Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Павлодар облысы «Радуга» өзін-өзі танушы-педагогтар клубының отырысын өткізу туралы
Ағымдағы жылғы 4 наурызда Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау депаратментінде «Радуга» өзін-өзі танушы-педагогтар клубының отырысы өтті.
Клубтың отырысына балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтының мамандары, эксперименттік алаңдардың басшылары, әдіскерлер, мұғалімдер, мектепке дейінгі оқыту мекемелерінің тәрбиешілері қатысты.
Клубтың отырысын балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры – Г.А. Наурызбаева ашты, алдағы көктем мерекесімен құттықтап, әр эксперименттік алаңға «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» өзін-өзі танушы балаларға арналған 1-ші форум-фестивальнің бейнефильмі мен суреттері бар дискілер сыйлады, барлығына сәттілік пен шаттық тіледі.
Эксперименттік алаңдардың басшылары «Өзін-өзі тану» пәнін облыс білім беру мекемелеріне енгізудің алдағы алгоритмін, «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын ақпараттық жариялау бойынша облыстық жұмылдыру консультациялық тобының аралау кестесін талқылады. Отырыстың қатысушылары бірлескен іс-шараларын а.ж. сәуір-мамырға белгіледі.
А.ж. сәуірде Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты базасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік бағдарлар» облыстық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

 


«Өзін-өзі тану курсын оқытуда балаларды, жасөспірімдерді және жастарды рухани-адамгершілік негізінде тәрбиелеу» облыстық теориялық – практикалық семинарға қатысу туралы
Департамент қызметкерлері Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті өткізген, «Өзін-өзі тану курсын оқытуда балаларды, жасөспірімдерді және жастарды рухани-адамгершілік негізінде тәрбиелеу» облыстық теориялық – практикалық семинарына қатысты.
Семинарға университет мұғалімдері, БЖИ және ПКҚД мұғалімдері, экспериментті алаңдарының мұғалімдері, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, студенттер қатысты.
Семинар жұмысы барысында адамгершілік-рухани тәрбиелеудің теориялық және басқармалық аспектілері және білім беру барлық деңгейлерінде «Өзін-өзі тану» курсын енгізу ерекшеліктері қарастырылды.
Семинар жұмысының қорытындылары бойынша қатысушылардың құрамын есептеуімен ұсыныстар шығарылды.


«Аймақтық ерекшеліктерді қолдану арқылы қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру» облыстық семинар-практикумі
«Адамға жүрексіз өмір сүру секілді, Отансыз да өмір сүру мүмкін емес»
К. Паустовский

Біздің мемлекетіміздің болашағы көбіне қоғамның өскелең  ұрпақты тәрбиелеуінен, балалар, жасөспірімдер және жастардың азаматтық көзқарастарына, адамгершілік-рухани жетілуінің қажеттілігіне, өз халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуіне байланысты.
Қазіргі уақытта республикамызда шығармашылық типті ойлауы бар, дүниетаным мәдениеті дамыған көп мәдениетті жеке тұлға тәрбиелеудің тұтас жүйесі қалыптасуда. Баланың жеке тұлғасын қалыптастыру негізінде адамгершілік-рухани және отансүйгіштік тәрбие жатыр.
Осыған байланысты Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ағымдағы жылдың 24 ақпанында Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Алтын бесік» балалардың даму орталығы базасында «Аймақтық ерекшеліктерді қолдану арқылы қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинардың өткізілу мақсаты - жалпы адамзат құндылықтарының негізі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, оқу барысында өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу дайындығына, балалардың отансүйгіштік сезімінің дамуына ықпал ететін білім беретін ақпараттық кеңістік құру, эксперименталды алаңның тәжірибесімен танысу және жеке тұлғаның адамгершілік-рухани даму сұрақтарын ақпараттау.
Семинарға Қостанай ауданының мектепке дейінгі мекемелерінің жетекшілері, шағын орталықтардың тәрбиешілері қатысты.
Семинарда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта дамыту жолы» тақырыбында Сәрсенова Р.С., Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары, «МББМ-нің әлеуметтік серіктестіктермен қарым-қатынасының тиімділігі» тақырыбында «Алтын бесік» БДО директоры Иманбекова Ж.Р. сөз сөйледі. Баяндамада  адамгершілік-рухани тәрбиені өмірдің алғашқы сатысынан бастау керек екендігі, мектепке дейінгі балалық шақ адамның жеке тұлғалық қалыптасуының негізгі кезеңі екендігі туралы терең ойлар айтылды.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Табиғат – біздің үйіміз», «Біздің бабаларымыздың дәстүрлері», «Сүйем сені, менің туған өлкем!» сабақтарын тамашалады, онда олар балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуге, Қазақстанның интеллектуалды және өз отанын әлемдік аренада бәсекелікке қабілетті мемлекет ретінде көрсете білетін азаматы болуға бағытталған «Алтын бесік» балалар бақшасы ұжымының барлық жұмыстарын көрді.
Сонымен қатар қонақтарға арналған «Орта балалардың адамгершілік-рухани құндылықтарын дамыту факторлары ретінде» балалардың білім беру мекемесі бойынша экскурсия өткізілді.
Семинар-практикумнің қатысушыларына көмек үшін адамгершілік-рухани білім беру сұрақтары бойынша үлестірмелік материалдар ұсынылды.
Семинардың соңында қатысушылармен рефлексия өткізілді.


«Адамгершілік-рухани білім беру оқу-тәрбие үрдісінің негізі ретінде . «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» облыстық аймақтық семинары
«Барлық адамзат үшін ең маңыздысы - өзімізді-өзіміз сүйе білу, өз-өзіңді құрметтеу, сыйлау. Тек қана өзін өзі сыйлай білген адам ғана шынайы, нағыз махаббатты таратушы және нысанасы болмақ»
С.А.Назарбаева
Ағымдағы жылдың 26 ақпанында Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 3 орта мектебі базасында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлесіп «Адамгершілік-рухани білім беру оқу-тәрбие үрдісінің негізі ретінде. «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» тақырыбында облыстық аймақтық семинар-континиум өткізді.
Семинардың өткізілу мақсаты – адамгершілік-рухани құндылықтарды дамытуға ықпал ететін ақпараттық-білім беру кеңістігін құру, тәрбие-білім беру үрдісіне «Өзін-өзі танудың» негізгі бағыттарын кіріктіру, облыстың білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге облыс мұғалімдерін дайындау және жергілікті жерлерде семинар өткізу.
Семинарға Меңдіқара, Қарабалық, Федоров, Ұзынкөл аудандарының экспериментке қатыспайтын пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері, балалар бақшасының әдіскерлері, әдістемелік кабинет меңгерушілері, білім бөлімдерінің мамандары қатысты. 
№ 3 мектептің директоры С.С. Шәріпова «Эксперимент тәртібіндегі жұмыс: бағыттары, табысы, нәтижелері» тақырыбында баяндама жасады.
Өзінің сөзінде мектеп директоры мектептің барлық оқу-тәрбие жұмысы білім беру мекемелерінің ұжымы ата-аналармен тығыз ынтымақтастыққа, өскелең ұрпақты өзара құрмет және мәдениетті мінез-құлыққа тәрбиелеуге, балаларды жалпы адамзаттық құндылықтарға бейімдеуге ықпал ететін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы негізінде құрылғаны туралы атап өтті.
БҚБА және ҚДИ кабинет меңгерушісі Мирошникова Л.И. «Облыстың білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін енгізудің кіріктіру принциптері» тақырыбында сөз сөйледі.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Табиғат - өмір бастауы», «Қайырымдылық және ықыластылық», «Табиғат – қымбат тарту» сабақтарын тамашалады.
Сонымен қатар, мәжіліс залында семинардың қатысушыларына мектептің шығармашыл ұжымы төменгі буын оқушыларын сүйіспеншілік және жақсылық сезімге тәрбиелеуге ықпал ететін «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбындағы жұмыстарын алға тартты.
Семинар-практикум қатысушыларына көмек ретінде адамгершілік-рухани білім беру сұрақтары бойынша әдістемелік материалдар үлестірілді. 
Семинардың соңында қатысушылар мен ұйымдастырушылар бір-бірімен «Өзін-өзі тану» курсының балаларды тәрбиелеу мен оқытуда үлкен маңызы бар екендігі және жағымды әсер ететіндігі туралы өз ойларымен бөлісті.


Ақмола облысындағы «Өзін-өзі тану» онкүндігі

Департамент 2010 жылға арналған адамды адамгершілік-рухани дамытудың ақпараттық жария ету бойынша  облыстық жоспарды орындау мақсатында  Ақмола облысында «Өзін-өзі тану» онкүндігін ақпанның 12-22 не дейін өткізді.

Онкүндік «Өзін-өзі тану» бағдарламаның авторы болып келетін елдің ең бірінші ханшайымы С.А. Назарбаеваның туған күні – 12 ақпаннан басталды.  «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі идеясы оқу мен тәрбие процесіндегі балалар, жасөспірімдерді адамгершілік-рухани құндылықтарға қатыстыру болып келеді.

Онкүндікті өткізудің негізгі мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін барлық білім деңгей оқу процесіне енгізу, мектеп пен отбасының  әлеуметтік серіктестігін нығайту, өзін-өзі белгілеуге жәрдемдесу, тұлғаның ішкі потенциалын көрсету және өзін-өзі дамыту.

Онкүндік кезенінде 7 қалалақы семинарлар өткізілді.

Балалар мектепке дейіңгі мекемелердің басшылары мен тәрбиешілері үшін   «ДДУ-да Өзін-өзі тану» курсын енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру» және  «Оқуды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру»  тақырыптарына араналған семинарлар өткізілді.
№ 13  ОМ –де Көкшетау қаласының мектептерінің директорлары үшін «Тұлға-бағыттаушылыққа көшу жағдайында өзін-өзі тану потенциалы» тақырыбында семинар өтті және № 13  ОМ «Махаббат менің жүрегімде» тақырыбында қаланың оқу және тәрбие жұмысы бойынша 66 директорлар орынбасарлары үшін арнап өткізілді.
Пән мұғалімдері үшін №3 және №13 «Экос» ОМ қазақша және орыс тілінде «Жылы жүрек-жақсы тілек» және «Интеграция қоршаған ортаға толық көзқарас сияқты» тақырыбында 2 семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – өзін-өзі танушылар педагогтары өзін-өзі тану пәні бойынша өмірлік дағдыларды үйрену үшін сабақты оқыту нысандары мен әдістерін көрсету, әдістемелік және дидактикалық материалдар, әдебиеттер, осы пән бойынша оқу-әдістемелік кешендер көрмесі, түрлі дидактикалық әдістерді көрсету. «Өзін-өзі тану» бойынша интегралды сабақтарға аса көңіл бөлінді. 
Сонымен қатар түрлі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды, шығармашылық жұмыстар көрмесі, қызықты тұлғалармен кездесулер, «Өзін-өзі тану» әлемінде» ашық есіктер күні т.б.  өткізілді.  

Онкүндікті өткізу бойынша барлығы  1482 балалар мен 320 ата-аналар, 650 педагог-тәрбиешілер  қатысты.  Өткізілген іс-шаралар саны – 75.


«Шығармашылық әлемінде» отбасы мен мектеп қарым-қатынасы
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамгершілік-рухани білім Бағдарламасын енгізу бойынша жұмыс процесінде тәрбиелеу кезінде ата-аналар мен тәрбиешілердің қарым-қатынасына ерекеш көңіл бөлуде.
«Өзін-өзі тану» онкүндігін өткізу  шеңберінде «Арман» бала-бақшасында «Шығармашылық әлемінде» атты іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның өзгешілігі балалардың ата-аналары қатысты. Онкүндік қарсанында «Ғажайып доп» конкурсы өткізілді. Балалар өздерінің ата-аналарымен қолғанатты материалдан түрлі доптар жасайды. Көрме қызықты және ерекше өтті.
Бұл  күні  ата-аналармен спорттық іс-шаралар өткізілді.
Ата-аналар спорттық конкурстарға, доппен ойнауға қатысты.  Іс-шара ерекше нысанда өтіп, қуанышқа бөленді. Жүргізуші шардың ішіндегі ата-аналарға арналған тілектері бар шарды үрледі. Шар жарылғанда «тілектерді» балалар жинап, ата-аналарына сыйлады. Оларды оқып, түрлі шарларға жапсырды.
Спорттық іс-шарадан кейін «Махаббат сабағы» фильмді көрсетумен ата-аналар қоғамымен кездесу өтті. Фильмнен кейін балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Н.Замолоцких «Өзін-өзі тану» пәнін барлық білім мекемелерінде 2010 оқу жылында ендіру туралы, ата-аналардың бала тұлғасын қалыптастырудағы  ролі, қоршаған ортаға дұрыс қарым-қатынасты, белгілі адамгершілік қалыпты қалыптастыру туралы айтып өтті.


2010 жылғы 19 ақпанда Алматы облысындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің онкүндігі аясында Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп–гимназиясының эксперименттік алаңында «Бөбек» - ғажайып әлемі» атты тақырыпта Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның кітапханасында жинақталған кітаптарға библиографиялық шолу өткізілді.
Кітапхананың оқу залына жиналған оқушыларға ең алдымен «Бөбек» қоры туралы толық мәлімет беріліп, Сара Алпысқызының кітапханасыда жинақталған түрлі кітаптарға кітапханашы Қ.Алтынбекова библиографиялық шолу жүргізді. Бұл жерде көркем әдеби, танымдық кітаптармен қатар С.А.Назарбаеваның өз еңбектері де жинақталған.
Шара барысында балаларға С.Назарбаеваның «Өмір әдебі» кітабынан үзінділер оқылып, адам бойындағы құнды қасиеттерді насихаттайтын дәйек сөздерге анықтамалар берілді. Оқушылар қысқаша сахналық қойылымдар көрсетіп, кітаптағы мәтіндердің үзінділерін жатқа айтты.
Сонымен қатар балалар қолымен жасалған қолөнер бұйымдарының, адамгершілік тақырыбындағы балалар шығармаларының кіші-гірім көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында балалар мен ұстаздар шаттық шеңберін құрып, «Ақ мамам» әнін орындады.


Алматы облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі 2010 жылға арналған Алматы облысы бойынша адамның адамгершілік-рухани дамуының ақпараттық ағарту ісі жөніндегі жұмыс жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылғы 17-26 ақпан аралығында «Өзіңді тани алсаң, әлемді де тани аласың» атты тақырыпта «Өзін-өзі тану» пәні онкүндігін өткізуде.  
Онкүндікті өткізудегі басты мақсат «Өзін-өзі тану» пәнін жалпы білім беретін пәндерде кіріктіре отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытуға мүмкіндік туғызу және мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігін күшейту; жеке тұлғаның өзін-өзі анықтауға, ішкі әлеуетін ашуға жәрдемдесу.
Онкүндік аясында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша және кіріктірілген ашық сабақтар, ата-аналар арасында сауалнама жүргізу,  тәрбие сағаттары, «Өзін-өзі тану» сурет галереясы, пікір-алмасу, тәжірибе алмасу, ата-аналардың мектеп психологімен кездесуілері өткізіліп, «Өзін-өзі тану» сабақтары шеруіне ұласады. «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері бойынша мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары мен мектеп психологтарына арналған арнайы тәжірибе алмасу сабақтары өткізіледі.  
26 апқан күні Талдықорған қаласындағы №14 ортамектеп-гимназиясының мәжіліс залында онкүндік аясындағы сабақтастық фестивалі өткізіледі. Фестивальға Талдықорған қаласындағы №42 балабақша тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары және І.Жансүгіров атындағы ЖМУ студенттері, ата-аналар ұжымы, БАҚ өкілдері қатысады.


Барлық балаларға арналған «Мейірімді жүрек»
ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменттің бастамасымен облыстың білім беру ұйымдарында («Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу және қолдану эксперименттік алаңдарында, балалар үйі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балаларға арналған мектеп интернаттарында) «Алтын жүрек» атты шара өткізілді.
Облыстағы білім беру мекемелерінде ең жақсы тілектер жазылған құттықтау қағаздары және мерекелік гала концерттер, «Мейрімді жүрек» акциясы өтті. Акция аясында суреттер байқауының қорытындысы бойынша көрмелер ұйымдастырылды, әдеби жұмыстар (шығармалар, әңгімелер, өлеңдер, эссе), фотожұмыстар, компьютерлік графикалар дайындау жарысы болды.
Облыстағы барлық білім беру ұйымдарында «Достық - ұлы сөз», «Мейірімділікке жол», «Мейрімділік», «СӨС», және рухани-адамгершілік «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша сабақтар өткізілді. Сонымен қатар әр түрлі нысанда, мазмұнда, тақырыптық сабақтар, сынып сағаттары, ертеңгіліктер, спорттық шаралар өтіп, «Сара Алпысқызы – Казақстан анасы» атты слайдтық фильм көрсетілді.
С.А. Назарбаеваның «Өзіңе жол» кітабын талқылауға арналған әңгіме, оқу конференциясы өткізілді. Осы кітапқа байланысты Риддер қаласының оқу тәрбие кешен-лицейінде «Алтын жүрек» атты фильм түсіріліп, балалар оны көріп талқылады.
Үржар ауданы «Науалы балалар үйінің» 7 және 9 сынып оқушылары Ақерке Қасенова, Вероника Рыльская, Мөлдір Төлеубекова, Лариса Никулина, Ксения Бердюгина  дайындаған  ең үздік жұмыстары Сара Алпысқызы Назарбаеваға сыйлық ретінде жіберілді.

 


«Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!»
2010 жылғы 12 ақпанда облыстық орталықтың Достық үйінде «Бір-бірімізге сүйсініп, қайран қалайық!» қорытынды форум-фестиваль  өтті. Оған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттік алаңдардың балалары, ата-аналары, педагогтары, тәрбиешілері қатысты. Әр алаң өзінің жеке-дара презентациясын дайындады, ол эксперименттің нәтижелерін, балалардың шығармашылық әлеуетін, 8 жылдың ішінде осы бірегей «Өзін-өзі тану» пәнін оқу бырысында балалардың өздері, ата-аналар мен мұғалімдер нені үйренгендерін көрсетті.
Қарап, қуануға себеп көп болды: фестивальдың бағдарламасы 3 блоктан тұрды: бірінші блок, еліміздің Бірінші Ханымы, барлық қазақстандық балалардың Анасы – Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналды, ол Қазақстандағы барлық балалар үшін ең жақын адамның бірі. Сара Алпысқызының арқасында жүздеген қазақстандық балалар отбасыларын тауып, қолдауға ие болды. Оның қолдауымен біздің облыста отбасылық үлгідегі 9 балалар үйлері қызмет етеді, онда 200-ден аса балалар өмір сүреді. 2001 жылдан бастап Бірінші Ханымның бастамасымен  республикада, оның ішінде Павлодар облысында адамгершілік-рухани құндылықтарды жандандыру бойынша «Өзін-өзі тану» жаңа жоба іске кірісті.  4000-нан астам павлодарлық балалар осы пәнді оқиды. Облыстың білім беру жүйесі барлық білім беру ұйымдарына: балабақшаларға, колледждерге, лицейлерге, жоғары оқу орындарына жаппай енгізуге дайындалуда.
Залға кіре берісте балалардың құқықтарын қорғау департаментінің белсенділері қонақтарға мерекелік жалаулар мен мақпал жүректер силады. Достық үйінің фойесінде шығармашылық және техникалық мектептердің балалар жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның қатысушылары мен қонақтарын Павлодар облысы әкімінің орынбасары – Р.М. Жұмабекова жылы қарсы алды, бүгінгі қазіргі заманда балалар – XXI ғасырдың капиталы деп атап өтті. Ақылды, білімді және қорғалған балалар – бұл мемлекет пен үлкендердің міндеті.
Бірінші блокта балалар қазақстандың аналарына арнаған өлеңдерін айтып, тақпақтарын оқыды, оның сүйетін әндеріне би биледі.
Екінші блокта 9 эксперименттік алаң «БІЗ АНАМ ЕКЕУІМІЗ БІЛІМ ЖОЛЫМЕН ӨЗ ӨЗІМІЗГЕ - ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУҒА ЖҮРДІК» өздерінің жеке-дара бағдарламаларын көрсетті. Оқушылар мен мұғалімдер өз тәжірибелерін көрсетуге креативті келді және өздерінің өзін-өзі тану сапаларын көрсетуге тырысты.
Үшінші блокта эксперименттік алаңдарды марапаттау және «Менің жарқын жолым» - «ЖҮРЕГІМДІ МАХАББАТ ҮШІН АШАМЫН» шығармалар конкурсының нәтижесі шығарылды. Форум-фестивальдің ұйымдастырушылары әр алаңның еңбегін тек дипломдармен ғана емес, сондай-ақ «шаруашылықта» қажет құнды заттармен атап өтуге тырысты, бірінші басшылар - кәсіпкерлік және өнеркәсіп, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылық, спорт және дене тәрбиесі, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, білім беру басқармаларының бастықтары, балалардың құқықтарын қорғау департаменті компьютерлерді, мызукалық орталықтарды, DVD-плеерлерді  сыйға тартты.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. Наурызбаева «Бөбек» Қорының қайырымдылық көмегін алушы оқушылар мен студенттерге сертификаттарын табыстады, оқуларына сәттілік пен жақсы өмір жолын тіледі. Бүкіл бағдарлама слайдтық бағдарламалармен және бейнефильмдермен ілесті.
Форум-фестивальға ең жақсы балалар шығармашылық ұжымдар қатысты, олар өздерінің музыкалық сыйлықтарымен мерекелік кешті аяқтады.


2010 жылғы 11 ақпанда Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Алматы облыстық нашар еститін және саңырау балаларға арналған аранаулы мектеп-интернаттық мәжіліс залында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті нығайтудың жолдары» атты тақырыпта дөңгелек үстел отырыс өткізілді. Дөңгелек үстел отырысына І.Жансүгіров атындағы ЖМУ аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өзін-өзі тану» пәні мұғалімдерінің «Мейірімділік бастауы» шығармашылық бірлестігінің төрайымы Асыл Жексембайқызы Құрақбаева, «Алматы облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәния Сәлімбайқызы Қыдырбаева, «Дос» жастар орталығының психологі, педагогика ғылымдарының кандидаты Марианна Амангелдіқызы Сыдықбекова, аталмыш орталықтың менеджері Гүлмира Офабекқызы Кенжекова шақырылып, Талдықорған қаласында орналасқан 25 мектептің психологтары мен ата-аналар комитеттерінің төрағалары, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында А.Құрақбаева жиналған психолтар және ата-аналармен «Өзін-өзі тану» бағытында тренинг жүргізіді, Д.Сәлімбаева мен М.Сыдықбекова баяндамалары тыңдалды. Іс-шара барысында «Еркін микрофон» арқылы ата-аналар өз пікірлерін айтып қана қоймай, алаңдатып жүрген сұрақтарына жауап ала алды.
Дөңгелек үстел аяғында адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы А.Үшкемпірова Талдықорған қаласының мектептерінде эксперименттік түрде «Ата-аналар мектебін» құруды ұсынып, жиналғандарға әдістемелік құралдар таратты. Бұл жобаны алғашқы болып Талдықорған қаласының №4 орта мектебінде  жүзеге асыруды ұсынды.

 


Рудный қаласы әкімдігінің № 8 балалар бақшасының эксперименталды алаң базасында балалар бақшасы мен № 9 мектепті сабақтастыру шеңберінде бірлескен Махаббат күніне арналған «Ертегі әлемінде қонақта» іс-шара өткізілді.
«Мұрагер» балалардың оқу-тәрбие орталығының тәрбиленушілері бұл күні өздерінің ата-аналарын өнерлі концерттік нөмірлерімен қуантты. Балалар әдейі осы мерекеге арнап тігілген әсем, сәнді киімдермен шықты.
Іс-шараның мақсаты театралды іс-әрекетке қызығушылығын, ұжымдық, мейірімділік  сезімін дамыту болып табылады.
Балалар бақшасының есігі бірінші сынып оқушылары және шағын орталықтың тәрбиеленушілері үшін айқара ашылды. Залда орнаған ғажайып атмосфера, сәнді киімдер және әсем бейнелемелер, кішкентай актерлердің – балабақшаның тәрбиеленушілерінің жоғары деңгейдегі ойындары көрермендердің көңілінен шықты.
Ду қол шапалақ және «Жарайсың!» деген дауыстармен театрлық көріністерді аяқталды.

Қостанай қаласының № 3 орта мектебінде және Рудный қаласының № 10 мектеп-гимназиясында еліміздің Бірінші Ханымы – Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне арналған поэзия кештері мен концерттік бағдарламалар өткізілді.


«Ерекше» балалар ертегі үйінде қонақта
Көкшетау қаласының «Аққу» бала-бақша тәрбиеленушілері, жас өзін-өзі танушылары «Аялау» уақытша болу орталығының мүгедек-балаларын қонаққа шақырды.
Бала-бақша тәрбиешілері мен балаларымен қойылған «Жақсы ертегілер  калейдоскопы» театрлық куколдық көрінісісінің көрсетілуі ерекше қуанышты білдірді. Артистер әзіл-қалжың, ойындар, жарыстарды өткізді. Тәтті сыйлықтармен мадақтаумен марапатталған балалар конкурсқа қатысты. Бала-бақшаның директоры Г.К. Жүніс барлық балаларды, ата-аналарды, қонақтарды «Өзін-өзі тану» мерекесімен құттықтап барлық балаларға қамқорлық пен көңіл бөлгендері үшін балалардың құқықтарын қорғау департаментіне өз алғысын білдірді.
Департамент өкілі Ж.И. Абылхаева білім мен бос уақыт қызметіне мүмкіншілігі шектеулі балалардың құқықтарын жүзеге асыруға көмектескені үшін педагогтар мен жас артистер, ата-аналарға өз алғыстарын білдірді.
Мерекенің аяқталуында мүгедек-балалар үшін тәтті столдар ұйымдастырып, бала-бақша тәрбиеленушілері өз қолдарымен жасаған сыйлықтар табыс етілді. Осы мерекеде әрбір бала қоғамның толық  мүшесі болып сезіне білді, сонымен қатар құрбыларының, үлкендердің қамқоршылығымен, махаббатымен қоршалғандай болды.


Сара апамызға арнаймыз...
Телеэфирге «Өзін-өзі тану» сабағы 2 тележурналы шықты:  орыс тілінде МДҰ №7 дайындық топтары арасында «Өмірге де ризамын...» тақырыбында сабақ. 
МДҰ №22 тәрбиешісі   дайындық тобында «Дос  болайық  бәріміз» тақырыбында сабағы көрсетілді.
Тележурнал  көрермендер жүрегінен орын алып «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасының  белгілі қызығушылығына айналды.
Қарғалы аудандық газетінде «Айгөлек» бала-бақшасының тәрбиешісі «Балаларды адам құндылықтары әлеміне  жетелеу» мақала шығарды, ал     Темір аудандық газетінде Шұбарқұдық гимназиясының оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары «Өзін-өзі тану» мақаласын шығарды.
Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп гимназиясында «Өзін-өзі тану» пәнінің  енгізілуі, білім беру ұйымдарындағы мәселелер және олардың шешілу жолы туралы семинар өткізілді.  Семинарда 60 педагог, оқушылар және ата-аналар қатысты.
Семинар қатысушылары:
-«Егерде қайырымды болсан, денің сау және көнілді боласын»;
-«Достық құдіреті»  тақырыптарына арналған сабақтың куәсі болды.

Бүлдіршіндер, оқушылар өздерінің құттықтауларын Сара апамызға жіберді.


«Ел Анасына арнаймын» шығармашылық конкурс
2010 жылдың 10 – 25 қаңтар аралығында Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен облыстағы білім ұйымдарының оқушылары арасында «Ел Анасына арнаймын» шығармашылық конкурсы жарияланды, конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: фото жұмыстар, ашық хат, әдеби жұмыстар (эссе, өлең, ән), сурет, компьютерлік графика, қол өнер, қол бұйымдары, видео жолдау.

Конкурстың мақсаты: балалардың қайырымды істер жасау талпынысына, әдептілік пен сезімталдықтарын, қайырымдылықтарын көрсетуге жағдай жасау,  баланың рухани өрісін дамыту болып табылады. Конкурстың негізгі бір міндеті балаға қоғамдағы адамгершілікті, шыдамдылықты, қайырымдылықты дамытуға әр адамның қосқан үлесін түсіндіру болып табылады.

Әр білім ұйымында конкурстың нәтижесі шығарылды, жеңімпаздар грмотамен және сыйлықтармен марапатталды. Үздік жұмыстарды анықтаудың негізгі белгісі конкурстың тақырыбын ашу, жұмыстың көркемдік және техникалық сапалығы, мазмұны, айқындығы, түп нұсқалығы, шынайлылығы болды.   

Конкурстың қорытындысын шығаруға біздің облыстан 60 білім ұйымдары мен төмендегі білім бөлімдері қатысты: Қарағанды, Сәтбаев, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Саран, Шахтинск  қалалары мен Абай, Осакаровск, Шет, Жаңаарқа, Ақтоғай аудандары.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне әр-түрлі номинациялар бойынша 600 астам жұмыстар ұсынылды. Әділ қазылар Департаменттің алғыс хатымен марапаттауға және көрмеге қоюға  үздік жұмыстарды таңдады.

2010 жылдың 4 ақпанында Қарағанды қаласының Балалар және жеткіншектер сарайының базасында балалар шығармашылығының көрмесі ашылды, үздік жұмыстардың  авторлары марапатталды. Марапаттау салтанатына «Волшебная страна» хореографиялық ансамблі, даму мүмкіншілігі шектеулі жетім балаларға арналған облыстық балалар үйінің би ұжымы, Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназияның үгіт топтары қатысты.  Үлкен экранда №101 мектеп-лицейдің оқушыларының видео жолдаулары мен Қарағанды қаласының «Алтынай» балабақшасының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілердің музыкалық ашық хаты көрсетілді, бұл жұмыстар «Компьютерлік технология» номинациясы бойынша үздік жұмыстар болып танылды. Сахнада «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваға арналған балалар шығарған шығармалар оқылды, «Асем» отбасы түріндегі балалар үйінің тәрбиеленушісі Маслак Влады өлең оқыды және Қарағанды қаласының №101 мектеп-лицейінің 3 сынып оқушылары өздері шығарған ән салды.

Конкурстың жас қатысушыларына өзін-өзі тану идеясы жақын және түсінікті болғаны қуантады. Балалар өз шығармашылық жұмыстарын адамгершілік-рухани тәрбие берудегі әр-түрлі проблемалар туралы ойлайды, олардың өміріндегі отбасы рөлі туралы айтады. Сара Алпысқызы Назарбаеваға көптеген алғыс сөздер айтылды. Конкурс ересектерге де балаларға да біздің қоғамдағы адамгершілік және рухани проблемалары туралы ойлануға мүмкіндік берді.  

Балалардың шығармашылық жұмыстары «Бөбек» ҰҒПБСО, қайырымдылық үйлеріне, ардагерлер үйлеріне жолданады.


Мейірімділік сабақтары
2010 жылдың 11 ақпан күні ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің қатысуымен Шымкент қаласындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін тәжірибе алаңдарында №39 «Інжу-Маржан» бала-бақшасында және №23 З.Космодемьянская атындағы көпсалалы мектеп-лицейінде, № 45 Н.Королев атындағы мектеп-гимназиясында балаларды ізгілікке, әдептілікке, мейірімділікке, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында «Мейірімділік пен махаббат» күні ұйымдастырылды. Бұл күні «Мейірімділік әлемі», «Учимся дарить любовь», «В стране вежливости и добра» тақырыбтарында сабақтар өткізілді. Сабақ барысында балаларға ертегі оқылып, тәрбие жайлы әңгімелерден үзінді келтірілді. Балалар өздерінің жүректерінен шыққан жылы лебіздерін қағазға түсіріп бір-біріне сыйлады.  Әр бала сабақтан алған әсерімен, жылы лебіздерімен бөлісті. Бұл сабақтардан балалардың жүрегіне үлкен махаббат пен мейірімділік шуақтары қонып, сиқырлы әлемнен шыққандай әсермен тарқасты. Өткізілген сабақтар облыстық «Отырар» телеарнасының «Ата анасыз бір сағат» бағдарламасына түсірілді.


«Аспекты нравственно-духовного воспитания  предмета Самопознание»  тақырыбындағы оқыту семинар-практикумы
Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2010 жылға арналған адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағартудың жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 10 ақпанында  Орал қаласы № 7 жалпы орта білім беретін мектебінде «Аспекты нравственно-духовного воспитания  предмета «Самопознание» тақырыбында оқыту семинар-практикумы өткізілді.
Аталған шараның басты мақсаты – «Өзін-өзі тану» пәнін жалпы орта білім беру жүйесіне  2010-2011 оқу жылында енгізуге  дайындық.
Шара жұмысына облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім беру бөлімінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, бастауыш сынып мұғалімдері, барлығы 55 адам қатысты.
Шараға қатысушылардың назарына рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған кітаптар көрмесі ұсынылды.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері С.Сафронова, А.Нұрмуханбетова осы тақырып бойынша әдістемелік коллаж өткізіп, өзін-өзі танудың жеке пән ретіндегі кіші және орта буындарында базалық мазмұнын анықтауға белгіленген бағдарлары мен негіздері туралы айтып шықты, «Сила здоровья», «Чуткость и отзывчивость» тақырыптары бойынша Е.Кириченко, Л.Переверзеваның   2-3 сыныптарда ашық сабақтары өткізілді.
Жұмыс барысында шараға қатысушылар психологиялық тренингтерге қатысып, «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшелігін белгілеп, өз ойларын ортаға салды.


Ақпанның 12-нен 20-на дейінгі Ақмола облысында өткізілетін Өзін-өзі тану онкүндігі
Ақмола облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Адамды адамгершілік рухани дамыту бөлімі 2010 жылға арналған адамның  адамгершілік рухани дамыту бөлімін ақпараттық жариялау бойынша іс-әрекет жоспарын жүзеге асыру шеңберінде ақпанның 12-20 дейін «Адам-елдің басты байлығы» атты ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ОНКҮНДІГІН өткізу жоспарлаған.
Кітапханаларда, мәдениет үйлерінде, қосымша білім беру мекемелерінде және сынақ мектептерінде тақырыптық викториналар, диспуттар, таңертенгіліктер, конкурстар, адмгершілік рухани дамыту тақырыбына арналған көрмелер ұйымдастырылады, семинар-отырыс, конференциялар және т.б. ата-аналық және педагогикалық қоғамдықпен кездесулерді өткізу жоспарланған.
Іс-шараның қорытынды мәресі  орталық мәдениет орталығында Өзін-өзі тану Фестивалін өткізумен аяқталды. Бұл бағдарламада баспа-конференция, өзін-өзі тану педагогтарының оқу-әдістемелік материалдардың тақырыптық көрмесі, «Мейірімділік жолымен» концерттік бағдарлама, сонымен қатар мадақтамалармен, дипломдармен, өзінөзі танушылар аландары басшыларының ерекше белгілермен марапатталды. 


«Өзін-өзі тану»  пәні арқылы тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту» баспасөз мәжілісі
Адамның тұлғалық әлеуетін барынша ашуға бағытталған балалар мен жастарға адамгершілік-рухани білім беру қазақстандық білім жүйесін дамытуға бағытталған бағыттың бірі.
«Өзін-өзі тану» пәнін 2010 – 2011 оқу жылына жалпы енгізу қарсаңында тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту процессін ақпараттық жариялаудың, осы пәнді енгізу мен насихаттау бойынша біздің облысымызда жүргізіліп жатқан сынақ жұмыстарының тәжірибесін тарату мен жариялаудың мәні мен рөлі өсуде. Қарағанды облысында 2010 жылға арналған тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық жариялау бойынша Қарағанды облысының мүдделі құрылымдарының өзара қызмет ету жоспары әзірленіп және бекітілді.
Осы жоспарға сәйкес Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті ішкі істер басқармасымен, облыстық МББҚБА және ҚДИ бірігіп 2010 жылдың 4 ақпанында «Өзін-өзі тану»  пәні арқылы тұлғаны адамгершілік-рухани дамыту» баспа-сөз мәжілісі өткізілді.
Мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын насихаттау және енгізу бойынша біздің облысымызда жүргізіліп жатқан сынақ жұмыстардың тәжірибесін тарату, тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық жариялауға жағдай жасау.
Баспасөз  мәжілістің жұмысына балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б.Киселева, МББҚБА және ҚДИ ректоры С.С.Қонтаев, БАИ жадындағы «Өзін-өзі тану және тәрбие» зертханасының меңгерушісі Н.П.Чеснокова, ішкі істер басқармасының «Жастар бастамасының орталығы» әлеуметтік технология секторының меңгерушісі Ф.Я.Ишмухаметова және облыстағы БАҚ өкілдері қатысты.
Баспасөз мәжілісінің барысында өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани білім беру мәселелерін шешу бойынша облыстағы мүдделі құрылымдардың өзара қызмет етуі туралы  ақпарат ұсынылды.
Еркін микрофон барысында қатысушылар пікірлерімен алмасты, тілшілер мәселені талқылауға қызығушылық тудырды және баспа-сөз мәжілістің тақырыбын өзекті деп атап өтті.
  


«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу бойынша Семей қаласында өткен қалалық ғылыми-әдістемелік семинары туралы
2010 жылғы 5 ақпанда  Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысымен Семей қаласының  мектеп директорларына арналған «Семей қаласының білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуді ұйымдастыру» тақырыбымен қалалық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты:
- 2010-2011оқу жылында білім мекемелерінің «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге дайындығы;
- тұлғаның рухани-адамгершілік дамуы  бойынша ақпараттық ағарту;
- «Өзін-өзі тану» пәнін сынақтан өткізу және енгізу бойынша эксперименттік алаңдардың үздік  тәжірибелерін насихаттау.
Адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы семинар жұмысының ашылуына арналған сөзінде  қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысының  балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Өзін-өзі тану» пәнін білім мекемелеріне жаппай енгізу бойынша  ұйымдасқан іс-шаралар жоспары жайлы және 2010 жылға арналған адамның рухани-адамгершілік дамуы бойынша ақпараттық ағарту жұмыс жоспарымен таныстырды. 
Семинар барысында Семей қаласының білім бөлімімен қала мектептерінде жаңа пәнді енгізу бойынша атқарылып жатқан дайындық жұмыстары,  дайындық барысындағы мәселелер жайлы, Семей қаласының балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарындағы эксперименттік алаңдар тәжірибелерін қорытындылау бойынша баяндамалар тыңдалды.
Сондай-ақ, мектеп директорлары «Өзін-өзі тану» пәнін  енгізудің мақсаттары мен міндеттері және  келешегі жайлы, оны енгізу ерекшеліктері, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, құзіреттілік білім беруді жүзеге асырудағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мүмкіндіктерімен таныса алды.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаңа оқу жылында сәтті енгізу үшін    педагогикалық кадрлерді дайындау курстарын ұйымдастыруға ерекше  назар аударылды.


2010 жылдың 30 қаңтарында Талдықорған қаласындағы №14  және Қарасай ауданындағы Абай атындағы орта мектеп-гимназияларының «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша жұмыс істейтін эксперименттік алаңдарында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі балаларды адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеу, ата-ананың жауапкершілігін арттыру, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты жандандыру мақсатында   ата-аналарға арналған ашық есік күнін ұйымдастырды. Сабақтар «Все мы родом  из Детства», «Жақсы көру – жақсы қасиет» тақырыптарында өткізілді.
Сабақ барысында ата-аналар балалармен бірге шаттық шеңберін құрып, берілген дәйексөзді талқылап, сахналық қойылымға қатысып, сабақтарға талдау жүргізіп, өз ойларымен бөлісті.
Сабақ соңында жазбаша түрде «Өзін-өзі тану» пәніне деген ризашылықтарын  білдірді.
Өткізілген сабақтар облыстық «Жетісу» телеарнасының «Көкжиек даңғылы» бағдарламасына түсірілді.


Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған семинар туралы
2010 жылдың 28-30 қаңтары аралығында мектепке дейінгі білім беру ұйымдарынан қоғам мен ата-аналар арасында жоғары кәсіптік рейтингке жеткен, шығармашылыққа бейім басшыларды анықтау және олардың басқару құзіреттілігін дамыту мақсатында, сонымен қатар, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын эксперименттік алаңдардың жұмыстарымен және «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жағдайында оқыту ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында Астана қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына арналған «Білім апталығы» атты семинар өтті.
Аталған іс-шара Білім басқармасымен, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Астана қаласының Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен ұйымдастырылды.
Семинардың әрбір күні айқын тақырыпқа арналды.
1 күн (28.01.2010 ж.) – «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының инновациялық қызметтік басқаруы». Модератор – Л.К.Боранбаева.
2 күн (29.01.2010 ж.) – «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқыту технологиясы». Модератор – А.Ж.Байботанова.
3 күн (30.01.2010 ж.) – «Қысқы ертегі» театрландырылған көрініс.
Семинардың екінші күні №29 «Ақ қайың» балабақшасында өтті. Семинар «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу жағдайында адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелеріне арналды, алғашқы сөзді  Алматы қаласының «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі Т.К.Лукашева «Технология преподавания и организации учебно-воспитательного процесса в детском саду «Самопознание» атты тақырыбында ашты. Ол қонақтарды бала бақшада  «Өзін-өзі тану» оқыту-тәрбиелік процесін ұйымдастырудың ерекшеліктерімен және әдістемелерімен таныстырды. Семинар жұмысын Л.Н.Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Ф.Н.Жұмабекова «Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдістемелік негіздері» тақырыбындағы баяндамамен жалғастырды. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Е.С.Жиренбай өзінің «Өзін-өзі тану» пәні - адамгершілікке тәрбиелеу пәні» тақырыбындағы баяндамасында «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ерекшелігіне, адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағартудың маңыздылығына, «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізу бойынша ақпараттық-әдістемелік қолдауға бағытталған Астана қаласының Білім басқармасымен және Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен бірлескен жұмыстарына тоқталды. Семинарға қатысушыларды құзіретті мемлекеттік органдарының бірлесуімен іске асырылатын, Астана қаласы әкімінің орынбасары бекіткен Астана қаласында адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту бойынша жұмыс жоспарымен таныстырды.
Семинардың қорытынды бөлімінде №29 «Ақ қайың» және №35 «Сказка» балабақшаларының шығармашылық топтарымен дайындалған мастер-класс болды.


«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы» атты баспасөз конференциясы
2010 жылғы 29 қаңтар күні Білім беру жүйесіндегі жаңа технологиялар, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы»  тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Пресс-конференцияға облыс әкімдігінің өкілі, ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы, «Өзін-өзі тану» пәні курсының жетекшілері, БАҚ өкілдері: «Оңтүстік Қазақстан», «Халық үні», «Жанубий Қазоқистан», «Ұстаз нұры-информ», «Алтын Ұя», «Мектеп журналының»,«Қазақстан-Шымкент»,«Айғақ», «Отырар» телеканалының тілшілері қатысты.
Конференцияның басты мақсаты, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Түймебаевтың адамгершілік тәрбиеге байланысты тапсырмасына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2010 жылға арналған «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелеріне қатысты ақпараттық ағарту жұмыстарын іске асыру, БАҚ арқылы «Өзін-өзі тану», адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу.
Конференция барысында ОҚО білім басқармасы бастығының орынбасары С.Жарқынбекова «Өзін-өзі тану» пәнінің бүгінгі жағдайына тоқталып өтті. 
ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  директоры   Ғ.Жүсіпова:
- Бүгінгі  баспасөз  - конференциямызға ОҚО ішкі саясат басқармасының,  мәдениет басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысып отырғандығында үлкен мән бар.  Өйткені біз баспасөз – конференциясы арқылы  жұртшылыққа  «Өзін-өзі тану» пәнінің қоғамдағы негізгі алатын орнын, мақсаты мен міндеттерін түсіндіруді алға қойып отырмыз. «Өзін-өзі тану» пәнін БАҚ арқылы насихаттау, осыған сәйкес ақпан айында бейне ролик  әзірлеу жоспарланып отыр.  Бұл жоспар ОҚО ішкі саясат басқармасының  көмегімен іске аспақ.. Сондай-ақ «Ұстаз нұры» газетінің бір бетінде осы пәнге байланысты айдар ашпақпыз. «Өзін-өзі тану» пәні арқылы біз өзін бағалай білетін бала тәрбиелеп отырмыз. Сара Алпысқызының бұл бастамасына қазіргі таңда хат арқылы өз алғысын  білдіріп жатқан ата-аналар көпшілік.
ББЖЖТПКБА  және ҚДО бастығының орынбасары  Б.Ахтаев:  2010-2011 оқу жылына «Өзін-өзі тану»пәніне арналған мемлекеттік стандарт және оқулық, әдістемелік оқу құралдарына республикалық бюджеттен   289 млн.957 мың қаржы бөлініп отырғанын,  осыған орай барлық оқушылар түгелімен оқулықтармен, ал пән мұғалімдері әдістемлеік құралдармен қамтамасыз етілетінін хабарлады. Сонымен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатындағы жұмыстар да жоспарланып, өз деңгейінде жүргізіліп жатқанын жеткізді.


Қызылорда облысының адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту мәселесі бойынша өткізілген БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫ
Облыстық адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру бойынша           28 қаңтарда облыс әкімдігінің баспасөз орталығында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен облыстағы адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтті.
Өткізілген баспасөз мәслихатының мақсаты: білім беру ұйымдарының барлық деңгейлерінде жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының жаппай ендірілуіне байланысты қоғамның назарын адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелеріне аудару; жалпы оқу процесіне «Өзін-өзі тану» пәнінің жаппай енгізілуіне ықпал ететін оқыту ақпараттық кеңістігін құру; балалар мен жасөспірімдер арасында адамгершілік және рухани  бағыттарды қалыптастыру әдістері мен тиімді шараларын анықтау; бағдарламаның негізгі бағыты жас ұрпақты оқу-тәрбие жүйесінде адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.
Баспасөз-конференциясына Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының директоры Б.Елеусінов, білім мекемелерінің өкілдері, республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері қатысты.
Аймақта «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының оңтайлы шешімін тапқандығы, жұмыстың жүзеге асырылуы облыс әкімінің орынбасары М.Б.Мұхамедовтың бекітуімен облыстық адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған ведомствоаралық іс-қимыл жоспары туралы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне түсіндірілді.
Баспасөз–конференциясында аймағымызда барлық білім мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнінің жаппай ендірілуіне байланысты дайындық жұмыстарын жүргізу үшін ақпаратпен қамтамасыз ету, бағдарламаны енгізуде педагогикалық мамандардың біліктілігі, оларды дайындық курстарынан өткізу және оқу-әдістемелік құралдарына аса мән берілді.

Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры қатысушыларға «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізудің ақпараттық қызметін ұйымдастыру бойынша жұмыстардың басты бағыттары туралы таныстырды, құрамына ата-аналар қоғамы мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінен тұратын облыстық, қалалық және аудандық жұмысшы топтарының іс-шараларына аса мән беріп, атап көрсетті. Сонымен қатар, ол «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығы адамның адамгершілік-рухани дамуы гумманитарлық колледжіндегі «Әлеметтік педагогика және «Өзін-өзі тану» мамандығы бойынша мемлекеттік гранттары арқылы оқу үшін атқарылып жатқан кәсіби бағыттағы жұмыстар туралы баяндай отырып, осы мәселені баспасөз өкілдерінің басты назарына ұсынды. Жалпы өткен баспасөз мәслихатында Қызылорда облысындағы барлық мүдделі органдар тарапынан адамның адамгершілік-рухани даму мәселесін жарықтандырудың мақсатты бағыттары анықталды.


2010 жыл – «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жаппай енгізу жылы
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы Павлодар облысының білім беру орындарына 2002 жылы енгізілді. Бүгінгі күні облыс бойынша 9 эксперименттік алаңда 4 мыңнан аса  оқушы «Өзін-өзі тану»  бірегей әдістемесі бойынша оқиды. Бұл пәнді 26 оқытушы жүргізеді. Олардың барлығы «Бөбек» ҰҒПББ және СО, Республикалық және облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттарында сәйкес дайындықтан өтті.
8 жыл ішінде эксперименттік алаңдармен мол тәжірибе жиналды, әдістемелік жинақ құрылды, мемлекеттік органдармен: білім беру басқармасымен, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институтымен, балалардың құқықтарын қорғау департаментімен тығыз, жемісті қарым-қатынас қалыптасты. 2006 жылы Павлодар облысының педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институты негізінде «Өзін-өзі тану және тұлғаны әлеуметтендіру» кабинеті ашылды.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен 2007 жылы «Радуга» өзін-өзі тану мұғалімдерінің клубы құрылды, педагогтармен жұмыс тәжірибесін алмастыру мақсатында әрбір эксперименттік алаңда көшпелі мәжіліс өткізу шешімі қабылданды.
2007 жылы Павлодар облысының бастамасымен «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің ролі және орны» респубикалық семинар өткізілді.
Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің ұсынымдарына сәйкес облыстың балалар үйлері мен интернаттық мекемелерге «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттік алаңдар бекітілді.
2009 жылдың қыркүйегінен бастап «Қазақстан» ҚТРК  Павлодар телекөрсетілімінде «Өзін-өзі тану» - «Самопознание» телебағдарламасы ашылды.
2009 жылы Алматы қаласында «Бөбек» ҰҒПББ және СО Адамды үйлесімді дамыту «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі ашылды, онда Павлодар облысынан 5 студент оқиды.
2010 жылғы 27 қаңтарда Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. А. Наурызбаева «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жариялау бойынша консультациялық жұмылдыру тобының мүшелерімен семинар-кеңес өткізді.
Екі айдың ішінде консультациялық жұмылдыру тобының мүшелері «Өзін-өзі тану» пәнінің негізгі ережелерін түсіндіру жөнінде көшпелі семинарлар өткізетін болады. Жұмылдыру топтарының қатысушылары үшін департамент мамандарымен портфолио әзірленді, оған «Өзін-өзі тану» бағдарламасын түсіндіру жөнінде сұрақтар мен жауаптар түріндегі ақпараттық әдістеме, эксперименттік алаңдардың қызметі туралы кітапша және бейнефильм, ақпараттық жариялау жинағы, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт енді.
Эксперименттік алаңдардың барлық педагогтары «Өзін-өзі тану» пәнін зерделеу және енгізу өзін-өзі қоршаған ортамен үйлесімді тәрбиелеуге және дамытуға қабілетті адамды қалыптастыру міндетін іске асыруға мүмкіндік беретінін байқады. Бұны 2009 жылы педагогтар балалардың адамгершілік деңгейіне мониторинг жүргізу арқылы дәлелдейді. Осылайша, мысалы, алынған нәтижелер психофизиологиялық, жеке-психологиялық, тұлғалық, шағын топтық, әлеуметтік деңгейде тұрақты оң динамика қалыптасқанын дәлелдейді.
- 85% бастауыш сынып және 94% орта буын - өздерінің мінез бітістерін бағалай алады;
- 65% бастауыш сынып және 80% орта буын - өздерінің мінез-құлқы мен эмоцияларын реттей алады;
- 80% бастауыш сынып және 100% орта буын - өздерінің алып жатқан білімдерінің болашақтағы маңызын түсіне алды.
Өзін-өзі тану білім берудің құндылықтарын күшейте отырып, тұлғаның шексіз сүю, өзіне және күшіне сену, жақсылық жасау, танымдылығын көбейтіп, жетілуге, дамуда үйлесімдікке жету қабілеттерін ашады және дамытады.

 


«Оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі  тану пәнінің рөлі мен орны» облыстық семинар-практикумы
Қазіргі уақытта жеке тұлғаға адамгершілік-рухани білім берудің толық жүйесін құруға мүмкіндік туды. Бүгінгі таңда бала өмірі үшін маңызды - қоршаған орта, табиғат, жер, қарым-қатынас, еңбек – адамгершілік қатынастарымен сезіледі. «Өзін-өзі тану» курсының әдісі осының бәрін бірлескен күшпен табуға мүмкіндік береді. 
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Лисаковск қаласы әкімдігінің «Мұрагер» балалар бақшасы базасында «Оқу-тәрбие үрдісінде өзін-өзі  тану пәнінің рөлі мен орны» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. 
Семинардың өткізілу мақсаты - жалпы адамзат құндылықтарының негізі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, оқу барысында     өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу дайындығына ықпал ететін білім беретін ақпараттық кеңістік құру, эксперименталды алаңдардың тәжірибелік қызметтерімен танысу.
Семинар жұмысына 40 адам қатысты, олардың ішінде Лисаков, Рудный қалаларының, Қамысты, Таран және Денисов аудандарының мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша республикалық экспериментке қатыспайтын жетекшілер, әдіскерлер. 
«Мұрагер» БОТО директоры Захарова Любовь Михайловна семинарға қатысушыларға «Оқу-тәрбие үрдісіндегі өзін-өзі тану пәнінің рөлі мен орны» мектепке дейінгі мекеменің видео тұсаукесерін ұсынды, онда балалар іс-әрекетінің барлық саласында өзін-өзі тану пәнінің әсері мен рөлін көрсетті.
Семинар барысында қатысушылар «Терезені ашып қой» авторлық әдістемелік өнімдердің көрмесімен танысты. Көрме материалдары бөбекжайлардың жетекшілері мен әдіскерлері арасында таратылды.
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар «Бір шаңырақ астында»,  «Халық дәстүрін сақтай отырып», «Біз де бақыттымыз» сабақтарына қатысты.
«Бір шаңырақ астында» сабағында өзін-өзі тану пәнін қазақ тілі сабағымен кіріктіру және оқытудың белсенді құралдарын: ойындар, жағдайлар, халық шығармаларын қолдана отырып, тілге қазақ халқының адамгершілік-рухани тұрғылары арқылы ену мүмкіндіктерін көрсетті.
Сабақ мазмұнының мәні семинарға қатысушылардың сезімдерін толғантты.
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің жетекшілері «Өзін-өзі тану» жобасы өскелең ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін толық ашуға және жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ал жобаның өзі педагогтарға бала жүрегін Махаббатпен, Мейірімділікпен жылытуға мүмкіндік береді, кішкентай адамның жүрегіне Жақсылық, Шыншылдық, Өмірлік Қуанышқа деген сенім орнатады.

 


Мұғалімдер  «Өзін-өзі  тану» пәнін өқу процессіне енгізуге дайындық үстінде
2010 жылдың 28 қаңтар күні Ақтөбе қаласындағы №17 мектеп-гимназиясында «Жергілікті білім беру мекемелерінде  «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу: мәселері мен оның шешу жолдары» тақырыбында семинар  өтті.
Семинарға  мұғалімдер, балалар және ата-аналардан 60 адам қатысты.
Семинар екі кезеннен құрылды: теориялық және тәжірибелік.
Теориялық кезеңінде адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Ш.  Сайлагиева, қалалық білім бөлімінің әдіскері Г. Рахатова, психологтар, экспериментатор- мұғалімдер баяндамалар оқыды. Семинарға қатысушылар «Егерде сен мейірімді болсаң, онда сенің денің сау және көңілдісің; Достық қабілеті; Шаттық және оптимизм» тақырыбындағы сабақтардың куәсі болды.


Қызылорда облысының аймақтағы  жаңалықтары
«Өзін-өзі тану» пәнін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұжымдардың педагогикалық тәжірибесін зерттеу, жалпылау, интерактивті студияларды пайдалану арқылы үздік сабақтардың көрсетілімін ұйымдастыру, сондай-ақ, телебағдарлама әзірлеу және бейне-роликтер құру мақсатында департамент облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтымен меморандумға отырды.
Сондай-ақ, бірлескен жұмыс жоспары әзірленді, онда адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің қызметкерлерінің адамгершілік тәрбие беру жөніндегі курстарды өткізуге, жаңа педагогикалық тәжірибені таратуға байланысты семинарлар, дөңгелек үстелдер мен конференциялар ұйымдастыруға қатысуы көзделіп отыр. 
Департамент облыстың барлық аудандарында адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі көшпелі ақпараттық-ағарту топтарының жоспары мен графигін әзірледі.
Осы іс-шараны өткізуді ұйымдастыру адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің қызметкерлеріне жүктелген, олар өз тарапынан сөйлейтін сөздердің тезистері мен таратпа материалдарын әзірледі.
Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бастамасымен, аталған мекеме директоры А.Қаржаубаев басқаратын жұмысшы топ өз жұмысын 2010 жылғы 23 қаңтарда Қазалы ауданының №165 орта мектеп базасында бастады. Балаларға адамгершілік-рухани білім берудің маңыздылығы туралы қызықты әңгімелер қозғалған кездесугеаудандық ішкі саясат бөлімі, аудандык мәслихат депутаттары, аудан мектептеріндегі ата-аналар комитетінің мүшелері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, мектеп психологтары, сынып жетекшілер, БАҚ өкілдері қатысты.  
Департамент директоры «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық ағарту мәселелеріне түсініктеме бере отырып, алдағы уақытта ақпараттық-насихат топтарының жұмыстарын жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының баспа беттері арқылы, интернет-сайттар арқылы жарықтандыру, жұмысшы топтардың өткізген іс-шараларын үнемі ақпаратпен қамтамасыз ету нәтижесінде адамгершілік туралы қоғамдық пікір қалыптасатындығын айтты.
Осыған сәйкес, «Қазалы», «Тұран Қазалы», «Қазалы айғағы» аудандық газеттерінде  адамгершілік-рухани білім беру айдарлары ашылуда.
Осындай кездесу облыста Балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметкерлерінің қатысуымен тоқсанына бір рет өткізіліп тұратын болады. 


