Балалықтың бал шағы
2010 жылғы 2 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Балалықтың бал шағы» атты мерекелік шара өткізілді.
Шара жұмысына облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, «Жас дәурен» балалар кешенінің тәрбиеленушілері және осы шағын ауданының аула Клубының балалары қатысты. Барлығы: 55 бала.
Шараның мақсаттары мен міндеттері:
- адамгершілік-рухани құндылықтар өлшемі: достық, ар, сенім сияқты қасиеттерді қалыптастыру;
- тұлғаның интеллектуальды әлуетін дамыту;
- көңіл-күй мен мінезді қалыпты ұстауға үйрету.
Шара барысында құыршақ театрының «Буратино» спектаклінің қойылымы тамашаланып, «Кітап және компьютер» танымдық викториналар ойналып, «Барлық бала бақыт үшін жаралған» атты кітап көрмесі ұсынылды. Шараның аяқталу сәтінде балалар адалдық, әділдік, сыйластық туралы ойларын ортаға салды.
Аула Клубы балаларының «Әрқашан күн сөнбесін!» атты концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Баспананың болуы – береке болуының үміті
Тұрғын үй бүгінгі күні балалар үйлерін түлектері үшін ең маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Балаларға мемлекеттік тұрғын үй қорынаң уақытында кезекке тұруға көмектесу - Екібастұз қаласының «Үміт» балалар үйі ұжымының басты міндеттерінің бірі болып табылады. Өзінің кезекте тұрғындығына көзі жеткен баланың болашақта пәтер алуға мүмкіндігі болады, ол көркее түседі, өзіне және мемлекеттің оны қамқорлығына алғандығына сенімді бола түседі.
Балалар үйінде 109 бала тәрбиеленеді, олардың 69 балалар үйінде, 40 Жасөспірімдер үйінде тұрады. Тәрбиенушілердің қатарында 28 жетім бала, 81 ата-анасының қамқорлығынсыз калған балалар бар.
13 балада бекітілген үйлері бар, қалған 96 бала мемлекет қорынан тұрғын үй алу кезегіне қойылды. 2009 жылғы тамыз айында Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды кезекке қоюына мүмкіндік берді.
Соңғы тоғыз жыл ішінде Екібастұз қаласының әкімдігімен балалар үйлерінің түлектеріне 30 пәтер бөлінді. 2009 жылы 5 түлек жаңа салынған үйдегі пәтерлерге ие болды. Қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімнің қызметкерлері балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мұкият қарайды. Пәтер бөлу кезінде түлек қай жерде болмасын: әлде облыстың немесе республиканың басқа аймағында уақытша тұрып жатса да, әлде оқып немесе әскер қатарында жүрсе де бөлінген баспана өз иесіне қалдырылады.
Өкінішке орай, балалар үйлері бітірушілерінің тұрғын үй мәселелерін шешу үшін ұзақ уақыт керек. Балалар үйлерінен шыққаннан кейін балалардың 23 жасқа дейін Жасөспірімдер үйлерінде тұру мүмкіндіктері бар. Бірақ көрсетілген жасқа жеткеннен кейін көбісі тұрғын үй мәселелерін өздігінен шешеді: пәтер жалдайды, бұрын олардың өмірлеріне қатынаспаған туыстарының үйлеріне тұруға сұранады.
Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы заңнамалық-нормативтік актілерді қайта қарау кезінде балалар үйлерінің тәрбиенушілерін тұрғын үймен кепілді қамтамасыз етуі тиімді шешім табылады деп үміттенеміз
2009 жылы жаңа үйде балалар үйлерін бітірушілерінің Наташа Шалимова мен Светлана Таранованың отбасылары пәтер алды.
Әбдірахманова Н.А. - Екібастұз қаласының
«Үміт» балалар үйінің директоры
Конвенцияға сәйкес
Батыс Қазақстан облысында Халықаралық балалар күніне арналған бірқатар іс-шаралар өткізіледі. БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастауымен «Балалық шақ игілігі үшін» атты акция ұйымдастырылды. Осы акцияның іргетасы Орал қаласының № 4 мектепке дейін мекемесінде қаланған.
20 мамырда «Балалық шақтың сиқырлы елі» атты тақырыбында «Радуга» атты бейнестудия қатысушыларының кездесуі өтті. Кездесудің негізгі мақсаты БҰҰ-ның Конвенциясында (31 бап) бекітілген балалық шақ құқығының қамтамасыз етуінің мәселесіне назар аудару.
Жас суретшілер – балалар үйлерінің және Орал қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиеленушілері – ұстаздарымен бірге көркем және саз әлеміне саяхат жасады. Кездесудің бағдарламасына «Саздың суретін саламыз» атты ойынға қатысу, «Балалық шақ елі – сиқырлы ел» тақырыпты жаттығу өткізу, «Балалар мен қыздар елінде» атты жылжымалы суреттер көрмесін құру және мерекелік концертті бағдарламасы кіреді. Осы бағдарлама балалардың өз адмагершілік-ріхани мүмкіндіктерін түсінуіне, шығармашылық әлеуетін дамытуына бағытталған. Көңілді шаралардан кейін балаларға дәмді дастархан жайылды. Департамент ұжымының атынан балаларға сыйлықтар және құттықтау хаттар берілді.
Әр түрлі білім мекемелерінен келген балалардың бейне студиясында болған қарым-қатынасы жақсы жағынан табылды.

«Балалар шығармашылығы» қайырымдылық марафоны
27 мамырда Өскемен қаласындағы «Место» отбасылық демалыс Орталығында, облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың бастамасымен өтіп жатқан «Мейірім» акциясы аясында «Балалар шығармашылығы» атты қайырымдылық марафоны өтті.
Марафонның негізгі шаралары қайырымдылық концертін өткізу, облыстық басқармалар мен қаланың ірі кәсіпорындарының қызметкерлері арасында қайырымдылық билеттерінің ұтысын ұйымдастыру (ұтыс ретінде – жетім балалардың концерттік нөмірлері мен Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғысы) және балалардың қолдан жасалған бұйымдарын сату бойынша аукцион өткізу болды.
Кіре берісте балалар үйлері тәрбиелен ушілерінің шығармашылық жұмыстарының көрмесі жұмыс істеді және марафонға қатысушы кез-келген адамның оларды сатып алуға және сол арқылы қайырымдылық ісіне өз үлесін қосуға мүмкіндігі болды.
Концертке облыстың балалар үйлері мен интарнаттарының тәрбиеленушілері қатысты. Әдемі сахналық киімдер, кәсіби концерттік нөмірлер, балалардың албырттықпен ән салуы – осылардың барлығы көрермендерді немқұрайлы қалдырмады, олар өнер көрсеткен әр балаға белсенді түрде қол соғып отырды.
«Балалар шығармашылығы» марафонын өткізу кезінде жиналған барлық қаржы - 301 мың теңге «Келісім және жасампаздық қоры» қоғамдық қорының қайырымдылық шотына аударылады және тек интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп жатқан балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталатын болады.
1 маусым – халықаралық балаларды қорғау күні «Мейірім» қайырымдылық акциясының қорытындысы шығарылатын болады.

Спортпен шұғылдансақ – деніміз сау өсеміз!
1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ игілігі үшін» атты акцияның шеңберінде 2010 жылдың 26 мамырында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Спортпен шұғылдансақ – деніміз сау өсеміз!» тақырыпты шара ұйымдастырды. Осы шараға облыстық мамандандырылған «Мейірім» бөбектер үйінің және Орал қаласының № 26 мектепке дейінгі ұйымының тәрбиеленушілері қатысты.
Кездесудің мақсаты - балалардың өз денсаулығын сақтауына ықпал ету, олардын спортқа және үйлесімді дамуына қызығушылығын арттыру.
Көркем билері, ертегілердің сүйікті кейіпкерлерімен кездесуі, өлеңдерді оқу және орындау кіретін «Мен және сен – балалық шақ» атты концерттік бағдарлама осы шарада орын алды. Содан соң балалар «Успех» атты спорттық клубының жаттығуына қатысты. Жаттығудан кейін балаларға фитошай беріліп, сүйікті мультфильмдер көрсетілді.
Балалармен қатар мерекелік шараға педагогтар, медицина және мемлекеттік қызметкерлер қатысып, балалық шақтың денсаулық сақтау және толық даму құқығын іске асыру мәселесінің келешегін талқылады.
Кездесу сонында балалар ұжымдарының өкілдеріне құттықтау хаттар мен сыйлықтар берілді.

Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Баланы әлеуметтік ортаның кері ықпалынан қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңының 36 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар баланы оның денсаулығына, имандылық жағынан және рухани дамуына зиян келтіретін әлеуметтік ортаның, ақпараттың, насихат пен үгіттің теріс ықпалынан қорғауға міндетті.
Осы орайда үстіміздігі жылдың 22 мамырында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Баланы әлеуметтік ортаның кері ықпалынан қорғау» тақырыбында «дөңгелек үстел» отырысы болып өтті.
«Дөңгелек үстел» отырысына Жамбыл облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы М.Керімбеков, бас маман Т.Төлегенов, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Ратаева, социолог-аналитик Ж.Т.Есеналиева және учаскелік инспектор М.С.Мырзабеков қатысты.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы Керімбеков Мұхтар Амангелдіұлы балалар үйінің тәрбиеленушілерін бала қауіпсіздігінің стратегиясымен таныстырып өтті.
Учаскелік инспектор Мырзабеков Мақсат Сағымбекұлы балаларға және жанұяға қарсы бағытталған қылмыстардың алдын алу мәселелеріне тоқталды.
Осы мәселе төңірегінде балалар үйі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ратаева Гүлжан Сәмбетбайқызы мен социолог-аналитик Есеналиева Жеңіскүл Тілепбергенқызы өз ойларын ортаға салды.
Балалар үйінің педагогтарына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің дайындаған «Балаларды қатыгездікпен қараудан және сексуалдық пайдаланудан қорғау» тақырыбындағы әдістемелік құралы таратылды.
Шығыс Қазақстан облысында «Мейірім» қайырымдылық марафоны өтуде
Қоғамның назарын жетімдік мәселесіне аудару, жақындарына көмек беру, рақымдылық, қайырымдылық рухы арқылы тұрғындардың азаматтық ынта-ықыласын арттыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысында 1-мамыр мен 1-маусым аралығында Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қатысуымен «Мейірім» қайырымдылық марафоны өткізілуде.
Қайырымдылық концерттер, конкурстар, облыстың басқармалары және ірі кәсіпорындары қызметкерлерінің арасында ұтыс билеттерін ойнату (ұтыс ретінде – жетім балалардың концерттік нөмірлері және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғысы) және «Балалар шығармашылығы» қайырымдылық марафонын өткізу марафонның негізгі іс-шаралары болып табылады.
«Мейірім» қайырымдылық марафоны үш кезеңде өтеді:
1 кезең: 19-мамырда Шығыс Қазақстан облыстық балет мектебінің қайырымдылық концерті өтті. Концертке көрермендер көп жиналды, залда облыс әкімінің орынбасары Т.Т. Түсіпбеков, облыс пен қала әкімдігінің өкілдері, жалпы білім беру мектептерінің оқушылары, көпшілік қауым қатысты.
«Королевские пингвины» биін орындаған Шығыс Қазақстан облыстық балет мектебінің 1-сыныбының тәрбиеленушілері – Камилла Смағұлова, Дильназ Бақтиярова, Виолетта Костенко, Диляра Мұхамадиева осы арқылы жетім балаларға олардың да би үйрене алулары үшін, өздері сияқты шығармашылық тұрғыдан дамуы үшін және де ата-ана, отбасы тауып, барлық армандарының орындалуы үшін көмектескілері келеді.
Қайырымдылық концерті екі бөлімнен тұрды: біріншісінде Шығыс Қазақстан облысының балет мектебі туралы фильм көрсетілді, және де түрлі би композициялары. Екінші бөлімінде қазақ халқының қалыптасуы, дамуы, еліміздің тәуелсіздігінің орнығуына, Қазақстан Республикасы Туының қабылдануына арналған «Отанның шуағы» балеті көрсетілді. Барлығы қайырымдылық концертіне қатысушылармен 130 мың теңге жиналды.
2 кезең: 22-мамырда – облыстың барлық жалпы білім беру мектептерінде қайырымдылық концерттер, конкурстар өтті.
3 кезең: 28-мамырда – облыс, қалалар мен аудан орталықтарында қорытынды қайырымдылық концерттері өткізіледі.
Барлық жиналған қаржы «Келісім және жасампаздық қоры» қоғамдық қорының қайырымдылық есепшотына аударылып, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталатын болады.

Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Жас дәурен» балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Ассоциациясымен және «Қазақстан студенттер альянсы» (АСКерлер) жастар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп Мичурино ауылында орналасқан отбасы үлгісіндегі облыстық балалар үйінде Отбасы мерекесін өткізді.
Балалар үйі директорының орынбасары М.Т. Қазбаева мерекені ашты және оны ұйымдастырушыларымен таныстырды. Департамент өкілдері Р.Қ. Қанжығалина, А.Ю. Мержоев, «Жас дәурен» Ассоциация көшбасшылары және «Қазақстан студенттер альянсы» ЖҚБ балаларды мерекемен құттықтады.
«Жас дәурен» Ассоциация көшбасшылары Михайлов Дамир мен Бондаренко Женя Ассоциация жүргізген жұмыс туралы, «ШИДС» КВН командасының (жетім балаларға арналған мектеп интернат тәрбиеленушілерінен құралған) жетістіктері туралы айтып берді.
Студенттер балаларға «Денсаулық марафоны» конкурстық-көңіл көтеретін бағдарламаны көрсетті, жас дәурендіктер «Менің отбасым» суреттер конкурсын өткізді.
Мәжіліс залында АСКерлер барлығын жинап, денсаулық марафонын ашты. Үлкен балалар өз отбасыларында ережелермен танысып, команданың презентациясына дайындалып жатқанда, кіші балалар – суреттер конкурсына қатысты.
Команданы презентациялау кезінде мәжіліс залында суреттер конкурсының жеңімпаздары департаменттен және «Жас дәурен» Ассоциациясынан құнды сыйлықтар алды. Балдырғандар – ойыншықтар мен фломастерлер, қыздар – әдемі шашқыстырғыштар, сыйлықтарды барлық конкурс қатысушылар алды.
Түскі астан кейін команданы біріктіруге арналған ойындар, тренингтер мен релаксация өткізілді. Марафон САЛЮТПЕН аяқталды.
Төрт балалар үйінде өткізілген марафондар секілді балалар жаңа достарымен қоштасқылары келмеді.

Көркем-өнерпаздық байқауы
2010 жылғы 18 мамырда қалалық Оқушылар сарайында Ұлы Жеңіс күнінің 65-жылдық мерейтойына арналған облыстық директорлар Кеңесінің мүшелері мен интернаттық ұйымдардың педагогикалық қызметкерлерінің арасында «Көркем-өнерпаздық байқауы» өткізілді.
Байқаудың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарының ұжымдары және әр орындаушылар арасындағы орындаушылық шеберлікті көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту және қатысушылардың өзара тәжірибе алмасуына, талант иелерінің өз өнерін халық арасында насихаттауға, танытуға көмектесу.
Байқауға облыстық Алға балалар үйі мен 10 мектеп-интернатының ұжымы қатысты.
Қатысушылар өз орындауларында Жеңіс күніне арналған патриоттық өлеңдер айтып, би тілімен театралды көрініс көрсету арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерімен тамсандырды.
Байқау қатысушылары мадақтамалармен және сыйлықтармен марапатталды. Байқау жеңімпазы атағына облыстық Алға балалар үйі ие болса, 2-ші орынды Тамды көмекші мектеп-интернаты алды. 3-ші орынды М.Құсаинов атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының ұжымы жеңіп алды.

Солтүстік Қазақстан облысында 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналып өткізілген іс-шаралары туралы
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес, 2010 жылғы 14 мамырда 15 -Халықаралық отбасы күні шеңберінде ОБЖШО-да қаламыздың көп балалы отбасы және «Мейірімділік әлемі – Мир добра» асырап алушы ата-аналар клубының мүшелері, «Эра милосердия» ҚБ мүшелері үшін қайырымдылық концерті өткізілді. Барлығы – 200 адамға жуық.
14 мамырда «Мейірімділік әлемі – Мир добра» асырап алушы ата-аналар клубының отырысы өтті. Отырысқа асырап алушы ата-аналар клубының мүшелері қатысты. Клубтың мүшелері «Қазақстан Республикасындағы аналық мәселелері ережесін, патронат: келелі және болашағы, кеңесі» мәселелерін қарады. Клубтың мүшелеріне департаменттің атынан 15 мамыр - Халықаралық отбасы күніне арнап сыйлықтар тапсырылды.
Халықаралық отбасы күні қарсаңында «Отбасы парызы» отбасы тәрбиесінің бағдарламалары байқауының қорытындысы шығарылды.
Байқаудың мақсаты: отбасылық тәрбиелеудің үздік тәжірибесін анықтау, тарату және насихаттау, балалар және жасөспірімдердің мәдениетін жоғарылату, рухани тәрбиенің дамуы, дарынды, шығармашылық деңгейде қызмет атқаратын тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларын және жоғары кәсіби деңгейі бар мұғалімдерді анықтау, отбасылық тәрбиелеудің маңыздылығына қоғамның назарын аудару, отбасылық тәрбиелеу ісінде халықтардың адамгершілік, мәдени дәстүрлерді сақтау және көбейту.
Байқауға білім беру мекемелерінің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары және сынып жетекшілері қатысты. Байқауға 37 бағдарлама түсті, оның ішінде 34-і облыстың 8 ауданынан.
Байқау жеңімпаздарының жұмыстары Департаменттің веб-сайтында жарияланады.
ЕС 164/6 мекемесінде департаменттің мамандары «Мен және отбасым: құқықтар және міндеттер» тақырыбында практикалық сабақ өткізді. Ата-аналар кеңесінің мүшелері, департаменттің еріктілері шараға қатысты.
Облысымыздың интернаттық мекемелердің жұмыс жоспарына сәйкес әр түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілді. Мысалы:
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты Халықаралық отбасы күнінде «Мен және отбасы», «Отбасының құндылықтары» тақырыбында өзін-өзі тану сабағы өткізілді. Интернат мамандарынан сөз алынған мәліметтер бойынша қабырға газеті шықты. Барлық отбасыларында жақсы отбасын құрған мектеп-интернатының түлектерімен кездесу өткізілді. Бұл күні әр түрлі мекемелерден қорғаншылары келді.
Ғ.Мүсірепов атындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл түзету мектеп-интернатында Халықаралық отбасы күнің мерекелеу шеңберінде «Туған ошағымның жылуы» әңгімелер және тәрбие сағаттары өткізілді. Сондай-ақ «Біздің мектебіміз – туған үйім» тақырыптық кеш өткізілді.
Айыртау ауданының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Әр отбасының балалары тәрбиеленушілерімен бірлесе тұсаукесерімен шықты. Балалар берілген іс-шарада интернаттығы өздері тұрып жатқан отбасының атауын ойлап тапты, жәнеде ұранын, гимн, және эмблемасын. Балалар өздерінің жетістіктері туралы және отбасындағы жұмыстар туралы слайдтың көмегі арқылы тақпақ түрінде әр отбасының мүшелері туралы айтты.
Істелінген жұмыстар бойынша ақпарат департаменттің веб-сайтында орналастырылған.
Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен «Сәлем» балалардың бос уақыт өткізу клубында мүмкіндіктері шектеулі 25 бала үшін ойын сабақтары өтеді. Ү.ж. сәуірден бастап қаладағы екі түзету мектептерінің екі тәрбиеленушісі айына екі рет «Театр студиясына», «Шебер қол» үйірмесіне, «Көңілді ілмек» тоқу курстарына барады.
«Театр студиясына» жанында балалар мен жасөспірімдерге арналған театрлық топтар қызмет жасайды, үйірменің жетекшісі Л.Б. Ворошко балаларды актерлік шеберлік өнерімен таныстырады және зейінді шоғырландыру, өз көңіл-күйін қалыпта ұстау, дене мен сөзді басқару, бейнелеуді игеру сияқты қажет дағдыларға, балалар ұжымында қарым-қатынас жасауға жаттықтырады.
Оқу бағдарламасы мыналардан құралады:
- зейін мен қиялды дамыту;
- сахналық тіл және дауыс;
- пластикалық еркіндік;
- актерлік шеберлік;
- тәжірибе.
Н.Н. Станевич жетекшісі болып табылатын «Шебер қол» үйірмесіне 1-3 сынып оқушылары қатысады. Балалар бұл жерде сәндік-қолданбалы шығармашылықтың әр түрімен шұғылданады. Бұл айналысатын істері оқушылардың бос уақытын қызықты, әрі өзі үшін және қоршаған адамдары үшін пайдалы болатындай етіп ұйымдастыруға, бос уақытын өткізуге, сондай-ақ өзара қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Осы істермен шұғылданатын балалардың талабы өз күштеріне сенуге көмек береді, олар сенімсіздік тосқауылынан өтеді, жаңа жұмыс түрі алдындағы ұяңдықтарын жояды.
Оқу бағдарламасы мыналардан құралады:
- көркемдік қабылдауды, бақылағыштықты дамыту;
- қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
- тіл дамыту;
шығармашылық қиял, фантазияны, көркемдік ойлау негіздерін, көркемдік-шығармашылық және танымдық қабілеттерді дамытуға көмектесу.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «КZ» қоғамдық қорымен бірлесе отырып «Мен жалғыз емеспін!» атты ұзақ мерзімді қайырымдылық акциясының басталуын жариялайды. Бұл жобаны үйлестіруші Департамент болып табылады.
Қайырымдылық акциясы 2010 жылы 5 мамырда басталды және «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Казақстан Республикасының Президенті халыққа жолдауы және «2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам тұжырымдамасын дамыту» аясында іске асыруда жетім балалар үшін өмірін жақсартуға өз үлесін қосып көрсетуге демеушілер мен меценаттар тарту мақсатында өткізіледі. Қазақстан Республикасының Президентінің жанындағы демократия және азаматтық қоғамның мәселесі бойынша Ұлттық топ комиссиясы құрылған.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қайырымдылық акциясының ақпараттық ағартушылық барысына, “Жетім балалардың әлеуметтік мәселесін балама шешу тәсілдері” атты дөңгелек үстел және 2010 жылдың 30 қыркүйекте жоспарланған акцияның қорытынды нәтижелері бойынша Баспасөз-конференциясы мен 2010 жылы 29 қазаны күні өтетін “Мен жалғыз емеспін!” атты қайырымдылық акциясына қатысқан демеушілер мен меценаттарды мадақтау рәсіміне ұйымдастыруға тікелей қатысады.
Қазіргі уақытта Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Акцияның шарты мен басталуы туралы ақпаратты әзірлеп,“Вечерняя Астана”, “ИНФО-ЦЕС”, “Астана ақшамы”, “Утро Астаны”, “Караван”газеттеріне, Қазақстан Республиканың Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтына да жолдайды.
«Мен жалғыз емеспін» атты қайырылымдылық акциясының ақпараттық бюллетені.
Жобаның бастамашылары: «KZ» Қоғамдық Қоры, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті.
НЕ? «Мен жалғыз еміспін!» акциясы жетім балалардың мәселесіне қоғам назарын аудару және оларды қамқорлыққа алу, меценаттық және қайырымдылық мәдениетін енгізу мақсатында өткізіледі.
ҚАЙДА? «Мен жалғыз емеспін!» атты акция Астана қаласында жүзеге асырылады.
ҚАШАН? «Мен жалғыз емеспін!» атты акциясы 2010 жылы 5 мамыры күні басталады.
2010 жылғы 30 қыркүйекте Акцияның қорытындысы бойынша «KZ» Қоғамдық Қоры жиналған қаражаттың соммасын және бұл қаражатты жетім балаларға арналған балалар үйілеріне, пана және интернаттарға бөліп таратылуы туралы есеп беретін Баспасөз-конференциясы өткізіледі.
БҰЛ КІМГЕ ҚАЖЕТ? «Мен жалғыз емеспін!» атты акция барысына қатысуға кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке тұлғалар шақырылады. Бұл - көмек қажет ететін балаларға қол үшін берудің ең тиімді тәсілі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік-мәнді жобаларын іске асыруға қатысу Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы демократия және азаматтық қоғамның мәселесі бойынша Ұлттық комиссия тобы қабылдауы аясында «2006-2011 жылдары Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның даму тұжырымдамасы» Хартиямен бірлескен авторлыққа сөзсіз басым құқық береді.
СІЗДІ ҰМЫТПАЙДЫ! «Мен жалғыз емеспін!» атты акциясының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша жалпықалалық деңгейде меценаттарды мадақтау жоспарлануда.
СІЗ ӘЛЕМДІ ТӨҢКЕРУГЕ ҚАБІЛЕТТІСІЗ! БІР БАЛАНЫҢ БОЛСА ДА ӨМІРІН ЖАҚСАРТУҒА ӨЗ ҮЛЕСІҢІЗДІ ҚОСЫҢЫЗ!
РЕКВИЗИТ және байланыс: Сіз жетім-балаларға көмек ретінде «KZ» қоғамдық Қорының бөлімшесіне немесе филиалына барып е/ш №002700070, «ЦеснаБанк» АҚ АФ, БИК 195301703, Кбе 18, ОБК 119 есеп шоты арқылы ерікті түрде қайырымдылық көмегіңізді ұсына аласыз.
2010 жылғы 7 маусымынан бастап қосымша келісім шартына сәйкес № KZ95998BTB0000027573 есеп шотына салуға болады.
Анықтамаға арналған телефон: 8 (7172) 911-285
Қоғам да, жетім бала да өзі туралы: «Иә! Мен жалғыз емеспін!» деп нық сеніммен айтқан кезде ғана біз НӘТИЖЕГЕ жетеміз.
СОНЫМЕН БІРГЕ:Сіздің көмегіңізді қажет ететін жетім баланың өміріне өз үлесін қосуға ниет білдірушілердің БАРЛЫҒЫН шақырамыз. Қор «еріктілер қозғалысындағы» өзара қарым-қатынас пен тығыз байланыс мүмкіндігіне қарай барлық бастамашылықтарды, ұсыныстар мен тілектерді қарастырады.
БОЛАШАҒЫ: қайырымдылық акциясы жетім балаларға қоғам назарын аудару және оларды қамқорлыққа алуға бағытталған, меценаттық және қайырымдылық мәдениетін енгізетін ауқымды ұзақ мерзімді жобаға айналады.Акцияның белсенділері болашақта жобаны жалғастырып басқаратын үйлестірушілер орталығын құрайды.
Ерлік сабағы
Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Жас дәурен» Ассоциацияның көшбасшылары үшін Павлодар қаласының № 22 ЖОМ жауынгер даңқы мұражайында Ерлік сабағын өткізді.
Жеңіс күні қарсаңында Павлодар қаласының мектеп-интернаттарының белсенділері Ұлы Отан Соғысына қатысушылар Р.Ж. Аликовпен – мұражайдың ірге тасын қалаушы, қаланың құрметті азаматы және ардагерлер қозғалысының белсендісі, 2010 жылғы Жеңіс шеруіне қатысушы – Л.Н. Жайковпен кездесті.
Мұражайдың анықтама беретін мамандары (гид) интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне Рақымберді Жақиянұлы Аликовтың соғыс жолы туралы айтып берді. Ұжымдастыру кезінде балалар үйіне түскен, мектепті аяқтаған соң Семейдегі мұғалімдер институтында оқи бастады. Дегенмен, армандаған білімін ол ала алмады, өйткені әскер қатарына шақырылды. Алғашқы соғыс ұрысына Смоленск астында қатысты. Тұтқынға түсіп қалды, одан қашып құтылды. Уман гвардия дивизиясының құрамында Сталинградтық соғысқа, Курскті мойындатуға, Днепрді күшейтуге қатысты.
Лука Николаевич, ол да балалар үйінде тәрбиеленді, оған ата-анасы қаза тапқан соң түсті. Фронтқа он жеті жасар жасөспірі болып барды. Ерлігі мен ептіліг үшін көптеген үкіметтік мадақтаулары бар. Ауыр жарақаттанып әскери госпитальдарда бірнеше рет жатып шығып, қайтадан соғысқа қатысудан тайынбаған. Соғыс аяқталған соң білім алып, экономист болып жұмыс істеді. Лайықты демалысына шығып, қала шағынауданындағы Ардагерлер кеңесін басқарды. Мемлекет алдында «оны ұмыт қалдырмай, өмірде өз орнын табыға мүмкіндік бергені» үшін алғысы шексіз.
Бұрынғы «балалар үйінің тәрбиеленушілері» екі майдангер тәрбиеленушілерге дұрыс жолдан тайынбай, білімге қарай алға жүріп, жақсылыққа тартылу керектігін айтты.

