Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Мектептердің аға вожатыйлар мен облыс қосымша білім беру педагогтары үшін өткізілген облыстық семинар-практикум туралы
Ағымдағы жылғы 11 ақпанда Павлодар қаласының № 26 ЖОМ-де Павлодар облысының Балалардың құқықтарын қорғау депаратментімен облыстық М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлерімен бірлесіп «Волонтерлар қозғалыс балалар ұйымдарының жұмыстарының  бір бағыты ретінде» тақырыбына кезекті семинар-парктикум өткізілді.
Семинар-практикум волонтерлар қозғалысы бойынша балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының жұмысына әдістемелік көмек көрсету мақсатында жүргізілді.
Семинар-практикум бағдарламасы 2 бөлімнен тұрды:
1-ші бөлімінде - № 26 ЖОМ директоры Н.П. Паршукова қатысушыларға мектепті қысқаша таныстырып өтті, № 26 ЖОМ «Болашақ» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының аға вожатыйы Е.В. Богулян интерактивті түрде ұйым жұмысының жүйесімен таныстырды. Е.В. Богулян жетекшілік ететін балалар ұйымдары кеңесінің көшбасшыларымен «Мен және менің ұйымым» үгітбригадасының бағдарламасы көрсетілді.
Семинар кезінде балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы – С.Б. Әбілдинова семинар қатысушыларын облыстағы волонтер отрядтарының негізгі қызметтерімен, балалардың жас ерекшеліктерін ескерілетін волонтерлар қозғалысының жүйесімен таныстырды, сөз сөйлеу слайд бағдарламалармен ілесті. Сондай-ақ семинар-практикумның барлық қатысушыларына әдістемелік көмек ретінде еріктілермен жұмыс жасау бойынша ұсынымдары бар дискілер, сауалнамалар, білім беру мекемелерінде «Қоғамға қызмет ету – Служение обществу» волонтерлар қызметін ұйымдастыру жөнінде әдістемелік құралдар таратылды.
Екінші бөлімде – түрлі бағыттар бойынша мастер-класстар өткізілді:
- «Естелік» - «Есте сақтағандай...» Штаб отырысы;
- «Басқаларға жақсылық жаса!» шығармашылық зертхана;
- «Жақсы істер түрлері» презентация;
- «Жалғызсырамаған үй» жобасымен жұмыс жасау.
Нәтижесі бойынша семинар-практикумге қатысушылармен сауалнама жүргізілді:
- 100 % - семинардың өткізген жұмысы туралы пікірлері оң деп санады;
- 100 % - тақырыптар бойынша қолданылатын жұмыстар түрлерінің мазмұндылығын атады;
- 70 % - одан әрі ынтымақтасып, жұмыс тәжірибесімен алмасуға ниеттерін білдірді;
- 100% қатысушылар семинардың ұйымдастырушыларына келешекте шығармашылық табыс және жеміс тілед
і.

 


ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жас еріктілер тобымен кездесу
Қазіргі кезде жастардың арасында немқұрайшылық жоқ екені бізді қуантады. Оларға Өскемен қаласындағы «Восток» ДОҒЗО жанындағы Әл-Фараби атындағы мектептің 4 сынып оқушылары қосылды. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балалардың  өмірімен жақынырақ танысуға талпыну және  ұшқырлы ақыл-ой осы сынып оқушыларынан құралған топты Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне алып келді.
Балалар Департаменке келгендерін М. Әуезовтің «Жетім» шығармасын оқып талқылағау кезіңде қазіргі уақыттағы жетім балалардың жағдайымен танысқылары келгенімен түсіндіреді. Көптеген туындаған сұрақтарға балалар жауап іздей бастады. Өткен жүз жылдықтағы жетімдердің жағдайын қазіргі замандағылармен салыстыра келе сыныптың екі оқушысы зерттеу жұмысымен айналыса бастайды. Бұл идеяны сыныптастары мақұлдап, кәзіргі күні ол мектептің еріктілер қозғалысына айналғанын айтты.
Департамент директорының орынбасары Альмира Тоқтағазықызы  Тоқтарбекова оқушыларды департаменттің қызметімен таныстырып, қойған жан-жақты сұрақтарына жауап берді. Балалар адамның рухани-адамгершілік дамуы бөлімінің жұмысымен қысқаша танысып өтті.
Оқушылардың қойған сұрақтарынан, оларды жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, тастанды және т.б. балалардың өмірі шынымен алаңдататынын аңғаруға болады.
Кездесу соңында оқушылар департамент директоры Аркадий Анатолиевич Исаевпен әңгімелесіп, өз ойларымен бөлісті.  