Қызылорда облысындағы БАҚ-а адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерінің жарықтандырылуы
2010 жылға арналған адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі аймақтың ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті балаларды жоғарғы адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» бағдарламасының қомақты әлеуетіне, оқу-тәрбие процесіне ендірудің маңыздылығына көпшілік назарын аудару жөнінде ұйымдастырылған жұмыстар жүргізілуде.  Бүгінгі күні аймақтағы қалың оқырман бұқарасының жас ерекшеліктерін ескере отырып, баспасөз ақпарат құралдарында  айдарлар ашылды:
- «Өзін-өзі тану» и «Самопознание» айдары, «Ұстаз үні» қалалық газеті (қазақ және орыс тілдерінде);
- «Өзін-өзі тану әліппесі» айдары, «Өскен өңір» Шиелі аудандық газеті (қазақ тілінде);
- «Адамгершілік – сарқылмас қазына» айдары, «Тіршілік тынысы» Сырдария аудандық газеті (қазақ тілінде);
Облыстық «Сета» радиосында ай сайын эфирге шығатын «Мейірімділік әлемі» айдары ашылды (қазақ және орыс тілдерінде). Эфирге бірінші хабар 22 қаңтарда облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаевтың «Облыс балаларының адамгершілік-рухани дамуын жетілдірудегі Балалардың құқытарын қорғау департаментінің қызметі» тақырыбындағы сұхбатымен шықты.
мақалалар жарияланды:
- «Самопознание: найти свое «Я» - Қызылорда қаласының №198 мектебіндегі «Өзін-өзі тану» сынақ алаңының мұғалімі Н.Шалтақбаеваның тәжірибесі туралы («Кызылординские вести» облыстық газеті, №7 2010 жылғы 15 қаңтар);
- «Біздің келешекке жол – рухани байлықты сақтау» - №35 мектептің жалпымектептік ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Исмағұлованың мақаласы («Тіршілік тынысы», аудандық газеті, №4 2010 жылғы 16 қаңтар);
- «Отбасы тәрбиесі және ұрпақ міндеті» - Түрік этномәдени бірлестігінің төрайымы Г.Гейдарованың мақаласы («Ақмешіт ақшамы» республикалық газеті 04 2010 жылғы 22 қаңтар);
- «Отбасылық жылылық...» - Қызылорда қаласы, Ж.Нұрсейітов атындағы № 233 орта мектептің ата-аналар комитеті төрайымының мақаласы («Ақпарат KZ» республикалық газеті, №2 2010 жылғы 22 қаңтар).
Алдағы уақытта жұмыс динамикалық даму бойынша белсенді жергілікті атқарушы ұйымдардың қатысуымен өз жалғасын таба бермек.


Қызылорда облысында адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі іс-қимыл жоспарының жүзеге асырылуы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған іс-қимыл жоспарына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары М.Б.Мұхамедов Қызылорда облысында адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі 2010 жылға арналған ведомствоаралық іс-қимыл жоспарын бекітті.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру үшін облыстық, Қызылорда қалалық және аудандық жұмысшы топтары құрылды. Департамент директорының 2009 жылғы 25 желтоқсандағы №31 н/қ бұйрығымен балалардың құқықтарын қорғау депаратменті, облыстық ішкі саясат, білім басқармалары, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты, қалалық білім бөлімі және Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті мамандарынан облыстық жұмысшы тобының құрамы бекітілді. Білім басқармасында және балалардың құқықтарын қорғау департаментінде іс-қимыл жоспарын жүзеге асыруға жауапты мамандар тағайындалды. Адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін жарықтандырумен айналысатын журналистер, продюссерлер, режиссерлер тізімі бекітілді.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бойынша ақпараттық ағарту  жөнінде эфирге шығатын телерадио бағдарламалар мен республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарының медиа-жоспары, облыстық ата-аналар кеңесінің төрайымы З.Дүйсебаеваның бекітуімен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ алаңдарының тәжірибесін ата-аналар қоғамының қатысуымен ақпараттық ағарту жөніндегі медиа-жоспар әзірленіп, бекітілді.
Сондай-ақ, қаңтар айында облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасы арқылы кең таралымды түрде халыққа «Өзін-өзі тану» сабақтары телебағдарламасын көрсету ұйымдастырылып отыр.
Адамның адамгершілік-рухани білім беру бойынша ақпараттық ағарту жөніндегі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелерінің және облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясы өкілдерінің қатысуымен балаларға арналған қоғамда жалпы адами құндылықтарға бағытталған іс-шаралар өткізілді.


Жүректен жүрекке
Бала туралы БҰҰ Конвенциясында «бала толыққанды адамгершілік дамуына құқығы бар» екендігі белгіленген. Адамгершілік – адаммен кішкентай кезінен қолданылатын ішкі рухани қасиеттері және  осы қасиеттерімен анықталатын этикалық нормалары мен мінез-құлықтарының ережелері. Бұл үрдіс көбіне-көп баланың түскен ортасына байланысты болады. Егер ол үлкендердің қамқоры мен ықыласына бөленсе, оның қасында ақылды педагогтар болса – сәби тез өсіп, дамып, қойылып отырған талаптарға сәйкес адамгершілік құндылықтарын игереді.
Барлық сатыдағы балаларға толыққанды адамгершілік-рухани тәрбие беру үшін жағдайды қалай туғызуға болады? Қалайша осы үрдісті мақсатты, жоспарлы және уақытымен жасауға болады? Осы және басқа да сұрақтарды «Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі негізінде гуманистік білім беру тенденцияларын жүзеге асыру» әлеуметтік жобасының шеңберінде қызмет етіп жатқан «Жүректен жүрекке» атты шығармашылық шеберханасы шеше алады.
2010 жылдың 25 қаңтарында Орал қаласының №19 мектепке дейінгі ұйымында «Өзін-өзі тану» -  мектепке дейінгі жастағы балалардың білім беру үрдісінің компоненті ретінде» атты шығармашылық шеберханасының кезекті отырысы өтті.
Отырыс бағдарламасы бойынша «Өзін-өзі тану» пәнінің нормативтік-құқықтық негіздері мен мазмұнына, осы пәннің мектеп пен мектепке дейінгі мекемелердің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу ерекшеліктеріне қатысты мәселелері талқыланып, «Бөбек» ҰҒТББСО-ның «Махаббат сабағы» бейнефильмі қаралды.
Отырыстың қатысушылары  - облыстық Балалар үйі мен мамандандырылған Балалар үйінің, Орал қаласының мектепке дейінгі мекемелерінің педагогтары, мемлекеттік қызметшілер, БАҚ тілшілері - әр баланың шығармашылық әлеуетінің жан-жақты ашылуы мен жүзеге асырылу қажеттілігіне, олардың дамуына бірдей мүмкіндік беруіне назарларын аударды.
Бұл кездесу өскелең ұрпаққа адамгершілік-рухани  тәрбие беру саласында педагогикалық тәжірибелердің жетілдіруіне өз әсерін тигізді.


ШҚО білім беру мекемелерінде  «Өзін-өзі тану»  пәнін  енгізу және байқау бойынша  облыстық оқу-әдістемелік  кеңеснің отырысы
2008 -2009 оқу жылынан «Өзін-өзі тану»  пәнін байқаудан өткізіп жатқан  Өскемен қаласының  № 45 «Болашақ» балабақшасы эксперименттік алаңында облыстың білім беру мекемелерінде  «Өзін-өзі тану»  пәнін жаппай   енгізу  бойынша облыстық оқу- әдістемелік Кеңесінің кеңейтілген отырысы  өткізілді. Оған облыс орталығындағы  эксперимент алаңдарының  педагог және психолог мамандары шақырылды.
Кеңес төрағасының  орынбасары, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А. Исаев қатысушыларға 2010  жылға арналған жеке тұлғаның  рухани- адамгершілік дамуы бойынша ақпараттық  ағарту шараларын жүзеге асыру  бойынша және 2010-2011 оқу жылында «Өзін-өзі тану»  пәнін Шығыс Қазақстан облысының білім беру мекемелеріне  жаппай енгізуді ұйымдастыру туралы департамент пен білім басқармасының бірлескен  жоспарларын  баяндады.
Кеңес мүшелері мен шақырылған  педагогтар № 45 «Болашақ» бала-бақшасының  жоғарғы топ тәрбиешісі Г.Л. Поцелуева өткізген  «Менің жақындарым мен туыстарыма айтатын  сыпайы сөз» атты ашық сабағын көрді. Сабақ  әдістемелік құрылымы жағынан,  балалардың тақырыпты талдауда қызығушылықтарының артып, қабілеттерін оятуға жасалған жағымды  атмосфера Кеңес мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.
Кезекті күн тәртібіне сәйкес, Өскемен қаласының № 29 орта мектебінің тәжірибелік эксперименттік жұмыс  жағынан директордың орынбасары - Е.Е. Овсянникова «Өзін-өзі тану» пәнін оқитын оқушылардың жеке тұлғалық сапа деңгейі өзгеруінің психологиялық-педогогитық диогностикасы» тақырыбында және «Жемчужинка»  мектепке дейінгі мекемесінің ән сабағының қызметкері С.Г.  Графская  «Музыка арқылы адамгершілік-рухани мәдениетті тәрбиелеу жүйесі» тақыбырында  сөз сөйледі.
Берілген баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша, Кеңес мүшелері ШҚО білім қызметкерлерінің білін жетілдіру және қайта даярлау   институтында  пәнді жаппай енгізуді сапалы жүзеге асыру үшін облыстағы  эксперименттік алаңдары педагогтарының  ең озық әдістемелерін әзірлеуге   шешім қабылдады.
Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқығын қорғау департаменті «Өзін-өзі тану»  пәнін енгізу және байқау эксперименттік алаңдарының ең үздік  педагогтарына алғыс хат тапсырды.

 


Баланың өзін-өзі тану жұмыстары жалғасуда
2010 жылдың 21 қаңтарында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің конференц-залында «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттық жарияландыру мәселелері жөнінде облыстық БАҚ-ның өкілдері үшін баспасөз конференциясы өткізілді.
Баспасөз конференциясының басты мақсаты – облыстық және қалалық бұқаралық ақпараттық құралдары арқылы жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуының негізгі мәселелеріне және 2010-2011 оқу жылында білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану»  республикалық бағдарламасы бойынша аталмыш пәнді енгізуде Батыс Қазақстан облысының тәжірибелік алаңдарындағы жұмыс жағдайына қоғамның назарын аудару.
Баспасөз конференциясының жұмысына БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім және ішкі саясат басқармаларының, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлері мен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша бес тәжірибелік алаңдардың жетекшілері, облыстық, қалалық деңгейдегі теледидар, радио және газет тілшілері қатысты.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылға арналған жеке тұлғаны адамгершілік-рухани дамытуды ақпараттық жарияландыру бойынша іс-әрекеттер Жоспарына сәйкес облыстық әкімдікпен БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаменті үйлестіруші болып табылатын облыс бойынша ұқсас үйлестірілген іс-әрекеттер Жоспары бекітілді.
Баспасөз конференциясы қатысушыларының алдында департамент директорының орынбасары Р.Кубейсинова сөз сөйлеп, 2010-2011 оқу жылында білім беру жүйесіне «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мәселесіне тоқталды. Іс-шара қатысушыларының назарына интерактивті тақта арқылы облыстың барлық тәжірибелік алаңдарының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жұмыс нәтижесін көрсететін бейнероликті қарау ұсынылды.
Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Н.Сабиров электронды және баспасөз БАҚ тілшілерін БҚО-дағы республикалық эксперименттің басталу тарихымен таныстырды.
Облыстық педагог кадрлардың біліктілігін артыру және қайта даярлау институтының ректоры Ө.Құспанов облыста жүргізіліп жатырған «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагог кадрларды даярлау жұмысы туралы түсініктемелер берді. Ал аталмыш мекеменің әдіскері С.Файзуллина БҚО-да 2002 жылы Орал және Ақсай қалаларының бес тәжірибелік алаңында басталып, қазіргі таңда табысты жүзеге асырылып жатқан республикалық тәжірибе қорытыныдылары туралы айтып өтті.
Департаменттің адамның адамгершілік-рухани даму бөлімі бастығы Р.Серғалина «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар арасында үйлестіру мен тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізіп жатқан «Жүректер үндестігі» облыстық педагогтар Клубының жемісті жұмысын атап өтті.
Конференция барысында БҚО тәжірибелік алаңдарының педагогтары «Өзін-өзі тану» пәнінің ерекшеліктері мен адамгершілік-рухани тәрбие беру мәселелерін шешудің маңыздылығына қатысушылардың назарын аударды және облыстық, қалалық БАҚ тілшілерінің сұрақтарына жауап берді.


"Өзін-өзі тану" пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы мәселелерін баяндау"  тақырыбында баспасөз-конференциясын өткізу туралы
2010 жылғы 20 қаңтарда Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ақпараттық насихаттау мәселелері бойынша келісілген жоспарына сәйкес С. Мұканов атындағы кітапханасының баспасөз орталығы негізінде «Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы  мәселелерін  баяндау» тақырыбында баспасөз-конференция сын өткізді.
Еліміздің барлық мектептерінде жаңа «Өзін-өзі тану» пәнін  енгізілуіне байланысты, «Өзін-өзі тану» курсының, адамгершілік- рухани білім беруді насихаттау кездесудің мақсаты болды.
Баспасөз-конференциясына Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Білім, Мәдениет басқармаларының  қызметкерлері,  журналистер қатысты, барлығы – 12 адам.
Қатысышылар Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын енгізуде департаменттің ақпараттық қызметті ұйымдастыру негізгі жұмыс бағыттарымен танысты.
Баспасөз-конференциясында  келесі мәселелер қаралып, талқыланды:
1.«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы бойыншамәселені баяндау».

2. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын ұйымдастырып, енгізуде білім басқармасының ролі.
3. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізуде педагогиқалық мамандардың біліктілік  жүйесінде дайындықтан өткізу.
Баспасөз өкілдерін «Өзін-өзі тану» эксперименталдық алаңдарының жұмысы, оқулықтармен қамтамасыз етілгендіктері, пән кабинеттеріне қойылатын талаптар қызушылық тудырды. Өткізілген  баспасөз-конференциясы  маңызды мәселелерді мүдделі органдарымен шешу және адамның адамгершілік-рухани дамуының басым бағыттарын анықтайды.


Мейірімділік сабақтары
Шығыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен білім басқармасы «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша 2010 жылғы 19 қаңтарда ұлттық баспасөз-клуб филиалында баспасөз-конференция өткізді. Баспасөз конференцияға «Казахстанская правда» газетінің меншікті тілшісі, «Дидар», «Рудный Алтай», «Устинка+», «Мой город», «Өскемен» газеттерінің және «Казахстан-Өскемен» мен «Калкен-ТВ» телеарналарының тілшілері қатысты.
Іс-шара «Өзін-өзі тану» пәні арқылы жеке адамның рухани-адамгершілік дамуын насихаттау және ақпараттық ағартуға бағытталған.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Аркадий Анатольевич Исаев 2010-2011 оқу жылында мектептердің оқу бағдарламасына «Өзін-өзі тану» пәнінің жаппай енгізілетіні туралы хабарлады. «Өзін-өзі тану» пәні Шығыс Қазақстан облысында сынақтан 2002 жылдан бастап өтіп келеді. Тәжірибенің нәтижесі мектепке дейінгі мекемелерде, бастауыш мектептерде және жоғарғы оқу орындарында рухани-адамгершілік білім берудің практикада жүзеге асырылуы жоғары бағаланды. Студенттер мен оқушылардың тоқыған білімдері, тапқан әлеуметті мінездері, тәрбиеленген рухани сезімдері, оларды әлеуметті дамудың жаңа деңгейіне шығарады, дүниеге деген жаңа көзқарастарын дамытады. Біздің облыста қазір 2700-ден астам бала 17 оқу мекемесінде түсіністік пен достықта, қуаныш пен махаббат аясында өмір сүруге үйренуде.
Рухани-адамгершілік ағарту – білім берудегі жаңа жобаның авторы Қазақстанның Бірінші ханымы, «Бөбек» қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаева. Балалардың отбасынан бастап институтқа дейін білім беру деңгейімен қатар жалпыадамгершілік құндылықтарды бойларына сіңіру үшін, балалар, жастар мен үлкендердің жеке ерекшеліктері ескерілген тәрбиелеу және білім беру процессінің дамуына көп назар аударады.
Журналистер «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу процессі, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, оқулықтардың авторлары және кадр мәселесінің шешілуі туралы сұрақтар қойып, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.А.Исаевтан, білім басқармасы бастығының орынбасары Д.С. Арғынғазиннен,  ШҚО БҚБА ҚДИ директоры С.З. Байхоновадан толық жауап алды.
Бұл баспасөз-конференция жаңа «Өзін-өзі тану» пәнін насихаттау және ақпараттық ағарту жұмысының бастамасы болды.

  


Баланың толыққанды рухани тәрбие беруіне – зор көңіл
19 қаңтарда БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің басшылығымен қызмет етіп жатқан «Балаларға адамгершілік-рухани тәрбие беру негізінде гуманистік білім беру үрдістерін жүзеге асыру» атты әлеуметтік жобасының шеңберіндегі «Радуга» бейнелеу өнерінің студиясында облыстық Балалар үйі мен Орал қаласының №4 мектепке дейінгі ұйымның тәрбиеленушілерінің кезекті тақырыптық кездесу өтті.
Ұлттық ғылыми білім беру және сауықтыру орталығының «Табиғат, анам менің ...» бейнефильмін қарауын, «Қысқы орман» балалар композициясына қатысуын қарастырған кездесу бағдарламасы түрлі көркемдік шығармашылықтар арқылы баланың сенсорлық қабілетін қалыптастыруға, балалардың көркемдік мәнерлігінің қол жетерліктей құралдарын меңгеруге бағытталған.
Осы шара барысында балаларды «бояу» әлеміне бейімдеуі, Балалар үйі мен мектепке дейінгі балалардың жүйелі түрдегі қарым-қатынастары - әр баланың қиын сезімдерді қайғыру мүмкіндіктерін анықтауға, балаларға адамгершілік күш, өмірге үміт, сұлулық беруге әсер беріп қана қоймай, олардың сезімталдықтары мен ақыл-ойын байытты деп толық айтуға болады.

  


«Балалар арасында адамгершілік басымдық және рухани бағдарларды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткені туралы
«Әрбір бала өзінше шағын ғарыш, әлем деседі. Ол бұл дүниеге жай ғана емес, өзінің ерекше міндетімен келеді. Адам баласы дегеніміз – Жоғарғы дүниеден жер бетіне жіберілген тіршілік иесі.Ұстаздың міндеті – шәкірттің жүрегін тазалау, оны мүмкіндігінше лас дүниеден аулақ ұстау, мөлдірлік пен қасиеттілікке толтыру. Әр баланың қабілетін ашу, өзіне жол табуы, өзінің күш-жігеріне, өзінің жазмышына сену өте маңызды. Ол өзін-өзі сыйлап, ар-ожданына сәйкес өмір сүру үшін керек»
С.А. Назарбаева
2010 жылдың 13 қаңтарында «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 4 балалар бақшасы» МКҚК базасында «Балалар арасында адамгершілік басымдық және рухани бағдарларды қалыптастыру» тақырыбында облыстық семинар-практикумын өтті. 
Семинар-практикумнің өткізілу мақсаты жалпы адамзат құндылықтарының негізі ретінде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, оқу барысында өзін-өзі тану пәнін жаппай енгізу дайындығына ықпал ететін білім беретін-ақпараттық кеңістік құру, балалар арасында адамгершілік басымдық және рухани бағдарларды қалыптастыруда тиімді тәсілдер мен әдістерді анықтау, оқу-тәрбие үрдісінің барысына «Өзін-өзі танудың» негізгі бағыттарын кіріктіру.
Семинар жұмысына «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша сынаққа қатыспайтын мектепке дейінгі мекемелердің басшылары, әдіскерлері,  білім беру мекемелерінің «Өзін-өзі тану» курсын енгізетін эксперименталды алаңдардың мұғалімдері мен тәрбиешілері шақырылды. Семинарға қатысушылардың назарынамектепке дейінгі мекеменің «Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру бойынша педагогикалық ұжымның мақсатты қызметі» іс-әрекеті бейне тұсаукесері ұсынылды. Білім беру мекемелерінде «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуге дайындық сұрақтарының маңыздылығы Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  бөлім бастығы Б.Ж. Нұрманованың «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы – жалпы адамзат құндылықтарын жаңарту жолы» баяндамасында айтылып өтті. 
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушылар дене құрылысы тәрбиесі бойынша нұсқаушының сабағында болды,  «Мен арман еткен, шағынаудан» үлгісінің тұсаукесерін тамашалады, «Өзін-өзі тану» бойынша Шығармашыл әдіскерлер бірлестігінің жетекшісі Л.П. Кравчинскаяның «Бәрін білгім келеді»,  дайындық топ тәрбиешілерінің «Ойын серпантині»,  «Шығармашылық зертханасы» шеберлік сыныптарында болды, онда педагогтің кәсіби біліктілігі: баланың жан дүниесін қалыптастыратын педагогтің қандай қабілеттері болуы керек  деген сұрақтар талқыланды. 
Қатысушылар осындай практикалық бағыттағы семинарлардың жиі болуы керектігі туралы, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу кезінде білім беру ұйымдарындағы әр педагог «Өзін-өзі тану» курсының идеясын ұғынуы тиіс екендігі туралы өз ойларын ортаға салды.
Семинардың қорытынды бөлімінде іс-шараға қатысушыларға арналған рефлексия  өткізілді.
Олардың әрқайсысына өзін-өзі тану кабинеттерін рәсімдеу бойынша ұсыныс көмектер, пән бойынша қажетті әдебиеттер тізімі, сабақтар дайындау жиынтығы және «Өзін-өзі тану» пәнін оқытуды жаңадан меңгеріп келе жатқан мұғалімдеріне арналған басқа да қажетті әдістемелік материалдар берілді. 

   


«Өзін-өзі тану» пәні  арқылы тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын ақпараттандыру сұрағы бойынша баспасөз мәжілісі туралы
2010 жылдың 12 қаңтарыңда «Ақтөбе» қонақ үйінің мәжіліс залында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау  департаменті «Өзін-өзі тану» пәні арқылы тұлғаның адамгершілік-рухани даму жағдайы туралы  баспасөз-конференциясын өткізді. Баспасөз мәжілісінде Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  директоры К. Айдарханова, адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы Ш. Сайлагиева, облыстық КБА және ҚДИ директоры Ш. Кубенова, сарапшы-мұғалімдер, ата-аналар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.
Қатысушылар назарына «Өзін-өзі тану» сабағы туралы бейне фильмнен үзінді ұсынылды.
Тілшілерді негізінен кадр дайындау мәселесі, сараптама нәтижелері,  аталмыш пәнді  оқитын оқушылардың санаттары және пәнді ендіру сұрақтары, сондай-ақ, бұл пәннің  этнопедагогикамен байланыс мәселері қызықтырды.
«Өзін-өзі тану» пәнінің сынып сағаттарымен ұқсастықтары мен айырмашылықтары  жөніндегі сұраққа департамент өкілдері түсіндірме-жауап берді.
Мәжіліс соңында балалар құқықтары мен мүдделеріне қатысты мәселелерді, жетістіктерді, сұрақтарды зерттеп жүрген журналистер Департамент ұсынған мақтау қағаздарына және сыйлықтарға ие болды.

  


2009 жылдың 30 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы №45 «Арман» балабақшасының «Өзін-өзі тану» алаңында Жаңа жыл мерекесі қарсаңында «Қош келдің, Жаңа жыл!» тақырыбында балаларға арналған ертеңгілік  ұйымдастырылды.  Ертеңгілікке  ата-аналар мен қатар ертегі әлемінің қонақтары қатысты. Алаң іші мерекеге сай безендіріліп, балалар ертегі әлеміне енгендей кейіпте болды. Шара барысында  Аяз ата мен Ақша қар балаларға жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтар тарту етті. Ата-аналар мен қонақтар балалармен бірге шыршаны айналып билеп, шырша әндерін шырқады. Ертеңгілік есте қалардай өте тартымды өтіп, «Жетісу» телекомпаниясының  «Көкжиек даңғылы» телебағдарламасына түсірілді.


«Балауса» балалар  телебағдарламасы
27 желтоқсанда, жексенбі күні,  сағат 14.00 –де  балалар мен олардың ата-аналар және педагогтар «Өзін - өзі тану» пәнінің ерекшелігі ескеріліп қойылған  театрланған  кезекті «Қонақжайлық пен дос пейілділікке үйренеміз» сабағының көрермені болды. Теледидар арқылы ерекше көркем кейіпкерлер балалардың  сабақтың мазмұның ұғуына көмектеседі. Жас көрермендер бағдарлама кейіпкерлерімен бірге қонақжайлық пен дос пейілділік, Жаңа жылды қарсы алудағы халық дәстүрлері туралы пікірлесті.
Ертегі кейіпкерлерінің «мұғалімдер» болып «PALMIRA» мәдени-креативтік орталығының, «Пируэт»  үлгілі  ансамбілінің жас актерлері мен әртістері және Өскемен қаласы мектептерінің оқушылары орындады.
Келесі бағдарламаны дайындап жетілдіру мақсатында департамент мамандары «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдерімен бірге оқу-танымдылық бағдарламаның екінші шығарылымын сараптады.


Облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған балалар үйінде  «Өзін-өзі тану» пәнімен біріктірген тәрбиелік іс-шараға  қатысу туралы
24 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани даму бөлімі басшысы, облыстық жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған  балалар үйінде  «Өзін-өзі тану» пәнімен біріктірген тәрбиелік іс-шараға қатысты.
Іс-шараға облыстық балалар үйінің тәрбиенушілері қатысты, балалар жақсы көретін жазушыларының шығармаларынан өлеңдер оқыды, шығармаларын  талқылады. Кездесу барысында қатысушылар жақсылық, аяушылық, рақымдылық туралы мәңгілік әңгімелерді де талқылады.


Астана қаласының №38 мектеп-лицейінің  «Өзін-өзі тану» пәнін өткізілген қалалық семинар туралы 
«Өзін-өзі тану» пәні арқылы адамның адамгершілік-рухани дамуы, оқушының өзін және қоршаған әлемді танып білуі негізінде рухани жан дүниені байыту, жеке  тұлғаны қалыптастыру, сонымен қатар білім беру мекемелерінің басшыларын эксперименттік аландардың жұмыстарымен және «Өзін өзі тану» пәнін оқыту ерекшеліктерімен  таныстыру мақсатында 2009 жылғы 15 желтоқсанда №38 мектеп-лицей қабырғасында «Өзін-өзі тану» пәні – руханилықты және жалпы адамдық құндылықтарды қалыптастырудың негізі» атты қалалық семинар өткізілді. Аталған іс-шара Білім басқармасының және Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен  ұйымдастырылды.
Семинардың жұмыстарына қала мектептерінің басшылары, «Өзін-өзі тану» ата-аналар мен балалардың арасындағы қарым-қатынасты күшейтуге ықпал ететіні көрсетілген эксперименттік сынып оқушыларының ата-аналары қатысты.
Семинар барысында экспериментатор мұғалімдер адамгершілік-рухани тәрбие беру аясында ата-аналар мен оқушылар арасында әр түрлі жұмыстар, ашық сабақтар көрсетіліп, «Жоғары құндылықты сүю» тақырыбында ата-аналармен әңгімелесу, «Өзін-өзі тану мектеп-лицейде» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мұғалімдерге сабақ жинақтары мен әдістемелік құралдары және балалардың жұмыстары, сондай-ақ эксперименте қатысқан оқушылардың адамгершілік-рухани дамуы жағынан салыстырмалы маниторинг ұсынылды.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарымен «Өзін-өзі тану» пәні бойынша семинарға қатысушыларға арналған үлестіру материалдар дайындалды.
Осы семинар «Өзін-өзі тану» пәнін еңгізу процесіне білім беру мекемелері басшыларының белсенді қатысуына мүмкіндік береді.


