негізделген, әлеуметтік жобалардың жақын перспективаларын айқындау болды.


«Таза бұлақтан» отбасылық шығармашылық фестивалі
Отбасы – біздің қоғамның жоғарғы құндылығы. Отбасында мұрат, әдет-ғұрып, дәстүр қалыптасады. Одна адамгершілік құндылықтар құрылады: қайырымдылық, еңбексүйгіштік, тазалық, кәсіпкерлік.
Мерекелерде және бос уақыттарда ән-күй естілетін, онда шебер-іскерлердің құпиялары мұрадан мұраға табыс етілетін отбасылар қандай тамаша. Отбасы ансамбльдері өздігінен және табиғи түрде құрылады. Онда халықтың рухани байлықтары құнтты сақталады және әдетке айналады.
Ағымдағы жылдың 18 мамырында «Тобыл» шатханасында Халықаралық Отбасылар күнін мерекелеу шеңберінде Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен және Қостанай облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдардың шығармашыл отбасы ұжымдары және басқа да Қостанай облысының жалпы білім беру мектептерінің арасында «Таза бұлақтан» ІІІ отбасылық шығармашылық фестивалі өтті.
Фестивальдің өткізілу мақсаты - отбасылық шығармашылықты насихаттау, жас ұрпақтарды өнерге баулу, балалар мен жастарды тәрбиелеу ісінде Қазақстан халқының адамгершілік, мәдени дәстүрлерін сақтау және көбейту, білім беру ұйымдары мен жанұя институты арасындағы байланысты нығайту.
Фестиваль ІІ кезеңмен өткізілді: сұрыптау, қорытынды.
Фестивальдің аудандық сұрыптау кезеңіне облыстың 27 отбасы қатысты.
Соңғы облыстық фестивальға Қостанай, Рудный, Лисаков қалаларынан, Қарасу, Сарыкөл, Костанай ауданынан фестивальдің сұрыптау кезеңінен өткен 9 отбасы шақырылды.
Отбасылар мерекесіне Қостанай қаласының құрметті азаматтары, облыстық басқармаларының, оқу орындарының жетекшілері, облыс мәслихатының депутаттары, Қостанай облысының Іскер әйелдері қауымдастығының өкілдері қатысты.
Отбасы ұжымдарының орындаулары түрлі жанрлармен ерекшеленді: жалынды музыкалық нөмірлер, театрлады қойылымдар, сырлы лирикалық әдеби композициялар, цирктік қойылымдар, отбасылық дәстүр туралы бейнероликтер және фильмдер, қол өнерлік және сәндік шығармалар (ағаштан жасалған, кесте, тоқыма (ілмекпен, тоқыма бізімен жасалған) бұйымдар, тігу, маржанды өрулер)
Фестивальдің қорытындысы бойынша отбасылық ұжымдар номинацияларда мадақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
- «Мой дом — моя крепость» (Қостанай ауданынан Самохиндер отбасы);
- «Моя семья — мое богатство» (Сарыкөл ауданынан Махамбетовтер отбасы);
- «Саусағынан бал тамған» (Рудный қаласынан Колодий отбасы);
- «Творческое вдохновение» (Қостанай қаласынан Сапиевтер отбасы);
- «Самая артистичная семья» (Рудный қаласынан Воеводенко
отбасы);
- «Сегіз қырлы бір сырлы» (Қарасу ауданынан Кужентаевтар отбасы);
- «Вместе мы – сила» (Лисаков қаласынан Дрищ отбасы);
- «Самая сплоченная семья» (Рудный қаласынан Поповтар отбасы).
Бұл күні сахнаға кең көпшілікке танымал болмаса да, талантты ұжымдар шықты. Олардың есімдері жарнамалық қалқандарды безендірмесе де, өлеңдер мен билер олардың басты мамандығы болмаса да, олар ойын-сауыққа бар жандарын салады. Олар үшін бұл – кәсіп емес, өздерін көрсету мүмкіндіктері. 

Отбасылық шығармашылықта үздік – ол жақсы әнші немесе шебер биші болу міндет емес. Өзінің жанын аша білген, жарық сәуле мен жылумен бөлісе алатын ғана үздік – мүмкін, басты отбасылық құндылық осы шығар? Ана мен әке, балалар мен ересектер – бір тату команда, олардың қызықты біртұтас ісі, жалпы шығармашылығы!


«Отбасы парызы» отбасы тәрбиесінің бағдарламаларыт байқауын өткізу туралы
Халықаралық отбасы күнін мерекелеу аясында, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Отбасы парызы» отбасы тәрбиесінің бағдарламалары байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: отбасылық тәрбиелеудің үздік тәжірибесін анықтау, тарату және насихаттау, балалар және жасөспірімдердің мәдениетін, рухани тәрбиесін көтеру, дарынды, шығармашылық деңгейде қызмет атқаратын тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларын және жоғары кәсіби деңгейі бар мұғалімдерді анықтау, отбасылық тәрбиелеудің маңызына қоғамның назарын аудару, отбасылық тәрбиелеу ісінде халықтың адамгершілік, мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту.
Байқауға білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары және сынып жетекшілері қатысты. Байқауға 22 бағдарлама түсті, оның ішінде 17-і облыстың 6-ауданынан.
Қазылар алқасы 6 жүлдегерді анықтады.
I орын:
1. Қызылжар ауданы № 13 кәсіптік лицей оқытушысы Наталья Викторовна Диментиюктің «Семейные заповеди» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
II орын:
1. Петропавл қаласы № 20 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ләйлә Сайлауқызы Жолдогаринаның «Отбасылық өсиет» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
2. Ғ. Мүсрепов атындағы аудан Калиновка орта мектебінің педагог-психологы Елена Леонидовна Федотованың «Семейные заповеди» ата-аналарға және оқушыларға арналған психологиялық бағдарламасы.
III орын:
1. М. Жұмабаев ауданы Булаев мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Шолпан Соконқызы ның «Семейные заповеди» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
2. Есіл ауданы Петровка орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Татьяна Андреевна Сидоркинаның «Семейные заповеди» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
3. Қызылжар ауданы Якорь орта мектебі оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Лариса Павловна Пустовалованың және ғылыми-методикалық жұмысы жөніндегі директордың орынбасары Алма Ерғалиқызы Шаштаулетованың «Здоровая семья – сильный Казахстан» отбасы тәрбиесінің бағдарламасы.
Байқаудың жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.


«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру: эксперименттен жаппай енгізуге» республикалық ғылыми-практикалық семинары
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз жоғары адамгершілік, этикалық стандарттар және рухани құндылықтары бар ар-намыс, қадір-қасиет және әр адамның беделі бағаланатын қоғам құруымыз қажет», - деп адамгершілік-рухани білім берудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Осының бәрі махаббат, қайырымдылық, ақиқат, сұлулық, адамгершілік, рухани секілді жалпы адамгершілік құндылықтар арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Авторы және идеялық шабыттандырушы Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы болып табылатын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасын жүзеге асыру осы міндеттердің практикалық шешімі болды.
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді енгізу бойынша республикалық эксперименттің аяқталуына және «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру үрдісіне жаппай енгізуге байланысты «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен 2010 жылдың 14-15 мамырында Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру: эксперименттен жаппай енгізуге» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық семинар өтті.
Семинардың өткізілу мақсаты: қорытынды шығару және эксперименталды бағдарламалардың тәжірибелерін жалпылау; республиканың білім беру жүйесінің оқу үрдісінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жаппай енгізуді жүзеге асыру жолдарының негізгі бағыттарын талқылау және табу.
Республикалық семинар қатысушыларына арналған құттықтау сөзімен Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бектұрғанов С.Ш. сөйледі. Пленарлық отырыста Қазақстан Республикасының білім және ғылым вице-министрі Сарыбеков М.Н., «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының бас директоры Т.У. Қарымсақов, Қостанай облысы әкімдігінің Білім басқармасының бастығы Мягков В.А. сөз сөйледі.
14 мамыр күнінің екінші жартысында семинарға қатысушылар жұмыстарын 4 секцияда жалғастырды, онда «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу кезінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді жүзеге асыру механизмдері, «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу кезінде педагогтарды дайындау және қайта даярлауда әдістемелік бағыттар, білім беру жүйесін дамытудың негізгі принциптері ретіндегі жеке тұлғаның сәйкес дамуы, мектепке дейінгі тәрбиелеу практикасында өзін-өзі танудың мазмұнды ерекшеліктері туралы сұрақтар талқыланды.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуде ғылыми-әдістемелік, дидактикалық, кадрлармен қамтамасыз ету, экспериментті ақпараттық-талдаумен жалпылау, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесінде дәрісші-тьютрлердің теориялық және практикалық мүмкіндіктерін қолдану мәселелері толық қарастырылды, Қостанай облысының білім беру ұйымдарының эксперименталды қызметтерінің, шығармашылық есептері тыңдалды.
15 мамыр семинардың екінші күнінде барлық аймақтардың өкілдері облыстың 9 эксперименталды алаңдарын аралады: Қостанай қаласы, Рудный қаласы, Лисаков қаласы, Қостанай ауданы. Аралау кезінде қонақтар өзін-өзі тану кабинеттерінің материалды-техникалық базаларымен танысты, өзін-өзі тану пәнінің үздік мұғалімдерінің сабақтарына қатысты және тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды.
Күннің соңында Қостанай қаласының музыка мектебінің мәжіліс залында қорытынды шығарылды және семинар жабылды.
Қорытынды шығару барысында «Бөбек» ҰҒПБСО, ҚР БҒМ өкілдері «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша Қостанай облысының білім беру ұйымдарының жұмыстарын жоғары бағалап, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жаппай енгізуге облыстың толық дайын екендігі туралы өз ойларын білдірді.

Семинарға республиканың барлық облыстарынан 270 өкіл қатысты, олардың ішінде облыстық білім басқармасының бастықтары, БҚБА және ҚДИ директорлары, кабинет меңгерушілері, әдіскерлер, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директорлары және бөлім бастықтары, педагогикалық жоғары оқу орындарының жетекшілері және оқытушылары, жалпы білім беру мектептерінің, мектеп-интернаттардың, балалар үйі, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша экспериментте жұмыс істейтін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жетекшілері мен мұғалімдері, Балалар үйлері директорларының Республикалық кеңесінің өкілдері, адамгершілік-рухани білім берудің дәрісші-тьютерлері.

 


Ерте жастан
14 мамыр күні Орал қаласының №19 мектепке дейінгі мекемесінде Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтiк жобаларының бірінің шеңберінде жұмыс жасап жатқан «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық шеберханасының отырысы өтті. Отырыс тақырыбы - «Мониторинг балалардың адамгершілік-рухани дүниесін қалыптастыратын құрал ретінде». Жиналған серіктестердің мақсаты - бала құқықтары туралы БҰҰ Конвенцияның адамгершілік-рухани даму бөлімінің мазмұның жүзеге асыруда тиiмдi жолдарды іздеу болды.
Отырысқа қатынасушылар - Облыстық балалар үйінің және мамандандырылған «Үміт» бөбектер Үйінің, Орал қаласының мектепке дейінгі ұйым педагогтары, мемлекеттік қызметкерлер, БАҚ тілшілері – баланың адамгершілік-рухани қалыптасуының диагностика, ерте жастағы балалардың дамуында психологиялық-педагогикалық ере жүруі және т.б. мәселелерді талқылады. Отырыс Ұлттық ғылыми – практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығының бейнефилімін көрумен аяқталды.
Жалпы, құрылған шығармашылық орта балалық құқығын жүзеге асыру саласында педагогтардың тәжірибелерін жетілдіруге қолайлы болды.

 


Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Әрбір бала – біздің келешегіміз» жобасын жылдын басынан бері жүзеге асыруда және осы жоба аясында Шемонаиха аудандық білім беру бөлімімен бірлесе Шемонаиха қаласының № 5 мектебінде «Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы» атты семинар өткізді. Семинарға ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы С.Шошева, Шемонаиха ауданы білім бөлімінің әдіскерлері Л.Макешева, М. Аяғанова, аудан мектептерінің психологтары және «Қазақстан-Өскемен» РТРК АҚ ШҚО филиалының өкілдері қатысты.
Семинарда «Балаларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы», «Өзін-өзі тану» пәнін өткізуде ата-аналармен жұмыс» атты баяндамалар слайд сүйемелденуімен оқылды. № 5 мектептің «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу алаңының педагогы М.К.Қамшыбаева «Қасымда болсын мамам...» атты тақырыпта ашық сабақ көрсетіп, пән арқылы ата-аналармен бірге баланы рухани-адамгершілікке тәрбиелеу жолдарымен таныстырды. Сонымен қатар, семинарға қатысушылар И.М.Астафьев атындағы мектептің ата-аналары мен оқушыларының ұжымдық жұмыстарының көрмесін қызықтады. Көрмеге ата-аналар мен балалардың бірігіп жасаған суреттері, плакаттары, «Халықтың рухы мен дәстүрі» атты панносы қойылған.
Семинар соңында психологтар мен ата-аналар мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығының және «Өзін-өзі тану» пәнінің бала тәрбиесіндегі маңызы туралы пікірлерін білдірді.


Облыстық «Жүректер үндестігі» атты педагогтар Клубының отырысы»
2010 жылғы 29 сәуірде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша республикалық тәжірибе шеңберінде БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Бөрлі ауданы Ақсай қаласы № 3 «Гүлдер» балабақшасында «Жүректер үндестігі» атты облыстық педагогтар Клубының кезекті екінші отырысын өткізді. «Өзін-өзі тану» пәні балалардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру негізі» тақырыбы бойынша педагог-тәжірибешілер өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушылар назарына: баяндамалар, «Туған ұя» ашық сабағы, психологиялық треннингтер және балабақша тәрбиеленушілерінің орындауымен «Мақта қыз бен мысық» атты музыкалық ертегісі ұсынылды.
Клуб отырысына қатысқан аудан балабақшаларының директорлары және тәрбиешілері педагог жұмысын белгілеп, әлеуметтік-рөлді ойындар арқылы балалардың адамгершілік-рухани құндылықтарын қалыптастыруда, өз ойын, пікірін шығармашылық қызметін көрсете білгендерін ерекше айтып өтті.


«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру курсын ұйымдастырудағы ғылыми-практикалық бағдарлар» облыстық ғылыми-практикалық конференцияны өткізу туралы
Қоғамның адамгершілік жағдай мәселесі оның дамуының әр кезеңінде өте маңызды және өзекті болып табылады. Бүгінгі күні бүкіл әлем жалпы адамдық құндылықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын іздеу үстінде.
Сегіз жыл бұрын облыстың 9 эксперименттік алаңында Бірінші Ханым С.А. Назарбаеваның бастамасымен «Өзін-өзі тану» бірегей эксперименттік жоба қадам басты. Бағдарламаның негізі – балалардың жеке-дара қасиеттерін ескерумен олардың адамгершілік және рухани сапасын дамыту. Бүгінгі күні өзін-өзі танушы-педагогтардың ойынша «Өзін-өзі тану» курсы мұғалімдер мен оқушыларға бір команданы құрайтын, әкімшілік мұғалімдерге, оқушыларға және олардың ата-аналарына мейірімді және ұқыпты болатын, балалар бір-біріне көмектесетін мектеп құруға мүмкіндік береді.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты 2010-2011 оқу жылы білім берудің барлық деңгейлері үшін балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыс білім беру басқармасымен бірлесіп, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты негізінде 2010 жылғы 29 сәуірде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру курсын ұйымдастырудағы ғылыми-практикалық бағдарлар» тақырыбымен облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Конференцияға мемлекеттік органдардың басшылары, ЖОО-ның ректорлары, білім беру ұйымдарының басшылары, облыстың қала және аудандағы білім беру бөлімдерінің бастықтары, эксперименттік алаңдардың жетекшілері, «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері, психологтары қатысты.
Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелері бойынша орынбасары - Әлия Қайратқызы Ғалымова конференцияда алғы сөзін бастады.
Конференцияға қатысушылардың назарына облыста «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу барысы туралы» бейнеролигі және Алматы қ., «Бөбек» ҰҒПББ және СО жанындағы Адамды үйлесімді дамыту институтының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінде оқитын Павлодар облысы студенттерінің бейне қошеметтері ұсынылды.
Конференцияның пленарлық бөлігінде мынадай сұрақтар қаралды:
- «Өзін-өзі тану» курсының ғылыми-теориялық мәселелері туралы ғылыми жұмыс және ПМПИ халықаралық ынтымақтастығы бойынша проректоры, психология ғылымдарының докторы, профессор Бибісара Әубәкірова Амирова сөз сөйледі;
- «Өзін-өзі тану» пәнін оқу үрдісіне енгізуге облыс педагогтарының дайындығы туралы Павлодар облысы педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты директорының орынбасары Нағима Шаймұратқызы Шакурова сөз қозғады;
- Оқу үрдісіндегі пән ретінде «Өзін-өзі тану» курсының ролі туралы педагогика ғылымдарының кандидаты, ПМПИ жалпы педагогика және психология кафедрасының доценті, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттің жетекшісі Ботагөз Ғабдоллақызы Сәрсенбаева айтып берді;
- Бала тұлғасының бүгінгі таңдағы балабақша жағдайында дамуы туралы Павлодар қаласының № 111 балабақшасының директоры, эксперименттік алаңның басшысы Надежда Петровна Хитрова айтты;
- «Гиназия» ММ директоры, Ақсу қаласындағы эксперименттік алаңның басшысы – Рымкеш Хамитқызы Сләмбекова «Бала тәрбиесі баршаға ортақ» атты баяндама оқыды.
Конференцияның бағдарламасы мынадай бағыттар бойынша үш секцияның жұмысын біріктірді:
№ 1 секция «Білім беру жүйесіндегі адамгершілік-рухани тәрбиенің парадигмасы: тәжірибе, дәстүрлер, инновациялар».
№ 2 секция «Көп мәдениетті білім беру кеңістігінде өсіп келе ұрпақта адамгершілік-рухани позицияларды және толеранттық сананы қалыптастыру»;
№ 3 секция «Баланың құқықтарын қорғаудағы және адамгершілік-рухани дамуындағы әлеуметтік серіктестік».
Конференцияның барлық қатысушылары бір ауыздан үлкен үміт артып осы бағдарламаның оқу бағдарламасына енуін қолдады және мынадай ұсынымдарды қабылдады:
Облыс білім беру органдары мен ұйымдарына:
- облыстың білім беру мекемелеріне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін нормативтік-құқықтық актілерді және ұйымдастырушылық-мазмұндық негіздемелерді қамтамасыз ету;
- мектептегі пән кабинеттерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту, «Өзін-өзі тану» пәнін білім беру үрдісіне енгізуді қамтамасыз ететін бүгінгі таңдағы оқу жабдықтарын пайдалану бойынша іс-шаралар өткізу.
Облыс балалардың құқықтарын қорғау департаментіне, ішкі саясат басқармасына:
- «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасын жариялау үшін ақпараттық өрісті қамтамасыз ету.
Облыс педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтына:
- жер-жерлерде «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсету консультанты ретінде «Өзін-өзі тану» пәнін апробациялау және енгізу бойынша эксперименттік жұмысқа қатысқан мұғалімдерді баулу механизмін анықтау;
- әр типтегі білім беру мекемелердің потенциалын және ресурстарын, заманауи ақпараттық технологияларды (соның ішінде дистанциондық оқу түру, медиа және Интернет білім беру ресурстарын) пайдалану негізінде педагог кадрлардың біліктілігін арттырудың аймақтық моделін әзірлеу.
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына:
- «Өзін-өзі тану» бағдарламасын іске асырудағы ғылыми-техникалық келістерді және бағдарларды қамтамасыз ету.
- Конференцияның нәтижесі бойынша ғылыми мақалалар жинағы шығатын болады.


Ақмола облысында білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» курсын кезенмен енгізу бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Облыстық біліктілікті арттыру институты өзін-өзі тану курсы бойынша педагогтар мен тәрбиешілерді қайта даярлау бойынша жұмыстарын жалғастырды.
2010 оқу жылғы қыркүйектің 1-де «Өзін-өзі тану» пәні бойынша біліктілікті арттыру курсын өткен педагогтар саны – 1364 құрайды. Қазіргі уақытта қазақ және орыс тілінде мектептке дейіңгі білімнің 44 тәрбиешісі және 31 пән мұғалімдері біліктілік курсын өтті. Дәрісші-тьютор Л.М. Тузовской Зеренді ауданының 60 сынып басшылары мен пән педагогтары үшін және Бурабай ауданының мектепке дейіңгі білімнің 45 педагогы үшін курстары өтті.
Бұдан былай осы бағыттағы жұмыс 2010 жылға «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру бойынша шығу және курстық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүргізіледі.


Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» кеңінен таралуда
Қостанай облысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу бойынша эксперименттік қызметтің аяқталу кезеңдері жүріп жатыр.
Эксперимент нәтижелері мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде және ЖОО-да адамгершілік-рухани білім беруді практикада жүзеге асыруды жоғары бағалау туралы айтады. Әлеуметтік қасиет алған, адамгершілік сезімге тәрбиеленген мектепке дейінгі оқушылардың, мектеп оқушыларының және студенттердің саналы білімдері оларды әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне шығарады, онда олардың әлемге деген көзқарастары дамиды. Бүгін біздің облысымыздың балалары «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының арқасында қуаныш пен махаббатта өмір сүруге үйренуде.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу қарсаңында білім беру мекемелерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету сұрақтары басты мәселенің бірі болып табылады.
Осы мәселені шешу және білім беру мекемелерін ОӘК қамтамасыз ету бойынша мәселелерді қарастыру мақсатында ағымдағы жылдың 21 сәуірінде Қостанай облысына «Бөбек» ҰҒПББСО адамның сәйкес даму институтының директоры Саинова Людмила Александровна келді.
Бұл күндері Л.А. Саинованың мектепке дейінгі мекемелердің, жалпы білім беру мектептердің және колледждердің жетекшілерімен және педагогикалық ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылды.
Кеңестің қатысушыларына оқу құралдарымен қамтамасыз ету, кадрларды, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін арнайы кабинеттер даярлау мәселелері талқыланды.
Осы кеңес «Өзін-өзі тану» жаңа білім беру пәнін жариялау және насихаттау бойынша ақпараттық жұмыстың негізгі кезеңі болып табылады.
2010 жыл – «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жаппай енгізу жылы ретінде Қазақстан тарихына енеді. Экспериментке қатысқан ғалымдар, әдіскерлер, тәжірибешілер балалар мен оқитын жастарды адамгершілік-рухани дамыту жобасына ортақтастығын мақтан тұтады. Еліміздің білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мемлекетіміздің адамзат қорын табысты дамытуға ықпал ететіндігіне сенім артады.


Үйлестіруші кеңестің жоспарына сәйкес 2010 жылғы 19-24 сәуір аралығында 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру процесінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізудің дайындық жұмыстарына байланысты Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Алматы облыстық мамандар кәсібін дамыту институты «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбында педагогтарға арналған көшпелі курсты ұйымдастырды.
Курсқа Талдықорған қаласында орналасқан 25 мектептен 65 тыңдаушы қатысты.
Курс «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді, шығармашылық әлеуетті іске асыру және қазіргі заманғы білім беру технологиясы, өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, бақылау арқылы педагогтың кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Курстың негізгі міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;
- Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістерінің негізгі мәселелерін ашу
Курста Алматы облысының балалардың құқықарын қорғау департаменті Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Айнагул Мұханқызы Үшкемпірова дәрісші ретінде сөз сөйледі. Ол өз сөзінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасын енгізудің маңыздылығы мен негізгі ерекшеліктеріне тоқталып өтті. Тыңдаушыларды оқыту процесінде қолданылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттары және тапсырмалары, Республика бойынша «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының тәжірибелік кезеңінің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды.
Сонымен қатар курс тыңдаушыларының пәнді енгізуге байланысты сұрақтарына да жауап берді.
Жоспарға сәйкес мұғалімдерді қайта даярлау курсы Панфилов ауданында өткізіледі.
1 Қыркүйекке дейін аудан, қала білім беру мекемелерінің педагогтарын Облыстық мамандар кәсібін дамыту институтының қайта даярлау курсынан өткізу жұмыстары жүргізіліп отырады.

 


«Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша құжаттауды дайындау реттілігі»атты тақырыппен аудандық «Өзін-өзі тану» пәнін қадағалайтын білім бөлімдерінің мамандарына оқыту семинарын өткізу туралы
Жеке адамның адамгершілік-рухани даму мәселелеріне ақпараттық сипаттама беру бойынша шаралар жоспарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылғы 23 сәуірде сағат 11.00-де «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша құжаттауды дайындау реттілігі» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді.
Семинарға Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, СҚ ПКБАҚДИ, қалалық және аудандық, интернаттық мекемелердің, лицей, колледждердің «Өзін-өзі тану» пәнін қадағалайтын білім бөлімдерінің мамандары қатысты, барлығы – 50 адам.
«Өзін-өзі тану» курсының ғылыми-құқықтық негізі, облыстың педагог кадрларының дайындық күйі, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының педагогикалық құжаттауын жүргізу, ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру, «Өзін-өзі тану» курсының психолого-педагогикалық сүйемелденуінің рөлі – пәнінің жаппай енгізілуіне байланысты өткізілген семинардың мақсаты осы.
Дәріскер-тьюторлар: СҚ ПКБАҚДИ директорының орынбасары Қ.Ү. Сәбиева, №20 ОМ директоры Ш.Ж. Мұқышева, №7 ОМ бастауыш сыныптарының оқу меңгерушісі Е.А. Крупская және эксперименттік алаңдардың оқытушылары семинарға қатысушылармен жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылардың сөз сөйлеуі слайд және бейнефильм көрсетумен қосталды. Әрбір эксперименттік алаң өзінің әдістемелік жұмыс тәжірибесін атап айтты. Семинарда берілген материал қатысушыларға «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу үшін дайындыққа көп көмек көрсетеді.
Ұсыныстарды қабылдау - оқыту семинарының қорытындысы болды.


Ағымдағы жылдың 22 сәуірінде Шығыс Қазақстан облысындағы білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша облыстық оқу әдістемелік Кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Отырысты ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры, Кеңес төрағасының орынбасары А.А. Исаев жүргізді.
Облыстың білім беру ұйымдарында 2010-2011 оқу жылында «Өзін -өзі тану» пәнін енгізуге дайындық бойынша өткізілетін іс- шаралардың тиімділігін арттыру мақсатында, Кеңестің отырысы интерактивті студияда on – line режимінде 17 қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінің бастықтары және 120 мектеп педагогтарының қатысуымен, сондай- ақ өзекті мәселелер мен туындаған сұрақтарды талдауға аралаласуға мүмкіндік ала отырып өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес, Өскемен қаласы, Глубокое, Ұлан аудандарының білім беру ұйымдарының бастықтары пәнді енгізуге дайындықтарының барысы жайлы баяндап берді. Аталған аймақтарда «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтар құрамы анықталған, қайта даярлау курстарының жоспарлары бекітілген, оқу әдістемелік семинарлар өткізілуде. Білім және тәрбие беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» бөлмелерін арнайы жабдықтау жұмыстары белсенді жүргізілуде, жаңа оқу жылында олар дайын болады. Барлық мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарда оқу әдістемелік кешендерді алуға сұраныс берілген.
Шығыс Қазақстан облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры С.З. Байхонова «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің нормативтік сілтемелері туралы ақпарат берді. Адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы Т.Ұғланова «Өзін-өзі тану» пәнінің ақпараттық ағарту жұмыстарының барысы жайлы баяндады.


«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» атты тақырыпта Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізу туралы
2010 жылғы 21 сәуірде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» атты тақырыпта Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Жамбыл ауданының білім беру мекемелерінің басшыларымен кездесу өткізілді.
Кездесуге білім беру мекемелерінің басшылары, психологтар және аудандық 40 мектебі ата-аналар қауымының өкілдері қатысты.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамдың адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы өз сөзінде өсіп келе жатқан ұрпақты рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің ерекшеліктері мен «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мәніне тоқталды.
Білім беруді ұйымдастырудың білім процесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізілуіне дайындықты ұйымдастырудың ерекшеліктері – қатысушылардың қызығушылығын тудырған мәселе болды. Пәнді енгізу жұмыстарын ұйымдастыру тәжірибесімен Петропавл қаласының №7 орта мектебі директорының орынбасары, педагог-экспериментатор, лектор–тьютор - Е.А.Крупская бөлісті.
Тәжірибе барысы «Өзін-өзі тану» пәні тәрбиелеу мен білім берудің дәстүрлі және жаңа мазмұнын қайта қарауға, қоғамда жалпы адамгершілік құндылықтардың оң жүйесін қалыптастыруға әсер ететінін көрсетті.


Өзіңді өзің танысаң істің басы
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау дапартементінің жоспарына сәйкес, 2010 жылдың 21 сәуірінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңызды тәрбиелік мәнін және оқу дәрістерін насихаттау, балаларды дұрыс қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, баланың өзіндік «менін» анықтауға көмектесу, баланың өзін-өзі тануы мен дұрыс қатынасын дамыту мақсатында Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Өзіңді-өзің танысаң, істің басы» тақырыбында оқырмандармен кездесу өткізілді. Кездесуге отыздан аса оқырман балалар, эксперимент алаңдарының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері және БАҚ өкілдері қатысты. Қатысушылар кітапхана қызметкерлері мен департаменттің ұйымдастырған кітап көрмесімен танысты. Алғы сөз ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Ғ.Жүсіповаға берілді. Келесі сөз кезегінде №23 мектеп-лицейінің мұғалімі О.Долгополова «Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңызды тәрбиелік мәнін айтып, балалардың өзін-өзі тануы арқылы олардың адамгершілік қасиеттерін дамыту, құрбы-құрдастарына, бір- біріне деген жүрегінде жылулық сезімін ұялату, жалпы айналасындағы қоршаған ортаға құрмет көрсету деген ұғымның мән-мағынасының маңыздылығын айтып өтіп, оқырман балалармен «Красота души человека» тақырыбында ойын-тренингтер өткізді. ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы А.Биболова оқырмандармен «Древо «Самопознания» тренингін жүргізді және «Өзін-өзі тану» пәніне байланысты махаббат, достық және салауатты өмір салты туралы слайдтар көрсетті. Бұл ойын-тренигтерден балалар үлкен әсер алды. Кездесу соңында оқырмандарға департамент жұмысы туралы жазылған жарнама таратылды.
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры оқырмандар мен кітапхана қызметкерлеріне ризашылығын айтып, осы кітапхана директоры Р.Қарсыбекова және №23 мектеп-лицейінің «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі О.Долгополованы департаменттің алғыс хатымен марапаттады.


2010 жылдың 20 сәуірінде «Жетісу» телеарнасының «Көкжиек даңғылы» бағдарламасына Талдықорған қаласындағы «Өзін-өзі тану» бағытында істейтін №42 балабақша сабағы түсірілді.
Лектор - тьютор Семенько Тамара Михайловна «Жақсы әрекет» тақырыбында балалармен сабақ жүргізді. Сабақтың мақсаты: балалардың бойына «Мейірімділік», «Пайдалы іс» сөздердің ұғымын бекіту, ұжымдық еңбектің мәдениетін қалыптастыру, балалардың тәжірибесін жақын адамдарды қуантатын әрекет арқылы байыту. Сабақ соңында бүлдіршіндер бір-біріне денсаулық, мейірімділік, бақыт тіледі.
Сонымен бірге, «Ізгі жүрек» ойынын ұйымдастырып, жүрек, жан және мейірімділік туралы мақал-мәтелдер сияқты қызықты әдіс-тәсілдерді қолданып, балаларға «Үлкен жүрек» атты тосын сыйлық ұсынды.
Аталған мекеме тәрбиеленушілері «Легенда о ласточке» аңызынан қысқа көрініс және шағын концерт ұйымдастырды.


2010 жылғы 16 сәуірде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Жамбыл аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып «Білім беру мекемелеріндегі психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары» тақырыбында бала мен отбасының үйлесімді дамуын қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы, баланың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында оқыту семинар-тренинг жұмысы ұйымдастырылды.
Семинарға Жамбыл ауданы прокурорының орынбасары, мектептерінің психологтары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері, сынып жетекшілер мен қатар 7-11 сынып оқушылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинарға Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы Күлмария Нұртайқызы Ахмедиева, облыстық «Дос» денсаулық сақтау жастар орталығының психологі, педагогика ғылымдарының кандидаты Марианна Амангелдіқызы Сыдықбекова, Қарасай ауданы, «Сандуғаш» балабақшасының психологі, «Өзін-өзі тану» пәнінің лектор-тьюторы Индира Әбдіқапарқызы Курумбаева қатысты. Семинарға қатысушылар өзін-өзі тану арқылы баланың ортаға әлеуметтік-мәдени бейімделу мәселелерін жан-жақты қарастырып, талқылады. Семинардың 2-ші бөлімінде қатысушылар 4 топқа бөлініп психологиялық тренинг жұмыстарына қатысты. Тренинг барысында 7-11 сынып оқушылары психологтардан жеке кеңестер алып, өз ойларымен бөлісті.


Тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық насихаттау барысында атқарылған жұмыстар
Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің есепті ақпараттарына сәйкес, «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты кең көлемде ақпараттық насихат жүргізу мақсатында телеарналарда 21 телебағдарлама , 94 мақала басып шығарылды, 14 семинар, 65 ашық сабақ өткізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іс-қимыл жоспарын орындауға сәйкес, тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық насихаттауға байланысты 12 сәуірге дейінгі қорытынды бойынша барлық өңірлерде тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы мәселесін «Өзін-өзі тану» пәні арқылы насихаттауға байланысты баспасөз конференциялары өткізілді.
Барлық өңірлерде жас ерекшеліктерін есепке ала отырып баспа және электронды БАҚ-да «Жақсылық және Ізгілік сабақтары», «Өзін-өзі тану әліппесі», «Даналықтың сатылары», «Өзін-өзі тануға жол» атты айдарлары құрылған.
Қазіргі таңда 16 өңірде телебағдарламалар жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар бүгінгі күні «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Атырау облысының «Қазақстан-Атырау» телеарнасында, Қызылорда облысының «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында бейне роликтер құрылғандығын атап өту керек.
Сонымен бірге Алматы қаласында , Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан , Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын «Өзін-өзі тану» пәні арқылы насихаттау мәселесіне байланысты телебағдарламалар мен қатар радио арқылы насихаттауда жүргізілуде.
«Өзін-өзі тану» пәнін ақпараттық насихаттау мақсатында 2010 жылғы қаңтар, ақпан, наурыз айларында жарияланған материалдар бойынша дайджестер дайындалды.
Бүгінгі кезеңде «Бөбек» 79 лектор-тьюторлар сертификаттар алды. Лектор-тьюторлар тарапынан мұғалімдерді қайта даярлау курстарында сабақтар өткізілуде, пәнді енгізуге байланысты ата-аналар мен лекциялар ұйымдастырылуда.
«Өзін-өзі тану» пәнінен мұғалімдердің озық тәжірибелер жинақтау және үйрену жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» пәнінен мұғалімдердің озық тәжірибелерін Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Алматы облыстарының БАИ жинақталуда.
2010-2011 жылдарға арналған жалпы білім беретін білім беру ұйымдарының оқу процессіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мақсатында, негізгі пән есебінде, аталған пән бойынша 1-11 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы бекітілді және комитет веб-сайтына енгізілді.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты «Бөбек» Ұлттық ғылыми-әдістемелік білім беру және сауықтыру орталығымен ай сайын Республикалық ғылыми-әдістемелік «Самопознание. КZ» журналы әзірленіп шығарылады.
Бүгінгі таңда «Самопознание. КZ» журналының бірінші жарты жылдығына білім беру ұйымдарынан 5921 данасына жазылған, бұл дегеніміз жалпы тапсырыстың 66 % құрайды.


Оқушыны тану үшін, оқытушы, алдымен, өзін-өзі тану қажет
«Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағытында дәрісші-тьюторларды дайындау бойынша республикалық курстар аяқталды. Қостанай облысынан 3 педагог 280 сағаттық теориялық және практикалық дайындық курстарынан өтіп, сертификаттарға ие болды.
Дәрісші-тьютор – бұл біздің дағдылы ортамыздағы жаңа түсінік. Дәрісші ретінде – бұл нұсқаулы дәрістер беретін және курстар әзірлейтін білімі дайын шешен. Ал тьютор ретінде ол семинарлар өткізеді және тыңдаушыларға кеңес береді.
Қостанай облысының дәрісші-тьюторлары мұғалімдерге кеңес береді және «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бойынша Сара Алпысқызы Назарбаеваның бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдардың алғыр тәжірибелерін таратады.
Жеке тұлғаның адамгершілік-рухани даму сұрақтарын ақпаратты насихаттау бойынша Қостанай облысының 2010 жылға Іс-әрекет жоспарына, «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Қостанай облысының Білім басқармасының бірлескен іс-әрекет жоспарына, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасы бойынша құрылған Қостанай облысының өзін-өзі тану мұғалімдерінің «Жүректер үндестігі» облыстық шығармашылық бірлестігінің жоспарына сәйкес, облыстық білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге дайындалу мақсатында 2010 жылдың ақпан-сәуір айлары аралығында Қостанай қаласының № 3 орта мектебі, Рудный қаласының № 10 орта мектебі, Лисаков қаласының № 3 орта мектебі, Затобол мектеп-гимназиясының эксперименталды алаңдарында «Адамгершілік-рухани білім беру оқу-тәрбие үрдісінің негізі ретінде. «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» тақырыбында 4 семинар-континиум өтті.
Аймақтық семинарларға «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша экспериментке қатыспайтын білім беру ұйымдары ішінен 100-ге жуық адам қатысты. Олардың ішінде Меңдіқара, Қарабалық, Қарасу, Федоров, Ұзынкөл, Қамысты, Денисов, Таран, Жітіқара, Амангелді, Жангелді, Науырзым, Әулиекөл, Сарыкөл, Алтынсарин, Қостанай аудандары, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларынан мектеп жетекшілері, білім бөлімдерінің әдіскерлері, мұғалімдер болды. Қорытып айтқанда, осы іс-шараға облыстың барлық аймақтары жұмылдырылды.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Табиғат - өмір бастауы», «Қайырымдылық және ықыластылық», «Табиғат – қымбат тарту», «Еңбекқорлық және жалқаулық», «Табиғаттың құпиялары» сабақтарын тамашалады. Сабақ барысында педагогтарға сабақтың құрылысымен, әдістерімен, түрлерімен және «Өзін-өзі тану» пәніне тән жұмыс тәсілдерімен танысуға мүмкіндік берілді: «Шаттық шеңбері», «Тыныштық сәті», «Өзіммен-өзім», «Ән шырқайық, достар!», «Сабақтың дәйексөзі», «Әңгімелесу», «Жағдаяттар кезінде ойлану», «Сахналау», «Жүректен-жүрекке» және т.б.

Сонымен қатар, семинардың қонақтарына оқушыларды махаббат және қайырымдылық сезіміне, бірін бірі құрметтеуге, табиғатты қорғауға тәрбиелейтін «Халық дәстүрлерін сақтай отырып», «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбындағы шығармашыл ұжымдар қызметтерінің нәтижелері ұсынылды.
Практикалық сабақтарды көрсетумен қатар дәрісші-тьюторлармен әңгіме өткізілді, кеңестер берілді, семинарға қатысушылар арасында әдістемелік материалдар үлестірілді.
Аймақтық семинар-континиумдар Қостанай облысының білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде білім беру бағдарламасын жаппай енгізуге мектептердің дайындығын ұйымдастыруда практикалық құндылықтары бар.
Ұйымдастырушылар семинарға қатысушылардың адамгершілік-рухани білім беру бойынша білімдерін кеңейткендігінде және жергілікті жерлерде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге білімді іспен кірісуге мүмкіндік алғандарына сенімді.


Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Жақсылық пен мейірімділік» тақырыбында өткізген қайырымдылық акциясы туралы
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастамасымен үстіміздегі жылдың 9-шы сәуірінде Тараз мемлекеттік педагогикалық институтымен бірлесіп «Жақсылық пен мейірімділік» атты тақырыпта қайырымдылық акциясы өткізілді.
Аталмыш акцияның басты мақсаты - ол дамуында кемшілігі бар балаларға көмек көрсету болып табылады. Акция барысында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және дефектология» кафедрасы білімгерлерінің ұйымдастырумен балаларға арналған сахналық көріністер, концерттік бағдарламалар және балалардың қатысуымен ойындар өткізілді. Сонымен қатар Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Гүлнұр Сейсенбекқызы Сейсенбекова балаларға деген жылы лебізін білдіре отырып, департамент қызметкерлерінің атынан отыз науқас балаларға оқу құралдарын, қызықты мультипликациялық фильмдері бар дискілер мен тәттілерді тарту етті.

Акцияның соңында облыстық психоневрологиялық диспансерінің бас дәрігері Сауранбаев Еркентай Астайұлы ұйымдастырушыларға рахметін айта отырып, осындай акциялардың жиі ұйымдастырылып тұруын ұсынды.

Іс-шараға қатысушылардың айтуынша науқас балалардың жанарынан қуаныш сезімін көргенде, кішкене болса да қуаныш сыйлағанда кеудеңде қуаныш сезімі ұялайды. Себебі ізгілік барда-нақтылық бар. Мұндай акциялар қаншама жанды бауырына басып жылытқанын атап шығу мүмкін емес.

Аталмыш іс-шара Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Психология және дефектология» кафедрасының білімгерлері мен облыстық психоневрологиялық диспансерінің балалар бөлімінің тығыз ынтымақтастығына ұласты, өйткені болашақта бұл жастар өздерінің педагогикалық тәжірибелерін осы жерде өткізеді деп күтілуде. Демек, бұл мүмкіндігі шектеулі балалардың жалғыз еместігін сезіндіріп, олардың жандарына жылу береді деген 
ойдамыз.


2010 жылдың 8 сәуірінде Талдықорған қаласындағы №42 балабақша негізінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Талдықорған қалалық білім бөлімімен бірлесіп «Мектеп жасына дейінгі мекемеде «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білім беру ерекшеліктері орталығын құру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өткізілді.
Семинарға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, балабақша тәрбиешілері, БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысын Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары С.Долаев жүргізді.
Семинарға қатысушыларға лектор-тьютор Т.М. Семенько өзінің «Кішкентай жүрек соғысы » атты сабағын ұсынды. Қатысушылар сабақтың құрлымымен және сабақ барысында қолданылатын әдіс-тәсілдермен танысты, «Шаттық шеңберін» құрып бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Сабақ барысында Тамара Михайловна жүректің таспаға жазылған соғысы, балапанын жоғалтқан құс туралы ертегі, «Ізгі жүрек» ойыны, дана қарт туралы тәмсіл, жүрек, жан және мейірімділік туралы мақал-мәтелдер сияқты қызықты әдіс-тәсілдерді қолданып, балаларға «Үлкен жүрек» атты тосын сыйлық ұсынды. Балалар үлкен жүрекке өздерінің денсаулық, мейірімділік, бақыт тілеген тілектерімен кішкене жүрекшелерді жапсырды.
Аталмыш балабақшаның тәрбиешісі И.В. Кречетова «Мектеп жасына дейінгі мекемеде рухани-адамгершілік білім беру негізінде ерекше білім орталығын құру» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында жеке тәжірибесінен көптеген мысалдар келтіріп, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын балабақшада енгізудегі бастамалары, кездескен қиыншылықтар туралы атап өтті.
Семинарға қатысушы ата-аналар арасында сауалнама жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушылардың бірі Талдықорған қаласындағы жекеменшік «Басқару негіздері» мектебінің директоры Л.В.Сергеева семинардан алған әсері туралы өз ойын ортаға салды
Талдықорған қаласындағы №4 балабақша әдіскері М.Ө.Бидайықова, Текелі қаласының №6 балабақша меңгерушісі А.Б.Тарыбаевалар семинардың жұмысына өте жоғары баға беріп, алғыстарын білдірді.
Семинар соңында қатысушылармен өткізілген тәжірибелік семинар барысы талқыланып, болашақта «Өзін - өзі тану» пәнінің бала тәрбиесінде қосар үлесінің зор екендігіне басты назар аударылды.


Өзінің сан ғасырлық тарихында қазақ халқы тағдырдың талай тәлкегіне түсіп, қайғы-қасіретті басынан кешірсе де, ұрпағын жылатпаған халық. «Бала адамның бауыр етінен жаралған, балаң артыңда қалатын өшпес ізің, мұраң» - деген өсиет атадан қалған мирас. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің биылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында бүгінгі балалар – халқымыздың болашағы, еліміздің ертеңі, олардың бойына ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек – деген болатын. Елбасының бұл сөзі үлкендер үшін негізгі бағыт, бағдарлама. «Отан отбасынан басталады» дегендей, болашақ ұрпақтың тәрбиелі, мәдениетті, білімді болуы ең бірінші ата-анадан, отбасынан басталмақ. Ұлы ақынымыз Абай, сәбиге – ең бірінші адам болу үшін мейір мен махаббат қажет – деген. Бұл сезімдерді бала тек толыққанды отбасында ала алады.
Осы мақсатта Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Талдықорған қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 8 сәуірінде Талдықорған қаласындағы М.Горький атындағы №4 орта мектеп негізінде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мектеп, отбасы және бала арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Семинар жұмысына аудан, қала мектептерінің психолгтары, ата-аналар комитеттері мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орныбасарлары шақырылды.
Семинар жұмысын Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары – Долаев Самғат Садырбайұлы жүргізді. Алғы сөз №4 орта мектеп директоры Елубаева Гаухар Сламғалиқызына беріліп, ол өз сөзінде мектепте ата-аралар комитеті мен мектеп психологы арасындағы жұмыстың түрлеріне тоқтала келіп, оқушы, ұстаз және ата-ананың тығыз қарым-қатынаста жұмысты жүргізген уақытта ғана үлкен жетістіктерге қол жеткізуге болатынына тоқталып өтті. Талдықорған қаласының білім бөлімінің бастығы Тұрұсбеков Болат Кәметұлына және Алматы облысы "Қоғамдық бірлестігінің" төрайымы – Қыдырбаева Дания Сәлімбайқызы өз жұмыстары жайында қысқаша мағлұматтар берді.

№4 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Джан Галина Геннадьевна мен мектептің педагог-психологтары Қылышбаева Марал Имангелдіқызы және Ерасылов Айтмұхамбет «Семья – одно из главных человеческих ценностей» тақырыбы бойынша слайд-шоу көрсетіп, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізді. №4 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Ахрамович Вера Савельевна «Единство семьи и школы» тақырыптарында практикалық жұмыс, №4 орта мектептің 3ә сынып жетекшісі Мусабаева Мейрамкүл Мұратбекқызы «Бәрі де отбасынан басталады», 4б сынып
жетекшісі Кузнецова Татьяна Николаевна «Что важнее: убеждение учителя или родительский авторитет» тақырыптарында тәрбие сағаттар ұйымдастырылды. №4 орта мектептің 10а жетекшісі Саурамбекова Зульфия Тулегалиевна өзінің жұмыс тәжірибесінен «Авторитет родителей» тақрыбында практикалық жұмыс, №4 орта мектептің 3б сынып жетекшісі Вахрамеева Марина Анатольевна адамның құндылықтары, Слёзы ивы" атты ертегінен ойын, №4 орта мектептің 5ә сынып жетекшісі Тоқшылықова Ләззат Смағүлқызы«Ұлттық тәрбие бсты назарда» атты сайыс сабағын ортаға салса, №4 орта мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы Сүттібаева Шолпан Төлеуханқызы «Какой я Родитель?» тақырыбында практикалық жұмыс, оқушылардың өзін-өзі басқару және КТК командасы «Решаем проблемы вместе» тақырыпта өз ойларымен бөлісті. №4 орта мектептің 10а сынып оқушылары Бөпебаева Асель, Мухамедказиева Гулімнің « Үлкендермен сұхбат» тақырыбында дайындаған видеоролигі көрсетілді.
Семинар соңында қатысушылармен өткізілген іс-шара барысы талқыланып, болашақта «Өзін - өзі тану» пәнінің бала тәрбиесінде қосар үлесінің зор екендігін тағы да бір талқылап өтті, мектеп, отбасы, қоғам болып бірлесе жұмыс істеудің нәтижесі көрсеткіштерінің жоғары екендігі дәлелденді.


2010 жылдың 7 сәуірінде Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның адамгершілік-рухани дамуы ақпараттық ағартудың жұмыс жоспарын іске асыру мақсатында облыстық «Жетісу» телеканалының «Шаңырақ» бағдарламасына «Өзін-өзі тану» бойынша эксперименттік бағытта жұмыс істеп отырған алаңдар басшыларының қатысуымен дөңгелек үстел отырысын өткізді.
Дөңгелек үстел отырысында сегіз жыл бойына сынықтан өткізіліп келген «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен жетістіктері жан-жақты талқыланып, көпшілік көрермен қауымға пән туралы түсінік берілді.


