Шығыс Қазақстан облысы балалардың құқықтарын қорғау департаменті (әрі Департамент) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 тамызыдағы №744 қауылысына сәйкес құрылды. Әділет органдарында 2007 жылдың 9 қазаны күні тіркелді.
Аркадий Анатольевич Исаев - департамент директоры
Аймақ жаңалықтары
Шығыс Қазақстан облысының интернаттық және мектептен тыс ұйымдарында және білім беру мекемелеріндегі жасөспірімдер мен балаларға арналған Бұқаралық ақпараттық құралдардың, талантты және дарынды балалардың (жас ақындар, жазушылар мен тілшілер) тізімін жинақтау мен қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілді.
Өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен ата-аналарға кеңестік және психологиялық көмек көрсету бойынша «сенім телефоны» желісі құрылып жұмыс істеп тұр.
«Сенім» телефонының нөмірі 8 /7232/ 264636. «Сенім телефоны» жұмысы туралы хабарландыру аймақтық электрондық және баспа түрінде бұқаралық-ақпараттық құралдарда берілді. «Сенім телефоны» ашылғаннан бері 80 астам өтініштер түсті, оған толық кеңестер берілді. «Қазцинк» АҚ қаржылық көмегімен ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Сенім телефоны» нөмері көрсетілуімен банер әзірленіп жасалды. Банер Өскемен қаласының орталығындағы Спорт сарайы ғимаратының қас бетінде орналасқан. Шығыс Қазақстан облысының 11 қаласы мен ауданында балаларға және олардың ата-аналарына көмек көрсету бойынша сенім телефондары жұмыс істейді (қосымша 2. банердің фотосуреті).
«Балалық шақ досы-Друг детства» атты бірінші ұлттық байқаудың өткізіліуі туралы хабарды Шығыс Қазақстан облысының қоғамдастығы үлкен жігерлілікпен қабылдады. Шығыс Қазақстан облысынан байқауға 19 номинация бойынша 52 талапкер қатысты. «Спутник1» балалар аула клубы, Хакім Дүйсешұлы Құшқалиев – ең үздік мемлекеттік қызметші, «Семей – поролон» кәсіпорны – балаларға арналған өнімдер шығаратын ең үздік кәсіпорын бойынша байқаудың лауреаттары атанды. Бірінші Ұлттық Байқауға қатысқан лауреаттарға дипломдар берілді.
Шығыс Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында, кәсіби мектептер мен колледждерде оқитын 340 жетім бала Қазақстан Республикасының бірінші ханымы С.А. Назарбаеваның стипендиясын алады.
2007 жылдың 22 желтоқсанында демеушілердің көмегімен 150 мүмкіндіктері шектеулі балаға арналған Жаңа жылдық мереке өткізілді, балаларға сыйлықтар мен ойыншықтар тапсырылды.
2007 жылдың 23 қарашасында және 25 желтоқсанында Департаменттің басшылығы жаппай білім беруді қамтамасыз ету, кәмелеттік жасқа толмағандар арасындағы қадағалаусыздықтың және қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша ШҚО Білім департаментінің коллегияларына қатысты. Сонымен қатар, 2007 жылдың 25 желтоқсанында қалалық, аудандық білім беру бөлімдерінің басшыларымен, областық кәсіптік мектеп, колледждер, балалар үйлерінің және интернаттардың директорларымен балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша 2008 жылға арналған бірлескен іс-әрекет мәселесі бойынша мәжіліс өткізілді.
ШҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің қаржыландыру жоспары бойынша 2007 жылға 8728,3 мың теңге игерілді. Несиелік қарыздар жоқ. Жиһаздар, офистік және тұрмыстық техника, кеңсе тауарлары сатып алынды.
Департаменттің 2008 жылға арналған жұмыс жоспары құрылып бекітілді.
Үстіміздегі жылдың 18 қаңтарында Талдау және болжау институтының базасында Шығыс Қазақстан облысының үкіметтік емес ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында балалардың құқықтарын қорғау, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласындағы бірлесе әрекет ету сұрақтары қозғалды.
Жақын арада уәкілетті органдармен бірге панасыздықтың және қараусыздықтың, бала еңбегін ең жаман түрде пайдаланудың алдын алу рейдтерін жүргізу Департаментпен жоспарлануда.
2008 жылдың 7 ақпанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде облыс әкімі Ж. Кәрібжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауын талқылау бойынша облыстық актив өткізілді. Актив жұмысына Шығыс Қазақстан облысының қала және аудан әкімдері, облыстық мәслихат депутаттары, департамент және басқармалар басшылары, діни конфессиялар, білім, бизнес, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.