«Отбасылық жоба» байқауы
2009 жылдың 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар шеңберінде Балалар құқықтарын қорғау департаменті және Қостанай облысы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен бірлесіп «Отбасылық жоба» байқауы қорытындыланды.
«Отбасылық жоба» байқауында облыс, қалалық, аудандық теле-радиокомпанияларының, баспа беттерінің қаламгерлері, шығармашылық ұйымдарының өкілдері, тілшілері және облыс тұрғындары да қатысты.
Байқау бес номинация бойынша өткізілді:
- «Отбасы - қоғамның жоғарғы құндылығы» – отбасы институтын нығайту бойынша, оның «өмірлік әлеуетін», тұлғаның үйлесімді жетілуіне тәрбиелік мүмкіндіктерін және рухани берекесін арттыратын ең үздік еңбегі үшін;
- «Балалар. Отбасы. Қоғам» – өскелең ұрпақ, жастарды, тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде отбасының рөлі, патриоттық және азаматтық сезім негізінде қоғамның бірігуі мен топтасуы, әлеуметтік әділдік пен адамгершілік принциптерін бекіту жайында бір топ жарияланым (радио, телебағдарлама) үшін;
- «Табыс стратегиясы» – отбасының өз-өзін ұйымдастыру және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыруға бағытталған ең үздік еңбегі үшін;
- «Отбасылық тәрбие мектебі» –  отбасы қарым-қатынасын нығайтуға және дамуына, жауапкершіліктің арттыруына, ата-аналардың машықтануына бағытталған ең үздік жарияланым (радио, телебағдарлама) үшін;
- «Махаббаттың жарқын бұлағы» – ұлттық дәстүрде отбасылық тәрбиелеу және отбасының адамгершілік құндылықтарын насихаттау жөнінде ең үздік жарияланымдар (радио, телебағдарлама) үшін.
Қаламгерлердің жұмыстарын облыстың Құрметті азаматтары, қоғамдық бірлестіктер мен қорлардың басшылары енген тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалады.
Комиссия бұқара ақпарат құралдары азаматтық қоғамның маңызды бір бөлігі ретінде өздерінің ағымды қызмет шеңберінде балалық шақ, отбасы мәселелеріне қоғамдық назарын аударып, қоғамдық өмірдің айқындалған бағыттарында әр азаматтарын тырысып-баққан күштерін біріктіре алатынын атап өтті.
Ең үздік ретінде «Алау-ТВ», «Қазақстан-Қостанай» теле-радиокомпанияларымен және «Қостанай таңы», «Костанайские новости», «Костанай» газеттерімен ұсынылған жобалар болып табылды.
Байқаудың қатысушылары мен сараптама комиссияның мүшелері балаларды қорғау жөніндегі өзекті мәселелерге арналған аталмыш  іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұруын қалады және балалық шақ игілігі үшін ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

 


«Жүректен жүрекке»
Республикада бүгінгі таңдағы қоғамдық-саяси және экономикалық жағдай адамға жаңа талаптарды қояды, ұтқыр және жаңа технологиялар мен әлеуметтік өзгерістерге тез бейімделе алатын, іскерлік қабілеті болуы керек. Бүгінгі замандағы адам оқып, өздігінен дами алуы керек, тек сондай тұлға ғана көп жетістіктерге жетеді және қоғамға пайда әкеледі.
Өкінішке орай, заманауи білім ҒТР дәуірінің шарттарымен қойылған  талаптарға толықтай сай келмейді. Білім беру жүйесінің бар мақсаты оқушыларды жақсы дегенде білім алу қабілеттерімен, ал әйтпесе – тек біліммен ғана «жүктеумен» шектеліп, едәуір тарылды. Бірақ, адамгершілік бастаулары болмайынша оқушы нағыз Адам бола алмайтынын, жүрегінің, ақыл-ойының және қол бірлігін сақтай алмайтындығын ұмытпауымыз керек. Сондықтан да, қоғам және мемлекет адамгершілік-рухани білімге мұқтаж.
Бала тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу – ең басты міндеттердің бірі және бұл заңды құбылыс, өйткені біздің қоғамда адамгершілік бастаулардың ролі артып келе жатыр. Адам, қоғам, мемлекет адамгершілік-рухани тәрбиеге мұқтаж.
Павлодар облысы бойынша экспериментке 1-4 сыныптан 89 оқушы, 169 ата-ана және 5 педагог қатысты.
Осы эксперименттік бағдарламаны табысты енгізу үшін мектепте барлық жағдай жасалды: тәжірибелік-эксперименттік іс-әрекет бағдарламасы, эксперименттік жұмыс жоспары әзірленді, Өзін-өзі тану кабинеті қажетті жабдықтармен және оқытудың техникалық құралдарымен, бүгінгі таңдағы ғылыми және әдістемелік әдебиетпен, «Ертіс» облыстық қоры сыйлаған С. А. Назарбаеваның кітапханасымен жабдықталған.
«Өзін-өзі тану» курсы экспериментке қатысушы педагогтарға тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастыру мәселесіне жаңаша қарауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сондай-ақ, оны қалай жасау керектігін көрсетті.
Сабақ барысында оқушылар өзіндік «Мен» дегеннің бар екендігін біледі, өзіне баға беріп, өзін басқа жақтан: өзінің сыртқы тұрпатын, ерекшеліктерін және мінез-құлқын, мінезінің жеке бітістерін  көруге үйренеді, жеткен жетістіктері мен табыстарын талдайды. Махаббат, мейірімділік, достық – бұл қарапайым сөздер Өзін-өзі тану сабағында жаңа, таңғажайып мәнге ие болады. Оқушылар ойын арқылы, оқығанды талқылау арқылы өмірдің күрделі ғылымына жетеді.
Сабақтарда мейірімділік, өзара қызығушылық, шынайылылық, әркімнің ой-пікірін сыйлау, ынтымақтастық атмосферасы жайлайды. Өзін-өзі тану сабағы – бұл оқушылар мен ұстаздар арасындағы ашық диалог, мұнда әлеуметтік-рольдік ойындар және тренингтер арқылы адамдық өзара қарым-қатынастың әлемі зерттеледі, күйінішіне ортақтасу және рақымшылық сезімдері дамиды.
Экспериментті жүргізу барысында «Өзін-өзі тану» мұғалімдері Е. А. Свиридова,   И. Г. Олесюк, С. А. Ольшанскаямен әдістемелік құралдар әзірленді және апробацияланды, Өзін-өзі тану сабақтарында табысты пайдаланылатын материалдар жинақталды.
Келесі жылдан бастап жалпылай енгізілетін жаңа пән туралы аздап болса естігендер: «Бұл пәннің басқалардан айырмашылығы қандай?» деген сұрақ қойған болар. «Өзін-өзі танудың» ерекшелігі – педагогикалық үрдіске қатысушылардың барлығы, балалар да, ата-аналар да және ең алдымен, мұғалімдер өзін-өзі дамыту үрдісіне араласады.  Балалар мен ата-аналар үшін бірлесіп өткізілетін Махаббат сабағы үлкен энергетикалық күш береді, балаларды ата-ана тұлғасына жаңаша қаратады, ал ата-аналарға бала тұлғасын қалыптастыруда отбасылық тәрбиенің маңыздылығын еске салады.
Осындай сабақтарды мұғалімдер Е. А. Свиридова, И. Г. Олесюк әсіресе жақсы өткізеді. Олардың сабақтарында үнемі сүйіспеншілік, сенімділік және эмоционалдық қарым-қатынас атмосферасы жайлап тұрады.
Ұстаздық құрам Өзін-өзі тануды апробациялау бойынша жұмыстардың жинақталған тәжірибесімен алдағы оқу жылында барлық мектептерге Өзін-өзі пәнін енгізуге дайындалып жатқан басқа мектептердегі әріптестерімен бөліседі. Осылайша, тәжірибе алмасу шеңберінде 14 желтоқсанда  «№35 ЖОМ» ММ Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е. А. Свиридова және психолог И. Н. Дьякова өткізген іс-шараның ашылуы болды.
Өзін-өзі танудың мықты педагогы деуге болатын мұғалім Е. А. Свиридова  қала мектептеріндегі бастауыш сынып мұғалімдері үшін мастер-класс өткізді. «Жүректен жүрекке» сабағының мақсаты қарым-қатынастың жаңа түрлі амалдарын қабылдау. Сабақ өте жақсы өтті, қолданылған интерактивті әдістемелік амалдар оқудың мақсатына жетуге көмектесті.
«Оқу барысында сүйіспеншілікті неғұрлым көп беріп, көбірек сүю керектігін ұқтым...Мен балалардың не қалайтындарын, қандай қарым-қатынасты қажет ететіндерін түсіндім және осы түсінушілікті, бар ынтамды, махаббатты беруге тырысамын...» (М. С. Абдуллина).
«Мен өзін-өзі тану сабақтарын қалай өткізу керектігін... сабақта қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын білдім. Мәселелі жағдаяттарды дұрыс талдауға үйрендім... Өзім топ ішінде қарым-қатынас жасауға үйрендім, өз ойымды әріптестеріме жеткізуге тырыстым.» (Г. К. Гумар).
Психолог И. Н. Дьякова өткізген тұлғалық өсу «Мен өз жұмысымды сүйемін» тренингі осы тренингкке қатысушыларға тәрбиеленушілермен эмоционалды қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру мақсатында жүргізілді, «кәсіптік сөнуден» алыстаудың әдістерін көрсетті, еш қиыншылықтарға қарамастан өз жұмысына сүйіспеншілікпен қарап жалғастыру . Барлық қонақтар, оқуға тікелей қатысқандар тренингтегі өз жұмыстарына разы болды. Алғыс сөздер мен алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау ниеттерін естідік.
«Ізгілік жолы – адам үшін ең оңтайлы және жалғыз жол. Ол сыннан өткен, ол дұрыс, ол пайдалы – адамға, жеке өзіне де және жалпы бүкіл қоғамға да...» Д. С. Лихачев.    


«Өзін-өзі тану»  кабинетінің  тұсаукесері» байқауының жүлдегерлерін марапаттау  туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті  Білім басқармасымен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес «Өзін-өзі тану»  кабинеттерінің  тұсаукесері» байқауы тәжірибелік алаңдарында өткізілді.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы келесі  жүлдегерлерді анықтады:
«Безендіруде жаңашылдық және шығармашылығы» номинациясында:
№20 орта мектебі:
Айыртау «Жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты».
«Әдістемелік жинақ сандықшасы» номинациясында:
№7 орта мектебі:
Облыстық  «Жетім және ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты».
«Таза бұлақ» номинациясында:
«Петушок» бөбекжай-бақшасы;
«Арман» бөбекжай-бақшасы.
Байқаудың жүлдегерлерін  марапаттау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізілді.


Педагогтар  білім  беру мекемелерінде енгізілетін жаңа пәнге дайындық үстінде 
«Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру орталығының Адамның үйлесімді дамуы институты мен Ақтөбе облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының біріккен жоспарына сай  адамның үйлесімді дамыту институты директорының орынбасары Сейтақов Айболат Самиғоллаұлының  «Өзін-өзі тану» пәнінен  1 апталық курсы өткізді. Қазақ тілінде өткізілген курсты мектепке дейінгі мекемелердің 40 тәрбиешісі тыңдады.  
Бұл осы жылы адамның үйлесімді дамуы институты өкілдерімен Ақтөбеде өткізіліп отырған екінші курс. Шілде айында өткізілген алдыңғы курста бастауыш   буынның  40 және орта буынның 40 мұғалімі  орыс тілінде дәріс тыңдаған болатын.
Курс тыңдаушылары  «Өзін-өзі тану» пәнінің ҚР жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті стандартымен, оқу бағдарламаларымен, оқулықтармен, оқу-әдістемелік құралдармен, электрондық оқулықтарымен танысты. Педагогтар тренингтер мен рөлдік ойындарға қатысты.
Курс  соңында  Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық және қалалық білім басқармалары өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстел  ұйымдастырылды.
Адамның рухани –адамгершілік дамуы бөлімінің бастығы  экспериментке қатысушы класс  оқушыларының, «Өзін -өзі танудың үздік кабинеті»  байқауының қорытындысын айта отырып, «Өзін-өзі тану – рухани-адамгершілік білім берудің қайнар көзі» буклеті мен «Өзіңді өзің танысаң...» кітапшасын көрсетті.  
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – білім беру мекемелеріндегі рухани – адамгершілік  білім берудің  рөлін көтеру.
Курстық дайындық пен дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша  педагогтар «Өзін -өзі тану» пәнін енгізудің  өзектілігі мен қажеттілігіне көз жеткізді.  Бұл пән жеке тұлғаның адамгершілік сезімдерін қалыптастыра отырып, этномәдени және отансүйгіштікке  тәрбиелейтін, рухани байлығын жетілдіретін  басты пәннің бірі болмақ.


2009 жылдың 3 желтоқсанында Талдықорған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының өзін-өзі тану алаңында  «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ерекшеліктері» атты тақырыпта облыстық оқыту семинары өткізілді. Семинар жұмысына аудандық, қалалық білім бөлімдері мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары,  мектеп психологтары, бастауыш сынып мұғалімдері, БАҚ өкілдері шақырылды.
Семинардың мақсаты: қатысушыларды өзін-өзі тану пәнін оқыту ерекшеліктеріне бағдарлау.
Міндеттері:
- Өзін-өзі тану  пәнін оқыту ерекшеліктерінің теориялық негізі.
- Өзін-өзі тану сабағын оқытудағы әдіс-тәсілдерді педагогикалық  шеберханаларға қатыстыру арқылы жүзеге асыру.
- Шебер-класс  және өзін-өзі тану сабақтарының шеруі.
- Шебер-класс.М.К. Баймолданова ( мемлекеттік тілде,29 кабинет)
- Шебер-класс. Е.А.Шабанова (орыс тілінде, 32кабинет).
Семинарға  «Бөбек» ҰҒПББСО жанынан құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары А.Сейтаков қатысып «Шаттық шеңбері» шартты белгісі негізінде түсірілген бейнефильмін көрсетті.   Семинар барысында қатысушылармен  шаттық шеңбері, оқып үйренейік, дәйексөз, шығармашылық жұмыс, жағдаяттарды талдау, топпен жұмыс, ойын, сахналау, өзіммен-өзім, жүректен жүрекке, тапсырма жұмыстары жүргізілді.
Семинарға қатысушылар «Өзін-өзі тану» сабағы арқылы балалардың жан дүниесіне терең үңілуді, өзін-өзі жан-жақты зерттеуді, бағалауды үйренетінін және бір-бірімен қарым-қатынастары нығайып, ой-өрістерінің кеңейетіндіктерін және әдепті, адамгершілігі мол азамат болып өсетінін түсінді.

 


Облыстық  «Өзін -өзі танудың»  Үздік кабинеті» байқауы
Сапалы  білім алу үшін  талапқа сай  жабдықталған  кабинет үлкен роль атқарады.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен  1 айға жуық уақыт бойы  «Өзін -өзі тану» бағдарламасымен жұмыс жасайтын  эксперименттік алаңдар арасында «Үздік кабинет» байқауы  өтті.
Байқаудың қорытындысы 2009 жылдың 29- қазанында №22 «Балдырған» балабақшасының базасында ұйымдастырылды.
Байқау 2 кезеңнен  тұрды. Байқаудың сырттай кезеңіне кабинет   паспорты мен бейнематериал жіберілді; ал іштей кезеңде  кабинеттердің тұсаукесері (презентациясы)  жасалынды.    Байқауға 13 білім беру мекемесі    қатысты.   
Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 2- кезеңге  7 білім беру мекемесі  өтті. Департамент  мамандары  аудандық және қалалық мектептерге арнайы барып, «Өзін -өзі тану» пәнінен сабақтарға қатынасты.
№22 «Балдырған» балабақшасының тәрбиеленушісінің бірі Әділ Айбектің  әжесінің пікірі мынадай: «Сара Алпысқызына осындай тамаша бағдарламасы үшін алғысымды білдіремін. Сабақтың нәтижесін мен өз немеремнен көріп отырмын. Ол қайырымды, қамқор, сыпайы. «Өзін -өзі тану» пәнінен дәріс беретін тәрбиешінің де еңбегі өте көп».
Сонымен қатар аудан әкімінің қолдау көрсетуімен жабдықталған Темір ауданындағы 2  мектептің (Шұбарқұдық гимназиясы, Шұбарши ОМ) материалдық базасының  күшті екендігін атап өтуге болады. Кабинеттер әр оқушыға арналған жеке парталармен, жұмсақ жиһазбен, үй кинотеатрымен, интерактивті тақтамен, бейнекамерамен, фотоаппаратпен және т.б. жабдықтармен қамтамасыз етілген.
Байқаудың қорытындысы бойынша Шұбарқұдық гимназиясы  І дәрежелі дипломмен, облыстық Алға балалар үйі ІІ дәрежелі, №22 «Балдырған» балабақшасы  ІІІ дәрежелі дипломдардармен  марапатталып, «Ең таңдаулы тұсаукесер», «Тамаша безендірілген кабинет», «Тамаша жабдықталған кабинет» және «Біз бірге мықтымыз» атақтары бойынша  жеңімпаздар анықталды. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтарға ие болды. 

 


Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің 2009 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес  Облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтымен бірлесіп  2009 жылдың 29 қазанында Тараз қаласының Б. Момышұлы атындағы №45 қазақ-классикалық мектеп-гимназиясының кешенінде  «Өзін-өзі тану» пәнінің оқу-тәрбие үрдісіндегі педагогика-психологиялық ықпалы» тақырыбында облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтарына арналған семинар ұйымдастырылды.
Аталмыш іс-шараға «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы енгізілген эксперименталды алаңдардың оқытушылар мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің педагогтары қатысты.
Семинар барысында көрме, ақпараттық сессия, ашық сабақтар психологиялық тренингтер және экспериментке қатысу оқушылардың ұйымдастыруымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

 


«Мектеп – біздің үйіміз»

«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі»
Ш. Амонашвили
Ағымдағы жылдың 21 – 29 қазанында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Қостанай қаласының № 3 орта мектебі базасында бастауыш, орта және жоғары буын оқушылары арасында мектеп мұғалімдерінің қатысуымен «Туған жер – тұғырың» өлең сайысы, «Ән – көңілдің ажары» дәстүрлі фестиваль, «Екі жұлдыз» музыкалық сайыс өткізілді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты мектеп оқушыларының адамгершілік-рухани, отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру, балалардың әсемдік сезімдерін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін ашу, оқушыларды ұлттық өлең-жыр мәдениетіне бейімдеу болып табылады. «Балалардың күлімдеген жүздерін көру  қандай керемет! – дейді өзінің баяндамасында мектеп директоры С.С. Шәріпова – балалар өздерінің шеберліктерін көрсетті, жағымды сезімдерден әсер алды. Балалардың бос уақыттарын үнемі толықтыру, осында жағдайлар балаларды қолайлы тәрбие ортасымен қамтамасыз етеді, мол жағымды сезімдер әр балаға сергектік пен күш-жігер береді. Балаларды мейірімділікке, жомарттыққа, өзіне деген сенімділікке, қоршаған ортадан ләззат ала білуге тәрбиелеу өте  маңызды. Бұл балаларды алдағы өмірге, оның нормалары мен талаптарына, өмірге нық көзқарасқа, ұжымдылыққа, біздің жерімізді одан да әрі көркейтуге талпынуға дайындайды».


«Өзін-өзі тану» пәнін экспериментке жаппай енгізу »тақырыбында өткізілген семинар туралы
2009 жылдың 26 қазан айында Астана қаласының №22 мектеп гимназиясында, Адамның үйлесімді даму институтымен бірлесіп «Өзін-өзі тану» пәнін экспериментке жаппай енгізу тақырыбында республикалық семинар аталынып өтті.
Аталған семинардың мақсаты: мектепке дейінгі білім мекемелері, орта білім мекемелері және педагогикалық мамандығына білім алып жүрген студенттерге арналған «Өзін-өзі» пәнінің жаңа әдістемелік оқу құралдарымен таныстыру .
Семинарға Адамның үйлесімді даму институтының ғылыми жетекші қызметкерлері мен институт директоры Л.А..Сайынова қатысты.
Семинардың мақсаты: Астана қаласының мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпыбілім беру мектептері және балалар үйіне арналған жаңа әдістемелік оқу құралдарымен таныстыру.
Балалар құқықтарын қорғау департаменті қала мектептерінің, бала бақшалардың, Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтынан, Астана қаласының Балалар үйінен, Гуманитарлық колледжінен 150 педагогтардың семинарға қатысуын ұйымдастырды.
Астана қаласының Білім басқармасының бастығы Ә.Т.Бимендина семинарға қатысушы педагогтарға өзінің құттықтау сөзін арнады.
Адамның үйлесімді даму институтының директоры Л.А.Сайынова өзінің сөйлеген сөзінде «Өзін-өзі тану» пәні адамның адамгершілік -рухы мен жеке басының дамуында маңызды рол атқаратынын және жақсылық пен шексіз сүюге үйрететінін атап өтті. Өзінің мұғалімдік тәжірибиесінде «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығы және қажеттілігін ескере отырып, «Өзін-өзі тану» пәні курстарын барлық білім мекемелеріне енгізу керек екеніне тоқталды.
Семинардың екінші кезеңінде педагогтар 4 топқа бөлінді.
-орыс тіліндегі бастауыш сыныптардың мұғалімдері.
-қазақ тіліндегі бастауыш сыныптардың мұғалімдері.
-Гуманитарлық колледж және Балалар үйі педагогтары.
-бала бақшалардың әдіскерлері мен тәрбиешілері.
Институттың ғылыми жетекші мамандары А.С.Сейтақов,Т.К.Кудашева, М.Ж.Джадрина, И.В.Колачева, Т.К.Лукашева «Өзін-өзі» пәні бойынша семинарға қатысушы мұғалімдерге арнайы әдістемелік оқу құралдар жинағының оқулығы және Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған дәптерлер мен электронды оқулықтар ұсынды.
Семинар соңында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х.Қошқарова Адамның үйлесімді даму институты қызметкерлерін қала педагогтарын оқулықтардың авторларымен жақын таныстырғаны үшін алғысын білдіріп, шығармашылық табыстар тіледі.


№1 жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта "Өзін өзі тану" пәнін жалпы білім беру ұйымдарына енгізуге әзірлік барысында ашық есік күні өткізілді.
«Өзін өзі тану» бағдарламасын білім беру ұйымдарында жаппай енгізу алдында департаментте оған әзірлік жүргізу мақсатында бірнеше іс-шаралар жоспарланған болатын. Соның бірі ретінде 22 қазанда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатында «Иманды ұл, инабатты қыз – елдің көркі» тақырыбында ашық есік күні өткізілді. Бұл іс-шара «Өзін өзі тану» адамгершілік-рухани даму бағдарламасын тәжірибеден өткізу жұмыстарына тартылмаған, бірақ «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық орталығынан, республикалық және облыстық білім жетілдіру институттарынан қайта даярлық курстарынан өткен мұғалімдер үшін облыстық білім беру басқармасы мен мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының ықпалымен ұйымдастырылды. Ашық есік күнін Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары А.Абанин және облыстық мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институтының директоры Б.Елеусінов ашып берді. 2005 жылдан бері «Өзін өзі тану» тәжірибе алаңында жұмыс жасайтын мектеп-интернат мұғалімдерінің шығармашылық есебі болып табылатын бұл іс-шарада, сонымен қатар бағдарламаға сәйкес тәжірибелі ұстаздардың ашық сабақтары, сыныптан тыс жұмыстары және интернат тәрбиеленушілерінің концерттік бағдарламасы көрсетілді. Облыстың барлық аудандарынан келген 60-тан астам мұғалімдер іс-шара барысында «Өзін өзі тану» пәнін оқыту тәжірибесіне қанығуға, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру институты әдіскерлерінің пәннің оқытылуына талдау жүргізу және әдістемелік көмек беру жұмыстарына қатысуға мүмкіндік алды. Кездесуді облыстық білім басқармасы мен қалалық білім бөлімінің мамандары З.Матжанова және З.Ерназарова қорытындылады. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің қызметкерлері қатысушыларға «Өзін өзі тану» кабинеттерін жабдықтауға байланысты ұсынымдамалар, мультипликациялық фильмдер, сондай-ақ әдістемелік кітаптар мен материалдар таратты. Іс-шара соңында «Өзін өзі тану» пәнін тәжірибеден өткізуге жауапты мекемелер облыстың барлық тәжірибе алаңдарындағы алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелерді жинақтауға және насихаттауға қатысты нұсқаулар алды. Әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, іс-шара туралы материалдар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.

 


«Өзін-өзі тану» бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенінің  тұсаукесері өткені туралы
2009 жылғы 26 қазанда  Астана қаласының № 22  орта мектебінде  ҰҒПББСО «Бөбек» Адамның үйлесімдігін дамыту иниституты ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының оқу-әдістемелік кешенінің  тұсаукесері өткізілді.  
Осы іс-шараға Ақмола, Қарағанды облыстары және Астана  қаласының  «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын енгізу және апробоциялау жөніндегі «Өзін-өзі тану» пәні бойынша педагогтар қатысты.  (128 адам).
Сондай-ақ тұсаукесерге  Білім басқармалары, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Өзін-өзі тану» пәнін  бағыттайтын мамандары  қатысты.


«Өзін-өзі тану- адамгершілік-рухани тәрбиелеу пәні ретінде: тәжірибе және перспективалар» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция туралы
2009 жылы 22-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында «Өзін-өзі тану - адамгершілік-рухани тәрбиелеу пәні ретінде: тәжірибелер және перспективалар» тақырыбы бойынша облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Осы конференция облыстағы тәжірибелік жұмыстарды жинақтаудың бірінші кезеңі болып отыр. Соңғы жылдарда  тәжірибеге қатысушылар көп жұмыс атқарды. Қызығушылық білдірген ұйымдар мен ведомстволар арасында шығармашылық тығыз байланыс орнатылып,  материалдық-техникалық база құралып, облыстық білім басқармасының қолдауымен  оқу-әдістемелік ұйымның  жұмысы реттеліп, ата-аналар үшін дәріс өткізілетін үйлер мен мектептер ашылды. Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қолдауымен «Жүректердің үндестігі» клубы жұмыс  істеп, тәрбиелік жұмысының бірқатар түрлерінің жүйесі келтірілген. 
Конференцияның қатысушылары бірінші күні Көкшетау қаласының Ғабдуллин атындағы №3 ОМ, «Экос» №13 ЭГМ, «Әсел» №15 м/б, Гагарин ат.№33 м/б, «Аққу» м/б, «Арман» м/б тәжірибелік алаңдарына барып шықты. Ашық сабақтар, секциялық оқу, психологиялық тренингтер, қуаныш топтары, педагогикалық шеберханалар, тұсаукесерлер өткізіліп, шығармашылық және әдістемелік көрмелер ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 23 қазанында Біліктілікті арттыру мен білім қызметкерлерін қайта даярлау институтының базасында болған пленарлық отырысын Балалардың құқықтарын қорғау  департаментінің директор орынбасары Б.С. Садвақасовтың құттықтау сөзімен басталды. Ол  сөзінде білім беру саласындағы нәтижелік,  ең бірінші, өзіндік тану педагогикалық кәсіптілік деңгейіне байланысты, сондықтан  балаларға  жолдас, тәлімгер және ұстаз болатындай  педагогикалық кадрлерді дайындау мен қайта даярлау міндеттерінің маңыздылығына  назар аудару қажеттілігі жайында айтты.
Қазақша және орысша оқытатын мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне, бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған секция жұмысына ұстаздар белсене қатысты. 
Осы конференцияға Ақмола облысының 100 аса тәрбиешілері мен ұстаздары қатысты.
Бүгінгі таңда «Өзін-өзі тану» бағдарламасы педагогикалық қоғамдастықтың  біріңғай ақпараттық және рухани өрісіне сіңген, бәріне ортақ іс болып табылады.


Павлодар облысы бойынша "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және cayықтыpy орталығы жанындағы (ҰFПББСО) «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің оқушылар пікірі
Маған «Бөбек» орталығы бір көргеннен ұнады. Мен орталықты көз алдыма елестеткеннен де керемет болып шықты. Колледж, мұғалімдер бәрі-бәрі сондай керемет, бізді жылы-жүзбен, мейірммен қарсы алды. Менің өмірім өзгерді, басқа орта, басқа қала. Мен Алматы қаласындағы «Өзін-өзі тану» колледжіне оқуға түскеніме өте бақыттымын. Маған колледжде, мұғалімдерде ұнайды және біз тұратын жатақхана өте керемет. Бізге осындай жақсылық жасап отырған Сара Алпысқызына шексіз ризашылығымызды білдіріп, мың да бір алғыс айтамыз. Мен мұндай жақсылықтарды ешқашан ұмытпаймын.    
Қайырғожина Рәзия Ерболатқызы


2009 жылдың 7 қазанында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өзін-өзі тану – адамгершілік тәрбиенің бастауы» атты тақырыпта І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің эксперименттік алаңында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Отырыстың мақсаты 2008-2009 оқу жылындағы «Өзін-өзі тану» пәні бойынша атқарған жұмыстардың қорытындысын шығару, өзара тәжиірибе алмасу және эксперимент барысында туындаған қиындықтарды талқылау. Дөңгелек үстел отырысына эксперименттік алаңдар басшылары, оқытушылар мен тәрбиешілер, аудандық, қалалық мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел отырысында 6 эксперименттік алаң, яғни Талдықорған қаласында орналасқан І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің, №14 орта мектеп-гимназиясының, №42 және №45 балабақшаларының, Қарасай ауданындағы Абай атындағы мектеп пен «Сандуғаш» балабақшасының оқытушылары, мұғалімдері мен тәрбиешілері жылдық қорытынды шығармашылық есептерін жасады. Әр алаңның педагогтары мен тәрбиешілері «Өзін-өзі тану» курсы бойынша өздерінің жеткен жетістіктерін, жұмыстағы ерекшеліктерін, өзіндік әдіс-тәсілдерін атап өтіп, өзара тәжірибе алмасты. Сонымен қатар «Өзін-өзі тану» бағытында жұмыс жасайтын педагогтар мен тәрбиешілер «Өзін-өзі тану» пәнін балабақшадан мектепке, мектептен жоғары оқу орнына сабақтастыру адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыған, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде үлкен үлес қосатынына кәміл сенімді. 
«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын іске асыру мен жеткіншектер бойына ізгі қасиеттерді дамыту, өмірлік ұстанымдарды қалыптастыру мақсатында атқарып отырған еңбектері үшін бірнеше педагогқа Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  алғыс хаттары берілді.

