Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2010 жылдың 9 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданы, Көктөбе орта мектебінің негізінде «Патронаттық тәрбие жүйесін кеңейту» атты кездесу өткізілді.
Аталған шараның мақсаты – 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасына сәйкес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелерді кезең-кезеңімен қысқарту және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандарын жетілдіру, оның ішінде патронаттық тәрбие жүйесін кеңейту.
Кездесуге аудандық/қалалық білім бөлімдерінің қорғаншы/қамқоршы органдары, Есеновтар отбасы үлгідегі балалар үйі мен сәбилер үйлерінің басшылары, патронаттық тәрбиешілер қатысты.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаева жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарды кезең-кезеңмен қысқарту, осы санаттағы балаларды азаматтардың отбасыларына орналастыру немесе отбасылыққа жақындатылған жағдай жасау қажет екендігін растады. 1999 – 2009 жылдар аралығында облыс бойынша 3407 бала асырап алуға, 2262 бала қорғаншылық/қамқоршылыққа, 19 патронаттық тәрбиешінің асырауына 54 бала берілді.
Баяндама аяғында «Балалардың құқығы – ересектердің қамқорлығы» атты бейнеролик ұсынылды. Алматы қаласындағы «Әйелдердің шығармашылық бастамасы лигасы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А.Ү.Хайрулина «Патронаттық тәрбиенің кешенді дамуы» тақырыбында өз пікірін ортаға салып, 2011 жылдан бастап қорғаншылар/қамқоршыларға мемлекет тарапынан тиісті қаражат бөлінуі жоспарлануда екендігін айтып өтті. Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімі бастығының орынбасары М.Ақаев жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасылық тәрбиеге орналастыру мәселесіне қатысты аудан аймағында атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімдеді. Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Б.Қонақова «Баланы адамгершілік-рухани тәрбиеге баулу» бойынша өз ойын ортаға салды.
Кездесуге қатысушылар жоғарыда айтылған мәселелерді талқылау барысында туындағын сұрақтарын қойып, толық жауап алды.
Аталған шараның аяғында кезедуге қатысушылар Есік қаласындағы сәбилер үйі, Есеновтар отбасы үлгідегі балалар үйі және патронаттық тәрбиеге алынған балалардың тұрмыстық жағдайымен танысты.
Жүрек жылуы
Талғар ауданындағы отбасы үлгісіндегі «Нұр» балалар үйінің иесі Есқожина Тұяқ Қазкенқызы туралы естулеріңіз бар шығар. Аты аңызға айналған әйел өз өмірін қоғамға, мемлекетке және жетім балаларға арнаған. Мамандығы педагог ол көп жылдар бойы министрлікте қызмет атқарған.
Есқожиндар жанұясының Алматы қаласында әдемі үш бөлмелі пәтері, үш ұлы, өзі де, жолдасы да қызметкер, бір сөзбен айтқанда адам жанына керектің бәрі болды.
Тұяқ Қазкенқызы зейнетке шыққан кезден бастап өз өмірін түп-тамырымен өзгерткісі келді. Ол отбасы үлгідегі балалар үйін ашып және тұл жетімдерді тәрбиелеуді көздеген ойын жанұясына білдіргенде, отбасы мүшелері бұл ойды қолдайтындығын айтты. Олар қаладағы пәтерін сатып, аудан орталығындағы иесіз қалған балабақша ғимаратын сатып алды. Ғимарат 50 балаға арналған еді.
Отбасы үлгісіндегі балалар үйі алғаш ашылғанда Тұяқ Қазкенқызына өмірдегі өз үлесінен құр қалған, қиын жағдайға тап болған жүзден астам балалар келді. Ол бұндай сынға дайын емес еді, сонда да сыр берген жоқ. Жаңа келген балалардың жүрек жылуы, баспана мен ата-ана махаббатына зәру екендігін түсіне білді. Тұяқ апай балалармен бірге тамақтана жүріп, олардың жан жарасы мен тән жарасын емдей білді.
