Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесі туралы
е р е ж е
І. Жалпы ережелер
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының Республикалық кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асырады.
2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Кеңес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесші органы болып табылады.
3. Кеңес өзінің қызметін келесі ұстанымдарға негіздейді.
1) оған кірудің ашықтығы мен шығудың еркіндігі;
2) қызметтегі дербестік, оның мүшелерінің серіктестікте, диалог пен әріптестіктегі тең құқылығы;
3) жұмыстағы ұжымдық пен ашықтық;
1. ортақ міндеттерді іске асыруда және өзара көмек көрсету.
ІІ. Кеңес құрудың міндеттері
1. Кеңес құрудың мақсаттары мыналар:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметін үйлестіру, балалардың толыққанды дамуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының әріптестігін белсендіру;
3) республикалық және аймақтық бағдарламаларды, әлеуметтiк базаны дамыту, тәрбиелеу, балалардың демалысын ұйымдастыруды әзірлеуге және іске асыруға ықпал ету;
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
5) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшылары мен қызметкерлерінің озық педагогикалық тәжірибесін жалпылау мен зерделеу;
6) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсартуға ықпал ету;
7) жаңа келген директорларға тәжірибе алмасуда өзара көмек көрсетуді ұйымдастыру;
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілерін отбасына қайтарудың бірлескен қызметін ұйымдастыру (ата-аналарын, туыстарын іздеу), түлектердің әрі қарайғы тағдырына бақылау жасау;
9) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының қызметіндегі жетік тәжірибені бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарыққа шығару;
10) дарынды балалар мен жасөспірімдерді айқындау, олардың таланттарын ашу және одан әрі дамытуға қажетті жағдай жасауда көмек көрсету;
11) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының басшылары мен қызметкерлерлерінің кадрлық резервін қалыптастыру;
12) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ұсыныстар енгізу;
13) білім саласына меценаттарды тарту қызметін белсендіру;
14) балалар үйлері мен интернаттық мекемелері түлектерінің тағдыры мен жұмысқа орналасуларына қоғамның назарын аудартуға, олардың тұрғын үй мәселесін шешуде көмек пен қолдау көрсетуге, отбасылық балалар үйлерін дамытуға ықпал ету, аталған мәселелерді шешуде мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс әрекетті ұйымдастыру;
15) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мәселелеін зерделеуге қатысты зерттеуді ұйымдастыру, аталған бағытта ғылыми-тәжірибелік конференцияларды өткізу;
16) Кеңес атынан балалар үйлері басшылары мен қызметкерлерін, ұйымдарын марапаттауды ұйымдастыру.
III. Кеңесті басқару және құрамы
1. Кеңесті басқару Кеңес төрағасымен қамтамасыз етіледі.
2. Кеңес мүшелері өз облыстарынан, республикалық маңызы бар қаладан бір-бір өкілден сайланған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының директорлары болып табылады.
3. Кеңес жылына екі рет шақырылады. Шақырылу мерзімі мен күн тәртібі Кеңес мүшелерінің келісімі бойынша төраға төрағамен айқындалады.
Кеңестің кезектен тыс отырысы төрағаның бастамасымен немесе Кеңес мүшелерінің жартысынан кем емес ұсынысымен шақырылады.
Аталған ұсыныс Кеңес мүшелерінің қолдарымен расталған ресми хаттамамен ресімделеді және Қауымдастық директорына Кеңес шақырылғанға дейін бір ай мерзім ішінде жіберіледі.
4. Кеңес барлық Кеңес мүшелерінің жартысынан көбі қатысуымен шешім қабылдауға құқылы.
Белгіленген тәртіппен қабылданған Кеңес шешімін барлық Кеңес мүшелері орындауға міндетті.
5. Кеңес жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің кез келген мәселесін қарауға құқылы.
6. Кеңес отырысын төраға жүргізеді. Сондай-ақ, отырысты төрағаның бұйрығы бойынша Кеңес мүшесі де жүргізуіне алады.
IV. Кеңес төрағасы
1. Кеңес төрағасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің келісімімен Кеңес мүшелерімен сайланады және оның қызметіне басшылық жасайды.
2. Кеңес төрағасы келесі қызметтерді жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының және одан тыс жерлердегі мемлекеттік, қоғамдық ұйымдары мен органдарымен өзара қарым қатынасты ұсынады;
Кеңеске осы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу, Кеңесті тарату жөніндегі ұсыныстар дайындайды және өтініштерді қарайды;
Кеңес аппаратының жұмысын бақылайды;
Шешуші дауыс құқығы бар кеңес жұмысына қатысады;
Директор сенімхатсыз Кеңес атынан барлық іс-қимылды жүзеге асырады.
V. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
1. Кеңеске оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, егер аталған шешімге барлық Кеңес мүшелерінің 2/3 бөлігі дауыс берсе, Кеңесте Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу қабылданады,
2. Өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім Кеңес директоры мен мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
VI. Кеңесті қайта құру мен тарату тәртібі
1. Кеңесті қайта құрудың (біріктіру, қосылу, бөлу, ажырату, қайта жаңарту) мыналар бойынша:
- Кеңес шешімімен, егер шешім Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен қабылдан жағдайда;
- Заңнамада көрсетілген басқа да негіздеме бойынша жүргізіледі;
2. Төраға немесе Кеңес мүшелерінің көпшілік даусымен осындай ұсынысенгізген жағдайда Кеңес таралуы мүмкін.