Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Павлодар облысы

Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен  жүзеге асырылатын «Қоғам - балалық шақты қорғау» жобаның мақсаты кәсіпорындарды, кәсіпкерлерді, қоғамдық ұйымдарды балалар үйлері мен интернаттық мекемелерде тәрбиеленетін балаларға көмек көрсетуге баулу болып табылады. Жиі-жиі кәсіпорындардың басшылары балалардың мейірімді достары және тәлімгерлері болады.
Павлодар қаласының жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттың тәрбиеленушісі Бартенев Русланға Павлодар машина жасау зауытының директоры Леонид Анатольевич Белогривый  өз қолдауын көрсеткені туралы  бұрындары жазғанбыз. Демалыс кезінде зауытта жұмыс істеген Руслан болашақта алатын мамандығын таңдап алды.
Руслан зауытшылардың  қамқорлығы мен ықыласына бөленді. Бірақ балалар үйлерінің әрбір тәрбиеленушісі сияқты оның да басты арманы: ата-анасын тауып алу еді.
Өзі тәрбиеленген мектеп-интернаттың қызметкерлері тәрбиеленушілердің  ата-аналарын іздеп, оларды отбасыларымен қайта қауыштыру бойынша үлкен жұмыс жүргізеді. Түрлі инстанциялармен көптеп хат жазысудың нәтижесінде Курск облысында тұратын Русланның әкесін табуға көмектесті.
Ресейге әкесіне көшіп барған Руслан отбасымен қауышып қана қоймай, өзінің басқа арманын жүзеге асырды – политехникалық колледжге түсті. Туған мектебімен  және зауытшылармен Руслан байланысын үзген жоқ, көрсетілген қамқорлық пен мейірімділік үшін алғысын білдіріп, хат жазып тұрады. Міне оның тәрбиешілеріне жазған соңғы хаты: «Сәлеметсіздер ме! Хаттың иесі Руслан. Қал-жағдайларыңыз, денсаулықтарыңыз қалай? Бәрі де жақсы деп ойлаймын. Мен қазір политтехникалық колледжде «Механикалық және электромеханикалық құрал-жабдықтарға қызмет көрсету және пайдалану» мамандығы бойынша оқимын. Мені тәрбиелеп, оқытқан барлық мүғалімдерге алғысымды айтамын. Әсіресе, бірінші тәрбиешім Салтанат Зәкәрияқызына, барлық мүғалімдерге, тәрбиешілерге, директор Мұрат Сағыновқа, Сержан Қинашұлына игілігімді  білдіремін. Көп рахмет!»
Ата-анасыз қалған  әр бала оларды қайтадан табу ниетінен қайтпайды. Егер бұл үміт орындалса, осындай балалардың келешегі өзгереді. Әлем мейірімді және жарық болады!

 


Қостанай облысы

Жақсы адамның саны азаймасын
Сәлеметсіздер ме! Менің атым Брышев Зафар, мен 12 жастамын. Мен интернационалдық отбасында тудым. Екі жасымда ата-анамның қамқорлығынсыз қалып, Қостанай облыстық балалар үйінде тәрбиеленудемін. Мен би билеймін және ән салуды ұнатамын, сондықтан «Тутси» сән театрының жетекшісі Оляна Макарчук мені 2009 жылдың мамыр айында өткен «Қазақстанның кішкентай мисс және мистері – 2009» республикалық фестиваліне шақырды. Фестивальда мен Гран-при жүлдесіне ие болып, «Қазақстанның кішкентай мистері – 2009» атағына иелендім. Ал 2009 жылдың желтоқсанындағы Тайланд елінде өткен «Әлемнің ең үздік балалар моделі – 2009» фестивалінің Гран-при жүлдесіне ие болып, «Әлемнің ең үздік балалар фотомоделі» атағына иелендім. Халықаралық фестивальда біздің Республикамыздың даңқын шығарғаныма мақтан етемін. Менің болашағым әлі алда, сондықтан біздің республиканың игілігіне өз жеңістеріммен үлес қосқым келеді. Сондай-ақ, маған көмектескен және қолдаған адамдардың үміттерін ақтағым келеді. Солардың ішінде атап кететіндердің бірі «Гренада» ЖШС  директоры Анатолий Николаевич Громченко (суретте). Оның қолдауымен мен осы барлық республикалық және халықаралық фестивальге қатысуға мүмкіндігім болды. Ол кісінің маған артқан сеніміне, көрсеткен жан жылуына және мейірімділігіне айтатын алғысым шексіз. Егер Николай Анатольевич болмаса, мен өз қаламның және елімнің даңқын шығарар алмас едім. Жаңа жылда Николай Анатольевичке және оның туыстарына, барлық  Қостанай облысы тұрғындарына зор денсаулық және мол бақыт тілеймін!