Тұяқ Қазкенқызы 11 жылда әр ұлттың 340 баласын түлетіп, ұясынан ұшырды. Екі ұлын үйлендірді, 10 қызды тұрмысқа беріп, төсек орын дайындады. Құдалық пен үйлену тойының рәсімдерін әр ұлттың дәстүріне сай атқарды.
- Бір қызығы түлектер үйден алысқа кеткісі келмейді. Балаларға арнап үш бөлмелі үй сала бастадық. Салынып жатқан үй құрылысына балалар белсене араласады. Олар ауыр жұмыстан қашпайды және сенімді көмекші, -дейді Тұяқ Қазкенқызы.
Бірде Москва қаласының мэрі Ю.Лужковтың тапсырмасымен келген «Москва-Севастополь» қорының өкілі Тұяқ Қазкенқызының ерен еңбегіне тәнті болғандығы соншалық, бір күнде көлік базарынан газель машинасын сатып алып, балаларға киім-кешек, аяқкиім, ойыншықтар т.б. қажетті заттарды толтыра тиеп әкеп «бұл Сіздің балаларыңызға», - деді.
Әлемде қайырымды адамдар аз емес. Балаларға көп адамдар шын ниетімен көмек береді, бірақ туған анасындай болып кеткен осы батыл да әдемі әйел тәрбиеленушілер үшін барлық жауапкершілікті өз мойнына алған.

Облыс әкімі С.Үмбетов Есеновтар отбасы үлгідегі балалар үйіне барып қайтты
2009 жылдың ақпан айының соңында облыс әкімі С.Үмбетов Еңбекшіқазақ ауданындағы Есеновтар отбасының әлеуметтік жағдайымен танысу мақсатында балалар үйіне барып қайтты.
Есеновтар отбасы үлгідегі балалар үйінің екінші қабаттағы кең бөлмесінде көп ұлттан құралған 24 бүлдіршін мен Есенов Нұрел мен зайыбы облыс әкімі С.Үмбетовты қарсы алды. Серік Әбікенұлы биыл мектеп бітіретіндерге грант пен жоғарғы оқу орнына түсуіне көмектесетінін жеткізіп, бүлдіршіндермен әңгімелесті. «Нұр Отан» ХДП облыстық ұйымы балаларға киім-кешек, теледидар, тағы басқа заттар үлестірсе, облыстық мәслихат депутаты, «Восход» ЖШС директоры Валерян Маткала шағын автобус әперетін болды. Осындай көмек демеушілер тарапынан жиі көрсетіледі екен.
Есімхановтардың отбасында қонақта
Алматы облысының балалардың құқықтарын департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімі бүгінгі күнде «қайырымдылық отбасы үлгідегі балалар үйі» ретінде жұмыс атқаратын Талғар қаласындағы Есімхановтар отбасымен кездесу ұйымдастырды. Кездесунің басты мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы нысандарға орналастыру. Есімханов Есіркеппен Сараның өздерінің үш баласынан: Есімхан Аймырза, Есімхан Дәмилә, Есімхан Фатимадан басқа облыстағы балалар үйінен тағы да 12 баланы өз қорғаншылымен қамқоршылығына алған. Қазіргі кезде балалар отбасы мейіріміне бөленіп, жан-жақты тәрбие алуда Бұл балаларға арнайы 3 коттедж, бассейн салынған, одан басқа үлкен бау-бақша жер телімі бар.
Алматы облысы
Туғаныңдай болған үй
Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында «Есеновтар» отбасы үлгісіндегі балалар үйінде жылы қарам-қатынас, жақсы жағдай жасалған. Сонымен қатар, күшті талап қойылған.
Бірнеше жыл бұрын Есеновтар үйлерін қайта салу керектігін шешкен.
Отағасы Есенов Норем Ягфарұлы жұбайы Розамен екінші қабатты қосамыз деген шешімге келген. Үлкен ұлдары Яковтың газбен электр дәнекерлеуші мамандығын игергені игі болды. Үй иесінің де қолынан келмейтін іс жоқ. Құрылыс кезінде жүргізуші мамандығы да қажетіне жарап кетті. Ал, Роза Мұңалбайқызы «қиын» балаларды тәрбиелеуден басқа уақытша менеджер және «жабдықтау бөлімінің бастығы» мамандығын ұштастыруға тура келгендігін айтады.