Оқушы еріктілер – ұстаздар көмекшілері
№ 26 және 47 ОМ Ақтөбе облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің базалық мектептері. Осы мектеп оқушылары арасынан – көмекші еріктілер іріктелді. №26 ОМ еріктілері «ұстасдар көмекшісі» бағдарламасын таңдады.
Олар 2 жылдан бері тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарына көмектесуде, оқушылар арасында іс-шаралар, бірлескен кездесулер, мейрамдар өткізуде.
12 қаңтарда 8 сынып оқушылары «Менің құқығым және міндетім» тақырыбында 4 сыныпта класс сағатын өткізуде. Департамент және жоғарғы сынып оқушыларының көмегімен 4 сынып оқушылар «Заңсыз әлемде» «тәртіп орнатады». Сынып «құқық» және «міндет» тобына бөлінуде. Суреттер мен «Бөбек» қорының мультфильмдері   бойынша топ өз түсінігін береді. 
Мұндай іс-шаралар оқушылардың білімі құқығын тереңдетіп, құқықтық пәндерге деген қызуғушылықтарын, адамзаттық ұстанымының дамуына үлес қоспақ.  

 


Қызылорда облысында «Қоғамға қызмет ету» бағдарламасы бойынша еріктілер қозғалысының жұмысы
Еріктілер – бұл азаматтардың еркін таңдауы және облыс пен қаланың қоғамдық өміріне өздігінен белсенді түрде қатысуы.
Қазіргі таңда облыста «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы», «Ұлағат ұландары», «Сыр орманы», «Арал және Чернобыль балалары» қоғамдық бірлестіктерінің еріктілер қозғалысы, «Болашақ», «Балдәурен», «Көшбасшы», «Достар» және басқа да аула клубтарының ерікті топтары белсенді жұмыс жасап келеді.
Еріктілер қозғалысының бағыттары: балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді  пайдалану, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасау, жалғыз басты қарттарға көмек көрсету.
Белсенді бірлестіктердің ішінде «Жас ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер қозғалысы» қоғамдық бірлестігі, «Арал және Чернобыль балалары», «Ақбота» Лигасы», «Көкжиек», «Шапағат», «Қазақстанның студенттер альянсы», сондай-ақ, 31 ерікті топтар мен 60 еріктілер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жалғыз басты қарттарға көмек көрсетумен жұмыс жасайды.
Биылғы жылы «Балалар мен жанұяға құқықтық және психо-педагогикалық көмек көрсету орталығы» және «Балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету орталығы» қоғамдық бірлестіктер жұмыс жасайды.
Құрылған қоғамдық бірлестіктердің арасында «Балалар мен жанұяға алғашқы медико-психо-педагогикалық көмек көрсету», «Патронаттық тәрбиешіге психо-педагогикалық көмек көрсету», «Біз таза ауа үшін», «Менің қалам», «Ауған батыры» және басқа да жобалар бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Гуманитарлық және медициналық колледж студенттерінен жасақталған еріктілер қозғалысы үйден оқитын балаларға алғашқы көмек көрсетеді, ал жалпы орта мектептегі қоғамдық инспектор халықпен жұмыс жасап, тренингтер, патронаттық тәрбиешілерге семинарлар, құқықтық және психолоиялық кеңестер береді.
Жалпы білім беретін мектеп оқушылары елжандылық, Отан алдындағы парыз бен махаббат сезімдерінің құндылығын бағалай отырып, соғыс ардагерлері туралы фильмдер бойынша жұмыс жасауда.
Сонымен қатар, балалар қоғамдық ұйымдармен бірлесіп,  «Біз таза ауа үшін» жобасын жүзеге асыруда. Қалыны көгалдандыруға белсенді түрде қатысып, «Жалынды жастар-тазалыққа бастар», «Денсаулық - басты байлық», «Біз тазалықты сақтаймыз», «Тазалық - баршамызға ортақ», «Таза үй, таза аула, таза қала. Игілікті іске үлес қосайық»  акцияларын өткізді.
Осындай акцияларға қатыса отырып, еріктілер мұқтаж жандарға көмек көрсету арқылы аялауды үйренеді.