2010 жылдың 5 мамырында облыс әкімінің бірінші орынбасары Болат Даукеновтің төрағалығымен селекторлық кеңес болып өтті.
Кеңестің тақырыбы: Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың мүддесі мен құқығын қорғау жөніндегі жұмыс туралы.
Селекторлық кеңесте Атырау облысы Балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры С.Есенғалиев өзінің баяндамасында жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жұмысқа орналасуы, тұрғын үй қажеттілігі, Жасөспірімдер үйін күрделі жөндеуден немесе қайта салу, ата-анасыз өсіп келе жатқан балалар үшін дағдарыс орталықтарын ашу туралы өзекті мәселелерді қозғады.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Даукенов үкіметтік емес ұйымдарға әр оқу орны мен тәрбие ошақтарында ата-анасыз өсіп келе жатқан балалар үшін дағдарыс орталықтарын ашуды қолға алуын тапсырды. Ал тұрғын үйге сұраныс көптігін және де бұл мәселесінің толықтай шешілмей отырғандығын, әзірге мұқтаж балаларды жатақханамен қамти тұруды жөн көріп отыр. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасымен бірлесіп, 2009 жылдың 3-4 тоқсанында 25 жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала жұмысқа орналастырылды, 2010 жылдың 1 тоқсанында жұмысқа орналасу үшін интернаттық мекемелерде тәрбиеленген 32 баланың тізімі жіберіліп отыр.
Облыс әкімінің орынбасары Болат Даукенов Балалар құқықтарын қорғау департаментіне:
- облыстағы балалар үйлерін құқық қорғау органдарымен бірлесе отырып тексеру жүргізуді, заң бұзушылық анықталған жағдайда қажетті шаралар қолдануды;
- жетімдер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөспірімдердің заңды түрде құқықтарының сақталуын үнемі қадағалауды;
- өз қызметін білім беру, денсаулық сақтау, ішкі саясат, туризм және спорт, мәдениет басқармаларымен, ішкі істер департаменті және өзге де құқық қорғау органдарымен үйлестіріп атқаруды;
- жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау, өмір сапасын жақсарту бағытында қарастырылған іс-шаралардың толық әрі уақытылы орындалуын қамтамасыз етуін жүктеді.
Қорғаншылармен кездесу
2010 жылдың 4 мамырында Тараз қаласының №13 орта мектебінің мәжіліс залында «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселесі бойынша қорғаншылар және мектеп инспекторларының қатысуымен кездесу өткізілді. Аталған іс-шараға Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Жамбыл облысы бойынша әділет департаменті , ішкі істер департаментінің қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімі, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысты.
Кездесуді «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Қалиева Ғалия Зейноллақызы сөз сөйлеп ашты. Сөз соңында Ғалия Зейноллақызы қатысушыларға мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, жетім балалардың құқықтарын қорғау жөнінде сұрақ қоюды ұсынды.
Жамбыл облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы Нұралиева Бақыт Жарасқызы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, жетім балалардың жоғарғы оқу орындарына түскен кезде қандай жеңілдіктерге ие болатынын, сонымен қатар пәтер алу үшін қай жастан кезекке тұру қажет екендігін және жетім балаларды пәтермен қамтамасыз ету жөнінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, әлеуметтік жетімдіктің шешу жолында мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдарының арасындағы қарым қатынастың рөлін баяндады.
Өз сөзінде Жамбыл облысы әділет департаментінің құжаттандыру және тіркеу бөлімінің бас маманы Нұгманова Нәзира Тілеубердіқызы баланың әке шешесі азаматтық ауыстырған кезде балаға туу туралы куәліктің қалай берілетіні жөнінде түсіндірді.
Сонымен қатар, балалардың туу туралы куәліктің болмауы салдарынан көптеген жағдайда балаларға арналған әлеуметтік көмектердің тағайындалмауы т.с.с мәселелердің туындауы айтылып, оған Нәзира Тілеубердіқызы толық жауап берді.
Қорғаншылар тарапынан алдағы уақытта «Болашақ» қоғамдық бірлестігі жанынан Тараз қаласының «Қорғаншылар клубын» құру жөніндегі ұсыныс қолдау тапты.
Кездесу соңында «Сүйікті үйім» атты кино фильм көрсетілді.

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік мерекесіне арналып өткізілген іс-шаралар туралы
2007 жылғы 15 қаңтардағы Қазақстан Республикасында мерекелерді өткізу және дайындық жасау Концепциясына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің берілген ұсынысына сәйкес «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Елбасының 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауында көрсетілген міндет мақсаттарды дәріптеуге бағытталған интернаттық білім беру мекемелерінде әңгімелер, баяндамалар өткізілді.
Департамент қызметкерлері 1 мамырда Қазақстан халқының ассамблеясының барлық этно-мәдени орталықтардың және облыс басшылары қатысқан облыс орталығының орталық алаңында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараларға қатысты. Департамент делегациясы «Жаса елдің бірлігі!» мерекелік бағдарламасына қатысты. Үлкен мерекелік концертте қаланың көркемдік ұжымы және солистері, этно-мәдени орталықтары қатысты. Солтүстік Қазақстан облысы әкімі С.С.Біләлов жиналған халықты мерекемен құттықтады.
Мерекенің ресми басталуы аймағымызда тұрып жатқан әр ұлттардың өкілдері, студенттер, облыс орталығының мектеп оқушыларының костюмделген және көрнекті безендірілген шеру ашты.
Департаменттің мамандары жоспарға сәйкес веложарысы бойынша жазғы маусымының ашылуына қатысты. Веложарыста үш категориялық жас бойынша 95 жасөспірім қатысты. Төмен топтан - Турлин Арман бірінші орынды иеленді, орта топтан - Овсянников Александр, жоғары топтан - Кучеров Андрей жеңіп шықты.
Жарыстың соңында жеңімпаздарды қала әкімдігінің дипломдарымен және медальдармен марапаттады.
«Бейбіт өмір бақыты» суреттер байқауына әртүрлі жастағы балалар қатысты. Ең кішкентай суретшінің жасы үште болды. Балалардың суреттері мерекелік, түсті және әдемі боялған.
Ең үздік суреттер сыйлықтармен аталып кетті, ал іс-шара департаменттің фотохроникасына енді.
«Нам целый мир для счастья дан» қаламыздың шығармашылық ұжымының балалар театрландырылған ойындық бағдарламасы облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы және департаменттің бірлескен жұмыс жоспарында қарастырылғандай костюмдердің көркемділігі, мазмұндылығы мен өзіндік көпшілділігімен қызметкерлердің назарын аударды.
Облысымыздың интернаттық мекемелерінің жұмыс жоспарына сәйкес түрлі мерекелік іс-шаралар өткізілген.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының көркем өнер ұжымы «Радуга» облыстық ұлттық мәдени фестиваліне және қаланың кәсіп одақ ұйымдарының арасында Гала концертке қатысты.
Петропавл қаласының Отбасылық үлгідегі балалар ауылында мамыр мерекесі суреттер байқауы және халықтар достығы фестивалі өтті.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында «Отбасындағы бірлік, ынтымақтастық» тақырыбында әңгіме, тәрбие және сынып сағаты, «Мен, Сен, Ол - барлығымыз тату отбасымыз» мерекелік концерті,«Ынтымақ туралы арманмен өмір сүреміз» суреттер байқауы болды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Ғ.Мүсрепов атындағы Шөптікөл мектеп-интернатында тәрбие сағаттары, әңгімелер, «Ынтымақтастық байлықтың екі жақты бауырластығы!» - сынып сағаттары мен мектептен тыс шаралар, «Қазақстанның күші – халықтың бірлігінде» мерекелік бағдарламасы өтті.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Соколовка арнайы мектеп-интернатында «Мы едины, значить непобедимы» плакаттар байқауы, ақпараттық сағат «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Біз, Қазақстан халқымыз» суреттер көрмесі, үлкен «Халықтың бірлігі» концерттік бағдарламасы ұйымдастырылып өткізді.
Полудин балалар үйінде ертеңгілік «Біз бір шаңырақ астында өмір сүреміз!», «Күннің көзі барлығына ортақ» асфальттағы суреттер байқауы өтті.
Мерекелік шаралар жөнінде ақпарат департаменттің веб-сайтында орналастырылған.
2010 жылы 29 сәуірде «Үміт» балалар үйінде Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Ұлы таулар аласармайды - Ұлы есімдер ұмытылмайды» атты үлкен мереке өтті.
Мерекеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Тыл еңбеккерлері шақырылды. Қазақстан Республикасы Ішкі Істер минстрлігінің №6638 ішкі әскерлер Шығыс құрамының командирі генарал-майор А.П. Маткаримов әскери техникамен қамтамасыз етіп, шеруге өз әскерлерін әкелсе, №27943 бөлімшесінің полковнигі Д.Т. Қонақбаев осы мерекеге жорық ас үйін әкеліп, үлкен көмек көрсетті.
Мерекеде Металлург кентінде шеру болды. Бұл шеруге: «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілері, қызметкерлері және №6638, №5518, № 3477 бөлімдерінің әскерлері болды. Мерекеге арналған «Үлгілі Үміт» ансамбілінің концерттік бағдарламасы көрсетіліп, соңынан ардагерлердің жылы лебіздері тыңдалды. Жарқыраған от шашулары барлық қауымды таң қалдырды. Жорық ас үйінен ас берілді. Тәрбиеленушілер өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын, гүл шоқтарын ардагерлерге сыйға тартты.
Соңынан ардагерлерге арнайы дастархан жайылды. «Үміт» балалар үйінің директоры М.Б. Бейсеқанова Қазақстан Республикасы Ішкі Істер минстрлігінің Шығыс құрамының командирі генарал-майор А.П. Маткаримов және №27943 бөлімшесінің полковнигі Д.Т. Қонақбаевты Қазақстан Республикасы Балалардың Құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Р.П. Шердің қолы қойылған алғыс хаттармен марапаттады.
Ең бастысы мереке барлық ардагерлерге, қонақтарға, тәрбиеленушілерге үлкен қуаныш сыйлады. Жас ұрпақты бейбітшілікті сүюге, өз Отанын қадірлеп, аға ұрпақтың өсиетіне адал болуға тәрбиелейді.

Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде «Тәрбиенің жаңа сапасы: сұраныстар, ізденістер және оларға жету жолдары» тақырыбында өткен ғылыми-теориялық конференция
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің акт залында 2010 жылдың 29 сәуірінде «Тәрбиенің жаңа сапасы: сұраныстар, ізденістер және оларға жету жолдары» тақырыбында ғылыми-теориялық конференция болып өтті. Оның жұмысына Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім басқармасының өкілдері, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары, қосымша білім беру педагогтары мен тәрбиешілер қатысты. Балалар үйі фойесінде адамгершілік-рухани тәрбиесі мен балалар үйінің тәрбиешілерінің тәрбие сағаттары мен тренингтерді өткізу жөніндегі үздік шығармаларының көрмесі ұйымдастырылды.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Гүлбаршын Смайылқызы Төлегенова өз сөзінде педагогикалық ұжымның балалар өмірінің сапасын жақсарту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған шаралар туралы, сонымен қатар тәрбиеленушілердің әр түрлі байқаулар мен фестивальдарда алған жетістіктерін баяндады. Балалар үйі тәрбиеленушілерінің тұрғын үйлерін сақтау және оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, оларға зейнетақы, жәрдемақы және нәпәқа тағайындау бағытындағы жұмыстарын саралады.
Ағымдағы оқу жылында балалар үйінде 7 конференция, 63 ашық сабақ өткізілсе, 4 тәрбиешінің және қосымша білім беру педагогтарының жұмыс тәжірибелері жинақталды.
«Балаларды шығармашылыққа баулудағы бейнелеу өнерінің рөлі» тақырыбында Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің қосымша білім беру педагогы С.Накипова баяндама жасап, «қиын» балаларды үйірмеге тарту жөнінде өзінің тәжірибесімен алмасты. Балалар үйінің жас суретшілері бірнеше рет қалалық, облыстық және республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанған.
«Балалар үйі жағдайында қыздарды халықтық дәстүрде тәрбиелеу» тақырыбында тәрбиеші Р.Көшербаева слайд арқылы баяндама жасап, өз тобындағы ұлттық дәстүр сабақтастығы арқылы жүргізілген тәрбие жұмыстарының нәтижелеріне тоқталды.
«Түлектердің әлеуметтік – тұлғалық дайындығын қалыптастыру» тақырыбындабаяндама жасаған балалар үйінің ұйымдастырушы - педагогы О.Зольникова балалар үйі тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру және өз бетінше өмір сүруге үйрету мәселелерін сөз етті.
Тәрбиешілер Г.Әлімбекова мен С.Қазыбекованың «Жеке тұлғаны дербес өмірге дайындаудағы еңбек тәрбиесінің рөлі», «Баланың өз болашағын дұрыс жоспарлап, қалыптастырудағы жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбындағы баяндамаларынан кейін, конференцияға қатысушылар арасында ой – пікір алмасу мен талқылау жүргізілді.
Конференция соңында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен концерт берілді.

Сурет бетіндегі өмір
Биылғы жылдың көктемінде Қарағандыға ЮНИСЕФ қоғамдық қорының қоғаммен байланыс жөніндегі үйлестірушісі халықаралық фотограф Джакомо Пироцци мырза келді.
Қарағанды облысының әкімідігі мен Балалар құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен Джакомо Пироцци мырза жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер мен білім ұйымдарын аралады. Фотограф осындай сәтті естелікке қалдырды, оның ұсынған фотосуреттерде ата-ана қамқорлығынан айрылған балалар түсірілген.

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі - балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Бұл жерде ең негізгісі балаларға өз жасының толыққанды артықшылықтарын пайдалана отырып, бақытты балалық шақтың нәрімен сусындауға ықпал ету. Балалардың қоғамдағы жағдайын жақсартуға барабар шаралар мен өзгерістер мемлекетімізде оң шешімін тауып отыр.
Сонымен бірге балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы бірқатар жетістіктерге қарамастан қазіргі кезде түрлі санаттағы балалардың өз құқықтарын толық пайдалануға мүмкіндігі жоқ.
Өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандарды әлеуметтік бейімсіздендіру және соның салдары ретінде балалар мен жасөспірімдердің арасында ұлғайып отырған қадағалаусыздық, панасыздық, қылмыс пен қатар оларды бала еңбегінің ең нашар түріне тарту кәмелетке толмағандар үшін де, қоршаған орта үшін де қауіпті. Бейімденбеген балалар санының көп болуы елдің болашағы үшін қауіп төндіреді.
Осығай байланысты заңмен ымыраға келмеген немесе өз құқықтарын қорғауға мұқтаж кәмелетке толмаған баланың тағдырында көптеген мүдделі қызметтердің жұмысын үйлестіру ерекше маңыздылыққа ие болады. Барлық құрылымдардың өзара іс-қимыл жасауы осындай балалармен әлеуметтік-құқықтық бағыттылық жұмысты қамтамасыз ететін тетік болып табылады.
2010 жылдың 27 сәуір күні Сарқан қаласы, аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуда ведомствоаралық байланыстың тиімді әдістері» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты мүдделі ведомстволар және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық жолында балалардың құқықтарын қорғау мен әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.
Аталған шараға прокуратура, ішкі істер бөлімі, әділет басқармасы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміні өкілдері, ауылдық әкімдер, мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Семинар барысында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Долаев Самғат Садырбайұлы «Балалардың болашағы – мемлекет қорғауында», қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімі бастығының м.а. Күлсариева Гүлмира Әлімбайқызы «На защите интересов детства», Алматы облысының ішкі істер департаментінің аға инспекторы Құджақов Ғалым Жақыпбайұлы «Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалармен жүргізілген жұмыс барысы» және облыстық ата-аналар комитетінің төрайымы Қыдырбаева Дәния Сәлімбайқызы «Бала тәрбиесі – баршаға ортақ» атты баяндамалары тыңдалып, Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әлеуметтік жетімдік проблемалары туралы бейнероликтері қөрсетілді.
Семинарға қатысқандар өз пікірлерімен алмасып, шара соңында ұсынымдар қабылданды.
«Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын және облысың білім беру мекемелерінде оқып жатқан интернаттық мекемелер мен балалар үйлерінің түлектері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесу өткізгендегі туралы
Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылғы 23 сәуірде «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын және М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінде, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ оқитын, интернаттық мекемелер мен балалар үйлерінің түлектерін, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ мамандарымен бірлесе кездесу өткізілді.
Қамқоршылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы - Қ.Қ.Жәйсенбаева кездесуді жүргізіп және «Бөбек» қорынан көрсетілген қайырымдылық көмек түріндегі және С.А.Назарбаеваның гуманитарлық қызметі туралы сөзімен кездесуді ашты.
Іс-шараға СҚМУ әлеуметтік және тәрбие жұмысы бойынша бөлім бастығы Е.Ш.Танакулова - «Интернаттық мекемелердегі түлектерін жетім балалар қатарынан СҚМУ студенттеріне әлеуметтік көмек ұйымдастыру» туралы, М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің психологы С.Р.Қожакенова - «Оқушыларын білім беру және рухани-адамгершілік тәрбиеге Республикалық қайырымдылық қорының ықпалы жөнінде», Петропавл қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің атаулы әлеуметтік көмек секторының меңгерушісі А.В.Шары - «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жәрдемақы төлеу туралы», Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының директор Р.Ж.Какпенов - «Балалар үйлерімен «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатын студенттердің қарым қатынасы туралы», Отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры А.М.Әкімжанов - «Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері үшін «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек тағайындау туралы», сонымен қатар М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің 4 курс оқушысы Наталья Мұхамеджанова, СҚМУ 1 курс студенті Юлия Рюмина, СҚМУ 2 курс студенті Владислав Лукиннің «Бөбек» қорынан қайырымдылық көмек алатындардың пікірлері мен сөз тыңдалды.
Кездесу барысында балалар әңгімеге белсенді араласып, сұрақтар қойды, өздерінің мәселелері туралы айтты, оған білікті жауап алды.

Білім басқармасы мен Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Қазақстанның балалары» бағдарламасын іске асыру бойынша 2010-2011 жылдарының іс-шаралар Жоспарына сәйкес, сонымен қатар қабілетті шығармашылық және кәсіптік болашағы бар ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім-балаларды анықтау мақсатында Ақмола облысының Степногорск, Урюпинка, Сандықтау, Жолымбет, Есіл, Ақкөл балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Тан Шолпан» республикалық конкурсының аумақтық кезеңі өтті.
Конкурстың мақсаты бала тұлғасының шығармашылық дамуы, оның –өмірді тез әсерленгіш танудағы эстетикалық сезімдер, жастардың адамгершілік-рухани және азаматтық патриоттық тәрбиелеу, мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту болып саналады.
Конкурскқа екі жастық категориялы солистер мен вокалдық ұжым: төмеңгі топ – 11-ден 14-жасқа дейін, үлкен топ – 15-тен 18 жасқа дейін, олар қазылар алқасына мемлекеттік тілде 50 конкурстық көрсетілімдерді көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша «Тан Шолпан» облыстық конкурсының жүлдегерлері келесілер болды: «Көгершін» вокалдық топ (Ақкөл БҮ), Рыдун Санжар (Сандықтау БҮ), Ахтиярова Фаина (Есіл БҮ), Ремнева Мария (Степногорск БҮ), Тюлюбаева Акмарал (Урюпинка БҮ), Белозер Карина (Сандықтау БҮ), Адрахманов Алик (Жолымбет БҮ), олар а.ж. маусымның 1-нен 3-не дейін Қарағанды қаласында «Тан Шолпан» республикалық конкурста Ақмола облысының абыройын қорғайтын болады.

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 2010 жылдың 11 ақпанында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін облыстық директорлар кеңесін құру мақсатында отырыс өткізілді.
Аталған шараға облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және жекеменшік мекемелерінің директорлары қатысты.
Кіріспе сөзден соң қатысушылар слайд арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда балаларды асырап-бағуға, тәрбиелеуге, олардың жан-жақты дамуына жасалған жағдайлармен және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының облыстық кеңесін құрудағы мақсат, міндеттермен таныстырылды.
Шара барысында балалар үйлерінің директорлары өз мекемелеріндегі проблемалар мен жетістіктері бойынша пікір алмасып, облыстық директорлар кеңесін құруға қарсы еместігін білдірді.
Қорытынды кезеңде облыстық директорлар кеңесінің мүшелері облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваны төраға ретінде тағайындады.