Істің алға басуына отбасында онбес жанның тұратындығы көмек берді, біреу – барлығы үшін, барлығы – біреу үшін. Он үш бала бірлік, ынтымақтастық пен ата-аналарына көмек берді. Балалар сабақтан үйлеріне асығады, біреуі ата-анасына кірпіш алып берсе, біреуі шеге мен балға... Отбасында артық тиын жоқ қой, сондықтан қазір сондай үлкен үйді Есеновтар өз қолымен салды дегенге сену қиын.
Қазір кішкентайлар мен үлкендердің ұйықтайтын бөлмелері бөлек.
Есеновтардың үйі отбасы үлгідегі емес жарық ауанымен ата-ана үйі сияқты.
Есеновтардың үйі шынымен-ақ өзгеше. Олар бұл үйде ерекше мейірімді аураның бар екенін мойындайды. Үлкендердің біреуі жол жүріп кетсе үйге тартып тұрады. Қайтып келгенде жүректері де орнына түседі. Ұлы Яков келісім-шарт бойынша Ауғаныстан мемлекетіне жұмыс істеуге кетіп, жарты жылдан соң отбасына оралды.
Екі үлкен қызы тұрмысқа шығып, қазір Қарағанды қаласында тұрады. Олар үйлеріне телефон шалып, сағынып жүргендіктерін айтады. Ата-анасынан қонаққа келуін өтінеді.
Үлкен отбасын дастарханға қалай сыйдырасыздар?
Көлемі өте үлкен үстелді Есеновтар өз қолдарымен жасаған, олардың түстігі әдеттегі астанудан ерекше жол-жораға ұқсас.
Есеновтардың үлкен қызы Айгүл тамақ дайындауды басшылыққа алады, ал қыздар кезекпен картоп аршиды, қуырады, пісіреді ... Сорпаның, екіншіге бірілетін тамақтың, бауырсақтың тағы да басқаларының дәмсіз болған кездері жоқ.
Есеновтардың кіші ұлы бұл үйге күтпеген жерден келді.
Бір күні таңертең есік алдына шықсам, қақпа жанында негр баласына ұқсас, қарны қампиған, кішкентай бала отыр – дейді Роза Мұңалбайқызы.
– Оны жуындыру оңайға түскен жоқ. Ал, балалар ауруханасында баланың денсаулығын жөнге келтіруге көмектесті, ол жүгері дәндерін теріп алып, шайнамай жұта берген ғой.
Есеновтар Даниилканы асырап алды. Балаға қарап оның ата-ана қамқорлығын сезінетіні байқалады. Ол үлкендерден қысылмастан жаңа тапқан кішкентай інішегімен көңілді ойнап жүріп, анасына жақындап, көзіне қарап тұрып, «конфет жегім кеп тұр» деп сыбырлады. Сұрағанын алған ол бауырларымен бөлісті.
Жоғарғы сыныптағы Жұлдыз, Надя және Женя өз бөлмелерін көрсетіп, болашақта көздеген армандарымен бөлісті. Оныншы сынып оқушысы Жұлдыз өзін болашақта ағылшын тілінің аудармашысы ретінде көреді. Орта мектептің түлектері Надя мен Женя отбасына көмектесу үшін дербес болуға ұмтылады. Олар өздеріне шаштараз мамандығын таңдаған. Есенова Настя өзінің ательесі болуын қалайды. Ол Алматы қаласындағы жаңа технологиялар колледжін сәтті аяқтап, қазір технология университетінде оқиды.
