Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Жаз - 2010
Гаага Конвенциясын талқылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық коми
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Жұмыс тәжірибесін жан-жақтылау және тарату
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 





Манғыстау облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

Шкондина Клара Аркеновна -  департамент директоры

 

 Аймақ жаңалықтары

2007 жылдың 25 желтоқсанында балалардың құқықтарын қорғау департаменті балалардың шығармашылығын дамытуға бағытталған әлеуметтік бесенділіктерді қолдау мақсатында «Балдырған» қорымен бірігіп өкпе ауруымен ауыратын балалар үшін және облыстық кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, оңалту және бейімдеу  орталығына орналастырылған балалар үшін  жаңа жылдық  кеш ұйымдастырды.
2008  жылдың  4  қаңтарында Маңғыстау облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті  Н. Жантөрин атындағы музыкалық- драма театрында «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалымен, және облыстық «Қазақ тілі» қоғамымен бірлесіп, Мұнайлы ауданында тұратын оралман, мүжәлсіз отбасыларының  100 баласына арналған Жаңа Жыл шыршасын  ұйымдастырды. Бұл шараға № 18, № 19, № 26 орта мектептерінің оқушылары қатысты.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2007 жылдың  24 желтоқсанындағы № 12-9-5/2212 хаты негізінде 2007-2008 оқу жылында Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның стипендиясын алуға үміткер балалар үйі мен интернаттық мекемелердің түлектері қатарынан, арнайы-орта және жоғары  оқу орындарында оқып жүрген жетім балалардың тізімі тексеріліп, құжаттары жинақталды. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінде аталған санатқа жататын балаларға стипендия беруді ұйғару жөнінде арнайы комиссия 2008 жылдың               4 қаңтарында № 1  бұйрықпен құрылды. Комиссия құрамына балалардың құқықтарын қорғау және білім департаменттерінің мамандары, онымен бірге бастауыш,орта және жоғары оқу орындарының басшылары, облыс әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің мүшесі енгізілді. Құрылған комиссия балалар үйі мен интернаттық мекемелердің түлектері қатарынан бастауыш, орта және жоғары  оқу орындарында оқып жүрген 20 жетім баланың тізімін бекітті.
2008 жылдың 23 қаңтарында жергілікті атқару органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, білім еру мекемелерімен, кәсіподақ өкілдерімен, маслихаттар депутаттарымен жемісті қарым-қатынас орнату мақсатында балалардың құқықтарын қорғау департаментінің тұсаукесеріне арналған салтанатты шарасы өткізілді. Бұл шараға облыс әкімі Ж.Қараев және облыс әкімі жанындағы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ө. Озғанбаев қатысты. Департаменттің тұсаукесеріне мемлекеттік мекемелердің басшылары, мемлекеттік емес ұйымдардар мен кәсіподақ өкілдері, облыстағы білім беру ұйымдарының басшылары, маслихат депутаттары шақырылды. Шара соңы мерекелік концертпен жалғасты. 
Балалар еңбектерінің ең нашар түрлерін пайдалануды айқындау мақсатында  Ақтау қаласының 7-11 сыныптардың 500 оқушысының арасында социологиялық зерттеу жүргізілді.
Бүгінгі таңда Маңғыстау облысындағы сенім телефондары мен қоғамдық қабылдау орындарының мәліметтер банкісі жасақталды. Маңғыстау облысы бойынша барлығы – 14 сенім телефондары қызмет көрсетеді олардың төртеуі балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне арналған. «Нұр Отан» ХДП-ның Маңғыстау филиалы жанында 7 аумақтық қоғамдық қабылдау орындары қызмет етуде. Маңғыстау облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті отбасы мен балаларға кеңестік-құқықтық, психологиялық көмек көрсету мақсатында балалардың қоғамдық қабылдауын ашуды жоспарлауда.
«Қазақстан азаматтарының әл-аухатының өсуі – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында 2008 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасақталды. Аталған іс-шаралар жоспарын іске асыру, балалардың адамгершілік-рухани құндылықтары негізінде ойдағыдай өзіндік іске асыруына жағдайлар туғызу, аула клубтары балалар ұжымдарының бірлігі мен отбасылық ішкі қатынастарды нығайту мақсатында департамент директорының 2008 жылдың 21 қаңтарындағы №2п бұйрығымен 2008 жылдың 12-15 ақпан аралығында Ақтау қаласының «Арман», «Балдәурен», «Зерде», «Мирас», «Тұлпар», «Толқын», «Ұлан» атты аула клубтарының қатысуымен барлығы 600 бала қатысқан «Балалық шақ. Бақыт. Отбасы.» акциясын өткізді.