Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Қарағанды облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті

 



 

 

 

 

КИСЕЛЕВА ИРИНА БОЛЕСЛАВОВНА - департамент директоры

 Қазақстанның басқа аймақтарындағыдай Қарағанды облысында да 2007 жылғы қазан айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің Қарағанды облысы бойынша Балалардың құқықтарын қорғау деартаменті құрылды.
Департамент міндеттері балалардың негізгі құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қолғабыс көрсету болып табылады. Департамент жұмыстарының негізгі бағыттары: әріптестер мен жергілікті бірлестіктерді балалар проблемалары жөнінде хабардар ету, балаларға және олардың ата-аналарына кеңестік көмек беру, Қазақстан Республикасындағы балалар жағдайы және олардың құқықтарының сақталу жағдайы мониторингі жөнінде зерттеулер өткізу, балалардың өмір сүруін жағдайын жақсартуға, олардың адамгершілік – рухани дамуы үшін жағдай жасауға ықпалын тигізу. Балаларға және олардың заңды өкілдеріне балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда қолғабыс көрсету және нақты жағдайларда тікелей көмек көрсету мақсатында 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «Сенің шешімің» - «Твой  выбор» Балалардың қоғамдық қабылдау бөлмесі құрылған, 42-09-97 – Сенім телефоны, сондай-ақ  deti-karaganda(аt)mail.ru  жұмыс істейді. Сайтта балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау туралы ақпараттар, құқықтық сұрақтарға жауап, сонымен қатар түрлі жарыстар мен балаларға, ата-аналарға және балалармен жұмыс істейтін барлық адамдарға арналған пайдалы ақпараттар бар. Сіздерге www.balazan.kz  сайтын қарап шығуларыңызды ұсынамыз. электрондық поштасы
Қарағанды облысы  – балалық шақты қорғау аймағы
БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенциясын жүзеге асыру.

Тәуелсіздік алған кезеңінен бастап Қазақстан БҰҰ Бала құқығы туралы Конвенцияны бекітті (1994 жылғы маусым) және балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау саласында белгілі жұмыстар атқарды:
1. 30-дан астам заңдар мен  нормативтік актілерден тұратын балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық база құрылған.
2. Конвенцияның жалпы қағидалары мен нормалары Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне енгізілген.
3. 2007-2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» атты мемлекеттік бағдарлама бекітілген, онда балалар құқықтарын және балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдылықтары, бағыттары және міндеттері анықталған.
4. Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласындағы мемлекеттік саясат барлық деңгейдегі мемлекеттік ұйымдар қызметінің басымдылық саласы болып табылады.
Балалар және білім
Қарағанды облысында 0-ден 18  жасқа дейінгі балалар саны  - 342080.Облыста 569 күндізгі білім беру мектептері, 55 колледж, оның 19 мемлекеттік колледжер,  35 кәсіптік мектеп, оның ішінде 33 мемлекеттік мекеме, 154 мектепке дейінгі балалар ұйымы, 52 мектептен тыс ұйымдар жұмыс істейді. Қазіргі таңда мектептен тыс білім ұйымдары саны 1-уге артты, 5-6 жастағы балаларды мектепалыд даярлықпен қамту 72,8% артып отыр, 1 КМ пен 3 колледж ашылды, аула клубтары саны 154-ке артты. Қарағанды қаласында балалар мен жастарға арналған 2 репродуктивтік орталық ашылды.
Ата – анасының қамқорлығынан айырылған балалар
Ата-ана қомқорлығынсыз қалған балалар саны – 5291 (2008 жылы -6282 бала) құрайды. Олардың 2983 жанұяларға  қорғаншылық пен қамқоршылыққа беріліп, 70 бала патронаттық тәрбиеге  беріліп, 2238 бала толығымен мемлекет қамқорлығында (білім беру жүйесінде -  1724 бала, денсаулық сақтау жүйесінде – 278 бала, еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде  - 236 бала) . Сонымен қатар даму мүмкіндігі шектеулі балалар саны 17 мыңнан -12806 азайды.
Бірінші жартыжылдықтың қорытындылары бойынша Қарағанды облысының аумағында кәмелетке толмағандар қылмысы 14,6%  азайған (2008 ж.309 дан 264 дейін). Сонымен қатар Ішкі істер бөлімінде профилактикалық тізімде тұрған кәмелетке толмағандар саны азаюда (2009 ж. 1 жартыжылдық мәліметтері - 2018 бала), (2008 ж – 2010 бала тізімде тұрған).
Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың және білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау жүйесіндегі құқықтарын сақтау сұрақтары бойынша ұлттық саясатын іске асыруға бағытталған аймақтық  сала және мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға негізделеді. Осындай бағдарламалар арасында келесілерді атауға болады:
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың 2006-2010 ж. арналған аймақтық бағдарламасы.
2008-2010 ж. арналған Қарағанды облысындағы «Салауатты өмір салты» бағдарламасы.
Нашақорлықпен күрес жөніндегі Қарағанды облысының аймақтық бағдарламасы.
2008-2010 ж. арналған «Саран – балаларға мейірімді қала» бағдарламасы.
Бұл бағдарламалар облыстағы аймақтық саясаттың балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған негізгі бағыттары мен мақсаттары,  әлеуметтік жетімдікті алдын алудың негізгі стратегиялық бағыттарын анықтайды.
Жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыру үшін жергілікті және республикалық бюджеттен қаражат бөлу қарастырылған.
Департаменттің жобалық қызметі:
- Мектептің асырап алушы ата-аналардың кеңес беру бөлімінің қызметі осы сантаттағы ересектерге берілген категорияға көмек (түсіндіру, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік) көрсетуге бағытталған;
- «Қолдау» отбасына жәрдем беру орталығы. Оның мақсаты – қиын өмірлік жағдайда қалған отбасы мен балаларға көмектесу, институционализация алдын алу және балаларды отбасына қайтару үшін барлық жағдайларды жасау;
- «Сенің шешімің – Твой выбор» балалар қоғамдық қабылдауы және Сенім телефоны. Жоба мақсаты  - қиын өмірлік жағдайда қалған балаларға кеңес беру,  құқықтық-психологиялық көмек көрсету;
- «Еріктілер мектебі», бүгінгі күні 37 көшбасшы балалар өздерінің құрдастарын олардың құқықтарын қорғау туралы хабардар ету жұмыстарына қатысуға дайын;
- Ұлттық Ақпараттық кампания «12 күн балалардың еңбегін қанаумен күрес» облыс көлемінде  ұйымдастыру және өткізу;
- Қарағанды облысы аумағындағы «Балаға қажетті әлем» саясатын енгізуге ықпал ететін «Балаларға мейірімді мектеп» және «Балаларға мейірімді қала» жобалалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ «Балаларға мейірімді емхана» жобасы шеңберінде Қарағанды қаласының №1 және №3 емхана негізіндегі балалар және жастарға арналған репродуктивті денсаулық Орталықтары
ашылды.