Настя аккордеон мен фортепианода жақсы ойнайды, - дейді анасы Роза. Сонымен қатар, «Есеновтар» отбасы үлгісіндегі балалар үйінде сол өңірге атағы шыққан аккордеонистер ансамблі бар. Бұл ансамбльді Роза Мұналбайқызы жолдасының қолдауымен және Настяның көмегімен ұйымдастырды. Есеновтар музыкамен, спортпен айналысатын балаларын мадақтап отырады. Сегізінші сынып оқушысы Аида бізге «дөңгелек», «шапгат» жасап көрсетіп, акробатика қимылдарымен таңқалдырды. Ал, жасөспірім Ермек бокстағы жетістіктері мен бөлісіп, жақында өткен жарыстардан алған медальдары мен мақтау қағаздарын көрсетті.
Әрине, Норем мен Роза Есеновтар балаларының болашағына алаңдайды. Олар ержеткен балаларын өздері баспанамен қамтамасыз ете алмайды. Бірақ балаларының әрқайсысына 18 жасқа толған кезде жергілікті атқарушы органдар тарапынан үй салуға жер бөлінетіндігі олардың мәселесін шешер еді. Есеновтар бірліктің арқасында бір қабатты үйлер салуға күштерінің жететіндігіне сенімді. Бұндай сенімділік қалай туды?
Олар екі бөлмелі үйді толығымен қайта жөндеп Настя мен оның әпкелеріне арналған ателье жасап берді. Ол үшін Швейцариялық демеушілерге алғыстарын білдіреді. Келесі жоспарларында шаштараз құрылысын бастау. Бір сөзбен айтқанда отбасының қыздары жұмыссыз қалмайды.
Отбасы үлгісіндегі «Есеновтар» балалар үйі – Егеменді Казақстан Республикасының құрдасы. Оның құрылуы – ерекше тарих. Олардың ойынша адам өміріндегі түбегейлі өзгерістер ойда жоқта болады. Олар қайта құру кезеңіне дейін Түркменстанда тұрған. Сол жерде танысып, тұрмыс құрған. Қазақстанның Егеменігімен бірге олар тұрғылықты жерін ғана емес, бүкіл өмір сүру жағдайын өзгертті. Олар отбасы үлгісіндегі балалар үйін құрды. Жергілікті атқарушы органдар бұл іске немқұрайдылықпен қараған жоқ. Есеновтар жеті баланы асырауға, алты баланы тәрбиелеуге алмақшы болғанда жергілікті атқарушы органдар қолдау көрсетті.
Алғашқыда балалар тоқтаусыз ауырды. Әдемі де жігерлі әйел берілген жоқ, балалардың туған анасындай дәрігерлерге жүгіріп, өз қолынан келгенін аямай, мейірімді, қайырымды сөздерімен емделуге көмек берді. Норем әркез істің басы-қасында болады және үйдің қиын қам-қарекетін өз мойнына алады. Отбасының балаларына, осындай шулы компанияға қоршаған ортаның барлығы дерлік жақсы ниетпен қарайды деу аңқаулық болар еді. «Тілектестер» Роза мен Норем балалардың арқасында ақша тауып жүр деген өсек, жалаларды да айтты. Есеновтар бұған да шыдады.
Алайда, жұбайлар кішкентай кезінен өмірдегі өз үлесінен қалыс қалған өзін-өзі бағалауын және дербес өмірге дайындауға еңбектерін сіңіре берді.
Әр түрлі жастағы балалардан: аңсаған армандары туралы сұрағанымызда, - жауаптары әр түрлі болғанымен барлығының тілегі ата-анасының денсаулығының мықты болуы. Үлкен қызы Настя өз ойын анық айтты, ол ата-анасы зейнетке шыққан кезде қамқор болу үшін табысты қызметкер болғысы келеді екен.
- Сонымен қатар, ата-анамыз бізді асырап-бағуда, қамқор болуда, - деп сөзін аяқтады Есеновтардың қызы. Ал, бұл сөздер үлкен мағынаны білдіретініне келісіңіздер.