«Бәріміз бірге - күшпіз» балалардың әлеуметтік бастамалар жобаларының III Облыстық жәрмеңкесі
Қазақстан азаматтарының жас ұрпағын қоғамдық өмірге кірістірудің қарқынды тәсілдердің бірі әлеуметтік жобалау болып табылады. Облыстың білім беру мекемелері әлеуметтік жобалау тәсілдерін қолдана отырып, екі мақсатқа жетуге жақындап келеді: баланың жеке тұлғалық өзін-өзі тануға мүмкіндік туғызу және оған болашақта өз еліннің    іс-әрекетке қабілетті азаматы болуға көмектесу.
Осыған байланысты Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп ағымдағы жылдың 20 наурызынан 07 сәуіріне дейінгі аралықта «Бәріміз бірге – күшпіз» балалардың әлеуметтік бастамалар жобаларының жәрмеңкесін өткізді. Жәрмеңке 2 кезеңде өткізілді: сырттай және күндізгі кезең. Жәрмеңкеге Қостанай облысының білім беру мекемелері, туынгері Қазақстанның Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаева болып табылатын «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім-беру бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдар қатысты.
Балалардың әлеуметтік бастамалар жобаларының негізгі мақсаты балалардың бастамалырын қолдау және жария ету, педагогтар мен оқушыларға адамгершілік-жеке тұлғалық педагогика негізіндегі білім беру және тәрбие жүйесін креативті қайта құруға мүмкіндік туғызу болып табылады.
Ағымдағы жылдың 20 наурызында сырттай кезеңге Қостанай облысының білім беру ұйымдарынан 19 мәлімдеме түсті. Олар: Қостанай, Лисаков, Рудный қалаларынан, Федоров, Қарасу, Ұзынкөл, Қостанай, Жітіқара аудандарынан. Жобалардың көбі Рудный (5 жоба), Лисаков (3 жоба) қалаларының, Қарасу ауданының (4 жоба) білім беру мекемелерінен ұсынылды. Олардың ішінен үздік деген 8 жоба жәрмеңкенің күндізгі кезеңіне сұрыптап алынды.
Жобалар мынадай тақырыптық бағыттар бойынша ұсынылды: адамгершілік-рухани тәрбие, балалардың көшбасшылық және шығармашылық мүмкіндіктерінің белсенділігін арттыру, салауатты өмір салты, балалардың құқықтарын қорғау, экономика.
Ағымдағы жылдың 07 сәуірінде Жәрмеңкенің ІІ қорытынды (күндізгі) кезеңіне өткен балалардың жобалар қорғауының тұсаукесері өтті.
Балалардың әлеуметтік жобалары облыстық сайысының әділқазылар алқасы келесі жобаларға жоғары баға берді:
1 орын - «Достастық» Рудный қалалық балалар қауымдастығы» ММ «Мы – за светлое будущее» жобасы үшін;
2 орын - «Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 6 орта мектебі» ММ «Школа без наркотиков – миссия выполнима» жобасы үшін;
3 орын - «Рудный қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 10 мектеп-гимназиясы» ММ «Школьный сайт «Десяточка» жобасы үшін.
Осы жобаларды әзірлегендер дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
«Бірге біз – күшпіз» облыстық балалардың әлеуметтік бастамасы жобасының жәрмеңкесін ұйымдастыру комитеті әкімшілік органдары балалардың әлеуметтік бастамаларына назар аударып қолдау көрсететін аумақтарында қоғамдық-пайдалы істерге қатысатын белсенді, құштар, мүдделі бастаушылар саны өсетінін атап өтті. Сонымен қатар, бүкіл қатысушыларға алғыс айтады және мәдени мен қоғамдық қызмет саласында әр оқушының өзін көрсете білуге мүмкіндік беретін білім беру мекемелерінің әлеуметтік жобалауда әрі қарай белсенді қатысатындығына үміт артады.


Батыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау Департаментінің жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту бойынша «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мен ақпараттық ағарту жөніндегі іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру
Қазіргі таңда қоғам алдында адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселесі өзекті болып отыр.
2010-2011 жаңа оқу жылында оқу процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу басталады. Бүгінгі таңда аталған пәнді енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевпен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған іс-әрекеттер жоспарына сәйкес облыста жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту бойынша ведомствоаралық жоспар жасалды.
Аталған жұмыс жоспарының негізінде ақпараттық ағарту бойынша жұмыс тобы құрылды, білім басқармасында, департаментте мамандар бекітілді, жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуы мәселелері бойынша ақпараттық ағартудың іс-әрекеттер Жоспарын жүзеге асыру бойынша журналистер, телетілшілер белгіленді.
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту бойынша іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру шеңберінде 2010 жылы департаментпен білім беру және ішкі саясат басқармаларының, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша тәжірибелік алаңдар өкілдерінің қатысуымен облыстың БАҚ өкілдеріне арналып пресс-конференция өткізілді, мұнда аймақтың барлық қамтылған органдарымен жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту мәселелерімен ағарту бойынша басым бағыттар белгіленді.
Жұмыс жоспарын мақсатты жүзеге асыру үшін және Батыс Қазақстан облысының тәжірибелік алаңдарының жұмыс тәжірибесімен таныстыру мақсатында «Қазақстан-Орал» радиосында педагог-экспериментаторлар «Өзін-өзі тану» курсының мақсаты мен міндеттері», «2010-2011 жылдардан бастап «Өзін-өзі тану» пәнін оқу процесіне енгізудегі дайындық бастамасы туралы», «Баланың дүниетанымын өзін-өзі тану мен қоршаған ортаны тану арқылы рухани байыту» тақырыптарында сөз сөйледі.
Облыстық қоғамдық-саяси «Орал өңірі», «Приуралье» газеттерінде, қалалық «Жайық ұстазы», «Пульс города», «Диапазон» газеттерінде, аудандық «Бөрлі жаршысы», «Бурлинские новости» газеттерінде оқытушылар мен сынып жетекшілерінің, тәрбиешілердің «Өзін-өзі тану» пәні туралы, ата-аналардың «Өзін-өзі тану» білімдік бағдарламасының адамгершілік-рухани мазмұны туралы мақалалары көрініс тапты. Аталған жұмыс бағытымен БАҚ арқылы білім беру процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізуге дайындық бойынша, жалпы адамзаттық құндылықтар негіздері ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау бойынша қаңтар, ақпан, наурыз айларына дайджесттер дайындалды.

«Өзін-өзі тану» пәнін ұйымдастыру мен жүргізу бойынша тәжірибелік алаңдардың педагогикалық тәжірибесін зерттеу және жинақтау, интерактивті студияларды пайдаланумен пәннің ең үздік сабақтарын көрсетуді ұйымдастыру мақсатында облыстық «Қазақстан-Орал» телеканалында «Введение в курс «Самопознание», «Путь добра, любви и милосердия», «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік тәрбие мен білім беру бағдарламасымен таныстыру», «Аспекты нравственно-духовного воспитания» және т.б. тақырыптарда «Өзін-өзі тану» сабақтары» көрсетілді.
«Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігін ескере отырып, пікірталас сабағы, байқау сабағы, шығармашылық сабағы, концерт сабағы, театрландырылған сабақ сияқты сабақтардың стандартты емес түрлері пайдаланылады, мұндай сабақтар балаға жақсы әсер етеді, онда олар өзін-өзін және басқа адамдарды тану, қоршаған ортамен байланыс жасау арқылы еркін ойлауға, өз пікірін білдіруге, талант пен қабілеттерін ашуға үйренеді.
Адамгершілік қажеттіліктер табиғатпен берілмейді, оларды тәрбиелеу қажет, оларсыз жоғары руханилық, мейірімділіктің болуы мүмкін емес, сондықтан ата-аналармен «Өзін-өзі тану» пәнін 2010-2011 оқу жылынан бастап енгізу мәселесі бойынша кездесулерді, жиналыстарды өткізу мен ұйымдастыруда балаларға адамгершілік-рухани білім беру мен тәрбиелеудің мәні зор болып табылады. Осы мақсатпен ата-аналардың, қалалық білім беру бөлімі өкілдерінің, облыстық балалар үйінің, облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасының, барлық тәжірибелік алаңдар өкілдерінің қатысумен «Аспекты нравственно-духовного воспитания предмета «Самопознание»», «Взаимодействие семьи и школы в духовно-нравственном развитии учащихся через предмет «Самопознание»» тақырыптарына оқыту семинарлары өткізілді. Семинарларды өткізу мақсаты – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерін насихаттау мен түсіндіру.
Адамгершілік-рухани тәрбиелеу және «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша билборд шығарылды.


Облыстық Х.Есенжанов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе отырып, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мен адамгершілік-рухани тәрбие беру бойынша мұғалімдер,ата-аналарға көмекші әдебиеттер бойынша буклеттер шығару жұмысы жүргізілуде.


«Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбындағы педагогтардың біліктілігін арттыру курстары туралы
2010 жылдан бастап білім беру процесінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге байланысты, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Үйлестіруші кеңесінің жоспарына сәйкес, 2010 жылғы наурыздың 22-31 аралығында №61 орта мектепте Астана қаласының Білім басқармасының ББЖ КБА ҚДИ «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері» тақырыбында педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізді.
Ұйымдастырушылар алдарына қайған мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын педагогтарды дайындау.
Курстың негізгі міндеттері:
- «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-теориялық және әдістемелік негіздерімен таныстыру;
- Білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістерінің негізгі мәселелерін ашу болды.
Курстарда тыңдаушы ретінде 134 педагогтар қатысты, олардың қатарында мектептердің, колледждердің және кәсіптік лицейлердің директорларының жаңарту жөніндегі орынбасарлары, бастауыш сынып мұғалімдері бар.
Курстың жетекші ойы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді іске асыру және қазіргі заманғы білім беру технологиясы, шығармашылық әлеуетті іске асыру және өзін-өзі тану, өзін-өзі байқау, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылаудың жәрдемімен педаготың өзін-өзі жетілдіру арқылы кәсіптенген маңызды құзіретті алуға көмектесу болды.
Астана қаласының Балалардың құқықарын қорғау департаментінің атынан Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ержан Сапарұлы Жиренбай дәрісші ретінде сөз сөйледі.
Ол өз сөзінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасын енгізудің маңыздылығы туралы, авторлық ойдың негізі жөнінде айтты. Тыңдаушыларды оқыту процесінде қолданылатын «Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаттары және тапсырмаларымен, сонымен қатар, Астана қаласы және жалпы Республика бойынша  «Өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасының тәжірибелік кезеңінің алдын-ала нәтижелерімен таныстырды.
Ержан Сапарұлы курс тыңдаушыларының пәнді енгізуге байланысты сұрақтарына жауап берді.


2010 жылғы 1 сәуірде Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» республикалық эксперимент шеңберінде «Алматы облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің қатысуымен І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңында «Взаимодействие семьи и школы в духовно-нравственном развитии учащихся через предмет «Самопознание» тақырыбында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Мейірімділік бастауы» шығармашылық бірлестігінің жоспарына сәйкес отырыс өткізілді.
Отырыстың мақсаты:
1.«Отбасы және мектеп» арасында өзара тығыз ынтымақтастықты дамыту;
балалар мен жастарды  мейірімділікке, кішіпейілділікке, өзара татулыққа тәрбиелеу.  Аталған шара жұмысына: Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназия, Талдықорған қаласындағы №42, №45 балабақшалар, Қарасай «Сандуғаш» балабақшасы мен Абай атындағы мектеп – гимназия, І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университеті, облыстық мұғалімдер кәсібін дамыту институтының өкілдері қатысты. Шығармашылық бірлестік отырысында ата-аналар комитетінің озық тәжірибелерін насихаттау мақсатында Ақсу ауданы, Қызылту ауылдық орта мектептің ата-аналар комитетінің жұмысы көрсетіліп қатысушыларға әдістемелік құралдар таратылды, оқушылардың қолданбалы өнері,  бейнелеу қызметінің көрмелері ұсынылды.
Шара барысында әдістемелік коллаж түрінде ата-ана комитеттерінің жұмыстары бойынша көрме ұйымдастырылып пікір алмасу жұмыстары жүргізілді.
Сынақ алаңдары мұғалімдері үзінді сабақтар көрсетіп оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтар тәрбиесінде мектеп, отбасы және баланың өзара ынтымақтастығы қажет екендігіне басты назар аударылды.


Ақмола облысындағы өзін-өзі тану фестивалі
А.ж. наурыздың 31-де Көкшетау қаласының «Достар» Мәдениет үйінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ықыласы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаменті директоры Н.Замолоцких, Көкшетау қаласы әкімі орынбасары А.Е. Мұсралімова, Көкшетау қаласының білім бөлімі бастығы Х.Х. Ғазизов, облыстық БАИ мен БҚҚД директоры Е.Т. Исимбаев, мектеп директорлары, балалар мектепке дейіңгі мекемелері, тәрбиешілер, педагогтар мен оқушылардың қатысуымен Өзін-өзі танудың соңғы фестивалі өтті.
Іс-шара облыстық және қалалық БАҚ өкілдері, облыстық телеарнаның қатысуымен баспасөз-конференциядан басталды. Тілшілердің сұрақтарына департамент директоры мендәрісші-тьюторлар жауап берді.
Баспасөз-конференция барысында білім мекемесіндегі Өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу, оқу процесіне уақтылы енгізуі, өскелең ұрпақтың тәрбиесіндегі адамгершілік-рухани дамудың рөлін арттыру қажеттілігі туралы мәселелер қарастырылды.
Мәдениет үйі фойесінде Қалалық ақпараттық-кітапханалық жүйесімен адамгершілік-рухани әдебиеттің көрмесі, сонымен қатар өзін-өзі танушылар педагогтарының оқу-әдістемелік материалдардардың тақырыптық көрмесі ұйымдастырылды. Фестивальді департамент директоры Н.Замолоцких ашты. Департамент атынан Көкшетау қаласы әкімі орынбасары А.Е. Мұсралімова, Көкшетау қаласының білім бөлімі бастығы Х.Х. Ғазизов, облыстық БАИ мен БҚҚД директоры Е.Т. Исимбаевқа, адамгершілік-рухани даму мәселесімен айналысатын тілшілерге алғыс хаттар мен құрметтеушіліктер табыс етілді. Сонымен қатар барлық сынақ аландарына балалар мен жастарға арналған «Балалықтың бал әні» атты өлеңдер жинағын жасаған композитор-аранжировщик Ерлан Ташевқа алғыс білдірілді. Балалар композитор Ерлан Ташевтың өлеңдері барлық іс-шараның соңына дейін жүріп тұрды.
Өзін-өзі тану сынақ аландарының басшылары мен «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша сынақ аландарының нәтижесі бойынша ең жақсы өзін-өзі танушылар грамота, дипломдар, айрықша белгілермен марапаталды.
Барлық қатысушылар үшін облыстық БАИ мен БҚҚД жанында осы күндер ішінде Өзін-өзі тану орталығының ашылу салтанаты болады.
Іс-шараға барлығы 350 педагогтар мен тәрбиешілер қатысты.


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті Алматы облысының «Өзін-өзі тану» пәні ұстаздарының «Мейірімділік бастауы» шығармашылық бірлестігінің 2010 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2010 жылдың 30 наурызында Ескелді ауданы, Қарабұлақ кентіндегі Н.Алдабергенов атындағы орта мектепте ауданның бастауыш сынып мұғалімдері мен мектеп психологтарын «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту ерекшеліктеріне бағдарлау мақсатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері, тәжірибесі және болашақта жүзеге асырылуы» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына 30 бастауыш сынып мұғалімі, 20 мектеп психологы, сонымен қатар облыстық білім басқармасы, БАҚ өкілдері қатысты қатысты. Семинар барысында қатысушыларға «Бөбек» ҰҒПББСО-да түсірілген «Уроки доброты» атты бейнефильмі көрсетіліп, «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың деңгейлері» тақырыбында мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал таратылды. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университетінің аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Асыл Жексембайқызы Құрақбаева және Талдықорған қаласының №14 орта мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Минуар Құсманқызы Баймолданова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мұғалімдер мен психологтарға арналған кіріспе сабақтар, шебер-класс және тренинг жұмыстарын жүргізді. Семинар соңында жиналған аудиториямен «Шаттық шеңбері» құрылып, қатысушылардың ой-пікірлері тыңдалды. Департамент директорының орынбасары С.Долаев іс-шараны қорытындылай келе, департамент тарапынан осындай іс-шаралар жиі өткізіліп тұратынын атап өтті.


«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.С.Елеушеваның облыстағы бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтарға арналған шығармашылық есебі туралы
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 30 наурызында Тараз қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының базасында «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімі Елеушева Гүлнар Садуақасқызының облыстағы бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтарға арналған шығармашылық есебі өткізілді.
№1 мектеп-гимназиясы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің эксперименталды алаңы ретінде 2002 жылдан қызмет етіп келеді. «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша аталған мектепте 7 педагог жұмыс істейді, соның бірі – Елеушева Гүлнар Садуақасқызы.
Семинар барысында өзін-өзі тану мұғалімінің тұсаукесер көрсетілімі болды, онда педагогтардың назарына өзін-өзі тану сабақтары, өмір сабақтары, тәжірибелік қызметті жүзеге асыруда балаларға көмектесетін табиғат сырларымен көмкерілген сабақтар ұсынылды.

Сонымен қатар семинар барысында «Жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру бойынша мұғалімнің ата-аналармен және оқушылармен жұмыс жүргізу жүйесі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Елеушева Гүлнар Садуақасқызы «Сүйіспеншілік елі» тақырыбында сабақ үлгісін көрсетіп, сабақ барысында балалар өздерінің махаббат, сүйіспеншілік туралы пікірлерін білдіріп, эссе жазды және сабақ соңында махаббат пен үміт кемесіне отырып, ертегі кейіпкерлерімен бірге саяхатқа аттанды. Атап өтетін жайт, мұнда оқушылар әр түрлі жастағы топтардан құралған болатын (2 және 5 сынып).
Шығармашылық есеп «Өзін-өзі тану елінде» сабағымен жалғасты. Бұл сабақта Г.С.Елеушева оқушылармен жүргізілетін жұмыстың тиімді түрлері мен әдістері туралы балалармен мысал келтіре отырып, тәжірибелік тұрғыда көрсетіп берді.
Бұл «Әуенді тап» ойыны, «Көмек қаласы», «Қуаныш мекені» секілді сахналау ойындары және өзге де мысалдар түрінде болды. Сонымен қатар «Достықты іздеу» сыныптан тыс іс-шарасынан көріністер, балалардың қайталанбас өнері көрініс тапқан «Менің әлемімнің бағы» атты балалар шығармашылығының көрмесі ұсынылды.
Семинар соңында Елеушева Гүлнар Садуақасқызы адамгершілік-рухани білім беру мен тәрбие ісіндегі еңбегі үшін Жамбы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің атынан құрмет грамотасымен марапатталды, сонымен бірге мектеп ұжымы мен ата-аналар тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.
Осындай мұғалімдердің оқушыларды жалпы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудегі шебер ұйымдастырушылығы әр баланы қайырымдылыққа, мейірімділікке, құндылықтарды сіңіре білуге, өзіндік игіліктерді игере білуге тәрбиелейді.


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Үйлестіруші кеңесінің кезекті отырысын өткізу туралы
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу қарсаңында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті үйлестіру жұмыстарын жалғастыруда.
2010 жылғы 26 наурызда Астана қаласының №61 орта мектебінде Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Е.Бермұхамедованың төрағалық етуімен Үйлестіруші кеңестің отырысы өтті. Үйлестіруші кеңестің жұмысында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің, ББЖ КБА ҚДИ-ның өкілдері және лекторлар-тьюторлар қатысты.
Күн тәртібінде педагог кадрлармен қамтамасыз ету, «Өзін-өзі тану» кабинеттерін дайындау, сонымен қатар, пәнді енгізу бойынша хабарлаумен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс жұмысында кадр дайындауға, көктемгі және жазғы кезеңдерде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша үздіксіз курстарды өткізудің қажеттілігіне баса назар аударылды.
2010 жылдан бастап білім беру процесіне «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жағдайында Астана қаласының Білім басқармасы әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.А. Жақыпова «Өзін-өзі тану» пәні бойынша курстардан өткен педагогтардың деректер банкін құру, сонымен қатар қаланың мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінің басшыларынан қажетті педагогтарды дайындауға байланысты сұранымдарды дайындауды ұсынды.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Е.С.Жиренбай қатысушыларды Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша 2010 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының орындалу барысымен таныстырды. Өз сөзінде «Өзін-өзі тану» оқу кабинеттері жөніндегі Ережеге сәйкес кабинеттерді дайындауға тоқталды.
Астана қаласының ББЖ КБА ҚДИ Білім мазмұны және оқыту әдістері кафедрасының аға оқытушысы А.Ж.Байботанова «Өзін-өзі тану» пәні педагогтарын дайындау жағдайы туралы, жоспар мен кестеге сәйкес білім беру мекемелерінде көшпелі курстарды өткізу жоспарланып отырғандығы туралы айтты.
Жұмыстың қорытындысы бойынша Үйлестіруші кеңестің қатысушыларымен «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу жөніндегі жүйелік жақындауға қажетті шешімдер қабылданды.


«Мейірімділік – жан жылуы» атты семинары туралы
2010 жылдың 19 наурызында Шымкент қаласы,  №73 бастауыш мектеп-балабақшасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша «Мейірімділік – жан жылуы» атты тақырыта  семинар өткізілді. Семинарға ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры және адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы, қалалық білім бөлімі маманы, барлық эксперименттік алаңшалардың басшылары мен «Өзін-өзі тану» пәнінің жауапты ұстаздары, облыстық білім жетілдіру институтының тәрбие кабинетінің мамандары және «Өзін-өзі тану» пәні жүргізілетін топтағы балалардың ата-аналары қатысты.
Семинар «Балалық шақ әлемі – мейірімді жүрек әлемі» атты қабырға газетінің көрмесімен басталды.  Одан соң осы балабақшадағы «Жұлдыз» ересектер тобында, ашық сабақ түрінде өтті. Сабақ барысында топтың тәрбиешісі О.Найзабек балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жақсы тілек айтқаннан кейін, «Мадақтау» ойынын өткізді. Е.Максенина жетекшілік еткен «Мейірім» мектепке даярлық тобында балаларға тәрбие туралы  «Қалтырауын мен шымшық» атты  мултьфильмі көрсетіліп, олар өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамай, осы көрген көріністен  ойларын  ашық түрде жеткізе білді. Сабақ кезінде балалармен сергектік жаттығуы жасалынды. Бұдан соң 4 «а» сыныбымен «Құдіретті жер - ана» сауат ашу пәнімен кіріктіріліп өтті. Сабақта терең ой, жақсы қарым-қатынас нәтижелері туралы ой өрбітті.
Психолог сабаққа қатысқан қонақтар арасында «Мейірімді бол әрқашан» тақырыбында тренинг-сабағын өткізді. Тренинг жұмысы музыкант – этнограф К.Қарабдаловтың сүйемелдеуімен «Ғажайып сезім әуендері» атты тәрбиеленушілердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.  Қатысушылар әрбір отбасы азаматтары өзінің істеген ісімен, өнегелі жүріс-тұрысымен жас жеткіншектерге тағлым алатындай өнеге көрсеткені жөн деген ойларын айтып, ең бастысы, мектеп-балабақшадағы балалардың танымдық қабілеттері бұрынғыдан да дамып, өмірді тану туралы өзіндік ой-пікірлерінің жетілу қарқынын ризашылықпен атап өтті.
Семинар жұмысының соңында  қатысушылардың атынан қаладағы Н.Королев атындағы №45 мектеп-гимназиясының психологы М.Тұрақұлова, З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп-лицейінің мұғалімі З.Төлешбаева сөз сөйлеп, осындай өзара пікір алмасуды, семинарлар мен ашық сабақтарды ұйымдастырып жүрген ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментіне және №73 бастауыш мектеп-балабақшасы ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.

 


«Өзін-өзі тану» пәнін енгізу» тақырыбында Тайынша ауданында білім мекемелерінің жетекшілерімен кездесуді өткізу туралы 
Ағымдағы жылдың 17 наурызында департамент мамандары Тайынша ауданында ата-аналар қоғамымен кездесу өткізді. Кездесуге білім мекемелерінің жетекшілері және 34 аудандық мектептің ата-аналар қоғамының өкілдері қатысты. Кездесуді ашқан Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департамент директоры В.В.Литвиненко, адамгершілік-рухани тәрбиесінің ерекшіліктеріне және «Өзін-өзі тану» бағдарламасының маңыздылығына тоқталды.
Білім мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудегі дайындық мәселелерін ұйымдастыру жөнінде департаменттің адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы түсіндірді.
Аудандық білім бөлімінің әдіскері және Миронов орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі өздерінің тәжірибелерімен бөлісті, олардың тәжірибесі қатысушыларды  қызықтырды.


Жүректердің үндестігі» өзінөзі танушылар клубының отырысы
А.ж. 17 наурызында «Арман» мектеп-бала-бақшаның өзінөзі танушылар сынақ аланында «Жүректердің үндестігі» өзінөзі танушылар клубының кезекті отырысы өтті. Іс-шараға Көкшетау қаласы «Өзін-өзі тану» сынақ аландары мұғалімдері мен әдіскерлері, басшылары қатысты.
Отырыс басталар алдында өзінөзі танушыларға релаксации, бассейн, қысқы бақша және т.б. кабинеттерінің көрсетілімімен бала-бақшаға серуендеу ұсынылды.