13 сәуір 2010 жылы «Үміт» балалар үйінде Қамқоршылар кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда төмендегі мәселелер қаралды:
1. Ұлы жеңістің 65-жылдығына: «Ұлы таулар аласармайды – Ұлы есімдер ұмытылмайды» атты мерекеге дайындық.
2. Түлектерді тұрғын үймен қамтамасыз етуге ықпал ету.
3. Балалар қорғау күні мерекесін ұйымдастыру.
4. Балалардың жазғы-сауықтыру демалысын ұйымдастыру.
5. Әр түрлі. (Су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатымен тәрбиеленушілердің қайырымдылық концертін ұйымдастыру туралы, Сочи қаласында өтетін байқауға бару туралы).
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалароға арналған №1 мектеп-интернат тәрбиеленушілерін өңірлік мемлекеттік органдармен құқықтық қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Елбасының қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ағымдағы жылғы “Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Қазақстан халқына Жолдауы бұған дәлел болып табылады. Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ. Тәуелсіз жас мемлекетіміз алдындағы қыруар міндеттердің бірі – өзінің лайықты ертеңін, яғни жас жеткіншектердің болашағын қамтамасыз ету.
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі нарықтық экономика жағдайында ерекше мәнге ие болып отыр, өйткені баспанамен қамту жетім балаларды әлеуметтендіруге, олардың өмірден өз орнын табуына үлкен әсер етеді.
Бүгінгі күнге дейін балаларды баспанамен қамтуда шешілмей келген мәселе көп. Жыл сайын олардың бірлі жарымы ғана баспана алуға қол жеткізеді екен. Бұл дегеніңіз теңізге тамшы тамызғанмен бірдей.
Осыған орай үстіміздегі жылдың 9 сәуірінде Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 1 мектеп-интернатында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалароға арналған №1 мектеп-интернат тәрбиеленушілерін өңірлік мемлекеттік органдармен құқықтық қамтамасыз ету» атты семинар-кеңесі болып өтті.
Аталмыш іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармасының, білім беру ұйымдарының мамандары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Іс-шара мақсаты- мектеп-интернат тәрбиеленушілерін отбасыларға орналастыру жолдарын дамыту, олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі, мемлекет тарапынан берілетін әлеуметтік жәрдемақыларды тиісінше дәрежеде берілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік мекемелермен жүзеге асыру.
Іс-шара барысында осы жылғы наурыз айында мектеп-интернаттарында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің тексеру жүргізу барысында анықталған заң бұзушылықтар сөз болды. Атап айтсақ, тәрбиеленіп отырған 94 баланың жағдайларына байланысты мемлекеттік мекемелерімен тиісінше атқарылуға тиіс жұмыстардың орындалмағаны кең талқыланды.
Семинар соңында осы мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қатысушылар алдағы уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өз уақытында тұрғын үймен қамтылуы, құжат және де заң тұрғысындағы мәселелерінің дұрыс шешімін табуы үшін тиімді жолдары мен ұсыныстары енгізілді.
1 сәуір 2010 жылы «Үміт» балалар үйінде дәстүрлі КТК ойыны өтті. Тақырыбы: «Тентектер». КТК ауыспалы Кубогы үшін 2 команда сайысты, тәрбиеленушілердің «Шелпектер» командасы және қызметкерлердің «Бұзықтар» командасы, қызметкерлердің командасында педагогтардан басқа түнгі күтушілер, күзетшілер, медицина қызметкерлері де белсене қатысты.
Көңілді ойын, сайыс, күлкі, қалжыңдар атмосферасы балалар мен үлкендердің өзара түсінісуіне, бір-бірін сыйлап тығыз байланысуына ықпал етті, өйткені ойын ғана бірлікке жұмылдырады.
Ойынның демеушілері «Юком» компаниясы мен ЖК «Артамошина» өкілдері (Ярулин Рашид, Нұркенов Мират, Қараев Жамшид) қазылар алқасының құрамында болды.
Осы жолы ең көңілді, ең тапқыр балалар болып КТК-ң кубогын жеңіп алып және де сыйлықтарға ие болды.

«Облыстағы мектеп-интернаттарында оқыту - тәрбие үрдісінде мемлекеттік тілдің маңызы» тақырыбындағы семинарды өткізу туралы
2010 жылғы 1 сәуірде СҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасымен бірлесе «Облыстағы мектеп-интернаттарында оқыту - тәрбие үрдісінде мемлекеттік тілдің маңызы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға интернаттық мекемелер басшыларының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі мұғалімдері, аудармашылар қатысты. Кездесу барысында Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бас маманы А.У.Жамантаева облыста мемлекеттік тілдің ахуалы, интернат мекемелерінің тексеріс қорытындыларына тоқталды, мекемедегі мемлекеттік құжаттар сапасын жақсарту, мемлекеттік тілді оқыту үйірмелерінің нәтижелі болуына, яғни мемлекеттік тілде іс жүргізушілер санын көбейту мәселелері де көтерілді.Қатысышылар ҚР Президентінің Жарлығы 1996 ж.2 ақпандағы № 2923 және СҚО әкімдігінің қаулысымен таныстырылды.
Департаменттің бөлім бастығы О.Ғ.Сеңкібаева қатысушыларды 2010-2011 жылдарға арналған облыстағы интернаттық мекемелерінде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру бойынша департаменттің, Тілдерді дамыту жөніндегі және Мәдениет басқармаларымен бірлескен жоспарымен таныстырды. Осы жоспардың тармақтары талқыланып, қажетті материалдар таратылып берілді.
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың алдын алудың ведомствоаралық жоспары шеңберінде наурыз айының 29 мен 31 аралығында Есіл қаласында Господарь Анатолий Юрьевич «ҚР еңбегі сіңген мұғалімі» еске алуға арналған Ақмола облысы балалар үйі түлектері арасында баскетбол бойынша VI облыстық балалар турнирі өтті. Осы іс-шара салауатты өмір салтын қалыптастыруға, балалар үйі тәрбиеленушілердің белсенді өмір сүруіне бағытталған. Ақкөл, Сандықтау, Есіл балалар үйі, Атбасар және Есіл БЖСМ ұл-қыздарының 7 командасы 2 күн бойы осы турнирдің жеңімпазы атану құқығын иелену үшін көп күш-жігерін салды, спорттық жарыс шеңберінде мәдени-бұқаралық бос уақытты өткізу ұйымдастырылды, онда ұл-қыздар бір-бірімен танысып, дос болды. Қыздар арасында өткен жарыс қорытындысы бойынша Атбасар БЖСМ, ал ұлдар арасында Есіл балалар үйі командасы кубокты иеленді. Іс-шара ұйымдастырушысы Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Наурыз-татулық пен бірлік мерекесі» атты Қарағанды фестивалі
2010 жылдың 17 наурызда сағат 11.00-де Жаңа Майқұдық мәдениет үйінде Қарағанды облысының тілдерді дамыту басқармасының бастамасымен «Мемлекеттік тілмен балалық шақтан -болашаққа» атты дәстүрлі 5-ші фестиваль өтті. Іс-шараның мақсаты: толеранттылықты қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мерекеге облыстың балалар үйлерінің көркемдік ұжымдарыны белсенді қатысты. Байқаудың ең басты көрермендері – мүмкіндіктері шектелген балаларға арналған мектеп - интернаттардың балалары мен жақын орналасқан жалпы білім беретін мектептердің оқушылары болды және балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, тәрбиешілері.
Қазақстанда Наурыз еліміздің барлық азаматтары үшін жалпы мерекеге айналды. Көктемнің күн мен түн теңелген күнін қазақтар, орыстар, әзербайжандар, белорусьтар, украиндар, еврейлер, кәрістер және басқа да ұлттың өкілдері бірге атап өтеді. «Барлығымызға да күн ортақ, әрі жер бетіне көктем әркімнің этникалық тәндігіне қарамастан қарсы алушыларға күн шуағымен бөлеп күнпарақ беттерімен тиісті уақытында келеді»,-деген сөздермен Тілдерді дамыту басқармасының директоры Мұсабеков Бақытқали ашты. Шақырылған қонақтардың арасында білім басқармасының, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, балалар үйлерінің, мектептер мен мектеп – интернаттардың әкімшіліктері болды.
Мерекелік безендірілген сахна қазақтың киіз үйінің кейіпінде болды. Фестивальдың қатысушылары Қазақтың салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетіп, айтыс, түрлі ұлттық ойындар- арқан тартыс, асық ойнау, тоғыз құмалақ, ән, бй өлеңімен көрермендерің көңілінен шықты. Мерекеге келген қонақтардың қуанышында шек болмады, балалар үйлерінің балаларына тілектерін айтып баталарын берді. Мерекенің соңы алғыс қағазы мен әр балалар үйі арнайы қымбат сыйлықтарға ие болды.

Балаларға қуаныш сыйлаған Наурыз
2010 жылғы 17 наурыз күні БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Балалар – біздің болашағымыз» атты акциясы шеңберінде Орал қаласы №29 «Балауса» мектепке дейінгі ұйымында «Наурыз-ел басы» атты мерекелік шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты - балалардың бойына жалпыадамзаттық құндылықтарды қалыптастыру, көп үлтты Қазақстан Республикасындағы халықтардың салт-дәстүріне сыйластықпен қарауға үйрету, адамдар арасындағы қарым-қатынастың үйлесімді болуы туралы түсінікпен таныстыру, өз ойын шығармашылық арқылы көрсету болды.
Шара жұмысына №29 «Балауса» мектепке дейінгі ұыймы ересектер тобының тәрбиеленушілері, ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатының 1-ші сынып оқушылары, педагогтары мен тәрбиешілері, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты. Барлығы 50 адам.
Қатысушылардың назарына мерекелік бағдарлама, «Домбраны құрастыру», «Арқан тарту» ұлттық ойындары, өңтүстік базарында көңілді сатушылар, Алладин мен Джин сияқты ертегілік кейіпкерлермен кездесуілер ұсынылды.
Шараның нәтижесі бойынша № 29 «Балауса» балабақшасының директоры Н.Ниярова өз сөзінде, әр түрлі ұжымнан келген балалардың кездесуі жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелейтінін және бұндай кездесулердің зор маңыздылығының бар екеніндігін айтып өтті.

«Ерте ана болудың алдын алу жүйесін және кәмелетке толмаған аналарға көмек көрсетуді қалыптастыруда өзара әрекеттесудің тетіктері» тақырыбындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорлар кеңесінің жұмыс отырысы
Ағымдағы жылдың 12 наурызында Алматы қаласында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан СОРОС қоры және «Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы» ҚҚ бірлесіп ұйымдастырған «Ерте ана болудың алдын алу жүйесін және кәмелетке толмаған аналарға көмек көрсетуді қалыптастыруда өзара әрекеттесудің тетіктері» атты отырысы өтті. Отырыс жұмысына ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Р.Шер, Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры С. Қуатжанова, Алматы қаласы білім басқармасының басшылығы, Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері директорларының республикалық одағы, Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, Алматы қаласының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерінің жетекшілері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және т.б. қатысты.
Отырыс барысында жасөспірімдердің репродуктивті құқықтарын қорғау, жасөспірім қыздардың жүктілігі мен ерте ана болуы туралы өзекті мәселелер қаралды. Аталған сала бойынша Қазақстан Республикасында орын алып отырған жағдайларға баса назар аударылды. Шараға қатысқандар жасөспірім қыз балалардың ерте жүктілігі пен кәмелетке толмай ана болуын олардың өмірде қиын жағдайға душар болуы деп тану керек деп санайды және аталған санаттағы балалар (кәмелетке толмаған аналар) үкімет пен қоғам тарапынан олардың қажеттіліктерінің мойындалуына және қорғауға алынуға құқылы жеке әлеуметтік топ ретінде заңнамалық деңгейде бекітілуі қажет екендігін ортаға салды. Адам құқықтары туралы халықаралық актілерге, оның ішінде БҰҰ Бала құқықтары Конвенциясына сәйкес осы санаттағы балалардың құқықтары ұлттық заңнамаларда да көрініс табуы және оларды іске асырудың тетіктері қамтамасыз етілуі керек делінді.
Отырыс қорытындысы бойынша мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастық меморандумдарына қол қойылды. Сонымен қатар ерте ана болудың алдын алу жүйесін қалыптастыру шараларын жүзеге асыру және кәмелетке толмаған аналарға көмек көрсету үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ қызметтерді үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимыл Жопары әзірленіп, ол жоспар жоба аясындағы шаралар мен жұмыс кездесулерінің кестесіне сәйкес іске асырылатын болады.
№2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу туралы
2010 жылдың 11 наурызы күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Астана қаласының ІІД ҚҚБ КТІЖБ-нің бастамасымен «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің балалардың құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы А.Баекеева балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты туралы әңгімелеп, отандық және халықаралық заңнамалық актілермен таныстырды. «Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2009 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің өзгерген кейбір баптары жөнінде балаларға мәлімет берді.
Оқушылар белсенділік танытып заңдардың баптарын қызу талқылап, сұрақтар қойды.
Кездесу соңында балаларға «Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде оқыған “Қазақстан әлемдік дағдарыста: келешектегі интеллектуалдық серпіліс” дәрісі» атты кітапшалар мен Астана қаласының сенім телефондары туралы ақпарат парақтары таратылды.
«Мен нені армандаймын»
Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қоғам балалақ шақ қорғау» жобасының шеңберінде облыс балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының тәрбиеленушілері арасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған «Мен нені армандаймын» атты шығармалар конкурсын өткізді.
Конкурстың мақсаты – балаларға өздерінің сезімдері, ойлары, армандары туралы ойлануға, оларды шығарма арқылы жеткізуге мүмкіндік беру.
Конкурс 5 жастық топтар бойынша балалар арасында өткізілді, әрбір бала оған қатысуға құқылы болды. Барлығы 150 бала қатысты. Барлық шағармаларды Павлодар педагогиқалық институтының доценті Нүркенова С.Ф. басқарған әділ-қазылар алқасы оқыды.
15 ең жақсы шығармалар Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің дипломдарымен және қоғамдық «КZ» Қорының аймақтық өкілдігінің сыйлықтарымен марапатталды.
Бірінші сынып оқушысы Марина анасының қасында болуды, әдемі көйлек сатып алуды және ең тәтті балмұздақтың дәмін татуды армандайды. Оның бір арманы орындалды: Қор басшысы И.И. Гилерт қыз балаға әдемі көйлек сыйлады.
Саша, пультпен басқарылатын машина туралы армандады ол конкурс ұйымдастырушыларынан сыйлыққа «өзінің үнемі ойында болған» қызыл түсті машинаны сыйлыққа алды.
Алина дүкенде көйлегі әсем үлкен қуыршақты көріп, «содан бері оны түсінде көрген» және қыз «оны сыйлыққа алуды» армандады. Алинаның да арманы орындалды.
Лена жергілікті ТК «Ирбис»-тың журналисты Алена Акулининаға ұқсағысы келеді, кішкентайынан журналист немесе теле бағдарлама жүргізуші болуды армандады және «арманының орындалуы үшін барлығын жасайды». Марапаттау кезінде Алена Акулинина қыз балаға диплом және қолтаңбасы қойылған фотография сыйлады.
Балалар алғысын білдіріп, қонақтарға «Муха - Цокотуха» атты жақсы сахналау-спектаклін көрсетті.
Үлкендердің жәрдемімен балалардың армандары орындалады деп сенеміз.

Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыс білім беру басқармасымен бірге қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің балалардың құқықтарын қорғау мамандары үшін семинар-кеңес өткізілді. Осы семинарда «Патронаттық тәрбие балаларды отбасыларға орналастырудың болашақ түрлерінің бірі» және «Білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын сақтау» маңызды мәселелер қарастырылды.
Қаралатын мәселелер бойынша істердің жағдайлары туралы ақпараттарын балалардың құқықтарын қорғау департаменттің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімнің бастығы А.Қ. Мүсәпірова, бас маманы Р. Қ. Қанжығалина, білім беру басқармасының интернаттық ұйымдар бөлімінің бастығы Р.Қ. Маняпова сөз сөйледі.
Семинарға қатысушылар патронаттық жүйені кеңейту және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасылық тәрбиелеудің басқа нысандарын дамыту мәселесін белсенді талқылады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша мемлекетпен қаржылық қолдау балаларды патронаттық тәрбиеге алған отбасыларына ғана көрсетіледі. Осы нысан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиенушілер санын азайту мәселелерін толық шешпейді. Қазіргі уақытта жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру отбасылық нысандардың нәтижелі жүйесін құру қажеттілігінің кезі келді. Тәрбиеленетін балалардың саны аз болатын отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін құрудан басқа тәрбиелеудің патронаттық түрін дамыту үшін балаларды асырап алатын және қамқорлыққа алатын отбасыларды кеңінен қолдау қажет. Бұл үшін заңнамалық актілерге балаларды асырауға, қамқорлыққа және қорғаншылыққа алатын отбасыларды қаржылық қолдау нормаларын енгізу қажет.
Семинар қатысушыларымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүлік құқықтарын сақтау мәселесі де аз талқыланған жоқ. Ертеректе осы сұрақты кәмелетке толмағандар істері жөніндегі облыстық комиссия қарастырғаннан кейін балалар үйлерінің тәрбиенушілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі бұқаралық ақпарат құралдарында кең резонанс тапты.
Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар қабылданды.

«Үміт» үйіндегі денсаулық марафоны
«Қазақстан студенттері альянсының» Павлодар облысы жастар қоғамдықбірлестігі облыстық балалардың қүқығын қорғау департаментімен бірлесеотырьп, Екібастүз қаласындағы «Үміт» балалар үйінде «Денсаулықмарафоны» атты шарасын өткізді. Аталмыш шара «Департамент күні» шеңберінде ұйымдастырылды.
Марафон жеткіншектер арасында көшбасшылық қасиеттерді дамытуды, командалық рух қалыптастыруды, патриотизмге тәрбиелеуді және салауатты өмір салтын насихаттауды көздеді. Бүл күн қатысушылар үшін естен кетпесі анық. Себебі бірлестік мүшелері мен балалар үйінің тәрбиеленушілері бірден тіл табысып, іске кірісіп кетті.
«Денсаулық марафонына» балалар үйінің елуге жуық тәрбиеленушісі қатысты. Қатысушылар үш топқа бөлініп, арнайы жаттықтырушылар мен ассистентерге бекітілді. Олар тәрбиеленушілерге топты қандай да бір іске жүмылдыруға, көшбасшылыққа талпынуға, дарынын ашуға қажетті тәсілдерді үйретіп, тренинг, ойындар өткізді. Әрбір топ өздерін атау, ұран ойластырып, «Салауатты өмір салты» тақырыбына ертегілер сахналады. Осы тұста тәрбиеленушілер қиялға ерік беріп, шараны қыздыра түсті. Сондықтан болар жеткіншектер де, үлкендер де уақыттың қалай өтіп кеткенін сезбей қалды. «Үміт» үйінің тұрғындары бірлестік мүшелеріне алғыстарын білдірді. Бұл - екі жақтың арасындағы достықтың басы. Алдағы уақытта байланыс нығая түспек.

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Астана SOS Балалар ауылының» жасөспірім қыздарымен өткізілген тәрбие сағаты туралы
2010 жылдың 26 ақпаны күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Астана SOS Балалар ауылының» жасөспірім қыз балалары үшін «Менің өмір сүру дәстүрім» тақырыбында дәрігер-гинеколог мамандарымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған Жолдауына байланысты жасөспірім қыз балалардың өмір сүру дәстүрін сауаттандыру.
Аталған кездесуге Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы Н.С.Аяпбергенова, «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының дәрігер-гинекологы Г.Т. Құмарғалиева, Жастар Денсаулық Орталығының гинекологы М.М. Евкурова және «Астана SOS Балалар ауылында» тәрбиеленіп отырған жасөспірім қыздар қатысты.
Кездесу барысында дәрігер мамандар «Жасөспірім қыздардың гигиенасы. Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары» тақырыбында баяндамалар оқып, тартымды мультимедиялық кино фильмдер көрсетті.
Сонымен қатар, жасөспірім қыздар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына дәрігер мамандары тарапынан жауап алды.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Жастар Денсаулық Орталығының мамандарымен бірлесіп жасөспірім балалардың өмір сүру дәстүрін сауаттандыру мақсатындағы осындай іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.

«Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу мәселесі бойынша ШҚО өткен оқыту семинары
2010 жылғы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Шығыс Қазақстан облысының Білім беру басқармасымен бірлесіп «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу мәселесі бойынша техникалық және кәсіптік оқу орындарының басшыларына оқыту семинарын өткізді.
Семинар барысында «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу мәселелері айтылды:
- облыстың техникалық, кәсіптік және жоғары оқу орындарында оқитын балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің түлектеріне «Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу Ережесі, көмекті төлеу тәртібі, көмекті алушыларды анықтау бойынша комиссияны қалыптастыру тәртібі түсіндірілді;
- Департамент директоры және Білім басқармасы бастығының 06.04.2009ж. № 14-п/100 бірлескен бұйрығымен реттелген оқушылар мен студенттердің қозғалысына мониторинг, және олардың ақшалай қаржыны алуына адрестік бақылау жүргізу реттемесі түсіндірілді. Деректердің уақытында ұсынылуына және сапасына техникалық және кәсіптік оқу орындарының басшыларына осы бұйрықпен жеке жауапкершілік бекітілгендігіне назар аударылды;
«Бөбек» Қорының қайырымдылық материалдық көмегін алу жөнінде оқушылар мен студенттердің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы мәселесі бойынша Өскемен қ. техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындары әкімшіліктерінің қызметін зерделеу нәтижелері және оқушылардан алынған сауалнама нәтижелері айтылды;
Бұдан басқа, семинарда заңнаманың қолданыстағы нормалары түсіндірілді, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғауға қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.
Берілген ұсыныстар:
- білім алуға деген құштарлықтарын арттыру және оқу орнынан шығару жағдайларын болдырмау мақсатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының түлектері арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;
- оқушыларды (студенттерді) оқу орындарынан шығару реттемесінің заңды тәртібінің сақталуына көңіл аудару;
- оқушылардың жеке және карточкалық есеп шоттары деректемелеріндегі өзгерістер туралы Департаментті уақытында хабардар ету;
- осы санаттағы әр балаға жеке дара қарауды жүргізу және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда қажетті және пәрменді шараларды қолдану.
Балалар үйіндегі мектеп бітірушілерді дербес өмірге дайындау, әлеуметтік табысты бейімделу, жалпы құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында 22 ақпан 2010 ж «Үміт» балалар үйінің негізінде «Балалар үйлері түлектерінің конституциялық құқықтарын сақтау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, онда тұрғын үй алу және еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел жұмысына:
Қалалық маслихат хатшысы – Головатюк В.М.
Жұмыспен қамтылу және әлеуметтік бағдарламаларды үлестіру басқармасының бастығы – Кузовлева О.Г.
Облыс прокурорының аға көмекшілері – Подрезов В.А., Газахунов А.Н.
ТКШ бастығының орынбасары – Жақсылықов А.М.
ШҚМУ заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты – Сабитова А.А.
ШҚМУ заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты – Квашин А.А. қатысты.
Балалар үйінің мектеп бітірушілері әңгіме барысында кәсіби кеңестер алып, білімдерін толықтырды.
Мамандық алу - балалар үйлері тәрбиеленушілеріне шынайы мүмкіндік
Бүгін жастардың жетістігі алдымен олардың кәсіби ұтқырлықтарына байлынысты болады. Балалар үйлерінің түлектеріне кәсіптің немесе мамандықтың болғаны өте маңызды, олар есейгенде біріншіден өз-өздеріне, өздерінің мүмкіндіктеріне және қабілеттеріне сенетін болады. Сондықтан балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен жұмыс жасағанда біз олардың әр қайсысының кәсіптік білім алуды мақсат етіп қоюына бағдар береміз.
Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы балаларға мемлекеттік жоғары, техникалық және кәсіптік оқу орындарында оқу кезінде әлеуметтік кепілдіктер: тегін оқу, тамақтану, киіммен, оқу керек-жарақтармен қамтамасыз ету, стипендия төлеу көзделген.
Оқу кезінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері С.А. Назарбаева төрайымы болып табылатын «Бөбек» балалар қайырымдылық Қорының патронатында болады. 2003 жылы Қормен кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқитын балалар үйлерінің және интернаттық мекемелердің түлектеріне қайырымдылық көмек құрылды. Студентер мен оқушылар осы көмекті «С.А. Назарбаеваның стипендиясы» деп атауды ұнатады. Жүргізілген сауалнама алушылардың 90 пайызы осы көмекті бюджеттеріндегі маңызды сома деп санайтынын көрсетті.
Қайырымдылық көмекті құру кезінен оны алатын студенттер мен оқушылар саны 400-ден асты, оның 203-і ағымды жылдан бастап алады. Оның ішінде облыстағы 4 жоғары оқу орындарында - 20 студент, 11 колледжде - 42 оқушы, 20 кәсіптік лицейде - 141 оқушы оқиды. Өткен оқу жылымен салыстырғанда қайырымдылық көмекті алушылар саны 1,5 есе көбейді.
Жеке жұмыс жүргізу, пайда болған проблемаларды шешуіне көмек көрсету үшін балалардың құқықтарын қорғау департаментінің әр маманы оқушыларға жеке-дара бекітілді. Ақпанда болған кездесулерде 82 бірінші курстың оқушылары мен студенттеріне «Бөбек» Қорының қайырымдылық көмегін алушы сертификаттары берілді.
Павлодар қаласы № 31 кәсіптік лицейде оқушылар С.А.Назарбаеваға ризашылықтары мен алғыстарын «Мамандыққа кұқық» салтанатты іс-шарада білдірді. Машина жасау колледжінде, № 25 Успенка кәсіптік лицейінде, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжде және басқа оқу орындарында қайырымдылық көмекті алушылар өздерінің оқуда жеткен табыстары, қоғамдық өмірге катынасулары туралы айтып берді, проблемаларымен бөлісті. Енді олар әрқашан балалардың құқықтарын қорғау департаменттегі ересек жолдастарының көмегіне сене алатындарын біледі.
12 ақпанда облыстық «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» форум-фестивальда салтанатты түрде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде, ПМУ колледжінде, Павлодар қаласының № 1 кәсіптік лицейінде оқитын балалар үйлерінің түлектеріне қайырымдылық көмекті алушы сертификаттары табысталды.
Оқу, білім және мамандық алу - бүгін балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне шынайы мүмкіндік, осы балалардың ұмтылысы мемлекетпен және қоғаммен қолданады. Білім алу әдеуір дәрежеде әлеуметтік ұтқырлықты негіздейді, одан әрі басқа қоғамдық игіліктерге жетуге мүмкіндік ашады. Білімге деген қолжетімдік халықтың ертеңгі білімділік және мәдениет деңгейін алдын ала шамалайды.

