«Өзін-өзі тану» АРБ бағдарламасы

 

2018 жылғы 14-18 мамыр аралығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының өткізілуі туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 14-18 мамыр аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының (бұдан әрі – «Бөбек» ҰТББСО) базасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі басшы кадрларға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Курстың тақырыбы - «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері». Сағаттық жүктеу көлемі 36 сағатты құрайды. Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде. Тыңдаушылар санаты пилоттық білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, барлық деңгейдегі білім беру органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылады. Курстан өтуге еліміздің барлық өңірлерінен 50 адам қатысуда. «Бөбек» ҰТББСО-ның мекенжайы: Алматы қаласы, «Дарын-1» ықшам ауданы, 47-үй, тел./факс: 8-(727)-247-26-15, 247-25-28, ішкі. 124.


2018 жылғы 12-16 наурыз аралығында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсының өткізілуі туралы ақпарат

Ағымдағы жылғы 12-16 наурыз аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының (бұдан әрі – «Бөбек» ҰТББСО) базасында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі басшы кадрларға арналған «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курсы өткізілуде. Курстың тақырыбы - «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері». Сағаттық жүктеу көлемі 36 сағатты құрайды. Оқыту тілі: қазақ және орыс тілдерінде. Тыңдаушылар санаты пилоттық білім беру ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары, барлық деңгейдегі білім беру органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары болып табылады. Курстан өтуге еліміздің барлық өңірлерінен 50 адам қатысуда. «Бөбек» ҰТББСО-ның мекенжайы: Алматы қаласы, «Дарын-1» ықшам ауданы, 47-үй, тел./факс: 8-(727)-247-26-15, 247-25-28, ішкі. 124.

 


 

 


О ДЕЯТЕЛЬНОСТИ СЕРТИФИЦИРОВАННЫХ ТРЕНЕРОВ ПО ПРОГРАММЕ НДО «САМОПОЗНАНИЕ»  В РЕАЛИЗАЦИИ ПИЛОТНОГО ПРОЕКТА «ИНТЕГРАЦИЯ ПРОГРАММЫ САМОПОЗНАНИЕ»  В УЧЕБНО-ВОСПИТАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ

Внедрение Программы нравственно-духовного образования «Самопознание» в единое образовательное пространство ШГ №22 города Астаны

 
 

 

 
 
 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша республикадағы білім беру ұйымдарында ашық сабақтың өткізілуі туралы баспасөз хабарламасы

 

2018 жылғы 12 ақпанда «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігінің  (2018 жылғы 1-12 ақпан аралығы)шеңберінде еліміздің білім беру ұйымдарында оқу күнінің I, II ауысымдарының бірінші сабақтарында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша ашық сабақтар өткізілді.

Ашық сабақтың мақсаты – балалардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы және рух беруші Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңірлердегі 71 білім беру ұйымда жалпы оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

Бағдарлама оқушылардың кең ауқымды әлеуметтік рольдерді, өмірлік және білім беру стратегияларды, ерекше моральдық-құндылық бағдарларға басшылық жасауды меңгеруге бағытталған және отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Астана қаласындағы №59 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «Өзін-өзі тану» пәнінен өткен ашық сабақтарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Н.Ә. Оршубеков қатысты.

Аталған білім беру ұйымында ашық сабақтар: бастауыш сыныптарда (1-4 сыныптар) – «Өзін-өзі тану әлемінде», орта буында (5-7 сыныптар) – «Алтын жүрек анамыз», жоғары сыныптарда (8-11 сыныптар) – «Ізгілік бесігін тербеткен Ана» атты тақырыптар негізінде өткізілді.

Ашық сабақтар барысында оқушылар «Өзін-өзі тану» әлеміне тағы бір мәрте саяхат жасай отырып, бойларына адамгершілік қасиеттерді, рухани құндылықтарды және жақын адамдарға деген мейірімділікті сіңірді.

  

 

 

Қазақстандық мектептердегі оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасы біріктірілетін болады

«Физика жүрек тілімен», «Адамгершілік грамматикасы» - жалпы адамзаттық құндылықтарды тереңдетіп оқытатын мектептерде физика және математика пәндері бойынша сабақтардың тақырыптары.

Қазіргі уақыттың талабына негізделген жоғары адамгершілік пен адамшылыққа тәрбиелеу алдыңғы орынға қойылуы қажет.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы және рух беруші Сара Алпысқызының бастамасы бойынша республиканың барлық өңірлердегі 71 білім беру ұйымда жалпы оқу-тәрбие процесінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру жөніндегі жоба жүзеге асырылуда.

«Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асырудың осы кезеңінің ерекшілігі «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғыртуға және қазақстандық қоғамды рухани қайта өркендетуге бағытталуымен айқындалады.

Бағдарлама оқушылардың кең ауқымды әлеуметтік рольдерді, өмірлік және білім беру стратегияларды, ерекше моральдық-құндылық бағдарларға басшылық жасауды меңгеруге бағытталған және отбасы институтын нығайту, қоғамымыздағы зорлық-зомбылықты, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жою сияқты көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

12 ақпан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы Сара Алпысқызының туған күнінде республиканың барлық білім беру ұйымдарында оқу күнінің бірінші және екінші ауысымдары «Өзін-өзі тану» сабағымен басталады. 

 

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндікті өткізу туралы баспасөз хабарламасы

2018 жылғы 1-12 ақпан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты дәстүрлі онкүндігі өткізілуде.

Онкүндіктің мақсаты – балалар мен жастардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру.

Онкүндіктің салтанатты ашылуы еліміздің барлық білім беру ұйымдарында 2018 жылғы 1 ақпанда өтті.

Онкүндіктің барысында республиканың барлық білім беру ұйымдарында семинарлар, кітаптар көрмесі, дөңгелек үстелдер, ашық сабақтар, балалар шығармашылық байқаулар, қайырымдылық акциялар, ата-аналардың, мәдениет және өнер қайраткерлерінің қатысуымен ауқымды іс-шаралар өткізілуде.

2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бадарламасы барлық білім беру деңгейлерінде, мектепке дейінгі деңгейден бастап және жоғарғы білім беру кезеңінен енгізілді. Мемлекеттік деңгейде, өскелең ұрпақты әмбебап және жалпыадамзаттық құндылықтарға оқыту міндетін алғаш рет «Өзін-өзі тану» жобасының авторы – Назарбаева Сара Алпысқызы ұсынды. Аталған бағдарлама оқушылардың тұла бойындағы шығармашылық әуелетін толық әрі жан-жақты іске асыруға, жаһандану жағдайында өмірлік жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін өмірлік және білім беру стратегиясын қоғамдағы ауқымды әлеуметтік маңыздылықты меңгеруге ықпал етеді

Бұл білім, дағды және қабілеттер адамдармен келісімге және олармен бір мәмілеге келуге жетелейтін негіз болады, сондай-ақ басқа да тұлғаларға көмек пен қолдау көрсету қабілетіне ие болуға ықпал етеді. Адамгершілік-рухани тәрбие және білім балаларға дүниеге сеніммен шаттана қарау және өз жетістікте сенімді болуға, тәрбие және білім алу процесінде тиімді әлеуметтенуге көмектеседі.

 
 

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы Республикалық кеңестің XI отырысын өткізу туралы ақпарат
 

2018 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті тарапынан «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру жөніндегі республикалық кеңесінің XI отырысы (бұдан әрі – Республикалық кеңес) өткізілді.

Республикалық кеңестің мақсаты - «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды талқылау және тәжірибемен алмасу.

Республикалық кеңестің жұмысына Министрлік департаменттерінің, ведомстволық бағынысты орталықтардың, білім беру органдары мен ұйымдарының, ЖОО-ның, колледждердің басшылары қатысты.

Отырыста төмендегідей мәселелер талқыланды:

- республикадағы білім беру ұйымдарында «Оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру» пилоттық жобасын жүзеге асыру туралы;

- «Оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын біріктіру» пилоттық жобасын жүзеге асыруда «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы бойынша сертификатталған тренерлер қызметі туралы;

- техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқу бағдарламалары туралы.

Қорытындысы бойынша ұсынымдамалар әзірленді.

