Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Балаға мейірімді қала
Жаз - 2010
Гаага Конвенциясын талқылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық коми
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Жұмыс тәжірибесін жан-жақтылау және тарату
Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық туралы
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 





Алматы облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қызмет мақсаты:
БАЛАЛАР ӨМІРІ САПАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕПІЛДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Басты басымдықтар:

Қазақстан Республикасының заңнамасына және балалар құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес балалардың барлық санаттарының  құқықтарын іске асырумен байланысты жергілікті жерде ведомствоаралық ынтымақтастықты үйлестіру және кешенді  шараларды жүзеге асыруды бақылау;
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, олардың адамгершілік-рухани дамуы жөніндегі өңірлік бағдарламаларды іске асыруда жергілікті атқару органдарға ықпал ету;
Әлеуметтік жетімдіктің, балаларға зорлық-зомбылық көрсету және еңбегін қанаудың алдын алу және ескерту, өмірде қиын жағдайға тап болған балалардың  өмір сүру сапасын жақсарту үшін жағдай жасауға ықпал ету;
Бала құқықтары туралы Конвенция ережелерін іске асырудың, адамгершілік-рухани тәрбиенің бағдарламаларының мониторингі, балалардың әлеуметтік әл-ауқатын талдау және болжау, өңірдегі балалардың тұрмыс жағдайын жақсарту туралы ұсыныстарды әзірлеу;
Балалардың құқықтары туралы және оның іске асырылуы туралы жұртшылықтың ақпарат алу деңгейін көтеру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Гүлнар Өмірбекқызы Ермекбаева - департамент директоры
 Біздің мақсатымыз және мүмкіндіктеріміз
Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу және  болдырмау бойынша озық отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу және тарату;
Отбасылық дәстүрлерді және ұрпақтар арасындағы байланысты жандандыру;
Отбасын жандандырудың рухани-адамгершілік жүйесін, көп балалы отбасылардың, әкелік және аналықтың мәртебесін жоғарылатуды дамыту;
Әлеуметтік жетімдікті болдырмау және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды  отбасылық тәрбиелеудің баламалы түрін дамыту бойынша қызметтің  желісін құру;
Ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған баланы отбасына тәрбиелеуге алуға ниет білдірген азаматтарды табу және есеп жүргізу жүйесін әзірлеу және ендіру;
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтерді өңдеу үшін арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді жетілдіру;
Басқа отбасыларда тәрбиеленіп жатқан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғау бойынша тұрақты мониторинг және бақылауды жүзеге асыру.