2010 жылы 14 ақпанда «Үміт» балалар үйінде «Масленница» мерекесінің соңғы күні өтті. Бұл үлкен мереке болды, жәрмеңке ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде балалардың жасаған бұйымдары, ыстық құймақ,самовармен ыстық шай берілді, түрлі ойындар өткізіліп, әндер айтылып, би биледі.
Бұл мереке биылғы жылы «Ғашықтар» «Святой Валентин» күнімен бірге келді. Тәрбиеленушілерді дербес өмірге дайындауда ұл балалар мен қыздардың арасындағы әдемі қарым-қатынастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөлінеді.
Сондықтан да «Махаббат 2010 ж» атты сайысты өткізу балалар үйінің тамаша дәстүріне айналды. Сайыстың жеңімпаздары Котегов Александр мен Нестеренко Дарья болып танылды.
Махаббатсыз бояу солғын болғандай,
Ертегіде жарық өшіп қалғандай,
Күн қыздырмай, өсімдіктер толмайды,
Әрқашан да махаббат жаңсақ болмайды.
Сара апамыз бақыт болды жеріме,
Қасиетіміз тие берсін еліме,
Жан жылуын үлестіріп жандарға,
Жүресіз Сіз, шашу шашып таңдарға.
«Үміт» балалар үйінде 2010 ж. 12 ақпан күні Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған үлкен тәрбиелік шара өткізілді.
«Туған күніңізбен, Сара Алпысқызы!» атты 3 кезеңнен тұратын әдеби-музыкалық композиция:
1.Сара Алпысқызына арнаулар
2.Поэзия мейірімділік, сұлулық, қайырымдылық қызметінде
3.Сара Алпысқызының сүйікті әндері
Әр топта тақырыптық тәрбие сабақтары өтті, демеушілер балаларға тәтті тағамдар, торттар сыйлады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар кеңес болып өтті
2010 жылдың 10 ақпанында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар кеңес болып өтті.
Семинар кеңес жұмысына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бастығы Әбдірайымов Дүйсенбек Исахметұлы, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәуленов Думан Болатұлы, Жамбыл облысы Әкімі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Егембердиев Лесбек Шәйменұлы, облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен барлық үлгідегі мектеп-интернаттарының басшылары, қорғаншы және қамқоршы органдары мен облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар кеңесті ашқан облыстық білім басқармасының бастығы Д.И.Әбдірайымов Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің 2003 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Таңдаулы интернат» републикалық байқауында жүлделі 3-ші орынды иеленгенін айта келе, педагогика ұжымының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау бағытында атқарып келе жатқан жұмысына оң баға берді.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәуленов Думан Болатұлы өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында 2020 Стратегиялық жоспарын іске асыру аясында алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту, сондай-ақ Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету міндетін қойғанын айта келе, осы ретте балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына, олардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Семинар кеңес қатысушыларына сәттілік тілей келе, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің ұжымына балалар құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік құралдарды тарту етті.
Семинар кеңеске қатысушылар бүгіндері балалардың әлеуметтік құқықтарын қорғау барысында кездесетін кедергілердің себептерін анықтап, оның шешу жолдарын талқылады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Директорлар кеңесінің мүшесі Г.С.Төлегенова «Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғаудағы атқарылған жұмыстар барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында тәрбиеленушілердің туу туралы куәліктерін алу, оларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалуына қол жеткізу, оларды тұрғын үй кезегіне қою, баланың үлестерін сақтау, алимент өндіру, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік мәртебесін анықтау, ата-аналардың ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру, хабар-ошарсыз кеткен ата-аналарды қайтыс болды деп тану, балаға тиесілі тұрғын үйді заңдастару мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.
2001 – 2009 жылдар аралығында 28 тәрбиеленушіге жеке шоттарындағы қаражаттарына пәтер сатып алынған, 34 тәрбиеленушінің тұрғын үйі тоқтам жасау арқылы сақталды, 5 баланың тұрғын үйі мұрагерлік жолымен, 3 баланың тұрғын үйі сыйға тарту арқылы заңдастырылса, 5 баланың тұрғын үйі мүлікті жариялау жолымен заңдастырылған. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен берілген пәтерлер - 11, бүгінгі күнге сақталып отырған тұрғын үйлер – 22.
2009 жылға дейінгі тұрғын үй кезегінде тұрған балалар – 155, ал осы оқу жылында 170 тәрбиеленушінің 105-і тұрғын үй кезегінде тұр.
158 тәрбиеленушіге Тұрғын үй жинақ банкісінен депозит ашылған. Осы кезге дейін 78 тәрбиеленуші тұрғын үйге ие болған.
Сонымен қатар балалар үйінің басшысы сот орындарында қаралған істер және Әділет басқармаларымен өзара іс-әрекет жасау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
2001 - 2009 жылдар аралығында балалар үйінің талап арызы бойынша ата-анасы өлді деп тану бойынша -36, хабар ошарсыз кетті деп тану бойынша – 48, әке деп тану (биологиялық, өлгеннен кейін) – 13, шеше деп тану (биологиялық, өлгеннен кейін) – 2, алимент өндіру бойынша – 78, ата-ана құқығын қалпына келтіру бойынша – 10 істер аралып шешім қабылданған.
Әділет басқармаларынан 44 балаға туу туралы куәліктер алынды, 7 баланың өз қалауы бойынша аты-жөні өзгертілді, 13 баланың әкесі танылуына байланысты тегі өзгерді, 316 балаға некесіз туылғандығы туралы анықтама алынды, 40 баланың ата-анасына қайтыс болғаны туралы куәлік алынды, 18 тәрбиеленушінің құжаттарындағы жіберілген қателіктер заң шеңберінде түзетілді.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Г.С.Төлегенова Тараз қаласында бос тұрған жатақханалар мен пәтерлерді заңдастырып, жетім балалардың жеке шотындағы қаражаттарының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, есесіне бұл үйлерді балаларға қайтарымсыз пайдалануға немесе ұзақ мерзімге жалға пайдалуға беру туралы өз ұсынысын ортаға салды.
Ол өз сөзінде балалар үйіндегі 170 тәрбиеленушінің 129-ы жауапсыз ата-аналардың балалары, 41-і ғана жетім екенін айта келе, ата-ананың жауапкершілігін арттыру мәселесіне тоқталды.
Бүгінгі таңда мұндай ата-аналарға ең жоғары жаза ретінде ата-аналық құқығынан айырумен шектеледі, яғни ол жауапкершілігі төмен ата-анаға жағдай жасап бергенмен бірдей, сондықтан қоғамға орасан залал келтіріп отырған мұндай ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында осы әрекет үшін жазаны күшейту мәселесін жоғары тұрған тиісті органдар алдында көтеруді ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, олигофрения диагнозымен ауыратын балалардың қарапайым кәсіби мамандықтарды оқи алмауы да өзекті мәселенің бірі ретінде көптен бері көтеріліп келе жатқаны айтылды.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған жұмыстары туралы балалар үйі директорының орынбасары С.М.Шевченко, тәрбиешілер С.Н.Жақсылықова, Г.Н.Әлімбекова, Г.С.Төрежанова, әлеуметтік талдаушы Ж.Т.Есенәлиева, әлеуметтік педагог Ұ.Д.Әлі баяндама жасады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында өткізілген облыстық семинар кеңес қатысушылары балалар үйлері, интернаттық мекемелердің басшыларына, облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтына, қорғаншы және қамқоршы органдарына, кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссияларына өз ұсыныстарын жолдады.
Семинар кеңес соңында балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен «Мистер Д» байқауы өткізілді.

«Бүкіл жерде жақсылық жаса, басқалардың игілігі үшін жақсылық жаса...» Бұл әннің сөзін көпшілік естіді. Адам жақсылық ортасында өмір сүруі керек. Бұл жақсылық ортасы көбінесе адамның өз қолымен жасалады. Осындай мейірімді және жанашыр адам – Біздің Анамыз – Сара Алпысқызы. Туған күнімен құттықтаулар, тілектер мен алғыс сөздердің Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті мекенжайына келіп жалғасуда.
«ШҚ облыстық балалар ауылы» түлектері, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттерінен
«Қолдау» отбасын қолдау орталығы
Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылдың 5 ақпанында сағат 11.00-де ««Құлыншақ» балалар үйі» ММ ғимаратында «Қолдау» отбасын қолдау орталығының қызметіндегі мәселелерді шешу жолдары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.
Мақсаты: аймағымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың альтернативтік түрлерін дамыту үшін жағдай жасау.
Дөңгелек үстелдің жұмысына денсаулық сақтау, білім басқармаларының, МББҚБА және ҚДИ, балалар үйлерінің, Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының қорғаншылық пен қамқорлық органдарының өкілдері, «Қолдау» отбасын қолдау орталығының, ҮЕҰ мамандары қатысады.
Дөңгелек үстел барысында «Қолдау» орталығының мамандары қатысушыларды атқарған жұмыстары жөнінде ақпараттандырды. Жұмыс жасаған кезінде эксперименталдық алаңдар балалардың ата-аналарын, туған туыстарын іздеу жұмыстарын жүргізді. Балалар отбасыларына оралған, 8 бала шетел азаматтарымен және Қазақстан азаматтарымен асырап алынған. Асырап алушы ата-аналарға құқықтық-кеңестік және психологиялық көмек көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі проблемаларды көтерді: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік және құқықтық колдау көрсету, ұйымдармен және құрылымдармен ведомствоаралық әрекеттестікті қарқындату, баланың отбасыда тәрбиелену құқығын жүзеге асыру, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамның, әлеуметтік жетімдіктің проблемаларына қоғамның, азаматтық сектордың назарын аудару.
Дөңгелек үстел рефлексиямен аяқталды, онда дөңгелек үстелдің жұмысы жөнінде көп жақсы пікірлер айтылды, әлеуметтік жетімдікті, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционализациялау проблемаларын шешу кезінде қатысушыларда өте маңызды ойлар туындады.
Іс-шара БАҚ кеңінен жарияланды.

«Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.
Адам жанын тәрбиелеуде - баланы қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, сыпайылыққа, имандылыққа баулу – бала жанының сапасын тәрбиелеу болып табылады. Шәкәрім бабамыз айтып өткендей, мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам.
Осындай ізгі қасиеттерді ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыра отырып, 2010 жылдың 6 ақпанында Облыстық білім басқармасы, ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Облыстық жасөспірімдер үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында дүбірлі облыстық «Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы өтті.
«Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауына облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру ұйымдарынан 50-ге жуық тәрбиеленуші қатысып, өздерінің құйқылжыта салған әндерін сыйлап, әсем билерін көрермендерге тарту етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша ән байқауынан жүлделі:
І орынға - Облыстық көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Олжа Ақниет;
ІІ орынға - Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Мырзабеков Ділмұрат;
ІІІ орынға – Т. Тәжібаев атындағы №1 Арыс балалар үйінің тәрбиеленушісі Құрбанов Әлішер ие болды.
Би байқауынан жүлделі:
І орынға - Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері «Денис» би тобы;
ІІ орынға - №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері «Балдәурен» би тобы;
ІІІ орынға – «Бауыржан» атындағы отбасылық негіздегі балалар үйінің тәрбиеленушілері «Думан» би тобы ие болды.
Жеңімпаздарды байқаудың ұйымдастырушылары жүлделі дипломдармен марапаттап, оларға демеушілер - Шымкент университеті мен «Бекжан» базарының әкімшілігі тарапынан І орынға - түрлі-түсті теледидар, ІІ орынға - әуен орталығы, ІІІ орынға үнтаспа сыйға тартты.
Балаларды мейірімділікке баулый отырып, олардың шығармашылық шыңдалуына қолдау көрсету және рухани қабілеттерін, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы ананың ыстық алақаны мен әкенің өсиетті сөздеріне зәру жаны жарымжан балалардың өмірге деген құлшынысына үміт ұялатқандай. Залдағы көрермен балалар мен жасөспірімдер сахна төріндегі құрбыларының орындаған ән-билерінен ерекше сезімге бөленіп, олардың шад-шадыман көңіл-күйі мен ду қол шапалақтары мейірімділік қасиетінің толассыз жүректен-жүрекке жеткізді.
Ақын-жазушылар – балаларға
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстық балалар үйінде БатысҚазақстан облысының белгілі ақын-жазушыларының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесуі өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты - оқушыларды Орал өңірінің ақын-жазушыларымен және олардың шығармашылығымен таныстыру; білім беру ұйымдарының интернаттық мекемелерінің кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен толықтыру мәселесіне қоғам назарын аудару.
Аталған шараға «Жас дәурен» балалар кешенінің, облыстық балалар үйінің, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері, облыстың ақын-жазушылары А.Нәріков, М.Шүйншәлиева, әдебиеттанушы Р.Дәулетова, БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және БАҚ өкілдері, барлығы 65 адам қатысты.
Қатысушылардың назарына:
- Орал өңірінің атақты қаламгерлерінің шығармашылығына арналған кітаптар көрмесі;
- облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерінің орындауымен жерлес ақын-жазушыларымыз Қадыр Мырза-Әлі, Жұбан Молдағалиев, Ғайсағали Сейтақов, Ақұштап Бақтыгерееваның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылып, музыкалық бағдарлама ұсынылды.
Кездесу барысында ақын-жазушылар қатысушыларды өздерінің балаларға арналған туындылар жинақтарымен, әдеби-шығармашылық өмірбаяндарымен таныстырып, балаларға байланысты өзекті мәселелерге тоқталды және оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Қадірлі меймандар барлық балалар үйлеріне жаңа ғана баспаханадан шыққан туындыларын сыйға тартты.

Әкім өз сөзін орындайды
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамту бойынша ерекше қамқорлық белгісі ретінде Қостанай облысы әкімінің 2008 жылдың қаңтарындағы Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларында және Жітіқара ауданында шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйлерді салу туралы шешімі болып табылады.
2008-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде 45 жетім бала пәтерлермен қамтамасыз етілді.
2008-2009 жылдар аралығында Рудный қалалық әкімдігімен18 пәтер, 10 пәтер – Қостанай қалалық әкімдігімен, 10 – Жітіқара ауданының әкімдігімен, 2 – Қарасу ауданының әкімдігімен, 1 пәтерден Федоров және Сарыкөл аудандарының әкімдіктерімен бөлінді. Пәтерлерге ие болған барлық жетім балалар санынан 19-ы балалар үйлері, мектеп-интернаттарының бұрынғы тәрбиеленушілері болып табылады.
Міне! Тағы да қуанышты жаңалық! 2010 жылдың 26 қаңтарында Қостанай облысының әкімі С.В. Кулагин жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан бес жас азаматқа жаңа пәтердің кілтін табыс етті. «Бақытты жандар» ішінде Рудный балалар үйінің 2 түлегі, 1 – облыстық Рудный қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектебінің түлегі, 2 – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің тәрбиеленушілері.
Рудный қаласында жаңа қоныстанғандарға «бүкіл әлеммен» жұмылып тұрғын үйде жайлы орналасуға көмектесу жақсы дәстүрге айналды. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқитын білім беру мекемелері, балалар үйлері, мектеп-интернаттарының ұжымдары, жеке кәсіпкер мен бизнес ұйымдарының басшылары оларға жаңа тұрғын үйде жайлы орналасуы үшін демеушілік және практикалық көмегін тигізді. Облыстық жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның түлегіне, ал бүгінгі күнде Рудный музыкалық колледжінің 4 курс студенті Казакова Валерияға «Док» және «Белая Русь» кәсіпорындары үй жиһазын әзірлеуге көмектесіп, оның туған «мектеп-интернатының», Жасөспірімдер үйінің педагогикалық ұжымдары кілем, төсек-көрпе жабдықтарын және ыдыс-аяқтарды сыйға тартты. Рудный балалар үйінің түлектері жас ерлі-зайыпты жұп Евгений мен Анна Локтевтер және олардың бір айлық қызы Ангелина да жайлы көп пәтерлі үйдегі жаңа пәтер кілтіне ие болды. Евгений № 10 кәсіптік лицейді бітіргеннен кейін Рудный кен байыту комбинатында электрослесарь болып қызмет атқарады. Кәсіпорын оларға жаңа тұрғын үйге ие болуына орай мұзтоңазытқыш және басқа тұрмыстық техниканы табыс етті.
«Отбасы – адам өміріндегі ең басты қазына. Өзіміздің жанұяға қуанышпен ораламыз. Сондықтан өзімізді бақытты деп санаймыз. Бұл бақытты сыйлаған жандарға өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз! – деп, бүгінгі таңдағы жас ана, Анна өз қуынышымен бөлісті.
Балалардың ертеңін ойласаң бүгінде бар екенін ұмытпа!
2010 жылдың 23 қарашада «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясының ұйымдастыруымен «Жетімдер және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың және балалар үйлерінің түлектерінің мәселелері» тақырыбында «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясында пікірсайыс өтті.
Қатысушылар: Қарағанды облысының балалар құқықтарын қорғау департаментінің, облыс прокуратурасының, ішкі істер басқармасының өкілдері, облыстық балалар үйлерінің директорлар кеңесінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Ақниет» жастар қайырымдылық ұйымының өкілдерімен жасөспірімдер үйлерінің басқармалары, қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының мамандары.
Пікір сайыс, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында өтті.
Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін қызу талқылаған қатысушылар оның шешу жолдарын да қарастырып өз ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда біздің қоғам әлеуметтік жетімдіктің мәселесін толық шеше алмай отыр. Өткір әлеуметтік мәселенің себептерінің бірі - ол отбасылардың жағдайы төмендеп, тәрбисі бұзылғандығы, ата-аналар өз міндеттерін атқаруға ниетінің жоқтығынан балаларының тәрбиесімен айналыспауы, ішімдікке, нашақорлыққа шалдыққандықтан, балалар үлкендердің қадағалауынсыз өз беттерімен өсіп, қаңғыбастық, қайыр сұрау, балалар еңбегін қанау, зорлық сияқты жағдайларға ұшырайды. Анықталған осы себептермен Қазақстанда отбасына әлеуметтік көмек көрсету мен асырап алушы ата-аналар институттары жоқ, облыс орталықтарында қиын жағыдайға душар болған отбасыларына оңалту орталығы қарастырылмаған.
Көп жылдар бойы шешілмей жатқан аса маңызды мәселенің бірі балалар үйлерінен тәрбиеленіп шыққаннан кейін түлектер орта арнайы білім алу ұйымдарына орналастырады. Дегенмен, бұл балалардың кәсіби мамандық алып шыққаннан кейінгі тағдыры беймәлім, ешкімді толғандырмайды. Баспаналарының жоқтығынан балалар үйлері түлектерінің көп бөлігі ата-анасының тағдырын қайталап ішімдікке салынып, ұрлық немесе басқа бұрыс жолға түсіп бас бостандықтарынан айырылғандар мекемесіне жол табады.
Бұл мәселе - тек қана жетім балалардікі емес, жалпы қоғамның мәселесі. Егер әр-қайсысы өз басын ғана ойласа, бұл мәселе шешімін таба алмайды, қамқорсыз қалу балалардың қалауы емес. Олар бұндай жағдайға душар болғандықтан өмір сүруге деген құлшыныстары мүлдем болмайды.
Балалардың өмірін өзгерту үшін, біз үлкендер өзіміз әлемге деген көзқарасымызды, құндылықтар жүйесін өзгертуіміз керек. Жоғарда айтылған мәселелерді біз тек отбасының мәртебесін көтеру арқылы, бүкіл атқарушы ведомстволық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпараттық құралдардың бірігіп қоян-қолтық жұмыс ітеулерінің арқасында ғана шеше аламыз, ал үкімет тарапынан жетім балалар үйлерінің түлектерін баспанамен қамтамасыз ету үшін, пәтер алуға арнайы жеңілдік кезегіне тіркеу жас аралығын 21 жасқа дейін созса; «Жасөспірімдер үйлерін» кеңейтсе; түлектер арнайы мамандық алғаннан кейін бастапқы кезде еңбек ақысын пәтер сатып алуға жинақтағанша, не болмаса үкімет тарапынан пәтер алу кезегі жеткенше уақытша паналайтын «Жастар үйін» ашып және жетімдерді жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға тиісті шара қолдану ұсыныстарын білдірді.
Пікірталасқа қатысушылар аймақтың мәселелерін қозғай отырып, өзектілігімен көптеген лебіздер мен пікірлерге ие болды.

Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Республикалық балалар үйлері директорлары кеңесінің мүшесі, облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваның ұйымдастыруымен 2010 жылдың 22 қаңтарында Қаратал ауданындағы Үштөбе балалар үйінде тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинарыұйымдастырылды.
«Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ іс» атты семинарға Қаратал аудандық әкімшілік, облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің мамандары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің өкілі, «Айналайын» балалар үйінің, облыстық №1 балалар үйінің, Панфилов көмекші мектеп-интернатының, Үштөбе қаласындағы №13 мектеп-интернатының тәрбиешілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысында «Балалар үйінің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Балалар үйінде сабаққа өзін-өзі дайындау жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Жасөспірім жастағы қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар екі секцияға бөлініп, бірінші секция жұмысында «Айналайын» балалар үйінің логопед, психолог және кітапханашысы аталған мекеме мамандарымен практикалық жұмыстар жүргізді, өзара әдістемелік материалдармен және іс-тәжірибелерімен алмасты. Екінші секцияға қатысушылар балалар үйіндегі рухани-адамгершілік, этно-педагогикалық, елжандылық, отансүйгіштік, эстетикалық тәрбие беру бағыттары бойынша шығармашылық сызба-жобаларын қорғау жұмыстарын көрсетті.
Қорытынды кезеңде семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін төлеуді ұйымдастыру шеңберінде жетім және ата анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің бітірушілерін жұмысқа орналастыруды зерделеу жөніндегі жұмыстар үнемі және жүйелі жүргізілуде. Көрсетілген санаттағы балалардың арнайы орта және жоғары оқу орындарын аяқтамау және үзілістердің себептерін талдауға баса назар аударылуда.
Қайырымдылық көмекті бөлу жөніндегі арнайы комиссия отырысында Астана қаласының жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерімен, колледж мұғалімдерімен көрсетілген санаттағы балалардың арасында кәсіптік бағдардағы жұмыстардың аздығынан балалар өздерінің қалауынсыз басқа мамандықта білім алады деген пікір айтылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне бағытталған жобаның ынталануы мақсатында Департамент директоры Қошқарова Г.Х. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жастардың жетістігі» Алтернативтік білім беру орталығы «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып әзірленген «Ерте кәсіпшілік хабардар болу және мамандықтарды таңдауда оқушылардың өзі тағдырын өзі шешуі» бағдарлама нәтижелерінің презентациясына қатысты.
Осы іс-шарадағы бағдарламаның маңызды бөлімі әрлендіруші-полиграфист жаңа мамандығын студенттерге меңгеру үшін шағын-типографияның ашылуы болды.
Жабдықтауды беру міндетін орындау «Шеврон» компаниясының бас өкілі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаментінің директоры Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы орындады.
Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Шеврон» компаниясының өкілдері және Астана қаласындағы ерте кәсіптік бағдар бағдарламасының қатысушыларының қатысуымен дөңгелек үстел жұмысымен жалғасты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары бірауыздан бағдарламаны ұйымдастырушыларды қолдап, алғыстарын білдірді, сонымен қатар жобаның шеңберін кеңейту қажеттілігі туралы бірыңғай пікірде болды. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры өзінің сөйлеген сөзінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерін ерте кәсіптік бағдардалау мақсатындағы жоба Астана қаласында жалғасуы керек екендігін атап көрсетті.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Облыстық директорлар Кеңесінің отырысының өткізілуі
2010 жылдың 21 қаңтарында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының облыстық директорлар Кеңесінің отырысы болып өтті.
Отырыста Кеңестің 2009 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып, 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Кеңес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы өзекті болған мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізді.
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қорытындысы туралы»;
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен және тұрғын үймен қамтамассыз ету»;
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу».
Ұйым басшыларына әдістемелік көмек беру мақсатында келесі материалдар ұсынылды: «Ақтөбе облысы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайының мониторингі (2008-2009 ж.ж.)», «Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің жұмысы».

Қамқорлыққа алғыс айтамыз
Қазіргі таңда жас өспірімдердің тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, сонымен қатар мемлекет тарапынан және жеке тұлғалар тарапынан қолдау көрсетілуде.
Оқу белсенділігі мен қоғамдағы әлеуметтік бейімделуі мақсатында балалар үйінің түлектеріне «Бөбек » қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу оларды материалдық жағынан қолдау түріне жатады.
Облыстағы техникалық, кәсіби және жоғары оқу орындарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің түлектері қатарынан оқитын студенттерге материалдық қолдау көрсету бастамасы «Бөбек» қорының Президенті – Сара Алпысқызы Назарбаеваға тиесілі.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне Сара Алпысқызының балаларға сыйлап отырған қамқорлығы мен жылылығы үшін алғыс сөздер келіп түсуде.
Тоқтағанова Жансаяның алғыс хаты
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында 2010 жылдың 11 ақпанында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың қызметін үйлестіру, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін облыстық директорлар кеңесін құру мақсатында отырыс өткізілді.
Аталған шараға облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық ішкі істер департаменті, қоғамдық бірлестіктер, БАҚ өкілдері мен облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік және жекеменшік мекемелерінің директорлары қатысты.
Кіріспе сөзден соң қатысушылар слайд арқылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда балаларды асырап-бағуға, тәрбиелеуге, олардың жан-жақты дамуына жасалған жағдайлармен және жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар директорларының облыстық кеңесін құрудағы мақсат, міндеттермен таныстырылды.
Шара барысында балалар үйлерінің директорлары өз мекемелеріндегі проблемалар мен жетістіктері бойынша пікір алмасып, облыстық директорлар кеңесін құруға қарсы еместігін білдірді.
Қорытынды кезеңде облыстық директорлар кеңесінің мүшелері облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваны төраға ретінде тағайындады.

Солтүстік Қазақстан облысында қысқы демалыс уақытында Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілгендегі туралы
2009 жылғы желтоқсанның 25-і мен 31-і аралығында Солтүстік Қазақстан облысының 12 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің арасында жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті.
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс уақытында департамент мамандарымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Барлық интернаттық мекемелерге жаңа жылды өткізу, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, содай-ақ мереке қорытындысы бойынша ақпарат беру мерзімі анықталған ұсыныстар жіберілді.
Серіктес мемлекет - органдарының, демеушілер атына «АСАР» акциясына қатысу жөнінде және мұқтаж балалардың жаңа жылдық сыйлықтарды алуына ықпал етуіне 40-тан астам өтініш хаттар жіберілді. Соның негізінде бір мыңдай сыйлықтар алынып таратылды.. Жаңа жылдық 700 тәтті сыйлықтар сыйлаған демеуші жеке кәсіпкер «С.Н.Харсиевтің» қосқан үлесін айта кеткен жөн. Департаменттен жаңа жылдық құттықтау ашық хаттары дайындалды.
Кестеге сәйкес департамент мамандары «Достық ынтымақтағы Жаңа жылдық таңғажайып» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық шыршасына қатысатын ауылдық жерлерден Петропавл қаласына келген балалардың тұратын орындарына барылды. Департамент директоры тікелей өзі де қатысты.
Облыс орталығындағы интернаттық мекемелерде облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында, Петропавл қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылына, №1, №2 түзету мектеп-интернатында, Петропавл қаласының кәмелет жасқа толмаған балалар үшін баспанада, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернатында, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында, облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау бейімдеу және оңалту орталығында, Петропавл қаласының жасөспірімдер мен балалар үйінде өткен жаңа жылдық мерекелерге қатыстық.
Департамент қызметкерлері Петропавл қаласының «Асыл - Ана» асырауындағы балалары бар мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігінің, облыстық түберкүлезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесіне, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының жаңа жылдық іс-шарасына да қатысты.
Департамент қызметкерлері және еріктілері «Абакшино» демалыс аймағында өткен «Адон-Север» мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық қойылымына қатысты. Іс-шараға ата-аналар және 43 бала қатысты.
Облыстық және аудандық, әкімшілік орталықтарының, 208 ауылдық өңірлерінің көпшілік болатын орындарында жаңа жылдық шыршалар орналастырылды, онда костюмді қойылымдар әр жастағы балалардың қатысуымен өткізілді. Мәдениет қызметкерлерімен қызықты қойылымдар ұйымдастырылды. Іс-шаралар екі тілде өтті. Халық мекендейтін сахналық алаңдар және мұз қалашықтар, хоккей алаңдары және стадиондар жаңа жылдық демалыс уақытында балалардың жаппай уақыт өткізуінің орны болды.
Жаңа жыл – ең тамаша бәріміз аңсап күтетін және сүйікті мерекелердің бірі. Бұл мейрамды балалар да, ересектер де үлкен қуанышпен күтеді. Жаңа жыл оларға көл-көсір қуаныш, сондай-ақ көптеген сыйлықтар түрінде елестейді. Бұл балалар үшін толқынысқа толы, ең сүйікті мереке.
Осы жылы да 2009 жылғы 28 желтоқсан күні Жаңа 2010 жылдың қарсаңында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Аяз атамен және Ақшақармен бірге жаңа жылдық құттықтауларымен және 100 сыйлығымен30 баланың, мүмкіндігі шектеулі 20 баланың, сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы 50 баланың отбасыларына барды. Аяз ата мен Ақшақардың алғашқы құттықтаған отбасыларының бірі Айдарбек Дәулет пен Бақытжанова Перизат; Борщ Евгений мен Егор; Кичкина Екатерина; Рустам, Азира, Анастасия, Светлана, Хамза Куштановтар; Мақсатов Кенжетай, Әділова Әселім мен Өтегенов КамидоллаАяз атаның сыйлық қабын жинауға біздің мейірімді достарымыз «Анвар» ЖШС-і мен СНПС «Ақтөбемұнайгаз» көмектесті. қамқоршылық/қорғаншылықтағы қорғаншылық/қамқоршылықтағы, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылар болды.
Аяз ата мен Ақшақардың келгендеріне балалардың қуаныштарында шек болмады. Бөбектер Аяз ата мен Ақшақардың әрбір бала үшін алдын ала дайындаған сыйлықтарын сыйлайтынын біліп, тақпақтары мен жаңа жылдық өлеңдерін жарыса айтты.
Аяз ата мен Ақшақар барлық отбасын құттықтап, кетерінде балалар мен олардың ата-аналарына: «Жаңа жыл барлығымызға амандық-саулық сыйласын, ойда жүрген армандарымыз орындалсын, қай істе де табысқа жеткізе берсін!»
Бұл әрбір отбасындағы әрбір бала үшін есте қаларлық күн болмақшы!

2009 жылдың 27 желтоқсан күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті “Берілу” қоғамдық қорымен (басқарма төрайымы И.И.Гилерт) бірігіп «Артисть» агенттігі мен OKAN Astana қонақ үйінің қолдауымен Арнайы түзету мектеп-интернатының (АТМИ), Астана қаласының кәмелетке толмаған балаларға арналған пана үйінің және кәмелетке толмағандарды уақытша оңалту, бейімдеу және оқшалау орталығының (КТУОБОО) тәрбиеленушілеріне және аз қамтылған отбасы балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілікті ұйымдастырып өткізді.
Жаңа жылдық ертеңгілікке барлығы 9 бен 15 жас аралығында 40 бала қатысты. Ертеңгілік OKAN Astana қонақ үйінің залында өтті.
Мерекеде балалар ойындар ойнап, көңілді би кешіне қатысып «Rin Go» және «Не все сказано» топтарының өнерлерін тамашалады.
Жаңа жылдық ертеңгілік соңында «Артисть» агенттігі мен OKAN Astana қонақ үйі балаларға ыстық және тәтті тағамдар, сыйлықтар ұсынды.
Мерекелік іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, асқақ әсер қалдырды.

Балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері жаңа жылдық сыйлықтардан қалыс қалған жоқ – оларды облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынды.
2009 жылғы 25 желтоқсанда «Астана» Мұз Сарайында жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін Павлодар облысы Әкімінің жаңа жылдық Шыршасы өтті. Оған 9 жастан 13 жас аралығындағы 150 бала шақырылды. Әрбір қатысушы жалпы сомасы 50 мың теңгені құрайтын кеудеше, бөкебай, бас киім, спорт киім, етік, жұмсақ ойыншықтар, оқу құралдары мен кітаптар салынған аспалы сөмкелерді сыйлыққа алды. Барлық киімдер жынысы мен жасын ескере отырып, жеке-дара таңдалынып алынды. Балаларға мерекелік бағдарлама ұсынылды, тәтті тағамдары бар үстел, келе жатқан жылдың нышаны бар мерекелік торт жасалды.
Облыстағы қала және аудан әкімдері өз аймағындағы балалар үшін баламалы іс-шаралар өткізді.
Желтоқсанның 21-нен 30-ы аралығында барлық 22 білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жаңа жылдық таңертеңгіліктер, дискотекалар, карнавалдар, қойылымдар болып өтті, мәдени-бос уақыт өткізу мекемелері, театрлар, көрме залдарына бару ұйымдастырылды.
Мичурин ауылы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері тәтті сыйлықтардан басқа, Казкоммерцбанк ПФ 200 мың теңге сомаға спорт тауарларын және «АЗА» ЖШС (Г.М. Акопян) 80 мың теңге сомаға жаңа жылдық киімдерін сыйлыққа алды.
Павлодар облысының Салық департаменті Павлодар қ. балалар үйінінің 60 тәрбиеленушісіне тәтті сыйлықтар, «Роса» АҚ (А.А. Құрмантаев) – 33 450 теңге сомаға сусындар ұсынды. «АЗА» ЖШС 35 мың теңгеге косметикалық жинақтармен қамтамасыз етті, «Махметова» ЖК 40 мың теңге сомаға илі тондар сыйлады.
Сбербанк России директоры В.В. Юдин Павлодар қаласы № 1 мектеп-интернат балаларына жалпы сомасы 106 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады және Аяз Ата мен Ақшақарды шақырды. Осы интернатқа кәсіпкер В.Г. Шароваров музакалық орталық сыйлады.
Кедендік бақылау департаменті Павлодар қаласы № 2 мектеп-интернаттың 10 белсендісіне Астанаға экскурсия ұйымдастырды.
№ 2 мектеп-интернат түлектеріне облыстың белгілі кәсіпкерлері қомақты сыйлық жасады: Іскер әйелдер ассоциациясы (Л.А. Фрезоргер), «Ертіс» корпарациясы (Б.К. Дүйсембаев), фирма «Резон» (П.Н. Вырвинский), сауда-өнеркәсіп палатасы (Р.К. Сатабаева) әрқайсысына жеке-жеке 30 мың теңгеден 11 депозит ашты.
Екібастұз қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 276 бала «Благотворительность» ҚҚ (А.М. Брауэр) және «Екібастұз» ҚБҚ (Т.В. Шмидт) тәтті сыйлықтар алды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 балаға және 41 мүгедек балаға тәтті сыйлықтардан басқа Ертіс ауданындағы «Солтанбет» ЖШС (Е.И. Атимов) және «Абай» ЖШС (Н.А. Миллер) жалпы сомасы 309 мың теңгеге қысқы бас киімдер, бөкебайлар және саусақты қолғаптар сыйлады.
«АқтоғайАрго» ЖШС (И.Н. Головашов) және «Надежда» АШ (В.В. Филипшин) 140 жетім, мүгедек және аз қамтамасыз етілген балаларға жалпы сомасы 210 мың теңгеге сыйлық жасады.
Қашыр балалар үйінің 37 баласы Песчаное ауылының кәсіпкері Н. Жұмановадан жаңа жылдық сыйлықтар алды.
Әйгілі вокалды топ «Думан тобы» Шақат ауылы балалар үйіндегі 7 жетім балалар үшін жаңа жылдық қойылым ұйымдастырды, жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Тұяқбаев ЖК құны 4 мың теңгеге жылы көрпелер сыйлады. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы цифрлық фотоаппарат, Шақат ауылының ОМ – радиотелефон сыйлады.
Жаңа жылдық шараларға келген балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін, олардың өмір сүру орындарында тәуліктік кезекшілікті, олардың орын ауыстыруы барысында делегациямен ілесіп жүруін сәйкес облыстық ведомствалар (ішкі істер департаменті, білім беру және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өтрке қарсы қызмет) қамтамасыз етті.
Балалар үшін жаңа жылдық шараларды облыстағы ірі кәсіпорындар ұйымдастырды. «Аллюминий Казахстана» АҚ жұмыскерлерінің 1750 балаларына Жаңа жылдық шыршада Аймауытов атындағы Қазмуздрамтеатрында «Ауылдан шыққан қыз» спектаклімен мерекелік бағдарлама көрсетілді. Балалар тәтті сыйлықтар алды, кәсіпорын басшыларымен қол ұстасып жүріп ән айтты!
Осындай іс-шаралар «Қазақтелеком», «Картон-рубероид заводы», «Машина құрылысы заводы», «Трамвай басқармасы» АҚ және т.б. жерлерде өткізілді.

Жамбыл облысындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мен балалар үйлерінде өткізілген Жаңа жыл мерекесі туралы
Жаңа жыл – тек балалардың ғана емес, сондай-ақ үлкендердің де сүйікті мерекесі, сол себептен №1 Қ.Сарымолдаев атындағы, «Ұлан», балалар үйлері мен В.Савва атындағы мектеп - интернатының, «Үміт» бөбектер үйінің және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жыл сайын құттықтау дәстүрге айналған. Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері облыстағы барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен педагогика ұжымын құттықтады.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облысымыздың танымал меценаттары мен демеуші азаматтарына осынау мерекеде қолдау көрсетуді сұрап хат жолдаған болатын. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Жаңа жылда қолдау көрсетіп, оларға қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі Департаменттің өтінішіне төмендегі мекемелер үн қосып, қолдау көрсетті, олар: Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясы, «Еркебұлан» ЖШС-гі, «Казфосфат» ЖШС-гі, Халық банкінің Жамбыл облыстық филиалы, «Дүйсеке» ЖШС-гі, «Интерлинг Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» америкалық қайырымдылық қорының филиалы, «Казпочта» АҚ, «Альтаис» ЖШС-гі, «Энерджи Тараз» ЖШС-гі, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер.
Жасөспірімдер үйі мен Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйіндегі Жаңа жылдық мерекесіне Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының өкілдері және Тараз қаласының жергілікті кәсіпкерлері мен демеушілері қатысты.
Тимофеевтер отбасы үлгісіндегі балалар үйіне Жаңа жыл мерекесімен құттықтап Департамент өкілдері, «Дүйсеке» ЖШС-нің өкілі Сембеков Төребек Досайұлы келіп, балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар мен тәтті жемістер сыйлады.
30 желтоқсанда Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі тәрбиеленушілерінің Жаңа жылдық ертеңгілігіне Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының президенті Буданова Елена Николаевна мен Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері келіп, балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Елена Николаевна балалар мен интернат үйі ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға баянды бақыт тіледі. Келген қонақтар балалармен қол ұстасып Жаңа жыл шыршасын айналды.
Облыстық Жасөспірімдер үйінде 30 желтоқсанында өткен Жаңа жылдық мерекеге «Еркебұлан» ЖШС мен Департамент өкілдері келіп, тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. Сондай ақ Жаңа жылдық кешке Жасөспірімдер үйінің бұрынғы түлектері өздерінің балаларымен келіп, ұжымға шексіз алғыстарын жеткізіп, барлығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
25 желтоқсанда Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйінде Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі өткізілді.
Мерекені «Ұлан» балалар үйінің директоры ашып, сөзді Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы Керімбеков Мұхтар Амангелдіұлына берді, ол балаларды Жаңа жылмен құттықтап, жанашыр азаматтарға зор алғысын жеткізді.
Содан соң «Еркебұлан» ЖШС-нің директоры Мырқалықов Мырсапар Мырқамалұлы сөз сөйледі. Ол балаларға 15 жыл бойы демеуші болып келеді, балаларды жылда Наурыз мейрамымен және Жаңа жылмен құттықтайды. Жаны жомарт Мырсапар Мырқамалұлы балаларға түрлі киімдер, сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.
Сонымен қатар Халықтық банкінің Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Қабулова Анар Амангелдіқызы және бас есепшісі Ғалиева Роза Өнербайқызы балаларды құттықтап, оларға тәтті тағамдар мен сыйлықтар сыйлады. Халықтық банкінің Зейнетақы қорының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорт тренажерын, «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері плазмалық теледидар, ал американдық «Интерлинк Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» қайырымдылық қоры филиалының директоры Элизабет Турнок ханым балаларға 2 дана компьютер сыйлады.
Мереке әрі қарай жалғасып М.Х.Дулати атындағы ТарМУ нің құқықтану факультетінің студенттері балаларға арнап ән салып би биледі, оларға Аяз Ата мен Ақшақар болып сыйлықтар тарту етті.
28 желтоқсанда Мерке ауданындағы В.Савва атындағы мектеп-интернатының мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы тәрбиеленушілері үшін «Жаңа Жылдық шыршадағы қызықты оқиғалар» атты Жаңа жылдық ертеңгілігі өткізілді. Мерекеге мектеп-интернаттың қамқоршылары, Мерке селосы шекара бекетінің шекарашылары, аудандық Түрік ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Олар балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар мен үлкен мерекелік торт тарту етті.
Сол күні мектеп-интернаттың орта топтағы тәрбиеленушілері «Алладиннің сыйқырлы шамы» Жаңа жылдық көрінісін дайындап, «Біз сіздер үшін ән салып, би билейміз» атты Жаңа жылдық карнавал өткізілді.
Мектеп-интернатта 29 желтоқсанда «Жаңа жылдық ертегі» атты Жаңа жылдық бал-маскарад ұйымдастырылды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілері келген қонақтарға мерекелік бағдарлама дайындады.
Тәрбиеленушілерді және мектеп-интернат ұжымын Жаңа жылмен құттықтауға аудан және ауыл әкімшіліктерінің өкілдері, балалардың өкіл әкелері, мектеп-интернат бітірушілері мен тәрбиеленушілердің туыстары келді.
«Үміт» бөбектер үйінде өткен Жаңа жылдық ертеңгілікке «Альтаис» ЖШС-гі, «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Таразэнерго» ЖШС-нің және Департаменттің өкілдері қатысты. Келген қонақтар бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, оларға жемістер мен жұмсақ ойыншықтарды сыйға тарту етті. Аяз Ата және Ақшақармен бірге бөбектермен шырша айналып, ойын ойнап, ән салып, би биледі.
30 желтоқсанда Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйіне Жаңа жылдық мереке қуанышын бөлісуге «Көк жиек» ЖШС-гі, «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Энерджи – Тараз» ЖШС-гі өкілдері мен «Омега» және Дәуменов жеке кәсіпкері өкілдері келді. Олар балаларға жемістер мен жұмсақ ойыншықтарды сыйлады. Американдық «Интерлинк Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» қайырымдылық қоры филиалының директоры Элизабет Турнок ханым балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Үй кинотеатрын сыйлады.

Жаңа жылғы шыршаның шамдары жағылды
Жаңа жыл - жақсылық және үміт мейрамы - үлкендер мен балалардың сүйікті мерекесі. 2009 жылдың 24-29 желтоқсан аралығында Қостанай облысының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 1221 тәрбиенушілері өткен жаңа жылдық шыршаға ұзақ дайындалды. Балалар қонақ бөлмесін безендірді, мерекелік карнавалдық киімдер тікті, тақпақтар, өлеңдер, билер үйренді. Осы мерекені дайындауға облыстың көптеген кәсіпкерлері өз қолғабыстарын көрсетті.
Мереке тамаша өтті! Мерекелік бөлме ертегідегідей көрінді, Шырша шамдары жарқырап, көздің жауын алады, балалар көңілді- бәрі бір ғажайып керемет күтуде, ойткені әр бала осыны армандайды!
2009 жылдың 24 желтоқсанында «Дельфин» сәбилер үйінің кішкентай бүлдіршіндерін Қостанай облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры құттықтап, жаңажылдық сыйлықтар табыс етті. Сол күні облыстың Рудный қалалық балалар үйінің жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзеу мектеп - интернатының тәрбиенушілеріне құттықтаулары және сыйлықтарымен Қостанай облысының әкімі Кулагин Сергей Витальевич, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Шер Раиса Петровна қонаққа келді.
Қонақтардың құттықтаулары әр баланың жүрегінде жылу, қуаныш және бақыт ұяландырды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері 5 компьютер, 50 коньки және 245 сыйлықтарға , мектеп-интернаттың тәрбиенушілері жүмсақ жиһаз бен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Мерекенің қатысушылары қонақтармен бірге қол ұстасып ән айтып, Сергей Витальевич Кулагинді еңбегіне лайық марапатымен - «Отан» орден алғанымен құттықтап, ие болған сыйлықтарына алғыс айта, қонақтарға концерттік нөмірлер сыйлады.

Ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған Жаңа Жылдық шырша
2009 жылдың 24 желтоқсанында денешынықтыру-сауықтыру кешенінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мәдениет басқармасымен бірге Үлбі әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, қозғалыс-тірек аппараттары бұзылған балаларға арналған әлеуметтік-медициналық мекемесінің және № 21 қосымша мектеп оқушылары үшін ғажайып Жаңа жылдық мереке өткізді. Жамбыл атындағы драмалық театр әртістері мен көптеген көркемөнерпаздық балалар ұйымдарының дайындаған Жаңа жылдық кеші ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасының балалары үшін ұмытылмас, қызықты ертегі әлеміне саяхат болды.
Балаларға Жаңа жылдық сыйлықтарды: «Казцинк», «Кседа» ЖШС-і - кәмпиттер, «Казнатурпродукт» ЖШС - витаминдер, «Сибирский берег-Азия» ЖШС-тің Өскемендегі бөлімшесі – кириешкалар, ал Beeline сауда маркасы бар «КаР-Тел» ЖШС Өскемендік бөлімшесі фирмалық ойыншықтарды табыс етті.

