Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында 2007-2009 жылдары мемлекеттік тілді енгізуі туралы
Ағымдық жағдай:
Республиканың білім беру жүйесінде жетім балаларға арналған 168 мекеме бар. Оның ішінде:
24-де – тәрбиелеу қазақ тілінде;
40-да – тәрбиелеу орыс тілінде;
104-де – тәрбиелеу 2 тілде жүргізіледі.
Соңғы үш жылда:
тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін 4 жеке меншік балалар үйлері ашылды;
жетім балаларға арналған 6 мекемеде тәрбиелеу үрдісі қазақ тіліне көшірілді;
тәрбиелеу үрдісі қазақ тілінде жүргізілетін 44 топ ашылды;
қазақ тіліне үйрету курстарымен 1049 қызметкер қамтылды (жыл сайын 300-ден астам);
қазақ тілінде білім алатын тәрбиеленушілер саны 515 балаға артты;
балалар үйлеріндегі кітапханаларда қазақ тіліндегі әдебиеттердің саны орта есеппен 100 000 бірлікке артты.
Өткізілген іс-шаралар:
балалар үйлерінде мемлекеттік тілдің қолданылуы аясын кеңейту жөніндегі 2 республикалық және 16 өңірлік семинары;
балалар үйлерінің басшыларына «Балалар үйіндегі оқыту-тәрбиелеу үрдісінде мемлекеттік тілдің коммуникативтік әлеуетін арттыру» ғылыми-практикалық семинары және «Мемлекеттік тілді білу тәрбиеленушілердің өмір сапасын арттыру ретінде» арнайы курсы (Республикалық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесіп) өткізілді;
Президенттің мемлекеттік тілді дамыту қорымен әріптестік орнатылды;
облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкімдіктеріне хаттар жолданды (шығ. 2008 жылғы 18 ақпандағы №4-12-3-8/325, 2009 жылғы 10 тамыздағы №12-4-07/2931);
тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін 5 балалар үйінің тәжірибесі зерделенді;
қазақ тілін қолдану мәселелері бойынша республиканың 13 өңірінде жетім балаларға арналған 48 мекеме тексерілді;
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтында «Мемлекеттік тіл – менің тілім» арнайы айдары құрылды.
Проблемалар:
тәрбиелеу екі тілде жүргізілетін 104 балалар үйінің және балалар үйлері жанында 30 мектептің болуы (18 мекемеде – оқыту 2 тілде, 12-юде – орыс тілінде жүргізіледі);
көп жағдайда балалар үйлеріне бұрын орыс тілінде білім алған орта мектеп жасындағы өзге ұлт балаларының түсуі;
балалар үйлері қызметкерлерінің қазақ тілін жеткілікті түрде меңгермеуі;
жетім балаларға арналған 168 мекеме директорының 120-сы (71,4%) ғана мемлекеттік тілді меңгерген, оның ішінде 3-уі өзге ұлт өкілдері.
2437 тәрбиеленушінің 1615-і (66,3%) ғана мемлекеттік тілді меңгерген, оның ішінде 74-і өзге ұлт өкілдері.
2010 жылы жоспарланып отыр:
1. Республиканың 8 өңірінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 67 ұйымда мемлекеттік тілдің қолданылуы мәселесі бойынша тексеру жүргізу.
2. Облыстардың, Алматы, Астана қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, 2020 жылға дейін жетім балаларға арналған барлық мекемелерді мемлекеттік тілге көшіру стратегиясын әзірлеу және оны іске асыру.
3. Балалар үйлерінің ұжымдары арасында қазақ тілін дамыту бойынша кеңінен тәжірибе алмасуын қамтамасыз ету.
4. Жергілікті атқарушы органдармен балалар үйлеріне мемлекеттік тілді меңгерген мамандарды қабылдау жөніндегі жұмысты жалғастыру.
5. Облыстық, қалалық біліктілікті арттыру институттары жанынан қазақ тіліне үйрету курстарымен қамтылған балалар үйлері қызметкерлерінің санын жыл сайын 500 адамға арттыру.
6. Жаңа 2010-2011 оқу жылының басында тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін балалар үйлерін 34-ке, тәрбиелеу қазақ тілінде жүргізілетін топтар санын 300-ге арттыру.
Тілін құрметтегенді, елі де құрметтер
Ж.Құсайынова БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы.
Әр адамның жүрегі тіл дегенде тебіренетіні анық. Кез келген ата-ана мен баланың, қала берді қоғамның тілге қатысты көкейінде мазалайтын сұрақтар жетерлік.
Тіліміздің болашағы қандай? Ол болашақта дағдарысқа ұшырайды ма? Өміріміздегі ең асыл нәрсе –тілді түзеу үшін нендей жағдайлар жасау керек? Осындай сұрақтар қай-қай адамның көкейінен, өмірден жауап іздейді.
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ұлы ақын Қадір-Әлі жырлағандай, өзге тілді білу қажет, ал өз тілімізді одан да артық білген жөн. Баланы бала бақша табалдырығынан бастап ана тілін құрметтеуге шақырып, насихаттау керек. Әрине, қазір балаларға арналған көптеген әдеби көркем әдебиеттер мен ертегілер шығып, театрда қазақша қойылымдар көрсетіле бастады. Бұл үлесті жағдай тілді дамыту үшін істеліп жатқан игі істер. Бірақ, олардың тілдік сапасын арттыру жөнінде шінара кемшіліктер де жоқ емес. Кей кезде көше бойында кетіп бара жатырған екі қазекеңнің туған тілімізде емес, өзге тілде сөйлесуі қынжылтады. Оны көріп тұрған біздер ескерту жасаудың орнына, үндемей қаламыз. Ең алдымен балаларымызды ана тілімізге дәріптесе, онда осындай дәрменсіз жағдайға келмес едік. Біз тіліміз арқылы дінімізді, мәдениетімізді дәріптейміз, өнеге тұтамыз. Халықта «мәңгүрттік» деген бар. Өзінің тілін, мәдениетін, дінін мүлдем өз өмірінен сызып тастағандарды «мәңгүрт» деп қорқынышты атаумен атаған. Ал осы «мәңгүрттік» деген жан түршігерлік сөзден аулақ болу үшін, жастайынан тілге деген құрметті оятуына қолдан келер жағдай жасалу қажет. Ел болашағы - балаларымыз. Сондықтан өзге елде білім алып жүрген жастарымыз бір-бірімен ана тілінде еркін сөйлеп, ел тілінің мәртебесін көтеріп, ана тіліне деген сыйластығы мен құрметі жойылмағанда ғана тіліміздің болашағы жарқын болады деп үлкен сеніммен айта аламыз.
Тілсіз өмірді елестету қиын. Сондықтан, болашағымызды бұлыңғыр қылуға жол бермей, тіл дағдарысына төтеп беріп, тілімізді қастерлеу біздің қолымызда. Тіл - барша адамзаттың ең басты қазынасы. Ол жоғалса, халық та, ел де жоғалмақ. Сондықтан өзіміз байқағандай, тілімізге өзге тілдің араласуы – ана тілімізге жасалатын үлкен кесел. Оны ескерген жөн. Сол себепті де «Тар жол тайғақ кешу жылдары» жалаң аяқ жар басып, біреудің босағасына қашып, қиындықпен алған ата - бабамыздың қайтпас қазынасын құрметтейік. Тіл үшін үлкен тірек болар - сол тілді сөйлейтін адамдар, яғни біздер. Ал, тілін құрметтегенді, сөз жоқ елі де құрметтер.
