Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Павлодар облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлбарам Әуезханқызы  Науразбаева - департамент директоры  

 

   Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің презентациясы туралы

2008 жылдың 12 ақпанында Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің көптен күткен презентациясы болып өтті.
Шара сағат 11 қонақтарды – Департаменттің негізгі әріптестері: әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт департаменттерінің өкілдерін, педагогикалық ЖОО және колледждер, Оқушылар сарайының, облыстық радио жетекшілерін, пресса өкілдерін қарсы алумен басталды.
Презентацияның мерекелік бөлімі Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. Наурызбаеваның алғы сөзінен басталды. Г. Науразбаева өз сөзінде жаңа департаменттің мақсаттарына, міндеттері мен миссиясына, не үшін, және ең бастысы, кім үшін құрылғаны туралы тоқталып өтті. Директордың сөзі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті және Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің құрылу тарихын айқындайтын слайдтармен, «Департамент туралы» видеоролик көрсетумен ұласты.
Мерекелік бөлімді қонақтардың: Павлодар облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті директорының м.а. Н.С. Тышканованың, педагогикалық колледждің директоры Г.Х. Буханованың, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының директоры Е.П. Лубтың және басқа қонақтардың алғы сөздері жалғастырды.
Жаңа департаментті құттықтауға Бірінші ұлттық «Балалық шақ досы – Друг детства» конкурсының лауреаттары – М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының балалар шығармашылық тобының тәрбиеленушілері, № 11 мектеп оқушылары, № 24 балабақшасының тәрбиеленушілері және департамент қызметшілерінің балалары келді. Олар Бала құқықтары туралы Конвенция туралы өлең оқып, ән айтып, би биледі.
Қонақтар департамент бойынша өтіп, «PROFI» фотостудиясымен жасалған стендтерді көрді. Фотостудия жетекшісі А.В. Пархоменко өзі білім бойынша оқытушы, Департаменттің ақпараттық стендтерін жасауға өте жауапты және ішкі жан дүниесін сала қарады. Бұл ақпараттық стендтерде Конвенцияны жасау тарихы, «Бөбек» қорының қызметі, Департамент құрылымы, облыстың интернаттары мен балалар үйі балаларының фотогалереясы.
Презентацияға қатысушылар өз қызметінің бағыттары жөнінде айтқан қызметшілермен танысты. Балаларды қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімі қонақтарға «пайдалы» сыйлықтар сыйлады: тәжірибелік ұсыныстары бар ақпараттық анықтамалықтар, күнтізбелер, буклеттер, қоғамдық қабылдаудың және «шұғыл» телефон байланысының қызметі көрсетілді. Қамқоршылық және балаларға көмек көрсету бөлімінде бөлім қызметшілерімен қамқоршылық және қорғаншылық бөлім қызметшілеріне, асырап алушылар мен қорғаншыларға арналып құрастырылған әдістемелік нұсқалықтар ұсынды.
Департамент презентациясы ерекше күні – кең қауымға гуманитарлық және қайырымдылық қызметі аса мәлім Сара Алпысқызы Назарбаеваның туылған күні өткізілді. Сара Алпысқызының туған күніне орай адамды адамгершілік-рухани дамыту бөлімімен эксперименталды алаң және балалар үйінің тәрбиеленушілерімен жасалған бұйымдар көрмесі ұйымдастырылды. Сыйлықтармен құттықтау ашықхаттары бір бөлігі «Бөбек» қорына туған күн иесіне беру үшін тапсырылды.
Әдеттегідей, туған күн мерекесіне байланысты, туған күн иесінің саулығы үшін, жаңа департамент үшін мерекелік торт кесілді.
Презентациялау бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды: сол күні кешкі жаңалықтарда «Қазақстан Павлодар» каналында презентация өткізу туралы сюжет көрсетілді, облыстық радиода берілді. 20 ақпанда радиода Департамент қызметі және Департаменттің презентациясы тақырыбында бағдарлама өткізу жоспарлануда.