Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Алматы облысы

«Балалардың болашағы үшін» акция
Отбасына қолдаудың кешенді жүйесін құру, отбасылық орналастыруды дамыту, балалардың өмір сүріп, тәрбиеленіп және білім алатын отбасыларына жақындастыру жағдайларын қарастыру және қамқорлық жасау мақсатында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті АҚ «Қазақтелеком», ҚТО «Алматытелеком», «Батыс» телекоммуникация орталығымен бірлесіп Еңбекшіқазақ ауданындағы отбасы үлгісіндегі Есеновтар отбасына 100 000 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Балалар мен ата-ана-тәрбиешілерге естелік ретінде сыйлықтар тарту етілді.


Шығыс-Қазақстан облысы

«Туған жерім –алтын бесігім» акциясы
Патриоттық пен азаматтықты тәрбиелеу, мемлекетіміздің астанасы – Астана қаласын қазақстандық қоғамның біріктірушісі ретінде насихаттау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Б. Сапарбаевпен «Туған жерім –алтын бесігім» акциясы жарияланған.
Акция аясында облыстың барлық қалалары мен аудандарының балалары Республикамыздың астанысына барып қайтады. Экскурсиялық бағдарлама «Астана-Бәйтерек» кешені, Тұңғыш Президенттің мұражайы, «Думан» көңіл көтеру орталығы, Тәуелсіздік Сарайы, «Алжир – біздің мәңгілік есімізде» ескерткіші, «Алатау» Спорт Сарайының бассейіні, «Алатау» Қазақстан картасы, Мега орталыққа барып қайтудан құралған. Делегациялардың құрамына жетім балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан, шығармашылық дарынды балалар, шығармашылық өнер ұжымдарының қатысушылары, облыстық, республикалық және халықаралық  конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары енген.
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қалалық пен аудандық білім бөлімдерімен бірге осы акция аясында іссапарға бару үшін оқушылар тобын құру бойынша ұйымдастырушылық жұмыс жүргізіп келеді.
Риддер қаласы, Глубокий, Аягөз, Жарма, Күршім, Қатон-Қарағай, Тарбағатай, Ұлан және Көкпекті аудандарының 233 оқушысы осы жылдың маусымында Астанаға барып қайтқан. Балалар астанамыздың көрікті жерлерін көріп үлкен қуанышқа бөленген. 2009 жылдың шілде және тамыз айларында Шығыс Қазақстан облысының басқа қалалары мен аудандарының 500-ден астам баласы Астанаға барып қайтады.


С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде өткізілген «Қамқорлық»  акциясы туралы мәлімет
 
2008ж. 20 маусымда  «Нұр Отан»  халықтық-демократиялық партиясының  ұйымдастыруы мен «Қамқорлық»  қайырымдылық акциясы  өткізілді. С.Торайғыров  атындағы  Павлодар мемлекеттік  университетінің ректоры  Арын Ерлан Мұхтарұлы тірек қозғалыс аппаратының бұзылуымен ауырған  балалардың ата-аналарына  40 мың теңгеден қайырымдылық  көмек көрсетілді.