Менің тілім-менің тірегім
2009 жылдың 22 мен 25 қыркүйек аралығында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Тіл апталығы аталып өтілді. Апталық аясында бірқатар шаралар, соның ішінде № 187 мектептің 7-9 сынып оқушылары арасында “Мақсұтым – тіл ұстартып, өнер шашпақ...» атты Абай оқулары байқауы болып өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты- мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, ең өнерлі жас шеберлердің сөз өнерін, тіл мәдениетін дамыту. Байқауға 7-9 сынып аралығындағы оқушылары өз бақтарын сынады. Байқау барысында Ұлы ақынның халық мойындаған, сүйікті әнұранның біріне айналған лирикалық, романтикалық өлеңдерінен алдыңғы лепте өсіп келе жатқан ұрпақ ерекше үлкен әсер алды. Байқау қызықты да тартымды болды. Бірінші орынды 9 сынып оқушысы Нұрбек Көбеген қанжығасына байласа, екінші орынды 7 сынып оқушысы Бүркітбай Ақбаян иемденді, ал үшінші орынды 8-9 сынып оқушылары Дастан Рахат пен Мұстафа Нұржан өзара бөлісті. Сонымен қатар барлық қатысушылар Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бағалы сыйлықтары, дипломдарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
23 қыркүйек күні Т.Рысқұлов атындағы № 222 қазақ орта мектебінде “Тіл-халық жанын танудың кілті” атты жас ақындар мүшәйрасы болып өтті. Байқауға қырыққа жуық оқушылар қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Байқау соңында бірінші топтан бірінші орынды 4-сынып оқушысы Тәңірберген Абылайхан. Екінші орын Динара Қоңыратбайға тисе, ал үшінші орынды 3-сынып оқушысы Айзере Эдуард иемденді. Екінші топтан 8-сынып оқушысы Әбілдаев Мейрхан, екінші орынды 5- сынып оқушысы Айзере Болатбекқызы, ал үшінші орынды Алтынбек Айгүл мен Балтабай Нұржан өзара бөлісті. Сонымен қатар оларға бағалы сыйлықтар табысталды.
24 қыркүйек күні тіл апталығы қалалық №212 орта мектепте “Ақбота Лигасы” үкіметтік емес ұйымы мен оқушылардың қатысуымен “Тілім-тірегім, соғып тұрған жүрегім!” атты әдеби-музыкалық кешпен аяқталды. Кеште өлеңді өміріне серік еткен ақын өлеңдеріне жазылған әсем әннен шашу шашылды. Қатысушылар қызықты да әдемі кеш ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Іс-шараларға облыстық тілдерді дамыту басқармасы, үкіметтік емес бірлестік “Ақбота Лигасы”, басқа да ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Алматы облысының балалардың құықтарын қорғау департаментінің жетекші маманы Маржан Төлепова 2009 жылдың 25 тамызда өткен Мемлекеттік тілді қолдану өрісін кеңейту мақсатында және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мемлекеттік тілде іс жүргізу үздігі» атты облыстық байқауға қатысып, Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
2009 жылдың 16 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы аумақтық басқармасы – тәртіптік кеңес және Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік тіл» атты мемлекеттік қызметшілер арасындағы Алматы облыстық байқау болып өтті. Байқауға Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері Маржан Төлепова, Гүлден Жексембаева, Жанар Болатқызы, Динара Адишева, Айжан Есімбекова қатысты. Мемлекеттік тілді қолдану өрісін кеңейту, қолдау мақсатында және Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының қабылданғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған байқау тартымды өтті. Байқаудың қорытындысы бойынша Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің командасы ІІ орынға ие болып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Әрбір команда мүшесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысындағы аумақтық басқармасы – тәртіптік кеңес және Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
Қостанайдың Достық үйінде “Мемлекеттік тіл – менің тілім” атты облыстық байқау өткізілді. Оған мемлекеттік қызметтегі өзге ұлт өкілдері қатысты. Шараны облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырды. Мақсат – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері жастары арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оны оқып-үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру.
Байқау шарттары бойынша үміткерлер өзін мемлекеттік тілде таныстырады, қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты сұрақтарға жауап береді, мақал-мәтелдер айту жарысына түседі, сөз тіркестерін орыс тілінен қазақ тіліне аударады, берілген сұрақтарға жауап қайтарады.
Байқау қорытындысы бойынша арқалықтық Денис Скороходов бірінші, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкері Елена Адлер екінші, лисаковтық Татьяна Загайнова үшінші орындарды иеленді. Бірінші орынды жеңіп алған Д.Скороходов енді Астанада өтетін республикалық байқауға қатысады.
Байқау шарты бойынша кей үміткерлер өздерін өлеңмен таныстырып жатты. Біздің ойымызша осы артық нәрсе. Өйткені қазақ тілінде әлі дұрыс сөйлей алмайтындардың сол өлеңді өзі жазып әкелгендігіне ешкім де сенбейді. Біреудің жазып бергенін жаттап айтқаннан гөрі өз ойыңды өз мүмкіндігіңше жеткізгенге не жетсін. Ал осылай өзін қара сөзбен әп-әдемі, жатық тілмен таныстырғандар да аз болған жоқ. Бұларға қарап тұрып, олардың қазақ тілін қаншалықты меңгергенін білу қиын емес.
Байқауға қатысушылар қазақтың әдет-ғұрып, салт-дәстүріне байланысты қойылған сұрақтарға жауап бере алмады. “Құда түсу дегенді қалай түсінесіз?”, “Күйеу дегеніміз кім?”, “Қалжа деп нені айтады?”, “Беташар дегеніміз не?” деген сияқты басқа да сұрақтар жауапсыз қалды. Тек біреуі ғана “Тұсаукесер дегеніміз не?” деген сұраққа дұрыс жауап берді.
Есесіне мақал-мәтел жарысында, аударма сайысында бәрі дерлік мүдірген жоқ. Ал байқау-дың төртінші тапсырмасы байқауға қатысушыларға қиынға соқты. Онда “Мемлекеттік қызметкер қандай болу керек?”, “Жаңа әлемдегі Қазақстан қандай болмақ?”, “Әлемдік экономикада қандай өзгерістер бар?”, “Бағаның өсуіне жол бермеу үшін қандай шаралар қолдану керек?”, “Ішкі және сыртқы саясатымыздың аса маңызды бағыттары қандай?” деген сияқты сұрақтар. Әрине, бұлар тілді әлі жетік меңгермегендер үшін күрделі сұрақтар. Сондықтан бұл сұрақтарға жауап бергендер де шамалы болды.
Жалпы осы шараны ұйымдастырудағы мақсат белгілі болғанымен, соған дұрыс мән бермей жүрміз. Шараны кім үшін, не үшін өткіземіз. Қазақ тілінде сөйлейтін басқа ұлт өкілдері өз тілін білмейтін және білгісі келмейтін қазақ жастарына, басқа ұлт өкілдеріне үлгі-өнеге болсын, соларға ой салсын, ұялтсын, тәрбие алсын деп өткіземіз. Сондықтан да мұндай шараны 20-30 адам қатысқан аудиторияда емес, жүздеген студент-тер қатысатын университеттерде, институттарда, колледждерде жақсы концерттік бағдарламамен өткізу қажет. Бұған оқу орындарының басшылары қарсы болмауға тиіс. Сонда ғана оның тиімділігі артады, өз тілін менсінбейтін қазақ жастарына ой салады, өзге ұлт өкілдерінің де ынтасын оятады.

Қостанай облысы
«Асыл мұра» облыстық бағдарламаны жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілді әрі қарай дамыту және қолдану аясын кеңейту мақсатында Қостанай облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылдың 25 маусымында Қостанай облысы мекемелері мен ұйымдарының аудармашылары арасында қазақ тіліне Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл дәрежесі берілуіне 20 жылдығына арналған «Үздік аудармашы» облыстық сайысын өткізді.
Сайысқа облыстың аудандық және қалалық мемлекеттік мекемелерінің, облыстық ұйымдар мен өнеркәсіптердің аудармашылары қатысты.
Осы сайыстың негізгі мақсаттары:
- жергілікті мемлекеттік атқару орындарында, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңын, 2001-2010 жылдарға тілдердің дамуы және іс-әрекеті мемлекеттік бағдарламасын, 2001-2010 жылдарға «Асыл мұра» тілдердің дамуы және іс-әрекеті облыстық бағдарламасын жүзеге асыру;
- мемлекеттік тіл саясатын насихаттау;
- мемлекеттік органдар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау;
- ресми қағаздардың дайындалу сапасын және мемлекеттік тілге аударылу деңгейін арттыру;
Сайыскерлерге мынадай шарттар қойылды:
- көркемдік мәтінді аудару;
- ресми құжаттарды аудару;
- ілестірме аударма жасау;
- мемлекеттік терминдер комиссиясы бекіткен терминдерді аудару.