2009 жылдың 18 желтоқсанында Кәрімов Асхат Нүкербекұлының басшылығымен «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі және басқа да демеушілер облыстық «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Талдықорған қаласындағы «Кристалл» мейрамханасында Қазақстан Республикасының жас жұлдыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәттім» атты кешін ұйымдастырып, өткізді. Құттықтау сөз Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаеваға берілді.
Мереке аясында танымды ойындар, ептілікке және тапқырлыққа, үздік биге, әнге конкурстар және «Менің Отаным Қазақстан!» атты тақырыпқа тақпақтар оқылды.
Аталған мереке ұзаққа дейін балалардың жадында қалады. Кәрімов Асхат Нүкербекұлының басшылығымен «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі облыстық «Айналайын» балалар үйінің бүгінгі күні үнемі демеушісі болып табылады.
Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті интернаттық білім беру мекемелерінің тәрбиешілері арасында «Тәрбиелеудің құқықтық моделі» тақырыбында «Ең үздік тәрбиеші – 2009 жыл» конкурсын өткізді.
1.Конкурстың мақсаты мен міндеті:
- шығармашыл жұмыс жасайтын тәрбиешілерді анықтау;
- олардың кәсіби өсуімен тәрбиешілердің құқықтық қызметінне жағдай жасау;
- интернаттық мекемелердің шығармашыл жұмыс жасайтын тәрбиешілердің ең үздік тәжірибесін дәріптеу.
1. Конкурс екі турдан тұрады:
- бірінші тур (сырттай) 2009 жылғы қазанның 19-ы мен қарашаның 20-сы;
- екінші тур (іштей) 2009 жылғы желтоқсанның 14-і, екі бөлімнен тұрды:
1. Тұсаукесер (10 минут).
2. Мастер – класс (30 минут).
Сырттай конкурстың қорытындысы бойынша он төрт жұмыс шығып, олардың тоғыз жұмысы екінші турға өтті.
Конкурстың екінші туры ағымдағы жылдың желтоқсанның 14-і сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының тәрбиешісі – Сүйіндіков Сәуле Мәжитқызы;
2.Петропавл қаласының №2 түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі – Нағұрбекова Гүлжан Жазитқызы.
Екінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1.Петропавл қаласының спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі – Бүркітова Айман Айтуарқызы;
2.Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернатының тәрбиешісі – Шишкина Инна Владимировна;
3.Петропавл қаласының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі – Слесарева Людмила Сергеевна.
Үшінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады:
1.Тимирязев ауданының Тимирязев жалпы білім беру қазақ мектеп-интернатының тәрбиешісі – Байғұжинова Әсел Балтабайқызы;
2.Петропавл қаласының саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі – Бестик Ирина Викторовна, Ланковская Лариса Владимировна;
3.Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі – Қабдөшева Айгүл Қуандыққызы.
Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен сыйлықтармен марапатталады:
1.Ақжар ауданының Талшық жалпы білім беру мектеп-интернатының тәрбиешісі – Құсайынов Мейірбек Ержанұлы.
Қатысушыларды марапаттаудан соң қонақтарға Солтүстік Қазақстан облысы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларының қойылымымен музыкалық концерт қойылды.

«Мен махаббат үшін әлемге қол созамын…»
Қарағанды қаласында алғаш рет балалар үйі мен интернаттар тәрбиеленушілерін қаланың мәдени өміріне тарту мақсатында әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.
6 желтоқсанда Академиялық музыка театрында Қарағанды қаласының балалар үйі тәрбиеленушілері мен түлектерінің қатысуымен «Я за любовью руки в мир тяну...» театрланған концерттік бағдарламасы өтті.
Көрсетілімге Қарағанды қаласының калалық маслихатының хатшысы К.Б.Бексұлтанов, маслихат депутаттары Н.Е.Сухарукова, К.Б.Оспанова, балалар құқықтарын қорғау департаментінің, ішкі саясат департаментінің, кәсіпкерлер Одағының, БАҚ өкілдері қатысты.
Жоба мемлекеттің тапсырысын орындау аясында жүзеге «Детство» мемлекеттік емес ұйымның орындауымен асырылды. Серіктесі Академиялық музыкалық театр.
Бүгінгі таңда жетім балаларға көп уақыт пен көңіл бөлінуде, бірақ мемлекет оған ерекше категория ретінде қарайды. Жабық балалар үйі мекемесінен шыққан балаларға қоғамда бейімделу қиын. Спектакльдермен дайындықтарға қатысу ол тек актер мамандығымен танысып қана қоймай, сонымен қатар өзінің таланты мен қабілеттерін көрсетеді.
«Я за любовью руки в мир тяну...» - бұл спектакль балалар үйінде тәрбиеленуші балалар проблемасы мен жетім балалардың шынайы өмірі туралы қойылым. Спектакльге қатысуға «Таңшолпан» отбасылық түріндегі облыстық балалар үйі» ММ, «Асем» отбасылық типтегі облыстық балалар үйі» ММ, Қарағанды қаласының «Жарқын» жасөспірімдер үйілерінің 12 тәрбиеленуші – актерлері таңдап алынып қатысты.
Бұл жоба спектакльге қатысушы балаларға да, көрерменге де үлкен әсер қалдырды.

Астана қаласындағы "Ризашылық - Балалар игілігіне ізгілік...!" қайырымдылық мерекесін өткені туралы
2009 жылғы 26 қарашада «Бөбек» Қорының бастамасымен қаладағы «SOS Астана балалар ауылы», Астана қаласының Балалар үйінде, «Астана қаласының Кәмелетке толмаған балаларға арналған панада», «Соловьеваның балалар үйі» ЖМ-інде, балалар интернаттық мекемелерінің тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өтті.
«SOS Астана балалар ауылында» өткен мереке барысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шер, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» бірлескен қордың ұлттық директоры Б.И.Дженалаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пресс-хатшысы А.У. Сандыбаев, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х. Қошқарова, Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері қатысты.
Салтанатты мерекеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев «Бөбек» Қорының атынан сыйлықтар (үй кинотеатры, караоке және видеотекасы бар телевизор) табыстады.
Елордалық Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтауға Астана қаласының әкімінің орынбасары Ә.М. Рақымжанов, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә.Т. Бимендина, Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Е.Бермұхамедова, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы өкілдері келді.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рақымжанов «Бөбек» Қоры Президентінің атынан бағалы сыйлықтар берді (телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека). Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері салтанатты түрде спорт залында балаларға спорттық керек-жарақтар (тренажерлар, доптар, құрсаулар), Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы өкілдері балаларға картиналар сыйлады.
«Астана қаласының Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» ММ-індегі мерекеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма бастығы М.С. Әбдікәрім, Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Р.А.Иманғазинова, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты. Пананың тәрбиеленушілеріне де «Бөбек» Қорының сыйлықтары (телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека) берілді. Балалардың алдына Астаналық цирк әртістері өнерлерін көрсетті.
«Ризашылық» мерекесі «Соловьеваның балалар үйі» ЖМ-інде де өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун «Бөбек» Қорының атынан телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека сыйлады.
Барлық интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне жемістер мен тәттілері салынған «Бақыт себеттері» сыйға тартылды. Мереке мейірімділікке толы, ән мен биге ұласып, балаларға келген қонақтар жылы сөздерін арнады. Ал, тәрбиеленушілер қонақтарға ризашылық-сыйлықтарын ұсынды.
Сондай-ақ, «Ризашылық» мерекесіне орай «Астана қаласының Мамандандырылған сәбилер үйі» ММ-інде әр топта бір жастан екі жасқа дейінгі сәбилерге арналған мерекелік дастархан жайылды. Балалар, дәрігерлер және тәрбиеленушілерді құттықтау үшін «Бөбек» Қоры атынан сәбилерге Астана қаласы Білім басқармасының мамандары музыкалық орталық сыйлады.
Қайырымдылық мерекесіне барлығы 384 бала қатысты.
Қаладағы барлық мекемелерде «Ризашылық» мерекесі 20.00-ге дейін жалғасын тапты.
Қайырымдылық мереке барысына республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Маңғыстау облысында өткен «Ризашылық-балалардың игілігі үшін!» атты қайырымдылық мерекесі туралы
Еліміздің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен Маңғыстау облысында 2009 жылдың 26 қараша күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Маңғыстау облысында бұл қайырымдылық мереке Жаңаөзен қаласының облыстық балалар үйінде, Ақтау қаласындағы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында және балалар баспанасында өтті. Мерекеде облыстық балалар үйіне, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына және балалар баспанасына Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдерімен үй кинотеатры мен DVD сыйға тартылды. Сонымен қатар 227 тәрбиеленушіге Еліміздің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның жылы тілек лебізі жазылған открыткалары таратылды.
Мерекенің құрметті қонақтары «Каспиан Дрейджинг энд Марин контрактрс» ЖШС-і, «Sulpak» техникалық дүкені, Маңғыстау облыстық Халық банкі және «Группы компании» директоры Виктор Кох сынды демеушілер балаларға өз сыйларын тарту етіп, тілектерін білдірді. Балалар қонақтарға өздерінің жүректен шыққан шексіз алғыстарын білдіріп, әрбір қонаққа арналған жүрек жарды тілектер жазылған түрлі түсті жүрекшелер тарту етіп, қонақтармен қосылып Ризашылық әнін орындады.
Мерекелік салтанатты дастарханнан кейін, кішкентай бүлдіршіндер өздерінің сүйікті мультфильмдерін Сара Алпысқызының сыйға тартқан үй кинотеатры алдында тамашалады. Ал ересек балалар акт залда караокемен өлең айтып, би биледі. Тамашалағаннан кейін балалар тәрбиешілерін, аспазшыларды және де басқа қызметкерлерді күн сайынғы жылы жүректері үшін, түсіністікпен қарап сыйлаған махаббаттары үшін алғыстарын айтып, оларға өлең шумақтары бар открыткалар, алғыс тілектер, қол өнер туындыларын сыйлады.
Мереке балалар мен облыс әртістерінің қатысуымен өткен «Спасибо за сегодня, спасибо за сейчас!» атты концерттік бағдарламасымен аяқталып, барлық қызметкерлер бірігіп, салтанатты дастарханда жақсы тілектері мен лебіздерін айтты. Жанұялық май шаммен өткен кешкі астан кейін балалар жандарына мереке сыйлаған өздерінің еліне, ертеңгі күнге сенімділік туғызған Елбасына, барша баланың анасы Сара Алпысқызының аялы алақаны, махаббаты үшін алғыстарын білдірді.
Мереке жанұялық кешкі астан кейін Ризашылық әнімен аяқталды.
«Ризашылық- балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесіне келесі бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері шақырылды: «Огни Мангистау», «Маңғыстау», «Лада», «Жаңаөзен», «Жаңаөзен жаршысы», мереке «Хабар» және жергілікті «Қазақстан - Ақтау» телеарнасынан көрсетілді.

Алматы облысында өткен «Ризашылық балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі туралы
2009 жылдың 26 қарашасында «Бөбек» қорының Президенті С.Назарбаеваның бастамасымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді. Аталған шараға Алматы облысының Талғар, Қарасай, Қаратал, Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларында орналасқан 12 мекеме қатысты, оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік балалар үйлері мен отбасы үлгідегі балалар үйлерінің 788 тәрбиеленушісі қамтылды.
Қаратал ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен Үштөбе балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Біз өмірдің гүліміз» атты концерттік бағдарлама ұсынылды, 150 дана балаларға арналған көркем әдебиеттер сыйға тартылды. Демеушілер тарапынан 12 компьютер, 2 сандық (цифровой) фотоаппарат, 1 сканер, ксерокс бар түрлі-түсті (цветной) принтер, 2 дана радиомикрофон, асхана ыдыстары (100 тарелка, 100 кесе) және мерекелік дастархан мәзірі толығымен берілді.
Қапшағай қаласындағы Софиенко және Кондрашовтар отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің әрқайсысына қалалық әкімдік тарапынан компьютер, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Есеновтер отбасылық үлгідегі балалар үйіне демеушілер және аудан әкімшілігі тарапынан үй кинотеатры (домашний кинотеатр), Қарасай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне концерттік бағдарлама ұсынылып, 207 дана көркем әдебиеттер мен әкімдік тарапынан үй кинотеатры (домашний кинотеатр) сыйға берілді.
Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері 3 ағайынды Бимолдиноваларға және 3 ағайынды Смағұловтарға облыстық әкімшілік тарапынан 1 бөлмелі баспаналар берілді. Одан басқа, үй кинотеатры, караоке сыйға тартылды.
Талғар қаласындағы жеке меншік «Нұр» қайырымдылық жанұялық балалар үйіне аудандық әкімшілік пен мекемелер тарапынан 150 мың теңгелік теледидар, екі кілем және 80 мың теңге ақшалай, «Источник любви» қайырымдылық қорынан 1 млн. теңгеге жұғыш заттар (моющие средства) сыйға тартылды, «Ақниет» жанұя қайырымдылық балалар үйіне 60 мыңға автоматтандырылған кір жуатын машина және 30 мың теңгеге азық-түлік, «Ковчег» жеке мекемесіне микротолқынды пеші (микроволновая печь), кітаптар, азық-түлік, барлығы 140 мың теңге, Купкиндер отбасы үлгідегі балалар үйіне музыкалық орталық пен азық-түлік (120 мың теңге), Осадчих отбасы үлгідегі балалар үйіне ауыл шаруашылық министрлігі мен аудандық әкімшіліктен 150 мың теңгелік 1 компьютер және 30 мың теңге қаражат берілді.
Панфилов облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатына аудандық әкімшілік теледидар мен караоке, жеке кәсіпкер Р.Надырова, Р.Хайбулина - караоке, «Ақбоз» базары – 15 би көйлектері мен аяқкіим, жеке кәсіпкер А.Жанталиева 15 мың теңгеге киім кешек, «Карим» шаруақожалығы - 10 мың теңге, «Ирада» балық қожалығы 2 велотренажер сыйға тартты, «Атлантик» рестораны және жеке кәсіпкер С.Сарсенбеков тәрбиеленушілерге түскі және кешкі мерекелік дастархан ұйымдастырды.
Аталған шаралар барлық мекемелерде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мереке барысында облыстық, аудандық әртістердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цирк нөмерлері көрсетілді.
Қатысушылар, тәрбиеленушілер мен ұйымдастырушылар бұл шараның өте маңызды екенін атап өтті. Бұл шаралар республикалық «Хабар», «Алматы» және облыстық «Жетісу», қалалық «Арай», «Қала тынысы» телерадиокомпаниялары мен республикалық «Айқын», облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және аудандық, қалалық газеттері арқылы халыққа жарияланды.
Солтүстік Қазақстан облысында өткен "Ризашылық - балалардың игілігі үшін!" қайырымдылық мерекесі туралы
«Бөбек» қорының бастамасымен қарашаның 26-сы барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
«Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесінің негізгі мақсаты – балаларға көңілді жанұялық мереке сыйлау, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне қоғамның көңіл аударуға және олардың адамгершілік-рухани дамуына ықпал ету.
Барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мерекелік әртүрлі шарлармен, жалаушалармен, гүлдермен безендірілген, қабырға беттерінде махаббат, ынтымақ, мейірімділік жөнінде жазулары ілінген, акт залының сахнасында еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның суреті орналастырылған.
Бұл мерекені балалармен ортақтасуға алғыс тілектері, сыйлықтарымен қонақтар келді. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының атынан плазмалық теледидар, музыка орталығы-караоке, үй кинотеатры сыйланды. Барлығы 2,3 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.
Мемлекетімізде Ризашылық күні бірінші рет болып отыр. Интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің есінде ерекше, жанды, жылы күн болып есте қалады.
Атырау облысында «Ризашылық-балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық мерекесі өткен туралы
2009 жылдың 26 қарашасы күні облыстық «Ақбота» балалар үйінде, отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде және С.Қазбаев атындағы №1 жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты мен облыстық балалар үйінде «Бөбек» Қорының бастамасымен ұйымдастырылған «Ризашылық-балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Мерекеге облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім беру басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының басшылары ірі-ірі шетелдік кәсіпорындардан демеушілер қатысты.
Балалар үйіне Сара Алпысқызы атынан үй кинотеаторына приставка және караоке табыс етілді.
1. №1 мектеп-интернатқа демеушілермен:
- «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л.-Оффшор» компаниясы- «Газель» микроавтобусын, 75 000 тенгеге үстел жапқыштарын;
- «Халықбанк» акционерлік қоғамы- 30000 теңгеге мерекеге қажетті заттарды;
- «Три кита» ЖШС – үй кинотеатрын;
- «Сайпен Қазақстан» -үлкен телевизорды;
- «Россия жинақбанк»-қысқа толқынды пешті, мерекелік тәтті тағамдарды сыйға берді.
2. «Шаңырақ» балалар үйіне демеушілермен:
- «ІСКЕР» Консорциумы балаларға 500 000 тг.көлемінде - қысқы, спорттық киімдер;
- «КазНИГРИ-Жигермұнай сервис» мекемесі-150 000теңгеге бір жанұяға үй заттарын.
3. «Ақбота» балалар үйіне демеушілермен:
- «Аджип ККО» компаниясы- үстелге тәтті тағамдарын;
- жоғары оқу орындарының басшылары- балаларға қысқы киімдер, аяқ киімдерді;
- «Тұрғынүйжинақбанк» акционерлік қоғамы- банкіден әр балаға тегін есеп-шот ашты, канцеляр заттарын;
- «Облтрансгаз» мекемесі-балаларға ойыншықтарды;
- «Атыраугазинвест» мекемесі»- балаларға жылы киімдерді;
- «Эмир Атырау» компаниясы-үй кинотеатрына приставканы сыйға берді.
4.Облыстық балалар үйіне:
-Жеке кәсіпкерлер И.Сатыбалдиев, Б.Гаджи- балаларға қысқы киімдер,ойыншықтар, Ш.Даулеткалиева- фотоаппарат т.б. табыс етті.
Балаларға мерекелік дастархан жайылып, балаларға облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония артистері, Құрманғазы атындағы музыка мектебі, Музыкалық Академия студенттері концерт қойды.
Қарағанды қаласында өткен «Ризашылык! Доброта во благо детям!»балалар қайырымдылық мерекесі
Жыл сайын қарашаның соңғы бейсенбісінде жер шарында Қайырымдылық күнін атап өтеді. Бүгін осы мейрам өзінің басты міндетін орындау үшін еліміздің Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваның қолдауымен бізге Қазақстанға келді.
Қайрымдылық мерекесі әсем безендірілген балалар үйлерінің залдарында барша балалар мен қонақтарды қарсы алудан, директорлардың тәрбиеленушілердің атынан өз туған атамекеніне, Президентке, өздерінің игіліктері және көркейуіне атсалысқан меценаттар мен барлық азаматтардың жақсы істеріне алғыс айту, құттықтау сөдерімен басталды.
Жетім балаларға аса зор қолдау көрсеткен демеушілер болды.
Әдемі де нәзік әуезді әндердің әуенінің, өлеңдердің, жалынды билердің ырғағында қонақтар мен тәрбиеленушілердің арасында сырласу өтті. Жылы ауа райы және жарық зал достық қарым қатынасқа, жақсылық жасауға ықпал еткендей, айналадағыларға бақыт таратып, үлкен отбасының одан сайын нығая түсуіне, бақытты да байи түсуіне көмектеседі.
Концерттен кейін меймандар мен балалар тәттіге, жемістерге, балмұздаққа толы салтанатты мерекелік түскі асқа шақырылды. Түскі ас кезінде балалар еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысовнадан тілек- құттықтау хат алды. Соңынан барлығы Алғыс Әнін шырқады.
Астан кейін бүлдіршіндер ән-күй залында Сара Алпысовнаның сыйға тартқан үй кинотеатрының алдына жайғасып мультипликациалық фильмдерді тамашалады. Ал үлкендер топтарындағы балалар акты залында өздерінің сүйікті әндерін караокеде орындай жүріп, ырғалып би биледі.
Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының акты залына «Ризашылык! Доброта во благо детям!» қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларын «Рахмет бүгін үшін, Рахмет қазіргі үшін!» Мерекелік концертіне жинады. Концерт бағдарламасында облыстың артистері қатынасты, әсіресе балалар «Super Star Kz» конкурсына қатысқан Романа Кимді ерекше жылы қарсы алды.
Мерекелік концерттен кейін барлық балалар шырағданмен әрленген жанұялық мерекелік кешкі асқа балалар үйлеріне тарады.
Қайырымдылық мерекесіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға араналған мекемелердің 1441 тәрбиеленушісі, 600 қызметкері және 40 қонақ –меценаттар қатысты.
Облыстың барлық газеттері мен телеканалдары ақпараттық қолдау көрсетті.
2009 жылдың 26 қарашасында еліміздің Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның бастамашылығымен Алматы қаласындағы барлық әлеуметтік мекемелерінде «Ризашылық» қайырымдылық мерекелері өтті.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «SOS Алматы балалар қалашығы»; «№№ 1,2,3 Сәбилер үйі»; «Жасөспірімдерді уақытша ұстау орны»; «№№ 1,2 Балалар үйі»; «Жанұя» арнайы кешені; №8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты; «Үміт» үйі; девиантты мінез-құлықты балаларға арнаулы білім беру ұйымы; Жастар үйі мекемелерінде «Ризашылық» мерекелік шараларын ұйымдастыру және өткізуге қатысты.
Бұл күні жоғарыда аталған мекемелердегі балалар үшін «Ризамын бүгінге, ризамын қазірге!» мерекелік концертіне шақырылған қазақстандық эстрада жұлдыздарының және тәрбиеленушілердің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама, салтанатты «дастархан» және т.б. шаралар ұйымдастырылды.
Бірінші Ханым С.Назарбаеваның сыйлықтары (үй кинотеатрлары, караокесімен музыкалық орталықтар) салтанатты түрде тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ізгі тілектері жазылған құттықтау хаттары бүлдіршіндерге табыс етілді.

Қызылорда облысында «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткені туралы
2009 жылғы 26 қарашада «Бөбек» қорының бастамасымен балалар үйлері тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық — Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді. Бұл мереке елімізде тұңғыш рет өткізілмек, оның ең басты міндеті жетім балаларға жылы отбасылық мереке сыйлау болып табылады. Мереке жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының үлкен залында сағат 10.00-де бастау алды, оған интернаттың 102 тәрбиеленушісі және 112 қызметкері қатысты.
Балалардың меркелік көңіл-күйі барлық қатысушы қонақтарға да берілді. Олар облыстық әкімдік, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы қызметкерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, «Игілік» Корпоративтік қоры, Кедендік бақылау департаменті, «Қыран» ЖШС, «Бабас» ЖШС, «ПетроКазахстан» АҚ және тағы да басқа демеушілер болып табылады. «Бөбек» қорының атынан балаларға үй кинотеатры мен мультфильмдер жазылған 30 DVD-дискі сыйға тартылды.
Сондай-ақ, балалар үйінің барлық тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алапысқызының әрбір балаға арнаған ақ баталы ашық хатын алады. Сонымен бірге, кедендік бақылау департаменті және «ПетроКазақстан» АҚ 150,0 және 100,0 мың теңгенің чегін тапсырса, «Бабас» ЖШС балалар би ұжымына ұлттық костюмдер берді. Бұл күні балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, караокемен ән айтып, жаңа әдеби-танымдық фильмдер мен мультфильмдер көрді.
Сонымен қатар, балалар ересектердің (өздерінің тәрбиешілерін, күтушілерін, аспазшыларын, бақшашыларын, қарауылдары мен басқа да балалар үйі қызметкерлерін) өздеріне күн сайын сыйлайтын қамқорлығына, олардың мейірімді жүректеріне, түсіністіктері мен махаббаттарына ризашылықтарын білдіріп, алдын ала дайындалған ризалық ашық хаттарын, қолөнерлерін, суреттерін, өлеңдері мен хаттарын сыйға таратады.
Ризашылық күнінде балалар мен ересектер (тәрбиешілер, мұғалімдер, күтушілер, қонақтар) тәтті тағамдар, сондай-ақ, тәттілер, пісірілген тағамдар (ұн өнімдері), жеміс-жидектер, балмұздақ түріндегі десерт қойылған мерекелік дастархан басында жылы лебіздерімен және жүрек жарды тілектерімен бөлісті. «Ризамыз бүгінге, ризамыз қазірге!» атты мерекелік концертте облыс өнерпаздары, музыкалық және аграрлы-техникалық колледж студенттері мен мектеп-интернаты тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл керемет күн мерекелік кешкі аспен аяқталды, онда балалар мен ересектер өздерінің ризашылықтарын білдіріп, осынау мерекенің дәстүрге айналып, жыл сайын тойланады деген сенімдері мен тілектерін білдірді.
Шығыс Қазақстан облысында «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі туралы
2009 жылдың 26 қарашасында 13 балалар үйінде, 2 сәбилер үйінде және 5 панажайда 2009 жылғы 16 қарашада сценарийлік Бағдарламаға сәйкес «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Қазақстан Ресубликасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан балалар үйлеріне әкімдік, облыс, қала, аудан мәслихаттарының, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілдері жалпы сомасы 1,8 млн. теңгеге: балалар ауылына, «Үміт» балалар үйіне, Семей қаласының №3 балалар үйіне, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, Новошульба облыстық балалар үйіне плазмалық теледидар мен видеотека жинақтамасымен 6 үй кинотеатрын, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, «Достық» панажайына, Науалы балалар үйіне 5 плазмалық теледидар, «Үміт» балалар үйіне, мектепке дейінгі балалар үйіне, жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына, Семей қаласының №8 балалар үйіне, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, «Подросток», «Светоч», «Сауле», «Арман» панажайларына 13 караокені салтанатты түрде тарту етті.
Сонымен қатар, демеушілермен 3 компьютер, музыкалық орталық тарту етілді, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына 500000 теңгеге спорттық жабдықтар және спорт залын безендіру үшін 250000 теңге телефон аппараты, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына – 8 DVD плеер, туған жер туралы 50 фото-сурет, жұмсақ ойыншықтар мен балмұздақ тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ақ тілекті ашық хаты 1701 балаға мерекелік түскі ас кезінде салтанатты түрде табыс етілді.
Іс-шараға облыстың БАҚ өкілдері белсенді түрде қатысты. Өткізілген іс-шаралар туралы сюжеттер 26 және 27 қарашада «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен-ТВ», «Қазақстан-Семей», «Алва» телеарналарының, «Мақсат» радиосының жаңалықтар мен қорытынды шығарылымдарында берілді.
Қайырымдылық мерекесін балалар үлкен қуанышпен қабылдады және алғыс ретінде Сара Алпысқызы Назарбаеваға 25 алғыс білдіру открыткаларын әзірледі.