Отырысты клубтың төрайымы Л.М.Тузовской ашты, ол «Бөбек» ҰІжББСО дәрісші-тьюторларды дайындайтын аяқталу сессияға барған іссапары туралы айтты. Содан кейін «Өзін-өзі тану» фестиваліне дайындық бойынша ұйымдастырушы мәселелер бойынша талқылау болды. Адамды адамгершілік-өңегелік дамыту туралы әрекеттерді жүзеге асыру бойынша әңгіме болды. Барлығы бүгінгі күнде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы педагогикалық қоғамның ақпараттық және діңи аланына енетін жалпы іс деген ортақ шешімге келді. Сондықтан өзінөзі танушылар-педагогтарға осы пән басқа пәндер арасынан лайықты орын алатын «Өзін-өзі тану» курсын барлық білім деңгеіне жаппай енгізу бойынша мақсатты және терең жұмыстар жүргізу қажет.


«Өзін-өзі тану» арқылы отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі
2010 жылғы 17 наурызда БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» республикалық эксперимент шеңберінде ата-аналар қоғамының қатысуымен   Орал қаласы №7 жалпы орта білім беретін мектебінде  «Взаимодействие семьи и школы в духовно-нравственном развитии учащихся через предмет «Самопознание» тақырыбындағы облыстық «Жүректер үндестігі» атты педагогтар Клубының 2010ж.1-ші отырысы өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты:
- «Мен» дегеннің әлем бөлшегі екендігін  қалыптастыру;
- «Отбасы және мектеп» арасы тығыз ынтымақтастығын дамыту;
- оқушылар  бойына ілтипат,  мейірімділік тәрбиелеу,  жанұя мүшелерімен  жақсы қарым-қатынаста болу және өзара көмек көрсету.
Аталған шара жұмысына тәжірибелік алаңдар: Орал қаласы №21 «Росинка» Мдұ-ң, № 7 ЖОББМ-ң,  Ақсай қаласы №3 «Гүлдер» МдҰ-ң, №3 ЖОББМ-ң  педагогтары және №7 мектептің ата-аналар комитетінің, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім беру бөлімінің, облыстық педагогикалық  кадрларының біліктілігін арттыру институтының, облыстық Х.Есенжанов атындағы балалалар және жасөспірімдер кітапханасының, облыстық сауықтыру мектеп-интернатының, облыстық отбасы үлгісіндігі балалар ауылының өкілдері қатысты.
Педагогтар Клубының отырысына қатысушылардың назарына ата-аналар мен жұмыстану туралы әдістемелік оқу-әдебиеттер, оқушылардың қолданбалы өнері,  бейнелеу қызметінің көрмелері ұсынылды.
Шара жұмысы барысында әдістемелік коллаж түрінде ата-ана мен жұмыстану бойынша сұрақтар талқыланып, пікір алмасылды. 
№7 ЖОББМ-ң мұғалімдері Н.Браславцева, В.Аксюта және  Ақсай қаласының №3 ЖОББМ-ң К.Нуғманованың  баяндамалары оқылды.
4-ші сынып мұғалімі В.Немич «Девочки и мальчики» тақырыбындағы ашық сабағында оқушылар әлемнің тұтастығын ұғынып, сан қырлы өмірдегі өзінің қайталанбайтын, өзгеше болмысқа ие екендігін сезінді.
Шараның аяқталу барысында мектеп директоры Б.Чебаков оқушылардың адамгершілік-рухани құндылықтар тәрбиесінде отбасымен тығыз келісіммен ынтымақтастық қажет екендігін айтып өтті.


Шарбақты ауданың жалпы білім беру мектептері үшін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани дамыту бағдарламасын ақпараттық жариялау бойынша семинар-тренинг туралы
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық жариялау бойынша консультациялық жұмылдыру тобының Жұмыс жоспарына сәйкес ү.ж. 10 наурызда Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен бірлесіп жалпы білім беру мектептерінің 32 директорлары және Шарбақты ауданының 21 мектеп омбудсмандары үшін Шарбақты ауданының № 2 ЖОМ негізінде көшпелі семинар-тренинг өткізілді.
Семинар бағдарламасы екі секцияның жұмысын біріктірді:
- жалпы білім беру мектептерінің директорлары үшін «Шарбақты ауданының білім беру ұйымдарына «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу туралы»;
- 8-10 сынып оқушылары мен тәрбие жұмысы бойынша директор орынбасарлары үшін «Мектеп омбудсманы: құқықтары, міндеттері және жауапкершілігі».
Семинарды Шарбақты ауданы білім беру бөлімінің бастығы В.Н. Глазинский және  балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы – Н.В. Нефедова ашты.  
Семинар-тренингте «Өзін-өзі тану» бағдарламасын түсіндіру бойынша 1-ші секцияның жұмысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу барысы; білім беру ұйымдарының балаларымен жұмыс жасауда өзін-өзі тану идеясын психологиялық сүйемелдеу және  интеграциялау жөнінде мәселелер сөз болды.
2-ші секцияның жұмысы мектеп омбудсманының іс-әрекеті туралы оқушыларға түсіндіруге бағытталды, «Бала құқығы – адам құқығы» бейнеролик көрсетілді, балалардың құқықтары мен міндеттеріне байланысты жағдаятты ойындар жүргізілді. Балалар іс-шараға бар ынталарымен қатысты, өз жұмыстары туралы айтты, мәселелерімен бөлісті.
Семинардың қорытындысы бойынша, семинарға қатысушылар осындай іс-шаралардың пайдалылығы жөнінде өз пікірлерін айтты, семинарды ұйымдастырушыларға әдістемелік құралдар, брошюралар, семинарда қозғалған барлық мәселелер жөнінде ақпарат жазылған дисктер, яғни ұсынылған материалдар үшін алғыстарын білдірді.

 


«Өзін-өзі тану» курсының инновациялық көзқарасы мен психологиялық қолдауы» атты қалалық семинарды өткізу туралы
Астана қаласында «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу шеңберінде іс-шараларды ұйымдастырып, өткізу  жалғасуда.
2010 жылғы 5 наурызы күні №22 мектеп-гимназиясында орыс тілінде білім беретін мектептердің  бастауыш сынып мұғалімдері мен психологтарына арналған «Өзін-өзі тану» курсының инновациялық көзқарасы мен психологиялық қолдауы» атты қалалық семинар өтті. Іс-шараны Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Астана қаласының Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Семинардың мақсаты: «Өзін-өзі тану» пәні және оның ерекшеліктері, осы курсты оқытуда инновациялық көзқарастың қажеттілігі туралы мағлұмат беру. Семинарға қаланың барлық мектептерінің өкілдері қатысты.
Семинардың мазмұны теориялық және практикалық болып екі блокқа бөлінді. Теориялық бөлім «Өзін-өзі тану» білім беру  бағдарламасының мақсаттарымен және міндеттерімен, осы курста пайдаланылған инновациялық технологиялармен танысуға мүмкіндік беретін сұрақтармен қамтылды.
Астана қаласының Білім басқармасының әдіскері В.П. Шаталова өз сөзінде балаларды, жас жеткіншектерді және жастарды оқыту мен тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің құндылығын, пәнді жаппай енгізу барысындағы осы семинардың маңыздылығын атап көрсетті. №22 мектеп-гимназиясының директоры Р.Т.Сейтмұхаметова өз сөзінде «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту арқылы тәрбиешілер мен  мұғалімдердің өзара қарым-қатынасындағы оң өзгерістерге тоқталып өтті. Сонымен қатар қатысушыларды №22 мектеп-гимназиясындағы эксперименттік алаңының жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстырды.
Семинардың теориялық бөлімі тыңдаушыларды аталған білім беру бағдарламасының басқа да білім беру және тәрбиелеу бағдарламаларынан ерекше айырмашылықтарымен таныстырды.
№22 мектеп-гимназиясының психологы А.К.Қасенова «Джунглядағы жаңбыр» психологиялық жаттығу жүргізді. Жаттығу іс-әрекеттің ауысуы арқылы шаршауды басуға көмектесті. Бастауыш сынып және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Ш.М.Раш өз сөзінде «Өзін-өзі тану» пәні аясында жеке-бағытталған оқытудың технологиялық ерекшеліктерін ашып айтты.
Семинардың практикалық бөлімі «Өзін-өзі тану» сабақтары мен мастер-класстан құрылды.
«Өзін-өзі тану» бойынша ашық сабақтарды Ж.П.Чалко (1 «Б» сынып), Т.К.Шарипова (1 «Д» сынып)  және Ж.С.Мұсабекова (2 «Г» сынып) сынды мұғалімдер жүргізді.
«Барлығы махабаттан басталады» атты мастер-классты «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.С.Логунова мен психолог А.К.Қасенова дайындап, өткізді. Мастер-класстың мақсаты: «Өзін-өзі тану» сабақтарының құрылымы мен мазмұнының ерекшеліктерін ашу. Семинар қатысушылардың  «Мен өзімді өте жақсы көремін...» әнін орындау арқылы «Жүректен-жүрекке» атты шеңберін құрумен аяқталды.


Павлодар облысы «Радуга» өзін-өзі танушы-педагогтар клубының отырысын өткізу туралы
Ағымдағы жылғы 4 наурызда Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау депаратментінде «Радуга» өзін-өзі танушы-педагогтар клубының отырысы өтті.
Клубтың отырысына балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының мамандары, эксперименттік алаңдардың басшылары, әдіскерлер, мұғалімдер, мектепке дейінгі оқыту мекемелерінің тәрбиешілері қатысты.
Клубтың отырысын балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры – Г.А. Наурызбаева ашты, алдағы көктем мерекесімен құттықтап, әр эксперименттік алаңға «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» өзін-өзі танушы балаларға арналған 1-ші форум-фестивальнің бейнефильмі мен суреттері бар дискілер сыйлады, барлығына сәттілік пен шаттық тіледі.
Эксперименттік алаңдардың басшылары «Өзін-өзі тану» пәнін облыс білім беру мекемелеріне енгізудің алдағы алгоритмін, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық жариялау бойынша облыстық жұмылдыру консультациялық тобының аралау кестесін талқылады. Отырыстың қатысушылары бірлескен іс-шараларын а.ж. сәуір-мамырға белгіледі.
А.ж. сәуірде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты базасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік бағдарлар» облыстық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 


«Өзін-өзі тану курсын оқытуда балаларды, жасөспірімдерді және жастарды рухани-адамгершілік негізінде тәрбиелеу» облыстық теориялық – практикалық семинарға қатысу туралы
Департамент қызметкерлері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өткізген, «Өзін-өзі тану курсын оқытуда балаларды, жасөспірімдерді және жастарды рухани-адамгершілік негізінде тәрбиелеу» облыстық теориялық – практикалық семинарына қатысты.
Семинарға университет мұғалімдері, БЖИ және ПКҚД мұғалімдері, экспериментті алаңдарының мұғалімдері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, студенттер қатысты.
Семинар жұмысы барысында адамгершілік-рухани тәрбиелеудің теориялық және басқармалық аспектілері және білім беру барлық деңгейлерінде «Өзін-өзі тану» курсын енгізу ерекшеліктері қарастырылды.
Семинар жұмысының қорытындылары бойынша қатысушылардың құрамын есептеуімен ұсыныстар шығарылды.


«Өзін-өзі тану» жолында»
«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу шеңберінде  «Экос» № 13 ОМ Көкшетау қаласында білім мекемесі директорлары үшін «Тұлға-бағыттаушы білімге өту жағдайындағы өзін-өзі тану потенциалы» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына балалардың құқықтарын қорғау департаментің директоры Н.Замолоцких, білім бөлімі бастығының орынбасары Е.П. Бузина қатысты.
Семинар «Махаббат сабағы» филмін көрсетумен басталды. Алғашқы сөзді мектеп директоры  Р.Р. Луговая бастады. Ол 2003 жылдан басталған «Өзін-өзі тану» сынақ аланы жұмысы туралы айтып өтті. «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақты өткізу нысандары мен әдістеріне толығымен тоқтатады. Мектеп фойесінде директорлар назарына «Жақсылық жолымен жүреміз» өзін-өзі танушылар-оқушылардың шығармашылық жұмыстары көрмесі көрсетілді (суреттер, жасанды көшірме, плакаттар).
Семинарға қатысушылар үшін өзін-өзі танушылар мұғалімдері ашық сабақтар өткізді: 1 сынып «Жақсылық істеуге үйренеміз» (Яворская И.В.), 4 сынып «Жора-жолдастар мен құрбылар» (Абдосова К.М.), 6 сынып «Өмірде бейбітшілікпен тұру»(Таласпаева Г.М.).
Сонымен қатар бірлесу сабақтары өткізілді:
Орыс тілі және өзін-өзі тану «Тіршілік аты туралы білімді қорытындылау. Білім аралына серуен»;
валеология және өзін-өзі тану   «Менің көңіл-күйім»;
математика және өзін-өзі тану  «Кестелік бөлу мен көбейтуді қорытындылау. Табиғатпен үйлесім. Таза су»;
география  және өзін-өзі тану «Атмосфералық қысым. Табиғат – баға жетпес сый»;
сыныптан тыс оқу мен өзін-өзі тану «Жан дүниесі»;
математика және өзін-өзі тану «Тізу теңдік пен бір ауыспалысы бар теңсіздікті шешу. Денісау болу өнері»;
әдебиет және өзін-өзі тану «Әсемдік құнды болу» Тургенев И.С. «Бежин луг» әнгімесі бойынша.
Семинар нәтижелі, мектеп директорлары үшін өте игілікті өтті.  Семинар қатысушылары үшін орсана зор практикалық, оқу-әдістемелік материалдар, сабақты жасау, видео материалдар, өзін-өзі тану кабинеті ережесі және т.б. көрсетілді.

Аяқталу нысаны семинарға қатысушылар өзінөзі тану пәніне  алғыс және тандану сөздерін білдіріп, өзектілік ой туралы, өзін-өзі тану адамгершілік-рухани білімді уақтылы енгізу қажеттілігі туралы көңіл-күй көтеретін шеңбермен аяқталды.


«Баланың оқуына, тәрбиесіне және дамуына қолайлы жағдай туғызу» балаға мейірбан мектептің басты шарты
Теміртау қаласының Т.Әубәкіров атындағы жеке меншік гимназия «Балаға мейірбан мектеп» жобасын 2008 жылдан бері жүзеге асыруда. Гимназияда балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалып жатқандығын атап өткен дұрыс. Бұл жерден оқушылар мен мұғалімдердің жылы қарым-қатынасына негізделген шығармашылықтың ерекше атмосферасы сезіледі.
Мектеп ғылым саласынан үлкен жетістіктерге жетуде. «Әубәкіров мектебінің оқушылары» неше жыл қатарынан Мәскеу қаласындағы халықаралық оқуды дамыту мектебі олимпиадасының, Президенттік мектеп олимпиадасының, әр түрлі конкурстардың және ғылыми-тәжірибелік конференциялардың жүлдегері болып табылады.  Гимназия базасында бірінші сынып оқушыларына арналған «Өркен» қалалық интеллектуалды-шығармашылық ойын өткізіледі.
Әр гимназист оқудан бос уақытында көңілі қалаған іспен айналыса алады.   Өйткені гимназияда әр түрлі шығармашылық бірлестіктер жұмыс істейді: «Глобус» театр студиясы, «Коллаж» студиясы, «Наргиз» хореографиялық үйірме, «Весенняя капель» және «Сюрприз» вокалды үйірмелер, «Юный журналист» үйірмесі,  авиа-ракето-моделді үйірме, айкидо, таэквондо, спорт ойындары бойынша секция.  Ай сайын «Nomina» газеті жарық көреді.
2010 жылдың 26 ақпанында гимназия базасында «Баланың оқуына, тәрбиесіне және дамуына қолайлы жағдай туғызу» тақырыбында семинар өтті.
Семинардың мақсаты - әр оқушының мүмкіншілігін анықтап және дамытуды қамтамасыз ететін, білім беру ортасын құру бойынша педагогикалық ұжымның жұмыс жүйесін көрсету, дені сау, рухани бай және өнерлі тұлғаны қалыптастыру.
Семинар жұмысына Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, МББҚБА және ҚДИ, Теміртау қаласының білім бөлімі, Теміртау қаласындағы мектептердің директорлары, Қарағанды, Саран қалаларындағы «Балаға мейірбан мектеп» жобасына қатысушы мектеп директорларының орынбасарлары.
Семинарда мектеп басшылары гимназияның бірыңғай білім беру ортасының құрылымы туралы, гимназияда сабақ және сабақтан тыс қызметте балалар мен ересектердің қарым-қатынасы формасы мен мазмұны, ортасын дамытатын мектепке дейінгі және бастауыш білімді ұйымдастыру.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларға қатысты: шағын орталықтардағы «Путешествие на лесную поляну» сөйлеуді дамыту бойынша интеграцияланған сабақ, 3 сыныпта «Мир глазами собаки» жобалық тапсырмаларды орындау, 8 сыныпта «Притчи как жанр литературного творчества» ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланумен әдебиет сабағы, 9 сыныпта «Нетрадиционные религиозные культы в Казахстане» дінтану сабағы, 11 сыныпта «Эффективное поведение в конфликтологии» конфликтология бойынша элективті курс, оқушының ғылыми қоғамдағы қазақ тілі секциясының сабағы, «Влияние СМИ на духовный мир и здоровье детей» тақырыбы бойынша интеллектуалды клубтың отырысы, «Юный журналист» клубының «Журналист - профессия универсальная» тақырыбындағы отырысқа, «Межнациональные браки - это хорошо» дебаты, «Исследование звездного неба» астрономиялық практикум.

Семинар қатысушылары тұлғаны дамытуға бағытталған білім беру ортасын құру бойынша гимназияның жұмыс жүйесінің нәтижелілігін атап өтті.


«Аймақтық ерекшеліктерді қолдану арқылы қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру» облыстық семинар-практикумі
«Адамға жүрексіз өмір сүру секілді, Отансыз да өмір сүру мүмкін емес»
К. Паустовский

Біздің мемлекетіміздің болашағы көбіне қоғамның өскелең  ұрпақты тәрбиелеуінен, балалар, жасөспірімдер және жастардың азаматтық көзқарастарына, адамгершілік-рухани жетілуінің қажеттілігіне, өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуіне байланысты.
Қазіргі уақытта республикамызда шығармашылық типті ойлауы бар, дүниетаным мәдениеті дамыған көп мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеудің тұтас жүйесі қалыптасуда. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізінде адамгершілік-рухани және отансүйгіштік тәрбие жатыр.
Осыған байланысты Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Алтын бесік» балалардың даму орталығы базасында «Аймақтық ерекшеліктерді қолдану арқылы қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың өткізілу мақсаты - жалпы адамзат құндылықтарының негізі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, оқу барысында өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу дайындығына, балалардың отансүйгіштік сезімінің дамуына ықпал ететін білім беретін ақпараттық кеңістік құру, эксперименталды алаңның тәжірибесімен танысу және жеке тұлғаның адамгершілік-рухани даму сұрақтарын ақпараттау.
Семинарға Қостанай ауданының мектепке дейінгі мекемелерінің жетекшілері, шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.
Семинарда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта дамыту жолы» тақырыбында Сәрсенова Р.С., Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, «МББМ-нің әлеуметтік серіктестіктермен қарым-қатынасының тиімділігі» тақырыбында «Алтын бесік» БДО директоры Иманбекова Ж.Р. сөз сөйледі. Баяндамада  адамгершілік-рухани тәрбиені өмірдің алғашқы сатысынан бастау керек екендігі, мектепке дейінгі балалық шақ адамның жеке тұлғалық қалыптасуының негізгі кезеңі екендігі туралы терең ойлар айтылды.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Табиғат – біздің үйіміз», «Біздің бабаларымыздың дәстүрлері», «Сүйем сені, менің туған өлкем!» сабақтарын тамашалады, онда олар балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, Қазақстанның интеллектуалды және өз отанын әлемдік аренада бәсекелікке қабілетті мемлекет ретінде көрсете білетін азаматы болуға бағытталған «Алтын бесік» балалар бақшасы ұжымының барлық жұмыстарын көрді.
Сонымен қатар қонақтарға арналған «Орта балалардың адамгершілік-рухани құндылықтарын дамыту факторлары ретінде» балалардың білім беру мекемесі бойынша экскурсия өткізілді.
Семинар-практикумнің қатысушыларына көмек үшін адамгершілік-рухани білім беру сұрақтары бойынша үлестірмелік материалдар ұсынылды.
Семинардың соңында қатысушылармен рефлексия өткізілді.


«Адамгершілік-рухани білім беру оқу-тәрбие үрдісінің негізі ретінде . «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» облыстық аймақтық семинары
«Барлық адамзат үшін ең маңыздысы - өзімізді-өзіміз сүйе білу, өз-өзіңді құрметтеу, сыйлау. Тек қана өзін өзі сыйлай білген адам ғана шынайы, нағыз махаббатты таратушы және нысанасы болмақ»
С.А.Назарбаева
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 орта мектебі базасында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесіп «Адамгершілік-рухани білім беру оқу-тәрбие үрдісінің негізі ретінде. «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» тақырыбында облыстық аймақтық семинар-континиум өткізді.
Семинардың өткізілу мақсаты – адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға ықпал ететін ақпараттық-білім беру кеңістігін құру, тәрбие-білім беру үрдісіне «Өзін-өзі танудың» негізгі бағыттарын кіріктіру, облыстың білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге облыс мұғалімдерін дайындау және жергілікті жерлерде семинар өткізу.
Семинарға Меңдіқара, Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл аудандарының экспериментке қатыспайтын пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, балалар бақшасының әдіскерлері, әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім бөлімдерінің мамандары қатысты. 
№ 3 мектептің директоры С.С. Шәріпова «Эксперимент тәртібіндегі жұмыс: бағыттары, табысы, нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.
Өзінің сөзінде мектеп директоры мектептің барлық оқу-тәрбие жұмысы білім беру мекемелерінің ұжымы ата-аналармен тығыз ынтымақтастыққа, өскелең ұрпақты өзара құрмет және мәдениетті мінез-құлыққа тәрбиелеуге, балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға бейімдеуге ықпал ететін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде құрылғаны туралы атап өтті.
БҚБА және ҚДИ кабинет меңгерушісі Мирошникова Л.И. «Облыстың білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Табиғат - өмір бастауы», «Қайырымдылық және ықыластылық», «Табиғат – қымбат тарту» сабақтарын тамашалады.
Сонымен қатар, мәжіліс залында семинардың қатысушыларына мектептің шығармашыл ұжымы төменгі буын оқушыларын сүйіспеншілік және жақсылық сезімге тәрбиелеуге ықпал ететін «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбындағы жұмыстарын алға тартты.
Семинар-практикум қатысушыларына көмек ретінде адамгершілік-рухани білім беру сұрақтары бойынша әдістемелік материалдар үлестірілді. 
Семинардың соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар бір-бірімен «Өзін-өзі тану» курсының балаларды тәрбиелеу мен оқытуда үлкен маңызы бар екендігі және жағымды әсер ететіндігі туралы өз ойларымен бөлісті.


Ақмола облысындағы «Өзін-өзі тану» онкүндігі

Департамент 2010 жылға арналған адамды адамгершілік-рухани дамытудың ақпараттық жария ету бойынша  облыстық жоспарды орындау мақсатында  Ақмола облысында «Өзін-өзі тану» онкүндігін ақпанның 12-22 не дейін өткізді.

Онкүндік «Өзін-өзі тану» бағдарламаның авторы болып келетін елдің ең бірінші ханшайымы С.А. Назарбаеваның туған күні – 12 ақпаннан басталды.  «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі идеясы оқу мен тәрбие процесіндегі балалар, жасөспірімдерді адамгершілік-рухани құндылықтарға қатыстыру болып келеді.

Онкүндікті өткізудің негізгі мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін барлық білім деңгей оқу процесіне енгізу, мектеп пен отбасының  әлеуметтік серіктестігін нығайту, өзін-өзі белгілеуге жәрдемдесу, тұлғаның ішкі потенциалын көрсету және өзін-өзі дамыту.

Онкүндік кезенінде 7 қалалақы семинарлар өткізілді.

Балалар мектепке дейіңгі мекемелердің басшылары мен тәрбиешілері үшін   «ДДУ-да Өзін-өзі тану» курсын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру» және  «Оқуды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру»  тақырыптарына араналған семинарлар өткізілді.
№ 13  ОМ –де Көкшетау қаласының мектептерінің директорлары үшін «Тұлға-бағыттаушылыққа көшу жағдайында өзін-өзі тану потенциалы» тақырыбында семинар өтті және № 13  ОМ «Махаббат менің жүрегімде» тақырыбында қаланың оқу және тәрбие жұмысы бойынша 66 директорлар орынбасарлары үшін арнап өткізілді.
Пән мұғалімдері үшін №3 және №13 «Экос» ОМ қазақша және орыс тілінде «Жылы жүрек-жақсы тілек» және «Интеграция қоршаған ортаға толық көзқарас сияқты» тақырыбында 2 семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – өзін-өзі танушылар педагогтары өзін-өзі тану пәні бойынша өмірлік дағдыларды үйрену үшін сабақты оқыту нысандары мен әдістерін көрсету, әдістемелік және дидактикалық материалдар, әдебиеттер, осы пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер көрмесі, түрлі дидактикалық әдістерді көрсету. «Өзін-өзі тану» бойынша интегралды сабақтарға аса көңіл бөлінді. 
Сонымен қатар түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, шығармашылық жұмыстар көрмесі, қызықты тұлғалармен кездесулер, «Өзін-өзі тану» әлемінде» ашық есіктер күні т.б.  өткізілді.  