Ақмола облысы
Темірбек және Сандуғаш Хасеновтер жанұясында Айнұр деген қыз өсіп келеді. Ол жақсы оқиды, музыка мектебіне барады, үйінде де көмекші. Бірақ ата-анасы ұрпақ жалғастырушы ұл туралы армандады. Бірде «Степной маяк» газеті бетінде Руслан деген баланың суретін көрді. Келесі күні барлығы отбасымен департаментке келді. Қызы мен анасы қыз алғылары келді, бірақ отағасы өз айтқанында тұрды. Департамент қызметкерлері оларға балалар үйіндегі сәбилердің суреттерін көрсетіп, Аружан және Аида деген апалы-сіңлілі қыздар туралы айтты. Келесі күні олар балалар үйіне барып, балаларды көрді де, Темірбек өз таңдауын жасады. Оларға қыздар өте ұнады, бірнеше сағатты бірге өткізді. Отағасының айтуынша, олар бір-бірін көптен бері білетіндей болып көрінді. 19 қазанда Хасеновтар отбасы толық: әкесі, анасы және қыздары – Айнұр, Аида, Аружан біздің департаментке келді. Олардың көздері бақыт нұрын шашып тұрғандай еді. Біз бұл отбасына бар жақсылықты, ал қыздарға – жаңа отбасында бақыт тіледік.

Қостанай облысы
«Маргарита біздің отбасымыздың ең сүйікті мүшесі болады»
Отбасы балаға деген махаббатын, қамқорлығын және ықыласын бере отырып әлемге және өзіне сенімін қалыптастыруға көмектесетіні көпшілікке мәлім және сөзсіз, ол сенімді және табысты өседі.
Сондықтан, Федоров балалар үйі өзінің тәрбиеленушілердің ең жақсы мүдделерін ескере отыра олардың туған-туыстарын іздеу және балаларды отбасыға қайтару бойынша жұмыс жүргізеді.
Іздеу жұмысының нәтижесі көп күттірмеді – алғашқы Николаева Маргаританың сәті түсті. Өзінің алты жасында ол өз басынан көпті кешірді: тастанды баланың тағдырынан, балалар үйіндегі өмірден өзінің туған туыстармен кездесуге дейін. Анасы кішкентай қызын құрбысында қалдырып кетіп, Ританның өмірінен із-түссіз жоғалды. Осылай 2007 жылы Рита балалар үйіне түсті. Осында ата-анасын іздестіру басталды: Қазақстан бойынша, Ресейге, содан соң Украинаға да көптеген сұрастырулар жіберілді. Баланың анасы күні бүгінге дейін іздестірілуде. Баланың туған әкесі туыстығын мойындаған жоқ. Балалар үйінің директоры Ермоленко Н.И., интернет арқылы Ританың Украинада тұрып жатқан туыстармен қарым-қатынас орнатты.
Баланың болашақ тағдыры анықталды. Ағымдағы жылдың тамыз айында атасы Николай Григорьевич пен әжесі Фаина Андреевна өз отбасына Маргаританы Украинаға әкетті. Ританың қуанышына шек жоқ. Туыстарына келсек, олардың хатынан мынаны білуге болады: «...Маргарита біздің отбасымыздың ең сүйікті мүшесі болады...».
Қазіргі Ританы мектепке даярлау үстінде. Балалар үйінің Николаевтар отбасымен хат алысуы күні бүгінге дейін жалғасуда: ақпараттармен, фото суреттермен, әсерлермен алмасуда.
Әр бала отбасында, сүйіспеншілік,
сыйластық және қамқорлық кеңістігінде өсу керек.
Г.Гмайнер
Қазақстан отбасы Республикалық апталығы аясында Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен 2009 жылғы 15 мамырда сағат 15.00-де Департаменттің мәжіліс залында «Аялы алақан» қайырымдылық акциясы өткізілді. Ақцияға Департаменттің патронатындағы 12 отбасының балалары және ата-аналар қатысты. Бұл отбасыларда жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленеді.
Акция барысында балаларды және үлкендерді Халықаралық отбасы күнімен құттықтады. «Құлыншақ» балалар үйінің тәрбиеленушілерінің музыкалық құттықтаулары және аймақтағы қайрымдылық шараларға белсенді қатысатын «Елдос» гуманитарлық қайырымдылық қорының жасөспірімдерге сыйлықтары баршаға сюрприз болды.