Осы сайысқа Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-даму бөлімінің бас маманы Махамбетова Райхан Жүнісқызы қатысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша «Үздік аудармашы» дипломымен және Тілдерді дамыту басқармасының бағалы сыйлығымен марапатталды.

Теміртау қаласының ББ ММ «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар үйі» тәрбиешілерінің мектептен тыс уақытта мемлекеттік тілді оқуын ұйымдастыруы туралы
«2001-2010 жылдары мемлекеттік бағдарлама бойынша тілдерді дамыту мен функциялауы» алда дамытуын Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Президентінің халыққа Жолдауында балалар үйінде мектептен тыс уақытта қазақ тілін үйрену, қазақша сөйлеу, қазақ халқының мәдениетімен таныс болу дәрежесін жоғарылату жұмыстары ұйымдастырылып отыр.
Негізгі мақсат – қазақша сөйлеуді меңгеру, тәрбиешілердің әлеуметтік қажеттілік факторы болып табылады.
Балалар үйінің барлық балалары (қазіргі уақытта 57 адам) мамандандырылған тәрбиешілер оқу үйірмесінде мемлекеттік тілмен танысып, қазақ тіліне үйретуді ұйымдастырады. Қазақ тілі сабағы бір аптада 2 рет жүргізіледі және басқа ұлт өкілді тәрбиешілер қатысады.
Балалар үйінде «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінен дипломы бар мұғалімдер жұмыс істейді, олар оқу жылына қазақ тілін үйрену мен меңгеру бойынша жоспар дайындайды. Күнтізбелік жоспарда мыналарды:
- жастары бойынша іріктеледі;
- жаңадан келген қазақша сөйлей алмайтын балаларға жеке жоспар дайындалады.
Бала-бақша балалары мен бастауыш мектеп оқушыларына тілді меңгеруде жеңіл түрде жоспар қолданылады: балалар жеке сөздерді айтуға, қиын емес сөйлемдерді айта білуге, сәлемдесу сөздерін үйренеді.
Жоғары сынып және орта сыныптағы тәрбиеленушілер күрделі мына тақырыптармен танысады: «Отбасы және еңбек», «Оқушылар арасындағы достық», «Біздің мекеніміз», «Туған жердің тарихы», «Біздің мерекелеріміз», «Тіл ұстарту» және т.б. Балалар үйінің тәрбиешілері әртүрлі тәсілдерді қолданып, қазақ тілін үйретуге стандартты емес формада үйірме сабақтарын өткізеді. Негізгі қолданылатын тәсілдер:
- «Айтыс», «Ғажайып әлем», жарыстар, КВН-дер және ойын түрінде сабақтардың ұйымдастырылуы.
- кестелер, ребустар, сөзжұмбақтар, ертегілердің қойылымдары.
- бейнетаспалар, суреттер, мұражайларды, ескерткіш орындарын аралау, ақсақалдарды және қаланың құрметті азаматтарын қонаққа шақыру.
- қазақ мақал-мәтелдерін, жаңылпаштарын, өлеңдерін, әндерін жаттауға, қазақ тіліндегі шығармалардың аудармасымен оқуға тырысады.
Күнделікті іс-әрекеттерінде тәрбиешілер балалармен қазақ тілінде сөйлеседі.
Балалар үйінде қазақ ұлтты балалардан құрылған отбасы бар, онда тәрбие мен оқу туған тілінде жүргізіледі. Балалар қазақ халқының салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыптарын біледі: «Адам адамдар арасында», «Балалы үй - базар», «Саналы еңбек және оның жемісі», «Абай – дана, Абай – дара», «Ұлттық дәстүрлер», «Армысың жас ұрпақ» және т.б. тәрбие жұмыстары жүргізіледі.
Балалар қазақ тілін қызығып оқуы үшін, әртүрлі әдіс-тәсілдер қолдану қажет. Негізгі тәсілдердің бірі – балалардың қазақ халқының ерекшеліктерімен танысу, ол үшін бізге «Атамекен» бағдарламасы көмектеседі. Қазақ тілін үйренуде мәліметтері қолдануда этнопедагогиканың мотивациясын жоғарылатады: балалар тек қана тілді меңгеріп қоймай, онымен қоса салт-дәстүрлердің мәдениетінің таныс емес факторларымен таныс болады, балалардың қызығуына ерекше рөл атқарады.
Барлық балалар «Әнші Балапан» үйірмесіне қатысуға ерекше ынтығады, себебі онда қазақ тілінде әндер орындалады, қазақ авторларының музыкалық шығармаларын жаттайды. Балалар үйінде атаулы мерекелер мемлекеттік тілде өткізіледі, онда Қазақстан Республикасының рәміздері бойынша сайыстар ұйымдастырылады, біздің мемлекетіміздің тарихы, халық шығармаларымен, өнер және әдебиет шығармаларының атақты тұлғалармен танысады. «Атамекен» бағдарламасы бойынша этнопедагогика элементтерімен іс-шаралар жүргізіледі. Сонымен қоса сабақ арасында қазақ ұлттық ойындарынан құралған сергіту сәті өткізіледі. Әр жыл сайын 22 қыркүйек күні «Тілдер күніне» қазақ тілі апталығы өткізіледі. Мемлекеттік тілді және қазақ халық салт-дәстүрін еңгізудің бір ерекшелігі, барлық тәрбие жұмыстарының бағыттары: мысалы, іс-шараларды ұйымдастыруда қазақ ұлттық ойындары өткізіледі, салауатты өмір салты бойынша «Бәйге» сайысы, адамгершілікке тәрбиелеу жұмысына мақал-мәтел: «Үлкенге құрмет, кішіге қызмет», экология бойынша Республиканың табиғатымен танысу, жағрафиялық атауы бойынша жұмыстар жүргізіледі: неліктен ол мекен солай аталған, аудармасы қалай, аңыздары бар ма, атауын түсіндіретін және т.б.
Тәрбиеленушілер қазақ тілін үйренуде, сөздіктерін толтыруда, қазақ ақындарының шығармаларымен, халық мақал-мәтелдерімен, жаңылпаштарымен, жұмбақтарымен танысу жүргізіліп отырады.
Ең қажетті мониторинг өткізу, балалардың білім дәрежесін анықтау үшін балалар арасында мемлекеттік тілде тест өткізіледі: диагностика жыл басында, содан кейін тоқсан сайын өткізіледі. Тест арқылы балалар білімдерін анықтап, жеке әдіс түрлерін жүргіземіз. 2009 жылдың наурыз айында білімдері анықталды: 17 бала - тілді еркін меңгерген, 28 бала - сөздік көмегімен, 10 бала - бастауыш білім, 2 бала -сөйлей алмайды (жаңа келген балалар).
Орыс мектебінің қазақ тілі және әдебиет мұғалімдерінің айтуы бойынша балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қазақ тілі бойынша білімдері басқа балалармен салыстырғанда жоғары дәрежеде, барлық іс-шараларға қатысады және олимпиадалардан орындарға ие болады.
2008 жылы Мидинова Р. қалалық мектепаралық балалар арасындағы «Наурыз аруы» сайысында екінші орын ие болды, Яковенко Ю. Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиет пәндерінен «21 ғасырдың көшбасшысы» қалалық сайыста үшінші орын алды. Жыл сайын тәрбиеленушілер қалалық кітапханада «Менің - Қазақстаным» Тәуелсіздік күніне, қалалық Тілдер күніне байланысты сайыстарға қатысады.
Мемлекеттік тілге деген қызығушылығы бар тәрбиеленушілердің (31% бойынша) қаланың мәдениет орталықтарына қатысады: «Мирас» қазақ мәдениет орталығы, музыкалық және бейнелеу мектебі, би ансамблі «Антре», бейнелеу студиясы «Колорит». Осы барлық орталықтар қазақ халқының салт-дәстүрлерін дәріптеу арқылы мемлекеттік тілді насихаттауға бағытталған.
Тәрбиеленушілердің қазақ тілін меңгеруді ұйымдастыруға басқа ұлт өкілдердегі жұмыскерлердің қазақ тілінде сөйлеуі болып табылады. Жоспар бойынша «Қазақ тілін үйренеміз» үйірмесі аптасына 1 рет жүргізіледі. Жоспар бойынша осы жылы 36 тақырып оқытылады, сонында қорытынды шығару үшін тест өткізіледі. Жыл сайын тәрбиешілер арасында қазақ тілі мен «Атамекен» бағдарламасын үйренудің ең жақсы өткізілген үйірмелер бойынша сайыс өткізіледі. 2008 жылы үйірменің үздік сабағы болып «Его величество - сөз» (тәрбиеші Гажур Н.А.), «Атамекен» бағдарламасы бойынша - «Шайға шақырамыз» (тәрбиеші Асоскова А.Д.). 2009 жылы С.Ю.Коростелева тәрбиешімен үйірме сабағында интерактивті сайыс «Не?Қайда?Қашан?» өтті, балалар өздері сұрақтар дайындап, сайыс көрермендер мен сайыскерлердің арасында өте қызықты өтті. Ең жоғарғы дәрежеде бағаланған тәрбиешілердің іс-шаралары «Былины, сказания-легенды, айтысы, эпосы» (тәрбиеші Асоскова А.Д.) қазақ және орыс халықтардың шығармашылықтарын үйренуі бойынша, «Зодчество казахских мастеров» (тәрбиеші Ягольник И.М.), «Теміртау бойынша саяхат» (тәрбиеші Алексеева Т.Н.).
Қарағанды облысында 4 жыл бойы «Мемлекеттік тілмен балалық шақтан - болашаққа» атты балалар үйінің арасында Наурыз мейрамына арналған фестиваль өтеді. Фестивальдің басты мақсаты ұлттық тіліміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді насихаттауға, балалардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту болып табылады. Тәрбиеленушілер тәрбиешілердің барлық қазақ тілінде өтетін іс-шараларына қатысады. 2009 жылы біздің балаларға ең басты рөл сеніп тапсырылды. Фестивальдің барлығында біздің балалар кейіпкерлер және жүргізушілер болып қатысты. Олардың қазақ тілін еркін меңгеруі үшін фестиваль маңызды рөл атқарады.
2005 жылы балалар үйінде Облыстық семинар балалар үйінің директорлары мен мектеп-интернаттарында арнайы тақырып: «Балалар үйінде және мектеп-интернаттарында арнайы қазақ тілін үйрену туралы» жұмыс қорытындылары өткізілді. Мемлекеттік тілді балалар үйінің директорлары мен мектеп-интернаттарында оқу концепциясы «Мемлекеттік тіл – менің тілім» 2008-2009 жылдарға желтоқсан айына балалар үйі өзінің тәжірибелерімен алмасады.
Балалар үйінің тәрбиешілері өз жетістіктерінен тоқтамайды. Жаңа есептер мен ұсыныстар жасалынады. Алда «Менің Теміртауым» журналына тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің шығармаларын: өлең, суреттерін және т.б. шығарымашылық жұмыстары ұсыну жоспарланып отыр. Келешекте тәрбиешілер жаңа технологияны қолданып іс-шараларды өткізуге жоспарлануда.
Қостанай облысының білім саясатының басымдық мәселесі мемлекеттік тілдің пайдалану аясын кеңейту болып табылады. Қостанай облысы әкімдігі, білім басқармасы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша қажетті іс-шараларды қолдануда, оның ішінде мемлекеттік тілді оқыту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін зерделеу.
Осылайша Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері ағымдағы жылдың 22 мамырында «КСК» шағын ауданының тұрғындары үшін «Наурыз» мерекесін ұйымдастырды. Мерекеге даярлыққа балалар үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің барлығы жұмылдырылды. Шағын аудан тұрғындары кіші және орта жастағы балалар даярлаған мәдени-көңіл көтеру бағдарламаларының деңгейін жоғары бағалады. Ересек жастағы топтардың балалары шақырылған қонақтарды өздерінің аспаздық шеберліктерімен таң қалдырды.
Кезекті оқы жылы да аяқталып, жазғы демалыс басталып кетті. Барлық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін бекітілген «Алтын гүл. және «С. Бакиров атындағы демалыс базасы мен «Колос» санаториясында жазғы демалыс ұйымдастырылды.
Қазақ тілінен білімін молайтуға көп көңіл бөлінуде. Барлық жазғы демалыс лагерлерінде демалып жатқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері барлық жазғы үш ай барысында Қостанай облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы мамандарының көмегімен өз білімдерін тереңдетуді жалғастырады. Осыған аптаның әр сәрсенбілік «Қазақ тілі күні» бағдарлама қызметі де ықпал етеді.
Таза ауа, күннің көзі, ынтымақты және білім құмар жолдастардың компаниясы ересектердің жетекшілігіндегі балалардың демалысын тиімді және танырлық қылатынына сенімдіміз. Сонда біздің жас достарымыз жаңа оқу жылында партаға демалып және білім багаждарын едәуір толтырылған болып отырады!




Шығыс Қазақстан облысы
Өскемен қаласы,
М.Б. Бейсеқанова
«Үміт» балалар үйі
«Мемлекеттік тіл – менің тілім»
Біз ең алғашқылардың бірі болып тәрбие жүйесінде қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттап, өткіздік.
«Үміт» балалар үйінде мемлекеттік тілді оқып үйрену тәрбие жүйесінде басты орын алады.Тәрбиешілермен күнделікті жүйелі жұмыс жүргізіліп отырады, қызметкерлер балалармен күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлеседі, барлық шаралар мемлекеттік тілде жүреді.
Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін өте жақсы біледі, тек қана балалардың жиынын ғана емес, педагогикалық кеңестерді де біз әнұранмен бастаймыз. Лагерде әр күн әнұранмен басталады. Бүгін біз балалар қазақстандық рәміздерді құрметтейді деп айта аламыз.
Балалар үйінде әр сәрсенбі – қазақ тілі күні, патриоттық тәрбие бойынша шаралар өтеді. Бізде кез-келген тәрбиеленушіге қазақ тілінде сөйлесең- балалардың 100% түсінеді. Әрине кейде қазақ тілінде толық жауап бере алмауы мүмкін. Бірақ біз осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз. Мұнда бір ерекшелік бар. Мектептегідей емес балалар үйіне балалар жыл бойы келіп жатады. Біреулері бірнеше жылдан бері осында тұрады, ал біреулерінің келгеніне бірнеше ай ғана болған. Мамыр айында бізге келіп, тамызда мектеп бітіріп, бізден кетіп қалған жағдайларда болған. Үш- төрт айдың ішінде қазақ тілін меңгеріп кету мүмкін емес. Бірақ жұмыс жүргіземіз.
Балалардың сөздік қорын байытуға тек қана қазақ тілі үйірмесі ғана емес, сонымен қатар балалар үйіндегі 19 үйірменің жұмысы, тәрбиешілердің топтағы күнделікті жұмыстары да ықпал етеді.