  


Қостанай облысы

15 мамыр күні – Халықаралық  отбасы күні!
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Мэри Кэй (Қазақстан) компаниясының қолдауымен үстіміздегі жылдың 15 мамыр күні Халықаралық отбасы күніне арнап қайырымдылық акция өткізді.
Акция Қостанай қаласында тұрмысы төмен отбасы, көп балалы отбасынан шыққан  және патронат тәрбиесіндегі балаларға сыйлықтар табыс етуден басталды.
Облыстық жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзеу мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне  (Рудный қ.) видеокамера сыйға тартылды. Балалар өздерінің балалық телеарнасын құруын армандағанды, енді олардың армандары жүзеге асырылмақ.
Сонымен қатар, департаменттің Халықаралық отбасы күніне арналған қайырымдылық акция барысында Қостанай, Арқалық, Жітіқара, Рудный, Әулиекөл балалар мен жасөспірімдерге арналған баспаналарының 150 тәрбиеленушілеріне және облыстың жиырма ауданынан 150 тұрмысы төмен отбасынан, көп балалы отбасынан шыққан балаларға және патронат тәрбиесіндегі балаларға сыйлық ретінде сәнді күртешелер мен монша орамалдары табыс етілді.
Біздің мемлекетімізде қайырымдылық дәстүрлерінің сабақтастығы және бизнес құрылымдардың жетім балалар мен әлеуметтік-қорғалмаған отбасынан шыққан балалар мәселелеріне немқұрайлы қарамайтындығына және әр жыл сайын өткізіліп тұратынына департамент өз үмітін үзбейді. Үлкендердің махаббатына зәру балаға: «Бәріміз – сенің отбасыңбыз!» деп айту – оның жан дүниесінде үміт пен жылу сәулесін  жарқыратудың бірі емес пе.
Осындай Халықаралық отбасы күні  балалар қобалжу сезімде болады, сондықтан оларды өзіміздің ықыласымызбен, жылы қарым-қатынасымыз және сыйлықтарымызбен қуанышқа бөлеу – біздің міндетіміз!


Шығыс Қазақстан облысы

Халықаралық Отбасы күні
15 мамырда Халықаралық отбасы күні аталып өтіледі. Ол 1993 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясымен бекітілген. Бұл күнді белгілеу түрлі мемлекеттерде қоғамның назарын отбасы мен балалардың көптеген проблемаларына аудару қажеттігінен туындаған.
Қоғамның негізгі институттарының бірі, адамның әлеуметтену жолындағы  алғашқы қадамы бола тұра отбасы уақыт пен қоғам талабына қарай әрекет етеді, оны өзі қалыптастыра отырып қоршаған ортамен бірге дамиды және өзгереді. Бұл күні отбасылық және ата-аналық мейірімге мұқтаж, яғни жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөлінеді.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметінің негізгі бағыттарының бірі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерде қайырымдылық шараларын өткізуге ұйтқы болу.
Осыған байланысты, Департамент «Мери Кей» компаниясының облыстың шалғай аумақтарындағы 5 балалар үйіне арналған қайырымдылық шара өткізу туралы бастамасын қолдады.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, «Мери Кей» компаниясы мен «Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп 2009 жылғы 12 мамырда қайырымдылық шара өткізіп, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйі, Гагарин атындағы мектеп-интернат (Риддер қ), Новая Шульба кентіндегі облыстық балалар үйі (Бородулиха ауданы), Қ. Раев атындағы Көкпекті балалар үйі (Көкпекті ауданы) тәрбиеленушілеріне 150 велюр куртка мен 150 сүлгі тапсырды.

«Azimuth Cargo» компаниясы «Мери Кей» компаниясының аймақтарға жүк жеткізу бойынша серіктесі, сол себептен қайырымдылық шарадан олар да тыс қалған жоқ, Алматыдан Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне дейін жүкті тегін жеткізіп берді.
Акцияға жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбиеленушілері, «Мери Кей» компаниясының аймақтық өкілдері, «Шығыс Қазақстан облыстық балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының ассоциациясы» ЗТБ басшылығы мен мүшелері қатысты.


Қостанай облысы       

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Задорожная Вера үшін қуанышты күн болды. Дәл осы күні Қостанай облысының әкімі С.В. Кулагин Федоров кентінде орналасқан Федоров балалар үйінің түлегіне салтанатты түрде жайлы пәтердің кілтін табыс етті.
Вераның өмірі ерекше. 2004 жылы анасының аналық құқықтарынан шектелгенінен кейін, ол өзінің туғандары Людмила, Олеся, кішкентай Лариса және Дмитриймен бірге  Федоров балалар үйіне орналастырылған еді.
Таудың ең биік шыңына көз жеткізгің келсе, тау етегінен сәл алыстау керек.
Айналамыздағылардың мейірімділігі мен ізгілігін, өскелең ұрпақтың болашағы мемлекеттің қамқорлығында екенін байқағыңыз келсе,  Задорожный отбасы балаларының тағдыры қай деңгейде қалыптасқанын көру керек. 
Людмила – Астана қаласының медициналық академиясында білім алуда, Олеся мектеп бітірісімен, Рудный педагогикалық колледжіне оқуға түсті. Ал Вера болса, Федоров кентінің кәсіптік лицейінде ас даяршы мамандығын таңдады, болашақта өз ісінің шебері болатыны сөзсіз. Кішкентай Лариса мен Дмитрий әлі мектеп қабырғасында оқып жүр.
Тұрғын үй мәселесі – бүгінгі уақыттың ең түйінді мәселесі екені анық. Бірақ та Федоров кентінің балалар үйінің тәрбиеленушілеріне бұл мәселе шешілді деп санауға болады: барлық 37 бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтар есебіне кезекке тұрғызылды.


Ақтөбе облысы

«Даңқ минуты» атты отбасы байқау
Барлық елдер мен контингенттерде дүниежүзілік дағдарысы бұқаралық ақпарат құралдарда айтып жатқанмен жанұядағы ата-аналар мен балалардың рухани қарым-қатынас заңдылықтарын ешкім өзертпейді.
Сондықтан да, «Даңқ минуты» атты облыстық байқауға ауа-райына, балаларының кішкентайлығына қарамастан келген және өнерлерін көрсеткен 10 ауданның отбасыларына ризашылығымызды білдіреміз. Осындай ата-аналардан үлгі алу қажеттігін айтамыз! Ата-аналар мен балалалардың қарым-қатынастарын нығайту мен отбасы мәртебесін көтеру мақсатында байқауды өткізудің негізгі идеясы Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінен.
«Алақай» атты 200 орындық қуыршақ театры адамдардың махабаттарына толы болды. Көрермендер қатысушылардың қиялдарына, ата-аналар мен кішкетай балалардың таланттары мен актерлық шеберліктеріне, отбасылардың бірлігі мен үйлесімділіктеріне куәгер болды.
Байқау үй тапсырмасы мен тапсырмалар атты екі кезеңмен өтті. Байқауда Ойыл ауданының Асановтар отбасы халық шығармашылығының сұлұлығын ерекше көрсетумен көзге түсті. Алға ауданының тұрғыны Өміров 16 килограмдық гирлерді көтеру шеберлігімен көрермендерді таң қалдырды. Сонымен қатар, байқауда Байғанин ауданынан келген Алпысовтар отбасы ән салса, Шалқар ауданының тұрғыны Исмаиловтар отбасы би өнерін көрсетті.

Байқауға қатысқан адамдар өз тарапынан департаментке рахметтерін айтып, ризашылықтарын білдірді.


Қостанай облысы

«Мемлекет дағдарысқа қарамай, халық алдында алған әлеуметтік міндеттерін орындайды. Тұрғын үйлер салынуда, денсаулық сақтау және білім беру жүйелерінің жаңа объектілері бой көтеруде, – деп облыс әкімі пәтерлердің кілттерін табыс ете отырып ерекше көңіл аударды...» «Рудненский рабочий» газетіндегі мақала міне осылай басталады.
Рудный қаласында 2009 жылдың 13 қаңтарында Қостанай облысының әкімі Кулагин Сергей Витальевичтің қолынан  жаңа пәтердің кілтін алған,  беттерінен нұр шашқан балалар көптен бері көрінбеген еді, бәрі де қуанышты.
Осындай бақытты жандардың ішінде интернаттық үйлерде тәрбеленген 10 жетім балалар бар:
Нарваткина Елена Александровна
Кенжебаева Шолпан Шәкірзанқызы
Күлдеева Сәуле Айсавданқызы
Ермолина Валентина
Кұрбанов Азамат Ізделсізұлы
Кошкин Георгий Сергеевич
Севириненко Дмитрий Александрович
Қасымова Жанна Нұрланқызы
Черниченко Екатерина Валерьевна
Өтепова Сабила Мұхитқанқызы
2004, 2005 жылдары мемлекеттік тұрмыс үй қорына баспанаға мұқтаж азаматтарды есепке алуға тұрғанда, өз пәтерінің болғанын армандаған, бірақ біздің еліміздің Елбасының қамқорлығы, оның нақты және әлеуметтік қорғалмаған халықты баспанамен қамтамасыз етудің  даму векторының бірі болып табылатын «сауатты» саясатының арқасында  бірнеше жылдан кейін армандары орындалатыны ешқайсысының ойына келмеген еді.
2008 жылдың қаңтарында аппараттық кеңесте облыс әкімі Кулагин С.В. қалалық (аудандық) әкімдерге әлеуметтік қорғалмаған халыққа арнап шағын отбасылық типті 5 үй салуды (қалпына келтіруді) тапсырды.
2009 жылдың қаңтарында Рудный қаласындағы Парковая көшесі, 102 коммуналдық үй пайдалануға берілді, республикалық трансферт есебінен – 259649 мың теңге бөлінді.  
«Рудныйсоколовстрой» АҚ (директоры – Колот Борис Михайлович), мердігер болып, 2008 жыл бойында бір кіреберісті, тоғыз қабатты, 143 пәтерлі  бос тұрған  үйді қалпына келтірді (1 бөлмелі – 116 пәтер, 2 бөлмелі – 27 пәтер), ғимараттың жалпы ауданы 6 609,3 м2.  Пәтерлердің жалпы ауданы  4 343,2 м2., пәтерлердің тұрғын ауданы – 2 352 м2.
Міне, бүгін жаңа үймен қатар зейнеткерлер, мүгедектер, көп балалы отбасылар, медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құқық сақтау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер жаңа өмірді бастады, осы үйде балалармен бірге барлығы қосылып өмір сүретін болады.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дей отырып, балалардың пәтерлерін жайластыруға бүкіл қала болып қолғабыс етті, Рудный қаласының әкімі Дейнинг Николай Яковлевичтің жетекшілігі және көмегі арқасында демеушілермен жаңа жиһаз, электр және тұрмыстық техника сатып алынды.
2010 жылы тағы бір 50 пәтерлі коммуналдық үй пайдалануға беріледі.
Қостанай қаласында 2009 жылы әлеуметтік қорғалмаған халық қатарына жататын азаматтарға коммуналдық үйдегі жаңа пәтерлердің кілттері табыс етіледі, олардың ішінде жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар бар.
Мемлекеттік тұрмыс үй бағдарламасына сәйкес жыл сайын облыста 100 пәтерлі коммуналды үй пайдалануға берілетіндігі қарастырылғандығын айта кеткен жөн, демек баспана қол жетерлік болатыны айқын.
Бүгін, Қазақстан әлемдік экономикалық дағдарысты басынан кешіріп жатқанда, 2008 жылғы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жылсайынғы Жолдауында мемлекет басшысы берген әлеуметтік міндеттерді Үкіметіміз әрі қарай орындауда.
Осындай істер халықтың ертеңгі күнге деген сенімділігін арттырады.


Костанай облысы

20 қараша -  Дүниежүзілік бала күні.
Осы күні ақыл-есі кеміс балаларға арналған Қостанай облыстық интернат – үйінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері шақырылған меймандарға «Ормандағы құқық мектебі» театрланған шығармашылық кеш ұйымдастырды.
«Бала Конституциясында» - Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясында бекітілген олардың міндеттері мен құқықтары туралы актерлер түсінікті ойын түрде баяндап берді. Спектакльге қатысушылар - үлкендер мен кішілер, орман тұрғындары кейіпкерінде  Мыстан кемпірдің жасаған қастықтарын жеңіп шықты. Ол орманда хайуандардың құқықтарын бұзатын заңды қабылдағысы келді, ал білімді Тазша бала ЮНИСЕФ ұйымына көмекпен жолығып, пошта арқылы Бала құқықтары туралы Конвенцияны алып, балалардың басына түскен сынақтан аман есен шығуына үлес қосты.
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменттің қызметкерлері балаларды мерекемен - Дүниежүзілік бала күнімен құттықтап, тәтті сыйлықтарды сыйға тартты.


Ақтөбе меценаттары облыс балаларына пайдалы меморандумға қол қойды
Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі мекемелерге «Арман», «Жұлдыз», «Үміт» балалар үйінің ауласына айналма әткеншектерін, әткеншектер,  төбешігі бар құм ауласын - бұның бәрін демеушілер қондырды. Ақтөбе филиалының  «Темір Сервис» ЖШС-нен барлық  бөбектерге Ресейден шығарылған ойын жинақысы берілді.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Күлпаршын Айдарханова  мен Ақтөбе облысының «Одақ «Атамекен» директоры Асқар Садықов арасында  5 қарашада «Үміт» балалар үйінде өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты: жетім-балалар құқығы, ата-анасыз қалған балалар, шектеулі балалар,  ауыр душарда қалған балаларға көмек көрсету. Меморандум аясында паритет негізінде ынтымақтастық қатынасын дамытады.
Бүгінгі балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен өзара ынтымақтастық  меморандумға қол қоя отырып, облыс кәсіпкерлері балалар өмір жағдайын жақсарту үшін, шын жүректен қарап, бар үлестерін қосу керек  деп ойлаймын, - дейді Асқар Садықов.  Халықтың данасы бойынша: үшке келгенше бала-құдай, төрттен кейін бала-құл, он бір жастан бастап бала-дос.
Халықтық ақша қаражатын жұмсау, баланың дамуына бірінші төрт жасқа дейін нәтижелі болып , әр бірлікке бес есе қайтады деп саналады.
Балаға үнемдеген  мемлекет, қайыршылыққа әкеліп соқтыратыны айқын.
Аймақтарда недроқолданатып жұмыс жасайтындар, меценат институтын  белсенді дамыту керек, - дейді Күлпаршын Айдарханова.
№ 5 «Жұлдыз туберкулез контактілі балаларға арналған бала бақшасында 200 баладай бар мекеме жаңа ойын  жабдықтау қоятын  орын дайындап қойған. Бұған дейін бала бақша аулалары бірнеше жетім көрінетін. 1993 жылдан бастап, жөндеп, сырлап қоятынбыз, бұл жеткілікті емес еді. Біздер бақыттылардың арасында болғанымыз, демеушілердің сыйлықтарын алғаны бізді қуантып отыр.   Бала бақшадағы тәрбиеленушілер аз қамтылған жанұядан болғандықтан,  ата-аналардан көмек күтпейміз,- дейді бала бақшаның меңгерушісі.


Қостанай облысы
2008 жылдың 17 қазанында «Жанұя» отбасылық үлгідегі балалар ауылы өзінің мерейтойын атап өтті. Осыдан 8 жыл бұрын Қостанай қаласындағы «Жанұя» Балалар ауылы 49 жетім баланың жылы панасына айналды.
Балалар жазғы сауықтыру лагерінде демалып жүргенде, балалар ауылында қарқынды жөндеу жұмыстары жүріп жатты. Бұл іс көп еңбекті қажет еткенімен, нәтижесі күткендей болды. «Жанұя» бөлмелерінде әдемі тұсқағаздар, жаңа жиһаз бен терезе перделері, қызық суреттері бар еден көз жауын алатындай жасалған. Алматылық серіктестік «Таrкеtt» жаңа топтамадан балаларға арналған еденге төселген линолеум балдырған бөлмелерін жадыратты.
Мерейтойға бұндай сыйлық – есте қаларлық оқиға.
Мереке жоғары дәрежеде өтті. Деккер Лена мен Аральская Наташаның ән орындауларында  үй иелері мен меймандардың көңілінен шықты. Скрипкашы Семенова Ксения шырқап, Дүйсенова Бахыт пен Әлсейітов Арман орындауында латын америкалық үлгідегі би ду қол шапалақтау құрметіне ие болды.
«Жанұя» шаңырағы астында біртұтас дарынды жұлдыздар жиналды!


Балаларға мен жасөспірімдерге арналған Қостанай жетімханасы 2008 жылдың 10 қазанында өзінің он жылдығын мерекеледі. Осы уақыт ішінде 917 бала оңалудан өтті. Қазіргі күні жетімханада 24 тәрбиеленуші тәрбиеленуде. Мекеменің қызметшілері әр балаға ықыласпен, қамқорлықпен қолдау жасайды, ілтипатпен қарайды. Мекемеде білім алуға, тәрбиеленуге және дамуына лайықты жағдай туғызылған: жайлы ұйықтайтын бөлмелер, сауықтыру бөлмелері, спортпен шұғылданатын бөлмелер және қажетті құрал-жабдықтар. Балалар қалалық жалпы білім беретін мектепте оқиды, керекті оқулықтармен, ыстық тамақпен қамтылған.
Мерекелік шараға қонақтар, жетімхананың достары жиналды. Тәрбиеленушілер мерейтойға арнап мерекелік бағдарлама ұйымдастырды. № 24 «а» қазақ бастауыш мектебінің «Алтынай» ансамблі би билеп, ән шырқап мерекелік кештің сәнін келтірді. Қонақтар жетімханаға сыйлықтар табыс етті. ЖШС «Фармация - Нео» басшылығының назарынан еш бір бала тыс қалған жоқ. Тұрақты демеуші «ЦентрКредит» Банкі оларға автомат кіржуғыш машинасын сыйға тартты.


Қостанай облысы
Қостанай облысы әкімі үндеуімен «Үздік мектеп ауласы» атты облыстық байқауға ақыл-есі кеміс жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №2 Қостанай түзеу мектеп-интернаты әр жыл сайын қатысып отырады.
Бұл жыл да ерекше болған жоқ.  Сайыс шарты бойынша мектеп ауласында кәдімгі гүлдер көшеттері болып қана қоймай,   басқа да құрылыс нысандары болу қажет:  жазғы күрке,  кішігірім суайдындары және сырғанайтын таушықтар.  Бұл үйлесімді сәнділік көз жауын алатындай жасалып жатса да, қоршаған табиғатқа ортаға ұқыпты көңіл бөлетініне мысал ретінде егілмек.
Байқау нәтижелері бойынша облыс әкімі С.В. Кулагин  мектеп-интернат директоры  К.Ж. Рсалинге 200 мың теңге ақшалай табыс етті.


Қостанай облысы

Баланы мектепке дайындау – әбігерлі және ата-аналардан айтарлықтай ақшалы шығын талап ететін іс. Көпбалалы және аз камтылған жанұялардағы, жетім және ата-ананың қарауынсыз қалған балаларға мектепке дайындалуға көмек көрсету жақсы дәстүрге айналды. «Мектепке жол» атты қайырымдылық акция 15 шілде мен 15 тамыз аралығында өткізіліп қазан айының 5 күніне дейін созылды.
Бірнеше жыл қатарымен осы акцияға облыс және қала әкімдері, олардың орынбасарлары, облыс департаменттері мен басқармалары, қала және аудан бөлімдерінің әкімдері, жеке кәсіпкелер, сот қызметкерлері, нотариустар белсенді қатысуда.
Жалпы қайырымдылық акцияға 180 астам мекемелер, кәсіп орындар қатысқан.  Акция нәтижесінде мектеп және спорттық киім, аяқ  және сыртқы киімдер, кеңсе тауарлар  балаларға тапсырылды.Жалпы көмектің сомасы  1 809 800 тенге болды.
Қалалық әлеуметтік бағдарламалар және кол бос болмаушылық бөлімі 920 аз қамтылған жанұялардың есеп-шоттарына  4 600 000 тенге аударды.
Мектеп ұжымдары мен ата-аналар жұртшылығы да ігі іске өз үлестерін қосты. Олар 45 баланы мектепке дайындауға көмектесу үшін 106 100 тенге жинады.
«Мектепке жол» акциясы 6 409 800 теңгені жинап 1100 қостанайлық оқушылардың өмірлерін жақсартуға өз үлестерін қосты.
Және бұл ігі іске әлдеде шек қойылған жоқ!!!


Қостанай облысы

Балалар үйінде мерекелік шара

Федоров балалар үйінде 2008 жылдың 12 қыркүйек күні мереке ретінде атап өтіп, осыған байырғы жолдастар мен демеушілер қатысты.
Мәселен, облыстық бюджет қаражаты есебінен балалар үйінің ғимараты 12 жылдың ішінде алғаш рет күрделі жөндеуден өтті. Осы мақсатқа бөлінген 27 миллион теңге қазіргі заман талабына сәйкестендірді. Білім алуға және демалуға лайықты жағдай туғызылған. Жайлы  қонақ бөлмелер, ас бөлмелер, тұрмыстық бөлмелер. Үй іші таза, жайлы, үлкен  дастархан басында жиналып, отбасы мәселелері жайында әңгіме құруға ықылас туады.
Демеушілердің есебінен кілемдер, жиһаз, мектепке әр балаға сыйлықтар, тұрмыстық және компьютерлік техника алынды.
Балаларда демеушілер көп, бірақ тұрақты да баршылық. Инженерлік – экономикалық университетінің өкілі Рита Исмуратова Ысмағұл отбасының үш бүлдіршінін өз қамқорына алып, оларға жылы спорт киімдерін табыс етіп, олар мамандық иесі болғанша және ер жеткенше қолдайды деп уәде етті.
Кәсіпкер Ж.Е. Арыстанов төрт жасар тәрбиеленуші Николаева Маргаритаға жинақ қор кітапшасын табыс етті. Оған 16 жас толғанға  дейін осы есепте бір талай қаражат жататыны шүбәсіз, өміріне және оқуына жететіні анық.
Балалардың жолдастары бұл жан ашыр кісілер, олардың пайымдауынша: ең бастысы олардың әрқайсысына үміт отын жандыру.

 


Қостанай облысы

«Алғабас» ЖШС басшысы Арыстанов Ж.Е. (Қостанай облысы) есепшотқа 10 мың теңге салып,  жинақ қор кітапшасын  балалар үйінің ең бүлдіршін тәрбиеленуші Николаева Маргаритаға табыс етті. Бұл ақша қыздың есепшотына 16 жасқа толғанға дейін әр ай сайын түсіп отырады.


Батыс Қазақстан облысы

Қайырымдылық көмекті «Жас дәурен» балалар кешенінің тәрбиеленушілеріне Орал қаласының жеке кәсіпкері Жаңылсын Амангельдіқызы Есенова көрсетті. 15 жоғарғы класс оқушылары жаңа, әдемі, ыңғайлы костюмдерге ие болды.
Ж.А.Есенова ханым алдағы уақытта да балаларға көмек көрсетіп тұратындығын айта келіп, шағын және орта бизнес өкілдерін мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге шақырды.
Тәрбиеленушілер көрсетілген көмекке алғыс білдіріп, шағын концерт ұйымдастырды.


Батыс Қазақстан облысы

1 қыркүйекте «Альянс Банк» АҚ облыстық балалар үйінің балаларына сыйлықтар жасап, тамаша мейрам ұйымдастырды. Бұл күннің балалардың мәңгі есінде қалуы үшін банк қызметкерлері мерекелік күнді бір ғажайып ертегіге айналдырды. Балалардың жүрегі қуаныш пен шаттықа толы болды.

Бірінші класс оқушыларына сөмке, дәптер, бояу, фломастер, қарындаш, түрлі түсті қағаз және т.б. көптеген сыйлықтар жасалды. Жалпы сомасы 70 мың теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді.
Бірінші класс оқушылары қойған концерттен кейін балалар үйі қызметкерлері мен балалар өздерінің алғыстарын білдірді.


Игі істер стратегиясы

21 тамыз Рудный қаласындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық түзету мектеп-интернаты мен жетім балалар үйі тәрбиеленушілері үшін нағыз мереке күні болды. Екі мекемені біріктіретін оқу-тұрмыстық кешеннің жөндеуден және қайта салынудан кейінгі, мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен, ашылу мерекесі осыған түрткі болды.
Кешеннің ашылуына Қазақстан Республикасының еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты. Жетім қалған балаларды әлеуметтендіру мен қолдау бойынша жұмыс ел басының жолдауына сәйкес әлеуметтік әріптестік бағдарлама аясында жүріп жатқанын және бұл оң нәтижие беріп отырған игі іс деп белгіледі министр. Білім алуға және демалуға лайықты жағдай туғызылған. Рудный қаласының кәсіпкерлері көрікті де үлкен субүркер орнатты, ал құрылыс кәсіпорын мердігерлері футбол алаңын сыйға тартты.. «Қазақтелеком» АҚ Рудный қаласындағы балалар үйі мен жетім балаларға арналған облыстық мектеп-интернатқа екі сыныптық компьютер техникасын сыйлап, жарым көңілдерін жадыратты. Ол аздай аталмыш компания «Қазақстандық Интернет» қызметін тегін пайдалану мүмкіндігіне жол беріп, интернет төлемдерін өз мойнына алды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері дән риза, себебі олар компания қызметін пайдалана отырып өз құрбы құрдастарымен  тең араласуына мүмкіндік алды.


Павлодар облысы

Балалар құқықтарын қорғау департаменті ұсынған «Бизнес балалық шақты қорғау» атты жоба әр түрлі формаларда тәжірибеге алып жалғасып жатыр.
Павлодар облысы балалар құқықтарын қорғау департаментінін қалауы бойынша «Бизнес балалық шақты қорғау» атты шеңберінде облыс кәсіпкерлердің бірсыпырасы 7  балалар – үйі мен интернат  тәрбиеленушілеріне  1 миллион 900 мың теңгеге сақтандыру шартын жасады.
Ең ірі үлесті – 600 мың тенге, Павлодар қаласындағы № 2 интернат тәрбиеленушісі  Бутько Настяның  ағымдағы счетына аноним адам ақша аударды.
«Олимп экспресс» туристік фирмасы   облыстық балалар үйінің тәрбиенушілері Цыбульник Полина мен Цыбульник Сергейді 200 мың теңгеге қауіпсіздендірді.
«Атамекен» кеңесінің Павлодар облысы филиалындағы төрағасы Бақытриза Дюсембаев Павлодар қаласындағы № 2 интернат тәрбиенушісі
Идрисов Аманжолды 300 мың теңгеге қауіпсіздендірді.
«Сүт» АҚ-ның президенті Барлыбаев Е.Х., «Силтек» ЖШС, «Алтын-полис» сақтандыру бірлестігінің өкілі Жусупов А.С. облыстық балалар үйінің тәрбиенушілері Мусина Айгуль мен Беймендина Әдемауды және "Шақат" балалар үйінің тәрбиенушісі Қашенов Арсланды 200 мың теңгеден әрбірін қауіпсіздендірді.


Павлодар облысы

Балалар құқықтарын қорғау департаментінің қалауы бойынша «Бизнес балалық шақты қорғау атты жоба шеңберінде``Қазақстанның іскер әйелдерінің Ассоциациясы`` БҚ-ның  Павлодардағы филиалының бизнес-әйелдері Павлодар қаласының №1 мектеп-интернатының балаларын шефке алды. Ассоциацияны басқарушы– Фрезоргер Лариса Анатольевна- Инновациялық Еуразиялық Университетінің вице-президенті.
Ким Марина «Ромат» фармацевтикалық компаниясының вице-президенті әріптестерімен бірлесіп көктем-күз аралығында «Витамин» операциясын өткізеді. Сәуір айында витаминмен емдеу курсы өткізілді, қыркуйек айында акция жалғастырылады.
Туған күндерінде балалар кәсіпкерлер Лим Анастасия мен Каргина Викториядан сыйлықтар алды.
«Ата-ана күндерінде» әйелдер жазғы лагерьде балаларға жолдайды.  Көпшілік істеріне белсене қатысушыларды Астана қаласына экскурсияға апарады.
Өнерлі сайыстарда және спорт жарыстарының жеңімпаздарына кәсіпкерлер Кох Марина мен Зозуленко Татьяна сыйлықтар ұсынды.
Жоғары оқу орындарына түсетін балаларға Инновациялық Еуразиялық Университетінің оқытушылары  дайындау курстарын өткізеді.
Осы іс шараға берген демеушілік мөлшері   1,5  миллион теңгеден астам.