Акция соңында 11 баланы асырап алған Червякова Элина Викторовна Департаменттің атына отбасыларын қолдағандары және қажетті көмек көрсеткендігі үшін алғысын білдірді.
Іс -шара БАҚ кең көлемде жарияланады.




Патронаттық жанұяда
БҚО Балалардың құқықтырын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Теректі ауданы Ақжайық ауылында тұратын патронаттық тәрбиеші Алима Қажғалидың жанұясымен кездесу өтті.
Бұл шараның негізгі мақсаты - патронаттық тәрбиенің артықшылығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау болып табылады.
Алима Қажғали өзінің төрт баласынан басқа үш баланы тәрбиеге алған. Патронаттық тәрбиедегі балалар отбасының ортасында толыққанды күтім, қамқорлық пен ықыласты сезіне отырып, жанұяда өмір сүру тәжірибесін меңгеруде.
Патронаттық жанұясының тұрмыс-тіршілігі туралы бейнефильм «Қазақстан-Орал» телерадиокомпаниясының қолдауымен «Из жизни» бағдарламасында көрермендерге ұсынылды (редакторы С.Б.Хан).

Асырап алушы, патронаттық отбасылардың жауапкершілігін арттырумақсатында өткен кездесулер
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің 2009 жылғы наурыз айына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, бөлімнің бас маманы Ш.Өтеп 18.03.2009 жылы Төлеби аудандық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органының қызметкері М.Әдетбековпен бірге Төлеби ауданындағы асырап алушы отбасылардың жауапкершіліктерін арттыру мақсатында балаларды асырап алған, патронаттық тәрбиеге алған отбасылардың үйлерін аралап, жағдайларымен танысты. Нұрасыл есімді баланы қорғаншылыққа алған Төлеби ауданы Екпінді ауылының тұрғыны Н.Тұңғышбаевтың және Ленгір қаласында тұратын қамқоршылыққа алушы отбасылардың, атап айтқанда:
Егор, Евтихия, Афина атты 2 қыз 1 баланы патронаттық тәрбиеге алған Н. Касиянованың, Олег, Влад, Иван атты 3 баланы патронатқа алушы О. Исаеваның, өзінің қайтыс болған қызынан қалған Мурад атты немересін асырап алған Л.Аваренколардың үйінде болып, балалардың көңіл-күйлерін, отбасындағы қарым-қатынасын сұрап, материалдық жағдайларын байқау барысында кездескен кемшіліктері мен жақсы жақтарына көңіл бөлініп, туындаған мәселелер жөнінде ата-аналармен әңгімелесу жүргізілді.
Сонымен қатар балаларды асырап алған, патронаттық тәрбиеге алған отбасылар, балалармен тұрақты түрде қарым қатынасының қажеттігі, туыстарымен тығыз қарым-қатынастың балаға қатысты өмірлік мәні бар және психикасының дамуына да тікелей байланысты екендігі жөнінде, баланың отбасында қалуы үшін не істеу керек, баланың отбасы мүшелерін қабылдауына байланысты туындайтын көптеген проблемалар туралы керекті ақыл-кеңестер берілді. Жалпы асырап алушы отбасылармен кездесу барысында, отбасылардың және оларға берілген балалардың жағдайларының жақсы екендігін көруге болады.


Солтүстік Қазақстан облысының патронаттық отбасылар туралы ақпараты
Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Заградовка селосындағы Волченколардың отбасында тұрып жатқан үш баланың патронаттық отбасы туған отбасым деп айтуына әбден болады.
Отағасы Волченко Иван Иванович. Ол-ұста комбайыншы, диірменші, шофер. Осының барлығын ол Анрейге үйретті. Андрей мектепті жақсы аяқтап «Агрономия» мамандығы бойынша Есіл ауданының Покровка колледжіне түсті. Өткен жылы мотоцикл жүргізуге куәлік алды. Андрей воллейболды өте жақсы көреді, воллейболдан ол мектеп оқушылары арасында аудандық команданың қатарына енгізілген.