 


Жас еріктілер
2010 жылдың 15 қаңтарында «Қоғамға қызмет» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының  Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Өскемен қаласының білім бөлімі «Өз еркімен еңбек ету еріктілердің негізгі қағидалары» тақырыпта семинар өткізді. Семинарға қаламыздың 45 жалпы білім беретін мектеп директорларының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасарлары қатысты.
Бұл шараның негізгі мақсаты - мектеп және мектептен тыс ұйымдарға оң пікірдегі жұмыс тәжірибесін беру, еріктілер қозғалысы саласы әрекетіне инновациялық қолдау және қоғамға тиімді әрекеттерді дамыту, сонымен қатар, жекелей өзін-өзі билеу мен өзін-өзі дамытуға негізделген рухани-адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеу.
Семинарда №38 мектеп – интернатының директоры Кичигина З.Н., өндірістік еңбек мұғалімдері «Оқу  үрдісін жастардың, қоғамға пайдалы қызметке қатысуымен байланыстыратын азаматтық білімнің әсерлі әдістемелерін қолданудағы еріктілер жумысының тәжірибесі» сұрақтары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Мектеп мамандарын таныстыруда Өскемен қаласының «Балалар үйі» мемлекеттік мекемесі өз еркімен әрекет етуде оқушылармен жұмыс жасаудағы әдістер мен тәсілдер табу жолдарын көрсетті.
Кішкентай баланың бөркі мен шәрпін тоқыған 5-сынып оқушысы Амренова Диляра, өзінің жұмысын таныстырып өтті. Ол тек мейрімді іспен ғана айналысып қоймай, өте жақсы үлгеріммен оқиды, мектептің қоғамдық өміріне де қатысады. Диляра республикалық «Зерде -2010» ғылыми жоба сайысында 3 орынды иеленді.
Семинарға қатысушылар еріктілер еңбегінің қоғамға үлкен пайда әкелетінін және ұжымдық жауапкершілік рухын қалыптастыратынын анықтап көрді. «Жігер», «Спутник-6» балалар мен жасөспірімдер клубы бірлестігінің ұстаздар ұжымы «Әлем Корпусының Қазақстандағы жобасын жүзеге асыру» қортындысы бойынша әңгімелеп берді.
Еріктілер Әлемі корпусы 30 оқушыға ағылшын тілін мектеп бағдарламасынан тыс оқып үйренуге көмектесті. Жасөспірімдер клубынан 50 оқушы ағылшын тілін курсынан өткені туралы сертификат, фотосуреттер және бағдарламалар жазбасы бар дискілер алды.
Семинардың соңында қатысушылар семинардың қалай өткені туралы өз ойларымен бөлісті. Өткізілген семинардың, жұмысқа пайдасы бар ма? деген сұраққа, 45 қатысушылардың бәрі де, жұмыс тәжрибесі оң нәтиже әкелетінін айтты.
Сол себепті, Балалардың құқықтарын қорғау департаменті тек креативті ойлап қана қоймай, Отанды сүйетін, қоғамның игілігі үшін қызмет ететін жаңа ұрпақты қалыптастыру мәселелері шешімдеріне балама тапты. Еріктілер қозғалысынан артық балама жоқ деген сайын ол облысымыздың дамуына маңызды үлес қосатын сарқылмас қор болмақ.

 


Қоғамға қызмет
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті білім беру, қосымша білім беру ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер  мекемелерінде қызмет атқарып жүрген еріктілер топтарымен белсенді жұмыс атқаруда.
Өскемен қаласының №38 мектеп-гимназиясы еріктілер топтарының қатысуымен «Қоғамға қызмет» бағдарламасы шеңберінде өткізілетін іс-шаралар қоғамдық мәселелерді шеше білетін, өзін және қоршаған әлемді жомарттылыққа үйрететін, болашақ белсенді, жауапкершілігі мол жастарды тәрбиелеуге әсер етеді.
Міне 2009 жыл да аяқталып, 2010 жылды қарсы аламыз. Өскемен қаласындағы №38 мектеп-гимназиясының тобы жылдың ауысуына қарамастан облыстық балалар үйіндегі кішкентай достарын бұрынғыдай үлкен ниетпен қарсы алады. Жаңа жыл қарсаңында  ақшақар-ұстаз бен оқушылар мерекелік концертпен балаларға сыйлықтар, альбомдар, қарындаштар, шыршаны әсерлеу үшін моншақтан жасалған ойыншықтар алып барды. «Бөбектер үйі» мен гимназияны сегіз жыл көлемінде достық қарым-қатынастар байланыстырып келеді. Осы жылдар бойы он шақты еріктілер тобы Жаңа Жыл, Наурыз, Балаларды қорғау күні мерекесінде өткен «Қайырымдылық» акциясына қатысып келеді. Мектеп-гимназиясының жоғары сыныпта оқитын әр оқушысы сыйлықтар дайындап қойыпты. Бас киім, орама, кеудешелер, тоқыма шұлықтар, нәрестеге арналған киімдер тағы да басқа сыйлықтар ең кішкентай сәбилерге таратылды.
Сонымен қатар, тоғызыншы сынып оқушылары балаларға арналған жаңа жылдық киімдер тікті. Сол кеште қыздардың көздерінен қуаныш сезімін көруге болды, олар балалармен құшақтасып, сөйлесіп, би биледі және естелікке суретке де түсіп алды. Бұл ұмытылмайды! Мұндай қыз-болашақ ана өз баласын ешқашан тастамайды. Тастанды баланы көріп көңілінде балаға деген мейірім, аяныш, қайырымдылық, ең бастысы - қыз баламен өмір бойы бірге болатын сенімді мораль.
Мұндай қайырымды іске төменгі сынып оқушылары да қатысты. Олар мерекелік концерт ұйымдастырып, барлық гимназия оқушылары қамқорсыз қалған кішкентай балаларға көмектесу үшін белсенді жұмыс атқаруда. Бұл гимназистер үшін қарапайым іс жөнінде қабылданады. Оқушылар балалармен туыс болып кеткен тәрізді.
Ұстаздар ұжымы мейірімділік, қарапайымдылық, жақсылық сияқты жалпы адамгершілік қасиеттер арқылы, әлсізге көмек көрсету арқылы адамның моральдық құндылықтарын сақтап қалады.
Джулия Карнидің «Кішкентай мейірімді жұмыс, махаббат туралы кішкентай сөз жерді және көк аспанды бақытты етуге көмектеседі» деген сөзі мектеп-гимназиясы еріктілер тобының ұранына айналған.
Бұл  бір минуттық қадам емес. Гимназияда еріктілер қозғалысы  төңірегінде  жалпы жүйе қалыптасқан. Барлық балалар өздерінің істеген істерінен ерекше әсер алып, қанағаттанарлық сезімге ие болды. 


Білім беру ұйымдарында «Қоғамға қызмет ету» тақырыбында еріктілер қызметін ұйымдастыру жөніндегі Республикалық семинар тренингінің пресс-релизі
2009 жылғы 7-8 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Алматы қаласындағы Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығымен бірлесіп, білім беру ұйымдарында «Қоғамға қызмет ету» тақырыбында еріктілер қызметін ұйымдастыру жөніндегі Республикалық семинар-тренингін өткізді.
Семинар-тренингтің жұмысына Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Р.П. Шер, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері директорларының орынбасарлары,  Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығының басшылары, оқушылардың жоспарлық қызметімен айналысатын білім беру ұйымдары мен органдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында  Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері, білім беру ұйымдары мен органдары, қоғамдық бірлестіктерінің аспектілерінің ара қатынасын анықтау, еріктілер тобының көмегімен әлеуметтік жағдайының шешілу жолдарын іздеу, балаларды адамгершілік-рухани тәрбиелеудегі негізгі бір бағыты ретінде еріктілер қызметінің келешектегі дамуын көпшілікке тарату мәселелері қаралды. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы еріктілер қозғалысын ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдары және “Бала құқығы туралы” Қазақстан Республикасы Заңының баптары негізінде бала құқықтары жөніндегі “Балалық шақ – бұл мен және сен” республикалық суреттер конкурсы жобалары талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қатысушыларына Алматы қаласы Жетісу ауданындағы №2 орта мектебінің қарт кісілерді және мүгедектерді қолдау жөніндегі, Алматы қаласы Әуезов ауданындағы №130 мектеп-гимназиясының балалар үйінде тұратын жетім балаларға қамқоршылық көмек көрсету жөніндегі еріктілер жобасының тұсаукесерлері ұсынылды.


Облыста еріктілер қозғалысын дамыту
2009 жылдың 15 мамырында Алматы облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Талдықорған  қаласында «Облыста еріктілер қозғалысының дамыту» атты «дөңгелек үстел» өткізді.  Аталғаншара еріктілер қоғамын дамытудың алдыңғы қатарлы үлгілерін  ұсыну    және   тиімділігін анықтау мақсатымен ұйымдастырылды.  «Дөңгелек үстелге» Алматы облысындағы жастар саясатымен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, облыстық білім басқармасы, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің мамандары, мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, еріктілер,  жастар көшбасшылары, БАҚ өкілдері  қатысты.  Іс-шара барысында қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, атап айтсақ еріктілер бюллетенін шығару, сайт ашу, түнгі қалада жастармен жұмыс жүргізу,  еріктілердің еңбегі ақылы болса және еңбек өтіліне қосылса және т.б. ойларымен бөлісті. Сондай-ақ облыс көлеміндегі атқарылып жатқан жұмыстарды баспасөз арқылы насихаттауды күшейту қажеттілігіне ерекше тоқталды. Еріктілер санын көбейту мақсатымен жастардың  іскерлігін жүзеге асыру үшінжағдай туғызып, сенімділік, қолдау көрсету мәселелері қарастырылды.  «Дөңгелек үстел» отырысы соңында  Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Алматы облысының Азаматтық Альянсы» Ассоциациясы формасындағы заңды тұлғалар бірлестігі бірлескен жұмыс жасау туралы келісім шартқа қол қойды.

 


Көктемдегі жақсы іс апталығы
Солтүстік Қазақстан облысының Балалар құқықтарын қорғау департаменті мен Солтүстік Қазақстан облысының білім беру басқармасының қолдауымен, «СҚО еріктілер клубы» жастар қоғамдық бірлестігінің және «Жас Отан» жастар тобының катысуымен «Көктемдегі жақсы іс апталығы» акциясы ұйымдастырылды. Қалалық № 21 орта мектебінің, М. Жұмабаев атындағы ауданының Полудин орта мектебінің,  Шал ақын ауданының Ступинка орта мектебінің, М. Жұмабаев атындағы колледждің және СҚМУ еріктілері  қатысты.
Мүмкіндіктері шектеулі балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, облыстық балалар ауруханысында, «Солнечный»  профилакторийінде жатқан балалар, № 2 коррекциялык мектеп-интернатының оқушылары, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығындағы тәрбиеленушілері,  Балалар үйінің кішкентай бөбектері, ЕС-164/6 мекемесінің тәрбиеленушілері, соғыс және еңбек ардагерлері –осылардың бәріне еріктілер қамқорлық жасап, ерекше көңіл бөлінді.
Еріктілерді оқытатын оқу орындарында акция өткізу ұйымдастыру-ақпараттық жұмыстардан басталды: митингтер, пресс-конференциялар, жалпымектептік  линейкалар.
Еріктілердің жұмыс үлгістері көп және әр түрлі: кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығында тәрбиеленушілерге, Балалар үйінің кішкентай бөбектеріне жәрдем беруге арналған акциялар;аз қамтылған отбасылардың оқушыларына:
-спорттық жарыстар;
-соғыс және еңбек ардагерлеріне көмек;
- обсерваторияға экскурсия;
- ескерткіштерді көркейту;
-«Тірі жанды құтқаруда қызмет ету - бақыт» экологиялық акция;
- концерттік бағдарламалар, ойындар, жарыстар.
27 сәуірде  «Көктемдегі жақсы іс апталығы»  акциясының қорытындысы шығарылды, әр еріктілік тобы акция тұсаукесері және қорытындысын шығару бойынша өз пікірлерін айтты. Еріктілер жаңа білім, рухани қанағат алғандары туралы айтып, ең бастысы өздерінің пайдалылығы мен қажеттілігінің маңызы зор екенін мойындады.
«Дөңгелек үстел» қатысушылары еріктілік топтар жүйесін қолдау,  дамыту және олардың алдағы жұмысын белсендіру қажет деп санайды.  Еріктілер қозғалысын дамыту мемлекеттің белсенді азаматтарын, болашақ  жетекшілеріне тәрбие береді.
Солтүстік Қазақстан облысында «Көктемдегі жақсы іс апталығы» акция бірегей, әріптестік жоба болды.  Еріктілердің, қоғамдық ұйымдардың, мемлекеттік мекемелердің өкілдері әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатымен күш біріктірді.


«Қоғамға қызмет ету» тақырыбындағы акцияны өткізуі туралы
Осы шақта ғаламдану мен дүниежүзілік экономикалық дағдарыс жағдайында белсенді және жауапты тұлғаларды тәрбиелеу негізгі рөлді алады. Қазіргі қазақстандық қоғам ұлттық егемендік, өзінің халқының ерекше және бірегей мәдениетін сақтауға көмектесетін жас адамдардың адамгершілік және рухани әлеуетін қажет етеді.
2009 жылы сәуір айының 3 жұлдызында Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Қоғамға қызмет ету» тақырыбындағы акцияны  өткізеді.
Акцияның мақсаты: жасөспірімдер ортасындағы қылмыстыққа итермелейтін келеңсіз үрдістерді азайту, жас ұрпақта жалпы адамгершілік құндылықтар мен міңездік бағыттарды қалыптастыру.
Акцияға аз қамтылған отбасы балаларына тегін шаш алуға ықылас білдірген №1 кәсіптік лицейдің оқушылары қосылды.
Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен мектеп әкімшілігімен «Адамның құқықтары баланың құқығынан басталады» тақырыбындағы кітап көрмесі ұйымдастырылды, сонымен қатар мектеп оқушыларының шығармашылық жұмыстары өткізілді.  8-11 сынып оқушылары «Құқықтық дербестік және кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі» рольдік ойынын өткізіп, онда өздерінің құқықтық тәрбие білімін көрсетті.

«Жасөспірімдік құқықбұзушылық мәселесін шешу жолдары» атты диалогтық алаңы ерекше қызықты өтті.
Мектеп әкімшілігі келесі секциялар бойынша жұмысты ұйымдастырды:
1.Қосымша білім секциясы (Спортық секциялар);
2.«Балалар қозғалысы» - «21 ғасырдың көшбасшылары» БҚБ, ОҒБ (оқушылардың ғылыми бірлестігі)

Акция соңында ата-аналар мен педагогикалық қоғамның кездесуі ұйымдастырылды, онда жасөспірімдік ортада қылмыстықтың шешу жолдары, белсенді және жауапты тұлғалардың мәселелері талқыланды.

 


2009 жылдың 31 наурызында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Балалар еңбегінің мониторингі: жағдайы, проблемалары және шешу жолдары» атты семинар-тренингі өткізілді.
Семинардың негізгі мақсаты Алматы облысында балалар еңбегінің мониторингін тәжірибелік жүйесіне енгізу.
Оған құзырлы облыстық басқарма (департаменттің) басшылары, аудан, қалалық білім бөлімдерінің мамандары, кәмелетке жасы толмағандар ісі жөнінде аймақтық полиция инспекторлары, Алматы облысының филиалы «Атамекен»Одағы» ұлттық-экономикалық палатасы, Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ), БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар-тренингті Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г. Ермекбаева ашты. Семинарға қатысушыларға балалар еңбегінің өзекті проблемалары туралы көркем фильм көрсетілді.
Семинар- тренинг жұмысына:
- ХЕҰ ұлттық үйлестірушісі Д. Жандаева Қазақстандағы балалар еңбегінің мониторинг проблемаларына ХЕҰ – ның принциптері мен жолдары туралы таныстырып өтті.
- Облыстық прокурорының бас көмекшісі М. Абдрахмановтың баяндамасы «Бала еңбегін қолдануда заңдылық жақтарын прокурорлық қадағалау» атты тақырыбына арналды.
- «Забота» дағдарыс орталығының директоры У.Лұқпанова отырғандарды Алматы қаласы мен Алматы облысындағы бала еңбегінің ең нашар түрлері бойынша мониторингтің қорытындыларымен таныстырып өтті.
-  Талдықорған қаласындағы №1 кәсіптік лицейінің директоры С. Қарамұлдинова 14 - 18 жас аралығындағы жастарға жаңа оқыту бағдарламасын енгізу арқылы бала еңбегін жою проблемаларын шешуі бойынша өзінің көзқарасын білдірді.
- «Қарлығаш» әйелдер білім беру консультациялық орталығы» ҚБ президенті А. Денисова балалар еңбегінің ең нашар нысандарының алдын-алу бойынша балаларға арналып құрылған әлеуметтік орталықтың қызметі туралы таныстырып өтті.
Ұйымдастырушылар тарапынан семинарға қатысушыларға әдістемелік нұсқаулар таратылды (әдістемелік кеңестер, кітапшалар).
Семинар барысында  Үкіметтік емес ұйымдар  «Забота» мен  «Карлығаш»
өкілдерімен бірлесіп, жұмыс атқару туралы меморандумға қол қойылды.


«Болашақ біздің қолымызда» бірлескен қорының ашылуы туралы
2008 жылғы 2 наурыздағы Мемлекетіміздің Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында  «Ұлттың денсаулығы – ол жалпы ұлттық міндет» деп белгіледі.
Бүгін салауатты өмір салтын қалыптастыру насихатталып жатыр, сондықтан денсаулық – табиғаттың адамға деген баға жетпейтін сый-сыяпаты, сондықтан сұлулық, жан үйлесімділігі ұғымдары зиянды әдеттермен сыйыспайды. Бірақ та жас ұрпақ және тіпті 30 –дан жоғары жастағы адамдар өздерінің денсаулықтары туралы ойланбайды.
Бүгінгі күнде Ақмола облысында 1000 (мың) нан астам үкіметтік емес ұйымдар тіркелген; олардың қызмет шеңберіне білім және ағарту жұмыстары кіреді, құқықтық мәдениетті арттыру үшін, компьютерлік  сауаттылық,  аз қамтылғандар мен тұрғындардың әлсіздеу топтарымен жұмыс, қайырымдылық қызмет бойынша  орасан зор жұмыстар жасалып жатыр. Бірақ та жастарды тәрбиелеу мен нашақорлықтың алдын алуға ҮЕҰ жалпы  санының тек 5 пайызы ғана бағытталған.
Сондықтан   «Болашақ біздің қолымызда» бірлескен қорының ашылуы -  заңды әрі қажетті.
Осы жылдың  наурыздың 19-да өткен қордың тұсаукесеріне мемлекеттік мекемелер, ҮЕҰ басшылары және  БАҚ өкілдері шақырылды.
Тұсаукесер еркін және жылы жағдайда өтті. Қордың атқарушы директоры Жақұпов Жанат Қордың қызметінің мақсаттары мен міндеттері жайлы айтып, Қордың қандай бағытта жұмыс істейтінін жариялады, жоспардағы жақында болатын  мемлекеттік құрылымдар, жергілікті және халықаралық ҮЕҰ,  қорлар, қозғалыстар, коммерциялық құрылымдар, денсаулықты қорғау және тұрғындардың салауатты өмір салтын қалыптастыру сұрақтары бойынша БАҚ-мен бірлескен және серіктестік қатынастар арқылы өткізілетін іс-шаралары туралы ақпарат берді.       
Өкілдердің статистикалық мәліметтері: «Салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығы» ММ, «Ішкі саясат басқармасы» ММ, «Ақмола облысы бойынша білім департаменті» бөлім бастығы- Ж.С. Дондағұлова , ГУ «Облыстық наркологиялық оңалту орталығы» директор- С.Ж. Какенов.  Осы ұйымдардың өкілдері қарым-қатынасты, бастауларда табыс, мекен-жайлық көмек, тұрғындармен нүктелік жұмыстарды тіледі.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры – Н.В. Замолоцких өзінің қызметі және балалар, жасөспірімдермен болатын жағдайлар жайында айтты. Нашақорлыққа тәуелді тұлғаларды оңалту бойынша жұмыстары жайлы «Сенім» республикалық оңалту орталығының директорының орынбасары, еріктілері айтты.
Тұсаукесер соңында «Балалардың құқытарын қорғау департаменті» ММ, «Ақмола облысының жастар Ассоциациясы» ЗТҰ, «Болашақ біздің қолымызда» БҚ арасында үш жақты қарым-қатынасты меморандумға қол қойылды.


Біздің күшіміз - бірлікте!
2009 жылдың наурыз айының 10-13 аралығында «Саялы» санаториінде облыстық Еріктілер Слеті ұйымдастырылды.
Слет ұйымдастырушылары педагогтар одағының «Сау ұрпақ» қоғамдық бірлестігі мен Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті болды. Слетке  Қарағанды, Теміртау, Саран және Шахтинск қалаларынан
60 бала қатысты.
Слет барысында 2008 жылғы Еріктілер жұмысының қорытындысы жасалды,  еріктілерді оқыту семинары өткізіліп, еріктілер қозғалысын дамыту жоспары жасалды. Еріктілерді халықпен жұмыс істеу технологиясына үйрету, жас көшбасшыларға адам құқығын, бала құқығын қорғаудағы құзырлығын арттыру мен  жауапкершілігі жоғары мінез-құлық қалыптастыру үшін түрлі секциядағы 4 бағыт алынды: балалар құқықтары, заң және нашақорлық, «Yourth power» («Молодая сила»), ЖИТС-тің алдын алу. Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Нашақорлыққа қарсы күрес комитеті, «Сау ұрпақ» ҚБ, «Кредо» ҚБ мамандары түрлі сабақтар өткізді. 
Шығармашылық шағын топтарда балалар әрі қарай жергілікті атқарушы билік, азаматтық секторлар, педагогикалық қауымдастық қоғам пайдасы үшін жүзеге асыра алатын әлеуметтік жобалар әзірледі. Слет балалар жобасының тұсаукесерлерімен, ең үздік жұмыстарды марапаттаумен және сертификаттар ұсынумен аяқталды.
Слетке қатысушылар өздері алған әсерлерімен, өткізілген шараның ұнағандығы мен ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізіп жатты.


«Павлодар облысындағы волентерлік қозғалыстардың даму болашағы» атты тақырыпқа мемлекеттік емес волентерлік ұйымдармен өткен «дөңгелек үстел»  туралы
ҚР «Волентерлік қозғалыстардың даму болашағы» атты тақырыптағы республикалық «дөңгелек үстел» отырысынан кейін, Павлодар облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінде  аймақтағы мемлекеттік емес волентерлік ұйымдардың жетекшілерімен жиналыс өткізілді.
Қатысушылар «Қоғамға қызмет» атты республикалық жобамен танысып, өз жұмыстарының тәжірбиелерімен бөлісті. «Құқықтық шолғыншы» үгіт тобының көшбасшысы жас волентер Фарида Смайлова  балалардың құқықтары туралы ақпараттаудың жолдары мен «Жас өспірім» мектеп үйірмелерінің үгіттеуші тобымен болған кездесу туралы айтты.
«Әлеуметтік-волентерлік орталығы» Павлодар жастар қоғамы ұйымы төрағасының міндетін атқарушы Светлана Гладышева Павлодар қаласының оқу мекемелеріндегі волентерлік жасақтарды құру туралы, құқықтық-психологиялық қызмет және 32-33-13 сенім телефоны туралы айтты.
Біздің департаменттің 300-117 шұғыл телефон желісі мен қабылдау бөлмесінің жұмысына қатысушы, студенттер- волентерлер атынан Махаббат Баубекқызы бұл қызмет өзіндік бағалы жеке тұлғалық қасиетті дамытуға көмектесетіні туралы айтты.
«Қоғамға қызмет» атты республикалық жоба кездесудің қатысушыларының қолдауына ие болды. Олар бұл жобаға толықтырулар мен ұсыныстар кіргізуге қуана келісті. Қоршаған ортаны және өздерін өзгертуге, еліміздің болашақ тағдырына қатысты, ол үшін жауапты екенін білдіретін, осы бағытқа қызыметтерін арнаған жас адамдар қажет екенін бастан кеше отырып, волентерлер осындай бағдарламаның жаңа қоғам үшін аса қажет екеніне сенімді.
«Дөңгелек үстел» отырысының аяғында волентерлерден бірлесіп облыстың волонтерлер қозғалысының үйлестіру орталығын сайлайық деген ұсыныс түсті.


Көкшетау қаласында 2009 жылғы 20 ақпанда  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мен Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен  «Қазақстан Республикасындағы еріктілер қозғалысын дамытудың болашағы»  республикалық дөңгелек үстел отырысы ұйымдастырылып өткізілді.
Дөңгелек үстел отырысының мақсаты әлеуметтік маңызды шаралардың іске асуына қатысатын еріктілер тобының іс-шараларына жұртшылықтың көңілін аудару, аймақтардағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің іс-әрекетінің стратегиясын анықтау болып табылады.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің төрағасы Ж.Қ. Жүкенов, Ақмола облысы әкімінің орынбасары  Д.З. Әділбеков, Қазақстандағы БҰҰ еріктілер Бағдарламасының координаторы Батсурэн Ээнжин, Қазақстан Республикасы «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымының президенті Е.А.Дмитриенко, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімдерінің  бастықтары, қоғамдық бірлестіктер мен педагогикалық жұртшылықтың басшылары қатысты.
Іс-шараның практикалық бөлігінде қоңақтарға «Юность» педагогикалық отрядының тұсаукесері мен Көкшетау қаласындағы «Өзін-өзі тану» бағдарламасын енгізу бойынша ең жақсы эксперименттік алаңының тұсаукесері өткізілді.
Дөңгелек үстел
жұмысының нәтижесі бойынша қатысушылар барлық ұсыныстарды қабылдады.