 


Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесіне арналған VII балалар спорты ойындары аяқталды...
2009 жылы 2-4 қазан аралығында Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысы Әкімінің жүлдесі үшін 7-ші «Сәулетай» балалардың спорт ойындары өтті. Бірінші облыстық балалар спорт ойындарын салауатты өмір салтын насихаттау және қызығушылықтарын ояту, рухани-адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында 2001 жылы Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымының бастамасымен құрылған «Бөбек» қоры ұйымдастырған.  
Дәстүрге айналған ойындар «Сәулетай» қорының атын лайықты ұстап келеді және салауатты өмір салтын қалыптастыру, жалпы білім беру мектептерінде бұқаралық спортты дамыту, оқушыларды әрдайым спортпен шұғылдануға тарту, жасөспірімдермен балалар арасында нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу мақсатында өткізіледі.
Аталған жарысқа Шығыс Қазақстан облысының 5 қаласынан және 14 ауданнан 1995-1996 жылы туған жас спортшылар қатысты. Әр команда құрамы 37 адам. Барлығы 700 ұлдар мен қыздар қатысты ойындар спорттың 7 түрі бойынша өтті: жазғы Президенттік көпсайыс (қыздар – 60 м жүгіру, 1000 м, доп лақтыру; ұлдар – 60 м жүгіру 2000 м, доп лақтыру), шағын футбол, волейбол, қазақ қүресі, үстел теннисі, армрестлинг, арқан тарту.
Салтанатты ашылу спорт Сарайында өтті. Жарыстың қатысушылары мен қонақтарын облыс әкімі Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы құттықтады. Үшкүндік сайыс жарыстың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтады. Олардың бәрі естелік медальдарымен, диплом және кубоктармен марапатталды.


Экспериментатор – педагогтар  тәжірибелерімен  бөліседі
Актөбе облысының «өзін - өзі танушылар»   әдеттегідей «Жүректер үндестігі» клубының кезекті отырысында  кездесті. Мұғалімдерді педагогикалық институт  оқытушылары құшақ жая қарсы алды.
Күн тәртібінде әртүрлі мәселелер қаралды. «Трибуна»  тренингі барысында әр мұғалім өзіне - өзі тұсаукесер жасау арқылы  «Өзін -өзі тану» пәнінің мұғалімі ретінде өздерінің жетістіктері мен пәнді оқытудағы кездесетін қиыншылықтарын да айтып өтті.
«Өзін -өзі танушылар» «Бөбек» орталығының жанынан адамды үйлесімді дамыту кешенінің ашылғанына  қуана отырып, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Білім министрі тарапынан  көтерілген  бала тәрбиесіндегі ата –ананың ролін арттыру мәселесі бойынша  ой бөлісті. Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының  аға оқытушысы А.Айпеисованың өз іс - тәжірибесімен бөлісуі клуб мүшелерін  жігерлендіре түсті.
Шұбарқұдық гимназиясының «өзін-өзі танушы» ұстазы Ш.Мәуленбергенованың «Менің ұстаздарым» тақырыбында өткізген панорамалық сабағы  клуб мүшелерінің қызығушылығын тудырды.
Клуб отырысында 13 білім беру  мекемесі қатынасқан «Үздік «Өзін -өзі тану» кабинеті» байқауынының сырттай кезеңінің қорытындысы шығарылды. Клуб мүшелері өздерінің  осындай отырыстардан үлкен күш – қуат алатындықтарын мақтанышпен жеткізді.

  


Абайдың сөздерімен
1 қазанда облыстық  көздері көрмейтін және нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатында Батыс Қазақстан облысының балалардың құқықтарын қорғау департаметінің ұйымдастыруымен «Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиесі негізінде гуманистік білім беру үрдістерін жүзеге асыру» жобасы шеңберінде «Жақсы сөз – жан азығы» атты мәдени-көпшілік шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты -  балалардың адамгершілігін, жігерлігін, эстетикалық дүниесін, азаматтық белсенділігін дамытуға, оқушының шығармашылық тұлғасын қалыптастыруға ықпал ету.
Шара жұмысына білім беру, ішкі саясат, тілдерді дамыту басқармаларының, БАҚ-ның өкілдері мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, педагог кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының оқытушылары және «Жас дәурен» балалар кешенінің, облыстық балалар үйлерінің тәрбиешілері мен тәрбиеленушілері, сонымен қатар ұйымдаструшылар қатысты.
Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған кітап-көрмесі ұйымдастырылып, мектеп-интернаты оқушыларының күшімен әзірлеген музыкалық бағдарламасы  ұсынылды. Іс-шара барысында  оқушылар Абайдың қара сөздері мен шығармаларын оқып, әндерін орындады. Қазақ ақынының өмірбаяны туралы көптеген мағлұмат алып, сұрақтарға жауап беруде белсенділіктерін көрсете біліді.
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті «Өзін-өзі тану»  пәнінің  оқытушысы, педагогикалық ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Ерғалиева «Сәулең болса кеудеңде» атты оқушылар арасында өткізген 15-минуттық  тренингте  ақыл, ой, сөз, қайырымдылық және бір-біріне деген сыйластық сияқты адамдық құндылықтар қасиеттеріне  кеңейтілген түсініктерді  бере білді.
Шара аяғында мектеп-интернатының директоры А.Н. Ғұбаш балаларға танытқан белсенділіктері үшін оқушыларға диплом табыс етті.


Жақсыны көре біліп үйренейік
2009 жылдың 30 қыркүйегінде Шымкент қаласының № 39  «Інжу-Маржан» бөбекжай-балабақшасында  «Жақсыны көре біліп үйренейік» тақырыбында  семинар өткізілді.
Семинарға ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры мен мамандары, барлық экспериментальдық алаңдардың басшылары мен «Өзін-өзі тану» пәнінің жауапты ұстаздары, облыстық білім жетілдіру институтының тәрбие кабинетінің мамандары, «Өзін-өзі тану» пәні жүргізілетін топтағы балалардың ата-аналары қатысты.
Семинар «Аққайың» ересектер тобында ашық сабақ түрінде өтті. Сабақ барысында топтың тәрбиешісі Г.Абилхасимова балаларды шаттық шеңберіне тұрғызып, бір-біріне жақсы тілектер айтқызып, «Мен ерекше баламын» ойынын өткізді. Тәрбие туралы  «Ақбота»  мултьфильмінің көрінісінен кейін балалар жас ерекшеліктеріне қарамастан көрініс жөнінде ойларын  ашық түрде жеткізе білді. Ашық сабақтан соң «Ботақан» мектепке даярлық тобының ата-аналарымен «Тәрбие  отбасынан басталады» атты отырысы өтті. Әр ата-ана өз балалары және отбасындағы тәрбие туралы айтып, көптеген пайдалы ойлар айтты. Бұл күні балабақшадағы балғындарымыздың танымдық қабілеттері бұрынғыдан да арта түсіп, өмірді тану туралы өзіндік ой-пікірлері қалыптаса бастағаны байқалды. Семинар отырысы «Асыл жүрек» педагогтар клубының отырысына жалғасты. Клубтың жаңа құрамын және 2009-2010 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарын бекіту  туралы ұсыныстар берілді. Департаменттің директоры Ғ.Жүсіпова семинар мен клубтың отырысын қорытындылап, балабақша меңгерушісі З.А.Надированы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің алғыс хатымен марапаттады.
Семинар жұмысының соңында  қатысушылар осындай өзара пікір алмасудан тұрған іс-шараны ұйымдастырған ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментіне және №39 «Інжу-Маржан» балабақша ұжымына үлкен алғыстарын білдірді.


2009 жылдың 17 қырқүйегінде Қарасай ауданы, Қаскелең қаласындағы «Сандуғаш» балабақшасының «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңында «Достық әлемі» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Мақсаты: Балаларға «Достық» ұғымын, оның құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру.
Міндеттері:
- достық, татулық, бірлік ұғымдарын түсіндіру;
- өзара татулықты қалыптастыру;
- достықты қадірлей білуге, дос болуға тәрбиелеу.
Сабақ барысында тәрбиеші Батырбаева Анаргүл Бейсенбекқызы балалардың бірі-бірінің жүздеріне күле қарауларып өтініп, көздерінен мейірімділіктің, жақсылықтың, қамқорлықтың, сүйіспеншіліктің белгісін көріп тұрғанын айтып, балалардың назарын сабаққа аударып алды. Содан кейін, балалармен шаттық шеңберін құрып, шеңбердің ортасындағы гүлдерге қарап, гүлдер арқылы «Достық» жайлы балалардың ойларын тыңдады.  «Достық әлеміне саяхат» жасалынып, «Достық патшалығы» туралы ертегіні оқып берді. Ертегіні мұқият тыңдаған балалар тақтада ілініп тұрған ватманға қолдарын бояуға малып, алақандарының ізін салды. Дос болғысы келген бала сол бейнеленген алақанның үстіне өзінің алақанын басып, сол арқылы алақан иесімен дос болғысы келетінін білдірді.
Сабақ соңында тәрбиеші балаларды шеңберге жинап шеңбердің ортасындағы себет байланған шарды аспанға ұшырып, себеттен шашылған тілек сөздерді балаларға бір-біріне сыйлату арқылы сабақты қорытындылады.
Сабақ облыстық телерадиокомпаниясында ашылып отырған «Көкжиек даңғылы» бағдарламасына түсірілді.


2009 жылдың қыркүйек айының 15-і күні қаламыздың №25 жалпы орта білім беру мектебінде «Радуга» клубының кезекті отырысы өтті. Осы отырыста Павлодар облысының эксперименттік тобының өкілдері қатысты. Ең алғашқы сөз кезегі Павлодар облысының балалардың құқықтар қорғау департаментінің директоры-Гүлбарам Әуэзханқызы Наурызбаеваға берілді. Гүлбарам Әуезханқызы жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі. №25 жалпы орта білім беру мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Зәуреш Нәжмиденқызы Қадырова  «Менің ұстазым» атты ашық сабақ жүргізді. Екібастұз қаласының №9 бала-бақшаның психолігі Т.Қ.Аужанова және №35 мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Е.А.Свиридова тұлғаның рухани танымдық қалыптасуы мен мұғалім, оқушы, ата-ана байланысы туралы сөз сөйледі. ПМБАЙ өзін-өзі тану кабинетінің меңгерушісі Г.Б.Кабдуалиева «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттіқ жалғасуы жөнінде айтып өтті.
Отырыстың соңында өз ойларымен бөлісіп, қорытынды шығарылды.


Ақмола облысы   Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани бағдарламасын ақпаратты-насихаттық жұмыс шеңберінде іске асыру жөнінде   адамның адамгершілік-рухани даму бөлімімен әр түрлі шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Облыстық телидидарда адамгершілік-рухани білімі мәселесі туралы телебағдарламаны жаңартып шығару бойынша нақтылы жұмыс атқарылды. Шындық себеппен «Мен әлемге керекпін» атты телебағдарламасының шығуы тоқтатылды. Қыркүйек айында «Еліміздің болашағы» телебағдарламасы «Нәрестенің айтқанымен» рубрикасына облыстық теледидар қызметкерлерімен бірге «Чайка» мектеп-бақшаға кіріп шығу ұйымдастырылды. Игілік, мейірімділік, сүйіспеншілік туралы кішкентайлар өз пікірлерін аса қызығушылықпен айтып  өздерінің суреттерін көрсетіп анасы туралы, туған табиғат, сүйікті жануарлар туралы тақпақтар айтты және т.б.
«Өзін-өзі тану» пәнін бұқаралық еңгізуге дайындық бойынша 2009 жылға арналған бірлескен қызметтің республикалық жоспарына сәйкес, білім мекемелерінде балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білімберу бағдарламасын бекіту және енгізу бойынша әдістемелік көмек көрсету тәжірибе жұмысының жағдайын зерделеу мақсатында Көкшетау қаласы тәжірибе алаңдарына бару жоспарлануда. Осы мақсатпен құрамында Кокшетау қаласының білім бөлімінің өкілдері мен жұмыс тобының жиыны өткізілді. Отырыстың барысында тәжірибе алаңдарына бару кестесі айтылып, «Өзін-өзі тану» кабинетін ұйымдастыру туралы нұсқаулармен ереже қарастырылды, тәжірибе алаңдарын тексеру туралы жаднама құрастырылып  «Өзін-өзі тану» пәні бойынша жұмыс істейтін мұғалімдерге, тәрбиешілер, ата-аналарға анкеталар дайындалды.


«Өзін-өзі тану» пәнді ендіру бойынша эксперименттік алаңдардың басшыларымен кездесуді өткізу туралы
2009 жылғы 10 қыркүйекте  Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 6 эксперименттік алаңдардың басшыларымен «Өзін-өзі тану» пәнді ендіру бойынша кездесуді өткізді.
Кездесуге мыналар қатысты: Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері, СҚ ПКБАҚДИ оқытушысы, қалалық білім беру бөлімінің әдіскері және эксперименттік алаңдардың басшылары.
«Бөбек». ННПООЦ- те өткен дәріскер-тьюторлар байқауында  болған № 7 ОМ  бастауыш мектептің менгерушісі Е.А. Крупская  өз пікірін айтты.
Осы кездесуге қатысқандар «Өзін-өзі тану» курсын насихаттау бойынша эксперименттік алаңдардың қызметін сараптап, 2009 жыл бойы бірлесіп істеген жұмыс қорытындысын шығарып, ұсынылған алдағы жұмыс жоспарымен таныстырылды.

 


«Өзін - өзі тану»  жаңалығы
Білім күні қарсаңында  Алматының төрінде, әсем табиғат аясында  «Бөбек»  ұлттық ғылыми – практикалық  білім беру және сауықтыру  орталығы жанынан  жаңа үлгідегі  адамды жан – жақты  үйлесімді дамыту  оқу кешені ашылды.  Бұл кешеннің ерекшелігі – балалар балабақшадан кейін  мектеп партасына отырады, аттестат алған соң  колледжге түсіп диплом  алып шығады.  Оқу кешенінде  оқу және жатын орындары, спорт зал, асхана, қонақ үй, стадион, жылыжай, аспан әлеміне, астрономия ғылымына балалардың қызығушылығын тудыратын планетарий мен обсерваториялар бар.
Бүгінде  «Өзін-өзі тану»  бағытында  тұңғыш рет ашылып отырған колледж осы мамандыққа  кадр дайындайтын алғашқы оқу орны. Біздің облысымыздан  колледжде 3 түлек  білім  алуда. Олар Ақтөбе қаласы №2 орта мектебінің  түлегі Ефимова Елена және Қобда ауданынан Қиыл, Талдысай орта мектептерінің түлектері Марқабаева Алмагүл мен Өтемісова Үзілдік. Колледжге қабылданған студенттер жатақханамен, тамақпен қамтамасыз етілген.  Студенттер алғашқы  жартыжылдықта  шәкіртақы алады, одан кейін оқу үлгеріміне қарай  беріледі.
2010-2011 оқу жылында еліміздің жалпы орта білім беретін мекемелері 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуіне байланысты  «Өзін -өзі тану»  пәні жалпы білім беру стандартына енгізілмек. Міне, осы кезде біздің студентеріміз  өздерінің туған өлкелеріне келіп, «Өзін - өзі тану» пәнінен дәріс бере  алады.
Колледж  студенті, Өтемісова Үзілдікпен  телефон арқылы байланысқанымызда еліміздің алғашқы ханымы Сара Алпысқызының осындай игі іс – шарасы үшін  алғыс айтатындығын және  оқу орнының  олар үшін берері көп екендігін  хабарлады. Сонымен қатар, олар колледжге  кездейсоқ келмегендіктерін, ұстаздарының артқан үміттерін ақтайтындықтарын да айтты. Әсіресе   Сара Алпысқызын көргенде  өте жақсы  әсер алдық  және  колледждің  ашылу салтанатында өзіміздің жан – жақты, қабілетті екенімізді көрсете білдік деген болатын.


Даналық  сөздер  қоржыны


Оңтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңшалардың басшыларымен, мұғалімдерімен кездесу өткізгені туралы
2009 жылдың 11 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде, облыстағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізіп жатқан эксперименталды алаңшалардың басшыларымен, мұғалімдерімен кездесу өткізілді.
Бұл кездесуге ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры және адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы мен мамандары, қалалық білім бөлімінің ғылыми әдістемелік орталығы директорының орынбасары Сражиева Гаухар, эксперименттік алаңшалардың басшылары мен «Өзін-өзі тану» пәнінің ұстаздары, жергілікті БАҚ өкілдері  қатысты.
Кездесудің басында департамент директоры Ғ.Жүсіпова ұстаздарды жаңа оқу жылымен құттықтау сөз сөйлеп, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының іске асырылуына белсене ат салысып, ерекше көзге түскен мұғалімдерді арнайы алғыс хаттармен марапаттап және осы кездесуге қатысушыларға  гүл шоқтары мен естелік сыйлықтарын тарту етіп, қазіргі қоғамдық сұранысқа сәйкес «Өзін-өзі тану» курсы келешекте өз ісіне мығым, рухани жан-дүниесі бай, жұртшылықпен араласқанда жеке басының жағымды қасиеттерін байқата алатын, мінез-құлықтың теріс жақтарын саналы түрде айыра алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуде қажымай еңбек ете беруіне тілек білдірді. Сөз соңында департамент директоры Ғ.Жүсіпова Алматы қаласындағы «Бөбек» орталығы жанынан «Өзін-өзі тану» пәні бойынша гуманитарлық колледждің ашылғандығын айтып, бұл колледжге департаменттің жолдамасымен 9 мектеп бітіруші түлектер оқуға түсіп, қазіргі таңда олар сол жерде оқып жатқандығын мақтанышпен айтып өтті. Бұдан кейін М.Әуезов атындағы университетінің психология кафедрасының меңгерушісі М. Искакова департаменттің директорына өз алғысын жеткізе отырып, М.Әуезов атындағы университеттің оқу тәрбие процессінің жоспарына сәйкес  «Өзін-өзі тану» бағдарламасының іске асырылып жатқандығын және биылдан бастап барлық мамандықтар бойынша 1-курс студенттері «Өзін-өзі тану» пәнінен дәріс алатындығын  ерекше атап айтты.
Cөз алған мұғалімдер кездесуді ұйымдастырып отырған департаментке алғыстарын білдіріп,  барлық сыныптарға кітап жетіспейтіндігін айтып, қалалық білім бөліміне кітап жөнінде ұсыныстар айтты.
Жалпы кездесуге қатысушы эксперименттік алаңшалардың басшылары мен «Өзін-өзі тану» пәнінің ұстаздары бұл кездесуден ерекше әсер алғандығын айтып, еліміздегі бүкіл білім беру процесін руханилыққа қарай бұру үшін және білім беру жүйесінің жаңа мүмкіндіктерін ашу үшін, болашақта да осындай кездесулер, дөңгелек үстелдер мен семинарлардың қажет екендігіне баса назар аударды. Кездесуге келушілер көтеріңкі көңіл күймен тарқады.


Ақмола облысы «Өзін-өзі тану» тәжірибе аландарында білім күнін өткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тақырыптық әңгімелесу, балалардың суреттер көрмесін ұйымдастыру, тақырыптық ойындарды жүргізу бойынша өтті.
Барлық іс-шаралар біздің республикамыздың гимнін орындауымен салтанатты жиналыстан басталды. Көтерінкі көңіл күйді, үлкендермен танысу кезіндегі қорқынышты женуге ұйымдасқан оқытушылар мен тәрбиешілердің өткізген ойын-сауық ойындар, әңгімелесу, сыныптық сағаттар көмектесті.
«Өзін-өзі тану» тәжірибе аландарындағы қонақтар ертегілік кейіпкерлер (Кузя,  Алиса, Карлсон, Малыш, Саққұлақ және т.б.) болды.
Барлық тәжірибе аландарында оқушылар мен оқытушыларды жаңа оқу жылымен құттықтаушылар үшін Ашық есік күні болып жарияланды.


2009 жылдың 31 тамызында Алматы қ. Жаңа «Бөбек» Адамның үйлесімді дамуына сапалы білім алу кешенінің ашылуы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаеваның қатысуымен өтті.
Жаңа бірегей білім беру кешенінің құрамына адамның үйлесімді даму институты, «Өзін-өзі тану» Адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжі, «Өзін-өзі тану» мектеп-гимназиясы, Бала-бақша кіреді.
Іс-шарада Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж.Қ Түймебаевтың, Алматы қ. әкімі, А.С.Есімовтің «Айсель Қазахстан» корпорациясының президенті С. Сұлтанәлиевтің құттықтау сөздерімен ашылды.
ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан балаларға толық бағдарламамен қамтылған компьютерлік класс, Алматы облысының әкімшілігі – интерактивті тақта, кешен құрылысшылары – мультимедиялық классты сыйға тартты.
Сонымен қатар құрылысшылар бала-бақша тәрбиеленушілері үшін кішкене автомобильдер деп аталатын, балақандарға айналада ыңғайлы жылжуы үшін сыйға тартуға уәде берді.
Сара Алпысқызының қол шапалақтауымен салтанатты түрде көгілдір лента қиылды және балаларға олардың бақытты балалық шағына ескерткіш ретінде «алтын кілт» тапсырылды.


Алматы қаласының адамның үйлесімді даму Институтының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжінің талапкерлерімен кездесу
Биылғы жылы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы жанында үйлесімді қарым-қатынасты өзімен және қоршаған ортамен Махаббат, Мейірімділік, Өзара қарым-қатынастық және Қайырымдылық негізінде құрастыра алатын мамандарды дайындау үшін адамның үйлесімді дамуының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі құрылды.
«Бөбек» ұлттық орталығы балалардың 11 сынып негізінде қазақ, орыс тілдерінде оқытатын мектепке дейінгі және бастауыш мектептері үшін өзін-өзі тану педагогтарын дайындау жөніндегі педагогикалық колледждің білім беру қызметінің мемлекеттік лицензиясына ие. Оқыту тегін түрде жүзеге асырылады.
Колледж өз қызметін «Өзін-өзі тану» пәні және оқушылардың таңдаған курстары енгізілген жеке оқыту жоспары бойынша жүзеге асырады.
Оқыту пәндері бойынша сабақтар жаңадан жабдықталған аудиторияларда өткізіледі. Оқыту үрдісінде жаңадан оқыту технологияларымен қоса электрондық оқулықтар, электрондық тестілеу, мультимедиалық оқыту жабдықтары, интерактивті тақталар қолданылады. Оқушыларға интернет жүйесін қолдануына уақыт мүмкіндіктері шектелмеген. Колледжде оқыту залы бар кітапхана, 3 мың шаршы метр шамалас ауданды спорт кешені (бассейн, волейбол, баскетбол, балалар алаңдары, футбол алаңы,теннис корты) асхана, буфет, тұрғын-үй коттеждері, автобус паркі бар.
Колледж оқушылардың кәсіби практикаларын «Бөбек» ҰҒПББСО-да, Алматы қаласының үздік мектептері мен балабақшаларында өтуін қамтамасыздандырады, педагогикалық жоғарғы оқу орындарында қысқартылған бағдарлама бойынша түсу емтихандарсыз одан арғы оқуына кепілдеме береді, колледж қаланың экологиялық таза ауданында орналасқан, оқуға мемлекеттік білім гранттарын алу мүмкіндігі беріледі, түлектер қаланың үздік мектептеріне орналастырылады.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Адамның үйлесімді даму Институтының «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжде оқулары үшін    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттарын бөлу бойынша алдын ала жұмыстарын өткізді.  Гранттарды бөлу бойынша комиссия мүшелерінің құрамы белгіленді, грантты иеленуші үміткерлерінің кандидатурасы талқыланды,  грант үміткерлері - балалармен сұхбаттасу өткізілді, әрбір оқушының портфолилері қаралды, ҚР БҒМ-нің  грантын алу бойынша ұсыныстар енгізілді.
Қорытынды нәтижесінде Павлодарлық бес бала белгіленді, олар «Өзін-өзі тану» колледжінде оқиды: Павлодар қаласының №41 ЖОМ оқушысы – Разия Ерболатқызы Қайырғожина, Павлодар облысы Успен ауданының Павловск ЖОМ оқушысы – Жанар Жұмабайқызы Катпиева, Павлодар ауданы Мичурин ауылының облыстық отбасылық үлгідегі балалар үйінің тәрбиеленушісі, Мичурин ЖОМ-ның оқушысы – Михаил Владимирович Мацура,  Павлодар ауданы Жетекші ауылының ЖОМ оқушысы – Бахытгүл Вячеславовна Скокова, Павлодар қаласының №2 жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушысы – Анна Гумарова Гаптракипова.
Ағымдағы жылдың 20 тамызда облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті талапкерлермен кездесуді өткізді, оларға осы колледжде оқулары үшін үлкен міндет жүктеліп отыр.
Кездесуге келген балалар мен ата-аналарды департамент директоры Г.Ә. Наурызбаева қарсы алды. Гүлбарам Әуезханқызы балаларға үндеуінде: «Жаңа заман уақытына сәйкес болу үшін Сендер өздеріңді қоғамға деген қызметтеріңде риясыз жәрдем беру бойынша дамытуларын қажет, таңдаған істі аяғына дейін істеп бітірулерін керек. Бір қалыпта қатып қалмай, одан әрі жетілу қажет. Өз бойыңдағы, мінез-құлықтағы кемшіліктерді жойып еңбеккорлық, шыдамдылық, жауапкершілік сияқты жаңа қасиеттерді тәніне баулу, алдына қойолған мақсаттарға қол жеткізу және өзіңнің одан да жақсы болуыңа талап қою керек» - деді.
Департамент директоры балаларға Павлодар облысының лайықты өкілдері болып, болашақта біздің аймақтың өзін-өзі тану педагогтарының қатарын толықтырады деген  үмітіне сенімділігін білдірді.


Алматы қаласы Қоғамдық Қорының бастамасымен «Родник» «Балалар мен  әйелдерге әлеуметтік-псхологиялық сауықтыру орталығы» «Тау Туран» сауықтыру кешенінде балалардың құқықтарын қорғау департаментімен  балалардың гендірлік теңдігі туралы конференция өтті.
Конференция мақсаты: Балалардың Қазақстан Республикасы Гендірлік  саясатындағы сауалдарды талқылауға қатысу мүмкіндігін құру, Қазақстан Республикасы гендірлік теңдікті насихаттауға, дебатқа қатысу және жаңа пікір-таластар құру, әйел мен ерлердің  отбасы және қоғамдағы ролі туралы, гендірлік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру өткізілді.  Көптеген ата-аналар балаларды тәрбиелеу барысында міндетінен әр түрлі себептермен өздігінен, мектеп пен қоғамда  жауапкершілігінен  босатылады.


2009 жылғы 25 тамызда Талдықорған қаласының №25 ОМ кешенінде Алматы облысы білім қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы аясында Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөілімі  «Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және өскелең ұрпақты адамгершілік-рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу бағыты бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру» тақырыбында секция жұмысын ұйымдастырды.
Мақсаты: қоғамдағы адамгершілік басымдылықтары мен рухани байлықтарды қалыптастыру жөніндегі ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру.
Секция жұмысына барлық типтегі мектеп-интернаттарының директорлары, директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, «Өзін-өзі тану» бағыты бойынша жұмыс істейтін эксперименттік алаңдар басшылары қатысты.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы А.М.Үшкемпірова
секция жұмысына жетекшілік етті. Ол «Өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік тұрғыдан тәрбиелеу және дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
Секция жұмысына Алматы облыстық мұғалімдер кәсібін жетілдіру институтының әдіскері Ш.С.Хусметдинова, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, п.ғ.к. А.Ж.Құрақбаева,  «Алматы облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.С.Қыдырбаева қатысты.
Алматы облыстық мұғалімдер кәсібін жетілдіру институтының әдіскері Ш.С.Хусметдинова «Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі»
тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама соңында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, п.ғ.к. А.Ж.Құрақбаева тренинг өткізді.
Талдықорған қаласындағы №14 орта мектеп-гимназиясының «Өзін-өзі тану» эксперименттік алаңы мұғалімдері адамгершілік-рухани білім беру сабақтарынан үзінділер көрсетті. 
«Алматы облыстық ата-аналар комитеті» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д.С.Қыдырбаева «Қазіргі жағдайда отбасының рухани-адамгершілік мүмкіндіктерін арттыру жолдары» тақырыбында баяндама жасап, «Ата-аналар мектебін» ашу туралы жобамен таныстырды.
Секция жұмысы қорытындыланып, ұсыныстар қабылданды.
Секция жұмысы облыстық БАҚ арқылы жарияланды.  

 


ІЗГІ ҚАТЫНАСТАРҒА ТӘРБИЕЛЕЙТІН БІЛІМ ОШАҒЫ

Бүгінде "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және cayықтыpy орталығын (ҰFПББСО) бiлмейтін адам кемде-кем  шығар. Олай дейтінiмiз, Сара Назарбаеваның елiміздің балалары үшін барлық атқарған игі істері, қайырымдылық шаралары «Бөбекпен» тығыз байланысты.
Tapихқа көз салсақ бұл орталықтың негізі осыдан он бес жыл бұрын еліміздегі жетім балаларға қамқорлық жасап, бұл орталықтың негізі осыдан он бес жыл бұрын еліміздегі жетім балаларға қомқорлық жасап, қол ұшын беруге құрылған «Бөбек» қайрымдылық қорымен астасып жатыр.  Қор құрылып, ержетіп, есейе келе,  тек жетім балаларға қамқорлық  жасау аясында қалып қоймай, қанатын жайып, өз құрылымын өзгертті. Сара Алпысқызының өзінің тікелей бастамасымен адамгершiлік-рухани дуниеге балғытталған жаңа жоба, бағдарламалар жұмыс жасай бастады.
Естеріңізде болса, 1995 жылы екі тусқан ел басшылары – Түркия  Республикасының Президенті Сулеймен Демирел мен Қазақстан Республикасының Президенті Нурсултан Назарбаев табиғаты әсем Алатаудың бөктеріне өздері іргетасын қалап, салып берген ертеідегідей ғажайып ғимаратты "Бө6ек" қорына сыйға тартқан болатын. Содан бері осы үлкен шаңырақта Сара  Алпысқызының аналық мейірімі, алақанның жылуымен алғаш Республикалық балалар реабилитациялық-сауықтыру орталығы ашылып, жыл сайын екі мыңға жуық Қазақстанның әр аймағынан келген балалардың денсаулығын жақсартуға атсалысса, бұл кешен бүгінде өз бағытын өзгертіп, Ұлттық орталыққа айналып отыр. Онда адамның үйлесімді дамып, сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оның құрлымына «Өзін-өзі тану» мектеп – гимназиясы, Адамның үйлесімді даму институты мен психологиялық –дәргерлік педагогикалық қызметтері кіреді.Білімі де сауықтыруы да, ғылымы да шоғырланған бұл орталық жөнінде «Бөбек» ҰҒПББСО-ның бас директоры Тілек Қарымсақовты әңгімеге тартқан едік.

- Тілек Уәлиұлы, алдымен жұртшылыққа түсінікті болсын, өзіңіз басқарып отырған Ұлттық орталықтың жалпы атқаратын қызметі, оның бағыт-бағдары, мақсаты, өзге білім ошақтарынан ерекшелігіне кеңірек тоқтала кетсеңіз.....
«Бөбек»  ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының құрамында балабақша, мектеп-гимназия, колледж, сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді даму институты бар. «Бөбек» ұлттық орталығында Сара Алпысқызы Назарбаеваның балалар мен жастарға рухани-адамгершілік білім беруге арналған «Өзін-өзі тану» авторлық жобасы бойынша 2002 жылдан бастап білім беру жүйесінің барлық деңгейлері бойынша «Өзін-өзі тану» оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленіп, эксперименттен өтуде. Бұл орталықтың басты қызметі -  жас ұрпаққа рухани – адамгершілік тәлім-тәрбие беру және оларды адами ізгі қатынастарға үйрету болып табылады. Рухани-адамгершілік білім берудің мақсаты – адамның қоршаған ортада өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінуіне ықпал етіп, өзін-өзі толық іске асыруына, өзінің әлеуметтік рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып саналады. Бұл мақсаь өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесінің жалпыадамзаттық, ұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуымен ерекшеленеді әрі олардың физикалық,   психикалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық өсуі тұрғысынан үйлесімдіккеқол жеткізу өабілеттерін дамытады.
- Өзін-өзі тану пәні амандық болса, елімізде 12 жылдық білім беру жүйесіне енгізіп, оқытылмақ. Ендеше, осы пәннің ерекшелігі, оның мектеп бағдарламасына қаншалықты қажетті екенін түсіндіре кетсеңіз. Өйткені, бұл пәнді жалпы орта білім беру жүйесіне тек Қазақстанның бірінші ханымы бастамашы болғандықтан енгізуде деген арагідік сөздер айтылып қалып жатады...
- «Өзін-өзі тану» пәні сіз айтқандай болашақта еліміздің 12 жылдық білім беру жүйесіне енеді. Бұл пәннің өзіндік ерекшелігі – балалардың тұлғалық дамуын, өзіндік дербестігінкөрсету, шығармашылық және танымдық белсенділігін арттыру, балалар мен жастардың ізгілік сенімдер жүйесін және адамгершіл мінез-құлық тәжірбиелерін қалыптастыру бойынша қазіргі білім беру міндеттерін іс жүзіне асыруға мүмкіндік берді. Нақтырақ айтсақ, мектепке дейінгі балаларға жалпы адамзаттық құндылықтардың бастапқы түсініктері беріліп, оларды өзін-өзі танудың негіздерімен, отбасы және жақын адамдармен жақсы қарым-қатынас жасау нормаларымен таныстырады.  Бастауыш мектепте жалпыадамзаттық құндылықтар тереңірек түсіндіріліп кеңейтіледі, өмірдің жағымды жақтарынүйрене және түсіне білуге дағдыландырады. Жоғары сыныптарда өзін-өзі танудың көп қырлары мен адамгершілік құндылықтарды жан-жақты меңгерту арқылы ең жақсы адами қасиеттерді бойларына  дарытады және қоғамға қызмет етуге дағдыландырады.
- Әрине, адамтану ғылымы бүгінде шет мемлекеттерде қанатын кең жайған, үлкен ғылыми орталық болмаса ғылыми-зерттеу институтты ретінде дамып, қалыптасқан. Ендеше,   Адамтану орталығының бет алысы, атқарылған шарулар, жалпы осы саланың жұмысынан хабардар етсеңіз.
- Шет мемлекеттерде адамтану ғылымының өркендеп, қанат жайып отырғаны көпшілікке аян. Ал біздің орталықтың құрамындағы институт «Адамның үйлесімді даму институты»  деп аталады. Аталған институт  «Бөбек» ҰҒПББСО-ның  құрылымдық бөлімі болып саналады, ол ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 23 мамырдағы республикалық мемлекеттік қазыналық мекеме ретінде «Адамның үйлесімді даму институтын» құру туралы № 692 бұйрығына сәйкес құрылған. Адамның үйлесімді даму институтының құрылымдыұ бөлімдерінің қызметі «Бөбек» ҰҒПББСО -  ның Жарғысына 4 ғылыми қолданбалы жобаларға (014, 055, 008, 023) және бекітілген жоспарға сәйкес қызмет жасап, үздіксіз білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде ріхани-адамгершілік білім беруді ұйымдастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік негізіндерін жасауға бағытталады. Институтта «Өзін-өзі тану» пәнінің ресми-нормативтік құжаттары, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендері дайындалады.
- Сара Алпысқызының бастамасымен қазірге заманға, жаңа ғасырға лайықты салынған тағы бір мектеп-интернет осы жаңа оқу жылында пайдалануға берілетінінен хабардармыз. Бұл мектептің ерекшелігі мен артықшылығы қандай? Ондай керемет мектепте кімдер оқиды, оқушыларды қабылдау қалай жүгізіледі деген сияқты жұрттың көкейіндегі сауалдарды қамти кетсеңіз.
- Сара Алпысқызының бастамасымен жаңа ғасырға лайық тағы бір мектеп пайдалануға беріледі.  Мектептегі оқу-тәрбие үдірісі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Аталған жаңа мектепте үздіксіз білім жүйесінің алғашқы баспалдағы болып табылатын балабақша жұмыс істейді. Оған үш жастан бастап балалар тестілеу арқылы қабылданады. Ал жалпы білім беретін мектепке (бастауыш, негізгі, жалпы орта білім) балалар қабылданбайды. Себебі аталған жылы «Бөбек» ҰҒПББСО-ның құрылымдық бөлімі болып саналатын «Өзін-өзі тану» адамның үйлесімді дамуы гуманитарлық колледжінің ашылуына орай, орталықтағы «Сампознание» мектеп-гимназиясының оқушылары жаңа мектепке ауыстырылады.
Мектепте балалар үшін обсерватория жасақталып берілген. Онда оқушыларға білім алулары үшін барлық материалдық-техникалық жағдайлар жасалған.

- Әңгімеңізге рахмет.

Әңгімелескен Гүлзейнеп Сәдірқызы
Егемен Қазақстан №275-276, 25 тамыз 2009ж.     


Өскемен қаласында 21-23 тамызда - «Оқушылардың жеке басының өзін-өзі тануын қалыптастыруда психологиялық қызметтің рөлі» атты семинар жұмысына  20 мектеп психологтары қатысты. Семинардың бағдарламасына сәйкес  «Психолог санасының мәдениеті»  пікір-таласы,  «Балалар және ата-аналармен жұмыс жасағанда ертегі терапиясы мен оның ресурстары» атты семинар - практикум өткізілді.
С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік университетінде  қазіргі заманғы көкейкесті мәселелерді шешетін және қоғамдағы әлеуметтік қарым-қатынастың негізгі адамгершілік бағыттарын белгілеуге мүмкіндік беретін «Күдікті ләззаттың құны» атты дөңгелек үстел отырысы  өтті.  Осы аталған іс-шара жоғарғы оқу орындарындағы оқыту жүйесіндегі әлеуметтендіру шартында студенттердің рухани-адамгершілік өзіндік сезімдерінің қалыптасуына  жағдай жасауды  қамтамасыз ететін, алдағы  оқыту-тәрбиелеу бөлігінің алғашқы ұйытқысы болды. Дөңгелек үстелде қабылдаған тұжырымдаманың негізгі түйіні студенттердің  азаматтық ұстанымының құрамы ретінде ішімдікті, темекі шегуді және нашақорлықты қоғамның вариативті пайдалануы, сондай-ақ жекебасарлық қарым-қатынастардың конструктивтік тәсілдерін жасап шығару болып белгіленді. Талданған мәселеге деген танымдылық қызығушылық белсенділігі әрбір іс-шараға қатысушының белсенділігін іске асыру мүмкіндік беретін интерактивтік  форма арқылы жүзеге асырылды.


2009 жылы 4 тамызда Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің мамандары облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайы ұжымымен бірлесіп Талдықорған қаласындағы облыстық кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, оңалту, бейімдеу орталығы балаларымен «Айналамыздағы ғажайыптар» атты рухани-адамгершілік тәрбие бағытында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шара тапсырмалар мен ойындар арқылы баланың ішкі жан дүниесін дамыту, адамгершілік қасиеттерді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа үйрету, бойындағы шығармашылық мүмкіндігін таныту және ашу, айналаға деген жылы сезімін туғызып, көңілдерін көтеру мақсатында өткізілді. Іс-шара барысында «Біз қайда ұшамыз», «Айналамыздағы ғажайыптар» ойындары ойнатылып, «Әнші сиыр», «Ұшуды үйреніп жүрген, торапай туралы» ертегілері кейіпкерлерімен болған қызықты оқиғалар  балаларға жақсы әсер етті.
Мұражай қызметкерлері ұсынған ойындар балалардың көңілдерін көтеріп, қуанышты сәттері естерінде қалды. Мұражайдан әкелінген экспонаттар балаларға үлкен қуаныш сыйлады.
Іс-шара соңында балалар «Жүректен-жүрекке» Мейірімділік пен қуаныш  шеңберін құрып, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Ұйымдастырушылар балаларға ескерткіш сыйлықтар үлестірді.


«Сенің балаң болып туған – бақыт» ата-ана мен бала арасындағы қарым - қатынастық тренингтер туралы
Рудный қаласы «№ 10 бала-бақша» МКҚК «Өзін-өзі тану» курсын енгізу бойынша эксперименталдық алаңында 2009 жылдың ішінде ата-ана мен бала арасындағы қарым -  қатынастық тренингтер жүргізілді.
Мақсаты: ересектер мен бала арасындағы ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру  негізінде жанұядағы сенімділік қарым-қатынасты дамыту, «Өзін-өзі тану» курс бағдарламасын насихаттау.
Бала-бақша жантанушысы Қайдарова Г.Қ. жетекшілігімен жүргізілген тренинг жұмысына № 5 дайындық және № 7 топтарының ата-аналары мен балалары қатысты.
«Баланы тәрбиелеудегі әке мен ананың рөлі», «Бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынас – болашақтың кепілі» тақырыптарындағы әңгімелесу, кеңестер тренингтің енгізілген теориялық бөлімінде  ересектер бір бірімен және балалармен ізгілік қарым-қатынасты құрастыру біліктер бойынша теориялық материалдармен танысты.
Практикалық сабақтарда тренинг қатысушылары әртүрлі ойындар және жаттығулар арқылы басқа тұлғаны түсіну мен қабылдау негізінде өз өздерін тануға және сенімділік қарым-қатынас құруға үйренді.
Ата-аналар және балалар өткізілген тренингтен кейін өзара қарым-қатынастарының жақсарғанын байқады. Сонымен қатар, махаббат, жанашырлық, ізгілік деген адамгершілік ақиқаттарды түсінгендігі туралы ойларымен бөлісті.
Ата-аналардың ойынша, тренингтер жаңадан бала мен өздерінің қарым-қатынастарына, өздерін тануға, өз жандүниесін түсінуге деген мүмкүндігін берді.


Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 37-О бұйрығына сәйкес «Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру шеңберінде  республикада 6 эксперименттік қала алаңдары құрылды (Алматы қаласының Алмалы ауданы, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалары, Қарағанды облысының Саран, Сатпаев қалалары, Павлодар облысының Ақсу қаласы).
Қазіргі таңда Өскемен, Семей, Саран, Алматы, Ақсу қалаларының жергілікті атқарушы органдар мен Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері арасында қазіргі заманға сай қала жағдайларында балалардың сапалы өмір суруін, сонымен қатар олардың адамгершілік-рухани дамуына жағдай жасауын қамтамасыз ету бойынша жасасқан ынтымақтастық жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
«Балаға мейірімді қала» жобасын іске асыру шеңберінде қазіргі уақытта Павлодар қаласының әкімі мен Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің арасында ынтымақтастық жөнінде Келісім жасасу жобасын дайындау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Балаға мейірімді қала» бағдарламасын іске асыру шеңберіндегі өткізілетін іс-шаралар


«Өзін-өзі тану» курсын енгізетін Қостанай облысының  эксперименталды алаңдары арасында «Менің бақытты балалық шағым» фотоальбомдардың  сырттай сайысы туралы
Халықаралық балалар күнін мерекелеу шеңберінде балаларды отансүйгіштікке тәрбиелеуді күшейту, 
білім беру ұйымдары мен отбасы арасында адамгершілік-рухани білім беруді және байланысты бекіту мақсатында ағымдағы жылдың 1 – 15 маусым аралығында «Менің бақытты балалық шағым» фотоальбомдардың сырттай сайысы өтті.
Сайысқа Қостанай облысының білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану»
адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдар қатысты.
Сайысқа мектеп және күнделікті өмірдегі балалар өмірінен қызықты және есте қаларлық кезеңдері түсіріп алынған фотоальбомдар ұсынылды. Бақытты балалық шақтың фотосуреттері сайыстың тақырыбын ашатын түсініктемелермен, өлең жолдарымен қоса берілген.

Әділқазылар алқасы жұмыстарды  келесі белгілерге сәйкес 10 ұпайлық жүйе бойынша бағалады:
- тақырыптық және идеялық мазмұнын ашу;
- жеке тұлғаның адамгершілік-рухани дамуын және тәрбиелеуін насихаттау;

- көркемдік және тәрбиелік құндылығы.
Рудный қаласының № 10 және № 8 балалар бақшасының, Қостанай ауданының «Алтын бесік» БДО альбомдарының тақырыптық және идеялық мазмұндары толық және айқын ашылған. Сондай-ақ Затобол мектеп-гимназиясының альбомы баланың туғаннан және мектепті бітіргенге дейінгі қисынды хронологиялық мазмұнымен ерекше көзге түсті. Қостанай қаласының № 3 орта мектебі мен Лисаков қалысының № 3 орта мектебінің альбомдарының мазмұны жеке баланың өмірінен алынған кезеңдер арқылы ашылады.    

Сайыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің грамоталары табыс етілді.
Фотоальбомдар сайысы жасампаз қызметке қабілетті сәйкес дамыған, бақытты жеке тұлға қалыптастыру үшін жақсы жағдай құруда білім беру ұйымдарының рөлі мен орнының ерекшелігін көрсетеді.  


Балаларға күлкі мен қуаныш сыйлаған күн
2009 жылғы 16 мамыр күні Батыс Қазақстан облысының Балалардың  құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Орал қаласы білім бөлімінің №9 «Еркемай» мектепке дейінгі ұйымында «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша республикалық тәжірибе  жобасы шеңберінде облыстық балалар үйі бөбектерінің қатысуымен «Әрқашан күн сөнбесін!» атты жазғы мәдени-көпшілік шара өтті.
Шараның басты мақсаты - адамгершілік-рухани принциптерінің негізінде өзге адамдармен қарым-қатынас жасауға, болашаққа үмітпен қарауға, балалардың мерекелік көңіл-күйін көтеруге, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеуге ықпал жасау.
Шара  жұмысына  облыстық балалар үйінің, №9 «Еркемай» мектепке дейінгі ұыймының балалары мен педагогтары, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, қалалық білім бөлімінің  өкілдері қатысты.
Мерекелік  бағдарламада балаларды түрлі ұлттық ойындар, Күлдіргімен кездесу және көптеген тосын сыйлықтар күтіп тұрды. Күлкі мен қуанышқа толы күні балалардың есінде қалатындығын, сонымен қатар әр ұжымнан келген балалардың қамқорлыққа және мейрімділікке толы жағдайлардағы кездесулері – олардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды тәрбиелеудің маңызды әдістерінің бірі екендігін шара соңында мекеме директоры Д.Ихсанова атап өтті.   

 


Эксперименттік аландарының түсірілімі туралы
2009 жылдың 8-ші маусым күні ҰҒПББСО «Бөбек» пен Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бастамасымен № 29 «Ақ қайың» балабақшасы және № 35 «Сказка» шағын-гимназия балабақшасының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша эксперименттік алаңдарында «Хабар» телеарнасымен сабақтардың түсірілімі ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі мекемелерде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сабақтардың тақырыбы Қала күніне арналған.
Телеарна корреспонденті балабақша меңгерушісі С.О Қысықова және Т.И Гурьева, сонымен қатар әдіскерлер, психологтар және ата-аналармен сұхбат жүргізді. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті атынан адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы М.А Исказина сұхбат берді.
2009 жылдғы шілде айының 5-сі және 6-сы күндері Қала күні қарсаңында эксперименттік алаңдар туралы бағдарлама «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі.


Тәжірибелерімізбен алмасудамыз
28 мамыр күні департаменті  мен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «БҚО-ғы «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру тәжірибесі» тақырыбында облыстық «Жүректер үндестігі»  педагогтар Клубының» 2009 жылғы 2-ші   отырысы өткізілді. 
Шараның негізгі мақсаттары:
- сабақтастық және тұтастық игерушілік «Өзін-өзі тану» бағдарламасының принциптерін білім беру саласының барлық деңгейлерінде: мектепке дейінгі   ұйымда, мектепте және жоғары оқу орнында сақталуы;
- өзара түсүнушілік принциптерінің негізінде балалардың жеке басының әлеуеттік мейрімділік пен қатыгездіқ, қайырымдылық пен кешірімділік, ризашылық   көзқарасын ашу;
- «Өзін-өзі тану» курсы бойынша педагогтардың  шығармашылық  дифференциалды ізденісті қолданып, интерактивті әдістерді, психологиялық тренингтерді,     әлеуметтік-рөльдік   ойындарды  пайдалануы.
Шара  жұмысына  Батыс Қазақстан  мемлекеттік  университетінің,   Орал    қаласы.
№7 ЖОББМ-ің,  №21 мектепке дейінгі ұйымының,  Ақсай қаласы  №3 ЖОББМ-ің, №3 «Гүлдер» МдҰ-ң «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша жұмыстанатын педагог-тәжірибешілері,     «Жас дәурен» облыстық  балалар кешенінің,   облыстық балалар үйінің, облыстық балалар аулының директорлары және педагогтары, біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының, қалалық білім бөлімінің өкілдері және аталған университеттің студенттері қатысты.
Қатысушылардың назарына Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің, Орал қаласы  №21 «Росинка» мектепке дейінгі ұйымының, Бөрлі ауданы Ақсай қаласы №3 ЖОББМ-ң «Өзін-өзі тану» курсы бойынша педагог-экспериментаторларының жұмыс тәжірибелері және студенттермен жұмыстанатын оқу-әдістемелік құралдар  көрмесі ұсынылды.

 


«Өзін-өзі тану» білімін рухани-адамгершілік мәселелерін іске асыру және облыс педагогтарының дайындығын қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізілген тұралы
2009 жылғы 15-і  мамырда Солтүстік Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Білім басқармасы, СҚ ПКБА ҚДИ бірлескен жоспарға сәйкес, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру міндеттерін іске асыруға облыс педагогтарының дайындығын қалыптастыру» тақырыбында семинар-практикум өткізді.
Семинардың мақсаты «Өзін-өзі тану» курсын насихаттау болған, ол 12 жылдық біліміне көшу кезінде оқу бағдарламаларға көптеп енгізуіне байланысты.
Семинарда Ғ. Мүсірепов атындағы, Айыртау, Тайынша аудандарының мектеп директорлар, директорлардың орынбасарлары, бастауыш сыныптардың мұғалімдері қатысты, барлығы – 38 адам.
Семинардың тәжірибелік бөлімінде Айыртау мектеп-интернатының «Өзін-өзі тану» пәні бойынша байқауда жұмыс істейтін мұғалімдері ашық сабақтарды өткізді.
А.В. Киргизова сабағын 1 сыныпта «Қайырымды болу» тақырыпта өткізді, О.Г.Буторина 6 сыныпта «Қазақстан әлемнің саяси картасында» тақырыпта жағрапия сабағын өткізді.
М.Н. Обердиенко, Л.П. Гончарова 5 сыныпта «Жыл маусымдары» тақырыпта интегралдау сабақ өткізді және А.В. Римкевичус «Өзін-өзі тану» пәнінің сабақ құрамын пайдаланып, «Сақтандар Жерді, сақтандар» сыныптан тыс іс-шараны өткізді.
М.П. Бутенко – қалалық білім беру бөлімінің әдіскері және Ш.Ж. Мұқышева – Петропавл қаласының № 20 орта мектебінің директоры, Қарағанды қаласында «Менің оқулығым – менің досым» атты аймақтық акция барысында ұсынылған «Өзін-өзі тану» оқулығын презентациясын өткізді.
Майер – жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп интернатының тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары «Мастер-класс» атты семинардың қатысушылармен өткізді.
Н.М. Павловская – «Петушок» бөбекхананың психологы «Өзін-өзі тану» пәнін сүйемелдеуді ұйымдастыруды  жоспарлау туралы» тақырыпта баяндамасымен сөз сөйледі, Н.В. Шефер - жетім және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының тәрбие жұмысы бойынша директордың орныбасары «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру курсын енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.
Семинардың қорытындысы ретінде білім беру ұйымында оқу-тәрбие барысына өзін-өзі тану идеяларын іске асыру бойынша пікірлермен алмасуы болды. Қатысушылармен облыс аудандарына көшпелі семинарды өткізгені «Өзін-өзі тану» пәнінің идеяларын көпшілікке таратуға және байқауға қамтылған тікелей қатысушылардан ақпаратының қол жетерлігіне жол береді. Қатысқандар басқа да аймақтарға семинарды өткізуді ұсынды.

 


Жанұяда бәрі жақсы болса – жүрек пен жанымыз да жай табады
2009 жылдың 15 мамырында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанай облысының Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиямен бірлесіп Халықаралық Отбасылар күніне арнап Қостанай облысының патронат отбасылар және «Өзін-өзі тану» курсын енгізетін эксперименталды алаңдардың отбасылық ұжымдары арасында «Таза бұлақтан» ІІ Шығармашыл отбасылар фестивалін өткізді.
Фестивальдің өткізілу мақсаты — отбасылық шығармашылықты насихаттау, жас ұрпақтарды өнерге баулу, балалар мен жастарды тәрбиелеу ісінде Қазақстан халқының адамгершілік, мәдени дәстүрлерін сақтау және көбейту, білім беру ұйымдары мен жанұя институты арасындағы байланысты нығайту.
Фестиваль ІІ кезеңмен өткізілді: сұрыптау, қорытынды.
Бірінші кезеңге шығармашылық отбасылардан 23 өтініш түсті. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша комиссияның шешімімен екінші кезеңге ең тамаша деген 8 отбасы өтті, олар өздерінің таланттарын үлкен махаббатпен, шығармашылықпен көрсете отырып, отбасылық дәстүрлері, әуестіктері, өз балаларының табыстары мен жетістіктері туралы айта білді.
Мерекеге құрметті қонақтар, облыстық кәсіподақ кеңесінің, Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасының, Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлама  басқармасының, «Виктория» сақтандыру компаниясының Қостанайдағы филиалының өкілдері қатысты.
Қойылымдар бағдарламасының жанрлары әр түрлілігімен ерекшеленді: жалынды музыкалық әндер, театралдық қойылымдар, тартымды лирикалық әдеби композициялар, видео роликтер және спорттық, туристік отбасылық дәстүрлер туралы фильмдер, қолданбалы және сәнділік өнер шығармалары (ағаштан жасалған, кесте, тоқыма (ілмекпен, тоқыма бізімен жасалған) бұйымдар, тігу, маржанды өрулер), көркемдік жұмыстар, бояу, былғарыны қолдана отырып жасалған суреттер және т.б., фотосурет, қолмен жасалған қуыршақтар.
Екінші облыстық фестивальдің бір ерекшелігі - оның жүргізушілері осы фестивальге қатысушылар, Қостанай ауданынан келген Сейітовтер отбасының өздері болды.
Фестивальдің қорытындысы бойынша отбасылық ұжымдар Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мадақтау қағаздарымен келесі номинацияларда: «Мой дом — моя крепость» (Рудный қаласынан келген Калмыковтардың патронаттық отбасылары), «Моя семья — мое богатство» (Қостанай ауданынан келген Сейітовтер отбасы), «Саусағынан бал тамған» (Лисаков қаласынан келген Сейілбектер отбасы), «Театральная династия» (Рудный қаласынан келген Қапышевтар отбасы), «Семья – начало всех начал» (Рудный қаласынан келген Тупициндер отбасы), «Сегіз қырлы, бір сырлы» (Қостанай қаласынан Бисембаевтар отбасы ), «Самая солнечная семья» (Рудный қаласынан келген Тороповтар отбасы), «В здоровом теле – здоровый дух» (Рудный қаласынан келген Ильиндер отбасы)  және демеушілерден бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Фестивальдің демеушілері Социалистік еңбек ардагері Дөненбаева Кәмшат Байғазықызы, «Сұңқар -15» ЖШС, «Хоменко О.Ю.» ЖК, «Степлер» ЖШС.
Жанұялық шығармашылық фестивалі  оның қатысушылары мен көрермендері арасындағы қарым-қатынасты жақсартады. Өйткені бірігіп дайындалу, ортақ әуестіктер, шығармашылықтар балалар мен ата-аналарды жақындастырады, тіл табысуға, сырын айтуға және оны естіп, түсінуге көмектеседі. Бастары бірікпеген, екі жауласқан ел секілді екі ұрпақ,  сәтсіз отбасылардан гөрі, бақытты да, үйлесімді отбасыларды көру өте қуанышты емес пе. Атап айтқанда, жұмыс пен әуестіктерін, оқу мен бала тәрбиелеуді қатарынан тамаша қолдана алатын аналар мен әкелерден өнеге алу керек.

