«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қостанай облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау департаменті» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің аумақтық органы болып табылады, өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге, сондай-ақ Департамент туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Ол Ереже Қостанай облысының Әділет департаментінде 2007 жылы 15 қазанында мемлекеттік тіркеуді өткен.
Ковалевская Ольга Николаевна - Департамент директоры
Департамент қызметінің мақсаты қоғамдағы адамгершілік басымдықтары мен рухани бағдарды қалыптастыру, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі ведомство аралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру болып табылады.
Іс шараның жасалған жоспарына сәйкес мемлекеттік құрылымдары және ҮЕҰ бірлесіп, Қостанай облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Департаменті балалардың өз мүмкіндіктерін ұтымды пайдалану үшін жағдай жасау, адамгершілік-рухани құндылықтар негізінде балалардың өз мүмкіндіктерін пайдалануына және қоғамға ұтымды икемделуіне бағытталған балалардың әлеуметтік бастамалары мен қоғамдық ұйымдарын қолдайды және ынталандырады, өңірдегі балалардың құқықтарын қорғаудың өзекті проблемаларына зерттеу жүргізілуіне ықпал етеді және қолдау көрсетеді.