Халықаралық тәжірибе

Құрылған: 31.07.2012, 12:26   |  
Халықаралық тәжірибе
 
2013 жылғы 26-27 қарашада Тбилиси қаласында (Грузия) «Әр бала жанұяда тұруға құқылы: Қорытынды шығару және келесі қадамдарды белгілеу» тақырыбында халықаралық конференция өтті.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінен конференция жұмысына А.М.Макенова, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мониторинг және ақпараттық-талдау қызметінің басшысы қатысты.
Конференцияны БҰҰ ЮНИСЕФ Балалар қоры Грузия Парламентімен, Еңбек, денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер министрлігімен, сондай-ақ АҚШ халықаралық дамыту Агенттігімен  (ЮСАИД) бірге ұйымдастырды.
Конференция мақсаты – Грузияда осал балалар мен отбасыларды қолдауға және теңсіздікті төмендетуге бағытталған балалықты қорғау жүйесіндегі реформалармен таныстыру. 
2005 жылдан  бүкіл елде балалар мемлекет қамқорлығына тек белгілі себептермен түсуді қамтамасыз ету үшін, балаларды интернаттық мекемелерге түсуді болғызбау саясаты іске асырыла бастаған, интернаттық мекемелер балалар үшін уақыттың аз кезеңіне арналған және ең соңғы орын ретінде қаралады.
                              
Қазіргі таңда Грузияда  3 мемлекеттік мекеме әлі де жұмысын жүргізуде (Сәбилер үйі Тблиси қ. және мүгедек балаларға арналған екі мекеме), 2009 жылы 41 мекеме болған. Ата-ана қамқорынан айырылған балаларға арналған екі мемлекеттік мекеме 2013 жылы шілде айында қызметін тоқтатты.
Мемлекеттік мекемелерді мекендеген балалардың жалпы саны 4600-ден 120-ға дейін төмендетілген. 4600 бала ішінен 2008 жылы 2300 бала өз отбасыларына оралған, 1600 бала қабылдаушы отбасыларға және 700 бала шағын топтық/отбасылық үйлерге тәрбиеленуге берілген. Бұдан басқа 4000 бала қамқоршылыққа алынған. 
2010 жылы Үкімет отбасыларға оралған әр балаға (әлеуметтік қызметкермен қауіпсіз деп танылғаннан кейін) ай сайын 50$ мөлшерінде қосылу бойынша қызметтердің әлеуметтік пакетін енгізген, оның ішіне денсаулығын сақтандыру және күндізгі уақытта болу тегін қызметтері кіреді (қажеттілігі бойынша).
                               
Патронат қызметі де кеңейтілген және күшейтілген. Қазіргі уақытта, ерекше қажеттілігі бар 100 баланы қосқанда 1070 бала қабылдаушы отбасыларда тәрбиеленуде (тұрақты, мамандандырылған және шұғыл). Отбасыларына қосыла алмаған немесе тәрбиеге берілмеген балалар үшін шағын топтық/отбасылық үйлер құрылған, онда 8-10-нан артық емес бала тұру мүмкін, бұл үйлер бұрынғы ірі мемлекеттік мекемелерді алмастырған.  Осы кезде 350 ер балалар мен қыз балалар осындай шағын топтық/отбасылық үйлерде тәрбиеленуде.
Бұл үрдісті мониторингілеу үшін тиісті салалық министрліктердің, негізгі донорлардың және ҮЕҰ қатысуымен балалықты қорғаудың Үйлестіру кеңесі ұйымдастырылды. Балалықты қорғау жүйесінің реформасы үгіттеу және жұртшылықтың хабардарлығы бойынша әсерлі науқандармен толықтырылды.
Грузиялық әріптестердің тәжірибесі, сөзсіз, біз үшін де маңызды. Біздің мемлекет те жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционализациялау стратегиясын іске асыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Министрлік қазіргі кезде жергілікті атқарушы органдарымен бірге ірі балалар үйлерін қайта ұйымдастырып, шағын отбасы үлгідегі үйлерге айналдыру мәселесі бойынша жұмыстарын жүргізуде.
Бүгін, жекелеген отбасылар базасында отбасы үлгісіндегі балалар үйлерін ашу үшін заңнамалық негіз құрылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының төмендеуінің тұрақты үрдісі байқалады, өз отбасыларына жетім балаларды қабылдауға ниет білдірген қазақстандық азаматтар көбеюде. Үкіметтік емес ұйымдармен бірге кәсіби қабылдаушы отбасы институтын дамыту жобасын әзірлеу және іске асыру жоспарлануда. Барлық бұл шаралар бір мақсатқа жетуге бағытталған – ол әр бала жанұяда өмір сүруге тиіс. 

Әлем елдеріндегі мектептік тамақтандыру

Ресей Федерациясы,  Мәскеу қ.

Мәскеу Үкіметі Мәскеу қаласының білім беретін мекемелеріндегі оқушылар мен тәрбиенушілерді тамақтандыруды ұйымдастыру мәселесіне ерекше көңіл бөледі.
Оқушылардың тамақтануы тамақтану рационында тамақ және биологиялық құндылықтарды қолданумен ғылыми негізделген ас мәзіріне сәйкес ұйымдастырылған.
Арнайы www.mos-pit.ru. сайты жұмыс жасайды.
Сайттың негізгі міндеті – Мәскеу қаласында мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру туралы және Департаменттің қызметі туралы, оның ішінде әлеуметтік жобалар, «Оқушылар картасын» қолдану арқылы тамақтандыруға қаржыны төлеу автоматтандыру жүйесі, кадрлардың біліктілігін және еңбекті қорғауды арттыру туралы жұртшылықты ақпараттандыру.  
Мәскеу қаласының бюджетінің қаржысына ыстық тамақ аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасының балаларының  сонымен қатар жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен қорғаншылықтағы, қамқоршылықтағы, асырап алған отбасы балалары, мүгедек және денсаулығының мүмкіндігі шектеулі сондай-ақ 1 немесе 2 топтағы мүгедек ата-аналары бар балаларға беріледі.
Білім Департаменті мектепке дейінгі және мектепішілік тамақтандыруды ұйымдастыруды жетілдіруге байланысты үнемі жұмыстар жүргізіп отырады.
Негізгі жетістіктер:
- білім беру ұйымдарының барлық түрлерінің оқушылары мен тәрбиеленушелеріне арналған ғылыми түрде негізделген 4 - апталық салауатты тамақтандыруды енгізу;
- мектепке дейінгі және мектепішілік тамақтандыру жүйесінде өнімнің сапасына талаптар мен қызмет көрсету жүйесін құру және осы талаптарды сақтауды қамтамасыз ететін механизмді жүзеге асыру;
- білім мекемелерінің ас блоктарының санитарлық-техникалық жағдайын жақсарту және техникалық қайта жабдықтау;
- мектептерде және мектепке дейінгі білім мекемелерінде ауыз су режимін ұйымдастыру (шөлмектелген ауыз су).
Барлық мектепте буфеттер жұмыс жасайды, онда оқушылар тамақ өндімдерімен сусындарды қосымша өз таңдауларымен алуға мүмкіндіктері бар.
Барлық білім мекемелерінде тамақтанудың сапасына бақылау жасалады, бұл бақылауды білім беру мекемесінің әкімшілігі мен қоғамдық әкімшілік комиссиясы және мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыратын кәсіпорын күнделікті жүргізіп отырады.
Мәскеу қаласының бірқатар мектептерінде индустриалды технологияның негізінде тамақтандыруды ұйымдастырудың жаңа жүйесін құру бойынша пилоттық жобалар жүзеге асуда.

Швеция
1997 жылдан бастап Швецияда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін таңғы ас туралы Заң жұмыс жасайды.
Мемлекет 1,4 млн. баланы күн сайын ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін бұл бағдарламаға жыл сайын 300 млн. евро жұмсайды.
Осы жылдан бастап барлық мектептерге оқушыларды диетологтармен мақұлданған тамақтандыру жүктелген.
Әрбір бала тек таңғы ас пен ғана емес сонымен қатар үйдің ыстық түскі асын екі-үш түрімен, салаттың бірнеше түрлерін, сорпа және десертке жеміс-жидек және түстен кейінгі ас пен қамтамасыз етіледі.
Асханаларда өзіне-өзі қызмет көрсету жүзеге асырылады және асханаға бару саны шектелмеген.  
Бірақ асханада кезек күтіп жиналып қалу немесе талас тартыс байқалмайды – педагогтар оқушылардың өздерін дұрыс ұстауларын қадағалайды және өз сыныбымен бір үстел басында отырады.
Ас мәзірінде тамақтың негізгі үш түрін көруге болады: салаттар, екінші тамақ, вегериандық тамақ.
Асханада суды немесе жарты пайыздық сүтті пайдаланады.
Асханада қантты пайдаланбайды деуге болады, мектепте кез-келген тәтті сусындарды, чипсилерді, печеньелерді және балмұздақтарды пайдалануға тыйым салынған.
Мүмкін, Швецияда балалардың артық салмағы мәселесінің көрсеткіші европадағы ең төмен пайызды құрауын ондағы мектепішілік тамақтандырудың сапасы арқылы түсіндірілетін шығар.
Кез-келген мектептегі асхананың жұмысы муниципалитеттермен қадағаланады: ас мәзірі алдын ала белгілі және келісілген, таңғы және түскі астың бағасы және рационның биологиялық құндылығы алдын ала қарастырылған. Кез-келген адам тексеру мүмкіндігіне ие. Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау институтының ғалымдары жыл соңына қарай елдегі барлық мектептердегі тамақтандырудың сапасы туралы ақпараттар қамтылатын тегін сайтпен жұмыс жасауда.


ЮНИСЕФ БҰҰ Балалар қорының «Балаға мейірімді қала» жобасы бойынша халықаралық тәжірибе


Отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимыл жөніндегі халықаралық тәжірибе


Баланы тәрбиелеуде ата-аналардың ролін арттыру бойынша халықаралық тәжірибе


Адамгершілік-рухани білім беру және тәрбиелеу жөнінде халықаралық тәжірибе


Мектеп тамақтануын реформалау жүйесінің батыс елдерінің тәжірибесі


Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша қызметтері туралы ақпарат

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика