Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы №744 қаулысына сәйкес қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Астана қаласы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау Департаменті құрылды.
Балалардың құқықтарын қорғау Департаментінде 4 бөлім: Балалардың құқығын қорғау, мониторингтік және ақпараттық-талдау бөлімі, Балаларды қамқорлыққа алу және қолдау бөлімі, Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі және Әкімшілік – қаржылық бөлімдері қызмет етеді. Байқаудың негізінде штат 20 адаммен толықтырылды.
Қошқарова Гүлнәш Хамитқызы - департамент директоры
Астана қаласының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінде «Жүрек жылуы» Қоғамдық қабылдауы және 32-14-09 нөмірлі сенім телефоны, сондай-ақ dopd_astana@edu.gov.kz электрондық поштасы жұмыс жасайды.
«Жүрек жылуы» Қоғамдық қабылдауының мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Абай даңғылы, 20-үй, №206 бөлме.
Сенім телефонына балалардың құқықтарын қорғау, мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бас маманы (психолог) Баекеева Айсауле Толыбайқызы жауапты.