Шульба кентінің жасөспірімдерін дамыту жобасы
Орталық Азия Еуразиялық қоры АЕS компаниясы тобымен Шульбинск кенті жастарын, соның ішінде Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерін дамыту бойынша бірлескен жоба әзірледі.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті аталған жобаны қарастырып, оны Шульбинск кентіндегі балалар үйі негізінде байқаудан өткізу бойынша оң қорытынды берді. Осы қорытынды негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі АЕS компаниясы тобымен оны іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Аталған жоба үш жылға арналған. Оны жүзеге асыру барысында тәрбиеленушілердің тілдесу дағдысы мен жетекшілік қасиеттері, тәрбиешілердің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс жүргізу дағдысы дамиды, олардың әлеуметтену деңгейі жоғарылайды, оларға психологиялық көмек және қолдау көрсетіледі. Одан басқа, кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарлануда, оның нәтижесінде балалар үйінің түлектері ішінен жоғарғы оқу орындарына түскендер саны артады және де оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі жоғарлайды.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы Нүсіпова Г. 2009 жылдың 16-26 қараша аралығында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен өткен «Жастар үйіндегі тәрбиеленушілердің интернаттан кейінгі әлеуметтенуінің ұйымдастырылу жағдайлары» атты курсына және 19-20 қараша аралығында өткен «Жасөспірімдер үйіндегі бітірушілер арасынан көшбасшы, азаматтық белсенді болуға тәрбиелеу» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарға қатысты.
«Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу» тақырыбында әлеуметтік ұстаздар, қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарына арнап семинар өткізілгендігі туралы
2009 жылғы қазанның 21-і Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік ұстаздар мен қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандары үшін «Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды өткізу мақсаты: «Әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу тәжірибесін облысымызда енгізу және зерделеу, жергілікті көлемде тұрмысы төмен отбасыларын ерте кезден анықтау, әлеуметтік жетімдіктің мәселелерін шешу бойынша ұтымды механизмін құру көзделді.
Семинар қатысушыларына келесі міндеттер ұсынылды:
1.Мамандарды білімін жетілдіру мақсатында кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қазіргі жағдайдағы әдіс тәсілдерін зерттеп таңу.
2. Жұмыс орнында алған білімін тарату, қорғаншылық және қамқоршылық органдар мамандарының, әлеуметтік ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруына көмек жасау.
3. Практикалық жұмыс процесінде қолдану үшін мамандардың кеңес алуы.
Семинар жұмысын департамент директорының міндетін атқарушы А.А Корабельников басқарды.
Семинарға департаменттің, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті, Білім басқармасы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандары, облысымыздағы қала және ауыл мектептерінің әлеуметтік ұстаздары, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандары сөз сөйлеп қатысты. Барлығы - 52 адам.
Семинардың күн тәртібіне келесі мәселелер кірді:
1. Балалардың құқықтарын қорғау аумағында мемлекеттік саясат жөнінде.
2. Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу мәселелері және оның шешу жолдары.
3. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың рөлі және алатын орны, отбасы тәрбиесінің түрін дәріптеу.
4. Кәмелет жасқа толмағандар арасында қараусыз және панасыздықтың, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.
5. Отбасы ішіндегі сәттілігін нормализациялау, ол қараусыз балалардың алдын алу түріндей.
6. Балалық шақты қорғауда жеке отбасылық жүйесін құру: әлеуметтік жетімдіктің алдын алу тақырыбында сөз сөйледі.
Қатысушылар семинар барысында алдағы ынтымақтастық тәжірибесі мәселесі бойынша ұсыныстарын дайындады, тікелей мәселе бойынша пікір алмасты.
Жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалды. Ұсыныстарды байланысы бар мемлекеттік органдарға жеткізіледі, департаменттің веб-сайтына орналастырылып, департаменттің жұмыс тәжірибесінде қолданылады.
2009 жылдың 18 қараша күні Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастырумен Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылданғанына 20 жыл толуы мерекесі аясында «Балалар үйі – балалар құқығының аймағы» тақырыбында заң қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Аталған шараға облыстық прокуратура, білім басқармасы және ішкі істер департаменті, Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы видеоролик көрсетуден басталды және тарихы туралы қысқаша баяндама оқылды. Өткізіліп жатқан шараға байланысты «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері құқық бұзышылық туралы шағын қойылымдарын көрсетті. Сонымен қатар, баланың құқықтық сауаттылығы бойынша білімдерін анықтау мақсатында тесттік жұмыс өткізілді. Шара барысында балалар заң қызметкерлеріне сауалдар қойып, жан-жақты және толық жауап алды. Кездесу «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.
Қостанай облысында 216 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар патронат отбасында тәрбиеленуде.
Баланың асырап алған (патронат) отбасында табысты бейімделуі үшін белгілі шарттар қажет екендігін тәжірибе көрсетеді.
Оларға бала мен отбасының психологиялық сәйкестігі, баланың отбасына түсу себебін, жаңа отбасылық байланыстың тұрақты және ұзақ мерзімді екенін ұғыну, үйреншіктілікті қалыптастыру, асырап алған ата-аналарымен бейімделу кезеңінің заңдылығын түсіну, отбасынан айырылған баланың психологиялық даму ерекшеліктері жатады. Осы сұрақтар, сондай-ақ бала мен патронатты тәрбиеленушілерді бірлесіп өмір сүруге дайындау қажеттілігі, баланы, отбасын психолого-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері қамқорлық және көмек органдарының мамандарын, әлеуметтік педагогтар, психологтар, облыстың патронат тәрбиешілерінің қатысуымен 2009 жылдың 18 қарашасында өткен «Баланы асырап алған отбасы жағдайында баланың әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері» тақырыбындағы дөңгелек үстел отырысында тәжірибе алмасу тәртібінде талқыланды.
Кездесуге келген қатысушылар асырап алған ата-аналардың кәсіптік еңбегінің қажеттілігін, оларды дайындау, сонымен қатар отбасын қолдау және жеткілікті бақылау мақсатында оларды сүйемелдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін растады.
Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша асырап алған отбасында тәрбиеленетін балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында қарым-қатынас сұрақтары бойынша ұсыныстар жасалды.

«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» семинар өткізгені туралы
2009 жылдың 16 қазанында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы және «Перекресток» қоғамдық қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында жалпы білім беру мектептері, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының әлеуметтік педагогтарына, психологтарына және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы орналастыру түрлерін дамытуға ықпал жасайтын «Үйге жол» орталық (әрі қарай – Орталық) мамандарының, үкіметтік емес ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен семинар өткізді.
Кездесу әлеуметтік жетімдіктің алдын алу шеңберінде мамандардың ақпараттандырылуын арттыру, әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған отбасылар және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау бойынша қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында өткізілді.
«Перекресток» қоғамдық қор жанындағы Орталықтың мамандары отбасында орналастыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласында халықаралық тәжірибесінің шолуын жасап, «Кейс-менеджмент» жағдайдың пәнаралық жүргізу үлгісімен таныстырды.
Семинарда өмірде қиын жағдайға тап болған отбасы және баланың өмірінде мамандардың белсенді қатысу арқылы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына баланың отбасында өмір сүруіне және тәрбиеленуіне құқығын жүзеге асырып, тәрбиеге алынған балаларға қатысты қоғамдық санада орныққан таптаурынды анықтау және жеңу бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды.
Ұқсас семинар 2009 жылдың 26 қазанында мектеп инспекторларының қатысуымен өткізіледі.
Аталмыш іс-шаралар отбасыларды қолдайтын қызметтер жұмысы арқылы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және Орталықпен ұсынылатын сапалы қызметтер көрсету арқылы әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған балаларды қолдау және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша қоғам бөліктерінің келешекте нәтижелі өзара іс-қимылды құрастыруына бағытталған.
«Балалар үйінің түлегінің тәлімгері бол!»акциясы
Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың мамыр айынан «Балалар үйінің түлегінің тәлімгері бол!» акциясы бастау алды.
Осыған байланысты ірі кәсіпорындардың басшыларына, кәсіпкерлерге, меценаттарға, облыс тұрғынының азаматтарына, жалпы жетім балаларға қолдау көрсетіп, қол ұшын созам деуші жандарға арнап, балалар үйлерінің түлектерін тәлімгерлікке алуға шақырамыз деп жолдау жолдаған болатынбыз.
Аталмыш акция аясында:
- «Қайнар» жасөспірімдер үйінің - үш түлегі, Даму мүмкіншіліктері шуктеулі балаларға арналған балалар үйінің бір түлегі , «Құлыншақ» балалар үйінің бір түлегі отбасына орналасына орналастырылып, қамқоршылыққа алынды.
- Халық банкі Пионер балалар үйінің 5-түлегін Жоғарғы оқу орындарына орналастырып, банк арнайы шәкірт ақы төлеп отыр. Сондай-ақ Халық банк кәсіби мамандық алғаннан кейін олардың әрі қарай жұмысқа орналасуына және тұрғын -үймен қамтамасыз етуге кепілдік береді.
№ 38 гимназияның оқушылары мен «Ақниет» Жастар қайырымдылық бірлестігі балалар үйлерінің балаларын қамқоршылыққа алып отыр.
Акция жалғасуда!
Биыл балалар үйлерінен 325 жетім бала бітіріп шығады.
Сіздерді әрбір түлектің қоғамдағы үлкен өмірге аяқ басқанда бәсекеге қабілетті және өмірдің тосқауылдарына дайын болуына арқа сүйер тірегі және тәлімгері болуға шақырамыз.
Осы балалардың игілігі үшін кез келген көмек қабылданып, еліміздің болашағы үшін жасалар жақсы істерімен қайтарылмақ.
Қосымша ақпаратты Сіз 420991 телефоны,
deti-karaganda(аt)mail.ru электрондық пошта,
Балалардың құқықтарын қорғау
департаментінің www.balazan.kz
сайты арқылы алуға болады.
Ақмола облысы
Есіл балалар үйінде, 1992 жылы туған, Решетняк Достан тәрбиеленуде. Онда сырқаттың ауыр түрі. Достан жылда Ақмола облыстық онкология ауруханасында емделу курсын өтеді. Әрине, мемлекет тарапынан жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ жақын адамдар мен достардың әрбір сөзі көңілге демеу емес пе! Сондықтан ол өзі тәрбиеленетін балалар үйіне тезірек жетуге асығады. 13 қазан – Достанның туған күні. Осы күні Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері туған күн иегеріне барып, құттықтап келуді жөн көрді. Департамент директорының орынбасары Садвакасов Бегжан Серікұлы Достанды 17 жасқа толуымен құттықтап, барлық ұжым атынан МР4 плейерін сыйға тартты. Баланың қуанышында шек болмады. Ол аурумен күресететінін, өйткені ол бұл өмірде жалғыз емес екенін айтып, барлығымыздың жүрегімізді босатты.

2009 жылдың 15 қазанында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы облыс әкімдігінің кіші залында «Қорғаншылар мен қамқоршылар одағы» филиалын құру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
«Қорғаншылар мен қамқоршылар одағы» филиалын құру мақсаты қамқоршылық институтын және балаларды асырауға алатын жанұялардың түрлерін күшейту, патронаттық тәрбиелеуде, қорғаншылық/қамқоршылыққа, асырауға алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, балаларға және отбасыларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету.
Аталған шараға қорғаншы/қамқоршы органдары, қорғаншы/қамқоршы, патронаттық тәрбиешілер, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді ашқан Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаева жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандары туралы түсінік бере отырып, қазіргі кезде қорғаншылық/қамқоршылықта – 1996, патронаттық тәрбиеде – 54 бала тәрбиеленуде және жыл сайын 400-ден астам бала асырап алуға берілетіндігін атап көрсетті. Шара барысында департамент директоры балалар мен жасөспірімдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда атқарған адал еңбегі үшін Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің қорғаншы/қамқоршы органы Байтулақова Айман Байтулаққызына «Алғыс хат», бірнеше қорғаншы/қамқоршылармен патронаттық тәрбиешілерге ерекше қамқорлық көрсеткен игі істері үшін мақтау қағаздарын табыс етті. Департаменттің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы А.Молотова «Қорғаншылар мен қамқоршылар одағының» қызметі және мақсат, міндеттерімен слайд арқылы таныстырып өтіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен «Әйелдердің шығармашылығы бірлестігі» үкіметтік емес ұйымы бірігіп «Қазақстан қамқоршылар одағын» құрғандығын хабарлады. Дөңгелек үстелге келген қатысушылар мұндай іс-шараның ұйымдыстырылып жатқаныдығын қолдады, өз пікірлерімен бөлісті.
Соңында Одақ филиалының мүшелерін сайланды. Одақ филиалының директоры -Есқожина Тұяқ Қазкенқызы (Талғар қаласындағы «Нұр» қайырымдылық балалар жанұясының директоры), директордың орынбасары - Қамбарова Наталья Александровна (Қапшағай қаласының патронаттық тәрбиешісі), хатшы - Абдрахманова Ғалия Аханқызы (Ақсу ауданының қамқоршысы), мүшелері Дягилева Надежда Георгиевна («Юность» жасөспірімдердің дағдарыс орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі) және Қабылбекова Гүлнар Советқызы (қорғаншы, Қаратал ауданы).
Балалардың адамгершілігін тәрбиелеуде
7 қазанда Батыс Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Балалар әлемінің талаптарына сай эмоциональды сала құрылымының ерекшеліктері» атты шығармашылық шеберханасының отырысын өткізді.
Бұл «Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу негізінде гуманистік білім беру тенденцияларды жүзеге асыру» атты жобаның қатысушылары болып табылатын интернаттық мекемелері мен білім беру ұйымдары педагогтарының жоспарлы кездесуі болды.
Басты мақсаты – педагогтардың тәрбие мен оқыту жөніндегі қазіргі заман әдістерімен қолдана алуына, психологияны білетіндігіне, балалардың жас ерекшеліктеріне сай педагогикалық үрдісті құрастыра білетіндігіне байланысты барлық сатыдағы балалардың толыққанды дамуына құқығын жүзеге асыру үшін ортаны құру. Отырыс жұмысына облыстық мамандандырылған балалар үйлерінің, №4,19, 26 мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен БАҚ-нің тілшілері қатысты.
Отырыстың бағадарламасына теориялық мәселелерді қарастыруы, педагогтардың тренинг пен тәжірибе алу сабақтарына қатысуы, бейнефильмдерді көруі мен фрагментарлық сабақтар кірді. Баланы эмоциональдық жағынан дамытуда тиімді жолдарын сауатты анықтауына, аталмыш үрдісті психологиялық -педагогикалық тұрғыда іскерлікпен жүргізуіне көп көңіл бөлінді. Баланың жан дүниесін жасайтын педагог, сондықтан ол өзінің балаға қатысты қызметін теңдік, серіктестік және мейірімділік принциптерінде құру міндетті екендігін қатысушылар кездесу соңында атап айтты.

Бала тұлғасын әлеуметтендіру
1 қазанда «Эстетикалық тәрбие арқылы бала тұлғасын әлеуметтендіру» жобасының шеңберінде Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Зеленов ауданының Январцево ауылындағы балалар үйі және Орал қаласының №1 балалар саз мектебінің ұжымдарымен тақырыптық кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – толыққанды адамгершілік-рухани тәрбие алуға балалардың құқықтарын жүзеге асыруға ықпал ету, сонымен қатар ашық мақсатты қатынастар арқылы бала тұлғасын әлеуметтендіру үрдісін нығайту.
Іс-шараның бағдарламасы бойынша «Саз әлемінде» атты концерт қойылып, вокал мен оркестрден мастер-класстар өтті.

Балалық шақтың көкейкесті мәселелері талқыланды
2009 жылдың 25 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысында республика аумағында орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кеңейтілген қоғамдық отырысы болып өтті.
Облыстық жаңа технологияларды білім саласына енгізу, кадрлардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Р.П. Шердің баяндамасымен кеңес ашылып, бейне роликтер көрсетілді.
Сонымен қатар «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында көру мүшелерінің ауруларын, жалпақтабандылықтың, сколиоздың алдын алу және ағзаны дәрумендендіру» сондай-ақ «Есірткі құмарлық, алкоголизм және темекіқұмарлық» тақырыбында «Салауатты Қазақстандық» РҚБ президенті, Орта Азия бойынша айықтыру Халықаралық Академиясы вице-президенті, профессор С.Л. Евдокимова-ның баяндамасы тыңдалып, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы А. Садыкованың және ҚазҰУ доценті, п.ғ.к. И. Сапарованың «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға мейірімді ортаны қалыптастыру технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг сабақтары өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы бейнезорлық, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға мейірімді орта қалыптастыру, көкейкесті мәселелер көтеріп, қатысушылар арасында кеңінен пікір-таластар ұйымдастыру.
Сонымен қатар жиынға қатысушы кеңес мүшелері Сайрам ауданы, Көмешбұлақ елді-мекенінде орналасқан «Бауыржан» отбасылық негіздегі балалар үйі мен Шымкент қаласының балалар мен жасөспірімдер орталығының, Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің қызметімен танысып, өнерлі балалардың дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады. Балалардың өнеріне сүйсінген көпшілік оларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жаудырды.
Шымкент қаласындағы №3 балалар үйінің жанындағы «Отбасын қолдау қызметінің» жұмысымен танысып, жеткен жетістіктеріне тәнті болды. Аталған мекеменің жұмысымен әдіс алмасу мақсатында кеңес отырысы өткізіліп, көкейкесті мәселелер бойынша шешілмей жүрген сұрақтарға жауап іздеген қатысушылар арасында қызықты пікір-таластар жүргізілді. Кеңес жұмысын Комитеті төрағасының орынбасары Р.П. Шер өз сөзімен қорытындылады.

Өскемен қаласында 2009 жылдың 21 қыркүйегінде «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу туралы» (асырап алған отбасы, патронат, қамқорлық, асырап алу) тақырыбында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті.
Осы жылдың 20-22 қыркүйегінде Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары және «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің мүшелері Самакова А.Б.,барып қайтқан. Утемисов Ш.А., Тарасенко Е.И., Бурханов К.Н., Бычкова С.В., Ферхо С.И., сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Шер Р.П., ҚР денсаулық сақтау Вице-министрі Вощенкова Т.А., ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Акпанова А.Э., ҚР Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігінің Әлеуметтік қызмет департаментінің директоры Манабаева К.А., Алматы қаласының акушерлік, гинекология және перинатология орталығының профессоры, бас ғылыми қызметкері Каюпова Н.А.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайымен танысу, істегі заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында аталған балаларды мемлекет тарапынан қамтамасыз ету мен орналастыру бойынша аса көкейтесті мәселелерді анықтау. Олар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту, оңалту және бейімдеу мектепке дейін және мектеп ұйымдар мен мекемелеріне барып қайтты. Аталмыш делегация құрамындағылар көрсетілген категориялы балаларды қамтамасыз ету, тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарына, Шығыс Қазақстан облысының балалар әлеуметтік мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тәрбие үрдісін ұйымдастыруға оң баға берді. Осында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ШҚО білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен басқа мүдделі органдарының жұмысы жоғары бағаланды.
21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Айтгүл Самакованың төрағалық етуімен дөңгелек үстел болып өтті. ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен білім басқармасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. Отырыс барысына «on-line» режимінде Семей, Риддер және Зырян қалалары қосылды. Негізгі тақырып ретінде жарияланған балалар мәселесі жиналғандардың қызу пікір-таласын тұғызды. Облыс аймақтарынан түскен отырыс қатысушыларының сұрақтарына Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Шер Р.П. жауап берді.
Дөңгелек үстел барысында ата-аналардың жауапкершілігі, проблемалық отбасылармен жұмыс, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға орналастыру, асырап алған отбасыдағы олардың өмірі, осы балаларды әлеуметтік сауықтыру мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша, ел Парламентіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық секторға балалар мүдделерін қорғау жөніндегі маңызды міндетті тиімді шешуге мүмкіндік беретін ұсынымдар қабылданды. Айтылған ұсынымдарда отырыс барысында туындаған балалардың құқығын толыққанды қорғайтын заңнамалық орта құрудан жалпы адамзаттық құныдылықтарды барынша насихаттауға дейінгі ой-пікірлердің барлығы ескерілген. Отанымыздың Парламентарийлері жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік емес секторына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы жұмысына оң баға берді.

Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру»
Балалар – әсіресе балалар үйінің тәрбиеленушілері, бұл қоғамның әлеуметтік жағынан аса қорғалмаған бөлігі. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру сұрақтары қоғам алдында тұрған көкейкесті мәселелері болып отыр. Біздің әр қайсысымыз балаларымыздың тек толықтай демалуын ғана емес, сонымен бірге қажетті қасиеттер мен дағдылар алып, өз қызығушылықтары мен іскерліктерінің шеңберін кеңейткенін қалаймыз. Жаз – бала өміріндегі ерекше бір кезең, демалыс пен оның: физикалық, рухани және ойлау қабілеті жағынан даму уақыты.
2009 жылдың 15 қыркүйек күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдары директорларының Облыстық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Дөңгелек үстелде «2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезіндегі балалар мен жеткіншектердің демалысын, сауығуын және бір кәсіппен шұғылдануын ұйымдастыру туралы» 2006 жыл 18 мамыр күнгі № 132 Үкімет қаулысын орындау барысы талқыланды.
Жыл сайын аудандық білім ұйымдарының басшылары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық балаларды жазғы демалыспен қамту үшін бар күшін салады. Осылайша 2008 жылы 522 тәрбиеленуші демалыспен қамтылса, 2009 жылы облыстық Алға балалар үйінен, Әйтекеби, Хромтау, Темір Қобда отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінен 463«Жасыл ел» тәрбиеленуші жазғы лагерлерде демалып, өз денсаулықтарын түзетті. Әйтекеби отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 3 тәрбиеленушісі бағдарламасы бойынша жұмыс жасады.
Балалар үйі мен отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері биылғы жазда мына лагерлерде демалды: «Ақ бөбек», «Балдәурен», «Достық», «Шипагер», «Мұғалжарлар», аудандық мектеп жанындағы лагерлерде. Қобда және Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйінің үш тәрбиеленушісі жазғы каникулдарын Астана қаласында, ал облыстық Алға балалар үйінің 5 тәрбиеленушісі Италияда демалып қайтты.
Дөңгелек үстел кезіндегі талқылаулар барысында қатысушылармен келесі ұсыныстар ұсынылды:
- балалардың сауығуы, демалысы мен бір нәрсемен шұғылдануы үшін қауіпсіз жағдайлар жасап, нығайту;
- балалар туризмі мен жаңа спорттық лагерлерді дамыту үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстармен шығу.
Облыстық Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері бірнеше жыл бойы жазғы демалыспен 100 % қамтылғаны атап өтілді, өйткені балалар үйінің жанында «Ақ бөбек» жазғы лагері жұмыс жасайды. Лагерь территориясында 13 корпус, оның ішінде 5 корпус МК «Строй-сервиспен» өткен жылдың шілде айында пайдалануға берілген, асхана, медициналық пункт, жазғы душы бар монша, клуб, лагерь штабы бар, үйлердің құрылысына 40 миллион тенге бөлінген болатын. Лагердің қасында орман бар, балалар айналасын орман қоршаған жайлы жерде, жанынан Елек өзені өтетін жайлы жерде демалып жатыр.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Облыстық кеңес мүшелерімен бірге демалыс балалар үшін қажетті, өйткені демалыс пен балалардың сауығуы балалар денсаулығын қалпына келтіруге, әрбір бала тұлғасының шығармашылық күш-қуатының дамуына, өскелең ұрпақты социомәдениеттік және білім құндылықтарына тартуға бағытталған деген біріңғай пікірге келді.