Онкүндікті өткізу бойынша барлығы  1482 балалар мен 320 ата-аналар, 650 педагог-тәрбиешілер  қатысты.  Өткізілген іс-шаралар саны – 75.


«Шығармашылық әлемінде» отбасы мен мектеп қарым-қатынасы
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамгершілік-рухани білім Бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс процесінде тәрбиелеу кезінде ата-аналар мен тәрбиешілердің қарым-қатынасына ерекеш көңіл бөлуде.
«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу  шеңберінде «Арман» бала-бақшасында «Шығармашылық әлемінде» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның өзгешілігі балалардың ата-аналары қатысты. Онкүндік қарсанында «Ғажайып доп» конкурсы өткізілді. Балалар өздерінің ата-аналарымен қолғанатты материалдан түрлі доптар жасайды. Көрме қызықты және ерекше өтті.
Бұл  күні  ата-аналармен спорттық іс-шаралар өткізілді.
Ата-аналар спорттық конкурстарға, доппен ойнауға қатысты.  Іс-шара ерекше нысанда өтіп, қуанышқа бөленді. Жүргізуші шардың ішіндегі ата-аналарға арналған тілектері бар шарды үрледі. Шар жарылғанда «тілектерді» балалар жинап, ата-аналарына сыйлады. Оларды оқып, түрлі шарларға жапсырды.
Спорттық іс-шарадан кейін «Махаббат сабағы» фильмді көрсетумен ата-аналар қоғамымен кездесу өтті. Фильмнен кейін балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Н.Замолоцких «Өзін-өзі тану» пәнін барлық білім мекемелерінде 2010 оқу жылында ендіру туралы, ата-аналардың бала тұлғасын қалыптастырудағы  ролі, қоршаған ортаға дұрыс қарым-қатынасты, белгілі адамгершілік қалыпты қалыптастыру туралы айтып өтті.


2010 жылғы 19 ақпанда Алматы облысындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігі аясында Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп–гимназиясының эксперименттік алаңында «Бөбек» - ғажайып әлемі» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның кітапханасында жинақталған кітаптарға библиографиялық шолу өткізілді.
Кітапхананың оқу залына жиналған оқушыларға ең алдымен «Бөбек» қоры туралы толық мәлімет беріліп, Сара Алпысқызының кітапханасыда жинақталған түрлі кітаптарға кітапханашы Қ.Алтынбекова библиографиялық шолу жүргізді. Бұл жерде көркем әдеби, танымдық кітаптармен қатар С.А.Назарбаеваның өз еңбектері де жинақталған.
Шара барысында балаларға С.Назарбаеваның «Өмір әдебі» кітабынан үзінділер оқылып, адам бойындағы құнды қасиеттерді насихаттайтын дәйек сөздерге анықтамалар берілді. Оқушылар қысқаша сахналық қойылымдар көрсетіп, кітаптағы мәтіндердің үзінділерін жатқа айтты.
Сонымен қатар балалар қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының, адамгершілік тақырыбындағы балалар шығармаларының кіші-гірім көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында балалар мен ұстаздар шаттық шеңберін құрып, «Ақ мамам» әнін орындады.


Алматы облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі 2010 жылға арналған Алматы облысы бойынша адамның адамгершілік-рухани дамуының ақпараттық ағарту ісі жөніндегі жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылғы 17-26 ақпан аралығында «Өзіңді тани алсаң, әлемді де тани аласың» атты тақырыпта «Өзін-өзі тану» пәні онкүндігін өткізуде.  
Онкүндікті өткізудегі басты мақсат «Өзін-өзі тану» пәнін жалпы білім беретін пәндерде кіріктіре отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға мүмкіндік туғызу және мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін күшейту; жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауға, ішкі әлеуетін ашуға жәрдемдесу.
Онкүндік аясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша және кіріктірілген ашық сабақтар, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу,  тәрбие сағаттары, «Өзін-өзі тану» сурет галереясы, пікір-алмасу, тәжірибе алмасу, ата-аналардың мектеп психологімен кездесуілері өткізіліп, «Өзін-өзі тану» сабақтары шеруіне ұласады. «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері бойынша мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарына арналған арнайы тәжірибе алмасу сабақтары өткізіледі.  
26 апқан күні Талдықорған қаласындағы №14 ортамектеп-гимназиясының мәжіліс залында онкүндік аясындағы сабақтастық фестивалі өткізіледі. Фестивальға Талдықорған қаласындағы №42 балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары және І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттері, ата-аналар ұжымы, БАҚ өкілдері қатысады.


Барлық балаларға арналған «Мейірімді жүрек»
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменттің бастамасымен облыстың білім беру ұйымдарында («Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу және қолдану эксперименттік алаңдарында, балалар үйі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған мектеп интернаттарында) «Алтын жүрек» атты шара өткізілді.
Облыстағы білім беру мекемелерінде ең жақсы тілектер жазылған құттықтау қағаздары және мерекелік гала концерттер, «Мейрімді жүрек» акциясы өтті. Акция аясында суреттер байқауының қорытындысы бойынша көрмелер ұйымдастырылды, әдеби жұмыстар (шығармалар, әңгімелер, өлеңдер, эссе), фотожұмыстар, компьютерлік графикалар дайындау жарысы болды.
Облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Достық - ұлы сөз», «Мейірімділікке жол», «Мейрімділік», «СӨС», және рухани-адамгершілік «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар әр түрлі нысанда, мазмұнда, тақырыптық сабақтар, сынып сағаттары, ертеңгіліктер, спорттық шаралар өтіп, «Сара Алпысқызы – Казақстан анасы» атты слайдтық фильм көрсетілді.
С.А. Назарбаеваның «Өзіңе жол» кітабын талқылауға арналған әңгіме, оқу конференциясы өткізілді. Осы кітапқа байланысты Риддер қаласының оқу тәрбие кешен-лицейінде «Алтын жүрек» атты фильм түсіріліп, балалар оны көріп талқылады.
Үржар ауданы «Науалы балалар үйінің» 7 және 9 сынып оқушылары Ақерке Қасенова, Вероника Рыльская, Мөлдір Төлеубекова, Лариса Никулина, Ксения Бердюгина  дайындаған  ең үздік жұмыстары Сара Алпысқызы Назарбаеваға сыйлық ретінде жіберілді.

 


«Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!»
2010 жылғы 12 ақпанда облыстық орталықтың Достық үйінде «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» қорытынды форум-фестиваль  өтті. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттік алаңдардың балалары, ата-аналары, педагогтары, тәрбиешілері қатысты. Әр алаң өзінің жеке-дара презентациясын дайындады, ол эксперименттің нәтижелерін, балалардың шығармашылық әлеуетін, 8 жылдың ішінде осы бірегей «Өзін-өзі тану» пәнін оқу бырысында балалардың өздері, ата-аналар мен мұғалімдер нені үйренгендерін көрсетті.
Қарап, қуануға себеп көп болды: фестивальдың бағдарламасы 3 блоктан тұрды: бірінші блок, еліміздің Бірінші Ханымы, барлық қазақстандық балалардың Анасы – Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналды, ол Қазақстандағы барлық балалар үшін ең жақын адамның бірі. Сара Алпысқызының арқасында жүздеген қазақстандық балалар отбасыларын тауып, қолдауға ие болды. Оның қолдауымен біздің облыста отбасылық үлгідегі 9 балалар үйлері қызмет етеді, онда 200-ден аса балалар өмір сүреді. 2001 жылдан бастап Бірінші Ханымның бастамасымен  республикада, оның ішінде Павлодар облысында адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша «Өзін-өзі тану» жаңа жоба іске кірісті.  4000-нан астам павлодарлық балалар осы пәнді оқиды. Облыстың білім беру жүйесі барлық білім беру ұйымдарына: балабақшаларға, колледждерге, лицейлерге, жоғары оқу орындарына жаппай енгізуге дайындалуда.
Залға кіре берісте балалардың құқықтарын қорғау департаментінің белсенділері қонақтарға мерекелік жалаулар мен мақпал жүректер силады. Достық үйінің фойесінде шығармашылық және техникалық мектептердің балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын Павлодар облысы әкімінің орынбасары – Р.М. Жұмабекова жылы қарсы алды, бүгінгі қазіргі заманда балалар – XXI ғасырдың капиталы деп атап өтті. Ақылды, білімді және қорғалған балалар – бұл мемлекет пен үлкендердің міндеті.
Бірінші блокта балалар қазақстандың аналарына арнаған өлеңдерін айтып, тақпақтарын оқыды, оның сүйетін әндеріне би биледі.
Екінші блокта 9 эксперименттік алаң «БІЗ АНАМ ЕКЕУІМІЗ БІЛІМ ЖОЛЫМЕН ӨЗ ӨЗІМІЗГЕ - ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУҒА ЖҮРДІК» өздерінің жеке-дара бағдарламаларын көрсетті. Оқушылар мен мұғалімдер өз тәжірибелерін көрсетуге креативті келді және өздерінің өзін-өзі тану сапаларын көрсетуге тырысты.
Үшінші блокта эксперименттік алаңдарды марапаттау және «Менің жарқын жолым» - «ЖҮРЕГІМДІ МАХАББАТ ҮШІН АШАМЫН» шығармалар конкурсының нәтижесі шығарылды. Форум-фестивальдің ұйымдастырушылары әр алаңның еңбегін тек дипломдармен ғана емес, сондай-ақ «шаруашылықта» қажет құнды заттармен атап өтуге тырысты, бірінші басшылар - кәсіпкерлік және өнеркәсіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, спорт және дене тәрбиесі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, білім беру басқармаларының бастықтары, балалардың құқықтарын қорғау департаменті компьютерлерді, мызукалық орталықтарды, DVD-плеерлерді  сыйға тартты.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. Наурызбаева «Бөбек» Қорының қайырымдылық көмегін алушы оқушылар мен студенттерге сертификаттарын табыстады, оқуларына сәттілік пен жақсы өмір жолын тіледі. Бүкіл бағдарлама слайдтық бағдарламалармен және бейнефильмдермен ілесті.
Форум-фестивальға ең жақсы балалар шығармашылық ұжымдар қатысты, олар өздерінің музыкалық сыйлықтарымен мерекелік кешті аяқтады.


2010 жылғы 11 ақпанда Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық нашар еститін және саңырау балаларға арналған аранаулы мектеп-интернаттық мәжіліс залында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті нығайтудың жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырыс өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына І.Жансүгіров атындағы ЖМУ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Мейірімділік бастауы» шығармашылық бірлестігінің төрайымы Асыл Жексембайқызы Құрақбаева, «Алматы облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәния Сәлімбайқызы Қыдырбаева, «Дос» жастар орталығының психологі, педагогика ғылымдарының кандидаты Марианна Амангелдіқызы Сыдықбекова, аталмыш орталықтың менеджері Гүлмира Офабекқызы Кенжекова шақырылып, Талдықорған қаласында орналасқан 25 мектептің психологтары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында А.Құрақбаева жиналған психолтар және ата-аналармен «Өзін-өзі тану» бағытында тренинг жүргізіді, Д.Сәлімбаева мен М.Сыдықбекова баяндамалары тыңдалды. Іс-шара барысында «Еркін микрофон» арқылы ата-аналар өз пікірлерін айтып қана қоймай, алаңдатып жүрген сұрақтарына жауап ала алды.
Дөңгелек үстел аяғында адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы А.Үшкемпірова Талдықорған қаласының мектептерінде эксперименттік түрде «Ата-аналар мектебін» құруды ұсынып, жиналғандарға әдістемелік құралдар таратты. Бұл жобаны алғашқы болып Талдықорған қаласының №4 орта мектебінде  жүзеге асыруды ұсынды.

 


Рудный қаласы әкімдігінің № 8 балалар бақшасының эксперименталды алаң базасында балалар бақшасы мен № 9 мектепті сабақтастыру шеңберінде бірлескен Махаббат күніне арналған «Ертегі әлемінде қонақта» іс-шара өткізілді.
«Мұрагер» балалардың оқу-тәрбие орталығының тәрбиленушілері бұл күні өздерінің ата-аналарын өнерлі концерттік нөмірлерімен қуантты. Балалар әдейі осы мерекеге арнап тігілген әсем, сәнді киімдермен шықты.
Іс-шараның мақсаты театралды іс-әрекетке қызығушылығын, ұжымдық, мейірімділік  сезімін дамыту болып табылады.
Балалар бақшасының есігі бірінші сынып оқушылары және шағын орталықтың тәрбиеленушілері үшін айқара ашылды. Залда орнаған ғажайып атмосфера, сәнді киімдер және әсем бейнелемелер, кішкентай актерлердің – балабақшаның тәрбиеленушілерінің жоғары деңгейдегі ойындары көрермендердің көңілінен шықты.
Ду қол шапалақ және «Жарайсың!» деген дауыстармен театрлық көріністерді аяқталды.

Қостанай қаласының № 3 орта мектебінде және Рудный қаласының № 10 мектеп-гимназиясында еліміздің Бірінші Ханымы – Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған поэзия кештері мен концерттік бағдарламалар өткізілді.


«Ерекше» балалар ертегі үйінде қонақта
Көкшетау қаласының «Аққу» бала-бақша тәрбиеленушілері, жас өзін-өзі танушылары «Аялау» уақытша болу орталығының мүгедек-балаларын қонаққа шақырды.
Бала-бақша тәрбиешілері мен балаларымен қойылған «Жақсы ертегілер  калейдоскопы» театрлық куколдық көрінісісінің көрсетілуі ерекше қуанышты білдірді. Артистер әзіл-қалжың, ойындар, жарыстарды өткізді. Тәтті сыйлықтармен мадақтаумен марапатталған балалар конкурсқа қатысты. Бала-бақшаның директоры Г.К. Жүніс барлық балаларды, ата-аналарды, қонақтарды «Өзін-өзі тану» мерекесімен құттықтап барлық балаларға қамқорлық пен көңіл бөлгендері үшін балалардың құқықтарын қорғау департаментіне өз алғысын білдірді.
Департамент өкілі Ж.И. Абылхаева білім мен бос уақыт қызметіне мүмкіншілігі шектеулі балалардың құқықтарын жүзеге асыруға көмектескені үшін педагогтар мен жас артистер, ата-аналарға өз алғыстарын білдірді.
Мерекенің аяқталуында мүгедек-балалар үшін тәтті столдар ұйымдастырып, бала-бақша тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасаған сыйлықтар табыс етілді. Осы мерекеде әрбір бала қоғамның толық  мүшесі болып сезіне білді, сонымен қатар құрбыларының, үлкендердің қамқоршылығымен, махаббатымен қоршалғандай болды.


Сара апамызға арнаймыз...
Телеэфирге «Өзін-өзі тану» сабағы 2 тележурналы шықты:  орыс тілінде МДҰ №7 дайындық топтары арасында «Өмірге де ризамын...» тақырыбында сабақ. 
МДҰ №22 тәрбиешісі   дайындық тобында «Дос  болайық  бәріміз» тақырыбында сабағы көрсетілді.
Тележурнал  көрермендер жүрегінен орын алып «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының  белгілі қызығушылығына айналды.
Қарғалы аудандық газетінде «Айгөлек» бала-бақшасының тәрбиешісі «Балаларды адам құндылықтары әлеміне  жетелеу» мақала шығарды, ал     Темір аудандық газетінде Шұбарқұдық гимназиясының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары «Өзін-өзі тану» мақаласын шығарды.
Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәнінің  енгізілуі, білім беру ұйымдарындағы мәселелер және олардың шешілу жолы туралы семинар өткізілді.  Семинарда 60 педагог, оқушылар және ата-аналар қатысты.
Семинар қатысушылары:
-«Егерде қайырымды болсан, денің сау және көнілді боласын»;
-«Достық құдіреті»  тақырыптарына арналған сабақтың куәсі болды.

Бүлдіршіндер, оқушылар өздерінің құттықтауларын Сара апамызға жіберді.


«Ел Анасына арнаймын» шығармашылық конкурс
2010 жылдың 10 – 25 қаңтар аралығында Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыстағы білім ұйымдарының оқушылары арасында «Ел Анасына арнаймын» шығармашылық конкурсы жарияланды, конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: фото жұмыстар, ашық хат, әдеби жұмыстар (эссе, өлең, ән), сурет, компьютерлік графика, қол өнер, қол бұйымдары, видео жолдау.

Конкурстың мақсаты: балалардың қайырымды істер жасау талпынысына, әдептілік пен сезімталдықтарын, қайырымдылықтарын көрсетуге жағдай жасау,  баланың рухани өрісін дамыту болып табылады. Конкурстың негізгі бір міндеті балаға қоғамдағы адамгершілікті, шыдамдылықты, қайырымдылықты дамытуға әр адамның қосқан үлесін түсіндіру болып табылады.

Әр білім ұйымында конкурстың нәтижесі шығарылды, жеңімпаздар грмотамен және сыйлықтармен марапатталды. Үздік жұмыстарды анықтаудың негізгі белгісі конкурстың тақырыбын ашу, жұмыстың көркемдік және техникалық сапалығы, мазмұны, айқындығы, түп нұсқалығы, шынайлылығы болды.   

Конкурстың қорытындысын шығаруға біздің облыстан 60 білім ұйымдары мен төмендегі білім бөлімдері қатысты: Қарағанды, Сәтбаев, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск  қалалары мен Абай, Осакаровск, Шет, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандары.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне әр-түрлі номинациялар бойынша 600 астам жұмыстар ұсынылды. Әділ қазылар Департаменттің алғыс хатымен марапаттауға және көрмеге қоюға  үздік жұмыстарды таңдады.

2010 жылдың 4 ақпанында Қарағанды қаласының Балалар және жеткіншектер сарайының базасында балалар шығармашылығының көрмесі ашылды, үздік жұмыстардың  авторлары марапатталды. Марапаттау салтанатына «Волшебная страна» хореографиялық ансамблі, даму мүмкіншілігі шектеулі жетім балаларға арналған облыстық балалар үйінің би ұжымы, Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназияның үгіт топтары қатысты.  Үлкен экранда №101 мектеп-лицейдің оқушыларының видео жолдаулары мен Қарағанды қаласының «Алтынай» балабақшасының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілердің музыкалық ашық хаты көрсетілді, бұл жұмыстар «Компьютерлік технология» номинациясы бойынша үздік жұмыстар болып танылды. Сахнада «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған балалар шығарған шығармалар оқылды, «Асем» отбасы түріндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Маслак Влады өлең оқыды және Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушылары өздері шығарған ән салды.

Конкурстың жас қатысушыларына өзін-өзі тану идеясы жақын және түсінікті болғаны қуантады. Балалар өз шығармашылық жұмыстарын адамгершілік-рухани тәрбие берудегі әр-түрлі проблемалар туралы ойлайды, олардың өміріндегі отбасы рөлі туралы айтады. Сара Алпысқызы Назарбаеваға көптеген алғыс сөздер айтылды. Конкурс ересектерге де балаларға да біздің қоғамдағы адамгершілік және рухани проблемалары туралы ойлануға мүмкіндік берді.  

Балалардың шығармашылық жұмыстары «Бөбек» ҰҒПБСО, қайырымдылық үйлеріне, ардагерлер үйлеріне жолданады.


Мейірімділік сабақтары
2010 жылдың 11 ақпан күні ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің қатысуымен Шымкент қаласындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін тәжірибе алаңдарында №39 «Інжу-Маржан» бала-бақшасында және №23 З.Космодемьянская атындағы көпсалалы мектеп-лицейінде, № 45 Н.Королев атындағы мектеп-гимназиясында балаларды ізгілікке, әдептілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділік пен махаббат» күні ұйымдастырылды. Бұл күні «Мейірімділік әлемі», «Учимся дарить любовь», «В стране вежливости и добра» тақырыбтарында сабақтар өткізілді. Сабақ барысында балаларға ертегі оқылып, тәрбие жайлы әңгімелерден үзінді келтірілді. Балалар өздерінің жүректерінен шыққан жылы лебіздерін қағазға түсіріп бір-біріне сыйлады.  Әр бала сабақтан алған әсерімен, жылы лебіздерімен бөлісті. Бұл сабақтардан балалардың жүрегіне үлкен махаббат пен мейірімділік шуақтары қонып, сиқырлы әлемнен шыққандай әсермен тарқасты. Өткізілген сабақтар облыстық «Отырар» телеарнасының «Ата анасыз бір сағат» бағдарламасына түсірілді.


«Аспекты нравственно-духовного воспитания  предмета Самопознание»  тақырыбындағы оқыту семинар-практикумы
Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2010 жылға арналған адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағартудың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпанында  Орал қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Аспекты нравственно-духовного воспитания  предмета «Самопознание» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін жалпы орта білім беру жүйесіне  2010-2011 оқу жылында енгізуге  дайындық.
Шара жұмысына облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім беру бөлімінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 55 адам қатысты.
Шараға қатысушылардың назарына рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған кітаптар көрмесі ұсынылды.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері С.Сафронова, А.Нұрмуханбетова осы тақырып бойынша әдістемелік коллаж өткізіп, өзін-өзі танудың жеке пән ретіндегі кіші және орта буындарында базалық мазмұнын анықтауға белгіленген бағдарлары мен негіздері туралы айтып шықты, «Сила здоровья», «Чуткость и отзывчивость» тақырыптары бойынша Е.Кириченко, Л.Переверзеваның   2-3 сыныптарда ашық сабақтары өткізілді.
Жұмыс барысында шараға қатысушылар психологиялық тренингтерге қатысып, «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігін белгілеп, өз ойларын ортаға салды.


Ақпанның 12-нен 20-на дейінгі Ақмола облысында өткізілетін Өзін-өзі тану онкүндігі
Ақмола облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Адамды адамгершілік рухани дамыту бөлімі 2010 жылға арналған адамның  адамгершілік рухани дамыту бөлімін ақпараттық жариялау бойынша іс-әрекет жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ақпанның 12-20 дейін «Адам-елдің басты байлығы» атты ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ОНКҮНДІГІН өткізу жоспарлаған.
Кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, қосымша білім беру мекемелерінде және сынақ мектептерінде тақырыптық викториналар, диспуттар, таңертенгіліктер, конкурстар, адмгершілік рухани дамыту тақырыбына арналған көрмелер ұйымдастырылады, семинар-отырыс, конференциялар және т.б. ата-аналық және педагогикалық қоғамдықпен кездесулерді өткізу жоспарланған.
Іс-шараның қорытынды мәресі  орталық мәдениет орталығында Өзін-өзі тану Фестивалін өткізумен аяқталды. Бұл бағдарламада баспа-конференция, өзін-өзі тану педагогтарының оқу-әдістемелік материалдардың тақырыптық көрмесі, «Мейірімділік жолымен» концерттік бағдарлама, сонымен қатар мадақтамалармен, дипломдармен, өзінөзі танушылар аландары басшыларының ерекше белгілермен марапатталды. 


«Өзін-өзі тану»  пәні арқылы тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту» баспасөз мәжілісі
Адамның тұлғалық әлеуетін барынша ашуға бағытталған балалар мен жастарға адамгершілік-рухани білім беру қазақстандық білім жүйесін дамытуға бағытталған бағыттың бірі.
«Өзін-өзі тану» пәнін 2010 – 2011 оқу жылына жалпы енгізу қарсаңында тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту процессін ақпараттық жариялаудың, осы пәнді енгізу мен насихаттау бойынша біздің облысымызда жүргізіліп жатқан сынақ жұмыстарының тәжірибесін тарату мен жариялаудың мәні мен рөлі өсуде. Қарағанды облысында 2010 жылға арналған тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық жариялау бойынша Қарағанды облысының мүдделі құрылымдарының өзара қызмет ету жоспары әзірленіп және бекітілді.
Осы жоспарға сәйкес Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі істер басқармасымен, облыстық МББҚБА және ҚДИ бірігіп 2010 жылдың 4 ақпанында «Өзін-өзі тану»  пәні арқылы тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту» баспа-сөз мәжілісі өткізілді.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын насихаттау және енгізу бойынша біздің облысымызда жүргізіліп жатқан сынақ жұмыстардың тәжірибесін тарату, тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық жариялауға жағдай жасау.
Баспасөз  мәжілістің жұмысына балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б.Киселева, МББҚБА және ҚДИ ректоры С.С.Қонтаев, БАИ жадындағы «Өзін-өзі тану және тәрбие» зертханасының меңгерушісі Н.П.Чеснокова, ішкі істер басқармасының «Жастар бастамасының орталығы» әлеуметтік технология секторының меңгерушісі Ф.Я.Ишмухаметова және облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз мәжілісінің барысында өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру мәселелерін шешу бойынша облыстағы мүдделі құрылымдардың өзара қызмет етуі туралы  ақпарат ұсынылды.
Еркін микрофон барысында қатысушылар пікірлерімен алмасты, тілшілер мәселені талқылауға қызығушылық тудырды және баспа-сөз мәжілістің тақырыбын өзекті деп атап өтті.
  


«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу бойынша Семей қаласында өткен қалалық ғылыми-әдістемелік семинары туралы
2010 жылғы 5 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысымен Семей қаласының  мектеп директорларына арналған «Семей қаласының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуді ұйымдастыру» тақырыбымен қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
- 2010-2011оқу жылында білім мекемелерінің «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге дайындығы;
- тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы  бойынша ақпараттық ағарту;
- «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша эксперименттік алаңдардың үздік  тәжірибелерін насихаттау.
Адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы семинар жұмысының ашылуына арналған сөзінде  қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының  балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Өзін-өзі тану» пәнін білім мекемелеріне жаппай енгізу бойынша  ұйымдасқан іс-шаралар жоспары жайлы және 2010 жылға арналған адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша ақпараттық ағарту жұмыс жоспарымен таныстырды. 
Семинар барысында Семей қаласының білім бөлімімен қала мектептерінде жаңа пәнді енгізу бойынша атқарылып жатқан дайындық жұмыстары,  дайындық барысындағы мәселелер жайлы, Семей қаласының балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарындағы эксперименттік алаңдар тәжірибелерін қорытындылау бойынша баяндамалар тыңдалды.
Сондай-ақ, мектеп директорлары «Өзін-өзі тану» пәнін  енгізудің мақсаттары мен міндеттері және  келешегі жайлы, оны енгізу ерекшеліктері, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, құзіреттілік білім беруді жүзеге асырудағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныса алды.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаңа оқу жылында сәтті енгізу үшін    педагогикалық кадрлерді дайындау курстарын ұйымдастыруға ерекше  назар аударылды.


2010 жылдың 30 қаңтарында Талдықорған қаласындағы №14  және Қарасай ауданындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназияларының «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша жұмыс істейтін эксперименттік алаңдарында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі балаларды адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу, ата-ананың жауапкершілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты жандандыру мақсатында   ата-аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастырды. Сабақтар «Все мы родом  из Детства», «Жақсы көру – жақсы қасиет» тақырыптарында өткізілді.
Сабақ барысында ата-аналар балалармен бірге шаттық шеңберін құрып, берілген дәйексөзді талқылап, сахналық қойылымға қатысып, сабақтарға талдау жүргізіп, өз ойларымен бөлісті.
Сабақ соңында жазбаша түрде «Өзін-өзі тану» пәніне деген ризашылықтарын  білдірді.
Өткізілген сабақтар облыстық «Жетісу» телеарнасының «Көкжиек даңғылы» бағдарламасына түсірілді.


Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинар туралы
2010 жылдың 28-30 қаңтары аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан қоғам мен ата-аналар арасында жоғары кәсіптік рейтингке жеткен, шығармашылыққа бейім басшыларды анықтау және олардың басқару құзіреттілігін дамыту мақсатында, сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын эксперименттік алаңдардың жұмыстарымен және «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жағдайында оқыту ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына арналған «Білім апталығы» атты семинар өтті.
Аталған іс-шара Білім басқармасымен, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Астана қаласының Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен ұйымдастырылды.
Семинардың әрбір күні айқын тақырыпқа арналды.
1 күн (28.01.2010 ж.) – «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық қызметтік басқаруы». Модератор – Л.К.Боранбаева.
2 күн (29.01.2010 ж.) – «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқыту технологиясы». Модератор – А.Ж.Байботанова.
3 күн (30.01.2010 ж.) – «Қысқы ертегі» театрландырылған көрініс.
Семинардың екінші күні №29 «Ақ қайың» балабақшасында өтті. Семинар «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жағдайында адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелеріне арналды, алғашқы сөзді  Алматы қаласының «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі Т.К.Лукашева «Технология преподавания и организации учебно-воспитательного процесса в детском саду «Самопознание» атты тақырыбында ашты. Ол қонақтарды бала бақшада  «Өзін-өзі тану» оқыту-тәрбиелік процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен және әдістемелерімен таныстырды. Семинар жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ф.Н.Жұмабекова «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы баяндамамен жалғастырды. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Е.С.Жиренбай өзінің «Өзін-өзі тану» пәні - адамгершілікке тәрбиелеу пәні» тақырыбындағы баяндамасында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ерекшелігіне, адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағартудың маңыздылығына, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу бойынша ақпараттық-әдістемелік қолдауға бағытталған Астана қаласының Білім басқармасымен және Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлескен жұмыстарына тоқталды. Семинарға қатысушыларды құзіретті мемлекеттік органдарының бірлесуімен іске асырылатын, Астана қаласы әкімінің орынбасары бекіткен Астана қаласында адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды.
Семинардың қорытынды бөлімінде №29 «Ақ қайың» және №35 «Сказка» балабақшаларының шығармашылық топтарымен дайындалған мастер-класс болды.


«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы» атты баспасөз конференциясы
2010 жылғы 29 қаңтар күні Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы»  тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Пресс-конференцияға облыс әкімдігінің өкілі, ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы, «Өзін-өзі тану» пәні курсының жетекшілері, БАҚ өкілдері: «Оңтүстік Қазақстан», «Халық үні», «Жанубий Қазоқистан», «Ұстаз нұры-информ», «Алтын Ұя», «Мектеп журналының»,«Қазақстан-Шымкент»,«Айғақ», «Отырар» телеканалының тілшілері қатысты.
Конференцияның басты мақсаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың адамгершілік тәрбиеге байланысты тапсырмасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2010 жылға арналған «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелеріне қатысты ақпараттық ағарту жұмыстарын іске асыру, БАҚ арқылы «Өзін-өзі тану», адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.
Конференция барысында ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары С.Жарқынбекова «Өзін-өзі тану» пәнінің бүгінгі жағдайына тоқталып өтті. 
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  директоры   Ғ.Жүсіпова:
- Бүгінгі  баспасөз  - конференциямызға ОҚО ішкі саясат басқармасының,  мәдениет басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысып отырғандығында үлкен мән бар.  Өйткені біз баспасөз – конференциясы арқылы  жұртшылыққа  «Өзін-өзі тану» пәнінің қоғамдағы негізгі алатын орнын, мақсаты мен міндеттерін түсіндіруді алға қойып отырмыз. «Өзін-өзі тану» пәнін БАҚ арқылы насихаттау, осыған сәйкес ақпан айында бейне ролик  әзірлеу жоспарланып отыр.  Бұл жоспар ОҚО ішкі саясат басқармасының  көмегімен іске аспақ.. Сондай-ақ «Ұстаз нұры» газетінің бір бетінде осы пәнге байланысты айдар ашпақпыз. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы біз өзін бағалай білетін бала тәрбиелеп отырмыз. Сара Алпысқызының бұл бастамасына қазіргі таңда хат арқылы өз алғысын  білдіріп жатқан ата-аналар көпшілік.
ББЖЖТПКБА  және ҚДО бастығының орынбасары  Б.Ахтаев:  2010-2011 оқу жылына «Өзін-өзі тану»пәніне арналған мемлекеттік стандарт және оқулық, әдістемелік оқу құралдарына республикалық бюджеттен   289 млн.957 мың қаржы бөлініп отырғанын,  осыған орай барлық оқушылар түгелімен оқулықтармен, ал пән мұғалімдері әдістемлеік құралдармен қамтамасыз етілетінін хабарлады. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатындағы жұмыстар да жоспарланып, өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын жеткізді.


Қызылорда облысының адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту мәселесі бойынша өткізілген БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
Облыстық адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша           28 қаңтарда облыс әкімдігінің баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстағы адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Өткізілген баспасөз мәслихатының мақсаты: білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының жаппай ендірілуіне байланысты қоғамның назарын адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелеріне аудару; жалпы оқу процесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің жаппай енгізілуіне ықпал ететін оқыту ақпараттық кеңістігін құру; балалар мен жасөспірімдер арасында адамгершілік және рухани  бағыттарды қалыптастыру әдістері мен тиімді шараларын анықтау; бағдарламаның негізгі бағыты жас ұрпақты оқу-тәрбие жүйесінде адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Баспасөз-конференциясына Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры Б.Елеусінов, білім мекемелерінің өкілдері, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.
Аймақта «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының оңтайлы шешімін тапқандығы, жұмыстың жүзеге асырылуы облыс әкімінің орынбасары М.Б.Мұхамедовтың бекітуімен облыстық адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған ведомствоаралық іс-қимыл жоспары туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне түсіндірілді.
Баспасөз–конференциясында аймағымызда барлық білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнінің жаппай ендірілуіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету, бағдарламаны енгізуде педагогикалық мамандардың біліктілігі, оларды дайындық курстарынан өткізу және оқу-әдістемелік құралдарына аса мән берілді.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры қатысушыларға «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізудің ақпараттық қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстардың басты бағыттары туралы таныстырды, құрамына ата-аналар қоғамы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тұратын облыстық, қалалық және аудандық жұмысшы топтарының іс-шараларына аса мән беріп, атап көрсетті. Сонымен қатар, ол «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығы адамның адамгершілік-рухани дамуы гумманитарлық колледжіндегі «Әлеметтік педагогика және «Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мемлекеттік гранттары арқылы оқу үшін атқарылып жатқан кәсіби бағыттағы жұмыстар туралы баяндай отырып, осы мәселені баспасөз өкілдерінің басты назарына ұсынды. Жалпы өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысындағы барлық мүдделі органдар тарапынан адамның адамгершілік-рухани даму мәселесін жарықтандырудың мақсатты бағыттары анықталды.


2010 жыл – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жаппай енгізу жылы
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы Павлодар облысының білім беру орындарына 2002 жылы енгізілді. Бүгінгі күні облыс бойынша 9 эксперименттік алаңда 4 мыңнан аса  оқушы «Өзін-өзі тану»  бірегей әдістемесі бойынша оқиды. Бұл пәнді 26 оқытушы жүргізеді. Олардың барлығы «Бөбек» ҰҒПББ және СО, Республикалық және облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында сәйкес дайындықтан өтті.
8 жыл ішінде эксперименттік алаңдармен мол тәжірибе жиналды, әдістемелік жинақ құрылды, мемлекеттік органдармен: білім беру басқармасымен, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен, балалардың құқықтарын қорғау департаментімен тығыз, жемісті қарым-қатынас қалыптасты. 2006 жылы Павлодар облысының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты негізінде «Өзін-өзі тану және тұлғаны әлеуметтендіру» кабинеті ашылды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен 2007 жылы «Радуга» өзін-өзі тану мұғалімдерінің клубы құрылды, педагогтармен жұмыс тәжірибесін алмастыру мақсатында әрбір эксперименттік алаңда көшпелі мәжіліс өткізу шешімі қабылданды.
2007 жылы Павлодар облысының бастамасымен «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі және орны» респубикалық семинар өткізілді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұсынымдарына сәйкес облыстың балалар үйлері мен интернаттық мекемелерге «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттік алаңдар бекітілді.
2009 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазақстан» ҚТРК  Павлодар телекөрсетілімінде «Өзін-өзі тану» - «Самопознание» телебағдарламасы ашылды.
2009 жылы Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПББ және СО Адамды үйлесімді дамыту «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі ашылды, онда Павлодар облысынан 5 студент оқиды.
2010 жылғы 27 қаңтарда Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. А. Наурызбаева «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жариялау бойынша консультациялық жұмылдыру тобының мүшелерімен семинар-кеңес өткізді.
Екі айдың ішінде консультациялық жұмылдыру тобының мүшелері «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде көшпелі семинарлар өткізетін болады. Жұмылдыру топтарының қатысушылары үшін департамент мамандарымен портфолио әзірленді, оған «Өзін-өзі тану» бағдарламасын түсіндіру жөнінде сұрақтар мен жауаптар түріндегі ақпараттық әдістеме, эксперименттік алаңдардың қызметі туралы кітапша және бейнефильм, ақпараттық жариялау жинағы, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт енді.
Эксперименттік алаңдардың барлық педагогтары «Өзін-өзі тану» пәнін зерделеу және енгізу өзін-өзі қоршаған ортамен үйлесімді тәрбиелеуге және дамытуға қабілетті адамды қалыптастыру міндетін іске асыруға мүмкіндік беретінін байқады. Бұны 2009 жылы педагогтар балалардың адамгершілік деңгейіне мониторинг жүргізу арқылы дәлелдейді. Осылайша, мысалы, алынған нәтижелер психофизиологиялық, жеке-психологиялық, тұлғалық, шағын топтық, әлеуметтік деңгейде тұрақты оң динамика қалыптасқанын дәлелдейді.
- 85% бастауыш сынып және 94% орта буын - өздерінің мінез бітістерін бағалай алады;
- 65% бастауыш сынып және 80% орта буын - өздерінің мінез-құлқы мен эмоцияларын реттей алады;
- 80% бастауыш сынып және 100% орта буын - өздерінің алып жатқан білімдерінің болашақтағы маңызын түсіне алды.
Өзін-өзі тану білім берудің құндылықтарын күшейте отырып, тұлғаның шексіз сүю, өзіне және күшіне сену, жақсылық жасау, танымдылығын көбейтіп, жетілуге, дамуда үйлесімдікке жету қабілеттерін ашады және дамытады.

 


«Оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі  тану пәнінің рөлі мен орны» облыстық семинар-практикумы
Қазіргі уақытта жеке тұлғаға адамгершілік-рухани білім берудің толық жүйесін құруға мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда бала өмірі үшін маңызды - қоршаған орта, табиғат, жер, қарым-қатынас, еңбек – адамгершілік қатынастарымен сезіледі. «Өзін-өзі тану» курсының әдісі осының бәрін бірлескен күшпен табуға мүмкіндік береді. 
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Лисаковск қаласы әкімдігінің «Мұрагер» балалар бақшасы базасында «Оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі  тану пәнінің рөлі мен орны» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 
Семинардың өткізілу мақсаты - жалпы адамзат құндылықтарының негізі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, оқу барысында     өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу дайындығына ықпал ететін білім беретін ақпараттық кеңістік құру, эксперименталды алаңдардың тәжірибелік қызметтерімен танысу.
Семинар жұмысына 40 адам қатысты, олардың ішінде Лисаков, Рудный қалаларының, Қамысты, Таран және Денисов аудандарының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша республикалық экспериментке қатыспайтын жетекшілер, әдіскерлер. 
«Мұрагер» БОТО директоры Захарова Любовь Михайловна семинарға қатысушыларға «Оқу-тәрбие үрдісіндегі өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен орны» мектепке дейінгі мекеменің видео тұсаукесерін ұсынды, онда балалар іс-әрекетінің барлық саласында өзін-өзі тану пәнінің әсері мен рөлін көрсетті.
Семинар барысында қатысушылар «Терезені ашып қой» авторлық әдістемелік өнімдердің көрмесімен танысты. Көрме материалдары бөбекжайлардың жетекшілері мен әдіскерлері арасында таратылды.
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар «Бір шаңырақ астында»,  «Халық дәстүрін сақтай отырып», «Біз де бақыттымыз» сабақтарына қатысты.
«Бір шаңырақ астында» сабағында өзін-өзі тану пәнін қазақ тілі сабағымен кіріктіру және оқытудың белсенді құралдарын: ойындар, жағдайлар, халық шығармаларын қолдана отырып, тілге қазақ халқының адамгершілік-рухани тұрғылары арқылы ену мүмкіндіктерін көрсетті.
Сабақ мазмұнының мәні семинарға қатысушылардың сезімдерін толғантты.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекшілері «Өзін-өзі тану» жобасы өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін толық ашуға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ал жобаның өзі педагогтарға бала жүрегін Махаббатпен, Мейірімділікпен жылытуға мүмкіндік береді, кішкентай адамның жүрегіне Жақсылық, Шыншылдық, Өмірлік Қуанышқа деген сенім орнатады.

 


Мұғалімдер  «Өзін-өзі  тану» пәнін өқу процессіне енгізуге дайындық үстінде
2010 жылдың 28 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында «Жергілікті білім беру мекемелерінде  «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу: мәселері мен оның шешу жолдары» тақырыбында семинар  өтті.
Семинарға  мұғалімдер, балалар және ата-аналардан 60 адам қатысты.
Семинар екі кезеннен құрылды: теориялық және тәжірибелік.
Теориялық кезеңінде адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ш.  Сайлагиева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Г. Рахатова, психологтар, экспериментатор- мұғалімдер баяндамалар оқыды. Семинарға қатысушылар «Егерде сен мейірімді болсаң, онда сенің денің сау және көңілдісің; Достық қабілеті; Шаттық және оптимизм» тақырыбындағы сабақтардың куәсі болды.


Қызылорда облысының аймақтағы  жаңалықтары
«Өзін-өзі тану» пәнін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұжымдардың педагогикалық тәжірибесін зерттеу, жалпылау, интерактивті студияларды пайдалану арқылы үздік сабақтардың көрсетілімін ұйымдастыру, сондай-ақ, телебағдарлама әзірлеу және бейне-роликтер құру мақсатында департамент облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен меморандумға отырды.
Сондай-ақ, бірлескен жұмыс жоспары әзірленді, онда адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие беру жөніндегі курстарды өткізуге, жаңа педагогикалық тәжірибені таратуға байланысты семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыруға қатысуы көзделіп отыр. 
Департамент облыстың барлық аудандарында адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі көшпелі ақпараттық-ағарту топтарының жоспары мен графигін әзірледі.
Осы іс-шараны өткізуді ұйымдастыру адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің қызметкерлеріне жүктелген, олар өз тарапынан сөйлейтін сөздердің тезистері мен таратпа материалдарын әзірледі.
Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен, аталған мекеме директоры А.Қаржаубаев басқаратын жұмысшы топ өз жұмысын 2010 жылғы 23 қаңтарда Қазалы ауданының №165 орта мектеп базасында бастады. Балаларға адамгершілік-рухани білім берудің маңыздылығы туралы қызықты әңгімелер қозғалған кездесугеаудандық ішкі саясат бөлімі, аудандык мәслихат депутаттары, аудан мектептеріндегі ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, сынып жетекшілер, БАҚ өкілдері қатысты.  
Департамент директоры «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту мәселелеріне түсініктеме бере отырып, алдағы уақытта ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының баспа беттері арқылы, интернет-сайттар арқылы жарықтандыру, жұмысшы топтардың өткізген іс-шараларын үнемі ақпаратпен қамтамасыз ету нәтижесінде адамгершілік туралы қоғамдық пікір қалыптасатындығын айтты.
Осыған сәйкес, «Қазалы», «Тұран Қазалы», «Қазалы айғағы» аудандық газеттерінде  адамгершілік-рухани білім беру айдарлары ашылуда.
Осындай кездесу облыста Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен тоқсанына бір рет өткізіліп тұратын болады. 


Қызылорда облысындағы БАҚ-а адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерінің жарықтандырылуы
2010 жылға арналған адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі аймақтың ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті балаларды жоғарғы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» бағдарламасының қомақты әлеуетіне, оқу-тәрбие процесіне ендірудің маңыздылығына көпшілік назарын аудару жөнінде ұйымдастырылған жұмыстар жүргізілуде.  Бүгінгі күні аймақтағы қалың оқырман бұқарасының жас ерекшеліктерін ескере отырып, баспасөз ақпарат құралдарында  айдарлар ашылды:
- «Өзін-өзі тану» и «Самопознание» айдары, «Ұстаз үні» қалалық газеті (қазақ және орыс тілдерінде);
- «Өзін-өзі тану әліппесі» айдары, «Өскен өңір» Шиелі аудандық газеті (қазақ тілінде);
- «Адамгершілік – сарқылмас қазына» айдары, «Тіршілік тынысы» Сырдария аудандық газеті (қазақ тілінде);
Облыстық «Сета» радиосында ай сайын эфирге шығатын «Мейірімділік әлемі» айдары ашылды (қазақ және орыс тілдерінде). Эфирге бірінші хабар 22 қаңтарда облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаевтың «Облыс балаларының адамгершілік-рухани дамуын жетілдірудегі Балалардың құқытарын қорғау департаментінің қызметі» тақырыбындағы сұхбатымен шықты.
мақалалар жарияланды:
- «Самопознание: найти свое «Я» - Қызылорда қаласының №198 мектебіндегі «Өзін-өзі тану» сынақ алаңының мұғалімі Н.Шалтақбаеваның тәжірибесі туралы («Кызылординские вести» облыстық газеті, №7 2010 жылғы 15 қаңтар);
- «Біздің келешекке жол – рухани байлықты сақтау» - №35 мектептің жалпымектептік ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Исмағұлованың мақаласы («Тіршілік тынысы», аудандық газеті, №4 2010 жылғы 16 қаңтар);
- «Отбасы тәрбиесі және ұрпақ міндеті» - Түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.Гейдарованың мақаласы («Ақмешіт ақшамы» республикалық газеті 04 2010 жылғы 22 қаңтар);
- «Отбасылық жылылық...» - Қызылорда қаласы, Ж.Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектептің ата-аналар комитеті төрайымының мақаласы («Ақпарат KZ» республикалық газеті, №2 2010 жылғы 22 қаңтар).
Алдағы уақытта жұмыс динамикалық даму бойынша белсенді жергілікті атқарушы ұйымдардың қатысуымен өз жалғасын таба бермек.


Қызылорда облысында адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары М.Б.Мұхамедов Қызылорда облысында адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын бекітті.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін облыстық, Қызылорда қалалық және аудандық жұмысшы топтары құрылды. Департамент директорының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №31 н/қ бұйрығымен балалардың құқықтарын қорғау депаратменті, облыстық ішкі саясат, білім басқармалары, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты, қалалық білім бөлімі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мамандарынан облыстық жұмысшы тобының құрамы бекітілді. Білім басқармасында және балалардың құқықтарын қорғау департаментінде іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға жауапты мамандар тағайындалды. Адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін жарықтандырумен айналысатын журналистер, продюссерлер, режиссерлер тізімі бекітілді.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту  жөнінде эфирге шығатын телерадио бағдарламалар мен республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарының медиа-жоспары, облыстық ата-аналар кеңесінің төрайымы З.Дүйсебаеваның бекітуімен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ алаңдарының тәжірибесін ата-аналар қоғамының қатысуымен ақпараттық ағарту жөніндегі медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.
Сондай-ақ, қаңтар айында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы кең таралымды түрде халыққа «Өзін-өзі тану» сабақтары телебағдарламасын көрсету ұйымдастырылып отыр.
Адамның адамгершілік-рухани білім беру бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің және облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен балаларға арналған қоғамда жалпы адами құндылықтарға бағытталған іс-шаралар өткізілді.


Жүректен жүрекке
Бала туралы БҰҰ Конвенциясында «бала толыққанды адамгершілік дамуына құқығы бар» екендігі белгіленген. Адамгершілік – адаммен кішкентай кезінен қолданылатын ішкі рухани қасиеттері және  осы қасиеттерімен анықталатын этикалық нормалары мен мінез-құлықтарының ережелері. Бұл үрдіс көбіне-көп баланың түскен ортасына байланысты болады. Егер ол үлкендердің қамқоры мен ықыласына бөленсе, оның қасында ақылды педагогтар болса – сәби тез өсіп, дамып, қойылып отырған талаптарға сәйкес адамгершілік құндылықтарын игереді.
Барлық сатыдағы балаларға толыққанды адамгершілік-рухани тәрбие беру үшін жағдайды қалай туғызуға болады? Қалайша осы үрдісті мақсатты, жоспарлы және уақытымен жасауға болады? Осы және басқа да сұрақтарды «Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі негізінде гуманистік білім беру тенденцияларын жүзеге асыру» әлеуметтік жобасының шеңберінде қызмет етіп жатқан «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық шеберханасы шеше алады.
2010 жылдың 25 қаңтарында Орал қаласының №19 мектепке дейінгі ұйымында «Өзін-өзі тану» -  мектепке дейінгі жастағы балалардың білім беру үрдісінің компоненті ретінде» атты шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті.
Отырыс бағдарламасы бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінің нормативтік-құқықтық негіздері мен мазмұнына, осы пәннің мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу ерекшеліктеріне қатысты мәселелері талқыланып, «Бөбек» ҰҒТББСО-ның «Махаббат сабағы» бейнефильмі қаралды.
Отырыстың қатысушылары  - облыстық Балалар үйі мен мамандандырылған Балалар үйінің, Орал қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ тілшілері - әр баланың шығармашылық әлеуетінің жан-жақты ашылуы мен жүзеге асырылу қажеттілігіне, олардың дамуына бірдей мүмкіндік беруіне назарларын аударды.
Бұл кездесу өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани  тәрбие беру саласында педагогикалық тәжірибелердің жетілдіруіне өз әсерін тигізді.