 


«Облыстық ғылыми-әдістемелік  конференция»
Атырау мемлекеттік университетінің ректоры, оқытушылар, Облыстық кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт директоры, мамандар, қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, сынық алаңдарының басшылары, пән мұғалімдері және Бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен «Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ықпалдастыру әлеуеті: іс-тәжірибелер, жаңа бағыттары»  конференция болып өтті. тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік
Күн тәртібінде көтерілген мәселелер:
«Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын мамандар, сынақ алаңдарының жұмыс деңгейлері, рухани тұлға қалыптасуына отбасы тәрбиесінің ықпалы, іс-тәжірибелер, алдағы жаңа бағыттар туралы.
Шығармашылық жұмыстар 4-секция бойынша қорғалды:
1-секция. Тақырыбы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бағдарламасының теориялық негіздері»;
2-секция. Тақырыбы «Пәндермен кіріктіріле оқытудағы рухани-адамгершілік білім бағдарламасының қуаты»;
3-секция. Тақырыбы «Сынақ алаңдары мамандарының пәнді оқыту технологиялары мен әдіс-тәсілдері пайдалану ерекшеліктері»;
4-секция. Тақырыбы «Мектеп оқушыларын рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеу».
Сонымен қатар, Адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бастығы Б.Шамұрат «Рухани-адамгершілік білім, балалар құқығын қорғау мәселелері» тақырыбында баяндама оқыды.


«Қарым-қатынас мәдениеті – адамгершілік негізі» атты ата-аналар конференциясы туралы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Астана қаласының № 29 «Аққайың» балабақшасы 2009 жылдың 8 мамыр күні  «Қарым-қатынас мәдениеті – адамгершілік негізі» атты ата-аналар конференциясын өткізді.
Конференция жұмысына Еуразия ұлттық университетінің доценті, педагогика ғылымдары кандидаты Ф.Н.Жұмабекова, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы М.А.Исказина және бөлімнің бас маманы Е.С. Жиренбай және балабақшаның ата-аналары қатысты.
Коференция ұйымдастырушылырының алдына қойған мақсаты:
-  «Өзін-өзі  тану» пәнінің өзектілігін анықтау;
- мектепке дейінгі мекемелерде «Өзін-өзі тану» пәнінің  оқыту ерекшеліктерімен таныстыру;
-  ата-аналардың назарына «Өзін-өзі тану» пәнін оқып жатқан балалардың даму деңгейін ұсыну.
Бірінші бөлімде «Қарым-қатынасқа негізделген ұлылар ұлағаты» атты баяндамасында Ф.Н.Жұмабекова балабақшада өзін-өзі тану» курсын жаңа педагогикалық технология ретінде қолданудың маңыздылығын көрсетті. Сонымен қатар, қазіргі заманда әрбір ата-ана мен педагогтың міндеті ретінде баланы рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу болып табылады. Бала тәрбиесін Ф.Н.Жұмабекова ұлы ойшылдардың  ұлағатты сөздерін келтіре отырып,  отбасындағы тәрбиеге баса назар аударып, ата-аналармен жұмысты жандандырып, тәрбие мәселесіне белсене араласуға бағыттап отыру керектігін атап өтті.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы М.А.Исказина балабақшада «Өзін-өзі тану» бағдарламасының өзектілігін көрсетіп, баяндамасында Департаменттің қызметіне және адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің негізгі жұмысына тоқталды. Республика бойынша «Өзін-өзі тану» пәні 2010 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі және жалпы білім беру мекемелерінде негізгі пән болып енгізілетіндігін айтты.
С.Ө.Қысықова «Отбасы мен балабақша сабақтастығы» атты баяндаманы ұсынды. Баяндамада балабақша меңгерушісі тәрбиелеушілер мен ата-аналардың тығыз ынтымақтастығының арқасында отбасы мүшелерінің арасында өзара байланыстың нығаюына, баланың қоғам алдында жауапкершіліктің артуына, баланың адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерінің кеңейе түсуіне қол жеткізуге болатындығын атап өтті.
Ата-аналар атынан сөз сөйлеген З.Т.Бақсейітова баланың сәттілігі, табыстылығы ең алдымен отбасындағы сезімдік қарым-қатынасқа негізделетіндігіне назар аударды.
Баяндамалардың арасында балабақша психологы А.А.Монтайбаева көрермендерге психологиялық тренингтер мен ойындар өткізді және әрбір ата-анаға үлестірме материалдар таратты. Қатысушылар және ата-аналар конференция барысында өз белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсете отырып, «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша тәжірибе жұмысымен танысуларына мүмкіндік бергендігі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


2009 жылдың 22-23 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастыруда ғылыми-әдістемелік бағдар» тақырыбындағы республикалық семинардың нәтижесі
2009 жылдың 22-23 сәуір аралығында Қарағанды қаласында өткен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастыруда ғылыми-әдістемелік бағдар» тақырыбындағы республикалық семинарды ұйымдастырып және өткізуге Қарағанды қаласының сынақ алаңдарының педагогтары, ата-аналары мен балалары белсенді қатысты: «Жұлдыз», «Алтынай», «Балапан» балабақшалары, №9, №38 гимназия, №95 мектеп-гимназия, №68 жалпы білім беру мектеп-интернат-балабақша кешені, №57 мектеп-лицей.
Дайындық жұмысы семинарға дейін көп бұрын басталған болатын. Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментімен, білім басқармасымен және облыстық МББҚБ және ҚДИ-мен 2009 жылдың    1 ақпаннан 10 наурызға дейін өткен, «Менің оқулығым – менің досым» аймақтық акциясы бастау алған болатын. Акцияның мақсаты: оқушыны адамгершілік-рухани дамыту және тәрбиелеу-білім беру процессіндегі гуманизацияда «Өзін-өзі тану» оқулығының рөлін арттыру. Семинар барысында «Менің оқулығым – менің досым» облыс аралық акциясының нәтижесі шығарылды, бұл акцияға 9 облыс пен қалалардан 30 білім ұйымы қатысқан болатын (Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облысы). Акцияға қатысқан облыстар акцияға белсенді қатысқандары үшін Қарағанды облысының ұйымдастырушы комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды. Облыстар жіберген жұмыстар «Бөбек» ҰҒПБСО адамды үйлесімді дамыту институтына тапсырылды.
Акцияны облыс аралық деңгейде ұйымдастыру – «Өзін-өзі тану» пәні кеңістігінде кәсіптік және әлеуметтік серіктестікті дамытудың бір жолы.
Бағдарламаны жүзеге асыруда әлеуметтік серіктестіктің рөлі маңызды. Семиарға қатысуға «Теміртау Мәдениет үйі» ҚМКК, бұл ансамбль семинардың ашылуында семинардың тірі эмблемасын көрсеткен Теміртау қаласының «Вдохновение» үлгілі вокалді-хореографиялық ансамблі, Қарағанды экономикалық университетінің «Жайна» үлгілі хореографиялық ансамблі тартылған болатын. Семинарды өткізуге Қарағанды экономикалық университетінің ұжымы үлкен көмек көрсетті, осы университеттің базасында Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаевамен кездесу мен семинардың ашылуы өтті.
Семинардың бірінші күнінде №9, №38, №45, №93, №92 гимназияның, №68  жалпы білім беру мектеп-интернат-балабақша кешенінің, №57 мектеп-лицейінің, №15, №41 орта мектептің, №39 М.Жұмабаев атындағы гимназияның дебаттық командаларының қатысуымен пікір сайыс алаңы өтті. Пікір талас облыстық МББҚБА және ҚДИ базасында 6 шағын топ арасында өтті. Ересектер мен балалар ««Қазіргі қоғамдағы зорлық-зомбылықсыздың құндылығы нақты/нақты емес» тақырыбында ашық дискуссияға түсті. Бірінші күннің рефлексия кезеңінде семинардың қатысушылары қаланың білім беру мекемелерінің оқушыларының жоғарғы деңгейлі мүмкіншіліктерін атап өтті. 
Қарағанды қаласының сынақ алаңдарының базасында «Адамгершілік-рухани білім беру стандартын ендірудің ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбы бойынша ашық іс-шаралар 2009 жылдың 23 сәуірінде өтті. Педагогтар өз тәжірибелерін әр-түрлі формада жеткізе білді: музыкалық ертегінің премьерасы, театр салоны, мастер-класс, сараптамалық жағдаят, рефлексиялық әдеби ойын кезеңі, этико-психологиялық жаттығу,  сюжеттік-рөлдік ойыны және әлеуметтік-рөлдік ойыны, әлеуметтік дамыту сағаттары, интеграцияланған сабақ. Педагог-сынақшылардың жұмыста пайдаланған әр-түрлі формалары мен әдістері «Өзін-өзі тану» пәнінің шектелмеген мүмкіндіктерін және олардың өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани білім қарымы мен осы керемет бағдарламаны жүзеге асырудағы әлеуметтік серіктестіктің рөлін  демонстрациялады.
Айта кету керек, Қарағанды облысы педагогтарының тәжірибесі тағы да әлеуметтік серіктестік негізінде басқа да білім беру бағдарламалары арқылы балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеуде осы бағдарламаның мүмкіншіліктерін көрсете білгендерін атап айту керек.

 


«Қарағанды облысының сынақ кеңістігінде рухани – адамгершілік білім беруді ұйымдастырудағы жобалау тәсілі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-әдістмелік семинар
2009 жылдың 6 мамырында Қарағанды қаласының №95 мектеп-гимназиясында «Қарағанды облысының сынақ кеңістігінде рухани – адамгершілік білім беруді ұйымдастырудағы жобалау тәсілі» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістмелік семинар өткізілді.
Семинар облыстық МББҚБА және ҚДИ-ның «Өзін-өзі тану» бойынша қолданбалы зертханасымен ұйымдастырылған болатын. Семинар жұмысына Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Қарағанды қаласының білім бөлімінің мамандары мен облыстағы сынақ алаңдарының педагогтары қатысты.
Семинар мақсаты: республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың материалдарын жариялауға, тәрбиелеу-білім беру ортасында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасының адам социализациясы мен интеграциясының тәжірибесімен алмасуға жағдай жасау.
Семинар жұмысын Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б.Киселева сәуір айында өткен «Өзін-өзі тану» бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік семинардың нәтижесін шығарумен бастады.
Семинар барысында қонақтар тәрбиелеу-білім беру ортасындағы адамгершілік-рухани дамудың  адам социализациясы мен интеграциясының жобалау механизмін жобалау бойынша мектептің жұмыс тәжірибесімен танысты. Мектеп-гимназияның директоры В.Г.Шереметова мектептің жұмыс презентациясымен сөз сөйледі. Осыдан кейін семинардың қатысушылары  мектеп педагогтарының ашық сабақтарына қатысты: 3 сыныпта «Менің өмірлік құндылықтарым» тақырыбында «Өзін-өзі тану» және ӘДС (әлеуметтік дамыту сағаты) бойынша интеграцияланған сабақ (Н.В.Иванова мұғалімі),     этнография мұражайында 7-10 сынып оқушылар арасында өткен «Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік тақырыбы» тақырыбы бойынша этнопедагогика және ӘДС бойынша интеграцияланған сабақ (О.Р.Қадірсізова, А.С. Сапарова мұғалімдері),  9 сыныпта «Алюминий – болашақтың металы» тақырыбында химия және информатика бойынша интеграцияланған сабақ (Т.А.Голощук, Н.Н.Карл мұғалімдері).
Мәжіліс залында қонақтар алдында «Галерка» театр-студиясының оқушылары өз өнерлерін көрсетті, бұлар облыстық және республикалық балалар драма ұжымының көрме-конкурстарының бірқатар жеңімпаздары: «Оле Лукойе» эстрадалық әнінің театры, «Стиль» хореографиялық ұжымы, «Сирена» ЖМБ қатары. Бұл шынымен көрермендерді немқұрайлы қалдырмаған шығармашылықтың бояулы фейрверкі болды. Семинар қатысушылары бірауыздан мектеп оқушыларының әлеуметтік және шығармашылық қызметке белсенді араласатындығын, олардың белсенді азаматтық және тіршілік позицияларын атап өтті.
Семинардың екінші жартысында МББҚБА және ҚДИ өкілдерімен «Менің оқулығым – менің досым» аймақтық/облыс аралық акциясының нәтижесі шығарылды, «Өзін-өзі тану» пәні бойынша оқулықтар сапасының мониторингі мен ОӘК элементтерін өткізу бойынша «Бөбек» ҰҒПБСО әдістемелік ұсыныстарын оқу бойынша тәжірибелік жұмыс ұйымдастырылды.
Семинар жұмысының нәтижесі бойынша ұсыныстар қабылданған болатын.

 


«Таза бұлақтан» ІІ Облыстық жанұялық шығармашылық фестивалінің бірінші кезеңінің қорытындысы
2009 жылдың 15 мамырында патронаттық жанұялар және «Өзін-өзі тану» курсын енгізетін эксперименталды алаңдардың шығармашыл жанұялық топтары  арасында «Таза бұлақтан» ІІ Облыстық жанұялық шығармашылық фестивалі өткізіледі.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің Білім беру басқармасы және Қостанай облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және жанұя-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірлескен жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 4 – 6 мамыр аралығында сұрыптама кезеңі өткізілді, оған 23 жанұя ұжымы қатысты.
Ұсынылған бағдарламалар жанрлардың әр қилысымен ерекше көзге түсті: музыкалық нөмірлер, театрлық қойылымдар, лирикалық әдеби композициялар, видео роликтер және спорт, туристік жанұялық дәстүрлер туралы фильмдер, қолданбалы және сәнділік өнер туындылары (ағаш өнері, кесте, тоқу (ілгішпен, тоқу бізімен), тігу, інжулі өру), көркем жұмыстар, бояу, былғары суреттері, және т.б., фотосурет көрмелері.   
Ұсынылған 23 жобаның ішінен екінші кезеңге мөлшерлеме бағалануына сәйкес 8 шығармашыл жанұя өтті. Жанұялар өз орындауларында жеке тұлғаны адамгершілік-рухани  тұрғыда дамытуды және тәрбиелеуді, көркем және тәрбиелік құндылықтарды  насихаттап, идеялардың үйлесімді сәйкестігімен және безендіру құралдарын қолдана отырып көрсету стилімен ерекшеленді, сонымен қатар жанұялық шығармашылықты жария ету, жас ұрпақты өнерге,  Қазақстан халқының адамгершілік, мәдени дәстүрлерін сақтауға, қазақстандық отансүйгіштік сезімді нығайтуға бағытталған фестивальдің өткізу мақсатын көрсете білді. («Ана көрген тон пішер», «Шебердің қолы ортақ», «К истокам чистоты», «Дәстүр сабақтастығы», «Книга судьбы...», «Триада здоровья», «Творение рук человеческих», «Радуга семейного счастья», «Крепка семья корнями», «Живой родник», «Оранжевое солнце» және т.б. ).        
Екінші кезеңге қонақ ретінде Лисаков қаласының № 3 орта мектебінен әнші балалар және Қостанай қаласының № 4 балалар бақшасынан Берлин Юлия Григорьевнаның  өз қолымен жасаған «Творение рук человеческих» сурет көрмесі шақырылды.
Сұрыптама кезеңіне өз бағдарламаларын ұсынған жанұя ұжымдары  мерекелік көтеріңкі көңіл-күйде, жақсы және бәсекелестік қарым-қатынаста болып, өз жанұясының бірлігін және маңыздылығын сезіне алды. 

 


«Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі және орны»
Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімімен бірлесіп ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Майкөл орта мектебі базасында «Білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие үрдісінде «Өзін-өзі тану» пәнінің рөлі және орны» тақырыбында облыстық семинар – практикумын өткізді.
Облыстық семинардың мақсаты жеке тұлғаның адамгершілік-рухани мүмкіндігінің дамуына ықпал ететін адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын насихаттау, жалпы адамдық құндылықтарды қайта өркендеуінің негізі ретінде білім беретін ақпараттық кеңістік тудыру болып табылады.
Семинардың жұмысына 15 жалпы білім беру және негізгі мектептердің, 7 мектепке дейінгі мекемелердің директорлары, «Өзін-өзі тану» курсын енгізетін мұғалімдердің «Жүректер үндестігі» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі  қатысты.
Қостанай ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі   бастығы Шалтеев Е.Р. Қостанай ауданында жеке тұлға  дамуының адамгершілік және рухани құндылықтарының бастаулары туралы айтты, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмыс жүйесі» тақырыбында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті бөлімінің бастығы Нұрманова Б.Ж. баяндама жасады, «12 жылдық білім беруге көшу кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының көп мәдениеттілігін дамыту» тақырыбында Майкөл орта мектебінің директоры Хасанова А.Т. таныстырып өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістерінің элементтерін қолдана отырып өткізілген әдебиет, орыс тілі және қарым-қатынас пәндерімен кіріккен сабақтарға қатысты.
«Жүректер үндестігі» шығармашылық бірлестіктің жетекшісі Герасимова О.Ю. «Біз барлығымыз балалықшақтанбыз» шеберлік-сыныбын өткізді.
Семинарға қатысушылар «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу маңызды және қазіргі заманға сай екендігі туралы өз ойларын ортаға салды. «Өзін-өзі тану» мұғалімдерінің сабақтары қатысушыларға өзінің жан дүниесін сезінуге және осы өмірдегі өзінің міндеті туралы ойлануға мүмкіндік тудырды.
Семинардың соңғы бөлімінде тренинг, рефлексия өткізілді және іс-шара қорытындысы бойынша ұсыныстар шығарылды.

 


2009 жылдың сәуір айында SOS Теміртау Балалар ауылына, «SOSҚазақстан Балалар ауылының» қамқоршысы Қазақстан балаларының анасы - Сара Алпысқызы Назарбаева қонаққа келген болатын. SOS Теміртау Балалар ауылының құрылуына қолдау көрсеткен,Сара апамыздың бұл ауылға сапары ең алғашқы еді. Биыл міне бұл ауылдың құрылуына 5 болады.
Кездесудің
алғашқы минутынан бастап, жылы сезім сезілген болатын.Балалар Сара апамызбен бірге ән айтып, өздерінің жетістіктерімен бөлісіп, кейін Конференц залына шыгарып салды. Онда ауыл тұрғындарымен кездесу  өтті. Кездесу арасында Сара Алпысқызы «Бөпеш» атты жанұяда қонақта болды. Кейін журектері қуанышқа толы ұл- кыздарымызбен аулада шырша отырғызды. 


Қарағандыдағы «Өзін-өзі тану» бойынша рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік бағдарлар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар
2009 жылдың 22 сәуір күні Қарағанды қаласында өткен, «Өзін-өзі тану» бойынша рухани-адамгершілік білім беруді ұйымдастырудағы ғылыми-әдістемелік бағдарлар» тақырыбындағы республикалық ғылыми-әдістемелік семинар басталды. Семинардың негізгі мақсаты «Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізуді сапалы жүзеге асыру үшін барлық педагогикалық және қоғамдық күштердің қарымын консолидациялау. 
Біздің еліміздің әр облысынан келген қонақтар семинар барысында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын енгізу және байқаудан өткізу бойынша сынаққа 7 жыл қатысып осы уақытта ішінде жиналған  Қарағанды облысының педагогтарының жұмыс тәжірибелерімен танысты.
Педагогтарға ерекше шығармашылық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлаған семинардың бірінші күнінде болған Қазақстан Республикасының Бірінші Ханымы, «Өзін-өзі тану» бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы Назарбаевамен кездесу болды. Сол күннің екінші жартысында семинардың қатысушылары «Адамгершілік-рухани білім ұйымдарындағы өзекті мәселелер және оларды ғылыми-әдістемелік шешу жолдары» тақырыбы бойынша дискуссиялық алаңдардың белсенді қатысушылары болды, бұған Қарағанды қаласының № 9, 38, 45, 93, 39, 92 гимназиясының, № 57 мектеп-лицейінің, № 68 ЖББМБК, № 15, 41 орта мектептердің мектептік дебат клубтары шақырылды. Пікірталастар облыстық МББҚБА және ҚДИ базасында 6 шағын топтарда өтті. Ересектер мен балалар «Қазіргі қоғамдағы зорлық-зомбылықсыздың құндылығы нақты/нақты емес» тақырыбында ашық дискуссияға түсті.
23 сәуір күні педагогтар «Адамгершілік-рухани білім беру стандартын ендірудің ғылыми-әдістемелік аспектілері» тақырыбы бойынша Қарағанды қаласының сынақ алаңдарының базасындағы ашық іс-шараларға қатысты. Қарағандының өзін-өзі танушылары өз тәжірибелерін әр-түрлі формада жеткізе білді: «Бұлбұл, жарқанат және қарақұрт» музыкалық ертегінің премьерасы, С.Саттаров атындағы мектеп-лицейдің базасындағы театр салоны; «Ата-баба дәстүрі-асыл мұра» тақырыбына мастер-класс; «Жұлдыз» балабақшасындағы «Қамқорлық» атты сараптамалық жағдаят; «Алтынай» балабақшасында атақты қарағандылық композитордың қатысуымен «Әуенді тамшы» ойыны мен «Музыка қалай туады» мастер-классы; «Көркем әдебиеттегі қиял әлемі» рефлексиялық әдеби ойын кезеңі, № 38 гимназияда «Менің құпия досым» этико-психологиялық жаттығу; «Балапан» балабақшасында «Автобус»  сюжеттік-рөлдік ойын және «Көшеде» әлеуметтік-рөлдік ойыны; № 9 гимназияда  «Қазақ тілі сабағындағы өзін-өзі танудың элементтері» және «Қазақ тілі сабағында «Өзін-өзі тану» элементтерінің адамгершілік-рухани тәрбие берудегі әсері» тақырыбында тәжірибе-бағдарлық презентациясы, «Еңбек. Мамандықтар», «XX ғасыр басындағы Қазақстандағы саясат қайраткерінің тұлғасы» сабағынан үзінділер; № 68 ЖББМБК «Үй жануарларына арналған қалашық»  жобасы,  № 95 гимназиясында  «Менің өмірлік құндылықтарым», «Ы.Алтынсарин әңгімелеріндегі адамгершілік тақырыбы» әлеуметтік дамыту сағаттары, «Алюминий – болашақтың металы» интеграцияланған сабақ.
Педагог-сынақшылардың жұмыста пайдаланған әр-түрлі формалары мен әдістері «Өзін-өзі тану» пәнінің шектелмеген мүмкіндіктерін және олардың өскелең ұрпақтың адамгершілік-рухани білім қарымы мен осы керемет бағдарламаны жүзеге асырудағы әлеуметтік серіктестіктің рөлін  көрсетті.
Педагогтар кездесуінің соңында  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Ж.К.Жүкеновтің, «Бөбек» ҰҒПБСО-ның бас директоры Б.А.Әлмұхамбетовтің, «Бөбек» ҰҒПБСО адамды үйлесімді дамыту институтының директоры Л.А.Саинованың, адамды үйлесімді дамыту институты директорының орынбасары А.С.Сейтаковтың, адамды үйлесімді дамыту институты директорының орынбасары Б.К.Кудышеваның баяндамалары оқылған семинар-конференция болды. Сынақ барысы туралы өз баяндамаларын Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының өкілдері оқыды.
Семинар барысында «Менің оқулығым-менің досым» облыс аралық акциясының нәтижесі шығарылды, бұл акцияға 9 облыс пен қалалардың 30 білім ұйымдары қатысты (Астана, Алматы қалалары, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары). Облыстар акцияға белсенді қатысқандары үшін Қарағанды облысының ұйымдастыру комитетінің алғыс хаттарымен марапатталды.
Семинар жұмысының нәтижесі бойынша «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын толыққанды жүзеге асыруға және  қоғамды білім беру процессіне механизм ретінде қатыстыру сияқты әлеуметтік серіктестікті дамытуға көмек көрсетуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.  


Махаббат пен мейірбандық сабақтары

Әлемде құдіретті бір ғана күш бар.
Ол махаббаттың күші.

22-сәуірде «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беруді ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік бағыттары» атты Республикалық семинардың ашылу салтанаты өткізілді. Бұл семинардың ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
адамгершілік-рухани білім беру жобасының басшысы Қазақстанның Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның «Махаббат пен мейірбандық сабақтары» дәріс беру-әңгімелесу жүргізуі болды. Конференция қатысушылары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыстың атқарушы билігінің, балалардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, мәдениет департаменттерінің, діни ұйымдардың өкілдері мен ЖОО, колледждер, мен мектептер басшылары болды. Олар Сара Алпысқызы баяндамасының негізгі мәні «Адам жеке тұлға болып туылмайды, сүйіспеншілік, қайырымдылық пен қамқоршылық жасауға дайын адамды қоғам қалыптастырады» деген ұғымды зер қоя тыңдады. Бірінші Ханымның принципі бойынша педагогиканың негізгі кілті бүлдіршін кезден бастап оқыту процесі бойында жалпы адамгершілік құндылықтарды адам бойына сіңіру.
Сара Назарбаева
- Қандай қиын жағдайда да адам өзінің қадір-қасиетін, сүйіспеншілік пен ізгілікті сақтай отырып, тұлға болып қалу және басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас құру және қоршаған ортамен үйлесімді болу үшін не істеу керектігін «Өзін-өзі тану» бағдарламасы оқытатындығын айтты. Оның жүзеге асырылуын қолға алғанымызға көп болған жоқ, бірақ педагогтардың айтуынша «... осы пәннің жағымды жақтары байқалуда, балаларға мейірбандық пен сүйіспеншілік сабақтары ұнайды».
Семинарға қатысушылар Сара Алпысқызына өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі осы пәннің маңыздылығы  үшін алғыстарын білдіре отырып, жас қазақстандықтардың адамгершілік-рухани білім алуын жүзеге асыруда қолдау көрсететіндіктерін айтты.


Өмір бояулары
Қазақстан мектептерінде «Өзін-өзі тану» бағдарламасының негізін салушы С.А.Назарбаева өз сөзінде:«Өзін-өзі тану» курсы адамға өзін-өзі анықтауға,жақсы қасиеттерін ашуға, өзіне адалдыққа,өзінің абыройын сақтай отырып үнемі Адам болып қалуға көмектеседі.Негізінде, адамзаттың барлық тарихы өзіндік адамгершілікті үнемі және үздіксіз жетілдіру процесі» деген еді.Осы ойды «өзін-өзі танушылар» әрі қарай жалғастыруда.Оған дәлел 20 сәуір күні Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен №9 МГ-сындағы «Өмір бояулары» атты семинар болды.Семинар барысындағы бастауыш класс мұғалімдері М.Абылхатованың 1 «б» класында «Жақсылық жасап үйренейік» және Н.Климовичтың 2 «в» класында «Сіздің денсаулығыңыз қалай?» атты ашық сабақтарында оқушылар өз білімдерін, рухани байлықтарын  көрсете білді.
М.Абылхатова өз сабағында білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен оқушылар жүрегіне жол тауып, тақырып аясында берілген сан түрлі сапа,адами ізгі қасиет,үлгі-өнеге, өмірге деген іңкәр сезім сияқты  өмірлік құндылықтарды оқушылар зердесіне жеткізе білді.
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың өздерін бағалай, рухани-адамгершілік байлықтарын анықтай білу қабілеттерін бақылау мақсатында жүргізілген зерттеу қорытындыларымен семинарға қатысушылар таныстырылды.Зерттеуге эксперименттік топтан 163 оқушы, бақылау тобынан 81 оқушы қатынасқан.  Зерттеу қорытындысы   бойынша «Өзін-өзі тану» сабақтарының бүгінгі ұрпаққа қажет пән екендігі дәлелденді.
Бастауыш класс мұғалімі Т.Н.Мируктың «Өмір бояулары» тренингі семинарға қатысушы мұғалімдердің көңілдерін жайландырды.Тренинг барысында қатысушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауына қолайлы жағдай қамтамасыз етіліп,топта белсенді жұмыс жасалды.
Семинарды адамның рухани және адамгершілік бөлімінің бастығы Ш.А.Сайлагиева  қорытындылады.


17 сәуір 2009 жылы Талдықорған қаласындағы  №45 «Арман» балабақшасында «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» курсын енгізу» тақырыбында  Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі семинар  ұйымдастырды. Семинарға Ақсу, Алакөл, Ескелді, Көксу, Қаратал, Сарқан аудандық және Текелі, Талдықорған қалалық білім бөлімдерінің мамандары,  балабақша меңгерушілері қатысты. Семинар «Өзін-өзі тану» рухани адамгершілік білімнің маңыздылығын айқындау және   педагогикалық үдерісті ұйымдастыру  мақсатында өткізілді. «Өзін-өзі тану» курсы бойынша педагогикалық үдерісті ұйымдастыру» тақырыбында мастер-класс көрсетілді. «Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңыздылығы», «Мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» курсын жүргізу жолдарының ерекшеліктері», «Балабақшадағы «Өзін-өзі тану» бойынша  баяндамалар тыңдалып, видеофильм   көрсетілді. Семинарға қатысушылар дөңгелек үстел отырысында  сабақтарды талдап, өз ойларымен бөлісті.