Бірінші рет бірінші сыныпқа !!!
Қостанай облысы Білім беру басқармасының Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері, тәрбиешілері, әкімшілігі жүзінде Рудный қаласының мектепке дейінгі балалар үйінің 18 түлектері 1 қыркүйек күні жаңа отбасымен қауышты.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары балалардың өміріндегі осы айтулы оқиғамен құттықтады. Балалардың жүздері қуанышқа кенелді. Білім күніне арналған сыйлықтармен қатар, оларға «Жаңа үйдегі» жасалынған қолайлы жағдайға қуанды: жайлы жеке «пәтер», 2-4 адамға арналған жарық бөлмелер, әрқайсысына өз киімдері салынған шкаф, ойыншықтар мен жеке заттарға арналған суырма бар. Балалар үлкен жабдықталған ойын бөлмесінде жаңа сыйланған жұмсақ ойыншықтардың және ой-өрісін дамытатын ойындардың қызығына бөленді. Балалардың ризашылығына мен қуаныштарына шек болған жоқ.

Ақтөбе қаласының 140 жылдығы құрметіне облыс әкімі Елеусін Сағындықов жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне жана пәтердің кілтін табыс етті.
4 қыркүйек күні Ақтөбеде жасөспірімдер Үйінің екі тәрбиеленушісі — жас отбасыға — Әсел Мүлканова (1986 ж. туған) мен Максим Чебохинге (1988 ж. туған) облыс әкімі Елеусін Сағындықов жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Жасөспірімдер Үйінің тәрбиленушілері Максим мен Әсел өз некелерін 2009 жылдың 7 мамырында тіркеген болатын. Жастардың отбасын құрғысы келетінін естіген облыс әкімі Максим мен Әселге той алдында сый ретінде 150 000 теңге сыйлады. Жастардың тілегі бойынша той «Ривер Сайд» демалыс базасында өткізілді. Облыс әкімінің ақшалай сыйлығына жас отбасы нағыз қажетті тұрмыстық заттар — тоңазытқыш, теледидар және кір машинасын сатып алды. Жастардың өздері де қызмет етіп, ақша тауып жүр. Әсел №11 орта мектепте іс жүргізуші болып жұмыс жасайды. Максим краншы курсында оқиды, «Сандрилинг» фирмасында жұмыс істейді. Қазір жас отбасы үлкен үміттің үстінде жүр — бұйырса сәбилі болады.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында он жетім бала баспана алды, оның көпшілігі жасөспірімдер Үйінің түлектері. Балалар үйінің түлектері 23 жасқа дейін жасөспірімдер Үйінде тұратыны белгілі, одан соң көпшілігі тұрғын үй мәселесінен қиналатыны рас.
Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың айтуынша, Ақтөбе қаласының 140 жылдығы тұсында сәбилі болуды күтіп отырған жас отбасыға пәтер кілтін табыс ету барлық ақтөбеліктердің жақсылыққа жетуіне, кеуденің үмітке толып, сенімнің артуына жетелейтін игі іс болып отыр. Бұл жасөспірімдер Үйі тәрбиеленушілерінен шыққан жас отбасының жергілікті билік тарапынан көріп отырған екінші көмегі. 2009 жылдың наурыз айында облыс басшысының қолдауына ие болған жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілері — жас отбасы Далбановтарға жалға алатын пәтердің сертификаты тапсырылған болатын. Жастар қалалық тұрғын үйді есепке алу бөліміне құжаттарын тапсырып қойды, қазір пәтер алу кезегін күтіп отыр.
Қазір облыстың атқарушы билігі әлеуметтік көмекті қажет ететін аймақ тұрғындарына қолдау көрсетуге маңыз беріп отыр. Биліктің жыл сайын жетім балаларға көмек көрсетудің түрлі формаларын ойластырып отырғаны баршаның көз алдында. Облыс әкімінің пікірінше, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне алдымен жақсы мамандық алып, отбасын жоспарлауына жол көрсетуге, соған тәрбиелеуге, өмір жолында қажет болатын көшбасшылық қасиетті бойына сіңіре беруге үйрету керек. Бұл тағдырдың жазуымен ата-анасыз қалған балаларды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың бір жолы ғана. Елеусін Сағындықов қазір бұл бағытта балалардың өмірге жылдам бейімделуі, балалар үйінен шыққан соң жұмысқа тұрып, баспана алуына көмектесетін технологияларды енгізудің маңыздылығын алға тартып отыр.
Ақтөбе облысында жетім балаларға көмек қолын созудан кәсіпкерлер де сырт қалып отырған жоқ. Қоғамдық қор, Халық банкі, кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілік танытып, 2005 жылы Ақтөбе жасөспірімдер Үйінің жеті тәрбиеленушісінің «Тұрғынүй Құрылыс Жинақ Банкіндегі» есепшотына әрқайсысы үшін 199 мың теңгеден ақша салды. Үш жылда (2005-2008ж.ж.) жастар келісім-шарттың барлық талабын орындап, қаржыны тұрғын үй құнының 25 пайызына жететін қаржы жинады. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов бизнес пен биліктің көмегін бір арнаға тоғыстырып, жетім балаларға тұрғын үй алуға қолдау көрсетті. Биыл жаз маусымының басында «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкінен» несие алған жасөспірімдер Үйінің жеті тәрбиеленушісі баспаналы болды.
Әсел Мүлканова:
- Пәтердің кілтін алғанымызға әлі де сенбей тұрмыз. Жасөспірімдер Үйінен шыққан соң, үйленгеннен кейін де Максим екеуміз пәтер жалдап тұрдық. Біздің отбасымыздың қуанышын көбейтуге көмектескен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Облысымыздың дәулеті арта берсін, ал баспаналы болғысы келетіндер жылдар бойы кезекте тұрып шаршамасын дегім келеді. Әрбір ақтөбелік отбасы жетістікте өмір сүрсе екен деймін. Максим екеуміздің арманымыз көп. Біздің пәтеріміз бізге тек қуаныш пен бақыт әкелетініне сенемін.
Қазір жасөспірімдер Үйінде 73 тәрбиеленуші бар. Баспана алу кезегінде 134 адам тұр (түлектер де, қазір тұрып жатқандар да бар). 26 тәрбиеленушінің тұрғын үй алуы үшін «Қазақстанның ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкіне» түрлі ұйымдардың, кәсіпорындар мен банктердің басшылары тарапынан көрсетілген көмектің арқасында алғашқы жарна. Бұған қоса жасөспірімдер Үйінің барлық тәрбиеленушілері жеке құрылыс жүргізу үшін жер алуға кезекке тұрғызылды.
Бұл кездесуде облыс әкімі Е.Сағындықов Жасөспірімдер үйінің тағыда 14 түлегінің тұрғын үй алуы үшін 2009 жылы, тұрғын үй құнының 30 % құрайтын, әрқайсысының жеке шоттарына 1000 000 теңге аударды. Әрбір түлекке шотты тағы 30 % толтыруға көмек беретін кәсіпкер бекітіледі, ал қалған 40 % түлектің өзі құрайды.
Облыс әкімі Е.Сағындықовтың осындай қолдауы балалардың ертеңгі өмірге деген үмітін ұялатады.

Мамандық − бұл тағдыр
Байғазин Кенжеғазы Жанабайұлы − Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Тамды ауылында 1956 жылы 23 сәуір күні дүниеге келген. 1981 жылдан бастап, Орал педагогикалық институтын бітіріп, кейін Тамды орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1987 жылы Алға қаласының ОКТУ-16-ң директор орынбасары болып тағайындалды. 1995 жылдың наурыз айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін облыстық Алға балалар үйінің директоры болып қызмет етеді.
Кенжеғазы Жанабайұлы директор қызметін атқарғалы бері педагогикалық ұжым балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
К.Ж.Байғазиннің өз ынтасы мен белсенді қатысуының арқасында дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау мен қабілеттерін дамыту жүйесі жолға қойылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жүлдегерлері мен дипломанттары атанды. Бұл Санкт-Петербург қаласындағы «Поколение XXI» халықаралық фестиваліндегі, республикалық «Бөбек шақырады I және II», Алматы қаласындағы «Таңшолпан» фестивальдарындағы, Ақтау қаласындағы «Дарынды балалар 2003» өңірлер арасындағы фестиваліндегі жеңістер.
Жас күресшілер, боксшылар мен жүзушілер облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда ар-намысты қолдан бермей, сенімді ақтап келеді. Олардың арасында спорттың осы түрлерінен облыс чемпиондары да бар.
Балалар үйінде 2001 жылдан бастап «Қызғалдақтар» қазақ халық би ансамблінің үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл ансамбль 2007 жылдан бері «халықтық» деген атаққа ие болды.
«Ең үздік интернат» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша балалар үйі 2000 және 2001 жылдары 1 орынға ие болды. Ал 2001 жылы мектеп-интернат «Ең үздік интернат» номинациясында республикадағы интернаттық мекемелердің арасында 2 орынды алды. Бұл Кенжеғазы Жанабайұлы басқарып отырған балалар үйі педагогикалық ұжымының үлкен еңбегінің жемісі.
Қазірде Алға балалар үйінде 429 бала мен жасөспірім тәрбиеленуде, Кенжеғазы Жанабайұлы тәрбиеленушілер мен түлектердің барлығының дерлік аттарын жатқа біледі, әрбір бала үшін жылы сөз тауып, көмектесуге тырысып бағады.
Өзінің көп жылдық еңбегі үшін К.Ж. Байғазин «ҚР Білім озаты» белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы Құрмет белгісімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталып, «Алға ауданының жыл адамы» атағына ие болды.
Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлау қарсаңында облыс әкімі Е.Н.Сағындықов салтанатты жағдайда Кенжеғазы Жанабайұлын «Ақтөбе облысына еңбегі сіңген қайраткер» медалімен марапаттады. Бұл медальға лайық деп табылған адамдар коммуналдық қызметтердің барлық түрінен босатылып, облыстық бюджет қаржысының есебінен Қазақстан Республикасының демалыс орындарына жылына бір рет санаторлы-курорттық жолдамамен қамсыздандырылу құқығына ие болады.
Кенжеғазы Жанабайұлы, біз сізді кезекті құрмет белгісімен құттықтап, сізге зор денсаулық, егеменді еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылық табыс тілейміз. Сіздің барлық мейірімді істеріңізде сізге сәттілік серік болсын!
Конституция күніне арналған “SOS Астана Балалар ауылында” өткенсуреттер байқауы туралы
2009 жылғы 28 тамыз күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті “SOS Астана Балалар ауылымен” бірлесіп, “SOS Астана Балалар ауылы” тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған суреттер байқауын өткізуді ұйымдастырды.
Аталған байқаудың мақсаты – алғыр, шығармашылық дамыған балаларды анықтау; балаларды Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямен және өз құқықтарымен таныстыру.
Байқауға 9 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатысты.
Сурет байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.С. Бозшаева ашты. Өз сөзінде ол Конституция күні мерекесі, еліміздегі адам және бала құқықтары туралы баяндады.
Әр бала суретте өз Отанына деген махаббатын және адамның құқықтарын көрсете білді.
Байқаудың нәтижесі бойынша 5 бала жүлделі орындарға ие болды: 1-орын – Сәдуақасов Марат, 11 жаста; 2-орын – Ермағамбетова Айзада, 13 жаста; Кембилова Мадина, 10 жаста; 3-орын – Сүлейменов Еламан, 11 жаста; Сартаева Индира, 8 жаста.
“SOS Астана Балалар ауылының” тәрбиеленушілеріне сыйлық ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен басып шығарылған «Мен нені білуім қажет!» бояуға арналған кітаптары берілді. Балалар Қазақстан Республикасының негізгі заңы туралы білімін толықтырып, көп қуат алды.

«Үздік тәрбиеші - 2009» байқауы
Талдықорған қаласында дарынды, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін тәрбиешілерді анықтау, олардың қиын да қызықты жұмыстарын насихаттау және марапаттау мақсатында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 15 тамызында облыстық «Үздік тәрбиеші» байқауы өтті. Оған сәбилер, балалар үйлері және көмекші мектеп-интернат тәрбиешілері қатысты.
Байқауды Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Самғат Долаев ашты.
Қатысушылар «өзін-өзі таныстыру», достық аясындағы тақырыпта тәрбие сағаты, «Мен айналысатын сүйікті іс», «Бала құқығы» атты шығарма жұмысы, ситуациялық жағдайлар бойынша сұрақ-жауап сындарынан өтті. Шара барысында «Тәрбиеші кім?» деген сұраққа жауап іздеген байқауға қатысушылар, ол өз елінің патриоты, актер, психолог, іскер, ізденімпаз жан, ең бастысы халықтың салт дәстүрін насихаттаушы екендігін танытты.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары С.Долаев бастаған әділқазылар алқасының құрамында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Оспанова, «Хабар» агенттігінің Талдықорған қаласындағы меншікті тілшісі Т.Мыңжасар, Қарасай ауданының отбасылық үлгідегі «Перзент» жекеменшік қайырымдылық балалар үйінің атқарушы директоры Ғ.Сапаров, Талдықорған қаласындағы нашар еститін және саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты директорының орынбасары Б.Юсупова болды. Осы әділқазылар алқасының шешімі бойынша бала жүрегіне жол таба білетін, әрі өзіндік өнерімен де ерекшеленген Талдықорған қаласындағы сәбилер үйінің тәрбиешісі Т.Ғұмарова 1-ші орынды еншілесе, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиешісі М.Далбағаева 2-ші орынға, Жамбыл ауданы Қара-қастек ауылындағы сәбилер үйінің тәрбиешісі Г.Бақбер мен Талдықорған қаласындағы облыстық көмекші мектеп-интернатының тәрбиешісі Н.Каримова 3-ші орынға лайық деп танылды. Байқауға қатысушы алты тәрбиеші де бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды қорғау саласында инновациялық әлеуметтік практикаларды дамытудың жолдары»
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасына орналастыру – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Осы мақсатта 2009 жылғы 17 тамызда «Болашақ» университетінің мәжіліс залында «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды қорғау саласында инновациялық әлеуметтік практикаларды дамытудың жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары М.Мұхамедов, «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы Н.Құдайбергенов, Қызылорда облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Мұхимов, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің, білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары, жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының және мектеп-интернаттардың директорлары, патронаттық тәрбиешілер, ата-аналар комитетінің төрағалары (төрайымдары), қоғамдық инспекторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде Қызылорда облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев пен Қызылорда облысы білім басқармасының бастығы Ж.Жонтаева хабарлама жасап, тақырыптың өзектілігіне тоқталып, жиналған қауыммен ой бөлісті.
Сонымен қатар, №1 мектеп-интернатының директоры Ғ.Бекенов, жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры З.Дүйсебаева, облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры О.Қуанышбаев, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының басшысы Р.Анафина атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиында айтылған мәселелерге байланысты патронаттық тәрбиешілер өз проблемелары мен ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 0-18 жас аралығындағы 254413 баланың 130842-і жалпы орта біліи беретін мектеп оқушылары. Олардың 459-ы жетім (0,3%), 760-ы (0,6%) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Барлық 1219 баланың 278-не патронаттық тәрбие, 941-не қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалған.
Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №1 облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта бүгінде 106 бала тәрбиеленуде. Алдағы уақытта осы балаларды отбасыларға оранластыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл мәселені шешудің бір жолы тәрбие болып табылады. Патронаттық тәрбие ата ана қамқорлығынан айырылған балаларды қамқоршы орган мен баланы уақытша, қысқа мерзімде, кейде ұзақ мерзімді шара ретінде тәрбиелеуге алуға ниет білдірген (патронатты тәрбиеші) тұлғаның арасындағы келісім-шарт негізінде отбасы тәрбиесіне берудің бір түрі.



«Жарқыл» ойынын жаңғырту
Көліктегі Батыс Ішкі істер департаменті облыста алғаш рет бұрыннан ұмыт қалған «Жарқылды» жаңғырту үшін тамыздың 16-сы мен 20-сы аралығында «Арай» әскери-патриоттық ойынын өткізді. Ойын Ақтөбе қалалық ішкі саясат пен қалалық білім басқармасының, прокуратура органдарының, Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, жаңа технологиялар және коммуникация колледжінің көмегімен ұйымдастырылды.
Далалық-әскери ойынының жаңартылған жобасы БАҚ арқылы қоғамға ұсынылды.
Осы іс-шараның қатысушылары «Бүркіт» әскери-патриоттық клубы және Алға қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері болды.
Жиынды өткізудің негізгі мақсаты: жастарды белсенді спортпен және туризммен шұғылдандыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар жоғары моральдық, отансүйгіштік, рухани қасиеттерін қалыптастыру, құқықтық, азаматтық сезімдерін дамыту.
Демалысты ұйымдастыру жасөспірімдерді салауатты өмір сүру үшін көптеген жаман қылықтардан аулақ болуға үйретеді.
Ойын 3 кезеңнен тұрды: дайындық ( жергілікті зерттеу), командалық пункттің орналасу жерін барлау, керуеннің еркін өтуін қамтамасыз ету үшін торуылды ұйымдастыру.
Соңғы аяқтаушы сатының басты міндеті штабты және туды басып алу.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен оны болдырмаудың алдын алу шараларына баса назар аудару қажеттігі көрсетілген. Барлық мемлекеттік мекемелер қызметінің басты мақсаты жазалаушы әдістер емес, құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту болып табылады.
Сондықтан осындай іс – шараларды өткізу арқылы бір ғана мақсат көзделіп отыр: әр түрлі алдын алу технологияларды қолдана отырып жасөспірімдер арасында салауатты өмір сүруді насихаттау және түсіндіру, жасөспірімдердің қоғамдағы жағымсыз көріністерге қарама қарсы тұруын нығайту.

Облыстық Алға балалар үйінің «Ақбөбек» ғажайып лагеріндегі бір күні
Алға балалар үйінде балалардың жазғы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Алға қаласына жақын Бестамақ ауылында «Ақбөбек» еңбек пен демалыс жазғы лагері орналасқан. «Ақбөбек» лагері бүкіл жаз бойы балаларды демалуға қабылдады.
Лагерь территориясында 13 корпус: 9 тұрғын корпусы, асхана, медициналық пункт, жазғы душы бар монша, клуб, лагерь штабы орналасқан. Біздің балалар айналасын орман қоршаған, қасынан Елек өзені өтетін, керемет және жайлы жерде демалып жатыр.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық пен балаларға көмек көрсету бөлімі 2009 жылдың 20 тамызында ҚР Конститутция күні қарсаңында «Ақбөбек» лагерінде «Өз құқығыңды білесің бе?» атты тренингті өткізді. Бұл іс-шара балалардың мәдениетін дамыту, өз құқықтарын, денсаулығын сақтау құқығын, демалысы мен бос уақытына құқығын қорғау мен қадірлеу қабілетін қалыптастыру мақсатымен өткізілді.
Тренинг ақыл-ой шабуылы, жұпта жұмыс жасау, талқылауға арналған сұрақтар сияқты ерекше тапсырмалар үлкен қызығушылықпен шешілді. Топтық тапсырмаларды жас жеткіншектер шығармашылық құлшыныспен орындап, қызықты шешімдер мен жауаптар тауып отырды.
Балалармен әңгімелесе отырып, біз олардың жазғы демалыстан алған әсерлері туралы білдік.
Горецкая Тамара: «Өте қызықты өтті, өте жақсы әсер алдым. Ұмытылмас күндер өткіздік! Лагерде жақсы демалып, жаңа оқу жылын асыға күтудемін».
Бодягина Александра: «Демалысты көңілді өткіздік. Тек мектепке баратын кездің таяп қалғаны өкінішті-ақ. Жақсы демалғанымыз үшін тәрбиешілерімізге, жетекшілерімізге және тамақты дәмді пісіретін аспазшыларымызға да алғысымды айтам!».
Шакибаева Айман: «Жазды тамаша өткіздік. Біз көп суға шомылып, жағалауда құмнан қамалдар жасап, түрлі қызықты ойындар ойнадық. Лагердегі демалыс уақытында мен көп дос тауып, мен өзім үшін көптеген қызықты нәрселер аштым».
Түсқайта балалар әрбір топ өзін ең жақсы жағынан көрсетіп, спорттық сайыстарда жеңімпаз болуға тырысатын, жазғы сахнадағы жиындарды асыға күтті. Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында балалар бүкіл жазғы маусым бойына футбол мен волейбол сайыстарында көршілес лагерлердің командаларын бірнеше мәрте жеңді.
Ғажайып лагерь мерекелерсіз болуы мүмкін емес еді. Бұл күні балалар «Туған күніңізбен!» атты мерекеге дайындалып жатты. Жас жеткіншектер өздері бірігіп мереке бағдарламасын құрып, ертегі кейіпкерлерімен көріністер қойып, ойын ойнап, би биледі. Айнала көңілді болып, қуанышқа бөленді.
Ал кешке балалар достық алауын алаулатты. Көпке дейін ән мен күй, шаттыққа толы бала күлкісі мен көңілді дауыстар естілді. Бұл күні бәрімізді де Балалық шақ, мейірімділік пен өзара түсіністік әлемі біріктірді.

Өз қолымен жасалған сыйлық
«Рудный қаласы әкімдігінің «Балбөбек бесігі» № 8 балалар бақшасы» МКҚК жоғарғы мектепке дейінгі жастағы балалары өздерінің тәрбиешілерімен және ата-аналарымен Балалар үйіне барды.
Кездесу әсерлі-жайлы қарым-қатынаста өтіп, балаға әлеуметтік ортада өмір сүруге және табысты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-адамгершілікті жеке тұлға қалыптастыруға мүмкіндік туғызды.
Осындай іс-шаралар жетім балаларға қамқорлық көрсету қажеттігін білдіреді, мейірімділік, риясыз көмек көрсету, кішіпейілдік, махаббат және айналасындағыларға қамқорлы болу сезімдеріне балаларды тәрбиелейді. Осылардың бәрін балалардың кездесуден алған әсерлері растайды:
Лера: Өмірде отбасылары жоқ балалар бар. Олар балалар үйінде өмір сүреді. Олардың көздері мұңға толы, өйткені оларға анасыз өте жабырқаңқы.
Біздің тәрбиешілеріміз бізге осы балалар туралы, оларға қамқорлық пен ықылас жетіспейтіндігі туралы айтып берді. Сондықтан біз олармен достасқымыз келді. Сыйлықтарды өз қолдарымызбен жасап, оларға қонаққа бардық. Балалар біздің сыйлықтарымызға өте риза болды. Біз олармен көп ойнадық, әңгімелестік, күлдік. Бәрімізге өте көңілді болды. Біз жаңа достарымызбен жиі кездесуді ұйғардық.
Геля: Біз ата-анамызға өзіміздің жаңа достарымыз туралы айтып бергенде, олар да осы балаларды қамқорлыққа алатын болып келісті.
Камила: Ата-аналарымызбен бірге біз балалар үйіндегі жаңа достарымызға көптеген қызықты кітаптар мен