Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Астана SOS Балалар ауылының» жасөспірім қыздарымен өткізілген тәрбие сағаты туралы
2010 жылдың 26 ақпаны күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Астана SOS Балалар ауылының» жасөспірім қыз балалары үшін «Менің өмір сүру дәстүрім» тақырыбында дәрігер-гинеколог мамандарымен кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған Жолдауына байланысты жасөспірім қыз балалардың өмір сүру дәстүрін сауаттандыру.
Аталған кездесуге Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің маманы Н.С.Аяпбергенова, «Демеу» отбасылық медицинасының оқу-тәжірибелік орталығының дәрігер-гинекологы Г.Т. Құмарғалиева, Жастар Денсаулық Орталығының гинекологы М.М. Евкурова және «Астана SOS Балалар ауылында» тәрбиеленіп отырған жасөспірім қыздар қатысты.

Кездесу барысында дәрігер мамандар «Жасөспірім қыздардың гигиенасы. Жыныс жолдарымен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары» тақырыбында баяндамалар оқып, тартымды мультимедиялық кино фильмдер көрсетті.
Сонымен қатар, жасөспірім қыздар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына дәрігер мамандары тарапынан жауап алды.
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары Жастар Денсаулық Орталығының мамандарымен бірлесіп жасөспірім балалардың өмір сүру дәстүрін сауаттандыру мақсатындағы осындай іс-шараларды жалғастыруды жоспарлап отыр.


Балалар үйіндегі мектеп бітірушілерді дербес өмірге дайындау, әлеуметтік табысты бейімделу, жалпы құқықтық мәдениетінің деңгейін көтеру мақсатында 22 ақпан 2010 ж «Үміт» балалар үйінің  негізінде «Балалар үйлері түлектерінің конституциялық құқықтарын сақтау туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, онда тұрғын үй алу және еңбекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Дөңгелек үстел жұмысына:
Қалалық маслихат хатшысы – Головатюк В.М.
Жұмыспен қамтылу және әлеуметтік бағдарламаларды үлестіру басқармасының  бастығы – Кузовлева О.Г.
Облыс прокурорының аға көмекшілері – Подрезов В.А., Газахунов А.Н.
ТКШ бастығының орынбасары – Жақсылықов А.М.
ШҚМУ заң факультетінің азаматтық  құқық және азаматтық процесс кафедрасының меңгерушісі заң ғылымдарының кандидаты – Сабитова А.А.
ШҚМУ заң факультетінің азаматтық құқық және азаматтық процесс кафедрасының доценті заң ғылымдарының кандидаты – Квашин А.А. қатысты.
Балалар үйінің мектеп бітірушілері әңгіме барысында кәсіби кеңестер алып, білімдерін толықтырды.


Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар кеңес болып өтті
2010 жылдың 10 ақпанында Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында облыстық семинар кеңес болып өтті.
Семинар кеңес жұмысына Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының бастығы Әбдірайымов Дүйсенбек Исахметұлы, Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәуленов Думан Болатұлы, Жамбыл облысы Әкімі жанындағы кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссиясының хатшысы Егембердиев Лесбек Шәйменұлы, облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлері мен барлық үлгідегі мектеп-интернаттарының басшылары, қорғаншы және қамқоршы органдары мен облыстық ІІД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекциясының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Семинар кеңесті ашқан облыстық білім басқармасының бастығы Д.И.Әбдірайымов Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің 2003 жылы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Таңдаулы интернат» републикалық байқауында жүлделі 3-ші орынды иеленгенін айта келе, педагогика ұжымының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау бағытында атқарып келе жатқан жұмысына оң баға берді.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының міндетін атқарушы Мәуленов Думан Болатұлы өз сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауында 2020 Стратегиялық жоспарын іске асыру аясында алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті – Қазақстанның барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік тұрақтылық пен қорғалуды нығайту, сондай-ақ Қазақстандықтарды сапалы әлеуметтік және тұрғын-үй коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету міндетін қойғанын айта келе, осы ретте балаларға көрсетілетін әлеуметтік қызметтердің сапасына, олардың құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті. Семинар кеңес қатысушыларына сәттілік тілей келе, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің ұжымына балалар құқықтарын қорғау мәселелеріне арналған оқу-әдістемелік құралдарды тарту етті.
Семинар кеңеске қатысушылар бүгіндері балалардың әлеуметтік құқықтарын қорғау барысында кездесетін кедергілердің себептерін анықтап, оның шешу жолдарын талқылады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры, Қазақстан Республикасы білім беру үздігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті жанындағы Директорлар кеңесінің мүшесі Г.С.Төлегенова «Жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғаудағы атқарылған жұмыстар барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында баяндама жасады. Ол өз баяндамасында тәрбиеленушілердің туу туралы куәліктерін алу, оларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындалуына қол жеткізу, оларды тұрғын үй кезегіне қою, баланың үлестерін сақтау, алимент өндіру, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік мәртебесін анықтау, ата-аналардың ата-аналық құқықтарын қалпына келтіру, хабар-ошарсыз кеткен ата-аналарды қайтыс болды деп тану, балаға тиесілі тұрғын үйді заңдастару мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтті.
2001 – 2009 жылдар аралығында 28 тәрбиеленушіге жеке шоттарындағы қаражаттарына пәтер сатып алынған, 34 тәрбиеленушінің тұрғын үйі тоқтам жасау арқылы сақталды, 5 баланың тұрғын үйі мұрагерлік жолымен, 3 баланың тұрғын үйі сыйға тарту арқылы  заңдастырылса, 5 баланың тұрғын үйі мүлікті жариялау жолымен заңдастырылған. Жергілікті атқарушы органдардың шешімімен берілген пәтерлер - 11, бүгінгі күнге сақталып отырған тұрғын үйлер – 22.
2009 жылға дейінгі тұрғын үй кезегінде тұрған балалар – 155, ал осы оқу жылында 170 тәрбиеленушінің 105-і тұрғын үй кезегінде тұр.
158 тәрбиеленушіге Тұрғын үй жинақ банкісінен депозит ашылған. Осы кезге дейін 78 тәрбиеленуші тұрғын үйге ие болған.
Сонымен қатар балалар үйінің басшысы сот орындарында қаралған істер және Әділет басқармаларымен өзара іс-әрекет жасау бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды.
2001 - 2009 жылдар аралығында балалар үйінің талап арызы бойынша ата-анасы өлді деп тану бойынша -36, хабар ошарсыз кетті деп тану бойынша – 48, әке деп тану (биологиялық, өлгеннен кейін) – 13, шеше деп тану (биологиялық, өлгеннен кейін) – 2, алимент өндіру бойынша – 78, ата-ана құқығын қалпына келтіру бойынша – 10 істер аралып шешім қабылданған.
Әділет басқармаларынан 44 балаға туу туралы куәліктер алынды, 7 баланың өз қалауы бойынша аты-жөні өзгертілді, 13 баланың әкесі танылуына байланысты тегі өзгерді, 316 балаға некесіз туылғандығы туралы анықтама алынды, 40 баланың ата-анасына қайтыс болғаны туралы куәлік алынды, 18 тәрбиеленушінің құжаттарындағы жіберілген қателіктер заң шеңберінде түзетілді.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің директоры Г.С.Төлегенова Тараз қаласында бос тұрған жатақханалар мен пәтерлерді заңдастырып, жетім балалардың жеке шотындағы қаражаттарының есебінен жөндеу жұмыстарын жүргізіп, есесіне бұл үйлерді балаларға қайтарымсыз пайдалануға немесе ұзақ мерзімге жалға пайдалуға беру туралы өз ұсынысын ортаға салды.
Ол өз сөзінде балалар үйіндегі 170 тәрбиеленушінің 129-ы жауапсыз ата-аналардың балалары, 41-і ғана жетім екенін айта келе, ата-ананың жауапкершілігін арттыру мәселесіне тоқталды.
Бүгінгі таңда мұндай ата-аналарға ең жоғары жаза ретінде ата-аналық құқығынан айырумен шектеледі, яғни ол жауапкершілігі төмен ата-анаға жағдай жасап бергенмен бірдей, сондықтан қоғамға орасан залал келтіріп отырған мұндай ата-аналардың жауапкершілігін арттыру мақсатында осы әрекет үшін жазаны күшейту мәселесін жоғары тұрған тиісті органдар алдында көтеруді ұсынды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың, олигофрения диагнозымен ауыратын балалардың қарапайым кәсіби мамандықтарды оқи алмауы да өзекті мәселенің бірі ретінде көптен бері көтеріліп келе жатқаны айтылды.
Балалар үйі тәрбиеленушілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бағытында атқарылған жұмыстары туралы балалар үйі директорының орынбасары С.М.Шевченко, тәрбиешілер С.Н.Жақсылықова, Г.Н.Әлімбекова, Г.С.Төрежанова, әлеуметтік талдаушы Ж.Т.Есенәлиева, әлеуметтік педагог Ұ.Д.Әлі баяндама жасады.
Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінің базасында «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың әлеуметтік құқығын қорғау барысында кездесетін кедергілер және оны шешу жолдары» тақырыбында өткізілген облыстық семинар кеңес қатысушылары балалар үйлері, интернаттық мекемелердің басшыларына, облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру және қайта даярлау институтына, қорғаншы және қамқоршы органдарына, кәмелетке жасы толмағандар ісі және олардың құқықтарын қорғау комиссияларына өз ұсыныстарын жолдады.
Семинар кеңес соңында балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ұйымдастыруымен «Мистер Д»
байқауы өткізілді.

 


«Бүкіл жерде жақсылық жаса, басқалардың игілігі үшін жақсылық жаса...» Бұл әннің сөзін көпшілік естіді. Адам жақсылық ортасында өмір сүруі керек. Бұл жақсылық ортасы көбінесе адамның өз қолымен жасалады. Осындай мейірімді және жанашыр адам – Біздің Анамыз – Сара Алпысқызы. Туған күнімен құттықтаулар, тілектер мен алғыс сөздердің Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті мекенжайына келіп жалғасуда.

«ШҚ облыстық балалар ауылы» түлектері, Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі студенттерінен


«Қолдау» отбасын қолдау орталығы
Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2010 жылдың  5 ақпанында сағат 11.00-де ««Құлыншақ» балалар үйі» ММ ғимаратында «Қолдау» отбасын қолдау орталығының қызметіндегі мәселелерді шешу жолдары» тақырыбына дөңгелек үстел өткізеді.
Мақсаты: аймағымызда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың альтернативтік түрлерін дамыту үшін жағдай жасау.
Дөңгелек үстелдің жұмысына денсаулық сақтау, білім басқармаларының, МББҚБА және ҚДИ, балалар үйлерінің, Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының қорғаншылық пен қамқорлық органдарының өкілдері, «Қолдау» отбасын қолдау орталығының, ҮЕҰ мамандары қатысады.
Дөңгелек үстел барысында «Қолдау» орталығының мамандары қатысушыларды атқарған жұмыстары жөнінде ақпараттандырды. Жұмыс жасаған кезінде эксперименталдық алаңдар балалардың ата-аналарын, туған туыстарын іздеу жұмыстарын жүргізді. Балалар отбасыларына оралған, 8 бала шетел азаматтарымен және Қазақстан азаматтарымен асырап алынған. Асырап алушы ата-аналарға құқықтық-кеңестік және психологиялық көмек көрсетілді. Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі проблемаларды көтерді: жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларға әлеуметтік және құқықтық колдау көрсету, ұйымдармен және құрылымдармен ведомствоаралық әрекеттестікті қарқындату, баланың отбасыда тәрбиелену құқығын жүзеге асыру,  әлеуметтік  жетімдіктің  алдын алу бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, қоғамның, әлеуметтік жетімдіктің проблемаларына қоғамның, азаматтық сектордың  назарын аудару.
Дөңгелек үстел рефлексиямен аяқталды, онда дөңгелек үстелдің жұмысы   жөнінде көп жақсы пікірлер айтылды, әлеуметтік жетімдікті, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды деинституционализациялау проблемаларын шешу кезінде қатысушыларда өте маңызды ойлар туындады.
Іс-шара БАҚ кеңінен жарияланды.


«Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы
Мейірімділікті анадан үйрен,
Әдептілікті данадан үйрен.

Адам жанын тәрбиелеуде  - баланы қайырымдылыққа, мейірімділікке, ізгілікке, әдептілікке, сүйіспеншілікке, сыпайылыққа, имандылыққа баулу – бала жанының сапасын тәрбиелеу болып табылады. Шәкәрім бабамыз айтып өткендей, мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек – осы төртеуі кімнің бойында болса – сол шын адам.
Осындай ізгі қасиеттерді ұрпақтан- ұрпаққа жалғастыра отырып, 2010 жылдың 6 ақпанында Облыстық білім басқармасы, ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Облыстық жасөспірімдер үйінің бірлесіп ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы Балалар мен жасөспірімдер орталығында дүбірлі  облыстық «Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы өтті.
«Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауына облыстағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру ұйымдарынан 50-ге жуық тәрбиеленуші қатысып, өздерінің құйқылжыта салған әндерін сыйлап, әсем билерін көрермендерге тарту етті.
Байқаудың қорытындысы бойынша ән байқауынан жүлделі:
І орынға -  Облыстық көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиеленушісі Олжа Ақниет;
ІІ орынға - Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Мырзабеков Ділмұрат;
ІІІ орынға – Т. Тәжібаев атындағы №1 Арыс балалар үйінің тәрбиеленушісі Құрбанов Әлішер ие болды.
Би байқауынан жүлделі:
І орынға -  Облыстық жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері «Денис» би тобы;
ІІ орынға - №4 Сайрам балалар үйінің тәрбиеленушілері «Балдәурен» би тобы;
ІІІ орынға – «Бауыржан» атындағы отбасылық негіздегі балалар үйінің тәрбиеленушілері «Думан» би тобы ие болды.
Жеңімпаздарды байқаудың ұйымдастырушылары жүлделі дипломдармен марапаттап, оларға демеушілер - Шымкент университеті мен «Бекжан» базарының әкімшілігі тарапынан І орынға - түрлі-түсті теледидар, ІІ орынға  - әуен орталығы, ІІІ орынға үнтаспа сыйға тартты.
Балаларды мейірімділікке баулый отырып, олардың шығармашылық шыңдалуына қолдау көрсету  және рухани қабілеттерін, эстетикалық талғамын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Мейірім» ән-би жас өнерпаздар байқауы ананың ыстық алақаны мен әкенің өсиетті сөздеріне зәру жаны жарымжан балалардың өмірге деген құлшынысына үміт ұялатқандай. Залдағы көрермен балалар мен жасөспірімдер сахна төріндегі құрбыларының орындаған ән-билерінен ерекше сезімге бөленіп, олардың шад-шадыман көңіл-күйі мен ду қол шапалақтары мейірімділік қасиетінің толассыз жүректен-жүрекке жеткізді.


Ақын-жазушылар – балаларға
Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен облыстық балалар үйінде БатысҚазақстан облысының  белгілі ақын-жазушыларының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен кездесуі өткізілді.

Аталған шараның басты мақсаты - оқушыларды Орал өңірінің ақын-жазушыларымен және олардың шығармашылығымен  таныстыру; білім беру ұйымдарының интернаттық мекемелерінің кітапхана қорларын мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен толықтыру мәселесіне қоғам назарын аудару.
Аталған шараға «Жас дәурен» балалар кешенінің, облыстық балалар үйінің, отбасы үлгісіндегі балалар ауылының, ата-анасынан қамқорсыз қалған және жетім балаларға арналған №15 облыстық көмекші мектеп-интернатының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері, облыстың ақын-жазушылары А.Нәріков, М.Шүйншәлиева, әдебиеттанушы  Р.Дәулетова, БҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің және БАҚ өкілдері, барлығы 65 адам  қатысты.
Қатысушылардың назарына:

- Орал өңірінің атақты қаламгерлерінің шығармашылығына арналған кітаптар  көрмесі;
- облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерінің орындауымен жерлес ақын-жазушыларымыз Қадыр Мырза-Әлі, Жұбан Молдағалиев, Ғайсағали Сейтақов, Ақұштап Бақтыгерееваның  өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқылып, музыкалық бағдарлама  ұсынылды.
Кездесу барысында ақын-жазушылар қатысушыларды өздерінің балаларға арналған туындылар жинақтарымен, әдеби-шығармашылық өмірбаяндарымен таныстырып, балаларға байланысты өзекті мәселелерге тоқталды және оқушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді.
Қадірлі меймандар барлық балалар үйлеріне жаңа ғана баспаханадан шыққан туындыларын сыйға тартты.


 Әкім өз сөзін орындайды
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарының түлектерін тұрғын үймен қамту бойынша ерекше қамқорлық белгісі ретінде Қостанай облысы әкімінің 2008 жылдың қаңтарындағы Қостанай, Рудный, Лисаков, Арқалық қалаларында және Жітіқара ауданында шағын отбасылық үлгідегі тұрғын үйлерді салу туралы шешімі болып табылады.
2008-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын іске асыру шеңберінде 45 жетім бала пәтерлермен қамтамасыз етілді.
2008-2009 жылдар аралығында Рудный қалалық әкімдігімен18 пәтер, 10 пәтер – Қостанай қалалық әкімдігімен, 10 – Жітіқара ауданының әкімдігімен, 2 – Қарасу ауданының әкімдігімен, 1 пәтерден Федоров және Сарыкөл аудандарының әкімдіктерімен бөлінді. Пәтерлерге ие болған барлық жетім балалар санынан 19-ы балалар үйлері, мектеп-интернаттарының бұрынғы тәрбиеленушілері болып табылады.
Міне! Тағы да қуанышты жаңалық! 2010 жылдың 26 қаңтарында Қостанай облысының әкімі С.В. Кулагин жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санынан бес жас азаматқа жаңа пәтердің кілтін табыс етті.  «Бақытты жандар» ішінде Рудный балалар үйінің 2 түлегі, 1 – облыстық Рудный қаласының жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектебінің түлегі, 2 – Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің тәрбиеленушілері.
Рудный қаласында жаңа қоныстанғандарға «бүкіл әлеммен» жұмылып тұрғын үйде жайлы орналасуға көмектесу жақсы дәстүрге айналды. Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар оқитын білім беру мекемелері, балалар үйлері, мектеп-интернаттарының ұжымдары, жеке кәсіпкер мен бизнес ұйымдарының басшылары оларға жаңа тұрғын үйде жайлы орналасуы үшін демеушілік және практикалық көмегін тигізді. Облыстық жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымның түлегіне, ал бүгінгі күнде Рудный музыкалық колледжінің 4 курс студенті Казакова Валерияға «Док» және «Белая Русь» кәсіпорындары үй жиһазын әзірлеуге көмектесіп, оның туған «мектеп-интернатының», Жасөспірімдер үйінің педагогикалық ұжымдары кілем, төсек-көрпе жабдықтарын және ыдыс-аяқтарды сыйға тартты. Рудный балалар үйінің түлектері жас ерлі-зайыпты жұп Евгений мен Анна Локтевтер және олардың бір айлық қызы Ангелина да жайлы көп пәтерлі үйдегі жаңа пәтер кілтіне ие болды. Евгений № 10 кәсіптік лицейді бітіргеннен кейін Рудный кен байыту комбинатында электрослесарь болып қызмет атқарады. Кәсіпорын оларға жаңа тұрғын үйге ие болуына орай  мұзтоңазытқыш және басқа тұрмыстық техниканы табыс етті.

«Отбасы – адам өміріндегі ең басты қазына. Өзіміздің жанұяға қуанышпен ораламыз. Сондықтан өзімізді бақытты деп санаймыз. Бұл бақытты  сыйлаған жандарға өзіміздің ризашылығымызды білдіреміз! – деп, бүгінгі таңдағы  жас ана, Анна өз қуынышымен бөлісті.


Балалардың ертеңін ойласаң бүгінде бар екенін ұмытпа!
2010 жылдың 23 қарашада  «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясының ұйымдастыруымен «Жетімдер және ата-аналардың қамқорлығынсыз қалған балалардың және балалар үйлерінің түлектерінің мәселелері» тақырыбында «Индустриальная Караганда» облыстық газетінің редакциясында пікірсайыс өтті.
Қатысушылар: Қарағанды облысының балалар құқықтарын қорғау департаментінің, облыс прокуратурасының, ішкі істер басқармасының өкілдері, облыстық балалар үйлерінің директорлар кеңесінің, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің «Ақниет» жастар  қайырымдылық ұйымының өкілдерімен жасөспірімдер үйлерінің басқармалары, қорғаншылық пен қамқоршылық органдарының мамандары.
Пікір сайыс, балалар үйлерінде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесіне қоғамның назарын аудару мақсатында өтті.
Жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселесін қызу талқылаған қатысушылар оның шешу жолдарын да қарастырып өз ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда біздің қоғам әлеуметтік жетімдіктің мәселесін толық шеше алмай отыр. Өткір әлеуметтік мәселенің себептерінің бірі - ол  отбасылардың жағдайы төмендеп, тәрбисі бұзылғандығы,  ата-аналар өз міндеттерін атқаруға ниетінің жоқтығынан балаларының тәрбиесімен айналыспауы, ішімдікке, нашақорлыққа шалдыққандықтан,  балалар үлкендердің қадағалауынсыз өз беттерімен өсіп, қаңғыбастық, қайыр сұрау, балалар еңбегін қанау, зорлық сияқты жағдайларға ұшырайды. Анықталған осы себептермен  Қазақстанда   отбасына әлеуметтік көмек көрсету мен асырап алушы ата-аналар институттары жоқ, облыс орталықтарында қиын жағыдайға душар болған отбасыларына оңалту орталығы қарастырылмаған.
Көп жылдар бойы шешілмей  жатқан  аса маңызды  мәселенің бірі балалар үйлерінен  тәрбиеленіп шыққаннан кейін түлектер орта арнайы білім алу ұйымдарына орналастырады. Дегенмен, бұл балалардың кәсіби мамандық алып шыққаннан кейінгі тағдыры беймәлім,  ешкімді толғандырмайды. Баспаналарының жоқтығынан балалар үйлері түлектерінің  көп бөлігі ата-анасының  тағдырын қайталап ішімдікке салынып, ұрлық немесе басқа бұрыс жолға түсіп бас бостандықтарынан айырылғандар мекемесіне жол табады.
Бұл мәселе - тек қана  жетім балалардікі емес, жалпы қоғамның мәселесі. Егер әр-қайсысы өз басын ғана ойласа, бұл мәселе шешімін таба алмайды, қамқорсыз қалу балалардың қалауы емес. Олар бұндай жағдайға душар болғандықтан өмір сүруге деген құлшыныстары мүлдем болмайды.
Балалардың өмірін өзгерту үшін, біз үлкендер өзіміз  әлемге деген көзқарасымызды, құндылықтар жүйесін өзгертуіміз керек. Жоғарда айтылған мәселелерді біз тек  отбасының мәртебесін көтеру арқылы, бүкіл атқарушы ведомстволық және мемлекеттік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпараттық құралдардың бірігіп қоян-қолтық жұмыс ітеулерінің арқасында ғана шеше аламыз, ал үкімет тарапынан жетім балалар үйлерінің түлектерін баспанамен қамтамасыз ету үшін, пәтер алуға  арнайы жеңілдік кезегіне тіркеу жас аралығын 21 жасқа дейін созса; «Жасөспірімдер үйлерін» кеңейтсе;  түлектер арнайы  мамандық алғаннан кейін бастапқы кезде еңбек ақысын пәтер сатып алуға жинақтағанша, не болмаса үкімет тарапынан пәтер алу кезегі жеткенше  уақытша паналайтын «Жастар үйін» ашып және жетімдерді жұмысқа орналастыруға жағдай жасауға тиісті шара қолдану ұсыныстарын білдірді.
Пікірталасқа қатысушылар аймақтың мәселелерін қозғай отырып, өзектілігімен көптеген  лебіздер мен пікірлерге ие болды.


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті және Республикалық балалар үйлері директорлары кеңесінің мүшесі, облыстық «Айналайын» балалар үйінің директоры Ж.Баймадиеваның ұйымдастыруымен 2010 жылдың 22 қаңтарында Қаратал ауданындағы Үштөбе балалар үйінде тәжірибе алмасу мақсатында оқыту семинарыұйымдастырылды.
«Балаларға қамқорлық – баршамызға ортақ іс» атты семинарға  Қаратал аудандық әкімшілік, облыстық білім басқармасы және аудандық білім бөлімінің мамандары, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің өкілі, «Айналайын» балалар үйінің, облыстық №1 балалар үйінің, Панфилов көмекші мектеп-интернатының, Үштөбе қаласындағы №13 мектеп-интернатының тәрбиешілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Семинар жұмысында «Балалар үйінің оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру», «Балалар үйінде сабаққа өзін-өзі дайындау жұмысын ұйымдастыру әдістемесі», «Жасөспірім жастағы қыз бала тәрбиесінің ерекшеліктері» тақырыбында баяндамалар жасады.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар екі секцияға бөлініп, бірінші секция жұмысында «Айналайын» балалар үйінің логопед, психолог және кітапханашысы аталған мекеме мамандарымен практикалық жұмыстар жүргізді, өзара әдістемелік материалдармен және іс-тәжірибелерімен алмасты.  Екінші секцияға қатысушылар балалар үйіндегі рухани-адамгершілік, этно-педагогикалық,  елжандылық, отансүйгіштік, эстетикалық тәрбие  беру бағыттары бойынша шығармашылық сызба-жобаларын қорғау жұмыстарын көрсетті.
Қорытынды кезеңде семинарға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

 


Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен «Бөбек» қорының қайырымдылық көмегін төлеуді ұйымдастыру шеңберінде жетім және ата анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің бітірушілерін жұмысқа орналастыруды зерделеу жөніндегі жұмыстар үнемі және жүйелі жүргізілуде. Көрсетілген санаттағы балалардың арнайы орта және жоғары оқу орындарын аяқтамау және үзілістердің себептерін талдауға баса назар аударылуда.
Қайырымдылық көмекті бөлу жөніндегі арнайы комиссия отырысында Астана қаласының жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілерімен, колледж мұғалімдерімен көрсетілген санаттағы балалардың арасында кәсіптік бағдардағы жұмыстардың аздығынан балалар өздерінің қалауынсыз басқа мамандықта білім алады деген пікір айтылды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне бағытталған жобаның ынталануы мақсатында Департамент директоры Қошқарова Г.Х. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Жастардың жетістігі» Алтернативтік білім беру орталығы «Шеврон» компаниясымен бірлесе отырып әзірленген «Ерте кәсіпшілік хабардар болу және мамандықтарды таңдауда оқушылардың өзі тағдырын өзі шешуі» бағдарлама нәтижелерінің презентациясына қатысты.
Осы іс-шарадағы бағдарламаның маңызды бөлімі әрлендіруші-полиграфист жаңа мамандығын студенттерге меңгеру үшін шағын-типографияның ашылуы болды.
Жабдықтауды беру міндетін орындау «Шеврон» компаниясының бас өкілі және ҚР Білім және ғылым министрлігінің Орта білім департаментінің директоры Аршабеков Нұрғали Рахымғалиұлы орындады.
Бағдарлама ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Шеврон» компаниясының өкілдері және Астана қаласындағы ерте кәсіптік бағдар бағдарламасының қатысушыларының қатысуымен дөңгелек үстел жұмысымен жалғасты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары бірауыздан бағдарламаны ұйымдастырушыларды қолдап, алғыстарын білдірді, сонымен қатар жобаның шеңберін кеңейту қажеттілігі туралы бірыңғай пікірде болды. Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры өзінің сөйлеген сөзінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерін ерте кәсіптік бағдардалау мақсатындағы жоба Астана қаласында жалғасуы керек екендігін атап көрсетті.


Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының Облыстық директорлар Кеңесінің отырысының өткізілуі
2010 жылдың 21 қаңтарында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының облыстық директорлар Кеңесінің отырысы болып өтті.
Отырыста Кеңестің 2009 жылы атқарған жұмыстарының нәтижесі қорытындыланып, 2010 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.
Кеңес жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудағы өзекті болған мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізді.
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру қорытындысы туралы»;
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған балалар үйлерінің түлектерін жұмыспен және тұрғын үймен қамтамассыз ету»;
- «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілде оқыту мен тәрбиелеу».
Ұйым басшыларына әдістемелік көмек беру мақсатында келесі материалдар ұсынылды: «Ақтөбе облысы бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайының мониторингі (2008-2009 ж.ж.)»,  «Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің жұмысы».

 


Қамқорлыққа алғыс айтамыз
Қазіргі таңда жас өспірімдердің тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, сонымен қатар мемлекет тарапынан және жеке тұлғалар тарапынан қолдау көрсетілуде.
Оқу белсенділігі мен қоғамдағы әлеуметтік бейімделуі мақсатында  балалар үйінің түлектеріне  «Бөбек » қорының қайырымдылық материалдық көмегін төлеу оларды материалдық жағынан қолдау түріне жатады.
Облыстағы техникалық, кәсіби және жоғары оқу орындарында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің түлектері қатарынан оқитын студенттерге материалдық қолдау көрсету бастамасы «Бөбек» қорының Президенті – Сара Алпысқызы Назарбаеваға тиесілі.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментіне Сара Алпысқызының балаларға сыйлап отырған қамқорлығы мен жылылығы үшін алғыс сөздер келіп түсуде.

 Тоқтағанова Жансаяның алғыс хаты


Солтүстік Қазақстан облысында қысқы демалыс уақытында  Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шаралар өткізілгендегі туралы
2009 жылғы желтоқсанның 25-і мен 31-і аралығында Солтүстік Қазақстан облысының 12 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелерінің арасында жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті.
Департаменттің жұмыс жоспарына сәйкес жаңа жылдық мерекелер мен қысқы демалыс уақытында департамент мамандарымен кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді.
Барлық интернаттық мекемелерге жаңа жылды өткізу, қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша, содай-ақ мереке қорытындысы бойынша ақпарат беру мерзімі анықталған ұсыныстар жіберілді.
Серіктес мемлекет - органдарының, демеушілер атына «АСАР» акциясына қатысу жөнінде және мұқтаж балалардың жаңа жылдық сыйлықтарды  алуына ықпал етуіне 40-тан астам өтініш хаттар жіберілді. Соның негізінде  бір мыңдай сыйлықтар алынып таратылды.. Жаңа жылдық 700 тәтті сыйлықтар сыйлаған демеуші жеке кәсіпкер «С.Н.Харсиевтің» қосқан үлесін айта кеткен жөн. Департаменттен жаңа жылдық құттықтау ашық хаттары дайындалды.
Кестеге сәйкес департамент мамандары «Достық ынтымақтағы Жаңа жылдық таңғажайып» Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық  шыршасына қатысатын ауылдық жерлерден Петропавл қаласына келген балалардың тұратын орындарына барылды. Департамент директоры тікелей өзі де  қатысты.
Облыс орталығындағы интернаттық мекемелерде облыстық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатында, Петропавл қаласының отбасылық үлгідегі балалар ауылына,   №1, №2 түзету мектеп-интернатында, Петропавл қаласының кәмелет жасқа толмаған балалар үшін баспанада, облыстық саңырау балаларға арналған мектеп-интернатында, Ә.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясында, облыстық спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау бейімдеу және оңалту орталығында, Петропавл қаласының жасөспірімдер мен балалар үйінде өткен жаңа жылдық  мерекелерге қатыстық.
Департамент қызметкерлері Петропавл қаласының «Асыл - Ана» асырауындағы балалары бар мүгедек әйелдердің қоғамдық бірлестігінің, облыстық түберкүлезге қарсы диспансерінің балалар бөлімшесіне, «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігі филиалының жаңа жылдық іс-шарасына да қатысты.
Департамент қызметкерлері және еріктілері  «Абакшино» демалыс аймағында өткен «Адон-Север» мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған жаңа жылдық қойылымына қатысты. Іс-шараға ата-аналар және 43 бала қатысты.
Облыстық және аудандық, әкімшілік орталықтарының, 208 ауылдық өңірлерінің   көпшілік болатын орындарында жаңа жылдық шыршалар орналастырылды, онда костюмді қойылымдар әр жастағы балалардың қатысуымен өткізілді. Мәдениет қызметкерлерімен қызықты қойылымдар ұйымдастырылды. Іс-шаралар екі тілде өтті. Халық мекендейтін сахналық алаңдар және мұз қалашықтар, хоккей алаңдары және стадиондар жаңа жылдық  демалыс уақытында балалардың жаппай уақыт өткізуінің орны болды.


Жаңа жыл – ең тамаша бәріміз аңсап күтетін және сүйікті мерекелердің бірі. Бұл мейрамды балалар да, ересектер де үлкен қуанышпен күтеді. Жаңа жыл оларға көл-көсір қуаныш, сондай-ақ көптеген сыйлықтар түрінде елестейді. Бұл балалар үшін толқынысқа толы, ең сүйікті мереке.
Осы жылы да 2009 жылғы 28 желтоқсан күні Жаңа 2010 жылдың қарсаңында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Аяз атамен және Ақшақармен бірге жаңа жылдық құттықтауларымен және 100 сыйлығымен30 баланың, мүмкіндігі шектеулі 20 баланың, сонымен қатар аз қамтылған және көпбалалы 50 баланың отбасыларына барды. Аяз ата мен Ақшақардың алғашқы құттықтаған отбасыларының бірі Айдарбек Дәулет пен Бақытжанова Перизат; Борщ Евгений мен Егор; Кичкина Екатерина; Рустам, Азира, Анастасия, Светлана, Хамза Куштановтар; Мақсатов Кенжетай, Әділова Әселім мен Өтегенов КамидоллаАяз атаның сыйлық қабын жинауға біздің мейірімді достарымыз «Анвар» ЖШС-і мен СНПС «Ақтөбемұнайгаз» көмектесті.
қамқоршылық/қорғаншылықтағы қорғаншылық/қамқоршылықтағы, мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан отбасылар болды.
Аяз ата мен Ақшақардың келгендеріне балалардың қуаныштарында шек болмады. Бөбектер Аяз ата мен Ақшақардың әрбір бала үшін алдын ала дайындаған сыйлықтарын сыйлайтынын біліп, тақпақтары мен жаңа жылдық өлеңдерін жарыса айтты.
Аяз ата мен Ақшақар барлық отбасын құттықтап, кетерінде балалар мен олардың ата-аналарына: «Жаңа жыл барлығымызға амандық-саулық сыйласын, ойда жүрген армандарымыз орындалсын, қай істе де табысқа жеткізе берсін!»
Бұл әрбір отбасындағы әрбір бала үшін есте қаларлық күн болмақшы!

 


2009 жылдың 27 желтоқсан күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті “Берілу”  қоғамдық қорымен (басқарма төрайымы И.И.Гилерт) бірігіп «Артисть» агенттігі мен OKAN Astana қонақ үйінің қолдауымен Арнайы түзету мектеп-интернатының (АТМИ), Астана қаласының кәмелетке толмаған балаларға арналған пана үйінің және кәмелетке толмағандарды уақытша оңалту, бейімдеу және оқшалау орталығының (КТУОБОО) тәрбиеленушілеріне және аз қамтылған отбасы балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілікті ұйымдастырып өткізді.
Жаңа жылдық ертеңгілікке барлығы 9 бен 15 жас аралығында 40 бала қатысты. Ертеңгілік OKAN Astana қонақ үйінің залында өтті.
Мерекеде балалар ойындар ойнап, көңілді би кешіне қатысып «Rin Go» және «Не все сказано» топтарының өнерлерін тамашалады.
Жаңа жылдық ертеңгілік соңында «Артисть» агенттігі мен OKAN Astana қонақ үйі балаларға ыстық және тәтті тағамдар, сыйлықтар ұсынды.
Мерекелік іс-шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, асқақ әсер қалдырды.


Балалар үйлері мен интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілері жаңа жылдық сыйлықтардан қалыс қалған жоқ – оларды облыс әкімі Бақытжан Сағынтаев ұсынды.
2009 жылғы 25 желтоқсанда «Астана» Мұз Сарайында жетім балалар мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балалар үшін Павлодар облысы Әкімінің жаңа жылдық Шыршасы өтті. Оған 9 жастан 13 жас аралығындағы 150 бала шақырылды. Әрбір қатысушы жалпы сомасы 50 мың теңгені құрайтын кеудеше, бөкебай, бас киім, спорт киім, етік, жұмсақ ойыншықтар, оқу құралдары мен кітаптар салынған аспалы сөмкелерді сыйлыққа алды.  Барлық киімдер жынысы мен жасын ескере отырып, жеке-дара таңдалынып алынды. Балаларға мерекелік бағдарлама ұсынылды, тәтті тағамдары бар үстел, келе жатқан жылдың нышаны бар мерекелік торт жасалды.
Облыстағы қала және аудан әкімдері өз аймағындағы балалар үшін баламалы іс-шаралар өткізді.
Желтоқсанның 21-нен 30-ы аралығында барлық 22 білім беру мекемелерінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар үшін жаңа жылдық таңертеңгіліктер, дискотекалар, карнавалдар, қойылымдар болып өтті, мәдени-бос уақыт өткізу мекемелері, театрлар, көрме залдарына бару ұйымдастырылды. 
Мичурин ауылы облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілері тәтті сыйлықтардан басқа, Казкоммерцбанк ПФ 200 мың теңге сомаға спорт тауарларын және «АЗА» ЖШС (Г.М. Акопян) 80 мың теңге сомаға жаңа жылдық киімдерін сыйлыққа алды.
Павлодар облысының Салық департаменті Павлодар қ. балалар үйінінің 60 тәрбиеленушісіне тәтті сыйлықтар, «Роса» АҚ (А.А. Құрмантаев) – 33 450 теңге сомаға сусындар ұсынды. «АЗА» ЖШС 35 мың теңгеге косметикалық жинақтармен қамтамасыз етті, «Махметова» ЖК 40 мың теңге сомаға илі тондар сыйлады.
Сбербанк России директоры В.В. Юдин Павлодар қаласы № 1 мектеп-интернат балаларына жалпы сомасы 106 мың теңгеге жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады және Аяз Ата мен Ақшақарды шақырды. Осы интернатқа кәсіпкер В.Г. Шароваров музакалық орталық сыйлады.
Кедендік бақылау департаменті Павлодар қаласы № 2 мектеп-интернаттың 10 белсендісіне Астанаға экскурсия ұйымдастырды.
№ 2 мектеп-интернат түлектеріне облыстың белгілі кәсіпкерлері  қомақты сыйлық жасады: Іскер әйелдер ассоциациясы (Л.А. Фрезоргер), «Ертіс» корпарациясы (Б.К. Дүйсембаев), фирма «Резон» (П.Н. Вырвинский), сауда-өнеркәсіп палатасы (Р.К. Сатабаева) әрқайсысына жеке-жеке 30 мың теңгеден 11 депозит ашты.
Екібастұз қаласында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 276 бала «Благотворительность» ҚҚ (А.М. Брауэр) және «Екібастұз» ҚБҚ (Т.В. Шмидт) тәтті сыйлықтар алды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 62 балаға және 41 мүгедек балаға тәтті сыйлықтардан басқа Ертіс ауданындағы «Солтанбет» ЖШС (Е.И. Атимов) және «Абай» ЖШС (Н.А. Миллер) жалпы сомасы 309 мың теңгеге қысқы бас киімдер, бөкебайлар және саусақты қолғаптар сыйлады.
«АқтоғайАрго» ЖШС (И.Н. Головашов) және «Надежда» АШ (В.В. Филипшин) 140 жетім, мүгедек және аз қамтамасыз етілген балаларға жалпы сомасы 210 мың теңгеге сыйлық жасады.
Қашыр балалар үйінің 37 баласы Песчаное ауылының кәсіпкері Н. Жұмановадан жаңа жылдық сыйлықтар алды.
Әйгілі вокалды топ «Думан тобы» Шақат ауылы балалар үйіндегі 7 жетім балалар үшін жаңа жылдық қойылым ұйымдастырды, жұмсақ ойыншықтар сыйлады. Тұяқбаев ЖК құны 4 мың теңгеге жылы көрпелер сыйлады. «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы цифрлық фотоаппарат, Шақат ауылының ОМ – радиотелефон сыйлады.
Жаңа жылдық шараларға келген балалардың өмірі мен денсаулық қауіпсіздігін, олардың өмір сүру орындарында тәуліктік кезекшілікті, олардың орын ауыстыруы барысында делегациямен ілесіп жүруін сәйкес облыстық ведомствалар (ішкі істер департаменті, білім беру және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, өтрке қарсы қызмет) қамтамасыз етті.
Балалар үшін жаңа жылдық шараларды облыстағы ірі кәсіпорындар ұйымдастырды. «Аллюминий Казахстана» АҚ жұмыскерлерінің 1750 балаларына Жаңа жылдық шыршада Аймауытов атындағы Қазмуздрамтеатрында «Ауылдан шыққан қыз» спектаклімен мерекелік бағдарлама көрсетілді. Балалар тәтті сыйлықтар алды, кәсіпорын басшыларымен қол ұстасып жүріп ән айтты!
Осындай іс-шаралар «Қазақтелеком», «Картон-рубероид заводы», «Машина құрылысы заводы», «Трамвай басқармасы» АҚ және т.б. жерлерде өткізілді. 

 


Жамбыл облысындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мен балалар үйлерінде өткізілген Жаңа жыл мерекесі туралы
Жаңа жыл – тек балалардың ғана емес, сондай-ақ үлкендердің де сүйікті мерекесі, сол себептен №1 Қ.Сарымолдаев атындағы, «Ұлан», балалар үйлері мен В.Савва атындағы мектеп - интернатының, «Үміт» бөбектер үйінің және отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін жыл сайын құттықтау дәстүрге айналған. Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері облыстағы барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері мен педагогика ұжымын құттықтады.
Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті облысымыздың танымал меценаттары мен демеуші азаматтарына осынау мерекеде қолдау көрсетуді сұрап хат жолдаған болатын. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға Жаңа жылда қолдау көрсетіп, оларға қайырымдылық көмек көрсету жөніндегі Департаменттің өтінішіне төмендегі мекемелер үн қосып, қолдау көрсетті, олар: Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясы, «Еркебұлан» ЖШС-гі, «Казфосфат» ЖШС-гі, Халық банкінің Жамбыл облыстық филиалы, «Дүйсеке» ЖШС-гі, «Интерлинг Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» америкалық қайырымдылық қорының филиалы, «Казпочта» АҚ, «Альтаис» ЖШС-гі, «Энерджи Тараз» ЖШС-гі, сонымен қатар жеке кәсіпкерлер.    
Жасөспірімдер үйі мен Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйіндегі Жаңа жылдық мерекесіне Жамбыл облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен Тараз қаласының нарықты және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының өкілдері және Тараз қаласының жергілікті кәсіпкерлері мен демеушілері қатысты.  
Тимофеевтер отбасы үлгісіндегі балалар үйіне Жаңа жыл мерекесімен құттықтап Департамент өкілдері, «Дүйсеке» ЖШС-нің өкілі Сембеков Төребек Досайұлы келіп, балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар мен тәтті жемістер сыйлады.  
30 желтоқсанда Ақыл-есі кем балаларға арналған интернат үйі тәрбиеленушілерінің Жаңа жылдық ертеңгілігіне Тараз қаласының нарықты  және кәсіпкерлікті қолдау Ассоциациясының президенті Буданова Елена Николаевна мен Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері келіп, балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар сыйлады. Елена Николаевна балалар мен интернат үйі ұжымын Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға баянды бақыт тіледі. Келген қонақтар балалармен қол ұстасып Жаңа жыл шыршасын айналды.    
Облыстық Жасөспірімдер үйінде 30 желтоқсанында өткен Жаңа жылдық мерекеге «Еркебұлан» ЖШС мен Департамент өкілдері келіп, тәрбиеленушілерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға сыйлықтар табыс етті. Сондай ақ Жаңа жылдық кешке  Жасөспірімдер үйінің бұрынғы түлектері өздерінің балаларымен келіп, ұжымға шексіз алғыстарын жеткізіп, барлығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
25 желтоқсанда Тараз қаласындағы «Ұлан» балалар үйінде Жаңа жылдық шырша ертеңгілігі өткізілді.
Мерекені «Ұлан» балалар үйінің директоры ашып, сөзді Жамбыл облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы Керімбеков Мұхтар Амангелдіұлына берді, ол балаларды Жаңа жылмен  құттықтап, жанашыр азаматтарға зор алғысын жеткізді.
Содан соң «Еркебұлан» ЖШС-нің директоры Мырқалықов Мырсапар Мырқамалұлы сөз сөйледі. Ол балаларға 15 жыл бойы демеуші болып келеді, балаларды жылда Наурыз мейрамымен және Жаңа жылмен құттықтайды. Жаны жомарт Мырсапар Мырқамалұлы балаларға түрлі киімдер, сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.
Сонымен қатар Халықтық банкінің Жамбыл облыстық филиалы директорының орынбасары Қабулова Анар Амангелдіқызы және бас есепшісі Ғалиева Роза Өнербайқызы балаларды құттықтап, оларға тәтті тағамдар мен сыйлықтар сыйлады. Халықтық банкінің Зейнетақы қорының қызметкерлері  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне спорт тренажерын, «Қазпошта» АҚ-ның өкілдері плазмалық теледидар, ал американдық «Интерлинк Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» қайырымдылық қоры  филиалының директоры Элизабет Турнок ханым балаларға 2 дана компьютер сыйлады.
Мереке әрі қарай жалғасып М.Х.Дулати атындағы ТарМУ нің құқықтану факультетінің студенттері балаларға арнап ән салып би биледі, оларға Аяз Ата мен Ақшақар болып сыйлықтар тарту етті.
28 желтоқсанда Мерке ауданындағы В.Савва атындағы мектеп-интернатының мектепке дейінгі және бастауыш сыныптардағы тәрбиеленушілері үшін «Жаңа Жылдық шыршадағы қызықты оқиғалар» атты Жаңа жылдық ертеңгілігі  өткізілді. Мерекеге мектеп-интернаттың қамқоршылары, Мерке селосы шекара бекетінің шекарашылары, аудандық Түрік ұлттық орталығының өкілдері қатысты. Олар балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар мен үлкен мерекелік торт тарту етті.
Сол күні мектеп-интернаттың орта топтағы тәрбиеленушілері «Алладиннің сыйқырлы шамы» Жаңа жылдық көрінісін дайындап, «Біз сіздер үшін ән салып, би билейміз» атты Жаңа жылдық карнавал өткізілді.
Мектеп-интернатта 29 желтоқсанда «Жаңа жылдық ертегі» атты  Жаңа жылдық бал-маскарад ұйымдастырылды. Мектеп-интернат тәрбиеленушілері келген қонақтарға мерекелік бағдарлама дайындады.
Тәрбиеленушілерді және мектеп-интернат ұжымын Жаңа жылмен құттықтауға аудан және ауыл әкімшіліктерінің өкілдері, балалардың өкіл әкелері, мектеп-интернат бітірушілері мен тәрбиеленушілердің туыстары келді.
«Үміт» бөбектер үйінде өткен Жаңа жылдық ертеңгілікке «Альтаис» ЖШС-гі, «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Таразэнерго» ЖШС-нің және Департаменттің өкілдері қатысты. Келген қонақтар бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, оларға жемістер мен жұмсақ ойыншықтарды сыйға тарту етті.  Аяз Ата және  Ақшақармен бірге бөбектермен шырша айналып, ойын ойнап, ән салып, би биледі.
30 желтоқсанда Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйіне Жаңа жылдық мереке қуанышын бөлісуге «Көк жиек» ЖШС-гі, «Қазфосфат» ЖШС-гі, «Энерджи – Тараз» ЖШС-гі өкілдері мен  «Омега» және Дәуменов жеке кәсіпкері өкілдері келді. Олар балаларға  жемістер мен жұмсақ ойыншықтарды сыйлады. Американдық «Интерлинк Рисорсиз Инк, Дамыту орталығы» қайырымдылық қоры филиалының директоры Элизабет Турнок ханым  балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Үй кинотеатрын сыйлады.

 


Жаңа жылғы шыршаның  шамдары жағылды
Жаңа жыл - жақсылық және үміт мейрамы - үлкендер мен балалардың сүйікті мерекесі. 2009 жылдың 24-29 желтоқсан аралығында Қостанай облысының жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының 1221 тәрбиенушілері өткен жаңа жылдық шыршаға ұзақ дайындалды. Балалар қонақ бөлмесін безендірді, мерекелік карнавалдық киімдер тікті, тақпақтар, өлеңдер, билер үйренді. Осы мерекені дайындауға облыстың көптеген кәсіпкерлері өз қолғабыстарын көрсетті.
Мереке тамаша өтті! Мерекелік бөлме ертегідегідей көрінді, Шырша шамдары  жарқырап, көздің жауын алады, балалар көңілді- бәрі бір ғажайып керемет күтуде, ойткені әр бала осыны армандайды!
2009 жылдың 24 желтоқсанында «Дельфин» сәбилер үйінің кішкентай бүлдіршіндерін Қостанай облысының Балалар құқықтарын қорғау департаментінің директоры құттықтап, жаңажылдық сыйлықтар табыс етті.  Сол күні облыстың Рудный қалалық  балалар үйінің жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған түзеу мектеп - интернатының тәрбиенушілеріне құттықтаулары және  сыйлықтарымен  Қостанай облысының әкімі Кулагин Сергей Витальевич, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Шер Раиса Петровна қонаққа келді.
Қонақтардың құттықтаулары әр баланың жүрегінде жылу, қуаныш және бақыт ұяландырды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері   5 компьютер, 50  коньки және 245 сыйлықтарға , мектеп-интернаттың тәрбиенушілері жүмсақ жиһаз бен тәтті сыйлықтарға ие болды.
Мерекенің қатысушылары қонақтармен бірге қол ұстасып ән айтып, Сергей Витальевич Кулагинді еңбегіне лайық марапатымен - «Отан» орден алғанымен  құттықтап, ие болған сыйлықтарына алғыс айта, қонақтарға концерттік нөмірлер сыйлады.

 


Ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасылардың балаларына арналған Жаңа Жылдық шырша    
2009 жылдың 24 желтоқсанында денешынықтыру-сауықтыру кешенінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті мәдениет басқармасымен бірге Үлбі әлеуметтік қызмет көрсету орталығының, қозғалыс-тірек аппараттары бұзылған балаларға арналған әлеуметтік-медициналық мекемесінің және № 21 қосымша мектеп оқушылары үшін ғажайып Жаңа жылдық мереке өткізді. Жамбыл атындағы драмалық театр әртістері мен көптеген көркемөнерпаздық балалар ұйымдарының дайындаған Жаңа жылдық кеші ерекше қажеттілігі бар және аз қамтылған отбасының балалары үшін ұмытылмас, қызықты ертегі әлеміне саяхат болды. 
Балаларға Жаңа жылдық сыйлықтарды: «Казцинк», «Кседа» ЖШС-і - кәмпиттер, «Казнатурпродукт» ЖШС - витаминдер, «Сибирский берег-Азия» ЖШС-тің Өскемендегі бөлімшесі – кириешкалар, ал Beeline сауда маркасы бар «КаР-Тел» ЖШС Өскемендік бөлімшесі фирмалық ойыншықтарды табыс етті.


2009 жылдың 18 желтоқсанында Кәрімов Асхат Нүкербекұлының басшылығымен  «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі және басқа да демеушілер облыстық «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне Талдықорған қаласындағы «Кристалл» мейрамханасында Қазақстан Республикасының жас жұлдыздарының қатысуымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәттім» атты кешін ұйымдастырып, өткізді. Құттықтау сөз Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаеваға берілді.
Мереке аясында танымды ойындар, ептілікке және тапқырлыққа, үздік биге, әнге конкурстар және «Менің Отаным Қазақстан!» атты тақырыпқа тақпақтар оқылды.
Аталған мереке ұзаққа дейін балалардың жадында қалады. Кәрімов Асхат Нүкербекұлының басшылығымен «Алакөл табиғаты» қоғамдық бірлестігі облыстық «Айналайын» балалар үйінің бүгінгі күні үнемі демеушісі болып табылады.


Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті интернаттық білім беру мекемелерінің тәрбиешілері арасында «Тәрбиелеудің құқықтық моделі» тақырыбында «Ең үздік тәрбиеші – 2009 жыл» конкурсын өткізді.
1.Конкурстың мақсаты мен міндеті:
- шығармашыл жұмыс жасайтын тәрбиешілерді анықтау;
- олардың кәсіби өсуімен тәрбиешілердің құқықтық қызметінне жағдай жасау;
- интернаттық мекемелердің шығармашыл жұмыс жасайтын тәрбиешілердің ең үздік тәжірибесін дәріптеу.
1. Конкурс екі турдан тұрады:
- бірінші тур (сырттай) 2009 жылғы қазанның 19-ы мен қарашаның 20-сы;
- екінші тур (іштей) 2009 жылғы желтоқсанның 14-і, екі бөлімнен тұрды:
1. Тұсаукесер (10 минут).
2. Мастер – класс (30 минут).
Сырттай конкурстың қорытындысы бойынша он төрт жұмыс шығып, олардың тоғыз жұмысы екінші турға өтті.
Конкурстың екінші туры ағымдағы жылдың желтоқсанның 14-і сағат 11.00-де Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында өтті.
Конкурстың қорытындысы бойынша бірінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Айыртау мектеп-интернатының тәрбиешісі – Сүйіндіков Сәуле Мәжитқызы;
2.Петропавл қаласының №2 түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі – Нағұрбекова Гүлжан Жазитқызы.
Екінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды:
1.Петропавл қаласының спортқа дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының тәрбиешісі – Бүркітова Айман Айтуарқызы;
2.Петропавл қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернатының тәрбиешісі – Шишкина Инна Владимировна;
3.Петропавл қаласының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі – Слесарева Людмила Сергеевна.
Үшінші дәрежедегі дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады:
1.Тимирязев ауданының Тимирязев жалпы білім беру қазақ мектеп-интернатының тәрбиешісі – Байғұжинова Әсел Балтабайқызы;
2.Петропавл қаласының саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының тәрбиешісі – Бестик Ирина Викторовна, Ланковская Лариса Владимировна;
3.Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Шөптікөл түзету мектеп-интернатының тәрбиешісі – Қабдөшева Айгүл Қуандыққызы.
Конкурсқа белсенді қатысқаны үшін грамоталар мен сыйлықтармен марапатталады:
1.Ақжар ауданының Талшық жалпы білім беру мектеп-интернатының тәрбиешісі – Құсайынов Мейірбек Ержанұлы.
Қатысушыларды марапаттаудан соң қонақтарға Солтүстік Қазақстан облысы спортқа дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының оқушыларының қойылымымен музыкалық концерт қойылды.


«Мен махаббат үшін әлемге қол созамын…»
Қарағанды қаласында алғаш рет балалар үйі мен интернаттар  тәрбиеленушілерін қаланың мәдени өміріне тарту мақсатында әлеуметтік жоба жүзеге асырылып жатыр.
6 желтоқсанда Академиялық музыка театрында Қарағанды қаласының балалар үйі тәрбиеленушілері мен түлектерінің қатысуымен «Я за любовью руки в мир тяну...» театрланған концерттік бағдарламасы өтті.
Көрсетілімге Қарағанды қаласының калалық маслихатының хатшысы К.Б.Бексұлтанов, маслихат депутаттары Н.Е.Сухарукова, К.Б.Оспанова, балалар құқықтарын қорғау департаментінің, ішкі саясат департаментінің, кәсіпкерлер Одағының, БАҚ өкілдері қатысты.
Жоба мемлекеттің тапсырысын орындау аясында жүзеге «Детство»
мемлекеттік емес ұйымның орындауымен асырылды. Серіктесі Академиялық музыкалық театр.
Бүгінгі таңда жетім балаларға көп уақыт пен көңіл бөлінуде, бірақ мемлекет оған ерекше категория ретінде қарайды. Жабық балалар үйі мекемесінен шыққан балаларға қоғамда бейімделу қиын. Спектакльдермен дайындықтарға қатысу ол тек актер мамандығымен танысып қана қоймай, сонымен қатар өзінің таланты мен қабілеттерін көрсетеді.
«Я за любовью руки в мир тяну...» - бұл спектакль балалар үйінде тәрбиеленуші балалар проблемасы мен жетім балалардың шынайы өмірі туралы қойылым. Спектакльге қатысуға «Таңшолпан» отбасылық түріндегі облыстық балалар үйі» ММ, «Асем» отбасылық типтегі облыстық  балалар үйі» ММ,  Қарағанды қаласының «Жарқын» жасөспірімдер үйілерінің 12 тәрбиеленуші – актерлері таңдап алынып қатысты.
Бұл жоба спектакльге  қатысушы балаларға да, көрерменге де  үлкен  әсер қалдырды.   

 


Астана қаласындағы "Ризашылық - Балалар игілігіне ізгілік...!" қайырымдылық мерекесін өткені туралы
2009 жылғы 26 қарашада «Бөбек» Қорының бастамасымен қаладағы «SOS Астана балалар ауылы», Астана қаласының Балалар үйінде, «Астана қаласының Кәмелетке толмаған балаларға арналған панада», «Соловьеваның балалар үйі» ЖМ-інде, балалар интернаттық мекемелерінің тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық» қайырымдылық мерекесі өтті.
«SOS Астана балалар ауылында» өткен мереке барысына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ.Түймебаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Р.П. Шер, «SOS Қазақстан балалар ауылдары» бірлескен қордың ұлттық директоры Б.И.Дженалаев, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің пресс-хатшысы А.У. Сандыбаев, Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Х. Қошқарова, Астана қаласының Білім басқармасының өкілдері қатысты.
Салтанатты мерекеде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж.Қ. Түймебаев «Бөбек» Қорының атынан сыйлықтар (үй кинотеатры, караоке және видеотекасы бар телевизор) табыстады.
Елордалық Балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтауға Астана қаласының әкімінің орынбасары Ә.М. Рақымжанов, Астана қаласы Білім басқармасының бастығы Ә.Т. Бимендина, Астана қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары З.Е.Бермұхамедова, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы өкілдері келді.
Астана қаласы әкімінің орынбасары Ә.М. Рақымжанов «Бөбек» Қоры Президентінің атынан бағалы сыйлықтар берді (телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека). Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері салтанатты түрде спорт залында балаларға спорттық керек-жарақтар (тренажерлар, доптар, құрсаулар), Астана қаласының Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басқармасы өкілдері балаларға картиналар сыйлады.
«Астана қаласының Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» ММ-індегі мерекеге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма бастығы М.С. Әбдікәрім, Астана қаласы Білім басқармасы бастығының орынбасары Р.А.Иманғазинова, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдері қатысты. Пананың тәрбиеленушілеріне де «Бөбек» Қорының сыйлықтары (телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека) берілді. Балалардың алдына Астаналық цирк әртістері өнерлерін көрсетті.
«Ризашылық» мерекесі «Соловьеваның балалар үйі» ЖМ-інде де өтті. Астана қаласы әкімінің орынбасары С.М. Хорошун «Бөбек» Қорының атынан телевизор, үй кинотеатры, караоке және видеотека сыйлады.
Барлық интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілеріне жемістер мен тәттілері салынған «Бақыт себеттері» сыйға тартылды. Мереке мейірімділікке толы, ән мен биге ұласып, балаларға келген қонақтар жылы сөздерін арнады. Ал, тәрбиеленушілер қонақтарға ризашылық-сыйлықтарын ұсынды.
Сондай-ақ, «Ризашылық» мерекесіне орай «Астана қаласының Мамандандырылған сәбилер үйі» ММ-інде әр топта бір жастан екі жасқа дейінгі сәбилерге арналған мерекелік дастархан жайылды. Балалар, дәрігерлер және тәрбиеленушілерді құттықтау үшін «Бөбек» Қоры атынан сәбилерге Астана қаласы Білім басқармасының мамандары музыкалық орталық сыйлады.
Қайырымдылық мерекесіне барлығы 384 бала қатысты.
Қаладағы барлық мекемелерде «Ризашылық» мерекесі 20.00-ге дейін жалғасын тапты.
Қайырымдылық мереке барысына республикалық және қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

 


Маңғыстау облысында өткен «Ризашылық-балалардың игілігі үшін!» атты қайырымдылық мерекесі туралы
Еліміздің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның бастамасымен Маңғыстау облысында 2009 жылдың 26 қараша күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Маңғыстау облысында бұл қайырымдылық мереке Жаңаөзен қаласының облыстық балалар үйінде, Ақтау қаласындағы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында және балалар баспанасында өтті. Мерекеде  облыстық балалар үйіне, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылына және балалар баспанасына Маңғыстау облысының әкімдігі өкілдерімен үй кинотеатры мен DVD сыйға тартылды. Сонымен қатар 227 тәрбиеленушіге Еліміздің бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның  жылы тілек лебізі жазылған открыткалары таратылды.
Мерекенің құрметті қонақтары «Каспиан Дрейджинг энд Марин контрактрс» ЖШС-і, «Sulpak» техникалық дүкені, Маңғыстау облыстық Халық банкі және «Группы компании» директоры Виктор Кох сынды демеушілер балаларға өз сыйларын тарту етіп, тілектерін білдірді. Балалар қонақтарға өздерінің жүректен шыққан шексіз алғыстарын білдіріп, әрбір қонаққа арналған жүрек жарды тілектер жазылған түрлі түсті жүрекшелер тарту етіп, қонақтармен қосылып Ризашылық әнін орындады.
Мерекелік салтанатты дастарханнан кейін, кішкентай бүлдіршіндер өздерінің сүйікті мультфильмдерін Сара Алпысқызының сыйға тартқан үй кинотеатры алдында тамашалады. Ал ересек балалар акт залда караокемен өлең айтып, би биледі. Тамашалағаннан кейін балалар тәрбиешілерін, аспазшыларды және де басқа қызметкерлерді күн сайынғы жылы жүректері үшін, түсіністікпен қарап сыйлаған махаббаттары үшін алғыстарын айтып, оларға өлең шумақтары бар открыткалар, алғыс тілектер, қол өнер туындыларын сыйлады.

Мереке балалар мен облыс әртістерінің қатысуымен өткен «Спасибо за сегодня, спасибо за сейчас!» атты концерттік бағдарламасымен аяқталып, барлық қызметкерлер бірігіп, салтанатты дастарханда жақсы тілектері мен лебіздерін айтты. Жанұялық май шаммен өткен кешкі астан кейін балалар жандарына мереке сыйлаған өздерінің еліне, ертеңгі күнге сенімділік туғызған Елбасына, барша баланың анасы Сара Алпысқызының аялы алақаны, махаббаты үшін алғыстарын білдірді.
Мереке жанұялық кешкі астан кейін Ризашылық әнімен аяқталды.
«Ризашылық- балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесіне келесі бұқаралық ақпарат құралдар өкілдері шақырылды: «Огни Мангистау», «Маңғыстау», «Лада», «Жаңаөзен», «Жаңаөзен жаршысы», мереке «Хабар» және жергілікті «Қазақстан - Ақтау» телеарнасынан көрсетілді.

 


Алматы облысында өткен «Ризашылық балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі туралы
2009 жылдың 26 қарашасында «Бөбек» қорының Президенті С.Назарбаеваның бастамасымен   жетім балалар мен  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді.  Аталған шараға Алматы облысының Талғар, Қарасай, Қаратал, Панфилов және Еңбекшіқазақ аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларында орналасқан 12 мекеме қатысты, оның ішінде мемлекеттік және жекеменшік балалар үйлері мен отбасы үлгідегі балалар үйлерінің 788 тәрбиеленушісі қамтылды.
Қаратал ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің ұйымдастырумен Үштөбе балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Біз өмірдің гүліміз» атты концерттік бағдарлама ұсынылды, 150 дана  балаларға арналған көркем әдебиеттер сыйға тартылды.  Демеушілер тарапынан 12 компьютер, 2 сандық (цифровой) фотоаппарат, 1 сканер, ксерокс бар түрлі-түсті (цветной) принтер, 2 дана радиомикрофон, асхана ыдыстары (100 тарелка, 100 кесе) және мерекелік дастархан мәзірі толығымен берілді.
Қапшағай қаласындағы Софиенко және Кондрашовтар отбасылық үлгідегі балалар үйлерінің әрқайсысына қалалық әкімдік тарапынан компьютер, Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан Есеновтер отбасылық үлгідегі балалар үйіне демеушілер және аудан әкімшілігі тарапынан үй кинотеатры (домашний кинотеатр), Қарасай ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен  №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне   концерттік бағдарлама ұсынылып, 207 дана  көркем әдебиеттер  мен әкімдік тарапынан үй кинотеатры (домашний кинотеатр)  сыйға берілді.
Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері 3 ағайынды Бимолдиноваларға және 3 ағайынды Смағұловтарға облыстық әкімшілік тарапынан 1 бөлмелі баспаналар берілді. Одан басқа, үй кинотеатры, караоке сыйға тартылды.
Талғар қаласындағы жеке меншік «Нұр» қайырымдылық жанұялық балалар үйіне аудандық әкімшілік пен мекемелер тарапынан 150 мың теңгелік теледидар, екі кілем және 80 мың теңге ақшалай, «Источник любви» қайырымдылық қорынан 1 млн. теңгеге жұғыш заттар (моющие средства) сыйға тартылды, «Ақниет» жанұя қайырымдылық балалар үйіне 60 мыңға автоматтандырылған кір жуатын машина және 30 мың теңгеге азық-түлік, «Ковчег» жеке мекемесіне микротолқынды пеші (микроволновая печь), кітаптар, азық-түлік, барлығы 140 мың теңге, Купкиндер отбасы үлгідегі балалар үйіне музыкалық орталық пен азық-түлік (120 мың теңге), Осадчих отбасы үлгідегі балалар үйіне ауыл шаруашылық министрлігі мен аудандық әкімшіліктен 150 мың теңгелік 1 компьютер және 30 мың теңге қаражат берілді.
Панфилов облыстық жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатына аудандық әкімшілік теледидар мен караоке, жеке кәсіпкер Р.Надырова, Р.Хайбулина - караоке, «Ақбоз» базары – 15 би көйлектері мен аяқкіим, жеке кәсіпкер А.Жанталиева 15 мың теңгеге киім кешек, «Карим» шаруақожалығы - 10 мың теңге, «Ирада» балық қожалығы 2 велотренажер сыйға тартты, «Атлантик» рестораны және жеке кәсіпкер С.Сарсенбеков тәрбиеленушілерге түскі және кешкі мерекелік дастархан ұйымдастырды.
Аталған шаралар барлық мекемелерде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз дәрежесінде өтті. Мереке барысында облыстық, аудандық әртістердің қатысуымен концерттер, театрландырылған қойылымдар, цирк нөмерлері көрсетілді.
Қатысушылар, тәрбиеленушілер мен ұйымдастырушылар бұл шараның өте маңызды екенін атап өтті. Бұл шаралар республикалық «Хабар», «Алматы» және облыстық «Жетісу», қалалық «Арай», «Қала тынысы» телерадиокомпаниялары мен республикалық «Айқын», облыстық «Жетісу», «Огни Алатау» және аудандық, қалалық газеттері арқылы халыққа жарияланды.


Солтүстік Қазақстан облысында өткен "Ризашылық - балалардың игілігі үшін!" қайырымдылық мерекесі туралы
«Бөбек» қорының бастамасымен қарашаның 26-сы барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының барлық тәрбиеленушілері үшін «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
«Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесінің негізгі мақсаты – балаларға  көңілді жанұялық мереке сыйлау, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мәселелеріне қоғамның көңіл аударуға және олардың адамгершілік-рухани дамуына ықпал ету.
Барлық жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары мерекелік әртүрлі шарлармен, жалаушалармен, гүлдермен безендірілген, қабырға беттерінде махаббат, ынтымақ, мейірімділік жөнінде жазулары ілінген, акт залының сахнасында еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның суреті орналастырылған.
Бұл мерекені балалармен ортақтасуға алғыс тілектері, сыйлықтарымен қонақтар келді. Еліміздің бірінші ханымы Сара Алпысқызының атынан плазмалық теледидар, музыка орталығы-караоке, үй кинотеатры сыйланды. Барлығы 2,3 млн. теңге сомасында көмек көрсетілді.
Мемлекетімізде Ризашылық күні бірінші рет болып отыр. Интернаттық мекемелердің тәрбиеленушілерінің есінде ерекше, жанды, жылы күн болып есте қалады.


Атырау облысында «Ризашылық-балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық мерекесі өткен туралы
2009 жылдың 26 қарашасы күні облыстық «Ақбота» балалар үйінде, отбасы үлгісіндегі «Шаңырақ» балалар ауылы және жасөспірімдер үйінде және С.Қазбаев атындағы №1 жетім, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаты мен облыстық балалар үйінде  «Бөбек» Қорының бастамасымен ұйымдастырылған «Ризашылық-балалардың игілігі үшін» атты қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Мерекеге облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім беру басқармасының мамандары, жоғары оқу орындарының басшылары ірі-ірі шетелдік кәсіпорындардан демеушілер қатысты.
Балалар үйіне Сара Алпысқызы атынан үй кинотеаторына приставка және караоке табыс етілді.
1. №1 мектеп-интернатқа демеушілермен:
- «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг Прокьюрмент С.А.Л.-Оффшор» компаниясы- «Газель» микроавтобусын, 75 000 тенгеге үстел жапқыштарын;
- «Халықбанк» акционерлік қоғамы- 30000 теңгеге мерекеге қажетті заттарды;
- «Три кита» ЖШС – үй кинотеатрын;
- «Сайпен Қазақстан» -үлкен телевизорды;
- «Россия жинақбанк»-қысқа толқынды пешті, мерекелік тәтті тағамдарды сыйға берді.
2. «Шаңырақ» балалар үйіне демеушілермен:
- «ІСКЕР» Консорциумы балаларға 500 000 тг.көлемінде -  қысқы, спорттық киімдер;
- «КазНИГРИ-Жигермұнай сервис» мекемесі-150 000теңгеге бір жанұяға үй заттарын.
3. «Ақбота» балалар үйіне демеушілермен:
-  «Аджип ККО» компаниясы- үстелге тәтті тағамдарын;
-  жоғары оқу орындарының басшылары- балаларға қысқы киімдер, аяқ киімдерді;
- «Тұрғынүйжинақбанк» акционерлік қоғамы- банкіден әр балаға тегін есеп-шот ашты, канцеляр заттарын;
- «Облтрансгаз» мекемесі-балаларға ойыншықтарды;
- «Атыраугазинвест» мекемесі»- балаларға жылы киімдерді;
- «Эмир Атырау» компаниясы-үй кинотеатрына приставканы сыйға берді.
4.Облыстық балалар үйіне:
-Жеке кәсіпкерлер И.Сатыбалдиев, Б.Гаджи- балаларға қысқы киімдер,ойыншықтар, Ш.Даулеткалиева- фотоаппарат т.б. табыс етті.
Балаларға  мерекелік дастархан жайылып, балаларға облыстық Н.Жантөрин атындағы филармония артистері, Құрманғазы атындағы музыка мектебі, Музыкалық Академия студенттері концерт қойды.


Қарағанды қаласында өткен «Ризашылык! Доброта во благо детям!»балалар қайырымдылық мерекесі
Жыл сайын қарашаның соңғы бейсенбісінде жер шарында Қайырымдылық күнін атап өтеді. Бүгін осы мейрам өзінің басты міндетін орындау үшін еліміздің Бірінші Ханымы С.А. Назарбаеваның қолдауымен бізге Қазақстанға келді.
Қайрымдылық мерекесі әсем безендірілген балалар үйлерінің залдарында барша балалар мен қонақтарды қарсы алудан, директорлардың тәрбиеленушілердің атынан өз туған атамекеніне, Президентке, өздерінің игіліктері және көркейуіне атсалысқан меценаттар мен барлық  азаматтардың жақсы істеріне алғыс айту, құттықтау сөдерімен   басталды.
Жетім балаларға аса зор қолдау көрсеткен демеушілер болды.
Әдемі де нәзік әуезді әндердің әуенінің,  өлеңдердің, жалынды билердің ырғағында қонақтар мен тәрбиеленушілердің арасында сырласу өтті. Жылы ауа райы және жарық зал достық қарым қатынасқа, жақсылық жасауға ықпал еткендей, айналадағыларға бақыт таратып, үлкен отбасының одан сайын нығая түсуіне, бақытты да байи түсуіне көмектеседі.
Концерттен кейін меймандар мен балалар тәттіге, жемістерге, балмұздаққа толы салтанатты мерекелік түскі асқа шақырылды.  Түскі ас кезінде балалар еліміздің Бірінші Ханымы Сара Алпысовнадан тілек- құттықтау хат алды. Соңынан барлығы Алғыс Әнін шырқады. 
Астан кейін бүлдіршіндер ән-күй залында Сара Алпысовнаның сыйға тартқан үй кинотеатрының алдына жайғасып мультипликациалық фильмдерді тамашалады. Ал үлкендер топтарындағы балалар акты залында өздерінің сүйікті әндерін караокеде орындай жүріп, ырғалып би биледі. 
Қарағанды қаласының балалар мен жасөспірімдер сарайының акты залына «Ризашылык! Доброта во благо детям!» қайырымдылық акциясының барлық қатысушыларын «Рахмет бүгін үшін, Рахмет қазіргі үшін!»  Мерекелік
концертіне жинады.  Концерт бағдарламасында облыстың артистері қатынасты, әсіресе балалар  «Super Star Kz» конкурсына қатысқан Романа Кимді ерекше жылы қарсы алды. 
Мерекелік концерттен кейін барлық балалар шырағданмен әрленген жанұялық мерекелік кешкі асқа балалар үйлеріне тарады. 
Қайырымдылық мерекесіне жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға араналған мекемелердің 1441 тәрбиеленушісі, 600 қызметкері және 40   қонақ –меценаттар қатысты.
Облыстың барлық газеттері мен телеканалдары ақпараттық қолдау көрсетті.
 


2009 жылдың 26 қарашасында еліміздің Бірінші Ханымы Сара Назарбаеваның бастамашылығымен Алматы қаласындағы барлық әлеуметтік мекемелерінде «Ризашылық» қайырымдылық мерекелері өтті.
Алматы қаласы Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері «SOS Алматы балалар қалашығы»; «№№ 1,2,3 Сәбилер үйі»; «Жасөспірімдерді уақытша ұстау орны»; «№№ 1,2 Балалар үйі»; «Жанұя» арнайы кешені; №8 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған арнайы мектеп интернаты; «Үміт» үйі; девиантты мінез-құлықты балаларға арнаулы білім беру ұйымы; Жастар үйі мекемелерінде «Ризашылық» мерекелік шараларын ұйымдастыру және өткізуге қатысты.
Бұл күні жоғарыда аталған мекемелердегі балалар үшін «Ризамын бүгінге, ризамын қазірге!» мерекелік концертіне шақырылған қазақстандық эстрада жұлдыздарының және тәрбиеленушілердің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама, салтанатты «дастархан» және т.б. шаралар ұйымдастырылды.
Бірінші Ханым С.Назарбаеваның сыйлықтары (үй кинотеатрлары, караокесімен музыкалық орталықтар) салтанатты түрде тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ізгі тілектері жазылған құттықтау хаттары бүлдіршіндерге табыс етілді.

 


Қызылорда облысында «Ризашылық – балалардың игілігі үшін!» қайырымдылық мерекесі өткені туралы
2009 жылғы 26 қарашада «Бөбек» қорының бастамасымен  балалар үйлері тәрбиеленушілеріне арналған «Ризашылық — Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді. Бұл мереке елімізде тұңғыш рет өткізілмек, оның ең басты міндеті жетім балаларға жылы отбасылық мереке сыйлау болып табылады. Мереке жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №1 мектеп-интернатының үлкен залында сағат 10.00-де бастау алды, оған интернаттың 102 тәрбиеленушісі және 112 қызметкері қатысты.
Балалардың меркелік көңіл-күйі барлық қатысушы қонақтарға да берілді. Олар облыстық әкімдік, балалардың құқықтарын қорғау департаменті, білім басқармасы қызметкерлері, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, «Игілік» Корпоративтік қоры, Кедендік бақылау департаменті, «Қыран» ЖШС, «Бабас» ЖШС, «ПетроКазахстан» АҚ және тағы да басқа демеушілер болып табылады. «Бөбек» қорының атынан балаларға үй кинотеатры мен мультфильмдер жазылған 30 DVD-дискі сыйға тартылды.
Сондай-ақ, балалар үйінің барлық тәрбиеленушілеріне Қазақстан Республикасының Бірінші ханымы Сара Алапысқызының әрбір балаға арнаған ақ баталы ашық хатын алады. Сонымен бірге, кедендік бақылау департаменті және «ПетроКазақстан» АҚ 150,0 және 100,0 мың теңгенің чегін тапсырса, «Бабас» ЖШС балалар би ұжымына ұлттық костюмдер берді. Бұл күні балалардың көңіл-күйлері көтеріңкі болып, караокемен ән айтып, жаңа әдеби-танымдық фильмдер мен мультфильмдер көрді.
Сонымен қатар, балалар ересектердің (өздерінің тәрбиешілерін, күтушілерін, аспазшыларын, бақшашыларын, қарауылдары мен басқа да балалар үйі қызметкерлерін) өздеріне күн сайын сыйлайтын қамқорлығына, олардың мейірімді жүректеріне, түсіністіктері мен махаббаттарына ризашылықтарын білдіріп, алдын ала дайындалған ризалық ашық хаттарын, қолөнерлерін, суреттерін, өлеңдері мен хаттарын сыйға таратады.
Ризашылық күнінде балалар мен ересектер (тәрбиешілер, мұғалімдер, күтушілер, қонақтар) тәтті тағамдар, сондай-ақ, тәттілер, пісірілген тағамдар (ұн өнімдері), жеміс-жидектер, балмұздақ түріндегі десерт қойылған мерекелік дастархан басында жылы лебіздерімен және жүрек жарды тілектерімен бөлісті. «Ризамыз бүгінге, ризамыз қазірге!» атты мерекелік концертте облыс өнерпаздары, музыкалық және аграрлы-техникалық колледж студенттері мен мектеп-интернаты тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салды.
Бұл керемет күн мерекелік кешкі аспен аяқталды, онда балалар мен ересектер өздерінің ризашылықтарын білдіріп, осынау мерекенің дәстүрге айналып, жыл сайын тойланады деген сенімдері мен тілектерін білдірді.   

 


Шығыс Қазақстан облысында «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі  туралы
2009 жылдың 26 қарашасында 13 балалар үйінде, 2 сәбилер үйінде және 5 панажайда 2009 жылғы 16 қарашада сценарийлік Бағдарламаға сәйкес «Ризашылық», «Доброта во благо детям...!» қайырымдылық мерекесі өткізілді.
Қазақстан Ресубликасының Бірінші Ханымы Сара Алпысқызы Назарбаеваның атынан балалар үйлеріне әкімдік, облыс, қала, аудан мәслихаттарының, білім беру, балалардың құқықтарын қорғау органдарының өкілдері жалпы сомасы 1,8 млн. теңгеге: балалар ауылына, «Үміт» балалар үйіне, Семей қаласының №3 балалар үйіне, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, Новошульба облыстық балалар үйіне плазмалық теледидар мен видеотека жинақтамасымен 6 үй кинотеатрын, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, «Достық» панажайына, Науалы балалар үйіне 5 плазмалық теледидар, «Үміт» балалар үйіне, мектепке дейінгі балалар үйіне, жетім балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатына, Семей қаласының №8 балалар үйіне, Семей қаласының жетім балаларға арналған №5 қосалқы мектеп-интернатына, Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйіне, Раев атындағы Көкпекті балалар үйіне, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына, «Подросток», «Светоч», «Сауле», «Арман» панажайларына 13 караокені салтанатты түрде тарту етті.
Сонымен қатар, демеушілермен 3 компьютер, музыкалық орталық тарту етілді, Риддер қаласының Ю. Гагарин атындағы мектеп-интернатына 500000 теңгеге спорттық жабдықтар және спорт залын безендіру үшін 250000 теңге телефон аппараты, Серебрянск қаласының психикалық дамулары кешеуілдеулі жетім балалар үшін орталау түзету мектеп-интернатына – 8 DVD плеер, туған жер туралы 50 фото-сурет, жұмсақ ойыншықтар мен балмұздақ тарту етілді.
Сара Алпысқызы Назарбаеваның ақ тілекті ашық хаты 1701 балаға мерекелік түскі ас кезінде салтанатты түрде табыс етілді.
Іс-шараға облыстың БАҚ өкілдері белсенді түрде қатысты. Өткізілген іс-шаралар туралы сюжеттер 26 және 27 қарашада «Хабар», «Қазақстан», «Астана», «Қазақстан-Өскемен», «Қалкен-ТВ», «Қазақстан-Семей», «Алва» телеарналарының, «Мақсат» радиосының жаңалықтар мен қорытынды шығарылымдарында берілді.
Қайырымдылық мерекесін балалар үлкен қуанышпен қабылдады және алғыс ретінде Сара Алпысқызы Назарбаеваға 25 алғыс білдіру открыткаларын әзірледі.

 


Шульба кентінің жасөспірімдерін дамыту жобасы
Орталық Азия Еуразиялық қоры АЕS компаниясы тобымен Шульбинск кенті жастарын, соның ішінде Шульбинск кентіндегі облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерін дамыту бойынша бірлескен жоба әзірледі.
Шығыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті аталған жобаны қарастырып, оны Шульбинск кентіндегі балалар үйі негізінде байқаудан өткізу бойынша оң қорытынды берді. Осы қорытынды негізінде Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі АЕS компаниясы тобымен оны іске асыру жөніндегі меморандумға қол қойды. Аталған жоба үш жылға арналған. Оны жүзеге асыру барысында тәрбиеленушілердің тілдесу дағдысы мен жетекшілік қасиеттері, тәрбиешілердің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс жүргізу дағдысы дамиды, олардың әлеуметтену деңгейі жоғарылайды, оларға психологиялық көмек және қолдау көрсетіледі. Одан басқа, кәсіптік бағдарлау жүргізу жоспарлануда, оның нәтижесінде балалар үйінің түлектері ішінен жоғарғы оқу орындарына түскендер саны артады және де оларды жұмысқа орналастыру мүмкіндігі жоғарлайды.


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы Нүсіпова Г. 2009 жылдың 16-26 қараша аралығында Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен өткен «Жастар үйіндегі тәрбиеленушілердің интернаттан кейінгі әлеуметтенуінің ұйымдастырылу жағдайлары» атты курсына  және 19-20 қараша аралығында өткен «Жасөспірімдер үйіндегі бітірушілер арасынан көшбасшы, азаматтық белсенді болуға тәрбиелеу» атты республикалық ғылыми-практикалық семинарға  қатысты.



«Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу» тақырыбында әлеуметтік ұстаздар, қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандарына арнап семинар өткізілгендігі туралы
2009 жылғы қазанның 21-і Солтүстік Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті әлеуметтік ұстаздар мен қамқоршылық және қорғаншылық органдары мамандары үшін «Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарды өткізу мақсаты: «Әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу тәжірибесін облысымызда енгізу және зерделеу, жергілікті көлемде тұрмысы төмен отбасыларын ерте кезден анықтау, әлеуметтік жетімдіктің мәселелерін шешу бойынша ұтымды механизмін құру көзделді.
Семинар қатысушыларына келесі міндеттер ұсынылды:
1.Мамандарды білімін жетілдіру мақсатында  кәмелет жасқа толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қазіргі жағдайдағы әдіс тәсілдерін зерттеп таңу.
2. Жұмыс орнында алған білімін тарату, қорғаншылық және қамқоршылық органдар мамандарының, әлеуметтік ұстаздардың кәсіби шеберлігін арттыруына көмек жасау.
3. Практикалық жұмыс процесінде қолдану үшін мамандардың кеңес алуы.
Семинар жұмысын департамент директорының міндетін атқарушы А.А Корабельников басқарды.
Семинарға департаменттің, Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті, Білім басқармасы, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандары, облысымыздағы қала және ауыл мектептерінің әлеуметтік ұстаздары, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандары сөз сөйлеп қатысты. Барлығы - 52 адам. 
Семинардың күн тәртібіне келесі мәселелер кірді:
1. Балалардың құқықтарын қорғау аумағында мемлекеттік саясат жөнінде.
2. Қазіргі жағдайдағы әлеуметтік жетімдікті жеңу және алдын алу мәселелері және оның шешу жолдары.
3. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алудың рөлі және алатын орны, отбасы тәрбиесінің түрін дәріптеу.
4. Кәмелет жасқа толмағандар арасында қараусыз және панасыздықтың, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу.
5. Отбасы ішіндегі сәттілігін нормализациялау, ол қараусыз балалардың алдын алу түріндей.
6. Балалық шақты қорғауда жеке отбасылық жүйесін құру: әлеуметтік жетімдіктің алдын алу тақырыбында сөз сөйледі.
Қатысушылар семинар барысында алдағы ынтымақтастық тәжірибесі мәселесі бойынша ұсыныстарын дайындады, тікелей мәселе бойынша пікір алмасты.
Жұмыс қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалды. Ұсыныстарды байланысы бар мемлекеттік органдарға жеткізіледі, департаменттің веб-сайтына орналастырылып, департаменттің жұмыс тәжірибесінде қолданылады.


2009 жылдың 18 қараша күні Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің  ұйымдастырумен Талдықорған қаласындағы «Айналайын» балалар үйінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясының қабылданғанына 20 жыл толуы мерекесі аясында «Балалар үйі – балалар құқығының аймағы» тақырыбында заң қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Аталған шараға облыстық прокуратура, білім басқармасы және ішкі істер департаменті, Талдықорған қаласындағы кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығы, БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу Біріккен Ұлттар Ұйымының Бала құқықтары туралы Конвенциясы туралы видеоролик көрсетуден басталды және тарихы туралы қысқаша баяндама оқылды. Өткізіліп жатқан шараға байланысты «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері құқық бұзышылық туралы шағын қойылымдарын көрсетті. Сонымен қатар, баланың құқықтық сауаттылығы бойынша білімдерін анықтау мақсатында тесттік жұмыс өткізілді. Шара барысында балалар заң қызметкерлеріне  сауалдар қойып, жан-жақты және толық жауап алды. Кездесу «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.


Қостанай облысында 216 жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар патронат отбасында тәрбиеленуде.
Баланың асырап алған (патронат) отбасында табысты бейімделуі үшін белгілі шарттар қажет екендігін  тәжірибе көрсетеді.
Оларға бала мен отбасының психологиялық сәйкестігі, баланың отбасына түсу себебін, жаңа отбасылық байланыстың тұрақты және ұзақ мерзімді екенін ұғыну, үйреншіктілікті қалыптастыру, асырап алған ата-аналарымен бейімделу кезеңінің заңдылығын түсіну, отбасынан айырылған баланың психологиялық даму ерекшеліктері жатады. Осы сұрақтар, сондай-ақ бала мен патронатты тәрбиеленушілерді бірлесіп өмір сүруге дайындау қажеттілігі, баланы, отбасын психолого-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері қамқорлық және көмек органдарының мамандарын, әлеуметтік педагогтар, психологтар, облыстың патронат тәрбиешілерінің қатысуымен 2009 жылдың 18 қарашасында өткен  «Баланы асырап алған отбасы жағдайында баланың әлеуметтік бейімделу ерекшеліктері» тақырыбындағы  дөңгелек үстел отырысында тәжірибе алмасу тәртібінде талқыланды.
Кездесуге келген қатысушылар асырап алған ата-аналардың кәсіптік еңбегінің қажеттілігін, оларды дайындау, сонымен қатар отбасын қолдау және жеткілікті бақылау мақсатында оларды сүйемелдеуді ұйымдастырудың қажеттілігін растады.
Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша асырап алған отбасында тәрбиеленетін балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында қарым-қатынас сұрақтары бойынша ұсыныстар жасалды.


«Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» семинар өткізгені туралы
2009 жылдың 16 қазанында Қостанай облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы және «Перекресток» қоғамдық қорымен бірлесіп Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша іс-шараларды ұйымдастыру» тақырыбында  жалпы білім беру мектептері, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарының әлеуметтік педагогтарына,  психологтарына және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баламалы орналастыру түрлерін дамытуға ықпал жасайтын «Үйге жол» орталық (әрі қарай – Орталық) мамандарының, үкіметтік емес ұйымдары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысуымен семинар өткізді.
Кездесу әлеуметтік жетімдіктің алдын алу шеңберінде мамандардың ақпараттандырылуын арттыру, әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған отбасылар және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасау бойынша қызметтердің өзара іс-қимылын ұйымдастыру мақсатында өткізілді.
«Перекресток» қоғамдық қор жанындағы Орталықтың мамандары отбасында орналастыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласында халықаралық тәжірибесінің шолуын жасап, «Кейс-менеджмент» жағдайдың пәнаралық жүргізу үлгісімен таныстырды.
Семинарда өмірде қиын жағдайға тап болған отбасы және баланың өмірінде мамандардың белсенді қатысу арқылы әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша әлеуметтік-психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, семинар қатысушыларына баланың отбасында өмір сүруіне және тәрбиеленуіне құқығын жүзеге асырып, тәрбиеге алынған балаларға қатысты қоғамдық санада орныққан  таптаурынды анықтау және жеңу бойынша топтық жұмыс ұйымдастырылды.
Ұқсас семинар 2009 жылдың 26 қазанында мектеп инспекторларының қатысуымен өткізіледі.
Аталмыш іс-шаралар отбасыларды қолдайтын қызметтер жұмысы арқылы мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар және Орталықпен ұсынылатын сапалы қызметтер көрсету арқылы әлеуметтік қауіпті жағдайға тап болған балаларды қолдау және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бойынша қоғам бөліктерінің келешекте нәтижелі өзара іс-қимылды құрастыруына бағытталған.


«Балалар үйінің түлегінің тәлімгері бол!»акциясы
Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың мамыр айынан «Балалар үйінің түлегінің тәлімгері бол!» акциясы бастау алды.
Осыған байланысты ірі кәсіпорындардың басшыларына, кәсіпкерлерге, меценаттарға, облыс тұрғынының азаматтарына,  жалпы жетім балаларға қолдау көрсетіп, қол ұшын созам деуші жандарға арнап, балалар үйлерінің түлектерін тәлімгерлікке алуға шақырамыз деп жолдау жолдаған  болатынбыз.
Аталмыш  акция аясында:
- «Қайнар» жасөспірімдер үйінің - үш  түлегі, Даму мүмкіншіліктері шуктеулі балаларға арналған балалар үйінің бір түлегі , «Құлыншақ» балалар үйінің бір түлегі отбасына орналасына орналастырылып, қамқоршылыққа алынды.
- Халық банкі Пионер балалар үйінің 5-түлегін Жоғарғы оқу орындарына орналастырып, банк арнайы шәкірт ақы төлеп отыр. Сондай-ақ Халық банк кәсіби мамандық алғаннан кейін олардың әрі қарай жұмысқа орналасуына және тұрғын -үймен қамтамасыз етуге кепілдік береді.
№ 38 гимназияның оқушылары мен «Ақниет» Жастар қайырымдылық бірлестігі балалар үйлерінің балаларын қамқоршылыққа  алып отыр.
Акция жалғасуда!
Биыл балалар үйлерінен 325 жетім бала бітіріп шығады.
Сіздерді әрбір түлектің қоғамдағы үлкен өмірге аяқ басқанда бәсекеге қабілетті және өмірдің тосқауылдарына дайын болуына арқа сүйер тірегі және тәлімгері болуға шақырамыз.
Осы балалардың игілігі үшін кез келген көмек қабылданып, еліміздің болашағы үшін жасалар жақсы істерімен қайтарылмақ.
Қосымша ақпаратты Сіз 420991 телефоны,
deti-karaganda(аt)mail.ru электрондық пошта,
Балалардың құқықтарын қорғау
департаментінің www.balazan.kz
сайты арқылы алуға болады.


Ақмола облысы

Есіл балалар үйінде, 1992 жылы туған, Решетняк  Достан тәрбиеленуде. Онда сырқаттың ауыр түрі. Достан жылда Ақмола облыстық онкология ауруханасында емделу курсын өтеді. Әрине, мемлекет тарапынан жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ жақын адамдар мен достардың әрбір сөзі көңілге демеу емес пе! Сондықтан ол өзі тәрбиеленетін балалар үйіне тезірек жетуге асығады. 13 қазан – Достанның туған күні. Осы күні Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қызметкерлері туған күн иегеріне барып, құттықтап келуді жөн көрді. Департамент директорының орынбасары Садвакасов Бегжан Серікұлы Достанды 17 жасқа толуымен құттықтап, барлық ұжым атынан МР4 плейерін сыйға тартты. Баланың қуанышында шек болмады. Ол аурумен күресететінін, өйткені ол бұл өмірде жалғыз емес екенін айтып, барлығымыздың жүрегімізді босатты.


2009 жылдың 15 қазанында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы облыс әкімдігінің кіші залында «Қорғаншылар мен қамқоршылар одағы» филиалын құру мақсатында дөңгелек  үстел өткізілді.
«Қорғаншылар мен қамқоршылар одағы» филиалын құру мақсаты қамқоршылық институтын және балаларды асырауға алатын жанұялардың түрлерін күшейту, патронаттық тәрбиелеуде, қорғаншылық/қамқоршылыққа, асырауға алынған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, балаларға және отбасыларға психологиялық, құқықтық көмек көрсету.
Аталған шараға  қорғаншы/қамқоршы органдары, қорғаншы/қамқоршы, патронаттық тәрбиешілер, үкіметтік емес ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелді ашқан Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Г.Ермекбаева жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың баламалы нысандары туралы түсінік бере отырып, қазіргі кезде қорғаншылық/қамқоршылықта – 1996, патронаттық тәрбиеде – 54 бала тәрбиеленуде және жыл сайын 400-ден астам бала асырап алуға берілетіндігін атап көрсетті. Шара барысында департамент директоры балалар мен жасөспірімдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда атқарған адал еңбегі үшін Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің қорғаншы/қамқоршы органы Байтулақова Айман Байтулаққызына «Алғыс хат»,  бірнеше қорғаншы/қамқоршылармен патронаттық тәрбиешілерге ерекше қамқорлық көрсеткен игі істері үшін мақтау қағаздарын табыс етті. Департаменттің қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бастығы А.Молотова «Қорғаншылар мен қамқоршылар одағының» қызметі және мақсат, міндеттерімен слайд арқылы таныстырып өтіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі балалардың құқықтарын қорғау Комитеті мен «Әйелдердің шығармашылығы бірлестігі»  үкіметтік емес ұйымы бірігіп  «Қазақстан қамқоршылар одағын» құрғандығын хабарлады.  Дөңгелек үстелге келген қатысушылар мұндай іс-шараның ұйымдыстырылып жатқаныдығын қолдады, өз пікірлерімен бөлісті.
Соңында Одақ филиалының мүшелерін сайланды. Одақ филиалының директоры -Есқожина Тұяқ Қазкенқызы (Талғар қаласындағы «Нұр» қайырымдылық балалар жанұясының директоры), директордың орынбасары - Қамбарова Наталья Александровна (Қапшағай қаласының патронаттық тәрбиешісі), хатшы - Абдрахманова Ғалия Аханқызы (Ақсу ауданының қамқоршысы), мүшелері Дягилева Надежда Георгиевна («Юность» жасөспірімдердің дағдарыс орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі)  және Қабылбекова Гүлнар Советқызы (қорғаншы, Қаратал ауданы).  

 


Балалардың адамгершілігін тәрбиелеуде
7 қазанда Батыс Қазақстан Балалардың құқықтарын қорғау департаменті «Балалар әлемінің талаптарына сай эмоциональды сала құрылымының ерекшеліктері» атты шығармашылық шеберханасының отырысын өткізді.
Бұл «Балалардың адамгершілік-рухани тәрбиелеу негізінде гуманистік білім беру тенденцияларды жүзеге асыру» атты жобаның қатысушылары болып табылатын интернаттық мекемелері мен білім беру ұйымдары  педагогтарының жоспарлы кездесуі болды.
Басты мақсаты – педагогтардың тәрбие мен оқыту жөніндегі қазіргі заман әдістерімен қолдана алуына, психологияны білетіндігіне, балалардың жас ерекшеліктеріне сай педагогикалық үрдісті құрастыра білетіндігіне байланысты барлық сатыдағы балалардың толыққанды дамуына құқығын жүзеге асыру үшін ортаны құру. Отырыс жұмысына облыстық мамандандырылған балалар үйлерінің, №4,19, 26 мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтары мен БАҚ-нің тілшілері қатысты.
Отырыстың бағадарламасына теориялық мәселелерді қарастыруы, педагогтардың тренинг пен тәжірибе алу сабақтарына қатысуы, бейнефильмдерді көруі мен фрагментарлық сабақтар кірді. Баланы эмоциональдық жағынан дамытуда тиімді жолдарын сауатты анықтауына, аталмыш үрдісті психологиялық -педагогикалық тұрғыда іскерлікпен жүргізуіне көп көңіл бөлінді. Баланың жан дүниесін жасайтын педагог, сондықтан ол өзінің балаға қатысты қызметін теңдік, серіктестік және мейірімділік принциптерінде құру міндетті екендігін қатысушылар кездесу соңында атап айтты.

 


Бала тұлғасын әлеуметтендіру
1 қазанда  «Эстетикалық тәрбие арқылы бала тұлғасын әлеуметтендіру» жобасының шеңберінде Батыс Қазақстан облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Зеленов ауданының Январцево ауылындағы балалар үйі және Орал қаласының №1 балалар саз мектебінің  ұжымдарымен тақырыптық кездесу өткізді.
Кездесудің мақсаты – толыққанды адамгершілік-рухани тәрбие алуға балалардың құқықтарын жүзеге асыруға ықпал ету, сонымен қатар ашық мақсатты қатынастар арқылы бала тұлғасын әлеуметтендіру үрдісін нығайту.
Іс-шараның бағдарламасы бойынша «Саз әлемінде» атты концерт қойылып, вокал мен оркестрден мастер-класстар өтті.


Балалық шақтың көкейкесті мәселелері талқыланды
2009 жылдың 25 қыркүйегінде Оңтүстік Қазақстан облысында республика аумағында орналасқан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары басшыларының республикалық кеңейтілген қоғамдық отырысы болып өтті.
Облыстық жаңа технологияларды білім саласына енгізу, кадрлардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау орталығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Р.П. Шердің  баяндамасымен кеңес ашылып, бейне роликтер көрсетілді.
Сонымен қатар «Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар арасында көру мүшелерінің ауруларын, жалпақтабандылықтың, сколиоздың алдын алу және ағзаны дәрумендендіру» сондай-ақ «Есірткі құмарлық, алкоголизм және темекіқұмарлық»  тақырыбында «Салауатты Қазақстандық» РҚБ президенті, Орта Азия бойынша айықтыру Халықаралық Академиясы вице-президенті, профессор С.Л. Евдокимова-ның баяндамасы тыңдалып, Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы А. Садыкованың және ҚазҰУ доценті, п.ғ.к. И. Сапарованың «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға мейірімді ортаны қалыптастыру технологиясы» тақырыбында семинар-тренинг  сабақтары  өткізілді.
Отырыстың негізгі мақсаты - кәмелетке толмағандар арасындағы бейнезорлық, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында балаға мейірімді орта қалыптастыру, көкейкесті мәселелер көтеріп, қатысушылар арасында кеңінен пікір-таластар ұйымдастыру.
Сонымен қатар жиынға қатысушы кеңес мүшелері Сайрам ауданы, Көмешбұлақ елді-мекенінде орналасқан «Бауыржан» отбасылық негіздегі балалар үйі мен Шымкент қаласының балалар мен жасөспірімдер орталығының, Шымкент қаласындағы  №3 балалар үйінің қызметімен танысып, өнерлі балалардың дайындаған концерттік бағдарламаларын тамашалады. Балалардың өнеріне сүйсінген көпшілік оларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, тілектерін жаудырды.
Шымкент қаласындағы №3 балалар  үйінің жанындағы «Отбасын қолдау қызметінің» жұмысымен танысып, жеткен жетістіктеріне тәнті болды. Аталған мекеменің жұмысымен әдіс алмасу мақсатында   кеңес отырысы өткізіліп, көкейкесті мәселелер бойынша шешілмей жүрген сұрақтарға жауап іздеген қатысушылар арасында қызықты пікір-таластар жүргізілді. Кеңес жұмысын Комитеті төрағасының орынбасары Р.П. Шер өз сөзімен қорытындылады.


Өскемен қаласында 2009 жылдың 21 қыркүйегінде «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру мәселелерін заңнамалық реттеу туралы» (асырап алған отбасы, патронат, қамқорлық, асырап алу) тақырыбында Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің көшпелі отырысы болып өтті.
Осы жылдың 20-22 қыркүйегінде  Шығыс Қазақстан облысына Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаттары және «Нұр Отан» Фракциясы жанындағы Әлеуметтік Кеңесінің мүшелері Самакова А.Б.,барып қайтқан.
Утемисов Ш.А., Тарасенко Е.И., Бурханов К.Н., Бычкова С.В., Ферхо С.И., сондай-ақ ҚР Білім және ғылым министрлігің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Шер Р.П., ҚР денсаулық сақтау Вице-министрі Вощенкова Т.А., ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаментінің директоры Акпанова А.Э., ҚР Еңбек және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету министрлігінің Әлеуметтік қызмет департаментінің директоры Манабаева К.А., Алматы қаласының акушерлік, гинекология және перинатология орталығының профессоры, бас ғылыми қызметкері Каюпова Н.А.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың әлеуметтік жағдайымен танысу, істегі заңнамаға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мақсатында аталған балаларды мемлекет тарапынан қамтамасыз ету мен орналастыру бойынша аса көкейтесті мәселелерді анықтау. Олар жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқыту, оңалту және бейімдеу мектепке дейін және мектеп ұйымдар мен мекемелеріне барып қайтты. Аталмыш делегация құрамындағылар көрсетілген категориялы балаларды қамтамасыз ету, тәрбиелеу мен оқыту жұмыстарына, Шығыс Қазақстан облысының балалар әлеуметтік мекемелерін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, тәрбие үрдісін ұйымдастыруға оң баға берді. Осында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ШҚО білім басқармасы, денсаулық сақтау басқармасы, балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен басқа мүдделі органдарының жұмысы жоғары бағаланды.
21 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Айтгүл Самакованың төрағалық етуімен дөңгелек үстел болып өтті. ШҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі мен білім басқармасымен ұйымдастырылған дөңгелек үстел жұмысына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев та қатысты. Отырыс барысына «on-line» режимінде Семей, Риддер және Зырян қалалары қосылды. Негізгі тақырып ретінде жарияланған балалар мәселесі жиналғандардың қызу пікір-таласын тұғызды. Облыс аймақтарынан түскен отырыс қатысушыларының сұрақтарына Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Шер Р.П. жауап берді.
Дөңгелек үстел барысында ата-аналардың жауапкершілігі, проблемалық отбасылармен жұмыс, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасыға орналастыру, асырап алған отбасыдағы олардың өмірі, осы балаларды әлеуметтік сауықтыру мен тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша, ел Парламентіне, орталық және жергілікті атқарушы органдарға, азаматтық секторға балалар мүдделерін қорғау жөніндегі маңызды міндетті тиімді шешуге мүмкіндік беретін ұсынымдар қабылданды. Айтылған ұсынымдарда отырыс барысында туындаған балалардың құқығын толыққанды қорғайтын заңнамалық орта құрудан жалпы адамзаттық құныдылықтарды барынша насихаттауға дейінгі ой-пікірлердің барлығы ескерілген. Отанымыздың Парламентарийлері жергілікті атқарушы органдары мен үкіметтік емес секторына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы жұмысына оң баға берді.  


Дөңгелек үстелдің тақырыбы: «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру»
Балалар – әсіресе балалар үйінің тәрбиеленушілері, бұл қоғамның әлеуметтік жағынан аса қорғалмаған бөлігі. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру сұрақтары қоғам алдында тұрған көкейкесті мәселелері болып отыр. Біздің әр қайсысымыз балаларымыздың тек толықтай демалуын ғана емес, сонымен бірге қажетті қасиеттер мен дағдылар алып, өз қызығушылықтары мен іскерліктерінің шеңберін кеңейткенін қалаймыз. Жаз – бала өміріндегі ерекше бір кезең, демалыс пен оның: физикалық, рухани және ойлау қабілеті жағынан даму уақыты.
2009 жылдың 15 қыркүйек күні жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдары директорларының Облыстық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Дөңгелек үстелде «2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезіндегі балалар мен жеткіншектердің демалысын, сауығуын және бір кәсіппен шұғылдануын ұйымдастыру туралы» 2006 жыл 18 мамыр күнгі  № 132 Үкімет қаулысын орындау барысы талқыланды.
Жыл сайын аудандық білім ұйымдарының басшылары жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған барлық балаларды жазғы демалыспен қамту үшін бар күшін салады. Осылайша 2008 жылы 522 тәрбиеленуші демалыспен қамтылса, 2009 жылы облыстық Алға балалар үйінен, Әйтекеби, Хромтау, Темір Қобда отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінен 463«Жасыл ел»
тәрбиеленуші жазғы лагерлерде демалып, өз денсаулықтарын түзетті. Әйтекеби отбасы үлгісіндегі балалар үйінің 3 тәрбиеленушісі бағдарламасы бойынша жұмыс жасады.
Балалар үйі мен отбасы үлгісіндегі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері биылғы жазда мына лагерлерде демалды: «Ақ бөбек», «Балдәурен», «Достық», «Шипагер», «Мұғалжарлар», аудандық мектеп жанындағы лагерлерде. Қобда және Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйінің үш тәрбиеленушісі жазғы каникулдарын Астана қаласында, ал облыстық Алға балалар үйінің 5 тәрбиеленушісі Италияда демалып қайтты. 
Дөңгелек үстел кезіндегі талқылаулар барысында қатысушылармен келесі ұсыныстар ұсынылды:
- балалардың сауығуы, демалысы мен бір нәрсемен шұғылдануы үшін қауіпсіз жағдайлар жасап, нығайту;
- балалар туризмі мен жаңа спорттық лагерлерді дамыту үшін жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстармен шығу.
Облыстық Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері бірнеше жыл бойы жазғы демалыспен 100 % қамтылғаны атап өтілді, өйткені балалар үйінің жанында «Ақ бөбек» жазғы лагері жұмыс жасайды. Лагерь территориясында 13 корпус, оның ішінде 5 корпус МК «Строй-сервиспен» өткен жылдың шілде айында пайдалануға берілген, асхана, медициналық пункт, жазғы душы бар монша, клуб, лагерь штабы бар, үйлердің құрылысына 40 миллион тенге бөлінген болатын. Лагердің қасында орман бар, балалар айналасын орман қоршаған жайлы жерде, жанынан Елек өзені өтетін жайлы жерде демалып жатыр.
Дөңгелек үстелдің қорытындысында Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті Облыстық кеңес мүшелерімен бірге демалыс балалар үшін қажетті, өйткені демалыс пен балалардың сауығуы балалар денсаулығын қалпына келтіруге, әрбір бала тұлғасының шығармашылық күш-қуатының дамуына, өскелең ұрпақты социомәдениеттік және білім құндылықтарына тартуға бағытталған деген біріңғай пікірге келді.

 


Бірінші рет бірінші сыныпқа !!!
Қостанай облысы Білім беру басқармасының Рудный балалар үйінің тәрбиеленушілері, тәрбиешілері, әкімшілігі жүзінде Рудный қаласының мектепке дейінгі балалар үйінің 18 түлектері 1 қыркүйек күні жаңа отбасымен қауышты.
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандары балалардың өміріндегі осы айтулы оқиғамен құттықтады. Балалардың жүздері қуанышқа кенелді. Білім күніне арналған сыйлықтармен қатар, оларға «Жаңа үйдегі» жасалынған  қолайлы жағдайға қуанды: жайлы жеке «пәтер», 2-4 адамға арналған жарық бөлмелер, әрқайсысына өз киімдері салынған шкаф, ойыншықтар мен жеке заттарға арналған суырма бар. Балалар үлкен жабдықталған ойын бөлмесінде жаңа сыйланған жұмсақ ойыншықтардың және ой-өрісін дамытатын ойындардың қызығына бөленді. Балалардың ризашылығына мен қуаныштарына шек болған жоқ.

 


Ақтөбе қаласының 140 жылдығы құрметіне облыс әкімі Елеусін Сағындықов жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне жана пәтердің кілтін табыс етті.
4 қыркүйек күні Ақтөбеде жасөспірімдер Үйінің екі тәрбиеленушісі — жас отбасыға — Әсел Мүлканова (1986 ж. туған) мен Максим Чебохинге (1988 ж. туған) облыс әкімі Елеусін Сағындықов жаңа пәтердің кілтін табыс етті.
Жасөспірімдер Үйінің тәрбиленушілері Максим мен Әсел өз некелерін 2009 жылдың 7 мамырында тіркеген болатын. Жастардың отбасын құрғысы келетінін естіген облыс әкімі Максим мен Әселге той алдында сый ретінде 150 000 теңге сыйлады. Жастардың тілегі бойынша той «Ривер Сайд» демалыс базасында өткізілді. Облыс әкімінің ақшалай сыйлығына жас отбасы нағыз қажетті тұрмыстық заттар — тоңазытқыш, теледидар және кір машинасын сатып алды. Жастардың өздері де қызмет етіп, ақша тауып жүр. Әсел №11 орта мектепте іс жүргізуші болып жұмыс жасайды. Максим краншы курсында оқиды, «Сандрилинг» фирмасында жұмыс істейді. Қазір жас отбасы үлкен үміттің үстінде жүр — бұйырса сәбилі болады.
Жыл басынан бері Ақтөбе облысында он жетім бала баспана алды, оның көпшілігі жасөспірімдер Үйінің түлектері. Балалар үйінің түлектері 23 жасқа дейін жасөспірімдер Үйінде тұратыны белгілі, одан соң көпшілігі тұрғын үй мәселесінен қиналатыны рас.
Облыс әкімі Елеусін Сағындықовтың айтуынша, Ақтөбе қаласының 140 жылдығы тұсында сәбилі болуды күтіп отырған жас отбасыға пәтер кілтін табыс ету барлық ақтөбеліктердің жақсылыққа жетуіне, кеуденің үмітке толып, сенімнің артуына жетелейтін игі іс болып отыр. Бұл жасөспірімдер Үйі тәрбиеленушілерінен шыққан жас отбасының жергілікті билік тарапынан көріп отырған екінші көмегі. 2009 жылдың наурыз айында облыс басшысының қолдауына ие болған жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілері — жас отбасы Далбановтарға жалға алатын пәтердің сертификаты тапсырылған болатын. Жастар қалалық тұрғын үйді есепке алу бөліміне құжаттарын тапсырып қойды, қазір пәтер алу кезегін күтіп отыр.
Қазір облыстың атқарушы билігі әлеуметтік көмекті қажет ететін аймақ тұрғындарына қолдау көрсетуге маңыз беріп отыр. Биліктің жыл сайын жетім балаларға көмек көрсетудің түрлі формаларын ойластырып отырғаны баршаның көз алдында. Облыс әкімінің пікірінше, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне алдымен жақсы мамандық алып, отбасын жоспарлауына жол көрсетуге, соған тәрбиелеуге, өмір жолында қажет болатын көшбасшылық қасиетті бойына сіңіре беруге үйрету керек. Бұл тағдырдың жазуымен ата-анасыз қалған балаларды әлеуметтік тұрғыда қолдаудың бір жолы ғана. Елеусін Сағындықов қазір бұл бағытта балалардың өмірге жылдам бейімделуі, балалар үйінен шыққан соң жұмысқа тұрып, баспана алуына көмектесетін технологияларды енгізудің маңыздылығын алға тартып отыр.
Ақтөбе облысында жетім балаларға көмек қолын созудан кәсіпкерлер де сырт қалып отырған жоқ. Қоғамдық қор, Халық банкі, кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілік танытып, 2005 жылы Ақтөбе жасөспірімдер Үйінің жеті тәрбиеленушісінің «Тұрғынүй Құрылыс Жинақ Банкіндегі» есепшотына әрқайсысы үшін 199 мың теңгеден ақша салды. Үш жылда (2005-2008ж.ж.) жастар келісім-шарттың барлық талабын орындап, қаржыны тұрғын үй құнының 25 пайызына жететін қаржы жинады. Облыс әкімі Елеусін Сағындықов бизнес пен биліктің көмегін бір арнаға тоғыстырып, жетім балаларға тұрғын үй алуға қолдау көрсетті. Биыл жаз маусымының басында «Тұрғын үй Құрылыс Жинақ Банкінен» несие алған жасөспірімдер Үйінің жеті тәрбиеленушісі  баспаналы болды.
Әсел Мүлканова:
- Пәтердің кілтін алғанымызға әлі де сенбей тұрмыз. Жасөспірімдер Үйінен шыққан соң, үйленгеннен кейін де Максим екеуміз пәтер жалдап тұрдық. Біздің отбасымыздың қуанышын көбейтуге көмектескен барлық азаматтарға алғысымды білдіремін. Облысымыздың дәулеті арта берсін, ал баспаналы болғысы келетіндер жылдар бойы кезекте тұрып шаршамасын дегім келеді. Әрбір ақтөбелік отбасы жетістікте өмір сүрсе екен деймін. Максим екеуміздің арманымыз көп. Біздің пәтеріміз бізге тек қуаныш пен бақыт әкелетініне сенемін. 
Қазір жасөспірімдер Үйінде 73 тәрбиеленуші бар. Баспана алу кезегінде 134 адам тұр (түлектер де, қазір тұрып жатқандар да бар). 26 тәрбиеленушінің тұрғын үй алуы үшін «Қазақстанның ТұрғынүйҚұрылысЖинақБанкіне» түрлі ұйымдардың, кәсіпорындар мен банктердің басшылары тарапынан көрсетілген көмектің арқасында алғашқы жарна. Бұған қоса жасөспірімдер Үйінің барлық тәрбиеленушілері жеке құрылыс жүргізу үшін жер алуға кезекке тұрғызылды.
Бұл кездесуде облыс әкімі Е.Сағындықов Жасөспірімдер үйінің тағыда  14 түлегінің тұрғын үй алуы үшін  2009 жылы, тұрғын үй құнының 30 % құрайтын, әрқайсысының жеке шоттарына 1000 000 теңге аударды. Әрбір түлекке шотты тағы 30 % толтыруға көмек беретін кәсіпкер бекітіледі, ал қалған 40 % түлектің өзі құрайды.
Облыс әкімі Е.Сағындықовтың осындай қолдауы балалардың ертеңгі өмірге деген үмітін ұялатады.

 


Мамандық − бұл тағдыр
Байғазин Кенжеғазы Жанабайұлы − Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Тамды ауылында 1956 жылы 23 сәуір күні дүниеге келген. 1981 жылдан бастап, Орал педагогикалық институтын бітіріп, кейін Тамды орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. 1987 жылы Алға қаласының ОКТУ-16-ң директор орынбасары болып тағайындалды. 1995 жылдың наурыз айынан бастап, қазіргі уақытқа дейін облыстық Алға балалар үйінің директоры болып қызмет етеді.
Кенжеғазы Жанабайұлы директор қызметін атқарғалы бері педагогикалық ұжым балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісінде жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
К.Ж.Байғазиннің өз ынтасы мен белсенді қатысуының арқасында дарынды балалар мен жасөспірімдерді анықтау мен қабілеттерін дамыту жүйесі жолға қойылды. Балалар үйінің тәрбиеленушілері халықаралық конкурстар мен фестивальдардың жүлдегерлері мен дипломанттары атанды. Бұл Санкт-Петербург қаласындағы «Поколение XXI» халықаралық фестиваліндегі, республикалық «Бөбек шақырады I және II», Алматы қаласындағы «Таңшолпан» фестивальдарындағы, Ақтау қаласындағы «Дарынды балалар 2003» өңірлер арасындағы фестиваліндегі жеңістер.
Жас күресшілер, боксшылар мен жүзушілер облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда ар-намысты қолдан бермей, сенімді ақтап келеді. Олардың арасында спорттың осы түрлерінен облыс чемпиондары да бар.
Балалар үйінде 2001 жылдан бастап «Қызғалдақтар» қазақ халық би ансамблінің үйірмесі жұмыс жасайды. Бұл ансамбль 2007 жылдан бері «халықтық» деген атаққа ие болды.
«Ең үздік интернат» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша балалар үйі 2000 және 2001 жылдары 1 орынға ие болды. Ал 2001 жылы мектеп-интернат «Ең үздік интернат» номинациясында республикадағы интернаттық мекемелердің арасында 2 орынды алды. Бұл Кенжеғазы Жанабайұлы басқарып отырған балалар үйі педагогикалық ұжымының үлкен еңбегінің жемісі.
Қазірде Алға балалар үйінде 429 бала мен жасөспірім тәрбиеленуде, Кенжеғазы Жанабайұлы тәрбиеленушілер мен түлектердің барлығының дерлік аттарын жатқа біледі, әрбір бала үшін жылы сөз тауып, көмектесуге тырысып бағады.
Өзінің көп жылдық еңбегі үшін К.Ж. Байғазин «ҚР Білім озаты» белгісімен, Ы.Алтынсарин атындағы Құрмет белгісімен, ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталып, «Алға ауданының жыл адамы» атағына ие болды.
Қазақстан Республикасының Конституция күнін тойлау қарсаңында облыс әкімі Е.Н.Сағындықов салтанатты жағдайда Кенжеғазы Жанабайұлын «Ақтөбе облысына еңбегі сіңген қайраткер» медалімен марапаттады. Бұл медальға лайық деп табылған адамдар коммуналдық қызметтердің барлық түрінен босатылып, облыстық бюджет қаржысының есебінен Қазақстан Республикасының демалыс орындарына жылына бір рет санаторлы-курорттық жолдамамен қамсыздандырылу құқығына ие болады.
Кенжеғазы Жанабайұлы, біз сізді кезекті құрмет белгісімен құттықтап, сізге зор денсаулық, егеменді еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде шығармашылық табыс тілейміз. Сіздің барлық мейірімді істеріңізде сізге сәттілік серік болсын!


Конституция күніне арналған “SOS Астана Балалар ауылында” өткенсуреттер байқауы туралы
2009 жылғы 28 тамыз күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті “SOS Астана Балалар ауылымен” бірлесіп, “SOS Астана Балалар ауылы” тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған суреттер байқауын өткізуді ұйымдастырды.
Аталған байқаудың мақсаты – алғыр, шығармашылық дамыған балаларды анықтау; балаларды Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямен және өз құқықтарымен таныстыру.
Байқауға 9 жастан 15 жасқа дейінгі балалар қатысты.
Сурет байқауының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімін Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы А.С. Бозшаева ашты. Өз сөзінде ол Конституция күні мерекесі, еліміздегі адам және бала құқықтары туралы баяндады.
Әр бала суретте өз Отанына деген махаббатын және адамның құқықтарын көрсете білді.
Байқаудың нәтижесі бойынша 5 бала жүлделі орындарға ие болды: 1-орын – Сәдуақасов Марат, 11 жаста; 2-орын – Ермағамбетова Айзада, 13 жаста; Кембилова Мадина, 10 жаста; 3-орын – Сүлейменов Еламан, 11 жаста; Сартаева Индира, 8 жаста.
“SOS Астана Балалар ауылының” тәрбиеленушілеріне сыйлық ретінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысымен басып шығарылған «Мен нені білуім қажет!» бояуға арналған кітаптары берілді. Балалар Қазақстан Республикасының негізгі заңы туралы білімін толықтырып, көп қуат алды.

 

«Үздік тәрбиеші - 2009» байқауы

Талдықорған қаласында дарынды, шығармашылық тұрғыда жұмыс істейтін    тәрбиешілерді анықтау, олардың қиын да қызықты жұмыстарын насихаттау және марапаттау мақсатында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен 2009 жылдың 15 тамызында облыстық «Үздік тәрбиеші» байқауы өтті. Оған сәбилер, балалар үйлері және көмекші мектеп-интернат тәрбиешілері қатысты.
Байқауды  Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Самғат Долаев ашты.
Қатысушылар «өзін-өзі таныстыру», достық аясындағы тақырыпта тәрбие сағаты, «Мен айналысатын сүйікті іс», «Бала құқығы» атты шығарма жұмысы, ситуациялық жағдайлар бойынша сұрақ-жауап сындарынан өтті. Шара барысында «Тәрбиеші кім?» деген сұраққа жауап іздеген байқауға қатысушылар, ол өз елінің патриоты, актер, психолог, іскер, ізденімпаз жан, ең бастысы халықтың салт дәстүрін насихаттаушы екендігін танытты.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары С.Долаев бастаған әділқазылар алқасының құрамында педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент К.Оспанова, «Хабар» агенттігінің Талдықорған қаласындағы меншікті тілшісі Т.Мыңжасар, Қарасай ауданының отбасылық үлгідегі «Перзент» жекеменшік қайырымдылық балалар үйінің атқарушы директоры Ғ.Сапаров, Талдықорған қаласындағы нашар еститін және саңырау балаларға арналған облыстық мектеп-интернаты директорының орынбасары  Б.Юсупова болды. Осы әділқазылар алқасының шешімі бойынша бала жүрегіне жол таба білетін, әрі өзіндік өнерімен де ерекшеленген Талдықорған қаласындағы сәбилер үйінің тәрбиешісі Т.Ғұмарова 1-ші орынды еншілесе, «Айналайын» балалар үйінің тәрбиешісі М.Далбағаева 2-ші орынға, Жамбыл ауданы Қара-қастек ауылындағы сәбилер үйінің тәрбиешісі Г.Бақбер мен Талдықорған қаласындағы облыстық көмекші мектеп-интернатының тәрбиешісі Н.Каримова 3-ші орынға лайық деп танылды. Байқауға қатысушы алты тәрбиеші де бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.


«Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды қорғау саласында инновациялық әлеуметтік практикаларды дамытудың жолдары»
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды отбасына орналастыру – бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі.
Осы мақсатта 2009 жылғы 17 тамызда «Болашақ» университетінің мәжіліс залында «Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларды қорғау саласында инновациялық әлеуметтік практикаларды дамытудың жолдары» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті.
Аталған іс-шараға облыс әкімінің орынбасары М.Мұхамедов, «Нұр Отан» ХДП филиалының төрағасы Н.Құдайбергенов, Қызылорда облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары А.Мұхимов, жоғарғы оқу орындарының ректорлары, Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің, білім беру бөлімдерінің жауапты мамандары, жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының және мектеп-интернаттардың директорлары, патронаттық тәрбиешілер, ата-аналар комитетінің төрағалары (төрайымдары), қоғамдық инспекторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде Қызылорда облыстық Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры А.Қаржаубаев пен Қызылорда облысы білім басқармасының бастығы Ж.Жонтаева хабарлама жасап, тақырыптың өзектілігіне тоқталып, жиналған қауыммен ой бөлісті.
Сонымен қатар, №1 мектеп-интернатының директоры Ғ.Бекенов, жас жеткіншектерді әлеуметтік бейімдеу орталығының директоры З.Дүйсебаева, облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернаттың директоры О.Қуанышбаев, кәмелетке  толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталығының  басшысы Р.Анафина атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.
Жиында айтылған мәселелерге байланысты патронаттық тәрбиешілер өз проблемелары мен ойларын ортаға салды.
Қазіргі таңда, облыс бойынша 0-18 жас аралығындағы 254413 баланың 130842-і жалпы орта біліи беретін мектеп оқушылары. Олардың 459-ы жетім (0,3%), 760-ы (0,6%) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар. Барлық 1219 баланың 278-не патронаттық тәрбие, 941-не қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалған.
Сондай-ақ Қызылорда қаласындағы №1 облыстық жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатта бүгінде 106 бала тәрбиеленуде. Алдағы уақытта осы балаларды отбасыларға оранластыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл мәселені шешудің бір жолы тәрбие болып табылады. Патронаттық тәрбие ата ана қамқорлығынан айырылған балаларды қамқоршы орган мен баланы уақытша, қысқа мерзімде, кейде ұзақ мерзімді шара ретінде тәрбиелеуге алуға ниет білдірген  (патронатты тәрбиеші) тұлғаның арасындағы келісім-шарт негізінде отбасы тәрбиесіне берудің бір түрі.


«Жарқыл» ойынын жаңғырту
Көліктегі Батыс Ішкі істер департаменті облыста алғаш рет  бұрыннан ұмыт қалған «Жарқылды» жаңғырту  үшін тамыздың 16-сы  мен  20-сы аралығында   «Арай» әскери-патриоттық  ойынын  өткізді. Ойын  Ақтөбе қалалық  ішкі саясат   пен қалалық білім басқармасының,  прокуратура органдарының, Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, жаңа технологиялар және коммуникация колледжінің  көмегімен ұйымдастырылды.
Далалық-әскери ойынының жаңартылған жобасы   БАҚ арқылы  қоғамға  ұсынылды.
Осы іс-шараның  қатысушылары   «Бүркіт»  әскери-патриоттық клубы  және Алға қаласындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері  болды. 
Жиынды өткізудің негізгі мақсаты: жастарды белсенді спортпен және туризммен шұғылдандыру, салауатты өмір салтын насихаттау,  сонымен қатар жоғары моральдық, отансүйгіштік, рухани қасиеттерін  қалыптастыру, құқықтық, азаматтық  сезімдерін  дамыту.
Демалысты ұйымдастыру жасөспірімдерді салауатты өмір сүру үшін  көптеген жаман  қылықтардан  аулақ болуға  үйретеді.  
Ойын 3 кезеңнен  тұрды:  дайындық ( жергілікті зерттеу), командалық пункттің  орналасу жерін  барлау,  керуеннің еркін өтуін қамтамасыз ету үшін торуылды ұйымдастыру.
Соңғы  аяқтаушы сатының басты міндеті  штабты және туды басып алу.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан  халқына  жолдауында   жасөспірімдер арасындағы   қылмыс пен оны  болдырмаудың алдын алу  шараларына  баса назар аудару қажеттігі көрсетілген.  Барлық мемлекеттік мекемелер қызметінің басты мақсаты  жазалаушы  әдістер емес,  құқық бұзушылықтың алдын алу  және ескерту  болып табылады.
Сондықтан осындай іс – шараларды  өткізу арқылы бір ғана мақсат көзделіп отыр: әр түрлі алдын алу технологияларды  қолдана отырып  жасөспірімдер арасында  салауатты  өмір сүруді  насихаттау және түсіндіру,   жасөспірімдердің   қоғамдағы  жағымсыз көріністерге қарама қарсы тұруын нығайту. 

 


Облыстық Алға балалар үйінің «Ақбөбек» ғажайып лагеріндегі  бір күні
Алға балалар үйінде балалардың жазғы демалысы үшін барлық жағдай жасалған. Алға қаласына жақын Бестамақ ауылында «Ақбөбек» еңбек пен демалыс жазғы лагері орналасқан. «Ақбөбек» лагері бүкіл жаз бойы балаларды демалуға қабылдады.
Лагерь территориясында 13 корпус: 9 тұрғын корпусы, асхана, медициналық пункт, жазғы душы бар монша, клуб, лагерь штабы орналасқан. Біздің балалар айналасын орман қоршаған, қасынан Елек өзені өтетін, керемет және жайлы жерде демалып жатыр.
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қорғаншылық пен балаларға көмек көрсету бөлімі 2009 жылдың 20 тамызында ҚР Конститутция күні қарсаңында «Ақбөбек» лагерінде «Өз құқығыңды білесің бе?» атты тренингті өткізді. Бұл іс-шара балалардың мәдениетін дамыту, өз құқықтарын, денсаулығын сақтау құқығын, демалысы мен бос уақытына құқығын қорғау мен қадірлеу қабілетін қалыптастыру мақсатымен өткізілді.
Тренинг ақыл-ой шабуылы, жұпта жұмыс жасау, талқылауға арналған сұрақтар сияқты ерекше тапсырмалар үлкен қызығушылықпен шешілді. Топтық тапсырмаларды жас жеткіншектер шығармашылық құлшыныспен орындап, қызықты шешімдер мен жауаптар тауып отырды.
Балалармен әңгімелесе отырып, біз олардың жазғы демалыстан алған әсерлері туралы білдік.
Горецкая Тамара: «Өте қызықты өтті, өте жақсы әсер алдым. Ұмытылмас күндер өткіздік! Лагерде жақсы демалып, жаңа оқу жылын асыға күтудемін».
Бодягина Александра: «Демалысты көңілді өткіздік. Тек мектепке баратын кездің таяп қалғаны өкінішті-ақ. Жақсы демалғанымыз үшін тәрбиешілерімізге, жетекшілерімізге және тамақты дәмді пісіретін аспазшыларымызға да алғысымды айтам!».
Шакибаева Айман: «Жазды тамаша өткіздік. Біз көп суға шомылып, жағалауда құмнан қамалдар жасап, түрлі қызықты ойындар ойнадық. Лагердегі демалыс уақытында мен көп дос тауып, мен өзім үшін көптеген қызықты нәрселер аштым».
Түсқайта балалар әрбір топ өзін ең жақсы жағынан көрсетіп, спорттық сайыстарда жеңімпаз болуға тырысатын, жазғы сахнадағы жиындарды асыға күтті.  Табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында балалар бүкіл жазғы маусым бойына футбол мен волейбол сайыстарында көршілес лагерлердің командаларын бірнеше мәрте жеңді.   
Ғажайып лагерь мерекелерсіз болуы мүмкін емес еді. Бұл күні балалар «Туған күніңізбен!» атты мерекеге дайындалып жатты. Жас жеткіншектер өздері бірігіп мереке бағдарламасын құрып, ертегі кейіпкерлерімен көріністер қойып, ойын ойнап, би биледі. Айнала көңілді болып, қуанышқа бөленді.
Ал кешке балалар достық алауын алаулатты. Көпке дейін ән мен күй, шаттыққа толы бала күлкісі мен көңілді дауыстар естілді. Бұл күні бәрімізді де Балалық шақ, мейірімділік пен өзара түсіністік әлемі біріктірді.

 


Өз қолымен жасалған сыйлық
«Рудный қаласы әкімдігінің «Балбөбек бесігі» № 8 балалар бақшасы» МКҚК жоғарғы мектепке дейінгі жастағы балалары өздерінің тәрбиешілерімен және ата-аналарымен Балалар үйіне барды.
Кездесу әсерлі-жайлы қарым-қатынаста өтіп, балаға әлеуметтік ортада өмір сүруге және табысты іс-әрекет жасауға мүмкіндік беретін әлеуметтік-адамгершілікті жеке тұлға қалыптастыруға  мүмкіндік туғызды. 
Осындай іс-шаралар жетім балаларға қамқорлық көрсету қажеттігін білдіреді, мейірімділік, риясыз көмек көрсету, кішіпейілдік, махаббат және айналасындағыларға қамқорлы болу сезімдеріне балаларды тәрбиелейді. Осылардың бәрін балалардың кездесуден алған әсерлері растайды:
Лера: Өмірде отбасылары жоқ балалар бар. Олар балалар үйінде өмір сүреді. Олардың  көздері мұңға толы, өйткені оларға анасыз өте жабырқаңқы.
Біздің тәрбиешілеріміз бізге осы балалар туралы, оларға қамқорлық пен ықылас жетіспейтіндігі туралы айтып берді. Сондықтан біз олармен достасқымыз келді.  Сыйлықтарды өз қолдарымызбен жасап, оларға қонаққа бардық. Балалар біздің сыйлықтарымызға өте риза болды. Біз олармен көп ойнадық, әңгімелестік, күлдік. Бәрімізге өте көңілді болды. Біз жаңа достарымызбен жиі кездесуді ұйғардық.
Геля: Біз ата-анамызға өзіміздің жаңа достарымыз туралы айтып бергенде, олар да осы балаларды қамқорлыққа алатын болып келісті.
Камила: Ата-аналарымызбен бірге біз балалар үйіндегі жаңа достарымызға көптеген қызықты кітаптар мен ойыншықтар жинап, сыйға тарттық.
Миша: Біз оларға концерт қойып береміз, ертегілер көрсетеміз, бірге шай ішеміз.
Мерекелер – бұл Рудныйдың балалар үйіндегі жарқын өмір күндерінің бірі. Мұнда қонақтарды әрқашан қуана қарсы алады, өйткені бұл балалар үшін қандай да болмасын қамқорлық өте қымбат. Бүгінгі таңда да  тәрбиеленушілер жаңа концерттік бағдарламаны ойластыруда, оған әлі де көптеген жаңа достар жиналатынына үміттенеді. 

  


«Өзіне жол» атты психологиялық тренингі

Адамды тану үшін оны жақсы көру қажет
Л.Н. Толстой

Ата-аналарының қамқорлығынан айрылған балалар әлеуметте бейімделу үшін жеке ерекшеліктер қиындықтар қатарын туғызады. Олардың көпшілігінде жоғары тынышсыздық, эмоциональдық тұрақсыздық, агрессияшылдық, негативтік, конформистік сияқты жеке сипаттары байқалады. Бұл сипаттар баланың жеке табиғатына қарама-қайшылықта тұруына байланысты, өмірлік маңызды шешімдерді қабылдауға, болашақты болжауға қабілетсіздікпен жүретін тәртіптік ауытқулар мен дезадаптацияның түрлі топтарында орын алатын жекеішілк дау-жанжалдың шиеленісуі мен пайда болуына әкеліп соқтырады. Ол ерекше психологиялық шешімді қажет ететін өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Баланың кейбір жекелік мәселелері ашлмағанша және шешілмегенше, оның әлеуметтік бейімделуінде ешқандай табыс болмайды. Үркеніш, ренжулер, күйзелістер баланың психикасының дамуын тежейді. Психологиялық тренингтің жағдайы зақымданған оқиғаны қайтадан қалпына келтіру және одан қалай шығу амалын іздестіруге көмектеседі.
Осы жылдың 25 маусымында Ақкөл балалар үйінде балалар үйі тәрбиеленушіреімен бірге психологиялық тренинг өткізілді. Балалар үйінің тәрбиеленушілері - ерекше балалар. Көбінесе балалар үйінде қонақтарды жақсы көреді, барлығына ашық, және барлығымен тіл табысып кетеді, сондықтан олар біздің келуімізге қосарлы қуанышта болды. Психологиялық трениг жас ерекшеліктер тобына сәйкес өткізілді.
Тренинг мақсаты: Жалпы оқу жағдайын жасау, топты жасаушы процеске қосу. Әрбір қатысушыларда жеке ресурстарды қалыптастыруға жағдайлар жасау, эмоциональдық күйзелісті алу, «Мен - концепция» позитивін қалыптастыру. Тренигті Ақмола облысы балалрдың құқықтарын қорғау департаментінің адамды өнегелі-рухани дамыту бөлімінің жетекші маманы Ж.Ж. Есмағамбетов жасап, өткізді.
Тренигті өткізу барысында әрбір қатысушы өзінің жас ерекшеліктерін көрсете білді. Балалар қызықпен естіп, бақылап, жаттығуларды орындады. Біз міңез ерекшелігі не екені туралы айтып өттік. Қажеттілік? Мотивтер? Өзінді қалай тануға болады, білгеннен кейін өзгерту? Қалай өзінді жақсыға үйретіп, жаманнан жиренуге болады? – Осылар және т.б. қызықтырған сұрақтар осы тренингте қарастырылды. Тренингте адамның өмірінде жиірек кездесетін және теренірек түсінуге, алынған білімді қолдануға көптеген нақты мысалдар мен жағдайлар келтірілді.  Ойындар «қарым-қатынас жағдайына», ашық деңгейі, сенімге, эмоциональдық бостандыққа, топтағы бірігуге бағытталған. Тәрбиеленушілер міңез ерекшеліктері, сенімділік, ұялшақты қалай женуге болатыны жайлы сұрақтар қойды.

Өткізілген тренинг соңында қатысушылар арасындағы қарым-қатынастың өзгергенін балалар мен үлкендер анғарды: топта қатысуға қажеттілік, жалпы мақсаттарды орындауда қарым-қатынас жасау, өзіндік сезімдерді білдіруге мүмкіншіліктерді кеңейту, топ қатысушылары арасындағы ұнатуды қалыптастыру.  Болжанған психологиялық оқу-тренингтің нәтижесі толық орындалды. Топжасаушы процестер де қатысты. Оқу соңында балалардың айту-асоциациясы бойынша осы іс-шараны позитивті деп таныды. «Тыныш храмы» релаксациондық жаттығу шындығында да орталықты болды. Іс-шара соңында бір-бірімізді жақсы жұмыс үшін өз ризашылықтарын білдірді.   

 


Жақсы дәстүр
Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Қарағанды қаласының К.С.Станислав атындағы орыс драма театрымен бірге жетім балалар мен өмірде қиын жағдайға душар болған балалар үшін дәстүрлі мәдени қайрымдылық акциясын өткізді.
Шілденің әр жексенбі сайын С.Сейфулин атындағы қазақ драма театрының жаңа ғимаратында (облыстың тұрмыс жағдайы төмен отбасылары мен «Березка», «Байтерек» шипай жайындағы балалар және «Жасөспірім мен балаларды әлеуметтік-психологиялық оңалту орталығы» ММ балалары үшін) «Қасқыр және үш торай», «Торай бағушы», «Емеленоның бақыты», «Бағдаршам кімді жақсы көреді», «Бразилия қазынасы» атты ертегілер қойлымы көрсетілді.
Балалар ертегілерді көріп мәз-мейрам болып қалды. Олардың ішінде театрды бірінші рет көрген балақайлар да болды. Осы күн олар үшін мереке шаттық күнге толды. Бұл шара балалардың жан-жақты дамуына үлкен себебін тигізеді.


Алматы облысында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша  атқарылып жатқан іс-шаралар жетерлік. Соның бір дәлелі, 2009 жылдың 13 шілдесінде Қаратал ауданы Үштөбе қаласында Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті мен «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК бірлесіп, «Салауатты өмір салты – жақсы әдет» акциясы аясында Үштөбе қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында «Таңдауың өз қолыңда!» атты мәдени-спорттық шара өткізді. Бұл шараның мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды қылықтардың алдын алу және балалардың жазғы демалысты тиімді өткізуін ұйымдастыру болып табылады.
Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бас маманы Л.Көнекбаева, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Г.Естібаева, «Жетісу жастары» жастар орталығы» МКҚК директорының орынбасары Г.Жармұхамедова, «Алматы облысының ата-аналар комитеті» және «Мүшелтой» балалар және жасөспірімдер клубы» қоғамдық бірлестіктерінің жетекшісі Д.Қыдырбаева, Үштөбе қаласы балалар үйінің директоры Ғ.Диханбаев өз сөздерінде жиналғандарға халық арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау қажеттілігі, әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында зиянды қылықтардан аулақ болуды үйретудің маңызын ерекше атап өтті. Балаларға немқұрайлы қарамауға үндеді. Нашақорлыққа қарсы және салауатты өмір салтын қалптастыруға бағытталған акция біржолғы шара болмай, күнделікті өмірде жалғасын табатынына сенім білдірді.
Үштөбе қаласы балалар үйі тәрбиеленушілерінің 4 командасы арасында мини-футболдан жарыс ұйымдастырылды. «Мүшелтой» балалар және жасөспірімдер клубы» қоғамдық бірлестігі мүшелері жиналған көрермендерге «Бақытты балалық шақ» атты концерттік бағдарламасын ұсынды.
Ойынның қорытындысы бойынша  «Ең жас ойыншы» номинациясы бойынша Шинкоренко Валентин, «Ең үздік жартылай қорғаушы» номинациясы бойынша Бабаян Николай, «Ең үздік қақпашы» номинациясы бойынша Орысбай Ғалым грамоталармен марапатталды. 3 орынға «Болашақ», 2 орынға «Бірлік», 1 орынға «Өркен» командалары ие болып, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
 


Зафар атты «ханзада»
Атырау қаласында өткен Қазақстанның ұлттық сән және дарынды балаларының фестивалінде Қостанай облыстық балалар үйінің тәрбиеленушісі Зафар Брышев «Гран-при» жүлдесіне ие болып, Болгарияда өтетін «Әлемнің кішкентай мисс пен мистері» атты халықаралық фестивалінде Қазақстан намысын қорғайды.
Республикалық фестивальге қатысу үшін балалар төрт нөмір дайындаған: бал, ұлттық би, өз елін және ұлттық киімді үш тілде таныстыру. Байқауда 7 ұл бала қатысты, солардың ішінде төртеуі – балалар үйінің тәрбиеленушілері. Сонымен қатар, ең үздік ұлттық киім номинациясында Зафар жеңіске жетіп, «Қазақстанның фотомоделі-2009» атанды және балдың ханзадасы болып сайланды.
Поезбен сапарға шығу, жеңімпаздардың қаланың ішінде лимузинмен серуендеуі Зафардың есінен кетпейтін әсер қалдырды, сондай-ақ Қазақстанның өзге де балалар үйлерінен көптеген достармен табысты.
Қазір Зафар Брышев халықаралық байқауға дайындалуда және өзінің алдағы жеңісіне сенеді.
Біз бәріміз Зафарға Сәт сапар тілейміз!


Біздің мақтанышымыз бен үмітіміз!
2009 жылдың маусым айының 26-29 күндері Қостанай облысының Рудный қаласында 1992 – 1993 жылы туылған жасөспірім қыздар арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өтті. Бұл жарысқа Қазақстанның 12 облысынан 240 қыз бала қатысты.
Ақтөбе облысынан  20 балғын палуан қыздар барды. Солардың ішінен облыстық Алға балалар үйінің тәрбиеленушісі Екатерина Попова жарыста бағын сынады. Алға балалар үйінде спортқа құмар ұлдар мен қыздар аз емес. Балалар үйінің тәрбиеленушілері өз ұстаздарын спорт алаңындағы биік жетістіктерімен және табыстарымен қуантуда. Катя еркін күреспен екі жылдан бері шұғылданады, оны жаттықтырып жүрген СССР спорт шебері Е. Т. Карабалин. Жас спортшы республикалық және облыстық сайыстарға үнемі қатысады. Катя әрдайым жүлделі оралады және оның алған I мен II орындары осының куәсі. 
Қазақстан чемпионатында Катя жаттықтырушысының сенімін ақтап, облыстық Алға балалар үйінің беделін түсірмей келді.
Жартылай финалға өту үшін Катя Петропавлдық Ж.. Елеукинамен белдесіп, 45 секундтта таза жеңіске жетсе, 2-ші айналымда Қарағандылық В.Макарихинаны  2-ші кезекте жеңді. Ал Талдықорғандық Ш.Батырбекпен күресте 6:4 есебімен басым түсіп, финалға шықты.
Ақтық сайыста Қарағандылық Қазақстан қыздар құрама командасының I нөмірлі палуаны Александра Подгорбунскаямен белдесті. Катяның айтуы бойынша: «Бұл белдесу мен үшін аса қиын болған жоқ, мен Жеңіске ұмтылып, ақыры оған жеттім!».
Ел чемпионатынан Попова Екатерина жаңа әсерлерге толы болып оралды. Оның айтуы бойынша бұл чемпионат оған кәсіби өсу жағынан көп нәрсе беріп, өз мүмкіндіктерін бағалап және, ең бастысы, өз жеңісіне сенуге көмектесті. Сонымен бірге осы чемпионатта Катя жаңа достар кездестірді.
Келесі спорттық кезең Индияның Нью-Дели қаласында 2009 жылғы 29 шілдеден 3 тамызға дейін өтеді, онда Екатерина Қазақстан құрамасының құрамында қатысатын болады.


Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2009 жылы маусымның 24-25 аралығында Ақкөл ауданында нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шараны өткізу туралы
24 маусымда балалардың құқықтарын қорғау департаменті нашақорлыққа қарсы күрес бойынша айлық іс-шараның ведомствоаралық жоспары шеңберінде «Юность» балалар  емдеу-сауықтыру орталығында «Нашақорлық жайындағы ақиқат» диалогтық аланын өткізді. Диалогтық алан жұмысына 60 балалар қатысты, оның ішінде 14-  КТА есептегілер. Сонымен қатар жасөспірімдерде әлеуметтік қоршаудың негативті әсер етуіне қарсылықты қалыптастыру, салауатты өмір салтын құруға жағдай жасау мақсатында, 17 балалар үшін психологиялық тренинг өткізілді.
Ақкөл қаласының №3 орта мектебінде «Махаббат сабағы» бейнефильмді көрсетумен,  қаланың ата-аналық және педагогикалық жұртшылығының кездесуі өтті. Ол бейнефильм ешкімді де тыс қалдырған жоқ, ол ата-аналар сияқты балалардың өнегелі-рухани тәрбиеге деген қажеттілігін тағы да дәлелдеді, адамның өнегелі-рухани байлығына бағыттады, сұлулық сезімін тәрбиелеп, өскелен ұрпақты тәрбиелеуге шақырды. Кездесудің мақсаты - отбасы басымдылық идеологиясын насихаттау, ұлттық, мәдени, аймақтық ерекшеліктеріне қарамастан барлық отбасыларды құрметтеу және қорғау. 80 адамды қамтыды. Департамент директоры Н.Замолоцких департамент жұмысының негізгі бағыттары жайлы, ең біріншіден қарым-қатынасқа, қолдауға бағытталғандығы жайында айтып сөз сөйледі. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға «Балалар  ата-аналарға» ескерткіштері табыс етілді.
25 маусымда Ақкөл балалар үйінде департамент директоры Н.Замолоцких «Незримая война» бейнефильмін көрсетумен, «Мен өмірді тандаймын» әңгімесін өткізді. Оған балалар үйінің 10 тәрбиеленушілері қатысты. Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне нашақорлыққа теріс қарым-қатынасты қалыптастыру, түсінушілікке үйретуге шақыру, нашақорлықтың теріс әсерін ұғындыру мақсатында, департамент психологы Ж.Есмағамбетов 3 жастық топ арасында (7,8,9 сыныптар) психологиялық ойын-тренингтер өткізді, ол 50 адамды қамтыды.


2009 жылы 24 маусым күні Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұсынысымен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және демалыстың өту барысын байқау мақсатында кәмелет жасқа толмаған балалар Панасында тәрбиешілер арасында спорттық жарыс өткізілді.
Аталған спорттық байқаудың өткізілу мақсаты - адамның жеке басының дамуы мен белсенділік ерекшелігін тану, шығармашылық әсемділікке жету, достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Спорттық жарыста тәрбиешілер бәсекесі өте қызықты өтіп, ал балалар өз тәрбиешілері үшін жанкүйерлік танытты.
Спорттық жарыс Пана мекемесінің негізгі алаңында өтті.
Балалар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары іс-шараның ұйымдастыруына белсенді қатысты.
Спорттық жарыста “Мықтылар” және “Алғырлар” атты топтарға бөлініп белсенділік танытты. Топтар елсіз аралда кездескен қиындықтарды жеңіп шықты.
Жарысқа қатысушы топтар елсіз аралда шытырман оқиғаларға тап болып, аралда Кемеге кездесіп жағаға шықты.
Жеңіске жеткен топтар “Нағыз шебер топ” және “Ең ұйымшыл топ” болып бағаланып сыйлықтармен марапатталды.


Оқушылардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру үшін  және бірінші кезекте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы, тұрмыс деңгейі төмен отбасы балаларының жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Алматы облысы әкімінің 2009 жылдың 13 мамырында №94  «Көкжазық» ауылында орналасқан «Балдырған» жазғы сауықтыру және демалу лагеріне орналастырылды. Балалардың қауіпсіздігі үшін тынығу аймағында барлық шара қатаң қадағаланады. қаулысы шықты. Осыған орай, Талдықорған қаласында орналасқан облыстық «Айналайын» балалар үйінің тәрбиеленушілері.
2009 жылдың 19 маусымында «Балдырған» жазғы сауықтыру және демалу лагерінің салтанатты ашылу рәсімі өткізілді. Балалар «Көңілді балалар», «Тату балалар», «Сарбаздар», «Көңілді қыздар», «Жас өрендер», «Қырандар» топтарына бөлініп салтанатты түрде лагердің антын қабылдады. Лагер басшысына рапорт берді. Әр топ сапта жүруден сайыс өткізіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды. «Айналайын» балалар үйінің «Пана» театры «Алтын сақа», «Кешірімді бала-кішіпейіл бала» тақырыптарында дайындаған сахналық қойылымдарын көрсетіп, адамгершілік тәрбиенің құндылықтарын айқындап берді.  «Кешірімді бала-кішіпейіл бала» қойылымында кешірім-сыпайылық белгісі, татулықтың негізі екендігі жайында айтылып, кешірімді болудың  пайдасы зор екеніне тоқталды.


Ақмола облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2009 ж. 10 маусымында «Репродуктивті құқық, репродуктивті денсаулық 007» атты іс-шарасын, Жастар ресурстық орталығымен бірігіп, Степногорск  балалар үйінде өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты - балалардың нашақорлық пен ЖҚТБ проблемалары жөнінде ақпараттылығын арттыру және салауатты өмір сүруді насихаттау. Баларларға денсаулық тақырыбында анимациалық фильмдер көрсетілді. Ұйымдастырушылар балаларды үш топқа бөліп, «Танысайық» атты тренинг өткізді. ЖҚТБ орталығының қызметкерлері, валеолог, психолог, балалармен салауатты өмір салты тақырыбында әңгіме өткізді. Балалардың түрлі сұрақтарына жауап берілді.
Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері іс-шараны  валеодискотекасын өткізуімен аяқтады. Соңында балаларға конкурсқа қатысқандары үшін сыйлықтар берілді.

 


Өмірге үміт берген кездесу
БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті жұмысының нәтижесінде және Жәнібек ауданының білім беру бөлімінің көмегімен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №15 мектеп-интернатының түлегі, №12 КЛ-дің оқушысы Асхат Бірімжаровтың БҚО-ның Бөкей Ордасы ауданында тұрып жатқан бауырлары табылып, 2009 жылдың 10 маусымында олармен кездесу ұйымдастырылды.
Осы күні Асхат өзінің жаңадан тапқан бауырларымен бірге 2000 жылдан бері көрмеген Көшім балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінде тәрбиеленіп жатырған туған інісі Мұратпен де кездесті.
Туған бауырын іздеп келген қонақтарға Көшім балалар әлеуметтік мекемесі концерттік бағдарлама дайындады. Балалардың туысқандарынан қалай айырылғандықтары туралы әсерлі әңгіме осы кездесуге қатысқандарды қатты толғандырды. Кездесу сәті Қазақстан-Орал телеарнасының «Из жизни» бағдарламасына түсірілді. Өмірде сирек кездесетін оқиға жұртшылықтың назарына ұсынылатын болады.
Біраз жылдан кейін бір-бірін іздеп табуға, кездесуге мүмкіндік жасаған №15 мектеп-интернатының, №12 кәсіптік лицей және Көшім балалар әлеуметтік мекемесінің, БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұжымына балалар және олардың туғандары өздерінің зор қуаныштарын білдіріп, алғыстарын айтып жатты.   

 


2009 жылдың 1 маусым күні Төлеби аудандық № 2 балалар үйінде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні байланысты балалар үйінің ауласы түрлі-түсті жалаулармен безендіріліп, нақыл сөздер, әртүрлі шарлар ілініп балалар үйінің тәрбиеленушілерінің дайындаған концерттік бағдарламасы өздерінің акт залында қойылып, мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік іс-шараны №2 балалар үйінің директоры ашып, келген қонақтар балаларды және балалар үйінің ұжымын құттықтап өздерінің алып келген сый-сияпаттарын табыс етті және №6506 әскери бөлім жауынгерлері әскери патриоттық спорттық қойылымдарын, №38 орта мектеп оқушылары концерттік бағдарламаларын балалар үйіне және келген қонақтарға тарту етті.
Медициналық колледж – 30 000 мың теңге;
№6506 әскери бөлімі - спорттық  ойыншықтар, балмұздақтар;
Диагностикалық орталық – 315 000 мың теңге қаражат;
«Шымкент май» ЖШС - 100 000 мың теңге қаражат;
«Айту би» фирмасы – 6 дана телевизор 6 дана дивиди;
Аталған іс-шара қызықты әрі көңілді өтті.
2009 жылдың 1маусымында «Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар үйінде 1 маусым, Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Балалар үйінің ауласы мерекеге байланысты салтанатты безендірілген. Балалар өздері дайындаған концерттік бағдарламасын қонақтарға тарту етіп ұсынды. Мерекеге шақырылған қонақтар балаларды құттықтап, сыйлақтарын тапсырды.
Ауыл әкімі Қаратай Нұрполат Ақтайұлы 66 балмұздақ, 6 торт.
Жеке кәсіпкер Сағындықов Сиқымбай  81 диогоналды түрлі-түсті теледидар.
Жеке кәсіпкер Меденов Серік 25000 тенге (жиырма бес мың)  балаларға сыйлады
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Т.Тәжібаев атындағы №1 Арыс балалар үйінде мерекелік іс-шара болып өтті. Балалар үйінің ауласы шарлармен, нақыл сөздермен, түрлі-түсті жалаулармен безендіріліп, тәрбиеленушілердің қолөнерінен ұйымдастырылған көрме мерекеге әсем көрік беріп, «Жас дәурен» атты концерттік бағдарлама мерейлі күнді жандандыра түсті.  Мерекелік іс-шараны балалар үйінің директоры Гүлжан Тәжіқызы ашып, сөз кезегі Арыс қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қанат Сыдықовқа берілді. Ол балаларға ізгі тілегін айтып, өз тарапынан теледидар сыйлады.
Балалардың мерекені үлкен дайындықпен тағатсыздана күткендігі байқалады. Балалар үйінің өнерлі мың бұралған бишілері мен күміс көмей әншілері қонақтарға барынша өз өнерлерін көрсетуден тайынбады. Әр түрлі ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астына жиналған сахналық қойылымдары көңілге жылу ұялатты. Балаларға мерекелік көңіл сыйлау мақсатында балалар үйінің қамқоршысы «Халықтар достығы» университетінің президенті Қуатбеков  Әбдімұса музыкалық аппаратура, сондай-ақ жылма-жыл демеушілік ететін «Алтын құм» АҚ-ның директоры Әбіш Ерімбетов 1 жанұялық топқа диван, кресло; спорт мектебінің директоры Айдаров Оразхан спорттық бұйымдар; құқық қорғау органдары үлкен теледидар табыс етіп жатты. Мерекеге өздерінің ән шашуын алып келген Әмзеевтер отбасы  бүлдіршіндерге балмұздақ таратып, олардың қуанышына бөленді. Балалар үйінің ертеңгі тағдыры алаңдатар азаматтардың бірі - ЛОВД бастығы Сыздықов Ғалымжан құрылыс материалдарын тарту етті.
Мереке соңында оқу жылының ең үздік, дарынды тәрбиешілері алғыс хаттармен марапатталып, бейбітшіліктің белгісі ретінде көк аспанға ақ көгершіндер ұшырылды


Сайрамдағы балаларға арналған мереке, берекеге ұласты
2009 жылдың 1 маусымында Сайрам  ауданы, Сайрам ауылындағы  ОҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілі Ш.Өтеп те балаларды құттықтап, «Әдет - ғұрпымыз қанатымыз» атты аудандық сурет байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаздарын марапаттауға қатысып, сыйлықтар тапсырды. Мереке барысында Сайрам №4 балалар үйінің «Балдәурен» би тобы, З.Хусанов атындағы орта мектептің оқушыларының хоры, №1 Саремий атындағы көпсалалы орта мектептің «Наурыз» бишілер тобы, Әл-Фарабий атындағы орта мектептің «Бәйшешек» қыздар-бишілер тобы көрермендерге өз өнерлерін көрсетіп, балалардың қошеметіне бөленді. Сайрам ауылының әкімі Х.Ахметханов осы мерекелік іс-шараны ұйымдастыруға көмек берген, 14 мектепке  түрлі-түсті телевизор, 16 балаға дискілік бейне магнитафондар және 36 мүгедек балаларға қаражаттай көмек берген үлгі тұтарлық демеушілерге, атап айтқанда: облыс бойынша «Республика» зейнетақы қорының президенті Б.Бекбердиевке және Сайрам ауылынан шыққан бизнесс өкілдеріне: И.Базарбаев, Р.Шамшиметов, Ш.Усманов, Э.Юлдашев, Р.Юнусметов, М.Маккамбаев, А.Абулкасимов, Р.Балташиқов, М.Эшметов пен О.Умаровтарға  халықтың атынан үлкен алғысын білдірді.
«Қазақстан» тойханасында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шараға аудандағы жетім, жартылай жетім, мүгедек, аз қамтылған отбасы балалары және аудан мектептерінің үздік оқушылары, барлығы 1200 балаға дастархан жайылып, мерекелік концерттер қойылды. Бұл игі іс-шараға ҚР Парламент мәжілісінің депутаты С.Ибрагимов пен аудан әкімі М.Әлиевтер бастаған бір топ азаматтар қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, балаларға арналған өздерінің сый-сыяпаттарын жасады.
Сонымен бірге №4 Сайрам балалар үйі Халықаралық балаларды қорғау күніне байланысты ауласын толықтай безендірген. Балалардың білімге деген, елге деген махаббатын оятуға түрлі қанатты сөздер ілінген. Мерекелік іс-шара балалар үйінің мәжіліс залында  ұйымдастырылды. Мерекеге  концерттік бағдарлама даярланып, келген қонақтардың көңілінен шықты. Жиынды №4 Сайрам балалар үйінің директоры  Абдукадырова Ханумбуви Мирахмедовна өзінің құтықтау сөзімен ашып, келген қонақтарға жылы лебізін, өзінің атынан және балалардың атынан үлкен рахметін білдіріп, алғысын жаудырды. Сонымен қатар балалар үйінде атқарылып жатқан және алда жобаланып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Жиынға облыстық мәслихаттың хатшысы, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, Сайрам аудандық «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары, Білім басқармасының мамандары және көптеген демеушілер қатысты. «Петро Казахстан» компаниясы балалар үйі жатақханасының бірінші қабатын жөндеуге және жұмсақ  жиһазбен қамтамасыз ету үшін 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңге қаржы бөлген. Сайрам ауданының әкімі Мұхит Әлінің атынан орынбасары теледидармен және балалар үйіне «Алғыс хатпен»  марапаттады. Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі екі шаң сорғаш, жұмсақ ойыншықтар. Облыс әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және демографиялық отбасы саясаты комиссиясы «Sony» музыкалық орталық сыйға тартты. Департамент мамандары өздерінің ыстық ықыластарын, жүректен шыққан лебіздерін білдіре келе, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевтың балаларға арналған құтықтау сөздерін  жеткізді. Жиынның бағдарламасы бойынша қонақтарға кезегімен сөз беріліп, қонақтарға балалардың қолдан жасалған бұйымдарын естелік үшін табыс етті. Қонақтар балаларға, ұжымға ризашылықтарын білдіріп, тарқасты.


Балаларға қуаныш сыйла!
28-29 мамырда «Қазақстан - біз сенің балаларыңбыз! Біз - жаңа әлемде өмір сүреміз!» ұранымен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған №15 көмекші мектеп-интернатында және «Жас дәурен» балалар кешенінде Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Балаларға қуаныш сыйлайық!» атты акция ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты - жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға мереке мен қуаныш сыйлау, өмірге деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік қасиеттерін өнер арқылы дамытуға мүмкіндік жасау. Шараға БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті, Теректі және Сырым  аудандары әкімділігі, аудандық білім беру бөлімдерінің мамандары қатысып, балаларға өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті директорының орынбасары Р.Кубейсинова мен басқа да қатысқан мекемелер басшылары  құттықтау сөздерінде осы балаларға өздерінің тарапынан әрқашан қолдау жасайтынын және олар әрдайым мемлекет назарында екендігін айтты.
Шара соңында балалар әдебиеті сыйға тартылып, аудан өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасы тамашаланды.
Балалардың бақытты ажары, ұйымдастырушыларға айтып жатқан ризашылықтары - тағы бір балаларға сыйлаған қуанышты сәттің бірі болды.

 


29 мамыр күні Жаңа Майқұдықтың мәдениет үйінде даму мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін балалар үйінің 75-жылдық мерейтойы болды.
Балалар үйінің тарихы 1934 жылдан басталған еді. 1985 жылы балалар үйіне аты берілді. 2001 жылы Н.К.Крупская атындағы балалар үйі даму мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін балалар үйіне ауыстырылды.
Жас ұрпақтың зияткерлік мүмкіндігін, адамгершілік қалыптастыруда балалар үйінің ұстаздарының еңбегін бағалау қиын. Бұл деген игілікті іс: балаларда жақсылыққа, қайырымдылық пен әділдікке, адамгершіліктің ең құнды дүниелерін игеруге, баланың бойынан дүниенің кереметтерін, сұлулық пен әсемділікті ашуға деген сенімді оятады.
Мерейтойдың иелерін құттықтауға: Мәжіліс депутаты Тенекеев М., Облыстық білім беру басқармасының, Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, Қарағанды облысы бойынша кеден басқармасының, Октябрь ауданың кәсіподақ қызметкерлерінің өкілдері, балалар үйінің бұрынғы түлектері, балалар үйінің директоры және облыстың арнайы мектеп-интернаттарының өкілдері келді.
5451 әскери бөлімшесінің өкілі жас қазақстандықтарды тәрбиелеу ісіндегілерге жаңа шығармашылық табыс, шыдамдылық пен қажымас қайрат, денсаулық тіледі.
Өздерінің үнемі қамқоршылары болып жүрген Қазақмыс, «220 V» зор қошаметпен қарсы алды.
Балаллар сүйікті қонақтары «Гуллливер-2» ЖШС, «Қарағанды кәпиттері», «АЙЗА» ЖШС және олардың тәттілерін ерекше қуанышпен қарсы алды.
Облыс әкімі Н.З.Нығматуллин балаларды Халықаралық балаларды қорғау күнімен және мерейтойларымен құттықтап, автобусты сыйға тартты.
Сыйлық тізімі шексіз мысалға: электржылытқыш, теледидар, DVD, ойыншықтар, карнавал киімдерін алуға қаржылай көмек.
Балалардың жүрегі үлкендердің ерекше көңіліне риза болды.
Балаллардың құқытарын қорғау департаментінен және білім беру басқармасының ұйымынан балалар үйінің ұжымына алғыс хаттар берілді, мақтау грамотасы және мүмкіншілігі шектеулі балалармен жұмыс бойынша және балалардың құқытарын қорғау бойынша жаңа әдістемелік әдебиеттер сыйға тартылды.
Алғыстарын балалар үйінің тәрбиленушілері концерттік бағдарлама арқылы білдірді.

 


«Ең үздік отбасы үлгісіндегі балалар үйі»
Отбасы-адам қоғамындағы негізгі институттардың бірі. «Балапан қыран болып, оны самғатып ұшырту үшін, ата да қыран болу керек» деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған ұлтымыз. Сондықтан да біз балаларға қолымыздан келген барлық жағдайларды жасап, олардың білім алып, тәрбие алып өз таңдауларын жасауға мүмкіндік жасауымыз керек. Себебі бала біздің болашағымыз.
Осыған байланысты Ақтөбе облысында алғашқы рет балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2009 жылдың 27 ақпан мен 21 мамыр аралығында отбасы үлгісіндегі балалар үйінің арасында «Ең үздік отбасы үлгісіндегі балалар үйі» сайысын өткізді. Ал 21 мамыр күні   қалалық оқушылар сарайында   осы сайыстың қорытынды творчетволық жабылу кеші болып өтті.
Біздің облысымызда 4 отбасы үлгісіндегі балалар үйі бар, оның ішінде 3-уі мемлекеттік, 1 – жеке балалар үйі.  Қазіргі уақытта осы 4 отбасы үлгісіндегі балалар үйінде  37 бала тәрбиеленіп жатыр.
Сайысқа  отбасы үлгісіндегі Қобда , Темір, Хромтау балалар үйлері қатысты. Сайыс  негізгі 3 кезеңнен  тұрды: бейнематериалды жинақтау, фотоальбом және балалар үйінің басшылары өз  іс-тәжірибелерінен эссе жазды.
Сайысты әділқазылар алқасының төрайымы, Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры Айдарханова Күлпаршын Алпысбайқызы:  «мамыр айының тамылжыған күнінде бәріңізге қуаныш, балаларымыз үшін мақтаныш, үлкендерге құрмет, денсаулық және бақыт тілеймін. Әр отбасында әрқашан да БЕЙБІТШІЛІК,ЖАҚСЫЛЫҚ және СҮЙІСПЕНШІЛІК орнасын» - деп ыстық ықыласы мен жылы тілегін білдірумен басталды.

Сайысқа қатынасушылардың  көрсетілімдері қалалақ оқушылар үйінің  «Арлекин» жас артистер театрының концерттік номерлерімен жалғасты. Сайысқа дайындық және сайыстың өткізілуі барысында тәрбиеленушілер өздеріне сенімді болды.

Темір отбасы үлгісіндегі балалар үйі

Қобда отбасы үлгісіндегі балалар үйі

Сайыс қорытындысы бойынша Хромтау отбасы үлгісіндегі балалар үйі «Ең үздік отбасы» атағына ие болып, телевизорды ұтып алды. Ал Темір отбасы үлгісіндегі балалар үйі «Тіл жанашыры» номинациясына ие болып музыкалық орталық сыйлығына ие болды. Қобдас отбасы үлгісіндегі балалар үйі «Өнерлі отбасы» номинациясына ие болып, қысқа толқынды пеш сыйлығын алды.
Сонымен қатар ең үздік балаларға да сыйлықтар үлестірілді. Мыц Аленаға ұялы телефонға ие болса, ал ең кішкентай қатысушы Бекзатқа попугай құсы берілді.

Сайыста балалардың өнеріңе тәнтті болып, демеушілік жасап, қолдау көрсеткен   Ақтөбе медициналық колледжі (директоры В.Н.Югай), Ақтөбе жаңа технологиялар, коммуникация және транспорт колледжі (директор Тышканбаев С.А), Ақтөбе музыкалық колледжі,  Ақтөбе мұнай-газ колледжі (директор Плаван Ю.В), «Нұр» университетінің  мұғалімі Гүлнар Адилшина, М.Садыков,  Р.В.Ким сияқты жеке кәсіпкерлер және  «Рика ТВ» телекомпаниясы болды.
Сайыстың жабылуынан кейін  тәрбиеленушілер «Дастархан» кафесінде түскі асқа барып, үлкен түстік үстел басында  отбасы  туралы өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Мереке «Локомотив» кинотеатрында  «Люди икс» фантастикалық фильмін көрумен және балмұздақ сыйлаумен аяқталды.Осындай қызықты оқиғаға толы күн болса да, балалар бір- бірлерімен қоштасқысы келмеді.


Өнер арқылы әлеуметтендіру
«Бала тұлғасын эстетикалық тәрбие арқылы әлеуметтендіру» жобасы шеңберінде 15 мамыр күні БҚО Балалардың құқықтарын қорғау департаменті Зеленов ауданы Январцево ауылындағы балалар үйі мен Орал қаласының №1  балалар саз мектебінің тәрбиеленушілерімен тақырыпты кездесу өтті.
Кездесу мақсаты - жұмыстың белсенді әдістері мен түрлері арқылы саз өнерінің маңызды компоненттерімен балалар үйінің тәрбиеленушілерін таныстыру және балалардың өзін-өзі тану үрдісі мен өзін-өзі дамыту мақсаттарының өзектілігін тереңдету.
Кездесу бағдарламасына №1  балалар саз мектебі оқытушыларының театр, хореография және хор білім беру салаларындағы мастер-кластарының өткізуі кірді.
Департамент директоры А. Масалимов кездесу қорытындысында балалардың құқықтарын жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын түсіністікпен қабылдағандары үшін қатысушыларға өз алғысын білдіріп, ұжымдарға естелік сыйлықтар табыс етті.


«Әрқашан күн сөнбесін»
Атырау облысы Балалардың құқықтарын қорғау департаменттің жылдық жоспарына сәйкес қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы түзеу мектеп-интернатында, облыстық түзеу мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалар арасында облыстық шығармашылық көрме өткізілді.
Мақсаты: Мүмкіндігі шектеулі балалардың ойлау қабілетін, танымдық процестерін дамыту. Баланың табиғатпен қарым-қатынастарын жақсарту.
Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балалар өздерінің қағаздан, ағаштан, табиғат бұйымдарынан жасалған тамаша жұмыстарын әкелді.
Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен 1-жүлделі орынға мінез-құлқында ауытқушылығы бар балаларға арналған мектеп- интернат, 2- жүлделі орынға ақыл- есі кем дамыған интернат үйі, 3- жүлделі орынға №2 көмекші мектеп-интернат ие болды. Қатысқан балалар: Безнощенко Ильгар, Ашкуров Максим, Тлеулиев Исатай, Сагинбаева Динара, Бактығулов Жақсылық, Вьюрков Дмитрий, Максатова Айнагүл, Рахымжанова Берекет, Кашемкулов Раимбек.
Барлық сайысқа қатысушыларға алғыс хаттар мен естелікке сыйлықтар берілді.

 


Қарағанды облысының жетім және  ата-аналарының қамқоршылығысыз қалған балаларын деинституционализацияландыру
2009 жылғы 13 мамырда Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Қарағанды облысының жетім және  ата-аналарының қамқоршылығысыз қалған балаларын деинституционализацияландыру» тақрыбында доңгелек үстел басында отырыс өтті.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облысының балалардың құқықтарын қорғау департаментінің, облыстық білім беру басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, ішкі істер департаментінің, жасөспірімдер ісі мен құқықтарын қорғау жөніндегі қалалық комиссия мүшесі, жетім және  ата-аналарының қамқоршылығысыз қалған балалар үйлерінің директорлары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен «Қолдау» отбасын қолдау эксперементтік алаңының мамандары қатысты.
Отырыс басында келесі  мәселелер талқыланды:
1. Жетім және  ата-аналарының қамқоршылығысыз қалған балалардың отбасында өсу құқығын  дамыту нәтижесін қалай іске асыруға болады? ( баламалы формалар арқылы ата-аналарының қамқоршылығысыз қалған балаларды отбасына орналастыру ).
2.Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу үшін, бұл санаттағы балаларды институционализациаландыруды жою жолдарын табу үшін не қажет?
3.Балалардың  отбасында құқығын қорғау тәртібін анықтау, жүзеге асыру және әлеуметтік жетімдіктің алдын алу.
Отырысқа қатысушылар тақырып бойынша көптеген мысалдар келтіріп, тәжірибе алмасып,  ой-пікірлерімен бөлісіп, соңында келесі ұсыныстарды қабылданды:
Мүдделі құрылымдар мен ведомствалардың өзара қызымет механизімдерін құру арқылы  әлеуметтік жетімдікті   ескерту, жетім және  ата-аналарының қамқоршылығысыз қалған балаларды отбасына орналастырудың баламалы формаларын дамыту.

 


Пана үйінің балаларына көрсетілген қайырымдылық көмек туралы
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаменті ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған және жетім балаларға қайырымдылық көрсету үшін «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамының Бастапқы партиялық ұйымының «Жас Отан» Жастар қанаты Кеңесінің мүшелері Раманов Айдарәлі және Мырзатаев Шалхардың бастамаларына қолдау көрсетті.
2009 жылдың 6 мамырында Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің маманымен бірге аталған ұйымның мүшелері Астана қаласы «Кәмелетке толмаған балаларға арналған пана» Мемлекеттік мекемесінің басшысымен кездесіп, 8 мамыр күні пана үйінің 2 тәрбиеленуші балаларына  жазғы каникулда шетелдік лагерде демалу мақсатында жол жүру құжаттарын рәсімдеу жұмыстарына көмек көрсетілді.
2005 жылдан бастап жыл сайын жетім және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелердің тәрбиеленушілері Италиядағы Адриатикалық теңіздің жағалауында орналасқан Чезенатико  лагерінде  жазғы  демалысқа жіберіліп тұрады. Балалардың жазғы демалысына байланысты іс-шараларды «ҚазМұнайГаз» АҚ Ұлттық компаниясы «Эни С.n.А.» компаниясымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
«Жас Отан» Жастар қанатының Кеңес мүшелерінің келешекте де қайырымдылық акциясын жалғастыру ниеттерін білдірді.
1 маусым - Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік концерт және қайырымдылық көмек көрсету жоспарланып отыр.

 


Ақтөбе облыстық әкімдігінің қолдауымен  Жасөспірімер үйінің жеті тәрбиеленушісі баспаналы болмақ.
Жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында Ақтөбе облыстық әкімдігінде бірқатар игі шаралар жүзеге асырылып жатыр, нақты нәтижелер де бар.
2009 жылдың 30 қаңтарында облыс әкімі Елеусін Сағындықов мемлекеттік тіл байқауында жеңіске жеткені үшін балалар үйінің тәрбиеленушісі Александр Ходыревке салтанатты түрде бір бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті. Ауыр науқастан көз жұмған анасының қазасынан кейін жетім қалған кәмелетке толмаған үш бала —Қарабасовтар отбасы 9 шаршы метр болатын бөлмеде тұрып жатқан-ды, оларға да жаңа үйден екі бөлмелі пәтердің кілті берілді. Наурыз мейрамы қарсаңында облыс әкімі Алға балалар үйінің түлектері — жас отбасы Азамат Далбанов пен Рыскүл Құрманғалиеваға жалға берілетін тұрғын үйдің сертификатын тапсырды.
Ал осы жолы Жасөспірімдер үйінің 7 тәрбиеленушісіне баспана алуға мүмкіндік туды.
Барлығы ақтөбеліктердің игі бастамасынан бастау алды. Қоғамдық қор, Халық банкі мен кәсіпкерлер әлеуметтік жауапкершілік көрсете отырып, 2005 жылы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» Ақтөбе Жасөспірімдер үйінің жеті тәрбиеленушісінің әрқайсысының есепшотына 199 мың теңгеден қаржы салған болатын. Үш жыл бойына (2005-2008 ж.ж.) жастар, келісімнің шарттары бойынша, банк есепшотына баспана құнының 25%-ын салып үлгерген.
Ақтөбе облысының әкімдігі бұл жақсы бастама жолында күш біріктіруге шешім қабылдап, жетім балалардың баспаналы болуына қолдау көрсетіп отыр. Бірақ, бұл жолғы қолдау бұрынғыдан өзгешелеу. Жетім балаларды өмір сүруге бейімдеу, масылдық көзқарасты болдырмауды мақсат тұтатын технологиялар қолданылды, өйткені, қазіргі күні жетім балалардың қолына сыйлық ұстату емес, оларды заманға сай өмір сүруге бейімдеу маңызды болып отыр.
Облыс әкімі Е.Н.Сағындықов бизнес пен атқарушы биліктің әлеуметтік серіктестігі аясында Алға балалар үйінің жеті түлегінің есепшотына жаңа үйден бір бөлмелі пәтерлер алу үшін жалпы алғанда 10 220 000 теңге көлемінде қаржы аударды. Түлектер пәтерді «Ақтөбе Центр» компаниясы салған жаңа үйлерден алады,  облыс әкімінің ұсынысы бойынша компания балалар үшін пәтерлердің әр шаршы метрінің бағасын 40 пайызға төмен түсірді. Әлбетте, пәтер үшін қалған қаржыны төлеуді тұрғындар өз мойындарына алады, олар бұл мақсатта «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі»АҚ-нан  6 пайыздық жылдық үстемақымен 750-950 мың теңге шамасында несие рәсімдеген. Несиелік қаражатты тұрғындар өздері төлейді, әрқайсысына ай сайын 15 мың теңгеден келеді. Түлектердің жасап жатқан жұмысы, тұрақты алып тұрған жалақысы бар екенін ескерсек, айына 15 мың теңгеден төлеп тұру олар үшін қиын болмаса керек. Айта кету керек, бұлардың балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан іні-қарындастары бар, яғни, енді 16 жетім бала өзінің жеке баспанасы үшін бас ауыртпайтын болады. 
Сонымен, жалпы құны 2 640 000 теңге тұратын пәтердің:
-50 пайызын Алға балалар үйінің түлектері өздері — өз қаражатымен, қаржы жинап, демеушілердің көмегімен, банктен несие алып төлейтін болады.
- 50 пайызын — 1 340 000 теңге , сондай-ақ баспананы рәсімдеу үшін жұмсалатын 120 000 теңге Ақтөбе облысы әкімдігінен бөлінеді.
Бұған қоса, Жасөспірімдер үйінде тұрып жатқан бес адамға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да есепшот ашылып, сол есепшотқа Елеусін Сағындықовтың бастамасы бойынша облыстық әкімдік тарапынан әрбір бала үшін 150 000 теңге көлемінде алғашқы жарна енгізілді. Бұйырса, үш жылдан кейін бұл балалар да баспаналы болады деген үміт бар.   
Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов:
- Жетім балаларды қолдауды мақсат тұтқан бұл жобаның айырмашылығы неде? Бұл ерекше акция болып отыр — Қазақстанда тұңғыш рет мемлекет пен бизнестің әлеуметтік серіктестігінің шеңберінде, балалар үйінің тәрбиеленушілерінің қатысуымен жетім балалар баспаналы болып отыр. Жастар мемлекеттің қамқорлығын көріп отығанымен қатар, өз болашағы үшін жауапкершілікті сезіне түседі. Қаражаттың белгілі бір бөлігін Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілер өздері жұмыс жасап, еңбекпен тауып, төлесе, мемлекет тарапынан да нақты қолдау көрсетіліп отыр. Қазіргі күні жабық мекемелерде жастарды бюджетті жоспарлауға, қаржыны жұмсай білуге, сондай-ақ банк қызметін пайдалануға үйрету маңызды болып отыр. Сондықтан, мен барлық коммерциялық және қайырымдылық ұйымдарын қолдауды қажет ететін адамдарға қол ұшын созып, баспана алуына көмектесуге шақырамын.
Алға балалар үйінің директоры Кенжеғазы Байғазин:
- Мен 15 жылдан бері балалар үйінің директоры болып қызмет етіп келе жатырмын. Қазір Алға балалар үйінде 460 бала бар, оның 20 пайызының ғана бекітілген баспаналары бар. Біз әрдайым өз түлектеріміздің жұмысқа орналасуына және тұрғын үй мәселесін шешуіне барынша көмектесуге тырысамыз. Алайда, баспана алу қай уақытта да үлкен қиындықтар туғызатын. Бұл мәселені облыс әкімінің жеке бақылауында екені, мәселені шешу үшін өзгеше жолдар іздестіріліп отыратыны мені қатты қуантады.     
Биылғы жыл біздің балаларымыз үшін жақсы жыл болып тұр, дәл бүгінгідей үлкен қолдау менің бірнеше жылғы тәжірибемде болып көрген жоқ. Бұл дегеніңіз — біздің мемлекетіміздің саясатының басты бағыттарының бірі — жетім балаларды, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау екенін көрсетеді. Сонымен қатар бұл балалар үйі мен Жасөспірімдер үйінің болашақ түлектері үшін еңбек етіп, өз жағдайыңды жақсартуға, өз шаңырағыңның уығын көтеруге ұмтылдыратын үлгі-өнеге болып отыр.

Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушісі Медет Әбдірахманов:
- Үш-төрт жыл бұрын демеушілердің көмегімен бізге банктен есепшот ашқанда өзімнің баспанам болатынына сеніңкіремеген едім. Мен бізге көрсетіліп отырған бұл қолдау үшін, көмек үшін облыстық әкімдікке рахмет айтқым келеді. Қазір мен жақсы оқып, тырыссаң, арманның орындалатынына көзім жетті. Біздің Қазақстанымыз —  жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақтың мемлекеті! Біздің әрқайсысымыздың туған өлкеміздің өркендеуі үшін, Ақтөбенің гүлденуі үшін, отбасымыздың бақыты үшін еңбек ететінімізге сенемін. Уақыт өтеді, Алға балалар үйінде, Жасөспірімдер үйінде алған тәлім-тәрбиені, үйренгендерімізді, бойымыздағы барлық мүмкіндікті біз қоғам игілігі үшін пайдаланатын боламыз!

Әлеуметтік серіктестік аясында бір бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырған Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілерінің тізімі

6 мамыр 2009 ж.

Аты-жөні

Туған жылы

Жұмыс орны

Іні-қарындастарының саны

1.

Қалдығарин
Қанат

11.10.1987.

 «Асар-реклама» ЖШС

 

2.

Қазиев
Мерболат Маралұлы

26.07.1986.

 «Асар-реклама» ЖШС

3

3.

Рамазанов
Руслан Терекбайұлы

13.05.1989

 «Азимут Мунай Сервис» ЖШС

1

4.

Әбдірахманов Медет Төреғалиұлы

15.01.1988

 «Қазақстанның Халық банкі» АҚ

2

5.

Тоқсанбаев Қуаныш Өтеғалиұлы

17.01.1086

Алға
балалар үйі

1

6.

Утаев
Бауыржан Ардақұлы

06.01.1987

 «Жорга-РД» ЖШС

 

7.

Маемиров
Азамат
Орынбайұлы

04.10.1988

 «Азимут Мунай Сервис» ЖШС

2

 «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ АФ есепшоттары ашылған облыстық Жасөспірімдер үйі түлектерінің тізімі

Аты-жөні

Туған жылы

Жұмыс орны

Іні-қарындастарының саны

1

Арефьева
Надежда
Сергеевна

31.05.1986

 «Асар-Реклама» ЖШС

 

2

Сузько
Ирина
Юрьевна

07.10.1985

 «Олжа» ЖШС

2

3

Акчурин
Вахид
Саидович

06.07.1987

№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

2

4

Рокин
Сергей
Владимирович

19.03.1989

№6 ПЛ

 

5

Мульканова
Асель Закировна

13.04.1986

№11ОМ

 

Ескерту: 7 мамыр күні  А.З.Мульканова Алға балалар үйінің түлегі М.Чебохинмен тұрмыс құрады.

 


Балалар бас қосты
2009 жылдың 23 сәуір күні «Эстетикалық тәрбиелеу арқылы бала тұлғасын әлеуметтендіру» жобасы шеңберінде Орал қаласының №1 БСМ-де «Театр әлемінде» атты тематиқалық кездесу өтті.
Кездесуге Зеленов ауданы Январцево ауылындағы балалар үйі және саз мектебінің 62 тәрбиеленушілері және аталған ұйымдардың оқытушылары мен Н.Островский атындағы драм театрдың артистері қатысты.
Кездесу мақсаты:
· Балалар үйі тәрбиеленушілерін  белсенді және пассивті әдіс-қабылдаулар арқылы театр өнерінің мазмұнды компонентерімен таныстыру.
Кездесу бағдарламасы «Цыпа» қойлымын және «Лесная сказка» мюзиклін көру қарастырыпды. Кездесу соңында балаларға естелік сыйлықтар табыс етілді.


Балалардың баспанаға құқығы
2009 жылдың 12 наурызында Ақтобе облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті облыстық прокуратурамен бірлесе «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелерінің түлектерін тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету»тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
«Дөңгелек үстел» жұмысына бұқаралық ақпарат құралдары мен құқық қорғау органдарының  өкілдері: облыс прокурорының аға көмекшісі С. Каренова,  ІІБ КТУОБО бастығы А.Уалиев, мектеп-интернаттары мен арнайы(мамандандырылған) білім беру ұйымдарының, Жасөспірімдер  үйі мен «Үміт» балалар үйінің  басшылары мен директорлары, қалалық және аудандық білім бөлімінің бастықтары, жоғарғы және орта-мамандандырылған оқу орындарының басшылары, Жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері қатысты.
Отырыстың мақсаты: Үкіметтің «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  балаларды, яғни оқу орындарының түлектерін тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету туралы» № 1882 2000 жылдың 22 желтоқсанындағы қаулының орындалу барысы туралы зерттеп, осы саладағы мамандармен тәжірибе алмасу.
«Дөңгелек үстелде» Алға балалар үйінің тәрбиеленушілерінің атына бекітілген тұрғын үйлердің сақталу жағдайының барысы туралы талқыланды.
Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған білім беру мекемелерінің түлектерін тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыспен, қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімінің бас маманы А.Ермағамбетова айналысты.
«Алға» балалар үйінің 439 тәрбиеленушісінің жеке іс қағаздарын зерттеу нәтижесінде келесі заң бұзушылықтар анықталды:
1.Әкімнің тұрғын үйді балалар атына бекіту туралы Қаулысы орындалмаған («Неке және отбасы» туралы заңның 108 б., 4 тармағы, 110 б.3 тармағы)
Барлығы – 7: Ақтөбе – 5, Мұғалжар – 1, Хромтау – 1;
2.Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдерінің қаулыларында балалардың атына тұрғын үй тіркелгені айтылмаған, ал балалардың жеке іс қағаздарында ата – ана атында мүліктің тіркелгендігін дәлелдейтін анықтамалар табылды («Неке және отбасы» туралы заңның 103б.1 тармағы) 
Барлығы – 14: Ақтөбе қаласы – 4, Алға – 2, Байғанин – 1, Қарғалы – 3, Қобда – 2, Мартөк – 2, Темір – 2, Хромтау – 1;
3.жеке іс қағаздарда баланың немесе ата-ананың атына тіркелген мүлік туралы сұрау жасалмаған:
Барлығы – 45: Ақтөбе қаласы – 13, Алға – 4,Әйтеке би – 4, Байғанин – 1, Қарғалы – 6, Қобда – 2, Мартөк – 2, Мұғалжар – 3, Ойыл – 1, Хромтау – 7, Шалқар – 2.
4.ата – аналардың тұрып жатқан баспаналары жылжымайтын мүлік орталығында тіркелмеген: Мұндай факт  үшеу.
Қамқорлыққа алу үшін өткізілетін тіркеу барысында жиналатын құжаттарды жинау кезіндегі ескертулер мен  кемшіліктер Ақтөбе қаласы, Хромтау, Қарғалы, Алға, Мұғалжар және Қобда аудандарында жиі кездеседі. Аудандық білім бөлімдері жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды арнайы мекемелерге орналастыру үшін жиналатын құжаттарды дайындаумен мектептердің айналысуын міндетті ету.
Михаил мен Анатолий Зузловтарды Алға мектеп – интернатына орналастыру туралы қала әкімінің 25.04.2002 жылғы қаулысында жасөспірімдер атына тұрғын үйдің тіркелгендігі туралы ештеңе айтылмаған, алайда балалардың жеке іс-қағаздарында Благодар аймақтық округінің әкімі Л.Шутованың Зузлова Ирина азаматшаның атында жеке тұрғын үйдің тіркелгендігін растайтын анықтама табылды. Жасөспірімдердің анасы И. Зузлованың 2004 жылы қайтыс болған. Тұрғын үй ісі қараусыз қалған.
Кристина Гудаускайтені Алға мектеп – интернатына орналастыру туралы Қарғалы аудан әкімінің 1.09.2004 жылғы қаулысында жасөспірім атына тұрғын үйдің тіркелгендігі туралы ештеңе айтылмаған, алайда баланың жеке іс-қағазынан жергілікті «Жылжымайтын мүлік орталығының» 07.10.2004 жылдан №90 анықтамасы табылды. Анықтама бойынша жасөспірімнің әжесі Е. Кравцева иелік еткен(өлгендігі туралы 23.08.2004 жылдан №0423048 куәлік) Ащелисай аймақтық округінің Григорьевка аймағында орналасқан жер үй мұрагер Гудаускайте Кристинаға атына тіркеу жүріп жатыр. Бес жыл бойы бұл іс шешімін таппай отыр.
Ата-ана құқығынан айырылғандардың жылжымайтын мүлкін балаларының атына тіркеу процесінің уақытылы жүргізілмеуіне байланысты ескертулер де бар. Олар тұрған баспаналар жекешелендірілмеген және «Жылжымайтын мүлік орталығында» тіркелмеген.
Әке – шешесі ата – ана құқығынан айырылған Т.В. Горецкаяның  жеке іс-қағазында жасөспірімнің Ақтөбе қаласы, Сәңкібай батыр даңғылы, 161/47 үйде тұратындығы туралы анықтама табылды. Бірақ «Жылжымайтын мүлік орталығында» жоғарыда айтылған адрес бойынша жеке меншік құқығы тіркелмеген.
Алға балалар үйінде, жергілікті атқарушы органдармен есепке алынған ақпарат бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйлерінің сақталуы 2009 жыллдың 5-ші қаңтарына сәйкес 30 жасөспірім атына 25 жылжымайтын мүлік жазылған. 25 мүліктің біреуіне де тұрғын үйдің сақталуын растайтын құжаты алынбаған.
«Дөңгелек үстелде» жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелейтін Жасөспірімдер үйінің, облыстық Алға балалар үйінің, Жайсан  мен Тамды мектеп-интернаттарының,   №13 КМ Жайсан мектеп-интернатының директорлары сөз сөйледі. Сөйлеушінің қай-қайсы да анықталған фактілер бойынша түсініктеме беріп, оларды дереу шешу жолдарын тауып, тұрғын үйдің сақталуы туралы мәселенің шешілетініне сендірді. Тұрғын үй проблемасы мен жетім балаларды жұмыспен қамтамасыз ету, оларды қоғамға бейімдеу туралы тақырыптары «дөңгелек үстелдің» өзге де қатысушыларының сөздеріне арқау болды.
«Дөңгелек үстел» модераторы, балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры К. Айдарханова, балалардың құқықтарын қорғау департаменті соңғы он жылда жоғарыда аталған оқу және тәрбие орындарына тіркелген, әрбір тәрбиеленушінің атына тұрғын үйдің жазылған не жазылмағандығы туралы толық ақпарат жинап, жасөспірім атына тіркелген баспана болса, жетім не ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың кәмелеттік жасқа толғанша, балалардың тұрғын үйлерінің сақталуын қадағалап отыратынын мәлімдеді.    


Алматы облысының балалардың құқықтарын қорғау департаменті 2009 жылдың наурыз айының 12 жұлдызында «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атына тұрғын үйді бекіту мен сақтаудың өзекті мәселелері» атты  облыстық семинар өткізді.
Бұл шараға облыстық прокуратура, әділет, білім басқармалары, Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, облыстық балалар үйлерінің өкілдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің мамандары шақырылды.
Семинардың мақсаты: жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың мүліктік құқықтарын қорғауда барлық құзырлы мемлекеттік құрылымдарының қызметін Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес  іске асыруын  үйлестіру.
Семинар барысында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атына баспана бекіту және сақтау, кәмелеттік жасқа толмағандардың мүліктік және тұрғын үйге қатысты құқықтарын қорғау, мемлекеттік тіркеуден  өтетін тұрақты мүлік туралы түсінік беріп, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды баспанамен қамту құқығын іске асыру және балалар үйлерінің түлектері баспанамен қамтамасыз ету саласындағы мәселелер мен қиыншылықтарға тап болған жағдайларымен таныстырып, «Бала құқығы» атты бейнеролик және релаксация көрсетілді.


Қарағанды обылысы бойынша  жетім және  ата-ананың қамқорлығысыз  қалған  балаларға арналған білім мекемелерінің  директорларының обылыстық кеңесін құруы жөнінде  мәлімет.
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі Балалардың Құқұқтарын Қорғау Комитетінің 07.11. 2008ж., №112-П, 19.12.2008 ж № 495 бұйрықтарына сәйкес  Қарағанды Обылыстық білім басқармасы  Қарағанды обылысының балалардың құқұқтарын қорғау департаментінің қолдауымен,  жетім және ата-ананың қамқорлығысыз  қалған  балалардың дамуына толық және жан-жақты жағдай жасау мақсатымен  Қарағанды облысы бойынша атаулы мекемелердің директорларының облыстық кеңесі құрылды.
Республикалық директорлар кеңесінің мүшесі  Шонаева Г.Е. өз  баяндамасында қатысушыларды,  кеңес құрудың негізгі міндеттері жетім және ата -ананың қамқорлығысыз  қалған балаларға арналған білім мекемелерінің директорларының қызмет жүйесін бірігіп үйлестру, Республикалық  және облыстық  бағдарламаларды құруға, әлеуметтік базаны дамытуға, балалардың бос уақыттарын ұйымдастыруға, тәрбиелеуге, бұқаралық ақпараттық құралдармен білім мекемелерінің алғыр тәжребиелерін жарыққа шығаруға жағдай жасауға үлес қосу болып табылатынын айтып өтіп, жиынға қатысқандарды Обылыстық директорлар кеңесінің жағдайымен таныстырды, қатысушылар бір ауыздан толық  құптады .


Балалар  үйінің  талантты  тәрбиеленушілерімен сазды   диск  шығарылды
Қарағанды облысының  жастарының өмірінде  үлкен оқиға ақпан айының басында өткен «Таңшолпан» балалар үйінің  «Лучшие миксы»  атты  сазды дискінің  тысау кесері болды. Оның маңыздылығы альбом балалар үйінің тәрбиеленушілері өнерінің арқасында жарыққа шықты.
Бұл тегін емес атаулы  үй құрылғалы 6 жылдай уақыт өтсе де, бұл үйдің тәрбиеленушілері  бүгінге дейін обылыс бойынша  өткізіліп жатқан, янғи түрлі сайыстарға, фестивальдарға, концерттік шараларға белсенді қатысудың арқасында жеткен жетістік. Бұл балалар үйінде өз  жас суретшісі, ақын-жазушысы, әкімі бар.
«Супер Старт КZ»  Республикалық жобаның бас жүлдегері Роман Киммен кездескеннен кейін көңіл-күйі көтерілген, шаттық-қуанышқа бөленген балалардың жарқын болашаққа деген құштарлықтары ойанып «Лучшие миксы» атты   электронды сазды дискті  балалар үйінің  директоры  Амангелді Жүнісовтың  қолдауымен шығарды.
Тұсаукесер рәсімі «Таншолпан» балалар үйінің акт залында өткізілді. Жобаның авторы – Боков Иван, ди-джей Мамес Евгений, Лыскин Игорь, «Таншолпан» балалар үйінің «Жас қанат» өзін-өзі басқару ұйымының  әкімі - Чупилка Мария мен әкімнің орынбасарлары - Сорокина Наталья, Башмакова Ольга, баспа бетінің дизайнері - Ковальчук Арнольд және альбом шығаруға көмек көрсеткен жетекшілер - Ионутис Д.Г., Борзых О.Е.
Тұсаукесер  «Теміртау жастар клубының» сазды жетекшісі Юрий Дю мен ХДП «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің қатысуымен  өтті.
Тұсаукесер уақытында қатысушылар мен қонақтар пікір алмасып, ойларымен бөлісті.
Тұсаукесер рәсімі жоғары дәрежеде өткізілді. Альбомның дүниеге келуіне байланысты «Таншолпан» балалар үйінің тәрбиеленушісі, № 33 орта мектептің оқушысы, жобаның авторы Боков Иван:
« - Сазды сүйіп тыңдайтын әр адам, оны тек тыңдап қана қоймай, өзі де жеке дара сазды дүниеге әкелгісі келетіні аян. Бізде мұндай ойдың, арманның жүзеге асуына  себеп болған облыс әкімі Нұрлан Зайроллаұлының бізге берген сыйлығы.  Компьютерлерге ие болған соң, «ди-джей данс» атты арнайы бағдарламаны иелендік те, өзімізді сынап көруге бел байладық.
«Жас қанат» ұйымы отырысында бізді тыңдау үшін арнайы балалар үйінің радио- студиясын құру туралы шешім қабылданды. Радио-студияның аты – «TaNNEX»» - деп сөз сөйледі.
Бұл жобаның іске асуына қол ұшын берген балалар үйінің «CAN COMP» дизаин студиясы мен «TUN TO LIFES»  саз студиясы болды.
Болашақта тек саз ғана емес, ән де шығарамыз деген жоспарымыз бар. Уақыт өте келе бейнеклип түсіру де ойымыз  бар. Қазіргі уақытта бейнеклип жөнінде мәселе қарастырылып жатыр.
Балаларға сәттілік тілейміз!  Тек биікке өрлеңдер!