Вокал студиясында қазақ әндерін орындау, хореографиялық үйірмеде қазақ билерін билеу, қазақ музыкасын тыңдау, ұлттық ою-өрнектер салу,бейнелеу өнері студиясында туған табиғаттың сүретін салу, т.б. балаларды рухани байытып Ақиқат, Мейірім және Әсемдік рухында тәрбиелеуге көмектеседі. Әр тәрбиенелушінің дамуындағы тұлғалық- бағыттау әдісіне сүйене отырып біз біреулерінің математикаға қабылетін, екіншілерінің гуманитарлық ғылымдарға, үшіншілердің – тілдерге бейімділігін анықтаймыз. Бізде мектеп жасына дейінгі жаста қазақ тілін меңгерген орыс балалар бар, олар қазақша еркін сөйлегендіктен және де өздерінің тілектерін ескере отырып, оларды қазақ сыныптарына бердік. Олардың ішінде Окладнова Татьяна, Ткач Виктор, былтырғы жылы желтоқсан айында Қалкен ТВ арнасында «Тілім –тұғырым» атты теледидар хабарына қатысты, телекөрермендердің үлкен аудиториясы ҚР «Тіл туралы» заңының жұмыс істеп, жақсы нәтиже беріп жатқанына күә болды.
Өкінішке орай бізге өз ана тілін білмейтін қазақ балалары да келіп түседі. Сондықтан да біз екі қазақ тобын құрдық (ұлдар және қыздар тобы). Негізгі міндет – ана тілін білмей қиналып жүргендерге тілдік орта құру.
Осы балаларды ата-аналарының орнында қорғаншылары болғандықтан біз өзіміз шешім қабылдап, оларды қазақ сыныптарына береміз.
Бұны біз олардың болашағын ойлап істейміз. Ертеме, кешпе олар маған «Мама, Сіз бізді қазақ мектебіне неге бермедіңіз? Біз қазақпыз ғой» - деп айтары сөзсіз.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне үлкен мән берген.
Сондықтан да біздің педагогтарымыз этнопедагогика әдісіне сүйене отырып қазақ халқының бала тәрбиесіндегі көп жылғы тәжірибесін өз тәрбие жүйесіне еңгізуге тырысады.
Жыл сайын құрбаңдық шалу балалар үйінің оңды дәстүріне айналған. Бүгін де оларға ол не, неге істелетінін түсіндіріп жатудың қажеті жоқ олар өздері-ақ бәрін түсіндіріп береді.
Ұлттық дәстүрге сай айт кезінде балалар үйінде үлкен, ұсақ бауырсақтар, шелпек, бесбармақ пісіріліп, дастархан жайылады.
Бұл нағыз отбасылық мереке.
Біздің тәрбиеленушілердің бәрі ұлттық салт-дәстүрлерді біледі деп сенімді айта аламыз.
Сондықтан да біз Наурыз мерекесін сайыс түрінде өткіземіз, әділ-қазылар алқасын басқа жақтан шақырамыз.
Бір жылы біздің балалар оқитын № 42 орта мектеп мұғалімдері болды, келесі жылы Достық Үйінің «ШҚ мұсылман әйелдері» қоғамдық бірлестігінен келді.
Мерекеге үлкендер де , балалар да, шын көңілдерімен қатты дайындалады, балалар үйінің әкімшілігіне әділ баға беру қиын. Әр жылда әр топ жаңа салт-дәстүрін көрсетеді. Бұл балалардың терең білімін қалыптастырады. Міне осылай ойын түрінде балалардың өз халқының тарихына деген сүйіспеншілігі тәрбиеленеді. Әсіресе ұлдар тобы қыздар тобына келіп, құда түсу салтын көрсеткені өте қызық болды.Ойынға үлкендер де кіріседі мұнда: құда түсу, қоржын әкелу кит кигізу т.б. бәрі тамашаланады. Осылай балалар дербес өмірге дайындалады. Түлектеріміздің өз отбасын құру күні де алыс емес, осы алған білімдері дербес өмірде оларға қажет болар.
Біз тек балалар үйіндегі сайыстарға қатысумен шектелмейміз. Мысалы Ткачук Виктория қазақ тілінде мәнерлеп оқудан қалалық сайысқа қатысып, үнемі жүлделі орындарға ие болып жүр, былтырғы жылы Достық үйінде ШҚ ұлттық-мәдени орталықтары арасында мемлекеттік тілді меңгеру бойынша өткен сайысқа бізден бір жанұя (топ) қатысып жүлделі екінші орынға ие болды.
Біздің тәрбиенеленушіміз Воробьева Виктория орыс мектебін бітіріп, қазақ тілі мамандығы бойынша педагогикалық колледжге түсіп, қазақ тілінде еркін сөйлетінін көрсете білді. Енді орысша акцентпен сөйлеймін- деп күледі. Бұны балалар үйінде қазақ тілін оқып үйрену бойынша жүргізілген көптеген жұмыстардың аралық қортындысы деп бағалауға болады.
Тағы да бір айта кететін жай, бізде 11 ұлттың балалары тәрбиеленеді. Сондықтан да балалар үйінде ең алғашқы балалар Ассамблеясының құрылуы тегін емес. Біздегі әр ұлттың баласына өзінің ана тілін, өз халқының салт-дәстурін, әдет-ғұрпын оқып үйренуге жағдай жасаймыз. Тәрбиенушілер Достық үйіндегі жексенбілік мектепке барады. Балалардың ана тілдерін қызығушылықпен оқып үйренуі, олардың санасында әр халықтың тіліне, өз республикасының мемлекеттік тіліне деген құрмет қалыптасқанын көрсетеді.Тәжірибе алмасу бойынша мен Алматы қаласында өткен Халықаралық ғылыми - практикалық конференцияда «Ұлт болам десең – ұрпағыңды ойла» тақырыбында баяндама жасадым, «Үміт» балалар үйіндегі эстетикалық тәрбие арқылы мемлекеттік тілге үйретудегі іс-тәжірибесі» атты әдістемелік құрал шығардық «Қазмырыш» АҚ қаржылық қолдауымен Қазақстанның тарихы, мәдениеті, өздік білім көтеру бйынша, балалардың өздік дамуы бойынша әдебиеттер, сабаққа, БҰТестілеуге қажет сөздіктер, қосымша әдебиеттер сатып алынды.
Қортындылай келе айтарым ең бастысы балалардың тілдерді оқып үйренуге жағдай жасап оңды көз-қарастарын тәрбиелеу.
Біз, тәрбиеленушілеріміз тілдерді еркін меңгеріп, өз Отанын мақтан тұтып, оның гүлденуіне ықпал етсе деп ойлаймыз.

Павлодар облысы
Мемлекеттік тіл – менің тілім
Тілден биік асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден терең теңіз жоқ.
Ғ. Мүсірепов
Мемлекеттік тілді білу - әрбір ұлттың одан әрі дамуы мен сақталуының керекті шарты.Қазақ тілінің толық қызмет етуін қамтамасыз ету үшін ата-аналардың қамқорлығынан тыс қалған балаларға және жетім балаларға арналған білім мекемелерінде қазақ тілін оқыту және тәрбиелеу жөніндегі топтар ашылды.
Қашыр және Екібастұз балалар үйінде ұйымдастыру қатарында тәрбие беру және білім беру кезіндегі қазақ тіліне ауысу оң тәжірибеге ие.
Павлодар облысының педагогика кадрларының біліктілігін арттыру институты және Қашыр балалар үйінің педагогикалық ұжымының ұсынысымен «Асыл Мұра» атты тәрбиелік бағдарламасы шығарылды.
Бағдарламаның мақсаты әртүрлі тарихи уақытта қазақ халқының өміріне көңіл аударту, оның тарихы мен мәдениетіне, Қазақстанның табиғатына назарларын аударту.
2004 жылдың наурыз айында «Айгөлек» атты алғашқы қазақ тобы ашылды (11бала), мұнда білім және тәрбие беру процессі мемлекеттік тілде өтеді.
Қазіргі уақытта балалар үйінің 53 тәрбиенушілері мемлекеттік тілде білім алуда. Сонымен бірге топтағы балалар орыс тілінде еркін сөйлейді және ағылшын тілін үйренуде.
Топтағы тәрбиелік істің негізгі жұмысы мемлекеттік тілді үйренуге, қазақ халқының тарихы, салт-дәстүрімен, ұлттық өнерімен таныстыру болып табылады.
Ж.А. Қаббасова, А.А. Бейсембинова, С.А. Салимова, э.Қ.Тоқабаева, Д.Т.Жаманқұлова,Ж.К.Абельдинова сияқты тәрбиешілермен «Мемлекеттік тіл күні», «Республика күні», «Жер – біздің ортақ үйіміз», «Жерұйықты іздеу» атты экологиялық саяхаттар жүргізіледі.
Осы бағдарламаның жұмыс қорытындысы бойынша, мектепке дейіндегі және кішкентай жастағы балалар ұлттық ойындарды ойнайтындығы және ойнауды жақсы көретіндігі, сөйлеу барысында қазақ халқының мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын, бейнелі сөздерді қолданылатындықтары, ұлттық оюларының нышандарын, тарихын, ұлттық киімдерін білетіндігі аңықталды.
Педагогикалық ұжымды мемлекеттік тілге үйрету мақсатында «Қазақ тілін үйренемін» атты үйірме жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді үйреніп, белгілі бір жетістіктерге жеткен педагогтар. Н.К. Слободенюк, Н.В.Лопатина, О.В.Росихина, О.И.Лифанова, Е.К.Сорокина, А.Ю. Пахандрина.
2008 жылдың қыркүйек айында «Үміт» балалар үйінде қазақ тілінде тәрбие беретін ұлдарға арналған топ ашылды. Мұнда 9-15 жас аралығындағы 15 тәрбиеленуші бар. Тәрбие «Мұрагер» бағдарламасы негізінде жүргізіліп отыр.
Бағдарламаның мақсаты этнопедагогика арқылы мемлекеттік тілді және қазақстандық патриоттық тәрбиесін үйрету болып табылады. Бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында балалар үйінде «Тілашар» үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме сабақтарында өткізілетін грамматика-лексикалық ойындардың көмегімен қазақ халқының рухани-этникалық құндылықтары, мәдениеті, салттары, ұлттық шығармашылығы үйретіледі.
Балалар үйінде салт-дәстүр бойынша «Тілдер апталығы» өткізіледі. Мемлекеттік тілді ең үздік білу конкурсында балалар мен бірге тәрбиешілерде қатысады.
«Шаңырақ астындағы достық» атты фестивальдің өтуі дәстүрге айналды, ол Қазақстан халқының мәдени дәстүрін үйренуге арналған. Балалардың әрбір тобы ұлттық киімдерді, әндерді, билерді, тағамдарды, дәстүрлерді ұсынды.
Балаларда қоноқта Екібастұз қаласы Достар Үйінің өкілдері болды. «Ата-мұра», «Ағайындық», «Шаттылық», «Пология» атты ұлттық орталықтармен тығыз байланыс орнатылды.
Қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрену тілді үздік меңгеруге себеп болады.
Қостанай облысы
Федоров балалар үйінде мемлекеттік тіл лайықты орнын табуы тиіс
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Федоров балалар үйінің тәрбиеленушілері 2009 жылда аудандық оқушылар арасында Тоғызқұмалақтан сайыс өткізді, онда бірінші орынға балалар үйінің тәрбиеленушілері ие болды. Қостанай облысы бойынша іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Қостанай инженерлік-педагогикалық университетінің проректоры мен бір топ студенттері «Тоғызқұмалақ» бойынша сыйлық ретінде ойынның 4 жиынтығын табыс еткеннен балалардың ұлттық ойынға деген құштарлық сезімдері пайда болды.
Бұл мекемеде осы іс-шара жалғыз еместігін айта кеткен жөн. Әр ай сайын таңертеңгі сәлемдесуден, әнұранды орындаудан басталатын сәрсенбі мемлекеттік тіл күні ретінде өткізіледі. Күні бойы тәрбиешілер мен қызметшілер балалармен мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасайды. Балалар осы күнге қазақ халқының ұлттық әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері жайында баяндайтын ертегілерден кішігірім сахналық көріністер дайындайды.
Балалар үйінің әкімшілігі мемлекеттік тілді үйренуге барлық жағдай жасайды: компьютерлік сыныпта мемлекеттік тілге үйренемін деушілерге топтық және жеке дара оқыту бағдарламасы орнатылған; тілді оқыту бойынша үйірменің жұмысы ұйымдастырылған; «Қаза тілін үйренейік» стенді жасалынды; қазақ тілінде ғылыми және көркем әдебиет алынды; аудан ақсақалдары мен ақындарын шақыруымен «Менің республикам – менің туған үйім», «Туған күнімен Отаным менің», «Гүлдене бер менің Қазақстаным» мәдени іс-шаралар өткізіледі.
Балалар үйінде ұжымдық мәдени жұмыстар шеңберінде: «Мемлекеттің тарихы» білімдар сайысы, «Отан саған ән арнаймын» ең үздік қаламмен салынған фильмдер сайысы, ұлттық тағамдар жәрмеңкесі (оң көрсеткіштерімен есеп айырысу), «Барлық ойындар бізге қонаққа келіңіз» ойын сауық бағдарламасы, «Балапан» концерті, Қазақстан жайында мақал – мәтелдер, жұмбақтар жәрмеңкесі, «Ақ отау» кафесі, «Алдарға қонаққа хош келдіңіз» ертегілер бөлмесі.
Балалар үйінің директоры Ермоленко Н.И. қазақ тілі мемлекеттік және қоғамдық өмірінде аса маңызды міндеттер атқарады: мемлекеттік тіл болып табылады, сондықтан тиімді тілдік кеңестікті құруға тілдердің өзара ара қатынастарының міндеттерін анық айқындау қажет, соның арқасында мемлекеттік тіл өзінің лайықты орнын табу тиіс деп санайды.

«Қазақстан - көк байрақты нұр елім!»
Мен, Қазақстанның болашағы бүгінгі жас ұрпақ, Тәуелсіз, Егеменді Еркін ел Қазақстанда дүниеге келгенімді мақтан тұтамын.
Мұндай кең байтақ елді, бүгінгі ұрпағына аман-есен сақтап жеткізу үшін ата-бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, қызыл қанымен қорғап, ғасырлар бойы күресіп, бастарынан талай қиын кезеңдерді өткізді. Сол армандар орындалып, 1991 жылы 16 желтоқсанда өз егемендігін паш етті. Қазір аяғынан тік тұрған, дамудың нарықтық жолына түскен ел атандық, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың дана бастауымен, көрегендік саясатының арқасында еліміздің экономикасы қарыштап дамып бүкіл әлемге танылдық.
Көк байрақты, нұр елімнің мәртебесі биіктеп жақын жылдарда әлемдегі дамыған елу елдің қатарына кіретінімізге біз кәміл сенеміз. Қазіргі кезеңде Елордамызда қаншама әлемдік деңгейдегі кездесулер, жиындар, самиттер, форумдар өтіп жатқанын әлем көріп, тыңдап отыр.
Біздер, яғни жас ұрпақтар келешек Қазақстанымыздың әлі де еңсесі биік, татулығы берік, жылдан-жылға гүлденіп, көркейе берсін деп тілейміз.
Березан Надежда
Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі
Еліммен мақтанамын
Адам баласының бір қуанышы,жарық жұлдызы, темір қазығы - туған елі. Әркім де туған елін жақсы көреді. Еңсесі биік, мәртебесі асқақ, көгінде көк байрағы желбіреген қазақ елін мен де жақсы көремін.
Ең қымбат қазына- адам өмірімен бағаланған қазақ елінің ата заңы,көгінде көк байрағы желбіреген туы, шарықтаған әнұраны бар. Осындай көркейген ел ішінде мен де өмір сүріп, ер жетіп, есейіп келемін. Бүгінгі өміріме, өз ортама,ризашылықпен қарай отырып,ертеңгі өмірімнің жарқын боларына толық сенемін.
Жас ұрпақтың білім алуына,денсаулығына жағдай жасап,ұлтының болашағын ойлап жүрген аға-апаларымыз бен ағаларының ерен еңбектері-елдігімізді нығайта түсуде. Елдікті- білімді ұрпақ қана жалғай алады. Ендеше,сол білімді ұрпақтар қатарында мен де барамын.