Ал Вика болса – ол аққұба келген әдемі қыз. Салмақты, жүзінен күлкі кетпейтін бала. Жақсы оқушы. Үй шаруасына да ыңғайлы. Ол үнемі шаруа үстінде. Үй құстарына қарайды, көкөністерді жинайды, үйдің тазалығын қадағалайды, әжесіне көмектеседі. Көршілердің балалары ойнатып осы отбасының немересін жұбатқанды жақсы көреді.
Қазір балалар жетті. 2004 жылы қаңтар айында олар Волченколар отбасына келгенде кішкентай мектеп оқушылары еді. Әсіресе Вика – ол 3 сыныпта ғана оқитын. Бір жылдан кейін Призенттік шыршаға шақырылды. Жаңа жылдық костюмдер конкурсында ол 3 орынға ие болып сыйлыққа магнитофонды олжа еткен.
Үй иесі Волченко Надежда Андреевна – Заградовка орта мектебінің отыз жылдық еңбек өтілі бар мұғалімі болып табылады. «Бала тәрбиелеу оңай шаруа еместігі абрлығымызға белгілі, бірақ айналамызда қол ұшын беретін адал қайырымды адамдар бар. Ондай адамдар біздеде баршылық. Сондай-ақ мен өзімнің туыстарына балаларды тәрбиелеуге көмектескендеріне алғысымды білдіремін. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жанынан немқұрайды қарамайтын жанашыр адамдар жер жүзінде бар екен»- деп бөліседі Надежда Андреевна.
2008 жылдың он сегізінші маусымында Петропавл қаласында өткен «Жыл отбасы» фестиваліне шақырылды. Фестивальде «Патронаттық отбасы» номинациясында облыс әкімі С.Біләловтың бағалы сыйлығымен және дипломмен марапатталды. Фестиваль Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер және отбасылық-демография жөніндегі Ұлттық комиссияның он жылдығына арналған.
Жүрек үндеуімен
Қостанай облысы, Аулиекөл ауданының, Аманқарағай зейнеткер тұрғындары ерлі-зайыптылар Лидия Яковлевна мен Илдус Хазиұлы Ахметовтардың Рудный жетім үйінен сегіз тәрбиеленушілерді тәрбиеге алуы, көпшілікке бей мәлім. Дегенмен өздері оң шешім қабылдағандарына сенеді. Өздерінің жанұясын, үйдің жайлылығын, ақ көңіл және сүйетін ата-ананы аңсаған Луиза, Гүлдана, Рада, Тәуекел, Радик, Тимур, Бауыржан мен Айсұлу өз армандарына қол жеткізді. Ахметовтар шаңырағында көңілді өмір сүруде. Әкеге қарап ұл өсер, қарағайға қарап тал өсер дегендей, үлкендерден үлгі ала отырып, жанұя мүшелері бірігіп мәңгі із қалдырар, дана, игі істерді таратуға тырысады. Ахметовтар үйі тәртіпті күйде. Балалардың заттары, ойыншықтары, кітаптары, бейнетабақтары орын орында жайғасқан. Әрбір тәрбиеленушінің өз міндеттері бар және әрқайсысы не істеп, не қоятынын біледі. Балалардың жақсы киім кешегін, роликтері, велосипед, компьютерді зейнетақы мен патронат тәрбиешінің шамалы жалақысына сатып алу мүмкін емес еді. Ахметовтардың ер жеткен үш балалары жанұяға үлкен көмегін көрсетеді. Ахметовтардың пайымдауынша, ең бастысы – білімге талпыну, себебі өздері де білімді кісілер. Лидия Яковлевна Мәскеу өнер институтын бітірген, ал Илдус Хазиұлы ауыл шаруашылықты электірлендіру мен механикаландыру маманы. Екеуі де білікті, дәрежелі мамандар. Ахметовтар жанұясында барлық балалар үздік оқиды. «Әр азаматтың борышы - үй тұрғызып, ағаш отырғызып, адам тәрбиелеу. Ал бұдан оңаша игі іс - өзінен кейін ерекше, ізгі із қалдыру. Лидия Яковлевна: «Жетім қалған балаларға үй ошағының жылуы мен пананы беру өте қажет», - деп санайды.