«Өзін-өзі тану» бағдарламасының білім беру қызметіндегі дамытушылық потенциалы» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция туралы
2009 жылдың 17 сәуір күні  Астана қаласының № 35 «Сказка» мектепке дейінгі бала-бақша гимназиясында «Өзін-өзі тану» бағдарламасының білім беру қызметіндегі дамытушылық потенциалы» атты қалалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Астана қаласының бала-бақша тәрбиешілері мен әдіскерлері шақырылды. Конференция жұмысында Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімнің бастығы М.А.Исказина және бөлімнің бас маманы Е.С. Жиренбай қатысты.
Бұл іс-шараның мақсаты «өзін-өзі  тану» курсының өзектілігін және даму потенциалын көрсету, педагогтарды мектепке дейінгі мекемелерде «өзін-өзі тану» сабағын өткізу ерекшеліктерімен, сонымен қатар пән бойынша балаларды диагностикалық зерттеу аспектілерімен таныстыру.
Мектепке дейінгі бала-бақша гимназиясының меңгерушісі Т.И. Гурьева өз сөзінде 2002 жылдан 2009 жылға дейінгі уақытта жоғары және дайындық топтарынан  701 бала «өзін-өзі  тану» бағдарламасы бойынша  экспериментке қатысқандығы туралы айттып өтті. Атан-аналармен сұхбаттасудың нәтижесінде балалар мейірімді, қайырымды және ұқыпты бола бастағандығын көруге болады.
Инновация бойынша әдіскер А.Ю. Мисник конференцияға қатысқан педагогтарді оқыту әдісін қолдануы негізінде қаланған «Өзін-өзі тану» бағдарламасының мақсатары, мазмұны және оқытудың интерактивті әдістерін қолдану негізінде құрылған ерекшеліктерімен таныстырды. «Өзін-өзі тану» пәні балаларға өзі туралы білім береді, өзін тұлға ретінде жете түсінуге үйретеді. Ол баланың өзімен, отбасымен, коғаммен, қоршаған ортамен гармонияда өмір сүру ептілігін қалыптастыруға көмектеседі.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімнің бастығы М.А. Исказина Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмысымен жалпылама түрде таныстырып,  Астана қаласында «Өзін-өзі тануды» жаңа пән ретінде енгізу сынағы  2002 жылдан басталғандығы туралы айтап өтті. Курсты саралаудан өткізу және оқыту-тәрбиелік процеске еңгізудің басты үйлестіруші құрамына «Өзін-өзі тану» мектеп-гимназиясы және Адамның гармониялық дамуы институты енетін  «Бөбек» орталығы болып табылады.
Бала-бақшаның эксперименталдық топтарының педагогтары  қонақтарға панорамалық сабақтарды ұсынды.
Конференцияға қатысушылар «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу бойынша тәжірибе жұмысымен танысуларына мүмкіндік бергендігі үшін ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.


Он-лайн тәртібінде өткен интерактивтік семинар туралы ақпарат
Ағымдағы жылдың 14 сәуір күні № 38 мектеп-лицейінде «Бөбек» ҰҒПББСО және Адамның гармониялық дамуы институты ұйымдастырған «Өзін-өзі тану» бойынша оқыту әдістемелік кешенің жетілдірудегі ғалымдар, әдіскерлер және практиктердің өзара қызмет етуі» атты тақырыпқа он-лайн тәртібінде интерактивтік семинар өтті.
Семинарда Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері, № 22 мектеп-гимназиясы, № 38 мектеп-лицейі, № 29 «Ақ қайың» балабақшасының «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдері қатысты. Семинар ұйымдастырушыларының мақсаты «Өзін-өзі тану» бойынша оқыту әдістемелік кешенін жетілдірудегі ғалымдар, әдіскерлер және педагог-практиктердің өзара қызмет етуінде шығармашылық ролінің маңыздылығын көрсету болып табылады.
Интерактивтік семинардың өту барысында адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің бастығы Исказина М.А., № 22 мектеп-гимназиясы директор орынбасары Лазаревич Н.Л. және № 38 мектеп-лицей директор орынбасаралары Нүсіпжанова Ж.Т. «Жақсылыққа үйренейік»атты тақырыбында өткен сабақ үзінділеріне талқылауға ат салысып, сонымен қатар семинар тақырыбы бойынша өз сұрақтарын ұйымдастырушылардың электрондық поштасына жіберді. Аймақтардан мектепке дейінгі балалардың психологиялық сүйемелденуіне бірыңғай мониторинг жүргізу үлгісіне қатысты сұрақтар келіп түсті, «Өзін-өзі тану» пәні Жоғарғы оқу орындарының мамандықтар жіктегішіне қосылғандығы туралы және басқа сұрақтар. Телефон арқылы және электрондық поштаға түскен сұрақтарға Адамның гармониялық дамуы институтының директоры Саинова Л.А. жауап берді.


«Өзін-өзі тану» пәнін жетілдірудегі онлайн-семинары
«Бөбек» Ұлттық ғылыми–практикалық, білім беру және сауықтыру орталығының «Өзін-өзі тану бойынша оқу-әдістемелік кешендерді жетілдіруде ғалымдардың, әдіскерлер мен практиктердің өзара бірлескен іс-әрекеті» тақырыбында 2009 жылғы 14 сәуірде өткізілген он-лайн түріндегі семинарға Қызылорда облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстағы барлық сынақ алаңдарының оқытушылары қатыстырылды.
Қалалық білім бөлімінің қолдауымен  семинар №№ 198, 211, 233 орта мектептері мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернаттың интерактивті кабинеттерінде өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты «Өзін-өзі тану» бойынша оқу-әдістемелік кешендерді жетілдіруде ғалымдардың, әдіскерлер мен практиктердің өзара бірлескен шығармашылық әрекетінің рөлін көрсету.
Семинарға департамент, білім беру басқармасы, облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының қызметкерлері және «Өзін-өзі тану» бағдарламасы бойынша мектеп және мектепке дейінгі мекемелер басшылары, пән мұғалімдері мен тәрбиешілері, мектеп психологтары қатысып, өздерінің көкейтесті сұрақтарына жауап алды.
Семинар соңында департамент қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, алдағы уақытты оқу-әдістемелік кешендерді жетілдіру бойынша іс-шаралар ұйымда
стыруын  ұсынды.


Қарағанды облысында «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу: мүмкіншіліктері мен болашағы
Адамгершілік-рухани даму проблемасы бүгінгі күні қазіргі қоғам тіршілік әрекетінің мәнді бөлігі болып табылады. Қарағанды облысы халқының ¼ балалар құрайды. Оның шешімінде негізгі рөл «Өзін-өзі тану» бағдарламасына жатады.
«Өзін-өзі тану», білім жүйесінде жалпы адамдық адамгершілік-рухани құндылықты оқытуға бағытталған (мектептік жастан жоғарғы оқу орыны деңгейіне дейін) жоба сияқты мемлекеттік сынақ бағдарламасы болып табылады. «Өзін-өзі тану» сынақ пәнін жүзеге асырудың негізгі идеясы балаларды, жасөспірімдерді, жеткіншектерді оқу және тәрбиелеу процессінде адамгершілік-рухани құндылыққа тарту болып табылады.  «Өзін-өзі тану» пән сияқты баланың және жасөспірімнің адамгершілік-рухани жеке мәдениетін дамытуға бағытталған, өз өмірінің мәнін ұғыну, «Мен» - өзін-өзі тану арқылы адамның жоғарғы құндылықтарын игеру.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің рөлі төмендегідей болады:
-  білім ұйымдарына осы бағдарламаны нәтижелі енгізуге жағдай жасау мақсатында барлық қызығушылық танытқан құрылымдардың қызметін үйлестіру;
- қоғамға адамгершілік басымдық пен рухани бағдарды қалыптастыру, өскелең ұрпақты жалпы адамдық құндылықтарға, адамгершілік мұрат пен мінез-құлық нормаларына тарту.
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті біліктілікті көтеру институтымен бірігіп Қарағанды облысы аймағына «Өзін-өзі тану» бағдарламасын үйлестіру бойынша негізгі жұмыс бағыттарын әзірледі.
● «өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу мен 12 жылдық білімге ауысу қарсаңында кадрлық педагогикалық резерв құру;
●  әр-түрлі білім беру институттардың қатысуымен адамгершілік-рухани білім проблемасы бойынша біліктілікті көтеру формаларын байыту;
● білім беру ұйымдарымен ұйымдық-әдістемелік жұмыс жүйесін дамыту;
● «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарлама мазмұнын насихаттауда нәтижелі тәсілдерді іздеу;
● балалардың адамгершілік-рухани тәрбие жағдайын зерттеу, балалардың адамгершілік-рухани тәрбие барысы мен жағдайын зерттеу үшін диагностикалық инструментария әзірлеу үшін зерттеу қызметі, адамгершілік-рухани тәрбие жүйесін дамыту мен түзету бойынша кепілдемелер мен аналитикалық есеп дайындау;
● білім беру кеңістігін, ұлттық, этномәдениеттік, аймақтық, жеке құндылық  жалпы адамдық бағдарды дамыту мақсатында халықаралық және республикалық жобалардың қорларын пайдалану және зерттеу бойынша жобалау қызметі («Балаға мейірбпн мектеп», «Балаға мейірімді қала», Еріктілер мектебі);
● адамгершілік-рухани құндылықтың қайта тууына қызығушылық танытқан, барлық тәрбие-білім беру поцессі  субъектілерімен әлеуметтік серіктестікті дамыту (отбасы, МЕҰ, мемлекеттік құрылымдар).
Қарағанды облысында осы бағдарламаны енгізу мен мақұлдау бойынша сынақ 2002 жылдан бастап жүзеге асуда.
Бүгінгі күні облыс бойынша «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтандыру орталығының ғылыми-зерттеу қызметін ескере отырып, жүйелік кешендік принциптерін құра  «Өзін-өзі тану» бағдарламасы енгізілген  21 сынақ алаңы қызмет етеді: 7 балабақша, 7 жалпы білім беру мектептері, 2 мектеп-интернат, 3 «мектеп-балабақша» кешені мен 2 ЖОО. 2008 жылдың 10 желтоқсан жағдайы бойынша сынаққа қатысатын балалардың саны – 2901. Соның ішінде: балабақшаларда – 365, жалпы білім беру мектептерінде – 1379, мектеп-интернаттарында – 246, мектеп-балабақша кешендерінде – 152, ЖОО – 759.
Адамгершілік педагогика принципі бойынша құрылған, «Өзін-өзі тану» курсы педагогикалық әдістің және тәсілдің бай бояуын шоғырлайды және оқушының адамгершілік-рухани білімінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Сынаққа қатысушы педагогтарды технологиялық және әдістемелік жабдықтау үшін, облыстық біліктілікті көтреу институтымен және Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Жан қуаты» әдістемелік және тәрбие-білім беру қызметіне интеграцияланған  кеңістік-орта жобасы әзірленіп және енгізілген (автор-әзірлеуші – облыстық ҚДИ аға оқытушысы Н.П.Чеснокова). Бұл жоба баланың жеке және әлеуметтік қалыптасуына мүмкіндік жасайды, сонымен қатар «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын байытады. Жобаның негізгі мақсаты – баланың өзін-өзі тану сабағынан тыс өзін-өзі қалыптасуын, жеке тұлғалық қарымын дамыту мен ашу, педагогтардың бейнелеу-педагогикалық шығармашылығына және кәсіптік рефлексиясына дайындығын қолдау, балалар ересектер қоғамының бірлігін арттыру. Осы жобаны жүзеге асыру бойынша сынақ алаңдарының жұмыс нәтижесі, 2008 жылы 5 қарашада МББҚБА және ҚДИ өткен, «Өзін-өзі кәсіптік дамыту аймағы» Өзін-өзі тану Күнінде өткізілген болатын.
Өзін-өзі тану Күнінің мақсаты: сынаққа қатысушылардың ғылыми-әдістемелік және шығармашылық қарымын дамыту үшін ұйымдық-әдістемелік шартпен қамтамасыз ету. «Жан қуаты» кеңістік-орта жобасының модулі бойынша әдістемелік және балалар шығармашылығының есеп беру көрмесі ұйымдастырылған болатын, сынақ алаңдарының жобаларын жүзеге асыру нәтижесі бойынша әдістемелік шағын-конференция өткізілді, «Адамгершілік-рухани тәрбие мақсатын жүзеге асыруда педагогтардың жеке дайындығы» мастер-класы. 
Осы жоба шеңберінде 2008 жылдың сәуір-қараша айларында адамгершілік-рухани даму интеграцияланған сабақтардың әдістемелік әзірлемесінің облыстық конкурсы өткізілді, бұл облыс педагогтарының кәсіптік өсу мен толық жетілуіне қосымша дәлел болды.
Конкурстың мақсаты: 
- «Өзін-өзі тану» интеграцияланған пәнінің рөлін жүзеге асыру есебіне табиғи-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы оқу пәндерінің  мазмұнының құнды мәнін нығайту;
-  Адамгершілік-рухани білімнің кешендік тапсырмаларын шешуде кәсіптік интеграцияланған білім мен іскерлік жүйесін қолдануға көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушылар 4  санат бойынша бөлінген болатын:
● «Өзін-өзі тану» пәнінің ОӘК мақұлдаушы, білім беру ұйымдарындағы сынақ алаңдарының педагогтары;
● «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын оқытушылардың резерві /облыстық МББҚБА және ҚДИ, РҚДИ, «Бөбек» Ұлттық орталығында курстан  өткен педагогтар;
● жеке тұлғалық адамгершілік-рухани даму мен өзін-өзі тану тапсырмаларын шығармашылықпен шешетін басқа оқу пәнінің оқытушылары;
● қалалық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің, дамыту және психологиялық орталығының әдіскерлері, педагог-психологтар, сынып жетекшілері.
Облыстық конкурстың финалы 2008 жылдың 5 қарашасында интеграцияланған сабақтардың әдістемелік әзірлемесін презентация түрінде «Өзін-өзі тану» Күні шеңберінде Қарағанды облысының МББҚБА және ҚДИ өтті.
Финалға 4 санаттың әр біреуінен 3 талапкерден 12 қатысушы шықты. Жеңімпаздар мен қатысушылар құрмет грамотасымен және алғыс хаттармен марапатталды.
«Өзін-өзі тану» пәнін жаппай енгізу қарсаңында  «Өзін-өзі тану» бағдарламасы арқылы қоғамның адамгершілік-рухани мәдениетін қайта туу мақсаты мен құндылығын, философияға барлық білім беру кеңістік субъектілерін тартуда сынаққа қатысушылардың рөлі нығаюда.
Осыған байланысты, бірігіп қызмет ету жоспары әзірленді, және осы жоспар шеңберінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті білім басқармасымен және МББҚБА және ҚДИ бірігіп 2008 жылы облыстық семинарлар өткізді: балалардың құқықтарын қорғау департаментінің базасында, Қарағанды қаласының «Жұлдыз» балабақшасы мен Жезқазған қаласының № 11 орта мектебінде, МББҚБА және ҚДИ базасында «Өзін-өзі тану» бойынша сынақ алаңдарының педагогтары, білім бөлімінің мамандарына арнлаған дөңгелек үстел.
Қарағанды облысының сынақ алаңдарына «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу мен мақұлдауға жағдай жасау мақсатында, оны білім ұйымдарына жаппай енгізу қарсаңында, 2008 жылғы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жоспарына сәйкес 2008 жылдың 20-23 қараша аралығында Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалаларының білім ұйымдарының әдістемелік қызмет бөлімдерінің қызметіне талдау жасалды. 
«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім бағдарламасын мақұлдауды қадағалау мен жетекшілікке алу, үйлестіруді жетілдіру мақсатында аудандық, қалалық білім ұйымдарының әдістемелік қызметіне кепілдемелер берілді.
Сынақты қадағалау бойынша әдістемелік кабинеттердің жұмыс талдауы «Өзін-өзі тану» пәнін енгізуде қол жеткізген жетістіктердің деңгейін, проблемалар мен олардың шешу жолдарын байқауға көмектесті. Бұл жетістіктер мен проблемалар 2009 жылы Қарағанды облысының базасында өтетін «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білімдегі ғылыми-әдістемелік бағдарлар»  республикалық семинарында «Өзін-өзі тану» пәнін енгізу және мақұлдау бойынша лайықты жұмыс түрлерін ұсыну үшін қажет.
Біздің барлық үйлестірушілік, ағартушылық, ақпараттық және насихаттық жұмыстарымыз барлық мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, сондай-ақ  білім беру процессі арқылы жалпы адамдық құндылықты қайта құру, жалпы білім беру қарым құндылығын нығайту және  оның әр адам тағдырындағы үлесі. Осы мақсатқа қол жеткізу жалпы адамдық қордың дамуына байлансты. 


Өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру
2008 жылғы 6-7 сәуір күндері «Бөбек» Ұлттық ғылыми–практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы, Адамның үйлесімді дамуы институтының директоры Л.А.Саинова, директордың орынбасары А.С.Сейтақов бастаған жұмысшы топ рухани-адамгершілік білім беруді жетілдіру арқылы «Өзін-өзі тану» бағдарламасын 12 жылдық білім беру процесіне енгізу және жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысында іс-сапармен болды.
Аталған топ жұмыс барысында Қызылорда облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылғы 6 сәуір күні М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінде болып, ондағы электрондық оқулықтармен танысып және оларды одан әрі дамыту бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар институт өкілдері облыс әкімінің орынбасары А.Сүлейменовпен болған кездесуде «Өзін-өзі тану» пәнінің жалпыға міндетті білім беру процесіне енгізудің проблемалары мен басымдықтары және аталмыш пән бойынша  педагогикалық мамандардың  дайындығы талқыланды.
Сондай-ақ ҚР-ның мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартына сәйкес 2010 жылдан бастап  «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жаппай енгізуді басшылыққа ала отырып 2009 жылғы 7 сәуір күні облыстық білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының мәжіліс залында Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы, білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институты басшылары мен қызметкерлері, жалпы орта білім беру мектептері және мектепке дейінгі мекеме басшыларымен кездесті. Онда 12 жылдық білім беру бағдарламасына  «Өзін-өзі тану» пәнін міндетті түрде енгізу мәселесі және «Өзін-өзі тану» бойынша оқу-әдістемелік құралдары (оқулық, дәптер, электрондық оқулық, әдістемелік кітапшалар) мен  осы пән бойынша арнайы мамандардың дайындығы, соған байланысты мамандарды қайта оқыту және біліктілігін арттыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, жұмысшы тобы №5 балабақшасы мен №198 орта мектебінің «Өзін-өзі тану» пәні бойынша сынақ алаңдарының жұмысымен танысты.
Жоғарыда аталған іс-шаралар соңында жұмысшы топтың іс-сапар жұмыстарының қорытындысы №211 орта мектебінің мәжіліс залында өтіп, онда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының сынақ алаңдарының жетекшілері, мұғалімдері және тәрбиешілері өздерінің тарапынан аталмыш пән бойынша ұсыныстарын білдірді.


2009 жылдың 20 наурызында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы жанынан құрылған Адамның үйлесімді дамуы институты директорының орынбасары Сейтақов Айболат Самиғоллаұлы және Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімінің мамандары І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Өзін-өзі тану» алаңында  студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге тарих және филология, экономика және менеджмент факультеттерінің І курс студенттері қатысты. Кездесуде білімнің мәні, жастық шақ, «Өзін-өзі тану» пәнінің маңыздылығы туралы мәселелер қарастырылып, студенттер өз ойларымен бөлісті. Студенттік өмірдің қиын да қызық сәттерінде «Өзін-өзі тану» пәнінің берері мол екені туралы  айтылды.


Өзін таныған өзгені де тани біледі
Балаларға адамгершілік тұрғысында тәрбие беруде «Өзін-өзі тану» пәнінің мәні зор.
Жас ұрпақты тәрбие­леуде алға қойып отырған негізгі мақсаттың бірі – қоғамда өзіндік орны бар, өз елінің қамын ойлайтын, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қам­қор бола білетін, мемлекетіміздің бо­ла­шағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Білім берудің шынайы мақ­саты – адамға белгілі бір білімді жет­кізу ғана емес, сондай-ақ оның руха­ни, адамгершілік тұрғыдағы мәнін түсіндіру. Қазіргі педагогика ғылымының тәр­бие саласындағы басым міндеттерінің бірі ретінде жас ұрпақты ғасырлар бойы жинақталған халық даналы­ғы­ның жалпыадамзаттық құндылық­тарын меңгерту негізіндегі тәрбиелеу қажеттігі дәлелдеп отыр.
Осы мақсатты жүзеге асыруда “Бөбек” ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығына қарасты Адам­ның үйлесімді даму институты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған апталық даярлау курсын Талдықорған қаласында 2009 жылдың наурыз айының 14-20 аралығында өткізді. Курсқа 30 тыңдаушы қатысты. Курсты Адам­ның үйлесімді даму институты директорының орынбасары, қазақ тіліндегі оқулықтардың авторы Сейтақов Айболат Самиғоллаұлы жүргізді. Курс тыңдаушылары Талдықорған қаласындағы №42 балабақшаның сынақ алаңындағы өткізілген ашық сабаққа қатысып, №14 мектеп-гимназиясының эксперименттік алаңында ұйымдастырылған дөңгелек үстел отырысында  өз ойларымен бөлісті.


«Рухани-адамгершілік ұстанымдар негізінде балалардың өзін-өздері табыстыжетілдіруі үшін жағдай жасау»
2009 жылдың 18 наурызында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Рудный қаласының «№ 10 бала бақшасы» эксперименталды алаңы базасында «Рухани-адамгершілік ұстанымдар негізінде балалардың өзін-өздері табысты жетілдіруі үшін жағдай жасау» облыстық семинар-практикумын өткізді.
Семинардың мақсаты рухани-адамгершілік құндылықты дамытуға әсер ететін ақпараттық-білім кеңістігін құру, оқу-тәрбие үрдісінің мазмұнына «Өзін-өзі танудың» негізгі бағыттарын интеграциялау.
Семинарға жалпы білім беретін мектеп және балалар бақшасының директорлары, директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, білім беру бөлімдерінің әдіскерлері, «Өзін-өзі тану» курсын енгізетін білім беру мекемелерінің мұғалімдері қатысты.
Семинардың теориялық бөлігінде жеке тұлғаның дамуының жетекші бөлігі ретіндегі адамгершілік тәрбие туралы Рудный қаласының білім беру бөлімінің бастығы Гиззатуллин И.Г., Департаменттің бас маманы Калюжная Ю.А. «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыру жөнінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің жұмыс жүйесі туралы сөз сөйледі.
Семинардың практикалық бөлігінде қатысушыларға «Қиялдағы патшалыққа ғажайып су үшін аттану», «Менің шежірем», «Біздің денсаулығымыз – сиқырлы қазанда», «Саздың сиқырлы өзені» тақырыптарында ашық сабақтар, «Мен сенемін» түзету-дамыту сабағын, «Жеріміз таза да көркем болсын» балалар спектаклін көрсетті. Психолог Қайдарова Г.К. семинарға қатысушылар үшін «Өмір алқасы» шағын тернингін өткізді.
Семинарға қатысушылар 12 жылдық білім беруге көшу барысында жалпы білім беру мекемелерінде және мектепке дейінгі ұйымдарда «Өзін-өзі тану» идеясын жаппай енгізудің болашағы және қиыншылықтары туралы өз ойларын ортаға салды. Семинардың қорытындысы бойынша ұсыныстар жасалды.


2009 жылдың 14 наурызында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-тәжірибелік, білім беру және сауықтыру орталығы Адамның сәйкестік даму институтымен бірлесіп «Өзін-өзі тану бойынша ОӘК жетілдіруде ғалымдар, әдіскерлер және тәжірибешілердің өзара әрекеттері» тақырыбында интерактивті семинар өткізді.
Интерактивті байланысқа Қостанай облысының білім беру мекемелері белсене қосылды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын енгізетін эксперименталды алаңдармен қатар облыстың барлық қалалық (аудандық) білім беру бөлімдері және 54 білім беру ұйымдары қатысты.
Жалпы білім беру мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарды ОӘК қамтамасыз ету және курсты оқыту үшін әлеуетті кадрлар дайындау  сұрақтары «Өзін-өзі тану» пәнін енгізетін барлық жетекшілер мен педагогтарды қобалжытты.
Интерактивті семинарды ұйымдастырушылар оқу-әдістемелік материалдарды жинақтау бойынша мәселе шешілгендігін және эксперименталды алаңдар толық көлемде ОӘК қамтамасыз етілетіндігін, пәнді оқыту үшін педагогтар оқыту мәселесі бойынша Ш. Құдайбердіұлы атындағы Семей мемлекеттік университетінде осы пәнді оқыту үшін мамандар дайындайтын «Әлеуметтік педагог және «Өзін-өзі тану» мұғалімі» мамандығы бойынша классификатор бекітілгендігін хабарлады.
Қатысушылар республикамыздың жалпы білім беру ұйымдарында «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдістері бойынша тәжірибе алмасу және табысты меңгеру мақсатында он-лайн тәртібінде осындай семинарлар жүйелі түрде өткізіліп тұрса деген тілек білдірді.


Алматы облысының өзін-өзі тану эксперименттік алаңдарының жылдық жоспарларына сәйкес 2009 жылдың 17-27 ақпан аралығында өзін-өзі тану пәнінің онкүндігіне байланысты 23 ақпанда  №14 орта мектеп-гимназия базасында өзін-өзі тану пәнінен   7-сыныпта   «Өмірің өз қолыңда» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ әңгімелесу түрінде өткізілді.
Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында төмендегідей сұрақтар қойылды:
1.Өмір дегеніміз не?
2.Өмір адамға не үшін қымбат?
3.Адам не үшін өмір сүреді?
4.Өмірдің мәнін түсіну үшін не қажет?
Сабақтың негізгі мақсаты: оқушыларға өмір, оның мәні туралы түсінік беріп, адамның өмірі өз қолында екендігін жете түсіндіру.
Дәйексөз: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады. Ол-адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек» екендігі туралы түсініктеме берілді.
Жүректен жүрекке:
Жақсылық көрсем өзімнен
Жамандық көрсем өзімнен,
Тағдыр кінәлі дегенді
Шығарамын сөзімнен. (С.Торайғыров)
Қорытындылау бөлімінде: Өмір-қозғалыс, даму, өсу, тіршілік. Адам өмірден өз орнын таба білу керек.Өмірлік ұстаным, білім, білік, іскерлік қажет. Осының бәрі үйлессе-өмір мәнді өтеді.
Аталған шараға  Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани даму бөлімінің бас мамандары Д.Адишева және М.Қатубеков қатысып, сабақты талдады. Сабақ жоғары денгейде өткізіліп, өз мақсатына жетті.


Ақсу қаласындағы № 2 бала бақшасындағы өзін-өзі тану
«Өзін-өзі тану» эксперименттік курс оқу-әдістемелік кешенін мақұлдап Ақсу қаласындағы ұлттық № 2 балабақша бес жыл бойына жұмыс істеп келеді. Бұл бағдарлама бізге инновациялық болды. Оны зерттеп біле отыра, қазіргі таңда біз тәжірибемізбен, білімімізбен қала бала бақшаларындағы, мектептеріндегі және Ақсу қаласының ауылдық аймақтарындағы әріптестерімізбен бөлісеміз. Осы жылы № 2 бала бақшада үш Республикалық, сегіз облыстық семинарлар өткізілді.
Осы жылдың 26 ақпанында бізде балалардың құқықтарын қорғау департаменті мамандарының, облыстың біліктілікті арттыру институтының өзін-өзі тану пәні әдіскерінің, облыстық «Радуга» клубының барлық мүшелерінің қатысуымен «Радуга» клубының отырысы өтті.
Клуб отырысы шеңберінде бала бақша әдіскері Оспанова Гүлнар Құдиярқызы осы жылдар ішінде жиналған әдістемелік жинақ сандықша көрмесін ұйымдастырды. Бұл авторлық зерттемелер, мониторингтер, ата-аналар мен жұмыс, ертеңгіліктер сценарийлері, ойындар, мақалалар жинақтары т.б.
Мултимедияны  пайдалана отырып, тәрбиешілер Сыздықова Қалимаш Сағындыққызы мен Омышева Жұмагүл Төлебекқызы қызықты сабақтар көрсетті.
Музыкант Омарова Айгүл Артанайқызының жетекшілігімен бала-бақшаның шығарма