ШҚО білім беру мекемелерінде  «Өзін-өзі тану»  пәнін  енгізу және байқау бойынша  облыстық оқу-әдістемелік  кеңеснің отырысы
2008 -2009 оқу жылынан «Өзін-өзі тану»  пәнін байқаудан өткізіп жатқан  Өскемен қаласының  № 45 «Болашақ» балабақшасы эксперименттік алаңында облыстың білім беру мекемелерінде  «Өзін-өзі тану»  пәнін жаппай   енгізу  бойынша облыстық оқу- әдістемелік Кеңесінің кеңейтілген отырысы  өткізілді. Оған облыс орталығындағы  эксперимент алаңдарының  педагог және психолог мамандары шақырылды.
Кеңес төрағасының  орынбасары, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев қатысушыларға 2010  жылға арналған жеке тұлғаның  рухани- адамгершілік дамуы бойынша ақпараттық  ағарту шараларын жүзеге асыру  бойынша және 2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану»  пәнін Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелеріне  жаппай енгізуді ұйымдастыру туралы департамент пен білім басқармасының бірлескен  жоспарларын  баяндады.
Кеңес мүшелері мен шақырылған  педагогтар № 45 «Болашақ» бала-бақшасының  жоғарғы топ тәрбиешісі Г.Л. Поцелуева өткізген  «Менің жақындарым мен туыстарыма айтатын  сыпайы сөз» атты ашық сабағын көрді. Сабақ  әдістемелік құрылымы жағынан,  балалардың тақырыпты талдауда қызығушылықтарының артып, қабілеттерін оятуға жасалған жағымды  атмосфера Кеңес мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.
Кезекті күн тәртібіне сәйкес, Өскемен қаласының № 29 орта мектебінің тәжірибелік эксперименттік жұмыс  жағынан директордың орынбасары - Е.Е. Овсянникова «Өзін-өзі тану» пәнін оқитын оқушылардың жеке тұлғалық сапа деңгейі өзгеруінің психологиялық-педогогитық диогностикасы» тақырыбында және «Жемчужинка»  мектепке дейінгі мекемесінің ән сабағының қызметкері С.Г.  Графская  «Музыка арқылы адамгершілік-рухани мәдениетті тәрбиелеу жүйесі» тақыбырында  сөз сөйледі.
Берілген баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелері ШҚО білім қызметкерлерінің білін жетілдіру және қайта даярлау   институтында  пәнді жаппай енгізуді сапалы жүзеге асыру үшін облыстағы  эксперименттік алаңдары педагогтарының  ең озық әдістемелерін әзірлеуге   шешім қабылдады.
Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқығын қорғау департаменті «Өзін-өзі тану»  пәнін енгізу және байқау эксперименттік алаңдарының ең үздік  педагогтарына алғыс хат тапсырды.

 


Баланың өзін-өзі тану жұмыстары жалғасуда
2010 жылдың 21 қаңтарында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің конференц-залында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық жарияландыру мәселелері жөнінде облыстық БАҚ-ның өкілдері үшін баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясының басты мақсаты – облыстық және қалалық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуының негізгі мәселелеріне және 2010-2011 оқу жылында білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану»  республикалық бағдарламасы бойынша аталмыш пәнді енгізуде Батыс Қазақстан облысының тәжірибелік алаңдарындағы жұмыс жағдайына қоғамның назарын аудару.
Баспасөз конференциясының жұмысына БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім және ішкі саясат басқармаларының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлері мен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бес тәжірибелік алаңдардың жетекшілері, облыстық, қалалық деңгейдегі теледидар, радио және газет тілшілері қатысты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылға арналған жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық жарияландыру бойынша іс-әрекеттер Жоспарына сәйкес облыстық әкімдікпен БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті үйлестіруші болып табылатын облыс бойынша ұқсас үйлестірілген іс-әрекеттер Жоспары бекітілді.
Баспасөз конференциясы қатысушыларының алдында департамент директорының орынбасары Р.Кубейсинова сөз сөйлеп, 2010-2011 оқу жылында білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мәселесіне тоқталды. Іс-шара қатысушыларының назарына интерактивті тақта арқылы облыстың барлық тәжірибелік алаңдарының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жұмыс нәтижесін көрсететін бейнероликті қарау ұсынылды.
Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Н.Сабиров электронды және баспасөз БАҚ тілшілерін БҚО-дағы республикалық эксперименттің басталу тарихымен таныстырды.
Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін артыру және қайта даярлау институтының ректоры Ө.Құспанов облыста жүргізіліп жатырған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагог кадрларды даярлау жұмысы туралы түсініктемелер берді. Ал аталмыш мекеменің әдіскері С.Файзуллина БҚО-да 2002 жылы Орал және Ақсай қалаларының бес тәжірибелік алаңында басталып, қазіргі таңда табысты жүзеге асырылып жатқан республикалық тәжірибе қорытыныдылары туралы айтып өтті.
Департаменттің адамның адамгершілік-рухани даму бөлімі бастығы Р.Серғалина «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар арасында үйлестіру мен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Жүректер үндестігі» облыстық педагогтар Клубының жемісті жұмысын атап өтті.
Конференция барысында БҚО тәжірибелік алаңдарының педагогтары «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелерін шешудің маңыздылығына қатысушылардың назарын аударды және облыстық, қалалық БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.


"Өзін-өзі тану" пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін баяндау"  тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізу туралы
2010 жылғы 20 қаңтарда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ақпараттық насихаттау мәселелері бойынша келісілген жоспарына сәйкес С. Мұканов атындағы кітапханасының баспасөз орталығы негізінде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы  мәселелерін  баяндау» тақырыбында баспасөз-конференция сын өткізді.
Еліміздің барлық мектептерінде жаңа «Өзін-өзі тану» пәнін  енгізілуіне байланысты, «Өзін-өзі тану» курсының, адамгершілік- рухани білім беруді насихаттау кездесудің мақсаты болды.
Баспасөз-конференциясына Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Білім, Мәдениет басқармаларының  қызметкерлері,  журналистер қатысты, барлығы – 12 адам.
Қатысышылар Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын енгізуде департаменттің ақпараттық қызметті ұйымдастыру негізгі жұмыс бағыттарымен танысты.
Баспасөз-конференциясында  келесі мәселелер қаралып, талқыланды:
1.«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы бойыншамәселені баяндау».

2. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын ұйымдастырып, енгізуде білім басқармасының ролі.
3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізуде педагогиқалық мамандардың біліктілік  жүйесінде дайындықтан өткізу.
Баспасөз өкілдерін «Өзін-өзі тану» эксперименталдық алаңдарының жұмысы, оқулықтармен қамтамасыз етілгендіктері, пән кабинеттеріне қойылатын талаптар қызушылық тудырды. Өткізілген  баспасөз-конференциясы  маңызды мәселелерді мүдделі органдарымен шешу және адамның адамгершілік-рухани дамуының басым бағыттарын анықтайды.


Мейірімділік сабақтары
Шығыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен білім басқармасы «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша 2010 жылғы 19 қаңтарда ұлттық баспасөз-клуб филиалында баспасөз-конференция өткізді. Баспасөз конференцияға «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі, «Дидар», «Рудный Алтай», «Устинка+», «Мой город», «Өскемен» газеттерінің және «Казахстан-Өскемен» мен «Калкен-ТВ» телеарналарының тілшілері қатысты.
Іс-шара «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жеке адамның рухани-адамгершілік дамуын насихаттау және ақпараттық ағартуға бағытталған.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Аркадий Анатольевич Исаев 2010-2011 оқу жылында мектептердің оқу бағдарламасына «Өзін-өзі тану» пәнінің жаппай енгізілетіні туралы хабарлады. «Өзін-өзі тану» пәні Шығыс Қазақстан облысында сынақтан 2002 жылдан бастап өтіп келеді. Тәжірибенің нәтижесі мектепке дейінгі мекемелерде, бастауыш мектептерде және жоғарғы оқу орындарында рухани-адамгершілік білім берудің практикада жүзеге асырылуы жоғары бағаланды. Студенттер мен оқушылардың тоқыған білімдері, тапқан әлеуметті мінездері, тәрбиеленген рухани сезімдері, оларды әлеуметті дамудың жаңа деңгейіне шығарады, дүниеге деген жаңа көзқарастарын дамытады. Біздің облыста қазір 2700-ден астам бала 17 оқу мекемесінде түсіністік пен достықта, қуаныш пен махаббат аясында өмір сүруге үйренуде.
Рухани-адамгершілік ағарту – білім берудегі жаңа жобаның авторы Қазақстанның Бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева. Балалардың отбасынан бастап институтқа дейін білім беру деңгейімен қатар жалпыадамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіру үшін, балалар, жастар мен үлкендердің жеке ерекшеліктері ескерілген тәрбиелеу және білім беру процессінің дамуына көп назар аударады.
Журналистер «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу процессі, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, оқулықтардың авторлары және кадр мәселесінің шешілуі туралы сұрақтар қойып, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А.Исаевтан, білім басқармасы бастығының орынбасары Д.С. Арғынғазиннен,  ШҚО БҚБА ҚДИ директоры С.З. Байхоновадан толық жауап алды.
Бұл баспасөз-конференция жаңа «Өзін-өзі тану» пәнін насихаттау және ақпараттық ағарту жұмысының бастамасы болды.

  


Баланың толыққанды рухани тәрбие беруіне – зор көңіл
19 қаңтарда БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылығымен қызмет етіп жатқан «Балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру негізінде гуманистік білім беру үрдістерін жүзеге асыру» атты әлеуметтік жобасының шеңберіндегі «Радуга» бейнелеу өнерінің студиясында облыстық Балалар үйі мен Орал қаласының №4 мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерінің кезекті тақырыптық кездесу өтті.
Ұлттық ғылыми білім беру және сауықтыру орталығының «Табиғат, анам менің ...» бейнефильмін қарауын, «Қысқы орман» балалар композициясына қатысуын қарастырған кездесу бағдарламасы түрлі көркемдік шығармашылықтар арқылы баланың сенсорлық қабілетін қалыптастыруға, балалардың көркемдік мәнерлігінің қол жетерліктей құралдарын меңгеруге бағытталған.
Осы шара барысында балаларды «бояу» әлеміне бейімдеуі, Балалар үйі мен мектепке дейінгі балалардың жүйелі түрдегі қарым-қатынастары - әр баланың қиын сезімдерді қайғыру мүмкіндіктерін анықтауға, балаларға адамгершілік күш, өмірге үміт, сұлулық беруге әсер беріп қана қоймай, олардың сезімталдықтары мен ақыл-ойын байытты деп толық айтуға болады.

  


«Балалар арасында адамгершілік басымдық және рухани бағдарларды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткені туралы
«Әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем деседі. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді. Адам баласы дегеніміз – Жоғарғы дүниеден жер бетіне жіберілген тіршілік иесі.Ұстаздың міндеті – шәкірттің жүрегін тазалау, оны мүмкіндігінше лас дүниеден аулақ ұстау, мөлдірлік пен қасиеттілікке толтыру. Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне, өзінің жазмышына сену өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүру үшін керек»
С.А. Назарбаева
2010 жылдың 13 қаңтарында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 балалар бақшасы» МКҚК базасында «Балалар арасында адамгершілік басымдық және рухани бағдарларды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумын өтті. 
Семинар-практикумнің өткізілу мақсаты жалпы адамзат құндылықтарының негізі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, оқу барысында өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу дайындығына ықпал ететін білім беретін-ақпараттық кеңістік құру, балалар арасында адамгершілік басымдық және рухани бағдарларды қалыптастыруда тиімді тәсілдер мен әдістерді анықтау, оқу-тәрбие үрдісінің барысына «Өзін-өзі танудың» негізгі бағыттарын кіріктіру.
Семинар жұмысына «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сынаққа қатыспайтын мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, әдіскерлері,  білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» курсын енгізетін эксперименталды алаңдардың мұғалімдері мен тәрбиешілері шақырылды. Семинарға қатысушылардың назарынамектепке дейінгі мекеменің «Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжымның мақсатты қызметі» іс-әрекеті бейне тұсаукесері ұсынылды. Білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге дайындық сұрақтарының маңыздылығы Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  бөлім бастығы Б.Ж. Нұрманованың «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – жалпы адамзат құндылықтарын жаңарту жолы» баяндамасында айтылып өтті. 
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар дене құрылысы тәрбиесі бойынша нұсқаушының сабағында болды,  «Мен арман еткен, шағынаудан» үлгісінің тұсаукесерін тамашалады, «Өзін-өзі тану» бойынша Шығармашыл әдіскерлер бірлестігінің жетекшісі Л.П. Кравчинскаяның «Бәрін білгім келеді»,  дайындық топ тәрбиешілерінің «Ойын серпантині»,  «Шығармашылық зертханасы» шеберлік сыныптарында болды, онда педагогтің кәсіби біліктілігі: баланың жан дүниесін қалыптастыратын педагогтің қандай қабілеттері болуы керек  деген сұрақтар талқыланды. 
Қатысушылар осындай практикалық бағыттағы семинарлардың жиі болуы керектігі туралы, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу кезінде білім беру ұйымдарындағы әр педагог «Өзін-өзі тану» курсының идеясын ұғынуы тиіс екендігі туралы өз ойларын ортаға салды.
Семинардың қорытынды бөлімінде іс-шараға қатысушыларға арналған рефлексия  өткізілді.
Олардың әрқайсысына өзін-өзі тану кабинеттерін рәсімдеу бойынша ұсыныс көмектер, пән бойынша қажетті әдебиеттер тізімі, сабақтар дайындау жиынтығы және «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жаңадан меңгеріп келе жатқан мұғалімдеріне арналған басқа да қажетті әдістемелік материалдар берілді. 

   


«Өзін-өзі тану» пәні  арқылы тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттандыру сұрағы бойынша баспасөз мәжілісі туралы
2010 жылдың 12 қаңтарыңда «Ақтөбе» қонақ үйінің мәжіліс залында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау  департаменті «Өзін-өзі тану» пәні арқылы тұлғаның адамгершілік-рухани даму жағдайы туралы  баспасөз-конференциясын өткізді. Баспасөз мәжілісінде Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  директоры К. Айдарханова, адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы Ш. Сайлагиева, облыстық КБА және ҚДИ директоры Ш. Кубенова, сарапшы-мұғалімдер, ата-аналар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар назарына «Өзін-өзі тану» сабағы туралы бейне фильмнен үзінді ұсынылды.
Тілшілерді негізінен кадр дайындау мәселесі, сараптама нәтижелері,  аталмыш пәнді  оқитын оқушылардың санаттары және пәнді ендіру сұрақтары, сондай-ақ, бұл пәннің  этнопедагогикамен байланыс мәселері қызықтырды.
«Өзін-өзі тану» пәнінің сынып сағаттарымен ұқсастықтары мен айырмашылықтары  жөніндегі сұраққа департамент өкілдері түсіндірме-жауап берді.
Мәжіліс соңында балалар құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелерді, жетістіктерді, сұрақтарды зерттеп жүрген журналистер Департамент ұсынған мақтау қағаздарына және сыйлықтарға ие болды.

  


2009 жылдың 30 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы №45 «Арман» балабақшасының «Өзін-өзі тану» алаңында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында балаларға арналған ертеңгілік  ұйымдастырылды.  Ертеңгілікке  ата-аналар мен қатар ертегі әлемінің қонақтары қатысты. Алаң іші мерекеге сай безендіріліп, балалар ертегі әлеміне енгендей кейіпте болды. Шара барысында  Аяз ата мен Ақша қар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар тарту етті. Ата-аналар мен қонақтар балалармен бірге шыршаны айналып билеп, шырша әндерін шырқады. Ертеңгілік есте қалардай өте тартымды өтіп, «Жетісу» телекомпаниясының  «Көкжиек даңғылы» телебағдарламасына түсірілді.


«Балауса» балалар  телебағдарламасы
27 желтоқсанда, жексенбі күні,  сағат 14.00 –де  балалар мен олардың ата-аналар және педагогтар «Өзін - өзі тану» пәнінің ерекшелігі ескеріліп қойылған  театрланған  кезекті «Қонақжайлық пен дос пейілділікке үйренеміз» сабағының көрермені болды. Теледидар арқылы ерекше көркем кейіпкерлер балалардың  сабақтың мазмұның ұғуына көмектеседі. Жас көрермендер бағдарлама кейіпкерлерімен бірге қонақжайлық пен дос пейілділік, Жаңа жылды қарсы алудағы халық дәстүрлері туралы пікірлесті.
Ертегі кейіпкерлерінің «мұғалімдер» болып «PALMIRA» мәдени-креативтік орталығының, «Пируэт»  үлгілі  ансамбілінің жас актерлері мен әртістері және Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары орындады.
Келесі бағдарламаны дайындап жетілдіру мақсатында департамент мамандары «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерімен бірге оқу-танымдылық бағдарламаның екінші шығарылымын сараптады.


Облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде  «Өзін-өзі тану» пәнімен біріктірген тәрбиелік іс-шараға  қатысу туралы
24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани даму бөлімі басшысы, облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған  балалар үйінде  «Өзін-өзі тану» пәнімен біріктірген тәрбиелік іс-шараға қатысты.
Іс-шараға облыстық балалар үйінің тәрбиенушілері қатысты, балалар жақсы көретін жазушыларының шығармаларынан өлеңдер оқыды, шығармаларын  талқылады. Кездесу барысында қатысушылар жақсылық, аяушылық, рақымдылық туралы мәңгілік әңгімелерді де талқылады.


Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің  «Өзін-өзі тану» пәнін өткізілген қалалық семинар туралы 
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы, оқушының өзін және қоршаған әлемді танып білуі негізінде рухани жан дүниені байыту, жеке  тұлғаны қалыптастыру, сонымен қатар білім беру мекемелерінің басшыларын эксперименттік аландардың жұмыстарымен және «Өзін өзі тану» пәнін оқыту ерекшеліктерімен  таныстыру мақсатында 2009 жылғы 15 желтоқсанда №38 мектеп-лицей қабырғасында «Өзін-өзі тану» пәні – руханилықты және жалпы адамдық құндылықтарды қалыптастырудың негізі» атты қалалық семинар өткізілді. Аталған іс-шара Білім басқармасының және Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен  ұйымдастырылды.
Семинардың жұмыстарына қала мектептерінің басшылары, «Өзін-өзі тану» ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал ететіні көрсетілген эксперименттік сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Семинар барысында экспериментатор мұғалімдер адамгершілік-рухани тәрбие беру аясында ата-аналар мен оқушылар арасында әр түрлі жұмыстар, ашық сабақтар көрсетіліп, «Жоғары құндылықты сүю» тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу, «Өзін-өзі тану мектеп-лицейде» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мұғалімдерге сабақ жинақтары мен әдістемелік құралдары және балалардың жұмыстары, сондай-ақ эксперименте қатысқан оқушылардың адамгершілік-рухани дамуы жағынан салыстырмалы маниторинг ұсынылды.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша семинарға қатысушыларға арналған үлестіру материалдар дайындалды.
Осы семинар «Өзін-өзі тану» пәнін еңгізу процесіне білім беру мекемелері басшыларының белсенді қатысуына мүмкіндік береді.


«Отбасылық жоба» байқауы
2009 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Балалар құқықтарын қорғау департаменті және Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп «Отбасылық жоба» байқауы қорытындыланды.
«Отбасылық жоба» байқауында облыс, қалалық, аудандық теле-радиокомпанияларының, баспа беттерінің қаламгерлері, шығармашылық ұйымдарының өкілдері, тілшілері және облыс тұрғындары да қатысты.
Байқау бес номинация бойынша өткізілді:
- «Отбасы - қоғамның жоғарғы құндылығы» – отбасы институтын нығайту бойынша, оның «өмірлік әлеуетін», тұлғаның үйлесімді жетілуіне тәрбиелік мүмкіндіктерін және рухани берекесін арттыратын ең үздік еңбегі үшін;
- «Балалар. Отбасы. Қоғам» – өскелең ұрпақ, жастарды, тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде отбасының рөлі, патриоттық және азаматтық сезім негізінде қоғамның бірігуі мен топтасуы, әлеуметтік әділдік пен адамгершілік принциптерін бекіту жайында бір топ жарияланым (радио, телебағдарлама) үшін;
- «Табыс стратегиясы» – отбасының өз-өзін ұйымдастыру және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға бағытталған ең үздік еңбегі үшін;
- «Отбасылық тәрбие мектебі» –  отбасы қарым-қатынасын нығайтуға және дамуына, жауапкершіліктің арттыруына, ата-аналардың машықтануына бағытталған ең үздік жарияланым (радио, телебағдарлама) үшін;
- «Махаббаттың жарқын бұлағы» – ұлттық дәстүрде отбасылық тәрбиелеу және отбасының адамгершілік құндылықтарын насихаттау жөнінде ең үздік жарияланымдар (радио, телебағдарлама) үшін.
Қаламгерлердің жұмыстарын облыстың Құрметті азаматтары, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың басшылары енген тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалады.
Комиссия бұқара ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды бір бөлігі ретінде өздерінің ағымды қызмет шеңберінде балалық шақ, отбасы мәселелеріне қоғамдық назарын аударып, қоғамдық өмірдің айқындалған бағыттарында әр азаматтарын тырысып-баққан күштерін біріктіре алатынын атап өтті.
Ең үздік ретінде «Алау-ТВ», «Қазақстан-Қостанай» теле-радиокомпанияларымен және «Қостанай таңы», «Костанайские новости», «Костанай» газеттерімен ұсынылған жобалар болып табылды.
Байқаудың қатысушылары мен сараптама комиссияның мүшелері балаларды қорғау жөніндегі өзекті мәселелерге арналған аталмыш  іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұруын қалады және балалық шақ игілігі үшін ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 


«Жүректен жүрекке»
Республикада бүгінгі таңдағы қоғамдық-саяси және экономикалық жағдай адамға жаңа талаптарды қояды, ұтқыр және жаңа технологиялар мен әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатын, іскерлік қабілеті болуы керек. Бүгінгі замандағы адам оқып, өздігінен дами алуы керек, тек сондай тұлға ғана көп жетістіктерге жетеді және қоғамға пайда әкеледі.
Өкінішке орай, заманауи білім ҒТР дәуірінің шарттарымен қойылған  талаптарға толықтай сай келмейді. Білім беру жүйесінің бар мақсаты оқушыларды жақсы дегенде білім алу қабілеттерімен, ал әйтпесе – тек біліммен ғана «жүктеумен» шектеліп, едәуір тарылды. Бірақ, адамгершілік бастаулары болмайынша оқушы нағыз Адам бола алмайтынын, жүрегінің, ақыл-ойының және қол бірлігін сақтай алмайтындығын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да, қоғам және мемлекет адамгершілік-рухани білімге мұқтаж.
Бала тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу – ең басты міндеттердің бірі және бұл заңды құбылыс, өйткені біздің қоғамда адамгершілік бастаулардың ролі артып келе жатыр. Адам, қоғам, мемлекет адамгершілік-рухани тәрбиеге мұқтаж.
Павлодар облысы бойынша экспериментке 1-4 сыныптан 89 оқушы, 169 ата-ана және 5 педагог қатысты.
Осы эксперименттік бағдарламаны табысты енгізу үшін мектепте барлық жағдай жасалды: тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет бағдарламасы, эксперименттік жұмыс жоспары әзірленді, Өзін-өзі тану кабинеті қажетті жабдықтармен және оқытудың техникалық құралдарымен, бүгінгі таңдағы ғылыми және әдістемелік әдебиетпен, «Ертіс» облыстық қоры сыйлаған С. А. Назарбаеваның кітапханасымен жабдықталған.
«Өзін-өзі тану» курсы экспериментке қатысушы педагогтарға тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру мәселесіне жаңаша қарауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ, оны қалай жасау керектігін көрсетті.
Сабақ барысында оқушылар өзіндік «Мен» дегеннің бар екендігін біледі, өзіне баға беріп, өзін басқа жақтан: өзінің сыртқы тұрпатын, ерекшеліктерін және мінез-құлқын, мінезінің жеке бітістерін  көруге үйренеді, жеткен жетістіктері мен табыстарын талдайды. Махаббат, мейірімділік, достық – бұл қарапайым сөздер Өзін-өзі тану сабағында жаңа, таңғажайып мәнге ие болады. Оқушылар ойын арқылы, оқығанды талқылау арқылы өмірдің күрделі ғылымына жетеді.
Сабақтарда мейірімділік, өзара қызығушылық, шынайылылық, әркімнің ой-пікірін сыйлау, ынтымақтастық атмосферасы жайлайды. Өзін-өзі тану сабағы – бұл оқушылар мен ұстаздар арасындағы ашық диалог, мұнда әлеуметтік-рольдік ойындар және тренингтер арқылы адамдық өзара қарым-қатынастың әлемі зерттеледі, күйінішіне ортақтасу және рақымшылық сезімдері дамиды.
Экспериментті жүргізу барысында «Өзін-өзі тану» мұғалімдері Е. А. Свиридова,   И. Г. Олесюк, С. А. Ольшанскаямен әдістемелік құралдар әзірленді және апробацияланды, Өзін-өзі тану сабақтарында табысты пайдаланылатын материалдар жинақталды.
Келесі жылдан бастап жалпылай енгізілетін жаңа пән туралы аздап болса естігендер: «Бұл пәннің басқалардан айырмашылығы қандай?» деген сұрақ қойған болар. «Өзін-өзі танудың» ерекшелігі – педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлығы, балалар да, ата-аналар да және ең алдымен, мұғалімдер өзін-өзі дамыту үрдісіне араласады.  Балалар мен ата-аналар үшін бірлесіп өткізілетін Махаббат сабағы үлкен энергетикалық күш береді, балаларды ата-ана тұлғасына жаңаша қаратады, ал ата-аналарға бала тұлғасын қалыптастыруда отбасылық тәрбиенің маңыздылығын еске салады.
Осындай сабақтарды мұғалімдер Е. А. Свиридова, И. Г. Олесюк әсіресе жақсы өткізеді. Олардың сабақтарында үнемі сүйіспеншілік, сенімділік және эмоционалдық қарым-қатынас атмосферасы жайлап тұрады.
Ұстаздық құрам Өзін-өзі тануды апробациялау бойынша жұмыстардың жинақталған тәжірибесімен алдағы оқу жылында барлық мектептерге Өзін-өзі пәнін енгізуге дайындалып жатқан басқа мектептердегі әріптестерімен бөліседі. Осылайша, тәжірибе алмасу шеңберінде 14 желтоқсанда  «№35 ЖОМ» ММ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е. А. Свиридова және психолог И. Н. Дьякова өткізген іс-шараның ашылуы болды.
Өзін-өзі танудың мықты педагогы деуге болатын мұғалім Е. А. Свиридова  қала мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдері үшін мастер-класс өткізді. «Жүректен жүрекке» сабағының мақсаты қарым-қатынастың жаңа түрлі амалдарын қабылдау. Сабақ өте жақсы өтті, қолданылған интерактивті әдістемелік амалдар оқудың мақсатына жетуге көмектесті.
«Оқу барысында сүйіспеншілікті неғұрлым көп беріп, көбірек сүю керектігін ұқтым...Мен балалардың не қалайтындарын, қандай қарым-қатынасты қажет ететіндерін түсіндім және осы түсінушілікті, бар ынтамды, махаббатты беруге тырысамын...» (М. С. Абдуллина).
«Мен өзін-өзі тану сабақтарын қалай өткізу керектігін... сабақта қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білдім. Мәселелі жағдаяттарды дұрыс талдауға үйрендім... Өзім топ ішінде қарым-қатынас жасауға үйрендім, өз ойымды әріптестеріме жеткізуге тырыстым.» (Г. К. Гумар).
Психолог И. Н. Дьякова өткізген тұлғалық өсу «Мен өз жұмысымды сүйемін» тренингі осы тренингкке қатысушыларға тәрбиеленушілермен эмоционалды қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру мақсатында жүргізілді, «кәсіптік сөнуден» алыстаудың әдістерін көрсетті, еш қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысына сүйіспеншілікпен қарап жалғастыру . Барлық қонақтар, оқуға тікелей қатысқандар тренингтегі өз жұмыстарына разы болды. Алғыс сөздер мен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау ниеттерін естідік.
«Ізгілік жолы – адам үшін ең оңтайлы және жалғыз жол. Ол сыннан өткен, ол дұрыс, ол пайдалы – адамға, жеке өзіне де және жалпы бүкіл қоғамға да...» Д. С. Лихачев.    


«Өзін-өзі тану»  кабинетінің  тұсаукесері» байқауының жүлдегерлерін марапаттау  туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  Білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес «Өзін-өзі тану»  кабинеттерінің  тұсаукесері» байқауы тәжірибелік алаңдарында өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі  жүлдегерлерді анықтады:
«Безендіруде жаңашылдық және шығармашылығы» номинациясында:
№20 орта мектебі:
Айыртау «Жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты».
«Әдістемелік жинақ сандықшасы» номинациясында:
№7 орта мектебі:
Облыстық  «Жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты».
«Таза бұлақ» номинациясында:
«Петушок» бөбекжай-бақшасы;
«Арман» бөбекжай-бақшасы.
Байқаудың жүлдегерлерін  марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілді.


Педагогтар  білім  беру мекемелерінде енгізілетін жаңа пәнге дайындық үстінде 
«Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді дамуы институты мен Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының біріккен жоспарына сай  адамның үйлесімді дамыту институты директорының орынбасары Сейтақов Айболат Самиғоллаұлының  «Өзін-өзі тану» пәнінен  1 апталық курсы өткізді. Қазақ тілінде өткізілген курсты мектепке дейінгі мекемелердің 40 тәрбиешісі тыңдады.  
Бұл осы жылы адамның үйлесімді дамуы институты өкілдерімен Ақтөбеде өткізіліп отырған екінші курс. Шілде айында өткізілген алдыңғы курста бастауыш   буынның  40 және орта буынның 40 мұғалімі  орыс тілінде дәріс тыңдаған болатын.
Курс тыңдаушылары  «Өзін-өзі тану» пәнінің ҚР жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен, оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, электрондық оқулықтарымен танысты. Педагогтар тренингтер мен рөлдік ойындарға қатысты.
Курс  соңында  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық және қалалық білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.
Адамның рухани –адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы  экспериментке қатысушы класс  оқушыларының, «Өзін -өзі танудың үздік кабинеті»  байқауының қорытындысын айта отырып, «Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік білім берудің қайнар көзі» буклеті мен «Өзіңді өзің танысаң...» кітапшасын көрсетті.  
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – білім беру мекемелеріндегі рухани – адамгершілік  білім берудің  рөлін көтеру.
Курстық дайындық пен дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша  педагогтар «Өзін -өзі тану» пәнін енгізудің  өзектілігі мен қажеттілігіне көз жеткізді.  Бұл пән жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін қалыптастыра отырып, этномәдени және отансүйгіштікке  тәрбиелейтін, рухани байлығын жетілдіретін  басты пәннің бірі болмақ.


2009 жылдың 3 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану алаңында  «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ерекшеліктері» атты тақырыпта облыстық оқыту семинары өткізілді. Семинар жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  мектеп психологтары, бастауыш сынып мұғалімдері, БАҚ өкілдері шақырылды.
Семинардың мақсаты: қатысушыларды өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктеріне бағдарлау.
Міндеттері:
- Өзін-өзі тану  пәнін оқыту ерекшеліктерінің теориялық негізі.
- Өзін-өзі тану сабағын оқытудағы әдіс-тәсілдерді педагогикалық  шеберханаларға қатыстыру арқылы жүзеге асыру.
- Шебер-класс  және өзін-өзі тану сабақтарының шеруі.
- Шебер-класс.М.К. Баймолданова ( мемлекеттік тілде,29 кабинет)
- Шебер-класс. Е.А.Шабанова (орыс тілінде, 32кабинет).
Семинарға  «Бөбек» ҰҒПББСО жанынан құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары А.Сейтаков қатысып «Шаттық шеңбері» шартты белгісі негізінде түсірілген бейнефильмін көрсетті.   Семинар барысында қатысушылармен  шаттық шеңбері, оқып үйренейік, дәйексөз, шығармашылық жұмыс, жағдаяттарды талдау, топпен жұмыс, ойын, сахналау, өзіммен-өзім, жүректен жүрекке, тапсырма жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушылар «Өзін-өзі тану» сабағы арқылы балалардың жан дүниесіне терең үңілуді, өзін-өзі жан-жақты зерттеуді, бағалауды үйренетінін және бір-бірімен қарым-қатынастары нығайып, ой-өрістерінің кеңейетіндіктерін және әдепті, адамгершілігі мол азамат болып өсетінін түсінді.

 


Облыстық  «Өзін -өзі танудың»  Үздік кабинеті» байқауы
Сапалы  білім алу үшін  талапқа сай  жабдықталған  кабинет үлкен роль атқарады.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен  1 айға жуық уақыт бойы  «Өзін -өзі тану» бағдарламасымен жұмыс жасайтын  эксперименттік алаңдар арасында «Үздік кабинет» байқауы  өтті.
Байқаудың қорытындысы 2009 жылдың 29- қазанында №22 «Балдырған» балабақшасының базасында ұйымдастырылды.
Байқау 2 кезеңнен  тұрды. Байқаудың сырттай кезеңіне кабинет   паспорты мен бейнематериал жіберілді; ал іштей кезеңде  кабинеттердің тұсаукесері (презентациясы)  жасалынды.    Байқауға 13 білім беру мекемесі    қатысты.   
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 2- кезеңге  7 білім беру мекемесі  өтті. Департамент  мамандары  аудандық және қалалық мектептерге арнайы барып, «Өзін -өзі тану» пәнінен сабақтарға қатынасты.
№22 «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісінің бірі Әділ Айбектің  әжесінің пікірі мынадай: «Сара Алпысқызына осындай тамаша бағдарламасы үшін алғысымды білдіремін. Сабақтың нәтижесін мен өз немеремнен көріп отырмын. Ол қайырымды, қамқор, сыпайы. «Өзін -өзі тану» пәнінен дәріс беретін тәрбиешінің де еңбегі өте көп».
Сонымен қатар аудан әкімінің қолдау көрсетуімен жабдықталған Темір ауданындағы 2  мектептің (Шұбарқұдық гимназиясы, Шұбарши ОМ) материалдық базасының  күшті екендігін атап өтуге болады. Кабинеттер әр оқушыға арналған жеке парталармен, жұмсақ жиһазбен, үй кинотеатрымен, интерактивті тақтамен, бейнекамерамен, фотоаппаратпен және т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Байқаудың қорытындысы бойынша Шұбарқұдық гимназиясы  І дәрежелі дипломмен, облыстық Алға балалар үйі ІІ дәрежелі, №22 «Балдырған» балабақшасы  ІІІ дәрежелі дипломдардармен  марапатталып, «Ең таңдаулы тұсаукесер», «Тамаша безендірілген кабинет», «Тамаша жабдықталған кабинет» және «Біз бірге мықтымыз» атақтары бойынша  жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды. 

 


Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  Облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтымен бірлесіп  2009 жылдың 29 қазанында Тараз қаласының Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ-классикалық мектеп-гимназиясының кешенінде  «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогика-психологиялық ықпалы» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарына арналған семинар ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы енгізілген эксперименталды алаңдардың оқытушылар мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.
Семинар барысында көрме, ақпараттық сессия, ашық сабақтар психологиялық тренингтер және экспериментке қатысу оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 


«Мектеп – біздің үйіміз»

«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі»
Ш. Амонашвили
Ағымдағы жылдың 21 – 29 қазанында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай қаласының № 3 орта мектебі базасында бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары арасында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Туған жер – тұғырың» өлең сайысы, «Ән – көңілдің ажары» дәстүрлі фестиваль, «Екі жұлдыз» музыкалық сайыс өткізілді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты мектеп оқушыларының адамгершілік-рухани, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, балалардың әсемдік сезімдерін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқушыларды ұлттық өлең-жыр мәдениетіне бейімдеу болып табылады. «Балалардың күлімдеген жүздерін көру  қандай керемет! – дейді өзінің баяндамасында мектеп директоры С.С. Шәріпова – балалар өздерінің шеберліктерін көрсетті, жағымды сезімдерден әсер алды. Балалардың бос уақыттарын үнемі толықтыру, осында жағдайлар балаларды қолайлы тәрбие ортасымен қамтамасыз етеді, мол жағымды сезімдер әр балаға сергектік пен күш-жігер береді. Балаларды мейірімділікке, жомарттыққа, өзіне деген сенімділікке, қоршаған ортадан ләззат ала білуге тәрбиелеу өте  маңызды. Бұл балаларды алдағы өмірге, оның нормалары мен талаптарына, өмірге нық көзқарасқа, ұжымдылыққа, біздің жерімізді одан да әрі көркейтуге талпынуға дайындайды».


«Өзін-өзі тану» пәнін экспериментке жаппай енгізу »тақырыбында өткізілген семинар туралы
2009 жылдың 26 қазан айында Астана қаласының №22 мектеп гимназиясында, Адамның үйлесімді даму институтымен бірлесіп «Өзін-өзі тану» пәнін экспериментке жаппай енгізу тақырыбында республикалық семинар аталынып өтті.
Аталған семинардың мақсаты: мектепке дейінгі білім мекемелері, орта білім мекемелері және педагогикалық мамандығына білім алып жүрген студенттерге арналған «Өзін-өзі» пәнінің жаңа әдістемелік оқу құралдарымен таныстыру .
Семинарға Адамның үйлесімді даму институтының ғылыми жетекші қызметкерлері мен институт директоры Л.А..Сайынова қатысты.
Семинардың мақсаты: Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпыбілім беру мектептері және балалар үйіне арналған жаңа әдістемелік оқу құралдарымен таныстыру.
Балалар құқықтарын қорғау департаменті қала мектептерінің, бала бақшалардың, Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтынан, Астана қаласының Балалар үйінен, Гуманитарлық колледжінен 150 педагогтардың семинарға қатысуын ұйымдастырды.
Астана қаласының Білім басқармасының бастығы Ә.Т.Бимендина семинарға қатысушы педагогтарға өзінің құттықтау сөзін арнады.
Адамның үйлесімді даму институтының директоры Л.А.Сайынова өзінің сөйлеген сөзінде «Өзін-өзі тану» пәні адамның адамгершілік -рухы мен жеке басының дамуында маңызды рол атқаратынын және жақсылық пен шексіз сүюге үйрететінін атап өтті. Өзінің мұғалімдік тәжірибиесінде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығы және қажеттілігін ескере отырып, «Өзін-өзі тану» пәні курстарын барлық білім мекемелеріне енгізу керек екеніне тоқталды.
Семинардың екінші кезеңінде педагогтар 4 топқа бөлінді.
-орыс тіліндегі бастауыш сыныптардың мұғалімдері.
-қазақ тіліндегі бастауыш сыныптардың мұғалімдері.
-Гуманитарлық колледж және Балалар үйі педагогтары.
-бала бақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері.
Институттың ғылыми жетекші мамандары А.С.Сейтақов,Т.К.Кудашева, М.Ж.Джадрина, И.В.Колачева, Т.К.Лукашева «Өзін-өзі» пәні бойынша семинарға қатысушы мұғалімдерге арнайы әдістемелік оқу құралдар жинағының оқулығы және Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған дәптерлер мен электронды оқулықтар ұсынды.
Семинар соңында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х.Қошқарова Адамның үйлесімді даму институты қызметкерлерін қала педагогтарын оқулықтардың авторларымен жақын таныстырғаны үшін алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.


№1 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта "Өзін өзі тану" пәнін жалпы білім беру ұйымдарына енгізуге әзірлік барысында ашық есік күні өткізілді.
«Өзін өзі тану» бағдарламасын білім беру ұйымдарында жаппай енгізу алдында департаментте оған әзірлік жүргізу мақсатында бірнеше іс-шаралар жоспарланған болатын. Соның бірі ретінде 22 қазанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатында «Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Бұл іс-шара «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасын тәжірибеден өткізу жұмыстарына тартылмаған, бірақ «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан, республикалық және облыстық білім жетілдіру институттарынан қайта даярлық курстарынан өткен мұғалімдер үшін облыстық білім беру басқармасы мен мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының ықпалымен ұйымдастырылды. Ашық есік күнін Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А.Абанин және облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директоры Б.Елеусінов ашып берді. 2005 жылдан бері «Өзін өзі тану» тәжірибе алаңында жұмыс жасайтын мектеп-интернат мұғалімдерінің шығармашылық есебі болып табылатын бұл іс-шарада, сонымен қатар бағдарламаға сәйкес тәжірибелі ұстаздардың ашық сабақтары, сыныптан тыс жұмыстары және интернат тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы көрсетілді. Облыстың барлық аудандарынан келген 60-тан астам мұғалімдер іс-шара барысында «Өзін өзі тану» пәнін оқыту тәжірибесіне қанығуға, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты әдіскерлерінің пәннің оқытылуына талдау жүргізу және әдістемелік көмек беру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Кездесуді облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің мамандары З.Матжанова және З.Ерназарова қорытындылады. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің қызметкерлері қатысушыларға «Өзін өзі тану» кабинеттерін жабдықтауға байланысты ұсынымдамалар, мультипликациялық фильмдер, сондай-ақ әдістемелік кітаптар мен материалдар таратты. Іс-шара соңында «Өзін өзі тану» пәнін тәжірибеден өткізуге жауапты мекемелер облыстың барлық тәжірибе алаңдарындағы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді жинақтауға және насихаттауға қатысты нұсқаулар алды. Әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, іс-шара туралы материалдар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 


«Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенінің  тұсаукесері өткені туралы
2009 жылғы 26 қазанда  Астана қаласының № 22  орта мектебінде  ҰҒПББСО «Бөбек» Адамның үйлесімдігін дамыту иниституты ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенінің  тұсаукесері өткізілді.  
Осы іс-шараға Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана  қаласының  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу және апробоциялау жөніндегі «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар қатысты.  (128 адам).
Сондай-ақ тұсаукесерге  Білім басқармалары, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Өзін-өзі тану» пәнін  бағыттайтын мамандары  қатысты.


«Өзін-өзі тану- адамгершілік-рухани тәрбиелеу пәні ретінде: тәжірибе және перспективалар» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция туралы
2009 жылы 22-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында «Өзін-өзі тану - адамгершілік-рухани тәрбиелеу пәні ретінде: тәжірибелер және перспективалар» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Осы конференция облыстағы тәжірибелік жұмыстарды жинақтаудың бірінші кезеңі болып отыр. Соңғы жылдарда  тәжірибеге қатысушылар көп жұмыс атқарды. Қызығушылық білдірген ұйымдар мен ведомстволар арасында шығармашылық тығыз байланыс орнатылып,  материалдық-техникалық база құралып, облыстық білім басқармасының қолдауымен  оқу-әдістемелік ұйымның  жұмысы реттеліп, ата-аналар үшін дәріс өткізілетін үйлер мен мектептер ашылды. Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен «Жүректердің үндестігі» клубы жұмыс  істеп, тәрбиелік жұмысының бірқатар түрлерінің жүйесі келтірілген. 
Конференцияның қатысушылары бірінші күні Көкшетау қаласының Ғабдуллин атындағы №3 ОМ, «Экос» №13 ЭГМ, «Әсел» №15 м/б, Гагарин ат.№33 м/б, «Аққу» м/б, «Арман» м/б тәжірибелік алаңдарына барып шықты. Ашық сабақтар, секциялық оқу, психологиялық тренингтер, қуаныш топтары, педагогикалық шеберханалар, тұсаукесерлер өткізіліп, шығармашылық және әдістемелік көрмелер ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Біліктілікті арттыру мен білім қызметкерлерін қайта даярлау институтының базасында болған пленарлық отырысын Балалардың құқықтарын қорғау  департаментінің директор орынбасары Б.С. Садвақасовтың құттықтау сөзімен басталды. Ол  сөзінде білім беру саласындағы нәтижелік,  ең бірінші, өзіндік тану педагогикалық кәсіптілік деңгейіне байланысты, сондықтан  балаларға  жолдас, тәлімгер және ұстаз болатындай  педагогикалық кадрлерді дайындау мен қайта даярлау міндеттерінің маңыздылығына  назар аудару қажеттілігі жайында айтты.
Қазақша және орысша оқытатын мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция жұмысына ұстаздар белсене қатысты. 
Осы конференцияға Ақмола облысының 100 аса тәрбиешілері мен ұстаздары қатысты.
Бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы педагогикалық қоғамдастықтың  біріңғай ақпараттық және рухани өрісіне сіңген, бәріне ортақ іс болып табылады.


Павлодар облысы бойынша "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және cayықтыpy орталығы жанындағы (ҰFПББСО) «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің оқушылар пікірі
Маған «Бөбек» орталығы бір көргеннен ұнады. Мен орталықты көз алдыма елестеткеннен де керемет болып шықты. Колледж, мұғалімдер бәрі-бәрі сондай керемет, бізді жылы-жүзбен, мейірммен қарсы алды. Менің өмірім өзгерді, басқа орта, басқа қала. Мен Алматы қаласындағы «Өзін-өзі тану» колледжіне оқуға түскеніме өте бақыттымын. Маған колледжде, мұғалімдерде ұнайды және біз тұратын жатақхана өте керемет. Бізге осындай жақсылық жасап отырған Сара Алпысқызына шексіз ризашылығымызды білдіріп, мың да бір алғыс айтамыз. Мен мұндай жақсылықтарды ешқашан ұмытпаймын.    
Қайырғожина Рәзия Ерболатқызы


2009 жылдың 7 қазанында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану – адамгершілік тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің эксперименттік алаңында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отырыстың мақсаты 2008-2009 оқу жылындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша атқарған жұмыстардың қорытындысын шығару, өзара тәжиірибе алмасу және эксперимент барысында туындаған қиындықтарды талқылау. Дөңгелек үстел отырысына эксперименттік алаңдар басшылары, оқытушылар мен тәрбиешілер, аудандық, қалалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында 6 эксперименттік алаң, яғни Талдықорған қаласында орналасқан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, №14 орта мектеп-гимназиясының, №42 және №45 балабақшаларының, Қарасай ауданындағы Абай атындағы мектеп пен «Сандуғаш» балабақшасының оқытушылары, мұғалімдері мен тәрбиешілері жылдық қорытынды шығармашылық есептерін жасады. Әр алаңның педагогтары мен тәрбиешілері «Өзін-өзі тану» курсы бойынша өздерінің жеткен жетістіктерін, жұмыстағы ерекшеліктерін, өзіндік әдіс-тәсілдерін атап өтіп, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» бағытында жұмыс жасайтын педагогтар мен тәрбиешілер «Өзін-өзі тану» пәнін балабақшадан мектепке, мектептен жоғары оқу орнына сабақтастыру адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыған, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде үлкен үлес қосатынына кәміл сенімді. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру мен жеткіншектер бойына ізгі қасиеттерді дамыту, өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында атқарып отырған еңбектері үшін бірнеше педагогқа Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  алғыс хаттары берілді.

 


Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесіне арналған VII балалар спорты ойындары аяқталды...
2009 жылы 2-4 қазан аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесі үшін 7-ші «Сәулетай» балалардың спорт ойындары өтті. Бірінші облыстық балалар спорт ойындарын салауатты өмір салтын насихаттау және қызығушылықтарын ояту, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2001 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымының бастамасымен құрылған «Бөбек» қоры ұйымдастырған.  
Дәстүрге айналған ойындар «Сәулетай» қорының атын лайықты ұстап келеді және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жалпы білім беру мектептерінде бұқаралық спортты дамыту, оқушыларды әрдайым спортпен шұғылдануға тарту, жасөспірімдермен балалар арасында нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында өткізіледі.
Аталған жарысқа Шығыс Қазақстан облысының 5 қаласынан және 14 ауданнан 1995-1996 жылы туған жас спортшылар қатысты. Әр команда құрамы 37 адам. Барлығы 700 ұлдар мен қыздар қатысты ойындар спорттың 7 түрі бойынша өтті: жазғы Президенттік көпсайыс (қыздар – 60 м жүгіру, 1000 м, доп лақтыру; ұлдар – 60 м жүгіру 2000 м, доп лақтыру), шағын футбол, волейбол, қазақ қүресі, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тарту.
Салтанатты ашылу спорт Сарайында өтті. Жарыстың қатысушылары мен қонақтарын облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы құттықтады. Үшкүндік сайыс жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады. Олардың бәрі естелік медальдарымен, диплом және кубоктармен марапатталды.


Экспериментатор – педагогтар  тәжірибелерімен  бөліседі
Актөбе облысының «өзін - өзі танушылар»   әдеттегідей «Жүректер үндестігі» клубының кезекті отырысында  кездесті. Мұғалімдерді педагогикалық институт  оқытушылары құшақ жая қарсы алды.
Күн тәртібінде әртүрлі мәселелер қаралды. «Трибуна»  тренингі барысында әр мұғалім өзіне - өзі тұсаукесер жасау арқылы  «Өзін -өзі тану» пәнінің мұғалімі ретінде өздерінің жетістіктері мен пәнді оқытудағы кездесетін қиыншылықтарын да айтып өтті.
«Өзін -өзі танушылар» «Бөбек» орталығының жанынан адамды үйлесімді дамыту кешенінің ашылғанына  қуана отырып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Білім министрі тарапынан  көтерілген  бала тәрбиесіндегі ата –ананың ролін арттыру мәселесі бойынша  ой бөлісті. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының  аға оқытушысы А.Айпеисованың өз іс - тәжірибесімен бөлісуі клуб мүшелерін  жігерлендіре түсті.
Шұбарқұдық гимназиясының «өзін-өзі танушы» ұстазы Ш.Мәуленбергенованың «Менің ұстаздарым» тақырыбында өткізген панорамалық сабағы  клуб мүшелерінің қызығушылығын тудырды.
Клуб отырысында 13 білім беру  мекемесі қатынасқан «Үздік «Өзін -өзі тану» кабинеті» байқауынының сырттай кезеңінің қорытындысы шығарылды. Клуб мүшелері өздерінің  осындай отырыстардан үлкен күш