Мен өзге ұлт өкілі болғанымен, бақытты балалық шағым Қазақстанда өтті. Шындығында мен Қазақстанды мақтан тұтамын. Әрбір оқушының жүрегіне жылылық ұялатқан ұстаздарымыздың арқасында қазақ тілін еркін үйрендім.Мен ана тілінде жазылған ақын-жазушыларымыздың шығармаларын, нақыл сөздерін оқу арқылы сөздік қорымды молайттым. Ана тілін,өз мемлекетін, ұлттық нышардарын қастерлеп, құрметтеу әрбір оқушының парызы деп санаймын. Себебі, әр ұлттың тілі-оның бақытты тірегі,мемлекеті-мәңгілік мекені, ұлттық нышандары – ұлттығымызды асқақтатын алтын белгілері.
Ендігі менің алға қойған мақсатым алған білімімді жалғастырып, өз мемлекетімде жоғарғы оқу орнына түсіп, өндіріс орындарына жұмысқа орналасып, елімнің болашағына үлес қосу.
Еліміздің рухани құндылықтарын қастерлеп, қадірлеу, парызым деп санаймын. Егемен елімнің ертеңіне қажетті мамандық таңдап, жақсы кәсіпті игерген ұлт азаматы боламын деген сенімдемін.
Ружечко Андрей
9-сынып оқушысы
Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі
«Ақтөбе» газете №129 2008 ж. 30 қазан
«Қазақстан – көк байрақты нұр елім!»
Қазақстан - егеменді, тәуелсіз, байтақ, жері шұрайлы, астығы мол, кенге бай, суы мөлдір, ауасы таза, бейбітшілігі мен татулығы берік ел. Байтақ жері, аспанмен таласқан асқар таулары, сылдырай аққан өзен, көлдері көп елімді мен үнемі мақтан етемін.
«Отан үшін отқа түс күймейсің, арың үшін алыссаң өлмейсің» дегендей, бұрынғы ата-бабаларымыз елі, жері, халқы, тәуелсіздігі үшін күресті. Қаншама ер жүрек батырларымыз елін аман сақтап қалу үшін өмірлерін қиды десеңізші! Қазір еліміздегі адамдар тәуелсіз, бейбіт, тыныш өмір сүруде.
Бүгінгі таңда еліміз бірнеше сатыны артқа тастап, көтеріліп келеді. Расында, еліміздің әр қаласы, әр ауылы әдемі. Ал Астана – біздің мақтанышымыз. Елордамыздың 10 жылдық мерейтойы жоғары деңгейде тойланды. Мен еліміздің басшысы Нұрсұлтан Әбішұлын 2004 жылы президенттік шыршада көрдім.Ол бәрімізді жаңа жылымызбен құттықтап,сөз сөйледі.Елбасымызбен бірге болған сәт біз үшін мақтаныш.
Мен Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісімін.Біздің үйде көптеген қызықты, көңілді мерекелік шаралар өтеді. Бәріміз бірге «Бірлік болмай, тірлік болмас»-дегендей, ұстаздарға, оқушыларға, тәрбиешілерге,яғни үйіміздің ұжымына концерттік бағдарламамен көңілдерін көтеріп, мерекелерімен құттықтаймыз.Бізге әр тәрбиеленуші ыстық. Мен өз ойымды өлең жолдары арқылы аяқтағым келеді.
Қазақстан – байтақ ел, нұр мекенім
Қазақстан – айым менен күнім менің.
Қазақстан – астығы мол, туған жерім,
Қазақстан – ыстық маған алып елім.
Әрқашан да мақтанамын жеріме,
Қазыналы, дархан, байтақ еліме.
Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,
Тілеймін мен бейбітшілік еліме.
Мен елімнің амандығын тілеймін. Асқар шыңдарға көркейе бер, көрікті менің Қазақстаным!
Мүсірәли Әйгерім
облыстық Алға балалар үйінің 9 сынып оқушысы
«Ақтөбе» газетінде №129
2008 ж. 30 қазан
Менің елім – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
Қазақстан-егеменді, тәуелсіз, байтақ, жері шұрайлы, астығы мол, кенге бай, суы мөлдір,тұнық, таза, бейбітшілігі мен татулығы берік ел. Байтақ жері, аспанмен теңескен асқар таулары, шуылдасқан өзен,көлдері бар елімді мақтан тұтамын. Бұл жерде тұратын адамдарға еліміздің тауы да, тасы да,мекендеген жануарлары да, төрт түлік малдары да-бәрі оларға ыстық.
«Отан үшін отқа түс күймейсің,арың үшін алыссаң өлмейсің»-дегендей бұрынғы ата-бабаларымыз елі, жері, халқы, тәуелсіздігі үшін жандарын аямады.Қанша ержүрек батырлар елін аман сақтап қалу үшін өмірлерін қиды десеңізші. Бүгінгі таңда елімізде адамдар тәуелсіз,бейбіт,тыныш өмір сүруде.
Тәуелсіз еліміздің астанасы Астана қаласының 10 жылдық тойы жоғары деңгейде тойланды. Астанаға арнап:
Астана, Астана, Астана, Астана,
Астана бас қала. Әнмен, биге жараса.
Елімнің жүрегі- Өлең менен жырлар да
Елорда- Астана. Арналады қаншама
Халқымның жүрегі, Өзіңе мен арнаймын,
Бәрінің тірегі- Осы шумақ өлеңін.
Астана – Бәйтерек Көркейе бер шыңдарға
Мүсірәли Әйгерім
облыстық Алға балалар үйінің 9 сынып оқушысы
Қазақстан - көк байрақты нұр елім!
1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің Жоғары Кеңесі нағыз тарихи құжат Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларация қабылдады. Қазақ халқының ғасырлар бойы арманы, біздің болашаққа деген мол сеніміміз бен алға ұмтылысымыз жүзеге асты. Қазақстанды әлемнің төрт бұрышы түгел танып, мемлекетіміз болшағы зор экономикалық саяси мәселелерді өз мәртебесі болып саналатын көп ұлтты қоғамдағы келісім, бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауда, адам құқығын құрметтеу жолында айрықша істер жүзеге асырылды.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті осы мақсатпен 2008 жылы 10-20 қазан аралығында «Қазақстан - көк байрақты, нұр елім!» атты Алға облыстық балалар үйінің және Әйтеке би, Қобда, Темір, Хромтау аудандарындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 9-10 сынып оқушыларының арасында эссе жазудан байқау өткізілді. Нәтижесінде «Ең үздік» аталған эссе Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі 9-а сынып оқушысы Мүсірәли Әйгерім мен Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі 9-сынып оқушысы Андрей Ружечконың жұмыстары ерекше аталды.
ТІЛГЕ ҚҰРМЕТ – ЕЛГЕ ҚҰРМЕТ
Мемлекеттік тілдің біздің өмірімізде алатын орны мен байытудың баға жетпес құндылығын Алға облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында туған тіліміздің мерейін тасытып, мәртебесін асырып келеді.
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да қол үзеді» - деп ұлы ғұлама жазушы Ғ.Мұсірепов айтқандай біз ана тіліміз арқылы туған Отанымызды, халқымыздың бүгіні мен ертеңің жарқын болашағымызды танып білеміз. Үйіміздегі әр тәрбиеленушінің туған тілге деген құрмет пен мақтаныш сезімі тау суындай тасқындап тұрады. Алға облыстық балалар үйінде туған тіліміздің туын көкке көтеру мәселесі алға қойылған. Үйімізде, «Жас талантты ақындар» үйірмесі жұмыс жасайды. Үйірмеде тәрбиеленушілердің тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, шығармашылық талантын дамыту жұмыстар жүргізіледі.
Тәрбиеленушілер мектепшілік, аудандық, облыстық мәнерлеп оқу сайыстарына қатысып, өз үлестерін қосып марапатталды. Солардың бірі Н.Байғанан атындағы облыстық балалар кітапханасы ұымдастырған «Ата дәстүр – ана сүті секілді» атты облыстық балалар шығармашылығы сайысында болшағынан зор үміт күттірерлік шығармасымен 8 класс оқушысы Ә.Мүсірәли марапатталды және мамыр айында аудандық Абай және О.Бөкей оқуыларына қатысып өз шеберлігін танытып мақтау қағазымен марапатталды. Сонымен қатар үйіміздегі тәрбиеленушілердің жүректен шыққан «Ақтөбе балаларының шығармашылық қобдишасы» кітабында жарық көрді.
Туған тіліміздің туын көкке көтереміз десек, ең алдымен қазақтың жүрегі қазақша соғып, көңілі қазақша қанат қағуы тиіс. Сонда ғана мемлекеттік тіліміздің тұғыры мықты болмақ.
Алға ауданың «Жұлдыз» газеті
А. Садуақасова,
Облыстық Алға балалар үйінің Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ – ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ
Ұлттық тіл - әр халықтың өзіне тән ой – санасың парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден қазақ халқының салт-дәстүрі мен тұрмысың әдет-ғұрпың мәдениетің тарихын білуге жол ашты, екіншіден көпұлтты халықтын қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардын достық қарым-қатынасын күшейтудің құралына айналды.
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, Алға облыстық балалар үйінде қазақ тіліне ерекше көңіл бөлінеді. Балалар үйінде барлық іс- шаралар мемлекеттік тілде өтеді. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің көбісі қазақша сөйлеуге бейім. Олар өз ойларын терең жеткізбегенмең сауатты жаза, сөйлей алады.
Балалар ұйінің тәрбиеленушілері әртүрлі әң би байқауларына қатысып, еліміздің еңсесі биік болу жолында көп еңбек етіп келеді.
Аудандық, облыстық жас ақындар байқауларына қатысып, біздің оқушылар белсенділік танысып келеді. Сонымен қатар оқуышылардың өздері өлең шығарып, ақпарат беттеріңде жарияланады. Атап айтатын болсақ, Б.Злобин, К.Испулова, О.Шарипов т.б.
Балалар үйінде «Қазақ тілі қоғамы» өз деңгейінде жұмыс жасады. Бұл қоғамның мүшелері түрлі тілге байланысты шаралар өткізіп, тәрбиеленушілердің мемлекеттік тілге деген қазығушылығын арттырып келеді.
Мемлекеттік тіліді дамыту мақсатында қосымша сағаттар қосылды. Мысалы, этнопедагогика, сөз өнері, шешендік өнер деген факультатив сабақтары жүргізіледі. Бұл да өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін халқының дәстүрін толық меңгеруге септігін тигізеді.
Наурыз мерекесі де біздің үйде өз дәрежесінде өтеді. Бұл мерекенің балаларға беретін тәрбиелік мәні зор. Оқушылар қазақ халқының салт- дәстүрімен кеңінен танысады. Қазақ тілінде өтетін барлық іс- шараларға балалар үйінде ерекше көңіл бөлініп отырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері бала тәрбиесін тіл үйретуден бастап, тіл мәдениетін бейімдеуді көздейді.
Өзге ұлт балалары үшін этнопедагогика, елтану, тілімізді құрметтеу құлшыныс мақсаттарын көздейді, ал қазақ баласы үшін өз тілін ұмытпауға, ұлттық тәрбие алуға қызмет етуге тиіс.
Балалар үйіндегі тәрбие, класс сағаттары қазақ тілінде жүргізіледі, яғни балалар үйінің мақсаты- қазақша сөйлеуге, келешекте еліне қызмет ететің елін қорғайтың ел азаматың елдің ұл- қызын қалыптастыру – үлкендердің парызы.
Алға ауданың «Жұлдыз» газеті А. Мынжасарова,
Облыстық Алға балалар үйінің Қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі

Тіл – елімнің болашағы
Қазіргі өмірімізде, оның ішінде жастар үшін мемлекеттік тілдің алар орны ерекше.
Тілсіз ұлттың болуы мүмкін емес десек, біз жастар өз ана тіліміз – қазақ тілінің мәртебесін көтеруге тиіспіз.
Елімізде қазақ тілін дамытудың мемлекеттік жоспары жасалған, Конституцияға енгізілген, енді оны жүзеге асыру жағына ерекше көңіл бөлуіміз қажет.
Бүгінде дамыған елу елдің қатарына бет бұрған еліміз үшін – мемлекеттік тілге көшу міндеті тұр.
Менің ойымша, қазақтың әдебиетін, төл мәдениетін, өнерін асқақтатып, бағалау баршамыздың ісіміз. Өйткені, ел бірлігін нығайтып, тіл дамытуда ұлттық мәдениеттің, дәстүрлер мен әдет – ғұрыптардың алатын орны ерекше.
Біздің жасөспірімдер Үйі, осында тәрбиеленіп жатқан жастар Елбасының тіл саясатын іске асыруда өз үлестерін қосып келеді.
Өткен жылдан бері жасөспірімдер Үйіне өтетін іс-шаралар, мемлекеттік мерекелер қазақ тілінде жүргізіледі. Аптасына бір күн «Қазақ тілі күні» деп жарияланды. Сол күні біздер жасөспірімдер теледидардан ұлттық хабарлар тыңдаймыз, қазақтың ұлттық ойындарын ойнайыз, өзара қазақша сөйлесеміз, басқа ұлт өкілдерімен қазақша сәлемдесіп, олардың мемлекеттік тілді үйренуіне көмектесеміз.
Ендігі тілегіміз – жалпы халықтық тіл дамыту шаралары нақты қолға алынса, мемлекеттік тілді білуге арналған дөңгелек үстелдер, әңгімелесулер, семинарлар, сайыстар жиі өткізіліп тұрса, қазақ тілін түрлі деңгейдегі топтарда және өз бетінше оқуға арналған тиімді де түсінікті көрнекі құралдар көптен – көп таратылса дегім келеді.
Президентіміздің стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыратын – біз, жастар.
Сондықтан, өмір деген үлкен жолға өз тілімізбен, мәдениетімізбен, салт-дәстүрімізбен қадам басатынымызға сенімім мол.
Өз басым қазақ елінің абыройын асыруға, өз ана тілінде сөйлейтін сауатты маман болуға ұмтыламын.
Құрманғалиева Рыстыгүл, жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушісі, Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының 4 курс студенті

Түлектің жетістігі
Қазақ халқының тілі – бай, қадірлі де құдіретті.
Қай халықтың болмасын тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажайып гауһарымыз.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІV белгіленген міндеттерін орындау мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, 2008 жылдың 3 желтоқсанында Астана қаласында мемлекеттік тілді жетік меңгерген әртүрлі ұлт өкілдері жастарының қатысуымен «Туған жерім – алтын бесігім» атты жастардың форумы өткізілді.
Осы форумға Ақтөбе облысының Алға облыстық балалар үйінде тәрбиеленетін 11 «А» класс оқушысы Ходырев Артем Владимирович қатысты.
Бірнеше жыл бойы орыс жігіті қазақ тілінде оқып келеді. Артем дүние келген Ақтөбе облысының Ақшат аулында орыс мектебі болмағандықтан, Артемнің ата-анасы оны қазақ мектебіне оқуға жіберген. Он жыл ішінде қазақ тілі оның ана тіліне айналды. Артем қазақ тіл оңай меңгерді, сонымен қатар тілге деген қабілетін күннен – күнге шыңдап келеді.
Үнемі қазақ тілінен өтетін сайыстарға және олимпиадаларға қатысады. Осындай талабы үшін бірнеше рет марапатқа ие болды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 17 жылдығына орай Ақтөбе облысында мемлекеттік тіл саясатын жүргізуге белсене қатысып, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге қазақстандық рухани бірлікті қалыптастыруға зор үлес қосқаны үшін Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов өз қолымен алғыс хат пен пәтерге ие болу сертификатын ұсынды.
Алдағы уақытта Алға облыстық балалар үйінің түлегі Ходырев Артем ҰБТ тапсырғаннан кейін Ақтөбе заң колледжіне түсуді жоспарлайды.