Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Алматы облысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыздықтың, панасыз қалудың алдын алу бойынша  2010-2011 жылдарға арналған бірлескен жоспарды іске асыру мақсатында Қарасай ауданында (сәтсіз жанұялар, саяжайлар, «Алтын орда» әмбебап орталығында)  2010 жылдың 27 ақпанында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ІІД-нің кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері, аудандық білім бөлімінің  мамандарымен бірлесіп рейд жүргізілді. Рейд барысында 12 жұмыс істеп жүрген, Орта Азия мемлекеттерінен келген (Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан) жасөспірім анықталды және олармен алдын алу  жұмыстары жүргізіліп, түсініктеме алынды.
Сонымен қатар, тұрмыстық әлеуметтік жағдайы нашар, сәтсіз отбасыларына түнгі рейд жұмыстары жүргізілді. Тұрар саяжайында тұратын отбасы анықталды: Кулинчев Алексей Владимирович 1975 ж.т. вулканизацияда жұмыс істейді, Павлова Анастасия Алексеевна 1974 ж.т.үй шаруашылығында, балалары Кулинчев Дмитрий Алексеевич 02.01.2002 жылы туылған, Павлова Анастасия Алексеевна 13.12.2006 ж.т., екеуінде де туу туралы куәліктері жоқ. Отбасы Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Маречека-Мате-Залка «АХБК» жатақханасында тіркеуде, туыстарының қолында тұрып жатқандығы анықталды.
Рейд аясында Қарасай ауданында орналасқан компьютерлік клубтар тексерілді.


БАЛАЛАР, ТҮНГІ УАҚЫТТА ЖҮРМЕҢДЕР!
Павлодарда биылғы жылы қысқы демалыстар өте ұзақ және төтенше суық болып жатыр. Сондықтан болар, зеріккен оқушылар әсіресе жоғарғы сыныптарда оқитын балалар мүмкіндіктерінше үйде отырғылары келмейді: не далаға, не клубқа, бәрібір қайда барғылары келеді!
Ата-аналардың көбі өз балаларының айтқанына көніп оларды компьютерлік клубтарға немесе түнгі дискотекаларға жібереді. Бәрібір ертеңгіге суық болатынындығы туралы хабарлады және балаларға сабаққа ерте тұру қажет емес болғандықтан.
Бірақ-та, құрметті балалар және де олардың ата-аналары кешкі сағат 22.00-ден кейін 18 жасқа толмағандардың барлығы үйде болулары тиісті екендігін  ұмытпау қажет. Ойын-сауық мекемелеріне кешкі сағат 22.00-ден кейін кәмелетке толмаған балалар тек қана оларға жауапты үлкендермен, яғни ата-аналарымен немесе басқа да заңды өкілдерімен болулары керек.
Ал іс жайында қарасақ, ойын-сауық мекемелерінің көбінде балалар үшін есіктер сағат кешкі тоғыздан және одан әрі түнге дейін  ашық. Мұндай жағдайлар республикалық алдын алу «Мектептегі құқықтық тәртіп» рейдтерінде анықталды, ол 2010 жылғы ақпанның 15-нен бастап 19-на дейін өткізілді.
Осы апта бойы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспекторларымен, облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, білім басқармасының, қалалық білім бөлімінің, «Нұр Отан» ХДП-ң өкілдері бірлесіп кешкі уақытта, жасөспірімдер жақсы көрестін орындарға, әсіресе дискотекаларға, компьютерлік клубтарға, кафелерге, букмекерлік конторларға  барып шықты.
Рейд барысында 7 жасөспірім анықталды: екіуі – мектеп оқушылары, 5-уі – колледж студенттері. Әсірісе, ИНеУ колледжі көзге түсті – компьютерлік клубта табылған балалардың төртеуі осы колледжде оқиды екен. Ақсу қаласының Жаяу Мұса атындағы колледжінің студенті бір аптаның ішінде екі рет ұсталынды және екі түнді кәмелетке тлмағандардарды уақытша оқшалау, бейімдеу және оңалту Орталығында болды, себебі Павлодар қаласында жатып қонатын орны болмады. 
Павлодарлық «түнгі кезбелердің» ата-аналары ұйқылы және ыза өз балаларын тез уақыттта үйлеріне алып кетті. Кейбіреулері өздерінің балаларға рұқсат бергендерін ұмытып өз балаларын сол жерде ұрыса бастады. Ал басқалары заңды өкілдерге барлық пәлені жауа бастады.
Әрбір ата-ана өз балаларының қауіпсіздігіне жауапты екендіктері туралы жеке әңгімелесу барысында ескертілген. Өйткені түнгі уақытта үйден тыс жерде жасөспірімдер құқық бұзушылықтың объектісі немесе убъектісі болуы мүмкін.
Сонымен қатар егер Сіздің балаңыз жыл бойында екі рет кешкі сағат  оннан кейін ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін  полиция қызметкерлеріне ұсталынса, Сізді ата-ана немесе баланың заңды өкілі ретінде 5 АЕК көлемінде айыппұл төлеу қарастырылған.
Балаларды түнгі уақытта кафе, дискотекаға, компьютерлік клубтарға және букмекер конторларына кіргізетін ойын-сауық мекемелерінің иелерін алсақ, оларға келесіні ұмыстпау қажет, осындай қылықтары үшін 40-тан бастап 500 АЕК сомасында айыппұл төлелері мүмкін. 
Құрметті ересектер, осыдан қорытынды жасаңыздар!
Бала 18 жасқа толмағанша Сіз оның жеке қауіпсіздігі және оның кесірінен қоршаған адамдар зардап шекпеуі үшін толық жауап бересіз осыны ұмытпау жөн.

  


2009 жылғы «Түнгі қаладағы балалар» рейдінің қорытындысы туралы
Балалар құқықтарының бұзылу фактілерін анықтау және кәмелетке толмағандардың арасындағы қараусыздық пен панасыздықтың және құқық бұзушылықтың алдын алу, республика өңірлерінде бала еңбегін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында және «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында 2009 жылы тоқсан сайын еліміздің барлық өңірлерінде «Түнгі қаладағы балалар» рейді жүргізілді.
Рейд барысында еліміздің ірі елді мекендері мен қалаларында балалардың көп шоғырланатын орындары, жасөспірімдердің қайыршылық, қаңғыбастықпен айналысатын, жасөспірімдердің кешкі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарына келуі, ересектерді түңгі ойын-сауық орындарында бала еңбегін пайдаланып жүрген анықтау тексерілді. 
2009 жылы жалпы 60 мыңға жуық рейд ұйымдастырылды, оның ішінде саяжайлар мен саяжайлық шаруашылықтарда, шаруашылық, фермерлік егістіктерде, қолайсыз отбасылар, үйлердің жертөлелерінде және автобекеттерде, көңіл көтеретін орындарда, компьютер салондарында, шағын аудандарда, хабар бойынша, оның ішінде сенім телефонына және анонимдік қоңыраулар арқылы түскен жерлер тексерілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында қолайсыз және  отбасылардың, жұмыс істейтін және істемейтін, КІБ есепте тұрған 15 мыңнан астам кәмелетке толмағандар анықталды. Ұсталғандардың жалпы санынан 400-ге жуық балалар мектептеріне қайтарылды. Сонымен қатар, спирттік ішімдік пен есірткі заттарын пайдаланған 1600 кәмелетке толмағандар анықталды.
Рейдке барлығы 80 мыңнан астам ересектер қатысты, олардың арасында  ішкі істер, білім, денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің және жастар мен балалар ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ата-аналар қатысты.
Сонымен қатар, балалар еңбегің қанаудың 404 фактісі, оның ішінде асханаларда қызмет істейтіндер, даяршы, автөкөлік жуумен, гүл сатумен, жезөкшелікпен айналысқан жағдайлар анықталды.
Бала еңбегін қанауды тоқтату мақсатында Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Бала еңбегін қанаумен күрес» атты ақпараттық жадынама таратты.
Мысалы, аталған облыстың «Астана» дәмханасын тексеру барысында,  № 54 орта мектептің оқушысы 1994 жылы туған А.Г. Литвинова еңбек шартынсыз даяршы болып жұмыс істейтіні анықталды. Дәмхананың әкімшілігімен сұхбаттасу барысында А.Г. Литвинова аталған дәмханада ата-анасының келісімімен жұмыс істеген. Осыған байланысты А.Г. Литвиновамен профилактикалық сұхбат жүргіліп, ақпарттық жадынама тапсырылды. 
Сонымен қатар, 2009 жылы желтоқсан айында Қарағанды қаласының білім беру ұйымдарында есепке алынбаған Д.Б. Мақанов (1994 ж.т.) анықталды. Ол 2009 жылдың маусым айынан бастап еш жерге тіркеуге алынбаған. Анасының айтуы бойынша 2009 жылы маусым айында Қарағанды қаласына Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ ауылынан көшіп келген, ұл сол жақтағы №43 орта мектепте білім алған. Анасы қазіргі уақытта баласының білім алмай жүргендігі туралы түсіндіре алмады. Осыған байланысты Д.Б. Мақанов Қарағанды қаласының  №14 мектебіне орналастырылды.
Ақмола облысында отбасылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерделеу мақсатында, екі жасөспірім баласы бар О.В. Варяницаның тұрмыстық жағдайы зерттелді. О.В. Варяница бала тәрбиесімен мүлдем айналыспайды және спирттік ішімдіктерді жүйелі түрде пайдаланған. Отбасына келген кезде шешелері мас күйінде болған. Осыған байланысты, қалалық соттың шешімімен О.В. Воряницина ата-аналық құқығынан айырылды.  
Астана қаласының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі істер органдарымен бірлесе отырып жүргізген рейд барысында қоғамдық жерлерде спирттік ішімдік пайдаланған 2 жасөспірім ұсталды.  Бұл балаларға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 336 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін 3 кәмелетке толмағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шығыс Қазақстан облысында көңіл көтеру орындарын тексеру барысында, спирттік ішімдіктерді ішіп отырған үш жасөспірім анықталды. Кәмелетке толмағандар КІБ жеткізіліп, онда кезекші нарколог-дәрігердің кәмелетке толмағандар жеңіл түрде мас деген қорытындысы берілді.      
Атырау облысында «ФОВОРИТ+» көлік жуу орындарында таңертеңгі сағ. 10.00-ден түнгі сағ. 01.00-ге дейін жұмыс істеген 1992-1993 жылдары туылған кәмелетке толмағандар және «Терме УГАДЖИ» мейрамханасында түнгі уақытта еңбек шартынсыз жұмыс істейтін А. Тыныштықбекова анықталды.
Алматы қаласында Түркісіб аудандағы сыраханада орналасқан ойын автоматтарын түнгі уақытта ойнап отырған 1992-19996 жылдары туған №106 және 116 орта мектебінде оқитын 4 жасөспірім, сонымен қатар, Алматы облысы, Үштөбе қаласының Есенберлин атындағы орта мектебінің оқушысы  анықталды.
Барлық кәмелетке толмағандармен, ата-аналармен және көңіл көтеретін орындардың әкімшіліктерімен профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарық көрді.
Рейдтің қорытындылары қалалық және аудандық кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырыстарында қарастырылады.


   


«Түнгі қаладағы балалар» акциясы
Қаңғыбастықпен, қараусыздықпен айналысатын және жағдайы төмен отбасылардың жүйелі түрде сабаққа қатыспайтын балаларды  анықтау, бала еңбегін қанау деректерін анықтау мақсатында 2009 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысының аймағында «Түнгі қаладағы балалар» шұғыл- алдын алу іс-шарасы өтті.
Акцияны үйлестірушісі Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясы болып табылады.
Іс-шараға төмендегілер қатысты: балалардың құқықтарын қорғау, ішкі істер, әлеуметтік қорғау және қадағалау  департаменттерінің, білім, денсаулық, халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының, балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын ҮЕҰ, қоғамдық ұйымдардың, ата-аналар қоғамының өкілдері мен БАҚ. Акцияға қатысушылардың жалпы саны – 671 адамды құрды.
Осы іс-шараны нәтижелі өткізу үшін ОІІД мамандары және жоғарыда көрсетілген құрылымдардың мамандарынан топтар құрылып, әр топ өзінің тапсырма-жоспарларымен алдын-ала танысты.
Акцияны өткізу барысында 940 рейдті іс-шара жүргізілді: соның ішінде, саяжай және саяжай шаруашылығы – 20, дала және фермер шаруашылығы – 94,  тұрмысы нашар отбасылар – 309, үйлердің жертөлелері – 207, темір жол және автобус вокзалдары – 36, көңіл көтеретін мекемелер – 163, компьютерлік салондар – 35,  шағын аудандар – 70.
Рейдтік шаралар нәтижесінде 56 кәмелетке толмағандар анықталды:
- жағдайы төмен отбасыларда тәрбиеленетін - 24 бала,
- жағдай бар отбасыларда тәрбиеленетін – 32 бала,
- оқушылар – 48 бала,
- оқымайтындар – 8 бала,
- КТІЖТ есебінде тіркелінген-8 бала,
- мас күйінде ұсталынған-12 бала.
Шұғыл алдын алу шара барасында (көлік жуушылар, қайыр тілеушілер).
Тексеріс барысында 21 жасқа толмағандарға алкогольдік ішімдіктер сату дерегі анықталды, видио түсіру жүргізілген. Сатышуға қатысты ҚР ӘК туралы 163-4 бабына сәйкес әкімшілік құжат толтырылды.
Кафе, барлардың, компьютерлік салондардың, ЖМБ әкімшіліктерімен алдын алу әңгімелер жүргізілді, кәмелетке толмағандардың құқықтарына байланысты қылмыстық және әкімшілік нормаларды түсіндірді.
«Түнгі қаладағы балалар» шұғыл алдын алу іс шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Акцияның қортындысы қалалық, аудандық кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі және құқықтарын қорғау комиссияларында шара қолдану үшін қаралады.

 


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акция барысындағы жедел алдын алу іс-шараларын өткізу бойынша жұмысын жалғастыруда.
2009 жылы 2, 9 қыркүйек күндері өткен іс-шаралар барысында әлеуметтік көмекке мұқтаж отбастары анықталды: «Сарыарқа» ауданы бойынша 7 отбасы, олардың қатарында мектеп жасындағы 6 бала анықталды. Сонымен қатар 1 берекесіз отбасы анықталды. «Алматы» ауданы бойынша 4 отбасы, олардың қатарында мектеп жасындағы 11 бала анықталды «Есіл» ауданы бойынша 2 отбасы, олардың қатарында мектеп жасындағы 7 бала анықталды.