Әлеуметтік мәселелердің ерекше шешімі
2012 жылғы 17 ақпанда Өскемен қаласының Ұлттық баспасөз клубында облыс әкімінің бірінші орынбасары С.С.Әбденовтың, ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаевтың, облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары А.Е. Садықованың, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Н.К. Күзембаевтың және жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық ұйымдар директорларының Республикалық Кеңесінің төрайымы М.Б. Бейсеқанованың қатысуымен, Шығыс Қазақстан облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспарын жүзеге асырудың негізгі мәселелері аталған баспасөз конференциясы болып өтті.
2011 жылдың қыркүйек айында, мақсаты ШҚО балалар үйінің тәрбиеленушілерін тұрғынүйқұрылысжинақ жүйесін қолдана отырып тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылатын, Шығыс Қазақстан облысының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларын қолдаудың 2011-2015 жылдарға арналған Кешенді жоспары бекітілді.

Шығыс Қазақстан облысында өткізілген екі апталық «Мейірім» акциясының нәтижесінде балалар үйлерінің 500 астам тәрбиеленушісіне патронаттық ұйымдар қолдау көрсететін болды.
Кешенді жоспарды орындау бойынша іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Облыстық балалар ауылының тәрбиеленушісі – 07.03.2001 жылы дүниеге келген Бауыржан Шаяхметұлы Дүйсембаевты әлеуметтік-патронаттық қолдау туралы келісім жасады.

Бүгінгі күні, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде 15 балаға келісімдерге қол қойылып, қосымша шарттар жасалды. Балалардың шоттарына жалпы сомасы 521 мың теңгеге қаражат түсті.


