Электронная библиотека

Создан: 09.06.2015, 13:18   |   Обновлен: 14.08.2017, 18:52
Электронная библиотека
 
 

"Состояние и проблемы семейного устройства в Казахстане: Опыт приемных и гостевых семей" методическое пособие


"Город, дружественный к ребенку" Методология реализации инициативы в Республике Казахстан


"От правовой грамотности родителей к защите детей" методическое пособие


ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚАТАЛДЫҚ БЕЛГІЛЕРІНІҢ КӨРІНУІ МЕН БАЛАЛАР АГРЕССИВТІЛІГІ ДЕҢГЕЙІН АНЫҚТАУ  БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚТАР. Психологтарға, педагогтарға және ата-аналарға арналған әдістемелік құрал


«Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» әдістемелік құралы

"Отбасы тұрмысының қолайсыздығын қалай жеңуге болады?" мамандар мен ата-аналарға арналған қолайлы отбасы қатынастарын қалыптастыру бойынша әдістемелік оқу құралы


Кəмелетке толмағандар арасындағы қадағалаусызды пен панасыздық, құқық бұзушылық мəселелері бойынша ƏДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ (1 Mb)


Балалардың дене жəне психикалық денсаулығына қатыгездікті жəне зорлық-зомбылықты, порнографияны насихаттайтын аудио-бейне өнімдердің, компьютерлік жəне ақпараттық тасымалдағыштардың əсер етуі. Олардың адамгершілігін қорғау. Оқытушыларға, психологтарға, ата-аналарға жəне барлық мүдделі тұлғаларға арналған əдістемелік ұсынымдар (318 Kb)


Білім ұйымдарында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы. Білім бөлімдерінің жəне білім ұйымдарының мамандарына арналған оқу құралы (1 Mb)


Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі: проблемалары жəне оларды шешу жолдары. Талдамалы есеп (1 Mb)


Мектеп жасындағы және балаларды емдеу-профилактикалық ұймдарда, балалар мен мектепке дейінгі жасөспірімдерді физиологиялық толыққұнды айыз сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру (560 Kb)


Кәмелетке толмағандар арасындағы бейнезорлық


Оқушылардың бос уақыттағы іс-әрекетін дамыту бағдарламасының аймақтық моделі


Қоғамға қызмет ету


Балаларға мейірімді қалалар. Балалар өмірінің сапасын бағалау мәселелері (2 Mb)


Балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызметінің негізгі бағыттары (әдістемелік құрал) (1 Mb)


Балаларды қатыгездікпен қараудан және сексуалдық пайдаланудан қорғау мониторингі (әдістемелік құрал) (2 Mb)


Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінде балаға достастық ортаны қалыптастыру технологиялары (1 Mb)


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеудің психологиялық аспектілері (әдістемелік құрал)


«Сенім телефонының» жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (45 Kb)


Балаларға арналған кітаптар менанимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық (634 Kb)


Аудандық, қалалық білім бөлімдерінде, облыстардың, Алматы, Астана қалаларының білім басқармаларында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мамандары қызметін ұйымдастыру мен жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықтар (105 Kb)


Балалардың мектептік тамақтануының нормативтік және әдістемелік әдебиеті
Балалардың тамақтануы бойынша нормативтік және әдістемелік әдебиеті "Мектептік тамақтану" кітаптарының сериясымен ұсынылған. Бұл серия Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе отырып жасалған және балалардың мектепте тамақтануының қазіргі тенденцияға байланысты дамуын қамтамасыз еткен. Серия 2008 жылдың қараша айында жарыққа шықты. Бұл серия 8 құрал, 4 кітаптан тұрады, мемлекеттік және орыс тілдерінде:

Білім беру мекемелерінде балалар тамақтануын ұйымдастыру
Бұл әдістемелік нұсқау медицина қызметкерлеріне, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырушыларға, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлеріне, қоғамдық денсаулық сақтау мен тамақтану салаларындағы бағдарламалардың координаторларына, мектепке дейінгі және мектеп мекемелеріндегі ас блок қызметкерлеріне, медициналық жоғары оқу орындарының және колледждерінің суденттеріне арналған.

Мектеп ас блогының паспорты (447 Kb)
Осы мектептік ас блоктың бұл санитарлық-паспорты меншіктік үлесіне байланыссыз балалар тамақтануын ұйымдастыратын, өндіру істеріне қатысы және тағамдық өнімдерді өңдеу және де заңды тұлғаларға арналған. Мектеп ас блогының паспорты — өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін қалыптастыратын, дайындау шартын, тасымалдануын, мектеп ас блогының ас өнімдерін анықтайтын нормативті құжат болып табылады. Мектеп ас блогының паспорты Қазақстан Республикасының Бас мемелекеттік санитарлық дәрігердің — ҚР МЗ Мемлекеттік санитарлы-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің төрағасының 2008 жылдың 26 желтақсаннан №152 бұйрығымен бекітілген. 

Оқушылардың салауатты тамақтануы туралы әңгіме (1 Mb)
Бұрыс тамақтанудың таралуының негізгі себептері оқушылардың, мұғалімдердің және ата-аналардың салауатты тамақтану туралы қазіргі кездегі нұсқаулық ақпараттан жеткіліксіз хабардар болуында жатыр. Кітапта оқушылардың салауатты тамақтануы туралы ғылыми негізделген нұсқаулар келтірілген. Салалуатты тамақтану қалыпты өсу мен дамудың, денсаулықты сақтау және созылмалы аурулар туындау қауіпін төмендетудің негізі болып табылады. Ол сонымен қатар қалыпты физикалық және ақыл-ойдың еңбекке қабілеттілігін қамтамасыз етуге, оқуға мүмкіншіліктерді және мектептегі үлгерімін жақсартуға қажет.
Бұл нұсқаулар ғылыми мәліметтерге негізделген және іс жүзіндегі тәжірибемен дәлелденген. Олар адам денсаулығын сақтау үшін аса қажет салауатты тамақтану мен кейбір тағамдық заттардың маңыздылығы туралы қазіргі таңдағы жинақталынған білімді анализдеу мен синтездеу арқылы жасалынды.
Әрбір кеңестік нұсқау кітаптің жекеше бөлімдерінде жеткілікті көлемде келтірілген. Дегенмен, кейбір нұсқаулармен шектелмей, оларды біртұтас ұғым ретінде қабылдаған дұрыс. Егер аталған нұсқауларды ұстанып және оған сәйкес физикалық белсенділік танытқан жағдайда, денсаулықты айтарлықтай нығайтып, еңбекке қабілеттілікті көтеріп, оқуға үлгірімді жақсартып және де түрлі аурулардың алдын алу әбден мүмкін.
Кітап оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға арналған.

Оқушылардағы анемияның, йод тапшылығының және витаминдердің жетіспеушілігінің алдын алу туралы (1 Mb)
Ортақ атпен аталатын «жетіспейтін микронутриенттер», яғни теміржетіспеушілік қаназдық, йоджетіспеушілік, гипо және полигодәрумендері Қазақстан халқының, сонымен қатар мектеп оқушыларының арасында тамақтануын бұзатын көп таралған формалардың бірі болып табылады. Осы жетіспеушілік формасы балалар мен жасөспірімдерде бойының өсуі мен дамуына және интеллектуалды дамуына кедергі етеді. Жетіспеушілік микронутриенттер оқушылардың денсаулығына зор зиян келтіре қоймай, сонымен қатар үлгерімі мен еңбек қабілетіне кері әсерін тигізеді. Кітап балаларға, ата-аналарға, жетіспеушілік микронутриенттардың алдын алу туралы толыққанды ақпаратты алуға білім және денсаулық сақтау қызметкерлерінің мүмкіндіктері зор.

Орта білім беруде балалар құқығын қамтамасыз ету мәселесін зерттеу

Қазақстанда баланың орта білім алу құқығын сақтау: жетістіктері мен проблемалары (1 Mb)
Бұл оқу құралы "Жалпыға білім беру кітапханасы" сериясының алғашқы кітабы болып табылады. Онда балаларды орта біліммен қамту саласындағы халықаралық және қазақстандық заңнама құжаттарының талдауы келтірілген, балаларды орта біліммен қамту картасы құрастырылған. Сонымен қатар бұл оқу құралында оқу үдерісін тоқтатқан балалардың, "тәуекел тобына" кіретін балалар дефинициясы келтірілген; олардың және отбасыларының мінездемелері берілген; ондай балаларды табуға болатын жерлер белгіленген, бұл жағдайды түзеуге ниет білдірген адамдарға ұсыныстар берілген.
Зерттеуде оқумен қамтылған және сабақты жиі босататын балалардың үлесін анықтау әдістемесі Қазақстанда алғаш рет қолданылды.
Оқу құралы білім беру саласының қызметкерлері, ата-аналармен қызығушылық танытқан басқа да тараптар үшін арналған.

Балаларды орта біліммен қамту: мониторинге арналған индикаторлар (1 Mb)
Бұл оқу құралы "Жалпыға білім беру кітапханасы" серияларының бірі болып табылады. Онда Қазақстанда және басқа елдерде қолданылатын балаларды орта біліммен қамтуды бағалау әдістемесі мен көрсеткішке талдау жасалған. Зерттеушілер жағдайды толық, әрі тиімді бағалау үшін оңтайлы көрсеткіштер жинағы мен оларды өлшеу әдістемелерін ұсынады.
Оқу құралы білім беру саласының қызметкерлері, ата-аналар мен қызығушылық танытқан басқа да тараптар үшін арналған.

Жалпы білім: институционалдық анализ (1 Mb)
«Сандж» Зерттеу орталығы жүргізген зерттеуден алынған нәтижелерге сүйене отырып, осы оқу құралының авторлары функционалдық міндеттері балаларды жалпы орта біліммен қамтуды қамтамасыз ету болып табылатын барлық шешуші мемлекеттік, жеке және азаматтық институттарды анықтауға тырысады. Олардың функционалдық қарым-қатыснатарын және жауапкершілігін көрсетуге, сонымен бірге олардың балалардың жалпы орта білім алуға құқықтарын қорғау саласында өзара әрекет етуіне кедергі болып отырған себептерді мүмкіндігінше табуға тырысады. Қорытындысында балаларды біліммен қамтуды арттыру және осы қамтуды қадағалау жүйесін жақсарту бойынша ұсыныстар жасалады.

Баланың мектептен кетуі: алдын алу және қайтару (1 Mb)
Осы оқу құралы "Жалпыға білім беру кітапханасы" сериясындағы кітапшалардың бірі болып табылады. Онда орта білім алуға балалардың құқықтарын сақтамаудың себептерін талдау мен балаларды орта оқу орындарына қайтару мен балалардың оқуды тоқтатуынның алдын алу бойынша практикалық ұсыныстар берілген.
Оқу құралы білім беру саласының қызметкерлеріне, ата-аналарға және қызығушылық танытқан басқа да тараптарға арналған.

Бала бақшамен қамтылмаған балалардың мектепке дейінгі білім алуын ұсыну

Тәрбие мен мектепке дейінгі білім алумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған әдістемелік ұсыныстар
Бұл кітапшада талдау мен ұсыныстар Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасы бойынша облыстық, қалалық, аудандық білім деапртаменттері мамандарының, әкімшілік өкілдерінің, педагогтар, ата-аналар мен жұртшылықтың қатысуымен орындалған ҮЕМ «Степ бай степ» тәуелсіз басылым. 

Құқық бұзушылықты алдын алу бойынша әдістемелік әдебиеті

Қазақстан Республикасында балалар құқығын қорғаудың әкімшілік-құқықтық негізі
Бұл әдістемелік жинақта адам құқығы концепциясының даму тарихы қарастырылған, адам құқығының заңдық концепциясында бала құқығы, Қазақстан Республикасындағы бала құқығы концепциясының іске асу ерекшелігі қарастырылған. Қазақстан Республикасында балалар құқығын қорғаудың әкімшілік-құқықтық негізі туралы ұсыныстар берілген. Бұл әдістемелік жинақ еліміздің 6 аймақтарының қызметін зерделеу жұмысынан кейін құрылды. Атап айтсақ, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, және Маңғыстау облыстарында. Зерделеу шеңберінде 19 907 отбасы тексеріліп, 35 941 балалардың мектептік біліммен қамтылмағаны анықталды. Бұл ұсыныс ата-аналардың балалары ойынға деген икемділі мен ептілігін арттыруға арналып құралған. Ұсыныста баланың икемділігінің дамуына және мектеп бағдарламаларын ойдағыдай игеріп, қоршаған ортаны тануына көмектеседі.

Кәмелетке толмағандар арасындағы девиация мәселесі
Бұл құралда мінез-құлықында ауытқушылығы бар оқушылармен теориялық және әдістемелік негізде жұмыс қарастырылған. Мінезінде ауытқушылығы бар оқушылармен жұмыс істеуде ұйымның құрастырған иструментарийі бар, олармен әдістемелік жұмыс істеу ұсынылған, бұл мәселе бойынша негізгі және қосымша әдебиеттер де қарастырылған.

Девиантты мінез-құлықты оқушылармен жұмыстың негізгі бағыттары
Оқырмандар назарына ұсынылып отырған "Девинаттық мінез-құлықтық оқушылармен жұмыстың негізгі бағыттары" атты әдістемелік құрал жалпы білім беретін мекемелердегі девианттық мінез-құлықтағы балалармен жұмыс істеу әдісіне арналған.
Әдістемелік құралда кіші, орта және жоғары топтағы оқушылардың мінез-құлық ауытқуының негізгі формалары және жас ерекшелігіне қарай дамуы көрсетілген. Мінез-құлық ауытқуының бес деңгейлік критерийі келтірілген; І-алғашқы, ІІ-баукеспелік - қылмыстық емес, ІІІ-бей әлеуметтік, IY-қылмыс алды, Y-баукеспелік-қылмыстық.
Құралда девианттылықты шешу проблемаларының әлемдік тұжырымдамалары берілген және мінез-құлқы ауытқыған балалармен жұмыстың тиімді мысалдары берілген және олардың өз еліндегі және шет елдегі қоршаған ортасы көрсетілген.
Құралда түрлі жастағы балалармен жұмыста қолданылатын психологтарға көмек ретінде диагностика негіздері, девиацияның ұсыныстар түріндегі формасы және әлеуметтік-психологиялық тренингтер келтірілген. Құралдағы материалдар балалармен жұмыс істейтін білім беру жүйесі өкілдеріне, соның ішінде алдымен барлық педагогтарға, психологтарға, әлеуметтік педагогтарға, мектеп инспекторларына, әлеуметтік қызметкерлерге, сонымен қатар қоғамдық ұйымдарың қызметкерлеріне пайдалы.

Зорлық және аутодеструктивтік жүріс-тұрыстың алдын алу құралы

Балаларға қатысты зомбылықты болдырмау және алдын алу жөніндегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мәселелерін зерттеу
Бұл басылым отбасындағы, мектептегі балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу, балалардың құқықтары мен қызығушылықтарын қорғау саласында жұмыс жасайтын білім мекемесінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған. Аталған зерттеу жергілікті және ұлттық деңгейдегі балаларға қатысты зомбылықты болдырмау және алдын алу шараларына ықпал ету үшін жасалынған.

Балалардың аутодеструктивті мінез-құлқы: әлеуметтік-педагогикалық мониторинг
Бұл басылым Қазақстанның төрт өңірінде авторлық ұжыммен өткізілген зерттеудің нәтижесі бойынша балалар мен жастардың аутодеструктивті мінез-құлқының пәнаралық теориясының сараптамасын көрсетеді. Адамның аутодеструктивті мінез-құлқының суицид формасы зерттеушілердің басты назарында болды. Бұл басылым санаулы топ қызметкерлерінің қызығушылықтарына арналған: педагогтарға, мектеп психологтарына, білім беру мекемесінің басқарушысына, сондай-ақ кең педагогикалық қоғамға және жасөспірімдердің ата-аналарына арналған.

«Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедек болған балалардың инклюзивті білім алуға мүмкіндіктері» атты жалпы ұлттық әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне шолу
2007 жылдың қараша айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырмасымен барлық облыстарда Қазақстан әлеуметтанушылар мен саясаттанушылар қауымдастығы «Ақыл-ой мен дене дамуында кемістігі бар балаларды және жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Мүмкіндігі шектеулі балалардың, мүгедек балалар мен бала кезінен мүгедек болған балалардың инклюзивті білім алуға мүмкіндіктері» атты әлеуметтік зерттеулер келесі:
1.«Қоғамның инклюзивті білім алуға қатынасы»
2.«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға медициналық-әлеуметтік мекемелер мен үй жағдайларда білім қызметтерін беру»
3.«Мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті білім беру мекемелерге жалпы білім беру жүйесін дайындау дәрежесі»
4.«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың білім алуға құқығын сақтау» атты тақырыптар бойынша жүргізілді.
Аталған әлеуметтік зерттеулердің мақсаты - мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуға құқықтарын сақтау саласындағы жағдайларын талдау.
Жоғарыда аталған әлеуметтік зерттеулердің нәтижелеріне шолу білім мекемелердің жетекшілері мен педагогтарының жұмысына арналған.

Бала еңбегі: Халықаралық конвенциялар және Қазақстан Республикасының заңдары
Жинақты балалардың құқықтарын қорғау, атап айтқанда бала еңбегінің ең нашар түрімен күрес саласында халықаралық және қазақстандық заңнама бойынша анықтамалық құрал ретінде Халықаралық еңбек ұйымының бала еңбегін жою жөніндегі Халықаралық бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті дайындады.
Жинақ балалардың құқықтарын қорғаушы мамандарға және балалар еңбегі мәселесімен айналысатын барлық оқырмандарға арналған. 

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу: «Отбасы жайсыздығын ерте анықтау мониторингі» мектепте отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру бойынша әлеуметтік зерттеу
Әдістемелік ұсынымдамалар ұйымдардың басшыларына, мамандарына, әлеуметтік педагогтарға, әлеуметтік қызметкерлерге, психологтарға, психология және әлеуметтік жұмыс факультетінің студенттеріне арналған. 
Әдістемелік ұсынымдамалар мектептердегі қауіпті топтағы отбасылармен әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру үшін құрылды. Әдістемелік ұсынымдамалар «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу» «САД орталығы» ҚБ жобасы шеңберінде жиналған материалдар негізінде құрылды.


Балалардың шығармашылық өмірге қатысу құқығы: қамтамасыз ету және іске асыру
«Балалардың шығармашылық өмірге қатысу құқығы: қамтамасыз ету және іске асыру» есебі Қазақстан Рсепубликасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің әлеуметтік мемлекеттік тапсырыс негізінде Әлеуметтану және саясаттану ассоциациясымен әзірленді.  
Есептің эмпирикалық негізін 2008 жылғы 12-25 мамыр аралығынды республиканың 63 мектебінде, 18  республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы қала және 14 ауылдық аудандық орталықтарда  өткен кешендік әлеуметтік зерттеудің қорытындылары құрайды. 

Балалардың мәдени өмірге қатысу құқықғы: қаматамасыз ету және іске асыру
Балалардың мәдени өмірге қатысу құқықғы: қаматамасыз ету және іске асыру есеп Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде Әлеуметтану және саясаттану ассоциациясымен әзірленді.
Есептің эмпирикалық негізін 2008 жылғы 2-25 маусым аралығында республиканың 63 мектебінде, 18  республикалық, облыстық және жергілікті маңыздағы қала және 14 ауылдық аудандық орталықтарда  өткен кешендік әлеуметтік зерттеудің қорытындылары құрайды. 

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша үкіметтік емес ұйымдардың анықтамасы
Жинақта 2007 жылғы жаңартылған және толықтырылған балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын Қазақстан Республикасында тіркелген республикалық және аймақтық үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер жарияланған. Үкіметтік емес ұйымдар туралы деректер қалалық және облыстық әкімдіктердің Ішкі саясат департаменттерімен ұсынылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сауалнамасы барысында  анықталған. Ұсынылған ақпарат қысқаша ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы қысқаша мәліметтерден, олардың заңды тіркеу немесе орналасу орындарынан, пошта және электрондық мекен-жайлардан, байланыс телефондарынан, басшылар туралы мағлұматтарынан тұрады.

Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтарын қорғау саласындағы негізгі көрсеткіштер
Жинақты балалардың құқықтарын қорғау, атап айтқанда бала еңбегінің ең нашар түрімен күрес саласында халықаралық және қазақстандық заңнама бойынша анықтамалық құрал ретінде Халықаралық еңбек ұйымының бала еңбегңн жою жөніндегі Халықаралық бағдарламасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті дайындаған. Жинақ балалардың құқықтарын қорғаушы мамндарға және балалар еңбегі мәселесімен айналысатын барлық оқырмандарға арналған.

«Не білуім керек!» бояу-кітапшасы
Бұл кітапттағы суреттер арқылы балалар өз құқықтарын біле алады

 

© 2017 Комитет по охране прав детей

Индекс 010000, город Астана, ул. Орынбор, 8
Дом Министерств, 11 подъезд
Тел.: 8 7172 74 23 42

Яндекс.Метрика