|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының 2009 жылғы «24 » шілдедегі № 167-к бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер 1. Осы Комитет туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігі туралы ережеге сәйкес әзірленді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардыңқұқықтарын қорғау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан РеспубликасыБілім және ғылым министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) құзыреті шегіндебалалардың құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау саласындағымемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы бағыттағы арнаулы атқарушылық жәнебақылау функцияларын іске асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына жәнеҚазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан РеспубликасыныңПрезиденті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасыныңхалықаралық шарттарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің және Жауапты хатшының бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережегесәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру–құқықтық нысанындағы заңдытұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі менмөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ ҚазақстанРеспубликасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінде шоттарыболады. 4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. КомитеткеҚазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген болса, онда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуғақұқылы. 5. Комитет актілерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленгентәртіппен бұйрық түрінде шығарады. 6. Комитеттің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 7. Комитеттің облыс орталықтары мен Астана және Алматы қалаларындааумақтық органдары бар. 8. Комитеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Орынбор көшесі, 8-үй. 9. Комиттетің толық атауы: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардыңқұқықтарын қорғау комитеті» мемлекеттік мекемесі. 10. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 11. Комитетке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындаутұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйымсалынады. Егер Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірісәкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтентүскен кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі. 2. Комитеттің функциялары мен құқықтары 12. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) бюджет қаражаты және заңнамада тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен балалар мүдделеріне байланысты мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс-шараларды өткізу; 2) балалар өмірі көрсеткіштерінің ең төменгі әлеуметтік стандарттарын, нормалары мен нормативтерін жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз ету; 3) білім беру ұйымдарында меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, Қазақстан Республикасы заңнамасының білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдардағы бюджеттік және қаржылық тәртіптің орындалуына мемлекеттік бақылау жасауды жүзеге асыру; 4) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру; 5) мемлекеттiк статистикалық есептiлiк негiзiнде халықты әлеуметтiк қорғау органдарымен бiрлесе отырып, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеудің республикалық, жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн жүргiзу; 6) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстан Республикасы заңнамаларының сақталуына бақылау жасау; 7) анықталған білім беру саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамаларының бұзылуын жою туралы жазбаша нұсқауларды орындау үшін міндетті нұсқауларда көрсетілген мерзімде беру; 8) балалардың негізгі құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бағдарламалардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру; 9) мүдделі уәкілетті органдармен балалар құқықтарын қорғау саласы, оның ішінде (жалпы оқу) білім алу үшін конституциялық құқықпен қамтамасыз ету, балалардың қадағалаусыздығы мен қараусыздығына, суицидке, порнографияға, жезөкшелікке, бала еңбегінің ең нашар түрлеріне, кәмелетке толмағандар арасында нашақорлықтың, уытқұмарлықтың таралуына қарсы әрекет жасау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-әрекетті жүзеге асыру; 10) мектеп жасындағы балаларды оқытумен қамтудың, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастырудың, балаларды мектепке жеткізудің және әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға көмек және қолдау көрсетуге бөлінетін қаражаттардың жұмсалуының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру; 11) орта білім алуға құқықты қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыру, балаларды мектепке жеткізу, қадағалаусыздықтың, құқық бұзушылықтың, бала еңбегінің ең нашар түрлерінің, нашақорлық пен уытқұмарлықтың және басқа да балалар арасындағы жағымсыз құбылыстардың алдын алу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларының орындалуына бақылау жүргізу; 12) халықаралық ынтымақтастық ісінде балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 13) білім беру ұйымдарының тәжірибесіне кәмелетке толмағандардың, оларға заңға мойынұсынушылық мінез-құлқын қалыптастыруға, адамгершілік және салауатты өмір салты негіздерін дарытуға бағытталған бағдарламалар мен әдістемелердің енгізілуіне бақылауды жүзеге асыру; 14) баланың жеке тұлғасын адамгершілік-рухани дамытуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және жобаларды іске асыру; 15) өз құзыреті шегінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 16) адамгершілік-рухани дамытуға бағытталған балалардың әлеуметтік бастамалар қызметін үйлестіру және қолдау; 17) аумақтық органдарға отбасылардың, балалардың және жастардың адамгершілік-рухани ағартушылық мәселелеріне консультативтік құқықтық психологиялық көмек көрсету жөнінде әдістемелік көмек беру; 18) бала асырап алу (қыз асырап алу), қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмысқа орналастыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының қызметін үйлестіру; 19) жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру; 20) Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы жылсайынғы мемлекеттік баяндаманы дайындауды жүзеге асыру; 21) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу; 22) Комитет әзірлеген Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберу; 23) Комитет әзірлеген нормативтік құқықтық актілердің жариялануын қамтамасыз ету; 24) Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама-қайшы келетін және ескірген құқық нормаларын анықтау, оларды іске асырудың тиімділігін бағалау және өзгерістер мен (немесе) толықтыруларды енгізу немесе олардың күші жойылды деп тану жөніндегі шараларды дер кезінде қабылдау үшін тұрақты негізде Комитет әзірлеген және (немесе) іске асыратын заңға тәуелді актілерге қатысты мониторингті жүргізеді және әр тоқсанның соңғы айының бірінші күніне дейін жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты Заң департаментіне ұсыну функцияларын жүзеге асырады. 13. Комитет Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) отбасындағы балалардың орнын анықтау, оның ішінде халықаралық бала асырап алу (қыз асырап алу) мәселелері жөнінде әдістемелік көмек көрсетуге; 3) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау саласындағы ғылыми-практикалық әзірлемелер мен әлеуметтік зерттеулерге арналған тапсырысты қалыптастыруға, белгіленген тәртіппен Комитет қызметінің саласына жатқызылған мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды тартуға; 4) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және азаматтардан ақпаратты және материалдарды, сондай-ақ балалардың әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да мәліметтерді сұратуға және алуға; 5) балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау мәселелері жөніндегі халықаралық шарттар жасасу және оларға қосылу туралы ұсыныстар енгізуге; 6) баспа қызметін жүзеге асыруға; 7) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау, балалар ортасындағы әлеуметтік жетімдіктің, қараусыздықтың, құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және басқа да келеңсіз құбылыстардың алдын алу және ескерту жөніндегі оң тәжірибені қорытуға және таратуға; 8) балалар құқықтары мен олардың заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша азаматтарды және кәмелетке толмағандарды қабылдауды жүзеге асыруға құқылы. 3. Комитеттің мүлкі 14. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттардан, сондай-ақ басқа да мүліктерден тұрады, оның құны Комитет балансында көрсетіледі. 15. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 16. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе оған өзге де әдіспен билік етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке иелік ету құқығы берілуі мүмкін. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 17. Комитетті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынысымен Жауапты хатшының келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. Комитеттің аймақтық органдарының басшылары Комитет төрағасыныңұсынысымен Министрдің келісімінен кейін Жауапты хатшымен қызметкетағайындалады және қызметтен босатылады. 18. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оғанбасшылық жасайды, Комитетке жүктелген функциялардың орындалуынажеке жауап береді. 19. Комитет төрағасы осы мақсатта: 1) өз орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ оларға тәртіптік шаралар қолданады; 4) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды; 5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді. 6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді, жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты болады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
|