«Қамқорлық» республикалық акциясын өткізу жөніндегі ұсынымдамалар
«Қамқорлық» қайырымдылық акцияны өткізу туралы БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамту туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2010 жылғы 11 қаңтар мен 10 ақпан аралығында жалпы оқу және «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы бойынша айлық өткізеді.
Бұл акцияның мақсаты - оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау, сондай-ақ аз қамтылған, көпбалалы және қолайсыз отбасылардың, жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және басқа да санаттағы материалдық көмекке мұқтаж әлеуметтік қорғалмаған балаларға әлеметтік көмек қолдау көрсету.
Іс-шараға ішкі істер, білім беру органдары мен ұйымдарының, ҮЕМ, ата-аналар қауымдастығының өкілдері сонымен қатар меценаттар мен демеушілер қатысады.
Іс-шаралардың қорытындылары облыстардың және аудандық білім беру органдарының, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерінің жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның алқа отырыстарында қаралатын болады.