  

 
 
 
 

 

  «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысы туралы 
 
2013 жылдың 8 қазаны күні Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасы  адамның рухани және адамгершілік дамуы бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Жүректер үндестігі» клубының кеңейтілген отырысын өткізді.
Мақсаты: өзін-өзі тану пәнін оқытуда педагогтардың кәсіпқой шеберлігін  қалыптастыруды  арттыру. 
Аталған отырысқа Астана қаласы Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқарманың мамандары және қала мектептерінің өзін-өзі тану пәні бойынша   «Жүректер үндестігі» клубына мүшелікке қабылданған 50-ден аса  педагогтар қатысты (мектепке дейінгі мекемелер,  қала мектептері,  колледж, ЖОО).
Астана қаласы  Балалар құқықтарын қорғау жөніндегі басқармасының басшысы Римма Асымқызы Иманғазинова өз сөзінде өскелең ұрпаққа  рухани-адамгершілік тәрбие берудің негізі өзін-өзі тану пәні оқушылардың жеке қабілетін дамытуға және жеке тұлға ретінде қалыптастыруына зор ықпал ететіндігіне тоқталды.
Басқарманың бас маманы Л.Ш. Темірлина «Жүректер үндестігі» клубының жұмысы туралы айтып, 2013-2014 оқу жылының жоспарымен таныстырды.
Отырыс барысында  «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері № 55  «Қарақат»  бала бақшасының психологі С. Сулейменова мен  № 37 ОМ қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Нұрқабыл  «Таныстыру» тақырыбына тренинг өткізді.    
 «Жүректер үндестігі» клубының мүшелері өзін-өзі танушылар ән ұраны айтылды. Қатысушыларға әдістемелік ұсынымдар мен үлестірмелі материалдар таратылды.      
Отырыстың соңында Римма Асымқызы өзін-өзі тану пәнінен  Астана қаласы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 2013 жылғы 21 қазан мен  01 қараша аралығында  ақысыз оқыту курсы  өтетіндігін хабарлады.    
2013-2014 оқу жылының жоспары аясында 2013 жылдың 16 қазан айында №22 МГ өзін-өзі тану пәнінен  алғашқы ашық сабақ өтеді.         
Аталған іс шара өз жұмысын жалғастыруда.
 
   

««Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға, жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа, өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам, осы сөздің толық мағынасында, болып қалуға көмектеседі. Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі».

Сара Алпысқызы Назарбаева

Қазақстан Республикасы Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа жолдауында «Біз әрбір адамның ар-намысын, жағымды қасиеттері мен беделін, жоғары адамгершілік, этикалық стандарттары және рухани құндылықтарын бағалайтын қоғам құруымыз керек» деп атап көрсетті.
Осы талаппен «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының, өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу басымдылығының мәнін күшейтуге бағытталған, жалпы мақсаттары ұштасады.
Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2001 жылғы 12 шілдедегі №566 бұйрығымен бекітілген «Өзін-өзі тану» курсы  жобасын әзірлеу және апробациялау бойынша эксперимент табысты іске асырылуда.
Жеті жылдық эксперименттік апробациядан кейін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы республиканың барлық өңірлерінде педагогикалық және ата-аналар жұршылығының белсенді қолдауына ие болды.
Өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу қазақстандық қоғамда жалпыадамдық, жалпыұлттық, этномәдениеттік жеке тұлғалық құндылықтарын үйлесімді бірігуінің бағдарланған, олар адамға қоғамға қызмет етуде өзін толық пайдалану, өзінің мәнін және өмірдегі тағдырын білуге мүмкіндік береді.
Өзін-өзі тану, білім мағынасының құндылығын күшейтуге отырып, жеке тұлғаның риясыз сүю, өзіне және өз күшіне  сену, жақсылық жасау, көп білу және өзін-өзі жетілдіру, дене, психологиялық, рухани, әлеуметтік және шығармашылық дамуда үйлесімділікке жету қабілетін ашады және дамытады.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Ұлттық ғылыми – практикалық, білім беру және сауықтыру «Бөбек» орталығы өткізген ғылыми зерттеу қызметін ескеріп, жүйелілік және кешенді тұрғыдан «Өзін-өзі тану» өңірлік білім беру жүйелері туралы республикалық  электронды деректер банкін жасау үшін материал жинақтады.
            

 

Жоғары
© 2018 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика