Жаз - 2017

Құрылған: 03.08.2012, 15:33   |   Жаңартылған: 18.07.2017, 13:11
Жаз - 2017

«Арнасай» ауылында «EXPO-Camp» жастардың шатырлы лагері ашылды


2017 жылғы мамыр айы жағдайы бойынша балаларға арналған жазғы қала сыртындағы лагерлер туралы мәлімет


2017 жылғы мамыр айы жағдайы бойынша балаларға арналған жазғы қала сыртындағы лагерлер туралы мәлімет



 

Қостанай облысы балалар үйі тарбиеленушілерінің жазғы демалысы
 
19.08.2015
 
    
 
2015 жылдың жазғы кезеңінде Қостанай облысында 9000 бала мен жасөспірімдер демалыспен және сауықтырумен қамтылған 14 (9 – мемлекеттік, 5 - жеке) қала сыртындағы лагерьлер жұмыс жасайды.  
Жыл сайын бірінші кезекте жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиешілерінің демалысы қарастырылды:
Жетім балаларға арналған 3 ұйымның жыл сайын жаз бойы баратын қала сыртындағы жеке меншік демалыс базалары бар, олар: 
- Қостанай облыстық балалар үйі (Генерал Бакиров атындағы демалыс базасы);
- Жетім балаларға арналған №1 Рудный түзеу мектеп-интернаты (қала сыртындағы «Лесная сказка» лагері);
- Жетім балаларға арналған Қостанай №2 түзеу мектеп-интернаты (қала сыртындағы «Алтын гүл» үйі). 
Аталмыш демалыс базаларында 410 жетім бала демалуда. 
Сонымен қатар ағымдағы жылы жеке меншік балаларға арналған сауықтыру лагерьлері жоқ жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар тәрбиешілерінің демалысы мен сауықтыруларын ұйымдастыру жөнінде жағдай жасау мақсатында 314 балаға облыстық бюджеттен 85 895 мың теңге бөлінді.   
Жаз кезеңінде балалар жарақатын ескертуге назар аударылады, «Бағдаршамда демалыс жоқ», «Қозғалыс ережесін көбейту кестесіндей жатқа білу қажет!» ұранымен ЖЖЕ бойынша викториналық сұрақтар мен асфальтқа сурет салулар, байқаулар ұйымдастырылады.  
Дәстүрлі түрде осымен үш жыл қатарынан Қостанай облысында түрлі спорт түрлерінен (футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шашкілер және т.б.) сауықтыру лагерлері арасында жазғы спартакиада ұйымдастырылады. 
Астана қаласының күніне қарсы (6 шілде) барлық лагерьлерде «Менің атамекенім – Қазақстан Республикасы» суреттер көрмесі, «Единство в праздники и будни о мудрости народа говорят» мерекелік бағдарламасы әзірленді. 
Халықаралық қала сыртындағы лагерьлер күні (1 тамыз) «Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлайық!» балаларға арналған бірлескен шығармашылық фестивалі ұйымдастырылды (Лесная сказка, Мерей, Алтын гүл, Бакиров атындағы демалыс базасында).  
Жаз айы – ол кішкентай өмір! Біздің міндетіміз бұл өмір сүру формуласын жарыстар, ойындар, байқаулармен толтыруымыз қажет, біздің тарапыздан қажетті барлық жағдайды жасауымыз керек, себебі біздің тәрбиеленушілер мектепке дендері сау, күш-қуатпен оралулары қажет!
 
 

 
Құрметті ата-аналар мен балалар! 
 
1 маусым мен 1 тамыз аралығында ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Қазақстанның дағдарыс орталықтары Одағы»ЗТҚ  мен бірлесіп «Біздің балаларымыздың жазғы демалысы» акциясы басталғанын хабарлайды.
Акция мақсаты – жазғы демалысты ұйымдастыру туралы ақпаратты жинақтау мен талдау.
 
150
 
Тегін жедел желісіне және
ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің
 
8(7172)74-25-28
 
сенім телефонына жазғы демалыс кезеңінде сауықтыру лагерьлері мен дем алу жерлерінде  балалардың құқықтарын бұзу фактілерін хабарлай аласыз, сондай-ақ баланың демалыс пен бос уақытқа құқығын жүзеге асыруын жетілдіру бойынша ой-пікірлеріңізбен бөлісе аласыз. Ұсыныстарыңызды күтеміз!


Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға ұсынымдар
 
Құрметті ата-аналар!
 
      Жазғы демалыстың басталысымен балалардың бос уақыты көбейеді. Ересектердің тиісті бақылауысыз бұл уақыт балалардың денсаулықтары мен өмірлеріне қауіп төндіруге, бұзақылықтарға себеп болады.  
      Балалар жақсылап дем алып, денсаулығын жақсартып, құқыққа қайшы әрекеттерді жасамау үшін:
- балаларды көшеге бағалы және құнды заттармен шығармаңыз (алтын әшекейлер, бағалы және көзге түсер киім криминалдық қастандықтың нысаны болуы мүмкін);
- Егер сіздің балаңыз үйден шығуға қорқатынын, немесе мектептегі сабақтарды өткізетінін байқасаңыз, мұндай мінез-құлық балаға байбалам салуымен байланысты болуы мүмкін.  Бұл туралы баладан сенімді сұхбатта сұрап біліңіз.            Оған ата-аналардан сыр жасырмай жағымсыз салдардан құтылу мүмкін екендігін түсіндіріңіз. Сонымен қатар, бопсалаушылықтың әр жағдайы туралы міндетті түрде полицияға хабарлаңыз.  
- баланыздың бос уақыт мәселесін шешіңіз. Балалар мен жасөспірімдерге заңнамаға сәйкес ересектердің қарауынсыз түнгі уақытта шығуға болмайтынын есте сақтаңыз.
- әрдайым балаңыздың кіммен, қай жерде жүргенін білуге тырысыңыз.
- қаранғы түскен кезде көшеде ойнамауды, үйден алыс жерде қыдырмауды үйретіңіз.
- елсіз жерлер, жыралар, далаң жерлер, иесіз қалған үйлер, қоралар, шатырлар, жертөлелерден аулақ жүру;
- балалар сізге сенімді болу керек, балаңызбен болған жағдайдын түріне қарамастан  сіздің  білуіңіз қажет екендігіне балаңыздың көзін жеткізу керек. Кейбір фактілерді, құпия ретінде сақтауға уәде беріп қойсада, үлкендерден жасыруға болмайтынын түсіндіру қажет. 
-  балаларға пәтердің есігін сыртынан және ішінен дұрыс жабуды, сондай-ақ кілттер мен қалта ақшаларын дұрыс ұстауды үйретіңіз. Оларға сіздің атыңыздан үйге қону өтінішімен ешкім келе алмайтынын, қандай болмасын затты немесе сөмкені және т.б. сұрай алмайтынын көндіріңіз. Балаға ешқашан бейтаныс кісілерге есікті ашуға болмайды.
- баланы маньяктер, жәбірлеушілер және басқа да құқық бұзушылармен кездесуден сақтау үшін балалардың бейтаныстармен қатынасын сәлемдесумен ғана шекетеу керек. Бейтаныстардың барлық ұсыныстарына: «Жоқ!» - деп, жауап беріп шұғыл түрде кетіп қалу.  
- баланың есімін атап сөйлеседе, бейтаныстардың иландыруларына көнбеу
- ешбір жағдайда бейтаныстармен ешқайда бармау керек, «ересек» ағалар болсын немесе аула компаниясы болсын.
- егер бала оны андып жүрген бейтанысты көрсе, жақындары жоқ болса да, жасқанбай, сенімді болып көрінетін өтіп бара жатырғандарға барып көмек сұраны дұрыс болады. Осыны үйрету – сіздің міндетініз.
- балаларға бейтаныс адамдармен лифтке кіруге болмайтының түсіндіріңіз;
- бейтаныстардың көліктеріне отырмау;
- ешқашанда ата-аналардың рұқсатысыз сыйлықтарды алмау. Балаларды бейтаныстармен байланысқан кезде қауіпсіз кетуді үйрету үшін, балалармен төмендегі жағдайларды ойнауға болады.  
    Мамандар балаларға қойылған сұрақтарға дұрыс жауаптары үшін ұпай жинайтын және мадақтау нысандары бар ойын-жұмбақтарды ұсынады. Мысалы: саған бейтаныс адам келіп, әдемі күшік немесе мысықты көрсетем деп ұсынған жағдайда не істейсін? Бейтаныс әдемі көлікте қыдыртам деген жағдайда не істейсін? Егер біреу саған мамаңның жұмысына бірге барайық десе, алайда саған бұл туралы мамаң ештене айтпаса не істейсін? Егер саған біреу папан апатқа ұшырады, оған бірге барамыз деп айтса, не істейсін?
        Баланы қауіпсіз мінез-құлық негіздеріне үйреткен кезде, ешбір жағдайда қорқытпауға тырысыңыз. Бұндай әрекетпен сіз баланы сыни жағдайда өзін дұрыс ұстауға үйретпей ғана, конфликттің жағымсыз дамуына жағдай жасайсыз. Өйткені, баланы қорқытатын тиянақсыз сөйлемшелер қауіпті жағдайда дұрыс іс-әрекеткерді қолдануға үйретпейді.  Сондай-ақ, баланы құқық бұзушылар туралы шамадан тыс қорқытсаңыз, бұл баланың психикасына қысым корсетіп, болашақ дамуына жағымсыз әсер етуі мүмкін. Осыған орай сіздің мақсатыңыз – баланы байбаламшы және қорқақ қылып жібермей, абайлы болуды үйрету. Мамандар баламен сөйлескенде төмендегіні ұсынады:
        
Нені айтпау керек...
Оның орнына...
1. Бейтаныс адамдармен  сөйлеспе.
2. Айналада есі ауысқандар көп.
3. Сені ұрлап кетуі мүмкін.
4. Балалрға саябақта қыдыруға өте қауіпті.
5. Қазіргі кезде ешкімге сенуге болмайды.
1. Бейтаныс адамдармен өзінді былай ұстау керек...
2. Адамдардың көбіне сенім артуға болады, алайда...
3. Егер ... , саған ешетене болмайды.
4. Егер  саған біреу келген жағдайда...
5. Сен ... көмек сұрауына болады.
 
Балаларды қайғылы оқиғалардан қауіпсіздендіру үшін төмендегіні түсундіру қажет:
- тек суға түсуге арналған орындарда суға түсуге болады;
- балалармен велосипедтер, квадроциклдер, скутерлер, мопедтер, мотоциклдерде жол жүру ережелерін меңгеру;
- отты абайсыз пайдалану салдарынан болған өрттін пайда болу жағдайларына назар аудару: балалардың тентектігі; сөнбеген от, сөндірілмеген темекі тұқылдары, шөптін өртенуі;
Балалардың өмірі мен денсаулығын сақтау – ересектердің басты міндеті.
Балалар табиғатынан жайбарақат және сенгіш болатынын есте сақтаңыз. Балалар алаңғасар болады. Сондықтан балаға қарапайым тәртіп ережелерін айтса берсеңіз, оларды есіне сақтап, қажетті кезде қолдануы ықтимал.  Үлгі көрсету – ережелерді түсіндіру әдістерінің ең жақсы тәсілдерінің бірі! Балаларыңызға абай болыңыз! Балалардың демалысы сәтті болуына бар күшіңізді салуға өтінеміз!

Астаналық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне жазғы демалыс маусымның ресми ашылуы өтті
18.06.2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігінің «Балалар үйі» КММ «Боровичок» балалар демалыс аумағында жазғы сауықтыру маусымы ашылды, деп хабарлады Астана қаласы әкімінің ресми сайты.
Елордалық балалар үйінің 4 жастан 18 жасқа дейінгі 134 тәрбиеленушісі жыл сайын жазда қала сыртындағы демалыс аумағына келеді. 
Мерекелік шара Қазақстан Республикасының әнұранын айтумен жәее ту көтеруден басталды. «Боровичок» демалыс аумағының «жасыл» алаңына ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы Білім басқармасының өкілдері, Балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері жиналды. Қалалық Білім басқармасының басшысы Эльмира Суханбердиеваның айтуынша, балалар мұнда білімдерін жетілдіріп, жаңа нәрселер үйреніп, алдағы оқу жылына дайындалады. 
- «Боровичок» жазғы демалыс аумағы жетім балаларға арналған. Ұдайы жазда оларды осында әкелеміз. Бәрі де үш ай бойы демалып, күш жинайды. Биыл 34 оқушы мектеп бітіреді. Жыл өткен сайын балалар саны азайып келеді, біз бұған қуаныштымыз. Биыл патронатты 34 пайызға арттырды. Қазіргі таңда балалар үйінде 134 бала тәрбиеленіп жатыр», - деді Эльмира Суханбердиева.
Мерекелік шарада балаларға спорттағы жетістіктері үшін жүлделер табысталып, балалар үйі мен меценаттардың атынан сыйлықтар берілді. 

ОҚО-да Машат шатқалындағы «Арман» лагерінде демалыс кезеңі ашылды

11.06.2015

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Арман» балаларды сауықтыру лагерінде 2015 жылдың алғашқы демалыс кезеңі ашылды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен жетім балалар санатындағы 300 бала жазғы демалыс кезеңінің алғашқы күндерін өзімен тетелес балалармен өткізуге мүмкіндік алды. Лагерь басшылығы балалардың тыңғылықты демалуы үшін көптеген қызықты шаралар ұйымдастырмақ. Олардың қатарында түрлі спартакиадалар, әскери-патриоттық ойындар, жүзу мен бассейндегі ойындар, әркелкі байқаулар мен өзге де қызықты шаралар бар. Сонымен қатар лагерьде бірнеше өнер үйірмелері де ашылып, жұмыс жүргізуде. Мұнда балалар 5 мезгіл тамақ ішеді. Демалушыларға ұсынылатын тағамдар санитарлық қауіпсіздік талаптарына сәйкес қатаң тексеріледі. Демалып жатқан балалардың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселесі де лагерьдегі медицина қызметкерлерінің қатаң бақылауында. «Лагерьде балалар уақытын тиімді өткізіп, жақсы тынығады деп ойлаймын. Олардың әрбір күні қызықты өтуі үшін біз білім деңгейін анықтайтын викторина ойындарынан бастап спорттық жарыстарға дейін қамтылған жарқын бағдарламалар әзірледік»- дейді лагерь директоры Клара Динаева. Міне бүгін биылғы жылдың алғашқы демалушылар легін қабылдаған лагерьде осы атаулы күнге орай салтанатты шара өтті. Кеш қонақтары «Айгөлек» халықтық хореграфиялық ансамбль ұжымы мен әнші, композитор Марат Омаров өз концерттік бағдарламаларын ұсынып, балаларды үлкен қуанышқа бөледі. Биыл жазғы маусымда Оңтүстік Қазақстандағы 24 жазғы сауықтыру лагерінде 50 мыңға жуық бала демалады. Осы демалыс орындарына облыстан әлеуметтік тұрмысы төмен, жетім және жартылай жетім он мыңға жуық бүлдіршін лагерлерге тегін жіберледі. Сондай-ақ, 6500 бала өзге өңірлер мен шет елдердегі лагерлерге барса, қала ішіндегі оқушылар сарайының жанындағы «Балдаурен» лагері 600 баланы тегін қабылдайды.  

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі сайтынан

 


Жазғы балалар демалыс орталықтарының бірінші ауысымы аяқталды

12.06.2015

     Жазғы демалыс басталған кезден елордалық оқушылар өз уақыттарын тиімді өткізуде. Бұрын хабарланғандай, Астана қаласында мектеп жанындағы балалар лагерьлері жұмыс істейді. Бүгін М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының балалар демалыс орталығында «Жазғы шығармашылық мектебінің» бірінші ауысымы аяқталды. Жазғы лагерьлер бағдарламасына оқушыларды тамақтандыру, жүзу әдістерін үйрету және мұзда сырғанау, лингвистика, шахмат ойнау секілді пайдалы сабақтар енгізілген. Бір ауысымның (12 күн) құны 15 000 теңгені құрайды.
Оқушылар сарайының директоры Құралай Мұқышеваның айтуынша, бірінші ауысымда аталмыш лагерьге 80 оқушы қатысқан. Олардың дені 1-4 сынып оқушылары. Алайда екінші ауысымда балалар саны бұдан екі есе артады деп күтілуде.
Құралай Мұқышева, М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайының директоры:
- Оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, оларға бос уақытты тиімді өткізуді үйрету мақсатында «Жазғы шығармашылық мектептері» ұйымдастырылады. Бүгін бірінші ауысымның жұмысы мәресіне жетті. Біз 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні ашылдық. Бір ауысым 12 күнге жалғасады. Оқушылар сағат 09:00-16:00 аралығында өз уақыттарын лагерьде қызықты өткізеді.
Жалпы, жазғы лагерьлерде үш ауысым ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына да араласады. Одан бөлек, зияткерлік, шығармашылық сабақтар өткізіледі.
Еске сала кетейік, Астана қаласы Білім басқармасының хабарлауынша, 73 орта мектептің жанынан ашылған лагерьлер 1 маусым мен 10 шілде аралығында 1-4 сыныптардан 45 000 оқушыны қамтымақ.
 
Астана қаласы әкімдігі сайтынан

2015 жылғы жазғы каникул кезеңінде балаларды сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар 

© 2017 Балалардың қүқықтарын қорғау комитеті

010000, Астана қаласы, Орынбор көшеcІ
«Министрліктер Үйі» Әкімшілік ғимараты, № 8 үй, 11 кіреберіс. Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика