Каз   | Рус
Комитет туралы
Жаңалықтар
Нормативтік құқықтық актілер
Комитеттің құрылымдық бөлімшелері
Комитеттің аумақтық органдары. Балалардың құқықтарын қорғау департаменттері
Статистикалық мәліметтер
Қазақстан балалары
Өзін-өзі тану
Қоғамға қызмет ету
Қазақстан Республикасындағы балалар мен жастарды мемлекеттік әлеуметтік қолдау
Гаага Конвенциясын талқылау
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары директорларының кеңесі
Әлемге мен керекпін, ал маған жанұя керек
Республикалық акциялар
Азаматтармен жұмыс
Мемлекеттік сатып алу
Мемлекеттік тіл - менің тілім
Қаржыландыру
Сұрақ - жауап
Халықаралық тәжірибе
Баспасөзге шолу
Iздеу 




Қызылорда облыстық балалардың құқықтарын қорғау департаменті

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамыздағы № 744 қаулысына сәйкес Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау Комитетінің аумақтық органы ретінде Балалардың құқықтарын қорғау департаменті құрылды.
Департаменттің мақсаты – қоғамда адамгершілік басымдылық пен рухани байлықты қалыптастыру, сондай-ақ, балалардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық үйлестірудің тиімді жүйесін құру.
Департамент қызметінің мәні балалардың құқықтары туралы Конвенциясында және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заңнамаларында көрсетілген заңды құқықтарын қорғау негізінде баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуына жағдай жасау болып табылады.
Департаменттің мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Ғ. Мұратбаев көшесі, № 13, Тел: 8(7242)234-355, Факс: 8(7242)234-838
Реквизиттері: СТН 330100235355, ИИК 000120200, КОД 250027, Қазынашылық департаменті, БИК 195301070

Арман Молдабайұлы Қаржаубаев - департамент директоры
Департамент бала құқығы туралы Конвенцияда және Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес жергілікті жерде барлық дәрежедегі балалардың заңды мүдделерінің сақталуын қадағалауға  және өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды тізімге алуға байланысты жергілікті деңгейде ведомствоаралық ықпалдастықты үйлестіруді іске асырады.  
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 Заңын жүзеге асыру бағытында облыс балалары мүдделерін ғылым, мәдениет, білім беру, тәрбие ісі, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік қызмет көрсету және отбасын әлеуметтік қорғау салалары бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында «Сыр болашағы» балалар қоры» корпоративтік қоры, «Жас ұрпақ» жасөспірімдер мен балалардың қозғалысы» қоғамдық бірлестігі, «Ақ бота» лигасы, «Спорттық туризм мен туристік көпсатылық жастар федерациясы» және басқа үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау меморандумдары қабылданды.
Өмірдің қиын кезеңдеріне тап болған балалар, мектеп оқушылары, студенттер мен ата-аналарға құқықтық, психологиялық көмек көрсету мақсатында департаментте қараша айынан бастап «сенім телефоны» жұмыс жасайды. Ол туралы облыстық және қоғамдық телеарналарда хабарландырулар берілді. Сондай-ақ, департаментте электронды пошта DZPD_KO@nursat.kz және www.DZPDKZO.kz ресми веб-сайты жұмыс жасайды.
Балалардың құқықтарын қорғау,  мониторинг және    ақпараттық талдау қызметі бөлімі

Бөлімнің негізгі қызметі Бала құқығын қорғау туралы Конвенция мен Қазақстан Республикасының баланың заңды мүддесін қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарының жүзеге асуына мониторинг жүргізу, баланың рухани дамуы мен әлеуметтік жағдайына талдау мен сараптау жұмыстарын жүргізу, облыс балаларының тәрбиесі мен өмір сапасын жақсартуға бағытталған ұсынымдар әзірлеу.
Адамның адамгершілік-рухани дамуы бөлімі
Бөлімнің негізгі қызметі балалардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру төңірегінде заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар бағалауға бағытталған баланың рухани мүмкіндігін дамытатын аймақтық бағдарламалар әзірлеу.
Қорғаншылық және балаларға көмек көрсету бөлімі
Бөлімнің негізгі қызметі мемлекеттік саясат аясында бала құқығы мен заңды мүддесін қорғауға бағытталған концепция, бағдарламаның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу, қараусыздықты болдырмау, қорғаншылық, қамқоршылық, патронат, асырап алу мәселесі төңірегінде жергілікті атқарушы органдармен жұмыс жасау.
Әкімшілік-қаржы бөлімі   Бөлімнің негізгі қызметі департамент қызметін атқару барысында кадрлық, қаржылық-құқықтық  қамтамасыз етілуін қамтамасыз ету, бюджеттік бағдарламаларды, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру. Іс-жүргізу тәртібін қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мен  арыздарын қарауда заңдылықтардың орындалуын қамтамасыз ету.